Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

“Тізушілер”

деген өлеңнің бір үзігі

Жыпырлаған ұяларда

Толған текше қорғасын,

Үй — құжынаған ұялы орда,

Қорғасынның ордасы.

Жүйрік қолдар сумандасып,

Қорғасынды тіздейді.

Ұядан бір ұяға асып

Керек әрпін іздейді.

Жыпырлайды сәкілерде

Тізімдердің дестесі, —

Тізушілер қолмен терген

Өнер-білім кестесі.

Сол қорғасын кестедегі —

Білімнің сан сырлары.

Қатар-қатар текшедегі —

Тіршіліктің жырлары.

Толған ұя жыпырлайды,

Әріптердің ордасы.

Тізушілер қыбырлайды,

Жазушының жолдасы.

Шапандары қап-қара көк

Арнап киілген жұмысқа.

Қыбырласып, қап-қара боп

Құжынаған құмырсқа.

Қорғасыннан өрнек тізген

Шойын дене жұмыскер.

Тасты ерітіп, жан кіргізген

Жұмыскерден кім іскер?

Міне, жолдас солар бізбен,

Тас еріткен жұмыскер!

Тіршіліктің сырын тізген

Солар ғана мініскер...

Тізген әрпі 10 жыл тынбай —

Алтын қақпа тарихқа

Түзу тартқан алтын сымдай

Жаңа тұрмыс — жарыққа.

Он жыл бейнет тізген өрмек,

Білім-сана халыққа.

Тізгендерің алтын өрнек,

Істе, жолдас! Жалықпа.



316

Мұнай не керекке жаратылады. Мұнай жалғыз отын 

үшін емес, басқа керектерге де жаратылады. Заводтарда онан 

керосин, бензин, вазелин сықылды заттар жасалады. Бұлардан 

басқа мұнайдан машина майлайтын май, түрлі бояу, жұпарлар 

да жасалады.

Қоп-қоңыр, сап-сасық майдан жақсы иісті жұпарға дейін 

жасалады деп кім ойлайды!

Мұнай  қалай  өндіріледі.  Мұнай  әдетте  жердің  терең 

қа баттарында жатады. Оны жер астынан алып шығу үшін 

жерді тесіп, өзек жасайды. Жерді басы сүйір, енді, ұзын темір 

тұрбамен теседі.

Бұл сүйір темірді зор машина айналдырады. Жер тесерде 

тұрбаның ішіне түтікпен су жіберіледі. Су жерді жұмсартады. 

Тұрбаның сүйір басы жібіген жерді ағаш тескендей үңгірлеп 

теседі.


Қазылған  жердің  құмы,  топырағы  тұрбамен  жоғары 

көтеріліп, айырым бір қанауға барып құйылады.

Жердің тесігі мұнайға жеткен кезде мұнайды зор түтікпен 

жоғары тартып, кіші-гірім отаудай үлкен ыдыстарға апарып 

құяды. Онан мұнай жер-жерге таралады.

Сұраулар: Мұнай қандай отын? Мұнайдан қандай нәрселер 

жасалады? Мұнай қалай өндіріледі?



Кеңес Одағындағы мұнай өндірісі

(Миллион  соммен  есептегенде)

311

372


433

518


1926 жылы

1927 жылы

1928 жылы

1929 жылы



Тас көмірден не жасалады. Тас көмірде түрлі қымбат зат 

бар. Өте қызулы пеште күйдірсе, тас көмірден жарық газ пайда 

болады. Онымен фонарь жағады. Көмірдің өзі кокс деген затқа 

айналады. Кокс — барып тұрған жақсы отын.

Мұнан басқа тас көмірден карболка қышқылтымы, нафта-

лин, түрлі бояу, сия, түрлі дәрі-дәрмек жасалады.

Қанттай тәтті сахарин сықылды заттың тас көмірмен үш 

қайнаса сорпасы қосылмайтын сықылды. Шынында сахарин 

да осы тас көмірден жасалады.


Және  тас  көмірден  түрлі  иісті  май,  жұпар  жасалады. 

Оқ-дәрі үшін керекті және бір қышқылтым да тас көмірден 

шығады.

Міне, тас көмірдің байлығы осындай.



Сұраулар: Тас көмір неден пайда болған? Қалай пайда 

болған? Тас көмірден қандай заттар шығады?



Кеңес Одағындағы тас көмір өндірісі

(Миллион соммен есептегенде)

256

326


371

423


1926 жылы

1927 жылы

1928 жылы

1929 жылы



Есеп.  1927  жылға  қарағанда  1928  жылы,  1928  жылға 

қараған да 1929 жылы қанша тас көмір артық өндірілген, соны 

есептеп шығыңыздар!


318

2-бөлім



АУЫЛ  ШАРУАСЫНЫҢ  ДАМУЫ  ИНДУСТРИЯЛАУ. 

СОВХОЗ,  КОЛХОЗДАР

Шаруаны  бірлестіру  жолы  —  машина.  Машина, 

әсіресе трактор, ауыл-қыстақта шаруа түрін өзгертіп отыр. 

Жеке,  бытыраған  ұсақ  шаруаны  жойып,  оның  орнына 

бірлескен ірі шаруа құрмақ. Жеке, ұсақ шаруаны машина-

ландыру еңбегі өнімді болуы мүмкін емес. Жеке, ұсақ шару-

аларды бірлестірмей, оларды машиналандырмай байлардың 

қанауынан құтқару, еңбектерін өнімді, шаруасын көтеру де 

мүмкін емес.

Бірлескен еңбекші қара шаруа үшін көп пайдалы, тиімді. 

Үкімет те бұл жөнде барлық күшін салып, жәрдем көрсетіп 

жатыр. Аз жылдың ішінде еңбекші қара шаруалардың бәрі 

де бірлестік шаруаға айналмақ — түгелінен машиналанбақ.



Кеңес  шаруасы  (совхоз)  “Гигант”.  Солтүстік  Кавказ 

айма ғындағы Сал округінің даласында жақында ғана қоралы 

қой,  үйірлі  жылқы  жайылып  жүруші  еді.  Ол  жайын  дала 

болатын. Далада сыбызғы мен қуыс қурай тартқан қойшы, 

жылқышының ғана мұңды сарыны естілетін. Қазір ол даладан 

басқа күй естіледі. Қазірде жым-жырт даланы басына көтеріп 

азан-қазан  қылған  300  трактордың  дүрілдеп,  гүрілдеген 

дүбірі естіледі. Бұл тракторлар — Сал округіндегі “Гигант” 

совхозының тракторлары. “Гиганттың” 150 мың гектар жері 

бар.


Жер  көлемі  Мәскеу  қаласының  көлемінен  25  мәртебе 

артық. Совхозда ат та, өгіз де жоқ. Ескілік белгісінен еш нәрсе 

жоқ. Бұлардың бәрінің орнында машина.

Машинадан басқа бар нәрсе — адам.

Бұл адамдар — атшы, өгізші емес, тракторшылар. Бұлар 

алыс, жақыннан жиылған, бұрынғы батырақ, кедей қара ша-

руалар. Ішінде толып жатқан комсомолдары да бар.

Совхоз өткен жылы 12 мың гектар қысқы егіндік, 30 мың 

гектар жазғы егіндік салды. 1929 жылы барлық 150 мың гектар 

жерге түгел егін салмақ. Жұмыстың ең қызу кезінде совхозда 

5 мың жұмыскер, 600 трактор қызмет етеді. “Гигант” совхо-

зы — Кеңес Одағындағы ең зор совхоз. Егіннің түсімін орта 



319

есеппен санағанда ең кемі 200 мың тонна бидай алмақ. Бұл 

астық Мәскеу қаласындағы барлық адамның жарты жылғы 

азығы.


Совхоздың кіндігінде клуб, аурухана, мектеп, жұмысшылар 

үйлері  салынып  жатыр.  Тракторларды  түзейтін  дүкендер, 

машина тұратын сарайлар да жасалып жатыр.

Сұраулар: Совхозға қарайтын жердің көлемі қандай? Со-

вхоз үшін машиналардың маңызы қандай?

Машинаны басқаратын кімдер?

Ленин атындағы артель. Біздің ауылдан 40 шақырым 

жерде бір крестьян қыстағы болушы еді. Сол қыстақтағы 27 

кедей, батырақтарды қосып, Лснин атына артель ашты.

Бұл артель басында жарлы еді. Жөнді үйлері де жоқ. Бір 

тамда 10—15 жас бірге тұрушы еді.

Осы күнде артель 17 жаңа үй, бір мектеп, бір балалар үйін 

салып  алыпты.  Үйлері  кең,  таза.  Жақында  10  үй  қазанын 

біріктіріп, ортақ асхана, кір жуатын үйлер салыпты.

Бұның бәрі бір күнде болған емес.

Басында артельдің халы қиын еді.

Алғашқы алған егіндік жері 31-ақ гектар болатын. Басқа 

жерлері тоғай еді.

Артельдің мүшелері жұмысқа аянбай кірісті. Осы күнде 

артельдің 230 гекгар егіндік жері бар. Сомасы 5 мыңнан 70 

мыңға жетіпті. 2 тракторы, 11 аты бар. Әр түрлі машиналары 

да көп.


Біз артельді бастан-аяқ араладық. Ісінің бәрінде де тәртіп 

көрдік.  Онда  әр  түрлі  газет,  журналдар,  кітаптар  алынып 

тұрады екен.

Артельдің тұрмысы қай жағынан болса да түзелген, жақсы. 

Артельдің келешекте мұнан да ілгері басып кетуіне әбден 

сенуге болады.



Социалдық жарыс. Алматыдағы шұға жасайтын фабри-

када жұмыс жансыз, шабан тартып еді.

Әркім “8 сағат істедім, жұмыс бітті” деуші еді. Жұмыс 

уақытында біреу темекі тартып, насыбай атып, біреулер әңгіме 

айтысып, қалжыңдасып, біреулері тіпті жай отырысып, талай-

талай уақыттарын зая кетіруші еді.



320

Бір күні жұмысшылардың жалпы жиылысы болды. Жиы-

лыста комсомол Әлжан келіні орнынан тұрып:

—  Жолдастар!  Газетке  қарағанда  жер-жердің  бәрінде, 

өнді рістерде социалдық жарыс басталыпты. Күн сайын біреу-

біреуді жарысқа шақырып жатқанын көресің. Бізге не болды? 

Біз де неге біреумен күш сынаспаймыз? — деді.

Сол-ақ екен, у да-шу шапалақ.

— Сынассақ сынасамыз!

— Сынасса несі бар?

— Намысымызды жібермеспіз!

—  Кіммен  сынасамыз?  —  деген  тұс-тұстан  көп  дауыс 

шықты.

Сол жиылыста Өзбекстанның жібек иіретін фабрикасын 



социалдық  жарысқа  шақырмақ  болып  қаулы  шығарылды. 

Біраздан кейін жібек иіретін фабрика қабыл алыпты деген 

хабар келді. Келісімге қол қойылды.

Фабрика жұмыскерлері намысқа тырысып, бұрынғыдай 

емес, жақсы істей бастады. Өзара бір-бірінің ортасында да 

бәсеке бас талды. Әлжан келіні жанына бірнеше қатындарды 

қосып алып, еркектермен бәсекелесті.

Бұрынғыдай уақытты бос өткізу қалды. Жұмыс қызды, 

жанданды. Сонымен біразда жіп иірушілердің жұмыс өнімі 

бір жарым есе артты. Тоқымашылардың іс өнімі екі есе артты. 

Шұғаның саны да, сапасы да артты. Жарамсыз нәрсе істеп 

шығару бұрынғыдан үш есе кеміді.



Сұраулар: Бәсекеден бұрын жұмыс қалай бара жатыр еді? 

Бәсекенің пайдасы қандай болды?



Швецияда

(Жүргінші  әңгімесінен)



Электрдің ауыл шаруасына араласуы. Автомобиль тас 

жайған тақтақ жолмен қатты ағызып келе жатты. Кішкене 

тоғайлар, үйлер бірі артынан бірі артымызда қалып жатыр.

Бір кезде шофер (автомобильдің жүргізушісі) алдымыздағы 

6 топ үйді көрсетіп, міні біздің отарға да келдік, — деді. Маған 

отар дегені отар ғана емес, фабрикадай көрінді.

Тоғай арасында темір шатырлы, биік тас үйлер көрінеді. 

Сарай мен албарлары да біздің албарлардай емес, өздері бір 

кіші-гірім завод сияқты.


321

Біз қақпаға кіріп, отар бастығының үйінің алдына тоқтадық.

Көңілді жүзбен жымиған бір адам үйдің алдына шықты.

— Мен управляющий Стеркимін, — деп маған танысты 

да, бөгелместен отарды қарайық деді. Біз әуелі сиыр қораға 

келдік.


Бұның аты ғана сиыр қора. Қораның асты цемент. Гол-

ланд сиырының нәсілінен болған бірнеше сиыр тұр. Бәрінің 

де жеке-жеке тұратын орыны бар. Кең, таза, алдарында жем 

жейтін оттықтары.

Сиырлардың жанынан рельс салынған. Бұнымен арбаға 

салып, сырғанатып жем әкеліп тұрады. Сиырлардың астына 

төсеуге шымтезек дайын тұр.

Мен  бір  жұмыскердің  сиырды  жуғанын  көрдім.  Жуып 

болған  соң  сиырдың  үстіне  бір  машинаны  іліп  қойып, 

сиырдың  емшектеріне  апарып  кішкене  түтікшені  кигізді. 

Содан кейін барып электрді жүргізді. Біраздан соң сиырдың 

астына қойған үлкен темір шелек емізіктеп сүтке тола бастады.

— Бұл электр сауыншы. Жарты сағатта бес машинамен 

45 сиыр сауып аламыз. Сол бар сиырды саууға екі жұмысшы 

жетеді. Сауып алған сүтті аз уақыт қана салқындатамыз да, 

тезінен қалаға жібереміз, — деді бастық.

Жұмысшылар  бір  сиырдан  соң  екіншіні  сауып  жатты. 

Үйреніп алған сиырлар былқ етпей тұрып, жемін жей береді.

—  Жем  беру  жұмысы  көп  уақыт  алады.  Бірақ  біз  бұл 

жұмысты да машинамен істейміз, — деді Стерки.

Біз қораға, тысқа шықтық. Қорада үгіткіш машина жақсы 

жемді, жмыхты үгіп жатыр екен.

— Біздің жұмысшыларымыз осындағы бар машиналарды 

да жүргізе біледі. Бұл қиын жұмыс емес. Машина “сынған, 

бүлінген” деген сияқты уақиғалар бізде болмайды. Машинаға 

күтім жақсы болса болады.

Оның есебіне жұмыскер тіпті аз керек. Сіздер де қыстақта-

рыңызға электр кіргізе бастады деп естіп едім, — деді. Мен 

бізде не істеліп жатқанын айтып:

— Бірақ сіздерден көрі бізге бұл істерді ретке қою қиы-

нырақ. Біздің мемлекетіміз өте үлкен. Онда шаруаға электр 


322

кіргізу үшін көп жұмыстар істеу керек. Қыстақты электрмен 

жарықтандыру казір бізде де реттеліп келеді. Крестьяндар 

өзендерге станция салып, қалаларына электр отын апаруға 

көңілді кіріседі, — дедім.

— Жүріңіз, мен сізге біздің салам мен тұқым сақтайтын 

сарайларымызды көрсетейін, — деді Стерки. — Егер бір-екі 

жұма кейін келсеңіз, біздің астық түйгенімізді көрер едіңіз, — 

деді.

Содан  кейін  біз  үлкен  сарайды  көріп,  аралап  шықтық. 



Сарайдың бір бұрышына мотор орнатыпты. Мотор электр 

күшін қорытып шығарып, отардағы барлық машиналарды 

жүргізеді. Ол машиналар астық түю, тұқымды сорттау, салам 

тасу сияқты жұмыстарды істейді. Дәні алынған саламды ма-

шина жалпақ жіппен орап алып, сарайдың бұрышына апарып 

түсіріп тұрады. Бұған керек десе айырдың да қажеттігі жоқ.

Стерки саламның қалай тасылатынын көрсетпек болып 

электрді жіберді.

Іріктелген  қара  бидайды  қапшық-қапшық  қылып  үйіп 

қойыпты. Оны да көрсетті.

Біз  далаға  шығып,  мал  жайылатын  жайылыстарын  да 

көрдік. Қайтарда тауықтар тұратын жеріне кіріп едік. Онда 

түн бойы электр жанып тұрады екен.

— Жарық болып тұрса тауықтың жұмыртқалауы өнімді 

бо лады, — деді Стерки. Кешке Стерки мені шойын жол стан-

циясына шейін шығарып салды.



Пароход. Бұл уақиға 1807 жылы 11 августа болған. Гудзон 

дариясының жағасына жиылған жұрт қалың еді

149

. Нью-Йорк 



қаласының барлық халқы тамашаны көруге келген болатын. 

Пултон  деген  ағылшын  кеме  жасапты

150

.  Кемесі  күректі, 



кенепті керек қылмайды. Бумен жүреді деседі. Кеме жағада 

тұр. Үлкен мұржасынан түтін шығып, ұшқыны шашылып 

жатыр.

— Жүрер ме екен, жүрмес пе екен? — деседі жұрт.



Көпшілік:

— Жүрмейді, деп күлісіп мазақ етеді.

Сүйтіп тұрғанда кеменің зор дауысы шықты. Үлкен дөң-

гелектер суды шалпылдатып ұра бастады. Кеме орнынан қоз-

ғалып дарияны өрлеп жүріп берді. Халық аңырайып, сілесі 


323

қатып тұрып қалды. Біраздан соң қуаныштан айғай салысып, 

пароходтың артынан шұбыра бастады. Бірақ пароход барған 

сайын жүрісін тездетіп, біразда көзден ғайып болды. Осыдан 

екі  жұма  өткен  соң  газеттерде  жарнама  шықты:  “Пароход 

жұмасына екі рет Нью-Йорктен Албан қаласына кісі тасиды” 

деген. Тағы да жағаға көп халық жиналды. Бірақ пароходпен 

жүруге ешкім нің батылы бармады.

Аяғында пароход Албан қаласына пассажирсыз кетті. Өзен 

үстінде бұл келе жатқанда жолдағы жұрт шошып қарады. 

Бұны жел, ағынды елемейтін шайтан деп білісті. Түнде көрген 

жұрт шошынғанынан далаға қашып тығылатын болды.

Пароход Албан пристанында қайта жүрмекке дайындалып 

тұр еді.


Пароходтың палубасында Пултон жалғыз өзі ғана. Бұдан 

басқа от жағатын жұмыскерлер мен жалпы қызметшілер ғана 

бар. Бір уақытта Пултонның жағадағы бір адамға көзі түсті. 

Ол қолында жүгі бар, топты жарып келе жатқан бір америка 

адамы екен. Пароходқа мінді.

Пултон:


— Сізге не керек? — деп еді.

— Сіз кісі тасимыз деп газетте жарияладыңыз. Мен Нью-

Йоркке бармақшымын. Міні, ақшаңыз, деп Пултонның қолына 

ақша салды.

Пултон ақшаға қарап тұрып, өзінің ырзалығын қалай ай-

туды біле алмады.

— Әлде бұл аз шығар? — деді пассажир.

— Жоқ, білесіз бе, бұл менің бірінші ғана табысым. Маған 

сенген бірінші адам сізсіз. Менің сізге ырза болғандығым 

соншалық,  шамам  келсе  сыйлар  едім.  Бірақ  нансаңыз  түк 

қаражатым жоқ. Сенімен біз тағы да кездесерміз. Ол күнде 

менің ісім түзелген болар. Сонда осы бүгінгі күнді еске алар-

мыз, — деді қуанған Пултон.

Істің басы осы еді. Аз уақытта жұрт пароходтан қорыққанды 

қойды.

Пассажир күннен-күнге молаятын болды. Басқа мемлекет-



терде де пароходтар пайда болды. Аяғында пароход дарияда 

ғана емес, теңіздерде де жүретін болды. Мезгілден мезгіл 

өткен сайын пароходтың жасалуы да шеберлене берді.


324

Осы күнде ұзыны 140—150 метр үлкен пароходтар жиі 

кез деседі.  Бұндай  пароходтардың  сағатына  35  километр 

жүретіндері бар.

Пароходта  пассажирларға  арналған  жақсы  жайлар  бар. 

Азық  мол  болып  алынады.  Ішінде  театр  ойналатын,  газет 

басылатын, радиомен құрғақта болып жатқан уақиғалардың 

бәрінен хабар алып отыратын болды. Бүгіндегі теңіз паро-

ходы  —  ағып  жүрген  қала  есепті.  Бұл  қаланың  көшелері, 

бақшалары да бар. Үлкен пароходтағы пассажирдың саны 

4 мыңға шейін болады.

Ең әуелгі машина қалай жүрді. Осыдан 100 жыл бұрын 

ағылшында  жаздың  ашық  бір  күнінде,  жасыл  шалғында 

бірнеше сиыр жайылып жүр еді. Шалғын ортасымен өзен 

ағатын. Сол өзеннің жағасында малшы бала Георг Стефенсон 

отыр.

Анадай жерде сиырлардың иесінің үйі көрініп тұр. Оның 



ар жағында Байлам деген жұмыскер қаласы. Қаладан әрі тас 

көмір  заводы  көрініп  түр.  Онда  тынымсыз  жұмыс  қайнап 

жатыр.

Жүздеген адамдар жер астында тас кеміріп, көмір қазып 



шығарып жатыр.

Кейбіреулер көмірді тысқа шығарады.

Сол заводта Стефенсонның әкесі де жұмыс істейді.

Бұның үйі кедей, тұрған үйлері шатыры тозып құлаған, 

ескі үй. Сол үйде бұлардың өздері сияқты тағы үш кедейдің 

үй іші тұрады. Олар да көмір қазушылар.

Бір  күні  Георгті  жылына  12  сом  беріп  малшылыққа 

алмақшы болып біреу шықты. Бұған әкесі қуанып кетті.

Үйткені, үй ішінің басы кемиді, оның үстіне аз да болса 

ақша табады.

Баласына сабақ оқыту дегенді ол кезде ешбір жұмысшы 

ойлай да алмайтын.

Сонымен  кішкене  Георг  сиыр  баға  бастады.  Бұрын  ол 

әкесі жүрген кенге барып, сондағы машиналардың ісін көруге 

құмар болушы еді. Қазір ондағыдай бара беруге болмайды. 

Не қылу керек?

Ақырында өзеннің жағасында да оған қызықты нәрселер 

табылды. Бала өзеннің дәл жағасына келді, бұл арада оның 



325

ойыншығы  тығулы.  Ойыншығы  заводтың  ағаш  арбала- 

ры сияқты. Одан басқа өзенге орнатқан кішкене тиірмені 

де бар.


Георг өзінің тиірменінің жүрісін тамашалап отырғанда өзен 

жағасына тағы бір бала келді. Бұл Георгтің әрі жолдасы, әрі 

құрдасы Том еді. Екеуі амаңдасқан соң Георг:

— Том, менің не ойлап тапқанымды білдің бе? Кел, екеуміз 

бірігіп, заводтағы жүк көтеретін машинадай машина жасайық.

Ол кезде бумен іс істейтін машиналар бар еді. Бірақ шойын 

жолдар жоқ болатын.

— Машинаны неден жасаймыз?

— Неден жасайтынды табамыз, — деді Георг.

— Олай болса неменесі бар, кел істейік, — деді Том.

Сонымен екі бала іске кірісті. Бірнеше күннен соң маши-

на әзір болды. Бұл кәдімгі заводтың машинасындай. Сондай 

жұмыс істейді. Бірақ кішкене, ойыншық машина.

Георгтің машинасы аз уақытта маңайдағы жұрттың бәріне 

мәлім болды.

Бұны көруге маңайдың балалары ғана емес, үлкендері де 

келетін болды.

* * *


Арада бірнеше жыл өтті.

Георг азамат болып қалды. Оның тілегі орындалып келе 

жатты. Қазірде ол әкесімен бірге заводта машина жанында іс 

қылады. Жасы 14-те ғана болса да, ол үлкен жұмысшылардың 

білмейтінін біледі. Олар істей алмайтын жұмысты да істейді.

Ұдайы машинаның жанында болғандықтан, Георг машина-

ның қалай жасалғанын әбден зерттеп біліп алды.

Бұның білімін жұмыс басқарушылар байқады да, баланы 

күннен-күнге үлкен жұмыстарға өрлете бастады. 18 жасында 

ол жүк көтеретін машинаны басқарушы болып сайланды. Ол 

машина көмірді терең ошақтан сыртқа көтеріп шығаратын.

Тағы біраз жылдан соң, оны заводтың машинисі қылып 

сайлады.


326

* * *


Стефенсоннан бұрын да әрбір машинашылар бу машина-

сына дөңгелек жасап, сонымен ат орнына жүк тартқызу керек 

деген ниет ойлаушы еді.

Сондай бір машина талай аттың жүгін тартатынын олар 

білуші еді.

Бірақ сондай машинаны жүргізу ешкімнің қолынан кел-

меген.

Көбі паровозды нашар қылып жасайтын. Және машинаны 



жәй жермен жүргізу мүмкін емес болған, дөңгелегі жерге кіріп 

жүрмей қоятын-ды.

Кей жерлерде завод ішінде рельс салатындар болды. Бірақ 

рельсті  ирек-ирек  қылып  жасап,  дөңгелекті  де  ирек  тісті 

қылып істейтін. Бұндай машина қатты тарсылдап, даурыққаны 

болмаса, жүрмейтін болған. Ол кездегілер дөңгелекгің табаны 

тегіс болып, рельс тегіс болса, арба жүрмей, бір орында құр 

айналып тұрып алатын шығар деп ойлаған.

Стефенсон осы пікірдің теріс екенін тапты.

Ол  өзінің  үйінде  кішкене  паровоз  жасады,  бұның 

дөңгелегінің табаны тегіс еді.

Соны  тегіс  рельстің  үстіне  қойып,  жүргізіп  көріп  еді, 

жүріп кетті.

Тәжірибесі жақсы болып шықты. Осыдан кейін Стефенсон 

бір завод иесіне кеңес берді. Табаны ирек дөңгелекті, ирек 

рельсті таста да, тегіс рельс, тегіс табанды дөңгелек жаса деп. 

Осы кеңеспен іс істеп еді, машина жақсылап жүре бастады.

Осыдан кейін Стефенсонға өз жобасымен паровоз істеп 

беруді тапсыратындар көбейді. Стефенсон паровозды бірінен-

бірін артық қылып жасап шығарып жатты.

Бір күні ол тұрған қыстаққа бір хат келіпті. Хаттың сыр-

тына:


“Инженер Стефенсон мырзаға” деген жазу бар екен. Хат 

тасушы “инженерді” іздеп көп жүрді. Таба алмады.

Аяғында бір әйел:

— Ойбай-ау, әлде біздің Георгке жазылған шығар! — деп 

Георгтің үйін көрсетті.


Хатта Стефенсонға жақсы ақы бермекші болып, бір үлкен 

жұмыс тапсырыпты.

Жұмысы:  бір-екі  қаланың  арасына  13  километр  жерге 

шойын жол салып беру турасында екен.

Стефенсон қатты қуанып, іске кірісті.

Жұмысы  іс  болып  шыққанша  көп  қиындық,  бөгеттер 

көрді. Үйткені бұндай ниет іс болады дегенге ешкім сенген 

жоқ. Бірақ сүйтсе де екі жылдан соң 1825 жылы жұмыс бітті. 

Тамашаға  жиылған  қалың  елдің  алдында  Стефенсон  өзі 

салған жолмен, өзі жасаған паровозбен жүріп өтті. Жүрісінің 

шапшаңдығы ол заманда естілмеген шапшаңдық еді. Сағатына 

18 километр жүретін тездікпен жүрді.

Жұрт қатты таңданды.

Бірінші шойын жолмен бірінші машина осылайша жүрді.

Аз уақытта осы жолмен тас көмір, тағы басқа жүктер тасуға 

кірісті.  Содан  біраз  өткен  соң  адамды  да  таситын  болды. 

Жолдың ешбір қаупы жоқ екенін жұрттың көзі көрді.

Стефенсонның атағы барлық ағылшынға, одан әрі барлық 

дүниеге жайылды.

Талай жерлерден шойын жол салып бер деген шақырулар 

алды. Стефенсон соның бәріне де барып, тоқталмастан істеп 

жүрді.


Артынан Стефенсонның баласы Роберт ер жетті. Ол оқу 

оқып, инженер атын алып еді. Оқымысты баласы да әкесіне 

жәрдемші болды.

Баласымен  қосылып  Стефенсон  өзінің  білімін  толтыр-

ды. Ақырында оның өзі салған жолдармен жүретін поездар 

бұрынғысынан да тезделіп, сағатына 45 километр жер жүретін 

болды.

Бұл табысымен Стефенсонның адам баласына келтірген 



пайдасын  санап  бітіруге  болмайды.  Бұрын  атпен  бірнеше 

айларда  көп  бейнет,  көп  қауіппен  зорға  жеткізетін  ауыр 

жүктерді  от  арба  бірнеше  сағат,  я  бірнеше  күнде  оп-оңай 

жеткізеді. Шойын жол түскен соң жер үстіндегі тіршілік те 

тез өзгеріп кетті.

Бірақ елдің көбі жаңалыққа оңай көне алмайды. Шойын 

жол жайында да солай болды. Көпке шейін шойын жолға 

сенімсіздікпен  қарап,  отарбаның  ішінде  шайтан  отыр  деп 

жүргендер де болды. Кей жерлерде крестьяндар отарбаның 


328

жолына құдайдың суретін алып шығып тоқтатпақшы да бо-

лысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет