Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


§4 ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БІРІНШІ НЕГІЗІНІҢ



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§4 ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БІРІНШІ НЕГІЗІНІҢ
ЭТНОПЕДПГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Медицина жəне Педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, 
жазушы-дəрігер, фантаст, 
Махамбет сыйлығының лауреаты
С.Ғаббасов
«Жеті атасын білген ұл - жеті ру елдің
қамын ойлайды» 
Мақал.
Адам  тəрбиесінде–  оның  ішкі  жан-
дүниесінің  тəлімін  жетілдіру  үшін  түйсік 
пен сезімді пайдалану т ə с і л д е р і қандай 
қажет  болса,  сол  сияқты  сыртқы  тəн-құ ры-
лысының дұрыс қызымет етуіне де этногра-
фиялық заттардың, яғни ұлттық тағам - 
ұлттық киім тұрмыстық заттарды-пай-
далану тəсілдері де сондай керек. Былайша 
айтқанда, Ж а н мен Т ə н д і қоректендірер т ə 
р б и е тəсілдері мен іс-əрекеттердің əдістері, 
адамның  екі  түрлі  жүйесінің/жан-дүниесі 
мен  тəн-құрылысының/  тəрбиесіне  деауа-
дай қажеттілік деп түсінген жөн. Сондықтан 
да,  бірден  сырт  құбылыстарды  аңғартатын 
-этнографиялық  салт-дəстүрлер  де, - 
Халық педагогикасы мен психологиясының 
-  əрбір  негіздерінің  ішіндегі  сипаттары 
екенін, қазіргі кезде д ұ р ы с мəнінде түсіне 
алмай  жүрген  жағдайлар  бар.  Егер  ашып 
айтар болсақ, биосфераны түсіну үшін био-
химия  пəнін  пайдаланатынымыз  сияқты, 
-халық  педагогикасы  мен  этнопедагоги-
каны  да  -тек  синтездік  ұғымда  қолдансақ 
қана,  ұрпақ  тəрбиесінің  құпияларын  ашар 
ересен мол қ у а т ы бар, т ə р б и е тəсілдеріне 
ие болмақпыз. Сөйтіп, Халық педагогикасы 
мен  психологиясы  адамның  жан-дүниесін 
тəрбиелейтін болса, ал этнопедагогика – оның 
тəн-құрылысының дұрыс жетілу тəлімдерін 
қарастырады. Олай болса, «Халық педаго-
гикасы мен психологиясының 1-ші негізі, 
немесе  Семья  құруға  дайындық  жəне 
Ұрық тазалығы» - деп аталынатын к е з е 
ң і н і ң этнопедагогикалық сипаттарына жа-
татын: Құда түсу – Ұрын бару – Қыз Ұзату 
– Сыңсу – Жұбату – Үйлену тойы – Шашу 
–  Жар-жар – Бет  ашар–  деп  айтылатын 
дəстүр-салттарымыздың  сыры  мен  қырына 
терең бойлап, ішкі қасиеттерін ашу арқылы 
тек бірінші к е з е ң н і ң этнопедагогикалық 
сипаттарын  айқындамақпыз.  Бұл  халықтық 
дəстүр-салттарымыздың  өмірдегі  нағыз  кө-
рі  ніс терін  байқатады.  Мінеки,  дəл  осы  əре-
кеттердің  үстінде,  халқымыздың  тəлім 
тəр биесінің  мəні  оның  мінез-құлықтары 
мен  ішкі  психологиялықкөріністері,  бү-
кіл  болмысымен  жан-жақты  ашылатыны 
белгілі. Ендеше, жоғарыда аталған этно гра-
фия лық  салт-дəстүрлерге  жеке-жеке  тоқ-
талып көрелік.
а) ҚҰДА ТҮСУ
Қазақ халқының құда түсу салты, тікелей 
Ата  дəстүрініңнегізін  қалыптастыратын 
«же ті атаға дейін қыз алыспау» ережеле-
рінің  тəртіптерін  сақтайды.  Оның  үстіне 
өздері  өмір  сүрген  тұрмыс-тіршіліктерінің 
ерекшеліктері  мен  адамдық  болымыстары-
на  /діліне/  лайық  –Құда  түсудің  үш  түрлі 
жол дарын пайдаланған.Оларды былай ата-
ған:
1. БЕЛ ҚҰДА
2. БЕСІК ҚҰДА
3. ҚЫЗ АЙТТЫРУ - деп əрқайсысының 
өздеріне тəн атаулары мен мəн-мағаналарын 
берік ұстап қана қоймай, сонымен қоса тəр-

27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тібі мен тəлімінен де имандылық жолдарын 
қарастыруға тырысқан. Бұл дəстүрлер өз за-
манында адамдардың парасаттары мен жігер 
деңгейлерінің биік болғанын аңғартса керек.
Көбіне дала перзенттері достасу кездерінде 
ант үстінде.
Бел  құда.  Айтылатын  серттерінде,  осы 
«бел құда» болуға уəделеседі.
Мұның басқа екі құдандалпсудан өзгеше-
лігі де, сол ант үстінде айтылып, серт ретін-
де қабылданатындығы. Сондықтан да, оның 
астарында  сан  алуан  сырлар  мен  құпиялар 
жатады. Оның өмірдегі көріністері де əртүрлі 
болмақ. Мұның мысалдары, қазақтың халық 
ауыз  əдебиеттерінде  көптеп  кездеседі. 
Солардың  бірі  ретінде  атақты  лиро-эпосы-
мыз  «Қозы  көрпеш - Баян  сұлуды»  айтсақ 
та  жетіп  жатыр.  Бұл  жəдігерліктің  басқа 
Түркі  халықтарында  жырланатын  түрлерін 
айтпағанда, тек Қазақ арасында ғана 16 түрлі 
нұсқалары бар екені белгілі.
МЫСАЛЫ:  Біздер  ұсынғалы  отырған 
«Қозы  көрпеш  Баян  сұлу»  жырының  нұс-
қасы,  кезінде  Шоқан  ғұламаныңатақты 
Жа нақ  ақынның  өз  аузынан  жазып  ал-
дым - дейтін  т  ү  р  і  н  д  е  айтылған: - «он 
сан Ормамбет елінде - Қарабай мен Сары-
бай  -  дейтін  екі  бай  болады.  Қарабайдың 
тегі - түрікпен, Сарыбайдың тегі - ноғайлы. 
Қа ра бай  мен  Сарыбай  неге  екені  белгісіз  /
ақын   ның  жанынан  қосқаны  болу  керек/ 
Бал талы-Бағаналы  еліне  /найман  еліне/
түп  қопарыла  көшіп  келеді.  Балталы-Баға-
налы  елінің  биі  Тайлақ  бұларға  ерулік  бе-
ріп,  жақсы  құрметпен  қарсы  алады.  Бірақ, 
дүниеқор  Қарабай  найман  елінің  жасаған 
сый-құрметтеріне  қарымта  сыбағасын  бе-
руге  жарамайды.  Ал  табиғатынан  жомарт 
Сарыбай  басқаны  былай  қойғанда,  қойшы-
қолаң ның сыбағаларына дейін тоғыз-тоғыз-
дан етіп, ерулік берген елге сый-сияпат жа-
сайды.  Балталы-Бағаналылықтар  риза  бо-
лып, Сарыбайды өз елінің қадірлі адамы етіп 
таниды.
Сарыбай  мен  Қарабай  аң  аулап  жүріп, 
өзара уəделесіп д о с болады. Төс қағыстырған 
достықтарының белгісі үшін екі б а й, үйдегі 
екіқабат  əйелдерінің  ішіндегі  балаларын 
атас тырып, бір-біріне қосуға а н т айтысып 
бел құда болады. Қарабайдың үзіліп сұраған 
достық тілегі бойынша қиналса да буаз ма-
ралды  атып,  Сарыбай  сол  сəтте-ақ  əйелі 
ұл  туғанын  естігеніменен,  оны  бір  көруге 
үлгірмей  қазаға  ұшырайды.  Содан  Қарабай 
ауылына  келісімен  «жетім  ұлға  қызымды 
бермеймін»  деп,  сертінен  айнып  жөңкіле 
көшеді. Бел құда болғанантын аяққа басады 
(М. Əуезов. 2 т. 372 б. ).
Халқымыздың бай рухани қазыналарының 
бірі  ғана  болып  саналатын  «Қозы  көрпеш 
–  Баян  сұлу»  жырының  іші  толған  халық 
педагогикасының  маржандары  десек  артық 
айтқанымыз  емес.  Оны  оқулыққа  қосымша 
материал  ретінде  пайдаланған  жөн.Бұл 
тəрізді құдандаласудың да өз ерекшеліктері 
мен мақсаттары бар.
Бесік  құда.Мұнда  да  адамдарды  өзара 
туыстыққажетелейтін, олардың бір-біріне де-
ген достық сезімдері болып табылады. Бірақ, 
мұндағы достық екі семьяның арасында көп 
жылдарға  созылып,  уақытпен  шыңдалған 
қи мастық  сезімдермен  астасып  жатады. 
Сондық тан да «бесік құда» болғандар көбі-
не се аса бір үлкен трагедияларға ұшы рап не-
месе күлкілі жағдайларға тап бола бермейді 
екен.  Себебі,  ата-аналардың  бір-біріне  де-
ген  риясыз  достық  сезімдері  мен  үндескен 
сыйластықтары, екі шаңырақтың астындағы 
жандарды  да  шынайы  қимас  қатынастарға 
баулиды.  Мұның  да  мысалдарын  қазақтың 
бай фальклорындағы руханияттардан көптеп 
келтіруге болады.
Қыз  айттырыпқұдандаласу.Құдан дала-
су  дың бұлтүрінде де сан-қилы ерекше лік тері 
мен толып жатқан мақсат тары тоғысып жа-
тады.Өмірде аса жиі қолданы латын дығымен 
де құнды.
Халқымыздың  асыл  мұрасындай  неше 
ықылым  замандардан  өтіп  біздерге  жеткен, 
ұлдарына қалыңдықты ата-анасы таңдайтын 
салт  бар.  Содан  кейін  ержеткен  ұл  бойжет-
кен қызды көріп, ата-анасына өз пікірін біл -
дірген.  Пікірлері  бір  жерден  шығып  жат са, 
бірден  құдандаласудың  қамына  кірі седі. 

28
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Осының  өмірдегі  көрінісі  ретінде,  жұр ты -
мыздың аса көне ертегілерінің бірі - «Ертөс-
тіктен» - шағын үзінді келтіріп кө ре лік:
«Тоғыз  ұлына  бір  шаңарақтың  астынан 
қалыңдық  алып  беруді  армандаған  Ерназар, 
ел-елді кезіп ұзақ іздейді. Бірақ оның ойын-
дағыдай тоғыз қыз бір шаңырақтың астынан 
табыла да қоймайды. Əйтседе, іздестіруін бір 
сəтке де тоқтатпаған Ерназар, тентіреп жүріп 
жаңа  бір  ауылға  жетіп,  еңселі  биік  ақ  үйге 
келсе  кірген  үйдің  керегесінде  ілулі  тұрған, 
сегіз сырғаны көріп еңреп жылап жібереді.
Сонда əлгі үйдің бəйбішесі:

Неге жылайсыз ? - деп сұрайды.
Ерназар көзінің жасын сүртіп:
- Бəйбіше, ғафу етіңіз?! Бауырымда өсір-
ген тоғыз ұлым бар еді. Бар арманым болшақ 
келіндерімді  де,  бір  шаңарақтың  астынан 
кездестірсем  деп  ел  кезіп  жүрмін.  Анау 
ілулі  тұрған  сырғалардың  сегіз-ақ  екенін 
кө ріп,  соған  қайғырып  жылап  отырмын – 
дейді. Мынау естіген сөзіне елітіп, жайдары 
пейілмен нұрлана түскен бəйбіше:
-  Ə-ə-ə,  солай  ма?  Еңдеше,  жылама?! 
Сыр ғаның  тағыда  біреуі  бар.  Ол  əне  тұр, - 
деп төргі бақанда ілулі тұрған  тоғызыншы 
сырғаны көрсетіп: - Бұл Кенжекейімнің сыр-
ғасы! Сегіз қызым бір төбе Кенжекейім бір 
төбе  болғандықтан,  əмəндə  оның  сырғасын 
бөлек  ұстаймын, - деп  сырғаны  қайыра  ор-
нына апарып қойды.
Ерназар да мəз болып, қуана сөйлеп:
-Менің де сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім 
бір төбе еді. Кенжекейім мен Төстігім баста-
рын қоссын! - деген екен. Осылайша Ерна-
зар  іздегенін  тауып,  мəре-сəре  болып  еліне 
қайтыпты.
Туысқандықты ерекше қастерлейтін ежел  -
гі жұртымыздың мұнда да, тек өздеріне ғана 
тəн  мəрттік  мінез-құлықтары  жатыр.  Ба ла  -
сына  жар  таңдау  тек  ата-анаға  ғана  жа уап  -
кер шілік  жүктемейді,  үйленетін  жігіт  пен 
қыз дың өздеріне де үлкен сын. Осыған орай, 
жаңағы айтқан»Ер Төстікте» мынадай көрі-
ністер бар:
«Ата-анасы  қыздарына  жеке-жеке  енші 
беріп,  жасауларын  көл-көсір  етіп  ұзатады. 
Сонда, Кенжекей еншісіне риза болмай, əке-
сіне кісі жіберіп:
Əкем  маған  жылқыдан – Шалқұйрықты, 
жасаудан – Ақсырмалды, түйеден - Құбаін-
генді берсін, - депті.
Мұны естіген əкесі қызына ренжіп:
Қызыма  айта  бар!  Ерназардың  байлығы 
 оған жетеді. Шалқұйрықты сұратқаны несі? 
Шалқұйрық жылқымның құты еді ғой?! Ата 
құтына  қызы  ие  болған,  бар  ма?  Құбаінген 
түйемнің басы, оны сұрағаны несі? Ақсыр-
мал сауыт- атадан қалған мұра еді - менің 
ұлымның  жоқтығын  білдіріп,  əкесін  қу  бас 
дегені  ме?  Қызыма  айтыңдар,  маған  бүйтіп 
жаулығын білдірмесін,- деп келген кісіні құр 
қол қайтарыпты.
Сонда, Кенжекей кісіні қайта салып:
- Шалқұйрықты сұратқаным - Ерге лайық 
ат еді, ер мінсе екен деп едім; - Құбаінгенді 
сұратқаным - Ер  қосын  артсын  деп  едім. 
Ақсырмалды сұратқаным - Ер Төстік ер еді, 
сол кисе екен деп едім; - Ердің жөні - бүкіл 
халыққа  ортақ-елдігіміздің  салты  емес  пе 
еді?
Сонда, əкесі қызының айтқандарын тебі-
рене тыңдап :
-  Елдігін  ойлаған  қыздың - өзі  де  Ер! - 
деп сұратқандарын түгелдей берген екен»...
Бұдан, қазақ халқы ақылы асқан ару қы-
зынан ештемесін аямайтындығын көрсек, ер 
елдің игілігіне ғана қызымет ететініне сене 
білген. Осы тектес, тереңнен тамыр тартқан 
халық тағылымдары, қайыра жаңғырып өзі-
нің  орнына  келсе,  дəстүрімізге  басқа  жұрт-
тар да қызығып сыйлайтын болады.
Осылайша  жастар  шаңырақ  көтеріп, 
тұң ғыш  перзенттері  дүниеге  келісімен 
Қыз - төркініне, Күйеу - қайындай келіп, на-
ғашы  жұртына – жаңа  туған  жиендерін 
көр  сетудің  рəсімі  жасалынады.  Мұның  өзі 
бір  дəурендей  туысқандық  тоғысулардың 
дəстүрін  жалғастырады.  Міне,  осыдан 
кейін ғана құдандалы екі жақтың да:  «Жас 
отаудың жалқұйрығы бүтінделді, өмірлері 
күлтеленді» -  десіп  көңілдері  көншиді 
екен.  Ендеше,  жар  таңдаудан  отау  болып 
шыққанға  дейін  -  толып  жатқан  дəстүр-

29
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
салт тары  мен  жөн-жосығын - ырым-
кəдесін - тіпті  жол-жоралғысына  -  дейін, 
ұрпақ  тəрбиесінде  ескерілгені  жөн.  Əрине 
уақыт  талабына  сай  дəстүрдің  де  өзгеріп 
отыратыны  есте  болуы  қажет.  Əсіресе 
тозған  дəстүрлер  мен  ескірген  салттарды 
мезгілдері  жеткенде,  жалтақтамай  тұр-
мыс-тіршілігімізден алып тастаудың өзі де 
т ə р б и е екені дау тудырмаса керек. Тіпті, 
қазақ болашақ құдасынан арқа сүйер жана-
шырлықты да, туысқандық мейірімді де, на-
мысын  жыртар  сүйенішін  де  іздейді  екен. 
Жалпы, кез-келген адамның с е м ь я құруға 
дайындалу сəті, оның жеке басының ғана ісі 
емес екенін анық аңғарамыз. Бүгінгі күнде де 
осы бір сəтті дұрыс түсінгенде ғана, өмірде 
болып жататын көптеген кемшіліктерді бол-
дырмаудың амалын көреміз.
Сондықтан да, с е м ь я  бүкіл бір халықтың 
өркенін  өсірер  қайнар  көзі  делінсе,  сол  ха-
лық тың мемлекетінің де еңсесін ұстап тұра-
тын, алтын діңгегі болып табылады. Осын-
ша мол қуаты мен құдіретіне орай жан-жақ-
ты  тоқталып,  халқымыздың  фальклорынан 
да, елі елеулі еткен бүгінгі жазушысынан да 
мысалдар келтіріп отырғанымыз сондықтан 
болар.  Бұдан  арыда  құдандаласу  жайында 
айтылуға тиісті дəстүр-салттарды, əр қазақ-
тың ар-кітабына айналған «Абай жолынан» 
оқып-үйренуді болашақ ұрпақта рымыз есін-
де тұтса екен. Əсіресе, күйеудің қайын жұр-
тына ұрын баруын оған арналып жасалына-
тын Ұ Р Ы Н  Т О Й Ы Н Ы Ң көріністерін 
де, Мұхаңдай-ғұламаның айтқанынан үйрен-
ген жөн. Сондықтан да, бұл тақырыпты ар-
найы  бөліп  жазбай,  оның  құнарлы  көзі  ре-
тінде осы эпопеяның «ӨРДЕ» деген тарауын 
зерттей оқуды ұсынамыз.
əҚЫЗ ҰЗАТУ ТОЙЫ
«Сағыныш - адам бойындағы ізгілікті 
ғана оятып қоймайды,
сонмен қоса, жан-сезіміңді ашып, 
мейіріміңді де ұштай түседі»
ҰЖДАН.
Күйеу  қалыңдығын  алуға  арнайы  сапар-
мен  келген  кезде,  бұрыннан  дайындықпен 
хабарласып  отырған  құдандалы  ел - қызы-
ның ата жұртынан аттанар ұзату тойын жа-
сай  ды.  Оны  əркім  өзінің  шамасына  орай 
өткізеді.  Мұның  əртүрлі  деңгейлерде  өте-
тінін  қазіргі  кезде  де  байқау  қиын  емес. 
Сөз  жоқ,  бұрынғы  заманда  да,  бүгінгі  жағ-
дайда да, қыздың туыс-туғандары сырт қал-
маған.  Барлық  атқаратын  міндеттерді  бөлі-
сіп көтеру де, елдік ерекшеліктеріміздің бірі 
болып  саналады.  Оның  үстіне  жаңа  семья 
құруға арналған т і л е у д е н ешкімде еш-
темесін  аямауға  тырысады.  Өйткені,  бұл 
жағдай  жақын  адамдардың  əрқайсысының 
басына  алма-кезек  ауысып  келіп  тұратыны 
да белгілі.
Бірінші  рет  танысуға  келген  күйеу  бала-
ның  қалыңдығымен  кездесіп,  оған  ата-ана-
лары  ұрын  тойын  жасап,  қыздың  ұзатылу 
мерзіміне  келісіп  жігіт  жағы  ауылына  қай-
тады.  Ұзатылатын  қыз  ұрын  тойдан  ке йін, 
апа-сіңлілерін,  жеңгелері  мен  құрбы  қыз-
дарын  қасына  ертіп,  туысқандарын  аралап 
қоштасу  рəсімдерін  жасайды.  Туысқан  мен 
тумалары  шамаларына  қарай  сый-сияпат-
тарын  береді.  Ал  қыздың  ұзатылу  мерзімі 
жеткенде, төңіректегі ауыл жастары қыздың 
үйіне  жиналып,  домбыра  тартып  əн  салып, 
өзінің сəн-салтанатымен ұзатылу тойын жа-
сайды.  Қыз  бен  Жігіт  айтыстарын  өткізеді. 
Қыз жеңілсе – айтыстан жеңген жігітке ора-
мал сыйлайды. Жігіт жеңілсе – қызға шапан 
кигізеді.  Осы  кештің  үстінде  н  е  к  е  қ  и  ю 
дəстүрі  жасалынады.  Бұл  жолы  қыз  ұзату 
тойында  ат  шаптырылып,  балуан  күрестіру 
тəрізді ойын-сауықтың түрлері де көп бола-
ды. Неке қиылған күннің ертеңінде қыз жағы, 
күйеу  жағынан  келген  құда-құдағиларына 
жасауға  берілетін  бұйымдарын  көрсетеді. 
Осы  тектес  толып  жатқан  жол-жоралғылар 
жасалынып,  жасауды  буып-түйген  бойда 
бірден  барар  жеріне  аттандырып  жібереді. 
Ұзатылатын қыз с ы ң с у айтып ұзақ жылай-
ды,  жігіттер  жағы  жұбату  айтып  тоқтатуға 
тырысады. Алма-кезек өз мақамымен ай ты-
латын  сыңсу  жеңіл  əзіл-қалжыңға  құрыла-
ды.  Қыз  туыс-туғандарымен  соңғы  рет  құ-
шақ тасып қош айтысады. Осыдан кейін жең-

30
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
гелері оның қыз киімдерін ауыстырып, жаңа 
түсер  келіншек  киетін  киімдерін  кигізеді. 
Көбінесе қызын шешесі өзі апарып, үш-төрт 
күннен кейін ат мініп, түйе жетелеген сый-
сияпатпен ауылға қайтады.
Қысқаша  ойтүю.Халқымыз  жігіттің  қа-
йын жұртына ұрын келуін жəнеқыздың ұза-
тылу  тойларын  неге  жасаған?  Оның  мəні 
неде? Бұған қыз ұзататын жақ қандай маңыз 
берген?
Əрине,  бұл  сауалдардың  жауабын  беру 
үшін семья  құрудың дайындық кезеңдеріне 
жа та тын  осынау  екі  сəттің  де,  өзіне  тиісті 
дəс түр-салттары  мен  жол-жоралғыларын 
санамалап  тəптіштеп  шығу  тым  ұзаққа  со-
зылар  еді.  Сондықтан  да,  жоғарыда  «Абай 
жолы»  эпопеясының  «Ө  р  д  е»  деген  тара-
уын оқуды ұсынған едік. Ал енді бұлардың 
мəні  мен  маңызына  қысқаша  тоқтасақ,  ұза-
тылатын  қыздың  болашағы  үшін  жасаған 
ата-анасының  қамқорлығы  деп  ұққан  жөн. 
Себебі,  қыз  балаға  өз  шаңырағын  тастап 
бас қа  семьяның  мүшесіне  айналу,  қай  жа-
ғы нан  алғанда  да  жеңіл  шаруа  емес.  Жаңа 
ортаға барғанда қ ы з ы н ы ң басына түсетін 
қимыл-əрекеттерді  ұрын  келген  жігіттің  де 
басынан  кештіріп,  келген  құда-құда ғила-
рының да жауапкершіліктерін арттыратын т 
ə  л  і  м  д  е  р  көп  жасалынады.  Бірінші  бо-
лып  қайын  жұртына  келгенде  əдеп  пен 
тəртіптің  барлық  түрлерін  күйеу  жігіттің 
басынан кешіруі, ертең қ а л ы ң д ы ғ ы өз 
шаңырағының астына келгенде, оны, бірден 
түсініп көмектесуіне де сабақ болады.
АСЫҢСУ
« Халқыңа - қалаулы бол, 
Жұртыңа - елеулі бол « 
МƏТЕЛ.
Бұл  дəстүр  өткен  замандардағы  қыздар-
дың  басындағы  теңсіздіктен  елес  берсе,  ал 
қазіргі  заманның  жөні  басқа  болғандықтан, 
ендігі жерде жеке бастың м ұ ң ы н а н гөрі, 
бүкіл  Отаны  мен  Халқының  қамын  ойлай-
тындай  сөз  айтылғаны  жөн  сияқты.  Жалпы 
-сыңсу - қоштасу - сарын - көрісу - делініп 
əртүрлі  атаулармен  айтылғаныменен,  бұлар 
мазмұндары  жағынан  бір-бірінен  айыр  ма-
шы лықтары шамалы десек те, халқымыздың 
тұрмыс-салт  жырларының  ішінде  аса  жиі 
қол  данылып,  өте  көп  тараған  нұсқалары 
бар  екенін  білген  дұрыс.  Себебі,  кез-кел-
ген дəстүр салттарды уақытына лайық етіп, 
жаңа  мазмұнмен  байыту  болашақ  ұрпақта-
рымыздың қалауындағы іс.
Тіпті,  сыңсу  дəстүрінде  жоғарыдағы  ай-
тыл ған  т  е  ң  с  і  з  д  і  к  сарынынан  бұрын, 
əйтседағы  ұзатылып  бара  жатқан  қыздың 
-  өз  жұрты  мен  ата-анасына  деген  қимас 
сезімдерін білдіретіні ақиқатқа жақын сияқ-
ты. Оның бүкіл балалық шағы мен бал дəурен 
өмірлері көз алдынан өтіп, осы сəтте оянған 
көңіл толқындарын əн шумақтарына айнал-
дыру  да  жан-дүниенің  рухани  қажеттілігі 
болар.  Өйткені,  жаратылысынан  талантты 
қайбір  қыздардың  айтқан  сыңсулары  иісі 
қазақтың  көкейлеріне  ұялап,  бірден  тарап 
жатталып қалатындары аз болмаған.
Мəселен, қазіргі кезде де уақыт талапта-
рына сай етіп, сыңсудың жаңа түрлерін дай-
ындап, ұрпақ тəрбиесіне пайдалану арқылы, 
тіпті  той  қызығын  күшейтуге  де  болатын 
тəрізді. Əсіресе, еш атқарар қызметтері жоқ 
қыз  жолдас  пен  күйеу  жолдасқа  алма-кезек 
жауаптасып,  сыңсудың  жаңа  түрін  дүниеге 
əкелсе,  қандай  ғажап  болар  еді?!  Оларға 
тойға  келген  жаста  қосылып  қыз  жолдасқа 
–  қыздар,  күйеу  жолдасқа – жігіттер  жағы 
көмекке келу арқылы, тіпті бүгінгі жаңарып 
келе жатқан айтыс өнерінің мектебіне айна-
луы да мүмкін ғой. Сөйтіп, сыңсудың қысқа 
да нұсқа түрлерін солар айтуға тиісті:
Қыз жолдасы: 1.Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Есіктен аттап кеткен соң,
Еркелікті тастаймын.
2.Əуеден ұшқан бұлдырақ,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамыз,
Жаратқан соң қыз қылып.
Күйеу жолдасы:1.Жылама бикем, жыла-
ма,
Көзіңнің жасын бұлама?!
Ұл боп тусаң əуелден,

31
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Сені мұндай қыла ма?
2.Бүркендіріп қоя ма,
Көзіңді жаспен бояма?!
Біз бермейік десек те,
Мал берген жұрт қоя ма?
Қыз жолдасы: 3.Есіктің алды ақ қайың,
Қайыңды қайтіп аттайын?
Еркелеткен анамның,
Ақ сүтін қайтіп ақтайын?
4.Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын,
Қыз еркелеп ұл болмас.
Күйеу жолдасы: 3.Жылайсың неге 
«үйім» деп,
«Жиғаным қызыл бұйым» деп,
Əкең сенің ойлайды,-
«Отырып қалса қиын» деп.
4.Жыламай құлақ салыңыз,
Бұл сөзіме наныңыз,
Мен айтамын өсиет, -
Тыңдап, ұғып алыңыз?!
Мұнан көшіп кетерсің,
Шын еліңе жетерсің
Əдеппенен жүргейсің.
Міне,  осылайша  сыңсуды – ұзатылатын 
қыздың  қасындағы  жолдасы  бастап,  қайы-
рып айтар жұбату жауабын – күйеу жігіттің 
серігі  шырқап,  ойда  жүрген  көп  нəрсенің 
мəнін  ашу  арқылы,  бүкіл  тойға  қатысқан 
əлеуметке ой жарастығын ұсынар еді. Қашан-
да той думанның сəнін келтіріп көркін ашар 
ойын-сауықтардың  түрлері  мол  болғаны 
жақсы. Тойға жаңаша түр мен мазмұн берген 
сыңсудың да келешекте өз орнын табарына 
сенгіміз келеді.
БҮЙЛЕНУ ТОЙЫ
«Адам  ғұмырындағы  алма-кезек  ауысып 
жататын  қиындық  пен  үміт,  тіршіліктің 
мазмұнын  ғана  байытып  қоймайды,төзе 
білген, жеңе білген жандарды – мұратына 
жеткізер қос қанаты да».
ҰЖДАН.
Міне, осылайша – ұзатылған қыздың ал-
ғаш келіп, табалдырығын аттайтын ақ бо са-
ғасы, яғни, қалыңдығын əкеп семья құрмақ 
жігіттің  ата-анасының  шаңырағы  болып 
табылады. Бұл күн – ата-ана мен бала үшін 
келісіммен  шешіліп,  берекемен  ұйғарылса 
–  мұнан  бетер  өмірдегі  бақытты  сəтті  табу 
қиын. Ал егер де екі ұдай боп шешілсе,сол 
əулеттің  трагедиясы  да  осы  күннен  парақ-
талады деп, есептей бер?! Сондықтан да, се-
мья  құруға  дайындықты  барынша  парасат-
пен шешкен жөн. Əрқашанда, келісімді істің 
кемелдігі де көрініп тұрады. Мұндағы өтетін 
сəн-салтанат  та,  той  иелерінің  тұрмыс-
халіне  тікелей  байланысты  болмақ.  Жағдай 
көтеретін  адамдар – ат  шаптырып,  көкпар 
тарттыруымен  қоса  қыз  қуу,  балуан  түсіру, 
тіпті  жамбы  аттыруға  дейін  ұйымдастыра 
алады.
Күйеу жігіттің ауылына бірер б ұ р ы л ы с  
қалғанда, қалыңдық мінген машина, немесе 
салт атқа мінген жастар жағы сəл кідіріс жа-
сайды да, ертіп əкеле жатқан қыздың шешесі 
мен  үлкендер  жағы  ауылға  бұрынырақ 
келеді. Солардан хабар тиісімен… жігіттің 
жеңгелері, ауылдағы қыз-келіншектерді ер-
тіп,  əкеле  жатқан  қалыңдықтың  алдынан 
шығады.  Бұлар  келіп  өзара  танысқаннан 
ке йін-ақ,  бірден  ауылға  “сүйінші”  сұратып 
хабар  жібереді.  Жақсы  хабар  жеткізген 
адам  лайықты  кəдесін  алады.  Қалыңдық 
екі жақтың да жастарының ортасында, бір-
бір лерімен танысу салттарын жасап, ауыл-
ға  асықпай  жаяулатып  жетеді.  Бұл  кезде 
құдағимен  келген  үлкендер  жағы  да  мəре-
сəре  болып,  амандық-саулық  сұрасып  той 
қа мымен  шұғылданып  жатады.  Келінді 
отау  үйге  кіргізерде  əлдекімнің  көзіне  ша-
лынып  қалмас  үшін,  оның  бетіне  жібек 
орамал  жабады.  Отқа  май  құйып  келінді 
оған  тəжім  еткізіп,  отпен  аластап  арнайы 
тігілген  ақ  отауға  енгізеді.  Қалыңдық  ақ 
отауға  жеткенше  ш  а  ш  у  шашылып,  жа-
стар  жағы  да  жар-жар  айта  бастайды.  Со-
дан  қалыңдықты  бірден  өзіне  құрылған 
шымылдыққа енгізіп, бетін ашқанша бөгде 
адамдарға көрсетпейді.
ЕСКЕРТУ.  Жоғарыда  айтылған  –Халық 
педагогикасының 1-шінегізіндегі  Ата-ана 
мен  бала  арасындағы  сыйластық  мəсе-

32
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
лесінің– бірегей  сəті, осы семья  құру ға да-
йындық  кезеңі  болып  табылады.  Дəл  осы 
кезеңде,  кешегі  бодандық  қоғам  қалып тас-
тырған –тоғышарлық пси хо логия - əртүрлі 
құмарлықтармен  əуес тенетін  парасат-
сыз  ата-ана – ата  салтын  білмейтін, 
халықтық д і л іқалыптаспаған, ана тілін 
сыйламайтын жастар– деп жіктелінген ү 
ш т а ғ а н мəселе де өздерінің көріністерін 
береді.  Егеменді  еліміздің  ендігі  жерде, 
халық  педагогикасының  тағылымдарына 
сүйене  отырып  тəрбие  тəсілдерін  пəрменді 
жүр гізу  арқылы,  ел  болып  қолға  алатын 
мəселелері  де  осылар  екенін  ескерткіміз 
келеді.
Г) ШАШУ
Бұрын халқымыз үйлену тойына ешкім ді 
алаламай  ауыл-аймағын  түгелдей  шақыра-
тын болған. Əрине, ол кезде əр жерде отырған 
ауылдарда  сирек,  қазіргідей  адамдар  саны 
да көп болмаған ғой. Бірақ тойға келушілер 
жердің шалғайлылығына қарамай, жолдары-
нан  жығылмауға  тырысып  ш  а  ш  у  л  а  р  ы 
н мол етіп ала келетін. Тойды көбінесе жаз 
жайлауда табиғат аясында, өткізуге тырыса-
тын болған.
Ал  қазір  замана  талаптарына  сай,  той-
ларды күз мезгілінде – кең кафелер мен ас-
ханаларда немесе ауқатты адамдар ресторан 
залдарында да өткізеді. Той салтанатына жи-
налған жұрт, семья құрған екі жас келе жа-
тыр дегеннен-ақ, оларды қаумалай қоршап ш 
а ш у л а р ы н шашып қарсы алады. Шашу 
шашудың құрметі, ауылына сыйлы əжелердің 
үлесіне  тиеді.  Шашудың  құрамында  негі-
зінен қағазбен оралған кəмпиттердің түрле-
рі,  күміс  тиындар  да  салынады.  Қазақ  хал-
қы  өзінің  ақ  адал  көңіліндегі  ықыласы  мен 
үмітін,  жайылған  дастархан  үстіндегі  адал 
асының  киесіне  тапсырған.  Олар  - “астан 
үлкен құдірет жоқ” – деп түсінген. Сондық-
тан да, тұрмыстағы қуаныштарында ең жиі 
қолданатын салты – осыш а ш у болып та-
былады.  Шашу  шашылып  жатқан  сəттен 
бас тап-ақ,  жастар  жағы  жар-жар  айтуға 
кіріседі.
Д) ЖАР-ЖАР
Бұл ежелден келе жатқан өзіне тəн əуені 
бар өлең-жырды, жігіттер мен қыздар қосыла 
шырқап, сөз мəніне орай алма-кезек жауап-
таса айтады. Қашанда жар-жардың мағанасы 
–  мəнді,  мақамы - əуенді  болып  келеді. 
Жи налған  жұрттың  кəрі-жасына  бірдей 
ұнайтындығымен жəне айтуға жеңілдігімен 
де ерекшеленеді. Əр шумақтың аяғында ай-
тылатын  “жар-жар-ау”  дейтін  жарқын  сөз, 
үнемі  қайырма  ретінде  қайталанып  оты-
рады.  Бұл  жыр  халқымыздың  дəстүрі  бой-
ынша,  тек  үйлену  тойында  ғана  айтылады. 
Кез-келген өнер сайыстары тəрізді жар-жар 
да,  тыңдаушыларын  желпінте  екі  жасқа 
жақсылық тілеп, нұрлы ниеттерін білдіреді.
ЖІГІТ: Алып келген базардан,
Қара насыр, жар-жар-ау 
Қара мақпал сəукеле,
Шашың басар, жар-жар-ау 
Мұнда əкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау
Жақсы болса қайын атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау! 
ҚЫЗ: Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді көретін,
Айнам болсын, жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді,
Осы қазақ, жар-жар-ау.
Айналайын əкемдей,
Қайдан болсын, жар-жар-ау.
Міне,  ертеректе  айтылған  “жар-жардың” 
сөздері  осылай  болып  келеді.  Негізгі  нұсқа 
ретінде,  мұны - əдейі  беріп  отырмыз.  Əйт-
песе, əр кезеңде уақытына лайық жа зыл ған 
“жар-жардың” түрлері көп. Бұл нұсқалардың 
қай-қайсысын  болса  да  пайдалану  той 
жасаушының өз еркінде?! Əйтседе, суырып 
салма  түрін  дамыту  арқылы,  халқымыздың 
бірегей өнері а й т ы с т ы ң да қолданбалы 
түрлерін көбейтер еді.
Ж) БЕТ АШАР
Үйлену тойының аса бір ізгілікті сəті –
жаңа түскен келіннің бетін ашу болып табы-
лады. Қашанда беташарды аймағына белгілі, 

33
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шаршы  топтан  озып  бəйге  алып  жүрген, 
жезтаңдай əншілерге ұсынады. Бұл дəстүрлі 
жырдың шебер орындалуын мойнына алған 
азамат, тойдың ең бір жауапты сəтін барын-
ша қызықты етіп өткізуге тырысады.
Ол  жиналған  жұрттың  барынша  көңіл-
күйлерін  көтерумен  бірге,  екі  жастың  р 
у  х  а  н  и  жетілуіне  əсер  етумен  қоса,  тың-
даушыларының  жүрегіне  ізгіліктің  шапа-
ғатын  шашуға  тырысады.  Беташардың  та-
ғыда  бір  негізгі  міндеті  жаңа  түскен  келін-
ді,  қайын  жұртындағы  ең  жақын  туыстары 
мен  тумаларын  атап-атап  таныстырады.  Ол 
өзінің ізеті мен ықласын осы танысу үстінде 
көрсетіп,  нəзік  қимылмен  тағзым  етіп 
бүгіле  сəлем  беріп  тұрады.  Басқа  тұрмыс-
салт  өлеңдеріне  қарағанда,  б  е  т  а  ш  а  р 
жырла рының  мазмұны  мен  мəні  барынша 
инабаттылықты сақтай тұра, əдептен озбай-
тын əзіл-қалжыңға да бай келеді. Ебін тауып 
əр  рудың  өздеріне  лайық  жөн-жосығы  мен 
өзгелерден ерекшелеу мінез-құлықтарына да 
тоқталып  өтеді.  Міне,  жас  келін  беташарда 
айтылған адамдармен танысып қана қоймай, 
олардың  қадір-қасиеттерін  де  есіне  сақтап 
біліп  алуы  қажет.  Əсіресе,  келген  жерінің 
семьялық дəстүрлеріне, туысқандық қарым-
қатынастарына  ерекше  мəн  беріп,  алғашқы 
күннен-ақ  сол  ережелерді  бұзбауы  керек. 
Жəне осылардың барлығы да, б е т а ш а р 
д а өз сипатымен даралана айтылуға тиісті.
Беташардың  тағы  бір  ерекшелігі  сол. 
Оның  бүкіл  болмысы  мен  табиғаты – таза 
қазақ  халқының  ұлттық  сипатына  жата-
тындығын, ашып-жарып айтқанды жөн көр-
дік. Өйткені, өзгеде жоқ тек өзіне ғана тəн, 
кезінде  айтылған  ата  дəстүрге  тікелей  бай-
ланысты –т у ы с қ а н д ы қ жəне с е м ь 
я л ы қ дəстүрлерді, бұл жырды егжей-тег-
жей  даралап  та  саралап  та  ұзақ  жырлайды. 
Тіпті,  өзге  жұрттарды  айтпағанның  өзінде, 
қаны бірге туыстас Түркі халықтарында да: 
- өзбек –қырғыз –татар –башқұрт –түрікмен 
–түрік  –қарақалпақ  –сақа  –хақас  -қарайым-
қараша - құмықтарда да, т.б. көптеген елдер-
де де жаңа түскен келіннің бетін ашу салты 
қолданылмайды.
Екінші бір мəселе, өз жұртынан ұзатылып 
келген қалыңдық б е т і н неге жауып келеді? 
Себебі не, сенім-нанымы неде? Бұл дəстүрді 
д і н и салтқа да жатқыза алмаймыз. Өйткені, 
дін-исламды ұстап отырған елдерде де жоқ. 
Тек, беташардың алдында жəне соңында жа-
салынатын р ə с і м д е р д і ескерсек, оның 
т ө р к і н і сонау Т ə ң і р л і к сенімдермен 
сабақтасып  жатқанын  көреміз.  Сірə,  сол 
кездегі əфсаналармен тамырласып жатса ке-
рек. Мұнда, қыз бала өзі өскен ұядан – басқа 
жұртқа келуі өмірінің бір кезек д ə у р е ні 
өтіп,  енді - өз  басының  ғана  қамын  ойлай-
тын жан емес, бүкіл келген жерінің ы р ы с 
ы н  тасытар, жаңа отаудың бірін екі етердей 
парасатпен  шаңырағын  көтеру,  оның  келе-
шек ұрпағының а н а с ы болудың міндетін 
атқармақ. Оны ата-енесі мен туған-туыстары 
қолына  келіп  қонған  бақыт  құсындай  етіп, 
əлпештеп  ұстауға  қалың  топтың  алдында 
а  н  т  еткендей  күй  кешеді.  Міне  осындай, 
өрнегі  мен  тəлімі  бөлек  бұл  салтта – ата-
бабамыздың ұрпағына қалдырған ө н е г е с 
і ретінде қастерлеуіміз қажет. Беташарды да 
уақыт талабына орай жетілдіре беру шарт.
ҮЛГІСІ: 1.Келін-келін, келіп тұр!
Келіп, үйге еніп тұр!
Қайын жұрты – халқына 
Иіліп сəлем беріп тұр.
(келін тағзым етеді)
Үйдің іші толы адам,
Бəрінде келін көріп тұр.
Көргенімен, танымай,
Қайсысы алыс, кім жақын,
Сол жері көңілін бөліп тұр. 
Көрімдік берсе көп адам,
Талай мал əзір болып тұр.
Қайнаға, қайын, қарт ата,
Сараңына кез қылмай
Мырзасына жолықтыр, 
Не қылсаңда, өзің біл, 
Жат елден келіп жас келін,
Жаңа мейман болып тұр.
(баршаңызға бір сəлем)
2.Нар берсеңіз мая бер,
Үстіне кілем жая бер,
Одан артық айтуға

34
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Келе бермес ебіміз
Маяның дауысын естіп
Қаша көрме көбіңіз?!
Келін келді, көріңіз,
Көрімдігін беріңіз?!
Сиыр берсең, қызылдан,
Шұбалаң құйрық ұзыннан,
Алыстан келді демеңіз
Келіннің ақысын жемеңіз
Кем көрмеңіз келінді,
Өзіңнің туған қызыңнан,
Қайын атаға бір сəлем?!
Сендерге енді келейін,
Жапсардағы отырған.
Жастары үлкен аналар!
Ақылы артық даналар!
Сіздерге де қуаныш,
Бұрынғыдан қалған жол,
Келінді көрген адамнан,
Көрімдікке мал алар
Қайын енеге бір сəлем!
3. Бетіңді келін ашқаным,
Жаңа жұртқа қосқаным,
Жасы үлкенді сыйлап жүр,
Құрмет қыла жасқанып,
Балалық күнің өтті енді,
Аналық күнің жетті енді,
Өзіңнің үлкен адамның,
Жаңа дəурен есігі,
Алдыңнан қалқам ашылды.
Туыстарға бір сəлем!
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Күйеуіне шақ келін,
Қыз көңілден қайт, келін,
Ел-жұртыңа жақ, келін.
Жастар жаққа бір сəлем!
4. Өзің бір ақыл тап келін,
Ата-енеңді,
Кісі келсе үйіңе,
Қызмет қыл иіліп,
Бетіне тіке қарама
Үлкен кісі келгенде,
Қатарласып отырмай
Кейін отыр пана да
Көпшілікке бір сəлем!
Манадан бері а қ қ у д а й иіліп ізет етіп 
тұрған  келіндерінің  жүзін  көріп,  ду  қол 
шапа лақтап қуанған барша қауым, өздерінің 
ерекше  шаттық  сезімдерін  паш  етеді.  Осы 
сəтті пайдаланып қыз бен жігіттің аналары, 
олардың  алма-кезек  маңдайларынан  сүйіп 
аналық мейірімдерін төгеді. Екі жастың жа-
нашыр  жеңгелері  олардың  алдарына  қып-
қызыл  ш  о  қ  салған  ыдысты  əкеліп,  отқа 
май  құйдырып  от-анаға  мінəжат  еткізеді. 
Үлкендерден а қ б а т а сұрайды?! Міне осы-
дан кейін жиналған жұртты дастархан басы-
на  шақырады.  Ендігі  тойдың  жалғасын  ар-
найы тағайындалған А с а б а жалғастырады. 
Тойдың  сəнді  де  салтанатты  өтуіне  той 
иесімен бірге, ойын-сауықты басқарушылар 
да жауап береді.
З) БАТА
Қазақ  халқының  тұрмысында  өте  жиі 
қолданылатын д ə с т ү р - алақанын жайып  б 
а т а беріп, бет сипаудың орны бөлек. Əсіресе, 
алыс сапарға аттанып бара жатқанда немесе 
болашақ үшін жасалар келелі істі бастарда, 
ақ ниетпен арман жолына аттанарда туыста-
ры жиналып, а қ б а т а ж а с а у салты атадан 
қалған жол еді. Əр қазақтың есінде:“Ақылы 
асқан даналардың с ө з і н т ұ т, ақсақалды 
қарияның к е ң е с і н тыңда, сонда ғана Қ 
ы з ы р дарып басыңа бақ қонады”- дейтін 
насихат сөз əлі күнге дейін ұмытыла қойған 
жоқ.  Сол  сияқты,  ақ  бата  ұлын  үйлендіріп 
жаңа отау көтерген иə-ə, қызын тұрмысқа ат-
тандырар ата-аналарға да айтылады. Былай-
ша айтқанда, жаңа іс бастар үлкенге де кішіге 
де,  бата  беру  ағайынның  тілеулестігінің 
белгісі. Мəселен, жаңа түскен жас келінге:
Екі түрлі енші бар,
Біреуі соның – б а т а алған.
Қай жерде жаман болыпты?
Баталы келін –атанған?!– дей келіп;
Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа,
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қызыр келсін қасыңа.
- деп алғысқа толы батасын береді. Жалпы 

35
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
батаның қарама-қарсы мағынада айтылатын 
екі түрі бар. Біріншісі –оң бата, екіншісі – 
теріс бата –деп атаған. Өмір шіркін күнде 
той, күнде қуаныш емес екені де белгілі ғой. 
Сондықтан да, кез-келген адам - əлде батыр 
ма,  иə  бай  ма  дана  ма,  немесе  жас  па  кəрі 
ме, - бəрібір ешқайсысы да т е р і с б а т а ғ а 
жолыққылары  келмейді.  Адам  баласының 
өмірден күтер үміті қаншалықты көп болса, сол 
күткен істерінің оң болуын тілер ақ баталар да 
жиі жасалынып жатады. Бұл да халқымыздың 
дархан көңілдерін аңғартса керек.
Резюме
В статье рассматривается основы народной педагогики и психологии, семейное воспита-
ние в этнопедагогическом аспекте.
Summary
The article covers the basics of folk pedagogy and psychology, family education in 
etnopedagogicheskom aspect.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет