Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

68); «Мәселе кітап шығардым Кейінгі қалған пендеге» (Шор-
танбай). Кітаппен қатар осыған жуық мағынада ақыл дәптер 
(«Азғантай  мен  жазайын  Ақыл  дәптер»  –  Ақан,  272),  кінеге 
(«Жазуға үйрететұғын кінеге» – оқу құралының аты) сөздері де 
ара-тұра қолданылғаны байқалады. Ал Абайда тек қана кітап 
сөзі  тұрақталған.  Кітап  сөзі  жиі  қолданыла  бастаған  соң, 
оның бетіндегі таңбалардың атауы да аталмай қалуы мүмкін 
емес, сондықтан арабтан алынған қарып (қазіргі нормада әріп) 
сөзін де табамыз: «Сөз қарыпсыз, дауыссыз болушы ма еді?»  
(II, 197); «Қарыпсыз біліп сондайды» (I, 162).
Абай  тілінде  оқу  процесіне  байланысты  құрал-жабдық- 
тардың  бірқатарының  атауы  бар.  Олар:  қалам,  сия,  қағаз  (ақ 
қағаз). Қалам ол кезде көбінесе осы күнгі қаламның да (руч-
ка), қарындаштың да атауы болса керек, өйткені не Абайда, не 
Ыбырайда қарындаш сөзі кездеспейді. Әрине,  Абай тұсында 
оқу-ағарту  ісінің  дамуы  мен  сипатына  қарай  оқу  процесіне 
байланысты қазақ тілінде бірсыпыра құрал-жабдық атаулары 
болғаны сөзсіз. Бірақ Абайда бұлар түгел кездеспейді. Ақын 
оқу  процесін  арнайы  сөз  еткен  емес,  сондықтан  оқу  ісіне 
қатысты арнаулы құрал-жабдық пен жеке процестердің атау-
лары ұлы ақын тілінде орын алмауы түсінікті.
* * *
Сөйтіп, Абай өмір сүріп, жазушылық құрған кезеңі – XIX 
ғасырдың  II  жартысы  қазақ  қоғамы  өмірінің  сан  саласын 
қамтыған тарихи өзгерістердің, жаңалықтардың, уақиғалардың 
дәуірі  болды.  Тілдің  ең  сезімтал,  өзгерімпаз  бөлігі  –  сөздік 
құрамы бұл фактіге қатыспай тұра алмағаны мәлім. Сондықтан 
XIX  ғасырдың  II  бөлігіндегі  қазақ  тілі  лексикасының  күй-
жайын сипаттайтын негізгі белгілер қоғамның сол кездегі са-
яси,  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  өміріне  тікелей 
байланысты болып келеді. Бұл жағдай бізге Абай тұсындағы 
қазақ  тілінің,  Абайдың  өзінің  сөздік  құрамын  танып-білуде 
ондағы ең үлкен өзгеріс-жаңалықтарды қоғам өміріне байла-
ныстыра іздеуге мәжбүр етеді.
Қоғамның  әлеуметтік  құрылымына,  ел  билеу  мен  сот-заң 
істеріне, шаруашылықтың жаңа түрлеріне байланысты сөздік 

226
құрамда кейбір сөздердің пассивтеніп, кейбіреулерінің жаңадан 
еніп жатқан фактісі әуелі жалпы халықтың сөйлеу практика-
сында орын алса, қазақ әдеби тілі бұл картинаны ілесе көрсетіп 
отырған. Оның ішінде Абай лексикасы да осы жаңалық-өзге- 
рістерді  толық  дерлік  қамтыған.  Абай  бұл  жөнінен  жалпы- 
халықтық тәжірибені пайдаланған. Қолданыстан кете бастаған 
сөздер  мен  образдардан  Абай  да  бойын  аулақ  салады.  Тіпті 
өзінің кейбір тұстастарында әлі де актив пайдаланылып келе 
жатқан  кейбір  ескі  әлеуметтік,  экономикалық  құбылыс  атау-
ларын  (байтақ,  төлеңгіт  т.б.)  Абай  лексикасына  енгізбейді, 
ал кейбіреулерін (төре, сұлтан т.б.) көбінесе ауыспалы немесе 
жаңадан үстелген мағынада жұмсайды. Бұл салада халық тіліне 
Абайдың әсіресе ден қойғаны – жаңа ұғым, зат, құбылыс, әрекет 
атаулары.  Өмірдің  қай  саласынан  болмасын  жалпыхалықтық 
тіл  мен  өзіне  дейінгі  әдеби  тілге  енген  немесе  активтенген 
жаңа сөздер мен жаңа семантикалық мағыналарын Абай бірден 
қабылдайды.  Сондықтан  ел  билеу  саласындағы  болыс,  ояз, 
атқамінер, сайлау, шар,пысық дегендерден бастап, сот-заңға, 
саудаға, өзге де кәсіп түрлеріне, оқу-ағартуға қатысты ондаған 
жаңа  сөз,  жаңа  тіркес,  жаңа  образ  Абайдың  өлеңдері  мен 
прозасының  тілінен  табылады.  Бұларды  Абай  қабылдаумен 
қоймай, оларды белгілі бір ұғымдарда тұрақтандыру (термин-
деу),  мағыналарын  айқындай  түсу  сияқты  қызмет  атқарады. 
Мысалы, кедей, жатақ, би т.б. сөздерді Абай бір ғана ұғымда 
жұмсайды.  Жалпыхалықтық  қолданыста  нышаны  ғана  бар 
тенденциялар Абайда әдеби нормаға айналдырылады. Мыса-
лы, өткен ғасырда қазақ қоғамында үш түрлі право өмір сүрген 
болса,  халық  тілінде  олардың  әрқайсысына  қатысты  ұғым  – 
лауазым,  тәртіп  т.б.  атауларын  ажыратып  айту  тенденциясы 
солғын түрде байқалса, Абай оны әрі қарай айқындап бекітеді, 
яғни өз тілінің тәжірибесінде бұл үш правоның үшеуін бөліп 
бөліп  атайды  (шариғат,  закон,  ата-баба  жолы),  олардың 
әрқайсысына  тән  жеке  ұғым  аттары  да  араластырылмайды 
(қазы, судья, би т.б.). Сол сияқты халық тілінде, оқу-ағарту са-
ласынан мұсылмандық діни оқуға қатысты ұғымдар мен жаңа 
азаматтық  сипаттағы  оқуға  байланысты  ұғымдарды  айырып 
атау  бағыты  сезіледі.  Жалпы  халық  тілінде  оқу,  жазу,  кітап 

227
шығару  тәрізді  құбылыстарға  қатысты  жаңа  сөздер  көбейе 
түскен  болса,  Абай  бұл  салада  бірқатар  лексемаларды  өзі 
активтендіріп, қазақ әдеби тілінің сөздігін толықтырады. Мы-
салы,  ғылым,  білім,  «кәсіп»  мағынасындағы  өнер  сөздерінің 
жалаң өздері ғана емес, солар қатысып жасалған жаңа тіркестер 
Абай тілін бейнелейтін сипатты белгілердің бірі болып табы-
лады.
Қысқасы,  Абай  лексикасы  –  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысын- 
дағы  қазақ  әдеби  тілінің  тематикалық  серияларға  қатысты 
саласының  айнасы.  Абай  творчествосының  дені  поэзия  бол- 
ғанмен,  оның  жырлаған  тақырыптарына  орай,  өлеңдер  тілі- 
нің өзінде әлеуметтік терминология мен экономика, оқу-ағарту 
т. б. қатысты сөздер орын алған. Бұл салалардағы лексикалық 
топтарды мейлінше мол қамтуына Абайдың прозалық шығар- 
малар жазуы да үлкен септігін тигізген. Өйткені көптеген заң-
сот  саласына  қатысты  сөздер  (ескілері  бар,  жаңалары  бар)  – 
Абайдың өлеңдерінде емес, «Қара сөздерінің» тексінде.
Тематикалық  серияларға  бөліп  талдаған  сөздеріміз  жал-
пылама  қолданылатын  лексика  тобына  (общеупотреби-
тельная  лексика)  жатады.  Сондықтан  оларды  жеке  ақындар 
шығармаларынан  да,  баспасөз  тілінен  де,  Абайдың  «Қара 
сөздері»  сияқты  жаңа  жанрда  жазылған  үлгілерден  де,  ауыз 
әдебиеті нұсқаларынан да кездестіреміз.
Осылардың ішінде Абай шығармалары қоғам құрылысына, 
оның  мәдени-рухани  дүниесіне  байланысты  тарамдалатын 
лексикалық топтардың өз тұсындағы күй-сипатын, өткендегісі 
мен  болашағын  танытатын  ең  бай,  ең  әдеби  нормаланған 
үлгілер деп айта аламыз.

228
III ТАРАУ
__________________________
АБАй шығАРМАлАРы Тілінің 
ГРАММАТИКАлыҚ СИПАТы
Бертіндегі  жазу  нұсқаларының,  әсіресе  жеке  жазушы 
тілінің  грамматикалық  құрылысын  сөз  еткенде,  классикалық 
грамматиканың тәртібімен бастан-аяқ барлық категорияларды 
суреттеп шығудың қажеттігі жоқ. Әдетте әңгіме «ерекшелік» 
болып түсетін грамматикалық тұлға-тәсілдер айналасында бо-
лады. Ол ерекшеліктердің өзі әдеби тілдің қазіргі нормасымен 
салыстырылып айқындалады.
XIX  ғасырда  жазылып  алынған  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің 
(өлеңмен  берілген  эпостардан  бастап,  қара  сөзбен  айтылған 
қарапайым  ертегі-аңыздарға  шейін),  сол  кезде  баспа  бетін 
көрген  жеке  ақындар  шығармаларының,  екі  тілдік  сөздіктер- 
дің,  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  баспасөзінің 
тілдеріне және қазақ тілі грамматикасы туралы өткен ғасырда 
орыс  ғалымдары  жазған  ғылыми  мағлұматтарға  қарағанда, 
қазақ  тілінің  негізгі  грамматикалық  тұлға-тәсілдері  қазіргі 
кездегіден  көп  ажыратылмайтын  сипатта  қалыптасып  үлгер- 
гені көрінеді. Әсіресе, қазақ тіліндегі септеу, тәуелдеу, жіктеу 
жүйесі XIX ғасырдан да көп бұрын қазіргі нормада тұрақталған. 
Сондай-ақ етістік саласындағы біраз категориялар (шақ, етіс, 
жекеше-көпшелік т.б.) қазіргідей түрінде нормаланған. Әрине, 
бұдан ешбір айырма-өзгеріс жоқ деген тұжырым шығуы мүм- 
кін  емес.  Мысалы,  кейбір  морфологиялық  тәсілдің  сыртқы  
тұлғалануы  жағынан  өзгешелеу  болуы  мүмкін:  бара-тұғын 
баратын, менен ~ мен, дайын ~ дай т.т. Немесе бір грамма- 
тикалық  мағына  бірнеше  амалмен  берілуі  мүмкін,  айталық, 
қимыл  қажеттілігін  (осы  күнгі  бару  керек  тұлғасы)  бірнеше 
тұлғамен  беру:  бармақ  керек,  бармаққа  керек,  барарға  ке-
рек,  барса  керек,  бару  керек,  баруға  керек.  Сондай-ақ  сөз 
тудыру  саласында  едәуір  өзгешелік  болады:  қазірде  актив 
жұрнақтар  өткен  ғасырда  әлі  бұл  дәрежеге  жетпеген  болуы 

229
мүмкін,  немесе  белгілі  бір  жұрнақтың  тудыратын  мағынасы 
осы күнгіден өзгеше болып келеді, мысалы, -лық жұрнағының 
осы күнгідей туынды сын есім жасау қызметі өткенде әлі ак-
тив  емес.  Сол  сияқты  ең  үлкен  әңгіме  синтаксис  саласында 
болмақшы.  Оның  ішінде  де  проза  тілінің  синтаксисі  соңғы 
жүз жылдың ішінде едәуір айырма-өзгерістерге ие болды. Ол 
өзгерістерді туғызған себеп-факторлар да әр алуан. Сайып кел-
генде, барлығы да әдеби тілдің нормалану процесіне қатысты 
болғанмен,  сол  процесс  жолында  себепкер  болған  мотивтер 
түрліше болып келеді, оның ішінде ықшамдалу құбылысы да 
бар  (менен>мен,  тұғын>тын),дифференциация  тенденциясы 
да бар (қазірде -мақ жұрнақты тұлғаның мақсатты келер шақ 
үшін,  жұрнақты тұлғаның қимыл есімі үшін ажыратылуы), 
өзге тілдердің әсері де (әсіресе синтаксистік құрылыста) себеп-
кер болады т.т.
Сондықтан  осылардың  барлығы  Абай  тілінің  грамматика- 
лық  құрылысын  да  сипаттап  өтуді  қажет  етеді.  Жоғарғы 
айтылған  принциппен  мұнда  біз  тек  кейбір  категорияларды 
ғана талдаймыз. Атап айтқанда:
1.  сөз жасау тәсілдері (морфологиялық және синтаксистік); 
2.  кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі (-мақ, -ар, 
-у, -са жұрнақты етістік тұлғалары т. б.);
3.  кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  варианттылығы  
(- тұғын ~ - тынменен ~ мен, дағы ~ да, - дайын ~ - 
дай т.б.); 
4.  проза  тілінің  синтаксистік  құрылысы:  сөйлемдердегі 
сөздер тәртібі, құрмалас сөйлемдердің жасалуы
5.  өзге түркі тілдеріне тән морфологиялық тұлға-тәсілдер.
Бұларды  талдауда  көздейтін  мақсаттарымыз  –  ең  алды-
мен,  әдеби  тіліміздің  даму  барысының  бір  дәуіріндегі  –  XIX 
ғасырдың II жартысындағы – грамматикалық сипатын көрсету. 
Екіншіден,  грамматикалық  тұлға-тәсілдерді  активтендіру, 
нормалау  ісіндегі  Абайдың  қызметін  таныту.  Үшіншіден, 
грамматикалық тұлға-тәсілдердің қазақ поэзия тілі мен проза 
тілінде,  соңғының  әр  алуан  стильдеріне  қарай  дифференциа- 
циялану актісін айқындау.

230
Сөз жасау тәсілдері
Бұл  жердегі  талдау  Абайдың  өзі  жасаған  жаңа  сөздер  ту-
ралы  емес  (ол  жөнінде  «Жаңа  сөздер»  деген  параграфты 
қараңыз), Абай тілінде кездесетін жалпы туынды сөздер жай-
ында.  Яғни  Абайда  кездесетін  сөз  тудырушы  жұрнақтарды 
және синтаксистік амалдарды регистрациялап шығу мақсатын 
көздейміз.  Талдау  үстінде  кейбір  аффикстердің  қызметтері 
ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да 
мотивтерге орай пайдаланғандығы қоса сөз болып отырады.
Абайда  бірінші  орында  сөз  жасаудың  морфологиялық 
тәсілі,  яғни  жұрнақ  жалғау  амалы  тұрады.  Екінші  орында 
синтаксистік тәсілдерден сөзді қосарлау және тіркестіру жол-
дары келеді.
Абай тіліндегі ең өнімді жұрнақ -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, 
-тік
179
).  -лық  арқылы  жасалатын  сөздердің  морфологиялық 
құрылымы біркелкі емес: ол негізгі түбір тұлғаға да (первич-
ная основа), туынды тұлғаға да (вторичная основа) жалғанған. 
Әрине, ең көп ұшырасатыны – бұл жұрнақтың тікелей түбір- 
ге  жалғануы:  адалдық,  адамдық,  азаматтық,  азаттық, 
ақымақтық,  аламандық,  арамдық,  байлық,  балалық,  балу- 
андық, барлық, батырлық, беріктік, билік, болыстық, бірлік, 
ғалымдық, ғаріптік, ғашықтық, достық, дүниелік, дұшпандық, 
ездік,  еркелік,  жақсылық,  жалғандық,  жамандық,  жастық, 
жомарттық,  жоқтық,  жүйріктік,  жылмаңдық,  жылылық, 
жігіттік, зарлық, зорлық, имандық, иттік, кәрілік, кедейлік, 
кердеңдік,  кісілік,  қарсылық,  қастық,  қаттылық,  қомдық, 
қорлық,  қулық,  құдайлық,  құмарлық,  масқаралық,  мастық, 
момындық,  мырзалық,  надандық,  оңайлық,  ортақтық,  өрлік, 
паңдық,  салғырттық,  салдарлық,  солдаттық,  софылық, 
суықтық, тентектік, тоқтық, тірілік, шалқақтық, шеберлік, 
шешендік,  хақтық,  ұрлық,  ұстаттық,  үлкендік,  ынтықтық 
т.б.
-лық жұрнағы жалғанған түбірлер төл сөздер де, араб-пар-
сы  сөздері  де  (ғашықтық,  софылық,  хақтық,  растық),  орыс 
сөздері де (солдаттық, болыстық) болып келеді.
179
 Әрі қарай қай аффикстің болмасын фонетикалық варианттарын әрдайым тізіп 
отырмай, біреуін ғана аламыз.

231
Бұл  жұрнақтың  түбір  сөзге  жалғанғандағы  беріп  тұрған 
(Абай тілінде) мағыналары мен қызметтері мынадай:
1.  Абстракт  ұғымдарды,  яғни  құбылыс,  күй,  сапа  атаула-
рын, адам өмірінің кезеңдерін т.б. білдіретін зат есімдер жа-
сайды: адамдық, адалдық, байлық, кедейлік, балалық, жігіт- 
тік,  кәрілік,  достық,  дұшпандық,  иттік,  қулық,  құмарлық, 
надандық, растық, болыстық (екі мағынада: бірі – әкімшілік 
инстанциясының  жинақты-абстракт  атауы,  екіншісі  –  болы-
су  етістігінен  жасалған  дерексіз  ұғым  аты).  Бұл  тәсіл  және 
осы  көрсетілген  мысалдар  қазақтың  жалпыхалықтық  тіліне 
тән,  сондықтан  оларды  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  де,  өзге 
ақындардан  да  жиі  кездестіреміз.  Абайдың  осы  модельмен 
бірнеше  жаңа  сөз  жасап,  әдеби  тілге  қосқанын  жоғарыда 
айттық.  -лық  жұрнақты  модельді  Абай  әсіресе  аударма 
шығармаларында  актив  пайдаланған:  Жанында  суықтық  бар 
бір жасырын (II, 104) – И царствует в душе какой-то холод тай-
ный (Лермонтов, I, 32). Азаттық пен тыныштық – көксегенім 
(II, 117) – Я ищу свободы и покоя (Лермонтов, I, 93). Кеудем-
де осы жүрек тұрған шақта, Жақсылық жоқ өзіме мен дәметер 
(II, 100) – Пока сердце в груди моей бьется, Не увидит блаже-
нетва оно (Лермонтов, I, 267). Келісімді тәтті ой әм шеберлік 
(II, 104) – Мечты поэзии, создания искусства (Лермонтов, I, 
32).  Жаның  шошыр  өрлігі  жаннан  бөлек,  Кісіге  балдан  тәтті 
орны  келген  (II,  72)  –  Пугать  отчаяньем  готовым  Приятной 
лестью забавлять (Пушкин, V, 13). Бұлардың барлығында да 
орыс тіліндегі түбір және туынды дерексіз есімдердің балама-
сын -лық жұрнақты туынды сөздермен берген.
2. -лық жұрнағы арқылы жасалған сөздердің бір тобы н ә р 
с е атауларынбілдіретін зат есімдер болып келеді: ахиреттік 
(кебін),  жарлық,  қомдық,  ішкілік.  Бірақ  бұл  типті  туынды-
лар  Абайда  көп  емес  және  барларының  өзі  –  халық  тілінен 
алынғандар. Бұл үлгімен Абай өзі жаңа сөздер жасамаған. Бұл 
модельмен оқулық, сөздік, орталық (зат есім мағынасындағы) 
тәрізді  көптеген  жаңа  сөздердің  жасалуы  соңғы  екі-үш  он 
жылдықтардың  жемісі  екені  белгілі.  Мысалы,  жарлық  –  өте 
ертеден келе жатқан туынды сөз. Жалпы халық тілінде және 
Абай  тілінде  бұл  сөз  екі  мағынада  жұмсалған:  а)  хан,  пат-

232
ша  т.  б.  тәрізді  өкімет  иесінің  бұйрығы,  әмірі:  «Жарлықты 
кешіктірмей  тез  беріңіз»  (II,  134);  «Хан  жарлығын  алмады» 
(Бұқар, 33); «Хан жарлығын қайтарма» («Қамбар», 1957. 20); 
ә)  Құдайдың  «бұйрығы»,  «кесімі»,  «жазғаны»:  «Жарлығы 
күшті Иенің» («Қамбар», 1957. 53).
3. Қазіргідей аса актив болмаса да, -лық жұрнағының Абай-
да  сын  есім  жасайтынсәттері  бар:  «Ғашықтық  сөзге  жүйрік 
әсіресе»  (II,  72);  «Құдайға  дұспандық  іс  емес  пе?»  (II,  186); 
«Құдайлық құдірет» (II, 184) т.б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған 
сын есімдер бұрыннан да бар болатын, бірақ, біріншіден, бұлар 
өте  сирек,  некен-саяқ  кездесетін.  Мысалы,  біз  ауыз  әдебиеті 
үлгілері  мен  өткендегі  ақындардан  -лық  жұрнақты  сын 
есімнің  мезгілдік  шамаға  қатысы  жоқтарынан  он  шақтысын 
ғана  таптық,  олар:  «Қорен  атқан  тайлық  оқ»  («Қыз  Жібек», 
1963.  45);  «Мынау  жаулық  заманда»  («Қамбар»,  1957.  25); 
«Тебінгілік жүні жоқ» (Сонда. 47); «Жаулық жолын сүймеңіз» 
(Бұқар, 29). Екіншіден, бұлардың барлығы еркін тіркестен гөрі 
тұрақты  тіркеске  жақын.  Үшіншіден,  -лық  жұрнағы  арқылы 
жасалған  сын  есімдердің  белгілі  бір  система  құрайтындары 
(әрі жиірек қолданылатыны) сан есімдермен тіркескен мезгіл 
мәнді  сөздерге  (ай,  күн,  жыл,  түс)  жалғанып  келуі:  қырық 
күндік (~ күншілік) шөл, бір жылдық азық. Кейде мезгіл мәнді 
сөздер сан есімсіз жеке тұрып-ақ -лық жұрнақты сын есім бо-
лып келеді: Күндік жерден қарасын («Қыз Жібек», 1963. 117); 
«Түстік жол, жер – расстояние, которое можно проехать с утра 
до полудня» (Ильминский, 118); «Түстік өмірің болса, күндік 
мал жи» (Мақал). Абайда бұл типтес туындылар да бар: «бес 
күндік өмір» (II, 190), «бір күндік өмір» (II, 162).
Ал  жоғарғы  келтірілген  ғашықтық  сөз,  дұшпандық  іс, 
Құдайлық  құдірет  дегендер  аз  болса  да,  біріншіден,  еркін 
тіркестер  екенін  танытады,  екіншіден,  -лық  жұрнағының 
сын есім жасауда мезгілдік шаманы білдіру тәрізді нормадан  
асып, қызмет аясын кеңіте түскенін танытады. Сөйтіп, Абай- 
дағы ғашықтық сөз дегендер осы күнгі туынды сын есімдер- 
дің  өте  активтенген  түрлерінің  алғашқы  қарлығаштары 
(үлгілері) болып келеді.
Бұлар  –  -лық  аффиксінің  түбір  сөзге  тікелей  жалғанған 
түрлері мен қызметтері. Қалған жағдайларда -лық жұрнағы ту-

233
ынды түбірлергс жалғанған, яғни өзге аффикстермен тіркесте 
келеді.  Олар:  -шы+лық,  -ар  +лық,  -ды+лық,  -сыз + дық 
қосындылары.
-шы+лық  деген  аффикстер  тіркесі  Абай  текстерінде  екі 
күйде  кездеседі:  бір  ретте  ол  тұтас,  екіге  ажыратылмайтын 
жұрнақ  болып  келеді.  Мысалы,  жаманшылық,  таршылық, 
жалшылық,  қоршылық,  адамшылық,  қапашылық,  құлшылық, 
құдайшылық,  наданшылық,  хүсідшілік,  күншілік,  кемшілік, 
әурешілік,  тіршілік,  кеңшілік,  бұзақышылық,  әдемішілік  сөз- 
деріндегі
180
  -шы  компонентін  кәсіп  не  мамандық  иелерін 
білдіретін жұрнақ деп табуға болмайды
181
. Ал Абай қолданған 
суретшілік,  қайыршылық,  тіленшілік,  бәйітшілік,  койшылық 
сөздеріндегі жұрнақтар құрамын кәсіп, мамандықты білдіретін 
-шы  жұрнағы  мен  дерексіз  ұғым  атауын  жасайтын  -лық 
жұрнақтарының қосындысы деп ажыратуға болады.
Сөйтіп, -шылық жұрнағының екі түрінің екеуін де Абай- 
дың аса актив пайдаланып, онымен жасалған мынадай мағы- 
наларды білдіретін сөздерді қолданған:
1.  Адамға  тән  қасиет,  белгі,  күй,  қылықтардың  атауы: 
жаманшылық,  өтірікшілік,  адамшылық,  құлшылық,  надан- 
шылық,  күншілік,  кемшілік,  бұзықшылық,  әдемішілік  т.б. 
Бұлжерде, -шы лық аффиксі -лық аффиксінің дублеті тәрізді 
болып  келеді.  Абайда  жамандық  жаманшылық,  қорлық 
–  қоршылық,  адалдық  –  адалшылық,  құдайлық  –  құдай- 
шылық  параллельдерін  табамыз.  Екі  қатардың  екеуі  де  абс- 
трак тұғымдарды білдіреді. Айырмасы – бірінші қатары түбір- 
дегі  мағынаға  қатысты  жалпы  абстракт  ұғымды  білдірсе 
(жамандық),  екінші  қатардағылар  адамға  тән  қасиет,  белгі- 
лердің  абстракт  атауын  білдіреді:  жаманшылық  –  адамның 
мінез-құлқындағы,  жүріс-тұрысындағы,  ойындағы  жаман-
дықтың атауы.
Белгілі бір күй, құбылыс атауы.
2.  Бұлар  Абайда  сан  жағынан  көп  емес.  Олар:  кеңшілік, 
тіршілік, таршылық, жоқшылық, ашаршылық, «алыс, қашық 
күй»  мағынасындағы  жылшылық  («Екі  көңіл  арасы  –  жыл- 
180
  Бұл  тәрізді  жұрнақтардың  Абайда  актив  қолданылғандығын  көрсету  үшін 
мысалдарды мол келтірдік. Әрине, бұлар – әлі де түгел емес.
181
 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1964. - 213-б.

234
шылық жер» – I, 200). Соңғысынан басқалары – жалпыхалықтық 
тілде бар сөздер. Тіршілік пен тірлік Абайда да, өзгелерде де – 
мағыналық айырмашылықтары жоқ тең дублеттер.
1) 
-шы+ -лық  болып  ажыратылатын  түрімен  жасалған 
сөздер  адамның  кәсібінің,  мамандығының  түрін  білдіреді: 
суретшілік,  бәйітшілік,  қойшылық  Абайда  да,  оның  алдын- 
дағыларда  да  бұл  жұрнақтар  қосындысымен  осы  күнгі  тілі- 
міздегідей  шаруашылық  салаларын  атау  (егіншілік,  бақша-
шылық, шаруашылық) фактісі жоқ.
Келесі  күрделі  (құранды)  жұрнақтың  бірі  -лы  +  лық 
адамның  ішкі  қасиеттерін  білдіретін  дерексіз  есімдерді  жа-
сайды:  тоқтаулылық,  шыдамдылық,  арлылық,  намысты- 
лық,  табандылық,  талаптылық,  рахымдылық,  мейірбан- 
дылық,  байлаулылық,  естілік.  -лы+лық  жұрнағының 
морфологиялық  құрамы  айқын:  біріншісі  адамға  белгілі  бір 
қасиеттің  тәндігін  көрсетеді  (шыдам-ды),  екінші  бөлігі  сол 
қасиеттің абстракт атауын жасайды. Бұл Абайға дейін де ак-
тив  тәсіл  болғанмен,  оны  өнімді  пайдалану  жағынан  Абай 
тілі ерекше көзге түседі. -лы +лық аффикстері арқылы Абай 
көптеген  жаңа  сөздер  жасаған:  тоқтаулылық,  байлаулылық, 
арлылық, намыстылық тәрізді сөздер халық тілінде потенци-
алды болғанмен, Абайдан өзге нұсқалардан көп кездеспейді.
-лы+лық  аффикстер  қосындысының  антонимі  –  -сыз + 
дық құрамасы. Бұл да активтенуі жағынан да, жаңа туынды-
лар  жасау  жағынан  да  Абайда  -лы+лық  жұрнағымен  қатар 
тұрады:  білімсіздік,  талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық, 
қайратсыздық, қайғысыздық, тиянақсыздық т.т.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет