Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

циясы” — Көне Құланды темір жол салынған жылдары осылай 

аталды. Соңғы кезде бұл жер бұрынғы атауына қайта ие болды.

119. 281-бет. “Оның жанынан Фрунзеге, Ташкенге баратын 

поез дар ғана өтеді” — Бішкек қаласын 1926 жылы қызыл армияның 

қолбасшысы  М.  В.  Фрунзенің  (1885—1925)  атына  ауыстырған. 

Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы атына қайта көшті.


433

120.  283-бет.  “Далақайнарға  22  километр  қалғанда  паро-



воздың бір тетігі бүлініп” — Далақайнар Жамбыл облысының Шу 

ауданына қарайтын темір жол бойындағы шағын станция. Кейін осы 

жерде “Далақайнар” астық совхозы ұйымдастырылған.

121. 283-бет. “Шоқпар ма, Қордай ма?” деп көп таңданып, 



көп таласқан” — Шоқпар — Жамбыл облысынын Шу ауданы 

жеріндегі қыратты жота. Осы жерден темір жол өткенде Шоқпар 

аталатын станция салынды.

Қордай  —  Қырғыз  Алатауының  батыс  сілемі  Кіндіктас  пен 

Жетіжол аралығындағы асу. Бұл Шоқпарға қарағанда әлдеқайда 

биік (1233 м.). Сол себепті жолды қайсысы арқылы өткізу жөнінде 

әрқилы пікірлер туындаған. Ақыры Шоқпар жобасы жеңіп шығады. 

Лепсіге  соқпай,  Балқаш  бағыты  арқылы  жүргізіп  78  шақырым 

үнемдесе,  Луговой,  Фрунзе—Алматы  арқылы  өтетін  Қордай 

бағытының  орнына  Шоқпарды  таңдап  28  шақырым  қысқартты. 

Оның үстіне Қордай асуының көп шығынмен ғана жүзеге асатыны 

тағы бар.

122. 284-бет. “Екі батырақ Шамалған даласын тастап, шой-

ын істеуді үйренуге кеткен” — Шамалған — Алматы облысының 

Қаскелең (Қарасай) ауданы жеріндегі өзен. Осы өзеннің бойында 

Шамалған  атты  село  да,  станция  да  бар.  Станция  Алматыдан 

27 шақырым жерде.

123.  285-бет.  “Музыкалардың  тартқан  “Интернациона-

лы”  поездың  ұрандарымен  тілдескендей”  —  “Интернацио-

нал”  халықтардың  пролетариат  гимні.  Келе-келе  коммунистік 

партиялардың  коммунистік  гимніне  айналды.  1871  жылы  сөзін 

Э. Потье, музыкасын П. Дегейтер жазды.

124.  285-бет.  “Правда  Востока”  газеті”  —  Түркістан  рес-

публикасы Орталық Атқару Комитетінің ұйымы болған бұл газет 

1918 жылдан шыға бастаған.

125, 126. 287-бет. “Шортанды — Көкшетау” ... Және де Слав-



город Семей арасында” — Шортанды Ақмола облысының Шор-

танды ауданының орталығы. Ол 1929 жылы Қарағанды — Бурабай 

курорты темір жолы тармағының салынуы кезінде пайда болды.

Ресейдің  Алтай  өлкесіндегі  Славгород  Құлынды  даласының 

батыс бөлігіндегі қала типтес темір жол станциясы.

127. 290-бет. “Тверь губерниясында, Жоғарғы Тройца деген 



поселкеде туған” — Тверь Ресейдің солтүстік батысындағы қала. 

Мұнда 1246—1485 жылдары Тверь княздығы өмір сүріп, Алтын 

Ордаға алым төлеп тұрды. Княздар Михаил Ярославич (1318), оның 

баласы Дмитрий, Александр Михаилович (1339), оның баласы Фе-

дор Ордада өлтірілді. Москва әскерінің шабуылынан кейін (1485) 

тәуелсіздігінен айрылды. Қазір облыс орталығы.



434

128.  291-бет.  “Путилов  заводына  кіреді”  —  Санкт-Петер-

бургтегі  осы  заводта  жұмысшылардың  алғашқы  ереуілі  (1905) 

болды.


129. 291-бет. 

“Тифлис каласында жұмысшыларды бас тап” — 

Тбилиси — Грузия республикасының астанасы. Оны 1936 жылға 

дейін Тифлис деп атады. Кура өзенінің екі жағын ала қоныс теп-

кен бұл қаланың іргесі біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлерде 

қаланған. 1921 жылдан Грузия астанасы саналады.

130.  291-бет.  “Балтық  теңізінің  жағасындағы  Ревиль 



қаласына айдалады” — Балтық (Варяг) — Атлант мұхитының 

Еуропаға сұғына еніп жатқан материк ішіндегі теңіз. Бұл теңізбен 

Балтық бойы республикалары мен Германия, Дания, Швеция және 

Финляндия жағалауларымен шектеседі.

131. 293-бет. “...бурят, жақұт, самоед, өзбек, түрікпен, тағы 

басқалар” — Сібір халықтарын орыстар кейінгі кезге дейін само-

ед деген.

132.  300-бет.  “Қырғызстанның  терістік-шығыс  жағында 

Ыстықкөл бар” — Солтүстік Тянь-Шаньдағы тұйық көл. Күнгей 

Алатау мен Теріскей Алатау жоталарының аралығында. Көлге елу-

ден астам шағын өзендер құяды, ірілері Жырғалаң, Түп.

  134,  135,  136,  137,  138.  300-бет. “Қырғызстан  7  кантонға 



(округке) бөлінеді. Бұлары: Талас, Жәлелабад, Шу, Фрунзе, Ош, 

Нарын, Қарақол” — Талас — Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі 

өзен бойынан орын тепкен қала.

Нарын — Қырғызстандағы облыс орталығы, ол Нарын өзенінің 

бойына орналасқан. Нарын облысы 1939—1962 жылдар аралығында 

Тянь-Шань облысы атанған.

Қырғызстан жеріндегі Шу алабын қазір Ыстықкөл облысы дейді, 

орталығы — Қарақол (Пржевальск).

Жалалабад — Қырғызстанның Ош облысындағы қала. Ош — 

Ферғана  аңғарының  оңтүстік  шығыс  шетіне  орналасқан.  Облыс 

орталығы.

139. 302-бет. “...Сырдария округінде. Ташқазақ ауданында” 

— Ташкент атырабындағы негізінен қазақтар мекендейтін аудан-

дарды айтып отыр.

140. 304-бет. “Көсек піскеннен кейін жарылады” — Мақтаның 

пісіп жетіліп, қауашағы жарылар алдындағы түйінін көсек дейді. 

Салқын  түсіп  кеткеннен  кейін  көсектің  шала  жарылып,  немесе 

жарылмай қалатын кездері де болады.

141. 305-бет. “...таудың жасалу ретінен барып болатын жер 



сілкінуі тектондық сілкіну деп атайды” — Жер қозғалысының 

бекіген бөліктерінде қозғалыстардың күрт күшеюін немесе жаңғыру 

процесін тектондық дейді.


435

142.  305-бет.  “1902  жылы  Ферғана  тауындағы  Әндіжан 



каласы  ойран  болды”  —  Әндіжан  —  Өзбекстандағы  Әндіжан 

облысының орталығы, Ферғана аңғарындағы Әндіжан-сай өзенінің 

бойына орналасқан. IX ғасырларда бұл жерді Андукан деген. Қала 

ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында Омар Шайх пен оның 

баласы Бабыр сұлтандардың билігінде болады. 1876 жылы Ресейдің 

Қоқан хандығын бағындырған әскерлері басып кірді.

143. 305-бет. “...ең зор залал келтірген Қаратағ сілкінуі” — 

Бұхараға жақын маңдағы жер атауы. Қаратағ — Қаратау дегені.

144. 306-бет. “Кіндік қаласы — Мәскеу. Бұған кіретін автоно-

миялы республикалардың бірі — Қазақстан” — Қазақстан 1936 

жылға дейін автономиялы республика саналып келді.

145. 306-бет. “УССР — социалдық негізіне кұрылған Украина 

Кеңес республикасы. Кіндік қаласы — Харьков” — Харьковтың 

іргесі  ХVІІ  ғасырдың  ортасында  каланған.  1917—1934  жылдар 

аралығында Украинаның астанасы болды.

146. 306-бет. “УССР — социалдық негізіне құрылған Белорусс 



Кеңес республикасы. Кіндік қаласы Минск” — Белорусс аста-

насы Минск 1067 жылы Полоцк княздығының бір қамалы ретінде 

аталады. XII ғасырдан Минск княздығының орталығы болды. XIV 

ғасырда Литва княздығының қарамағына ауысты. 1798 жылы Ресей 

империясының құрамына еңді. 1919 жылдан республика астанасы.

147.  306-бет.  “ТССР  —  социалдық  негізіне  құрылған 



Түрікмен Кеңес республикасы. Кіндік қаласы — Полторацкий” 

(Ашхабад) — Копетдаг тауының етегінен орын алған Ашхабад 

(Ашғабад) 1881 жылы әскери бекініс ретінде көне мекеннің орнына 

салынған. 1919—1927 жылдар аралығында Полтарацк атанады. Бұл 

қала 1924 жылдың 27 қазанынан бері астана.

148.  306-бет.  “Тәжікстан  Кеңес  республикасы.  Кіндік 

қаласы — Дүйшембі” — Гиссар аңғарындағы Душанбе қаласы 

1929—1961  жылдар  аралығында  Сталинабад  аталып  келді. 

1924 жылдан республика астанасы.

149.  322-бет.  “Гудзон  дариясының  жағасына  жиылған 



жұрт қалып еді” — Гудзон Хадсон Генри (1550—1611) ағылшын 

теңіз саяхатшысы. Солтүстік-шығыс жөне Солтүстік-батыс теңіз 

жолдарын  ашу  мақсатымен  Арктика  теңіздерін  төрт  рет  шарла-

ды.  Лабрадор  түбегі  мен  Баффин  жері  аралығындағы  бұғаз  бен 

шығанақ  соның  атымен  аталады.  Шығысында  Гудзон  бұғазы 

арқылы Атлант мұхитымен, солтүстігінде Канада бұғаздары арқылы 

шығанақ Солтүстік мұзды мұхитпен жалғасады. Шығанақты Гудзон 

1610 жылы ашқан еді.



436

150. 322-бет. “Пултон деген ағылшын кеме жасапты” — ХV 

ғасырдан бастап, ескек орнына желкендер пайдаланылса, ХVІІІ 

ғасырда бу двигательдерінің су ескіш доңғалақтары еспе винтпен ал-

мастырылды. Ағылшын Бармен, Пултондар 1802 жылы доңғалақты 

бу күшімен айналдыратын етті.

151. 328-бет. “Оны еңбекшілер ақыны Демьян Құйрықты жұлдыз 

дейді” — Демьян Бедный (1883—1945) орыс ақыны. “Кедей Демьян, 

сойқан бір жан” деген өлеңінен кейін оның есіміне “Бедный” деген 

лақап ат қосылды.

152.  329-бет.  “Бізден  қырық  адам  жоқ  болды.  Құрысын 

юнкерлер!”  —  Патша  заманындағы  әскер  мектебінде  тәрбие-

ленгендерді айтады. Олар қолдарына қару алып, Кеңес үкіметіне 

қарсы тұрған.

153. 333-бет.  “Шушен қыстағына біз ымыртта келдік” — 

Шушенск Краснояр өлкесіндегі кала, аудан орталығы.

153. 333-бет. “Сібірдің Минусин округінде крестьяндар таза 



тұрады” — Минусин Оңтүстік Сібірдің Кузнецк Алатауы мен батыс 

және шығыс тау жоталарының аралығындағы ойыс. Енисейдің оң 

жағалауында іргесі ХVІІІ ғасырда қаланған Минусинск қаласы да 

бар.


155. 336-бет. “Бұл мейрам Клара Цеткиннің ұсынысы бо-

йынша, социалшыл әйелдердің жер дүниелік екінші съезінде 

Даниядағы Копенгаген деген қалада қабыл етілген” — Цет-

кин  Клара  (1857—1933)  Германия  жұмысшы  қозғалысының 

қайраткері. Оның ұсынысы бойынша, 1910 жылы Копенгагендегі 

әйел социалистердің халықаралық конференциясында 8 нау рызды 

халықаралық  әйелдер  күні  ретінде  мейрамдау  жөнінде  шешім 

қабылданды.



Т. Әкім

437

“ҚАЗАҚ  ШАРУА  ЖАСТАР  МЕКТЕБІНЕ  АРНАЛҒАН 

ПРОГРАММА  ЖӘНЕ  ТҮСІНІК  ХАТ”

Қызылорда  қаласында  “Казиздат”  баспасында  1930  жылы 

Қазақстан Оқу Комиссариаты білім кеңесінің шешімімен басылып 

шыққан бұл кітапты Жолдыбайұлы, Майлыұлы, Марғұланұлы тағы 

басқалармен бірге М. Әуезұлы да жазуға қатысқан (102-114-беттер). 

Олардың  жазған  бөлімі  “Суретті  әдебиет  туралы”  деп  аталады. 

Программа екінші рет жиыр ма томдық шығармалар жинағының 

15-томында (1984. 100—119-беттер) басылды.

Программада,  оның  кіріспесінде  әдебиет  ілімі  қоғамтану 

ғылымының бір бөлшегі болғанымен, “әдебиетті тексеру жұмысын 

қоғамтану білімінің қайталамасы сияқты қылып жіберетіндік бар” 

деп,  оның  жігін  ажыратпайтын  жағдайлардың  кездесетіндігіне 

тоқталады. Әдебиет сабағының қоғамтанудың қайталамасы сияқты 

болып өтіп келе жатқандығының себебі сонда екендігін айтады; 

қазақтың  өткен  тарихи  жағдайын,  отарлану  жолдарын  әдебиет 

арқылы емес, қоғамтану сабағымен жеткізген пайдалы деп біледі. 

Әрине,  бір  жақты,  бір  ағымның  ыңғайымен  кетпей,  белгілі  бір 

қаламгерлер туындыларын әдебиет тарихының жалаң соқпағында 

өзге дүниеден бөліп алып зерттеуге болмайды, қоғамдық өмірімен 

тығыз байланыс-бірлікте сабақтастыра қарағанда ғана қасиет сыр-

лары ашылатынын меңзейді. Оқушыларға ұсынылар мұралардың 

оқытылуы үш жылға жоспарланған: ауыз әдебиетінен “Қобыланды”, 

“Тарғын”, “Қозы Көрпеш”, “Қыз Жібек” сияқты эпостық, лиро-

эпостық  жырлар  бар  да,  басты  назар  жаңа  заман  әдебиетінің 

оқытылуына аударылған. Бірінші жылда төңкерістің жемісін көріп 

отырған бүгінгі ауыл мен бұрынғы рушылдық кезіндегі ауылдың 

көрінісін беретін шығармалар жоспарланған. Екінші жылға аза-

мат  соғысы  мен  төңкеріс,  1916  жыл,  ұлт  бостандығы  суреттел-

ген әдебиет, ал үшінші жылға Қазан төңкерісінен кейінгі кездің 

мұраларын енгізу қарастырылған. Сонда арғы дүниеден жалғыз 

Бұқар жыраудың (“Таң” журналында басылған) толғаулары ғана 

енген, бұл кезге “жастарға өте ескі күннің, кері заманның ақындары 

оңайшылықпен ұғылмайды” деп қарады.

Одан бергі дәуірден, яғни XIX ғасырдың ортасы мен екінші жар-

тысынан Махамбет, Абай, Мұраттарды енгізумен ғана шектеледі. 

Бұларды “өткен күннің көріністері, діннің, кері заманның суретін 

берген” десе, ұлтшыл, алашордашыл атанған қаламгерлерді де бұл 

жерде атаусыз қалдырған. Орыс әдебиетінен Пушкин, Горький, Ива-

нов, Лавренов шығармалары оқытылмақ болған. Бұл кездің таны-

мынша, қандай шығарма болмасын таптың тілегі мен көңіл-күйінен, 



438

пікірі мен бағытынан шығуы керек. М. Әуезовтің өзі де бұл қатардан 

табылмайтындығы  сол  кездің  баспасөзінде  талай  сөз  болған. 

Оған: “барлық туындыларында дерлік қазақтың тұрмыс-тіршілігін 

өткенді көксеген қазақ байының көзімен көреді; қазақтың Алашшыл 

ескілігін жырлайды, қазақтың хандарын, аңызға айналған батыр-

ларын, билерін, феодал, сал-серілерін мадақтайды. Оларды ылғи 

жағымды, бүгінгі күннің өзінде қадір тұтуға, үлгі алуға лайықты 

тұлғалар ретінде суреттейді” (“Советская степь”. 19.04.1929) деп 

айыптайды. Соған қарамай, өз кезінің әдеби процестеріне араласу-

ына мүмкіндігі болғандығы көрінеді.

Программаның екінші жылында драма жанрының туындыла-

рымен танысу, жаттығу көзделсе, үшінші жылында бұл жанрдың 

ерекшеліктерімен жан-жақты хабардар ету қарастырылған; жалпы 

үш жыл ішінде жазуға, оқуға, сөйлеуге жаттықтыруды, әдебиеттің 

қоғамдағы  пайдалы  іспен  байланысын,  түр  жағынан  түсініп 

ұғынуын көздеген программа: “Әдебиет туындысының тіл ғылымы 

жағынан сынауды керек қылатын бөлімдері бар. Түрін сынау кейін 

келетін  социологиялық  сынға  мағлұмат  үшін,  дәл  басқыш  үшін 

ғана керек және түрін сынау — әдебиет шығармасының мағынасы 

мен мазмұнын терендеп түсінуге себепші болады” (117-бет) деген 

байламдармен түйінделеді. Осында оқылатын әдебиет өкілдері мен 

олардың талданатын шығармашылық аттары жеке-жеке аталған.

1. 337-бет. “Суретті әдебиет туралы” — Суретті әдебиет қазіргі 

ұғыммен айтқанда — көркем әдебиет. “Өз жайымнан мағлұмат” деп 

аталатын өмірбаяндық қолжазбасында жазушы: “Алғашқы жазу-

ларым сырлы әдебиет бетінде болмай” (464-п, 5-бет) деп, көркем 

әдебиеттің тағы бір атауын көрсеткен.

2. 337-бет. “Осы мағлұматтарға сүйеніп отырып, тексеретін 

жазушыларымыз қандай таптың тілегін, көңіл-күйін, пікірі 

мен бағытын жырлайды” — 1927 жылы Қызылордада басылған 

“Әдебиет тарихында” тап мәселесін сөз етпейтін. Сондықтан болу 

керек, оның шығармашылығынан қателіктер іздегенде осы еңбегін 

ауызға алып: “Қазақ әдебиетінің тарихын теріс жолмен пішкен, 

теріс жолмен жазуға жобалаған... Әдебиеттің, ағымның, әсіресе, 

ауыз әдебиетінің әлеуметтік мәнін, таптық сырын ашпады, бұрынғы 

қазақ буржуазиялық ұлтшылдарының контрреволюциялық теория-

ларын әшкерелеу былай тұрсын, қайта сол теорияның шырмауында 

қалып  қойды.  Әдеби  мұралардың  барлығы,  жалпы,  өткен  кезде 

болған қайраткерлердің бәрін халық қайраткерлері деп таныған. Ескі 

өмірдің тақырыптарының әуеніне түсіп кетіп, жаңа өмірден, совет 

шындығынан қол үзген” (“Социалистік Қазақстан”. 1947, 14 наурыз) 

деп кінәлайды. Үш жыл кейін жарық көрген шаруа жастар мектебіне 


439

арналған бағдарламадан заман талабының мүддесіне орайластыра 

жазылғандық аңғарылады. Балаларға берген тақырыптарының өзі 

“Кедей мен байдың тартысы” сияқты болып келуі соны көрсетеді.

3.  340-бет.  “Бірақ  қазақ  әдебиетінің  мағыналанған  дәуірі 

тегінде  ұзақ  емес”  —  Мағыналанған  деп  Ыбырай,  Абайдан 

басталған  әдебиетті  айтып  отыр.  Одан  арғыны  әлі  айқындалып 

болмаған  көмескі  дәуірлердің  әдебиетіне  жатқызып,  мағыналы 

әдебиетке қосқысы келмейді де, оның өрісін өте қысқа дәуірден 

қайырады. Бұл ой “Әдебиет тарихында” сезілмейтін де, ол жөнінде 

әңгіме де болмайтын.

4. 342-бет. “Алғашқы ұлтшыл, халықшыл оқығандар” — 

Бұл топқа кіретіндердің шығармаларын программаға енгізіп, мек-

тептерде оқылмайтын етті. Олар: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. 

Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов, Н. Төреқұлов, С. Садуақасов, 

Ш. Құдайбердиев, Ы. Мұстанбаев тағы басқалар еді.

5. 342-бет. “Бірақ сұйқыл әдебиеттің өзінің ішінде мектепке 



керек нәрселерді сүзіп алуға болады” — Сұйқыл деп жоғарыдағы 

мағыналыға жатпайтын кезеңнің әдебиетін айтады. Бірақ олардың 

да ішінен сүзіп алуға жарарлығы барлығына ойды аударады.

6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17. 343-бет. “Бейімбет — 

“Бір адым”, “Сарыала тон”, “Шариғат бұйрығы”, “От басында”, 

“Сойқанды содырлар”, “Мырқымбай”, “Ел тәңірісі — жастар”, “Айт 

шүу ала атым”, “Гүлденсе ауыл”, “Жер тәңірісі — шаруа”, “Бай” — 

Поэзия, проза, драматургия саласында мол мұра қалдырған қазақтың 

белгілі қалам қайраткері Бейімбет Майлин (1894—1938) А. Чехов 

стиліндегі  әңгімелер  жазудың  асқан  шебері  саналды,  жоғарыда 

аталған әңгімелері соның белгісі. Ал Мырқымбай тақырыбындағы 

өлеңдері кезінде өзіндік ерекшелігімен көңіл аударды.

18, 19, 20, 21. 343-бет. “Сәкен — “Жер қазғандар”, “Совет-

стан”, “Ауыл байғұс, мінеки” — Сәкен Сейфуллин (1894—1938) 

“Жер қазғандар” повесі қазақ әдебиетінде жұмысшы еңбегін сурет-

теген алғашқы туындылардың бірі болды. Мұнда қазақ даласына 

темір жолдың келуі әңгімеленеді.

“Отарбада сан румыз — тілек бір,

Зор иманды, махаббатты жүрек бір.

Қаулат отты,

Заулат қатты

Жай қанатты —

Күш жұмсайтын бір майданда тілек бір”, —

дейтін  “Советстан”  поэмасы  қоғамдық  құбылыстың  жаңа шыл 

көріністерін жырлайды. “Ауыл байғұс, мінеки” өлеңінен бұрынғы 

ауыл халі көрінеді.


440

22,  23,  24.  343-бет.  “Ілияс  —  “Беташар”,  “Турксибке 



арналған өлеңдері” — Қазақ поэзиясының алып қайраткері Ілияс 

Жансүгіровтің  (1894—1938)  “Беташары”  1927  жылы  ба сылып 

шыққан жинақ Қазақстанға, соның ішінде туған жері Жетісуға темір 

жолдың келуі ақындық шабытпен жырланады:

“Аспанның ұлы ала асқар,

Асқардың жүгі құз тастар.

Көргені оның — жалғыз жел,

Ағыны — боран ұлы өзен,

Ақ дауыл аспас аш кезең.

Қарта қатпар бұйра бел,

Өлеңді өзен, тұзды сор,

Өзенді өрлей ұзын жол”, —

деп келетін “Отарба” атты өлеңінен бастап ол Турксиб та қырыбына 

драмалық шығарма да жазды.

25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33. 343-бет. “Сәбит Мұқанов — 

“Октябрьдің  өткелдері”,  “Қызыл  арқа”,  “Пионерлерге”, 

“Шоқпыттың шаруасы”, “Ауыл тілегі”, “Пионер”, “Тұрмыстың 

тұлпары”, “Балбөпе” — Қазақ әдебиетінің ұлы қаламгерлерінің 

бірі Сәбит Мұқанов (1900—1973) ауылдас тыру, коллективтендіру 

кезіндегі кедейлер, шаруалар өміріне шығармалар арнады. Аттары 

аталған өлеңдері мен дастандары осы тақырыпты қозғады. “Октябрь 

өткелдері” мен “Балбөпе” поэмаларында батрақтар өмірі суреттелді.

34,  35.  343-бет.  “Мүсірепұлы  —  “Қос  шалқар”  —  Ғабит 

Мүсіреповтің (1902—1985) “Қос шалқар” әңгімесі қазақ даласындағы 

жиырмасыншы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көркем түрде 

елестетеді. Мұнда колхоздастыру ісі бейнеленген.

36, 37. 343-бет. “Мұхтар — “Еңлік-Кебек” — “Еңлік-Кебек” 

жөнінде 1-томның түсініктерінде жан-жақты айтылды.

38, 39, 40, 41, 42, 43, 44. 343-беттер. “Абай — “Болыс болдым 



мінеки”, “Болды да партия”, “Қалың елім, қазағым”, “Аттың 

сыны”, “Жігіттер, ойын арзан”, “Адасқанның алды жөн” — 

Бұлардың  барлығы  да  Абайдың  белгілі  өлеңдері.  Бұны  жұрт 

ақынның 1909 жылы Петербургте, 1922 жылы Ташкентте басылған 

жинақтары арқылы білетін. Толық жинағы алғаш 1933 жылы ғана 

басылды.

45. 344-бет. “Бұқар жырау толғаулары (“Таң” журналында 



басылған)” — Сөз М. Әуезовтің өзі шығарып, редакторы болған 

“Таң” журналында жарияланған “Бұқар жыраудың сөздері” (1924. № 

1. 89-90-беттер), “Бұқар жыраудың Керейге айтқаны” № 1, 96-97-бет-

тер), “Абылай орыспен соғысамын дегенде Бұқар жыраудың айтқан 

бір толғауы” (1925. № 4. 96-99-беттер) туралы болып отыр. Өйткені, 


441

бұған дейін жыраудың басқа дүниелері баспасөз бетінде жарық көре 

қоймаған болатын.

46, 47, 48, 49. 344-бет. “Батырлар жырлары: “Қобыланды”, 



“Тарғын”,  ел  поэмалары:  “Қозы  Көрпеш”,  “Қыз  Жібек”  — 

Бұлар жөнінде осы томдағы “Әдебиет тарихының” түсініктерінде 

айтылды.

50, 51, 52. 344-бет. “Бейімбет “Құла жорға”, “От басында”, 



“Сойқанды содырлар”, қойшы өлеңдерінен — “Құла жорға”, “От 

басында” жазушының сол заман шындығын қозғаған әңгімелері. 

“Сойқанды содырлар” (1927) — фельетондар жинағы. Жинақтағы 

фельетондар алдында баспасөз беттерінде “Оқшау” деген бүркеншік 

атпен жарияланған. Мұнда күнделік өмір салты, өмір заңы, халықты 

ағарту,  оқыту,  мәдениеттендіру  мәселесі,  шаруашылық,  сауда-

саттықтағы  жолсыздықтар,  олқылықтар  сыналады.  Мырқымбай 

циклы секілді Б. Майлин малшы, жалшы, қойшылар тақырыбына 

да көптеген өлеңдер арнады.

53,  54,  55.  344-бет.  “Сәкен  —  “Бандыны  қуған  Хамит”, 



“Қызыл сұңқарлар”, “Күзді күнгі далада” — “Бандыны қуған 

Хамит” әңгімесінде С.Сейфуллин ақтарға қарсы күрескен қазақ 

еңбекшілерін  көрсетеді.  “Қызыл  сұңқарлар”  (1920),  “Бақыт 

жолындағыдан”  кейін  жазылған  екінші  пьесасы.  Мұнда  совдеп 

орнаған  қаланы  Колчактың  басып  алуы,  совдеп  мүшелерінің 

тұтқындалуы, большевиктердің ақтарға қарсы күресі баяндалады. 

“Жазды күнгі дала” сияқты “Күзді күнгі дала” өлеңі де “Экспресс” 

атты жинағында басылды. Ақын табиғат суреттерін, сол дәуірдегі 

коғамдық  өмірдің  өзгерістерін  адамдар  көңіл-күйімен  байланы-

стырады.


56.  344-бет.  “Мүсірепұлы  —  “Тулаған  толқында”  — 

Ғ.  Мүсіреповтің  бұл  тұңғыш  туындысы.  Осындағы  Шайза  өз 

бостандығы үшін күреседі.

57.  344-бет.  “Мұхтар  —  “Қилы  заман”  (бөлімдері)  —  Бұл 

М. Әуезовтің 1928 жылы жарияланған шығармасы. “Қилы заман” 

бірде повесть, бірде роман деп те аталып жүр, ал жазушының өзінің 

анықтамасы жоқ.

58, 59, 60, 61. 344-бет. “Абай — “Төрт мезгіл”, “Адамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет