баҧО» АҚ филиалы «СҚо пқ баи» филиал ао «нцпк «Ӛрлеу» «ипк пр ско»



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата30.01.2017
өлшемі4,85 Mb.
#2996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
глава  государства  еще  раз  выдвинул 
предложение  об  ежегодном  перечислении 
каждым  государством  одного  процента  от 
своего оборонного бюджета в Специальный 
Фонд ООН на Цели устойчивого развития.  
За 
выдающиеся 
достижения 
в 
международной  политике  и  укрепление 
Евразийского 
экономического 
союза, 
Президент 
Республики 
Казахстан 
Нурсултан  Назарбаев  стал  лауреатом 
премии  «Человек  года-2015»  в  номинации 
«Международные 
отношения». 
Торжественная  церемония  награждения 
состоялась  9  декабря  в  Сергиевском  зале 
храма Христа Спасителя в Москве. 
Все  сегодняшние  достижения  нашей 
республики 
в 
области 
укрепления 
политической  стабильности,  эффективных 
экономических  реформ,  признания  на 
международной 
арене 
и 
роста 
благосостояния 
граждан 
– 
это 
свидетельство 
сплоченного 
и 
созидательного  труда  всего  общества,  а 
значит, 
и 
воплощения 
в 
жизнь 
стратегических  приоритетов  нации.  И 
слова: «Лучшее, что мы можем сделать - это 
не дать надеждам человечества разбиться о 
рифы  современных  угроз  и  вызовов. 
Казахстан  готов  приложить  все  усилия  и 
ресурсы  в  дело  глобального  развития»,  - 
сказанные  Н.А.  Назарбаева  на  70-й  сессии 
Генеральной 
ассамблеи 
Организации 
Объединенных 
Наций 
являются 
свидетельством  мирной  и  созидательной 
внешней  политики  нашего  государства
.  
Литература 
1.
 
Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее», 17.01. 2014 год. 

 
 
 
 
     №4 (27) желтоқсан 2015                                                                                                                                                            11 
 
2.
 
Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол 
– путь в будущее», 11.11.2014. 
3  Нурымбетова  Г.,  Кудайбергенов  Р.  Внешнеполитические  инициативы  Президента  Республики 
казахстан Н.А. Назарбаева. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».2010. -384 с + 8 вкл. 
 
 
 
СҚО: «Мен – қазақстандықпын!» республикалық шығармалар 
байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы 
 
 
 
 
 
Мунжасарова Г.Ж., 
педагогика магистрі, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» 
Шаукерова С.Н., 
филология магистрі, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» 
 
Атаулы мерекелер Тұңғыш  Президент 
күні,  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігі   
қарсаңында «Ӛрлеу» БАҦО» АҚ филиалы 
«СҚО  ПҚ  БАИ-да»  жалпы  білім  беру 
мектептері, лицей мен гимназия оқушылары 
арасында 
ӛткізілген 
«Мен-
қазақстандықпын!» 
республикалық 
шығармалар  байқауының  облыстық  кезеңі 
ӛткізілді. 
 
Байқаудың  негізгі  мақсаты  –  еліміз 
бен  аймақтың  әлеуметтік-экономикалық 
жетістігімен  мақтану,  азаматтық  және 
патриоттық 
тәрбие 
құндылықтарын 
белсендіру, 
ұлтаралық 
қарым-қатынас 
мәдениетін  дамыту,  рухани  келісім,  бірлік 
пен  толеранттылықты  насихаттау  болып 
табылды. 
 
М.Қозыбаев  атындағы    СҚМУ-дың 
«Орыс  тілі  мен  әдебиеті»,  «Қазақ  тілі» 
кафедрасының 
оқытушыларынан, 
біліктілікті 
арттыру 
институтының 
оқытушылары  мен  мамандарынан,  ДБО 
тренерлерінен  құралған  қазылар  алқасы 
педагогика  ғылымдарының    докторы, 
профессор 
Алма 
Жәкімқызы 
Мырзалинованың 
тӛрағалық 
етуімен 
байқаудың 
 
аудандық 
(қалалық) 
кезеңдерінде жеңімпаз атанған жұмыстарды 
қарады.  
Облыс аудандары мен Петропавл қаласынан 
барлығы    қазақ  және  орыс  тілдерінде  224 
шығармашылық 
жұмыс 
келіп 
түсті. 
Шығарма  әр  түрлі  формада  (жанрда) 
шығарма-ойтолғау, күнделік, саяхат түрінде 
жазылған. 
Жылдың 
атаулы 
күндері 
мен 
мерейтойлары, 
еліміз 
бен 
аймақтың 
әлеуметтік-экономикалық 
жетістіктері 

 
12                                                                                                                                                               №4 (27) желтоқсан 2015   
 
 
жұмыс 
авторларының  кӛзқарасы  арқылы  еліне 
деген 
сүйіспеншілігі, 
болып 
жатқан 
ӛзгерістерге  толғаған  ойлары  арқылы 
суреттелген. 
 
Еліміздің 
бүгіні 
мен 
болашағына 
деген 
балалық 
сенімі, 
сыйластығы, 
Елбасының 
белсенді 
кӛшбасшылығына 
деген 
танымдылығы 
кӛрініс тапқан. Үздік шығармаларда «Мен – 
қазақстандықпын,  ӛз  елімнің  азаматымын, 
патриотымын  деген  ӛмірлік  ұстанымдар  да 
кездеседі.   
 
Үздік  шығармаларды  таңдау  кезінде 
қазылар  алқасы  оқушылардың  ӛміршеңдік 
кӛзқарастарын, қызығушылықтарының жан-
жақтылығын,  ойлау  қабілеті  мен  сараптау 
деңгейін, бағалай білу мен шешім қабылдау, 
сонымен  қатар  сауаттылығы  мен  жазу 
мәнерін 
де 
есепке 
алды. 
Берілген 
критерийлерге 
сәйкес 
байқаудың 
республикалық  кезеңіне  4  ҥздік  шығарма 
таңдап  алынды.  Біздің  облысымыздың 
намысын  Жамбыл  ауданы  «Благовещенка 
№2 орта мектебі» КММ  9-сынып оқушысы  
Кҥркен  Жансаяның,    Тайынша  ауданы 
«Ясная  Поляна  орта  мектебі»  КММ  10-
сынып  оқушысы  Алина  Полянскаяның 
қазақ  тілінде  жазылған  шығармашылық 
жұмыстары,      Петропавл  қаласы  «Бірінші 
гимназия»  КММ    11-сынып  оқушысы  
Татьяна    Кушнирдің,    Айыртау  ауданы 
«Саумалкӛл  орта  мектебі»  КММ  8-сынып 
оқушысы  Дарья    Просвиринаның  орыс 
тілінде  жазылған  шығармалары  қорғады. 
Республикалық 
байқаудың 
нәтижесі 
бойынша жіберілген 4 шығарма да үздік деп 
танылып,  жүлделі  орындарға  ие  болды. 
Дарья  Просвирина  жүлделі  І  орынды,  
Алина Полянская мен Татьяна  Кушнир ІІ 
орынды,  Күркен  Жансая  жүлделі  ІІІ 
орынды  жеңіп  алды.  Жеңімпаздарды 
жүлделерімен 
шын 
жүректен 
құттықтаймыз!
 
 
 
 
Кӛптілді және кӛпмәдениетті жеке тҧлғаны қалыптастыру – мектеп 
тҥлектерінің бәсекелестік басымдығы 
 
 
 
 
Мақалада  көптілді  және  көпмәдениетті  жеке  тұлғаның  қалыптасу  үрдісінің 
мақсаты,  жүйесі  көрсетілген.  Көптілді  тұлғаның  қалыптасуындағы  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  рөлі  анықталған.    Көптілді  және  көпмәдениетті  жеке  тұлғаның  аралық 
білім берудегі оң нәтижелері тұжырымдалған.  
This  article  deals  with  the  system  and  development  of  multicultural  and  multilingual 
personality.  The  role  of  Assembly  of  this  process  is  determined.  Skills  of  multilingual  and 
multicultural personality are described and positive results in education system are shown. 
 
 
 
 
 
Дюсембаева Ж.Е. 
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ 
әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері 
бойынша басқармасының жетекші маманы 

 
 
 
 
     №4 (27) желтоқсан 2015                                                                                                                                                            13 
 
Қазіргі жағдайда ерекше құндылыққа 
жеке  тұлғаның  мінез-құлық  стилін  ӛзгерте 
алу  білігі,  ӛзгерісті  әлеуметтік  талаптарға 
тез  арада  әрекет  ету  білігі,  кәсібилікке 
кірісіп  кету  білігіне  ие  [1,  112  б.]. 
Әлеуметтік-экономикалық 
ӛзгерістердің 
заманауи 
жағдайында 
біздің  қоғамда 
ӛздігінен 
шешім 
қабылдайтын 
және 
олардың жүзеге асырылуына ӛзі жауап бере 
алатын  әлеуметтік-белсенді,  шығармашыл 
жеке тұлғаға сұраныс артты [2, 69 б.].  
Ұлттық 
білім 
беру 
саясаты 
стратегиясының  біреуі  балаларды  ӛмірге 
дайындайтын, 
әлеуметтік 
жағынан 
бейімдейтін  және  бәсекеге  қабілетті  болуға  
мектептен-ақ  ашатын  және  дамытатын  
мүмкіндік беруге бағытталған.  
Жеке  тұлғаны  әлеуметтендіру  үрдісі 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарды 
меңгерумен, 
бірыңғай 
әлеуметтік 
кеңістіктегі  әр  түрлі  мәдениеттердің  пайда 
болу  ерекшеліктерін  білумен  үздіксіз 
байланыста.  Әлеуметтендіру  үрдісінде  әр 
түрлі  мәдениетті  құрметтеу  мен  түсінуге 
бейім  кӛп  ұлтты  ортада  белсенді  ӛмірге 
қабілетті 
адамның, 
жеке 
тұлғаның 
этникалық  психотипі  қалыптасады.  Қазіргі 
заманғы  түлектердің  қасиеттерінің  ішіндегі 
мәндісі  –  оның  бәсекеге  қабілеттілігін 
анықтайтын  қасиеті.  Ұрпақтың  жаһандану 
жағдайында 
бәсекеге 
қабілеттіліктің 
маңыздысы  –  жеке  тұлғаның  кӛп  тілділігі 
мен  кӛп  мәдениеттілігінің  қалыптасуы. 
Қоғам 
дамуының 
заманауи 
кезеңінің 
шындығы,  Қазақстандағыеке  тұлғаның  кӛ– 
кӛп  ұлтты  мәдениеттер  ӛріліп  жатқан  сан 
ғасырлық  тарихы  қазіргі  уақытта  тілдік 
тұлғаның  кӛптілділігін  қалыптастыру  үшін 
негізгі  әдістемелік  принциптер  мен  жолын 
әзірлеу қажеттілігін талап етеді.  
Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  пікірі 
бойынша 
«Қазақстан 
ӛзінің 
кӛп 
ұлттылығымен  бірегей  және  күшті.  Бұл 
жерде  бірегей  кӛп  мәдениетті  кеңістік 
қалыптасты. 
Қазақстанның 
кӛп 
мәдениеттілігі 
– 
қоғам 
дамуының 
прогрессивті факторы. Қазақстан халқының 
еуразиялық тамырлары шығыс, азия, батыс, 
еуропалық  ағымды  байланыстыруға  және 
кӛп  мәдениеттіліктің  бірегей  қазақстандық 
нұсқасын құруға мүмкіндік береді» [4].  
  Қазақстан 
Республикасының 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 
29  маусымындағы  Жарлығымен  2011-2020 
жылдарға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
бекітілді.  Қазақстан  Республикасындағы 
тілдерді 
дамыту 
мен 
қолданудың 
мемлекеттік 
бағдарламасының 
басты 
мақсаты  –  бұл  «Қазақстанда  тұратын 
этностардың  тілін  сақтаудағы  ұлттық 
бірлікті  нығайтудың  маңызды  факторы 
ретіндегі  мемлекеттік тілдің толық кӛлемде 
қолданылуын  қамтамасыз  ететін  үйлесімді 
тілдік 
саясат» 
[5]. 
Бұл 
мақсат 
«қазақстандықтардың 
лингвистикалық 
капиталын  сақтау  мен  нығайту  қажеттігін 
және 
қазақстандықтардың 
бәсекелік 
артықшылығын  Қазақстан  мәдениетінің 
тілдік  кӛп  жақтылығын  қалыптастыратын 
тілдік  этностардың  дамуы  үшін  жағдай 
жасауға  және  іскерлік  халықаралық  қарым-
қатынас құралы ретіндегі ағылшын тілі мен 
басқа  шет  тілдерін  оқытуға  бағытталған» 
[5].  Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  білім 
берудің  кӛптілді  бағдарламасы  бірегей, 
параллельді  және  бір  уақытта  үш  тілде 
оқыту.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің 
оқу-тәрбиелік  үрдісіне  үш  тілде  оқытуды 
енгізу  –  бұл,  сӛзсіз,  үш  тілді,  еуразиялық 
кӛп  мәдениеттілік,  коммуникативтілік  пен 
технокративтіліктен  тұратын  базалық 
құзіреттілік  болып  табылатын  2015  жылға 
дейінгі Қазақстан Республикасындағы білім 
беру  дамыту  концепциясын  жүзеге  асыру 
бағытындағы алға басатын мәнді қадам. 
 
Республиканың 
білім 
беруінің 
заманауи  жүйесінің  тілдік  мақсаттары 
келесілерге 
саяды: 
кӛптілділік 
және 
кӛпмәдениеттілік;  әр  түрлі  тілдік  және 
мәдениет 
топтарының 
арасындағы 
түсінушілік  және  үндесімділік;  басқа  тілді 
жетік  меңгеру  және  халықаралық  деңгейде 
оқушылардың кәсіби мүмкіндігін арттыру.  
Кӛптілді  және  кӛпмәдениетті  жеке 
тұлғаның  қалыптасу  үрдісінің  мақсаты: 
ӛскелең  ұрпаққа  туған  халқының  тіл 
байлығы  мен  мәдениетін,  ӛмір  тәжірибесін, 
дәстүрін 
және 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын 
жеткізу, 
басқа 
халықтардың  мәдениетімен  таныстыру, 

 
14                                                                                                                                                               №4 (27) желтоқсан 2015   
 
 
әлемдік 
мәдениеттің 
құндылықтарын 
зерделеу  –  біздің  планетамызды  мекендеп 
отырған әр түрлі халықтардың мәдениетінің 
үздік 
жетістіктері 
синтезі. 
Тіл 
мен 
мәдениеттің  ӛзара  байланысы  әр  тіл  мен 
мәдениеттің 
құндылықтарын 
түсінуде. 
Қазіргі  заманғы  мектептердің  жағдайында 
мәдениетаралық 
коммуникацияны 
білу 
білім  берудің  әр  түрлі  салаларынан 
мәдениетттану 
мәліметтерінің 
интеграциясы  жолымен  шешілуі  мүмкін. 
Осыған 
байланысты 
мектеп 
алдында 
маңызды  міндет  тұр  –  әлеуметтік  белсенді 
кӛп  тілді  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 
жағдай  жасайтын  қолайлы  білім  беру  мен 
тәрбиелеу 
ортасын 
құруда 
еліміздің 
халықтарынң  және  этностарының  мәдени 
дәстүрлерінің, 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтардың және әлемдік мәдениеттің 
тәжірибесін және білімін пайдалану.     
 
 
Кӛптілділік  –  педагогикалық  ұжым 
мен білім беру жүйесінде шешімі белгілі бір 
күш  салуды  талап  ететін  жаңа  міндеттерді, 
кӛп  тілді  білім  берудің  тиімді  моделін 
құратын 
білім 
берудің 
жаңа 
басымдылықтарын  қоятын  уақыт  талабы. 
Оқушылардың 
кӛп 
тілді 
және 
кӛп 
мәдениетті  тұлғалылығын  қалыптастыру, 
олардың 
одан 
әрі 
әлеуметтендірілуін 
қамтамасыз  ету  және  біздің  түлектерімізді 
бәсекеге қабілетті ету.   
Әдебиет
 
1.Жұмабаева  П.Ж.  Заманауи  жағдайдағы  жеке 
тұлғаның 
персонификациялануы 
мен 
әлеуметтендірілуі. // Білім-Образование,  2007.  - 
№ 2. 112-115 б.  
2.  Қабдыкайырұлы  К.К.,  Нұргалиева  Д.К. 
Педагогикалық 
практика 
кезеңіндегі 
студенттердің 
кәсіби 
құзіреттілігін 
қалыптастыру  жағдайының  жүзеге  асырылуы.// 
Білім-Образование, 2007.- № 3. 69- 75 б.  
3. Абсатмаров Р.Б., Садыков Т.С. Студенттердің 
ұлтаралық 
қарым-қатынасы 
мәдениетінің 
тәрбиесі. – Алматы, 1999. 
4.  2011-2020  жылдарға  арналған  Қазақстан 
Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың 
мемлекеттік 
бағдарламасы// 
ru.government.kz/resources/docs/ 
 
 
 
 
Халқы ҥшін ӛмір сҥрген... 
 
Алаш  қозғалысының  қайраткері, 
жазушы, 
ақын, 
драматург, 
журналист, Міржақып 
Дулатовтың 
туғанына 25 қарашада 130 жыл толады.  
«Ӛрлеу»  БАҰО»  АҚФ  СҚО  бойынша  ПҚ 
БАИ  инфотекасында  «Халқым  деп  ӛмір 
сүрген» атты кітап кӛрмесі қойылды. 
Кітап 
кӛрмесінің 
мақсаты 
– 
оқырмандарға Міржақып 
Дулатовтың   шығармашылық  қызметімен 
таныстыру,  оның  ұлтық  идея,  қазақ 
халқының  дәстүрлері,  тілі  мен  діні  жайлы 
еңбектерімен, 
ол 
туралы 
жазылған 
еңбектермен таныстыру болды. 
 
 
Аблина К.М., 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ 
қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің 
 

 
 
 
 
     №4 (27) желтоқсан 2015                                                                                                                                                            15 
 
Алаш қозғалысының 
қайраткері,  жазушы, 
ақын, 
драматург, 
журналист 
1885 
ж. 
 туған. 
Екі 
жасында  шешеден, 
он  жасында  әкеден 
айырылып, 
ағасы 
Асқар  Дулатовтың 
қолында 
ӛскен. 
Алғашында  ауыл  молдасынан  хат  танып, 
кейін  Торғайдағы  орыс-қазақ  мектебінде 
білім  алып,  ауылда  бала  оқытады.  1904  ж. 
Омбыға қоныс аударған. Осы қалада Ахмет 
Байтұрсынов, 
Әлихан 
Бӛкейхановпен 
танысады. 1905 ж. он жетінші қазанда Ресей 
үкіметіне  қазақ  халқы  атынан  жолданған 
Қарақаралы 
құзырхатын 
дайындаушылардың  бірі  болды.  1906  ж. 
Конституциялық  демократтар  партиясы 
делегаттары  қатарында  Санкт-Петербургке 
барып,  кӛше  шерулеріне,  ереуілдерге 
қатысады.  1907  ж.  Санкт-Петербургте 
жалғыз  ғана  нӛмірі  шыққан  «Серке» 
газетінде «Жастарға» деген ӛлеңі басылады. 
Оның  тұңғыш  ӛлеңдер  жинағы  1909  ж. 
«Оян, қазақ!» деген атпен шықты. Бұл кітап 
қолдан-қолға  тарап,  аз  уақыттың  ішінде 
ақынның  есімі  танымал  болды.  Ресей 
әкімдері  кітапты оқуға тыйым салып,  қолға 
түскен  даналарын  тәркіледі.  Қызылжарда 
қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді, 
сол  кезде  одан  Мағжан  Жұмабаев  дәріс 
алады.  1910  ж.  Қазандағы  Каримовтар 
баспасынан  «Бақытсыз  Жамал»  романы 
жарық 
кӛрді. 
Қазақ 
басылымдарына, 
әсіресе,  «Айқап»  журналына  үзбей  мақала 
жазып  тұрады.  1911  ж.  маусым  айының 
жетісі күні Семейге келгенде тұтқындалады 
да,  он  тоғыз  ай  қамауда  отырады.  1912  ж. 
Орынборға 
келеді. 
Осындағы 
қазақ 
зиялылары  ақыл  қосып,  ел  санасын  оята 
беру  мақсатымен  баспасӛз  қызметін  қолға 
алуды  ұйғарады.  1913  –  18  ж.  «Қазақ» 
газетінің  бас  редакторы  А.Байтұрсыновтың 
орынбасары,  жауапты  хатшы  қызметінде 
болады. 
Алаш 
қозғалысының 
жетекшілерінің  бірі  ретінде  ол  1917  ж. 
Орынборда  ӛткен  Бірінші  және  Екінші 
жалпықазақ  сьезіне  белсене  қатысып, 
«Алаш» 
партиясының 
бағдарламасын 
жазды.  1920  –  22  ж.  Ташкентте  «Ақ  жол» 
газетінде  қызмет  атқарады,  1922  ж.  Алаш 
қозғалысына  қатысқаны  үшін  қамауға 
алынып,  Орынборға  жӛнелтіледі  де,  сонда 
қамаудан  босатылады.  1922  ж.  тоғызыншы 
наурызда  Семейде  қазақ  зиялылары  бас 
қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін 
сенімді 
азаматтарды 
елге 
шығарып, 
шаруасы  күйлі  азаматтардан  жылу  ретінде 
мал  жию  керек  деген  байламға  тоқтайды. 
Жүсіпбек  Аймауытов  екеуі  осы  іске 
басшылық  жасап,  екі-үш  айда  он  бес  мың 
бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге 
жібереді.  1922  –  26  ж.  Орынбордағы  Қазақ 
халық  ағарту  институтында  оқытушы, 
Қызылжарда,  Семейде  сот  мекемелерінде, 
Қызылордада 
мерзімді 
баспасӛз 
орындарында  қызмет істеген. 1928 жылдың 
желтоқсанында  қамауға  алынады.  1930  ж. 
ату  жазасына  кесіліп,  кейін  оны  он  жыл 
абақтыға  ауыстырады.  Беломор-Балтық 
каналының  құрылысы  бойында  Сосновск 
стансасындағы  лагерьде  «жазасын»  ӛтейді. 
1935  ж.  қазан  айының  бесі  күні  осы 
лагерьдің  лазаретінде  ауыр  науқастан 
қайтыс  болады.  Сүйегі  1992  ж.  қыркүйек 
айының  1  –  18  күндері  аралығында  Торғай 
ӛңіріндегі  ӛз  есімімен  аталатын  ауыл 
бейітіне әкелініп, қайта жерленді. 
Міржақып Дулатов  –  кӛрнекті  саясаткер. 
Ол «Қазақ» газеті бетінде алуан түрлі саяси-
әлеуметтік  мәселелерді  кӛтереді.  Зәбір, 
зорлық  кӛрген  қарапайым  адам  құқы  мен 
отарлық  езгі  тепкісіндегі  қазақ  елі  туралы 
тынбай  жазды.  Оқу-педагогтік  қызмет  – 
ӛмір  бойы  қаламгердің  айрықша  кӛңіл 
аударған,  қолы  босаған  сәтте  ықыласпен 
айналысқан  жұмыстарының  бірі.  Қазақ 
халық  ағарту  институтында  ұстаздық  еткен 
жылдары ол осы саланың ӛзекті  мәселелері 
туралы  ӛткір  мақалалар  жазады,  жаңа 
шаңырақ  кӛтеріп  жатқан  оқу  орындарына 
арнап  оқу  құралдарын  («Есеп  құралы. 
Бастауыш мектеп оқушыларына», Орынбор, 
1914; 1928 жылға дейін тоғыз рет басылған; 
1927  жылы  қырғыз  тіліне  аударылған; 
«Есеп  құралы.  Бастауыш  мектепте  екінші 
жыл оқытылатын»; сегіз рет басылған, 1920; 
«Қирағат кітабы», 1924) шығарады. 

 
16                                                                                                                                                               №4 (27) желтоқсан 2015   
 
 
 
Қазақ даласының жарық жҧлдызы 
 
 
   
Құйрықты жұлдыз секілді, 
Туды да, көп тұрмады. 
Көрген, білген өкінді
Мін тағар жан болмады
 Абай. 
    
 
Талантты 
ғалым, 
публицист, әдебиет зерттеушісі
саяхатшы-географ, 
XIX 
ғасырдың  екінші  жартысында 
Қазақстанда 
туған 
демократтық,  ағартушылық  мәдениеттің 
тұңғыш 
ӛкілдерінің 
бірі 
Солтүстік 
Қазақстан  ӛңірінің  тумасы    Шоқан 
Уәлихановтың  туғанына  1  қарашада  180 
жыл толды.   
Оның  қысқа  да  жарқын  ӛмірі,  жан-жақты 
зерттеушілік 
қызметі, 
философия, 
этнография,  тарих,  экономика,  құқық, 
география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, 
т.б. 
жайындағы 
ғылыми 
зерттеулері, 
пікірлері  қай  кезде  болмасын  ӛзінің 
құндылығымен  жарқырай  берері  сӛзсіз. 
Қазақ  халқының  рухани  ізденістерінің 
жарқын  кӛрінісі  бола  отырып,  қоғамдық 
ойсана, 
пікір-тұжырымдардың 
биіктей 
ӛркендеуіне ерекше ықпал етеді.  
«Ӛрлеу»  БАҰО»  АҚФ  СҚО  бойынша  ПҚ 
БАИ  инфотекасында  «Қазақ  даласының 
жарық  жұлдызы»  атты  кітап  кӛрмесі 
ұйымдастырылды.  
 
Кітап 
кӛрмесінің 
мақсаты 
– 
оқырмандарға 
Шоқан 
Уәлихановтың 
шығармашылық  қызметімен  таныстыру, 
оның 
ұлтық 
идея, 
қазақ 
халқының 
дәстүрлері, 
тілі 
мен 
діні 
жайлы 
еңбектерімен,  ол    туралы    жазылған  
еңбектермен таныстыру болды. 
         Ӛмір  белестері  Шоқанды  Абылай 
ханның 
және 
Кенесары 
сұлтанның 
ұрпақтарымен  бірге  жақындастырып,  әр 
түрлі  халықтардың  мәдениетімен  танысуға 
мүмкіндік туғызды.   
 
Қазақ  ағартушысының  қызығушылық 
аясы бірте-бірте кеңейе түсті:  туған ауылы 
Құсмұрындағы  жеке  меншік  мектепте 
сауатын  ашқан    кезінде,  онда  араб  тілін 
үйреніп,  шығыс  поэзиясы  туралы  кӛп 
мағлұмат  алып,  сурет  салуға  үйренді. 
Қырағы    мол  және    зейінді  Шоқанға  сурет 
салу ӛнері сол кездің ӛзінде-ақ халық ӛмірін 
бейнелеудің  тамаша  бір  құралы  болып 
табылды.  
 
Шоқанның    тұлға  болып  рухани 
қалыптасуына  түрткі  болған  -  Омбыдағы 
Кадет  корпусында  оқыған  жылдары  еді. 
Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, 
кӛптеген  пәндер  әскери  сабақтарға  қоса 
орыс,  батыс  әдебиеті,  географиясы  мен 
тарихы,  философия,  физика,  математика 
негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың 
озық  ойлы  интеллигенттерінің  ӛкілдері 
сабақ  берген.  Оқытушылар  құрамында 
білімді  және прогресшіл ой-пікірлі  адамдар 
кӛп болған. Кадет корпусында Шоқан ӛзінің 
зеректігімен 
ерекшеленген. 
Тілді 
тез 
меңгеріп,  ӛзі  қатарлас  оқушылардан  озық 
оқыған.  "Корпуста  ой-ӛрісі,  білімі  жағынан 
Шоқан  тез  ӛсті,  орыс  жолдастарын  басып 
озып отырды. Оған оқытушылары талайлар-
ақ,  назар  аударды.  Ол  сондай  қабілетті  еді, 
ӛзінен  екі  жас  үлкен  класындағыларды  да 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет