Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

-ар+ға  тұлғасының  бұлайша  ауыз  әдебиеті  нұсқаларында 
орын  алуын  ертеден  қалған  қалдық,  өлі  тұлғалар  деп  тануға 
болар  еді.  Бірақ  мұның  өткен  ғасырдың  ішінде  де  тірі  тәсіл 
болғанын сол тұстағы ақындардың қолданыстары көрсетеді.
Батпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде,
Өткел бермес кешерге.
Қайырсыз итке мал бітсе,
Аңқаң құрып келгенде,
Саумал бермес ішерге...
Әрнешік күнің сол болар,
Еңкейіп орақ орарға,
Тоңқайып масақ терерге, –
деп  кеткен  XVIII  ғасырдағы  Бұқардан  бастап,  XX  ғасырдың 
басына  дейінгі  қазақ  ақындарының  бәрінен  -арға  тұлғасын 
таба  аламыз.  Бұл  әсіресе  Махамбетте  өте  жиі  қолданылған: 
«Өлең  айтып  толғадым,  Көкірегімді  басарға.  Қаралай  отын 
жармадым, Тас қазанды асарға... » (54); «Жетіп келді қамалға, 
Қамалды  бұзып  аларға»  (28);  «Қаумалаған  қарындас  қазақта 
бар да менде жоқ, Арызымды айтарға» (76). Өзге ақындарда: 
«Сонда менің сөйлерге есім кетті» (Шортанбай, 150); «Таяндың 
енді өлерге» (Сонда. 160); «Сонда білер жаманын Жан шығарға 
келген соң» (Дулат, 65); «Су түбіне кеткен жұрт Тал таба алмас 
қармарға» (Сонда. 69); «Бармайды ауыз шіркін жамандарға» 
(Шернияз, 127); «Жақсыға жаман теңелер айдарына келгенде» 
(Базар, 235); «Жаны жоқ кеудесінде адам дерге» (Біржан, 186); 
«Берерге ғылым жазып адам керек» (Ақан, 272).

265
-у+ға-ның орнына -ар+ға тұлғасын Ыбырай да прозасын-
да жиі қолданған: «Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, 
ұстап алған соң өзіне азық етерге» (Алтынсарин, 1879,1); «Бір 
төре осындай іспен гүнәлі болып, әлгі айтылған жазаны берер-
ге тұрғанда, гүнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап 
беремін деп мәлім болды»
203
 (Сонда, 10);  «Соныңмен ішерге-
жеуге, киюге де кемтар соғып, бір қалада жүрген уақытта...» 
(Сонда. 37).
Сөйтіп,  Абай,  Ыбырайларға  шейін,  олардың  жұмсаладын 
қоса  алған  қазақ  әдеби  тілінде  -ар  жұрнақты  есімшенің  ба-
рыс  септігінде    жұрнақты  қимыл  есімінің  орнына,  соның 
дублеті  ретінде  қолданылу  фактісі  болып  келгенін  баян-
даймыз.  Әрине,  бұдан  -уға  тұлғасы  қолданылмады  деген 
тұжырым әсте шықпайды. Бұл екі тұлға морфологиялық сино-
нимдер ретінде қатар пайдаланылғанын ауыз әдебиеті үлгілері 
де, жеке қаламгерлер тілі де көрсетеді: «Жуас түйе жүндеуге 
жақсы»; «Қысқа жіп күрмеуге келмес»; «Жаман сайға су түссе, 
өткел  бермес  кешуге.  Жаман  кісіге  мал  бітсе,  сусын  бермес 
ішуге» (осыны жоғарғы Бұқардан келтірген -арға-мен келген 
жолдармен салыстырыңыз). Абайда -уға тұлғасы -ар-дан кем 
кездеспейді: «Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге.Во-
енный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге» (I, 52); «Түгел сөзді 
тыңдауға жоқ қой қазақ» (I, 70).
Абайда  қолданылу  жиілігі  жағынан  -арға  тұлғасы  едәуір 
болғанмен, өткен ғасырда бұлформа өз орнын -уға варианты-
на бере бастаған. Өйткені өзге нұсқаларда сан жағынан -арға 
дублеті  -уға  тұлғасынан  кемдеу  ұшырасады.  Ал  Абайдағы 
жиілік – бір жағынан, осы тәсілді, жоғарғы -мақ жұрнақты ту-
ындылар тәрізді, жазушының өзі қалап, таңдап қолдануына да 
байланысты. Тегі, Абай қазақтың халық тілінде бар тәсілдерді 
мейлінше актив пайдалану принципін ұстағанға ұқсайды.
-ар жұрнақты тұлғаның төңірегінде төртінші ерекшелік деп 
оның Абай тілінде жиі субстантивтеніп, септік жалғауларымен 
203
  Жазушының  1955  жылғы  тандамалы  шығармалар  жинағында  жоғарғы 
келтірілген екі мысалдың екеуі де -уға  тұлғасымен алмастырылып «түзетілген» (73 
және 81-бетте). Әрине, сөйлем мағынасы үшін бұл редакцияның айтарлықтай зияны 
болмаса да, тіл үшін қажетсіз екендігі түсінікті.

266
қолданылғандығын көрсетеміз. Сірә, Абай тіліне тән белгінің 
бірі – өзге сөз таптарын (сын, сан есімдер, есімше тұлғалар) 
жиі субстантивтендіргендігі. Бұл амал-әрекеттен -ар жұрнақты 
есімше де тыс қалмаған: «Қаны бұзық өзі ойлар Қу менен сұм 
болар-ды»  (I,  51);  «Қайдан  ғана  біледі  Ауыр  менен  жеңілдің 
Арасымен өтер-ді» (I, 62); «Бала сүйер, жар сүйерден Түк неме 
жоқ, тұр денем» (II, 78).
Қазіргі  әдеби  нормамызда  бұл  тұлғаның  септік  жалғау- 
ларымен құбылып қолданылуы жоққа тән. Өткендегі қазақ тілі 
үшін де өнімді тәсіл емес.
Абай тілінде морфологиялық формалардың бірі – -ар жұр- 
нақты есімшеге -лық жұрнағы үстелген тұлға. Бұл өлеңдерін- 
де  де,  прозасында  да  етістіктен  болған  есім  ретінде  өте  жиі 
қолданылған.  Ол  қимылдық  семантикадан  қол  үзіп  кетпейді, 
көп ретте, әсіресе етістіктермен тіркескенде есімшенің -а+тын 
тұлғасына ұқсас түседі: «...Оның үстінен тазалығын байқарлық 
(~  байқайтын)  екі  көз  беріп,  ол  көздерге  нәзіктен,  зарардан 
қорғап тұрарлық (~ тұратын) қабақ беріп...» (II, 199); «Екінші, 
балаң  мейірімді  болып,  асырарлық  болып  (~  асырайтын  бо-
лып) туа ма, жоқ па?» (II, 167); «Осы елде бозбала жоқ сөзді 
ұғарлық»  (I,  37);  «Сөз  мәнісін  білерлік  кейбіреу  бар»  (I,  38); 
«Еңбегінді білерлік еш адам жоқ» (I, 25); «Өлейін деп өлмейді 
өлерлік жан» (I, 234).
Бұл  тәсіл  де  қазақтың  жалпыхалықтық  тілі  нормасына 
жат емес, бірақ, әрине, дәл Абайдағыдай аса өнімді емес. Ал 
Абайдың  мұнда  -а+тын  жұрнағымен  жасалатын  есімшеге 
қызметтес етіп актив қолдануы, біздіңше, жазушының шеберлік 
талғамына  байланысты,  өзі  қалап  қолданған  грамматикалық 
тәсілдердің бірі болып табылады.
Сөйтіп, Абай тілінде -ар жұрнақты есімше актив тәсілдердің 
бірі болып келіп, әралуан қызмет атқарған. Ол қызметтердің 
барлығы  дерлік  қазақтың  жалпыхалықтық  тілінде  ертеден 
келе  жатқандар.  -ар  жұрнақты  тұлғаның  қолданудан  қалып 
бара  жатқан  үздіксіз  іс-әрекетті  білдіру,  қимыл  есімі  ретінде 
жұмсалу  сияқты  қызметтерін  Абай  жандандырып,  өнімді 
амал  етіп  пайдаланған.  Сондай-ақ  бұл  тұлғаның  атрибуттық 

267
қызметін  де  Абай  халықтық  нормадан  алған.  -ар  жұрнақты 
сөзді  субстантивтендіру  және  -лық  жұрнағын  жалғайтын 
негіз  етіп  алу  тәрізділерді  де  ұлы  қаламгер  активтендіріп, 
өзінің  жазушылық  мәнеріне  тән  тәсілге  айналдырған.  Тал-
дап  отырған  тұлғаның  Абай  тілінде  өте  жиі,  актив  кезде-
скен мағыналары мен қызметтерінің көбі әрі қарай дамымай, 
ақынның  индивидуалдық  стилін  сипаттайтын  ерекшеліктер 
болып  қалып  қойған.  Сондықтан  бұл  есімше  тұлғасының 
Абайда кездесетін 3-4 қызметі – қазақтың қазіргі әдеби тілінде 
мүлде жоққа тән, пассив амалдар.
шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесі
Абай  тіліндегі  аса  бір  қызғылықты  морфологиялық  тәсіл- 
дердің бірі – -са жұрнақты шартты рай тұлғасының керек де-
ген модальдық сөзбен тіркесі. Тіліміздегі бұл конструкцияның 
қызметі  мен  мағынасы  немесе  қазіргі  тілімізде  мұның  бар-
жоғы  туралы  ешбір  оқулық,  курстарда  не  жеке  зерттеулер-
де  ешқандай  мағлұмат  бермейді.  Ал  бұл  тіркес  бір  кездер-
де  белгілі  бір  категорияны  білдіретін  өнімді  тәсілдердің  бірі 
болған. Және «бір кез» деп отырғанымыз – көне немесе тіпті 
орта ғасыр дәуірлері емес, кешегі Абай тұстары, XIX ғасыр- 
дың жартысы, тіпті XX ғасырдың басы. Бұл конструкцияның 
тағы бір ерекшелігі – -ар, -мақ сияқты ертеден қазақтың по-
эзия  тілінде  жиі  қолданылып  келе  жатқан  амал  емес,  кейін 
активтенген  амал-тәсіл  екендігінде.  Сірә,  о  баста,  яғни  XIX 
ғасырдың  II  жартысында  проза  жанры  туа  бастаған  кезде 
жанданған бұл тәсілді Абай да қуаттап, тіпті поэзия тілінде де 
пайдаланғаны байқалады.
Шартты райдың керек сөзімен тіркесі өзге кейбір түркі тіл- 
деріндегідей,  бір  нәрсенің  болу-болмауы,  іс  әрекеттің  орын- 
далу-орындалмауын  шамалау,  тұспалдау  мағынасын  береді 
де
204
, осы күнгі -у, Абай тіліндегі  және -мақ жұрнақты қи- 
мыл  есімімен  қызметтес  болып  келеді.  Абай  прозасында 
да,  өлеңдерінде  де  бұл  тіркесті  жиі  қолданған.  Барлығында 
204
 Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. - М., 1948. - С.167; Баскаков 
А.Н. Карақалпакский язык. - М., 1952. - С. 452.

268
да  топшылау,  шамалау  реңкі  сақталып,  -у  (-мақ)  жұрнақты 
тұлғалардың дублеті ретінде берілген: «Әрбір байқаған адам 
білсе керек» (II, 161) ~ сірә, білуі керек. «Егер жақсы көрсем, 
қылықтарын қостасам керек еді» (II, 166) ~ тегі, қостауым 
керек еді. «Тәнді жанға бас ұрғызса керек еді, Жоқ, біз олай 
қылмадық» (II, 165) ~ тегі, бас ұрғызу керек еді. «Жұрт айтқан 
сол  ант  мезгіл  келсең  керек»  (~  келуің  керек).  «Мен  де  бен-
де,  амалсыз  көнсем  керек»  (~  көнуім  керек).  «Қызығы  зор 
қайран дос, қайран тату, Сендер өлдің, мен дағы өлсем керек»  
(~ өлуім керек) (II, 146). «Алла берген қауіпті осы сырым Көрге 
бірге өзіммен барса керек» (-баруы керек) (II, 108). «Оны да 
алды  бұл  өлім,  Сабырлық  қылсақ  керек-ті»  (~қылуымыз  ке-
рек)  (I,  179).  Бұл  келтірілген  мысалдардың  барлығында  да 
іс-әрекет шақ  категориясынан  тыс  ұғымда. Ал  кейде Абайда 
бұл  конструкцияның  өткен  шақтық  ұғымда  жұмсалғаны  да 
байқалады, онда да шамалау, тұспалдау мәні сақталады. Мы-
салы: «Онан соң [қазақтар] Азияның тереңіне шейін еріп бар-
са керек» (II, 223) ~ сірә, еріп барған болу керек. «Қырғызға 
қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек» (II, 222) ~ 
тегі, ат қойған болуы керек.
Керек сөзінің орнына Абайда кейде бол, жарайды сөздері 
алмасып  келе  береді:  «Балаларды  оқытқан  да  жақсы,  бірақ 
Құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса бо-
лады» (II, 179) ~ оқу керек. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек 
болса жарайды» (II, 174) ~ болуы керек.
Керек сөзімен тіркескен шартты рай тұлғасын шақтық және 
бейтарап    жұрнақты  қимыл  атауымен  семантикалас  етіп 
пайдалану  жалғыз  Абай  тіліне  емес,  «Дала  уалаяты»  тіліне 
де,  Алтынсарин  прозасына  да  тән  болды.  Әсіресе  тұңғыш 
баспасөз орыс тіліндегі материалдарды қазақшаға аударғанда, 
орысша  инфинитивті  шартты  рай  тұлғасы  мен  керек  сөзінің 
тіркесі  арқылы  аударады:  «һәрбір  берілміш  генерал-губерна-
тор  хазіреттеріне,  яки  менің  атыма  жалғыз  [арыз]  берушінің 
аты-жөні  жазылғаннан  басқа  жазушы  мен  сызушылардың  да 
аты-жөндері мен тұрмыс жайлары да көрсетіліп жазылса ке-
рек»  (~жазылуы  керек).  Бұл  орысша  мынадай  сөйлемнің  ау-
дармасы: «На всех прошениях, подаваемых как на имя гене-

269
рал-губернатора, так и на мое имя, кроме подписи просителя 
должны быть подписи составителя и переписчика с обозна-
чением  местожительства»  («Дала  уалаяты  газеті»  7/ІІ.  1892). 
Мұндай  фактілер  газет  тілінде  өте  мол.  Бір  қызығы  –  бұл 
тұлғаны  В.Радлов,  Я.Лютш,  А.Алекторов  жинап  бастырған 
материалдардың проза бөліктерінен де кездестіреміз.
Қазіргі  әдеби  тілімізде  шартты  райдың  керек  сөзімен  
тіркесі  келер  шақтық  мағына  мен  шақтан  тыс  мағынада  (-у 
тұлғасынын  орнына)  өте  сирек  қолданылады.  Публицистика 
стилі  мұны  мүлде  пайдаланбайды  деуге  болады  (ал  көркем 
әдебиетте  ара-тұра  кездесіп  қалады).  Сондықтан  негізінен 
ғылыми-публицистикалық  жанрға  жататын  Абай  «Қара 
сөздерінің» қазірде норма емес бұл тәрізді тәсілді актив пай-
далануын  оны  (Абай  прозасын)  кейбіреулерге  әдеби  тілде 
жазылмаған  нұсқалар  етіп  көрсетуі  мүмкін.  Зерттей  келсек, 
бұл  –  белгілі  бір  кезеңнің,  яғни  ғылыми-публицистикалық 
стиль  мен  көркем  проза  жаңа  қалыптаса  бастаған  кезеңнің 
әдеби нормасы болып шыққанын мойындаймыз.
Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны білдіруі
Қазақ  тілінің  грамматикалық  нормаларын  өткен  ғасырда 
суреттегендердің  бірі  –  Н.И.Ильминский:  «взаимная  форма 
киргизского глагола на  употребляется не только в значении 
взаимности и соревнования, но и общего исполнения действия, 
вместо множественного числа: кетісті – все ушли»
205
, – деп 
жазады.
Ортақ етіс формасы арқылы көптік мағынаны білдіру өткен 
ғасырдың өзінде қазақ тілінде өнімді норма болмаса да, соңғы 
кезге  дейін  қазақша  жазу  нұсқаларынан  орын  алып  келгені 
байқалады.
Абай  тілінде  III  жақтағы  етістіктен  болған  баяндауышты 
көптік  мағынадағы  бастауышпен  ортақ  етіс  тұлғасы  арқылы 
киыстыру  актив  тәсіл  емес,  дегенмен  орын  алған:  «Әйтеуір 
бірін  бірі  алдаудың  амалын  іздеседі»  (II,  163);  «...Ата-баба-
ларын  ақсақалдарының  айтуымен,  ауыз  хабарынан  білгеніне 
қанағат қылып жүріскен» (II, 220).
205
 Ильминский И. И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. - С. 27.

270
Бұл  тәсілді  жалғыз  Абай  емес,  оның  тұсындағы  өзге 
жазу  нұсқалары  әсіресе  жас  проза  тілі,  оның  ішінде  тұңғыш 
баспасөз  тілі  едәуір  өнімді  пайдаланған.  Әсіресе  Ыбырай 
Алтынсариннің әңгімелерінде етістіктің ІІІ  жақта бастауышпен 
ортақ етіс тұлғасы арқылы көпшілікте қиысып келуі әлдеқайда 
жиірек кездеседі: «Мұнан соң мужикті патсаға алып келісті» 
(Алтынсарин, 1879); «Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да 
малдары көбейіп, бай болысты»
206
 (Сонда. 38); «Үсен қоймай 
оятып алып, қасына ертіп жолғашығысты» (Сонда. 25). «Асан 
мен  Үсен»  әңгімесінде  екі  баланың  қимылының  бәрі  ортақ  
етіс тұлғасымен баяндалған.
Бұл  тәсілді  Абай  да,  Ыбырай  да  өзге  түркі  тілдерінен 
алған жоқ, өздері де шығарған жоқ. Ол қазақ тілінде бір кез-
де қолданылған тәсілге ұқсайды. Өйткені оны сирек болса да, 
ауыз әдебиеті үлгілерінен де кездестіреміз.
Ортақ етіс тұлғасы арқылы көптік мағынаны білдіру – қазақ 
әдебиетінің қазіргі даму сатысында нормативтік тәсіл емес. Де-
генмен мүлде қолданылмайды деп те тұжырымдауға болмай-
ды. Бұл амал көркем әдебиет стилінде қазірде де ұшырасады. 
Әсіресе,  жеке  жазушылар  тілінде  айтарлықтай  орын  алады. 
Мысалы, бұл амалды Мұхтар Әуезов өнімді қолданады.
Сөйтіп,  қазірде  әдеби  норма  ретінде  танылмайтын  грам- 
матикалық  амалдардың  бірі  –  етіс  тұлғасы  арқылы  көптік 
категорияны  білдіру  –  әдеби  тіліміздің  XIX  ғасырдың  ІІ 
жартысындағы даму кезеңдерінде, оның ішінде Абай, Ыбырай 
тілдерінде белгілі бір дәрежеде қолданылған норма болған.
206 
Біз мысалдарды әдейі  Ыбырайдың 1879 жылғы өз қолымен шыққан баспасынан 
алдық,  өйткені  қазірде  норма  емес  бұл  тұлғалардың  кейбіреулерін  автордың  соңғы 
(1955)  баспаларында  «түзетіп»,  осы  күнгіше  беріпті.  Мысалы,  дәл  осы  сөйлемде 
етістік болды түрінде берілген.

271
Кейбір морфологиялық тұлғалардың сыртқы формасы 
жағынан варианттылығы
Абай шығармаларының текстерінде кейбір тұлғалар сырт- 
қы  формасы  жағынан  толық  және  ықшам  варианттарда  кез- 
деседі. Олар: -тұғын ~ -тын, -дайын ~ -дай, -маспын ~ -ман 
аффикстері,  менен  ~  мен,  дағы  -  да  шылаулары.  Бұл  қос 
варианттылық өлеңдеріне де, «Қара сөздерінің» тіліне де тән. 
Бірақ  екеуіндегі  қолданылу  мотивтері  екі  басқа.  Жоғарғы 
көрсетілген  тұлғалардың  толық,  ықшам  түрлерінің  өлең 
текстерінде  кезектесіп  қолданылуы  метрика  талабына  (буын 
өлшеміне)  байланысты.  Мысалы:  артық  буын  керек  жерде 
есімшенің ауыспалы шағы үшін -тұғын, бір буыны кем тармақ 
керек болса, -тын варианты еркін пайдаланыла береді:
Сонда сенің отыңды басатұғын, (11 буын)
Осы өлең – оқитұғын дұғам менің (11 буын) (II, 111). 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік (11 буын)
Ер табылса жарайды қылса сұхбат (І, 38).
Айтатұғын сөзім бар (7 буын) (I, 117).
Сөзд (і) ұғатын қайсың бар (7 буын) (I, 248).
Менен ~ мен, дағы ~ да шылаулары да осы тәрізді: өлеңнің 
буын санына қарай бірде толық, бірде ықшам түрде келе береді: 
Ақыл менен білімнен (7 буын)
Әбден үміт үзіппін,
Айла менен амалды (7 буын)
Меруерттей тізіппін (I, 250).
Айтып сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас (7 буын) (I, 103).
Сүйтсе дағы елімді (7 буынды)
Ұстай алмадым мығымдап (I, 79).
Тың тұяқ күнім сөйтсе де, (7 буын)
Қарбаңдадым өкімдеп (I, 79).
Сондай-ақ  осы  күнгі  -дай  жұрнағының  өлең  тілі  үшін 
«кезекші» -дайын варианты «дайын» тұрады.
Бір тұлғаның екі вариантын пайдалану – қазақ поэзиясының 
тілінде  Абайға  дейін-ақ  қалыптасқан  тәсіл.  Сірә,  біздіңше, 
дыбыстық  оформлениесі  жағынан  толық  тұлғалардың  бірте-

272
бірте  ықшамдала  түсуіне,  бір  жағынан,  тілдегі  экономия 
заңы  себепкер  болса,  екінші  жағынан,  мысалы,  қазақ  тілінде 
поэзия  тілінің  шарттары  әсер  еткен  тәрізді.  Ауызекі  сөйлеу 
тілінде жоғарғы көрсетілген тұлғалардың толық түрлері күні 
бүгінге дейін қолданылады. Ал қазіргі әдеби тілде бұлардың 
нормативтік  варианттары  деп  ықшам  дублеттері  көрсетілсе, 
ол  ықшам  түрлері  қазақ  поэзиясында  әлдеқайда  бұрынырақ 
қалыптасып  қолданылып  кеткен.  Сондықтан  қазіргі  қазақ 
поэзиясының  тілінде  де  бұл  тәртіп  күшін  сақтайды:  метрика 
мүддесіне қарай толық та, ықшам да варианттары қолданыла 
береді.
Дегенмен  Абай  кезеңінде  бұл  тұлғалардың  тілдегі,  оның 
ішінде  ауызекі  сөйлеу  тілі  мен  проза  тіліндегі,  нормасы 
негізінен  толық  түрлері  болған.  Тіпті  поэзияның  өзінде  де 
буын санының асып кететініне қарамастан, кейде екі буынды 
толық варианттарымен берілетін тармақтары кездеседі:
Елім, күнім, кәрі боз (7 буын)
Сөйлесетұғын күнің жоқ (8 буын)
(«Ер Тарғын» // Радлов. Образцы... III, 135). 
Екеуміз бірге жыласақ,
Жұбататұғын кім бар деп,
Шеге ақын сабыр қылады («Қыз Жібек», 1957. 53).
Прозаға  келетін  болсақ,  өткенде  бұл  жанрда  -тұғын,  ме-
нен, дағы варианттары әлдеқайда басым болған. Орыс ғалым-
ағартушылары  жинап  бастырған  қара  сөзбен  берілген  ертегі, 
аңыздарда,  мақал-мәтелдерде  көбінесе  толық  варианттары 
хатқа түскен.
Тұңғыш қазақ газеттері де -тұғын-ды жиі қолданған. Ауыз 
әдебиетінің қомақты полотнолары – эпос жырларындағы қара 
сөзбен  айтылатын  бөліктерде  де  бұл  тұлғалар  сөйлеу  тілінің 
нормасымен  берілген.  Әсіресе  бұл  құбылыс  эпостардың 
өткен  ғасырда  басылған  нұсқаларында  сақталған  (осы 
күнгі  басылуларының  кейбіреулерінде  қара  сөз  текстерінің 
«өңделмеген,  шикі»  тілін  «түзетіп»,  қазіргі  нормаға  салып, 
ықшам  түрлерімен  берілгендері  жиі  кездеседі):  «Шеше,  ат 
мінгестіретұғын  емес,  үйіңе  баста,  –  деді»  («Қисса  Алпа-
мыш»,  1901);  «Серкенің  күніге  бірін  берігі  тұратұғын  бол-

273
ды»;  «Байбөріге  [Ұлтанның]  тілі  тиетұғын  болды»  (Сонда); 
«Ол  ат  артынан  бір  жау  келе  жатқанда  пысқыратұғын  еді» 
(«Ер Тарғын» // Радлов. Образцы... III); «Сол заманда бір бай 
бар еді, оның бір баласы бар еді, ешкімменен сөйлеспейтұғын 
еді» (Лютш, 48).
Абай  прозасының  тілінде  де  көбінесе  толық  варианттары 
қолданылған. Мысалы, ауыспалы шақ есімше әрдайым дерлік
207
 
-тұғын  формантымен  ғана  берілген:  «Жұрттың  бәрі  біледі 
өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір 
алғанды қайта жібермейтұғынын» (II, 189).
Сондай-ақ «Қара сөздерде» кездесетін менен варианты мен 
дегенінен  әлдеқайда  көп
208
:  «Жоқ,  мен  үнемі  уайым-қайғы- 
менен бол демеймін» (II, 162); «Бермесе оныменен жауласпақ 
екен» (II, 163); «Оның өзгеменен ісі жоқ» (II, 166).
Ал дағы мен да варианттары «Қара сөздерде» сан жағынан 
шамалас,  ешбір  мотивсіз  бірде  дағы,  бірде  да  түрінде  келе 
береді: «Ебін тап та жөнге сал» (II, 193); «Кім жақсылық, кім 
жамандық  қылса  дағы,  Құдайдан  келген  жарлықты  қылып 
жүр  екен  дейміз  бе?»  (II,  184).  Дағы  мен  да  формаларының 
жарысып  отыруы  жалғыз  Абай  емес,  сол  тұстағы  өзге  жазу 
нұсқаларында да (әңгіме проза туралы) орын алған: «Бұл қалай 
күл деп иіскеді де сандыққа салып қойды» (Березин И. «Турец-
кая хрестоматия», 1876. III, 17); «Ол жігіт атынан түсті дағы 
басты өртеді отқа» (Сонда. 17); «Сонда бала тұрды дағы мен 
бармын деп шыға келді» (Радлов. Образцы... III, 225). Баспасөз 
тілінде де осындай. 
Осылардың  барлығы  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысында  қазақ 
тілінде  дағы  формасының  әлі  жарыса  қолданылғанын  көрсе- 
теді.
Бұл тұлғаларды қолдануда Ыбырай прозасының тілі едәуір 
оқшау тұрады. Ыбырай әңгімелерінің тексінде көбінесе ықшам 
207
  Жоғарыда  көрсетілгендей,  Абай  шығармаларында  текстологиялық  ағат- 
тықтардың  (әсіресе  грамматикалық  тұлғаларды  беруде)  салдарынан  Мүрсейіт 
қолжазбаларында әрдайым -тұғын түрінде келетін тұлға Абайдың 1954, 1957 жылғы 
кітаптарында бірнеше жерде -тын  вариантында жазылған.
208
  Қазіргі  баспадағы  (1954,  1957)  мен  варианттарының  көбі  Мүрсейіт 
дәптерлерінде менен болып жазылған: «Бәріде иттік бенен (1957 жылғыда иттікпен) 
табады, иттікбенен (1957 – пен) айрылады»; «Құдай берген болыстық бенен (1957 
жылғыда – -пен) билік елде жоқ» т.т.

274
варианттары қолданылған: Ыбырайдың және А.В.Васильев
209
 
берген  материалдардың  тілінде  ықшам  формалардың  басым 
қолданылуының  себебін  дәл  басып  көрсетерлік  материалда-
рымыз  (фактілеріміз)  әзірге  жоқ.  Сондықтан  біз  бұл  жерде 
Ыбырай (және Васильев) ықшам тұлғаларды әдейі қолданды 
немесе  оларға  өздері  тұрған  ортаның  тілдік  нормалары  әсер 
етті  деген  сияқты  пікірлерді  үзілді-кесілді  айта  алмаймыз. 
Біздің  қолымызда  әзірше  Қазақстанның  мынадай  жерінде 
мынадай  кезеңдерде  мынадай  тілдік  нормалар  болды  де-
ген  тәрізді  мәліметтер  жоқ.  Дегенмен  Алтынсариннің  өзінде 
де  (сондай-ақ  Васильев  материалдарында)  әрдайым  -тын, 
мен  болып  келмей,  -тұғын,  менен  формалары  да  ұшырасып 
отыратындығы соңғы варианттардың әлі де норматив тұлғалар 
екенін  дәлелдейді.  Мұны  тек  тілдік  фактілер  (текстер)  емес, 
өткен  ғасырда  қазақ  грамматикасын  суреттеген  еңбектер  де 
көрсетеді.  Н.Ильминский:  «Причастие  тұрған,занимая  место 
вспомогательного после деепричастия на а, теряет р: вместо 
бара  тұрған  говорят  бара  тұғын,  и  еще  сокращеннее  бара-
тын  (в  последнем  случае  оно  сливаетея  с  деепричастием  и 
следует  его  системе  звуков)
210
,–  деп  көрсетеді.  М.Терентьев 
те  қазақ  тілінде  есімше    жұрнақты  көсемшеге  тұғын  сөзі 
қосылуы арқылы жасалады деп, оған жазатұғын, қараятұғын 
(~ қарайтұғын) деген мысалдарды келтіреді
211

А. Старчевский бұл жөнінде М.Терентьевті қайталайды
212

1898  жылғы  «Грамматика  киргизского  языка»  дегеннің  ав-
торлары  да:  «причастие  настоящее-будущее 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет