Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

аралына барады”  Қазақ ертегілерінде кеп кездесетін Барсакел-

мес Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі ұзынша келген арал.

21. 132-бет. “Пушкиннін “Сараң серісі”, Гогольдің “Плюш-

кині”  Бұл жерде автор Қарабай сияқты сараңдықтың символы 

болған кейіпкерлерді еске алып отыр. Плюшкин — “Өлі жандар” 

романындағы сараңдықтың шектен асқан өкілі.

22. 136-бет. “Жағалбайлы деген елдін ішінде” — Жағалбайлы 

Кіші жүз құрамындағы Жетіруға жататын ру.

23. 142-бет. “...поэма қылып шығарған Жүсіпбек қо жа”  

Жүсіпбек Шайқыслам ұлы (1857—1936) ауыз әдебиеті нұсқаларын 

жинап бастырумен аты шыққан ақын. Ел “Қыз Жібек” (1894), “Ай-

ман Шолпан” (1896), “Қисса Біржан мен Сара ақынның айтысқаны” 

(1898), “ Алпамыс” (1899), “Сал-сал”, “Зарқұм”, “Жүсіп-Зылиха”, 

“Мұңлық-Зарлық”, “Шәкір-Шәкірат” сияқты басқа да жырларды 

соның жариялауы арқылы жақсы білді. “Мың бір түн хикаясы”, 

“Тотының тоқсан тарауы”, “Кербаланың шөлі”, “Дариға қыз” атты 

аңыз-ертегілерді ол өзінше жырлады.



406

“ІV  бөлім.  ТАРИХИ  ӨЛЕҢДЕР”:

1. 146-бет. “...онан соң Сырым қозғалысын айтатын өлең-

дер”  Сырым Датұлы (1712—1802) батыр, би, шешен. Кіші жүзде 

ханға  қарсы  көтерілісті  басқарған.  Ол  туралы  айтылатын  өлең-

жырлар көп. Орыс тарихшысы М. П. Вяткин (1895—1967) “Батыр 

Сырым” (1947) атты көлемді еңбек жазған.

2. 146-бет. “...бұл күнде қолдағысы — Кенесары, Исатай, Бе-

кет өлеңдері болғандықтан”  Кенесары Қасымов (1802—1847) 

Абылай ханның немересі, 1837—1847 жылдар аралығында патшалық 

отаршылыққа қарсы күресті. Исатай Тайманұлы (1791—1838) Бөкей 

ордасындағы шаруалар көтерілісін ақын Махамбет Өтемісұлы екеуі 

бірге басқарды. Бекет Серкебайұлы отаршылық саясатқа қарсы Есет 

Көтібаров бастаған көтеріліске араласты. Шығарушысы белгісіз 

“Бекет батыр” жырында оның Арыстан сұлтанды өлтіріп, Сібірге 

айдалғандығы баян етіледі.

3. 147-бет. “Тарихта бұл екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, 

Тәуке, Қайып, Абылай хандардың”  Әбілқайыр (1693—1748) 

Кіші жүз ханы, қолбасы, 1731 жылы Ресей империясының қол асты-

на кіргендігі жөнінде ант берген. Осы әрекетті сатқындық деп білген 

өзге жүздің билеушілері Барақ сұлтанға (туған жылы белгісіз, 1751 

жылы өлген) оны өлтірткізеді. Тәуке (1680—1718) қазақтың Ликургі 

атанған  ұлы  хан,  ”Жеті  жарғы”  осы  Тәукенің  басшылығымен 

жасалды, Ұлы жүз Төле, Орта жүз Қазыбек, Кіші жүз — Әйтеке, 

қырғыз, қарақалпақ, қатаған, шанышқылы билері — Қоқым, Сасық, 

Жайнақтар Тәукенің ақылшылары болды. Бұқар жырау да алғаш 

Тәукеге қызмет етуімен көрінді. Қайыптың (1718—1719) хандығы 

өте қысқа болды. Абылай (1711—1881) қазақтың Қасым, Хақназар, 

Тәуекел, Есім, Тәуке сияқты құдіретті хандарының бірі. Ол Ресей-

мен, Қытаймен тіл табыса білді, үлкен саясаткерлігі қазақ елінің 

ақыл-есін жиып, нығаюына жағдай жасады.

4.  147-бет.  “...еддің  алдында  “темір  ноқта  мен  қайыс 

ноқтаның”  таңдауы  шыққан  заман”  —  Ата-бабаларымыз 

Қытайға қарау — темір ноқта, орысқа қарау — қайыс ноқта киюмен 

тең деп білген.

5. 148-бет. “Қазықұрттай” үміті, жалғыз ғана Абылай басын-



да қалған болатын”  Бұл сөзімен автор Қазығұрт тауының басына 

Нұх пайғамбардың кемесі тоқтағанын айтып отыр. Аңыз кемедегілер 

осында келіп аман қалған, осыдан кейін қайта өсіп-өнген деп баян-

дайды. Абылайға артылған үмітте осылайша өніп-өсу тілегі жатыр.

6.  148-бет. 

“Қазақ  тілінде  шыққан  Халел  Досмұхам-

бетұлының” — Халел Досмұхамбетұлы (1883—1939) белгілі мем-

лекет, қоғам қайраткері, оқу, ағарту, денсаулық сақтау салаларының 

үлкен  ұйымдастырушысы,  көптеген  әдеби,  ғылыми,  тарихи 

шығармалардың авторы.



407

7. 148-бет. “Қошмұхамбет Кемеңгерұлының “Қазақ тарихы-



нан” деген еңбектерін қарап өтсін дейміз”  Кемеңгеров Қошке 

(1896—1937) Алаш қозғалысына белсене қатысқан қазақ қаламгері, 

драматург, жазушы, публицист. Көптеген әдеби шығармаларының 

қатарында “Қазақ тарихынан”, “Бұрынғы езілген ұлттар”, “Егін салу 

турасында” деп аталатын зерттеулері бар.

8. 151-бет. “Сырым батырдың Нұралы ханға қарсы шық қан 



қозғалысы. Онан соң Жәңгір ханға жасаған Исатай, Махам-

бет қозғалысы. Орта жүзден шыққан Кенесары, Наурызбай 

қозғалысы... Есет пен Бекеттің көтерілісі”  Нұралы (1748—

1788)  Әбілқайырдың  үлкен  ұлы,  оған  дейін  Хиуа  ханы  болған. 

Әбілқайыр өлген соң, Орынбор әкімшілігінің қолдауымен Жәңгір 

Кіші  жүзге  хан  болады.  Жәңгір  (1801—1845)  Бөкей  ордасының 

ханы, Исатай — Махамбет көтерілісі осы кезде болды. Наурыз-

бай (1822—1847) Кенесарының інісі, Есет (1807—1888) Көтібар 

Бисенұлының үлкен баласы. Ол 1855—1858 жылғы қозғалыстың 

басшысы болды.

9. 151-бет. “...ел сайлауға шыққан “Майырды” өлтіріп — 

Майыр — майор дегені.

10. 151-бет. 

“Сәтбекті де өз заманының геройына қо сады”  

Сәтбек Ермакты өлтіріп, Ертістің суына ағызып жіберген батыр.

11.  153-бет.  “Қоқаннан  ауған  көп  Дулат  келеді”    Дулат 

Ұлы жүз құрамындағы көне тайпа. Шежіренің айтуынша, Үйсін 

Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ анадан (Нұрила) Жарықшақ туа-

ды. Албан, Суан, Дулат осы Жарықшақтан тарайды. Дулат: Ботпай, 

Шымыр, Сиқым, Жаныс болып төртке бөлінеді. Сол тұста Дулаттар 

Қазақстанның  оңтүстігіне  иелік  етіп  тұрған  Қоқан  хандығының 

қол  астында  болған.  Хандық  1770—1876  жылдар  аралығында 

билік жүргізді. Әлім хан Сыр бойының Қармақшыға, Жетісудың 

Ұзынағашқа дейінгі жерлерін басып алды. Сонда қазақтарға салған 

салығы: жылына 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау 

қамыс  сияқты  болды.  Кенесарының  қырғыздармен  қақтығысы 

әлеуметтік жағдайдың осындай қалыпта тұрған тұсында болды.

12. 155-бет. “Наурызбайдың қарсы айтатын кінәсі көп емес. 

Ол: “Арағың мен бозаңды қой”  Арақтың ол заманда болмағаны 

белгілі, боза — тарыдан ашытып жасайтын сусын, оның да қызулық 

беретін күші бар. Осыған байланысты Нысамбай жырынан мынадай 

жолдар кездеседі:

Қойдым деп бізге ант берсін,

Арағың мен бозаңды.

Арағыңды коймасаң,

Кенекем алар мазаңды.

Көпірге ғазат қылғандай

Наурызбай берер сазаңды.



408

13.  158-бет. “Сол  ірі  оқиғалардың  дәл  ішінде  болған  “Ке-



несары—Наурызбай”  жыры  болады    Нысамбайдың  туған, 

өскен  ортасы,  өмір  жолы,  “Кенесары  —  Наурызбай”  жырынан 

басқа  еңбектерінің  бары-жоғы  белгісіз.  Белгілісі  —  Кенесары 

жорықтарының бел ортасында жүргендігі, бірақ оның қасына қай 

кезде келді, қайдан келіп қосылды — ол жағы тағы бұлдыр. Арқадан 

ере шыққан Ағыбай, Бұғыбай батырлар сияқты ақырғы сәтте де 

оның Кенесары қасынан табылғандығы көрінеді. Сол бір айнымас 

табандылығы, Кенесарының мақсат еткен жолы бағытына сенгендігі 

жырларының өзінен көрініп жатады:

Көп сарғайтып келместей,

Кене хан, саған не болды?

Кенекемді қалдырып

Көкбурыл, саған не болды?..

Қашқан, пұсқан жиылып,

Қарашы нөкер қол болды,

Қарсы келген адамның

Көзінің жасы сор болды.

Ақылы жетпей кырылып,

Ақырында қор болды.

Көмусіз қалып сүйегі

Ит пен құсқа жем болды, —

деп  болашаққа  артқан  үміт-сенімінің  ақталмағанына  өкінеді. 

Бұл ретте ол қозғалыстың жырлаушысы дәрежесінен асып, шын 

жоқтаушысы деңгейіне көтеріледі, оны қостады, қуаттап мадақтады, 

дәріптеді.

14.  159-бет.  “Жазығы:  “Ежелгі  жау  ел  болмас”  деп, 



Абылайдың  тұқымына  бағынғысы  келмегендік”    Сөз 

Абылайдың қырғыздарды шапқандығы туралы болып отыр.

15.  160-бет.  “Аламаншыл  ақыннан  бұдан  арғыны  тілеуге 

болмайды”  Бұл жерде Шәңгерейдің:

Алату Абылайдың ала аттансаң,

Аламан артындағы біреуі мен, —

деген өлең жолдары еске түседі. Осыған қарағанда, аламаншыл 

жауынгеріңмін,  қару-жарақ  асынған  жортуылшыңмын  деген 

мағынаны береді. Бұның бұқара, көпшілік деген де мағынасы бар.

16. 161-бет. “Беріш руының ел бастаған әділ биі, абыройлы 

жақсысы болады” — Беріш — Кіші жүз құрамындағы Байұлына 

жататын ру. Ол Байбақты, Байсейіт болып екіге бөлінеді.

17. 163-бет.  “Жайықтың суы қатқанын тосады” —Жайық 

Башқұрт, Ресейдің Челябі, Орынбор, Қазақстанның Орал, Атырау 

облыстарының жеріндегі өзен.


409

18. 163-бет. “Исатайдың жорығын жыр қылған Ығылман 



ақын” — Ығылман Шөреков (1876—1932) ақын, жырау. Махамбет, 

Мұраттың жырларын бүгінге жеткізген. Шығармаларының ішіндегі 

белгілісі — “Исатай-Махамбет” дастаны.

19.  168-бет.  “Алшын,  Жаппас  деген  елдің  ішінде”  —  Ал-

шын — Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты Кіші жүз құрамындағы 

үлкен тайпа.

“V бөлім.  ЕРТЕГІ”:

1. 175-бет.  “...осындай кұдайлар әңгімелері ескі грек, рум 



халқында  көп  болған”    Грек  адамзат  ақыл-ойына  өлшеусіз 

үлес қосқан халықтардың бірі, оның мәдениеті біздің заманымызға 

дейін-ақ өз биігіне көтерілді, ал Рим халқы деп, римдіктерді айтқан. 

Римнің билігі жүрген жер көне замандарда Рим мемлекеті атанды.

2.  178-бет.  “Мәселен,  Наурызбай,  Ағыбайлар  әңгімесі”  

Ағыбай  (1800—1884)  Арғынның  Шұбыртпалы  руынан  шыққан 

батыр. Кенесарының сенімді серіктерінің бірі.

3. 178-бет. “Қожанәсір. Ол аңқау, қу... Жиренше мен Алдар 



көсе де бар өмірі бір-ақ тараулы мінездің соңында кеткен”  

Бұлар жөнінде 2-томның 376-бетіндегі түсінікте берілді.

“VІ бөлім.  АЙТЬІС  ӨЛЕҢДЕР”:

1. 180-бет. “...айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай, Жанақ, 



Сабырбай,  Мұрат,  Тоғжан,  Біржан,  Сара”  –  2-томның  364, 

376-беттеріндегі түсініктерді қараңыз.

2. 185-бет. “Жамантай, Құспек, Шыңғыс, Сартай төрем”  

Жамантай, Құсбек, Сартай есімдері әр жерде кездесетін төрелер 

болғанымен  —  нақтылап  көрсетерлік  деректер  жоқтың  қасы. 

Шыңғыс Уәлиханов (1811—1895) Шоқанның әкесі, Орта жүздің 

аға сұлтаны.

3. 185-бет. “Ыбырай жас жолбарыс білектенген”  Ыбырай 

деп отырғаны Абай.

4. 186-бет. “Найманда қара Керей, Сыбан, Мұрын”  Қазақ 

халқының құрамындағы ірі тайпа. Орта жүзге қосылады, Қаракерей 

Найманға жатады. Сыбан Қаракерейден тарайтын ру. Мұрын да 

Найманның бір тармағы.

5. 188-бет. “Бұғылы, Тұғылыдан жаяу өтіп”  Шерубай, Нұра 

өзендері Қарқаралы атырабында. Бұғылы, Тағылы осы аймақтағы 

жер аттары.

6. 188-бет. “Ішінде мен Шаншардың дегдәрі едім” —Арғынның 

Қаракесек  руынан  тарайтын  Шаншардан  Текебай,  Тонтай, 

Торсықбай сияқты күлдіргі қулар көп шыққан. Сондықтан да Шан-

шар десе жұрттың көз алдына күлкілі жәйт елестейді.

7. 189-бет. “Мұқтасар сөзім майда қақ тасындай” —Діни мек-

тептерде Иман шарт, Әфтиек, Құран, Қырық хадис, Шүритиссалат, 

27–1248


410

Фихкаидани, Тағлимұссалат, Тұхфатул мүлк, Наху сарф, Бидан деп 

бөлінсе, осылардан кейін оқылатын кітап — Мұхтасар (қысқарту). 

Мұхтасарды тауысқан шәкірт бұл ілімнің белгілі бір белес сатысы-

нан тауысқан болып саналады.

8.  189-бет.  “Омырауым  Бұхардың  қақпасындай”   

Қазақтың  бұрынғы  ескі  білімді  оқығандарының  көпшілігі  Орта 

Азиядағы  ірі  қала  —  Бұқараның  оқу  орындарында  оқыған.  Дін 

ілімін ғана емес, жалпы ғылым-білімді тарату жағынан алғанда 

да бұл қала сонау Әл-Бұхари, Ибн-Сина, Әл-Беруни замандары-

нан бастапақ іргелі орындардың бірінен саналған. Қазақтың ескі 

жыр, қисса-дастандарында Бұхараның жиі аталуының өзіндік сыр, 

себептері  бар.  Осындағы  көне  оқу  орындарының  бастау  алары 

Имам Бұхаридың (810—872) есімімен байланысты. Әбу-Ханифа 

секілді оның да пайғамбарымыз Мұхаммед ғалайһи уассаламның 

сөздерін  (хадистерін)  жинаумен  аты  шықты.  Ол  хадис  равилері 

(пайғамбардың өз аузынан естіп, қағазға түсіргендер) туралы үлкен 

еңбек жазған. Оның алты жүз мың хадистердің ішінен іріктеп алып 

шығарған “Хадис-Шәріпі” (7275 хадис) бүкіл ислам әлемі жоғары 

бағалаған еңбек болып табылады.

9. 190-бет. “Мақшарда қандай адам мансап алар”  Өлгеннен 

қейінгі адам баласының күнәсі тексерілетін жер мақшар.

10. 191-бет. “Болғанда жерде Мәди, көкте Айса!” Әзірет Әлінің 

Дариғадан туған баласы. Бірін-бірі білмейтін олар бір жиындағы 

күресте белдесіп қалады. Осы кезде әкелі-балалы екендігі білініп 

қалып, Мәди: “Әкемнің беліне қолым тиді” — деп, тауға қарай 

қашады, сонда тау жарылып, ол ішіне кіріп кетеді. Сол жерден Мәди 

ақыр заманда ғана шығады дейді аңыз.

Діни еңбектердің баяндауынша, бұл өмірден 124 мың пайғамбар 

өткен  делінеді.  Солардың  313-і  мұрсал,  өзгесі  —  нәби.  Алла 

тағаладан оларға 404 кітап түскен болса, Жебірейіл періште арқылы 

алғаны  мұрсал,  түсінде  аянмен  алғаны  нәби.  20  пайғамбарды 

Адам, Нұқ, Ыбырайым, Смағұл, Жүніс, Ыдырыс, Лұт, һұт, Жақия, 

Жүсіп, Зәкәрия, Салық, Иса, Сүлеймен, Дәуіт, Ілияс, Қадыр, Мұса, 

Жақып, Мұхаммед Ғалайһи уассаламды абзалы санайды. Тағы да 

ең абзалы деп Ыбырайым, Мұса, Иса, Мұхаммедті бөліп атайды. 

Пайғамбарлардың ішінен төртеуін тірі деп есептейді. Олар: Ыдырыс, 

Қыдыр, Ілияс, Иса (Айса). Ыдырыс алтыншы, Иса төртінші көкте. 

Қыдыр — шөлдегендерге сусын береді, өзге де көмектер жасайды. 

Ілияс  —  су  апатына  ұшырағандарға  қол  ұшын  береді.  Ыдырыс 

күні-түні дұға оқып: “Пейішті өз көзіммен көріп қайтайын, мені 

өлтіріп тірілт”, — деп, тілек тілеген. Алла тағала тілегін қабыл 

етіп, Әзірейілді жіберген. Ол оны өлтіріп тірілтеді де, пейішке алып 


411

барады, бірақ, ол ондағының бәрін көрген соң қайтқысы келмейді, 

Жәбірейіл қайта апарып тастамақ болғанда Алла: “Бір өлген екінші 

рет өлмейді, қалғысы келсе қалсын” деп сонда қалдырады. Иса 

(Айса) төртінші қат көкте тұрады, періштелермен бірге құлшылық 

жасайды делінеді.

11. 191-бет. “Алты күнде жаралды екі дүние” — Діни ұғым 

бойынша, алдымен бүкіл әлем Ғалайһи уассаламның нұрынан пайда 

болғандығы, ол нұр теңіздей түрге енгенде жеті бөлекке бөлініп 

әлгі теңіздерден көбік шығып, жерлерге (денелерге), осы жерлер 18 

мың ғаламға, сәрсенбіде сол теңіздердегі түйіршіктер балықтарға 

айналғандығы сияқты болып баяндалады.

12, 13, 14, 15. 191-бет. “Жүйтілік, Тәбілт, Жәбілт екі жылан, 

Мұнзалда көріп едім осылайша” — Еврейлерді жөйіт дейді. Жа-

блит пен Таблит жын-сайтандардың әке-шешесі. Олардың жараты-

луын былайша түсіндіреді: оттан еркегі жылан, ұрғашысы шаянға 

ұқсаған жәндік түрінде пайда болады, олардан Жаблит пен Таблит 

осы  екеуінен  шықты  дейді,  Мұнзал  деп  пайғамбарларға  түскен 

кітапты айтып отыр.

16, 17. 191-бет. “Төрт шадияр пендеге жәрдем кылар. Күнәңді 

ей лағынат, мойнына ал” — Мұхаммед пайғамбардың төрт шади-

яры: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Қырық кісінің күші бір жол-

барыста, қырық жолбарыстың күші бір сахабада, қырық сахабаның 

күші бір шадиярда, қырық шадиярдың күші бір пайғамбарда, қырық 

пайғамбардың күші бір Мұхаммед Мұстафа ғалайһи-уассаламда 

деген сөздерден шадиярлар орнының қай дәрежеде екендігі көрінеді.

18, 19, 20. 191-бет. “Би-Фатима, Қасен, Құсайын құны дау-

лар” — Фатима туралы алдыңғы түсініктерде айтылды. Қасен мен 

Құсайын — Фатима мен Әзірет Әліден туған егіз ұл. Әл-Хасан 

(669  ж.  өлген)  Ирактың  халифасы,  Шийттердің  екінші  имамы. 

Халифалығын  өз  еркімен  Мағауияға  берген.  Осыдан  кейін  өз 

бетінше Мединеге барып тұрады, сонда қырық бес жасында қайтыс 

болады. Әл-Хұсайын (626—680) Шийттердің үшінші имамы сана-

лады. Омеядтарға қарсы күресте қаза табады. Омар Ибн Садтың 

әскерінің  бірі  қылышпен  басынан  шапқан,  оған  қатысты  аңыз-

әңгімелер ел арасына көп тараған.

21. 191-бет. “Мұхамбет Мәриямға неқақтанар” — Бірінші 

әйелі Қадиша өлгеннен кейін Мұхаммед пайғамбар Айшадан бұрын 

осы Мәриямға үйленген.

22. 191-бет. “Ер Ғали Қаһарманмен күрес салар” — Ер Ғали 

деп Әзірет Әліні айтып отыр.

23. 191-бет. “Уаттори миналбатты мын биләй” — Тауып бер 

осы сөздің мағынасын” — Осы сұрағына жауап бергісі келмей 

Кемпірбай:



412

Ей Шөже, сенің өзің кәпір болдың,

Айырылып таза малдан тақыр болдың,

Өлгенге құран сөзін қосамын деп,

Қатының талақ, өзің және кәпір болдың”, —

деп жалтарғанда Шөже:

Құранның хадисінен аят айтсам,

Осындай жақсы сөзден түк білмейсің

“Уатторы” Тор тауына Мұса барған,

Алладан төрт-ақ ауыз жауап алған,

Дидарын бұл жалғанның көрсетем деп,

Бір алла Мұсаны аяп тасты салған.

Мұсаның бойы балқып, тасты ерітіп,

Таяғы еріп кетіп таста қалған.

Алланың төрт сөзінен түк білмейсің,

Қасымнан былшылдамай тұр, кет, арман, —

деп  шешуін  өзі  айтады.  Осының  барлығының  төркіні  —  Мұса 

пайғамбардың таяғы тиген жердің айдаһарша от шашатыны, нұры 

аспанға  қалықтап  кеткен  Тор  тауының  жаңғырығын  одан  басқа 

ешкімнің естімейтіні, таяғын тасқа ұрып, шөліркегендер дің шөлін 

қандыратыны, бұлт та соның шарапатымен пайда болғандығы және 

аллаға төрт сұрақ қойып: “Ей, Алла тағала, адамдарға саулық бердің, 

бірақ ауру бермесең қайтер еді?” — дегенде: “Адамдарға саулық 

беріп, ауру бермесем мені есіне алмас еді”, “Ей, Алла тағала, бізге 

тіршілік бердің, өлімді бермесең нетер еді?” — дегенде: “Тіршілік 

беріп, елім бермесем, халық менен қорықпас еді”, “Ей, Алла тағала, 

адамдар үшін жұмақты жараттың, дозақты бермей-ақ қойсаң болмас 

па еді?” дегенде: “Егер дозақты жаратпасам, ешкім менің рахы-

мымнан дәметпес еді”, — дегендей жауап алғандағы әңгімелерден 

туындаған.

24. 192-бет. “Құранның хадісінен аят айтсам”  — Хадис — 

Мұхаммед пайғамбардың даналық, нақыл сөздері. Осылардың (ха-

дистер) жинағынан құралған кітап Құраннан кейін екінші орынды 

иемденеді.

25.  194-бет.  “Қарқаралы  үйезінде  болған”  —  Алдыңғы 

түсініктерде жазылды.

26, 27. 194-бет. “Совда жиылыстың ішінен Ақай Би жанға” — 

Ақай женінде де, Бижан жөнінде де нақтылы дерек кездеспеді.

28,  29,  30.  195-бет.  “Қызылжар,  Омбы,  Семей  алты  ай-

шылық”  —  Қызылжар  —  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облы-

сының орталығы. Әдеби шығармаларда, халық аузында Қызылжар 

атанғанмен,  ресми  құжаттардың  барлығында  Петропавл  болып 

жазылады.



413

31,  32.  195-бет.  “Кешегі  Қазанқаппен  жарысқанда, 



Жарылғаптың  ұлы  еді  Ақтамберді”  —  Ақтамберді  Сарыұлы 

(1675—1768) ақын, жырау, батыр. Ойрат-жоңғарларға қарсы соғыста 

үлкен ерлік көрсеткен. Сол кездің де Қазанғап есімді адамы болған 

сияқты.


33. 196-бет. “Зейінің Сүлейменнің байғызындай, Қалмайды 

іште  назым  сырласқанда”  —  Құстардан  көкқарға,  қарлығаш, 

байғызды өлтіру күнә саналған. Байғыз Сүлейменнің ақылшысы 

ретінде дәріптеледі. Оны екеуінің арасындағы мына бір әңгімелер 

нақтылай түседі. Сүлеймен:

— Ей, байғыз! Сен түнде тыным көрмей дұға оқисың, оныңның 

мәнісі не?

— Ей, адам балалары, жол алыс, жүк ауыр, ақырет үшін аман 

қалыңдар деп оқимын.

— Ал, адамдарды көргенде неге басыңды шайқай бересің?

—  Туылған  адамдардың  барлығы  да  өледі,  сөйтеді  де  туыл-

мағандай болып қалады. Оларды көргенде сендер де өлесіңдер-ау 

деп басымды шайқаймын.

— Бидайды неге жемейсің?

— Атаңыз Адам бидай жеймін деп пейіштен қуылды, сол себепті 

жемеймін.

— Неге су ішпейсің?

— Нұқ пайғамбардың халқы су апатына ұшырады, сон дық тан 

ішпеймін.

Міне,  Бижанның  байғызды  еске  алуына  осындай  әңгімелер 

себеп болған.

34.  196-бет.  “Кешегі  Қояндының  базарында”  —  Қоянды 

Қарқаралы,  Қызылжар  жолының  бойындағы  бекет.  Осы  жерде 

1848 жылдан бастап жылына бір рет жәрмеңке ұйымдастыры лып 

отырған.


35. 196-бет. “Баймағамбет хан “Қызымды мақта” дегенде 

Шернияз былай деген” — Исатай Махамбет көтерілісі басылғаннан 

кейін осы көтерілістің жақтаушысы Шернияз Жарылғасұлы (1817—

1881) Баймағамбет сұлтанды келіп паналайды.

36.  198-бет.  “Мысалы,  Ақтайлақ,  Солтабай  билігі”  — 

2-томның 374-бетіндегі түсінігінен қараңыз.

37. 199-бет. “Қараменде мен Кеңгірбай билігі” — Қа рамендеге 

де, Кеңгірбайға да қатысты сөздер 1-томның 403—405-беттеріндегі 

түсініктерде айтылған.

38.  200-бет.  “Құттыбай  би  айтқан  жоқ  па?”  —  Құттыбай 

жөнінде анықтаудың мүмкіндігі болмады.

39. 201-бет. “Кезең астындағы кең қақтан табар” депті Әнет 

бабаң” — Әнет Кішікұлы (1626—1723) Тобықты руынан. Бұхара 

медресесінде оқыған ғұлама. Тәуке ханның белді, беделді билерінің 

бірі. “Жеті жарғыны” жасауға қатысқан. Ғұламалығы, даналығы оны 

Әнет баба атандырған.



414

40.  201-бет.  “Ежел,  тышқан  қыстайды  Құндыздыны”  

Құндызды Шыңғыстаудың Аягөз жағындағы Ақшатауда, жер, өзен 

аты.


41. 202-бет. 

“Жат бауыр қыла көрме Барағымды-ай” — Барақ 

Найманның төресі. Ол туралы алдыңғы түсініктерде айтылды.

VІІ бөлім.  ЗАР  ЗАМАН  АҚЫНДАРЫ.

1. 203-бет. “Зар заман” деген XIX ғасырда өмір сүрген Шор-



танбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты”  Зар 

заман  сөзі  қазақта  ғана  емес,  қырғыз  ақындарында  да  болған. 

М.  Әуезовтің  осы  туралы  ойы  1959  жылы  19-шілдеде  ғылыми-

теориялық конференцияда сөйлеген мына бір сөздерінен көрінеді: 

“Қазақ  әдебиетіндегі  Шортанбай  тәрізді  Қырғызстанда  Молда 

Қылыш мұрасы да аса даулы мәселе болған. Осыдан екі-үш жыл 

бұрын Молда Қылыш мұрасын зерттеп, сынап бағалауға арналған 

айрықша ғылыми кеңестер болған. Шортанбаймен салыстыра тек-

серуге ұқсас келетін Молда Қылыштың өте үйлес-сипатты жырлары 

бар. Сол қатарда “Зар заман” атты көп жырларын және “Зілзала” 

деген еңбегін атауға болады. Соңғы шығармасы 1911 жылы баспаға 

шыққан дидактикалық поэма болатын. Ол Жетісуда сол жылы болған 

апат — жер сілкінуге арналған мистикалық діншілдік сарындағы 

шығарма. Молда Қылыштың бұлардан басқа “Чуй Баяны” деген бір 

мол шығармасы Шу өзені бойында отырықшы болып, еңбек еткен 

елдердің  өнердерін  баяндаған  пайдалы  мұра...  Қырғызстандағы 

мәжілістерде  Молда  Қылыш  мұрасынан  жоғарыдағы  “3ілзада” 

мен “Зар заман” атты шығармаларды көп қайшылықтарын ескеріп, 

кертартпалық  мән-мүдделерін  мінеп,  талдай  келіп  ғылымдық 

кеңестер жарыққа шығармау керек деп қорытқан” (“Уақыт және 

әдебиет”,  1962.  156-157-беттер).  Бұл,  сөздерімен  Шортанбайға 

қатысты сол тұста қалыптасқан жайларды да сездіреді.

2. 203-бет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет