Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет6/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

“Ер  Тарғынның”  қысқаша әңгімесі

Тарғын өз елінде кісі өлтіріп, қылмысты болып, Ақшахан 

деген Қырым ханының қолына келеді. Сонда бірталай заман 

белгісіз кісі болып тұрады. Ақырында, бір кезде Ақшахан он 

сан оймауыт, тоғыз сан торғауытпен соғысқа шығады. Сол 

соғыста Тарғын батырдың қуатымен жауды жеңеді. Тарғынды 

әскер басы қояды. Ақшаханның Ақжүніс деген сұлу қызы 

бар еді:


Шашын талдап тараған, 

Терісінен айырған

Билер мінген бедеудей 

Арпа, бидай ақ ұндай,

Бауырынан жараған. 

Қасы жайдай керілген.

Бет ажарын қарасаң, 

Кірпігі оқтай тігілген,

Жазғы түскен сағымдай 

Бұралып белі бүгілген.

Ет ажарын қарасаң,

Сол қыз Тарғынға ғашық болады. Тарғынды таңдағанда 

хан  тұқымына  да,  басқа  сұлуға  да  тимеймін,  жұрттың 

бәрінен бағы асып жүрген батырға тиемін деп таңдап алған. 

Тарғын осы Ақжүністі алып қашады. Хан қызына ашуланып, 

сол қызды кім қуып жетіп, Тарғыннан айырып алып қалса, 

сол алсын дейді.


79

Көп қол жабыла қуады, бірақ бәрі бірдей жете алмайды, жа-

рымы жолдан қайтады. Қол ішінен бір-ақ адам бөлініп шығып, 

жеке қуады. Ол Қожақ деген қарт батыр болады. Қожақ қуып 

жетіп, қызды айырып алғалы келдім дегенде, Тарғын:

Асу-асу бел едім, 

Менен қызды алғандай

Асудан соққан жел едім! 

Өзің қандай, мен қандай?

Жолдасымды бергендей 

Айт жөнінді, кім едің? —

Қай батырдан кем едім?

дейді.

Сонда Қартқожақтың жауабы:



Мен мен дүрмін, мен дүрмін!

Мен де өзіндей кен дүрмін!

Менің жөнім сұрасаң:

Қырық сан Қырым елінде,

Ал асыл жөкер белінде,

Арғы атам ер Күлік,

Өзім әкем Қоянақ,

Қоянақ ұлы Қартқожақ,

Оза шауып олжа алған,

Таласты жерде жолды алған,

Ортадан ойып жол салған,

Қартқожақ деген ер едім, —

дейді.

Осы сөздерден соң екеуі жекпе-жекке шығысады. Әуелгі 



кезек Қожақтікі болады. Қожақ батырды қимай, өзін атпай, 

тоқал оқпен қорамсағын атады.

Тарғын  мұны  сезбей,  кезек  келгенде  Қожақты  өлтіре 

атпақшы  болады.  Содан  кейін  Қожақ  өзінің  аяп  атқанын 

айтып,  қайта  атамын  дейді.  Тарғын  жеңіледі.  Сондықтан 

қызды тастап, жүріп кетеді. Қожақ Ақжүністің қасына келіп: 

“Түріңді көрсет! Ұнатсам алам, ұнатпасам тастаймын”, — 

дейді. Сондағы Ақжүністің сөзі:

Ай, Қартқожақ, Қартқожақ! 

Домалаған қоян бар,

Атың басын тарт, Қожақ! 

Қоянды көр де, жоным көр!

Бұхар барсаң қолаң бар 

Қара жерге қар жауар,

Қолаңды көр де, шашым көр! 

Қарды көр де, етім көр!

Алтыннан соққан түйме бар! 

Қар үстіне қан тамар,

Түймені көр де, басым көр! 

Қанды көр де, бетім көр! —

Тоғайға барсаң, тоғайда

дейді.


80

Осы сөздерінен кейін Қартқожақтың өзі кім екенін айта-

ды. Оның бес жасынан бергі батырлық, ерлік өмірін айтып 

келіп, қазіргі күнде, қартайып, қызық, ажардан айырылғанын 

айтады да:

Алпыс беске келгенде, 

Өлтірсең де тимеймін!

Сақал-мұртың қуарып, 

Теңдік берсең, сүймеймін!

Бойға біткен тамырың 

Бұрын батыр болсаң да,

Бәрі бірдей суалып, 

Сенің басың бұл күнде,

Алайын деп тұрмысың

Жерде жатқан қу тезек! —

Мені көріп қуанып?

дейді.

Бұл сөзді естіген соң Қожақ ойға түсіп, қызды батырдың 



өзіне қосып, қайтып кетеді. Тарғын Ақжүністі алып, Еділ 

бойының  Қанзада  деген  ханына  келеді.  Бұл  ел  батырды 

құрметтеп қарсы алады. Қанзада Шаған-шудың бойындағы 

қалмақпен жау болады. Соларды жерінен қуып, бізге Шағанды 

әпер деп, Тарғынға өтініш істейді

24

. Тарғын аттанып барып, 



қалмақты жеңіп, қашырады.

Бірақ сол жолда ағаш басына шығып, қарауыл қараймын 

деп, құлап жығылып, белі шығады. Көп уақыт емдегенге жа-

зылмайды. Сонан соң хан Ақжүніспен екеуін жұртына тастап, 

көшіп кетеді. Көп бейнет шегіп, қайғы жеп зарығып жатады, 

белі жазылмайды. Өткен күннің арманын айтады. Ақжүніске 

де  байының  дерті  батады.  Намысын  қоздырып,  жігерін 

қайнатады. Сол ниетпен батырды да жігерлендірмек болып:

Қарақа сияр тасына 

Ерінбей жортып, о дүние!

Қарауыл қоймай қонған ер; 

Бас-аяғын көрген жер.

Шын ниетпен тілесең, 

Ерлігіңде жаман жоқ.

Қайда кетер тілегің? 

Ағаштан белі мертігіп,

Тәңір тілек берген ер. 

Жаман қара құлдарша,

Баданаңды бөктеріп. 

Қорлықпенен өлген ер.

Жаттан жолдас ерітіп, 

Қай батырдан кем едің?

Еділ, Жайық екі су, 

Өлерде болдың қара жер! —

дейді.

Осы  сөздерден  соң  Тарғын  жігерленіп,  белін  өз  қолы- 



мен  басып  қалып  орнына  түсіріп,  жазылып  алады.  Содан 

81

кейін  Тарғын  өз  елін  таппақ  болып  ойға  түседі.  Бірақ, 

Ақжүніс: “Кешегі жұртына тастап кеткен ханға бір көрінбей 

кеткенің намыс болады” деп, Қанзадаға қарай жүруді мақұл 

көреді.  Бұл  сөзге  батыр  да  көнеді.  Сонымен  Қанзаданың 

еліне келсе, бұны Шаған бойындағы қалмақ келіп, қызыңды 

аламын деп қорқытып, қысып отыр екен. Қанзада Тарғынға 

тағы жабысады. Тарғын, басында ханға ұрсып, өкпесін айта-

ды. Хан айыбына қызын бермекші болады. Бірақ, қалмақты 

қашырып бер дейді.

Тарғын қалың қалмақпен соғысқа шығады. Көп күн ұрыс 

болады.


Төрт қырлаған көк сүңгі 

Құлжа мойын төгерек.

Жау ішінде жаланып

Ұмтыла шапқан тарланым!

Толғамасам, маған серт! 

Алты мыңдай кісі екен,

Толғауыма шыдамай, 

Тіл жіберсең саған серт!

Толықсысаң саған серт! 

Сен желігіп жүргенде

Қысқа бақай, тар мықын, 

Тая шапсам, маған серт! —

Кебеже қарын қу құрсақ,

дейді.


Осымен неше күн, неше түн өтті. Бір уақыт болғанда:

Қарайды да, күн батты. 

От орнындай тұяқтан

Сарғайды да, таң атты. 

Оймақтай-ақ қалыпты.

Қызарып келіп, күн шықты 

Етектейін еріннен

Күн шыққанда, қараса 

Екі елідей қалыпты.

Болған екен тамаша. 

Қиған қамыс құлақтан

Қырылып жауы батырдың 

Бір тұтамы қалыпты.

Өзі қапты оңаша! 

Жалбыраған жалынан

Астына мінген Тарланның 

Жалғыз қарыс қалыпты.

Тұрпатына қараса,

Осындай  бейнеттің  артынан  ханның  жауын  мұқатып 

болған соң, Тарғын қызды алмақ болады. Бірақ хан тағы өтірік 

айтып, бермейді.

“Өз қызымды алуға хан тұқымы емессің, Ормамбеттің 

ішінен таңдаған қызыңды ал” дейді. Бұған Тарғын ашула-

нып, өкпелі болып Қырымға қарай жүріп кетеді. Ханның 

елі мен өзі тағы қорқады. Сонан соң артынан кісі жіберіп, 

қалың ел аяғына жығылмақ болады. Сол жиынға Тарғын 

келген соң, Сыпыражырау сөз бастап

25

: “Қызды алма, өзің 



6–1248

82

қалағаныңның бәрін ал: ел ал, жер ал, мал-мүлік ал да, солар-

ды иемденіп тұр” дейді. Тарғын көнеді. Сонымен Ер Тарғын 

Жанарыстан деген жерді “Мысыр” етіп тұрып қалады.



“Ер  Тарғын”  әңгімесінің  мәнісі

Батырлар жайындағы әңгіменің бір үлкені — “Ер Тарғын”. 

Бұл уақытқа шейін қарастырған батырлар сияқты, Тарғын 

да  қазақтың  нағыз  өз  батыры  емес.  Бұл  да  қазақ  бірлігі 

жасалудан бұрын, жеке-жеке рулардың ноғайлымен көрші 

қонып  сыбайлас  болып,  Орта  Азия  тарихында  сонымен 

қатар  шығып,  жақын  руларша,  ыстығына  күйіп,  суығына 

тоңып  жүрген  кездерін  білдіретін  әңгіменің  бірі.  Сол  кез-

дегі араластың, жақындықтың белгісі сияқтанып, ноғайлы 

батырының әңгімесі қазақ руларының ішінде сақталып қалған. 

Бұл жағынан қарағанда, бүгінгі біздің қазақ батырларының 

әңгімесі деп қарастырып жүрген әңгімелердің көбіндегі ба-

тырлар, қазақ батыры емес. Жалпы түрік жұртының ескілігі, 

жалпы  түрік  әңгімелері  болып  шығады.  Бұрыннан  қазақ 

өмірін сынға алып, қазақ ескілігін тексерген оқымыстылар да: 

“Қазақ жұртының сыртқы өмірінде баяғы заманнан өзгеріп 

кеткен бөтендік жоқ; бұрынғы Орта Азияның майданында 

ірі орын алған, күшті түрік жұртының баяғы ескі қалпы әлі 

күнге қазақ елінде сақталып келе жатқан сияқты. Сыртқы 

өмір салтында үлкен өзгеріс болмағандықтан, екінші қазақ 

елінде ішкі сезім, ой, сана байлығы бар болғандықтан, бұл 

жұртта жалпы түрік жұртының ескілігі көбірек, толығырақ 

күйде сақталып қалуына керек”, — деген долбар болатын. 

Қазіргі қазақтың ескілігін қарастырған уақытта, сол пікірдің 

шындығына көзіміз жеткендей болады. Ол пікірдің растығына 

біз қарастырып келе жатқан барлық батырлар әңгімесі тегіс 

айғақ.

Бұл — әңгімелердің көпшілігі бұрынғы өткен заманда 



ұлы  шебердің  ішіне  кіріп,  іргесі  тұтас  болған  көп  елдің 

бірден-біріне жайылған, жақсы деп саналған әңгіме болу 

керек. Сонда қай рудан шықса да, жалпы бірліктің қорғаны 

болған,  жалпы  амандық  пен  тұтастықтың  көпке  бірдей 

ұйтқысы  болған  батырдың  қадірлі,  бағалы  болған  кезін 

көрсетеді.  Қай  руынан  шықса  да,  сол  бөлек-бөлек  рулар 



83

жалпы бірліктің керегіне жарайтын батырды қасиетті тұтып, 

қадірлеген. Бұлардың ісіне сүйінгендіктен барлық жүрісін 

әңгіме, ертегі қылуды салт қылып алған.

Түрік жұртының ескілігінде осы айтылғандай батырлар 

жорығын көп әңгіме қылған, көп көтеріп, қызықтаған кез — 

Алтын орданың кезі сияқты деп едік. Сол кездегі ұсақ ру-

ларды құрастырып бір тілеу, бір ниетке жамастырған үлкен 

ұйым, ұлы шеңбер сол Алтын орданың бірлігі болуға лайық. 

Алтын орда құлап, ру-рулар тігіс-тігісінен ыдыраған заман-

да, бірінен-бірі әңгіме алып, бірінен алып, қосылыңқырап-

араласыңқырап ба рып айырылғанға ұқсайды. Біз қарастырып 

жүрген батырлардың бірі — қыпшақ, бірі — тама, кейбірі 

ноғайлы, қырғыз болып кететін себептері — сол ұлы бірліктің 

кезінен туатын сияқты. Әңгімелердегі кейбір батырлар сол 

аталған елдердің бірігіп, тұтасып жүрген кездерін өздерінің 

жүрісі мен шабуылынан анық көрсетіп кететін жерлері бар. 

Мысалы, қыпшақ батыры Қобыланды, Еділ бойының Қазан 

хандығын сүйеуші болып шығады.

Тағы бір кезде Қобыланды мен Сайын араласып, бірігіп 

шығады. Бұлар ноғайлы мен қыпшақ бірлігін тұспалдап біл-

діргендей болады.

Осы  сияқты  тілеуі  біріккен,  еті  бір-екі  ел  Тарғын  әңгі-

месінде  көрінеді.  Бұның  бірі  ноғайлы,  бірі  Еділ  бойының 

татары. Тарғын осы елдердің бірінен кетсе, біріне барады. 

Қай-қайсысының болса да жоғын жоқтап, жауын жаулайтын 

өз батыры болып шығады. Қайсысының болса да Тарғынға 

бөтендігі жоқ. Қайда барса да, жаулайтыны бір жау. Оны-

сы — қалмақ. Бұл есептен Тарғын ескі түрік жұртының көпке 

бірдей батыры. Тарғын әңгімесінің қазақта қалуы қазаққа сол 

батырдың жат емес, өз батыры мен бағланындай сүйсіндіретін 

жақын батыр екенін білдіреді.

Тарғынның  өз  әңгімесіне  келсек,  бұның  мінезі  мен 

жүрісінде ел қиялы батыр өмірінің өзгелерден бөлек тағы 

бір алуанын білдіргендей болады. Ескіліктің қиялы батырлар 

әңгімесінде бірінен-бірі айырылатын алуан-алуан мінез бен 

айрықша болған туыстарды әр батырдың мінезі мен құлқынан 

айқын  көрсетіп,  білдіргісі  келеді.  Өзгеден  алуаны  бөлек, 

айрықша жерін іздесе, Тарғыннан сол ерекшелік табылады. 


84

Әңгіме Тарғынның қайдан шығып, қалайша туып, қай күйде 

өскенін таратып айтпайды.

Оқушы мен тыңдаушының алдына, артқы өмірі көмескі, 

қайдан шыққаны, кім екені белгісіз ер келіп шығады. Ескілік 

бұрынғы  салтын  мықты  ұстаса,  Тарғынды  да  бір  ерекше 

туыс пен тудырып, не әулие, не ата пірдің демеуімен Тарғын 

қылса керек еді.

Бірақ біз білген Тарғын олай емес. Бұл түрік жұртының 

батыры.  Көптің  ортақ  болған  қорғаны.  Көпке  бірдей 

бағыланы. Бірақ сонда да Тарғын басында үлкен мін бар, ол 

мін Тарғынның туғаны ортасында болмағандығы. Өз елінің 

ішінде қара орны, хан тағында болмай, ауданы мен қоғамынан 

кетіп, бөтен елдің ішінде жүргені Тарғынның міні.

Бұрынғы  жақсы  батыр  алдымен  руының,  ауданының 

батыры болатын. Сол өзінің руы мен ауданының жақсысы, 

сүйеніші — руымен мақтанып, елі мен өз атағын бір жерге 

қосқан батыр болатын. Жақсылығы артса, абыройы, айдыны 

асса, өзінен асқан соң басқаға тиетін. Тарғынның өзім дерлік 

жақыны, жан сүйері жоқ. Артында сүйенері, тілеуін тілер жан 

жоқ. Тұлдыр батыр. Жалқұйрығы келте біткен жалғыз адам. 

Сондықтан бұл әңгімеде осы жалғыздығынан, елсіздігі үшін 

жазаға ұшырап отырғандай болады. Өзгеден ерекше ерлігі, 

батырлығы  бола  тұра,  бұл  бақсыз  жүйрік  болып  шығады. 

Бұның,  мысалы,  Тарғынның  баяны  жоқ  қашқындығында. 

Елімен жүрмей, туысын ұмытқандықтан, Тарғын қадірсіз. 

Тарғынды алдаушы, қиянат қылушы көп.

Тарғын басында ескілікте күшті орын алған туыс сезімі 

жоқ. Сондықтан Тарғынды алдаушылар, Тарғынды жалғыз 

жүргендігі  үшін  жазалаушылар  сияқты  болып  шығады. 

Жалғыздығының  себебінен  Тарғын  қатынды  да  өзгедей 

келісіп отырып алмайды, ұрлап-жырлап, алып қашып алады. 

Бұл жалғыздығының белгісі. Жалғыз болғандығынан қатын 

алуы батырдың алысына ұқсамай да кетеді. Ақшаханның қызы 

Ақжүністі алып қашқанда Тарғын әншейін жігітше әкеткен ісі 

үшін емес, әңгіме Тарғынды жазалағандай қылып, артынан 

Қартқожақтай аруағы басым кәрі батырды қуып жеткізіп, одан 

Тарғынды жеңілдіріп тастайды.



85

Тарғын Ақжүністі алғанда, қыздың ақылы мен сөзі себеп 

болып,  қыздың  туыстылығынан  ғана  алады.  Тарғын  жал-

ғыздығының себебінен жақсыз, елеусіз, кейде қадірсіз батыр 

болатыны Қанзада ханның мінезінен де көрінеді. Өз елінен 

кеткен туысқан бауыры, елі жоқ жалғыз адам болғандықтан, 

қанша батырлық, қанша үлкендік қылған, еңіреген ер болса 

да, белі сынып, мертілген заманда оны ноғайлы елі тастап 

кетеді. Қадірсіз қылады.

Сол уақытта қайғы, күйік үстінде Тарғынға ес кіргендей 

болады. Тарғын жалғыздығының, елсіздігінің күйігін тартады. 

Өкінішке түседі.

Ақжүністің қайрауымен, өзінің ерекше біткен қайратымен 

жалғыздық намысы қайнап, бұдан да өлім артық деген ой 

келіп, бекінген сияқты болады. Басындағы жалғыздықтың 

күйігі, жалғыздықтың кемшілігі білінеді. Жаман да болса, 

батырдың жал-құйрығы сияқты артынан ерген топ қарашы, 

қосшы керек екенін білдіреді. Кімде-кім жақсы болса өзінің 

туған топырағында жақсы. Шыққан жер, туған елден кетсе, 

қаншалық  ұлан  болса  да,  басының  бағасы  жоқ.  Ру  жігіне 

бөлінген  салт  ол  заманның  ұғымында  тағдыр  қуатындай 

қуатқа ие болған.

Тарғын  көзсіз  ер,  ірі  қайратты.  Түрік  бірлігінің,  түрік 

елдігінің  жанын  аузына  тістеген  жоқшысы.  Сондықтан 

Қанзаданың  екінші  келген  жауын  тағы  жеңіп  береді. 

Хан  айтқан  уәдесін  істемей,  екінші  рет  алдайды.  Тарғын 

Қанзадамен соғыспайды. Өзінің елі болып жүрген, тілеуін 

тілеп,  жанын  салып  жүрген,  іштей  дос  тұтқан  елімен 

соғысуды Тарғын салт қылмайды. Сондықтан ол Қанзадамен 

де соғыспайды. Өзінің өміріндегі кемшілігін толтырып келіп, 

кек алмақ болып, Қырымдағы қырық құрдасы, көмектес елін 

алып келмекші болады. Қарасын молайтып, тобын көбейтіп 

келіп тұлдыр емес екенін білдірмекші болады. Сол ниетпен 

кеткенде, Тарғынның ерлігі мен туысын бағалаған Сыпыра 

жырау  шақыртып  алып,  Қанзада  ханмен  бітістіріп,  осы 

елді өзіне ел-жұрт қылып беріп, жақсы орынға жайласты-

рады. Әңгіме Тарғынның жайлауын қарастырып, бір жерді 

мекен  қылғызып,  ел  тапқызып,  маңайына  дос  қарашыны 

жиып  беріп,  бітеді.  Тарғын  өзінің  іргелі  батырлығы,  ірі 

қызметтері,  ірі  туысы  үшін  аяғында  бақытсыз  болмай, 



86

қатарлы жақсының ретіне қосылып барып өмірін бітіреді. 

Бұл Тарғынның барлық ірілеп, жетіліп барған уақытындағы 

тапқаны.Сонда  да  Тарғын  би  мен  бек,  хан  мен  бағылан 

дәрежесіне жетпейді. Жер алып, мал алады да бітеді.

Бұл  өмірінің  арты  болса,  бұрынғы  батырлық,  ерлік 

заманында  Тарғын  ылғи  бақытсыз  батыр  болып  отыра-

ды.  Әңгіменің  аяқ  жағында  ғана  Тарғынға  жарық  сәуле 

көрсететіні  —  Тарғынды  жаралап-жаралап  келіп,  аяғында 

өз  басы  мінсіз  батыр,  ел  керегіне  жанын  салатын  батыр 

болғандығына кеңшілік жасағандай болып, әлгі айтқандай 

болымсыз жайда беріп, өмірлік бейнетін ақтағандай бола-

ды. Тарғынның бұдан бұрынғы еңбегі өмір бойы зая болған 

сияқты, қадірсіз өмір кешіруі жоғарыда айтқан жалғыздық, 

елсіздігінен.

Тарғын  өлеңі  өзге  әңгімелі  өлеңдердей  ескіліктен  келе 

жатқан жыр болғандықтан, көп заманның талқысын көріп, 

кеп толқынға түсіп, әлденеше боялған әңгіме болу керек.

Соңғы жыршының бірі — Марабай. Тарғынның Марабай 

айтқан жырлары ескіліктегі ең ірі жырдың бірі.

Бұнда  ескінің  желдіртпелі,  аққан  өзендей  алып  ұшқан 

өлеңі өзінің толқындатып, тасқындаған қуатын айқын көр-

сетеді.  Жыр  араласқан  жердің  бәрінде  Қобыландыдағы 

Тайбурылдың  шабысын  айтқандай,  тасты  боратқан  екпін 

бар. Кәрі қазақтың қиялы мен ескі ақынның еркін сұлу тілі 

найзағайдың отындай жалтылдап, ойнап шыққандай болады. 

Тарғындағы Марабай жыры өзгеден бөлек үлгімен, өзгеден 

жат түрмен құралғандай. Барлық өлеңде қыз сыпаты, айтыс 

сөз, соғыс суреті, ат келбеті сияқты сөздердің барлығы да 

ылғи кестелеу, салыстыру, жалғау сыпаттарымен жазылған. 

Бір нәрсенің суретін айтуға келгенде жыршы тілі қазақ баласы 

білген дүниеде көз тоқтарлық келісті нәрсенің ешбірін қал-

дырмай сұлу сурет үшін үйіп-төгіп алып келгендей болады. 

Желдіртпелеген  жерді  оқығанда  оқушы  үзілмейтін,  ұшы-

қиыры жоқ көп сұлу суреттің ішін аралап, сурет толқынында 

келе жатқандай болады. Жырда осының бәрі қылғынып, қинап 

отырып айтылған емес, өзінен-өзі, бірін-бірі жетелеп, ағылтып 

келіп отырғандай болады.



87

Тарғын жырындағы өлең өлшеуі де бұрынғы өлшеулерден 

жатығырақ, басқарақ келеді. Мұнда ақын бір белгілі өлшеуді 

мықты  ұстанып  айтқан  сөз  жоқ.  Барлық  өлеңді  сөз  бен 

суреттің ағымы билейді, күшті жыршы өлшеуді өз жанынан 

қалай болса, солай шығарғандай. Үлгі, қалып деген нәрселерді 

қайыстай қылып созып, өз ырқына билеп, басып, көндіріп 

алғандай болады.

Тарғын әңгімесінде батырдың өзінен соң үлкен орын ала-

тын қатыны Ақжүніс — қазақ ескілігінің бір мінезі: батырды 

сипаттағанда толық пішінді адам қылып, ұлы денелі батыр 

қылып шығармақ болса, әрқашан сауыт-сайман, атымен бірге 

сол  батырдың  таңдап  алған  жарын  да  бірге  жыр  қылады. 

Қатынын жырға кіргізбесе батырдың пішіні жарты болады. 

Ақылды сұлу жары болмаса, батыр тіршілігі қызықсыз. Не 

ақыл, не мінез, не білім сезімімен еріне серік болатын әйел 

болмаса, жалғыз еркек өзгеден аса алмайды, ерекше абиыр-

атақ та таба алмайды. Қай батыр болса да, өзіне лайық тең 

тауып,  жақсы  сұлу  жарды  алған  соң  барып  батыр  атағы 

шығады. Барлық батыр әңгімесі содан кейін ғана батырды 

үлкен жорыққа аттандырады. Қазақ ескілігінің бір бөлек жері 

осы арада. Енді батырлар әңгімесіне кірген әйелдерге келсек, 

ең әуелі барлығы да еріне ақыл қосатын ақылшы, кейде сезім 

толғауға ерінен әлдеқайда шалымды, әлдеқайда қырағы бо-

лып, жарының үйде отырғаны ерсі болып кететіні де болады. 

Кейбір әйелдер батыр серігіне үнемі ақыл үйретіп, айтқанын 

істетіп отырады. Бірақ бұның әмірі байды билеп жеңіп алған 

әмір емес, ылғи ақыл, сезім артықтығымен, жаратылысының 

нәзіктігімен, жарастықпен билеген билеу.

Көбінесе батырлар әңгімесіндегі әйел, әйелдің табиғатынан 

туатын  кемшілік  бойынша,  еріне  қара  қайрат  көмегін 

көрсетпей ді. Бірақ басқа уақытта, орынды жерінде ерінің ең 

үлкен серігі.

Кейде  әйел  балуан,  батыр  шығып  та  еркекке  серіктік 

қы латыны  болады.  Мысалы:  Көбіктінің  қызы  Қарлыға, 

бірақ ондай әйелді шығарса да ел қиялы, ел сыны әйелге 

қара  қайрат  иесі  болуды  үлкен  қасиет  деп  есептемейді. 

Әйел қасиеті: ақыл, мінезінде, сезіммен, тілеуімен, жүрегі-

мен  қосылған  достықта  деп  есептейді.  Сол  себепті  қара 


88

қайрат  иесі  болған  Қарлыға  ақыл,  сезім  иесі  Құртқадан 

кем бағаланады. Батырлар әңгімесінде кездесетін әйел — 

елдің қиялынша бұрынғы, ескі, жақсы заманның ұлы әйелі. 

“Ат — биеден, алып — анадан” деген ұғым бойынша, жақсы 

жар  болуға,  жақсы  ана,  кемел  бәйбіше  болуға  арналған 

әйелдер. Сонда барлық батырлар әңгімесіндегі әйелдерді 

алсақ  әрқайсысы  жақсы  әйелдің  алуан-алуан  қасиетін 

білдіретін  әйелдер.  Мысалы,  Құртқа  ақыл  иесі  болумен 

бірге, өте өткір сезім иесі болып, сезімділігі ғайыпты бол-

жайтын қырағылыққа жеткен әйел. Тарғын әңгімесіндегі 

Ақжүністі алсақ, бұл түгелімен намыс, жігер иесі.

Қобыландының басына Құртқа қандайлық қосымша болса, 

Тарғындай намыс соққысын көп көріп, қорлыққа көп кездесе-

тін батырға Ақжүніс та сондайлық қажет болған қосымша.

Ақжүніс  ер  таңдайтын  шағына  келгенде:  “Мен  ханды 

алмаймын, өзім де хан баласымын; байды алмаймын, өзім 

де  баймын;  сұлуды  алмаймын,  өзім  де  сұлумын,  өзгеден 

абыройы, бағы асып туған кісіні аламын”, — деп Тарғынды 

жарға арнап алған.

Мұнда, сол замандағы қауымның ұғымынша, ең ардақты 

болып  жүрген  хан  қызына  батырды  таңдатуы  —  жалпы 

елдің батыр туысын ерекше артық туыс, артық қасиеті деп 

бағалағанын білдіреді. Соны білдірумен бірге Тарғын басына 

әдейі Ақжүністей намыскер, жігерлі әйелді қосады. Тарғынға 

жалғыз өзі болғанда қандай қасиет, қандай мінез жетпейді? 

Жетпейтін — жігер, намысы. Ең әуелі туған топырағынан 

кетуі намысының кемдігін білдіреді.

Қисынсыздан  белі  сыну  да  жігер-намысының  кемдігі 

сияқты.


Тарғынның белі жазылған соң, Қанзада ханға көрінбей 

еліме  кетем  деген  байлауы  тағы  да  намыстың  әлсіздігін 

білдіреді. Осындай қалдерінің барлығында намыскерлікпен 

күйгендей  болып,  Ақжүніс  сөйлегенде  Тарғынның  беті 

соның ыңғайына қарай бұрылып, түзеліп отырады. Тарғын 

батырлық қасиетін бағалы қылғанда, сол дәрежеге Ақжүніс 

арқылы жетеді.

Бұл сипатын сынасақ Ақжүніс — Тарғындай батырдың 

пірі  пішінді,  жігер-намысы.  Қызулы  намысымен  ширап 


89

отырған өршіл әйел. Ерінің абиыр-атағын сақтауды, соның 

күзетшісі болуды міндет деп біледі.

Ескіліктегі  Құртқа,  Ақжүністерге  қарасақ,  ел  әдебиеті 

әйелге  үлкен  орын  бергені  айқын  көрініп  тұр.  Бұл  қазақ 

әдебиетінің өзге ел әдебиетінен бөлек біткен бір ерекшелігі 

дегеніміздің себебі осы. Орыс әдебиеті сияқты, үлкен елдің 

ескі әдебиетін алсақ, бұларда көп заманға шейін әйел аты 

аталмай,  орысқа  XVII  ғасырға  шейін  әдебиет  шеңберінде 

әйел  кірмеген.  Ескілікті  былай  қойып,  жазба  өнері  туған 

соң, әдебиеттің салтанатты (классицизм) дәуірінде әйел аты 

аталса, махаббат үшін ғана аталады. Бірақ әйел жар есебінде, 

дос пішінінде көрінген емес. Еркектің досы болатын әйелді 

орыс әдебиетіне ең алғашқы кіргізген ақын — Карамзин

26

 

ғана болады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал