Бас редактор


ҰЛЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРА ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата01.01.2017
өлшемі5,11 Mb.
#946
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ҰЛЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРА ДӘСТҮРІ
Ахметова Г.О.
Қазақ орта мектеп-гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті
Резюме
В данной статье показано значение творчество поэта Абая Кунанбаева, образованного 
талантливого человека, гордости казахской литературы, основателя письменной казахской 
поэзии, приведены настоящие факты того, что Абай с детства рос слушая рассказы и 
сказки  бабушки  Зере  и  матери  Улжан.  В  статье  не  только  раскрывается  творчество, 
талантливая личность Абая, но и знакомит читателей с обычаем назиры, в ней говорится 
о том, что поэт Абай часто использовал в своей творчестве традицию Назиры. И внес 
этим бессмертный вклад в казахскую поэзию.
Summary
In the article the importance of oeuvre of a poet Abai Kunanbaev, an educated talented man, 
the proud of Kazakh literature, the founder of kazakh writing poetry, is shown, there are facts 
that Abai from childhood grew up listening to the stories and tales of his grandmother Zere and 
mother Ulzhan. Also the article does not reveal the oeuvre and talented individuality of Abai, but 
introduces with the custom nazira, and it says that the poet Abai often used in his art tradition 
Nazira. And this has made immortal contributions to the Kazakh poetry.
Шығыс  мәдениетінің  алтын  дәуірінде 
шыққан  өшпес  жұлдыздары:  Әбілхасым 
Фердауси,  Низами  Ганжеви,  Хона  Хав-
из,Омар  Хайями,  Абдурахман  Джами, 
Әлішер  Науаилер  өз  заманының  рухани 
басалқасы,  батагөйі,  ақындықтың  қайнар 
бұлағы  болды.  Шығыс  әдебиетіне  еліктеп 
бір кезде батыс классиктері де талай – талай 
одалар, эпиграммалар, шығармалар жазған. 
Ертеде  дүние  жүзіне  тараған  Низами  мен 

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Науаидың  бес  дастанын  «Хамсесін»  яғни: 
«Ләйлі-Мәжнүн»,  «Хасров  пен  Шірін», 
«Фархад  –  Шырын»,  «Ескендір-  намә», 
«Сыр лы қазынасын»; Абдрахман Джамидің 
«Ескендір  –намәсі»,  «Жүсіп-  Зылихасы», 
«Ләйлі- Мәжнүні», «Алтын тасбығын», «Же-
ті тақтың», Фердаусидің «Шах-нәмәсін», ар-
аб тың  «Мың  бір  түнін»  білмейтін  қазірде 
Азия мен Европада халық жоқ деуге болады.
Бір  ғана  «Ләйлі-Мәжнүн»  адам  сүйіс-
пеншілігінің  ұлы  дастаны,ұлы  романтика-
сы.  Дүние  жүзінің  әдебиет  қазынасы  бол-
ған  Шекспирдің  «Ромео-Джулеттасынан» 
«Ләйлі-Мәжнүн»  кем  бе,  дәлірек  айтсақ, 
Ромео-Джулеттаның  алдында  тұрған  түпсіз 
махаббаттың  хикаясы  туралы  тамаша  дас-
тан осы ғана. Арабтың Арон Рашид халифа 
заманында,  Индияның  ұлы  могалдары, 
Персияның  сасанидтер  мен  сельджуктар 
тұсында  музыка,  архитектура,  философия 
дамуы өз заманының шыңына жетті, соны-
мен  бірге  үш  континенттің  түйісі  болған 
Орта теңіз арқылы бүкіл Европаның руха ни 
дамуына  да  күншығыс  әсер  етті.  Немістің 
ұлы  идеолист-философы  Гегель:«Ғылым 
мен  білім,  әсіресе  философия,  арабтардан 
батысқа  ауысты,  германдықтардың  ара-
сында  поэтикалық  жалын  мен  бостандық 
фантазиясын  тұтатқан  Күншығыс  болды». 
Гетенің  өзі:«Шығыстың  жеті  ақыны  бар, 
солардың  ең  нашары  менен  артық»  деп 
жазады.  Бұл  құтты  мүбәрәк,  ақ  ниеттілік 
болса,  онда  шындықтың  да  сарыны  жоқ 
еместігін  кепіл.  Көне  өмірдің  көгіндегі  сол 
үркердей  жеті  жұлдыздың  ішінде  өздерінің 
данышпандығымен Европа мен Азияға көп 
тараған Фердауси мен Хожа Хафиз, ең соңғы 
зор  тұлғасы  Әдурахман  Жами  еді.Әсіресе 
Хафиз бен Жами терең сырлы, нәзік жанның 
аққан  бұлағындай  лирик  ақыны  бұлардың 
ғазельдері  әлі  күнге  дейін  күншығыс  әде-
биетінің  алтын  бесігі.  Бұлбұлша  сайраған 
Хафизге ұлы Гете «Өлшеусіз» деген өлеңін 
арнап  жазды,  онда  ол  Хафизге  мынандай 
баға берген:
Ақындықтың сен кілті тұлғаң асқан,
Тулаған толқындардай жырын шашқан.
Әзірмін жарысуға толқыныңмен,
Шөлдеген, аңызаған көңілім менің,
Жүрегім құшақ жайып қойнын ашқан, – 
деп келеді де:
Жан берші жалындатып поэзияңа,
Қанша ескірсең боларсың сонша жаңа!
Міне,  ұлы  «Фаустың»  авторы  Гетенің 
аузынан шыққан тамаша өлеңі осындай.
Осыларды зерттеген, оқыған Абай да:
Физули, Шамси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фердауси,
Хожа Хафиз- hаммаси,
Мәдәт бер я шағири Фарияд!-
деп сыйынады. «Өлеңіме медет бер, ұлы 
ақындар!» Бұл жас ақынның тұңғыш тырнақ 
алдысы,  поэзияның  есігін  енді  ғана  ашып, 
ақындық табалдырығынан алғаш аттауы.
Шынында  оқиға  осылай  еді.  Абай  ең 
алғаш  Семейде  мұсылман  медресесінде 
оқыды,  онда  шығыс  кітабы,  шығыс  оқуы, 
шығыс әдебиетінен басқа дүниені көрген де 
жоқ  еді,  алғаш  өмір  шымылдығын  ашқан-
да  оған  көрінген  күншығыс  әдебиетінің 
үлгісі  болды,  ә  дегенде  аршылмаған  жас 
ақындықтың  қуаты  бұған  да  пір  тұтып, 
сыйынғаны  шығыс  классиктері  болды.  Бұл 
өлеңді Абай 14 жасында жазған.
Сол  медреседегі  жылдарында  ол  шы-
ғыс  классиктеріне  бой  ұрып,  солардың 
үлгісімен ғазелдері түрінде «Әліфби»,«Иузі 
рәушән»  деген  екі  өлең  жазады.    Бұл 
өлеңдерге  фарсының  ғаруз  өлшемін  қол-
данған.  Сонымен  бірге  өлеңнің  өлшемі 
де,  тілі  де,  ұйқасым-ырғағы  да  шығыстың 
шағатай  үлгісімен,  шағатай  мәдениетінің 
ақындарына ұқсас жазылды. Осыған айқын 
дәлел «Әліфби» өлеңі, Абай;
А.Әліф дек ай йүзіңе ғибрат еттім,
Б.Би, бәлан дәртіңа нисбат еттім,
Т.Ти, тілімнән шығарып түрлі әбият,
С.Си, сәнай мәдхіңа хұрмәт еттім 
Ж. Жем, жамалың қандай ақ рузи маған
Х.Хи, халайық таппадым жәнім сәнан, -деп 
араб әліппесіндегі 29 әріптің әрқайысының 
аты мен  бастап  лирикалы  ғазел  жазады  да 
сөзін:
Я,-ярым қалай болар жауап сөзің,
Мәт қасың тәштит-кірпік, сәкін көзің.

101
ҰЛТТЫҚ  ТАҒЫЛЫМ
Бұның  бәрі  ақындықтан  туған  жеміс.
Күншығыс  әдебиеті  Абайға  үлгі  емес,  тек 
азық қана.
Шығыс  поэзиясында  барша  оқырман 
қауымға  бұрыннан  мәлім  болған  бел гілі 
бір  сюжетті  бірнеше  ақын  өзара  жары-
сып,шеберлік  сынасып  жырлай  беретін 
болған.Осылайша  аға  буын  жырлап  кеткен 
тақырыпты  кейінгі  толқын  інілері  қайта 
жырлап,көркем  әдебиетке  тың  туындылар 
әк е летін  дәстүр  бар  еді.Шығыс  поэзиясын-
да осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлі-
гін  танытатындай  туындылар  жазу  ар қы-
лы  «жауап»  («жауап»-арабша  «нәзира»,ал 
парсы  тілінде  «татаббу»  деп  аталады)  бер-
іп  отырған.Шығыстың  ұлы  шайырлары 
мұндай  туындыларды  ешқашан  да  аударма 
деп  те,еліктеу  деп  те  таныған  емес.Шығыс 
классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрін 
қазақ  әдебиетіне  қатысты  түрде  зерттеу 
туралы кезінде М.Әуезов құнды ұсыныстар 
жасаған  болатын:  «Көпке  мәлім  болған 
тарихи  шындықтар  бойынша  Шығыста 
бір  классик  жырлаған  тақырыпты  келесі 
буында,  та ғы  бір  Шығыс  ақыны  қайталап, 
әңгі ме  ететін  тың  дастандар  шығаратын 
дәстүр бар еді.
...Олар  біреуінің  тақырыбын  біреуі 
алуды  заңды  жол  еткен.  Тек  алдыңғының 
өлеңін  алмай  және  көбінше  алдыңғы 
айтқан  оқиғаларды  негізінде  пайдаланса 
да,көп  жерде  өз  еркімен  өзгертіп,тыңнан 
жырлап  шығаратыны  болады.  Бұлайша 
бір  тақырыптың  әр  ақында  қайталануы 
еш  уақытта  аударма  деп  танылуы  керек 
емес.  Ол  өзінше  бір  қайта  жырлау,тыңнан 
толғау  немесе  ақындық  шабыт-шалым 
сынасып,жырмен жарысу есепті бір салт еді.
Шығыс поэзиясы бұл салтты заңды деп біл-
іп,  осы  дәстүрге  «нәзира»,  «нәзирагөйлік» 
деп атау да берген» [1, 150].
Назира  ұғымына  берілетін  түсінікте-
ме  көптеген  әдеби  анықтамалықтарда: 
Назира-еліктеу  емес,  атақты  шығарманың 
фабуласын,  образдарын  сақтай  отырып, 
өзіндік  өзгерістерін  енгізе  алатын  қайта 
өзгертудің  канондық  формасы  болып 
табылады. Назира – Шығыс поэзиясындағы 
ауысып  отыратын  әдеби  форма  –  деп 
сипатталады.  Назира  тәсілін  қолданатын 
ақын  өзге  атақты  ақыннан  белгілі  сюжет 
және  адам  образдарын  алып,  өзіне  қажетті 
бағытта жырлайды [2,102].
Бұл  орайда  ғалым  Б.Кәрібозұлының 
«Шы  ғыс  әдебиетінің  дәстүрінде  дүниеге 
келгенімен, мазмұндық, тақырыптық, пішін-
дік сипаттары жағынан төлтума туынды,қа-
зақ  әдебиетінің  шығармаларына  айнала  от-
ырып,туған  әдебиетіміздің  дамуына  үлкен 
үлес болып қосылады. ...Біздіңше,орыс,батыс 
әдебиеттерінің  қазақ  әдебиеті  мен  өнеріне 
шығармашылық  әсер-ықпалын  әңгімелеу-
мен  бірге,  Шығыс  халықтары  әдебиеті  мен 
өнерінің, әсіресе, оның классикалық әдебие-
ті мен өнеріне игілікті әсер-ықпалдарын да 
зерттеу-зерделеуді  жүйелі  түрде  жүргізіп 
отырудың мезгілі жетті» [3, 31] деген пікірін 
атап айтқымыз келеді.
Шығыста  бір  классик  жырлаған  та-
қырыпты  келесі  буында,  тағы  бір  шы-
ғыс  ақыны  қайталап  әңгіме  ететін  тың 
дастандар шығаратын дәстүр бойынша Жү-
сіп  –Зылиха  тақырыбын,  Ләйлі-Мәжнүн, 
Фархад-  Шырын,  Жеті  шұғыла  және  Ес-
кендір  турасын  немесе  «құстар»  тілі 
деген  сияқты  тақырыптарды  бірінен  соң 
бірі  қайталап  жазған  ірі  классиктер  бар. 
Олар  біреуінің  тақырыбын  біреуі  алуды 
заңды  жол  еткен.  Тек  алдыңғының  өлеңін 
алмай  және  көбінше  алдыңғы  айтқан 
оқиғалардың  негізінде  пайдаланса  да  көп 
жерін  өз  еркімен  өзгертіп  отырып,  тыңнан 
жырлап  шығаратыны  болды.  Бұлайша  бір 
тақырыптың  әр  ақында  қайталануы  еш 
уақытта  аударма  деп  танылу  керек  емес. 
Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау 
немесе  ақындық  шабыт-  шалым  сынасып, 
жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс 
поэзиясы  бұл салтты заңды деп біліп, осы 
дәстүрге «Назира», «Назирагөйлік» деп атау 
да  берген.  Назира  жолымен  алдыңғы  ақ-
ынның  поэмасы  бойынша,  қайтадан  жаңа 
поэма жазатын бұрынғы ақындар да кейінгі 
заманның  көзқарасын,  творчестволық  жаңа 

102
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
поэзиясын  танытады.  Мысалы;  Низамидің 
«Хамсасында»  жырланған  «Ләйлі-  Мәж-
нүн»;  «Хосрау-  Ширинді»  өзбектің  ұлы 
клас сигі Науаи қолға алып жырлағанда, көп 
тың жаңалықтар қосқан. Науаи өз дәуірінің 
ойшылы,  өкілі  болып  отыр,  Ләйлі  мен 
Мәжнүннің  махаббатына  да  тыңнан  шын-
дық сипаттар берді. Ал «Фархад- Шырында» 
Низамидағы  емес,  Хосрау  патшаны  үлкен 
сыншыл  оймен  әшкерелеп,  зұлымдық  си-
патта суреттейді. 
Нәзира дәстүрін кезінде ұлы Абайдың өзі 
де  терең  меңгеріп,  шығармалар  жазғанын 
әдебиет тарихынан жақсы білеміз. Сондай-
ақ  Абайдың  кезінде  «Ескендір»,  «Масғұт», 
«Әзім» 
поэмаларын 
жазғаны 
және 
А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений 
Онегин»  романынан  жеке-жеке  жеті  үзінді 
алып,нәзира дәстүрімен орыс қызы Татьяна 
туралы  ғажайып  махаббат  дастанын 
жазғаны  белгілі.  Абайдың  сол  туындысын 
кейбір  зерттеушілер  аударма  деп  қарайды.
Сол  себепті  ондай  «сыншылдар»  Абайды 
«аудару  барысында  еркін  кеткен,тіпті  өз 
жанынан көп қосып жіберген» деп сынайды 
[4, 157].
Елдің  көбірек  назарын  аударатын  Абай-
дың  «Ескендір»,  «Масғұт»,  «Әзім»  ат-
ты  үш  поэмасының    тақырыптары  шығыс 
тұрмысынан,  шығыс  әдебиетінен.  Абайдың 
бұл  поэмаларды  қай  кезінде  жазғаны 
мәлім  емес,  жылы  көрсетілмеген,  біздің 
ойлауымызша  егде  тартқан  кезі  емес,  жас 
кезінде жазған сияқты. 
Жоғарыдағы  үш  поэманың  сюжеті, 
тақырыбы  шығыс  классиктеріне  ұқ са ғаны-
мен де, мұнда шағатай тілі, ұйқасы, ыр ғағы 
мүлде жоқ, өз тілімен, қазақ үлгісімен жаз-
ылған.  Идея,  мазмұнына  келсек,  ол  шығыс 
классиктерінен мүлде басқаша, ол заман ның 
дәстүрінен  көзі  өз  заманының  қалыбына, 
мүддесіне  сай  жазылғаны  байқалады.  Мы-
сал үшін «Ескендір» поэмасын алайық. Мұ-
ны  алғаш  жазған  ұлы  Низами  ХІІ  ғасырда 
өмір сүрді. Поэманың бас геройы  Ескен дір, 
тақта  отырған  философ,  ғалым,  данышпан, 
мейірімді адам болып суреттеледі [3,538]. 
Шығыста  Ескендір,  орыс  пен  европа 
елдерінің  атауынша  Александр  бар  дү-
ние  жүзі  халықтарының  аңыздарында, 
ертегі,  дастандарында  ерекше  орын  алған 
адам.  Шығыс  елдерінде,  әуелі  Иранның 
аристократиялық  аңыздарында  Ескендір 
образы  көп  әңгімеленген.  Сол  замандардан 
бері  қарай  Византия  (Рум)  аңыздарында  да 
оның жәйі көп айтылады. Атақты Фирдауси 
өзінің «Шахнамасында» Ескендірдің туысын 
жоғарыда аталған Иран аристократтары ның 
лақабы бойынша баян етеді. 
Оны  Филикулустың  баласы  емес, 
Иран ның  шахы  Дараптың  (Дари  үшінші 
Казоманның) баласы дейді. Ол біздің эрадан, 
бұрын  110-335  жылдар  арасында  Иранда 
шахтық  құрған.  Өзі  Ахеменидтер  әулетінің 
ең соңғы әкімі болады. Рум әңгімесі де Ес-
кендірдің туысын тарихтан өзгертіп, аңыз ды 
әңгімеше баяндайды. 
Шығыс  ақындарынан  азербайжанның 
атақ ты  классигі  Низами  ғана  өзінің 
«Ескендірнамасында»  жаңағы  бұған  дей-
ін  кеткен  екі  тарау  аңыздарды  теріске 
шығарады. Ол оның тарихтық шындық бой-
ынша  Филикустың  (Филиптің)  өз  баласы 
етіп  жырлайды.  Ескендірді,  соңғы  тапқан 
деректерімізге  қарағанда,  Абай  Ескендір 
жай ындағы  аңызды  түгелімен  сол  Низами-
дің «Ескендірнамасынан» алған.
Азербайжан ұлы классигінің ең зор поэма-
сы – «Ескендірнама», сансыз көп оқиғалар-
дан, көп тарау, бөлімдерден құрылған аса бай 
мазмұнды  дастан.  Ескендірдің  жоғарыда-
ғы Даримен соғысқаны,  онан соң азербай-
жан  патша  әйелі  Нушабемен  кездескені, 
Ескендір  мен  Хакан  әңгімесі,  қытай,  торан 
өлкелерінде жүрген сапарлары және терістік 
өлкедегі  бір  ғажайы  бақыт,  молшылық, 
әділет орнатқан елдікке ұшырасуы- бәрі де 
Низамиде мол баян етіледі. Кейін Ескендір 
терістік сапарына барып, Яжуждерге қарсы 
қорған соғады. Осы  алуандас толып жатқан 
шытырман  оқиғалы,  күрделі  сюжеттер 
тарайды.  «Ескендірнаманың»  тағы  бірнеше 
тараулары  сол  Ескендірдің  түн  тарапына 
шеккен  сапарына  арналады.  Ол  сапарға 

103
ҰЛТТЫҚ  ТАҒЫЛЫМ
Ескендір Әбулхаят суын (мәңгі тірлік беретін 
суды) іздеп барады. 
Түн  дүниесінде,  ұзақ    қараңғылық  са-
парында сан қиыншылықтар ортасында қа-
лың  қолмен  жүрген  Ескендірді  бастаушы 
Хы зыр болады. Бұлар іздеген Әбулхаят суын 
Хызыр жалғыз тауып, өзі ішіп,  жуынып ала-
ды.  Астындағы  ақ  боз  атын  да  әрі  суарып, 
әрі  суға  шомылдырады.  Бірақ  ғажайып 
су  енді  Ескендірге  білдірмек  болғанында 
ғайып болып жоғалып кетеді. Сөйтіп бар мұ-
сылман  аңыздарындағы  мәңгі  тірлік  алған 
Хызырдың  жәйін  Низами  өз  поэмасында 
осылайша  әңгімелеп  дәлелдейді.  Сол  түн 
тар апта жүргенде, кезу үстіндегі Ескендірге 
сыры, жәйі мәлімсіз бір жас кездеседі. Ол жас  
періште деп айтылады. Сол жан Ескендірге 
өзгеше сыры бар кішкентай тас береді. Кейін 
ойлансаң,  осы  тастан  көп  сыр  көресің,  ой 
табасың, – дейді. Түн тарапынан Ескендірдің 
барлық  серіктері  неше  алуан  қымбат,  асыл 
тастар  алып  қайтады.  Ескендірдің  алғаны 
– жаңағы титтей тас. Кейін Ескендір өзінің 
ойшылдарымен  бірге  отырып,  сол  тасты 
сарапқа  салады.  Тас  таразыға  түскенде, 
барлық өзге асылдың барлығын баса береді. 
Оның салмағына қарсы қандай қазына үйсе 
де  барабар  келмейді.  Осы  күйге  қайран 
болған  Ескендірдің  қасына  Хызыр  келіп 
бір  уыс  топырақты  кішкене  тастың  үстіне 
тастай бергенде,  тас жағы жеңілдеп, аспанға 
көтерілді. Сонда Ескендір өзгеден бұрын өзі 
ойшылдық  танытып,  топырақтан    біткен- 
топырақтан  ғана  тойым  табады,  деп,  терең 
байлау жасайды.
«Ескендір»  поэмасында  Абай  пай-
даланып  отырған  сюжет  Низами  жазған 
«Ескендірнаманың» дәл осы тұсынан алын-
ған.  Бірақ,  Абай  поэмасын  білетіндерге 
мәлім,  жаңағы  әңгіменің  желісін  Абай 
өзінше өзгертіп, өсіріп алған.
Абай,  Шығыс  әдебиетіндегі  ұлы  клас-
сиктер  мол  баяндаған  күйге  түгел  тоқтап, 
бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп 
жағынан  өмір  шындығына  жақындатып, 
реалистік  стильге  бұрады.  Ең  алдымен 
аңызды  Европа  тарихы  мен  мәдениетінен  
өзі білген Александр Македонский жайына 
қарай бейімдейді. Ескендірдің әкесі Абайда 
Филипп болып аталады. Тарихтағыдай оның 
астанасы  Македония  шәхәрі  болады.  Және 
де  тарихтың    деректері  бойынша  ертегілік 
Хызырдың  орнына  Ескендірдің  тәрбиешісі 
болған  философ  Аристотель  кіреді.  Сөйтіп 
адамдар  мен  олар  арасындағы  мінез  – 
қатынастарға Абай тарихи шындықты негізгі 
арқау  етеді.  Аңыздан  бұрын  тек  кішкентай 
тас(Абайда  кішкене  көз  сүйегі)  және  оның 
өзгеше сыры ғана сақталады.
Низами  Ескендірді  мінсіз  үлгі  етіп 
көрсеткен.  Ол  әділетті,  ойшыл  асыл 
жан.  Оны  дүниежүзінің  бар  білгіш, 
ойшылдарының 
ортасында 
көрсетеді. 
Барлық  шығыс  поэзиясында  Ескендірдің 
сипаты  осы  алуандас  зорайып,  қастерлеп 
алынған  болатын.  Ал  Абай  поэмасына 
келсек, мүлде олай емес. Жасы әрең жиырма 
бірге  келген,  атырыптағы  көрші  елдердің 
бәрін бағындырмақ боп оңды-солды қастан 
көз  тастап  тұрған  жаhәнгер,  қан  төккіш 
патша  көрінеді.  Қанша  алса  да  тоймайтын, 
қанағатсыз хан бейнесі бері леді.Сол тыйым-
сыз,тойымсыз  әміршінің  өз  өмірінде  жал-
ғыз  рет  тылсым  қуаты  бар,жасырын  сыры 
бар  және  жол  бермес  тас  қақпаға  кездесуі 
Абайша үлкен мол мағынамен келтіріледі.
Ескендір  Абай  поэмасында  дәріп тел мей, 
сыналады. Оған ақылшы болған Аристотель 
өзінің  әмірші  патшасынан  сонағұрлым 
биікте, анық қасиет иесі болып суреттеледі 
[6,229].
«Масғұт»  поэмасының  ішіндегі  кейбір 
белгілерге  қарағанда,  бұның  оқиға сы, 
тақырыбы  шығыс  халықтарының  аңызы-
нан  алынғаны  байқалады.  Басты  кейіпкер-
Масғұт.Оның тіршілік еткен шәhәрі-Бағдат.
Заманы-hарон-Рашид  халифтың  тұсы.Кейін 
Масғұтқа  кездесетін  қария  мұсылмандар-
дың дін аңыздарында жүретін Қызыр, қазақ-
ша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыз-
дар бойынша өлмейтін,мәңгі жасайтын жал-
ғыз  жан.Әр  заманда  әр  ортаның  адамына 
оқта-текте  бақ-дәулет  әкелетін,ырыс  үлес-
тіруші  болады.  Міне,  сөйтіп,  осы  аталған 

104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
белгі,деректердің  бәріне  қарап,біз  Абай 
поэмасының  негізі  шығыс  аңызынан 
алынған дейміз.
Жалғыз-ақ  Абай  аңызды  өзінің  ад-
амгершілік  үгітіне  мысал  етіп,  өзіндік 
ойларын  тарату  жөнінде  үлкен  кәдеге 
жаратады. 
Поэмада 
Абай 
арабтың 
тарихын,тірлік  шындығын  көрсетпек  емес, 
Қыдырдың  қыдырлығын  да  баяндамақ 
емес.  Олардың  барлығы  да  поэманың  идея 
жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосым-
ша хал мен жайлар. Анығында олар шартты 
түрде алынған аңызды жалпы шартты орта 
деуге болады.
Абай  геройының  бір  ерекшелігі-ол 
өзгеше  көрнекті  күшті  ортадан  шыққан 
адам  емес.  Орташа  көптің  бірі.  Әдейі  дәу-
лет,  өмір,құдірет,  ақыл-өнермен  асырып 
шығарған  адам  емес.  Халық  ішіндегі, 
қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғұтқа 
осындай  сипат,  қасиеттер  беру  арқылы, 
Абай  оны  өзінің  жоғарыдағы  атап  берген 
Бағдатынан,  hарон-Рашидінен,  Қызырынан 
да  аулақтап  бөліп  шығарады.  Өзі  үгіттеп 
жүрген  жақсы  жастардың  өз  заманындағы 
мінез-құлқына,  арманды  адамгершілігіне 
Масғұтты  үлгі  етеді.  Оның  белгісін  және 
шартты  түрдегі  аңыздық  бояуды  алып 
тастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр 
шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу 
десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен 
сырын,  қасиетін  ашуға  арналған  оңай 
ғана  бір  сылтау  десек,  соның  ар  жағында 
көрінетін  Масғұт  қандай  боп  танылады. 
Ол  ақылдылықтан  қашады.  Соның  екеуін 
де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. 
Сол Масғұттың ақылдан қашуы Абайдың өз 
басындағы,  өз  ортасындағы  күйге  аса  жақ-
ын  келеді.  Ол  көп  айтатын  шерлі  уайымы 
бойынша,  көп  наданның  арасындағы  бір 
жалғыздың  халін  қандай  трагедиялық,  ау-
ыртпалық хал деп отыр. Масғұтқа Абай сол 
өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. 
Байлық  турасында  сөйлегенде  де,  Масғұт 
Абай  заманындағы  бай  менен  сол  байлық 
аздырып жүрген байдың өзін де және оның 
қоршау-қошаметтерін  де  сынайды.  Кейін 
Масғұт  қызыл  жемісті  алғанда,жеңсікшіл, 
нәпсіқұмар  көп  жастың  жолынан  жырақ 
шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың 
қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын 
ерекше қадір тұтады. Адам баласына дос бо-
ламын деген үлкен адамгершілік талапты өз 
өмірінің  мақсаты  етіп  қояды.  Ер  жынысы 
мен  әйел  жынысы  адамдық  алдында  терең 
дәрежеде  бағаланады.  Масғұт  аузымен  Аб-
ай  өз  заманындағы,өз  ортасына  қанықты 
болған жайларды айтады. Шығыстан келген 
аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе 
притча ақынның өз ойын баяндауда керекке 
жаратылған  шығармашылық  материал  бо-
лып  отыр.  Ол  оқиғаларды,  адамдарды  бар-
лық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің 
дағдылы  идеясына  қарай  пайдаланады. 
«Әзім әңгімесі» – Абайдың аяқталмай қалған 
дастаны. Бұл поэманың тақырыбы «Мың бір 
түн»  ертегісінен  алынған.  Қазақ  ортасында 
ауызша  көп  айтылып  жүретін  «Мың  бір 
түннің»  бір  тарауы  «Әлидің  Әзімі»  деген 
ұзақ ертегі болатын.Сол ертегінің ішінен жас 
бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі 
басынан  кешетін  бейнет-соры,  кейін  барып 
өзінің  туралығы,  жазықсыздығы  арқылы 
арманына  жететін  оқиғалары  Абайдың 
поэмасына  желі,арқау  болған  тәрізді.  Бұл 
поэманың ішінде Абайды қызықтырған тағы 
бір адам аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі 
өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар. 
Ос ындай әрекет соңына түскен адамның жайы 
шығыста,  ертегі  ғана  емес,  химия  ғылымы 
деп аталып жүретін алхимия жайынан туған 
неше алуан жасырын сырлы әңгімелер бар-
ды.  Ондай  әңгіме-нанымдар  шығыста  ғана 
көп жайылған емес. «Философский камень» 
дейтұғын қара тас пен қара металдыалтынға 
айналдыратын ғажайып сырлы бөлекше бір 
затты іздену орта ғасырлық Европада талай 
фантастикалық  әңгіме,аңыздар  тудырған. 
«Мың бір түннің», «Әзім әңгімесі» сол жаңағы 
жайдың шығыста да өзгеше орын алатынын 
аңғартады.  Бірақ  халықтың  сыншыл  ойы 
кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін 
неше  алуан  арамшылық,  аярлықтарды 
танытады.  Көпті  алдап  жем  ететіндерді 

105
ҰЛТТЫҚ  ТАҒЫЛЫМ
Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет