Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

«Жас  қартаймақ,  жоқ  тумақ,туған  өлмек».  Бұл  –  ауыз 
әдебиетінде  де,  өзге  ақындарда  да  онша  көп  көрінбейтін 
қызметі, Абайдың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі.
3. Барыс септігінде келіп, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін 
супиндік мәнді тұлға ретінде. Мұндайда ол қызметі жағынан 
үндіеуропа тілдеріндегі infinitive категориясына жақындайды. 
-мақ жұрнақты тұлға бұл қызметте қазақтың халықтық тілінде 
ең жиі қолданылған.
4.  Шақтық,  жақтың  мәнге  ие  болып,  қазіргідей,  мақсатты 
келер шақ формасы ретінде. Бұлда халық тіліне тән қызметі.
-мақ  жұрнақты  тұлғаның  жиі  қолданылғандығынан  басқа 
оның Абай тіліндегі екі-үш ерекшелігін көрсетуге тура келеді. 
Біреуі – Абайда бұл тұлғаның есім ретінде жиі қолданылып, 

255
септік,  тәуелдік,  кейде  көптік  жалғауларын  қабылдап  келуі. 
Екіншісі  –  -лық  жұрнағымен  жасалатын  туынды  сөздерге 
негіз болуы: «Біреуі – білсем екен демектік» (II, 164); «Үшінші 
–  әрбір  нәрсеге  қызықпақтық»  (II,  172).  Бұл  құбылысты  да 
кейбір  зерттеушілер  шағатаизмдер  деп  табады.  Шынында, 
-мақ  жұрнақты  туынды  түбірден  -лық  арқылы  екінші  түбір 
жасау  тәсілі  жалпыхалықтық  сөйлеу  тілінде  өнімді  емес, 
бірақ  оған  қарап  Абайдағы  немесе  өткен  ғасырдағы  қазақша 
өзге  жазу  нүсқаларындағы  (мысалы,  бұл  тәсілді,  «Дала  уа-
лаяты»  едәуір  актив  пайдаланған)  -мақ+тық  жұрнақты  ту-
ынды сөздерді біз кітаби тіл элементіне тағы жатқызбаймыз.  
Өйткені  Абайда  -лық  жұрнағы  жалғыз  -мақ  жұрнағымен 
емес,  өзге  де  жұрнақтармен  қабаттасып,  жаңа  сөз  жасау 
қабілетіне  ие  -лық  жұрнағының  активтене  түсуі,  біздіңше, 
жалғыз Абай емес, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың 
жаңа  қалыптаса  бастаған  жазба  проза  тіліне,  оның  ішінде 
публицистикалық стиліне тән деп табамыз.
Үшінші  –  -мақ  жұрнақты  сөздердің  Абайдың  прозалық 
шығармаларының  тілінде  көзге  түсуі.  Шынында  да  саны 
және жиілігі жағынан -мақ жұрнақты тұлғалар Абай шығар- 
маларының ішінде «Қара сөздерінде» басымдау. Әсіресе бұл 
тұлғаның  керек,  тиіс  сөздерімен  тіркесі,  -лық  жұрнағымен 
келген түрі көбінесе проза текстерінде кездеседі. Бұл – қазақ 
әдеби  тіл  дүниесіне  жаңа  келген  проза  стиліне,  оның  ішінде 
қоғамдық-публицистикалық  және  ғылыми  стильдеріне  қажет 
кейбір грамматикалық категорияларды беру немесе кейбір жаңа 
лексикалық ұғымдарды білдіру процесіндегі ізденістердің бір 
көрінісі. Бірақ бұған қарап, -мақ аффиксті тұлға Абайдың тек 
прозалық шығармаларының грамматикалық ерекшелігі деген 
тұжырым  айтуға  мүлде  болмайды.  Бұл  тұлға  Абайдың  бүкіл 
творчествосының тіліне тән.
-мақ  аффиксті  тұлғаның  Абай  тілінде  көзге  түсерліктей 
актив  қолданылуында  екі  түрлі  фактор  себеп  болған  деп  та-
бамыз. Бірі –жалпыхалықтық тілде бар тәсілді Абайдың мей- 
лінше жандандырып, құбылтып пайдалану тенденциясы (бұл 
принципті жалғыз жаққа қатысты емес, өзге тәсілдер тұсында 
да  ұстанғанын  өз  кезінде  баяндаймыз),  екіншісі  –  бұл  тұлға 
Абайдың  көркемдеу  талғамына  сай,  өзі  ұнатып  жұмсаған 

256
тәсілдердің  бірі  екендігі.  Әсіресе  -мақ  жұрнақты  форманы 
өлеңдерінде -ар жұрнақты етістікпен үндес мағынада қолдануы 
тек  өзінің  ақындық  шеберлігіне,  жазушылық  мәнеріне  тән 
индивидуалдық ерекшелігі деп батыл көрсетеміз.
-ар жұрнақты тұлға
Бұл  тұлғаны  Абай  тіліндегі  көзге  түсетін  грамматикалық 
ерекшелік ретінде бөліп алып талдап отырғанымыздың себебі 
– оның қызметі мен мағынасына байланысты. Абайда бұл тұлға 
негізінен бес-алты түрлі қызмет атқарады да, ол қызметтерінің 
барлығы дерлік қазірде пассив тәсіл болып табылады. Олар:
1.  әрқашан үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіруі;
2.  анықтауыш қызметін атқаруы;
3.  барыс септігінде келіп қолданылуы:
4.  еді көмекші етістігімен қолданылып, ауыспалы шақты 
білдіруі;
5.  -лық жұрнағы жалғанатын негіз ретінде келуі;
6.  субстантивтеніп, септік жалғауларын жиі қабылдауы.
Бұлардан  басқа,  -ар  жұрнақты  есімше  Абай  текстерінде 
қазіргі  нормамыздағыдай  болжалды  келер  шақтық  мағынада 
қолданылады (мұны жол-жөнекей болмаса, талдамаймыз).
Өзге түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде де -ар суффиксімен 
жасалған  есімше  түрі  келер  шақтың  мағынасымен  қатар, 
белгілі  бір  шаққа  қатысы  жоқ,  әрдайым,  үздіксіз  болып 
тұратын іс-әрекеттің, яғни «бастауыштың тұрақты, өзіне тән, 
әрқашан өзімен ғана өтіп жататын қимылының»
197
 мағынасын 
да береді. Бірақ, бұл, біздіңше, -ар жұрнақты тұлғаның қазақ 
тілінде  пассивтене  бастаған  қызметіне  ұқсайды.  Оған  бір- 
неше дәлел келтіреміз. Ең алдымен, қазіргі нормативтік грам- 
матикаларымыздың  бірде-біреуі  осы  күнгі  нормамызда  бұл 
тұлғаның  жоғарғы  көрсетілген  қызметте  жұмсалатындығын 
атамайды.  Әрдайым,  үздіксіз  болып  тұратын  қимылды,  яғни 
сол субъектіге тән іс-әрекетті білдіретін грамматикалық тұлға 
деп көсемшенің  жұрнақты түріне -ды қосымшасы жалғанған 
197
 Кононов А. Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М., 
1956. - С.220.

257
(-а + ды) формантты көрсетеді: құс ұшады, су ағады, от жа-
нады,  адам  қартаяды,  сиыр  мөңірейді,  түйе  боздайды  т.б.
198
 
Екіншіден,  субъектінің  (бастауыштың)  өзіне  тән,  тұрақты 
іс-әрекетін  -ар  жұрнақты  есімшемен  білдіру  қазақ  тілінде 
мақал-мәтелдерде, нақыл-өсиеттерде молынан кездеседі: «Ат 
айналып  қазығын  табар,  Ер  айналып  елін  табар,  Алыс  пе-
нен жақынды жүрген білер, ащы менен түщыны татқан білер. 
Ат  аяғын  тай  басар»  (мақалдар).  Ертеректе  айтылған  өсиет, 
толғау, шешендік сөздерде де етістіктер көбінесе -ар жұрнақты 
есімше  болып  келеді,  ол  есімше  барлық  кезде  де  орындалу 
мүмкіндігі  бар,  потенциалды  қимылды  білдіреді:  «Қошқар 
болар тоқтының мандай жері дөң болар, Адам болар жігіттің 
айтқан сөзі жөн болар»; «Қаса нардың белгісі – шашасын сазға 
малдырмас, қас жүйріктің белгісі – құйрығынан алдырмас, қас 
шешеннің белгісі – топтан торай шалдырмас»
199
С.Сейфуллин 
келтірген «Ұлы жүз Төле би айтты» деген сөз түгелімен -ар 
(-мас) жұрнақты тұлғаға құрылған:
Мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат 
Жиып ерлік қылсаң,
Жаз болса – жарға жығар,
Қыс болса – қарға жығар.
Ондай ерлік аяғы 
Батпақ сазға жығар.
Бастыққа ерген аңқау ер 
Дұспанға оңай алынар.
Қара боп шықса ақ ісі,
Ақ көңіл басы қор болып,
Аңқаулығы сор болып,
Пасықтарға жалынар...
Оралдан қашқан ор түлкі 
Аралап қашса – ит жетпес.
Тегеуріні төрт елі 
Аспаннан түскен жас түлек 
198  
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 312-б; Современный казахский язык. - Алма-
Ата, 1962. - С. 338; Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. 
-  Алматы,  1953.  -  71-75-б.  және  орта  мектепке  арналған  қазақ  тілі  грамматикасы 
оқулықтарын қараңыз.
199
  Бұл  мысалдар  Қазақ  ССР  Ғылым  ақадемиясының  Орталық  кітапханасынын 
қолжазба қорынан алынды.

258
Жерге түссе тек кетпес.
(С. Сейфуллин, VI, 277).
-ар суффиксті етістік – шешендік сөздердің, өсиет-толғау- 
лардың  тілдік  атрибуттарының  бірі  тәрізді.  Сондықтан  кей- 
інгі  тарихта  аты  белгілі  ақын-жыраулардың  дидактикалық 
мазмұнды  толғаулары  да  көбінесе  -ар  жұрнақты  есімшемен 
келеді. Мысалы, Бұқардың:
Ақсаңнан биік тау болмас,
Баурынан қашқан күзен көрінбес.
Ақшам батып түн болмас.
Ажал етпей жан шықпас...
Қарақойдың терісін 
Сабындап жусаң ағармас...(36) –
дегендерінен бастап:
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар... (39), – 
деп  келетін  толғауларының  көбінде  дәстүрлі  -ар  жұрнақты 
тұлға  қолданылған.  Мұны  жалғыз  XVIII  ғасырдағы  Бұқар  
емес, XIX ғасырдың өн бойындағы қазақ ақындарының барлы- 
ғынан дерлік таба аламыз. Бірақ неғұрлым толғау, өсиет, нақыл 
сарыны азая түссе, соғұрлым -ар жұрнақты тұлғаның баяндау-
ыш қызметінде келуі де кеми береді.
Үшіншіден,  бұл  тұлғаның  нормадан  шыға  бастағанын 
оның  өзге  грамматикалық  дублетімен  (-а+ды)  қатарласа 
қолданылғандығынан  да  тануға  болады.  Мысалы,  жоғарғы 
мақалдардың кейбіреулері бірде -ар, бірде -ады тұлғаларымен 
айтыла да береді: «Ат айналып қазығын табады» (С. Сейфул-
лин, VI, 288); «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді».
Н.Ф.Катанов  жинап  бастырған  кітапта  бір  мақалдың  екі 
варианты да (-ар тұлғалы және -ады тұлғалы) қатар берілген 
фактілері бар: «Ханның ісі қарашаға да түседі». Басқа редак-
ция: «Ханның ісі қарашаға да түсер» (Катанов, 15). Ал соңғы 
кезде  жасалған  немесе  өзге  тілдерден  аударылған  мақалдар 
көбінесе -ады тұлғасымен берілгенінен соңғы тұлғаның қазір 
де  басым  норма  екенін  айқын  көреміз.  Мысалы,  1957  жылы 

259
шыққан  «Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері»  деген  кітапта 
араб, ауған тілдерінен кейінгі кезде аударылған мақалдар мен 
замандас  ақынымыз  Қайып  Айнабеков  шығарған  мақалдар 
берілген.  Бұлардың  барлығында  да  етістік  -а  жұрнақты 
көсемшенің  жіктелген  түрімен  (-ады)  жасалған:  «Ақылды 
ісіне  сенеді,  ақымақ  түсіне  сенеді»;  «Кеменің  әуеніне  қарай 
жел  еспейді»    (араб  мақалдары  –  224);  «Тауық  шақырғанға 
таң  атпайды»;  «Қылыш  тәнді  жаралайды,  өсек  жанды  жа-
ралайды» (ауған мақалдары – 225); «Істің жүйесін танымаған 
түйіннің шиесін танымайды»; «Ерінбегеннің еңбегі жанады, 
іркілмегеннің  ерлігі  артады»  (Қ.Айнабековтің  мақалдары, 
226-229-б.).
Сөйтіп, XIX ғасырдың өзінде-ақ шаққа қатыссыз, дағдылы 
іс-әрекетті білдіруде екі тұлға қатар қолданылып, оның -ады 
варианты басым бола бастағаны сезіледі.
Абай  -ар  жұрнақты  келер  шақ  есімше  тұлғасының  осы 
қызметін  кеңінен  пайдаланады.  Ойшыл  ақынның  филосо- 
фиялық толғау болып келетін көптеген өлеңдерінде іс-әрекет 
үздіксіз  қайталап  тұратын,  табиғатында  сол  нәрсеге  тән, 
әрдайым  болып  жататын,  яғни  белгілі  бір  уақытпен  шек- 
телмейтін  қимыл-құбылыс  ретінде  сөз  болады.  Ақын  осын-
дай шумақтарын -ар жұрнақты етістікпен құрады: «Өлсе өлер 
табиғат,  адам  өлмес,  Ол  біраққайтып  келіп  ойнап-күлмес» 
(I, 178); «Күңгірт көңлім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа» 
(I, 237); «Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй» 
(I, 219).
Бірақ мақал, нақыл сөздерде келген -ар тұлғасы мен жоғар- 
ғы  Абайдың  қолданысындағы  бұл  тұлғаның  грамматикалық 
қызметтері бірдей болғанмен, контекстегі орындары тепе-тең 
емес:  Абайдың  -ар  жұрнақты  етістігі  бар  жолдары  әрдайым 
Өлсе  өлер  табиғат,  адам  өлмес  деген  тәрізді  афоризм  емес, 
көбінесе өзінің көңіл күйінен емесе табиғат құбылысына тән 
іс-әрекет  туралы  болып  келеді:  «Қайғылы  көңлім  қайдағы 
Бұрынғымды жаңғыртар»; «Қайратты алып бойдағы, Басым-
ды қайғы қаңғыртар» (I, 249) дегендегі өз басына тән, дағдылы 
іс-әрекет  Қоянды  қамыс  өлтірер  дегендегі  жалпылыққа 
қарағанда  әлдеқайда  нақтылы.  Немесе  Қараңғы  түнде  тау 

260
қалғып, Ұйкыға кетер балбырап (II, 93) дегенде ешқандай өсиет, 
нақыл жоқ, картина ғана бар. Ал, керісіншс, нақыл, тұжырым 
ретінде айтылып, мақал типтес берілген сөйлемдерінде (проза-
сында) Абай халық даналығы тіліне тән -ар тұлғасын қаламай, 
екінші вариантты – -ады формасын қолданады: «Адам баласы 
жылап туады, кейіп өледі» (II, 162); «Тегінде, адам баласы адам 
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»  
(II,  174);  «Адамның  адамшылығы  істі  бастағандығынан 
білінеді»  (II,  193);  «Көңілдегі  көрікті  ой  ауыздан  шыққанда 
өңі  қашады»  (II,  193);  «Адам  баласын  заман  өстіреді»  
(II, 193); «Биік мансап – биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан 
да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады» (II, 193) т. б. 
Сірә, бұл таңдаудың себебі де жоқ емес сияқты. Біздіңше, Абай 
өзінің мақал типтес ой топшылауларында өз тұсындағы халық 
тілінде  басым  нормаға  айналып  бара  жатқан  -ады  тұлғасын 
әдейі  таңдауы  да  мүмкін  немесе  «ескі  бише  отырман  бос 
мақалдап» деген программа-принцип ұстанған ақын өзінің жаңа 
мақалдарын  «ескі  билер»  мақалдарынан,  шешендіктерінен 
ажыратып,  айырып  таныту  үшін  де  дәстүрлі  -ар  -ды  алмай, 
-ады дублетін пайдаланған болуы да мүмкін. Қайткен күнде де 
Абай әрдайым болып тұратын, дағдылы іс-әрекетті білдіруде 
-ар жұрнақты тұлғаға жүгінсе, оларды тұжырым, өсиет, нақыл, 
мақал  типтес  тармақтарында  емес,  керісінше,  көңіл  күйі, 
табиғат  құбылыстары  туралы  жазған  жолдарында  пайдала-
нады. Бірақ Абай мұндай тәртіпті әрдайым қатаң ұстамайды. 
Өлеңдерінде -ар мен -ады тұлғалары буын санының қажетіне 
қарай  параллель  келе  береді.  Буын  саны  артып  бара  жатса, 
-ар  жұрнақты,  жетпей  жатса,  -ады  қосымшалы  тұлғаны  ке-
зек қолданып, екеуін толық грамматикалық синонимдер етіп 
шығарады. Сондықтан Абайдың бұл өлеңінің өзінде мағынасы 
жағынан  біртектес  синтаксистік  қатарлардың  біреуінде  -ар, 
екіншісінде -ады тұлғасының келуі жиі ұшырайды. Мысалы:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі (I, 122).
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға (I, 22).

261
Қайғы шығар ілімнен.
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен (I, 148).
Сөйтіп,  Абай  -ар  жұрнақты  есімше  тұлғасын  шақ  кате-
гориясына  қатысы  жоқ,  қимыл-әрекеттің  статикалық  күйін 
білдіретін   + ды  қосымшалы  етістік  тұлғасының  дублеті 
ретінде актив пайдаланған. Бұл – осы тұлғаның Абайдағы бір 
ерекшелігі.
Екінші, -ар жұрнақты есімшені Абай атрибуттық қызметте 
жиі  жұмсайды.  Бұл  құбылыс  өлеңдерінде  де,  прозалық 
шығармаларында да молынан табылады: «Ішіп-жеу арасында 
сөйлер сөз көп» (II, 274); «Сыналар,ей жігіттер, келді жерің» 
(I, 144); «Ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ» (II, 157); «Мына мен 
айтқан жол мал аяр жол емес» (II, 180); «Және ұялмас нәрседен 
ұялады» (II, 181).
Қазіргі әдеби нормамызда бұл тұлғаның атрибуттық қызмет 
атқарып,  анықтауыш  болып  келуі  өте  өнімсіз,  жоққа  тән
200

«Қазіргі  қазақ  тілі»  ғылыми  курсының  баяндауы  бойынша, 
бұл  тұлғада  қазірде  «есімшеліктен  гөрі  ашық  райдың  келер 
шағының мағынасы басым, ол атрибут болудан гөрі көбінесе 
баяндауыш болады»
201
.
Ал  өткендегі  қазақ  әдеби  тілі  нормасында  -ар  жұрнақты 
тұлғаның анықтауыштық қызметте жұмсалуы кең орын алған. 
Ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  бастап  Абай  тұсындағы  (Абай-
ды  қоса)  қаламгерлерге  дейін  сөз  етіп  отырған  форманың 
атрибуттық мәнде еркін қолданылғанын көреміз: «Өсер елдің 
жігіті бірін бірі батыр дер. Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын 
дер»; «Қайта кірер есікті қатты серіппе» (Мақал); «Жабыдан 
айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, 
Топқа кірер ұл тумас» (Бұқар, 40); «Айналайын Ақ Жайық, Ат 
салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік Ақ орда, Еңкеймей кірер 
күн  қайда?  Орама  мылтық  тарс  ұрып,  Жауға  аттанар  күн 
қайда!» (Махамбет, 107).
200
 Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1962. - С. 323.
201
 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 327-б.

262
-ар  жұрнақты  тұлға  заттың  іс-әрекетке  қатысты  динами- 
калық сынын білдіріп, атрибуттыққызмет атқарғанда есімше- 
нің  а  +  тын  қосымшалы  екінші  түріне  семантикалас  болып 
келеді.  Жоғарғы  мысалдардың  барлығында  да  -ар  жұрнақты 
сөздерді  -атын  жұрнақты  тұлғамен  алмастыруға  болар  еді. 
Бірақ, әрине, араларында мағыналық реңк жоқ емес екеуінде 
де  шақтық  мағына  бар  және  -атын  тұлғасында  осышақтық, 
-ар  тұлғасында  келер  шақтық  реңк  басым  екені  сезіледі. 
Сондықтан  келешектегі  іс-әрекетке  автордың  тілек,  қалау 
мәндегі  қатынасын  білдіретін  реттерде  -ар  тұлғасы  қолда- 
нылған.  Мысалы,  жоғарғы  Махамбеттен  келтірілген  мысал- 
дарға  назар  аударыңыз.  Ал  ауыспалы  шақты  (не  жалпы 
статикалық  күйді)  білдіретін  реттерде  Абай  да,  өзгелер  де 
-атын  (  -атұғын)  тұлғасын  пайдаланады:  «Өзгеге  қимайтұ- 
ғын не қылған артықша орның бар еді?» (II, 167); «Осы адам 
баласының  жалықпайтұғын  нәрсесі  бар  ма  екен?»  (II,  175); 
«Өлді  деуге  сыя  ма,  ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын  артына  сөз 
қалдырған?» (I, 178).
Талдап отырған тұлғаның Абай тілінде үшінші көзге түсетін 
жері  –  оның  барыс  жалғауымен  (-ар+  -  ға)  келген  қызметі. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  нормативтік  грамматикаларының  бірде-
біреуі осы күнде -ар жұрнағымен жасалған есімшенің барыс 
септігінде келіп, қимыл есімі мағынасында жұмсалатындығын 
көрсетпейді.  Шынында  да,  қазіргі  нормамызда  келер  шақ 
есімшенің  барыс  септігінде  тұрып  қолданылуы  жоққа  тән. 
Сөйтсе де  бұл тұлға күні кешеге дейін қазақ тілінде, оның ішінде 
әдеби нормасында белгілі бір грамматикалық қызмет атқарған 
өнімді  тәсіл  болғаны  байқалады.  Ең  алдымен,  -арға  тұлғасы 
Абай тілінде өте мол орын алған. Және оның қолданылуы не 
стильдің,  не  поэзия  өлшемдерінің  мүдделеріне  қабыспайды, 
яғни  ол  Абайдың  өлеңдерінде  де,  прозасында  да  өте  жиі 
кездеседі. Өлеңдерінде: «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» 
(I, 26); «Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы та-
тиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға» (I, 222); 
«Тілдесерге еш адам жолықпады» (I, 281); «Сенісерге жан таба 
алмай, Сенделеді ит жүрек» (I, 147); «Көрді де мұны бір қарға 
Желікті бір іс бастарға» (II, 128); «Анттасын алқайды Сен тен-

263
тек демеске» (I, 158); «Дүние даяр өтерге, Ажал даяр жетер-
ге» (I, 20);  «қара сөздерінде»: «Ғылым бағарға да ғылым сөзін 
сөйлесер адам жоқ» (II, 157); «Оның орнына татымды толық 
билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді» 
(II, 161); «...Ақылы дәлел – испат қыларға жараса, мұны яки-
ни иман десек керек» (II, 170); «Қоярға орны жоқ болған соң, 
оларды қайда сақтайсың?» (II, 188); «...Бәрін мұнда жазарға 
уақыт сыйғызбайды» (II, 216) т.т.
Бұл қолданыста -ар жұрнақты тұлға осы күнгі  жұрнақты 
қимыл есімінің дублеті ретінде келген. Бұл сөйлемдерді қазіргі 
нормаға сайсақ, -арға қосымшалы сөздерді -у+ға қосымшалы 
варианттармен әбден алмастыруға болар еді. -арға тұлғасының 
керек  сөзімен  тіркесінде  оның  -уға  тұлғасымен  мағыналас 
түсетіндігі тіпті айқын сөзіледі.
Бұрын жарияланған бір мақаламызда Абай тіліндегі -арға 
аффиксті  тұлғаны,  бәлкім,  сол  тұстағы  татар  әдеби  тілінің  
әсері болар деген болжалды пікір айтқан болатынбыз
202
. Одан 
кейінгі  бірнеше  жылғы  ізденулерімізге  сүйеніп,  қазір  бұл 
пікірден  мүлде  бас  тартамыз.  Қазақ  тіліндегі,  оның  ішінде 
Абай,  Ыбырай  тілдеріндегі  -арға  тұлғасының  қолданылуы 
ешбір өзге түркі тілдерінің, оның ішінде кітаби тілдің ықпалы 
емес, қазақтың өз нормасының көрінісі деп табамыз. Оған ең 
негізгі дәлеліміз – бұл тұлғаның ауыз әдебиеті үлгілерінде, оның  
ішінде әлдеқайда конструкциясы мен лексика-грамматикалық 
структурасы  тұрақты  мақал-мәтелдер  құрамында  кездесе- 
тіндігі. Мысалы, «Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппайды»; 
«Күресерге дәрмен жоқ, іш қазандай қайнайды»; «Киерге киім, 
ішерге  ас  қалмады»;  «Сыйларға  асық  болмаса,  сипарға  тілің 
болсын»  деген  тәрізді  тек  мақал-мәтел,  фразалар  құрамында 
ғана емес, бұл тұлға эпостық жырларда да, тұрмыс-салт жыр-
ларында  да  жиі  кездеседі:  «Асыл  туған  Ақжүніс,  Көкті  бұлт 
қоршайды.  Күнді  байқап  қарасам,  Күн  жауарға  ұқсайды» 
(«Ер  Тарғын»).  С.Сейфуллин  жариялаған  (VI  томында)  ауыз 
әдебиеті  үлгілерінен:  «Жарқылдата  қылышты  Сені  көрерге 
келемін»  (202);  «Тастемірдей  жаманға  Қарындасын  берерге 
ұсар  ма?»  («XV  ғасырда  жасаған  Асанқайғы»  сөзі  дегеннен 
202
  Сыздықова  Р.  Абай  шығармаларында  -ар  жұрнақты  тұлғаның  қолданылуы// 
Қазақ тілі білімінің мәселелері. - Алматы, 1959. - 118-б.

264
– 267). «Орманбет би» (XVIII ғасыр) дегеннен: «Кедейліктен 
жаман жоқ, Ұрысарға амал жоқ. Екі сеңгір қосылып селбесер-
ге  заман  жоқ»  (281–282)  т.т.  В.Радлов,  Я.Лютш,  И.Березин 
т.б.  жинап  бастырған  үлгілер  текстерінен  де  талдап  отырған 
тұлғаны молынан табамыз және ол тек өлендерде емес, қара 
сөзбен берілген материалдарда да бар: «Сонан соң бір күндерде 
Ұзын Сары Алып жамағаттарын жиып алып, оқ атарға серу-
енге шықты» (Радлов, III, 277); «Бұрынғы заманда бір қарт бар 
еді. Ол қарт бір күні базарға шығарға ойланды» (Я. Лютш, 31.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет