Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

Ауэзов М. Мысли разных лет. - Алма-Ата, 1959. 

Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. 

Виноградов В. В. Силистика. Теория поэтической речи. По-

этика. - М., 1963.



Виноградов В. ВПроблема авторства и теория стилей. - М., 

1961.


Григорьев  В.  П.  Словарь  языка  русской  советской  поэзии. 

Проспект. Образцы словарных статей. - М., 1965.



Жансүгіров  I.  Абайдың  сөз  өрнегі  //  Әдебиет  майданы.  - 

1934. - № 11-12.



Жирмунский В.М. Композиция лирических стихотворений. 

- Опояз. - 1921.



Жирмунский В.М. Язык и стих. - М.-Л., 1966.

Жирмунский  В.М.  Ритмико-синтаксический  параллелизм 

как основа древнетюркского народного эпического стиха // ВЯ. 

- 1964. - № 4.

Жирмунский В.М. Введение в метрику. Теория стиха. - Л., 

1925.


Жирмунский В.М. Введение в метрику// Вопросы поэтики. 

- Вып. IV. - 1925.



Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966.

Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960.

Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және 

Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960.



Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наре-

чия. - Казань, 1861.



Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз 

ФАН СССР. - Серия языка и лит. - Вып. II. - 1945.



Кеңжебаев Б., Жовтис А. Заметки о ритмике стихов Абая // 

Вестник АН КазССР. - 1954. - №9.



Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы //

Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.



Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. - Алматы, 

1955.


Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1961.

381

Қордабаев  Т.  Поэзиялық  шығармалардың  синтаксистік 

құрылысы // Тарихи синтаксис мәселелері. - Алматы, 1964.



Махмудов  X.  X.  О  стихотворной  речи  //  Филологический 

сборник. - Вып. II. - Алма-Ата, 1964.



Махмудов  X.X.  Некоторые  вопросы  теоретической  стили-

стики // Филологический сборник. - Вып. V. - Алма-Ата, 1965.



Мұқанов С. Абай – қазақ халқының ұлы кемеңгері // Абай 

Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1945.



Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964.

Мұқанов С. Қазақ өлеңі туралы //Социалистік Қазақстан. - 

1935. - №108.



Мүсірепов  Ғ.  Қазақ  әдебиетінің  өркендеу  жолындағы 

Абайдың тарихи орны //Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 

1954.

Нуртазин Т. О творчестве С.Муканова. - Алма-Ата, 1951.

Нұрханов  С.  Қазақ  синтаксисіндегі  көне  құбылыс  // 

Қазақстан мектебі. - 1968. - № 2.



Пешковский А. М. Стихи и проза с лингвистической точки 

зрения. - Л., 1925.



Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произ-

ведений Пушкина. - М., 1960.



Поспелов Н.С. Проблема сложного синтаксического целого 

в современном русском языке // Ученые записки МГУ. - Вып. 

137. - Кн. 2. - М., 1948.

Поспелов Н.С. Сложное синтаксическое целое и особенно-

сти его структуры //Доклады и сообщения Института русского 

языка. - Вып. 2. - М.-Л., 1948.

Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских пле-

мен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи. Киргиз-

ское наречие. - Т. III. - СПб., 1870.

Рсалиев К. Қырғыз ырларынын түзулушу. - Фрунзе, 1965.

Тимофеев Л. И. Слово – образ – слово // Вопросы литерату-

ры. - 1962. - №6.



Тимофеев Л. И. Стих и проза. - М., 1938.

Тимофеев Л. И. Очерки теории и истории русского стиха. - 

М., 1958.



Томашевский Б.В. О стихе. - Л., 1929.

Томашевский Б.В. Стилистика и стихосложение. - Л., 1959.

Томашевский Б.В. Стих и язык. - М.-Л., 1959.

Томашевский Б.В. Русское стихосложение. Метрика // Воп- 

росы поэтики. - Вып. II. - 1923.



Томашевский  Б.В.  Строфика  Пушкина  //  А.С.Пушкин  Ис-

следования и материалы. - Т. II. - М.-Л., 1958.



Тынянов Ю.Н. Проблема стихотворного языка. - Л., 1924.

Xамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 

1963.


Щерба  Л.В.  Опыты  лингвистического  толкования  ствхот- 

ворений // Русская речь. - Ч. I. - 1923.



Щерба Л.В. Фонетика французского языка. - Л., 1936.

Щерба  Л.В.  Избранные  работы  по  русскому  языку.  -  М., 

1957.


Щербак А.М. Соотношение аллитерации и рифмы в тюрк-

ском стихосложении // Народы Азии и Африки. - 1961. - № 2.



383

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ 

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ

384

Абай тілінің зерттелуі

Абайдың  тілі  зерттеліп  келді  дегенге  екі  түрлі  ұғымды 

сыйғызуға болады: бірі – ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы 

пікір айту, екіншісі – Абай шығармалары тілінің өзін талдап-

таныту.  Әдетте  жеке  жазушының  (ақынның)  тілі  жайындағы 

әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де 

индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе 

поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, 

ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Соны-

мен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан 

талдау  арқылы  қазақ  әдеби  тілінің  белгілі  бір  кезеңдегі  си-

патын  тануға  болады,  өйткені  Абай  –  дайын  тұрған  қалып-

нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, 

сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық 

жаңа түрінің іргетасын қалаушы адам.

Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творче-

ствосын  талдаумен  қатар  жүріп  келді.  Әрине,  бір  дәрежеде, 

бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымен, жазушы творчес- 

твосының идеясын, тақырыбын, мазмұнын танып-білу қажет 

болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу со-

дан кейін басталады.

Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың 

соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған 

болса, тілі жөніндегі тиіпқашты сөзді де осы тұстардан бастап 

оқимыз. Біздіңше, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған 

пікір  –  орыстың  көрнекті  ғалымы  П.М.Мелиоранскийдікі.  

Ол  1901  жылы  айтылған.  Акад.  Ә.Марғұланның  мағлұматы 

бойынша,  князь  В.А.Кудашев  жинаған  Абай  өлеңдерінің 

(Ленинградта,  География  қоғамының  архивінде  сақтаулы) 

қолжазбасын  П.М.Мелиоранский  редакциялайды.  Мұнда 

Абай  өлеңдерінен  басқа  да  үлгілер  болады.  Қолжазбамен 

танысқаннан  кейін  редактор  былай  деп  жазыпты:  «Бұл 

жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: 

«Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». 

Бұл шығармалардың тілі – азды-көпті кітаби»

1

.



1

 Марғұлан Ә. Абайдың Ленинградтағы қолжазбасы // Әдебиет және искусство. 

- 1957. - № 3. - 87-б.



385

П.М.Мелиоранский  бұл  өлеңдердің  авторының  кім  екенін 

білмейді (өйткені А.К. деп инициалы ғана қойылған), сондық- 

тан  олардың  циклын  көрсетіп  атайды.  Абайдың  мұндағы 

өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасыр- 

да  қазақ  тілін  мұқият  зерттеген  бұл  ғалымның  осы  бір  ауыз 

сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі – ғалымның көзі көп дүниенің 

ішінен  асыл  бұйымды  бірден  айырып  танығаны,  екіншісі  – 

Абай өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш 

пікір  айтқаны.  Бұл  жердегі  «азды-көпті  кітаби»  дегенді  екі 

түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге 

тән  шағатайша-татарша  орфографиямен  жазылғанына  қарап 

«кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл – неғайбіл, 

өйткені  Кудашев  қолжазбасына  кірген  Абай  шығармалары  – 

жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда.,..», «Өлең – сөз- 

дің  патшасы...»,  «Қартайдық,  қайғы  ойладық»,  «Жігіттер, 

ойын арзан...» тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы» 

туындылары. Бұлар – емле жағынан қанша шағатайшыланған- 

мен,  тілінің  шынайы  қазақтығы  әудем  жерден  көрінетін 

дүниелер.  Ондайды  П.М.Мелиоранский  сияқты  мұқият, 

жетік  ғалым  сезбей,  білмей  тұрмаса  керек.  Сондықтан  оның 

«кітаби»  деп  отырғаны,  біздіңше,  басқаға  меңзейді:  Абай 

өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге 

ақындар өлендерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен 

ерекшеленіп,  көзге  түскен.  Абай  өлеңдерінде  негізгі  поэ- 

тикалық  идеяны  нақ  бермейтін  «буырыл  танлар»  мен  «терең 

сайлардың»  жоқтығы,  образдардың  тыңдығы,  өлеңнің  рит- 

микалық-интонациялық  жағынан  да  бұрынғы  дәстүрден 

шығып, құбылып келуі – осылардың барлығы сөз қадірін та-

нытын ғалымның көзінен таса қалмай, ақын өлеңдерін жазба 

әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған 

күнде бұл – Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған 

тұжырымдардың  бастамасы  болмақ.  Қазақ  топырағында 

ақынды  танып-білу  әрекеті  үстіміздегі  ғасырдың  10-жылда-

рынан  басталса,  тілі  жөніндегі  ой-пікірлер  де  осы  тұста  ай-

тыла  бастайды.  Рас,  бұлар  әлі  тым  келте,  дәлелі  мен  дерегі 

әлсіз.  Бұл  кезеңдегі  назар  аударатын  пікір  –  Сұлтанмахмұт 

Торыайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт 



386

нөмірінде  «Қазақ  тіліндегі  өлең  кітаптары  жайынан»  де-

ген  мақала  жариялап,  онда  сол  тұстағы  қазақ  поэзиясының 

мазмұн-мәнімен  қатар  тілін  де  азын-аулақ  сөз  етеді:  «Нағыз 

шын  айтқан  уақытта  қазақ  тілінде  деп  бастырып  жүрген 

кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері 

–  бытпырақ.  Бытпырақ  болмағандарының  ағыны  теріс...»,

2

  – 



дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл» деп отырғаны – сол кез-

де қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне 

шағатайша,  татарша  элементтердің  араласып  бара  жатқанын 

айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде 

дамуына бүйрегі бұрғаны. 

Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: «Жақсы өлең- 

дер  басқаларға  қарағанда  пайғамбардың  жүрегінен  құйылған 

Құрандай,  соқыр  кісі  сыбдырынан  танырлық  ақ  құла  ашық 

тұрады.  Марқұм  Абай  өлеңдері  секілді»,  –  деп  түйеді.  Бұл  – 

жалпы  тұжырым  болғанмен,  Абайдың  тілі  туралы  дұрыс  та-

нып берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті 

уәкілінің аузынан шыққан баға.

1922-1923  жылдардағы  ақын  тіліне  қатысты  азын-аулақ 

пікірлерді оның 1922 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жина- 

ғының редколлегия атынан берілген ескерту сөзден және «Ақ 

жол»  газетінің  1923  жылғы  бірнеше  санында  басылған  та-

тар  ғалымы  Абдурахман  Сағдидың  мақаласынан  табамыз. 

Ұлы  ақын  шығармаларының  3-басылымы  деп  ұсынылған 

1922 жылғы жинақта (Ташкентте басылған) Абай текстерінде 

бірсыпыра  түсініксіз  сөздер  бар  екендігі,  олардың  бірқатары 

ақын  туып-өскен  өлкеде  қолданылғанмен,  Түркістан  қазақ- 

тарына  бейтаныстау  екендігі,  халық  тіліне  енбеген  араб,  

парсы, орыс сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі 

жасауы  мүмкін  екендігі  айтылады  да,  кітап  соңында  оларға 

түсініктер беріледі.

3

Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-



бағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың 

екінші  жартысына  дейін  баспасөз  бетінде  болып  келген  әр 

сипаттағы диспут-таластар үстінде де ұлы ақынға әділ немесе 

2

 Торыайғыров Сұлтанмахмұт Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан //Айқап. 

- 1913. - №22-23.

3

 Абай Таңдамалы өлеңдері. - Ташкент, 1922. -3-5; 276-284-б.



387

бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы 

да бір-екі ауыз сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе, 

Ыдырыс  Мұстамбаевтың  батыл  және  ашық  айтқан  пікірлері 

Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жа-

тыр.  Ол  Абайдың  тілі  өте  шебер  екендігін,  «жабайы  тілмен 

отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса 

нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін, 

біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, 

істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз», – 

деп қорытады

4



1930  жылдардың  орта  шенінен  бастап  Абайдың  тілі  жө- 

ніндегі  пікірлер  молырақ  және  айқынырақ  айтыла  бастайды. 

Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл 

толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз. 

Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-

еңбектердің  көпшілігінде  дерлік  ақынның  тілі  туралы  пікір  

айтылып өтеді. Суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да 

осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс 

Жансүгіров  және  Есмағамбет  Ысмайылов  пен  Зейін  Шаш-

киндер  ұлы  ақынның  тілге  деген  көзқарасы  мен  еңбегін,  сөз 

қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді.

Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оның қазақ әдебиетінде 

алатын  орны  мен  жаңа  дәуір  үшін  маңызы  жөнінде  ертерек-

тен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен 

бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты 

еңбегінде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да 

дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін, 

олардың  тілін  өзге  мұраларынан  бөліп  қарайды.  Шағатай 

әдебиеті  үлгісіне,  соның  әсері  мен  тіліне  Абай  таза  еліктеу 

нәтижесінде  келгенін,  ақынның  поэзия  есігін  қағар  шақта 

ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. 

Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып, 

тіл,  ырғақ,  кейде  ұйқас  және  теңеу,  салыстыру  суреттері  

(көзі – гәуһар сияқты) – бәрі де өз төркінін кім екенін танытып 

тұр»


5

 дейді.


4

 Мұстамбаев Ыдырыс Абай // Жаңа әдебиет. - 1928. - № 7. - 37-б.

5

 Әуезов М. Абай ақындығының айналасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. 

- 12-б.


388

Бұл  пікірді  М.Әуезовпен  қатар  I.Жансүгіров  те  айтады.  

«Ер  жетпей  тұрған  кезіндегі»  Абайдың  шағатай  үлгісіне 

еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай аулы сияқты мол-

да, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған 

Абайдың  кітаби  өлеңдер  тілінен,  шағатай  тілінен  әсер  алуы 

заңды екенін көрсетеді.

Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың 

халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таза тілін, 

күшті  сөздерін  жаңа  мазмұндарға  қалап,  жаңа  мәдениетке, 

жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады.

6

Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі 



ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз. 

Абайтанушылардың  ең  мықтысы  –  М.Әуезов  өзінің  ұзақ 

жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған 

мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде 

де  дұрыс  әрі  түбегейлі  програмдық  сөздер  айтып  отырды. 

Жоғарыда көрсетілген ойын 1951 жылы жазған «Абай мұрасы 

жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай 

(Ибраһим)  Құнанбаев»  деген  монографиясында  да  және  бір 

қайталап  анықтай  айтады.  Сонымен  қатар  Абайдың  таза 

қазақша  тілі  жайында  М.Әуезов  мынадай  пікірлер  білдіріп, 

тұжырымдар ұсынады: «Ең алдымен, Абай – көркем әдебиеттің, 

поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді 

емес,  қазақтың  халықтық  тілін  қалайды.  «Горькийдің  Пуш-

кин  турасында  айтқанындай,  қазақтың  халық  тілін,  әдебиет 

тілін  қалай  жасау  керек  екендігін,  халықтық  қорды  қалай 

пайдалану  дұрыс  болатынын  көрсетеді»

7

.  Ол  үшін  Абай 



қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел 

шешендерін,  жорықшыл  батырлары  жайындағы  жырларды 

танып-біліп өскен».

Абайдың  қазақ  әдеби  тілінің  даму  тарихындағы  орны 

жайындағы  М.Әуезовтің  бір  пікіріне  көңіл  аудартуға  тура 

келеді.  Кейбір  лингвист  ғалымдардың  Абай  тілі  туралы 

50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан 

басталады»  деген  тұжырым  болды.  Шындығында,  қазақтың 

6

 Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. - 45-б.

7 



Әуезов М. Абай мұрасы жайында //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. - 

1951. - №2 (71). - 128-б.



389

жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер 

– барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби 

тіліміздің  негізін  қалаушы  десек,  ол  түсінік  қазақтың  жалпы 

әдеби  тілі  Абайдан  ғана  басталады  дегенмен  барабар  ұғым 

болып  шықпайды.  Білімдар  М.Әуезов  бірден  осыны  қатты 

аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі 

бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтығын баса айтады. 

Ол тіл – ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия 

тілі  екенін  де  зерттеуші  ашып  айтады.  «Абайдың  алдындағы 

қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, 

ұзынды-қысқалы  салттық,  тарихтық  жырларындағы  шебер, 

көркем  өлең  үлгілеріндегі  тілдерді  ұмытуға  бола  ма?  Бұхар, 

Махамбеттерде  әдеби  тілдің  үлгі-өрнектері  жоқ  деуге  бола 

ма?»

8

– дейді. Бұл жерде М.Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау 



арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби 

тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді.

Осы  жерде  Абайдың  өзіне  дейінгі  немесе  өзімен  тұстас 

қазақ ақындарының  тілі  жөніндегі  көзқарасын білдірді  деген 

бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету қажет. 

Ол – Абайдың: 

Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау

Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. 

Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 

Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау! –

деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырла-

рын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін-сезуге бо-

лады. Абайдың осы төрт жолы арқылы «Абай мен оған дейінгі 

және  онымен,  тұстас  қазақ  әдебиеті»  деген  проблеманың 

шешімін іздеуге тура келеді. Абайды әңгімелеу үшін одан өзге 

қазақ  ақын-жырауына  соқпай  өту  мүмкін  емес.  Сондықтан 

да  болар,  Абайдың  творчествосы  мен  тілі  туралы  шағын 

мақаладан  бастап,  монографияға  дейін  қалам  тартып  көрген 

зерттеушілердің ішінде осы шумақты сөз етпей кеткені кемде-

кем. Бірақ әркім әртүрлі түсініп, бұл шумақтың мән-мағынасы 

жөнінде екіұдай пікір болып келгендігі және байқалады. Бірі 

8

 Әуезов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері // Қазақ ССР Ғылым академиясының 

Хабаршысы.  -  1951.  -  №  3  (72).  -  97-98  б.;  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы  //  Абай 

Құнанбаев. - Алматы, 1967. - 129-130-б.



390

– Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін 

сынап,  қазіргіше  айтсақ,  әдеби  үлгіде  емес  деп  таниды  де-

ген  болжам,  екіншісі  –  Абай  бұл  шумағында  олардың  тілін 

емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап 

отыр деген тұжырым. М.Әуезов осының екіншісін қолдайды: 

«Абай әндері бірі – жамау, бірі – құрау» дегенде, олардың өлең 

ұйқастарын,  сөз  қиыстырып  жүрген  ақындығын  олқысынып 

отырған  жоқ.  Үшеуінің  бірдей  идеясын,  бәріне  ортақ  ой 

кедейлігін әшкерелейді»,

9

 – дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге 



зерттеушілердің бірқатары (М.С.Сильченко, М.Сәрсекеев т.б.) 

осылайша  түсінеді.  Біз  де  бұл  жерде  «Абайда  өзіне  дейінгі, 

өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ, 

оның  сыны  поэзияның  әлеуметтік  миссиясына  үлкен  міндет 

арту ниетімен айтылған» деген пікірді қуаттаймыз. 

Керісінше,  бірқатар  зерттеушілер  Абай  бұл  өлеңінде 

Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақындық өнерін, тілін сына-

ды дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа 

сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі 

әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі 

мүлде әдеби емес демесе де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің 

поэтикалық ерліктерін сынап отыр деп таниды. Ақын мұрасын 

жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та Абайдың 

осы  шумағын  ақындық  шеберлік  жайындағы  сын  деп  та-

бады.  Абай  Шортанбайларды  «сөз  сатқандығы»  үшін  емес, 

өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс жұмыр, іші ал-

тын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы сарыннан сы-

тылып шыға алмағандығы үшін мінейді», – деп табады

10

.

Сөйтіп,  Абайдың  төрт  жолдық  бір  шумағында  не  айтпақ 



болғанын  түсіну  үстінде  қазақтың  әдеби  тілі  проблемасына 

қазіргі зерттеушілердің көзқарасы да айқындалады.

Біздіңше,  Абай  өзі  білетін  ұлылы-кішілі  сандаған  ақын-

жыраулар  ішінен  Бұхар,  Шортанбай,  Дулат  –  үшеуін  бөліп 

атау  арқылы  оларды  екі  ғасыр  бойындағы  қазақ  әдебиетінің 

белгілі  бір  тобының  өкілдері  деп  танитынын  білдіреді.  Сол 

үшеуін атау арқылы осы топтағы ақын-жыраулардың идеялық 

9 



Аманжолов С. Вопросы диалектологии и исторни казахского языка. - Алма-Ата, 

1959. - С.186.

10

 Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964. - 279, 286-296-б.


391

бағыты  мен  творчестволық  мақсатын  сынайды.  Өзінің  осы 

топтан  демократтық-прогрессивтік  идеологиясының  межесін 

осы  жерде,  осы  шумақта  ажыратып  алады,  аулын  олардан 

аулақ апарып қондыратынын білдіреді. Бұл үзіктегі «құрау мен 

жамаулар»,  «көрінеу  тұрған  кемшіліктер»  –  олардың  тіліне, 

поэтикасына берілген баға емес. Бұл жердегі «сөз» деген сөз 

лингвистикалық  категория  ұғымында  емес  (мүмкін,  кейбір 

зерттеушілерді шатастырған бұл шумақтағы «сөз» сөзін тура 

мағынасында ұғушылық болуы керек). Мұндағы «сөз» – бүкіл 

творчество,  өлең-жыр,  айтылған  идея  мағынасында.  Абай 

«сөз» сөзін 400-ге жуық рет қолданғанда, оны түгел дерлік осы 

ұғымда жұмсаған.

М.Әуезов  Абайдың  қазақ  әдеби  тілінің  даму  жолындағы 

орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі – «қазақтың 

халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік 

берген  мол,  шебер  сөздік  қорынан  пайдаланып,  халықтың 

әдебиеттік  тілін  қалай  жасаудың  жолын  көрсетуі»,  екіншісі 

–  «қазақ  қоғамы  ортасында  Абай  заманында  кіре  бастаған 

жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, 

одан бас тартуы»,

11 


– дейді. Сонымен, М.Әуезов Абайдың тілі 

туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай – әдеби тілді бастау-

шы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет 

тілі  сапасында  өсіре,  байыта,  сұрыптай  түскен  классик  деп 

білеміз», – деп түйеді

11

.



Ұлы  ақынның  тілге  көзқарасы,  тіл  жөніндегі  ұстаған 

бағыты жайында едәуір пікір білдірген адам – Сәбит Мұқанов. 

«Қазақтың  әлеуметтік  тұрмысында  Абайдың  үлкен  еңбек 

сіңірген  мәселесінің  біреуі  –  қазақтың  әдебиет  тілін  жасау, 

қазақ  поэзиясын  бұрынғысынан  да  жоғары  сатыға  көтеру» 

деп  бастап,  Абайдың  өз  тұсындағы  «кітаби  тіл»  дегеннен 

іргесін аулақ салғанын, өзіне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен 

ақындар  үлгілерінің  тіліне  иек  артқанын  айтады.  Жазушы-

ғалым  С.Мұқанов  Абай  тілі  туралы  осы  көзқарасын  кейінгі 

жарияланған Абай туралы монографиясында қайталап, толық- 

тыра  түседі,  реті  келген  жерде  мысалдармен  дәлелдейді.

 

11



 Әуезов М. Казақтың әдеби тілі туралы //Әдебиет және искусство. - 1951. - № 

4. - 60-61-б. және 62-б.



392

Абайдың  тілі  жөнінде  елеулі  пікір  айтқан  ғалым  –  Қажым 

Жұмалиев.  Өзінің  мектепке  арналған  оқулықтарынан  ба-

стап, XVIII-XIX ғасырлардағы казақ әдебиеті тарихы туралы 

жазылған ғылыми еңбектерінде, әдебиет теориясына арналған 

жұмыстарында Қ.Жұмалиев ақынның творчествосымен қатар, 

оның тілі жөнінде де сөз қозғамай кете алмады. Ол пікір ай-

тумен  бірге  тілдік  материалды  нақтылы  талдайды,  көптеген 

жаңалықтарды  ашып  береді.  Ғалымның  Абай  тіліне  қатысты 

түйіндері мынадай: 

1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келеді. 

Ертеден келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің, ХVІІI-XIX ғ. тари-

хи әдебиеттің өздеріне тән ерекшелігі және жалпы құрылысы 

жағынан  болсын,  тілі  жағынан  болсын  өзінше  даралық, 

байырғылық сипаты болды. Абай осындай әдебиеттің о заман-

нан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттік 

сатыға көтерді. 

2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатайшы- 

лау, татаршылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, 

таза  сақтауға  күш  салды,  оның  сөздік  қорының  бір  бұтағы 

орыс тілі болды. 

3)  Абай  қазақтың  мол  сөз  байлығын  қолданумен  қатар, 

көптеген көне сөздерді, жергілікті сөздерді шебер пайдаланып, 

өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді.

4)  Өлең  құрылысына  қыруар  жаңалық  қосып,  көркемдеу 

тәсілдерін ұсынған. Жаңа образдар жасаған. Мұнда орыс әдеби 

тілінің әсері мол болған

12



Осы  тұжырымдарының  барлығын  Қ.Жұмалиев  нақтылы 

мысалдармен дәлелдейді.

Ұлы  ақынның  тілі  жайында  жеке  монография  арнама-

са  да,  Абай  тілі  туралы  пікірді  Ғ.Мүсірепов,  М.С.Сильченко, 

Б.Кенжебаев,  Е.Ысмайылов,  Т.Нұртазин,  Т.Әлімқұлов, 

X.Сүйіншәлиевтер де айтады. 

Абайдың  тіліндегі,  өлең  құрылысындағы  жаңалықтарды 

туғызған  оның  творчествосының  мазмұны  екендігін  танудың 

Абай тілін түсінуде үлкен мәні бар. Осы пікірді өзінің жинақы 

12

  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай  поэзиясының 

тілі. - Алматы. 1960. - 144-193-б.


393

тілі  мен  Ғ.Мүсрепов  бір-ақ  түйіп  айтады:  «Абай  түрді  түр 

үшін  емес,  айтайын  деген  ойын  дәлірек,  өтімді  де  ұтымды 

етіп айту үшін іздеген... Ол мазмұнға сай түр керектігін терең 

сезінген»

13

. Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген 



Б.Кенжебаев та ақынның өлең құрылысын да сөз етеді

14

. Абай 



поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз еткен Е.Ысмайылов 

ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура және 

ауыспалы  мағынада  қолданылуын,  поэтикалық  синтаксис 

мәселелерін қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді

15

.

Абайдың  тілі  туралы  жалпы  тұжырымнан  гөрі  нақтылы 



талдау  айту  әрекеті  Т.Нұртазиннің  мақалаларында  көрінеді. 

Ақынның шеберлігіне арнаған еңбектерінде зерттеуші: әдебиет 

– көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның көркі болмаса, ол 

шығарма  көкейге  қонбайды  деп  бастап,  «Абай  бұрын  қазақ 

поэзиясының уысына сыйып көрмеген өтірікті жүндей сабау, 

киер  киімін  ып-ықшам  қылу,  иығы  тиісу  тәрізді  жаңа  образ-

дарды, соны сөздерді, тіпті синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір 

сөздің  бірыңғаймен  келіп  қайталануы,  жалпылауыш  сөз  бен 

біркелкі сөздерді жинақтау) жасады» деген түйіндерін мысал 

келтіріп дәлелдеуге ұмтылады

16

.



Сөйтіп,  әдебиеттанушылар  тарапынан  Абай  тілінің  зерт- 

телуі негізінен екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және 

бастысы – Абайдың қазақ әдеби тілі дамуындағы алатын орны 

мен  атқарған  қызметі  жайында  жалпы  байлам  айту,  екіншісі 

–  суреткердің  сөзқолданысындағы  өз  қаламына  тән  жеке 

сәттерін көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік 

элементтерді ішінара әңгімелеу.

Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау – тіл мамандарының 

міндеті екені аян. Лингвистердің айтары – жалпы тұжырымнан 

гөрі, нақтылы талдау болмағы және хақ.

13

  Мүсірепов  Ғ.  Қазақ  әдебиетінің  өркендеу  жолындағы  Абайдың  тарихи  рөлі  //

Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 34-35-б.

14

 Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен 



творчествосы. - Алматы, 1954. - 94-98-б.

15

 Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия 



языка и литературы. - 1945. - Вып. II.

16

  Нұртазин  Т.  Абайдың  ақындық  шеберлігі  туралы  //  Абайдың  өмірі  мен 



творчествосы.  -  Алматы,  1954.  -  162-172-б.;  Абай  –  көркем  сөз  шебері  //  Халық 

мұғалімі. - 1954. - № 8. - 11-16-б.



394

Қазақ тілі білімпаздарының ішінде Абайдың тілі жайында 

бірінші болып терең әрі дәлелді пікір айтып, талдау жасаған 

– Құдайберген Жұбанов. 1934 жылы жазылған «Абай – қазақ 

әдебиетінің  классигі»  деген  кітабында

17

  айтылған  пікірлер 



мен  талданған  материалдар  тек  Абайдың  тілін  емес,  жал-

пы  әдебиеттегі  орнын  дұрыс  бағалап,  тану  үшін  зор  үлес 

қосқанын,  күні  бүгінге  дейін  құнын  жоймаған  еңбек  екенін 

атап өтуге тиіспіз.

Сөйтіп, Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың 

ортасынан – Қ.Жұбановтың зерттеуінен басталады да, 50-жыл- 

дардың  ішінде  бұл  мәселеге  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев, 

І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов тәрізді тіл мамандарының 

қатысуына байланысты едәуір жанданады.

С.Аманжолов  көпшілікке  арнап  1949  жылы  жариялаған 

«Қазақтың әдеби тілі» лекциясынан бастап, 50-жылдар ішінде 

жарық көрген мақалалары мен «Қазақ тілі тарихы мен диалек-

тологиясы мәселелері» атты монографиясында Абайдың қазақ 

әдеби  тіліндегі  алатын  орны  мен  істеген  қызметін  кең  түрде  

сөз етеді. Зерттеуші: «Абайдан бұрынғы және тұңғыш баспа- 

сөзге  дейінгі  (1880  жылдарға  дейінгі)  баспа  бетін  көрген 

бұйымдар,  олардың  ішінде  алуан  қиссалар  да,  Шортанбай,  

Дулат  тәрізді  ақындардың  шығармалары  да  жалпы  әдеби 

тіліміздің  нағыз  үлгісі  бола  алмайды,  жазба  әдебиетіміз 

«Ақмола хабары» (1880), «Дала уалаяты» атты (1894) газеттер-

ден басталады», – деген пікір айтады

18

.



С.Аманжолов  Абай  тілін  сөз  еткенде,  оны  диалектоло-

гия  мәселесімен  байланысты  қарастырады.  Зерттеуші  «XIX 

ғасырдың II жартысында, яғни қазақтың ұлттық тілі қалыптаса 

бастаған дәуірінде оның тірек (опорный) диалектісі – солтүс- 

тік-шығыс облыстардың тілі болды, Абай, Ыбырай шығарма- 

лары  осы  өлкелердің  диалектісінде  жазылған»  дегенді  прин- 

ципті түрде айтады.

19

 Ғалым бұл пікірін барлық еңбектерінде 



қайталайды  және  өзінің  ғылыми  кредосы  етіп  ұстайды.  Бұл 

тұжырым айналасында едәуір пікір талқысы болғанын білеміз. 

Ең алдымен, бұл ойды М.Әуезов қостамайды: «Абайдың сөздігі 

17

  Жұбанов  Қ.  Абай  –  қазақ  әдебиетінің  классигі  //  Әдебиет  майданы.  -  1934.  



- №11-12.

18

 Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 9-б. 



395

мен  әдебиеттік  тіл  жасаған  ізденулерін,  табыстыратын  табы-

старын алсақ, ол тек Шығыстық Қазақстан тілімен жазды деу, 

біздіңше, жеткіліксіз, дәлелсіз. Рас, Абайдың салттағы сөйлеу 

тілін өзі өмір кешкен казақ өлкесінің сөздік үлгісінен алғаны 

даусыз...  Бірақ  Абай  сол  қормен  пайдаланумен  қатар  бүкіл 

қазақ халқының арғы-бергі заманда ауызша әдебиет үлгісінде 

тудырған  шығармаларының...  қазынасын  да  біледі.  Жазба  

күйде  жетпесе  де,  ауызша  айтылып,  жыраққа  тарап  жатқан 

шешендік сөздердің, айтыс-тартыстардың және өзінен бұрынғы, 

өзімен  тұстас  әлденеше  жеке  ақындардың  да  шығармаларын 

көптен-көп естіп, ұғынып, жадында тұтып, қолданып өсті», – 

дейді. Абай: «Қазақта Марабайдан артық ақынды мен білген 

емен»,  –  дегеніне  қарағанда,  ол  Қазақсанның  батыс  өлкесіне 

көп тараған жырларды, сол өлкеде сөзі сақталған ақындардың 

мұраларын  да  білгендігін,  «Қыз  Жібек»  жырын  тыңдай,  оқи 

отырып Сыр мен Арал өлкесінің тіл байлығын және қабылдай 

алғандығын,  Бұхар,  Шортанбай,  Түбек  ақындардың  сөздерін 

біле тұрып, Оңтүстік, Жетісу өлкесінің тіл өнерімен де таныс 

болғандығын  айтып,  осының  бәрі  Абайдың  бір  ғана  өлкенің 

–  Қазақстанның  шығыс  өлкесінің  тілінде  («диалектісінде») 

жазбағанын  танытады»,  –  дейді

19

.  М.Әуезовтің  мұндағы 



айтпағы – Абай жасаған кезеңде оған дейінгі қазіқ әдебиетінің 

(ауыз  әдебиетінің  де,  жеке  қаламгерлер  творчествосының 

да)  тіл  жағынан  қазақ  даласының  барлық  өлкесін  топтасты-

рушы  рөлінің  күшті  болғандығы,  яғни  Абай  сол  әдеби  тілді 

–  «Қазақстанның  көп  өлкесінің  тіл  қазынасын»  пайдалануы 

арқылы ұлы Абай болғандығы.

М.Әуезовтің  осы  пікірін  I.Кеңесбаев,  Н.Сауранбаев, 

Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов т.б. тәрізді тіл мамандары да қостайды. 

Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің даму барысындағы Абайдың орны 

мен қызметі деген мәселе ұлттық әдеби тіліміздің қай негізде: 

белгілі  бір  диалект  негізінде  немесе  жалпыхалықтық  тіл 

негізінде қалыптасқаны туралы проблемамен тығыз ұштасып 

келгенін көреміз.

1950  жылдарда  I.Кеңесбаев  арнайы  мақала  жазып,  «Абай 

–  қазақтың  жаңа  әдеби  тілінің  негізін  қалаушы»  деген  бай-

19

 Әуезов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері // Қазақ ССР Ғылым академиясының 



Хабаршысы. - 1951. - № 3. - 98-99-б.

396

лам ұсынды. Мұндағы жаңа деген анықтауышты телу мәнін 

зерттеуші  былайша  дәлелдейді:  «Абайға  дейін  де  әдеби  тіл 

болды, оның өзі екі түрлі сипатта болды: бірі – Орта Азияның 

түркі тілдес халықтарына ортақ әдеби тіл, екіншісі – қазақтың 

ауыз  әдебиеті  мен  жеке  қаламгерлерінің  (Махамбет,  Ыбырай 

т.б.) тілі болды. Абай ие болған тілдік мұра – қазақтың ауыз 

әдебиеті мен ауызекі сөйлеу тілі болды. Бірақ Абай шағатаизм, 

татаризмдерімен  шұбарланып  келген  бұрынғы  ортаазиялық 

әдеби дәстүрді де, көне ауыз әдебиеті тілінің дәстүрін де місе 

тұтпай, әдеби тілдің жаңа этапын бастады»

20

. Ғалым бұл пікірін 



қазақ әдеби тілінің әр кезеңдегі дамуы туралы жазғандарының 

барлығында бекіте, айқындай түседі. Енді әңгіме тек «қазақтың 

әдеби тілінің негізі» жайында ғана емес, «жазба әдеби тіл» ту-

расында  қозғалады:  «Великая  историческая  миссия  столпов 

казахской культуры в прошлом – Абая и Ибрая – заключается в 

том, что они богатое достояние народного разговорного языка 

и устного творчества довели в значительной степени до уровня 

письменного литературного языка»

21

.

Ғ.Мұсабаев та дәл осы пікірді қолдайды. 1960 жылдардың 



аяқ  шенінде  Абай  тілінің  сөздігін  жасауға  басшылық  еткен 

А.Ысқақов та Абай – қазақтың жазба әдеби тілінің іргетасын 

қалаушы  деген  қағиданы  қостай  отырып:  «Абай  қазақ  дала-

сында осындай әр алуан тілдер, әртүрлі өрнектер мен стиль-

дер, әрқилы бағыттар мен көзқарастар бір-біріне «қара көрсеті- 

сіп», аралас-құралас жарыса, жанаса өмір сүрісіп, ел ішіндегі 

рухани тұрмыс пен тіршілікке олардың әрқайсысы өзінше әр 

қадарлы  дақ  түсіріп  жатқан  шақта  тарих  сахнасына  шықты 

да  өзінің  бағыты  да  жаңа,  мазмұны  да  жаңа,  тілі  де  жаңа 

шығармаларын  жазды»,  –  деп,  Абай  тұсындағы  қазақ  тілінің 

жай-күйін білдіріп өтеді.

Тіл  мамандарының  әдебиетші  ғалымдардан  бір  айырма- 

шылығы  –  бұлар  тек  Абайдың  қазақ  әдеби  тіліне  қатысы 

(орны  мен  рөлі)  туралы  жалпы  пікір  айтып  қана  қоймайды, 

сонымен қатар ішінара тілдік материалдарға талдау жасайды. 

С.Аманжолов Абайдың сөзқолданысындағы кейбір тәсілдерін 

20

  Кеңесбаев  С.  Абай  –  основоположник  казахского  литературного  языка  



//Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 125.

21

  Кеңесбаев  С.  Развитие  казахского  литературного  языка  в  советское  время.  - 



Алма-Ата, 1959. - С. 57.

397

көрсетеді:  талаптың  аты,  жүрегіңмен  тыңдамай,  құлағың- 



мен  қармарсың  тәрізді  жаңа  сөз  тіркестерін  жасағанын,  бір 

сөзге  бірнеше  эпитет  қосақтайтынын,  өткен  шақ  көсемшені 

көмекші  етістіксіз  тиянақты  тұлға  ретінде  қолданатынын, 

жатыс  септіктегі  есімшелерді  баяндауыш  қызметінде  жұм- 

сайтынын  талдап  көрсетеді

22

.  I.Кеңесбаев  та  Абайдың  сөз 



жұмсаудағы жаңа тәсілдерін атайды. Олар: сөздің мағынасын 

өзгертіп  қолдану,  соның  нәтижесінде,  бір  жағынан,  тентек 



өмір, көңіл құсы, өмір тоны, өкпе сызы тәрізді жаңа тіркестер 

жасау,  екінші  жағынан,  желбуаз,  қара  қылды  қырыққа  бөлу, 



терін  сату,  қулық  сауу  сияқты  тіркестерге  стильдік  жаңа 

жүк  арту  тәсілдері  дейді.  Сондай-ақ  Абайдың  архаизмдерді 

қолдану  шеберлігін,  сөйлемдегі  сөздердің  орнын  ауыстыру 

тәсілін  жаңаша  пайдаланғанын,  аудармадағы  шеберлігін  сөз 

етуге болатындығын, бірақ бұған осы мақаласында мүмкіндік 

болмағандығын айтады.

Тілдік материалдардың талдауын Н.Сауранбаевтан да таба-

мыз. Ол Абайдың стильдік тәсілдерін сөз етеді. Ұлы ақынның 

кейбір  тұлғаларды  экспрессивтік  мәнде  қолданғандығына 

қыртың, жыртың, бұртың тәрізді еліктеуіш сөздерді мысал- 

ға келтіреді. Халық тіліндегі мақал-мәтел, фразаларды Абай- 

дың  сұрыптай,  кейбіреулерін  өзі  жасап  қолданғанын  атай-

ды,  оған  мысалдар  келтіреді.  Зерттеуші  Абай  текстеріндегі 

араб,  парсы,  орыс  сөздеріне  едәуір  талдау  жасап,  қолданылу 

себептерін көрсетеді. Абайдың бір алуан неологизмдер жаса- 

ғанын айтып, оған бұлбұл қағу, көсем жүру, малға бөгу, алар-

ман  болу,  төменшіктеу,  өршілдену,  мақтан  сөйлеу,  сымпыс 

сөздері мен фразаларын мысалға келтіреді

23

.

50-60-жылдардың  ішінде  өзге  тіл  мамандары  да  тілінің 



кейбір  фактілерін  –  сөзқолданысын,  сөздік  қазынасын,  грам- 

матикалық  тұлғаларын  талдап  өтеді.  Шора  Сарыбаев  совет 

тұсындағы  қазақ  лексикасының  дамуы  жайындағы  мақа- 

ласында  Абай  тіліндегі  орыс  сөздерін  әңгіме  етеді

24

.  Е.Жан- 



22

 Аманжолов С. Вопросы истории и диалектологии казахского языка... - С. 176-

178.

23

 Сауранбаев Н. Т. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // Жизнь 



и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 178-181.

24

  Сарыбаев  Ш.  Ш.  Развитие  лексики  казахского  языка  в  советскую  эпоху 



// М.О.Ауэзов. Сборник к его 60-летию. - Алма-Ата, 1959. - С. 235.

398

пейісов  Абай  мен  Мұхтаров  тіліндегі  ортақ  тұлға-тәсіл- 

дерді  салыстыру  үстінде  Абай  тіліне  тән  біраз  стильдік 

ерекшеліктерді  атап  өтеді

25

.  Зерттеуші  кейінгі  еңбектерінде 



де  жеке  сөзінің  мағыналық  реңктерін  Абайдың  шебер  пай- 

даланғанына  фактілер  келтіріп,  дәлелді  пікірлер  айтады

26

.

 



Осы

 

кезеңдерде  Абай  шығармаларының  лексикалық  сипаты-



на арналған жеке мақалалар да жарық көре бастайды

27

. Қазақ 



әдеби тілінің даму тарихына қатты зер салып зерттеген ғалым 

Қ.Өмірәлиев әр сәт Абай тіліндегі ерекшеліктерді арнайы сөз 

етіп келді. Ол ерекшеліктің зерттеуші екі топқа бөледі: бірі – 

шағатай әдеби тіліне тән формалар, екіншісі – қазақтың ауыз 

әдебиеті  сөйлеу  тіліне  тән  тұлғалар.  Алғашқыларға  -мақ, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет