«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет41/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнстика, өндірістік және емдік гимнастика.Оқушылардың дене тәрбиесінде негізгі гимнастика үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары (әр түрлі бұлшық е топтары мен буындар қимылы), музыка арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылды билеу формалары,қимылдың тұтас табиғи формалары (жүру, жүгіру, қарғу, өрмелеу т.б). Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылады.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін - өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.


  1. Дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларының картотекасын жасау

Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз – қозғалыс жеке дене мүшелеріне және жаттығуды орындауда жылдамдығы жоғары және орташа амплитудалық, бұлшық еттердің бағыты. Жаттығу құралдармен және құралдарсыз орындалатын арнайы жаттығулар (гантельмен, нығыздалған доппен, гирмен, гимнастикалық таяқшамен, әртүрлі гимнастикалық құрал -жабдықтармен) орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты – жаттығуларды сәл де болса қиындату, жаттығуларды үйрену, меңгеруге дайындау. Барлық гимнастикалық сабақтарда жалпы дене жаттығулары қозғалыс сапасын дамытуға арналады. Тыныс алуға, жүйкесін қалыптастыруға, еңбек қабілетін дамытуға, салауатты өмір сүру салтына баулып, денса улығын нығайтуға пайдасы көп.
Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама:
1. Жалпы дене жаттығуына жай қарамай, айналысуына жай жаттығуларды үйрету, шамасы келгенше күрделі жаттығуларды бірнеше рет қайталау.
2. Арнайы дене мүсіндеріне және арнайы бұлшық ет топтарына жалпы дене жаттығуларының беретін әсері.
3. Жалпы дене жаттығуын қолдануда өзінің дене жүктемесін байқау.
Жүктеменің бағыттары аз-көп болуы жаттығудың өтілуіне байланысты.
Жалпы дамыту жаттығулары жасағанда, демалу жаттығуын көбірек пайдаланса, адамға түсетін жүктеме аз болады. Ал демалу жаттығуын аз қолданған жағдайда адамға түсетін жүктеме көбірек болады, шаршайды. Егер жаттығуды ойын ретінде қызықтырып өткенде, еңбек және қоғам жұмысына деген қызығушылығы арта түсіп, шаршау азаяды.
Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы – адамның жан-жақты дамуына жаттығуды топ-топқа бөліп, қоғамның дене тұлғасына әсері бойынша жасайды:
1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
2. Иық және қол бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
3. Кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
4. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
5. Тұлғаның барлық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет