Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


Экономикалық қарым-қатынасқа қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Экономикалық қарым-қатынасқа қатысты сөздер
Қазақ қоғамындағы таптық қарым-қатынастардың әрі қарай 
шиеленісе түсуі және тауар-ақша қатынастарының пайда бо-
луы феодалдық қанаудың жаңа түрлерін туғызады. Бұлардың 
көпшілігінің  атаулары  қазақ  тілінде  бұрыннан  бар  сөздер 
болғанмен, ол сөздердің білдіретін мағыналары өзгереді. Мы-
салы, сауын. Қазақтың бұрынғы феодалдық қоғамында сауын 
айту деген болған. Ол – той, ас, кейде шабуыл сияқты үлкен 
жиын  ұйымдастыруға  белгілі  бір  ру  адамдары  (ата  балала-
ры),  ауылдастар  болып,  қымыз,  сояр  мал,  тігер  үй  жағынан 
көмектесу  дәстүрі  (сауын  сөзінің  бұл  мағынасы  біз  сөз  етіп 
отырған  дәуірде  де  мүлде  жойылып  кетпегені  анық):  «Кіші 

209
жүз, Алшын-Жаппас, Шөмекейден Бір кісі өлген екен беріпті 
ас... Бір тұтқа Кіші жүзде бай еді деп, Шөмекей Маман байға 
айтты сауын» («Айман-Шолпан», 1963. 669). «[Көтібар] «Ша-
бамын Маман байды жиылсын деп» Еліне барысымен сауын 
айтты» (Сонда. 677); «Сауын айту – объявить, чтобы готови-
ли кумысу к свадебному пиру» (Ильминский, 153).
Өткен ғасырда (әсіресе екінші жартысында) сауын сөзі сауу 
етістігімен  тіркесіп,  мүлде  басқаша  мағынаны  білдірген.  Са-
уын сауу –қаналудың жаңа түрі. Ол – әбден күйзелген кедей 
шаруаның  байдан  сүтін  сауып,  қорек  ету  үшін  уақытша  мал 
алып пайдалануы, оның есебін кедей байға тегін қызмет істеп 
өткеруге тиісті болған. Абай да сауын сауу тіркесін осы мәнде 
қолданады:  Ол  менің  қазаныма  ас  салып  беріп  жүр  ме,  мен 
онан сауын сауып отырмын ба... (II, 186).
Кедей байдан жүнін пайдалануға қой, күшін пайдалануға ат, 
өгіз тәрізді көлік малын уақытша алып, орнына тегін қызмет 
өтеу  де  сауын  сауу  тәрізді  қаналудың  жаңа  түрлері  болған. 
Олар  жүн  беру,  ат  майын  беру  (сұрау)  деп  аталған.  Соңғы 
тіркес жылқы майы, көлік майы деген вариантта да кездеседі. 
Өте бір қызық нәрсе, [малдың] майын сату, майын сұрау, алу 
деген мен [малдың] басын сату деген тіркес екеуі мүлде екі 
басқа  мағынада  қолданылған.  Алдыңғысы  «малды  уақытша 
пайдалануға беру немесе алу», соңғысы – «сатып беру (немесе 
сатып алу)». Аттың (жылқының) майын міну (немесе майын 
сұрап міну) деген тіркес те жоғарыдағыға ұқсас: ол – біреуден 
бір жерге барып келуге уақытша көлік (көбінесе ат) сұрап міну, 
әрине,  бұл  да  тегін  емес,  кейіннен  қаруы  қайтарылатын  акт 
болмақ. Абай лексикасынан бұл тіркесті де табамыз: Біреуден 
бір жылқының майын сүрап мініп... (ІІ, 214).
Қазақтардың  шаруашылық  тіршілігінде  бұл  кезде  жиі 
қолданылған сөздердің бірі – шығын: «Кедейге салып шығынды 
Негізі байдың тояды» (Шортанбай, 157); «Оны-мұны жиғанын 
Шығын деп тілмаш алады» (Шортанбай, 156). Шығын сөзінің 
негізгі  мағынасы  –  әкімшілікке  таласу  үстінде  немесе  басы 
сотты болып, содан ақталу процесінде, сондай-ақ (сірә, ерте-
ректе)  мал  жоғалтқан  адамның  іздеу  салу  үстінде  жұмсаған 
(шығарған) қаражатын білдіру. Абай шығын сөзін осы мәнде де 

210
жұмсайды: Құтылам деп ісінен, Бәрін көріп кісіден, Шығынға 
әбден батады (I, 58). Шығын сөзінің осындай мағынасы барын 
Ильминский де көрсетеді, бірақ ол жалғыз ғана ситуациядағы 
мағынасын  береді:  шығын  –  расход,  когда  украдена  лошадь, 
и хозяин, отыскивая ее лично или через других, входит в рас-
ход, то расход этот падает на вора, когда его откроют и ули-
чат  (149).  Біздіңше,  шығын  сөзінің  о  бастағы,  ертеректегі 
мағынасы  осындай  болған  болуы  керек.  Әкімшілікке  таласу 
немесе сот істеріне байланысты шығынды болу фактісі (және 
мағынасы) кейін, өткен ғасырдың екінші  жартысынан былай 
қарай активтенген деп батыл көрсете аламыз.
Шығын сөзінің саудаға байланысты тағы бір жаңа мағынасы 
туады. Ол туралы «Сауда-саттыққа қатысты сөздер» атты па-
раграфтан қараңыз.
Күнделікті тұрмысқа байланысты үй ішіне (ішіп-жеу, тамақ, 
мүлік т.б.) жұмсайтын қаражатты атау қазақта бұрын болмаған 
(тауар-ақша қатынасы жоқ жерде жұмсайтын қаражат-шығын 
да  жоқ).  Ал  кейін  бұйым,  тамақ  т.б.  сатып  алу,  жұмысшы 
күшін  жалдау  тәрізді  қатынастар  туған  кезде  орысша  «рас-
ход» ұғымы да ене бастағаны байқалады. Мұны әлдеқайда кең 
ұғымды шығын сөзімен шатастырмас үшін орысша расхот деп 
атау  тенденциясы  болған.  Мысалы,  Шерниязда:  «Мойнын-
да  Исатайдың  болып  тұрды  Ұстаған  кысы-жазы  расхотым» 
(131); «Исатайдың бір күнгі расхотын Ұстаймын деп құрисың, 
оңа алмайсың» (132). Абайда: «Қыстау керек, үй керек, Сән-
салтанат, расхот көп» (II, 126) деп келеді.
Мемлекет  тарапынан  халыққа  салық  салу  ісі  малды,  үйді 
(шаңырақты  немесе  түтінді)  есепке  алу  тәрізді  бұрын  қазақ 
қауымында  болмаған  актілерді  де  туғызды.  Тілде  осыған 
қатысты  да  етістіктер  мен  есімдер  пайда  болды.  Мысалы, 
Шортанбайда қолданылған қағаздау, қағаздату («Қағаздатып 
бұзауын  Ноғайына  қояды»  –  156)  сөздері  халық  тілінен 
алынған болуы керек. Бұл іс-әрекеттердің өзге де вариантта-
ры болуы сөзсіз, бірақ олар Абай лексикасында да, өзгелерде 
де орын алмағандықтан және біздің осы еңбектегі мақсатымыз 
–  қазақ  лексикасы  тарихын  түгел  баяндау  болмағандықтан, 
әзірге іздестіріп, тауып көрсете алмадық.

211
Өткен ғасырда қазақ еңбекшілерінің иығына түскен эконо- 
микалық салмақтың жаңа түрлерінің пайда болуына қарай лау, 
үй тігу сөздерінің мағыналары өзгереді. Сайлау, съезд тәрізді 
әкімшілік  шараларын  өткізуге  үкімет  орындарының  елден 
көлік пен киіз үйді алуын халық осылайша атап кеткен: Лау 
сұрап атыңды Тартып алып мінеді (Дулат, 66). Абай тілінде бұл 
атаулар да орын алған: Атшабар келді лепілдеп: «Ояз шықты 
сияз бар», «Лау» деп, «үй» деп дікілдеп (I, 79).
Лау сөзінің бұл кезде тағы бір мағынасы болған. Кедейдің 
байдан уақытша көлік алып, онымен жалданып, жүк, астық та-
сып күнелтуін лау айдау деп, әрекет иесін лаушы деп атаған
166
.
Сауда-саттыққа қатысты сөздер
Абай  лекеикасындағы  әлеуметтік-экономикалық  сала-
ны  қамтитын  лексика  тобына  сауда-саттыққа  байланысты 
сөздер  жатады.  Сауда  қатынасы  –  Абай  тұсындағы  қазақ 
даласының  экономикалық  өміріндегі  көрнекті  құбылыстың 
бірі. Қазақтар үшін «сауда», «базар», «ақша», «баға», «тауар» 
тәрізді ұғымдар әлдеқашаннан танық болғанмен, бұларға қоса 
XIX ғасырдың II жартысында көптеген жаңа ұғымдар (демек, 
жаңа сөздер мен тіркестер) пайда болады. Әсіресе Россиямен 
ХVІІ  ғасырларда  басталған  сауда  қатынасы  XVIII  ғасырдың 
II жартысында тіпті күшейеді
167
. Алғашқы кездегі Россиямен 
жүргізілген сауда түрі – айырбас саудасы болуына байланысты 
мұнанай (меновой двор), айырбас сөздері пайда болады. XIX 
ғасырдың орта тұсында-ақ айырбас сауда тауар айналымының 
өсуін  қанағаттандыра  алмайды,  сондықтан  жәрмеңке,  базар-
ларда жүргізілетін сауданың жаңа түрлері шығады. Сонымен 
қатар ауыл аралап, ұсақ галантерея тауарларымен сауда жасау 
ісі күшейеді. Оларды білдіретін жаңа сөз атаулар пайда бола-
ды
168
.  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысында  жәрмеңкелер  мен  бақал 
166
 Шахматов В. Ф. О формах феодальной эксплуатации в Казахстане вХ1Х в. // 
Вестник АН КазССР. - 1951. - №11.
167
 Шахматов В.Ф. О развитии торговли и обмена в Казахстане в Первой пол. 
XIX в. // Известия АН КазССР. - Серия истории, экономики, философи и права. - 
Вып. 3. - 1956. - С. 47.
168
 Зиманов С. Политический строй ... - С. 50.

212
сауда түрлері де аздық етіп, енді дүкендер, лавкалар, көтерме 
складтар пайда болады.
Бұл  кезде  әсіресе  базар  сөзі  активтенеді.  Бұл  сөз  –  қазақ 
тілінде өте әріден келе жатқан сөздердің бірі. Бұрынырақ базар 
сөзі қазақ тілінде «жиынды, думанды жер» деген мағынаны да 
берсе керек. Мысалы, Абайдағы: «Өткен соң базар, Қайтқан 
соң ажар, Не болады құр қожақ?» (I, 90); «Кешегі Оспан – Бір 
бөлек жан, Үйі – базар, түзі – той (I, 151); Дулаттағы: «Жүрген 
жері  жақсының  –  Күнде  базар,  мереке  (59);  «Балалы  үй  – 
базар,баласыз үй – қу мазар» деген мәтелдегі базар сөзі «са-
уда орны» дегенді емес, «жиынды, тіпті думанды жер» деген 
ұғымды береді. Абай аударма өлеңінде «шумный пир людей» 
дегенді де базар деп береді: «Алып шықпа базарға, Асаудайын 
бұлқынтып» (II, 94) – Не выходи тогда На шумный пир людей 
Со своей бешеной подругой (Лермонтов, І, 36).
Кейбір  зерттеушілердің  айтуына  қарағанда,  базар  сөзінің 
бұл мағынасы – ауыспалы мағына. Сауда-саттық орны бола-
тын базардың халық көп, у-шу болып жататыны мәлім. Осы-
дан у-шу, думанды жерді (үйді) мағына ауыстырып базар деп 
атаған
169
. Бұлда ықтимал пікір. Дегенмен, базарсөзі қайткенде 
қазақ жеріне орыс саудасының келуінен көп бұрын кірген деп 
шамалаймыз. Демек, базарсөзін қазақтар орыс тілінен алмай, 
шығыс  тілдерінен  ертеректе  алған  болу  керек  (орыстардың 
өзінебұл  сөз  шығыс  тілдерінен  енген)
170
.  Сондықтан  базар 
сөзінің  «жиынды  орын»,  одан  мағынасы  жылысып  «думан-
ды, көңілді орын» деген мағыналары (бұның өзі де алғашқы 
кезден-ақ  ауыспалы  болуы  мүмкін)  ұзақ  уақыттар  бойы 
қолданылып  келіп,  кейін  XVII-XIX  ғасырларда  Қазақстанда 
Россия саудасының етек алуына байланысты, базар сөзі «са-
уда орны» деген ұғымда қайта активтенген болар дейміз. Біз 
талдап отырған кезеңде базар сөзінің негізгі басым мағынасы 
– «сауда жүргізетін жер, жиын»: «...Жылда егін піскен уақытта 
169
 Мусабаев Г. Современный казахский язык. Лексика. - Алма-Ата, 1959.
170
  Базар  сөзінің  этимологиясын  зерттеуші  Н.Қарашева  оны  парсы  түбірінен 
өрбітеді: баз парсыша «қақпа», ар – ар жағында, артында деген дербес сөздерден 
құралған  дегенді  айтады.  Бұған  бұрын  базардың  орны  қаланың  сыртында,  қақпа 
артында болғанын дәлелге келтіреді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - 
Алматы, 1966. - 53-54-б.

213
манағы  қорғанда  жәрмеңке  реуішті  базар  болады»    (Алтын-
сарин,  1879.  38);  «Сатып  алған  базардан»  (Дулат,  60);  «Бұл 
дүние жұртты алдаған бейне базар» (Ақан сері, 261). Абайдың: 
«Базарға қарап тұрсам әркім барар, Іздегені не болса сол та-
былар. Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе 
бермес базар» (I, 43) деген жолдарынан базар атауының сол 
кездегі басым мағынасын тануға болады.
Өткен ғасырдағы әдеби тілгс базар сөзімен қағар жәрмеңке 
сөзі де кіреді. Бірақ бұл атау көркем әдебиетте базар сөзіндей 
актив қолданылмаған. Абайда да жоқ.
Жоғарыдағы айтылған ұсақ кезбе саудаға қатысты сөздер де 
Абай тілінен де, тұстастары тілінен де орын алған. Ел аралап 
жүргізген ұсақ сауда болғанын айттық. Сол кезде ұсақ сауданы 
жүргізетін агенттер Қазақстанның әр жерінде әртүрлі аталған. 
Олар: арбашы – арбамен жүріп, қазақ ауылдарын аралап, ұсақ-
түйек  бұйымдармен  сауда  жасаушы.  Сара  мен  Біржанның 
айтысында  Сара:  «Бұлындай  берекесіз  арбашының»,–  дейді. 
Оңтүстік өлкені (Сыр бойын) мекен еткен ақын Майлықожа: 
«Аттершіден  алғаны  Айна-тарақ,  рең  боп»  (213)  деп  жыр-
лайды.  Абай  бұларды  бақалшік  деп  атайды  (II,  158):  «Ол 
бақалейщик  дегеннен  алынғаны  болу  керек».  Сірә,  бұл 
саудагерлерді қазақша бақалшы деп атау да кең тараған болса 
керек. Өйткені бақал сөзі қазақ тіліне орысша бакалея деген-
нен емес, араб, парсы тілдеріндегідей бақалүл – «овощ сату-
шы» деген сөзінен алынып, ертеректе енген сөз деп ойлаймыз. 
Бірақ қазақ тілінде бұл сөздің тума тілдердегі мағынасы жылы-
сып, оның «бақша өнімдерін, овощ сатушы» (сөздің түбірінің 
өзі  бақал  –  арабша  өсімдік,  көк  шөп,  овощ)  деген  о  бастағы 
мағынасы «ұсақ нәрселерді сатушы» (шөп-салам, овощ – ірі та-
уар емес қой) дегенге ауысқан болу керек. Бақал сөзінің түркі 
тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне шығыс тілдерінен ертерек-
те енген болу керек дегенді өзге зерттеушілер де (Ж.Болатов) 
айтады
171
.
Жылжымалы  ұсақ  сауданың  жалпы  атауы  да  тілден  орын 
алуға тиісті. Зерттеушілер Абайдың мәліш сауда дегенін орыс-
ша «мелочь» («мелочная торговля» немесе «торговля мелоча-
171
 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 55-б.

214
ми») дегеннен алынған деп есептейді
172
. Абай «мал деп туып, 
бірақ  оны  еңбекпен  терін  сатып  түздеп  жимай,  мәліш  сауда 
сықылды күлкі сатып» жимақ болғандар туралы айтқанында, 
шынында  да,  ел  кезіп,  бір  күн  анаған,  бір  күн  мынаған  дос, 
жақын болғансып жүргендердің күйкі қылығын ауыл аралап, 
айна-тарақ сатушылардың ұсақ әрекетіне ұқсастырады. Мәліш 
сауда  тіркесі  осылайша  ақынның  өз  салыстыруынан  туған 
образды атау болуы да мүмкін, сондай-ақ оны өз тұсындағы 
сөйлеу  тілінен  алуы  да  мүмкін.  Өйткені  орыстар  өсіретін 
құйрығы  жоқ  ұсақ  қойларды  қазақтар  мәліш  деп  атайтын 
болған. Орысша мелочь сөзінен жаңа сөз тудырып алу – өткен 
ғасырдағы қазақ тіліндегі сөйлеу тәжірибесінде бар құбылыс. 
Сондықтан «мелочная торговля» дегенді де ауызекі сөйлеуде 
мәліш  сауда  деп  «қазақшалай»  салған  болар  деп  жорамалда-
уымыз қисынсыз да болмас. Қайткенде де Абайдан өзгелерде 
кездеспейтін  мәліш  сауда  тіркесі  –  қазақ  даласында  келген 
жаңа сауда операциясының біреуінің жалпы атауын білдіреді.
XIX  ғасырда  саудаға  байланысты  актив  қолданылған 
сөздердің  бірқатарының  сол  кездегі  мағынасы  осы  күнгі 
мағынасынан біраз өзгеше. Мысалы, саудагер – қазіргі күнде 
саудамен пайда табушы, қоғамға жағымсыз қылықты адамның 
атауы,  яғни  орысша  «спекулянт»  дегеннің  баламасы.  Ал 
өткенде,  әсіресе  XVIII  ғасыр  мен  XIX  ғасырдың  бас,  орта 
кезінде саудагер – «саудамен шұғылданушы, соны кәсіп еткен 
адам», яғни «торговец». Өйткені сауданың өзі – бұл кезде қоғам 
үшін пайдалы кәсіптің бірі. Абай оны («сауда қылмақты») егін 
салмақ секілді шаруа (яғни кәсіп) деп қарайды (II, 222). Абай-
да саудагер сөзінің осы мағынада («торговец») қолданылғаны 
бар:  «Жаңа  бұлмен  жамырап  саудагерлер,  Диханшылар  жер 
жыртып, егін егер» (I, 123); «Саудагер тыныштық сауда қыла 
алмай  жүр  (I,  33)»;  «Сарттық...  саудагерінің  жүрмеген  жері 
жоқ» (II, 158).
Өткен  ғасыр  сөздіктері  де  бұл  сөздің  орысша  балама-
сын «торговец» деп береді. Сонымен қатар XIX ғасырдың II 
жартысында-ақ  бұл  сөздің  екінші  мағынасы  туа  бастайды, 
172
 Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР. 
- Серия общественных наук. - 1964. - Вып. 4. - С. 66. 

215
яғни  саудагер  сөзі  –  тек  сауда  жасаушы  емес,  несиеге  тауар 
беріп, өсім алатын «спекулянт, пайдақор, өсімқор, ростовщик» 
дегенді де білдіре бастайды. Абай бұл жаңа мағынасында да 
қолданады: «Саудагер қашты бұл елден, Несиесін жия алмай» 
(I, 64); «Саудагер несиесін жия келгенде...» (II, 172); «Әркімге-
ақ  тілеу  қостық  қой,  Бәрі  –  алдамшы  саудагер»  (I,  235).  Са-
удагер сөзінің алғашқы мағынасы бірте-бірте әлсіреп, қазірде 
соңғысы қалыптасқан.
Сондай-ақ  пұл  (бұл)  сөзі  Абай  тілінде  және  осы  тұстағы 
халық тілінде «ақша, байлық» мағынасында жиірек жұмсалған: 
«Бұл  құрап,  киім  түзеп,  қарны  тойған»  (I,  270);  «Бұл  үшін 
қызықпассың, сен де бір ер» (I, 265); «Өз бұлыңмен халің жоқ 
күнде тояр» (I, 174); «Тәтті менен дәмдіні Қолында бұлы бар 
жейді»  (Дулат,  99).  Пұл  сөзінің  «парық,  баға,  бағалылық» 
мағынасы  да  параллель  қолданылады:  «Мына  бір  істің  бұлы 
бар  екен  деп»  (II,  219).  Пұл  (бұл)  сөзінің  соңғы  мағынасы 
бұрынырақтан бар болу керек, осы түбірден жасалған бұлдау, 
бұлдану  сөздері  –  қазақ  лексикасында  ертеден  қолданылып 
келе жатқан сөздер.
Базарлы жерге өз бетімен бара алмайтын ауыл адамдары-
нан үйір-үйірі не қора-қорасымен мал сатып алып, оны базар, 
жәрмеңкелерге үлкен кіріспен сататындар болған. Олар түскен 
ақшаға  тауар  әкеліп,  оны  тағы  да  пайдасымен  ауыл  арасына 
сатқан.  Бірақ  қазақ  аулында  ақша  аз,  сондықтан  ол  тауар-
ды  кедей-кепшік,  жоқ-жұқаларға  несиеге  береді.  Көктемде 
несиені өсімімен жинап алады. Сөйтіп, осы операцияның өзіне 
қатысты көптеген жаңа ұғымдар мен оларды білдіретін жаңа 
сөздер пайда болады. Олар: алыпсатар, өсім, өсімқор, табыс, 
пайда,  несие,  қарыз,  борыш  т.б.  Сауданың  осы  айтылған  си-
патына  қарай  қазақ  өміріне  мықтап  енген  «процент»  ұғымы 
Абай тұсында және Абайдың өзінде өсім сөзімен білдірілген: 
«Өсімге  қол  жайды,  Тай  алып  серкешке»  (I,  158);  «...Тапқан 
малымның  бір  бөлімін  өсімге  беремін»  (Алтынсарин,  1879, 
34);  «Екіге  сатса  біреуі,  Несиенің  өсімі»  (Дулат,  101).  Несие 
мен қарыз – дублет сөздер, екеуі де «заттай не ақшалай ала-
тын  (немесе  беретін)  борыш»  дегенді  білдіреді.  Екеуі  қатар 
қолданылған:  «Саудагер  қашты  бұл  елден,  Несиесін  жия  ал-

216
май» (I, 64); «Бейне бір несиеге мал сатқандай» (Алтынсарин, 
1879.  100).  Дегенмен  несие  сөзінің  саудаға  (саудагерлерге) 
байланысты, ал қарыз сөзінің жалпы біреуден (көбінесе, әрине, 
барлардан, байлардан) уақытша ақша т.б. ала тұруға байланы-
сты қолданылуы ажыратыла бастайды: «Бір тиын, қазақ, бай-
дан қарыз алма» (Шортанбай, 150).
Табыс та – сауда саласында жаңа сөз, ол көбінесе Абайда 
кездеседі: «Сонымен табысы құралмай» (II, 189). Бұл жердегі 
табыс – саудамен мал жию, байлық құрау, кіріс. Бұл кездегі 
табыс  сөзінің  бір  дублеті  –  пайда.  Шығын  сөзінің  бұған 
қарама-қарсы  мағынасы  да  осы  тұста  жанданған,  ол  –  сау-
да  кәсібінен  шеккен  зиянды  білдіру:  «Алған  пұлы  жетпейді 
шығынына» (Майлы, 210). 
Сату сөзінің семантикалық қозғалысы өте қызық. Алғашқы 
кезде бұл етістік «сату» дегенді де, «сатып алу» деген мәнді 
де  білдірген.  Біржанның  «Бір  атты  сатып  міндім  елу  бес-
ке»  (188)  немесе  «Барыңда  батып  іш,  жоғында  сатып  іш» 
деген  мақалдағы  сатып  сөзі  қазіргі  нормамызда  соңынан 
алу  көмекшісін  қажет  етіп  тұрады.  Келе-келе  сату  етістігі 
осы  күнгі  мағынасында  («продавать»)  орнығады  да  «ку-
пить»  актісін  білдіру  үшін  алу  көмекшісімен  тіркескен  түрі 
қолданыла  бастайды.  Мұндай  дифференциацияның  алғашқы 
нышаны  өткен  ғасырдың  екінші    жартысында-ақ  көріне  ба-
стайды. «Продавать» ұғымы үшін базарға ұстап сату, сатып 
кету тәрізді тіркестер қолданыла бастайды. Мысалы, Абайда: 
«Кірмен өлшеп, базарға ұстап сатпақ» (II, 146).
Қазақ даласына келген сауда қатынасына байланысты жаңа 
тіркестер  туады.  Пайда  табу,  пайда  құру,  зиян  шегу,  қала 
шығу тәрізді тіркестер – XIX ғасырдың туындылары. Сонымен 
қатар қазақ тіліне тек сауда қатынастары мен операцияларына 
қатысты ұғымдарды білдіретін сөздер ғана емес, сауда айна-
лымына  түскен  күллі  тауарлардың  аттары  да  молынан  енді. 
Олардың  бірсыпырасы,  мысалы,  экспорттық  тауар  атаулары 
(яғни қазақтардың сатқан тауары – мал, жүн, қыл-қыбыр, тері-
терсек) бұрыннан бар актив сөздер болса, қазақ даласы сатып 
алатын көптеген жаңа тауарлардың аттары енді пайда болады. 
Ол тауарлардың бірқатары өз аттарымен (яғни орысша атау-

217
ымен) келсе, енді бірқатарының атаулары қазақ топырағында 
жасалады.  Бұлардың  көбі  Абай  лексикасында  көп  орын 
алмағандықтан, біз осы жұмыста саудамен келген бұйым атта-
рын сөз етпедік.
Азаматтық сипаттағы оқу-ағарту мен ғылым-білімге қатыс- 
ты сөздер Абай өмір сүріп, жазушылық құрған XIX ғасырдың 
II жартысындағы қазақ тілі тарихында маңызды рөл атқарған 
мәдени  факторлардың  бірі  –  білім  тарату  ісі  болды.  Мұның 
өзі  екі  түрлі:  діни  және  дүнияуи,  яғни  азаматтық  (орысша 
светское,  гражданское  образование).  Өткен  ғасырдың  соңғы 
ширегінде  патша  үкіметі  Қазақстанда  ислам  дінінің  таралу-
ын  біраз  тежеді,  соған  байланысты  діни  оқу  орындарының 
саны  едәуір  азайып,  оның  есесіне  жаңа  типтегі  оқу  орында-
ры – бастауыш орыс-қазақ школдары ашыла бастады
173
. Бұлар 
балаларға жалпы азаматтық білім негізін беретін болды. Абай 
сынды  демократ-ағартушы  азаматтық  оқу-білім  тақырыбын 
сөз  етпей  қалмағаны  ақиқат.  Сондықтан  Абай  лексикасынан 
азаматтық уклондағы оқу-ағартуға және жалпы білім-ғылымға 
байланысты көне-жаңа едәуір сөзді тауып, талдауға болады.
Ең  алдымен,  осы  кезеңдегі  оқу  орнының  атауына  тоқ- 
талалық.  Жоғарыда  біз  әдейі  мектеп,  школ  деп  екі  терминді 
атадық. Бұл күндегі әдеби тілімізде алғашқы білім беретін оқу 
орнының бәрі мектеп деп аталады, ал өткен ғасырда (тіпті оның 
соңғы кезінде ғана) мектеп сөзі мұсылманша діни төменгі оқу 
орнының атауы болған. Мектеп – кейінгі кезде пайда болған 
атау. Шығыстағы мұсылман елдерінде алғашқы кезден бастап 
(X-XI ғасырлардан) көп уақытқа дейін күллі оқу орны (баста-
уыш та, жоғарғы да) медресе деп аталған. Мектеп деген атау 
Орта  Азия  мен  татар  халықтарында  мүлде  соңғы  кездерде, 
балалар едәуір көптеп оқи бастаған кезде пайда болған, онда 
да бастауыш білім беретін орынды білдірген
174
Мектеп деген 
сөз  әсіресс  XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басталар 
аралығында  «жаңа  әдіспен  оқытатын»  (жәдидше)  бастауыш 
оқу  орындары  пайда  болған  кезде  жиі  қолданыла  бастағанға 
ұқсайды.  Сөз  етіп  отырған  XIX  ғасырдың  II  жартысында 
173
  Тажибаев  Т.  Просвещение  и  школа  Казахстана  во  второй  половине  XIX  в.  - 
Алма-Ата, 1962. - С. 33, 132.
174
 Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов. - Алма-Ата, 1950. - С. 5.

218
Қазақстанда  мектеп  те,  медресе  де  (өздері  де,  атаулары  да) 
болған. Мысалы, Семей облысында 1884 жылы – 10, 1888 жылы 
–  12,  1895  жылы  –  17  мектеп  пен  медресе  болыпты.  Кейбір 
облыстарда, әсіресе сол кезде өзбек, татар халықтары тұрған 
өлкелерде (мысалы, Сырдария облысында) мектеп пен медресе 
саны әлдеқайда көп болған. Осыған қарағанда, мектеп деген 
сөз  тілімізде  өткен  ғасырда  «мұсылманша  діни  оқуға  үйре- 
тетін  бастауыш  оқу  орны»  дегенді  білдіруге  тиісті  сөз 
болғанымен, күнделікті сөйлеу тілінде, біздің байқауымызша, 
бұл  атаудың  өзі  жиі  қолданылмағанға  ұқсайды.  Әдетте  сол 
кезде  қазақ  баланы  мектепте  оқиды  (оқыды)  деудің  орны-
на  молдаға  (немесе  молдадан)  оқиды  деген  тіркесті  жиірек 
қолданған.  Ал  Ыбырайда  мектеп  деген  сөз  мүлде  жоқ, 
мұсылманша оқытатын (оның өзінде де молдасы «жазу да та-
нымайтын  надан»)  бастауыш  орынды  бір-ақ  жерде  медресе 
деп атапты: «Бір күндерде сол елге бір шын молда келіп, әлгі 
бала оқыған медресеге келіпті» (Алтынсарин, 1879. 52). Екінші 
бір жерде университетті медресе деп түсіндіреді: «1791 жыл-
да өзім университет деген үлкен медреседе оқып жүрген жігіт 
күнімде...» (Сонда. 34). Осыларға қарағанда, Ыбырай тілінде 
медресе деген сөз жалпы «оқу орны» дегенді білдірген, ал оқу 
орнын  мектеп,  медресе  деп  ажырату  болмаған.  Дәл  сондай-
ақ  мектеп  деген  сөз  Абай  тілінде  де  бір-ақ  жерде  кездеседі. 
Онда  да  қазақ  жеріндегі  мектеп  туралы  емес,  Түркиядағы 
жаңа оқу орындары (мектеп харбия, мектеп рүшидия) жайын-
да айтқан тұсында. Ал бастауыш дәрежеде діни сауат ашуды 
Абай да молдаға оқу, молдаға беру, сабаққа беру деп атайды: 
«Оқытарсың молдаға оны» (I, 127); «Соңынан молдаға берген 
болады» (II, 195). Ыбырай сияқты, Абай да жалпы мұсылманша 
оқу орнын – оның ішінде бастауышын да медресе деп атаған: 
«Үлкендерін  қорқытып,  жас  балаларын  еріксіз  қолдарынан 
алып,  медресеге  беріп»  (II,  214).  Абай  тек  мұсылманша 
оқу  орны  емес,  жалпы  «оқу  орны»  деген  ұғымда  да  медресе 
сөзін қолданған: «Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет 
қылсын, шен алсын деп бермедім» (I, 25) дегенінде медресе – 
мұсылманша оқу орны емес, жалпы оқу орны, өйткені Абай ба-
лаларын (Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды) орыс школдары-

219
на беріп оқытқаны белгілі. Жоғарыда айтылған, XIX ғасырда 
қазақ даласында пайда болған орыс-қазақ мектептері сол кез-
де  школ  деп  аталған.  Сөз  жоқ,  біреуі  ислам  дінінің  канонда-
рын  үйрететін,  біреуі орыс  уклонды  азаматтық білім беретін 
екі түрлі оқу орнын өмірде ажыратып атау қажеттілігі күшті 
болған.  Сондықтан  халық  тілінде  мұсылманша  діни  оқу  ор-
нын,  тіпті  оның  жаңа  әдіспен  (жәдидше)  оқытып,  азаматтық 
білім  негіздерін  қоса  үйрететін,  кейбіреулерінде  орысша  да 
сауатын аштыратын жаңа типті түрлерін де мектеп, медресе 
(немесе көбінесе, молдаға оқыту) деп атап, үкімет тарапынан 
ашылған жаңа мектептерді (олардың өзінде де мұсылманша са-
уат ашу қоса жүргізілген) орысша атауынша школ деп атаған. 
Сондықтан  революцияға  дейінгі  Қазақстандағы  оқу-ағарту 
мәселесін  сөз  еткен  орыс  тіліндегі  әдебиетте  алғашқысын 
мектебі,  соңғысын  школы  деп  алып  жүр.  Ыбырай  да  жалпы 
оқу  орны  мен  мұсылманша  мектепті  медресе  деп  атағанмен, 
өзі қызмет еткен жаңа типті орыс-қазақ мектептерін школ деп 
атайды («Начальное руководство к обучению киргизов русско-
му языку» дегеніндегі қазақшадан орысшаға аударуға ұсынған 
текстерін қараңыз). Бұлайша дифференциациялап атау қазіргі 
жазушыларымызда  да  бар  (өткен  ғасырдағы  оқу  орындарын 
сөз  еткен  жерлерінде).  Мысалы,  Мұхтар  Әуезов  «Абайдың 
өмірбаяны» деген еңбегінде былай деп жазады: «Абай екінші 
баласы  –  Әбдірахманды  Семей  қаласындағы  уездік  школға 
оқуға  береді,  артынан  біраз  жыл  өткен  соң,  үшінші  баласы 
Мағауияны  да,  әйел  баласы  Гүлбаданды  да  әкеп  орыс  шко-
лына  береді»
175
.  Жалпы  школ  атауы  революцияға  дейінгі  тек 
орыс-қазақ мектептері емес, таза орыс мектептерінің де атауы 
болған.  Мысалы, Сәбит Мұқанов  Ботакөзді «орыс школында 
оқыды» дейді. Ботакөз оқыған мектеп – таза орыс мектебі. Ал 
Абай тілінде школ деген атау жоқ, мұндай жаңа оқу орнын Абай 
бір-ақ жерде интернат деп атайды. Үкімет ашқан орыс-қазақ 
мектептерінің көпшілігінің жанында интернат болған. Семей 
мен Ақмола облыстарындағы Мұндай мектептердің барлығы 
да  1890  жылдарға  дейін  школа-интернат  болып  келіп,  1890 
жылдардан  бастап  төменгі  сатыдағы  ауыл  шаруашылық 
175
 Әуезов М. Абайдың өмірбаяны // Абай Құнанбаев. - Алматы, 1957. - II т. - 31-б.

220
мектептеріне  айналдырылған
176
.  Соған  қарағанда,  Абай  өмір 
сүрген  өлкеде  XIX  ғасырда  бұл  оқу  орындарының  атауы 
ретінде школ дегеннен гөрі интернат сөзі жиірек қолданылған 
болу керек.
Бастауыштан  кейін  әрі  қарай  діни  білім  беретін  оқуорны 
Орта Азия халықтарында да, Еділ бойы татарларында да және 
Қазақстанда  да  медресе  деп  аталған.  Ал  Абай  медресе  деп 
күллі  дәрежелі  (бастауыш,  орта,  жоғары)  мұсылманша  оқу 
ордасын  атағанын  жоғарыда  айттық.  Біздің  байқауымызша, 
XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінде жалпы оқу орнын, 
оның  ішінде  бастауышын  да  мектеп  дегеннен  гөрі  медресе  
деп  жиірек  атаған.  Мысалы,  сол  тұстағы  «Дала  уалаяты 
газетінде»  көбінесе  медресе  дегенді  ұшыратамыз:  «Қазақтар 
медресені бірте-бірте ашып жатыр» (1894, №33); «Бірлі-жарым 
қазақтар  медресе  ашайын  десе,  көңілдегі  молла  жоқ»  (1896, 
№3) т.б.
Келесі  бір  көңіл  аударатын  термин  –  оқытатын  адамның 
атауы.  Бұл  күнде  мектепте  оқытатын  адамды  білдіру  үшін 
мұғалім  (жалпы  атақ)  және  оқытушы  (жеке  пәндердің 
мұғалімі  деген  нақты  атақ)  деген  екі  термин  әдеби  норма 
ретінде қалыптасқаны белгілі. Ал Абай тұсында, ең алдымен, 
мұсылманша  бастауыш  оқу  ісін  жүргізуші  адам  қазақтарда 
молда  деп  аталды.  Мектепте  оқу  мен  молдаға  оқу  деген 
тіркестердің семантикалық жағынан синонимдес болғаны да – 
осыдан. Абай мен Ыбырай да бұл типті оқытушыларды, яғни 
арабша  хат  танытатындарды  молда
177
  деп  атаған,  Ыбырайда: 
«Аңқау елге арамза молда тұрып, балаларға сабақ оқытыпты-
мыс» (1879, 52); «Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар 
екен»  (1870,  2).  Абайда:  «Оқытарсың  молдаға  оны»  (I,  127); 
«Жазу жаздық, хат таныдық, Болдық азат молдадан» (I, 129).
Ал орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдері ол кезде түрліше 
аталған:  ұстат  (ұстаз),  учитель,  молла,  үйретуші.  Ыбырай 
«Хрестоматиясында»  бұларды  қазақша  ұстат  деп  атаған. 
Бұл  –  қазақ  тілінде  ертеден,  кітаби  тілден  келе  жатқан  сөз. 
Ол  ортаазиялық  түркі  әдеби  тілінде  «учитель»  мағынасында 
176
 Тәжибаев Т. Көрсетілген еңбек. - 35-б.
177
 Бұл сөздің тек «оқытушы» ұғымында емес, діни міндеттер мен ритуалдарды 
орындаушы адам атауы мағынасында да қатар қолданылғаны белгілі.

221
қолданылған сөз (қара: Хорезми. Мухаббат-наме. Издание тек-
ста, транскрипция, перевод и исследование Э.Н.Наджипа. - М., 
1961. - С. 105, 164 және Боровков А.К. Лексика среднеазиат-
ского тефсира XII-XIII вв. - М., 1963. - С. 129, 332).
Абайда  бұл  сөз  ұстаттық  түрінде  келеді.  Сірә,  өткенде 
бала тәрбиелеу, оқыту мағынасында ұстаздық ету, ұстаттық  
қылу  деген  тіркес  қолданылғанға  ұқсайды.  Соңғысы  Абай 
тілінде де бар: «Ұстаттық қылған жалықпас Үйретуден балаға 
«(I,  163).  Бірақ  Абайда  «мектеп  мұғалімі»  мағынасындағы 
ұстат, ұстаз сөздері де (ұстаз сөзі Абайда жалпы «тәрбиеші, 
үйретуші»  мағынасында  келеді),  қазақ  тілінде  сол  тұста 
кіре  бастаған  өшетіл  (учитель)  сөзі  де,  орыс  ағартушылары 
(А.Алекторов,  А.Васильев)  жасаған  үйретуші  сөзі  де  жоқ. 
Жалпы Абай тілінде үкімет мектептері мұғалімдерінің атауы 
жоқ.  Бұл  мектептерді  арнайы  сөз  етпегеннен  кейін  жазушы 
оған қатысты көптеген сөздерді тілінде қолданбаған.
Бұл күндегі оқушы термині – жаңа туынды. Өткен ғасырда 
мектеп  пен  медреселерде  оқитындар  шәкірт  деп  аталған.  
Абайда  шәкірт  термині  «оқушы»  мағынасында  жұмсалған: 
«Олардың  шәкірттерінің  көбі  біраз  ғараб-парсыдан  тіл 
үйрснес...» (II, 205). Шәкірт сөзінің «тәрбиеленуші, үйренуші» 
мағынасы да «оқушы» мағынасына жуық: «Шәкіртсіз ғалым 
тұл» (II, 194). Бұл кезде орыс-қазақ школдарының оқушылары 
да  көбінесе  шәкірт  сөзімен  берілген.  Абайда:  «Интернатта  
оқып жүр Талай қазақ баласы, Жаңа өспірім, көк өрім, Бейне 
қолдың  саласы» дегенінен  бөтен,  бұндай  мектеп оқушылары 
жайында сөз жоқ, демек, атауы да жоқ. Ал Ыбырай «Хресто- 
матиясында»  оларды  оқудағы  балалар  немесе  тіпті  бала-
лар  деп  атайды,  сірә,  Ыбырай  мектеп-медресе  оқушылары- 
мен  шатастырмас  үшін,  шәкірт  деген  терминді  өз  мектеп- 
терінде оқитындарға әдейі қолданбаған сияқты (бірақ «Руко- 
водствосындағы» сөздікте ученик дегеннің баламасын шәкірт 
деп көрсеткен).
Оқу-ағарту  саласында  жиі  қолданылатын  сөздің  бірі, 
сол  процестің  атауы  –  оқу  сөзі.  Оқы  етістігі  –  байырғы  сөз. 
Одан  жасалған  туынды  зат  есім  –  оқу  сөзінің  бұрынғы  на-
маз  оқу,  құран  оқу  дегендерден  басқа  «мектепте  оқу,  білім 

222
алу» мағынасында жиі қолданыла бастауы әуелі мұсылманша 
оқудың, кейін азаматтық білім берудің айтарлықтай жанданған 
уақытына тура келеді. Абайда бұл сөз «білім алу» мәнінде жиі 
қолданылған.  Абайда  ол  оқу  оқып,  оқу  оқыту,  орыстан  оқу, 
орыс оқуы сияқты тіркестермен де келеді.
Оқу, медресе сөздерін былай қойғанда, Абайда білім, ғылым, 
ілім,  ғалым,  ғұлама,  сурет  т.б.  сөздері  өте  жиі  қолданылған. 
Оның  үстіне  бұл  сөздердің  бірсыпырасын  Абай  бірнеше 
мағынада  жұмсайды.  Мысалы,  білім  сөзі  өткен  ғасырда  осы 
күнгідей орысша «знание», «образование» деген ұғымдардың 
мағынасын білдірген. Бірақ оның сөздіктің актив қорына айна-
ла бастаған кезі – өткен ғасырдың соңғы ширегі, атап айтқанда, 
Абай мен Ыбырай шығармаларының тілі. Өз творчествосының 
өзекті тақырыбының бірі – оқу-білім болған Абай білім сөзін 
өте  жиі  қолданған  және  одан  білімді,  білімсіз,  білімсіздік, 
білімділік сияқты туынды сөздер мен ғылым-білім, білім-ғылым 
(Ыбырайда:  өнер-білім)  деген  қос  сөз  тұлғаларын  жасаған. 
Абай  бірер  жерде  бұл  ұғымды  орысша  атайды:  «Халықтың 
болыстыққа  сайлаймын  деген  кісісі  пәлен  қадерлі  орысша 
образование алған кісі болсын...»; «Қызметқұмар қазақ бала-
ларына орысша образование беруге ол да – пайдалы іс...» (II, 
160).  Бұл  стилистік  мақсатпен  әдейі  қолданылған  сөз  екенін 
жоғарыда  айттық,  әйтпесе  ол  барлық  жерде  де  бұл  ұғымды 
білім,  ғылым-білім,кейде  тіпті  ғылым  деген  сөздермен  беріп 
отырады.
Абайда ғылым сөзі көп жерде білім сөзінің синонимі ретінде 
(осы  күнгідей  «наука»  мағынасында  емес)  алынған:  «Хәтта 
қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы 
дін танырлық қылып үйретсе...» (II, 214); «...Балаңа орыстың 
ғылымын үйрет» (ІІ,180).
Абайда ғылым табу, ғылым оқу, ғылым іздеу деген тіркестер 
жиі  қолданылған,  автор  оларды  «білім  алу»  деген  мағынада 
жұмсаған: «Сол малды сарып қылып ғылым табу керек» (II, 
168); «Ғылым таппай мақтанба» (I, 44); «Ғылым тапқандардың 
жолына...» (II, 164); «Ғылым оқып ой таппай» (I, 58); «Ғылым 
іздеп,  жатпаған»  (І,  185)  т.б.  Ал  қалған  жағдайларда  ғылым 
сөзі, Абайда «наука» мәнінде қолданылған: «Химия ғылымын 

223
білуші  ем,  үйретер  ем»  (I,  271);  «Ғылым  сөзін  сөйлесер»  
(II,  157).  Лермонтовтағы:  Мы  иссушили  ум  наукою  бесплод- 
ной деген жолды «Пайдасыз ғылымменен ми кептірер» (ІІ, 103) 
деп аударады.
Білім,  ғылым  деген  екі  сөз  Абайдың  өлеңдерінде  де,  про-
засында  да  соншама  жиі  қолданылған;  бұл  –  ұлы  суреткер 
шығармаларының тікелей мазмұнына байланысты ерекшелік. 
Сөйтіп, білім мен ғылым сөздерінің терминдік мәнге ие болып, 
екіге ажырап дифференциациялануы – соңғы кездердің жемісі.
Абай жиі қолданған ғалым сөзі осы күнгідей «ученый» де-
ген тар (бір) мағынадағы термин ретінде де, «білімді адам» де-
ген жалпы мағынадағы сөз ретінде де қолданылады да соңғы 
ұғымда надан сөзінің антонимі ретінде келеді: «Ғалымнан на-
дан артпас ұққанменен» (I, 252). Ал таза «ученый» мағынасын 
Ыбырай әлім сөзімен береді: «Әлім кісі (ученый человек)» (Ал-
тынсарин, 1879, X). Бір әлім адам жапанда келе жатып...» (Сон-
да. 26). Кейде «білімді адам» деген мағынаны Ыбырай оқымыс 
деп те алады: «Оқымыстың байлығы күннен-күнге көп болар» 
(Сонда. XIII). Абай бұл екі сөздің екеуін де қолданбаған. Соңғы 
сөз  (оқымыс),  сірә,  Қазақстанның  батыс  өлкесіне  тән  болған 
болу керек (кейін бұл сөзді ученый дегеннің баламасы ретінде 
проф.  Құдайберген  Жұбановтың  еңбектерінен  кездестірдік). 
Басқа  ақындар  бұл  мағыналарда  жоғарғы  сөздерді  көп 
қолданбаған:  Дулатта  оқымалды,  молда  (66)  дегенді  оқимыз. 
Абай  жиі  қолданған  хаким  (хакім)  сөзі  ғалым  деген  сөзден 
бөлек,  «данышпан,  дана  адам»  мағынасында  келеді:  «Әрбір 
ғалым – хақим емес, әрбір хақим – ғалым» (II, 205); «Аристотель 
хакімге патша келді» (I, 262). Бірақ  ғалым, хаким сөздерінің 
мағынасы бір-біріне жуық екенін Абай өзі де айтады: «Хаким, 
ғалым – асылда бір сөз, бірақ ғарафта басқалардүр» (II, 204).
Оқу-ағарту процесіне қатысты сөздердің бірі – сабақ. Бұл – 
көп мағыналы сөз, бір мағынасы – мектептегі оқыту процесінің 
атауы; сабақ  сөзінің осы мағынасы өткенде де болған. Абай да, 
Ыбырай да сабақ сөзін «оқу, оқыту» мағынасында жұмсайды: 
«[Баланы]  сабаққа  бергенде,  молданың  ең  арзанын  іздеп  та-
уып  алып...»  (II,  167);  Ыбырайда:  «Сабаққа  көңіл  берсең 
басыларсың»; «...берген сабақтарын толық үйреніп, білуге ты-

224
рыс». Орыс ағартушылары да урок дегеннің аудармасын сабақ 
деп береді. Мектептердегі сабақтың бұрын қолданылған тағы 
бір атауы –дәріс Абай мен Ыбырайда жоқ.
Сабақ сөзін Абайдың ауыспалы жаңа мағынада қолдануын 
проф.  Қ.Жұмалиев  дәл  тауып,  өте  жақсы  талдаған
178
.  Абай 
«Онегиннің  сипатында»:  «Ел  аулақта  оңаша  қолына  алып, 
Көңліндегі сабағын айтып тынар» (II, 73) десе, осындағы сабақ 
–  Пушкиннің  «И  после  ей  наедине  Давать  уроки  в  тишине»  
(V,  14)  дегеніндегі  урок  сөзінің  мағынасында.  Бұл  сабақтар, 
әрине, мектептегі сабақ емес, ауыспалы мағынада.
Жазу деген туынды сөз де осы кезенде активтенген. Бұның 
XIX  ғасырдағы  мағынасы  «письмо,  написанная  бумаға,  гра-
мотность»  (Ильминский,  128).  Абайдың  «Жазу  жаздың,  хат 
таныдың»  (I,  129)  дегенінде  жазу  сөзі  –  осы  күнгідей  тура 
мағынасында,  яғни  қағазға  әріп  таңбасын  түсіру  процесінің 
атауы. Сонымен қатар жазу сөзі – Абай тұсында, оның ішінде 
Абайдың өз тілінде творчестволық процесс аты, яғни «ақынның 
өлең, шығарма жазуы» дегенді білдіре бастайды: «Бір кісі емес 
жазғаным, жалпақ жұрт қой» (I, 43); «Мұны жазған кісінің...» 
(I, 45).
Заманына орай «сауат ашу» мағынасын білдіретін сөздердің 
активтенуі түсінікті. Бұл ұғымда Абайда хат тану, түркі тану 
тіркестері қолданылған (ІІ, 179, 168). Өткендегі қазақ тілінде 
хат  сөзінің  «жазу,  жазылған  нәрсе,  кітап»  деген  мағынасы 
болған: «Шежіре туған адамның көкірегі сызған хатпен тең» 
(Дулат, 56). Хат сөзінің «жазылған нәрсе» мағынасы Абайда 
да бар: «Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр» (I, 39). Ал түркі 
тану  дегеннің  бірінші  компоненті  XIX  ғасырларда  көптеген 
түркі тілдеріне о баста ортақ болған, ортаазиялық әдеби тілдің 
атауы  болған  (түркі,  ол  орысша  тюрки  деп  аталған),  демек, 
түркі тану фразасы – сауаты ашылып, түркі тілінде жазылған 
әдебиетті оқи алатын дәрежеге жету процесінің атауы.
Қазақ  даласына  оқу-білімнің  бұрынғыға  қарағанда,  жан-
дана түскені кітап сөзін де жиі қолдандырған. Ол тек Абай, 
Ыбырайда  емес,  өзге  ақындарда  да  мол  кездеседі:  «Кітап 
сөзін  жатқа  алса»;  «Кітаптан  көрген  нақылың»  (Дулат,  64, 
178
 Жұмалиев Қ. Көрсетілген еңбек. - 191-б.

225

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет