Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет5/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

“Едігенің”  қысқаша  әңгімесі

Бұрынғы өткен заманда Баба түкті Шашты Әзіз деген

5

 

керемет ие әулие болады. Жасы ұлғайып, қартайған шағына 



дейін  бала сы  болмайды.  Бала  жоқтығын  арман  қылып, 

құдайдан  перзент  тілеп  жүргенде,  түс  көреді,  түсінде: 

“Құбыла жаққа жүре бер” деген әуез естиді. Шашты Әзіз 

жүріп  кетеді.  Жолшыбай  бір  кез  келіп,  тынығып  жатқан 

уақытта,  сол  бұлаққа  перінің  аққу  кебін  киген  үш  қызы 


62

ұшып келеді. Бұлар бұлақ басына қонып, кебіндерін шешіп, 

суға  шомылуға  айналғанда,  Шашты  Әзіз  келіп  кебіндерін 

алады. Үш қыз жалынып сұрайды. Әулие бермейді. Аяғында: 

“Таңдаған біреумізді алып, қалған екеуімізді босат” дейді. 

Шашты  Әзіз  үшеудің  кішісін,  Кенжекей  сұлуды  алып, 

қалғандарын қоя береді.

Пері  қызымен  ерлі-қатынды  кісі  болып  өмір  сүреді. 

Қыздың тиерде әулиеге айтқан шарты бар еді. Ол шарты: ба-

сыма, аяғыма, өкпеме қарама деген. Көпке шейін бұл шартқа 

шыдап жүрсе де, бір күндерде әлгі айтқан жерлеріне қарап 

қойып, өзге адамзаттан бітімі бөлек екенін көреді. Шашты Әзіз 

шартын орындамаған қыз мұны тастап ұшып кетеді. “Ішімде 

балаң бар, тоғыз жолдың торабынан тауып ал” дейді. Әулие 

іздеп жүріп, тауып алады. Сол бала Едіге болады.

Едігені өз әкесі тәрбиелемейді: бір кемпір-шалға беріп, 

кетіп  қалады.  Бала  ер  жетеді.  Қой  жайып  жүреді.  Қойшы 

болып жүрген уақытта, дауласып жүрген бірнеше адамдарға 

билік айтады. Үлкен билігі — бір түйе туралы айтқан билік. 

Баланың әділ, есті би екенін Тоқтамыс хан естиді

6

. Кемпір-



шалдың қолынан алып, өзі бала қылып, оң тізесіне отыр-

ғызады. Едіге ханның қасында отырып, әлденеше ірі билік 

айтады. Бір билігі даулы болған қыз бен жігітке айтқан билік. 

Баланың ақыл-көркі өзгеден артық болған соң ханның Данаби-

ке деген қатыны ғашық болады. Көңіл білдіреді. Едіге қабыл 

алмайды. Қатын кекті болады. Қастық қылуды ниет етеді. 

Ханым Тоқтамысқа: “Едіге түбінде тағыңды алады. Осы күнде 

өзіңнен мерейі үстем” дейді. Соның белгісін көрсету үшін 

кілемге ине шаншып қояды. Едіге сәлем беріп кіргенде, әлгі 

ине ханның киіміне барып шаншылады. Содан хан да Едігені 

дұшпан деп есептеп, ебін тауып өлтірмекші болады. Қатын екі 

күндей екі түрлі жаман ас береді. Едіге ол астың бірін тіліп-

тіліп ішеді де, екіншісін жан-жаққа шашып алып ішеді. Онысы 

— еліңді, ұлыңды оңды-солды тіліп билермін, қаныңды судай 

шашармын дегені. Содан кейін Едіге бөтен жаққа жүріп кетеді. 

Хан ақылшыларын жиып, кеңесіп, Едігенің кегінен қорқып, 

артынан қуғызып кісі жіберіп, шақыртады. Өзінің досы Кең 

Жаңбай келген соң, Едіге қайтып келеді. Бірақ Тоқтамыс көп 



63

кісімен жиналып отырып, мас қылып, өлтірмекші болады. 

Едіге ештеңені сезбей ішіп, мас болады. Сол уақытта Ағысын 

деген досы батырдың сары азбан деген атын ерттеп, дайындап 

тұрады. Едіге мініп қашады. Артынан қуған жауларды қазаға 

ұшыратып, қырып кетеді.

Осы  бетімен  келе  жатып  Басентейін  алып  деген  үлкен 

диюға кездеседі. Оның қолында тұрған перінің сұлу қызы 

болады. Едіге алыптың үйіне қызметкер болып тұрып, қызбен 

ғашық болысады. Екеуі ақыл құрып, айламен алыпты өлтіреді. 

Сонан кейін пері қызын қатын қылып алып, Сатемір ханға 

келеді


7

. Хан қадірлеп, құрмет көрсетеді. Бірақ бір уәзірінің 

қыздыруымен  Едігенің  қатынына  құмар  болып,  Едігені 

өлтіріп, қатынын өзі алуды ниет қылады. Алу үшін, уәзірдің 

ақылы бойынша, Едігені қиын сапарға жұмсап, сол жолда 

өлтірмекші болады.

Хан өтірік ауырады. “Қызыл гүл” деген дәрі керек болады. 

Ол дәрі Күл-күн дариясы мен Сынап дариясының арасында 

болады. Барған кісі өлу керек. Едіге іздеп жүрмекші болады. 

Қатынының  ақыл  кереметімен  аман  барып,  сау  қайтады. 

Қызыл гүлді алып келеді. Сонымен бірге тағы бір сұлу қыз 

олжасы болады.

Едіге өлмей қалған соң, уәзір мен хан екінші қулық ойлап 

тауып,  бір  қиын  сапарға  жібермекші  болады.  Ол  сапары: 

баяғыда өлген ханның әкесіне барып, содан хабар әкеп беру. 

Оған бару үшін, батырды отқа өртету керек. Едіге бұған да 

көнеді. Өрттің ішінен батырды пері қызы — қатыны келіп 

аман алып шығады. Әкеңнің хаты деп ханға тапсыру үшін, 

батырға пері сәлем хат береді. Хан бұған нанып, өзі барып 

қайтпақ болып, өрттің ішіне түсіп, күйіп өледі. Ханмен бірге 

қалған уәзірлері де өледі. Бұлардың артынан ханның елін 

Едіге билеп, хан болып тұрып қалады.



“Едіге  батыр”  әңгімесінің  мәнісі

Едіге ескі түрік жұртының тіршілігінде ел қамқоры: әрі 

жақсы би, жақсы батыр, әрі жақсы хан болса деп, барлық 

қиял, барлық жүрекпен тілеп жүрген заманның батыры.

Едігенің біз қарастырған әңгімесінде ескіліктен сақталған 

сарқыт қайсы? Онан соң бері заманда тізілген жамау қайсы? 

Соны айырып білу керек.


64

Ескілік: Едігенің жоғарыда айтқан туысында. Екінші, әрі 

би, әрі батыр болып жаралған сегіз қырлы жақсылығында. 

Онан соңғы әңгімедегі ескілік, сол замандағы түрік, моңғол 

хандығының  бірлігі  жоғалып,  берекесі  кеткен  қалпын 

білдіреді. Хандар, бектер ортасындағы бақ күндестіктің, бәс 

таластың белгісі бар. Іштен шіри бастаған әрекеттің, ұрыс-

жанжалдың көбін көрсетеді. Мысалы, Тоқтамыс пен Едігенің 

араздығы. Тоқтамыс пен Сатемірдің жаулығы. Бұл әңгіменің 

тарихқа жанасатын да жері бар. Тарихта болған Тоқтамыс, 

Ақсақ Темірдің жаулығының ізі бар.

Әңгімедегі  бұлардан  басқа  көрінетін  ескілік  Едігенің 

мінезінде.  Едіге  бұл  әңгімеде  анық  түрік  жұртының 

жақсысы,  қазақ  мінезді  жақсы.  Бұдан  көрінеу  жаулыққа, 

көрінеу қастыққа тез көрсететін қарсылық жоқ. Қуаныш пен 

қорқыныш, сүю мен жирену сияқты сезім билеген мінез жоқ. 

Ақылына билеткен, ішіне сыр сақтай білетін, кең сабырлы, 

қалталы батыр. Барлық сезімді ішке жиып, шын көңілін сыр-

тына тез шығармайтын, тартымды мінез қазақ елінің ескіден 

сүйген мінезі болатын. Едіге сол мінездің батыры.

Онан соң Едігенің билігінде де қазақтың сүйген әдеті бар. 

Ол: бидің тапқыштығы, өткір сезімділігі болатын. Бұрынғы 

қазақ  барлық  жақсысына  осы  сынмен  қарайтын.  Терең 

теңізділік,  әрі  ойшылдықты  тез  бағалай  алмай,  көбінесе, 

тапқыштық сияқты, іле сөйлейтін, отты шешендікті сүйген. 

Көсемдік, көрнектілік сол мінезден туу лайық сияқтанатын. 

Бұл турада да Едіге қазақ мінезді болады.

Осы айтылғандардан басқа әңгімелеріне келгенде, Едіге-

нің әуелгісі жыр ретінде айтылған үлкен сұлу әңгімесінің 

жоғалып, таусылып, көп өзгеріп кеткенін көреміз. Ташкенде 

басылған Едіге — қара сөзбен айтылған әңгіме. Қара сөзді 

әңгіме жадағай су сияқты, оны ит те, құс та жалайды. Ол 

сондықтан  әрбір  айтушы  оған  өз  ойына  сыйған  қошқар 

мүйіздің бәрін салған. Басқа ертегіден әкеліп жамау жамаған. 

Кейде жат жұрттың әңгімесінің де бояуын әкеліп жаққан. 

Өлең түрінде айтылмағандықтан, екінші кеш жинағандықтан 

біз  бұрынғы  уақытта  қымбат,  бағалы,  сұлу  болған  Едіге 

әңгімесінің жылқышының құрығындай сүйретумен таусылған, 

таусыншығын ғана ұстап қалып отырмыз.


65

Бұл әңгімеге өзге жұрт әңгімесінің ішінен кірген жаса-

улар  өлгенше  көп.  Оның  мысалы,  Тоқтамыс  қатынының 

Едігемен араз болуы. Бұл Шәкір-Шәкірәт сияқты әңгіменің 

қайтармасы

8

. Екінші, Едігенің екі қатынға бір баланы бөліп 



беретін билігі. Бұл Сүлеймен пайғамбардың билігі деп айты-

лады


9

. Сатемірдің Едігені қызыл гүлді іздетіп жіберетіні, алыс, 

қиын жолға жіберіп, сонымен өлтірмекші болатыны, аяғында 

сол ісінің жазасынан өзі өртке өртеніп өлетіні — түгелімен 

алғашқы әңгіменің, елдің ұмытып, тоздырып, жоғалтып алып, 

беріден,  араб,  парсы  ертегілерінен  қосымша  қылып  алған 

жамаулары. Бұларда, бірінші тарих Едігенің тарихы, Ақсақ 

Темірдің дәл халына ұқсайтын шындық жоқ. Екінші, өзге араб 

ертегілерінің иісі аңқып тұр.

“Қобыланды  батырдың”  қысқаша  әңгімесі

Қобыланды, алпыстағы Аналық, тоқсандағы Тоқтарбайдың 

әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, бала тілеп, тентіреп 

жүрген уақытта тапқан баласы. Батыр туысымен күн санап 

ер жетеді. Он жасқа жетпей тұрып, Көклан деген кемпірдің 

Құртқа деген қызын алады.

Құртқа ақылды, мінезді қатын болады. Батырға Тайбурыл 

деген тұлпарды асырап, жетілтіп береді. Сол кезде Қияттың 

Қараман бастаған қолы

10

 Қазанға аттанады. Құрдасы Қараман 



шақырған  соң,  Қобыланды  бірге  бармақшы  болады.  Әке, 

шеше,  қарындас,  қатын  болып,  “барма”  дейді.  Көнбеген 

соң  кетерінде,  “батырдың  жолын  оңғар”  деп  тілеу  тілеп, 

жылайды. Артында қалып бара жатқан үй ішіне батырдың 

айтатын сөзі:

Желі толған түйемді,

Сарысуға тапсырдым.

Тоғай толған жылқымды

Жасанған жауға тапсырдым.

Қора толған қойымды

Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі балғадай

Жас бөріге тапсырдым.

Тоқсандағы Тоқтарбай

Құдіретке тапсырдым,

Алпыстағы Аналық,

Бибі Фатимаға тапсырдым

11

.



Қарындасым Қарлығаш,

Қарашаш ханымға тапсырдым

12

Жан қосағым қыз Құртқа,



Балуан қызға тапсырдым.

Сендер төртеу, мен жалғыз,

Бір құдайға тапсырдым.

5–1248


66

Сол сөздерімен Қобыланды Қият қолының артынан жүріп 

кетеді. Бірақ атының әбден толатын күні жеткен жоқ еді. Соны 

тосып, жолда бөгеліп жатып алады. Қол ұзап кетеді. Күткен 

күні болған соң, Тайбурылмен батыр шабады. Тайбурылдың 

шабысы төрт аяқтының бәрінен бөлек, жат болады.

Астындағы Тайбурыл 

Қар суындай тасады.

Арандай аузын ашады, 

Құлан мен құлжаның,

Аяғын топ-топ басады. 

Ұзатпай алдын тосады.

Бір төбенің тозаңын 

Көл жағалай отырған,

Бір төбеге қосады. 

Көк құтан мен қарабай,

Жаңбырдай тері сіркіреп, 

Көтеріліп ұшқанша,

Жауған күндей күркіреп, 

Белінен кесе басады, —

дейді.

Осы жүрісімен батыр Қазанға келеді



13

. Қазанның дариясы-

нан атын секіртіп, ішіне кіргенде, алдынан жекпе-жекке Қазан 

деген әрі хан, әрі батыр шығады. Екеуі соғысады.

Әуелі тәуір сөйлесіп, 

Ырғай-ырғай салысты.

Артынан шайтан жабысты. 

Итерісіп тұрысты,

Шайтан емей немене 

Найза қанға майысты.

Ырғай сапты сүңгіні

Ақырында  Қобыланды  Қазанды  жеңіп,  ат  көтінен 

түсіріп, өлтіреді. Содан кейін Қазанның ішінде дайында-

лып тұрған қалың қолмен жалғыз соғысып, қырып, жеңіп 

шығады.  Қазан  қасын  Қият  қолы  келген  соң,  біржолата 

шауып, шаншып, олжалап алып болған соң, батырлар қайта 

қайтады. Жолшыбай Қобыланды мен Қараман Көбікті де-

ген ханның жылқысын ала кетпек болады. Далада жатқан 

қалың жылқыны алдарына салып айдап жөнеледі. Жылқыда 

Көбікті батырдың Тарлан ат деген аты болады. Сол жауды 

сезіп, қалаға қашып келеді. Көбікті жау келгенін біліп, атына 

мініп қуады. Бұл келген уақытта Қобыланды бір жайлы жер-

ге келіп, ұйықтап жатқан болады. Көбікті ұйықтап жатқан 

Қараман мен Қобыландыны байлап алып, қаласына алып 

келіп, зынданға салып тастайды. Көбіктінің Қарлыға деген 

қызы болады. Оның мұсылман болмақ ниеті бар екен. Екі 

батырды босатып алып, солармен қашпақшы болады. Бірақ 


67

әуелі екеуінің батырлығын сынайды. Зынданнан босатамын, 

“қашыңдар”  дейді.  Қараман  бұған  көнсе  де,  Қобыланды 

көнбейді.  Қашып,  пысып  кетпеймін,  еліңді  қырып,  шау-

ып  кетемін  дейді.  Қыз  батырға  ырза  болады.  Зынданнан 

ықтиярымен шықпаған соң, айламен шығармақшы болып, 

Тайбурылдың тіліне қыл бұрау салып, қинап шыңғыртады. 

Батыр  жаны  ашып,  долданып  зынданнан  атып  шығады. 

Сонан кейін қызды ертіп алып, Қараман үшеуі Көбіктінің 

жылқысын  тағы  алып  жөнеледі.  Көбікті  артынан  қуып 

жеткенде, Қарлыға әкесінің үстіндегі сауыттың оқ өтетін 

осал жерін айтады. Қобыланды сол тұсынан садақпен атып, 

Көбіктіні өлтіреді.

Сол бетпен жолда тағы бірталай қиындықты көріп, еліне 

жетсе, елдерін қалмақтың Алшағыр ханы шауып кеткен бо-

латын.


Жұрт-жұртқа Құртқаның көміп кеткен белгілеріне қарап 

отырып,  батыр  Алшағырдың  еліне  жетеді.  Бұл  кезде  әке, 

шешесі  құл  мен  күң  болып,  қарындасы  қызметші  болып, 

қатынын Алшағыр алғалы жатыр екен. Құртқа батырды күтіп, 

зарлап жүріп, ақылымен жарының келгенін сезеді.

Алшағыр  мен  Қобыланды  соғыс  салады.  Қобыландыға 

Қараман  мен  Қарлыға  серіктік  қылады.  Алшағырды  Қо-

быланды өлтіреді.

Бұл өлген соң, тағы да көп жекпе-жек болады. Ағанас деген 

батыр Қобыландыны алуға айналғанда, Қарлыға келіп, найза-

сын салып түсіріп кетеді. Бұдан соңғы қауіпті жау, Біршімбай 

деген  Қарлығаның  ағасы,  Көбіктінің  баласы  болады.  Оны 

Қарлыға алдап, айламен өлтіреді.

Қарлыға  батырларға  үлкен  достық  көрсетеді.  Басында 

Қарлығаны олжа қылған соң, Қобыланды Қараманға беріп 

еді.  Қарлыға  Алшағыр  ханның  Күнікей,  Тінікей  деген  екі 

сұлу қарындасын тұтқын қылып алып, соларды Қараманға 

беріп, өз басын олжадан босатып алып, Қобыландыға тиісті 

болады.  Қобыланды  Алшағырды  шауып,  елін  жебір-жесір 

қылып болған соң, әке, шеше, ел-жұртын бұрынғы жеріне 

алып қайтып, мұратына жетеді.


68

“Қобыланды”  әңгімесінің  мәнісі

Қазақтағы батырлар әңгімелерін басынан аяғына шейін 

анықтап, тексеріп қарағанда, бізге тіпті анық қылып тарих 

бетін  ашып  береді  демесек  те,  сол  ескі  тарих  көлемінде 

болған ірі мезгілдердің барлығында ұлы суретін нобайымен, 

тұспалмен  көрсеткендей  болады.  Рас,  біз  елдің  тарихын 

ылғи батырлар ертегісінен құрап, тізбейміз. Бірақ ел әуезінің 

ескілігі тарихқа қаншалық жәрдемші болатыны кімге болса 

да белгілі. Бұл туралы қазақ елінің ішінде сақталып қалған 

батырлар  әңгімелері,  бүгінгі  ел  әңгімесі  сияқты.  Ескілігін 

жоғалтқан түрік тұқымдарының барлығына да тарихтың жаңа 

бір бетін ашып бергендей болады.

Бұрынғы  түрік  тілдеріндегі  ескі  сөздерді  қарастырған 

Европа ғалымдарының, қазақ елінде ескі заманның сарқыты 

мен белгілері көп болу керек

14

 деген тұспалдары, батырлар 



әңгімесі сияқты, қазақтың ескі жыр, ескі өлеңдерінен аныққа 

шығып айқындалғандай болады.

Қазақ  ортасында  қалған  батырлар  әңгімелерінің  әрқай-

сысының ішінде тарих ауданына сиярлық шындық қайсы, 

тарих оқиғаларынан қалған із, сүрлеу қайсы, әрбір әңгімеде 

ел  мінезі,  ел  қиялы,  ұғымы,  бірлік  әңгімесінде  қаншалық 

дәрежеде күшейіп, қаншалық қалыпқа шейін жетті. Соның 

бәрі көрінетін жерлер аз емес.

Ел есінде сақталып келген, батырлардың ішінде болған 

адамнан тарайтын әңгімесі де болады. Кейде жалғыз ғана 

ел қиялының өзі туғызатын да батыр болады. Қобыландыны 

әуелі осы жағынан қарастыралық.

Орынбор  архив  комиссиясының  мағлұматы  бойын-

ша Елек қорғанынан Ойылға қарай жүретін қара жолдың 

үстінде

15

,  Қобыланды  деген  бекет  бар.  Соның  жанында, 



Қобыланды ның бейіті деген бейіт бар дейді. Сол маңайдың 

қазағы  Қобылан ды  жайынан  ескілікті  әңгіме  айтады.  Бұл 

Қобыландының  болған  адам  екеніне  бір  дәлел.  Екінші, 

Шәкәрім  ақсақалдың  шежіресінде

16

,  ескіліктен  қалған 



әңгіменің ретінде Қобыланды батыр Жәнібек пен Әбілқайыр 

ханның  тұстасы  делінеді

17

;  қыпшақтың  Әбілқайырға  жа-



ғымды, әрі басты адамы, әрі қадір ленген батыры болады. 

Әбілқайырға  Қобыландымен  қадірі  тең  түсіп  жүретін 



69

арғын  Дайырқожа  деген  ел  жақсысы  болады.  Қобыланды 

мен Дайырқожа кектесіп жүргенде далада кездесіп, батыр 

Дайырқожаны өлтіріп кетеді.

Әбілқайыр  Қобыландыны  беруге  қыпшақтың  нара-

зылығынан қорқып, шыдай алмайды. Үш кісінің құнын алып 

біт дегенге арғын тоқтамайды. Сонымен ноғайлыдан кейінгі 

заманда қазақ бірлігіне кірген рулардың көпшілігі айырылды.

Жоғарыдағы ноғайлы мен қазақ айырылардағы өлең осы 

тұста айтылады. Қобыланды өлтірген Дайырқожаның әкесі — 

Қыдан  тайшы,  Қыдан  деген  өлеңші  болады.  Ел  аузында 

сақталып қалған ескіліктің бірінде сол Қыдан ақын айтқан 

өлеңі деп мына өлең айтылады:

Қара қыпшақ Қобыландыда

Нең бар еді, құлыным?

Сексен асып, таянғанда тоқсанға,

Тұралмастай үзілді ме жұлыным.

Адасқанын жолға салдың

Бұл ноғайлы елінің.

Аққан бұлақ, жанға шырақ

Жалғыз күнде құрыдың!

Қара қыпшақ Қобыландыда

Нең бар еді, құлыным! —

деген.


Бұл сияқты ескілікті сөздер Қара Қыпшақ Қобыландының 

болған адам екенін анық, айқын білдіргендей болады.

Затында  қазақ  ескілігіне  кіретін  әңгімелерінің  көпші-

лігіндегі  батырлар,  ылғи  елдің  қиялы  туғыза  берген  адам 

емес, көбінесе болған адамдардан туатын сияқты. Жалғыз-

ақ ел қиялының көтеріп, ірілетіп әуелгі пішіннен өзгертіп, 

өңдеп  әкететіні  бар.  Біз  көрген  балалар  әңгімелері  де  сол 

қалыпты. Қобыланды әңгімесі ел қиялының сондайлық қылып 

көтерген, келістіріп суреттеп, шеберлеп әңгімелеген сөзінің 

бірі. Шеберлеп әңгімелегені, барлық батыр әңгімесінің ішіне 

кіретін адамдардың мінезін, қалпын толық қылып шығарудан, 

батыр жорығын сұлу қылып жырлауынан білінеді. Онан соң 

батыр пішініне ел мінезін сиғызып, ел тілегі мен үмітін батыр 

өмірінің көлеміне шеберлеп сыйғызғаннан білінеді.



70

Қобыланды әңгімесінің әңгімелік жолындағы маңызын, 

бағасын айтудан бұрын әңгіме тарих ауданына қарағанда қай 

мезгілде, қандай тарихи оқиғалардың салдарынан туғанын 

айтайық.

Жоғарыда Дайырқожаның өлімі үстінде айтылған өлең Әз 

Жәнібек, Әбілқайыр ханның заманында ноғайлы қазақ бірлігі-

нің тұсында болған делінеді. Қобыланды ол заманның адамы 

болса, онда XV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген болады. Біз 

қазіргі заманда Қобыландыны, не арғы, не бергі замандікі деп 

дауласпақшы емеспіз. Әдебиет тарихының көзімен қарағанда, 

біздің алдымыздағы тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, 

соны тексеріп қарау, елдің есінде ескіден сақталып қалған 

әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру.

Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан 

басталады.

Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. 

Қобыландының батырлық әңгімесі ел өлеңінде, осы оқиғаның 

айналасында болады. Біз ел әңгімесінің осы жерін, тарихтың 

қай кезіне келетінін тексермекшіміз.

Әңгімеде Қобыланды Қазан қаласымен соғысады екен. 

Осы әңгімедегі аталған Қазан қай Қазан? Бізше, бұл бұрынғы 

Қазан хандығының астанасы болған, бүгіндегі Еділ бойындағы 

Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді.

Қобыланды  аттанып  барған  Қазан  екі  қала  екен  дейді. 

Бірі — сырлы Қазан, екіншісі — қара Қазан, бүгінгі Қазан 

қаласы  XIV—XV  ғасырлардың  шекарасында  екі  жерде 

болғаны рас. Әуелгі Қазан XIV ғасырдың аяқ кезінде әулие 

“Ғизан” деген судың құятын жерінде Балғардан шыққан Ал-

тынбек, Қалымбек салған қала болады. Алтынбек, Қалымбек 

Балғардың Құбайдолла ханының баласы; бұның елдігін Ақсақ 

Темір ойрандап, өзіне қаратып алғанда ханның екі баласы 

Еділді өрлеп кетіп, жоғарғы Қазан қаласын салған. Артынан, 

XV ғасырдың бас кезінде Алтын ордадан бөлінген бірнеше 

рулар келіп, Еділ бойының хандығын жасайды. Оның аста-

насы Қазан қаласы болады. Бірақ бұлардың тұсында Қазан 

қаласы  бұрынғы  ескі  Қазаннан  7  шақырым  төмен  жерден 

салынады.  Кейінгі  уақытта  Қазан  хандығының  астанасы 



71

да  сол  болады.  Мөлшермен  есептегенде,  Қазан  хандығы 

1430 жыл дардан 1552 жылға шейін еркін өмір сүрген. Өзгеден 

елдігі, іргесі бөлек бір хандық болады. Өз бетімен еркін өмір 

сүріп тұрғанда Қазанда 14 хан болған. Алғашқысы Мақымет, 

соңғысы 1552 жылы орыстың Иван Грозныйы Қазан қаласын 

алған уақытта хан болып тұрған Ядігер (Жәдігер)

18

.



Бұл екі арада болған 14 ханның ішінде біздің әңгімеде 

аталған  Қазан  деген  хан  жоқ.  Бұл  атты,  Қазан  қаласының 

атына ұйқастырып, елдің өз қиялы қосқан болуға керек.

Біздің ел әңгімесіне қарағанда, Қобыланды батыр Қазан 

хандығының  құлайтын  мезгілінен  көп  бұрын  өлген  адам 

болады. Бірақ әңгіме Қобыландыны Қазанға аттандырады, 

Қазандағы кәпірмен соғыстырады.

Бұл әңгімені туғызған себеп не? Соған келейік. Ел әңгімесі, 

ел қиялы тарихтың пәлен жылмен, пәлен жыл арасындағы 

уақиға деп санайтын өлшеуінен бірде ілгері, бірде кейін кетіп 

отырады, тарихқа дәл болып өткен мезгілді ел әңгімесінің 

кейде білмей шатастыратыны да болады. Кейде әдейі біле 

тұра бір сүйген мезгіліне, не есінде ұмытылмастай болып 

нық орнап қалған тарихи уақиғаның тұсына ертеде болған 

уақиғаны, кейінгі заманда болған уақиғаны да түгелімен алып 

келіп, бір жерге басын қосып, үйіп-төгіп қоятыны да болады.

Сондықтан көп жұрттың ескілікті әңгімелері, белгілі бір 

хан мен патшаның айналасына жиналады. Кейде бір үлкен 

тарихи дәуірге әкеліп жиып қояды. Орыс жұртының батырлар 

ескілігінің барлығы ”Қызыл күндей Владимирдің” айналасы-

на жиналғаны сияқты

19

. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме-



ертегісінің  Арон  Рашит  айналасына  жиналғаны  сияқты

20



Бергі  заманда  көп  елдікке  бөлінген  түрік  жұрттарының 

сондай дәуірі Алтын орданың кезі болады. Өзге елдерден 

іргесін бөлек қылып алып шыққанда қазақ ескілігінің көбі Әз 

Жәнібек ханның тұсында болады. Міне, осы сияқты жалпы 

тарих шеңберінен бөлініп, үзіліп шыққан бір мезгілі. Өзінің 

тұсына бұрынғы-соңғы замандардан болған ірі уақиғаларды, 

ірі батыр-бағыландарды түгелімен жинап алатыны болады. 

Оны жинайтын ел қиялы. Қобыландыны Қазан хандығының 

тұстасы болғанда осы сияқты ел қиялының жылжытуымен 


72

келген. Енді Қобыландыны Қазан қаласының тұстасы қылып, 

Қазан қаласына аттандырған себеп не, соған келейік. Бұған 

себеп болған: Қазан хандығының оңалмастай болып құлап, 

артқы күндері естен кетпестей өкінішпен біткендігінен. Қазан 

хаңдығы құлағанда, жалғыз сол хандықтың ішіне кірген рулар 

ғана күйрелген жоқ, бұрынғы Алтын орда кезінен ескі бірлік, 

ескі елдікті ұмытпай, соның заманын арман қылып, көксеп 

жүрген ұсақ рулардың барлығына да Қазан қаласының алынуы 

қозғау салған. Бұлардың арасын жамастырған саяси бірлік 

Алтын орда құлауымен бірге жоғалса да, тілек бірлігі жоғалған 

жоқ па. Және бұрынғы іргесі күшті ел еріген қардай таусыла 

бастаған уақытта, күн батыстан өсіп, ұлғайып, ызғарлы болып, 

қабағын түйіп келе жатқан бір күпі болады. Ол орыс елдігі, бұл 

бұрын бағынуда болған жұрт болса, қазірде өзі бағындыратын, 

өзі күш көрсететін дәрежеге келіп қалған. Сол кезде Алтын 

орданың орнын басқандай болып жау бетіне қарсы қойған 

тіреу, іштегі сенім Қазан хандығы болатын. Сол Қазан 1552 

жылы  Иван  Грозныйдың  қолынан  жеңіліп  құлайды,  оның 

құлауынан үлкен бір дерт Қазанның ақырғы ханы Ядігердің 

қайғысы болады.

Қазан қаласын орыс әскері соңғы рет нық басып, жеңіп 

алған  жолында  қайтып  көтеріліс,  ереуіл  жасамасын  деп 

Ядігерді кепілге алып кеткен. Ядігер бірталай заман Мәскеу 

тұтқыны болып тұрады. Қазанның халқы Иваннан әлденеше 

рет кісі жіберіп босат деп сұрайды. Ядігер босатылмайды. 

Ақырында  Ядігер  митраполит  (дін  басы)  арқылы  Иванға 

шоқынған ниетін білдіреді. Ядігер мұсылман дінін тастап хри-

стиан болады. Бұл уақиғаның артынан Ядігер қадірлі князьдің 

бірі болады. Иван өзінің қадірлі бояр (мырзаларының) ішінен 

Кутузовтың Мария деген қызын Ядігерге некелеп қосып, той-

ын барлық Мәскеудегі ақсүйек пен ұлыққа тегіс тойлатады. 

Ядігердің шоқынғанын білмей, Қазан елі бұрынғысынша тағы 

бірнешс рет сұраған соң, ақырында Иван Ядігердің Қазанға 

бөтен адам болып кеткенін білдіреді. Басына тас тигендей 

шатасқан  Қазан  елі,  әлгі  хабарды  естіген  соң  Ядігердің 

үстіндегі хан көйлегі деген темір сауытты сұратады. Міне, 

Қазан хандығының құлауы осы сияқты халдермен бітеді.



73

Бұрынғы  ескі  биліктің  тілеуінде  жүрген  рулардың 

барлығына бұл уақиға оңай тимейді. Сондықтан ел көңілінен 

бұл неден, кімнен болды? Пәленшелерден болса, бұл уақиға 

болмас еді-ау деген сияқты арман шығады. Сол арман Қазан 

хандығы құлайтын кезде болған жақсылар мен батырларды 

түгелімен Қазанды кәпір қолынан құтқаруға аттандырады. 

Қазан құлайтын заманның өзінде болған батыр Нәрік ұлы 

Шора өледі

21

. Бұл тарихта белгілі адам.



Қазанның  орыс  әскерімен  тартысып  жүрген  уақыттағы 

елеулі адамының бірі осы Шора болады. Ел әңгімесі мұны 

Қырымнан аттандырады. Елдің сол сияқты көңіліне жиылған 

арманы мен өкініші Қобыландыны да осы заманға алып келіп, 

Қазанға жорыққа аттандырады. Ел әңгімесіндегі Қобыланды 

Қазанның өз бетімен елдік құрып отырған хандығына қарсы 

аттанған  емес.  Бұл  Қазан  қаласын  алған,  Қазан  елдігін 

құлатқан  жауы,  кәпірге  қарсы  аттанған  жорық.  Әңгімеде 

қазақтың ішіндегі жауды ылғи кәпір деп отырады.

Жау кәпір, бірақ дәл қай жұрттан шыққан, қай ел, оны бері 

келгенде ел әңгімесі ұмытып қалған. Сондықтан әңгіменің бір 

жерінде Қазандағы жау қалмақ, бір жерінде қызыл бас, тағы 

бір кезде қырғыз болады

22

. Бір әңгіменің ішінде әлденеше 



елдің атын атаудың өзінен шын жаудың аты ұмытылғандығын 

көрсетеді. Бергі кезде айтушы ел түпкі жаудың аты-жөнін 

ұмытқан соң өздерінің күнін көріп, күнде алысып жүретін 

дағдылы,  мәлім  жауларының  атын  қоя  салған.  Қырғызды, 

қалмақты  қосу  бергі  замандағы  қазақ  елдігінің  жауларын 

қосқаны  болады.  Ел  әңгімесінің  мұндай  кезде  дәл  атын 

ұмытып, өзі білген жау атын қоса салатыны бізге батырлар 

әңгімесінен мәлім. Мысалы, Нәрік ұлы Шораның әңгімесі 

өлең тілмен жазылғандықтан, оның Қазандағы жауы анық 

орыс  болады.  Сол  әңгіменің  өлең  емес  қара  сөз  күйінде 

сақталып келген қайталамасы — “Шора батыр” әңгімесінде 

Қазандағы  жау  Қобыланды  әңгімесіндей  қалмақ  болып 

шығады.

Міне, осы сияқты салыстырған сөздерге қарағанда, Қобы-



ландыны  өз  тұсында  болмаған  Қазан  қаласына  ел  қиялы 

аттандырса, белгілі, арнаулы тарихи уақиғалардың себебімен 

аттандыруға керек. Тарихи себеппен аттандырса өліп қалған 


74

Қобыландыны қыпшақтың өзінің хандығы сияқты болған 

Қазан хандығын құлатуға аттандыру керек емес. Одан гөрі 

бергі  заманда  болған  1552  жылдағы  уақиғаның  салдары-

нан орысқа қарсы аттандыру әлдеқайда орынды, қисынды 

болады.  Сондықтан  бізде  Қобыландыны  Иван  Грозный 

қолынан Қазан қаласын құтқаруға аттанған десек, өрескел 

терістікке ұшыраған болмаспыз деймін. Осы ретпен шыққан 

Қобыланды қандай мінезді, қандайлық жаратылысты батыр, 

енді соған келейік.

Қобыланды да қазақтың ұлы батырларының бірі. Ұлылық 

бұның ерекше туысында, ел жақсысы туысы туралы өзінің нық 

орнаған көзқарасынан айырылмайды. Ел қиялы бір сүйген 

түрінен ауыспайды да, адаспайды. Сондықтан Қобыланды 

ерекше туыспен туады. Бұның жаратылысында әулиемен пір 

араластырып, ерекше туғызады.

Қобыландының алғашқы жорығы Қазан қаласына аттану-

мен басталады. Әңгіме Қобыландының Қазанды шауып, еге-

скен жауын жеңіп, жолдағы еске алған жауларына жолшыбай 

шабуыл жасап, содан қайтып келгенде өз елінде болып қалған 

ірі уақиғаға кездесіп, елін шапқан қалмақтың Алшағыр деген 

батыры мен соның елін шауып, кегін алумен бітеді.

Бұл  уақиғалар  бірінің  артынан  бірі  тізіліп  келетін  ұзақ 

әңгіме болса да, барлығы Қобыландының алғашқы батырлығы 

басталып, алғашқы батырлық жолындағы көрсеткен өзгеше 

қайратын жыр қылып, әңгіме қылумен тоқталады.

Қобыланды  бұл  әңгімеде  ел  қорғаны  болған,  елінің 

мақтаны, айбыны болған батыр.

Қобыландының батырлық мінезін, батырлық туысын ел 

әңгімесі өзінше толық қылып, батырдың бүтін пішінін жасап 

шығарғандай болады.

Қобыланды  алғашқы  жорығының  өзінде  алыстан  тоят 

іздейді. Ежелден кекті болған алыстағы мықты жауға атта-

нады. Жауға аттанарда қарындасымен, Құртқамен қоштасқан 

сөзінде  өзін-өзі  қайраттандырып,  жауландырып,  шын  ба-

тырдың тасқындаған ірі сөзімен жауап қайырады.

Қора толған қойымды 

Жас бөріге тапсырдым.

Аш бөріге тапсырдым. 

Тоғай толған жылқымды

Азу тісі балғадай 

Жасанған жауға тапсырдым, —



75

деген  сияқты  желпінген  сөздер  шын  батыр  аузынан  ғана 

шығатын сөздер. Қобыланды барлық әдетінде ірі батыр әдетін 

істейді. Ол жалғыз жүріп, шабуылды жалғыз жасайды. Қауіпті 

жау ішінде болса да, еркімен ұйықтап, салғырт жүреді.

Қобыланды әйел тілін алмайды. Әйел тілін алу қанша-

лық жақсы, адал дос болса да, азғанымен бір есеп деп біледі. 

Сондықтан әйел көмегін алғысы келмейді. Дұшпаннан ра-

қым күтпейді, тілемейді. Дұшпанның жақсылық, аянышын 

алғысы келмейді. Дұшпаннан дұшпандық қана күту керек, 

дұшпандығына қайратпен ғана жауап қайыру керек деп біледі.

Көбіктінің қызы Қарлығаның істемек болған көмегін, беріп 

тұрған бостандығын сол себепті алмайды. Құртқаның болжал 

қылып “еліңді жау шауып, әке-шешең құл мен күң болып, бізді 

ерегескен жаудың мықтысы әкеткен заманда келерсің” деген 

сөзі Қобыландыға тоқтау болмайды.

Қобыланды  жорықта  олжа  үшін  жүрген,  дүние  қуған 

батыр емес. Ол жақсылық атау үшін жүрген батыр, айбын 

үшін жүрген ұл. Сондықтан жорық жолында не кез келсе де 

бағасына, ажарына қарамайды. Олжа — деген жолдастың бар 

тілегін алып отырады. Сол себепті Қараман Қобыландының 

үнін тілеп, өзінікі болмақты іздеген Қарлығаны олжа деп алып 

кетеді. Барлық жолда олжасы да Қият қолы мен Қараманда 

болады. Қобыланды елдің қиял қылған батыры.

Бұл  өз  руының  мақтаны.  Елінің  қорғаны:  жауынгерлік 

тыныштығы жоқ заманда жағалай шабыс, құба қалмақ за-

маны сияқты аума-төкпе заманда амандықты, тыныштықты 

тілеген  ел  батырды  қиял  қылған.  Сондағы  тілеген,  қиял 

қылған батыры Қобыланды. Бұл серікке қол алмайды. Елге 

ауыртпалық  түсірмейді.  Елдің  құр  ғана  қорғаны  емес,  өзі 

ізденеді. Жақындағы түгіл, алыстағы жаудан да ізденіп барып 

өшін алады.

Қобыландының бір басында әрі басшы батырдың, әрі ар-

тынан ерген қолдың да міндеті бар.

Қобыланды  сияқты  батыры,  айдыны  болған  заманда 

қыпшақ елін аларлық жау жоқ. Алса қапыда алады. Қобыланды 

жоқта, қамсызда, бейбітте алады. Бірақ Қобыланды тұрғанда 

елге өлім жоқ. Ел тіршілігін сақтаушы бар.



76

Қобыландыдан  соңғы  әңгімедегі  екінші  орын  алатын 

Құртқа. Құртқа Қобыланды сияқты ерекше туған, батырдың 

теңі болып туған, көңілдегідей жақсы жары, онда адал жарға 

лайықты шыдам бар.

Тоқтаулы мінезділіктен басқа жарын сыйлаған кең сабыр 

бар. Ол тілеуі дұрыс. Барлық ойы, барлық ниетімен жар жо-

лына басын сарп қылған жолдас; сондықтан Қобыландының 

келешегін  ойлаған  болжал  айтады.  Қобыландының  үйде 

отырған есі, ақылы Құртқа. Қобыланды қайрат иесі болғанда, 

Құртқа  ақыл,  ой  иесі.  Екі  жартыдан,  екі  жақсы  сыпаттан 

құралған, жарастықты бір бүтін өмір бұл екеуінің біріккен 

өмірі  болады.  Құртқаның  өз  басына  арналған  тілегі  мен 

ойы  жоқ.  Сол  Қобыландының  өміріне  тілеу  мен  қызметін 

қосып жіберген жан. Сондықтан тұспал айтудан басқа түс 

те  көреді.  Түсінде  Қобыландыны  тауып  отырады.  Құртқа, 

елдің Қобыланды сияқты батырға қиял қылып қосқан жары

көбінесе  Құртқа  Қобыландыдан  есті,  тартымды  болады. 

Қызметі Қобыландыға Тайбурылды асырап, жетілтіп, жолдас 

қылып беру, бұл Құртқаның өзіне мақсат қылған жұмысы. 

Тайбурыл Қобыландының Құртқадан соңғы серігі, жолдасы. 

Тайбурыл көшпелі елдің батырына арналған ат. Көшпелі елдің 

қысылғанда сенім қылатын “қыл құйрықты жел жетпес” есті 

серігі. Жорыққа сапарға шыққанда артта қалған елден де, 

үйден де пайдасы артық тиетін жалғыз сүйеніші, сенімі, аты 

болады; сондықтан ол ат құр ғана мінгіш, құр ғана жүйрік, 

берік болудан басқа есті де болу керек. Сондықтан Тайбурыл 

керекті жерінде тіл бітіп, сөйлеп те кетеді. Көтерген қиял 

Тайбурылды өзге малдан жат, ірілетіп әкетеді. Тайбурылдың 

бұлай болуына Құртқаның тәрбиесі себеп болады.

Құртқа Тайбурылды баласындай тәрбиелейді. Батырдың 

аты  өзгеден  өзгеше  тәрбие  көрген,  Құртқа  тәрбиесінен 

шыққан. Сондықтан өзгеден жат іс көрсетеді.

Қобыланды әңгімесі басында шыны жақын болған, бір 

уақиғаның сарынынан туған әңгіме дедік. Бұл Қобыланды 

әңгімесінің ескіден келе жатқан негізі. Бұл әңгіме жалғыз 

қазақ әңгімесі емес, әуелгі қалыпта, жалпы түрік әңгімесі 

болуға  тиіс.  Мына  әңгіме  содан  қалған  қазақ  ішіндегі 

сарқындысы.  Бірақ  әңгіме  көп  заманнан  келе  жатқан  ескі 


77

әңгіме болғандықтан, бергі жерде қосылған жамаулар көп. 

Жамау жалғыз әңгімеде емес, әсіресе көп айтушының аузынан 

өткендіктен. Әрбір заманның ескілікті, жаңалықты сөздері 

сияқты қоспаны да көп сіңірген.

Әңгімеге  қосылған  қоспалар  жаулардың  аттарын  сана-

уда  бергі  заманда  Қазанға  Қобыланды  іздеп  барған  нағыз 

жауының аттарын ұмыттырып, қазақтың өзі көріп жүрген 

қырғыз, қалмақ сияқты елдер кірген. Солармен ауысқан, оның 

үстіне анда-санда қызыл бас атының араласатыны да бар. Бұл 

тіпті бергі, күшейген мұсылмандық сарыннан жұққан тат.

Сыртқы сөзіндегі әріден келе жатқан “Айыр қалпақ, жез 

телпек”  сияқты  ескілікпен  қатар  бергі  уақыттың  порымы, 

аршындап, “сұқары” деген сияқты орыстан кірген сөздері 

де көп. Бұл сияқты ала сөздер ескі заман мен жаңа заман 

айтушыларын араластырып, жыр мен әңгіменің көп ауыздан 

өткендігін білдіреді.

Қобыланды  өлеңі,  ескі  қазақ  әдебиетінде  үлкен,  елеулі 

орын алатын жырдың бірі. Бұның өлеңі күшті ақындықпен, 

шалымды қиялмен жазылған өлең. Жырдағы Қобыландының 

үй  ішімен  қоштасуы,  Тайбурылдың  шабысы,  Қазан  мен 

Қобыландының  айтысы  сияқты  өлеңдер  “Қобыландыны” 

соңғы,  түзеп  айтқан  Марабай  сияқты  ақынның

23

  үлкен 



ақындық қуатын білдіреді. Бұл сөздер, төселген жүйріктей 

толғаулы ақынды танытады. Қиялы бай, суреті көп, сезімі 

күшті ақынды көзге көрсетеді.

Бұл турада Қобыланды жырының тілі әдебиеттің соңғы 

замандағы кестелі шебер түрінен қалыспайтын ырғақты жер-

лерін айқын білдіреді. Қобыландының жыршысы сыпаттау 

сөздерінің барлығын салыстырған суретпен айтады. Көтеріп 

сөйлеген суреттерінің өзінде де көңілге қанықтығы, толғану 

реті еріксіз иландырғандай болады. Қобыланды жыры ескі 

жырлар үлгісімен жазылғандықтан, барлық өлеңі әнге өлшеніп 

айтылған. Сондықтан қандай оқушы оқыса да, желдіртіп ала 

жөнеліп тұратын желпінген өкпесі білініп тұрады.

Тыңдаушының көз алдына шаңын боратып, әндетіп, суы-

рылып алып келе жатқан домбырамен айтатын ескі ақынды 

елестеткендей болады.


78

Бұл  Қобыланды  жырының  айырықша  бір  бағасы.  Ескі 

әңгімені  ескі  жыр  сарынынан  аудармай,  сұлу  қылып  айта 

білген ақынның шеберлігіне куәлік береді.

Қобыланды  өлеңіндегі  ақындық  суреттері,  жалпы 

қазақ ескілігіндегі барлық суреттеу сөздерге толық мысал, 

солардың нағыз өз үлесі. Олай болса, қазақ әдебиетін жалғыз 

сурет жағынан алсақ бұрын, Еуропаның барлық күн шығыс 

ақындығына  жауып  жүрген  бір  жаласы  теріске  шығады. 

Күн батыс сыншылары: “Барлық Азияның ақындық суреті 

ылғи алыстан, үлкеннен алған мысалмен келеді. Көпіртпей, 

аспандатпай салыстыра алмайды” дейді. Ондағысы сұлуды 

ай, жұлдызбен, жақсылықты аспанмен, күнмен, құдайшылық 

сыпатымен, діндарлық нанымымен айтқан суреттерді айтады. 

Қобыланды  жырындағы  суреттер  ол  күйден  аман.  Бұның 

суреті — өмір суреті. Әркімнің көз алдында көрініп жүрген 

һалдан алған сурет. Бірақ ауаны үлкен, шұбарланған, түбі 

мол сурет.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал