Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет22/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

ЗҰЛЫС

Зұлыс деген бір тау бар үлкен, биік

1

,

Басы қарлы таянып көкке тиіп.



Пілден пайда етуші жансебіл бар,

Қаракет қып сүйегін атып, жиып.

Орта жері отша ыстық піл ойнағы,

Өзге көрсе шыдамас кетер күйіп.

Жаралы піл жабыспай жібермейді,

Ер атады еңбек қып жанын қиып.

Қалың тоғай, қара үңгір, қиын жартас,

Қаскүнем хайуанаттар тұрған сиып.

Дейтұғын Кватэрмен бір мерген бар,

Бейнет іші күн көрген қатер киіп.

* * *

Мың ділдә өлсе-дағы пілдің құны,



Ер мерген пұлы үшін атпайды оны.

Адам аумас нәрсе жоқ үйренген соң,

Қызық болып қатерлі көрген күні?

Көрген жоқ Кватэрмен бекер жатып

Күн сайын талай аңды келеді атып.

Судан арғы шәһарда қымбат баға,

Қайтпақшы піл сүйегін барып сатып.

Сүйегімен жинаған пілдің тісін,

Барарына барсын деп қылған ісін

Қарапқа


2

 өзі түсіп, пұлын салды

3

,

Алып қайтпақ керекті әр немесін.



Кеменің үйі де көп, кісі қалың,

Аяқ басып жүруге келмейді әлің

Екі адам бір бөлмеде бөлек отыр,

Кім екені аңшыға емес мәлім.

Біреуі ұзын бойлы, қыр мұрынды,

Қымбатты оңаша алған бір орынды.



360

Қара мұрт, қызыл жүзді, кең жаурын,

Сөзі әдемі, киімі әм форымды.

Кемедегі кісіден иығы асқан,

Келісімді, келімді, кердең басқан.

Кішкене қабағында кейісі бар,

Оғат кетіп айтпасам байқамастан.

Біреуі толық келген, орта бойлы,

Кемел кісі сықылды білімге ойлы

4

.



Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл,

Нағылса ол да жақсы адам сойлы.

Капитан екеуіне келді жетіп,

Көріп жүрген бұрыннан келіп-кетіп.

— Керек қылған кісіңіз мінеки, деп,

— Аңшының жайын айтты мәлім етіп.

Ұзыны айтты: — Генри менің атым,

Тиді ме жолықсын деп жазған хатым?

Анық сен Кватэрмен аңшы болсаң,

Сізге бір жолығарлық бар қажетім.

— Кватэрмен аңшы біз іздеп жүрген,

Зұлыс тауда піл атып өмір сүрген.

Керек қылған хатыңыз тиіп еді,

Таса болмас өзіңнен көрген, білген.

— Айтайын, — деді Генри, — жайды бастан,

Миллионердің ұлымын дәулеті асқан

Жалғыз інім Джорждан тірі айырылып,

Құлағандай болып тұр басыма аспан.

Ініммен қалжың сөзге келдім шалыс,

Кішіге еңкеймекті көрдім намыс.

Көрместей боп біржола өкпе қылып,

Кетер деп ойламадым менен алыс.

Бір күні жоғын білдім банкке барып,

Бар ақшасын қалдырмай кетіпті алып.

“Жер үстінде бар болса табармын” деп,

Әр тараптан іздедім хабар салып.

Анықты түк хабар жоқ ешбір жақтан,

Мұндай іс көріп пе едің судай батқан?

Өмір қайғы, өкініш кездей болды,

Уайымсыз жан едім үйде жатқан.

Еміс хабар естідім жолықты, деп,

Сізге кез менің інім болыпты, — деп.



361

Зұлыс тауда піл атып жүргенінде,

Үйіңе қонақ болып қоныпты деп.

Осы еді, Кватэрмен, менің жайым,

Зор қайғы інім еске түскен сайын.

Бар өмірімді жолына құрбан қылдым.

Еріксіз жатқызбайды қайғы-уайым.

Жалғыз інім Джорджға меһирбанмын

5

,

Қалайша кеткеніне өзім таңмын.



Көргеніңді көмескі қылмай сөйле,

Осылай әуре болған мен бір жанмын.

Аңшы сонда: “Інінді көрдім, депті,

— Ол оңай қайтпас жерге сапар етті.

— Сүлейменнің қазынасын іздемекке

6

,



Талап етіп екі адам жүріп кетті.

Бару қиын, дедім мен айтып жайын,

Адам аман қайтпаған барған сайын.

Ақыры болмаған соң копия бердім

7

,

Жол планы бар еді менде дайын.



* * *

Бір күні мен Зұлысқа шықтым аңға,

Піл кез келер деп ойлап аңдығанға

Ыстықтан қап-қара боп тілі түскен,

Жығылып, тұрған жолықтым халсіз жанға.

Көтеріп алып келдім балағанға*,

Қуандым көз ашуға жарағанға

“Алмас... алмас...” деді де жаны шықты,

Қойнынан қағаз таптым қарағанда.

Сүлеймен планы екен қазынасының,

Білмедім қайда екенін жолдасының,

Қағазды оқып қарасам, іздеген жан,

Не болары белгісіз бір басының.

— Ол план менде қалды соныменен,

Іс қылып іздемедік оныменен.

Інің Джоржды екі адам іздеп кетті,

Табамыз деп планның жөніменен

9

...



*

АБАЙДЫҢ  БАСПАДАН  ҚАЛҒАН  ӨЛЕҢДЕРІ

Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,

Саяламай сай таппай.

Сен жайыңа жүргенмен,

*  Аяғы әзiрге табылған жоқ.

24–1248


362

Аяғы әзірге табылған жоқ.

Қыз өле ме бай таппай.

Түн кезгенің мақұл ма?

Жан-жағыңа жалтақтай!

Өлермін деп жүрмісің?

Мұнан басқа жай таппай.

Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,

Сарқа берме санасың.

Бүгін өзің айтсаң да,

Әлі-ақ өзің танарсың.

Қашан беріп тойғыздың

Аюдайын ағасын,

Қатыны мен қалашын?

Қарсақ жортпас қара адыр

Қарамай неге шабасың?

Сонда тәуір бола ма

Ұстап ап біреу сабасын.

Киіміңді тонасын,

Елге де күлкі боласың.

Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,

Сағынышқа сарғайма!

Жай жүрсең де қыз қумай

Сені біреу қарғай ма?

Тілімді алсаң, тыныш жүр,

Бұным ақыл болмай ма?

Көріп алсаң көріктіні

Таңдап алсаң тектіні,

Сонда да көңілің толмай ма?

ЕСКІ  ЗАМАННЫҢ  КИІМІ

Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім шидем шекпен

Жейде, дамбал ақсаңнан жарғақ шалбар,

Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп

1

.



Күләпара бастырған пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ

2

.

Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер,



Қанжығамда байлаулы жіптен шідер.

Жарғақ жастық көпшігім, жезді пыстан

5

,

Бір келісті сайманым топқа мінер.



Жинаушы Арқалық.

Ғылыми  

түсініктемелер



365

“ӘДЕБИЕТ  ТАРИХЫ”

1925 жылы жазылып біткен бұл еңбек алғаш рет 1927 жылы 

Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққанымен, 

ол  қалың  оқушы  қауымға  көп  тарай  қоймаған  сияқты.  Өйткені, 

жазушының архивінде кітаптың филология ғылымдарының докто-

ры, профессор Әуелбек Қоңыратбаев сыйлаған жалғыз ғана данасы 

бар. Демек, автордың өз қолында да қалмаса керек. Ал еңбектің 

машинкаға басылған бір нұсқасы ғана “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени 

орталығы қорындағы 185 нөмерлі папкада сақтаулы тұр.

Алғашқы басылымнан кейін “Әдебиет тарихы” екінші рет жиыр-

ма томдық шығармалар жинағының 16-томында (1985, 9—198-бет-

тер)  сол  тұстағы  цензураның  талабына  орай  редак цияланып, 

қысқартылып басылды. Осындағы соңғы, VII бөлімге жататын “Зар 

заман ақындары” тақырыбының материалдары “ХVІІІ—ХІХ  ға-

сырдағы ақындар” деген атаумен өзгертіліп берілсе, II бөлімнің 

“Батырлар әңгімесі” тобындағы — “Едігенің қысқаша әңгімесі”, 

“Едіге  батыр”  әңгімесінің  мәнісі”,  “Нәрікұлы  Шора  батырдың” 

қысқаша әңгімесі”, “Шора батыр” әңгімесінің мәнісі” түгелімен 

және “Тарихи өлеңдер” деп аталатын IV бөлімдегі “Кенесары — 

Наурызбайдың” қысқаша әңгімесі”, “Кенесары” жырының мәнісі” 

де томға жіберілмеді.

Үшінші  рет  толықтырылып,  жиырма  томдықта  қысқарған 

тұстары қайта қалпына келтіріліп, жеке кітап болып “Ана тілі” 

баспасынан 1991 жылы (басылымның арнаулы редакторы филоло-

гия ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов) 

басылып шықты.

Сол жылдары көптеп ашылған жастар мен үлкендер мектепте-

рінде, техникумдар мен оқытушылар даярлайтын институттарда 

қазақ  әдебиеті  тарихының  әр  түрлі  үлгілерде  оқытыла  бастауы 


366

Әуезовтің осы тақырыпқа қалам тартуына түрткі болған шығар де-

ген ой келеді: Оның үстіне өткен дәуір әдебиетін жүйелеп, талдаған 

оқулықтар жоққа тән еді.

Қай кезең, қай асудан асқанын, ұлы сүрлеуге қай қырларынан 

келіп қосыларын, жанрлық ерекшеліктерін анықтауды, саралауды 

күтіп, уақыт шаңында кеміліп жатқан қазыналар қазақ әдебиетінде 

аз емес, әрине. Бірақ бірден ашып-ақтарып тастау қиын. Оңай деген-

нің өзінде де, бөлім-бөлімдерге бөліп қарастырғанда кейбіреулері, 

атап айтқанда, ертегілер мен басқа ха лықтар әдебиеттерінде кездесе 

бермейтін билер сөзі мен билер айтысы туралы ой-тұжырымдарын 

осы  саланың  мұралары  толық  жиналып  болмағандығы  себепті, 

қысқа қайыруына тура келді. Әдебиеттің тағы бір мол саласы — 

XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  кітап  болып  басылып,  ел 

арасына кеңінен тараған діни қиссалар да осындай күйге ұшырады. 

Оны жазушының өзі: “Дін сарынымен айтылған үгіт-өсиет өлеңдері 

де тексерілген жоқ. Ол ағымға кіретін ақынның ешбірінің аты да 

аталған жоқ. Бұл түріндегі өлең жұрнақтары қазақ әдебиетінің тари-

хына кіру керек еді. Бірақ олардың бұл кітапқа кірмеген себебі: қазақ 

ескілігін тексерген түңғыш қызметте, біздің көздеген мақсатымыз, 

әуелі қазақ елінің өз қанынан туып, өз сүтімен өскен ескіліктің ұлы 

денесін  тұрғызып  алмақшы  болдық.  Дін  өлеңдерін,  қиссаларды 

алсақ,  көбінің  сарыны  шеттікі  болудан  басқа  мазмұндары  да 

түгелімен мұсылман ғаламынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. 

Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін жалғыз ғана қазақ 

топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын 

тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну 

керек” деп түсіндіреді.

Өзінің айтуынша, бұл кітапта қамтылмағандары тек осылар-

мен  ғана  шектелмейді;  тікелей  тамырласты ғы,  байланыс-бірлігі 

бар парсы, түрік, шағатай, татар әдебиеттерінен бөліп, жеке-дара 

қарауға  бол майтындығын  ұғынғанымен,  бұл  жерде  алдымен  өз 

әдебиетіміздің нобай-суретін жасап алуды жөн керді. Осындағы 

“Сыршылдық  салт  өлеңдері”,  “Ел  поэмалары”,  “Ертегілер”  мен 

“Айтыс өлеңдері” бөлімдеріндегі жіктеулері, көзқарастары кейінгі 

кез  зерттеулеріне  негіз  болып  қаланды,  ал  “Батырлар  әңгімесі”, 

“Тарихи өлеңдер”, “Зар заман ақындарындағы” тұжырым, ойлары 

әрі қарай жалғасын, өрісін таппай қалды, коммунистік идеологияға 

жат көрінген осындағы танымдар ұзақ жылдар бойында еңбектің 

назардан тыс қалуына себеп болды.

Әдебиет ескілігін сөз ете отырып, оны белгілі кезең, дәуірлермен 

байланыстыра қарастырғанда Алтын Орда, Ақ Орда, Түрік, Өзбек 

бірлігі,  Ноғайлы  дәуірі  жиі  аталып,  ауызға  алынып  отырды. 


367

Бірсыпыра батырлық эпостар мен жыр-дастан, аңыз-әңгімелердің 

тууын сол дәуірлердің шындығынан іздеді. Ұлы батырлар, Кіші 

батырлар деген жіктеулерді де алғаш рет осында ойлап тапты. Осы 

кездегі кейбір есімдер, туындылар сияқты бергі “Тарихи өлеңдер” 

бөліміндегі Исатай, Махамбет, Бекет батырларға қатысты әңгіме-

жырлар ғана соңғы уақыттың зерттеулерінде көрінісін тапты да, 

“Кенесары — Наурызбай”, оны жырлаған ақын Нысамбай, Кене-

сары — Наурызбаймен аттары қатар аталатын бірсыпыра тұлғалар 

мүлде ауызға алынбайтын болды. Осы ретте “Зар заман ақындары” 

бөліміндегі өзіндік ізденістерін де айрықша атауға болады, мұнда да 

бұрын байқалмаған таным, көзқарастар үлгілері кездеседі.

Зар  заман  деген  ұғымның  арғы  бастауын  сонау  Асан  қайғы 

заманынан іздеген жазушы ең дамыған кезі деп Абылайдан бергі 

дәуірді атады; олар бодандыққа айналған халықтың қиындығын 

бірге бөлісті, оны мұң-зарына айналдырып қуанды, қайғырса  — 

қайғырды,  қамықса  қамықты,  сөйтіп  жүріп  сыншысы  да  бол-

ды,  ақыл,  нақыл,  өсиет  айтушысы,  жаңа  қоныс,  жайылым-өріс 

іздеушісі де болды, сондықтан да олардың бойы да, ойы да, сезімі 

де өзгелерден озық, ілгері тұрды. Бұқардан бергі Дулат, Шортанбай, 

Мұрат секілді көптеген ақындар осы биіктен табыла білді. Осылар 

сөз еткен қауіпті ел іргесінің сөгіліп, Еділ-Жайықтан айырылуды 

көзімен көрген Асан қайғы жұмбақтап айтса, оның шешуін Бұқар 

айқын  түрде  жеткізіп  отырды.  Бірақ,  осылардың  бірде  бірі  бұл 

тығырықтан шығудың жолын біле алмай түңілді, алдан үміт артуға 

болмайтындай бұлыңғырлықты көрді.

Ал жиырма томдықта басылғанының екінші бөлімдегі Едіге, 

Шора батыр, төртінші бөлімдегі Кенесары, Наурызбайлар түгелімен 

жіберілмей  қалғандығы  туралы  айтылды.  Енді  осы  бөлімдердің 

жалпы шолуларындағы қысқаруға ұшырағандарына келсек, олар 

мыналар: “Екінші сатысы: осы сияқты шет жұртқа бағынуға ай-

налып, елдің алдында “темір ноқта мен қайыс ноқтаның” таңдауы 

шыққан заман. Ақыры орысқа бағынып, ноқтаға бас иіп, асаудың 

жуасып, алыптың басылған уақыты болады.

Қазақ  елін  орысқа  бағындыруға  зорлаған  себептер  көп.  Бір 

жағынан қалмақ сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: 

Орта Азия халықтарының қысымшылдығы; үшінші: орыс үкіметінің 

қазақты  бағындыруды  мақсат  қылғандығы,  осымен  бірге  тағы 

бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық 

пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсысы 

кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне 

сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі 



368

бір  шым-шытырық  мезгілге  жеткенде  орыс  үкіметінің  шеңгелі 

қомағайлықпен  созылып,  қазақ  даласын  уысына  кіргізіп  әкетіп 

бара жатты.

Орысқа  бағыну  елдің  алдына  ұсынған  сыбағалы  та бақтай 

болып,  еріксіз  бой  ұсындыруға  айналды.  Ел  өмірі  мен  әдебиет 

тарихында осы дәуірден қалған белгі лері көп” (16-том. 1985. 135-

бет). “Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан 

шығады. Абылай маңына жиналады. Себебі сол аласапыран дәуірде 

қалың елдің “қайрандап жан қала ма” деген “Қазығұрттай” үміті 

жалғыз ғана Абылай басында калған болатын. Ескі қазақ елдігін, 

ескі жұрттың тілегін ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын.

Бұлай  болса,  кейінгі  заманда  туатын  үлкен  тарихи  жырлары 

түгелімен  Абылай  заманынан  суат  алады.  Қазақтың  жат  елге 

бағынбай, өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы Абылай за-

манынан бері қарай XIX ғасырдың ортасынан ауғанға шейін жаңа 

саяси бет сияқты болады.

Бірақ ол кезде қазақ елі бала еді. Орыс үкіметі әрі қу, әрі мықты 

еді,  сондықтан  Абылай  тілегі  іске  аспады.  Ел  бағынды.  Бұрын 

орысты  құбыжық  көріп  сене  алмай,  бағынбаймын  деп  жүрген 

ел бағынған соң не көрді. Көргені көп (136-бет). “Тарихтың дәл 

суретінен  толығырақ  танысамын  деген  кісі  болса,  қазақ  тілінде 

шыққан Халел Досмұхамбетовтің “Исатай — Махамбет” жырының 

басына жазған баяншысы мен Көшмұхамбет Кемеңгеровтің “Қазақ 

тарихына” деген еңбектерін қарап өтсін дейміз” (136-бет).

“Бұл  уақытта  елдің  ескі  өмірінде  болған  өзгерістер  бірінші: 

бұрын жаман-жақсы болса да өзінің ханы билеп, өз бетімен өмір 

сүрген ел бері келгенде әуелі ханнан айырылды. Бұрынғы хан елдің 

өзгеден бөлек бір тіршілігінің белгісі сияқты болса, бері келген 

уақытта орыс үкіметінің көз, құлағы сияқты болымсыз ғана төрешігі 

болып қалды соңғы уақыттың хандары” (136-бет).

“Бұдан соңғы өзгеріс елдің шаруа тіршілігіне ке леді. Қазақтың өз 

әкімдері жоғалып, өз билігі кетіп, үкімет қолымен сайлаған ұлықтар 

отырған соң, патша үкіметі қазақ даласын уысынан шықпайтын 

қылып,  бағындырудың  саясатын  бұрыннан  ойлап,  дайындап 

жүрген жол бойынша жылдамдатып жүргізе бастады. Талай жыл-

дай қазақтың аңысын андып, тамырын ұстап келген соң, мезгілі 

жетті деген уақытта қазақ даласының таңдаулы жерін ала бастады. 

Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға 

айналды. Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сы-

зып, шеткі қалаларды салды. Содан біраз заман өткен соң, қалың 

қазақтың ортасын жарып, тағы бір рет қалалар салды. Барлығына 



369

да үкіметін, әскерін, саудагерін орнатты. Артық жерге Ресейдің қара 

шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы елдің 

қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр 

еткен іс болса барлығында орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін 

болды. Бұрын қайыс ноқта болып созылудың орнына көңдей кеуіп, 

темір құрсаудай болып қысып, қинай бастады. Сайлау, билік, жүріс-

тұрыс, көші-қон түгелімен ел ықтиярында емес, елдің үстінде қара 

бұлттай түйіліп тұрған жаттың ықтиярында болды.

Абылай хандардың тұсында орысқа бағынуды сөз кылған осы 

хал болады-ау деп қайғырып, қаралы сөз қылған ел басшылары көп 

еді. Сол заманның ханы мен биі, қариясы мен жырауы, бар жақсысы 

түгелімен келесі заманның күйін айтып, жырлап өткен сияқты еді. 

Солардың сөзін есіткен кейінгілер өз тұсында ал дыңғының айтқан 

сөзі келіп, соларды шошытқан дозақ орнаған сияқты болған соң, 

бұрынғы жақсыларын ғайыпты болжаған әулиедей көрді, кейінгі 

заманда  көріп  тұрған  күннің  ауырлығын  айтып  күңіренген  ел, 

алдыңғы  өткен  жақсыларының  әруағынан  айналып,  басқан  ізін 

торқадай көрді.

Қазақ әдебиетінде осы айтылған жүз жылдық дәуірден қалған 

ізбен келген белгі өлгенше көп, сол белгілердің бір алуаны Кенесары, 

Исатай өлеңдері сияқты болса, екінші бір алуаны — елдің ақыны 

мен жыраулары айтқан толғау, тақпақ өлеңдері болады.

Бірақ біз әдебиет тарихында ескілік жұрнағының барлығын ең 

алдымен әдебиет жолымен жіктеп келе жатқандықтан, қазіргі тарихи 

өлеңдердің бөліміне жаңағы айтқан екі алуан өлеңнің соңғы түрін 

кіргізбейміз. Ол өлеңдерді осы кітаптың ішінде зар заман ақындары 

деген бөлек жікке кіргіздік. Сондықтан жаңағы айтылған тарихи 

дәуірдің өлең түріндегі үлгі мысалының барлығын осы бөлімде 

толығырақ көрсетпекшіміз.

Қазірде тарихи өлеңдердің өзіне келуден бұрын жаңағы айтылған 

қайғылы, күңгірт дәуірге қазақ елі не деп жауап береді? Сол кездегі 

ел наразылығы сырт қа шықты ма? Қандай жолмен, қандай іспен 

сыртқа шықты? Сол сұрақтарға жауап беріп өту керек. Қалың ел ауыр 

заманнан қысылып, қиналған уақытта түгел ғана сөз наразылығын 

айтып, жылауға зорлап қойған жоқ. Ел халіне ауыртпалық келтіріп 

тұрған істің барлығына да іспен қарсылық көрсетті. Патша үкіметі 

қазақ елін меңгеріп, ауыздықтап алуға айналған кезде, әуелгі уақытта 

елді  өзінен  шыққан  сатымсақ  “жақсыларға”  билетті  дедік,  ол 

адамдардың барлығы да төре тұқымынан шыққан хандар болатын, 

бұлардың жалғыз мақсаты: бір жағынан елді мыңқ еткізбей ба сып, 

жаншып отырып, екінші жағынан орыс үкіметінен үнемі мақтау, 

үнемі  шен,  дәреже  алып  отыру  болатын”  (139-бет).  “Жүректің 


370

түбінде жатқан дерт орыс билігі екенін бесіктегі бала да біледі. 

Бірақ іс басталу үшін әуелі көзге көрініп, көпке бірдей сезіліп тұрған 

жақын жердегі жаудан бастау керек болды” (137-бет). “Бір жерде 

ел сайлауға шыққан “Майырды” өлтіріп, екіншіден жерін алған 

казак орыспен, мұжықпен төбелесіп өлгендер болса, барлығы да 

жаңағыдай қарсылық ағымының бетімен болған оқиғалар болатын, 

сондықтан елдің батырлар жорығын жыр қылған тарихи өлеңдерінің 

арты мұжықпен төбелесіп өлген Сәтбекті де өз заманының геройына 

қосады” (137-бет). “Ел сынына баға беріп, ел ұғымынша жіктесек, 

Кенесарылар кіші батырлардың ретіне де даусыз қосылады” (137-бет). 

“Шынында  ел  қиялы  Кенесарыларды  батыр  қылып  жырлағысы 

келгені рас” (138-бет). “Сондықтан Кенесарыларды баяғының баты-

ры қылып қалай жырлайын десе де, олар көбінесе бүгінгінің адамы 

болып тұрып, кейін қарай шегінбей қойған” (138-бет).

Кітаптың  төртінші  бөлімінен  қысқарып  қалғандар  осылар 

болса,  жетінші  бөлім  —  “Зар  заман  ақындарының”  тақырыбы 

ғана  өзгеріп  қоймай,  қысқарту  барысында  сөйлем  мен  сөйлем, 

ұғым мен ұғымдардың байланысын сақтау үшін автор сөзіне сөз 

қосылған  тұстар  да  кездесіп  қалып  отырады  және  идеологияға 

қайшы келеді-ау деген ой, танымдардың жіберілмеу жағының да 

қапы  қадағалағандығы  байқалады.  Осы  тұрғыдан  бұл  бөлімнен 

қысқарып қалғандарына мына төмендегілер жатады: “Зар заман 

деген — XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін 

айтқан бір өлеңінің аты, Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі 

ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиын-

ды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан 

ақындардың барлығына “зар заман ақындары” деген ат қойдық. 

Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған 

дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан 

басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тари-

хымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады” 

(116-бет). “Зар заман” деген бағыт немен басталып, немен бітті? 

Ақындары кім? (176-бет). “Бұның себебі: зар заман өлеңдерінің өзге 

барлық өлеңнен ерекше бір айырмашылығы барлығынан” (176-бет). 

“Кенесары дәуірінің ауырлығы жалғыз Кенесарының өз тұсында 

туған жоқ” (178-бет). “Сондықтан кейінгі заманда Кенесары, Иса-

тай көтерілістері болса, барлығы да Абылай заманынан суат алады. 

Солардың тұсында нығайған пікір, қалыптанған бет кейінгі заманда 

ел батырларының көтерілістерін туғызды дегенбіз. Тарих жүзінде 

әлеумет тіршілігінде Кенесары мен Абылай заманының арасында 

осындай байланыс болса, әдебиетте де Кенесары жорығының ар-

тынан шыққан зар заман ақындары мен Абылай дәуірінде болған 


371

ақындардың  арасында  сондайлық  үзілмейтін  жалғастық  бар. 

Абылайдың  ұясынан  ұшқан  балапаны  Кенесары  болса,  кейінгі 

замандағы ақындардың ой, бағытын баулыған аналары да сол Абы-

лай заманында тіршілік еткен” (179-бет).

“Ұлы, кызың орысқа бодан болып,

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер” (182-бет).

“Мұны неге білмейсің.

Арасынан қытай, орыстың

Қорған сап, тыныш жатырсың,

Өзің Жәнібек, елден асқан батырсың.

Ертісті өрлеп орыс жүр,

Тіл алсаң, іздеп коныс көр...

Орыс алар қалаңды,

Шулатар қатын, баланды.

Осыны көрдім түсімде

Біл десе де білмейсің” (200-бет).

“Орыс, қытайдың арасында отырған қазақ, Ертісті өрлеп жүрген 

орыс, бодан болғалы отырған ел, жат жұртқа құл болмас үшін ауа 

көшуді ем көрген басшылар, барлығы да” (183-бет). “Қилы-қилы 

заман болып, қарағай басын шортан шалғанда”, “ұлы, қызы орысқа 

бодан болғанда, қайран ел есіл жүріп не болады”, “не болады” деген 

ауыр сұрақ, ащы жұмбақ сол заманның барлық жақсысына тағдыр 

түйініндей кеселді түйін болған” (183-бет).

“Әуел басы Асаннан басталып, барлық зар заман ақындары осы 

сұрақтың алдында не дерін білмей, қайғылы қара жамылып тұрып, 

амалы  құрығандықтан  күрсініп  жылап,  күңіреніп  өткен.  Бүгінгі 

күні  —  қайғы  күні  толып  жатқан  жара  сияқты  ауыр  дерт,  азап 

күні. Бірақ алда не болады? Қай жарға апарып соғады? (183-бет). 

Қазақтың есі кірген әдебиеті ылғи бір-ақ сарын, бір-ақ бағытпен 

өтеді. Ол бағыты — зар заман” (183-бет). “Алғашқы рет келешек 

заманның құбыжығын сезіп, тұспалмен белгі беріп, болжал айтқан 

Асан қайғы. Сол заманның өзінде басқа жерге ауайық десе де, өлең 

сөзді қауымның қызметіне жаратуға кіріскен тағы да сол. Кейінгіге 

ел  қамын  жоқтаған  мұң-зар  сарынын  тастап  кеткен  де  сол.  Зар 

заман ақындарының барлығындағы сары уайым Асан бастаған са-

рын. Сондықтан да зар заман ақындарының алғашқы белгісі Асан 

қайғыдан басталады дейміз” (183-бет).

“Жырау  айтқан  толғаулардың  өзге  сөздерден  ерек шелігі 

болғандықтан, ең алдымен сыртқы түріне тоқтап өттік. Енді зар 

заманның ақындарына Бұқар жырауды қосатын сарын қайсы, қандай 

белгімен,  қай  алуандас  ақын  болып  зар  заманшылардың  ішіне 

қосылады, сол жағына келейік” (184-бет).


372

“Сөйлесе  жүрегінен  қайғы  ғана  шығатын  болған дықтан, 

Асанның сөзін айтпастан бұрын, “Осы қайғыны көпке жайғанша, 

айтпасам қайтеді” деп жыраудың өзі де қиналады. Сондықтан Абы-

лай Асан сөзінің шешуін айт деп сұрағанда:

Ханға жауап бермесем,

Ханның көңілі қайтады.

Қайтара жауап сөйлесем,

Халқым не деп айтады.

Хан Абылай, Абылай,

Мұндай жаман хабарды

Сұрамасаң не етеді... —

деп  тілек  етеді.  Бірақ  бұл  сөзді  көпке  ұғындыру  —  жыраудың 

міндеті. Жырау жасырғанмен, заман өз пішінін жасырып тұрған 

жоқ. Асан айтқан ауыр күн тақап келіп қалды, енді ел жыласа да, 

күңіренсе де, қандай заманға келгенін ақылшы, ойшылдарының 

аузынан есту керек. Сондықтан жырау:

Енді айтайын тыңдасаң,

Маған қаһар қылмасаң.

Қарағай судан қашып,

Шөлге шыққан бір дарақ.

Шортан шөлге шыдамсыз,

Балықтағы бір қарақ.

Ойлама шортан ұшпас деп,

Қарағайға шықпас деп.

Құбыладан келер бір көпір,

Аузы-басы жүн кәпір.

Жаяулап келер жұртыңа,

Қара шекпен кигізіп.

Балдымай жағар мұртыңа,

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей ұрар ұртына,

Есеп алар пұлыңнан,

Солдат алар ұлыңнан,

Күндердің күні, Абылай,

Есе тимес өзіңе,

Есіктегі құлыңнан... —

дейді.  Осы  сөзбен  Бұқар  жырау  өз  заманының  қайғы-шерін 

Асан  заманының  қайғысымен  жалғастырады.  Кейінгі  зар  заман 

ақындарына  осы  сарынды  ұсынып,  осы  бағытпен  қол  созады” 

(184-бет). “Қарағай басын шалғалы жүрген шортанның” кім екенін 

түсіндіргені” (185-бет).

“Бұқар жыраудан соң XIX ғасырдағы зар заман ақын дарының 

басы  —  Махамбет.  Одан  кейінгілері:  Шортанбай,  Мұрат, 

Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буыны Абаймен тұстас ақындар.


373

Әзірше  бұлардың  мысалына  алатынымыз  Нармамбет,  айтыс 

ақындарының  кейбір  өлеңдерімен  осы  жікке  кіретін  Шернияз, 

Досқожа, Күдері қожа сияқтылар. Онан соң зар заманның күй са-

рынымен әңгімелі өлең айтқан ақындар жоғарыда тарихи өлеңнің 

ішінде аталған Нысамбай, Ығылман сияқтылар.

Енді жаңағы саналған ақындарды жеке-жеке қарас тырып көрейік. 

Абылай тұсынан кейін зар заман ақын дарының санын көбейтіп, са-

рынын күшейткен Кенесары, Исатайдың дәуірі дедік. Соңдықтан 

бұл дәуірдің ақындарын жаңағы адамдардың оқиғаларына жақын 

тұрған Махамбеттен бастаймыз” (190-бет). “Зар заман ақындарының 

Махамбеттен  соңғысы  өлеңді  жазып  айта  бастайды.  Бұлардың 

алдындағы тарихи дәуір Исатай, Кенесарының жолсыз жорығымен 

байланысқан,  жүдеулік  қайғы  күндері  болатын...  Ол  уақыттағы 

ел дің өміріне қандай жаңалық, өзгерістер, ауырлықтар кіріскенін 

бұрынғы ақындардың тұсында айтқамыз” (193-бет). “Соңғы заман 

өлеңдеріне зар заман деген ат қойдық” (194-бет). Бұзылған заман 

мұның да өлең сөзінің бар күшін әлеумет қамына жұмсатады. Мұрат 

зар заман ішіндегі ірі ақынның бірі. Бұның сөз үлгісі баяғының 

толғауы сияқтанып, қарсыға шапқан жүйріктей көсіліп, құлашын 

керіп келеді. Елдің жайлауы мен қонысын жоқтағанда жалғыз өз 

заманынан бастамайды. Қазақтың қайғылы күйі алыстап, ескіден 

келе жатқанын айтып:

Еділді тартып алғаны

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны —

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны —

Ойдағысы болғаны.

Қоныстың бар ма қалғаны.

Мал мен басты есептеп,

Баланың санын алғаны,

Аңғарсаңыз, жігіттер,

Замананы тағы да

Бір қырсықтың шалғаны, —

дейді.


Қазақтың ата қонысы, мекені алына бастағаны бү гіннен емес, 

көптен басталған. Сондықтан бұл зорлықтың тарихын шолып өтеді.

Ел өмірін осындай ескіден келе жатқан дерт кернеген соң, заман 

бұзылмасқа шара жоқ” (197-бет).

“Заманды аздырған себептің бірі осы болса, екінші күшті — 

дұшпан. Бұл дұшпан иыққа шығып, қырандай қадалып бағып тұр. 

Мойын бұрғызбайды. Сондықтан ақын:


374

Дұшпан тазы, біз түлкі,

Қашсаң ерікке қоймайды.

Інге кірсең суырып,

Құлғанадай қадалып,

Қазынасы кең құдайым,

Сақтағайсың саламат, —

дейді.


Мықты  дұшпан  ақын  жүрегін  шошытып,  жаратқан  иесінен 

тілек тілетеді. Тыныс бітіп қажыған соң, әлі құрыған зарлының 

арғы тірегі құдай. Сондықтан “сақтай көр” деп соған жалбары-

нады. Қайғы мен үмітсіздік жеңген ақын алдыңғы заманнан да 

шошиды, алдыңғы заман ел сұрқын бүгінгіден де жаман бұзатын 

сияқты.  Көмескі  келешек  тағы  да  талай  бұзық  белгіні  сездіріп 

тұрған  сияқты.  Өмір  ұйтқысының  бұзылуы  ақын  зама нындағы 

жамандықпен тоқтамайды. Жақында тағы да қауіп бар, ол қауіп:

Ұстай ма деп білегін,

Нығая ма деп жүрегін,

Кейінгі туған баланың,

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін,

Адыра қалғыр заманның,

Жаратпаймын сүреңін.

Бұл сөзде жақындап келе жатқан заманның ақынды күпті қылған 

жұмбағы бар. Ол жұмбақ патша үкіметінің қазақ елін орыс қылмақ 

саясаты.  Мұрат  сол  ниеттің  шетін  сезген.  Өз  заманындағы  көп 

белгіден топшылап, сол күн бола ма деп қайғы шеккен. Көрген 

күні осы болған соң, бұ да тіршілікке ырза емес, сондықтан, “ады-

ра  қалған  заманы”  —  Махамбеттің  “нәлет”  оқыған  заманынан 

өзге емес. Сондай қайғылы, сондай дертті заман екенін білдіреді. 

Мұраттың ел қайғысын көрсететін бір үлкен өлеңі — “Сарыарқа”. 

Мұнда жерден ауған елдің арып-ашқан күйлерін, бұрынғы дәуірін 

айтады. Мұнда да күшті сарыны заман қайғысы. Бұзылған, азған 

заманның  жыры.  Сонымен  бірге  қазақ  қоныс  қылған  жердің 

құтсыздық, сорлылығын айтады.

Кірін жуып, кіндігін кескен жерден,

Қысылмай, ер кете ме еркіменен.

Бұрында адыра калғыр құтсыз еді,

Егескен ердің бәрі жер тіреген, —

дейді.

Жер  үшін  талай  ел  өмірін  сарып  қылып,  еңбек  еткен.  Бірақ 



ежелден баяғы батыр мен жауынгер елдің ешбіріне байызды қоныс 

375

болмаған  құтсыз  жер.  Сондықтан  басшысынан  айырылған  қара 

халықта қарсы тұтарлық шара жоқ.

Елдің іргесі ыдырап, тозғаны жалғыз бүгін емес:

Әуелі Әлім менен Табынды алды,

Тоздырып ақсүйектің тағын да алды.

Әленді Көсеппенен Сібірге айдап,

Бұ жұрттың қара түгіл ханын да алды.

Сондықтан алып көңіл басылып жүр демеске шара жоқ. Зар за-

ман ағымына өлеңінің кейбір сарынымен қосылатын ақын Ыбырай 

Алтынсарин. Бірақ сонымен бірге сол ақынның өзгелерден бөлек 

бір жаңалығы бар. Бұл мәдениетті ақын. Сондықтан кейбір өлеңдері 

оқымысты, үлгілі ақындардың салтымен жазылған. Ондай үлгінің 

мысалы: “Сәуірде көтерілер рахмет туы” деп даланың жалғыз түрін 

суреттеп айтқан өлеңі” (197-бет).

Ақыннын  қалың  елге  айтқан  өсиеті  көмескі,  ұғымсыз.  Өз 

заманындағы оқымаған надан көпшілікке ешбір үміт арта алмаған 

сияқты, олардың қолынан іргелі елдік келеріне де сене алмағандай. 

Сондықтан қалың елге кейде таза адамшылықты ел қылады. Кейде 

дін өсиетін үлгі қылып ұстайды. Зар заман ақындарының ішінде дін 

сарынын шығарып, дін мейманалығын көп ұсынатын ақын Алтын-

сарин, таза адамшылық жолында елге айтатын ақылы:

Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,

Өліп кет, басың кетсе шындықпенен.

Алланың рахметінен күдер үзбе,

Телмірме еш адамға мұңдықпенен.

Мақтанба бай болдым деп бағыңызға,

Қартаймақ, о да қиын тағыңызда.

Дөң аспай бақ дәулеттің кетуі оңай,

Басыңнан бақыт тайған шағыңызда, —

деген сияқты жалпы адамшылық үгітімен келеді.

Дін сарынымен келетін өсиеті тәкаппар болмау, сабырлы болу, 

әділдік пен иесінен ұялу, иман байлығын жиюға тырысу. Осы үлгінің 

барлығын дін жақсыларының өмі ріндегі мысалдарымен айтады.

Айубты жеті жылдай мың құрт жеді,

Тәні де бөлек-бөлек болып еді.

Тақыт, тәж, мал-мүлкінен қабат безіп,

Жапанда жалғыз жатып “алда” деді.

Кәпірлер кеше күндіз жәбір етті,

Айуб тағы бәлеге сабыр етті,



376

Артында михнаттың рахат бар деп,

Не келсе кұдайдан деп бәрін күтті...

..................................................................

..................................................................

Дүниеден патша болып Дәуіт те өткен,

Ғаламға әділдікпен даңқы жеткен.

Бар ғой деп отыз ұлым көптік ойлап,

Бір құдай жалғыз күнде әлек еткен...

.................................................................

.................................................................

Наушаруан өзі ғаділ, көпір екен,

Дұзаққа әділдікпен жығылмады.

Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін,

Жиясыз оны-дағы бір жан үшін.

Әзәзіл періштенің ұлығы екен,

Не болды тәкаппарлық қылғаны үшін.

Ұмытпа бай болдым деп бір құдайды,

Жер жұтқан қайыры жоқ Қарынбайды,

Мекені қайда екенін білесіз бе?

Жомарттық қылғаны үшін Атымтайды, —

дейді.


Мұның барлығы жоғарыда айтылған дін мейманалығы. Жуасып, 

жүдеген елге ақырғы тыныштық, жұбаныш осыдан табылмас па 

екен, ендігі өмірдің емі бойсұнып, сабырмен шыдап, діннен тірек 

іздеу болмас па екен дейді. Әр заманда әр елдің тарихында үміт 

кемесі су астындағы жартасқа соғылып, талқан болған шақта әрбір 

жан өз жарасымен ыңырануға айналғанда, осындай момындық қа 

түсіп, мұңға батып, дін бесігінің тербетуін іздейді. Тағдырына бас 

иіп, үміт, тілекке қош айтып, жарық сәулені ол дүниеден күтеді.

Өлеңнің  мағынасы  мен  үлгісі  өзгелерден  жат  болса  да, 

Алтынсаринның өз зар заман ақындарымен жалғасатын желісі бар. 

Ол желісі жаңағы айтқан көңіл күйінде, түпкі сарынында, зар заман 

ағымының бір саласы осы бетпен, осы күймен кеткен.

Осы  айтылған  зар  заман  ақындарының  сарыны  жүз  жылдан 

артық  дәуірдің  ішінде  өмір  сүрген  қазақ  ақы нының  барлығына 

да күй, сарын болды. Зар заманның артқы ақыны XIX ғасыр мен 

XX ғасырдың жапсарында өмір сүріп, сол кезде өлең айтқан Нармам-

бет. Заман сарынының ең ақырғы күйін шертіп, тоқтаған осы ақын.

Осының  заманымен  осыдан  кейінгі  дәуірде  зар,  күй  қазақ 

әдебиетінен бітеді. Нармамбет мезгілінде зар күйінің басын шертіп, 

алғашқы толқынын шығарған толғаушыл жырау, ақылшы қария 

да жоғалған. Бұның тұсында Бұқар жыраудың өз дәуірі де арман 

қылатын қызық дәурен сияқты көрінген.



377

Қалың елдің қамын тұтас ойлап, тұтас жоқтайтын қамқордың 

бәрі біткен. Заманның өзгерісі мезгіл сайын құбыла келіп, аяғында 

танымастық болып басқарған. Енді кәрі күйді жоқтаудың өзі де 

ескірген сарын болып, ол жайды сөз қылатын алжыған шал сияқты 

бірен-саран ғана болып қалған. Елдің жақсы деген кісісінен Абылай 

заманының күйін күйлеу түгіл, Кенесары, Исатайдың да ісі мен 

мақсатын білетіндер де бірен-саран-ақ болған. Қалың ел, бұрынғы 

көп тілекті кемітіп, бойұсынып болып, жаңа заман жетегіне жүруге 

ынтық бола бастаған, құлдыққа, қорлыққа, таршылық пен зорлыққа 

елдің  еті  үйреніп,  денесі  уланып  өліп  кеткен.  Енді  зар  заманды 

Махамбетше айтып, жаңалыққа қарсы болса, ақынды елдің езі де 

тыңдамайтын, ұқпайтын сияқты болған.

Нармамбет  осы  дәуірдің  ішінде  туған  ақын  болған  соң,  зар 

заманның барлық бағыт, мақсатын ұғып отырса да, солар айтқан 

күйді қайта шертудің мезгілі етіп кеткенін сезген. Бірақ ақын жүрегі 

бұл  күнге  солардай  ырза  емес,  соларша  құсаланып,  қайғырып, 

шерленеді. Қиялы солардың заманында, коңілінің күйі солармен 

туыстырады. Бірақ олардың үлгісі өтіп кеткенін күңдегі өмір мен 

күндегі тіршілік мақсаттары көп дәлелмен миландырып, ұқтырып 

отыр. Сондықтан бар зар заман дәуірінде “Сарыарқа” деген өлеңмен 

қош-қош айтады. Зар күйінің ақырғы толғауы мен ақырғы ырғағы 

осы өлеңмен келіп бітеді.

“Сарыарқаның” басы зар заманшылардың ескі құлақ күйінен 

басталады. Ақын алдыңғы сөзде заман бұзылған соң, табиғат та 

бұзылып, бұрынғы көркінен, бұрынғы жарқын қызығынан айыры-

лады дейді:

Сарыарқа, сарқыраған суың қайда,

Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда?

Найзағай жарқ-жүрқ етіп нөсер құйған,

Көк жасыл, кемпірқосақ туың қайда? —

деген сөздер бүгінгі күннің табиғатына да наразы болған көңілді 

білдіреді. Зар заман Нармамбетке келгенде жоқтау болып кеткен, 

ескі күнге қош айтумен бірге сол ескінің қасиетін айтып, жоқтау ара-

ластырады. Бұнда бұрынғылардай ем айтып, ел дертінен шығарлық 

жол  іздеу  жоқ,  өзінің  мақсаты  ескіні  жоқтау  болғандықтан,  сол 

үлгіден ауыспай отырып:

Бай бар ма баяғыдай барқылдаған,

Асы мол, аты тегін тартылмаған,

Алдыңнан атынды ұстап құрмет еткен,

Жайдары жеңгең бар ма жарқылдаған.

Пайдалы балығы көп дарияң бар ма?

Сыбырсыз сыр айтатын жарияң бар ма?

Аузынан ая толым қақырық атып,

Батагөй басалқы айтқан қарияң бар ма? —

дейді.


378

Зар  заманның  артқы  ақыны  бұрынғы  зарлы  мұңның  бәріне 

ақырғы  күмбезді  тұрғызып,  әдебиеттің  бір  ға сырлық  дәуірін 

осы  жоқтаумен  тындырады.  Біз  зар  заман  дәуірін  осы  саналған 

ақындармен бітіреміз. Бұл дәуірге осы белгілі ақындардан кіретін 

көп болуға керек еді. Өйткені, арғы заманның Сыпыра жырауы, 

Қазтуғаны, бергінің Алаша Байтоқ жырауы, Базар жырауы, Дос-

қожасы болсын — барлығы да зар заман дәуірінен үл кен орын ала-

тын ақындар. Көбінің сөз саптауы мен күй сарыны осы шеңбердің 

ішіндегі үлгімен келеді. Бірақ әзірше қоса алмауымыздың екі себебі 

бар.  Біріншісі,  көбінің  өлеңі,  басылып  жарыққа  шықпағандық, 

шықса  да,  біздің  қолымызға  түспегендігі,  екінші  себеп  қазіргі 

әдебиет  тарихында  бетке ұстап  отырған  мақсатымыздан туады” 

(198-бет).

Мекемтас  Мырзахметов  бастырған  1991  жылғы  ба сылымда 

алғысөз ретінде белгілі ақын, филология ғы лымдарының докторы 

Әбділдә Тәжібаевтың “Мұхаң бүгін де ұстаздық мінбесінде” деп 

аталатын мақаласы бар. Кітаптың соңында М. Әуезовтің “Шолпан” 

журналының 1922 жылғы № 2 ,3 және 1923 жылғы № 4, 5 сандарын-

да жарияланған “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” (тарихи-әдеби 

сын)  деп  аталатын  мақаласы  қоса  берілген.  Ә.  Тәжібаев  өзінің 

жазғанында: “Мен Мұхаңның осы кітабын Қызылордада бірінші 

рет оқығанда он сегізге жаңа толған, өлең жаза бастасам да, ақын 

болудың ақ  жолын  аңғарып жетпеген, мезгіл ұрандарына үндес 

болуды ғана мұрат тұтынған бала жігіт едім, оның үстіне: Мұхтар, 

Жүсіпбек, Мағжан деген “буржуазия зиялыларынан” сақ ұстануға 

тәрбиелене бастағам.

“Кел, қазақ кедейлер,

Ұйымдас жалшымен,

Байларды, молданы,

Қойдай қу қамшымен...” —

дейтін  өлеңдерге  шексіз  сенетін  кезім  еді.  Әйтсе  де  мен  қазақ 

әдебиеті жөнінде, оның тарихы туралы сөйлеген жаңа кітаптан оқып 

шыққанша бөліне алмадым...

Міне, енді “Әдебиет тарихымен” сексеннен асқанда екінші рет 

кездесіп отырмын. Бұл кітапты жасы отызға толмай тұрып жазған 

Мұхаң жойқын еңбек жасаған екен ғой. Зар заман сарынын сонау 

Асан қайғыдан бас тап сезінген жас ғалым осы заманның барлық 

ауыр тауқыметін суреттеп, келешегіне болжам айтқан пай ғамбардай 

Шортанбайды да әбден танытыпты. Көреген атамыз өз тұстастарын 

жеріне жете әшкерелей, олардың бұзылған бейнелерін жеткізе су-

реттей отырып:

Шөп сұйылды жердегі,

Құс таусылды көлдегі, —



379

деп, бай даланың қалай тозғанын де жеткізіпті. Азған елдің ұлы ата 

сыйламас болар, қызы ана сыйламас боларын да айтыпты... Мұхтар 

Әуезов дұрыс бастап берген әдебиет тарихын теріске шығару үшін 

көзі нұрлы, көңілі сырлы азаматқа жасаған қиянатымыз қаншама. 

Қазақ әдебиетінің тарихын тек пролетариат революциясынан бастау 

үшін қандай сергелдеңдерге ұрындық, әдебиет тарихының жауапты 

міндетгерін орындау енді ғана істелетін жұмыстарға байланысты. 

Біз Мұхаң дұрыс белгілеген кезеңдерді сол бағытта түгел және терең 

қам туымыз керек” деген толғаныстарын білдіреді.

М.  Мырзахметов  бұл  еңбектің  жиырма  томдықтағы  басы-

лымының үштен бірі қалай қысқарғандығын, тұ тас күйінде жіберді 

деген  тараулардың  көптеген  сөй лемдері  мен  әлеуметтік  астары 

өткір пікірлердің қалай жұлмаланғандығы жөнінде айтады және 

осы  туындының  мән-мазмұнына  қатысты  мынадай  тұжырымын 

білдіреді: “Алғашқы оқулық болғанына қарамай, еңбекте сол тұстың 

өзінде-ақ өткір де өзекті ойлар мен келелі тың пікірлер барынша 

мол  айтылғаны  бүгінгімен  салыстырғанның  өзінде  ала  бөтен 

байқалады. Бұл ой-пікірлер қазірдің өзінде саналы оқушысы мен 

зерделі зерттеушісінің ойына ой қосып, кесек те күрделі танымдарға 

бағдарлай алатын қуатқа ие. Мысал ретінде айтар болсақ, автор 

өзінің зерттеу нысанасына алып отырған белгілі бір туындының 

әлеуметтік басты сарынын айқындауға тарихи принцип тұрғысынан 

ой  қозғап,  пікір  білдіруі  —  өз  заманы  үшін  айта  қаларлықтай 

сонылық дер едік. Бұл іспеттес тың таным, әсіресе, қазақ халқының 

ой-санасындағы түбірлі өзгерістердің тамырын дәл танып, құлай сөз 

еткенде де байқалып тұрады. Мысалы, қазақ қауымының исламиятқа 

дейінгі дәуірі мен мұсылмандыққа енгеннен кейінгі қазақ жұртының 

дүниетанымы,  әдет-ғұрпы,  салт-сана  дәстүріндегі  өзгерістердің 

туу  себебін  осы  дәуірдегі  саяси-әлеуметтік  жағдайлармен 

сабақтастыра қарай отырып, білгірлікпен танытуында үлгі-өнеге 

аларлық ой-тұжырымдары жатыр. Немесе осы кітапқа дейін қазақ 

әдебиеті тарихының соқпағы әлі де салына қоймаған кезде автор 

ұстанған кейбір іргелі әдіс-тәсілдер әлі күнге дейін сабақ аларлық 

практикалық  әрі  методологиялық  мәнге  ие.  Өйткені,  автор  осы 

еңбегінде белгілі ұғымнан беймәлім ұғымға қарай, қарапайымнан 

күрделіге  қарай,  бүгінгі  танымнан  өткен  дәуір  танымына  қарай 

беттеп зерттеу әдісін қолданған ерекшелікті де көреміз”.

Елу томдық академиялық толық басылымға жиырма томдық 

шығармалар  жинағындағы  нұсқасын,  жоғарыда  көрсетілген 

жағдайларға байланысты, жіберуге болмады да, негізге 1991 жылғы 

жарияланымы  алынды.  Автор  қолжазбасының  түпнұсқасы 



380

сақталмағандықтан, бұл басылым 1927 жылы Қызылордада араб 

әрпінде басылып шыққан нұсқасымен қайта салыстырылды, оны 

жүзеге асырғандар: Сұңқар Жұртбаев пен Мұқаш Қожахметұлы. 

Бұл салыстырулардан кейінгі басылымда да едәуір текстологиялық 

қателіктердің орын алып, көп сөз-сөйлемдердің түсіп қалғандығын 

көреміз.

“ЖАЗУШЫДАН”: “Мақсат” — “Мақсұт”, “Жаңа дүниенің”, — 

“Жаңа бір дүниенің”, “Айқындалып” — “Айқынданып”, “Соңғы 

жылдарда”  —  “Соңғы  жылдар”,  “елде  неше”  —  “әлде  неше”, 

“курстар ашылып” — “курстері ашылып”, “судьялық” “суделік” 

(5-бет), “курстары” “курстері”, “тілек қойып” — “тілек қылып”, 

“әдебиетін ұғынудың” — “әдебиетін тексеріп, ұғынудың”, “Ана 

тілінің іздейтін жаңалығы” — “Ана тілінің жолында ен дігі басқышта 

қазақ мектебінің іздейгін жаңалығы”, “ішіндегі ақыл” — “ішіндегі 

оқушының  ақыл”,  “басқа  оқушыға”  —  “басқа  сол  оқушыға”, 

“кітапты тәрбие ғана” — “кітапты тәжірибе ғана”, “адамдардың 

алдында ескілік нобай” — “адамдардың алдына ескіліктің нобай” 

(6-бет), “ұлы сүрлеулерін” — “ұлы сүрлеуін”, “мына көптің ауда-

нына қарағанда” — “мына кітаптың ауданына қарағанда”, “Көптің 

ішінде” — “Кітаптың ішінде”, “дін қыссалары” — “дін хиссалары”, 

“үгіт-өсиет өлеңдері де” — “үгіт-өсиет өлең дерде”, “ескіліктің ұлы 

денесін  туғызып”  —  “ескіліктің  ұлы  денесін  тұрғызып”,  “әуелі 

шыққан” — “әуелгі шыққан” “қазақтан бұрын парсы” — “қазақтан 

бұрын арап, парсы” (7-бет), “онан соң кітапты” — “онан соң осы 

кітапты”, “темір таяқ тебендей” — “темір етік теңгедей, темір таяқ 

тебендей”,  “ұзақ  сапарында”,  “ұзақ  сапарына  да”,  “желтоқсан, 

1925 жыл” “декабрь, 1925” (8-бет).

“СӨЗ БАСЫ”: “топ жарып” — “топ жырып”, “қор ландыруға 

тырысқан” — “қырландыруға, қорландыруға тырысқан”, “еркек-

ке де басшы болып шықты” — “еркекке де жәйлі тиді. Олар да 

оралуға айналды. Көргені көп кәрі әйел басшы болып шықты” (10-

бет), “иелік шықты”  — иешілдік шықты”, “некелеуді шығарды” 

“некеленуді шығарды”, “өзімшілік туды” — “өзімшідік туды”, “Ең 

әуелі” — “Ең әуелгі”, “негіз болды” — “егіз болды” (11-бет), “жас 

бас-тауында” — “жасы бастауында”, “Ол жеңіп алып” — Ол жар 

болушы  әруақ.  Екінші  жауыз  қаскүнем  әруақ.  Ол  жеңіп  алып”, 

“Құдайға дұға” — “Құдайға арнаулы дұға” (12-бет), “барлық сал 

мен” — “барлық сол ел мен” (14-бет), “Хақназар” — “Ақнияз”, 

“қазақ хандығы” — “Қазан хандығы” (14-бет), “арғы дәуір” — “арғы 

ескі дәуір” (15-бет), “Ең әуелгі” — “Ел әуелгі” (16-бет), “Әуелі 

өзімізге таныс” — “Біз әуелі өзімізге таныс”, “жалпы әңгімелерден 

жасалғандықтан” — “жалпы әңгімелерден жасалатындықтан”, (17-

бет) “ол көптің” — “ол — көптің өнері”, “оның барлығы” “соның 

барлығын” (18-бет), “желпініп, айтады” — “желпініп, желдіртіп 

айтылады” (18-бет).



381

“І-бөлім.  СЫРШЫЛДЫҚ  САЛТ  ӨЛЕҢДЕРІ”:  “өлеңдер 

шерлі” — “өлеңдер де шерлі”, “Дін салты мен ұғымынан” — “Дін 

салты  мен  дін  ұғымынан”  (19-бет),  “Абылайдың  кеңшілігі”  — 

“Абылайдың әкімшілігі”, “елді Абылайдай” — “елді Абылай”, “ауыл 

тентектеріне тию” — “ауыл тентектерге тию” (20-бет), “ел байлығы 

қызығынан” — “ел байлығы жер, жер елдің құты деп түсінгендіктен 

туады. Бүгін ел малынан айырылса, қызығынан” (21-бет), “Баршаны 

бөздей  жырттырған”  —  “Баршаны  бөздей  жырттырған,  Жібекті 

жүндей түт тірген”, “шыққан мерзімі”, “шыққан мезгілі” (22-бет), 

“ұғынысына мін” — “ұғысынша мін”, “шарт ғана” — “шарт туаты-

нын ғана” (23, 24-беттер), “жиналатын шері” — “жиналатын шерді” 

(26-бет), “Сарыарқаға қоштасу айтылады” — “Сарыарқаға қоштасу 

айтылады. Екінші Күдері қожаның Қарқаралыдан ауарда айтқаны”, 

“Бағылан қозы болар” —“Бағылан қозы қой болар”, “Бұғы да ма-

рал жатқан жер” —“Бұғы да марал жатқан жер, Мерген де таңдап 

атқан жер” (28-бет), “Сулап тұрған бәрің бал” — “Шулап тұрған 

бәрің бал”, “жермен қоштасу” — “жерге қоштасу”, “сапар шегіп 

барамын” — “сапар шегіп мен барамын” (29-бет), “көңіл сұрай” — 

“көңлің сұрай” (30-бет), “Хан Бертіс, Қарауыл” — “Хан Бертіс, 

Қарқаралы Жандар аға, Атығай, Қарауыл”, “Бұл өлең реттегі”— 

“Бұл өлең осы реттегі”, “жасырын жүрген” — “жасырып жүрген”, 

“өнері сақталуын” — “өнері сақталып қалуын” (31-бет), “Алғаныңа 

жандарым” — “жалғаныңа жандарым” (32-бет), “қайғының бірін ай-

тып” — “қайғының өзін айтып”, “айту сонымен бірге” — “көңіл айту 

сонымен бірге” (33-бет), “қайғым қалай етсе” — “қайғым қайтсе”, 

“дін танымымен” — “дін нанымымен” (34-бет), “Қыс өтіп” — “Қыс 

кетіп” (35-бет), “Қыз көзі жаудырап” — ”Қыз шығады қылмиып, 

екі көзі жаудырап” (36-бет), “Бірақ сол сөзді” — “Бірақ сол сөздің 

бір  де  бірі  қолда  болмағандықтан,  сол  турадағы  сөзді”,  “Құлан 

көлде жылқы ойнап” — “қаулан көлде жылқы ойнар” (38-бет), “Ер 

жалғыз үй болмаса” — “Ер жалғыз үй қонбайды, қатын бір шәйпәу 

болмаса” (39-бет), “ең үлкен шарт” — “ең үлкен шарты”, “өзгеден 

күй мен” — “өзгеден бөлек күй мен”, “ерекше күй алғандай ерекше 

күш алғандай”, “бастырмалап, қыздырып” “бастырмалап, айдап келе 

жатқан бір күш бар, ол күш бақсыны кернеп, буып, қыздырып”, 

“Сөзіндегі суреттер біріне бірі қаншалық” — “Қаншалық сөзіндегі 

суреттер  біріне  бірі”  (40-бет),  “лаулаған  кезде  ғана  келеді”  — 

“лаулаған кезде ғана жын келеді”, “әулиесі сияқты құ дайлармен”, 

“бақсының барлығын бергі” — “әулиесі сияқты болған. Ол кезде 

бақсы  болжал  айтса  “Аспан”  сияқты  құдайлармен”,  “бақсының 

барлығын бергі” — “бақсының барлығының түп иесі шайтан, пері 

сияқтылар деп, бұрынғы діннен қалған нанымның барлығын бергі”, 

“жерде екенін” — “көкте екенін” (41-бет), “Әр нәрсенің” — “Не 



382

нәрсені” (45-бет), “Тәңірі берген несібің” — “тәңірі берген несібең”, 

“Үстіңнен кез қаңқылдап өтсін”, “Үстің нен қаз қаңқылдап өтпесін”, 

“Тіліңнің бір шетіне” — “Желіңнің бір шетіне” (46-бет), “шерлі 

өлеңдермен” — “шерлі өлеңдерден”, “болса керек” — “болмауға 

керек” (47-бет), “Бес бауымды” — “Бас бауымды” (48-бет), “адам 

баласының қауымынан” — “адам баласының қауымына”, “қайшы 

келетін өзімшілік” — “қайшы келетін өзімшілдік” (50-бет), “еркектің 

ішінде” — “ер кектің үйіне әйел керек. Бұл қалдар адам баласының 

қауымының ішінде”, “екі жол шығады”— “екі айыр жол шығады” 

(52-бет), “өлеңнің бірі қоштасу” — “өлеңнің бірі — танысу” (53-бет), 

“Сынға салып тыңдап тұр” —“Сынға салып қарасын, құлағың салып 

тыңдап тұр”, “Өзіңнен үлкен адамның” — “Өзіңнен үлкен адамның 

бетіне тіке қарама” (55-бет), “Киімін тауып алып бер” — “Киімін 

тұрып алып бер” (52-бет), “Жақын болар есікке” — “Жақын болар 

өсекке” (57-бет), “Қолын ұстап, бетін сүрт” — “Қолын ұстап, бетін 

сүй” (58-бет).

“II бөлім. БАТЫРЛАР ӘҢГІМЕСІ”: “шыдап жүрсе де әлгі” — 

“шыдап жүрсе де бір күндерде әлгі” (62-бет), “бір сұлу олжасы” — 

“бір сұлу қыз олжасы”, “отқа өртеу керек” — “отқа өртету керек”, 

“пері қыз” — “пе рі қызы” (63-беттер), “бақталастың белгісі” — “бәс 

таластың белгісі”, “мінезді жақсы” — “қазақ мінезді жақсы”, “қата 

сөзбен айтылған” — “қара сөзбен ай тылған”, “Сондықтан әрбір” — 

“Ол сон дықтан әрбір”, “жадағай сияқты” — “жадағай су сияқты” 

(64-бет),  “Тоқтамыс  ханның”  —  “Тоқтамыс  қатынының”,  “Сол 

сияқты” — “Сол кезде”, “Азу тісі болаттай”, “Азу тісі балғадай” 

(65-беттер), “Қобыланды көнбейді” — Зынданнан босатамын, қа-

шыңдар” дейді, Қараман бұған көнсе де, Қобыланды көнбейді”, 

“Құртқаның еліне же теді” — “Құртқаның көміп кеткен белгілеріне 

қарап отырып, батыр Алшағырдың еліне жетеді”, “Күнікей деген” — 

“Күнікей, Тінікей деген” (67-беттер), “Қыдан ақын өлеңі” — “Қыдан 

ақын айтқан өлеңі”, “көтеріп, әуелгі”, “көтеріп, ірілетіп әуелгі” (69-

бет), “есінде сақ талып” — “елдің есінде ескіден сақталып” (70-бет), 

“Енді  Қобыландыны”  —  “Қобыландыны”,  “Қазан  хандығының 

тұстасы  қылып”  —  “Қазан  хандығының  тұстасы  болған да  осы 

сияқты ел қиялының жылжытуымен келген. Енді Қобыландыны 

Қазан қаласының тұстасы қылып”, “соны арман қылып” — “соның 

заманын арман қылып”, “жел батыстан есіп”, “күнбатыстан өсіп”, 

“Москва тұтқыны” — “Мәскеу тұтқыны”, “Москвадағы барлық” — 

“барлық Мәскеудегі” (72-бет), “көпір деп отырған” — “кәпір деп 

отырады”, “мұндай кезде өзі” — “мұндай кезде дәл атын ұмытып 

өзі” (73-бет), ”ел жақсысы туралы” — “ел жақсысы туысы туралы”, 

әулиемен араластырып” — “әулиемен пір араластыртып”, “алдағы 

еске  алған”  —  “жолдағы  еске  алған”,  “өзінде  тоят  іздейді”  — 

“өзінде  алыстан  тоят  іздейді”,  “Азу  тісі  болаттай”  —  “Азу  тісі 


383

балғадай”, “Желі толған жылқымды” — “Тоғай толған жылқымды” 

(74-бет), “әулие қуған батыр емес” — “дүние қуған батыр емес”. 

“Ол жақсылық атау үшін жүрген батыр, айдын үшін жүрген құл”, 

“қыпшақты аларлық” — “қыпшақ елін аларлық” (75-бет), “барлық 

ниетімен жау” — “барлық ниетімен жар”, “Қобыландының үйде”, 

“Қобыланды ның келешегін ойлаған болжал айтады, Қобыландының 

үйде”, “Құртқа қызметі Қобыландыдан” — “Құртқа Қобыландыдан”, 

“Қобыландыға  Тайбурылды”  —  “Қыз меті  Қобыландыға  Тай-

бурылды”,  “Бұл  әңгіме  жалғыз  қазақ  әңгімесі  емес”  —  “қазақ 

әңгімесі емес, әуелгі қалыпта жалпы түрік әңгімесі болуға тиіс. 

Мына  әңгіме”  (76-бет),  “көп  айтушыдан”  —  “көп  айтушының 

аузынан”, “Қобыланды жырының тілі әдебиеттің замандағы” — 

“Қобыланды жырының тілі әдебиеттің соңғы замандағы” (77-бет), 

“сурет  жағынан  алсақ  бұның,  Европаның”  —  “сурет  жағынан 

алсақ бұрын Еуропаның” (78-бет), “жабыла қуады, жете алмай-

ды” — “жабыла қуады, бірақ бәрі бірдей жете алмайды” (79-бет), 

“Бұл сөзді есіткен соң” — “Бұл сөзді естіген соң”, “Қанзада судың 

бойындағы” — “Қанзада Шаған-шудың бойындағы”, “Қайсардың 

қара тасына” — “Қарақа сияр тасына”, “Ерлігінде шама жоқ” — 

“Ерлігінде жаман жоқ” (80-бет), “қазақ руларында сақталып”  — 

“қазақ руларының ішінде сақталып”, “Қай рудан” — “Қай руынан” 

(81-бет), “батырлардың бірі тама” — “батырлардың бірі қыпшақ, 

бірі тама”, қазақта сол ба тырдың жат емес екенін” — “казаққа сол 

батырдың  жат  емес,  өз  батыры  мен  бағланындай  сүйсіндіретін 

жақын батыр екенін” (81-бет), “Тарғыңды бір” — “Тарғыңды да 

бір”. “Жігітше ісі үшін әңгіме” — “жігітше әкеткен ісі үшін емес, 

әңгіме”, “Қартқожақтай” — “Қартқожақтай” (84-бст), “жақсының 

ретінде” — “жақсының ретіне”, “жат құралғандай” — “жат түрмен 

құралғандай”, “сұлу үшін” — “сұлу сурет үшін” (86-бет), “өлшеуді 

мықты  айтқан”  —  “өлшеуді  мықты  ұстанып  айтқан”,  “ерекше 

абырой-атақ” “ерекше абиыр-атақ”, “алған соң батыр” — “алған 

соң  барын  батыр”,  “жарастығымен  билеген”  —  “жарастықпен 

билеген”(87-беттер), “Тарғын белі” — “Тарғынның беті”, “ыңғайына 

бұрып” — “ыңғайына қарай бұрылып”, “Ширап отыратын әйел, 

Ерінің абырой” — “ширап отырған өршіл әйел, Ерінің абиыр”, “Ер-

кекке дос болатын” — “Еркектің досы болатын”, “Бір өзін Баба түкті 

Шашты Әзіз” — “Бір өзі мыңға татитын асыл балаң болады”, дейді, 

Жалғыз-ақ Баба түкті Шашты Әзіз” (88, 89-беттер), “жауырыншы 

жауырынға” — “жауырыншылары жауырынға”, “Сайын басына” — 

“Сайынның басына”, “Жауырыным болған қолаң шаш” — “Жауыры-

ным толған қара шаш”, “Шешем берген боқташы” — “Шешем бер-

ген боқшасы”, “алтын ай болат” — “алтын ой болат” (90-91-беттер), 

“оның келешекте” — “олардың келешекте”, “ел жиылады” — “ел 

жиналады”, “Оның себебі қолдаушысы” — “Оның себебі, алдымен, 

Сайын  өзінің  туысын  билеп,  дүниеге  келуіне  себеп  болған  кол-



384

даушысы (92, 93-беттер), “тіршіліктің қызықтары” — “тіршіліктің 

қызық,  рахаты”,  ‘‘отырып  қалады”  —  “қатып  отырып  қалады” 

(94-бет),  “елінде:  Мақтұм”  —  “елінде:  Арун,  Мақтұм”  (95-бет), 

“Тілек еді еліме” — “Тірек еді еліме”, “Кәпірлердің қолынан” — 

“Кәуірлердің қолынан”, ”қаланы солардан тазартады” — “қаланы 

кәпірлерден тазартады”, “аттары ұлы” — “аттары аталатын ұлы”, 

“табиғи жай” — “табиғи жұмыс”, “ақыры Шора” — “ақырғы батыр 

Шора”, “Нәрік сияқты батырдан” — “Нәрік сияқты жас батырдан”, 

“мінезде де” — “мінезде де тым”, “ықтымал” — “ықтимал бар”, 

“өзгеріп кеткендігін” — “өзгеріп кететіндігін” (96, 97, 98, 99-беттер), 

“абыройлы, бақытты. Ол” — “абиырлы, бақытты. Олар”, “айыра 

алады” — “айыруға болады (100, 101-беттер), “бір-бірлеп өтеді” — 

“біртіндеп өтеді”, “мылтығының арқасында” — “мықтылығының 

арқасында”, “өлтіреді” — “өлтіріп алады”, “батырды көреді” — “ба-

тырды жақсы көреді”(102, 103-бетгер), “кезінде біз” — “кезіне шейін 

біз”, “жаңа жүлдесі” — “жаңа жолдасы”, “жарқылдағаны жоқ” — 

“жарқылдағы жоқ” — “жарқылдағы жоқ”, “суреті болса” — “суреті 

болуға”, “тіпті лақап” — “тіпті лағып кеткен”, “аламан деп келгені. 

Бұл  “аламын  деп  келген  болады.  Міне,  бұл”  (105,  106-беттер), 

“Алпамыстың тұсы” — “Алпамыстың туысы”, “рулары бірлігіне 

кіріп” — ”рулары араласқан кездерін көрсек те, сол рулардың нағыз 

қазақ рулары бірлігіне кіріп”, “неше алуан түрік бірліктерін” — 

“неше алуан болған түрік бірліктерін” (109-110-беттер).

“ІІІ бөлім. ЕЛ ПОЭМАЛАРЫ”: “шеттен ауып келген Қарабай, 

Сарыбай деген екі бай болады” — “шеттен ауып келген Қарабай, 

Сарыбай деген екі бай келеді”, “сексенге келген кезі” — “сексенге 

келген кәрі”, “Сарыбайдікіне өзі келіп” — “Сарыбайдікіне келе 

жатады. Бірақ бата оқушылардан бұрын Сарыбайдікіне өзі келіп”, 

(111-112-беттер), “Тойдағылар атынан” — “Тойдағы елдің атынан”,  

мақұл  көрмейді.  Ай,  Таңсық”  —  “мақұл  көрмейді.  Барады,  Ай, 

Таңсық”, “Қозыны іздеп тосады” — “Қозы іздеп табады”, “бір Қозы 

жоқта” — “бір күн Қозы жоқта”, “сонан соң тиемін” дейді” — “сонан 

соң тиемін” депті”, “Москвада басылған” — Мәскеуде басылған” 

(114, 115, 116-беттер), “үш әңгіменің ноба йын” — “үш әңгіменің өзді 

өзін салыстырып, үшеуінің ортасынан тұтасқан қай бір әңгіменің 

нобайын”, “айырмашылықтары көп” — “айырмыстары көп”, “осы 

сөздерді” — “осы сөзді”, “үшеудің бәрін бірдей” — “үшеуін бірдей”, 

“салдарынан кірген болады” — “кірген өзгеріс болады”, “жолында 

бірінші әңгі мелесетін” — “жолында кездесетін бірінші әңгімеде” 

(117, 118-беттер), “жас тілеушісі” — “жас тілеулесі”, “Көрпешті 

ұйықтап” — “Көрпешті Қодар ұйықтап” (120-бет). “Қозы Көрпешті 

еліне” — “Қозы Көрпешті Тарақты еліне”, “аяғын қыламын деп” — 


385

“соның аяғын шын қыламын деп”, “Біз бұл айырбастарды” — “Біз 

бұл айырмыстарды” (121, 122-беттер), “Әзірге қолымыздағы үш” — 

“Әзірге қолымызға түскен үш”, ”бірдей қылып айтқан махаббат 

бағасы қайсы” — “бірдей қылып айтқан ішкі өмір не? Махаббат 

бағасы қайсы?”, “бір елдікі емес” — “бір-ақ елдікі емес”, “түрде 

қалыптасқан” — “түрде қалыптанған” (122-123-беттер), “өнерінің 

ішінде ұзақ қа” — “өнерінің ішінде ұзыннан ұзаққа”, “Баянға кел-

генде” — “Баянға келгенде біз” (125-бет), “тіршілігі алдындағы” — 

“тіршілігі түгелімен алдындағы”, “Баянды меншіктеген” — “Баянды 

меншіктенген”, “малшының қолтығында болады” — “малшының 

қолтығында  қалады”  (127,  128-беттер),  “ірі  суретшілік”  —  “ірі 

суретшілдік”,  “сезім  ойын”  —  “сезім  мен  ойын”,  “ерекше 

жүріспен” — “еркекше жүріспен”, “жеке кейіпкерлер” — “жеке-

жеке кейіпкерлер”, “күшті жүрек батырды” — “күшті жау жүрек 

батырды”, “ер де қиял қылатын” — “ерде де елдің қиял қылатын”, 

“Микола селенін де” — “Микола Селениндей” (129, 130-беттер), 

“ілгері заманға” — “ілгергі, соңғы”, “малдың құны” — “малдың 

құты”, “Қодардың тілегі” — “Қодардың өзінің тілегі”, “еркек, әйелі 

деген”  —  “еркек,  ұрғашы  деген”,  “күн  болып”  —  “көн  болып” 

(131-136-беттер), “екеуі бір-біріне” — “екеуі бірбіріне ұнайды”, 

“Төлегеннің кеткенін әкесі” — “Төлегеннің әкесі кеткенін”, “Кеп 

болса” — “Сарқамыста бұларға кездескен соң Төлеген соғыс са-

лады. Көп болса”, “Жібектің еліне” — “Жібектің еліне о да келіп 

жетеді. Бірақ бұл уақытта Жібектің еліне”, “көзқарасы қандай, сон-

дайларын” — “көзқарасы қандай, махаббат сезімін бағалау, бақыт, 

жақсылықты айыру қандай, сондайларын”, “әрбір жігіттің ерлік” — 

“әрбір  жігіттің  жігіттік  ерлік”,  “міндет  сияқтанады”  —  “міндет 

сияқтанған”, “Қыз Жібекте, Төлеген” “Қыз Жібектей сұлу кім”? 

Ол қай алуан адам? Соған келейік. Қыз Жібек те Төлеген”, “жас 

Жібек” — “жас Қыз Жібек”, “келін болатын жеңге, бәйбіше бола-

тын заманның” — “келін болған жеңге, бәйбіше болған заманның”, 

“біз долбар” — “біз еш долбар”, “қыз бар деп іздеп” — “қыз бар 

деп атағын естіп, ғашық болып, белгісіз алыс жолға құмартып” 

(137-145-беттер).

“ІV бөлім. ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕР” — “белгілі орынға” — “белгілі 

мезгілге,  белгілі  орынға”,  “тарихтың  ұлы  шебер”  —  “тарихтың 

ұлы  шеңбер”  (145-бет),  “оқиғалар  мен  тарихи”  —  “оқиғалар 

мен  сол  оқиғалардың  тарихи”,  “Досмұхамбетовтың”  — 

“Досмұхамбетұлының” (148-бет), “төбелесіп өлген Санбекті”  — 

“төбелесіп  өлген  Сәтбекті”  (151-бет),  “бас  имекші  емес  еді. 

Сөйтіп  —  “бойсынбақшы  емес  еді.  Сондықтан”,  “Туыңды  тігіп 

құм белден” — “Туыңды тігіп Құмбелден”, “кернеп алған қол” — 

“кернеп алған қалың қол” (155-бет), “соғыс салады” — “қуып соғыс 

салады”, “Шапты туған сұғанақ” — “Шабытты туған сұғанақ” (156, 


386

157-бетгер),  “сол  қаһармандарымен”  —  “ел  қаһармандарымен”, 

“жаңалықты, өзгешелікті” — “жаңалық, өзгешелікті білдіреді” (158-

бет), “Ежелгі жау болмас” — “Ежелгі жау ел болмас”, “жүрегінің 

түкпірінде зіл” — “жүрегінің түкпірінде жатқан зіл” (159-160-бет-

тер), “Шомбал, Балқы деген” — “Шомбал, Балқы деген билер”, 

“ылғи Кене ханның” — “ылғи Жәңгір ханның”, “бір мырза, бір жар-

лы” — “бір мырза мен бір жарлы”, “Исатай” — “Исатайға”, “Бірақ 

маңындағы” — “Бірақ сол жұмыстан маңындағы” (162-163-беттер), 

“Бір жағынан қарағанда ел” — “Бұл жағынан қарағанда ел”, ”Исатай 

қолында болса да” — “Исатай қолында болмаса да”, “мақсаттың 

жолына  басын”  —  “мақсаттың  жолына  басын  құрбан  қылады. 

Сондықтан кейінгі ұрпақ оның басын”, (164-бетгер), “көшкені бар, 

Исатай” — “көшкені бар, ол үлгісі Исатайдың әмірін баяндауда, 

рас,  Ығылман  ең  алдымен  Исатай”,  “тұмсығы  тиіп  шошып”  — 

“тұмсығы тиіп шошынып”, “батыр туылған” — “батыр туа алған”, 

“Москва” — “Мәскеу”, “қалалардан лек болып”  — “қалалардан 

лек-лек болып” (166, 167, 168-беттер), “қашқан болып” — “Бекет 

қолға түспей қашқын болып” (169-бет), “жүріп істеген емес, жалғыз 

ердің аттанған” — “ жүріп істеген іс емес, жалғыз ердің жалғыз 

аттанған”, “Ең әуелгі — Бекет” — “Ең әуелгі себебі Бекет”, “Ары-

стан хан” — “Арыстандай хан”, “тарихи дәуірдің айнасы” — “та-

рихи дәуірдің айнасы сияқты”, “еріксіз батырдың” — “еріксіз кіші 

батырдың”, “көрген анық қалпы” — “көрген әмірдің анық қалпы” 

((170-173-беттер).

“V  бөлім.  ЕРТЕГІ”:  “елдің  көз  қарасын”  —  “елдің  дүниеге 

көзқарасын”, “түн қараңғы” — “қара түн қараңғы” (188-189-беттер).

“VІ бөлім. АЙТЫС ӨЛЕҢДЕР”: “бірін біріне жақсылып”, “бірін 

біріне не жақсылап”, “әри айдай, бойдай талы” — “әри айдай, бой-

дай талай” (191-бет), “Соның барлығы айтыс” — “Соның барлығы 

бұрынғы айтыс” (193-бет), “бір алуан соңғы” — “бір алуаны соңғы”, 

“елдікке  шақырып”  —  “елдікке,  бірлікке  шақырып”,  “іздеген 

ақындардың” — “іздеген ескі ақындардың”, “жылатып тараған” — 

“жылатуға  жараған”  (195-196-беттер),  “Елбіреп  бауырың”  — 

“Елбіреп іші-бауырың” (199-бет), “тілеп ұшқан” — “түлеп ұшқан” 

(201-бет), “Ақырып, ән ұстамай” — “Ақырып, ат ұстамай” (204-бет), 

“бермеп пе едің, өзіңе” — “бермеп пе едім, Қарасу, лақ, баға өзенінде, 

Өзіңе” (207-бет), “тайын таба алмай, күмәнға салыныпты” — “тайын 

қағып таба алмай, күмәнға салыпты” (211-бет).

“VІІ бөлім. ЗАР ЗАМАН АҚЬІНДАРЫ”: “ақылшысы болады” — 

“ақылшысы да болады”, “қарап зар заман” — “қарап барлық зар”, 

“заман кейінгілері” — “заман кезеңінің” (217-218-беттер), “барлығы 

қалың  қазақтың”  —  “барлығы  туралы  Асан  болжал,  тұспал  ай-

тып кеткен. Болжалының барлығы қалың қазақтың”, “сияқты бір 



387

нәрсе” — “сияқты жат бір нәрсе”, “ой желген емес” — “ой келген 

де  емес”,  “аузынан  шыққан  сөзге”  —  “аузынан  шыққан  сөзден 

білеміз. Өз аузынан шыққан сөзге”, “айтқан Жәнібек” — “айтқан 

Әз Жәнібек”, “Бұландыға” — “Құландыға” (221-222-беттер), “жауап 

беріп, шешу” — “жауап бере алмай, шешу”, “Асан қайғыдан баста-

лады дейміз, Жырау құр ғана” — “Асан қайғыдан басталады дейміз. 

Абылай  дәуірінде  болжалшыл  қарт,  ақылшы  биден  шыққан  бір 

алуан ақын Асан қайғы болса, екінші толғаушы жыршыдан шыққан 

Бұқар  жырау.  Бұның  заманындағы  осы  алуандас  өлеңшіні  ақын 

демей жырау деген. Осы аттың өзі де жыраулар әншейін өлеңшіден 

бөлек ой иірген ойшыл өлеңші екенін білдіргендей болады”, “сөзі, 

мақсаты” — “сөзі мақсатсыз” — “көптің жәйі туралы” — “көптің 

жәйі-күйі туралы”, “барлығы да күнде” — “барлығы да сол күнде”, 

“шыққан  болғандықтан”  —  “шыққан  ақын  болғандықтан”(221-

225-беттер), “ұрындырады, сөзбен” — “ұғындырады, бұл сөзбен” 

(226-бет), “шыққанмен билер” — “шыққан хан мен билер”, “толы 

үлгісі” — “толық үлгісі”, “ел өмірін асты-үстіне” — “ел өмірінің 

астын үстіне”, “Абай заманына жетті” — “Абай заманына шейін 

жетті”  (230-232-беттер),  “өлеңдерін  айта  білген”  —  “өлеңдерін 

айта білген. Сондықтан зар заманға бұлар айтыстарымен кірмесе 

де,  жаңағыдай  есті  өлеңдерімен  кіруге  тиісті”  (232-бет),  “жат 

болмай, арып-ашып” — “жат болмай, Ашаршылық, шөл көрмей, 

арып-ашып”, “жасалған іс еді” — “жасалған сын еді” (234-бет), 

“бет  бұрып  кетті”  —  “бет  бұрып  ықтап  кетті”,  “Тұтқын  төбет 

болғанына” — “Тұтқын орын деп санады. Бүгінгі ырзалық құлдың 

ырзалығы.  Қорашыл  төбет  болғанына”,  “құл  атша”  —  “құлаша 

ат”, “Алыстағы дұшпандар” — “Алыстағы дұспанның”, “жаңағы 

бір  заман”,  “жаңағы  зар  заман”  —  “Бұрыннан  келе  жатқан”  — 

“Сол  жаңалықтың  әдебиетке  қандай  әсері  болды?  Зар  заман 

ақындарының  бұрыннан  келе  жатқан”,  “Сол  жайында”  —  “Сол 

жайдан”, (235-236-беттер), “ашып ал” — “аршып алу”, “Бұқар жырау 

тұсында өлең сөзді ойға әкеліп түсірді. Бұлардың” — “Заманында 

биікте тұрған өлең сөзді ойға әкеліп түсірді. Бұлардың”, “ыңыранып, 

зарығу” — “ыңыранып, зарланып зарығу” (237-238-беттер), “өзге 

заман екен” — “өзге заман емес, ақырзаман екен”, “бұзылғанның 

белгілерін”  —  “бұзылғанының  анық  белгілері”,  “Адам  қайтіп 

қуансын”  —  “адам  қайтіп  қуансын,  жандарал  болды  ұлығың”, 

“бүгінгі заманның бәрі” — “бүгінгі залымның бәрі” (240-241-бет-

тер), “Ойдағысы болғаны” — “Ойдағысы болғаны, қоныстың бар 

ма қалғаны”, “адамның бұзылуының” — “адамның бұзылғанының”, 

“дұшпан иыққа шығып” — “дұшпан. Бұл дұшпан иыққа шығып”, 

“жамандықпен тоқтайды” — “жамандықпен тоқтамайды”, “ырза 

емес, Махамбеттің” — “ырза емес. Сондықтан адыра калған заманы 



388

Махамбеттің” (240-242-беттер), “дін бесігін іздейді” — “дін бесігінің 

тербетуін іздейді”, “толғаушыл. Қалың елдің” — “толғаушыл жы-

рау, ақылшы қария да жоғалған. Бұның тұсында Бұқар жыраудың 

өз дәуірі де арман қылатын қызық дәурен сияқты көрінген. Қалың 

елдің”,  “бұрынғы  жарқын  қызығынан”  —  “бұрынғы  жарастық 

қызығынан”  (244-245-беттер),  “қосылмауымыздың”  —  “қоса 

алмауымыздың’, “осылардың мысалын” — “осылардың өлең мы-

салын” (247-бет).

Міне, бұрынғы жиырма томдықта қысқарып, жұлмаланып басы-

луы заманындағы идеологиялық жағдайға байланыс ты болды ғой 

десек те, мына кейінгі өз қалпында толық жарық көрді дегенінің 

өзінен қаншалықты олқылықтар мен қателіктердің орын алғандығын 

көріп отырмыз. Бұл, әрине, цензураның талап-тілектеріне жауап 

бергендік  емес,  редакция  қызметкерлерінің  еркіндеу  кеткендігі 

болып табылады; автор сөздерін өз беттерінше бұрмалап, өз жанда-

рынан сөз қосқандықтары аңғарылады. Жоғарыда тізіп көрсетілген 

жолдардың кез келгенінен бұлар айқын көрінеді.

Енді кітаптағы түсінік беруді қажет ететін ұғым, таным, сөздер 

мен атаулар мыналар:

“ЖАЗУШЫДАН”:

1. 5-бет. 



1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал