Құйрықты жұлдыз. Тамаша қала. Ленинградтан 125
километр жерде бір тамаша қала бар. Оны еңбекшілер ақыны
Демьян Құйрықты жүлдыз дейді
151
.
Себебі, қараңғы түнде оған аспанға қарай шашырап жар-
қыраған құйрық пайда болады.
Бұл — Волхов өзеніндегі электр станциясы. Ленин атына
салынған станция.
Бұл станция қалай салынды. Бірнеше жыл бұрын Вол-
хов өзенінің бойы тып-тыныш еді. Машинаның айғай-шуы,
отарбаның тарсыл-күрсілі естілмеуші еді.
Қараңғы түнде аспанға от шашқан құйрықты жүлдыз да
жоқ еді. Жалғыз-ақ асау тентек, бұйра жал қарт Волхов қана
жағадағы қия жартасқа соғылып, гүрілдеп жатушы еді.
Әлдеқандай бір күні қоңыр киінген бірнеше жүз адамдар
келді. Қолдарында әр түрлі құрал-саймандары бар еді — балға,
балта, ара, күрек, шеге...
Маңайдағы қара шаруалар күлісті. Шақырмай келген қо-
нақтардан:
— Сендер кімсіңдер? Неге келдіңдер? — деп сұрасты.
Келгендер:
— Электр орнатамыз, — деген жауап берді.
— Электр орнатамыз дейді, — деп қаба сақал қарт
мұжықтар онан әрі күлді.
Қоңыр киінгендер шіміркенген жоқ. Балта тарсылдады.
Ара ызылдады...
Баяғының ертегісіндей бір күні кешке қарт Волховтың
үсті нен жарқырап жұлдыз туды. Жұлдыз өрттей жанып,
маңайына от шашты.
Су ортасынан салынған салтанатты сарай көрінді.
Жұлдыздың жарығымен шағылысып алтындай жалт-жұлт
етті. Бұны көріп маңайдағы халықтар, қаба сақал қарт
мұжықтар аузын ашып қайран қалды.
Қазірде Ленинградтың барлық фабрика, заводтары сол
станцияның электрімен жүреді.
329
3-бөлім
ЕҢБЕКШІ ТАБЫНЫҢ ЖЕҢУІ, ЕҢБЕКШІЛЕР
МЕЙРАМДАРЫ
1917 жылы октябрьде. Биік мұржалардан будақтап шыққан
түтін көрінбейді. Машиналардың тарсыл-тұрсылы, айғай-шуы
естілмейді. Фабрика жым-жырт.
Екі жұма болды, фабриканы ақтың әскері қоршап алған.
Сонан бері мылтықтың оғы жаңбырдай жауады.
Фабрикадағы қызыл әскердің бастығы Штарковтың неше
күннен бері көзі ілінген жоқ. Түсі сап-сары боп жүдеп кеткен.
Сонда да тыным таппай әмір беріп жүр.
Штарковтың айналасы толған мылтық, үйіліп жатқан оқ.
Екі жағында екі пулемет.
Бір мезгіл мылтық асынған ұста Мышин кіріп келді.
— Юнкерлер
*
екі рет ақ жалау көтерді. Таяй берсек, пуле-
метпен бытырлатады. Бізден қырық адам жоқ болды. Құрысын
юнкерлер
152
! — деді.
Мылтық даусы жиіленіп, атыс күшейді. Жұмысшылар
мен солдаттардың райын қайтармақ боп, байлар бар күшін
салып жатыр.
Штарков жолдастарымен жүгіріп көшеге шықты.
— Сол жақтан, бір-бірлеп, — деген жарлық естілді.
— Ал, шаппа-шап! — деген Штарковтың дауысы саңқ
ете түсті. Штарков алға қарай ұмтылды. Қызыл отряд жауға
қарсы лап берді.
Қызыл әскердің тегеурініне шыдай алмай, юнкерлер сығы-
лып шегіне берді.
Жұмысшылар тұрған үйлердің тобесінен желбіреген қызыл
тулар көтерілді. Жалынды, жігерлі күй тартылды.
Бірнеше күннен кейін, биік мұржалардан будақтап түтін
шықты. Жым-жырт тұрған машиналар тарсылдап, гүрсілдей
бастады. Олардың дыбысынан жаңа күй, жаңа үн естілді.
* “Юнкер” деп патша заманындағы әскер мектебінде тәрбиелен ген дерді
айтады. Октябрь кезінде олар қолдарына қару алып, кеңес үкіметіне қарсы
тұрған.
22–1248
330
Фабриканың бұрынғы қожасы жуан қарын Лампас байдың
бөлмесінде енді жұмысшы Штарков отыр. Оның тұсында
“Қызыл директор”* деген жазу ілулі түр.
Сұраулар: Фабрика, заводты бұрын кім билеуші еді, олар
кімдікі болушы еді?
Қазір кім билейді, кімдікі?
Бірінші төңкеріс. Патшаға соқыр сенудің құрбаны болып,
1905 жылы январьда Петербургта мыңдап адам қырылды.
Бұлар төңкеріс құрбанының бірінші мыңы еді.
Ұрланып көмілген өліктің бұл бірінші мыңы бүкіл Ресей
еңбекшілерінің ұйқысын шайдай ашты.
Екі миллион жұмыскерлер бір адамдай көтеріліс жасады.
Біз енді құлдыққа көнбейміз деді.
Жұмыскерлерге еріп қара шаруалар көтерілді. Өздерінің
қанаушысы — алпауыттарға қарсы тұрды.
Бұлардың көтерілісін көріп, солдат пен матростардың қаны
қызды. Олар да көтерілді.
Үкімет те қарап жатпады. Бар күшін жиды. Оның артынан
барлық сатымсақтар, қанішерлер, көз жоқ соқырлар ерді.
Ұлт арасына араздық сеуіп, дүниені қан жоса қылып, бас
көтергендер дің бәрін тұншықтырып өлтірмек болды. Аяусыз,
рақымсыз қан төгісі болды.
1905 жылғы төңкеріс қызыл қанға боялып тұншықты.
Бірақ ол жылғы құрбан болған өліктердің үстінен 1917 жылғы
екінші, үшінші төңкеріс туды. Біздің бірінші Кеңес үкіметіміз
туды.
Енді бүкіл жер дүние төңкерісі туғалы келеді. Бүкіл жер
дүниенің кеңес республикасы туғалы келеді. Бұлар еріксіз
туады, тумай қоймайды. Біздің бірінші төңкерісімізде құрбан
болған ерлердің бәрін бірдей ешкім де білмейді. Біле де ал-
майды. Үйткені олардың саны көп тым көп. Бірақ олардың
қаны бекерге шығып зая кеткен жоқ. Бос төгілген жоқ.
Қазірде оларға күн сайын ескерткіш сарайы салынып
келеді. Ол сарай барған сайын жылдам салынып келеді.
* “Директор” деп, фабрика, завод сықылды өндіріс орындарының бас-
тығын айтады.
331
Ол ескерткіш сарайдың аты жер дүние ортақшылдығы.
Төңкеріс жолында
(“Смело, товарищи, в ногу” өлеңінің әнімен айтылады).
Жас әскер — кеңестің ерлері,
Төңкеріс жолында жаны,
Майданға бастарын бергені,
Езілген еңбекші — ел қары.
Жау жүрек, қажымас арыстан,
Жаңалап жайнатар елін,
Оқ атып байлармен шабысқан,
Қайратты босамас белім.
Көсемім коммунистер майданында,
Жөн сілтер теңдікке ақылшы,
“Ерлер” деп, шақырса майданға,
Дайын тұр! Дүние жалшысы.
Қыраннан қырағы көзіміз.
Дос қандай, дұшпан кім бізге?
Қырымнан болжаймыз — көреміз,
Жау түссе саламыз тізеге...
Басамыз күн сайын ілгері,
Міндет сол — дүние жаңарту,
Тілектес, кедей жас, кел бері,
Қосылсын — ұлы, ұран шу...
Қаруым — зеңбірек, винтовка,
Ұшсам тұр — аэропланым,
Көк өрлеп шығамын шетке,
Төңкеріс жолында — ұраным!..
Зеңбірек дүрілде-дүрілде,
Жауың мол әлі жан-жақта.
Дұшпанға уың шаш — гуілде,
Төңкеріс жолында анықта!..
СССР-ді қорғау жұмысы барлық ұлттардың, еңбек-
ші лердің міндеті. Одақты қорғау жұмысы бір-ақ ұлтқа
тапсыры луға бола ма? Біздің Одақта ұсақ ұлт пен ұлттардың
бәрі де тең дәрежеде. Сондықтан Одақты қорғау бірақ ұлттың
міндеті емес. Бәрінің де міндеті. Бізде бір ұлтты жоғары, бір
ұлтты төмен санау жоқ. Сондықтан міндет те бәріне ортақ
болады.
332
Олай болса, қызыл әскер бөлімдерін жасауға ұлт-ұлттың
бәріне де ат салысу керек.
Бұл жұмыста да Кеңес үкіметі патша үкіметінің саясатына
қарсы саясат қолданады. Патша заманындағы әскердің ішіне
езілген ұсақ ұлттардан солдат алып кіргізбейтін. Мысалы,
Орта Азия халықтары бұрын түгелімен солдатқа алынбайтын
еді. Бұларды патша үкіметі езіп отырғандықтан, жігіттерін
солдатқа алудан қорқатын.
Езілген ел құралданған солдаты болса, бір күн болмаса
бір күнде патша үкіметінің өзіне қарсы көтеріліс жасауға
болар еді.
Патша үкіметі осыдан қорқатын. Ол үкіметтің сыртқа ай-
татын дәлелі: “Бұл елдердің адамдарының дене бітімі әлсіз.
Сондықтан солдат бола алмайды” дейтін.
Онысы сөз емес екендігін бүгінгі күн көрсетіп отыр.
Қазірде ұсақ ұлттардың жігіттері қызыл әскердің ішінде
жақсы қызмет етіп жүр.
Кеңес үкіметі бұрын бұратана деп саналған елдердің ша-
руасы өсуге, білім өнері өсуге көп еңбек сіңіріп отыр.
Сондықтан Октябрь төңкерісінің ісін қорғау теңдік алған
ұлттардың бәрінің де міндеті деп саналады.
Бізге дүниенің байлары жау. Солардың жаулығынан одақты
қорғауға барлық ұлттар да дайын отыру керек.
Әскердің ұлттық бөлімдері, барлық қызыл әскердің өзі
сияқты — еңбекшілерден ғана құралады.
Біздің тап жауымыз болған бай, молда, ишан, төре бала-
лары Кеңес республикаларын қорғай алмайды. Оларға құрал
берілмейді. Ондайларға соғыс өнері үйретілмейді.
Ондайлардың әскерлік қызметі қызыл әскерге керек болған
қара жұмысты істеу болады.
Қатардағы әскер мен бастық атаулының барлығы бірдей
еңбекші таптың азаматтарынан болу шарт. Қызыл әскердің
патша әскерімен айырылатын зор ерекшелігінің бірі осы
жерде.
Қызыл әскер — тыныштық тірегі. 1918 жылы 23 фев-
ральда Кеңес үкіметінің жарлығы бойынша жұмысшы — қара
шаруа қызыл әскеріне негіз салынды.
Азамат соғысының кезінде қызыл әскер қиын-қыстау
кезеңнен, ауыр сыннан бөгелмей жақсы өтті. Жер дүниедегі
бірінші Кеңес республикасын буындырып, өлтірмек болған
333
қалың жаудың күлін аспанға ұшырып, тас-талқанын
шығарды.
Қызыл әскердің жауынгерлігі, қайраттылығы арқасында
Кеңес Одағының еңбекшілеріне тыныш тұрмыс құруға
мүмкіндік туды.
Бұл тыныштық бізге арзанға түскен жоқ. Бұған ауыр күрес
арқылы жеттік. Осы күрес арқылы өзімізді жауымызға таныта
білдік.
Біз капиталшы шет жұрттармен тыныш-тату — шаруа-
шылық байланысын жасауға тырысамыз. Біз жаңадан соғыс
бастап, қан төгіспес үшін қолымыздан келгеннің бәрін
істедік. Келешекте де соны істемекпіз. Біздің саясатымыз —
тыныштық саясаты.
Бірақ капиталшылармен тату болу жалғыз біздің ғана қо-
лымызда емес. Капиталшылар тілесе, қай күні татушылықты
бұзып, қолына қару алып, бізге қарсы тап бермейді деп сенуге
болмайды.
Біз тыныштықты тілейміз. Бірақ жауымыздың бізді тыныш
қоймауы мүмкін. Еріксіз қолымызға мылтық алғызуы мүмкін.
Біз бұны әрқашан күтіп тұруымыз керек.
Сондықтан шаруашылықты көтерумен қатар қызыл әскерді
күшейтуіміз керек.
Сақ болыңдар, құлақтарың түрулі болсын. Қызыл әскерді
екі көзіңнің біріндей күтіңдер. Қызыл әскердің күшін
әлсіретпеңдер деп Ленин жолдас бізге өсиет айтып кеткен.
Кеңес Одағындағы еңбекшілердің бұны ұмытпауы тиіс.
Біздің сенімді қорғанымыз — қызыл әскерді күшейту жөнінде
Кеңес үкіметіне жәрдем беруі керек. Неғұрлым қызыл
әскер мен қызыл кеме күшті болса, солғұрлым жауымыз
капиталшылардың жігері құм болады. Солғұрлым, соғысуға
олардың батылы бармайтын болады.
Сұраулар: Біз неге соғысқа дайын болуымыз керек?
Соғысқа дайын болу үшін не істеуіміз керек?
Ленин Сібірдің қыстағында тұрғанда*. Шушен
қыстағына біз ымыртта келдік
153
. Владимир Ильич аңға
шығып кеткен екен. Біз аттан түскен соң, бір кішкене үйге
келдік. Сібірдің Минусин округінде крестьяндар таза
тұрады
154
. Едендерінде өздері тоқыған жәймалары бар. Үйдің
* Крупскаяның әңгімесінен.
334
қабырғалары ағартылған. Владимир Ильичтің бөлмесі үлкен
болмаса да, таза екен.
Бір кезде аңнан Ильич қайтты. Бөлмесінде жарық жанып
тұрғанға таңданып, басқыштан асығыс көтеріліп келеді екен.
Мен алдынан шықтым.
Бұл түні ұзақ сөйлестік. Ильичтің саушылығы жақсы екен.
Ажары тың, күйлі көрінді.
а) Достары. Ильичтің аса жақсы көрген бір танысы Жу-
равлев деген крестьян еді.
Өкпесінің ауруы бар, отыз жастар шамасыңдағы адам
еді. Бұл ешбір әділетсіздікке мойынсұнбайтын, байларға
қорықпай қарсы шығатын.
Ильичтің екінші танысы тағы бір кедей болатын. Онымен
аңға бірге баратын. Бұны Сосыпатыч деп атайтын. Өзі ең
бір ақылы шағын мұжық еді. Бірақ Ильичке ықыласы шын
болатын. Одан әр уақыт Ильичке әр түрлі қызық сыйлар
келетін. Кейде тырна сыйлайды, кейде кедр ағашының бүрін
де сыйға беретін.
б) Қалай тұрдық. Біз келгеннен кейін аздан соң бұрынғы
пәтерден шығып, екінші орынға көштік. Бұнымыз бір үйдің
жартысы еді. Өзінің огороды, қорасы бар. Барлық пәтер ақы —
айына төрт сом. Бұнда кәдімгі үй болып тіршілік еттік. Мен
шешем екеуміз пеш айналасында боламыз. Әуелде мен ас
пісіре алмай, сорпа толған шөңкені пеш ішіне төгіп алып та
жүрдім. Бірақ артынан, үй шаруасына үйреніп алдым. Огоро-
дымызда: қияр, маркоп, свеклі, асқабақ сияқтылар өсті. Мен
огород күтіп өсіргеніме қатты мәз едім.
Аздан соң қорамызды бақшаға айналдырдық. Тоғайға
барып хмель алып келіп, бақша жасадық. Жақында алған
хабарыма қарағанда, осы күнде сол үйде комсомолдардың
ұясы тұрады екен.
Қораның ішінде бір латыш тұрушы еді. Оның 14 баласы
болған екен. Бірақ өзге бар баласы өліп қапты, аман қалған
жалғыз Менке екен. Бұл алты жасар, арық, ашаң жүзді, көзі
жақсы бір бала еді. Өзі сөзді салмақты қылып сөйлейтін. Мен-
ке біздікіне үйір болып алды. Таңертең біз тұрар-тұрмастан
есік ашылады. Қарасаң, басына үлкен бөрік киген, шешесінің
бешбетшесіне оранған кішкене Менке кіріп келе жатады.
Кірісімен қуанышты дауыспен:
335
— Мінеки, мен де келдім, — дейтін. Менің шешем бұл
баланы барынша жақсы көретін. Ильич те үнемі қалжыңдап,
алысып ойнап жүретін. Менке соны біледі де, өзін бізге бағалы
кісі санайды.
в) Ау. Ильич екеуіміз де ертемен кетіп, оқуға, жұмыс
қылуға кірісеміз.
Бірталай уақыт жұмыс істеп кеп, артынан көп уақыттар
жаяу сейілге шығамыз. Ильич қалың мықты булдан шал-
бар тіккізіп алды. Содан кейін көлден-көлге кезетін. Кейде
тоғайдың алаңына шығып тұрсаң, құрдың ағаш тоқылдатқан
дыбысы естіледі.
Ильич аңшылыққа қатты құмар еді. Бірақ өте қызулы аңшы
болатын.
Күздің бір күнінде тоғай ішіндегі жолмен келе жаттық.
Ильич:
— Қоян кездессе, атпаймын. Үйден қайыс алуды ұмытып
кетіппін. Алып жүруі қиын болады, — деді.
Сүйдеп келе жатқанда бір қоян ата жөнеліп еді, Ильич
басып салды.
Күз өтіп, қысқа жақындаған уақытта Енисей суының
үстінен ұсақ мұз жүре бастады. Осы кездерде аралдарға қоян
атуға барып жүрдік. Бұл уақытта қоян ағарып қалған. Жер
қара. Қашқанмен, аралдан ешқайда кете алмайды. Айналада
қойша жайылады. Сондайда біздің мергендер қайық толатын-
дай көп қоян атып алатын.
Кейін суық түсті. Өзен қатты. Бірақ қар әлі жауған жоқ. Сол
кезде өзен үстімен ұзап жүріп кетеміз. Мұз астында әрбір тас,
әрбір балыққа шейін көрінеді. Су асты ертегінің патшалығы
сияқты көрінеді.
Қыс болғанда өзендер түбіне шейін қатады. Су мұздың
үстімен кетіп, аздан соң тағы да мұз болып қатады. Мұз қабат-
қабат болып қатады.
Кейде екі километрдей жер сырғанап отырасың, сондай
майысқақ қабат мұздың үстімен. Осындайдың бәрін Ильич
қат ты жақсы көруші еді.
8 Март. 8 март күні 1910 жылдан бері қарай мейрам етіле
бастады. Бұл мейрам Клара Цеткиннің* ұсынысы бойын-
* Клара Цеткин — әйел. Герман жұмысшыларының ескі көсемі. Жер
дүниедегі ортақшыл әйел қозғалысының көсемі. 1927 жылы 70 жасқа жетті.
336
ша, социалшыл әйелдердің жер дүниелік екінші съезінде
Даниядағы Копенгаген деген қалада қабыл етілген
155
.
Әйелдер күні Ресейде 1913 жылдан бастап мейрам етіле
бастады.
Жер дүниедегі ортақшыл әйелдердің күні бүкіл дүние
еңбекшілері үшін мейрам күн. Бұл күн әйелдерді теңдікке,
бостандыққа жеткізу жөніндегі табыстарды еске түсіріп,
есепке алатын күн.
Бұл кезде барлық еңбекшілердің үлкен жолынан шетте
тұратын, бұрынғы әйелдер жоқ.
Европадағы ортақшыл партиялар әйелдер ортасында үлкен
жұмыстар істеп жатыр. Артта қалған күншығыс әйелдері де
үй ішіндегі құлдықтан, ескі әдет-ғұрыптың езгісінен құтылу
үшін күресуге кірісті.
Бізде болса әйелдер еркіндікке толық ие болды. Әйелдер
тең, теңшілдік тұрмысын құрысу жұмысына тартылды.
Бұл жөніндегі табысымыз көп.
Кеңеске сайланған әйелдердің саны күн санап артып ке-
леді. Кооперативке, ерікті қауымдарға, ұйымдарға жазылған,
тіршілікке, мектепке, үйірмелерге, кеңес мекемелеріне кірген
әйелдердің саны да күн санап артуда.
Ақыры ортақшыл партияға мүше болған әйелдердің де
саны көбейіп келеді. Табысымыздың зор екендігінде еш дау
жоқ. Бірақ сонымен қатар, келешекте істелетін істер және
де көп. Әсіресе қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен сықылды
ұлттардың әйелдерін көтеру жөнінде істелетін жұмыс көп.
Әйелдерді кооперативке молырақ қатыстыру керек. Әйелді
үй ішінің ұсақ жұмысынан босататын ортақ асхана, балалар
үйі сықылды орындарды көбірек ашу керек.
Әйелді өндіріс орындарына тарту жұмысын да күшейту
қажет.
Саяси сауатын, білімін арттыру керек. Еңбекшіл әйелдер
белсене кіріспесе, жер дүниедегі еңбекшілер де жауын жеңе
алмайды, — деген Ленин жолдас.
Кеңес Одағындағы еңбекшіл әйелдер Ленин жолдастың
бұл сөзін естен шығармасын.
Сұраулар: 8 Март қандай күн? 8 Март қашаннан бері
әйелдердің мейрам күні бола бастады. Кеңес Одағындағы
әйелдер қандай құқыққа ие болды? Әйелдер толық азат болу
үшін тағы не істеуіміз керек?
337
ҚАЗАҚ ШАРУА ЖАСТАР МЕКТЕБІНЕ АРНАЛҒАН
ПРОГРАММА ЖӘНЕ ТҮСІНІК ХАТ
Суретті әдебиет туралы
1
Ж а л п ы с ө з
Әдебиет шығармаларын зерттеуде қолданатын әдіс
Маркстің социалогиялық әдісі болу керек. Бұл әдістің
шарты не? Шарты әрбір әдебиет шығармалары мен соның
шығарушысын өз заманының көрінісі есебінде тексеру.
Сол әдебиет шығармасы алынған заманның шаруа жағдайы,
саяси күйі қандай еді, оны оқушы қоғамтану сабағынан білген
болу керек. Қоғамтану сабағы сол белгілі замандағы қоғамның
дүниені түсінісі қандай, қоғам пікірлерінің толқындары
қандай екенін білдіреді. Осы мағлұматтарға сүйеніп отырып,
тексеретін жазушымыз қандай таптың тілегін, көңіл күйін,
пікірі мен бағытын жырлайды
2
. Соны айқындап ашу керек.
Бұл жайды ашу әрбір жазушының шығармалары социалдық
жағдайдың қорытындысы екенін білдіреді.
Сол шарттар, жазушы шығарған нәрселердің мазмұны не?
Онан соң түр үлгісіне де өзінің таңбасын салады. Бірақ бұл
әдісті қолданғанда мынандай екі түрлі кемшіліктен сақтану
керек.
Б і р і н ш і с і:
Ақындарды әдебиет тарихының соқпағына салып
алып өзге дүниеден жырып әкетіп тексеру, марксшілдік,
социологиялық тексерістің орнын, осы әдіс басып кетуге
мүмкін. Бұнда кітап қашан шыққан, ақыны кім, ата-тегі
кім, өзге өмірі қандай? Осы сияқты нәрселер сабақ болып
кетуге болады. Әдебиет бұйымдарының барлық қоғам
тұрмысындағы бұйымдармен байланысы қандай, тарих
жолындағы өсіп-өнудің қорғаушысы кім, қандай күш? Бұлар
жайы тексерілмей бүктеме қалуға болады. Оқытушы бұған
әкелетін болса қазіргі жастардың салт-санасына, заманына әрі
25–1248
338
заманы, әрі салт-санасы қайшы болған әдебиет шығармалары
ұғылмай қалуға мүмкін.
Е к і н ш і қ а у і п:
Марксшілдік әдісін өте шолақ, өте саяз ұстанып барып,
жалпы ғылыми жолды жайдақтатып жіберуде бұндай жарға
соқпас үшін молдан пішкен терең қорытындыдан қашу ке-
рек. Бұл балаға ұғымсыз болып қалуға болады, не болмаса
ұмытылып қалады, әуелі кесіп айтатын соңғы қорытынды
дегенді де бермеу керек.
Бұлардың орнына әрбір әдебиет шығармаларын асық-
пай, көп ойланып, бойлай тексеру қажет, бұндай тексерістің
алдыңғы қатардағы жұмысы — әдебиет шығармаларының
қоғам тұрмысымен ап-айқын болып жанасып тұрған
белгілерін байқауда. Содан әрі қарай басқыштай барып қана
социологиялық реттеудің ауданы молаю керек. Мақсұт осы
болғандықтан әуелгі жылдардағы тексеру:
Әдебиет шығармаларындағы мағына мен пікір (идея)
шартты нәрселер, қоғам күйіне байлаулы нәрселер екенін
байқатуға арналады.
Кейін екінші жылдың жартысынан былай ғана әдебиет
шығармаларындағы түр мен үлгінің өзі де жаңағы сияқты
шартты екенін тексеру дұрыс. Бірақ, бұл соңғы тексеріс қиын
қызмет. Сондықтан бұны жұқалап, оңайлап алу керек. Және
қолдануға оңай болған орындарға ғана жұмсау тиіс.
Марксшілдік-социологиялық әдісті әдебиетке қолданғанда
тағы бір қаталық: әдебиетті тексеру жұмысын қоғамтану
білімінің қайталамасы сияқты қылып жіберетіндік бар.
Әдебиеттанудың орнына қоғамтану қайта оқылып, жаңа
білім жамалмай бір орынды “сары жұрт” қылып қайта-қайта
шиырлай беретін болуға мүмкін, орыс мектебінде де осындай
кемшілік болатыны бар. Қазақта бұл тіпті мол болуға мүмкін.
Әдебиет сабағы қоғамтанудың қанжығасында кету қаупі
бар. Рас, қоғамтану ғылымын қазақ топырағына әкеп қолдану
қызықты. Өткен күнде қазақ хандары қандайлық қиянаттар
істесе, қазақ жерлері қалай отарланды, қазақ даласында сауда
капиталы қандайлық қожалық құрды. Бектер, билер, молда-
қожалардың дәуірі қалай жүрді. Бұлардың барлығы туралы
339
көп санақ, көп тарихи мағлұматтар табуға да мүмкін, бұларды
білуге де керек.
Бірақ білгенде де оқушы бұл нәрселерді қоғамтану ғылы-
мынан білу керек. Олай болса, бұларды балаларға белгілі деп
есептейміз. Екінші, сол санақ, сол тарихи мағлұматтардың
қаншасы жиылса да құр өздері келіп, әдебиет шығармасына
арналатын социологиялық шешуді бермейді. Сондықтан
әдебиет шығармасын тексерер алдында әңгімеде не сөйлейміз?
Әңгіме белгілі дәуірдегі қоғам ішінде қандайлық көңіл
күйлері болғанын анықтайды.
Ол күйлер шаруашылық саяси себептерден туған, сол
кездегі қоғам түсінісінде болған негізгі сарындар (мотив),
пікірлер бар. Осыларды жиып келіп белгілі шаруашылық:
саяси жағдайдың себебінен құралатын пәлендей кейіпкер,
пәлендей мінездер барлығын айқындау керек. Тексеріс осы
қалыпта болса оқушыларға жаңа мағлұмат беріледі.
Және әдебиетті түсіну үшін марксшілдік-социологиясын
дұрыс қолданған болады. Әдебиетті Марксше түсіну, бір
дәуірдің құрғақ шаруасын ғана түсінуде емес, сол шаруа
жағдайынан туған аз шығармалардың барлығының суретін
қоса білуде. Қоғамның дүниені түсінісі қандай. Белгілі тап
арнаулы дәуірде қандайлық көңіл күйі күйленді. Қандай
себеппен сол заманда дәурен сүрді. Осындайлар анықталуға
тиіс.
Тексеретін мәселелер ғана әдебиет шығармасының мазмұ-
ны на арналмай, ақынның өзінің көзқарасы, өзінің көңіл күйі,
қай таптікіне жататындығына арналу керек. Бұл мәселенің
ішіне кіретін бөлімдер: ақын өз шығармасының ішіндегі
қа һармандарына қалай қарайды? Қайсысын жақын көреді?
Әр таптың адамдарын көрсеткенде шыншыл болып дәлелін
көрсеткен бе? Қаһармандарын басқа түрлі қылып шығармай,
осы қалыпта шығаруының мәнісі не? Осыларға көңіл болу ке-
рек. Және балаларға тема бергенде “Кедей мен байдың тарты-
сы” деген сияқты томаға-тұйық тема бермей, “пәлендей жазу-
шы бай мен кедейдің тартысын қалайша көрсеткен, не себепті
пәлендей қылып көрсеткен” деп беру керек. Үйткені жалғыз
ғана әдебиет туындысына қарап кедей мен бай тартысының
тарихын толық пішінін түсіру мүмкін емес. Қиын.
340
Төменде қазақ жазушылары мен солардың кейбір
шы ғармаларының тізімі берілген. Бұл тізім қара шаруа
жастарының мектебіне қолайлап жасаған тізім болғандықтан,
көбінесе қазақ әдебиетінің соңғы дәуірлері алынды. Үйткені
соңғы дә уірлердегі әдебиетте социалдық сарындары (мотив)
айқынырақ көрінеді. Жастарға өте ескі күннің, кәрі заман-
дардың ақындары оңайшылықпен ұғылмайды (себебін
түсіндіру керек). Қай жылда әдебиеттің қандай дәуірлерін
алып, қай-қай ақындарды тексеру мәселесіне келгенде екі
түрлі жайды еске алу керек.
1) Әдебиет дәуірлері қоғамтану ретінде оқылатын дәуір-
лерге дәл келсін. Сондықтан біз бірінші жылдың екінші жар-
тысы “бұрынғы ауыл” деген темаға арналсын деп отырмыз.
Оның алдында “бүгінгі ауылды” тексеру, баланы әдебиет
сабағына жетектеп кіргізу, баулу үшін қажет, үйткені бүгінгі
күн балаға (кімге де болса) ең қызықты, ең ұғымды, ең әсерлі
де күн.
2) Әдебиет туындыларын оңайынан бастап қиынына қарай
жетектеген сияқты басқыштап беру керек.
Рас, қазақ әдебиетінің айналасы мол емес. Тереңдеген,
түрленген де әдебиет емес. Бірақ, сүйтсе де бірінен-бірі
қиыны, бірінен-бірінің оңайы бар. Шынымен тереңдеген
ойшылдықты, сыншылдықты, қырағылықты керек қылатын
сұлу шығармалар да бар. Социологиялық сынның тереңдеп
өрістеп жұмсалуына жақсы материал боларлық шығармалар
қазірде жеткілікті. Сондықтан ұғымдырақ болатындарды,
салт-сана жағынан пайдалырақ болатындарды ілгері салып,
ұғымға ауырырақ келетінін, салт-санасы көп реттеуді керек
қылатын жазушыларды кейінге салдық.
Бірақ қазақ әдебиетінің мағыналанған дәуірі тегінде ұзақ
емес
3
. Үлгілі әдебиет жолына шыққанына 20—30-ақ жыл
болды. Мектепте әдебиетті тексергенде біз осы аз ғана дәуірді
алып, соны әр жылға бөлшектеп қарастыратын боламыз. Кей
кезде баяғы, ескірек заманда, мысалы, XIX ғасырдың басында
болған ел қалпын әңгіме қылған уақытта, бергі заманда сол
XIX ғасырдың аяғында жазылған сөздерді дәлелге алуымызға
тура келеді. Өткен күннің көріністері деп алатынымыз болады.
Бұлардың барлығы қазақтың ескі күнінен қалған, мағыналы
үлгілі әдебиет шығармаларының жоқтығынан болады. Және
шын суретті әдебиет ретіне кіретін болып жазылған мағыналы
341
әдебиет шығармасы болса, діннің, кәрі заманның суретін
беруіне мүмкін. Бұл жолды өзге жұрттың әдебиет жайындағы
сабақтары анда-санда болмаса, ұдайы қолданбайды. Біз ба-
рымызбен базарлаймыз.
Сол мағыналы әдебиеттің өрісі аз ғана болғандықтан, аз ғана
қазақ жазушыларын, көктемеге түсірмей, толығырақ оқытып
шықпақпыз. Сол себепті әрқайсысының шығармаларының
темасына қарай, ұғымға ауыр-жеңілдігіне қарай, суреттілік
жақтарының түрленуіне қарай жөне қоғамтану темалары-
на үйге келуіне қарай көп жазушыларды үш жыл бойында
түгелімен оқытпақшымыз.
Бір жазушыға қайта-қайта айналып соғу, марксшілдік-
социологиялық сыны үшін өте керекті. Былтыр оқып кеткен
ақынды, артта қалды деп қоймай, биылғы жылда кездесетін
ақын, жазушымен салыстырып тексеру үлкен пайдалы
жұмыс болады. Салыстыру арқылы әдебиет шығармасының
социалдық шарттары байланысулы екендігі айқындалады.
Әрбір жазушының мазмұнға, сыртқы үлгі-кестеге жана-
суы қандай, кімше келеді, соларын да салыстыру арқылы
анығырақ білуге болады.
Және бір жазушыны әр жылдағы мақсұтқа қарай әр
жылдағы балаларының піскендігіне қарай, әр түрлі жақтан сы-
нап, әр түрлі көзбен тексеру — сол жазушы жайында баланың
толық түсініс алуына себеп болады. Осымен концентрлік әдісі
мұқтаждықтан туды десек те, қажеттікпен сүйемелдегіміз
келеді.
Сонымен міндетті түрде болмаса да, ұсыныс ретінде мы-
нандай тақырыптарды ұсынамыз.
Бірінші жыл
1. Тақырып — бүгінгі ауыл, төңкерістің жемісін көріп
отырған ауыл кедейінің әдебиеттегі суреттері.
2. Бұрынғы рушылдық жігіндегі ауыл, хан, би, батыр за-
маны, соның ілгері-кейінді жоқшылары.
Екінші жыл
1. Азамат соғысының уақытындағы ауыл тұрмысы. Төңке-
ріске қатысқан қазақ жалшылары, төңкерісшілдері.
342
2. 16-жыл мен ескірек кездегі ұлт бостандығы жолындағы
әдебиет. Сол кездегі ауыл күйі.
Үшінші жыл
1. Октябрь төңкерісінен соңғы жылдар.
Сонымен қатар жүрген кеңес құрылысы. Жұмысшы
табының соңына ерген ауыл еңбекшілері, жалпы батырақтары,
алғаш соның бағытына талпынған бет.
2. 1905 жыл мен 1916 жыл арасындағы ауыл күйі. Ел
арасындағы азғындаған мінездер, теңсіздіктер (социальное
зло). Сол кездегі оқығандар қозғалысы. Алғашқы ұлтшыл,
халықшыл оқығандар
4
. Отаршылыққа қарсы ағым.
Бірінші жылдың алғашқы жартысында тіл тануға көп уақыт
бөлінеді. Бұл кезде әдебиет жөнінен істейтін жұмыс:
Кішкене, жеңіл әңгімелерді, өлеңдерді, бірен-саран жеңіл
повестерді оқуға болады, әңгімелер, повестер түгелімен
бүгінгі ауыл, бүгінгі қала жайын, бүгінгі жаңа тұрмыс жайын
баяндайтын болсын.
Бірінші жылда не оқылатынын біз программада көрсеттік.
Бірақ бұндай тізімді шолақ ұғыну керек емес. Осыны ғана
ұстанып, басқаға ауыспай қатып қалуға жарамайды. Ең әуелі
бұл тізімді кеңейту керек, онан соң бір әңгіменің орнына
екінші соған ұқсаған және содан да қолайлырақ әңгімені тауып
алуға болады (бұл үшін оқытушы қазірде шығатын ілім жур-
налдарын көп қарастыру қажет). Бүгінгі ауыл, бүгінгі құрылыс
деген жайлардан жазылатын әңгімелер қазіргі журналдарда
көп (Жалғыз-ақ алғанда, шынымен жарқырап тұрған ашық
әңгімені, шынымен суретті деуге жарарлық әңгімені таңдап
алу керек).
Бұл жағынан қарағанда, қазақ әдебиетінің жастығы, олақ-
тығы, өте саяздығы көзге көрінбей қоймайды. Бірақ сұйқыл
әдебиеттің өзінің ішінде мектепке керек нәрселерді сүзіп алуға
болады
5
. Және бір ескертетін нәрсе, таңдап алынған әңгімелер
балалардың жасына қолайлы келетін болсын.
Алғашқы жарты жылдың ішіндегі зор міндет: балаларды
суретті әдебиетке қызықтыру. Соны оқуға ентелету, онан соң
дұрыс оқуға үйрету. Осы мақсатпен ең алғашқы кездерде бала
араласқан әңгімені, мүмкін болғанынша балалар қаһарманы
болған әңгімені алу керек. Бұндай оқудың тұсында суретті
343
әдебиеттің түрлі ғылыми, саяси әдебиеттен басқа болатынын
байқату керек. Бұл үшін әр түрлі материалды алып салыстыру
шарт.
Суретті әдебиетті жалғыз ғана мектеп ішінде емес, үйде де
оқытуға тырысу керек, тәрбиенің, баулудың бір үлкен шарты
осы екенін де естен шығармау керек. Үйде оқығанда балалар
қай кітапты таңдап оқиды, ол жағына ерік берілгені дұрыс.
Бірақ сонда да оқытушының міндеті:
Салт-сана жағынан зиянды болмайтын, пайда келтіретін
кітаптардың тізімін жасау керек, әсіресе мектептегі суретті
әдебиеттің ішінде боғауызы бар, жалаңаш құмарлықты ай-
қындатып шығаратын кітаптар болмағаны дұрыс.
Онан соң ұсыныс ретінде болса да оқитын кітаптарды
таңдағанда, балалардың белгілі жылда мектепте оқитын
әдебиет сабағының бетіне байланысатын нәрселерді беру
лайық. Әдебиеттің белгіленген жыл дәуіріне жанасатын
кітаптар оқылғаны мақұл. Әрине, ең соңғы уақытта шығатын
қызықты кітапты керексіз қылуға болмайды.
Оқылатын кітаптардың тізімі:
Бірінші жыл
Бейімбет
6
—“Бір адым”
7
, “Сары ала тон”
8
, “Шариғат
бүйрығы”
9
, “От басында”
10
, “Сойқанды содырлардан”
11
,
қысқа әңгімелер. Өлеңдерінен: “Мырқымбай”
12
, “Ел тәңірісі
жастар”
13
, “Айт, шүу, ала атым”
14
, “Гүлденсе ауыл”
15
, “Жер
тәңірісі шаруа”
16
, “Бай”
17
.
Сәкен
18
— “Жер қазғандар”
19
, “Советстан”
20
, “Ауыл байғұс,
мінеки”
21
.
Ілияс
22
— “Беташар”
23
, Түрксибке арнаған өлеңі
24
“Е.
Қ.”-та.
Сәбит Мұқанов
25
— “Октябрьдің өткелдері”
26
, “Қызыл
арқа”
27
, “Пионерлерге”
28
, “Шоқпыттың шаруасы”
29
, “Ауыл
тілегі”
30
, “Пионер”
31
, “Тұрмыстың тұлпары”
32
, “Балбөпе”
33
.
Мүсірепұлы
34
— “Қос шалқар”
35
.
Мұхтар
36
— “Еңлік Кебек”
37
.
Абай
38
— “Болыс болдым мінекей”
39
, “Болды да партия”
40
,
“Қалың елім, қазағым”
41
, “Аттың сыны”
42
, “Жігіттер, ойын
арзан”
43
, “Адасқанның алды жөн”
44
.
344
Бұқар жырау толғаулары
45
— (“Таң” журналында ба-
сылған),
Батыр жырлары: “Қобыланды”
46
, “Тарғын”
47
.
Ел поэмасы: “Қозы Көрпеш”
48
, “Қыз Жібек”
49
...
Бірінші жыл
Бейімбет — “Құла жорға”
50
, “От басында”
51
, Сойқанды
содырлар”
52
қойшы өлеңдерінен.
Сәкен — “Бандыны қуған Хамит”
53
, “Қызыл сұңқарлар”
54
,
“Күзді күнгі далада”
55
.
Ілияс — “Мамытовтың өлімі” (аударма).
Мүсірепұлы — “Тулаған толқында”
56
.
Мұхтар — “Қилы заман” (бөлімдері)
57
.
Абай — “Төрт мезгіл”
58
, “Адамның кейбір кездері”
59
, “Өлең
сөздің патшасы”
60
, “Аңшылық”
61
.
Мұрат ақын сөздері
62
.
Махамбет сөздері. “Исатай жыры”
63
, “Бекет”
64
.
Үшінші жыл
Бейімбет — “Күлпаш”
64
, “Аштық құрбаны”
66
аштық
жылымен байланысқан өлеңдері
67
, “Кедейге”
58
, “Бәрі де тый-
ылды”
69
, “Жәке”
70
.
Сәкен — “Экспресс”
71
, “Отарба”
72
, “Қара жер”
73
, “Қарлы
аязда”
74
, “Баспахана”
75
, “Терушілер”
76
.
Мұқанұлы — өлеңдері
77
.
Мұхтар — “Қанды түн”
78
, “Бәйбіше, тоқал”
79
, “Қараш-
Қараш оқиғасы”
80
.
Сұлтанмахмұт — “Кедей”
81
, “Қала ақыны мен дала
ақынының айтысқаны”
82
.
Сәбит Дөнентайұлы — “Уақ-түйектен”
83
.
Абай — “Масғұт”
84
, Лермонтовтан жасаған аудармала-
ры: “Жолға шықтым”
85
, “Қарасам, қайғыртар жұрт”
86
, “Сал
демеймін сөзіме”
87
, “Кинжал”
88
, “Терек сыйы”
89
, “Қараңғы
түнде”
90
, “Дума”
91
; Пушкиннен: “Татьяна — Онегин”
92
.
Максим Горький
93
— “Челкаш”
94
, “Сұңқар жыры”
95
,
“Ана”
96
.
Пушкиннен
97
— “Тас мейман”
98
, “Сараң сері”
99
, “Дубров-
ский”
100
.
Всеволод Иванов — Төрт әңгіме
101
.
Лавренев — “Қырық бірінші”
103
.
345
Оқуға жаттығу
Оқуға жаттығу, оқи білу дегеннің өзі де өнер, ол да
тәрбиені, баулуды керек қылады. Оқығанда жазушы берген
жалпы суретті ғана, жалпы мағынаны ғана ұғынарлық қылып
оқу емес, сөздің барлық нәзік ырғақтарына шейін айқындатып,
елестетіп оқи білу керек. Балалар бұндай қылып оқи алу үшін
бірінші шарт: суретті әдебиет шығармалары жеңіл құрылған,
жеңіл жазылған болу керек. Әуелі сондайларды таңдап ала
білу керек. Екінші:
Сондай оңай сөзді үлгілі қылып оқуға оқытушы тәрбиелеу
керек. Әр түрлі қылып тапсырған міндеттер баланың оқуға
жаттығу жағын көп ескерсін. Оқи білу: жалғыз тіл ғылымы
мен әдебиет үшін ғана емес, ғылымның қай саласына барып,
қай кітабын ұстасаң да — соған мұқтажсың.
Оқуға жаттығу жұмысы бірінші жыл бойы түгелімен
(екінші жылдың да бас кезінде) — балалардың алдын ала дай-
ындалуына байланады. Салған жерден бала әрі ашық оқитын,
әрі ырғақты, әсерлі қылып, тыныстап, екпіндеп оқитын бола
алмайды.
Кез келген газет, кез келген кітап болсын, ешқайсында
алдын ала қарастырып, машықтанып байқап алмай, дұрыстап
оқып кете алмайды. Егер оқытушы алдын ала дайындамай,
балаларға томаға-тұйық қылып, пәлен әңгімені оқы десе,
суретті әдебиет бұл баланың өзіне де, класқа да әсерсіз, жан-
сыз болып оқылады.
Ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйеніп, ылғи
соларға ғана оқыту да дұрыс емес. Бұл бір-екі баланы ұзатып
әкетіп, өзгені артта қалдырған жұмыс болады. Әуелі жеңіл,
ұғымды әңгімені алып, соны қатты да, ақырын да оқыту ке-
рек. Әрбір оқуда жылдамдық, анықтық, ырғақтық, оқығанда
ұғушылық — қандай екенін байқау керек, әңгіменің ұғылмай,
сезілмей шашу қалатын жері болмасын. Соған ұғып болу
керек. Осы жағынан қарағанда іштен оқумен аралас, кейде
біреудің оқығанын тыңдай білетін қылып та баулу керек.
Біреу оқып, өзге тыңдағанда, балалар ұғымсыз сөйлемдерді,
жеке сөздерді белгілеп, айрықша әсер еткен қызықты сөздерді
еске алып, жалпы әңгіменің, жә мақаланың негізді мағынасын
да түсініп отыратын болсын. Осыны зерттеу қажет.
23–1248
346
Осымен қатар қара сөз бен суретті сөздің арасындағы оңай
байқалатын айырмыстарға көңіл бөлгізіп, бақылату керек.
Суретті сөздің өзін алсақ, жалғыз темасы, я мағынасына ғана
үңілмей, суреттіліктің негізгі бұйымдары:
Сыпаттау, әңгімелеу, салыстыру, қайталау, суреттілеу
сияқты белгілеріне де көңіл бөлгізу шарт. Әңгіменің
ішіндегі ірі кейіпкерлердің ісін, сөзін байқаудың үстіне өзге
қосымша, елеусіз орындағы адамдардың сөзін, мінезін де
байқай отыру қажет. (Мысалы, “Сары ала тон” сияқтыларда)
Осылармен қатар уақиға қай уақытта, қай орында болып
отыр. Адамдардың пішініндегі ерекшелік қандай, солар-
ды балалар белгілей отырсын. Кітаптың ішіндегі осындай
ұсақ бөлімдеріне көп тоқтап, жай жүру — жалпы әңгімені
тұтасынан түсінуге бөгет қылмайды.
Қайта әншейінде баланың байқамай көктеп өтіп кететін
жерлеріне ерекше ықылас аудартып, әңгімені толық түсінуге,
әңгімені сүйгізуге әсер етеді. Суретті әдебиет туындысының,
суреттілігі, әсерлігі, қоздыратын күші балаға ұғымды,
қонымды болу үшін, әңгіме осы заманның жайынан алынған
болуы тиіс. Бірінші жылдың жартысына “Бүгінгі ауыл” деген
теманың кіріп отырған себебі сол, суретті әдебиет осылайша
алдын ала дайындалып барып оқылатын болған соң, бірінші
жылдың ішінде балалар, халық алдына шығып, өлеңдер, қара
сөздер оқитын болады, (төңкеріс мейрамдарында, мектептің
сауық кешінде, ауыл халқының алдында, жастар жиылысын-
да). Өлеңге, қара сөзден өлеңге, суретті қара сөзден гөрі де
көбірек машықтану керек, өлең екпіні, ырғағы, әлгіден гөрі
де көбірек баулуды керек қылады. Бірақ алғашқы жылдың
ішінде бала бұны да билей алатын, халық алдына шығу
баланың сенімін нығайтып, желігін арттырады. Сонымен
қатар оқуының сапасы артатын болады.
Бірінші жылдың екінші жартысында кітапты өз бетімен оқи
алатын болып, баланың суреттілік алымы — қиялы артады.
Оқыған кітабын өз басынан кешірген халдей, иіп оқитын күйге
жетеді. Бұл кезде қоғамтану сабағынан алған мағлұматтар
мен дәлелдер баланың пікірін өткен күннің суреттеріне
жанастырады. Әсіресе өткеннің әдебиетке түскен сәулесіне
жақындатады.
Мысалы, Абайдың “Болды да партия” деген өлеңі сияқты.
Не болмаса “Әділетсіз биге кедей арызшының сөздері”
347
сияқты. “Шернияздың Баймағамбетке айтқан сөздері”
сияқтылар.
Бұрынғы ауылда болған қиянаттардың бетін ашады.
Қоғамта ну сабағы бұрынғы хан мен бидің елге істеген
қиянатын айтса, бұрынғы ел ішін партиямен бүлдірген болы-
сты, атқамінерді айтса, әдебиет соған өзінің белгісін көрсетеді.
Осындай салыстырулар қоғамтану сияқты ғылымның
сыпат тауымен, суретті жырдың сыпаттауында қандай
айырмашылық тар барын байқайтын болады. Бұл екеуі екі
түрлі білім есепті. Біреуі — өткен өмірді іспен, дәлелмен,
айқын белгімен көрсету жолында. Екіншісі — сол өмірді су-
ретпен көрсетеді. Сол екеуін салыстыру арқылы, бала әдебиет
туындысын сынауға қарай аяқ басу керек. Суретші нені
суреттеді? Кімді суреттеді? Қалай суреттеді деген сұрақтардан:
Суретшінің өзі кім? Дүниеге, айналаға қандай көзбен қараған
суретші? Заманында кімнің даусына құлақ салып, қалай қарай
жетектеді деген сұрақты да тудырады (мысалы, “Болды да пар-
тия” деген өлең осы жағынан қарағанда, Абайдың атқамінер,
ру басы, болыстар тобынан шыққандығын көрсетеді). Жаңағы
сұрақтарға жауап тауып, шешу. Айтқан уақытта — өмірді
суретпен көрсетудің өзінде де социалдық белгілері бар екені
айқындалады. Ақылды, қайғылы, сыншы кісі болып көрінсе
де, Абайдың ру басы, атқа мінер екені, Бұқар жыраудың
хандық шашбауын көтерген ру биі екені айқын көрінеді, хан
мен рушылдық іргесін сүйеп, жуаннан шыққан ақын жырласа,
елді шенге сатқан төрелерді жамандаған, парақор билерді
шенеген, халық ақыны, ауыз әдебиет жырлары екінші күйде
бұқарашылдық күйді көрсететін болады. Ауызша әдебиеттің
хандық пен билікті, болысты шенеген өлең жырлары хандық
биліктің қазақ бұқарасына залалды, керексіз, заманы өткен
нәрсе екенін білдіру керек.
Екінші жылда балалар газет, журналды алдын ала дайында-
лып оқитын болу керек. Алдын ала дайындалғанда, таныс емес
жат сөздерді, терминдерді, қиын сөйлемдерді, кісі аттарын,
қала, мемлекет аттарын іріктеп алатын болу керек.
Әуелде бұл жұмыс оқытушының көмегімен жергілікті
оңай газеттерді оқудан басталады. Үйде алдын ала дайындал-
мастан келіп, класта дауыстап оқу екінші жылдың аяғында,
348
тәжірибе ретінде қолданады. Міндетті жұмыс есебінде үш
жылда ғана солайша оқылатын болады
Екінші жылдың программасына драмалық әдебиет ту-
ындылары кіреді. Бірінші жылда “Еңлік — Кебек” сияқты
пьесаның әрбір бөлімдері ғана оқылып көрілген болу
керек. Оны қоғамта ну сабағына жанастырып, ескі билік
заманындағы әділетсіздік қиянаты көрсетілетін қылып,
сондайдың мысалына әр жерін алған болады. Екінші жылда
пьесаны жақсылап оқи білу дегенге көп көңіл бөлінеді, оқуда
сезімді, пікірді анық көрсететін дене қозғалысы сияқтылар
араласады, сондай әсерленген сөздер арқылы қаһармандар
арасындағы қағысулар — ішкі, сыртқы тартыс-талас тіресулер
айқындалу керек (Мысалы, “Қызыл сұңқарлар”). Жаңағыдай
қылып оқу шарт болғандықтан, драма кітаптардың тұсында
болатын қызмет — ауыр қызмет. Ерекше көп көңіл, уақыт
бөлуді керек қылатын қызмет болады.
Үшінші жылда қандай жазуды болса да дайындалмастан
анық қылып, дұрыстап, әсерлі қылып оқи алатын болу керек
(бұл жыл бойы машықтандыра беру шарт). Жылдың аяғында
балалардың барлығы да кітапты өз бетімен толық пайдалана
білетін, өз бетімен еркін қызмет етуге жарайтын болу шарт.
Кітаптан керегін ала білу, кітаптан алған дәлелге сүйену,
тілмашша пайдалану, таблицалар мен справка берерлік
қосымша құралдармен пайдалана білу керек.
Тілді байытуға өлең жаттаудың көп септігі тиеді, бірінші
жылдың программасында Бейімбет, Сәкен, Абай сықылдылар-
дың өлеңдері бар, одан басқа көп халық әдебиеті бар. Осы-
лардан балалар өлеңдер жаттау керек. Жаттағанда, әрине, кез
келген өлең атауларының бәрін жаттау емес.
Барлық оқылып шыққандардың ішінен балалар өздерінің
таңдауы бойынша екі-үш өлеңді жаттайды, әрине, төңкеріс
ақындарының өлеңдерін, төңкерісті жырлайтын өлеңдерді
жат тау керек. Әр бала өз бетімен таңдайтын болғандықтан,
кластағы барлық балалардың жаттап алған өлеңдері көп болып
шығады. Өлең жаттау екінші-үшінші жылдарда да болады.
Жаттаудағы, оқудағы шарты бірінші жылдағы сияқты.
Сөйлеуге жаттығу
Бірінші жылда сөйлеуге жаттықтыру: қойған сұраққа
анық, толық жауап бергізіп үйретуден басталады. Тәжірибеге
қарағанда, бұл жұмыс балаға оңай болатын көрінбейді.
349
Жауап берудің арасында байланыс жоқтық: не болмаса
(не жоқ) деген сияқты қысқа қайырғыштық, кейде сұраққа
жанас пайтын жауаптар берушілік ұдайы кездеседі, сондықтан
бала қандай жауап берді, қалай берді, осы жағына оқытушы
көп көңіл бөлу керек.
Баланың өзін де сол жолда ойландыру керек. Сөз ойдағы
пікірдің құралы. Оны ойланып, күтініп қолдану керек
екендігін миландыру қажет. Осымен қатар байқаған жоспар-
ды байла ныстырып, әңгіме қылып айта білу керек. Бұның
мысалы, оқып шыққан кітапты әңгіме қылып айту, өмірде
болған уақиғаларды (есіткені, бастан кешкен уақиғаны, жол
жүргенін, экскурсияға барғанын) әңгіме қыла білу шарт. Со-
нымен жылда, бірінші басқыш мектепте істелген іс ілгері
созылып өрістейді. Бірақ бұнда әңгімелей білудің әдісіне көп
көңіл бөлінеді, әңгімелеудің ретіне отчет беру де кіреді (болған
істі ойша айту сияқты). Осындай машықтанулардан кейін
алдын ала дайындатуды керек қылатын жайларды алу керек.
Мысалы, алдын ала зәпескі, күнделік, протокол түрінде жазып
алынған нәрселерді қорытып алып, солар бойынша сөйлеу.
Осы жұмыстардың қайсысы сабақпен, қоғамдық қызметпен
байланысады. Сондықтан бұндай істі істеу: сабақ жөнінде
тапсырылған міндетті орындау, өткен сабақты қайта зерттеу,
иә, келесіге мағлұмат жию есебінде болады. Бірен-саран
сөзшең бала болмаса, өзге баланың көпшілігі өз пікірін толық
айтып шығуға олақ, шорқақ келеді, сондықтан тәрбиешілік,
оқытушылық мақсатымен анда-санда жиылыстар жасап, сон-
да балалардың әрқайсысының сойлей білетіндік жайы қандай
екенін байқау керек, анық, ұғымды, қысқа, тиімді сөйлеуге
баулу керек. Әңгіме айтқызу, кітапты тығып қойғызу да осы
мақсұтқа арналады.
Екінші жыл осы жұмысты ілгері өршітеді, бірақ бұрынғыдан
қиындатып, тереңдететін болады. Енді сұраққа қайтарылатын
жауап, дәлелді, салмақты жауап болу керек, бұған әдебиет
шығармаларын тексерген уақытта машықтандыру дұрыс.
Тапсырылған міндеттің сұрақтарына жауап бергенде кітаптың
пәлен жерлерінен мысал алып, соған өзінің пікірімен дәлел
қосарлау керек.
Үшінші жылдағы ең іргелі жұмыс: ауызша баяндама
жасауға машықтандыру (тиісті мағлұматтарды жиып ала білу.
350
Сонымен пайдалана білу. Баяндамасына қолайлы жоспар
жасай білу, өзі тілеген уақытта айқын қорытынды шығару).
Бұндай баяндамалар мазмұн жағынан да, сыртқы құрылыс
жағынан да класта тексерілетін болады. Осылайша көптесіп
пікір ауысу өте бағалы жұмыс деп саналады. Әркімді іске
талпынтып қызықтыратын, шабандарға қозғау салатын,
сыншылық сезімін оятатын, өзара сынға үйрететін осындай
істер болады.
Сол себепті бұндай іс үш жылдың үшеуінде де болу керек.
Әсіресе үшінші жылда өте қажет. Үйткені, бұл жылдың зор
міндеті — сөйлеуге жаттықтыру.
Жазу тіліне жаттығу
Жазу жұмысының бірталайы ауызша сөзге машықтанумен
байланысты.
Ұғымсыз сөздерді, сөйлемдерді жазып алу. Сондай
сөздерден тілмаш құрастыру, әдебиет шығармасын ұғыну,
зерттеу жо лындағы бірінші қатардағы жеңіл жұмыстар деп
саналады. Екінші сатыдағы жұмыс — кітаптан сөз талғап алу
(цитирование). Бұның алғашқы кездегі мақсаты: тіл кестесін
(стилистика) байқату үшін, сұлу болып шыққан сыпаттау-
ларды, толық болып айтылған пікірді, бояулы, ажарлы ашық
сөздер сияқтыны жазғызу керек. Әрі таман басқан соң сөз
талғап алу — әдебиет туындысын сынауға, зерттеуге дәлел
есебінде пайдалану керек. Талғап алынған сөздер белгілі
орынның салтын, белгілі адамдардың мінез-құлқын анықтауға
дәлел есебінде алынатын болсын. Әдебиет сабағымен қатар,
ел аузындағы мақал, мәтел, өлең, тақпақ сияқтыларды жа-
зып алудың мәнісін зерттеп өтуге болады. Содан соң бүгін
жазылып алынған өлеңді, бұрынғы, ескі тарихи өлеңдермен
салыстыруға болады. Жазу тіліне жаттығудың бұдан арғы
жұмысы, ой қызметіне қарай тереңдей береді. Бірінші
қатардағы іс-жоспар жасай білуге арналады. Жоспардың
мәнісі, пайдасы ой қызметіне тәртіп кіргізеді. Әрбір бөлімді,
жікті біліп, жалпы байланыстар жасауға машықтандырады.
Жоспарлаудың алдында істелетін іс: мазмұнды бөлім-
бөлімге жіктеп, әр бөлімге ат қоя білу де, екінші кезектегі
жұмыс әр бөлімнің арасындағы байланысты тауып белгілеп
(негізді, үлкен байланыстар, ұсақ байланыстар), содан кейін
басқыштаған үйлесімді айыру, оқушылар жоспардың схема
351
түрін, тармақталған анық түрін — екі түрін де білу керек.
Сыртқы үлгісіне қарағанда жоспар сұрақ ретінде, сөз басы
жинақ ретінде, не болмаса ұсақ сөйлемдер ретінде болуға да
мүмкін. Сұрақ ретінде болса, жоспар анкетке ұқсайды. Оны
толтыру әдісіне бала бір жылдың ішінде әбден дағдыланып
алу керек.
Жоспарлау жұмысының ішінде сөйлемнің кестесін теру
сияқты істер керек болса, бұған протокол жүргізу көп қызмет
береді. Ең әуелі сөйлеушінің негізгі пікірін ұғынып, соған
қарсы дау ретінде айтылған тиімді сөздерді сөйлеп алып, бар-
лығын қысқа қылып қорытып жазуға түсіру — балалардың
машықтануына үлкен пайдалы, зор жемісті қызмет, бірінші
жылда — ұсыныстар мен қорытындыларды ғана жазатын
қылып, протоколдың оңай түрін берген лайық. Бұлардан
басқа пікір таласын көрсету жиылыстың жалпы суретін
қағазға түсіру сияқты жұмыстар, жоғарғы кластарға міндетті
іс болады.
Балалардың өз жанынан сөз шығару жұмысы әңгіме түрінен
ұзамау керек. Әңгіме ең жеңіл, ең қолайлы түр — өмірден алған
әсері жаңа суретке ауысады. Қиял сияқтанып жүрген нәрселер
болмысқа, шындыққа бағынуға қажет болады. Оқушы өзі оқып
шыққан әсерлі, суретті әңгіменің бетімен екпінденіп барып,
әңгіме жазып тастауға болады. Осындай істердің артынан
баланың шынымен өз жанынан сөз шығаруына тәжірибе жасау
керек. Мысалға оқып шыққан әңгімені алып, соның тоқтаған,
біткен жерінен арғы уақиғаларды жаз десе бұл балаларға өте
қызықты, желікті жұмыс болады.
Әңгімені ілгері созуда қаһарманның ілгеріде боларлық
халдерін алуға болады. Жаңадан кездесетін уақиғаларды
құрастыруға болады.
Не болмаса, әңгімені жазушы бастаған жерден алмай одан
бұрынғы кезден бастауға, яки жазушының тастап кеткен
жерлерін әңгіме қылып таратуға да мүмкін.
Екінші жылдағы негізгі жұмыс — шығармалар жазу мен
конспекті жасау. Шығарманы баяндама сияқты бір жақтан
мағлұмат жиюды керек қылатын жайлардан беру керек емес.
Баяндаманың қарасы да, аумағы да үлкен болады. Ол белгілі
темаға арналған пікірді қорытуды керек қылады. Дәлелдеуді,
екшеуді тілейді. Қиын болғандықтан, баяндама жөніндегі
жұмыстар үшінші жылға қалдырылды.
Жоспар жасай білудің артынан келетін жұмыс, конспект
жасау.
352
Конспект кітап оқыған уақытта қажет (кітапты қолға қа-
рындаш алып отырып оқу).
Кітап ішіндегі негізді жерлерді кітап алып, соны
қысқа, жұмыр қылып жаза білу керек. Конспекті жасауға
оқытушымен жасаған әңгімесі, мақаласы, жәй мақала, біреудің
өмірбаяны сияқты лар жақсы материал болады. Суретті қара
сөзді конспектілеу қиын да, қолайсыз да болады, бірдемені
тыңдаған уақытта да конспектіге машықтану керек. Оқытушы
айтқан әңгіме, баяндама, схема күйінде болса да жазылып
қалса, сол кейін қайтадан зерттеген соң алғаш білімінің толық
суретін елестетуге жәрдем етеді. Сонымен қатар, шеттен алған
білімінің қайсысын болса да конспектілеп алған болса, балаға
баяндама жасау жеңіл тиеді.
Екінші жылдың ішінде баланың жазу тіліне жаттығуы
бірталай өрістеніп қалған, машығы молайып қалған бола-
ды, сондықтан шақыру қағаз үшін, расписка сияқты кеңсе
қағаздарының барлығын жазуға жарай алады.
Жанынан шығаратын сөз жалғыз ғана әңгіме түрінде
болмай (жанынан жазба әңгіме шығару), сипаттау түрінде
болғаны мақұл. Сипаттауға қаһарманның мінезі сияқтыларды
алуға мүмкін, көп көріністер, көп белгілердің ішінен негізгі
арнауды тандап алу (мысалы, әдебиет кейіпкерін толық ұғыну)
үшін әдебиет туындысының мазмұны тереңдеп тексерілген
болу керек.
Үшінші жылдағы жұмыстың жаңа түрі есебінде қосылатын
нәрселер:
1) Әдебиет мысалдарын салыстырып отырып, жарыстырған
сын жасау.
2) Өз бетімен зерттеп шыққан материал жайында жазбаша
баяндама дайындау.
3) Тезистер жасау.
4) Әдебиет туындысына сын жасап баға беру. Әдебиет со-
тын жасау (бұл ауызша сөз). Баға беру жұмысы жеңілұшқары
пікірге сүйенбей, көп ойланған, көп зерттелген мағлұматтарға
сүйенетін болсын.
Әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы іспен
байланысуы
Тіл мен әдебиет сабақтары қоғамға пайдалы істердің талай-
талай түрлеріне табиғи жолмен кеңінен байланысуға болады.
353
1) Әр жерлерге кітап алып барып суретті әдебиетті, иә,
басқа кітаптарды оқып, солардың жайынан әңгімелер туғызу.
Бұндай істерді қызыл отау, сауатсыздықты жою мектебінде,
қосшылар ұйымында жасауға болады.
2) Кітапхана болған жерлерде сол кітапхана ішіндегі әр
түрлі жұмыстар болады.
3) Ауыл тілшілерінің үйірмелерін жасап, солармен бірге
қабырға газетін шығару мүмкін.
4) Сауатсыздықты жою жұмысына араласуға болады.
5) Ойын көрсету, әсіресе суретті кітаптарды ойнап көрсету
керек. Әдебиет кештерін жасау керек.
6) Шаруа иелеріне өтініш жазып, хат жазып беретін болу
керек.
7) Шаруа газеттеріне ауданның шаруасы жайынан, жалпы
шаруа науқандары турасынан мақалалар жазып, байытуға да
болады.
Біз бұнда қоғамға пайдалы жұмыстың тіл-әдебиет сабағына
байланысатын кейбір-кейбірлерін ғана айттық.
Бұлардан басқа көп пайдалы жұмыстарда оқытушы мен
оқушының күндегі тәжірибесі, басқа әлденеше күйлерде де
кездестіреді.
Әдебиет шығармаларын түр жағынан зерттеу
Марксшілдік соңиологиясын ғылыми құрал қылып,
дұрыс қолданамын деген уақытта әдебиет туындысының
жалғыз мазмұнын ғана зерттеп қою керек емес. Қазіргі
қазақ әдебиетінде сын, айтыс сияқты сөздер болса, олардың
барлығы да мазмұны жайын ғана сөйлейді.
Социологиялық зерттеудің бір-ақ жағын ғана ұстайды.
Әдебиетті шын ғылыми жолымен тексеремін деген уақытта,
мазмұнға қосып, әдебиет түрінде социологиялық жолымен
зерттеу қажет болады. Социология әдісі суретті түрдің (фор-
ма) өзін де шешетін болу керек. Белгілі кесте, үлгінің (стиль)
өзі де, барлық бұйымдар да социологиялық шарттармен
байланысты екенін анықтау қажет. Мысалы атқа мінер ру
басының, малшының, оқығанның, жұмыскердің, саудагердің
тілдері, сөйлеу үлгісі бірінен-бірі басқа-басқа болатыны
анық. Соны тексеру, сынау арқылы оқушыларға да айқын
қылып көрсетуге де болады. Әдебиет шығармасының ішінде
354
кездесетін суретті сөздерге қарап, жазушының қандай тапқа
жақын екенін білуге болады. Мысалы, оқыған жазушылардың
ішінде елдің, атқамінердің, мырза бозбаласының тобына
жақындығы қандай болмасын, көпшілік бұқара, еңбекшіл
топқа жақындығы қандай екенін білу қиын емес. Әдебиет
өрнектерінің (жанрлардың) құрылысында (композициясында)
социалдық шартқа байланысты екендігін ашуға болады (мыса-
лы Бұқар жыраудың толғаулары, Абайдың насихат өлеңдері —
өз заманының сыншысы, басшысы, ұстазы боламын деген
топтардың қолданатын үлгісі болған... қазақ ескілігінен алған
әңгімелі жырларының құрылысы да сондайлық социалдық
шарттармен байланысулы).
Бірақ осы сияқты мөлшер сөздерді айтсақ та, бір жағынан
бұндай сынның қиын жүмыс екенін де ескертеміз. Жал-
пы әдебиет ғылымының ішінде әдебиет түрін (формасын)
социологиялық жолмен реттеу әлі нығайып, тереңделіп,
орнығып болған жоқ. Бұл жаңа ғылым.
Қолдана білмесе, алдын ала көп ойланбаса, көпшілік
тайғақ жолға түсіп кетуге болады. Іргелі ғылыми негізді
жайдақтатып жіберу қаупі де бар. Мысалы, ақынның
өмірбаянына қарай салып, шыққан ортасын ғана біле салып,
барлық шығармаларында не байдың, не қара шаруаның, не
жұмысшының ақыны деп кететін қорытындылар болуға
мүмкін.
Көлеңкеге қарап тон пішу сияқты қаталықтар, адасулар
болуы мүмкін. Сондайлық болып қаңғымас үшін, әрқашан
жазушысы кім дегенді бұрын алмай, жазылған шығарманы
зерттеу керек. Оның суреттілік пішінін, құрылыс ретін
сынау керек, құрылысын сынағанда: әңгімеленетін негізгі
салаларды алып, солардың елеулі бөлімдерін айыру. Әңгіме
құрылысындағы іргелі әдістерді табу. Жалпы үлгі кестесінің
ерекше жерлерін анықтау керек. Сөзді, суретті әсерлі қылып
шығару үшін жазушының қолданған әр түрлі шаралары бар,
әдебиет туындысының тіл ғылымы жағынан сынауды керек
қылатын бөлімдері бар. Бұндай мәселелерге келгенде, әрине,
оншалық тереңдеп, алыстап кету қажет емес, үйткені, түр
жағынан сынаудың (формальный анализ) өзі мақсұт емес.
Түрін сынау, кейін келетін социологиялық сынға мағлұмат
үшін, дәл басқыш үшін ғана емес. Және түрін сынау —
355
әдебиет шығармасының мағынасы мен мазмұнын тереңдеп
түсінуге себепші болады.
Барлық оқу жылдарында ақындық түрін
(поэтическая форманы) байқау ретінде
мынандай программа ұсынамыз
Бірінші жыл
І. Өлең сөз бен суретті қара сөз.
ІІ. Жеке ақындар шығармасы мен ауызша әдебиет (халық
жыры).
ІІІ. Суретті шығарманың бұйымдары:
1) Негізгі тақырып пен қосымша тақырыптар.
2) Шығарманың қаһарманы.
IV. Әдебиет шығармасындағы әңгімелеу әдістері.
1) Сыпаттау (описание).
2) Әңгімелеу (повествование).
3) Әңгімелестіру (диалог).
V. Сөзді суреттеу, кестелендіру әдістері:
1) Тұспал сөз.
2) Ауыстыру (сравнение).
3) Көріктеу (эпитет).
4) Әсерлеу (гипербола).
5) Қызбалылық, сезімділік әсері бар сөз.
VI. Ақындық сөйлеміндегі ерекшеліктер:
1) Сөздердің тұрған орны, ауызша сөзде келетін орнынан
басқаша болатындық.
2) Қайталағыштық.
3) Сөзді еселеп, асқындатып сөйлегіштік — дамыту (на-
растание).
VII. Өлең сөздің бұйымдары:
1) Өлең екпіні (ритм), ырғағы.
2) Ұйқастық.
3) Өлең шумақтары.
4) Тақпақ, желдірме ретінде айтылған ауызша әдебиет
түрлеріндегі өлең екпіні.
VIII. Әңгімелі өрнектер мен сыршылдық өрнектерінің
түрлері:
1) Әңгіме.
2) Повесть (ұзақ әңгіме).
3) Батыр жыры.
356
4) Ертегі.
5) Әннің өлеңдері.
6) Ауызша әдебиеттегі әр түрлі салт өлеңдері.
Екінші жыл
І. Сөзді кестелендірудің әдісі:
1) Тұспал сөздердің түрлері: теңеу, алмастыру.
2) Кейіптеу.
3) Өлең сөзді белгілі дыбыстармен күйлеу: ассонанс
(өлеңде ылғи бір дауысты дыбыс келіп отыратын болғанда).
Мысалы: “Ағасың, ақылы асқан асқармен тең”; аллитерация
(ылғи бір дауыссыз дыбыс келіп отыратын болса, мысалы:
қауым ең қара қазан қорқақ қоян, иіс келіп отырсындар ма,
құдірет қалам).
ІІ. Өлең сөзінің қырлары:
1) Өлең өлшеулері. Неше буынды өлең. Айшықтар, шумақ-
тар, бунақтар қандай.
2) Ұйқастық түрлері: егіз ұйқас, ұйқас, шалыс ұйқас сияқ-
тылар.
ІІІ. Сыршылдық өрнегі:
Сезімділік. Әсерлілік жағынан қарағанда әр сатыда
тұратын өлеңдер.
Үшінші жыл
І. Драмалық әдебиет туындылары:
1) Күлкі пьеса (драмалық шығарманың құрылысы, ке-
йіпкерлердің мінезін сынаудың әдістері).
2) Драма (қайғылы уақиға).
3) Поэма (жаңа замаңдағы әңгімелі өлеңдер). Бұл програм-
ма ақындық түрін байқау үшін деп ұсынылып отыр, қазірде
тәжірибе үшін беріледі. Бұған оқытушылардың да, әдебиет
мәселесін зерттеушілердің де қосымшалары, түзетулері
болу керек. Жалпы қазақ әдебиетінің сабағын үш жылға
концентрлік әдісімен алғандықтан, мына түр жағын байқау
жұмысында — сол концентр ретімен жіктедік, драманы
біздің жоғарыдағы программамызда екінші жылда тексереді
дегенбіз. Бірақ барлық программаның негізі — концентр
әдісінде екенін ұмытпау керек. Екінші жылда жалпы танысу,
оқуға жаттығу үшін драманы берсек, үшінші жылда драма
деген әдебиет өрнегін тереңдеп тексеретін боламыз.
1930
359
АҚЫЛБАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |