Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет23/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
“Қазақ мектебінде ана тілі бір тарау білім есебінде”  

Жазушы жиырмасыншы жылдардың бас кезінде көптеп ашылған 

бірінші басқыш мектептер мен оқытушылар даярлайтын курстар-

да,  техникумдарда  және  институттарда  қазақ  тілінің  оқытыла 

бастағанын меңзеп отыр. Бұл жөніндегі пәнді Ахмет Байтұрсынов 

“Ана тілі” деп атады да, оған қатысты оқулықтарды алғаш өзі жазды. 

Олар: “Әліппе”, “Сауат ашқыш” (ересектер әліппесі), “Әліппе астар” 

(әліппеге  методикалық  нұсқау),  “Тіл  құрал”  1-бөлім.  Фонетика, 

“Тіл құрал” 2-бөлім. Морфология. “Тіл құрал” 3-бөлім. Синтаксис, 

“Тілжұмсар”  1-бөлім.  Практикалық  грамматика,  “Тіл  жұмсар” 

2-бөлім. Практикалық грамматика” деген атаулармен жарық көрді. 

Жалпы  оқу  мәселесіне  қатысты  ойларын  М.  Әуезов  “Оқу  ісі” 

(“Абай”, 1918. № 11), “Оқуға ұмтылатын уақыт” (“Қазақ тілі”, 1922. 

18 қараша) деген сияқты бірсыпыра мақалаларында ортаға салды.

2.  6-бет.  “Қазақ  тілінде  әрбір  заманда  шыққан  сырлы 



сөздердің үлгі түрі қандай”  Сырлы сөзді жазушы көркем әдебиет 

мағынасында  ұғынған.  Смағұл  Сәдуақасовтың  алты  сұрағына 

жауап ретінде қайтарған “Өз жайымнан мағлұмат” деп аталатын 

өмірбаяндық қолжазбасында: “Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет 

бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды” 

(папка № 4. 382-бет) деген жолдар осы танымына дәлел бола алады.



389

3.  6-бет.  “Мектепте  жүрген  окушылардың  осы  сияқты 



ақыл, сезім азығын тілеп”  Сезім азығы деп бұл жерде жазушы 

ойды кеңейтіп дамытатын, жетілдіретін көркем әдебиет, тіл білімі 

туралы ғылымды айтып отыр. Осыларды мектептерде оқытудың 

қажеттілігіне көңіл аударады.

4.  6-бет.  “...бұл  кітап  “Қазақ  әдебиеті”  деген  толық  атты 

аламын деп дәмеленбейді”  Жазушы бұл ойын кітабында қазақ 

әдебиетіне  қатысты  салаларды  толық  қамтымайтын  болған  соң 

еске салады. Бұрынғы, кейінгі дәуірдің бәріне бірдей тоқталуға 

мүмкіндігі жоқ болғандықтан, осы саламен айналысатындар және 

көпшілік оқушы қауым үшін оның нобай суретін калқайтып беруді 

ғана мақсат тұтқандығын айтады.

5.  7-бет.  “Сондай  бөлімдер:  ертегі,  билер  айтысы”    Би-

лер айтысы билер кеңесімен тығыз байланысып жатады. “Билер 

кеңесі” деген сөз қазақта бұрыннан болған, тіпті, осылардың Сай-

рам маңындағы Мартөбеде, Сырдария жағалауындағы Күлтөбеде, 

Бетпақпен  ұштасып  жатқан  Телікөлде,  Түркістан  жанындағы 

Битөбе  мен  Өзбекстанның  Ангрен  өзені  бойындағы  Күлтөбеде 

(Ханабад) өтіп тұрғандығы жөнінде әңгімелер көп. Әрине, мұндай 

кеңестердің айтыс-тартыссыз, сөз жарысынсыз өтпейтіні белгілі. 

Ал, кейінгі кездің билері көбінесе еларалық, руаралық жер дауы, 

жесір дауы, мал, құн дауы сияқты жиындарда сөз жарысына түсетін 

болды. Бұлардан басқа, билер айтысы өмір мен тұрмыстың әралуан 

жағдайларына байланысты да туындап отырды. Осының бір үлгісін 

Төле, Әйтеке би мен Орта жүз Орманбет биелердің Қасқакөл деген 

жерге байланыс ты дауының өзі-ақ көрсете алады. Төле мен Әйтеке 

хат, сәлем түрінде Орманбеттен жауап ала алмаған соң, онымен 

бетпе-бет сөйлеспек болады. Орманбет келгенде Төле би: “Ей, Ор-

манбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ, бұдан бұрын қаншама сәлем 

айтсам да, келген жоқсың. Ер кетер, жер жетер, Орманбет! Ешкімге 

опа бермес дүние боқ! Сен бізден кіші баласың, біз барып қайттық, 

сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жас едің, 

көңілдегіңді аларсың. Сен бізге Қасқакөлді бер, рас, саған Қасқакөл 

жақынырақ, бардан пайда, жоқтан залал деген, не бер се қайырын 

тілеп көр, Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар, әр жерде су ішетін 

басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді 

ұстама тар” — дегенде, Әйтеке: “Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, 

батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, ба-

тыр болып найзаң тимесе, жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген. Бізге 

кейінгілер соны айта ма деп қорқамын”, дейді, Орманбет: “Екі би, 

айтқан сөзің жарасады, еншіге әркімдер-ақ таласады, Бұл Қасқакөл 

Орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз 



390

билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің 

ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай іс жаман деген”.

Үш би олай ырғасып, былай ырғасып келісімге келе алмаған 

соң,  елдеріне  қайтады.  Орманбет  үйіне  келгенде  даудың  жайын 

баяндайды, әңгіме сырына қанған анасы баласына қарт билерді 

ренжітпей, көлді бөліп бер деп кеңес етеді. Шешесінің айтқанын 

істеп,  Орманбет  тоғыз  бие  сойып,  екі  биді  қонаққа  шақырады. 

Мәжілістесіп отырғанда Төле: “Әйел жақсы болса, білім иесі батыр 

туады, жаман болса, ер бөксе болса да қатын туады. Әйел жақсы 

болса  ердің  басшысы  емес  пе?!  Бұрынғылар  осылай  демес  пе? 

Қасқакөлді алам деп келіп едім. Орманбет бермеген соң өліп едім. 

Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгіге тірілмейтін өлік 

едім. Жеңгей, мені тірілттіңіз, енді балаңызға бата берелік”, — депті.

6. 7-бет. “...қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың аяқ кезінде үлкен 

ағым сияқты болған дін хиссалары кірген жоқ”  Қазақтағы 

бұл қиссалар ислам дінін, Мұхаммед пайғамбар мен оның шадияр, 

сахабаларының  іс-әрекеттерін  аңыз  түрінде  жыр  ететін  туын-

дылар.  Бұлар  әсіресе  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазан, 

Уфа, Ташкент баспаларында басылып, ел арасына кең тарайды. 

Осылардың  ішінен  “Сал-сал”,  “Зарқұм”,  “Кербаланың  шөлі”, 

“Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны”, “Әлінің сараң байды жолға 

салғаны”, “Әзірет Әлінің миғражға шығуы”, “Жүсіп — Зылихадай” 

көптеген нұсқаларын бөліп атауға болады. Бұларда исламның негізін 

қалаушылардың өмірі, ерлігі, бағыт жолы уағыздалғанымен, тұрмыс-

тіршіліктің қыр-сырлары да ,адамгершілік, мейірімділік, малды адал 

еңбекпен жию, қарып-қасірге қол үшін беру, момынның ақысын 

жемеу сияқты толып жатқан жай-жағдайлар да сөз болады. Бұлардың 

тарихи шындыққа жақын баяндалатын тұстары аз емес, тілі:

Күнбатыс, күншығысқа барған бабаң,

Шаһар бұзып, ойранды салған бабаң.

Талай Қайсар, Қаһандай палуандар,

Жолдассыз жалғыз жүріп алған бабаң (“Зарқұм”), —

дегендей  көркем,  оқиғалары  тартымды  келеді.  Жазушының 

“кіргізбедім” деп отырғандағы әдебиеттен өзіндік орын алатын осы 

бір мол дүниелер кейін де зерттелмеді, кеңестік идеология, оған 

мүмкіндік те, жол да бермеді.

7. 7-бет. “...біздің көздеген мақсатымыз әуелі қазақ елінің өз 

қанынан туып, өз сүтімен өскен ескіліктің ұлы денесін тұрғызып 

алмақшы  болдық”  —  Жазушының  діни  шығармаларды  бұл 


391

кітабында уақытша сөз етпеуінің себебі: “... көбінің сарыны шеттік 

болудан  басқа,  мазмұндары  да  түгелімен  мұсылман  ғаламынан 

келген көшпелі, қыдырма әңгімелер” деген ойында жатыр. Олай 

болса, бұл қатарға кейін кітаби ақындар атанған ақындардың кейбір 

туындыларын да қосуға тура келеді. Олар Шығыс әдебиетіндегі 

араб, парсы, түркі тілдес халықтары поэзиясының үздік үлгілерін 

өздерінше  жыр лады.  Олар:  Шәді  төре,  Мәдәлі  қожа,  Жүсіпбек 

Шайхулисламұлы, Ораз молда, Нұржан Наушабайұлы, Майлықожа, 

Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары сияқты көптеген ауызша 

да, жазып та айта білетін ақындар еді. “Шахнама”, ‘‘Сейфілмәлік 

Бәдіғұлжамал”, “Ләйлі—Мәжнүн”, “Рүстем—Дастан”, “Тотынама”, 

“Атымтай жомарт”, ”Ескендір” осылардың айтуымен, жазып тара-

туымен белгілі болды.

8. 7-бет. “...әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелгі 

шыққан ұясынан бастап ұғыну керек, қазақтан бұрын арап, 

парсы,  оңтүстік  түріктері,  шағатай,  татар  әдебиеттерін  шо-

лып өту керек”  Көршілес халықтар ой мұраларымен ертеден 

аралас,  тамырлас  екендігін  “Тартты  мені  таразының  жырлары” 

деген Рудаки сөзінің өзі-ақ дәлелдей алады, соған қарап-ақ қазақ 

жеріндегі бұрынғы поэзияның қаншалық қуатты болғандығын ұғыну 

қиындыққа соқпайды, Рудакиді парсы поэзиясының ұлы өкілі де-

сек, мұндай тұлғаларды қазақ ақындарының білмейтіні кемде кем, 

әсіресе, олардың кітаби ақындарға еткен әсері өлшеусіз еді, Иран 

тобына жататын парсы, ауған, тәжік, күрді тағы басқалар мен түркі, 

Үндістанның кейбір халықтарының қосқан үлесімен парсы әдебиеті 

қалыптасты. Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар һаям, Жәми есімдерін 

қазақ даласы жақсы білді. Шағатай әдебиеті өкілдерінің көпшілігі 

түркі тілімен қатар парсы тілінде де шығармаларын жазды.

Әкесі еншіге бөліп берген оңтүстік Алтайдан Әмударияның оң 

жағалауына дейінгі аралықтағы ұлан ғайыр аймаққа билік жүргізген 

Шағатай (1242 жылы өлген) Шыңғысхан балалары ның ішінде өзі 

құрған мемлекетті өз атымен атаған адам. Көзі тірісінде ол Ұлы 

қаған Үгедейдің келісімімен мирасқоры етіп, үлкен ұлы Мүтугеннен 

туған Қара Хулагуды белгілесе, Ұлы қаған Күйік болғаннан кейін 

оның немересі тақтан тайдырылды да, орнына Есу Мөңке отырды. 

Бұдан кейін Төленің баласы Мөңке тағайындалып, Шағатай ұрпағы 

ХІV ғасырдың басына дейін биліктен шеттетілді, осы ғасырдың орта 

шенінде мемлекет екіге бөлінгенде, олар ұлыстың шығыс бөлігі 

Моғолстанды билеу мүмкіндігін сақтап қалды. Міне, осы кездерде 

дүниеге келген мұралар Шағатай әдебиеті аталды, кейде бұларды 

ескі өзбек әдебиеті деп те айтып келді.


392

Жалпы түрік халықтары сияқты көптеген мұраларға ортақтығы 

өз  алдына,  татарлардың  тек  өздеріне  тән  әдебиеті  Еділ-Қама 

бұлғарлары деуірінен бастау алады. XIII ғасырдың орта тұсында Ал-

тын Орда құрамына енгенде Ғалидың өлең-дастандары мен авторы 

белгісіз “Кесікбас”, “Сопыларға өсиет” деп аталатын шығармалар 

белгілі  болды.  Одан  бері  Махмұд  Бұлғари  (ХV  ғ.),  Мұхамадия 

(ХVІ ғ.), Маулан Құли (ХVІІ ғ.), Утыз Имани (ХVІІІ ғ.), Әбунасыр 

Курсави (1776—1818), Шагабудцин Маржани (1813—1889), Қаюм 

Насыри (1825—1902) сияқты әдебиет қайраткерлерінің есімдері та-

нылды. Қазақтың алғашқы кітаптары осы татар баспаларында жарық 

көргенін де айта кетуге болады. Енді жазушының “Оңтүстік түрік 

әдебиеті” дегеніне қазіргі түрікмен, әзербайжан, Осман түріктерінің 

әдебиеттері сәйкес келеді.

9. 8-бет. “...тегінде бұл тарих қазақ елінің жалпы тарихы 

шыққан соң тізілуі лайық еді” — Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, 

Қ. Кемеңгеров, Х. Досмұхамедов, С. Асфандияровтардың еңбектері 

болмаса, тарих деп аталатын көлемді туындының бұл кезде жазыла 

қоймағаны белгілі, ол ғана емес, қазақтың өз ішінен басқа, одақтас 

республикалардың  бірде-бірінде  әдебиет  тарихының  үйренуге 

тұрарлық үлгілері жоқ еді. М. Әуезовтің зерттеулері осындай тұста 

жазылды. Мұны жасы отызға жетпеген жігіттің ерлігі, көрегендігі, 

білімі мен біліктілігі, тереңдігі демеске болмайды.

“СӨЗ  БАСЫ”

1. 10-бет. “...еркектен бұрын үй шаруасының, отырықшы 



шаруаның  негізін  салған  әйел  екен”    Тағылық  тұсындағы 

орташылдық,  аталық,  аналық  дәуірлер  мен  мемлекет  негізінің 

құрылған  дәуірлері  туралы  ой  қозғайтын  жазушы  осындағы 

әйел орнының маңызына ерекше көңіл аударады; табиғи теңдік, 

қан жақындығына қарай туысқандықтың дамуы, жар ортақтығы 

дәуірлерінен өткен әйел аңшылық кезіндегідей шаруаға ғана емес, 

еркекке де басшы болды. Осындағы танымдық негіздері алғашқы 

мақалалары “Адамдық негізі әйел” (“Сарыарқа”, 1917.  5 қыркүйек), 

“Қазақ әйелі” (“Абай”, 1918. № 8) топшылауларымен астасып жатыр.

2.  12-бет.  “бұрынғы  басшы  аталарды,  аруақты  құр-



меттеуден”  Қадірлі адамдарды қасиет тұтып, киелі санау, оның 

аруағына (рухына) сиыну салты қазақта ежелден болған. Денеден 

бөлек өмір сүреді деген ұғымда қабылданатын аруақта жан тірі 

жүреді деген сенім жатыр. Солардың аруағына табыну, дұға оқып 

жалбарыну алғашқы әңгімелердің, шұбыртпа тақпақ өлеңдердің 

тууына да себеп болды. Әуелгі әдебиет жұрнақтарының шығуы 

осылардан басталды деп қарайды жазушы.


393

3. 12-бет. “Олар ой иесі, дін иесі болып тап-тапқа бө лінді”  

Осылай бөлінгенімен, дін мен ой бір-бірімен тығыз байланыста 

болды;  себебі,  көне  замандардың  өзінде-ақ  ой  қуа  жүріп  дінді 

ұстанғандар, дін тұтқасында отырып ойшылдықпен, яғни фило-

софиямен айналысқандар аз емес еді, жазушы осыны меңзеп отыр.

4, 5, 6, 7, 8. 14-бет. “Шыңғыс хан заманынан бергі: түрік, 

монғол тарихының барлық дәуіріне түгел кіріп, толық араласып 

отырған. Кейінгі Жәнібек, Керей, Қасым, Ақнияз хандардың 

тұсында”  Қазақ ордасының хандары Шыңғысхан ның (1157—

1227)  үлкен  ұлы  Жошыдан  (1187—1127)  тараса,  оның  алғашқы 

билеушілері Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек. Орысхан 

Жошының Тоқтайтемір, Өзтемір, Қожа, Бәдіғұлдан кейінгі бесінші 

ұрпағы болатын. Оның жеті ұлы болды, үлкен ұлы Тоқтақиядан 

Болат, Болаттан Керей, ортаншы ұлы Құйыршық, Құйыршықтан 

Барақ, Барақтан Жәнібек туды. Бұл екеуі қазақ ордасын аяғынан тік 

тұрғызып, іргесін бекітті. Жәнібектің ұлы Қасымхан (1445—1518) 

мемлекет аумағын кеңейтіп, алты алаштың басын біріктіріп, алыс-

жақын елдерге мәлім етті. Қасымнан кейін Момыш пен Тайырдың 

тұсында  Орда  сол  қуаттылығынан  айырылып  қалды.  Тоғым, 

Ахмет-Өзбек,  Бұйдаш  хандар  қанша  әрекеттенгенімен,  Қасым 

көтерген биікке жеткізе алмады. Ел өз қуаттылығына Хақназар хан 

(1538—1580) билігінің тұсында ғана жетті.

9,  10,  14-бет.  “...Қазан  хандығы  ноғайлы,  өзбек  бірлігінің 

бәріне  де  кірісіп”    Ноғайлы  Алтын  Орданың  ыдырауынан 

кейін  пайда  болған  бірлестік;  бұл  атау  Алтын  Орданың  әскери 

қолбасшысы Ноғайдың есімімен байланысады. Батый мен Берке, 

Меңкетемір мен Тудамөңке, Төлебұға тұсында Еділден Дунайға 

дейінгі аралықты жаулауда және Шағатай ұрпағы Хұлагуге қарсы 

соғыста үлкен ерлік көрсетті. Египет сұлтаны Бейбарыспен жақсы 

қарым-қатынаста  болды.  Берке  өлгеннен  кейін  Доннан  Дунайға 

дейінгі аралықтағы жерлерді өз бақылауында ұстап отырды. Ол 

Төлебұғаны  (1287—1291)  тақтан  тайдырып,  орнына  Тоқтыны 

(1291—1312) отырғызды, сөйтсе де өзі сол Тоқтының қолынан қаза 

тапты. Осыдан былай қарай оның қол астындағы тайпалар (оның 

құрамында  қазіргі  қазақ  атанып  жүрген  рулар  бар)  ноғай  деген 

атқа ие болды, Бертінірек ноғайлар Еділдің батысы мен шығысын, 

Каспий мен Арал, Қазан мен Төмен аралықтарындағы өлкелерде 

көшіп-қонып жүрді. Орталығы бұрынғы Алтын Орданың астанасы 

Сарайшық қаласы болды, қазақ-ноғай бірлігіне осы кезеңдер жата-

ды: “Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған 

дүбір” немесе “Алаштан қазақ тараған, ноғайлыға қараған, жауға 

26–1248


394

алдырмай  ноғайлар  бір-біріне  жараған.  Ноғайлы,  қазақ  бөлініп, 

Үш жүз болып тараған”, деген сөздер осыдан хабардар етеді және 

Сыпыра жырау, Шалкиіз, Жиренше шешен, Асан қайғылар осы 

кезде өмір сүрді.

Өзбек-қазақ  бірлігі  деп  Әбілхайыр  ханның  (1412—1468) 

алды-артындағы кезеңді айтады. Өзбек ханның кезінде оның қол 

астындағы халықтар өзбек атанды. Қазіргі Қазақстан жерінде өмір 

сүрген  мемлекет  Алтын  Ордадан  бөлініп  шықты,  өзбек  ұлысы 

атанған халықтардың билігі Әбілхайырдың қолына көшті, оның 

мемлекетінің  аумағы  Ноғай  ордасының  шығысындағы  Жайық 

өзенінен Балқашқа, Арал теңізінен Тобыл, Ертіске дейінгі аралық 

пен Сырдарияның төменгі, жоғарғы сағасындағы Сығанақ, Өзкент, 

Аққорған сияқты көптеген қалаларды қамтыды. ХV ғасырдың орта-

сында Керей, Жәнібек бастаған тайпалар Әбілхайыр қарамағынан 

бөлініп шықты, осыдан біраз өткенде өзбек атанған тайпалардың 

көпшілігі  қазақ  хандығына  қарады  да,  Мауеранахрға  ауған  бір 

тобы өзбек атымен кетті. Кейін осы топтан шыққан Әбілхайырдың 

немересі Мұхаммед Шайбани (1451—1510) әулеті Мауеранахр мен 

Хорасанға билік жүргізді. Түбі бір тайпалар осылайша бөлінді.

11. 15-бет. “...ескі замандағы ішкі дүниенің дін нанымын”— 

Бұл жерде автор қазақтың исламды қабылдағанға дейінгі наным-

сенімдерін айтып отыр. Тіпті сол нанымдардың қалдықтары күні 

бүгінге дейін сақталып келеді, оның неше алуан түрлері халықтың 

көптеген өлең-жырларынан көрініс беріп жатады.

12, 13, 14, 15. 15-бет. “аспан мен отты қадірлеу; бақсы, жын, 



албасты, жезтырнақ”  Ш. Уәлиханов қазақтар шаманды бақсы 

деп атаған дейді. Бұл сөздің түпкі негізі белгісіз бір күштер дию-

перілердің әміршісі, бағындырушысы және олармен тілдесушісі 

деген ұғымда жатыр. Бақсылар ем-доммен де айналысады. Жын — 

халық ұғымында көзге көрінбейтін, зиян, ауру-сырқау, дерт әкелетін 

күш иесі. Бұны бақсылар мен басқа да қасиеті бар адамдарға қызмет 

етеді деп түсінген. Бұған зұлымдық рухтың бейнесі ретінде қараған, 

ақыл-есінен ауысқандарды “жын соқты”, “албасты басты” деп те ай-

тады. Жезтырнақ қазақтың қиял-ғажайып ертегілері “Құламерген”, 

“Жерден шыққан Желім батыр”, “Аламан мен Жоламан” мен “Алпа-

мыс батыр” эпосынан, тағы басқалардан кездеседі. Мұндай бейнелер 

мыстан кемпір, жалғыз көзді дәу, жеті басты жылан сияқты болып 

кездесе береді.

16.  15-бет.  “...адамның  көңіліндегі  әр  түрлі  салақияттың 



түп иесі болуға керек”  Бұл жөнінде 1-томның 274-бетіндегі 

түсінігінен оқуға болады.



395

17.  16-бет.  “Жолыңа  жұп  шырақ”  деу”    Мұндағы  ұғым 

“Әулиеге ат айттым, Қорасанға қой айттым” деген сияқты жақсы 

жол, жаксы тілек тілеуден туған. Бұлар әсіресе эпостық жырларда 

жиі кездеседі.

18.  16-бет.  “...оның  үстіне  ісләм  діні  ескіліктіқ  барлық 



белгісімен  қатты  алысты”    Тек  өзге  халықтар  емес,  ислам 

араб елдерінің өзіндегі пұтқа, әр түрлі зат, құбылыстарға табыну 

сияқты салттарды жоюға тырысты. Біздің арғы ата-бабаларымыз 

қолданған шамандық әдет-ғұрыптар, нанымдар да осыған жатты. 

Абай:  “Сөйтсе  де,  бұрыннан  бақсы-балгерлерге  иланып,  отқа, 

шыраққа табынатын әдетімен исламға тез түсініп кете алмапты” 

дегенді айтады. Сондықтан да оның көп салттары әлі күнге үзілмей, 

жалғасын тауып келеді.

19.  16-бет.  “Мысалы,  ескі  замандарда  “абыз”  дегендер 

болған”  Абай өзінің “Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы 

туралы” деген сөзінде: Ол кезде шала-пұла хат таныған кісі болса 

оны абыз дейді екен. Ол “абыз” демек әуелде шаман дініндегілердің 

өз молдасына қоятын аты екен” (Абай. 1995, 2-том. 222-бет). Ы. 

Алтынсарин “Жәнібек батыр бала кезінде ақыл-білім үйрену үшін 

Қара Керей Соқыр абыз дегенді іздеп келген екен” дейді. Осыдан 

абыздың білімі мол дана, ақылшы, ұстаз екендігін ұғынуға болады. 

“Еңлік-Кебек” пьесасында да абыз осылай бейнеленді.

20. 19-бет. “...Абылай әл үстінде жатқанда Бұқар жырау дың 

жоқтағаны”  Абылай, Бұқар жырау туралы да 1-томның 342; 

2-томның 37-беттеріндегі түсініктерінде жазылған.

21.  20-бет.  “Көп  қайғысын  ақынның  жоқтауымен  білдір-

гені  Нарманбеттің  заманды  жоқтаған  өлеңінен  көрінеді”  — 

Нарманбет  Орманбетұлы  (1860—1918)  XIX  ғасырдың  аяғы  мен 

XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ауыр тұрмысын, патша 

үкіметінің отаршылдық саясатын сынауымен танылған ақын.

22. 20-бет. “Сарыарқа, сарқыраған суың қайда? Сарыарқа 

қазіргі Қазақстанның орталығы мен шығысын алып жатқан жер 

атауы.  Ертеден  қазақ  ақындарының  жырларына  арқау  болған 

қасиетті өлке.

23. 21-бет. “Әйекенің жоқтауы. Шеген би өлгенде келінінің 

жоқтауы.  ...Күйеуі  өлгенде  Бопы  төренің  қарындасының 

жоқтауы”  Әйеке, Шеген туралы нақтылы деректер кездеспеді. 

Бопы Әбілмансұрдың Әбілпейіз деген баласының Кете ханымнан 

туған  ұлы.  Ол  туралы  елдің  Бопыекемнен  төрелік  іс  кетпеген, 

жегеніне Байыстай ел жетпеген” деген сөз бар.

24.  22-бет.  “Құдай  досы  Мұқамбет”  Мұхаммед  (570—632) 

ислам дінінің негізін салған пайғамбар.



396

25. 22-бет. “Әліні алған осы өлім” — Сөз пайғамбардың күйеу 

баласы Әзіреті Әлі ибн-Талиб (Фатимаға үйленген) туралы болып 

отыр.


26.  24-бет. 

“Мысалы, Сарыбай өлгенде тазшаның естірт-

кені”  “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырындағы Қозының әкесі 

Сарыбай Баянның әкесі Қарабайдың қараулығынан өледі. Тазшаның 

естіртті деп отырғаны осы.

27.  25-бет.  “Балталының  ханы  болған”—  Орта  жүз  құра-

мындағы  Найманнан  тарайтын  бір  ата.  Сарыбайды  жырда  осы 

Балталыдан шыққан адам ретінде көрсетеді.

28. 25-бет. “Ақмет ханның баласын желіккен құлан өлтіріп 

кеткенде  күйші  домбырамен  естіртеді”  — Ахмет  1465—1481 

жыл дар аралығында Үлкен Орданың ханы болған. Бірақ аңыздардың 

көпшілігінде Жошының баласы деп айтылады. Ахмет Польша королі 

Казимир ІV-мен одақтаса отырып, Мәскеуге жорықтар жасаған. 

Оканың жоғарғы жағында түйіспек болған 1480 жылғы жорығына 

Казимирден жәрдем келмейді, себебі, Иван ІІІ-нің одақтасы Қырым 

ханы Меңлікерей (1468—1515) дәл осы кезде Польша жеріне басып 

кіреді. Жорықты соза алмай кері қайтқан жолда, Еділдің төменгі 

бойында Сібір ханы Ибақ Ахметті өлтіреді. Осыдан кейін орыс 

мемлекеті Алтын Ордаға тәуелділіктен біржола құтылады.

29. 25-бет. “Байшуақ би өлгенде, баласы Байғараға қыпшақ 

Ізбасты бидің естірткені”  “Отырсам опақ дейсіңдер, тұрсам 

сопақ дейсіңдер. Ел шетіне жау келсе Ізбастыдай ұл тумас дейсіндер, 

жау  кеткен  соң  қубас  дейсіндер”,  деп  сөйлейтін  шешен  туралы 

нақтылы дерек келтіру қиын. Оның:

Аласаны атқа санама,

Жаманды затқа санама.

Бір сынаған жаманды

Егіз екі рет сынама.

Тіріде сыйласпаған туыс,

Көзіңе құм құйылсын,

Өлгенде жылама! —

деген сияқты шешендікке өрілген тапқыр сездері белгілі.

30. 26-бет. “Балталы, Бағаналы ел аман бол” —  Орта жүз 

құрамындағы Найманнан тарайтын рулар.

31.  26-бет.  “Қайын  атаң  Қарабай  сенен  қашты”  —  “Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу” жырындағы Баянның әкесі.

32.  26-бет.  “Ел  жақсысы  Тайлақ  би  айтқаным  сол”   

Тайлақтай бидің дәл сол заманда болған-болмағанын анықтау қиын.

33. 27-бет. “Іребдел өңшең мырза аға аман бол!” — Көр некті, 

білікті, іріктелген деген мағынаны береді.



397

34. 27-бет. “Ер Лұқбан қолтықтап жолдас болар”  Қазақ 

аңыздарында  Лұқман  Хакім  жақсылықтың,  кеңпейілділіктің, 

ерліктің,  данышпандықтың  бейнесі  ретінде  суреттеледі.  Ол 

жөніндегі  әңгімелер  Жиренше  шешен  аңыздарына  жақындап, 

ұқсаңқырап тұратын тұстары бар. Лұқман Хакім туралы хикаялар 

арабтарда да, жалпы шығыс халықтарының көпшілігінде бар.

35.  28-бет.  “Қарқаралы,  Қазылық”  Қарқаралы  қазіргі  Қа-

рағанды  облысы  көлеміндегі  тау,  өзен,  мекен.  Қазылық  жер 

атауларының бірі.

36.  28-бет.  “Есіл,  Нұра  екі  су”  Есіл  Сарыарқаның  сол-

түстігіндегі Нияз тауынан басталып, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, 

Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  жерлерінен  өтіп  барып, 

Омбының маңында Ертіске құятын өзен. Нұра Қарағанды, Ақмола 

облыстарының жерінен ағып өтетін өзен. Қарқаралы тауының батыс 

сілемдерінен басталып, Теңіз көліне құяды.

37. 29-бет. “Кемпірбайдың Әсетке айтқан өлеңі, Сабырбай 



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал