“Зар заман ақындарының алғашқы буы ны Абылай
заманынан басталса, арты Абайға келіп тіре леді” — М. Әуезов
бұл қатарға Ыбырай Алтынсаринды да кейбір ой-таным тұрғысынан
Абайды да қосады. Жалпы зар заман туралы пайымдаулары кейінгі
бағалауларға байланысты әрі қарай дамымай тоқтап қалды. Соңғы
зерттеулерінде зар заман атауы мүлде ауызға
;
алынбайтын болды.
3. 209-бет. “Әз-Жәнібектей алыс заманның ханымен тұстас
қылады” — Мұндағы аталып отырған Өзбек ханның: баласы
1342—1357 жылдар аралығында хандық құрған Жәнібек емес, қазақ
ордасының ханы Жәнібек. Ел арасында сақталған аңыз-жырларда
оны: Әз-Жәнібек дейді.
4. 211-бет “Қатын алдың қарадан, Айрылдың хандық жо-
радан” — Ертеден қалыптасқан тәртіп бойынша қарадан қыз ала
415
береді, бірақ қараға қыз бермейді. Мұнда көрінгеннен қатын ала-
мын деп тұқымды, сонымен бірге жол-жоралғыны да бұздың деген
айтылып отыр.
5. 211-бет.
“Қорған сап, тыныш жатырсың,
Өзің, Жәнібек, елден асқан батырсың.
Ертісті өрлеп орыс жүр,
Тіл алсаң іздеп қоныс көр”, —
осы жолдар Асан қайғының емес, бергі заман ақындарының сөздері
сияқты әсер береді.
6. 213-бет. “Бұқар жырау Абылайдың жанындағы уәзірі” —
Уәзірге көп жүк, көп салмақ артылатындығы белгілі. Төле, Қазыбек,
Әйтекелерді уәзір десе болады. Бұқар жырау Абылайдың ең басты
ақылшысы.
7. 220-бет. “Одан кейінгілері: Шортанбай, Мұрат,
Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буыны Абаймен тұстас
ақындар” — Мұрат Мөңкеұлы (1843—1906) жыр-толғауларын да
ел әмірінің ауыр халін, қонысынан айырылғанын, патша үкіметінің
отарлау саясатын “Сарыарқа”, ”Қазтуған”, “Шалкиіз”, “Үш қиян”
сияқты жырларында керсеткен. “Үш қиянда”:
Адыра қалғыр бұл қоныс,
Қайырсыз екен азадан.
Еділдің бойы қанды қиян,
Жайықтың бойы майлы қиян,
Маңғыстаудың бойы шаңды қиян,
Адыра қалғыр үш қиян.
Үш қиянның ара бойынан,
Жеті жұрт кетіп жол салған, —
деп әріден қозғап, кейінгі жұрт біле бермейтін жерлер, сулар, қоныс-
қыстаулар атын термелейді. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) ұлы
ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері.
8. 220-бет. “Әзірше бұлардың мысалына алатынымыз Нар-
мамбет, айтыс ақындарынан кейбір өлеңдерімен осы жікке
кіретін Шернияз, Досқожа, Күдері қожа сияқтылар” — Досқожа
(1801—1866) жырау, ақын. Әсіресе, оның “Кенесары қонысынан
ауғанда Досқожаның айтқаны” деген жыры белгілі. Күдеріқожа
Көшекұлы (1820—1858) ақын. Оның “Қарқаралы, Қазылық”,
“Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны”, “Қалмақтың жер
суымен қоштасуы” сияқты жырлары, Ұлби кемен айтыстары белгілі.
9. 224-бет. “XIX ғасырдың аяғына келгенде толып жатқан
діни қиссаларына келіп соғады” — Ислам дінін уағыздайтын,
Мұхаммед пайғамбар мен оның шадиярлары, сахабаларының іс-
әрекеттерін әңгімелейтін “Сал-сал”, “Зарқұм”, “Кербаланың шелі”,
416
“Жұмжұма”, ‘ Әзірет Әлінің құлдықка сатылғаны”, “Жүсіп — Зыли-
ха”, “Хазірет Расулалланың Миғражға шыққаны” сияқты көптеген
қисса-дастандар басылып шықты.
10. 227-бет. “Кінәзді көрдің піріңдей” — Князь — дворяндық
лауазым. XIX ғасырға дейін князь атағы тұқым қуалады. Мысалға:
Рюрик тұқымы Одоевский, Горчаков, Долгорукий; Гедемин тұқымы
— Голицын, Куракин, Трубецкой деген сияқты. Бұл атақ СССР-да
1917 жылдың 10 қарашасынан бастап жо йылды.
11. 227-бет. “Дуанды көрдің үйіңдей” — Дуан әкімшілік аймақ,
орыстың уезд деген сөзімен мағыналас. Мысалға Кереку, Қарқаралы,
Өскемен дуаны деген сияқты болып кете барады.
12. 229-бет. “Ойылды тартып алғаны” — Ақтөбе, Атырау,
Орал облыстарының жеріндегі өзен. Оның Ащыойыл, Кенжалы,
Қиыл, Қайыңды аталатын салалары бар.
13. 231-бет. “Әуелі Әлімменен Табынды алды” — Әлім — Кіші
жүз құрамындағы тайпа, кейде “Алты Әлім” деп те атайды. Олар:
Қарасақал, Қаракесек, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті. Табын —
Кіші жүздің Жетіру тайпасына жатады. Ол — Жаманкерей, Бозым,
Бегім, Қайырқожа деп төртке бөлінеді.
14. 232-бет. “Дүниеде патша болып Дәуіт те өткен” — Құранда
есімі аталған пайғамбарлардың бірі және төрт кітаптың бірі осы
Дәуітке түскен. Ол — “Зәбүр”.
15. 233-бет. “Жомарттың қылғаны үшін Атымтайды” —
Шығыс халықтарының фольклорлық шығармаларында жиі
кездесетін есім. Әдеби еңбектерде оның өмірде болғандығы,
арабтың Тай руынан шыққандығы айтылады. Деректерге қарағанда,
ол V ғасырдың аяғы, VІ ғасырдың басында өмір сүрген, тарихта
жомарттығымен аты қалған.
16. 235-бет. “Өйткені арғы заманның Сыпыра жырауы,
Қазтуғаны, бергінің Алаша Байтоқ жырауы, Базар жырауы,
Досқожасы болсын” — Сыпыра — ХІV ғасырда өмір сүрген ақын.
Дешті-Қыпшақтың ең атақты сөз зергерінің бірі. “Ер Тарғында”
“Өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді” деген
сөздер бар. Қазтуған ХV ғасырда жасаған ақын. Дешті-Қыпшақтың
әскербасы батырларының бірі. Қазақ ордасы құрылғанда соның
кұрамына өткен. Байтоқ — туған, өлген жылы белгісіз. Бөкей
ордасының ханы Жәңгірдің сарайында қызмет еткен. Базар жы-
рау Өтемісұлы (1842—1911) Сыр бойынан шыққан атақты жы-
рау. Ол Шернияз, Мұсабай, Нысамбай, Ешнияз, Бұдабай сияқты
ақындардың үлгісін дамытқан. Оның өзінен Кеншімбай, Оңғар,
Жиенбай, Жорықбай, Кете Жүсіптер үлгі алған.
Т. Әкім
417
ЖЕТКІНШЕК
“Жеткіншек” атты оқу құралы алғаш рет 1930 жылы Қызылорда
қаласында “Қазақстан” баспасынан жарық көрді (196 бет). Ересек
жастар мектебіне арналған бұл оқу кітабы екінші рет жазушының
жиырма томдық шығармалар жинағының 16-томында (1985.
201—290 беттер) басылып шықты. Басылым кейбір түзету, біраз
қысқартулармен жүзеге асты.
Жиырма томдыққа редакция тарапынан болған қысқартулар өз
алдына, 1930 жылғы басылымның Қазақстан мемлекеттік Орталық
ұлттық кітапханасы сирек басылымдар қорында сақтаулы тұрған
жалғыз данасы негізінде жіберілді. Өйткені, бұл басылымның көп
беттері кайшымен қиылған, бірер материал, үзінді, сөз-сөйлем үшін
кітап парағының келесі беттері қоса кеткен де, бірінің басы, орта-
сы, аяғы дегендей жұлмаланып, олар мына төмендегідей: 7, 8-бет
тұтас парақ — “Жас ерлер” жырының жалғасы, не өлең, не мақала
екені белгісіз. “Бай мен жұмысшы” дейтін материал қиылған. “Сөз
бастары” деп аталатын кітап мазмұнына қарағанда, “Жас ерлер”
жырынан кейін келетін аты-жөні белгісіз 6-тақырып та тұтасымен
жоқ, 13, 14, 15, 16-беттер де түгелімен қиылған. “Жел” әңгімесінің
жалғасы, “Шегіртке”, “Қыс”, “Бұл қай мезгіл”, “Қыс келді” дейтін
материалдар мен “Әкем мен апам оқушы” әңгімесінің бас жағы
жоқ. Ортадағы төрт материал алынғанда, олармен жалғас әңгімелер
жырымдалып қалған.
30-беттің төменгі жағы мен 31-беттің жоғарғы жағындағы
жиырма шақты жолдай орынды алатын “Мал жайынан жұмбақ”
деп аталатын жазбаны қиған кезде онымен парақтас алдыңғы
29-беттегі “Сүтті сиырдың белгілері” дейтін мақаланың соңғы
сөйлемдері, “Ескі-құсқы неге керек” тәжірибе-кеңесінің басқы
сөйлемдері, 32-бетке көшетін “Қызыл әскерлер” хабарының соңғы
түйіні, “Көлікте не жүйрік” әңгімесінің бас жағы қыр қылғандармен
қоса кеткен, 37-беттен “Бір қазақ қызының сөзі” әңгімесінен егіз
418
шумақ өлеңді ойып аламын деп, сол парақтың екінші 38-бетіндегі
“Жаз келді” жырының суреттен кейінгі келетін жолдарын қоса
әкеткен. 49, 50, 51, 52 беттер түбінен тұтас қиылған. “Трактор”
әңгімесінің жалғасы, “Егіннің бір жауы арам шөп”, “Бірінші май”
мақалалары мен өз алдына дербес төрт бөлімді, жүйелі әңгімелер
циклін құрайтын “Қазақстан” тарауының беташар сөзі түгелдей жоқ.
119-беттегі “Жаңа әліптің пайдасы” кеңесінің үш жолдайы қиылып
алынғанда, парақтың екінші жағындағы “Протокол” үлгісінің бір-екі
сөйлемі бірге кеткен.
Жиырма томдық басылымға енбей қалғандарының бір алуаны
осылар болса, енді мыналар редакцияның қысқартуына ұшырады:
“Сырдария елінің кепесі аурудың ұясы. Бұны көрген адамдардың
бәрі айтады. Сол кепеден құтылу деген оп-оңай жұмыс” (204-
бет), “Жұқпалы дерттер. Дәрігерге көрсетпей болмайтын бірнеше
жұқпалы аурулар бар. Олар: өкпе құрт, мерез, сүзек, қызылша,
қызамық, түйнеме, күйдіргі, қырылдауық, оба, чума, безгек, соз,
таз сияқтылар.
Мұндай ауруға ұшыраған адам бақсы-балгерді қойып, оқыған
дәрігерге көрінуі керек.
Бұл аурулардың бәрі де жұқпалы аурулар. Сондықтан олардан
қатты сақ болу керек. Ауру әдетте астан, ауадан, қайнамаған судан,
түкірік-қақырықтан, нәжістен, бит-бүргеден, шыбын-шіркейден, ма-
садан, тышқаннан, иттен, малдан, киім-кешектен жұғады” (207-бет).
“Ленин өліміне”
“1924 жылдың 21 январында, кешкі 6 сағат 50 минутта Мәскеу
жанындағы Горкіде Ленин жолдас қайтыс болды” (Үкімет жары).
1924 жылы 26 январьда Кеңестердің екінші съезінің қаралы жиы-
лысында Сталин жолдастың сөйлеген сөзінен: “Талай ғасырлар бой-
ында еңбекшілер әлденеше рет езушілердің, байлардың құлдығынан
құтылмақшы боп талап етті. Бірақ соның бәрінде дегеніне жете
алмады.
Жалғыз-ақ біздің мемлекетімізде ғана езілген еңбекші бұқара
байлар мен алпауыттарды төңкеріп отыр.
Сіздер білесіздер, жолдастар, бұл сияқты ұлы жұмысты басқарған
Ленин мен оның партиясы болатын. Байлар мен алпауыттардың
қожалығы жойылуы керек екенін Ленин бүкіл дүние еңбекшісіне
түгел білдірді. Сол себепті аты барлық еңбекші, езілуші атаулыға
ең қадырлы ат болады” (208-бет).
— Міні, осындай күтімсіз болғандықтан, көзіңе ауру пайда
болған. Сен көзіңді жумайсың. Оның орнына кір шүберекпен
419
сүртесің. Сол кірмен барып тағы көзіңді сүртесің. Ондай болған
соң, әрине, көз жазылмайды. Онан соң көзің ауырса өзге балалармен
ойнамау керек. Әйтпесе олардың да көзі ауырады. Ауылда бірге
ойнаймыз деп, біріңе-бірің ауру жұққызғансың, — деді.
Содан кейін Күлсімді жеке бөлмеге тұрғызып, тамақты сонда
әкеп беретін болды. Доктор күнде келіп, көзіне дәрі тамызып, таза-
лап жүрді. Және өзің күніне үш рет көзіңді шәйіп тұр деп тағы бір
дәрі берді. Күлсім айтқанды жақсы орындап, дұрыс емденіп тұрды.
Екі жұма өткен соң көзінен жас ағуы тоқталды, ұйқыдан тұрғанда
жабысып қалатыны да жоғалды. Аздан соң көзі қышымайтын, жа-
станбайтын болды” (246-бет).
Біздер — бүкіл дүние жалшысы,
Біз — еңбекшілер таптары,
Жерге қожа болу еркіміз,
Арам тамаққа жоқ бөрі.
Ал егер найзағай шартылдап,
Қаптаса жауыз дүниесін,
Бізге де жарық күн жарқылдап,
Түсірер нұрлы сәулесін.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті зор майдан.
Дүние еңбекшілерімен,
Табылар бар пайдаң (347-бет).
“Сондай отряд жүрген аудандардағы бар шаруалардың түрі
мыналар: тері ауруы (бұлардың ішінде таз, қотырлары да бар),
15 процент мерез, 5 процент безгек, көз ауруы, жіңішке ауру (құрт)
сияқтылар” (250-бет), “Бұлар болмаса жоңышқаның тамыры
жайылған жерді жырту қиын болады” (268-бет).
Екінші басылымға мүлде енбей қалғандары осылар болса, айты-
луы бірдей, бірақ жазылуы сәл өзгешелеу бұт — пұт, Үбе — Үбі, Сте-
пансон — Стефенсон сияқты біраз сөздер бір ізге келтіріліп берілді.
Осы жылдардағы қазақ сөздіктері мен терминдерінің қалыптасып
болмағандығы ескеріліп тиірмен, өнермен, сынып, Мәскеу, Ресуе,
кесіп, сияз, қызыл майдан, рум, әжейіпхана, маркоп, свеклі, зауыт,
күнге бағар, колхоз, патса, дұспан, қазақ-орыс, Тивр (Тверь), фабрик,
республик секілді басқа да сөздердің мағынасы бұрмаланбай, сәл-
пәл өзгерістер енгізілді.
Графикалық суреттермен безендіріліп, латын әрпінде басы-
лып шыққан “Жеткіншек” 1933 жылы жарық көрген оқулығынан
(XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы,
7-класқа арналған) мазмұн мәні, құрылымы жағынан болсын өзіндік
бір формада жазылған. Мұнда өмірді, ортаны, табиғатты, ілім-
420
білім, ағарту ісін жас оқушысына жатық ұғынықты тілде жеңіл,
ұтымды әдіспен жеткізудің жолдарын қарастыру әрекеттері бар.
Оны: “Қазақстан жерінің бітісі, ауа райы”, “Қазақстан байлығы”,
“Қазақстанда ауыл шаруасы, жол қатынастары”, “Қазақстан
халқының тұрмыс салты. Қоғамдық тәрбие”, “Одақтың өндірісі,
Одақты индустриялау”, “Ауыл шаруасының дамуы — индустриялау,
совхоздар, колхоздар”, “Еңбекші табының жеңуі, еңбекшілер мей-
рамдары” деген бөлімдерге бөліп және осыларды іштей “Ықтырма”,
“Үй салу оңай”, “Аязда ағаш неге сықырлайды”, “Ауада салмақ бар
ма”, “Үсік, күйік қалайжазылады”, “Жылқыны асылдандыру жолы”,
“Сүтті сиырдың белгілері”, “Бір қазақ қызының сөзі”, “Патшаны
түсірген күн”, “Жерің тозса, жоңышқа мен бұршақ ек”, “Сусыз
тіршілік жоқ”, “Құмның өсімдігі”, “Қазақстанның жаратылыс
күштері”, “Түркістан-Сібір жолының бойындағы аудандардың кен
байлығы”, “Алматы тауындағы тоғайлар”, “Шоқпардан асқанда”,
“Орта Азияның топырағы қандай?”, “Ақ көмір деген не?”, “Ең
әуелгі машина қалай жүрді” дегендей толып жатқан дерек, әңгіме,
өлең, мысалдармен жеткізулерінен көруге болады. Ол кезбен
салыстырғанда, әрине, бүгінгі оқу құралдары жетілді, бірақ оны-
мен “Жеткіншектің” құны кемімейді, кезінде ол бүкіл бір ұрпақты
тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Қайта қазіргі жас ұрпаққа
ұсынса көптік етпес еді.
Елу томдық академиялық толық басылымға ұсынылу барысында
еңбек түпнұсқамен салыстырылды, жиырма томдықта қысқарып
қалғандары қалпына келтірілді, бірақ әзірге қиылған беттерде кеткен
мақалаларды орнына түсірудің мүмкіндігі болмады.
Енді түсінік беруді қажет ететін атаулар мен сөздерге, ұғымдарға
тоқталайық:
1. 239-бет. “Биыл 40—50 шаруа қосылып, Калинин жол-
дас атына бір колхоз ашты” — Калинин Михаил Иванович
(1875—1946) — партия, мемлекет қайраткері, СССР Жоғарғы
Советі Президиумының төрағасы. Колхоздастыру жылдарында
Алматы облысының Талғар ауданында “Калинин” атындағы колхоз
ұйымдасқан.
2. 239-бет. “...әкпіш және сондай нәрселер әкеп берді” —
Әкпішті иыққа қойып су тасиды. Кей жерлерде бұны иінағаш дейді.
3. 239-бет. “Біз кереге алып ықтырма жасадық” — Ықтырма
малға жасалатын қоршау. Абайдың: “Ерте барсам жерімді жеп қоям
деп, ықтырмамен күзеуде отырар бай” дегені осыны ұқтырады.
4. 240-бет. “Кеше кешке қар жауды. Қазір сонар” — Қардың
жауып басылғаннан кейінгі шағын, әлі де із түсіп үлгермеген кезін
сонар дейді. Сонар аңшылар үшін өте қолайлы. Абайдың “Қан со-
нарда бүркітші шығады аңға” дейтіні сондықтан.
421
5. 240-бет.
“Патшаның қолынан,
Молданын жолынан
Бізді құтқарған
Ұлы Октябрь.
Қамаулы күндерден,
Қараңғы түндерден
Бізді құтқарған
Ұлы Октябрь”.
Осыдан бастап “Жас ерлер”, “Пионерлер”, “Жаз келді”,
“Қызыл бұрыш”, “Кел, жалшы”, “Айт шүу, ала атым!”, “Заводта”,
“Тізушілер”, “Жас әскер кеңестің ерлері” деп аталатын өлеңдер
кездеседі. Автор бұларды С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров
тағы басқа ақындардың жазғандарынан алып енгізген.
6, 7. 242-бет. “...арасын кез жарым қылып бақан орнату” —
Кез — метрлік жүйе енгенге дейін қолданылып келді. Бір кез 71
сантиметр шамасында. Қазақтың “кездеме” деген сөзі де осыдан
шыққан. Бақан — киіз үйдің шаңырағы мен түндігін көтеруге пай-
даланатын бір басы ашалы ағаш.
8. 242-бет. “Сонан кейін қамысты сымбалдап буып” — “Қозы
Көрпеш — Баян сұлу” жырында “Алты атан сымбал артқан нардай
болды, өзің баршы дегенге дардай болды” деген өлең жолдарындағы
сымбал буылған тең бұйым мағынасын береді. Бұл жерде қамыстың
берік, бекем буылуын айтып отыр.
9. 242-бет. “Кепенің қасында бұл кең сарайдай” — Кепе үй.
Жер кепе жарлауыт жерден ойып жасалынады. Киіз үй сияқты етіп,
кейінірек қамыстан тұрғызылған кепелер де болады.
10. 244-бет. “Оның 27-сі екінші сыныпта, қалғаны бірінші
сыныпта оқиды екен” — “Сынып” — араб тілінен енген сөз.
Жиырмасыншы жылдары қолданылған бұл сөздің орнын “класс”
сөзі алмастырады. Соңғы жылдары сынып өз мағынасында қайта
қолданыла бастады.
11. 245-бет. “... мәуіттпен не шекпенмен жауып, сыртынан
қармен ыс” — Мәуіті — мата, сукно.
12. 247-бет. “Қалыпқа қарап бас, көттік пішеді” — Көттік
өкше үшін пішілген қайыс.
13. 250-бет. “Жиһангер патшалықтардың шабуылынан” —
Дүниежүзілік соғыс деген мағынада.
14. 250-бет. “...дәуміт еді” — Алдындағы сөздер қиылған дықтан
қандай мағынада қолданғандығын анықтаудың мүм кіндігі болмады.
15. 251-бет. “Бұ келе жатқан отарба еді” — Жиырмасыншы,
отызыншы жылдары поезды отарба деген.
422
16. 251-бет. “Бұ бір добалдай аэроплан еді” — Алғашқы аталуы
аэроплан, кырқыншы жылдардан бері орыстар самолет десе, соңғы
кезде қазақтар оған ұшақ сөзін қолдана бастады.
17. 254-бет. “Ең соңғы патша екінші Николай Романов
еді” — Николай II Романовтар әулетінің соңғы патшасы. 1917 жылы
2 наурызда тақтан тайдырылды. 1918 жылы шілдеде бүкіл бала-
шағасымен атылды.
18. 254-бет. “Кәнпеске сықылды үлкен науқандарда тап жо-
лын мықты ұстаған кедей” — Мұнда Қазақстан Орталық Атқару
Комитетінің ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу туралы 1928 жылғы
27 тамыздағы заңының жүзеге асуы жөнінде сөз болып отыр.
19. 255-бет. “Он парыз” — парыз деп мал баққан, егін еккен
шаруалардың орындауы тиіс міндеттерін айтып отыр.
20, 21. 256-бет. “Шаруа кооперативіне кір. Шаруа артеліне” —
Кооператив — колхоз істерін басқаратын ұйымдар жүйесі. Артель —
шаруашылықты дамыту үшін адамдардың әр түрлі формада бірігуі.
22. 257-бет. “Құнтақты шаруа” — Ұқыпты шаруа ма ғынасында.
23. 257-бет. “...жаңартып семіртеді, тыңландырады” —
Тыңландырады — тыңайтады.
24. 258-бет. “Тарының шамы — салқын” — Салқын тарының
шамына тиеді, яғни бұл мезгілде егуге болмайды.
25. 260-бет. “Қазақстанда бір облыс, 12 округ, 195 аудан бар.
Облыс — Қарақалпақ... орталығы — Шымбай” — Қарақалпақ
автономиялық республикасы 1936 жылға дейін Қазақстанның
құрамында болды. 1932 жылы 20 наурызда автономиялық республи-
ка атанды. Өзбекстанның құрамына 1936 жылдың 5 желтоқсанында
кірді. Орталығы Шымбайдан Нөкіс қаласына көшірілді.
26. 260-бет. “12 округтың біреуі — Орал округі. Бұның
орталығы — Теке (Орал) қаласы” — Шаған өзенінің Жайыққа
құяр жеріне жақын орналасқан Орал қаласы да скиф, ғұн, печенег,
қыпшақ көшпенді тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Олардың
көсемдері жерленген шағын қорғандар күні бүгінге дейін кездеседі.
Алтын Орда астаналарының бірі Сарайшық қаласы да Жайық
бойында осы Оралға жақын орналасқан. ХVІІ ғасырдың басында
орыстар Ноғай хандығымен шекарада әскери бекініс ретінде Жайық
қалашығын салды. Е. Пугачев көтерілісі талқандалғаннан кейін Ека-
терина ІІ-нің жарлығымен Жайық аты Оралға өзгертілді. Бірнеше
өрттен кейін 1821 жылы итальян архитекторы Дель Модино қаланың
жаңа жобасын жасаған. 1869 жылы Орал облысы құрылып, қала
423
облыстың орталығы болып белгіленді. Қазақтар қаланы Теке деп
атады. Қазір Батыс Қазақстан облысының орталығы.
27. 260-бет. “Екінші округ — Гурьев. Бұның орталығы Үйшік
қаласы” — Бүгіндері Атырау атанып отырған Гурьев қаласының
іргесі 1640 жылы қаланған. Оны Михаил Гурьев деген көпес салып,
осында балық аулау кәсіпшіліктерін ұйымдастырған дейді. Бұның
өзі қазақтар мен қалмақтардан қорғану үшін бекініс ретінде ағаштан
тұрғызылады. Отарлау саясатын ойлаған патша үкіметі бұл қаланы
одан ары нығайтуға Гурьевке рұқсат беріп, 7 жылғы алым-салықтан
босатады. 1930 жылы Қазақстанда округқа бөлу жойылғаннан
кейін қала аудан орталығы, 1938 жылы 16 қаңтардан бастап облыс
орталығы болды. Оралды Теке дегені сияқты, кейінгі кезге дейін
қазақтар Гурьевті Үйшік деп келді.
28. 260-бет. “Үшінші округ — Адай. Бұның орталығы —
Ойыл қаласы” — Кіші жүздің Байұлы кұрамына кіретін
Адайлардың негізгі мекені Маңғыстау түбегі болған. Осы өлкені
1930 жылға дейін Адай округі деп атаған. Ойылды ертеде Көкжар
десе, бері келе жергілікті тұрғындар өзеннің атымен Ойыл атап
кеткен. Бүгіндері ол Ақтөбе облысына қарайтын аудан орталығы.
29. 260-бет. “Төртінші округ — Ақтөбе. Орталығы — Ақтөбе
қаласы” — Ақтөбе Мұғаджар тауының оңтүстік батысында, Жайық
саласы Елек өзенінің сол жақ жағасында орналасқан қала. Ол бекініс
ретінде 1869 жылы салынады. 1932 жылы 10 наурызда Актөбе об-
лысы құрылғанда, қала орталық болып белгіленді.
30. 260-бет. “Бесінші округ — Қостанай қаласы” — Қостанай
қаласы Тобыл өзенінің сол жағасына орналасқан. Іргесі 1879 жылы
қаланған. 1893 жылы Торғай облысында уездік әкімшілік бөлінуге
байланысты, Қостанай уездің орталығына айналды. 1925 жылдан
округ атанды. 1936 жылдан Қостанай облысының орталығына
айналды.
31. 260-бет. “Алтыншы округ — Қызылжар” — Қызылжар —
Петропавл — Батыс Сібір жазығында, Есіл өзенінің оң жағасы на
орналасқан қала. Бұл қала 1838 жылы Есіл округының, 1868 жылы
Ақмола округының құрамына енді. 1930 жылдан Солтүстік
Қазақстан облысының орталығы.
32. 260-бет. “Жетінші округ — Ақмола” — Ақмола —
Сарыарқаның солтүстік бөлігінде Есіл өзенінін оң жағасындағы
қала. Мұны Қараөткел деп те атаған. Іргесі 1830 жылы қаланған.
1862 жылы Ақмола далалық генерал-губернаторлығының,
1868 жылы уезд орталығы болды. 1998 жылдан Астана атанып,
Респулика орталығына айналды.
33. 260-бет. “Сегізінші округ Сырдария. Орталығы Шым-
Достарыңызбен бөлісу: |