Кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі
-мақ жұрнақты тұлға
Абай тілінде ерекше көзге түсетін морфологиялық элемент
– -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы. Бұл қолданылу
жиілігі жағынан да, атқарған қызметі жағынан қазіргі норма-
мен салыстырсақ та, Абайдың алды-артындағы немесе тұстас
қаламгерлер тілімен салыстырсақ та, айрықша бөлініп көрінеді.
Абай тілін азды-көпті сөз еткен лингвистердің барлығы да
оның прозасының грамматикалық ерекшеліктерін көрсетуге
әрекет жасаса, ең алдымен, Абайдың -мақ тұлғалы етістікті
жиі қолданғанын атайды да мұның себебін көбінесе шағатай
тілінің әсерінен деп табады
187
. -мақ жұрнағын зерттеуші мор-
фологистер де мұның революцияға дейінгі әдебиет пен Абай
тілінде актив пайдаланылғандығын тәжік (?), әзірбайжан,
187
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советекий Казахстан. - 1955. №9. - С. 130; Сауранбаев Н.Т. Роль Абая в развитии
казахского литературного языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 184-
185; Аманжолов С.А. О диалектной основе современного казахского языка // Известия
АН КазССР, 1955. - №3-4. - С. 33.
245
өзбек әдебиетінің, яғни кітаби әдеби тілдің (шағатай тілінің)
әсері деп түйеді
188
.
Бұл тұжырым авторларының қай-қайсысы да, екі нәрсені
елемеген: бірі -мақ жұрнақты тұлғаның Абайдың прозасы ғана
емес, өлеңдерінде де өте мол, актив келтірілгендігі, екіншісі
– бұл тұлға ауыз әдебиетінің мақал-мәтел, фразеологиялық
тіркестер тәрізді көнелерінде, әр алуан жырларда, әрідегі
ғасырлардан бастап тарихта аты белгілі ақын-жыраулар шығар-
маларында қазіргі кезбен салыстырғанда әлдекқайда жиі және
өнімді қолданылғандығы.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде -мақ аффиксі қазіргі әзірбай-
жан, түрік, өзбек, түркмен, қарақалпақ әдеби тілдеріндегідей
тұйық етістік тұлғасын жасамайды. Қыпшақ тобындағы
бірсыпыра түркі тілдеріндегідей қазақтың қазіргі әдеби тілінде
тұйық рай
189
қызметінде -у жұрнақты тұлғаның қолданылуы
норма болып кетті.
Етістік түбірінен -у жұрнағы арқылы жасалған тұлға шақты,
жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы атауын
(ұғымын) білдіреді. Бұл қызметте -у тұлғалы сөздің қалыптасуы
ертеден келе жатқаны байқалады. Бірақ бұл әрқашан қазіргідей
жеке-дара болмаған. Күні кешеге дейін қазақ тілінде, әсіресе
әдеби нормасында -у жұрнақты тұлғамен қатар қимыл есімі
қызметінде -мақ жұрнақты форма жұмсалған. Бұл құбылыс
әсіресе Абай тілінде өте-мөте актив көрінеді.
Абайда -мақ жұрнақты сөз бірнеше қызмет атқарады: ең
алдымен, ол атау септіктегі таза қимыл есімі ретінде, яғни
осы күнгі -у жұрнақты тұлғаның орнына келеді: «Ағайынға іс
түспек – Ол бір қиын қарғыс қой» (II, 123); «Жай жатпағым,
Тыныш таппағым Күш болып» (I, 115); «Ашылмағы бар ма
басынан Бағы қайтқан қауымның» (II, 89); «Көзің неге жетеді,
Қосылмақ онда бар ма екен?» (I, 126). -мақ тұлғалы етістік-
тің атау тұлғада (тәуелдік жалғауымен не онсыз) сөйлемнің
бастауышы болып келетін сәттері әсіресе Абайдың проза-
сында өте жиі кездеседі: «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл
188
Неталиева X. Имена действия в современном казахском языке. Автореф. канд.
дисс. - Алма-Ата, 1963. - С. ЗЗ.
189
Мектеп грамматикалары мен «Қазіргі қазақ тілі» курсы (Алматы,1954) «тұйық
рай» деп атаған категорияны соңғы кездерде қазақ тілі білімі әдебиеттерінде «тұйык
етістік», «етістік есім» және «қимыл есімі» деп атап жүр.
246
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айла-
лы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі
бар» (II, 218). «...Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның
ісі» (II, 185); «Халық та оны сынамақ, бірден-бірде жүгірмек
болмайды екен» (II, 211).
-мақ жұрнағы арқылы инфинитив (тұйық рай) жасалатын
оғұз тілдерінде бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік
жалғауын қабылдамайды
190
. Ал Абай тілінде -мақ жұрнақты
тұлға септелген, тәуелденген формаларда молынан кездеседі:
«Әуелден өзін-өзі билеп, азаттықпен жүрген халық біротала
біреуге бағынбақты ауыр көріпті» (II, 221); «Онан басқа
нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық»
(II, 174); «Ең болмаса білмеді сый бермекті» (I, 262); «О да
білер өмірді іздемекті» (II, 114); «Мен» өлмекке тағдыр жоқ
әуел бастан» (І, 211); «Қиянатшыл болмақты естен кеткіз»
(I, 38); «Әншейін біреуді ыза қылмақтықтың несін дәулет
біліп қуанады екен» (II, 180).
Бұл тұлғаның барыс септігінде қолданылуын өз алды-
на әңгіме ету керек болады. Өйткені ол бұл тұлға супиндік
(мақсаттық) мағынаны да береді және оның басым (жиі) қыз-
меті де осы мағынаны беру болып табылады. -мақ жұрнақты
сөздің барыс септікте келіп, іс-әрекеттің мақсатын білдіруі
ауыз әдебиетінде де, әдеби тілде де жиірек ұшырайды: «Назым-
ды малсыз алмаққа Шалдар да жаман желіккен» («Қамбар»,
1957. 39); «Ал Тайшыққа жүрмекке Алпамыс қыран ойлады.
Ойлады елге бармаққа, Елінен хабар алмаққа» («Алпамыс».
1957, 15). Талдап отырған тұлғаны Абай барыс жалғауына
қойып супиндік мағынада өте кең қолданған: «Мал жияды
мақтанып білдірмекке, Көзге шұқып, малменен күйдірмекке»
(I, 197); «Сұм-сұрқия, қу білгіш атанбаққа Құдай құмар
қылыпты қалжыратып» (I, 32); «Азырақ жеміс тауып жеді
дағы, Көрмекке жата кетті Хақ бұйрығын» (I, 280); «Ағатай
сағындым Есен-сау көрмекке» (I, 171).
Бұл тұлғаның беретін мағынасында супиндік (мақсаттың)
ұғымның барлығы барыс жалғауында келгенінде ғана емес,
190
Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М.,
1956. - C.62.
247
сондай-ақ етістіктің шақтық категориясын білдіргенде де
көрінеді. Қазақ тілінде -мақ жұрнақты тұлға мақсатты келер
шақтың грамматикалық тәсілі екені мәлім.
Қазіргі нормамызда сөз етіп отырған тұлғаның мақсатты
келер шақ жасауы – оның бірден-бір негізгі қызметі болса,
өткенде, оның ішінде Абай тілінде бұл қызметте де кездеседі,
бірақ ол өзге көп қызметтерінің бірі ғана болып табылады.
Абай тілінде -мақ жұрнақты сөз сөйлемнің баяндауы-
шы болып келгенде үш түрлі қызметте қолданылады: біреуі
– мақсатты келер шақ категориясында: «Мал менен ғылым
кәсіп кылмақпыз» (II, 207); «Сол махаббат пен ғаділетке қарай
тартпақпыз» (II, 219).
Екіншісі – қимыл есімі ретінде. Мысалы, төмендегі сөй-
лемде -мақ жұрнағымен келген сөздер баяндауыш болып
тұрғанымен, шаққа, жаққа бейтарап (қатысы жоқ) қимыл ата-
уы ретінде қолданылған, бұларда мақсаттық реңк болғанмен,
етістіктің шақ категориясын білдірмейді. Мысалы: «Ол мал
көбейсе, малшыларға бақтырмақ, жұмсалады етке, қымызға
тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ... »; «Байлық,
қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ,
тартып алмақ. Ол қыстауынан айрылған және біреуге тиіспек
я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы
осы» (II, 159). Соңғы ойы деген жинақтауыш сөз алдындағы
санамаланып келген -мақ жұрнақты тұлғалардың бәрін шаққа,
жаққа бейтарап қимыл атауы етіп танытады: бақтырмақ ойы,
сатып алмақ ойы.
Үшіншісі – бұл тұлға баяндауыш болып келгенде, әсіресе
өлеңдерінде, -ар, -а + ды аффиксті тұлғалармен қызметтес
болады, яғни әрдайым бола беретін, бір нәрсеге жалпы тән
іс-әрекетті білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: «Ақылды қара
қылды кырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей бағабермек»
(I, 27) дегендегі әңгіме етіп отырған тұлғаларда ешқандай
мақсаттық, шақтық ұғым жоқ, олардың қызметі қырыққа бөлер
~ қырыққа бөледі, баға берер ~ баға береді деген тұлғаларға
өте жуық. Әрине, бұлар – сөзсіз тең түсетін грамматикалық ду-
блеттер емес, әрқайсының мағыналық реңктері бар: -ар жұр-
нақты тұлғада істің жалпы орындалатындығына немесе
248
орындалуына сол болжалдық, шамалау реңкі (оттенок пред-
положительной возможности) бар да -мақ жұрнақты тұлғада
сөзсіз орындалатындық, ақиқаттық реңк (оттенок безуслов-
ной возможности) бар. Халық тіліндегі мақал, афоризм тәрізді
тұжырымдар көбінесе (әрдайым дерлік) орындалу мүмкіндігі
бар потенциалдық қимылды білдіретін -ар тұлғасымен
жасалатыны мәлім: «Ат айналып қазығын табар. Қолы
қимылдағанның аузы қимылдар» т.б. Сондықтан да Абай
болжалдық, шамалау реңкі жоқ жағдайларда жалпыхалықтық
нормадағыдай -ар жұрнақты тұлғаны алмай, -мақ аффиксті
етістікті әдейі және жиі пайдаланған: «Тірі жанға құрбы боп жап-
жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ»; «Бет-
аузын сөз сөйлерде Жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ,
қоразданбақ» (I, 35); «Қартаң тартқан адамнан от азаймақ»
(I, 247); «Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек» (II, 146);
«Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек
солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек» (I, 243). -мақ
аффиксті тұлғаны осы қызметте жиі пайдаланғандығы сонша-
ма, Абай кейде тұтас өлеңді бастан-аяқ мақ ~ бақ ~ нақ және
мек ~ бек ~ пек ұйқастарына құрады:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек... (I, 26).
«Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Адасқанның
алды жөн, арты соқпақ», «Тоты құс түсті көбелек», «Жүректе
көп қазына бар, бәрі жақсы» деген өлендерінің жеке шумақтары
да -мақ ~-мек ұйқасымен жазылған. Әрине, Абай мұндай диф-
ференциацияны әрдайым қатаң, заңды түрде жүргізіп отырған
деп үзілді-кесілді түюге болмайды. Сірә, қазақ тілінде әрдайым
болатын немесе болуға тиіс іс-әрекетті білдірудегі -ар және
а+ды тұлғалы етістіктердің қабілеті Абай тіліне күшті ықпал
еткен.
Абай текстерінде -мақ жұрнақты тұлғаның керек, тиіс де-
ген сөздермен келген тіркесі көңіл аударады. -мақ жұрнақты
249
тұлғаның осы күнгі -у жұрнақты тұлғаға мағынасы мен қызметі
жағынан синоним болып түсетін жері осы тіркесте айқын
сөзіледі. Бұл тұлғалар керек (қажет), тиіс модаль сөздерімен
тіркескенде, қимылдың мақсатын білдіріп, орыс тіліндегі ин-
финитив формасына жақындайды: «Әрнешік білмек керек,
жоғарғы екі түрліден басқаиман жоқ (II, 170)»; «Егерде мал ке-
рек болса, қолөнер үйренбек керек» (II, 188). Бұлсөйлемдердегі
білмек керек, үйренбек керек дегендерді білу керек, үйрену
керек деген конструкциямен әбден алмастыруға болады. Бұл
тепе-теңдік автордың өзін бір сөйлем ішінде екі тұлғаны да
қатар қолдануға итермелеген: «Әуелі – иманның иғтиқатын
махкамлемек керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады
ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек» (II, 169).
Керек, қажет, тиіс сөздері табиғатында барыс септіктегі
қимыл атауын меңгеруге тиі
191
-мақ немесе -у жұрнақты
тұйық етістіктердін индостропа тілдеріндегі инфинитив ка-
тегориясына жақындайтын
192
сәттері де – осы ситуацияда,
яғни барыс септікте тұрып, керек, тиіс сөздерімен тіркесіп,
супиндік (мақсаттық) мағына беретін жерлерінде. Қазақ тілі
нормасында өткен ғасырдың өзінде-ақ бұл тұлғалар керек
сөзімен тіркескенде, барыс септігі көрсеткішін жалғамайтын
формаға көше бастаған: бармақ керек, бару керек. Абайда
-мақ, -у тұлғалы сөздердің керек сөзімен барыс септікте тұрып
меңгерілуі атауда тұрып тіркесуінен сирегірек кездеседі, бірақ,
әйтеуір, бар құбылыс: «Әуел – білім-ғылым табылса, ондай-
мұндай іске жаратар едім деп... іздемекке керек» (II, 187);
«Растың бір аты хақ... мұны ұғып, ғаделетпен тәптештеуге
керек» (II, 206).
-мақ, -у аффиксті тұлғалардың қазақ тілінде керек сөзімен
тіркесінде бірте-бірте барыс септігін қабылдамай, нөл көрсет-
191
Башқұрт тіліндегі -ырға (-ерге, -орға, -өрге) жұрнақты түрінде қалыптасқан
инфинитив деген тұлғаға көңіл аударыңыз. Башқұрт тілінде инфинитивтің бұл түрінің
қолданылуы керек сөзіне тәуелді. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка.
- М., 1948. - С. 172.
192
Қазақ тілі грамматикасы жайында өткен ғасырда жазылған кейбір материалдар-
да қазақ тілінің «инфинитиві» ретінде барыс септіктегі -у жұрнақты тұйық етістік
көрсетілген: оқуға – читать, жаттауға –твердить, тұруға – стоять т.б. Алтынсарин И.
Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. 1879; Грамматика
киргизского языка. Фонетика, этимология, синтаксис. - 1898.
250
кішімен қалыптасуына, біздіңше, екі нәрсе себеп болған
сияқты. Біріншіден, -мақ жұрнақты тұлғаның жалғыз Абайда
емес, жалпы өткен ғасырлардағы қазақ тілінде қимыл атауы
ретінде актив қолданылуы оның оғыз тілдеріндегідей супиндік
(мақсаттық) мағынасын әлсіретіп жіберген (оғыз тілдерінде
-мақ жұрнақты тұлғада супин мағынасы жоғалып кеткені
мәлім). Екіншіден, тілдегі экономия заңы әсер еткен болу ке-
рек, яғни мәнді сөз шылаулармен, модальдік элементтермен
тіркескенде, септік, тәуелдік жалғаулары түсіріліп, ықшамдала
беруі себепкер болған. Бұл тенденция тек талдап отырған ситу-
ацияда емес, өзге сәттерде де айқын көрінеді: менің үшін >мен
үшін; барғаннан соң>барған соң >барғасын, оның туралы>ол
туралы т.б.
* * *
Өткен ғасырдың II жартысында қазақ тілі грамматикасын
баяндаған кітаптар мен екі тілдік (қазақша-орысша, орысша-
қазақша) сөздіктерде олардың авторлары мен құрастырушы-
лары қазақ тіліндегі тұйык етістіктің (осы күнгі -у жұрнақты
тұлға) көрсеткіші -мақ жұрнағы деп есептеді. Ал -у жұрнағын,
көбінесе етістіктен есім жасайтын аффикске жатқызды
193
.
Мұның, біздіңше, екі себебі бар. Ең алдымен, өткен ғасырда
түркі тілдері тегіс қатарынан зерттеле бастағанда, оғыз
тобындағы және ортаазиялық жазба әдеби тілдегі -мақ
жұрнақты тұлғаның қимыл есімі (тұйық етістік) қызметінде
қолданылуы өзге түркі тілдеріндегі де бұл категорияны осы
тұлға білдіретін болу керек деген түсінікке әкелген тәрізді.
Бұл, әрине, әрбір түркі тілінің табиғатын жеке-жеке жете зерт-
теп үлгермегендіктің салдары және әрбір түркі тілінің әдеби
нормасы ретінде кітаби дәстүр формаларын ұсынушылық.
Әйтпесе өткен ғасырдың өзінде-ақ қазақтың жалпыхалықтық,
сөйлеу нормасында тұйық етістік - мақ-тан гөрі -у жұрнағы
арқылы актив берілгендігін сол кездегі зерттеушілер де мой-
ындап, көрсетіп кеткен. Мысалы, М.Терентьев: «Неграмотные
193
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861.
- С. 19-32; Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская.
- СПб., 1875. - С. 138; Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и
синтаксис. - Оренбург, 1898. - С. 17-18, 67-66.
251
казахи не подозревают окончание глагола на -мақ, потому что
в разговорном языке употребляетея сокращенная форма не-
определенного наклонения: отбрасываетея окончание -мақ
и к оставшемуся корню прибавляетея буква у»,– деп жазады.
Бұл жерде екі нәрсе сезіледі: зерттеушінің «разговорный»
деп отырғанынан қазақ тілінің халықтық нормасы мен кітаби
тіл нормасының алшақ, басқаша екендігін және халықтық
тілде -у формасы басым (норма) екендігін аңғарамыз, екінші
жағынан, автордың екі тұлғаның бірін екіншісінің ықшамдалған
(сокращенная форма) түрі деп шатасқанын көреміз.
Өткен ғасыр зерттеушілерінің қазақ тілі грамматикасын-
да -мақ жұрнағын көрсетіп кетуінің тағы бір себебі бар. Ол
– осы кезде, яғни халықтың ауыз әдебиетінде, өткен ғасырдағы
және одан да бұрынғы ақындар тілінде, XIX ғасырдың
II жартысындағы қазақша баспасөзде және басқаларда –
қысқасы, қазақ әдеби тілінде -мақ жұрнақты тұлғаның қызметі
мен семантикасы жағынан әр алуан құбылып келіп, қазіргі
кезге қарағанда, әлдеқайда жиірек қолданылғандығы. Мы-
салы, -мақ жұрнағымен жасалған сөз, ең алдымен, қазақтың
мақал-мәтелдерінің құрамында сақталған: «Бас болмақ оңай,
бастамақ қиын. Кел демек, бар, кет демек жоқ»; «Бірге тумақ
бар, бірге жүрмек жоқ»; «Қашпақ, қумақ – ерге сын, көшпек,
қонбақ – жерге сын»; «Ажал жетпей өлмек жоқ; «Алыспақ
бар, атыспақ жоқ»; «Жол ақысы – жүрмек, кісі ақысы – бер-
мек» т.т. Тұрмыс-салт жырларынан бастап үлкен эпостық
полотноларға дейін ауыз әдебиетінің өзге үлгілерінде де -мақ
тұлғалы сөздерді ұшыратамыз: «Жазды күні ақша қар жаумақ
қайда, жар-жар-ау! Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-
жар-ау. Азар жақсы болса да, қайын атам, жар-жар-ау! Айна-
лайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар-ау!» (С. Сейфуллин,
VI, 99); «Қаршығадан өзгеге Жібектен жауап алмағы Қиын-
қыстау іс еді» («Қыз Жібек», 1957. 31); «Кетпекке айла
таппадық» («Қамбар», 1957. 75); «Көтібар енді еліне озбақ
болды» («Айман-Шолпан», 1963, 281). Ал Абайға дейінгі
және онымен замандас қазақ ақындары да -мақ жұрнақты
сөзді реті келген жерде еркін қолданғаны көрінеді. Мысалы,
Бұқарда: «Ханның жақсы болмағы – Қарашаның елдігі» (46);
252
Дулатта: «Қабанбай елге жар салды Аттанбақққа қалмаққа»
(82); Махамбетте: «Кешіп өтпек сайдан-ды, Шығынды
болмақ байдан-ды, Батыр болмақ сойдан-ды. Жүгірмегі
майдан-ды»
194
(106).
«Дала уалаяты газетінің» тілінде де -мақ аффиксті тұлға
кимыл есімі ретінде де, етістіктен туған зат есім ретінде де
жиі қолданылған. Бұл тұлға сирек болса да, Ыбырай тілінде де
бар (Ыбырай тіліне негізінен -у жұрнақты варианты тән):
«Құдай тағала адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс
қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін,
құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып жақсы-жаманды
аңғаруға» (Алтынсарин, 1879). Бұл жалғыз мысалдың
өзінен Ыбырайдың -мақ пен -у (-ға) тұлғаларын параллель
қолданғанын байқаймыз.
Сөйтіп, әр алуан қызметте қазіргіге қарағанда жиірек қол-
данылған
195
-мақ жұрнақты тұлғаны, кейбір зерттеушілер
көрсеткендей, тек қана Абайдың прозасынын тіліне тән
ерекшелік (шағатаизмдер )
196
деп есептеуге, біздіңше, тіпті де
болмайды. Қазақтың өте ерте замандардан келе жатқан фоль-
клорлық мұраларынан және Абайға дейінгі, онымен тұстас
әдебиет үлгілерінен алынған материалдарға қарап, бұл тұлға
қазақтың жалпыхалықтық тіліне жат болмағандығын дәлел-
дейміз. Бұған күні бүгінге дейін кейбір тіркестердің -мақ
тұлғасымен қолданылуға бейім болып қалыптасқаны да дәлел
бола алады. Мысалы, түгіл сөзі көбінесе -у-дан гөрі -мақ
жұрнақты тұлғаны қалайды: бармақ түгіл, көрмек түгіл т.б.
Бұрынырақ бұл тіркеспен қатар -мақ аффиксті тұлғаның
шығыс септігінде келген түрі де қолданылғанын байқаймыз.
Мысалы, ауыз әдебиеті үлгілерінде: «Алған жарым айту-
лы Омарханның қызы еді. Сағынбақтан сарғайсын, Салқын
194
Махамбеттегі бұл жолдар мен Бұқардан келтірген мысалдар, сірә, солардың
жұмсалады шығарған индивидуалдық тармақтардан гөрі афоризмдерге айналған
штамптарға көбірек ұқсайды. Ал бұл штамптарда -мақ тұлғасының келуі – оның
халық тіліне тәндігінің белгісі.
195
Бұл жөнінде толығырақ мына мақалада айтылған. Сыздықова Р. Абайдың «Қара
сөздеріндегі» -мақ аффиксті тұлға жайында // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология
және искусство зерттеу сериясы. - 1959. - № 1. - 82-83.
196
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-
Ата, 1959. - С. 320; Сауранбаев Н. Роль Абая в развитии казахского литературного
языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954.
253
түспей барман-ды» (Сейфуллин С., Батырлар жыры, 1934. 49.
18). Бұлардағы -мақ тұлғасын өзге ешбір тұлғамен алмастыруға
болмайды.
Сөйтіп, ертеректе тіпті актив қолданылған -мақ жұрнақты
тұлға өткен ғасырда, оның ішінде Абай тұсында қазіргіге
қарағанда әлі де едәуір актив, жанды тәсіл болғандығы бай-
қалады. Осы күнгімен салыстырғанда, өткен ғасырда -мақ
жұрнақты тұлғаның қызмет өрісі біраз кең: ол ең алдымен
қимыл есімін білдіреді, одан кейін супиндік (мақсаттық) ма-
ғынаны береді, үшіншіден, қазіргідей шақтық категорияның
грамматикалық көрінісі болып қызмет етеді. Бертін келе, біз-
дің дәуірімізде бұл тұлғаның қызмет сферасы едәуір тарылып,
қолданылу жиілігі азайған: қазірде -мақ жұрнағы, негізінен,
келер шақтың бір түрі – мақсатты келер шақ формасын ғана
жасайды.
Абай -мақ суффиксті тұлғаның қызметі жағынан ерте-
ректегі және өз тұсындағы кеңірек қабілетін сезіп, оны жалғыз
прозасының тілінде емес, өлендерінде де, яғни тұтас тілінде
молынан пайдаланған. Жоғарыда айттық, абайтану саласын-
дағы зерттеушілердің кейбіреулері -мақ тұлғасының Абайдың
«Қара сөздерінде» көзге түсетінін көрсетіп, оны кітаби
(шағатай) тілдің элементіне жатқызады да, бұл форманың
Абай өлеңдерінде де өте жиі қолданылғандығын мүлде бай-
қамайды. Ал байқай қалған күнде, бұл зерттеушілердің қай-
қайсысы да -мақ жұрнақты сөзі бар Абай өлеңдерін шағатай
тілінде жазылған дей алмаған болар еді немесе тіпті бұл
өлендердің тұтас тілі шағатайша болмаса да, ішіндегі -мақ
жұрнақты тұлғаларды кітаби элемент деп таба қоймаған болар
еді. Өйткені тіпті Абай, Ақан сері, Дулат тәрізді мұсылманша
оқыған, кітаби тілден хабардар жазушылардағы - мақ жұр-
нақты қолданыстарды шағатай тілінің әсері деп табуға мүм-
кін болғанмен, мақал-мәтелдердегі, ауыз әдебиетінің өзге
үлгілеріндегі, сондай-ақ мұсылманша әдебиетті көп оқып көзі
(тілі) жаттықпаған кейбір қаламгерлер тіліндегі -мақ аффиксті
сөздерді жазба әдеби тілдің (шағатай) әсері, ықпалы деп табу
мүмкін емес.
Қорыта келгенде, -мақ жұрнақты тұлға Абайда мына қыз-
меттерде қолданылған:
254
1. Шаққа, жаққа бейтарап (қатыссыз) қимыл есімі ретінде.
Бұл қызметте ол -у жұрнағымен жасалатын формада синоним
болып келеді. Абайда соңғы тұлға да параллель қолданылған:
«Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла
алмайсың» (II, 164); «Таусылған күнде бір күндік өмірді бар
малына сатып алуға таба алмайды» (II, 162); «...Сол нәрсені
естігенде я көргенде ғибратлану керек» (II, 186) – салыстыр:
«Әрбір ғибрат алмақтың өзі» (II, 162). -мақ жұрнағының бұл
қызметі мақал-мәтел, афоризмдерден бастап ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең орын алған. Бірақ XIX ғасырдағы қазақ тілінде,
оның ішінде әдеби үлгілерде бұл категорияны білдіретін
грамматикалық көрсеткіш ретінде -у жұрнағы басым бола
бастаған. Оған Абайдан өзге қаламгерлерде -мақ-тан гөрі -у
жұрнағымен берілген қимыл атауларының көбірек екендігі
дәлел. Мысалы, Шортанбай, Дулат тәрізді ақындарда қимыл
атауы әрдайым -у жұрнағы арқылы берілген: «Өлгеніңше тою
жоқ, Түңілмей ырза болу жоқ» (Шортанбай, 150); « Қамалауда
еліңнен, Табалауда еліңнен... Өсіру де еліңнен, Көшіру де
еліңнен» (Дулат, 79). Салыстыр: « Өлуі болмай қалмайды Ту-
ғаннан соң пәнденің» (Шортанбай, 59), ал Абайда: « Өлмек
үшін туғаның, ойла, шырақ» (I, 234).
2. Орындалу мүмкіндігі ақиқат потенциал қимылды біл-
діретін тұлға ретінде. Мұндайда ол Абай тілінде өнімді қол-
данылған -ар (-ады) жұрнақты тұлғаға дублет болып келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |