Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет85/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ АТА-АНАЛАРМЕН 

ЖҰМЫС 

 

Оразбекова Алмагул Сагинтаевна, қазақ тілі мұғалімі 



«№33 «Алтын бесік» балабақшасы» КМҚК, Қарағанды қаласы 

 

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Адам өмірінің мәні  — өз ұрпағы. 

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, 

тілі.  Ата-ананың үйіндегі  әрекеті  балаларының көз алдында  өтеді, сондықтан жақсы, 

жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға 

пайдалы,  өзіне  мейірімді,  еңбекқор,  адамгершілігі  мол  адам  етіп  тәрбиелеуге  халық 

алдында да, мемлекет алдында да жауапты. 


 

894 


 

Отбасы- тіршіліктің шағын ұясы,  жаңа адам сол ұяда дүниеге келіп, қамқорлыққа 

бөленген өмір мектебінен өткен. Ата-ана алғашқы ұстаз және тәрбиеші. «Тәрбие негізі- 

отбасынан  басталады»  деген  ойға  балабақшаны  да  қосқан  жөн.  Отбасында  және 

балабақшада  кішкене  сәби  айнала  қоршаған  дүние  жөніндегі  бастапқы  ұғымдарды 

меңгереді,  өнегелі  тәрбие  алады.  Өкінішке  орай,  сәбилерді  тәрбиелеуде  елеулі 

кемшіліктерге жол беретін отбасы да кездеседі. Мұның себебін кейбір ата-аналардың 

педагогикалық білімі  мен  мәдениетінің  жеткіліксіздігінен  көруге  болады.  Сондықтан 

ата-аналар тәрбиені балабақшамен тығыз байланыста жүргізеді. 

Баланың  толық  және  үйлесімді  оның  жеке  дамуы  үшін,  оған  отбасы  ортасында, 

бақытты, сүйіспеншілік және түсінушілік жағдайында өсуі қажет екені  «Бала құқығы» 

туралы конвенцияда жазылған. Бұл, құқықтардың ең бір алда жүретіні, өйткені оның 

жүзеге  асырылуы,  өсетін  адамға  әсерлі  амандықта,  сезімді  дамытуда  анықтау  үшін 

дұрыс жағдайларды қамтамасыз ететін болады. 

Ата-аналар  және  отбасының  басқа  да  мүшелері  жағынан  көрсетілетін 

сүйіспеншілік пен түсінушіліктер, кішкентай бөбектің өз-өзіне сенуін тұрақтандырады, 

қателесіп кетуден қорықпай-ақ, өз пікірін айту және қорғау, үлкен адамдарға сұрақ қою 

шеберліктерін  нығайта  түсетін  болады.  Тек  қана,  сүйіспеншілік  және  түсінушілік 

жағдайларында ғана, келешекте шығармашылықты жеке тұлға болып шығуға қабілеті 

бар, баланың үдемелі үйлесімді дамуы байқалатын болады. 

Біз,  балабақшада  балаға  отбасымен  тығыз  байланыста  тәрбиелік  ықпал  жасауда 

бірлік пен  өзара  ынтымақ орнатуға ұмтыла отырып, ата-аналарға педагогикалық білім 

мен нақтылы көмек , ақыл-кеңестер көрсетіп отырамыз, мысалы: 

 



Қарым-қатынасыңызды баланың алдында анықтамау. 

 



Адамдармен бірдей тең сөйлес. 

 



Басқа адамның да пікірін сыйла. 

 



Көмекке зәру болса, оған көмектес. 

 



Өзара түсінушілікке ұмтыл. 

 



Басқаның сөзін бөлмей, тыңдауды үйрен. 

 



Дауысыңды көтерме, айғайлама. 

 



Сұрақтарды күштің көмегімен шешуге тырыспа. 

 



Біреуді балағаттама және қорлама. 

Есте сақтаңыз! 

 

Айғай-дөрекілікті тудырады 



 

Ашушаңдық-жағымсыздықты тудырады 



 

Жақтырмау-жатсынуды тудырады 



 

Алдау-сенімсіздікті тудырады 



 

Кешірмеу - ашу-ызаны тудырады. 



Бірақ! 

 



Күлімсіреу   мұзды ерітеді! 

 



Тәубеге келу  жазаны жеңілдетеді! 

 



Кешіру   жеңілдік әкеледі! 

 



Шынайылық  сенім тудырады! 

 



Қамқорлық  өмірдің мәнін толтырады!  

 

895 


 

Ата-ананы  және  де  басқа  отбасы  мүшелерін  жақсы  көрушілік  мынадай: 

патриоттық, азаматтық, шыдамдылық, достық сияқты мінез ерекшеліктерін тәрбиелеуге 

салмақты негіз болып табылады. 

Тіл – үйрену – ынта, талап пен табандылықты қажет етеді.Балаларға мемлекеттік 

тілді үйрету, олардың тілін дамытуға, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда халық 

аузы әдебиетін пайдалану, ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларымен, 

патриоттық сезімін, ұлттық санасын тәрбиелеуде салт-дәстүрмен таныстыру  мақсаты 

қойылады.  Бұл мемлекеттік тілге  қаншалықты құрмет көрсететінімізді, оны түсініп, 

қазақ тілін үйреніп, сөйлей білуге деген құштарлық тілегімізді арттырады. 

Қазақ  тілін    үйренуге  байланысты    балабақша  мен  отбасының  өзара  қарым  –

қатынасы қандай? Бұл  проблемалық  жағдайға байланысты біздің балабақшада қандай 

шаралар өтізіледі, енді соған тоқаталып өтейік. 

Оқу жылының  басында, әр баланың жас ерекшелігі мен психологиялық қабілетін 

ескере отыра, орысша -қазақша сөйлеу мәнері тексеріледі: 

-

 



дыбыстарды дұрыс айта білу және есту қабілеті; 

-

 



орысша-қазақша сөздік қорлары; 

-

 



грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлей білу қабілеті; 

-

 



байланыстырып сөйлеу мәнері. 

Бұл  тексерістің  мақсаты:    Әр  баланың  алда  қазақ  тілі  бағдарламасының  оқыту 

материалдары  меңгеру  деңгейі  анықталады.  Осы  тексерістен  алған  нәтижеге  қарап, 

оқыту процессі мен ата-аналармен  жұмысты дұрыс  ұйымдастыру мүмкіндігі туады. 

Балалардың білім деңгейін тексеру  өте күрделі процесс. Бұл тексеріске арнап, көптеген 

дидактикалық  ойындар,  сөздік  ойындар,  экспресс-сұрақтар,  тест  сұрақтары 

пайданылады.  Мысалы: Д/о «Қарап ал да, есіңе сақта». 

 Мақсаты: Балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отыра, 

әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың аттарын 

дұрыс  екі  тілде    айтқызу.  Жалпы  және  жеке  ұғымдарды  дұрыс  айта  білу  қабілетін 

тексеру.  Бұл  ойын арқылы балалардың  сөздерді  қазақша  атағанда,  сөз  ішіндегі  қазақ 

тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау.  

Д/О «Заттың атын ата». 

Мақсаты:  заттарды  көріп,  оны  жан-жақты  сипаттау  арқылы,  балалардың 

сезімталдығын, сөздік қорларын тексеру.  

Балалармен  ойнай  отыра  алынған  қорытындыны  ата-аналарына  және  топ 

тәрбиешілеріне  хабарлап,  алда  олармен  отбасында  және  топта  қандай  жұмыстар 

атқаруға болатыны жайлы кеңестер беріледі.  

Баланың қазақ тілін дұрыс  меңгеруі ата-анаға да байланысты. Ата-ана өз баласына 

осыған орай жан-жақты қолайлы жағдай жасай білу керек. Егер ата-ананың қазақ тілін 

үйренуге  деген  қызығушылығы  болса,  сол  отбасында  тәрбиеленетін  баланың  

мемлекеттік тілді  үйренуге деген құштарлығы арта түседі.  

Ата-аналардың күнделікті ауыр жұмыстарына қарамастан, кешкілікте баламен «ас 

үйде ойнауға» кеңес беріледі.  Ата-анасы баласымен  бірге ойнай отыра, өз баласының  

белсенді  сөздік  қорын  жетілдіруге  көмегін  тигізеді.  Бұған  мынадай  ойындарды 

жатқызуға болады. 


 

896 


 

-«Аудармашы»  -  мен  саған  бірнеше  сөздерді  айтамын,  ал  сен  сол  сөздерді 

қазақшаға аудар. Мысалы:  вода-су, сахар –қант, масло-май, стол –үстел т.б. 



-«Тамақтанайық», 

«Қане, 


дәмді 

сөздерді 

атай 

отыра 


бір-бірімізді 

тамақтандырайықшы!». Бала «дәмді» сөздерді атайды да, анасының  алақанына салады. 

Осылайша  ойын  жалғаса  береді,  қашан  барлық  «дәмді»  сөздер  «желініп»  болғанша. 

Осылайша «ащы», «қышқыл» сөздерді де ойнауға болады.  

-Балабақшадан қайтқан уақытта және баланы балабақшаға әкеле жатқан кезде де,  

әр-түрлі ойындар ойнауға болатынын ескеруге болады. «Мен көрдім». Бұл ойында ата-

ана  өз  баласының  зейінін  анықтай  алады.  Біз  қазір  алдымызда  нені  көрсек,  соны 

атауымыз  және  оның  қандай  екенін  айтуымыз  керек.  Бұл  ойында  ата-анамен  бала 

көрген заттарын кезек –кезек атай береді. 

Сиқырлы көзілдірік». Сенің көзіңдегі көзілдірік сиқырлы деп ойлашы. Сен оны 

кигенде  айнала  қызыл,  жасыл,  сары,  көк  түске  айналады.  Қарашы,  менің  етігім, 

көйлегім, қолыңдағы доп  қандай түсті?  – деп ата-ана, баламен бірге ойнаса, бала да 

оған жауап береді. 

Сөзді  жалғастыр».  Ата-ана  сөйлемді  бастайды,  бала  оны  жалғастырады.  Бұл 

ойын екі тілде ойналады.  

Мысалы: Сиырда бұзау, ал жылқыда ........../құлын/ 

                 Сенің атың ........... /Саша/ 

                 Менің атым ........../Марина/ 

                 Қазір ........../көктем/ мезгілі. т.б. 

-  Ата-аналарға  үйде  қимыл-қозғалыс  ойындарын  ойнауға  да  кеңес  беріледі. 



«Доппен ойын». Мен саған допты лақтырғанда, сен сөз ішінен  «қ» немесе «к» дыбысын 

естіген жағдайда ғана допты қағып аласың, -деп балаға ойынның ережесін түсіндіріп, 

ойынның басталғанын айтып, анасы бірнеше сөздер атайды. Бұл ойын барысында ата-

ана, баланың есту қабілетін, зейінін танып біледі. Бұдан біз қандай қортынды шығара 

аламыз? Бала отбасында,  ата-анасының  қазақша сөйлегенін көрсе ғана, оның да қазақ 

тілін үйренуге деген қызығушылығы арта түседі. Өйткені, ойын бала тілінің дамуына 

ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.  

Балабақшада  «Ашық  есік  күндері»  болады.  Аптасына  бір  рет  ата-аналардың 

қатысуымен бірге  ойын сабағы жүргізіледі. Оның мақсаты балалардың сабақта алған 

білімдерін  дидактикалық  ойындар  арқылы  бекіту,  зейінін,  қиялын  дамыту.  Ойын 

арқылы  бала  топ  жасына  сәйкес  бағдарламалық  міндетті  меңгереді.  Ата-ана  өз 

баласымен  және  басқа  балалармен  бірге  ойнай  отыра,  балабақшада  бала  қазақ  тілі 

сабағында    қалай  жұмыс  істейтінін  көреді.  Бұл  сабақта  ата-ана  мұғалімнен  өзінің 

сұрағына сәйкес кеңестер ала алады. Ата-ана өзіне ұнаған дидактикалық ойынды үйіне 

алып, баламен ойнауға рұқсат етіледі. Ойыннан басқа,  үйде ата-аналарға екі тілде әдемі 

суреттермен суреттелген көркем әдебиеттерді оқуға да кеңес беріледі.  

Балабақшада  балаға  отбасымен  тығыз  байланыста  қазақ  тілін  терең  меңгеруге 

ықпал жасауға ұмтыла отырып,  ата-аналарға арналған қолдан жазылатын ақпаратты 



«Балауса»  газеті  шығарылады.  Бұл  журнал  арқылы  ата-аналарға    педагогикалық 

теориялық  білімдермен  қатар,  ақыл-кеңестер  беріледі.  Газеттің  әр  саны    нақты  бір 

тақырыпқа  байланысты  шығарылады.  Балалардың  қазақша  белсенді  сөздік  қорларын 

дамытуға арналған жұмыс түрлері басылып тұрады. Осы ата-аналарға арналған газетте 



 

897 


 

“Дәстүрлі  тәрбие”  ,  “Даналық  сөздер”  т.б.  тақырыптағы  мақалалар    жазылып 

отырылады.  

 Балабақшада  ата  –аналарға  арналған  кеңес  беру  орталығы  жұмыс  істейді.  Бұл 

кеңес  беру  орталығында  ата-аналарды  топ  жастарына  сәйкес  балалардың    білім 

деңгейлері  туралы  хабарлама  беріледі.  Ата-аналарға  арнап  “Қазақ  халқының  салт-

дәстүрі  театрландырылған  әрекет  арқылы  көрсету”,  “Халық  ауыз  әдебиеті  –тәрбие 

көзі”,  «Бесік  тәрбие  құралы»,  «Қазақ  тілі  туралы  мәліметтер»,  «Қазақ  тілінің  сөз 

байлығы»  атты  тақырыптарда  баяндама  оқылады.  Ата-аналар  отбасында  қазақ  тілі 

сабағында үйге берілетін тапсырмаларды қалай орындайтындары жайлы өз ойларымен  

бөліседі.   

Мысалы, ата –аналармен ақыл-кеңес, сұхбаттар өткізгенде, мынадай тапсырмалар 

беріледі:    -  Отбасы  дегеніміз  –  бұл  адамдағы  бардың  ең  бастысы,  ең  қымбаттысы, 

сондықтан  халықтар  барлық  замандарда  отбасы  туралы  мақал  және  мәтелдер 

құрастырған. 

Ата-аналарға мақал құрастыру тапсырмасы ұсынылады. Ол мақалдар тырналардың 

ішінде, мақалдың бас жақтары нөмірленген. Кезекпен, мақаланың басын ұстаған ата-

аналар ортаға шығады да, содан кейін оларға, мақаланың екінші жартысы сай келеді 

деген ата-аналар жақындап, мақаланы толық құрастыратын болады. 

1. Күн көзінде жылы, ал жаныңда анаң болса жақсы - При солнышке тепло, а при 

матери добро. 

2. Балалы үй – базар - Изьба детьми весела.  

3.  Ана  ашуы,  көктемгі  қардай,  көп  жауады,  тез  ериді  -  Материнский  гнев,  что 

весенний снег, много его выпадает, да скоро растает 

4. Отбасы бірге болса, онда жан-дүниең де өз орнында- Вся семья вместе, и душа 

на месте.  

 

Бүгін біз үй туралы, отбасы туралы айтамыз. Бір жақсысы, үй тек адамдарда 



ғана емес, сонымен бірге «Үйшік» атты орыс халық ертегілеріндегі сияқты үй аңдарда 

да болады.  

Ата-аналардың көмегімен ертегілерді драмалау. 

Педагогикалық драмаларды шешу. 

Алеша өз қарындасы Олямен ұрысып қалды. Оларды ата-аналарының қайсы көп 

жақсы көретін болады? Алешаның ойынша оны әкесі көбірек жақсы көреді, өйткені ол, 

онымен спорт ойындарын бірге ойнайды, кішкентай кеме, қуыршақ жиһаздар құруға 

көмектеседі, қағаз жылан ұшырысады, оқуын тексереді, және былайша жалпы алғанда, 

біз әкеміз екеуміз немен тек айналыспадық десеңші? 

Оля да, ешкім таңертеңгі асты менің анам сияқты, дайындай алмайды деп жауап 

береді, ал ғажайып карнавалдық костюмді кім тігеді дейсің, қызық кітапты кім дауыстап 

оқып береді, бесік жырын  кім  айтады,  мейірімділікпен кім  күлімсірейді,  әрине  анам, 

тағы да не, аз ба екен осы! Ал сіз қалай ойлайсыз, ата-аналар балаларының қайсын тым 

жақсы көретін болады? 

Барлық  отбасылар  әртүрлі.  Әрбір  отбасыларының  адамдары  бір-бірінен 

тектерімен,  аттарымен,  сырт  пішіндерімен  айырмашылықта  болады.  Олар  әртүрлі 

үйлерде,  әр  пәтерлерде  тұратын  болады,  бірақ  оларды  бір-ақ  нәрсе  біріктіреді  –  ол, 

балалар. Әрбір адам, оның ішінде және бала да, өзіндік аты (есімі) болуына құқықты. 



 

898 


 

Тіпті,  біздің  компьютерлік  ғасырымызда  да,  қыз  балалардың  ойыншығы  болып, 

қуыршақтар танылады. 

Қуыршақтар әртүрлі болып келеді: шүберектен жасалған, пластмассадан, ағаштан 

және  резеңкеден  жасалған,  үлкен  және  кіші,  ескілікті  және  осы  заманғы  сәнді 

киімдермен киінген сияқты және т.б. Ал енді біз бүгін қағаз қуыршақ жасап шығарамыз. 

(таңдауға  мына  материалдар  ұсынылады:  гуашь,  бояулар,  борлар,  акварель). 

Трафаретпен  жұмыс  істейміз,  кесеміз,  бояймыз,  желімдейміз.  Ата-аналар  бәрі  бірге 

шеберлік істеу үстінде осылай өздерін жан-жағынан көрсетеді. Соның нәтижесінде, ата-

аналармен  қарым-қатынасымыз  нығайып,  балабақша  мен  отбасы  арасында 

ынтымақтастық орнайды. 

Ата-аналар  мен  ересек  топ  балаларының  қатысуымен  викторина  өткізіледі. 

Викторинаға  ата-аналар  аса  қызығушылықпен  қатысып,  өз  пікірлерін  қалдырады. 

Әсіресе  викторинаны  өткізгенде,  кей  ата-аналардың  қазақ  тілін  үйренуге  деген 

құштарлық ұмтылысы байқалады. 

Қазіргі уақытта балаларға қазақ тілін тереңдетіп оқытуға  көп жағдай жасалынған. 

Оның бірі жаңа әдістемелік оқулардың жарық көруі. Осы жаңа  оқулықтардың жарық 

көруі мектепке дейінгі білім саласында біздер, мұғалімдер үшін  өте маңызды жағдай 

туғызады. Осы оқулықтар арқылы балабақша мен ата-аналар арасында тығыз  қарым-

қатынас қалыптасуда. Себебі,  бұл оқулықтар екі жақты бірлестікті қажет етеді. Жаңа 

оқулықтар  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психологиялық,  физиологиялық 

ерекшеліктері  ескеріле  отыра  құрастырылған.  Жұмыс  барысында  баланың  жеке  дара 

мүмкіншіліктерінің, дара қасиеттерінің өріс алуына жағдай жасалынған. 

Әр 


жыл 

сайын  оқу  жылының  аяғында  бағдарлама    бойынша  балалардың  білім  деңгейі 

тексеріліп,  жыл  бойы  алған  білімдеріне  қорытынды  жасалынады.  Қорытынды 

диаграмма түрінде көрсетіледі.   

Тоқсан сайын, ата-аналармен «Отбасында мемлекеттік тілді үйрену» тақырыбында 

сауалнама  жүргізіледі.  Сауалнаманың  талдау  нәтижесі  бойынша  ата-аналар 

мемлекеттік  тілді  үйренудің  қажеттігімен  толық  келіседі,  бірақ  күнделікті  сөздерді 

отбасында мемлекеттік тілде бекітсе, жақсы нәтижеге жетуіміз сөзсіз. 

Сауалнаманы талдау барысында мынадай түйін жасауға болады:  

1.Отбасында ата-аналар балаға мемлекеттік тілді үйренуге көңіл бөлу; 

2.Мемлекеттік тілде күнделікті тұрмыстағы сөздермен қарым-қатынас жасау;  

3.Балалар бағдарламалары мен фильмдерді, мультфильмдерді қарау; 

4.Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекеттерінде өткен жаңа сөздерді отбасында бекіту; 

5.Педагог  пен  ата-ана  арасында  тығыз  байланыс  орнатып,  мемлекеттік  тілге 

қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын жалғастыру. 

6.Ата-аналарға  мемлекеттік  тілдің  қажеттігі  туралы  ақпарат,  кеңестерді  тұрақты 

жүргізу. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -дегендей,  жоғарыда атқарылып жатқан жұмыстың 

нәтижесінің жемісін, отбасында ата-аналар қазақ тілін үйренем деген балаларға жағдай 

жасағанда ғана, еңбектің зая кетпегені. 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Артемова Л.В. «Дидактикалық ойындар»  М., 1992.  

2.Балақаев М. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» 1989 Алматы. М. 1975 


 

899 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫҢ  ТЕАТРЛЫҚ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТҮРЛЕРІ 

 

Осатаева Гульнур Қайратовна 



КМКҚ «Толағай» балабақшасы 

  

        Мектепке    дейінгі    баланы    тәрбиелеу    мен    дамыту    ісіне    байланысты  

мақсаттарды    шешуде    театр    ерекше    рөл    атқарады.  Театр    әр    балаға    қуаныш  

ұмытылмас    әсер  сыйлайды,  оның    көркемдік    талғамын,  еліктеуі    мен    қиялын  

дамытады. 

   


Әдетте    адамның    жеке    басының  қасиеттері    бес    жасқа    дейін    қалыптасады.  

Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  

бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр 

нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  

құбылыстарды  сезінуге  тырысады. Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  

тәрбиеленуіне,    тілінің    дамуын    театрландырылған    ойындар    арқылы    жетілдіруге  

болады.    Ал,    театрландырылған    ойындарды    балалар    қызықтап    ойнайды.  

Театрландырылған    ойындар    желелі    рөлдік    ойындардан    тек    желісі    ғана    емес,  

сондай-ақ  ойнау    іс-әрекетінің      сипатымен    ерекшеленетіні  айқындалған.           

Театрландырылған  ойындар  ойын  – қойылымдары  болып  саналады,  бұл   жерде  

балаларға    арналған    көркемдік    шығармаларды    сахналық    қойылымдарға  

айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы сахнада  

кейіпкер    ретінде  ойната    отырып,  оның  жеке  тұлғасын  жан-жақты  дамыту.Оның 

бойында  әдебиетке,  мәдениетке,  өнерге  деген  құштарлықты    ояту.  Бүлдіршіндер 

сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы 

жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген 

диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. 

       Ойын  барысында  ойын  ситуациясына  бейімделу,  алғашқы  да  жекелеген 

элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. 

Рөлді  ойнау  арқылы  өз  кейіпкерін  алдына  елестетіп  қана  қоймай,  бала  оның 

әрекеттерін,  сезімдерін  сезінеді.  Осындай  эмоциялық  күйлер  баланы  бұрын 

байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа 

көріністер арқылы біреуге үйретеді. 

       Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге 

араласуға,  спектакль  туралы    ата-аналарына,  жолдастарына  әңгімелеп  беруге 

итермелейді.  Бұның  бәрі  сөйлеу  қабілетінің  дамуына,  диалог  түрінде  сөйлеуге  өзі 

алған  әсерін  монолог  түрінде  сөйлеп  жеткізуге  септігін  тигізеді.        Балабақшадағы 

театрландырылған  іскерлік  бағдарламасы:    5  бөлімнен    тұрады.  Театрландырылған 

ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-

қатынас  жасай  білуге,  кез-келген  жұмысқа  шығармашылық  қабілетпен  қарауға, 

эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі  ойын 3-ке 

бөлінеді: 

- дамытушылық 

 -әсемділік 



 

900 


 

- театрлық. 



Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған  кешенді ырғақтылық, музыкалық, 

иілгіштік  ойындар    мен  жаттығулар  кіреді.  Дене  қозғалысының    нақтылығымен  

еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-

қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады. 



Сөзмәдениеті  және техникасы. Ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  

дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрылымын  еркін  айтуға, 

тыныс  алуын  дамытуға  бағытталған.  Бұл    бөлімге  сөздермен  айтылатын    ойындар  

кіргізілген.  Бейнелеу    арқылы  сөйлетуін    дамыту,  шығармашылық    фантазиясын  

дамыту,  шағын    әңгіме    және    ертегі  құрастыра    білуге    үйретеді.  Жаттығулар  3-ке  

бөлінеді: тыныс алу  және  артикуляциялық, дикциялық  және  интонациялық сөздер 

мен  шығармашылық  ойындар. 

Театр    мәдениеті:  Балаларға    театр    өнерінің    шынайы  сезімдерін  меңгерту.  

Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  

қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі. 

Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық сахналауға  негізделген.  Оған  

кіретін  тақырыптар. 

 -қойылыммен  таныстыру 

- қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру. 

- қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру. 

 -дайындық 

 -қойылымды  сахналау. 

 

Театрландырылған      ойынның  жіктелуі:  драматизация,    режиссерлік.       



Драматизациялық  ойында  бала – артист,  интоноция,  мимика,  пантомима  арқылы  

өз  бетімен  бейне  жасайды,  өзіндік  әрекет  етіп  рөлді  ойнайды.  Бұрыннан  жасалған  

сахналық    қойылымда    бала    ойын  –  драматизациясында    қандай    бір    сюжетте  

ойнайды.    Ойын    драматизациясы    көрерменсіз    музыкалық    сипаттағы    орындау  

болады. Драматизация  ойынның  екі  түрін  қарастыруға  болады. Саусақтар  ойын  

драматизациясы. Балалар  атрибуттарды  саусақтарына  киеді. Ертегінің  мәтінін  айта  

отырып  саусақтарын  қимылдатып  сюжет  жасайды. Көріністі  ширманың  сыртында  

тұрып,  немесе топта еркін  қозғала  жүріп  көрсетеді. Қуыршақ  бибабомен  ойын – 

драматизациясы.  Бұл    ойында    саусақтарға    қуыршақ    бибабоны    киеді.    Ширмада  

ойнайды.  Бұл  қуыршақтарды  ескі  қуыршақтардан  жасауға  болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет