-мақтық, -дүр жұрнақты сөздерді, соңғыларына -па + с +
(айтпасқа), -па + с + тық (ұмытпастық), -ар + лық, -тұғын
т.б. жұрнақты тұлғаларды жатқызады
28
. Қ.Өмірәлиев Абай
тілі грамматикасының жеке мәселелерін өзге де еңбектерінде
сөз етеді. Т.Қордабаев «XІХ ғ. қазақ жазбалары тілінің син-
таксисі» деген еңбегінде сол жазбалардың бірі ретінде Абай-
дың прозалық шығармаларының да синтаксисін талдайды.
Мұнда жай, құрмалас сөйлемдер синтаксисіне қатысты кате-
гориялар мен шылаулардың қызметі сөз болады. Зерттеуші
кейбір грамматикалық категориялардың Абай тіліндегі актив-
пассивтігін көрсетеді
29
.
Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін танып-білуге
50-жылдардың соңғы кезінен бастап біз де кіріскен болатын-
быз. «Абайдың прозалық шығармаларындағы негізгі морфо-
логиялық ерекшеліктер» деген тақырыпқа кандидаттық дис-
сертация қорғап, грамматикалық жеке тұлғалар мен олардың
25
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стилдік кейбір
ортақ өрнектер // Вестник АН КазССР. - 1962. - № 11.
26
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. - Алматы, 1968. - 52-54-б.
27
Балжанов Ш. Абай поэзиясындағы етістіктерді қолданудың стильдік
ерекшеліктері //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1962. - № 3. - 74-78-
б; Нұрпейісов Р. Абай шығармаларының лексикасы туралы // Халық мұғалімі. - 1954.
- № 6. - 70-73-б.; Сүлейменова Б. О русских словах в произвединиях Абая //Известия
АН КазССР. - Серия общественных наук. 1964. - № 4. - С.57-66.
28
Өмірәлиев Қ. Абай шығармаларындағы кейбір тілдік ерекшеліктер //Ученые
записи Гурьевского пединститута. - Серия историко-филологическая. - Вып. II. -
Уральск, 1962. - С. 185-205.
29
Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966.
399
қолданылу реті жайында бірнеше мақала жарияладық
30
. Бұ-
ларда, негізінен, Абай прозасында өнімді қолданылған -мақ,
-ар жұрнақты сөздердің беретін мағыналары мен қазіргі нор-
мадан өзгеше келетін ерекшеліктерін көрсетуге және қолда-
нылу себептерін ашуға талпындық. Сондай-ақ кейбір морфо-
логиялық тұлғалардың Абай тілінде екі вариантта – ықшам
және толық түрінде – кездесетіндігін танытып, оның да
себептерін ашуды көздедік. Материалдың өзі нақтылы талдау
негізінде бізден бұрынғы зерттеушілер тарапынан айтылған
біраз тұжырымдарға корректив те енгіздік. Мысалы, -мақ, -ар
жұрнақты тұлғалар шағатай не татар тілдерінің элементі емес,
қазақтың Абайға дейінгі ауызша тарап келген әдеби тіліне тән,
тіпті ауы әдебиеті тіліне хас норма екенін дәлелдедік. Сондай-
ақ тын~тұғын (баратын~баратұғын), мен~менен (та мен
тас, тау менен тас), да~дағы (барды да – барда дағы) сияқты
қатарлардың кездесуі біреуінің норма екіншісінің нормадан
тыс болғандығынан емес, өлең шарттарына (өлшем, ырғақ,
ұйқасқа) қатысты деп, өзгеше пікір айттық.
Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай
жалғастырып, арнайы жазылған екі монография жарияладық
31
.
Бұларда енді ұлы қаламгердің мұрасы қазақ әдеби тілі тарихы-
ның материалы ретінде зерттедік. Абай тілі – өз тұсындағы қазақ
жазба әдеби тілі белгілі бір дәрежеде толығырақ көрсететін
сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік
лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен
грамматикасын лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп
талдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл талдауларымыздың мате-
риалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазір жазба әдеби
тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің баста-
лар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын танып-
30
Сыздықова Р. Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық
тұлғалардың сипаты // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1959. - № 5. - 30-34-б.; Абайдың
«Қара сөздеріндегі» -мақ аффиксті тұлға жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. -
Филология сериясы. - 1959. - № 1. - 76-84-б.; Абай шығармалары мен XIX ғ. жазу
нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1959. - № 2. - 48-
55-б.; Абайдың прозалық шығармаларында күрделі ойдың берілуі //Исследования по
истории казахского языка. - Алма-Ата, 1965. -С. 42-57 т.б.
31
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (монография). - Алматы: Ғылым, 1968;
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (монография). - Алматы: Ғылым, 1970.
400
білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның
суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын
көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік
орнын танытуға арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвисти-
ликалық) зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған
екінші монографиямызда қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай
туындыларының синтаксистік амал-тәсілдерінің проза снн-
таксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқас өлшемі, компо-
зициясы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен оның синтак-
сисінің арасында қандай байланыс бар; өлең құрайтын
компоненттердің бір-бірімен іліктесіп, байланысу амалда-
ры нендей деген мәселелердің сырын ашуды көздедік. Соны-
мен қатар бұл еңбекте Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ
поэзиясының синтаксисіндегі айырымдар, ауыз әдебиеті мен
жазба әдебиеттің өлең синтаксисі саласындағы жақындығы
мен алшақтығы деген жайттар тұңғыш рет сөз болды. Әсіресе
баса көңіл аударылған нәрсе – Абайдың өлең архитектоникасы-
на, синтаксисіне енгізген жаңалықтары, өзгерістерін нақтылы
талдау арқылы көрсету болды.
Абай шығармалары (прозасының да, поэзиясының да) тілі-
нің лексикасы мен грамматикасын жүйелі түрде, моногра-
фиялық планда арнайы зерттеген еңбектерімізде негізгі
көздеген мақсатымыз оның көркемдік сипатын, шеберлік тәсіл-
дерін, индивидуалдық ерекшеліктерін айқындау болмаған-
мен, сөз жоқ, әр кез бұл мәселеге де соқпай кете алмадық.
Жоғарғы екі арнайы монографиямызда да, әсіресе «XVIII-XIX
ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы» (Алматы: Мектеп,
1984) атты кітабымызда Абай поэтикасын едәуір сөз еттік.
«Ғылым» баспасынан 1968 жылы шыққан «Абай тілі сөз-
дігі»
32
– ұлы ақын тілін танып-білу саласындағы аса қажетті,
қомақты жұмыстардың бірі. Орыс және өзге де кейбір туысқан
халықтар тәрізді, өзінің классик жазушыларының тілінің
сөздігін жасау ісіне үн қосқан бұл еңбек – бірнеше адамнан
құралған коллективтің едәуір уақыт бойы көп ізденіп істеген
жұмысының нәтижесі. Сөздік – анықтағыш, жөнеуіш құрал,
32
Абай тілі сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1968.
401
сондықтан да оның өзіне тән міндеті мен мазмұны бар. Ең
алдымен, ол Абайдың тілін, әсіресе лексикасын зерттеймін
деушілерге өте қолайлы, реттеулі, түгендеулі материал болып
табылады. Іздеуші бұдан белгілі бір сөздің немесе тіркестің
қай мағынада қанша рет қолданылғанын таба алады. Үңіле
қараған адам бұл кітаптан бір мағынадағы кейбір сөздерді
Абайдың қалайша қатар пайдаланғанын, оның ішінде қайсысын
актив, қайсысын пассив қолданғанын көре алады. Мысалы,
Абайда тіршілік, тірлік, өмір, мағишат деген төрт сөз бір
ұғымды білдіреді. Бұлардың ішінде тіршілік 6 рет, тірлік 11,
өмір 113, мағишат 1 рет қолданылғанын біле аламыз. Ал бірақ
мұның себебін ашып көрсету – бұл сөздіктің міндеті емес, ол
– Абай тілін арнайы зерттеушінің жұмысы болмақ. Мысалы,
ең алдымен, бұл параллельдердің себебін іздеу керек (неге
Абай төртеуін де пайдаланды?). Абай тұсындағы халықтық
тілде болсын, Абайдың өзінде болсын (тіпті қазірде де) осы
ұғымда негізінен екі сөз (тіршілік, өмір) қолданылған, бірақ
оның екіншісі (өмір) семантикалық сыйымдылығы әлдеқайда
күшті, фраза құрастырғыш қабілеті молдау болғандықтан, өте
көп жұмсалады. Ал тіриілік сөзіне дублет болып келген тірлік
тұлғасының қолданылуын өзге себептен іздеу керек. Абай
тұсында және оның өзінде -лық пен -шылық жұрнақтары
едәуір сөздерде қатар жүрген: адамдық – адамшылық, қорлық
– қоршылық т.т. Осы мағынада арабтың мағишат сөзінің бір
рет болса да кездесуінің және өз алдына себебі бар.
Осындай жайттарды сөздік көрсетпегенмен, оларға қажет
материалдарды табуға зор көмегін тигізеді. Бұл сөздікке
қарап отырып, Абайдың көптеген сөзді ауыспалы мағынада
қолданғанын аңғаруға болады. Бұл құралдан жазушы тілінде
кездесетін әр алуан варианттылықтың өзін (материалын) тізіп
алуға болады: қайуан – хайуан, айла – қайла, абиыр – абұйыр,
береке – берекет т.т. Ал бұлардың мағына жағынан сарала-
нуын немесе тепе-тең дублеттілігін т.б. жайттарды дәлелдеп
көрсету – жеке зерттеушінің ісі.
Әрине, бұл үлкен, коллективтік жұмыс мінсіз де емес. Ең ал-
дымен, кейбір жеке сөздердің анықтамасы дәл шықпағандығы
көрінеді. Мысалы, ақын қолданған бірқатар орыс сөздерінің
402
(майыр, визит, закон, интернат, кандидат, законшік) Абай
тұсындағы, Абай тіліндегі мағынасы берілмей, осы күнгі жал-
пы мағынасы көрсетілген. Сондай-ақ арыз, би, ант, теңдік,
ғылым тәрізді сөздердің Абай текстеріндегі мағынасы дәл
көрсетілмеген. Дарқан (сөздікте берілгендей «жомарт, мыр-
за» ұғымында емес, Абайда «ұста» мағынасында), далаң
(сөздікшілер түсіндіргендей, «ашық, бос жер» емес, орыс-
ша сень сөзінің аудармасы ретінде Абай келтірген «орын,
жай» ұғымындағы сөз) сөздерінің де анықтамасы оқырманға
дәл мағлұмат бермейді. Абайда ғылыми термин дәрежесіне
көтерілген ақыл, бірлік, мақтан, қызықпақтық сияқты сөз-
дердің лексикалык мәндері ашылмаған. Ақынның орыс тілінен
аударған өлеңдерінде кездесетін кейбір сөздердің де жалпы
номинатив мағынасын бермей, контекстегі, оригиналға сай
келетін семантикасын көрсету керек еді. Мысалы, бастық
сөзін «Сөздік» «басқарушы» деп қана көрсетеді, ал бұл сөз
Абайда «архимандрит» дегеннің баламасы ретінде берілген.
Сол сияқты Абайдағы жалау сөзі «Сөздіктегідей» «тудың бір
түрі» емес, «парус» деген ұғымды беру үшін алынған. Жеке
жазушы тілінің сөздігі болғандықтан, мұндай сөздіктерде сөз-
дің номинатив жалпы мағынасы емес, сол контексте ұсыныл-
ған нақты мағынасын көрсету керек еді. Кейбір сөздердің
түсініктемесінде кеткен сәтсіздіктер тіркес компоненттерін
анықтауда да байқалады. Мысалы, бу алу тіркесі алу сөзіне
қатысты «бусану, жасаңғырау» деп түсіндірілсе, бу сөзіне
келгенде, «булану» ден анықталған, ал бұл тіркестің Абай-
да кездесуінің өзі бір-ақ жерде, демек, мысал біреу-ақ, оның
түсіндірмесі де біреу ғана болу керек қой.
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты, маңызы зор
мәселе – текстологиялық ізденістер мен түзетулер жайын-
да. Абай шығармаларының текстологиясына үңілу кейінірек
басталды. Дегенмен бұл салада істелген жұмыстар мен
жарияланған материалдар ұлы суреткершілінің әр қырын
дұрыс танып, талдауға көп мүмкіндік береді. Ақын мұрасының
әр кездегі басылымдарында кеткен текстологиялық ағаттық-
тар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен
кітаптарда да көрсетіліп, оларға түзетулер ұсынылып келе
403
жатыр. Газет беттерінде жарияланған құнды қыруар мақала-
ларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген 3.Ах-
метов пен Ы.Дүйсембаевтың
33
, Б.Жақыпбаевтың
34
, А.Сәр-
секеевтің
35
, Қ.Өмірәлиевтің
36
, М.Бөжеевтің
37
мақалалары мен
Қ.Мұхаметхановтың
38
арнайы жазылған кітабы
Абайдың тілін
де танып-білуге үлкен септігін тигізетін жұмыстар екені дау-
сыз.
Жеке сөздерді немесе тұлғаларды дұрыс берудің тіл тари-
хын, оның ішінде ақын-жазушылардың тілін тануда мәні бар.
Мысалы, М.Әуезов Абайдың 1922 жылғы Ташкенттегі ба-
сылымында кеткен текстологиялық ағаттықтарды қынжыла
отырып көрсетеді: мұнда редактор өлекшін сөзін ұлы-кіші
деп, жалау-ды желкен, қанжар-ды қылжан деп қылжақ жа-
сайды дейді. Әрине, ұлы-кіші деген мен өлекшін сөздері – бір-
бірінен мүлде алшақ, ауылы алыс дүниелер, сол сияқты жа-
лау мен желкеннің қайсысын пайдалану автордың стильдік
талғамын танытады. Сондай-ақ Татьяна өзі жөнінде «талап-
сыз, бақсыз мен сорлы» демесе керек еді (талайсыз деуі ке-
рек: талай сөзі – бақыт сөзінің түркілік варианты). «Көрмей
тұрып құсамын Темір көзді сарайды» емес, күсемін болуы
ерек деп Қ.Мұхаметхановтың текстологиялық түзетулер
ұсынуы Абай лексикасындағы көне немесе өзге де сипаттағы
сөздердің авторлық қолданысын тануға көмектеседі. Басқа да
текстологтар көрсеткендей, қазір мен әзір варианттарының,
қаңғыр-күңгір мен қоңыр күңгір дегендердің арасында үлкен
айырмашылық бар. Абай олардың сол жерде қайсысын
қолданды – мұны дұрыс берудің Абай лексикасын, поэтикасын
зерттеу үшін көмегі де, мәні де зор. Сондықтан біз Абайдың
текстологиясы жайында жазылған, ұсынылған материалдар-
33
Ахметов 3., Дюсембаев И. Некоторые вопросы текстологического изучения
произведений Абая Кунанбаева // Вестник АН КазССР. - 1953. - №10.
34
Жақыпбаев Б. Абай шығармаларының тексті туралы // Майдан. - 1945. - № 2.
35
Сәрсекеев М. Абай шығармаларының текстологиясы жайында // Әдебиет және
искусство. - 1956. - № 10.
36
Өмірәлиев Қ. Абай текстологиясы және оны бірізге келтіру мәселесі // Қазақстан
мектебі. - 1962. - №11.
37
Бөжеев М. Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы // Қазақ фольклоры мен
әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. - Алматы: Ғылым, 1983.
38
Мұхаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. - Алматы,
1959.
404
ды жазушының тілі жөніндегі ізденістер мен зерттеулердің бір
бөлігі ретінде танимыз.
Сөйтіп, қазақ филология ғылымының абайтану (абаеведе-
ние) деп аталатын саласының бір тармағы ретінде Абайдың
тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар. Бұл мерзімнің
ішінде ұлы қаламгердің тіліне арналған жеке монографиялық
еңбектер де жазылды, көлемді не шағын ғылыми мақалалар
да жарияланды, кандидаттық және докторлық диссертация-
лар да қорғалды. Бұл проблеманың зерттеу тарихындағы бір
ерекшелік – әуелі тұжырым айтылып, жеке талдаулардың кейін
басталуы. Мұның, біздіңше, объективті себептері бар. Абайға
келгенде, тіл проблемасы ерекше маңыз алады, бұл – заманы
туғызған жайт, өйткені Абай дәуірі – қазақ қоғамы өмірінде екі
әдеби тілдің (қазақтың жалпыхалықтық тіліне негізделген, ау-
ызша дамып келген байырғы әдеби тілі мен ортаазиялық түркі
әдеби тіліне негізделген жазба әдеби тіл – «кітаби тілдің»)
тайталасқа түскен шағы. Осы екеуінің Абайдың қайсысын
таңдауы оның творчествосы мен және ұстаған идеологиялық
бағытымен тығыз байланысты. Сол себептен Абайдың
жазушылық, азаматтық тұлғасын сөз еткен тұста тілі жайын-
да да әңгіме қозғалады. Ұлы қаламгердің бүкіл творчество-
сы мен идеологиясына үңілген зерттеуші жеке талдауларды
күтпей-ақ тілі жайында жалпы байлам айтуға мәжбүр бола-
ды, оны айтуға мүмкіндігі де болады, яғни ақын тілінің негізі
бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл
екендігі, оның үстіне бұрынғы әдеби үлгілерде кездеспеген тың
көркемдеу тәсілдерінің молдығы, көптеген лексика топтары
мен грамматикалық тұлғалардың активтеніп, жаңаша қызмет
атқарып тұрғандығын сезеді. Осының барлығы Абайдың қазақ
әдеби тілінің даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған
рөлі жайында жалпы тұжырым-кесімдер айтқызады. Бірақ әрі
қарай бұл қағида-тұжырымдар фактілермен дәлелденбесе,
әрқашанда жалаңаш ой шолымы (умозрительное суждение)
болып қала бермек. Сондықтан әрі қарай Абай тілінің жеке
құбылыстарын танып-білу әрекетінің басталуы тағы да заңды.
Дегенмен бұлайша танудың әлі де кенжелеп келе жатқаны
байқалады. Абайдың тілін тану оның жазушылық творчество-
405
сын зерттеу дәрежесіне әлі де теңдесе алмайды. Әсіресе ұлы
сөз зергерінің поэтикасы жүйелі түрде, толық, жан-жақты тал-
данбай келеді. «Абайды жаңа поэзия үлгісін жасады дейміз.
Бірақ осы поэзия тіліндегі үлкен лексикалық байлық, ақылдық
тапқырлық, дәлшілдік, суреткерлік... т. с с. көп мәселелер әлі
жете анықталған жоқ, толық танылған емес»
39
.
Бұл – сөз жоқ,
алдымызда тұрған ізгі міндет. Соңғы 10-15 жылда абайтану
саласындағы ғылыми ізденістердің бәсең тартқанын мойын-
дай отырып, әлеуметтік ой-пікіріміздің ғылыми күшіміздің
бұл аса маңызды проблемаға жаңа ынта-жігермен, соны
тәсілдермен қайта оралып кірісетіндігіне күмәніміз жоқ.
Абай тағылымы. Құрастырған – филология
ғылымдарының докторы, профессор Н.Ғабдуллин. - Алматы:
Жазушы, 1986. - 324-344-б.
39
Мырзахметов М., Өмірәлиев Қ. Абайды танып біттік пе? // Қазақ әдебиеті. -
1985, 29 март.
406
Абай шығармалары мен ХІХ ғасырдағы жазу
нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы
Қазіргі әдеби тілдің тарихы дегеніміз – жалпыхалықтық
тілдің бар байлығының үздіксіз өңделе, дами түсуінің тари-
хы. Әдеби тілдің тарихын зерттеу оның сөздік құрамының,
фразеологиясының, көркемдеу тәсілдерінің, грамматикалық
және стилистикалық нормаларының тарихи дамуына көз салу
болып табылады. Әдеби тілдің даму тарихының, яғни белгілі
бір халықтың сөйлеу мәдениетінің жетілу, шыңдалу процесін
зерттегенде, осы істе үлесі зор ірі қалам қайраткерлерінің
рөліне тоқтамай өте алмаймыз.
Қазақ әдеби тілінің даму тарихында ұлы ақын-жазушы Абай
Құнанбаевтың орны ерекше.
Суреткердің тілі дегенді кең ұғымда түсінеміз. Бұл ретте,
алдымен, ақын шығармаларының поэтикалық тілі болатын-
дығын айтуға болады. Абай өлеңдерінің поэтикалық тілі жа-
йында үлкенді-кішілі зерттеулер бар. Ал Абай шығармалары
тілінің лексикалық байлығы, ондағы морфологиялық тұлға-
лардың көрінісі (берілуі), синтаксистік ерекшеліктері деген-
дер күні бүгінге дейін арнаулы зерттеу объектісі болмай келе-
ді. Жазушы-ақын Абайдың стилистикалық синтаксисі дегеннің
өзі – бөлектеп зерттесе, көп мәселелерді қамтитын үлкен тақы-
рып. Абай қара сөздерінің сөйлемдеріндегі сөз тәртібі жай-
ында тиіпқашты айтылған пікірлер талапқа сай келмейді
40
.
Мұндай құбылысты орыс тілі сияқты структурасы мүлде өзге
тілдің әсерінен деп топшылай салудан гөрі, осы мәселеге
тікелей қатысты басқа факторларды зерттеп барып, белгілі бір
тұжырым жасау әлдеқайда қисынды болмақ.
Ұлы ақын әрі прозаик Абайдың қазақ әдеби тілінің жасалуы
40
Абайдың «Қара сөздер» атты мұрасын зерттеуші X.Сүйінішәлиев Абай
прозасындағы сөйлем мүшелерінің «дағдылы орнында келмей, орын ауысып
келушілігін», сөйлемнің деп етістігіне аяқталып отыратындығын «орыс сөйлемдерінде
көп кездесетін өзгешеліктердін әсерінен пайда болған» және «қазақта бұрын
қолданылмаған, Абай жаңалығы» деп түсіндіреді (Сүйінішәлиев X. Абайдың қара
сөздері. - Алматы, 1956. - 132-133-беттер). Т.Нұртазин Абайдың «бірыңғай мүшелерді
жалпылауыш сөзбен түюі ақынның синтаксиске, стилистикаға жетіктігін байқатады»,
– деп тұжырымдайды (Нұртазин Т. Абай – көркем сөз шебері // Халық мұғалімі. - 1954.
- № 8. -11-бет).
407
мен дамуындағы орны мен рөлі жайында лингвистер тарапы-
нан айтылған бірсыпыра құнды пікірлерді таба аламыз
41
.
Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы жөніндегі мәселеге
лингвистерден басқа зерттеушілер де көңіл аудартып келді.
42
Абайдың тілі туралы лингвистердің қаламынан шыққан
жұмыстар – жеке монографиялық еңбектер емес, кішігірім
мақалалар ғана. Абай шығармаларының лексикасы жайын-
да айтылған пікірлер бұл мақалаларда аз-кем мысалдармен
шектеледі де терең талдау жасалынбайды, ал морфологиялық
тұлғалардың сипатталуын сөз ететін болсақ, олардың тек 2-3
қана категориясы әңгімеленеді. Авторлар осы категориялардың
ішінде ең алдымен -мақ тұлғалы етістікті Абай тілінің
ерекшелігінің бірі деп баса атайды да оның жиі қолданылу
себебін стилистикалық талаптан (проф. Сауранбаев) немесе
«шағатай тілі» дегеннің (ортаазиялық әдеби түркі тілі) әсерінен
іздестіріп, оны Абай тіліндегі шағатаизмнің бірі деп санай-
ды (проф. Аманжолов, Сауранбаев). Бұл мақалаларда аталған
тұлғаның Абай прозасында жиі кездесіп көзге түсетіндігін
айтып өту мен оның себебін іздестіруге талпыну ғана бар,
ал бұл тұлғаның (-мақ аффиксті сөздің) Абайдың жалпы
шығармаларында беретін мағынасы мен атқаратын қызметін
жан-жақты сөз ету жоқ. Қалған тұлғалардан -ып/-іп жұрнақты
көсемшенің синтаксистік функциясы (яғни оның көмекші
етістіксіз жеке тұрып баяндауыш қызметін атқаратындығы)
көрсетіледі (проф. Аманжолов). Абайдың әдеби тілге қатысы
жайындағы ғылыми әдебиеттерде лингвистер тарапынан бол-
41
Кеңесбаев С. Абай – основоположник казахского лнтературного языка //
Советскин Казахстан. - 1955. - № 9.
Аманжолов С. О диалектной основе современного казахского языка // Известия
АН КССР. - 1955. - Вып. 3-4.
Сауранбаев Н.Т. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // Вестник
АН КССР. - 1954. - № 61.
42
Ауэзов М. Жизнь и творчество Абая Кунанбаева // Жизнь и творчество Абая
Кунанбаева. - Алма-Ата, 1954.
Абай туралы С.Мұқановтың монографиясы // Қазақ ССР Ғылым академиясы
кітапханасының колжазба фондысында.
Нұртазин Т. Абайдың ақындық шеберлігі туралы // Абайдың өмірі мен
творчествосы. - Алматы, 1954.
Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы (жоғарғы көрсетілген
жинақта) және жоғарыда көрсетілген X.Сүйінішәлиевтің, Е.Ысмайыловтың, X.Жұма-
лиевтің еңбектерін қараңыз.
408
сын, әдебиетшілер тарапынан болсын, көбірек назар аударған
мәселе – ұлы сөз шеберінің бұрын қазақ тілінде болып көрмеген
жаңа сөз тіркестерін (тентек өмір, көңіл құсы, талаптың
аты, жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсың т.т.) жа-
сап, сөзге ауыспалы мағына бергендігі туралы. Бұдан тысқары,
проф. Сауранбаев бөкен желіс, құс тұмсық, қошқар мүйіз, түйе
табан тәрізді салыстыру мағынасымен жасалған тіркестерді
Абайдың шебер және жиі қолданғанын атап кетеді.
Абай тілінің грамматикасы жайында X.Сүйінішәлиев те
пікір айтуға талпынған. Бірақ бұл пікірлері ешбір талдау-
сыз, дәлелсіз, мысалсыз ұсынылған. Автор «Абай сөйлемдері
өзінің синтаксистік құрылысы жағынан өз кезіндегі кітапшыл
әдебиеттен өзгеше болып келеді»; «Абайдың сөйлемдері
жинақты, ұғымға оңай, сөздері жатық келеді»; «Ол қара
сөздерін анық, дәл қарапайым сөздермен қысқа, ықшам,
нақты ой бергендей, ұғымға да жеңіл түйдектелген түйінді (?!)
сөйлеммен жазды»
43
деген сияқты жалпы сөздерден әрі аса
алмайды. Бұл жерде Абайдың сөйлем құрылысы «кітапшыл
әдебиеттегі» сөйлем құрылысынан қалайша өзгешеленеді?
«Кітапшыл әдебиеттің» сөйлем құрылысы қандай еді? Абай
сөйлемдері қалайша жинақты? Грамматикада «түйдектелген
түйінді сөйлем» деген категория бар ма еді, ол қандай ка-
тегория? деген тәрізді сұрақтар өзінен-өзі туады да, жауап-
сыз қала береді. Ал автордың осы аталған еңбегіндегі «Абай
қара сөздерінде көбірек кездесетін сөйлем – жай сөйлем түрі
мен құрмалас сөйлем түрлері (?)»
44
, «Абайдың кейбір аралас
құрмалас сөйлемдері деп етістігімен аяқталып отырады. Бұл да
– қазақта бұрын қолданылмаған (?) Абай жаңалығы (!)»
45
деген
сияқты пікірлері мүлде сын көтермейді.
46
Назар сала қарасақ,
43
Сүйінішәлиев X.Ш. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 131-132-
беттер.
44
Сонда, 132-б.
45
Сонда, 133-б.
46
Ең алдымен, тіл-тілдегі сөйлем атаулы құрылысы (күрделілігі) жағынан жай және
құрмалас болып екі-ақ түрге бөлінетін болса, Абай тілінде көбірек кездесетін сөйлем –
жай сөйлем мен құрмалас деу ақылға сыймайтын нәрсе.
Екіншіден, Абайда кездесетін деп сөзімен тынатын сөйлем құрылысы – проф.
І.Кеңесбаев дұрыс көрсеткендей, қазақтың сөйлеу тіліне тән норма (С.Кенесбав Абай –
основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан. - 1955. - №9.
- С.128). Осының әсерінен барып бұл тәсіл ауыз әдебиеті нұсқаларында да, прозаны
409
Абай шығармаларының (тек қара сөздері емес, өлеңдерінің де)
грамматикалық құрылысын талдауда көңіл аударып, зерттеу
объектісі өтуге болатын мәселелер бірсыпыра.
Ең алдымен, Абай шығармаларында, әсіресе прозасында,
әдеби тіліміздің қазіргі даму кезеңінде мүлде қолданылмай-
тын морфологиялық тұлғаларды, грамматикалық тәсілдерді
кездестіреміз. Оларға -мыш,-дүр аффикстері, III жақтағы етіс-
тіктің көптік жалғауын қабылдаған түрі (алмадылар, кетелер),
бұйрық райдың III жағында тұрған етістіктің үшін шылауымен
тіркесі (тұрсын үшін, болсын үшін) жатады. Бұл тәсілдер мен
тұлғалар Абай тіліне қайдан келді, олардың Абайға дейінгі
және Абай өмір сүрген дәуірдегі басқа жазу нұсқаларындағы
(бұл арада қазақ тіліндегі жазба үлгілер сөз болып отыр) ала-
тын орны мен одан берменгі тағдыры қандай болды және бұл
тұстағы Абай тілінің шағатай тілі дегенге қаншалықты қатысы
болды деген мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Екінші, Абай тілінде кейбір морфологиялық тұлғалар (аф-
фикстер мен шылаулар) сыртқы формасы жағынан қазіргі
түрімен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Мысалы,
-тұғын(>-тын), -лық(>йық); менен (бірлән)> (мен); дағы
(>да); -ған(нан) + соң (>ғансын>ғасын). Мұның мәнісі қалай?
Бұл тұлғалардың Абай шығармаларында және сол тұстағы
басқа нұсқалардағы көрінісі қандай болды? Бұл тұлғаларды
салыстыра зерттесек, әдеби тіліміздегі кейбір сөздердің
грамматикалану тәсілінің бірі фонетикалық трансформация
процесінің күні кешеге дейін болып келгенін, қазіргі кезде де
бар екенін аңғаруға мүмкіндік береді.
Осымен қатар Абай прозасында кейбір тұлғалардың жиі
қолданылғанына көз жүгіртсек, олардың алуан түрлі мағына-
лары мен соған орай атқарған қызметтерін көреміз. Осы арқы-
лы енді-енді қалыптаса бастаған проза жанрында (сондай-ақ
жалпы әдеби тілде) белгілі бір грамматикалық категорияның
әр алуан тұлғамен беріліп, тиянақты бір формаға тұрақтап,
бекімеген дәуірін анықтап аламыз. Бұл арада Абай шығар-
маларының тілінде өте-мөте көзге түсетін -мақ жұрнақты
Абайдан біраз бұрын жазған Ыбырай Алтынсарин тілінде де, Абай өмір сүрген дәуірде
шығып тұрған «Дала уалаяты газетінің» тілінде де орын алды.
410
тұлғаның да, басқа формалардында (мысалы, -ар, -у, -са
аффиксті тұлғалардың да) сыры ашылмақ.
Әрине, Абай өмір сүрген дәуір араға ғасырлар емес, онда-
ған жыл салып, кеше ғана өткен, бізге соншалық таяу кезең
болғандықтан, Абай немесе Ыбырай сияқты жазба әдебиет
өкілдері тілінің морфологиясында қазіргі кезбен салыстыр-
ғанда байқалатын ерекшеліктерден гөрі, ұқсастықтар әлде-
қайда көп екені даусыз. Сондықтан әдеби тіліміздің қалып-
тасу тарихын зерттеу ісінде ол ұқсастықтарды атап көрсетіп
жатудан гөрі, ерекшеліктерді зерттеу, сол арқылы грамма-
тикалық (морфологиялық) тұлғалардың даму процесін байқау
бұрынырақ тұрған міндет сияқты.
Абай прозасындағы (ішінара поэзиясындағы) синтаксистік
категориялардың да бірқатарына назар аударуға болады. Бұл
ретте, алдымен, сөйлем конструкциясына тоқталайық. Сөй-
лем мүшелерінің орын алмасуы жалғыз Абай прозасында
емес, ауыз әдебиетіндегі қара сөз бөліктерінде де, Ыбырай
шығармаларында да, алғашқы шыға бастаған баспасөз тілінде
де (мысалы, «Дала уалаяты газетінің» тілінде) ұшырасады.
Бұл құбылысты, кейбір зерттеушілер тұжырымдағанындай,
«Абайдың орыс тілінен алған үлгісі» деп түсіндіруге болмас.
Ол ерекшеліктің негізін, ең алдымен, жалпы сөйлеу тілінің
нормасынан, ауыз әдебиеті дәстүрлерінен және проза норма-
ларының қалыптаса бастаған тарихынан іздестіруіміз жөн
сияқты. Осыдан кейін ғана Абай, Ыбырай сияқты орыс тілінен
әсер ала білген, оның (орыс тілінің) синтаксистік норма-
ларының кейбірін саналы түрде ана тілінде қолдана білетін
адамдардың шығармаларынан өзге тілдік нормаларды іздестіру
орынды болмақ.
Деп-пен тұйықталатын сөйлем құрылысын қазақтың ауыз
әдебиеті мұраларынан (олардың ішіндегі қара сөзбен айтыла-
тын үзіктерден) молынан кездестіруге болатындығын былай
қойғанда, бұл конструкцияның жалғыз бертіндегі қазақ тілі
емес, басқа түркі тілдерінде де бар болғандығын әріректен
алынған фактілер көрсете алады.
1914 жылы Карши қаласынан өзбек тілі дамуының ер-
теректегі дәуіріне жататын ескерткіштің бірі – «Тефсир» та-
былды. «Тефсирде» Құранның XVIII сүресінің аудармасы мен
411
кейбір сүрелеріне көне өзбек (және тәжік) тілінде жазылған
түсіндірулер бар. Бұл «Тефсир» XIII ғасырда жазылған болар
деп жорамалданып жүр. Тіліне қарағанда, табылған «Тефсир»
XI-XIV ғасырлардың нұсқаларына жататын тәрізді.
47
Осы «Тефсирден» мысал келтірейік: «Дакjанус анларні
ускунда укіді, аjді:–Сізлар кімка табінурсізлар, каjу дін тутар-
сізлар,– теб»; «...Қоjчі анлар қа аjді: «Сізлар кімлар сізлар,
кайғару барур сізлар», – теб».
Бұл сөйлемдер құрылысы жағынан қазақ тілінің деп-ке
аяқталатын сөйлемдерінен өзгеше емес, соларға ұқсас. Де-
мек, бұл конструкция, кейбір зерттеушілер айтқанындай, Абай
енгізген жаңалық емес екендігі байқалады. Осы құбылыстың
өзі бұл мәселені өте әріден басталатын басқа түркі тілдері та-
рихына да, қазақтың өзінің ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет
нұсқаларына да үңіле отырып зерттеуді қажет етеді.
Қазақ әдеби тілінде (прозада) төл сөз категориясының
қазіргі дәрежеге жеткенге дейінгі қалыптасу процесін байқау-
да Абайдың я Ыбырайдың шығармаларының тілін немесе
басқа жазба нұсқалардың тілін зерттеудің ерекше мәні бар.
Абай шығармасынан төмендегіше құрылған сөйлемдерді
кездестіреміз: Қазақ ойлайды: «Бірлік ат ортақ, ас ортақ,
киім, дәулет ортақ болса екен», – дейді (ІІ, 163).
48
Қайрат
айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білсең, дүниеде ешнәрсе менсіз
кәмалатқа жетпейді...», – депті (II, 172). Дәл осы сияқты
үлгідегі сөйлемдерді Ы.Алтынсарин әңгімелерінен де таба ала-
мыз: Әлім айтты: «Шыққан күнмен айдан, көк пен жерден,
су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен»,
– деді (И.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - Оренбург,
1879. - С.31). Төл сөз категориясының құрылысындағы ұқсас-
тықты ауыз әдебиеті шығармаларынан да кездестіреміз:
Тарғын айтты: «Нахақтан өз жұртымды жылатуға шари-
ғат қоспады», – деді («Ер Тарғын», 1898).
49
Қанай айтты
47
Боровков А.К. Из материалов для истории узбокского языка //Тюркологический
сборник. М., 1951. - С.73).
48
Бұл үзінді А.К. Боровков жариялаған текстен алынды (Тюркологический
сборник. - Ч.І. - 1951. - С.74-75).
49
Ертеректе шыққан кітаптардан алынған текстердің тыныс белгісін қойған – біз.
– Р.С.
Бұл жерде және кейінгі орындарда Абайдан келтірілгсен мысалдар Абайдың 1957
жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағынан алынды. Біз томы мен бетін ғана
көрсетіп отырдық. – Р. С.
412
Жанайға: «Сен ат»,– деді (Турецкая хрестоматия, состав-
ленная Березиным. - 1876. - С.19). Осы бірер мысалдардың
өзі қазақ прозасындағы төл сөз конструкциясының (дәлірек
айтсақ, төл сөзді автор сөзімен дәнекерлеп тұратын элемент-
тің орналасуы, тұлғасы жайының) қалыптасу процесінде бір
кезде қазіргі уақыттағыдан біраз өзгеше үлгінің (онша жатық
болмаса да) болғандығын аңғартады.
Абай прозасындағы құрмалас сөйлемдердің жасалуы де-
ген тақырып – өз алдына кеңінен талдауды қажет ететін аса
бір қызғылықты мәселе. Тіліміздің ауызекі нормасында, сон-
дай-ақ ертегілерде, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде
және халықтың тағы басқа сөйлеу мәдениетінің мұраларында
(жазба әдеби тілі қалыптасып өркендей бастағанға дейін)
құрмаласудың паратаксис тәсілі (ешбір дәнекер, жалғау, шы-
лауларсыз құрмаласу) басым болып келген қазақ прозасында
құрмалас сөйлем категориясының жасалу жолдарының бірте-
бірте түрлене, күрделене түскен процесін Абайдың, Ыбырай-
дың т.б. ірі қалам иелерінің шығармаларыныц тілінен бақы-
лаудың қажеттілігі мен маңызын дәлелдеп жату артығырақ
сияқты.
Абай тілінде синтаксис саласынан тағы бір көңіл аударатын
құбылыс – есімдердің арасындағы меңгеру тәсілі. Абай проза-
сында да, өлеңдерінде де бұл тәсілді жиі пайдаланады: Шын
ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы
бойға теріс іс есепті болады (II, 192).
Үйленуге тоймаған
Жасқа жас, ойға кәрі едің (І, 81)
Бұл тәсіл әсіресе мақал-мәтелдерге тән тәрізді.
50
Біз келтіріп өткен осы бір мысалдардан, екінші жағынан,
асқан шебер қалам қайраткері – Абайдың халық тілінде бар
тәсілдерді сарқа, кеңінен пайдаланғандығы көрінеді.
Осымен қатар Абай шығармаларындағы жеке сөздердің
фонетикалық тұлғалануы және орфограммасы (жазылуы) де-
гендер де тіліміздің тарихын, түрлі мекендерге байланысты
ерекшелігін тануда елеулі рөл атқарады.
50
Проф. М.Б.Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахском языке»
(1957 ж.) деген еңбегінін 41-бетін қараңыз.
413
Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құ-
нанбаев сияқты жазушының тілін талдағанда, оны Абайға де-
йінгі, онымен тұстас басқа да жазу нұсқалармен салыстырмай,
байланыстырмай дара алып қарауға болмайтындығы түсінікті.
Әңгіме бұл арада – қазақтың жалпыхалықтық тіліне ең жуық
келетін, яғни қазақ тілінің өзіне тән лексикалық, фонетикалық
және грамматикалық ерекшеліктерін сипаттай алатын нұс-
қалар жайында. Олардың басты-бастылары, біздіңше, мына-
лар: XIX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың бірсыпыра
ғалымдары, ағартушылары, миссионерлері қазақ халқының
ауыз әдебиеті шығармаларының үлгілерін жинап, бастыра бас-
тады. Бұл тұста бірінші кезекте В.В.Радлов жинап бастырған
«Халық әдебиеті нұсқаларындағы...
51
М.Терентьев құрастырған
хрестоматиядағы
52
, И.Березин құрастырған хрестоматиядағы
53
,
Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясындағы»
54
материалдар-
ды атауға болады. Бұларда келтірілген текстер, әсіресе қара
сөзбен берілгендері, бұрынырақтағы және сол кездегі қазақ
тілінің грамматикалық сипатын зерттеуге бағалы нұсқалар
болып табылады. Бұл текстердің құндылығының бірі – жи-
нап бастырушылардың оларға (текстерге) «әдеби» редакция
жүргізбей, сол тұстағы көптеген түркі тілдеріне (оның ішінде
казақ тіліне де) ортақ деп есептелінген «кітаби тіл» дегеннің
нормаларына келтірмей, мүмкіндігінше қазақтың халық тілінің
үлгісін бергендігі. Бұл текстердегі сөйлемдер құрылысы
жағынан бәлендей жатық болмаса да, морфологиялық тұлға-
ларының берілуі мен синтаксистік амалдары жағынан таза
халық тілінің үлгісінде екендігі байқалды.
В.В.Радлов, И.Березин, М.Терентьев, Я.Лютштер қазақ мате-
риалдарын жинап бастырушылардын алғашқы тобын құраса,
өткен ғасырдың соңғы кезінде хрестоматия құрастырып,
қазақ материалдарын жариялаушылардың келесі тобы шықты.
Олар А.Е.Алекторов
55
, А.В.Васильевтер
56
болды. А.Е.Алексан-
51
«Образцы народной литературы тюркскпх племен, живущих в южной Сибирии
Джунгарской степи». - СПб., 1870. - Ч. III. Киргизское наречие.
52
Хрестоматия турецкая персидская, киргизская и узбекская. Составитель
М.Терентьев. - СПб., 1876. - Кн. 2.
53
Турецкая хрестоматия», составленная И. Березиным. - Том III. - Казань, 1876.
54
Лютш Я. Киргизская хрестоматия. -Ташкент, 1883.
55
Алекторов А.Е. Киргизская. хрестоматия. - Часть I. - Оренбург, 1898.
56
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. - Вып. I. Киргизские
сказки. - Оренбург, 1898.
414
дровтың хрестоматиясындағы материалдар – орыс тіліне ау-
даруға және оқуға арналған қазақша құрастырма текстер.
Ал А.В.Васильевтің материалдары – «Торғай облысы қазақ-
тарынан жазылып алынған» текстер. Бұл екеуінің ұтымды бір
қасиеті – тілдерінің тазалығы (қазақшалығы) және сөйлемдер
құрылысының біршама дұрыс берілуі (мысалы, төмендегі
сөйлемдерге назар аударыңыз: Бұрынғы уақытта бір бай бар
екен, оның тоғыз ұлы болыпты. Бір күндер(і) бай(дың) өзі
өліпті, балалары жетім, қатыны жесір қалыпты (А.В.Ва-
сильев Образцы киргизской народной словесности. - Вып. I.
Киргизские сказки. - Оренбург, 1898).
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда патша үкі-
метінің жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары
ретінде газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомостылармен»
қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай газеті»,
Омбыда «Дала уалаятының газеті» «Ауыл шаруашылығы-
ның листогы» сияқты газеттер шығып отырды.
57
Бұл газеттердің ұстанған бағытын, жүргізген саясатын,
мазмұнын сөз етпей, олардың қазақ әдеби тілінің даму про-
цесіндегі мәні қандай болды деген мәселе тұрғысынан алып
қарағанда, бұлардың тілінен қызғылықты көп материал таба
аламыз. Бұлар, негізінен, аударма органдар болды, яғни га-
зет орыс тілінде шығып, оның қазақшаға аударылғаны қабат
беріліп отырды. Аудармамен қатар қазақ авторлары жазған
төл мақалалар да басылды. Газеттің (мысалы, «Дала уалаяты
газетінің») «Анекдот» деген рубрикасында көркем әдебиет
үлгілері (өлең, әңгімелер) жарияланып отырды. Оның үстіне
«Дала уалаяты газетінің» «Әдеби қосымшасы» («Литератур-
ное приложение») болды. Мұнда басылған материалдың да
дені төл шығармалар (яғни оригиналы қазақша жазылған) бо-
лып келді.
XIX ғасырда баспа бетін көрген қазақша жазу нұсқалары-
ның үшінші тобына қазақтың ертеден келе жатқан ауыз
әдебиетіндегі үлкен-үлкен эпостық шығармалар жатады. «Кис-
са Алпамыш», «Қисса Қамбар», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» және басқа жырлардың өткен ғасырда (көбінесе
оның екінші жартысында) басылған варианттарында, негізінен,
57
Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - I том. - 464- 465-беттер.
415
халық тілінде жырланатын түрлері берілді.
58
Бұлардың тілін
лексикасы жағынап да, грамматикасы жағынан да шығыс
халықтары тілдерінен аударылып, түркі, араб, иран тілдерінің
қоспасында жазылған «Сал-сал», «Зарқұм», «Сейітбаттал»,
«Жұмжұма» сияқты хикая, дастандардың тілін қазақ тілімен
қатар қоюға ешбір болмайды. Жалғыз-ақ бұларды ұқсас етіп
көрсететін бір нәрсе – олардағы кейбір сөздердің орфография-
сы (жазылуы). Сөз басындағы ж әрпінің орнына й әрпін (Он
сегізде яшы бар, ялғыз туған басы бар. – «Қисса Қамбар». -
Қазан, 1888); сөз ортасындағы с-тың орнына ш әрпін (яшы,
яқшы) жазу; түбір мен қосымшаның арасындағы үндестік
сияқты қазақ тіліне тән заңдылықты сақтамау (мысалы, Алқисса,
күнлерде бір күн Байбөрі малларын аралап жүріп, «менің ұлым
болса, осы малның қызығын көрер еді, мына жорғаларны мінер
еді» деп... жылап айтқан сөздері («Қисса Алпамыш». - Қазан,
1901), араб, парсы тілдерінен енген сөздерді сол тілдердегі
орфограммасына жуықтап жазу тенденциясы (һеш, һәр, һәм,
ғақыл, ғарыз, ғайыплау т.б.) XIX ғасырда, тіпті XX ғасырдың
басында араб әрпімен шыққан көптеген кітаптың, газеттердің
орфографиясына тән, ортақ құбылыс болып келді.
Бұл үлгінің өзі бір шығармада бастан-аяқ қатаң сақталып
та отырылмады. Тіпті осы тұстағы кейбір кітаптарда орфо-
графияның бұл «заңы» некен-саяқ жерде ғана кездеседі.
Жоғарыдағы жазбаларда қазақ сөздерінің бұлайша бұзылып
жазылуы сол тұстағы қазақ тілінің фонетика-морфологиялық
ерекшелігіне әсте байланысты емес. Мұның негізгі себебі,
біздіңше, мынада сияқты: сол тұста қазақ сөздерін белгілі бір
дәрежеде бұзып жазудың өзі жазылып отырған материалдар-
дың тілін әдеби түрде, яғни «кітаби тіл» дегенге бір табан
жақындата түсетін амалдың бірі болып есептелсе керек. Соның
салдарынан Яратқан, бізләрні, сізләрні, яхшы деген сияқты
шағатайша-татарша орфография өткен ғасырда араб әрпімен
шыққан кітаптарда біршама дағдыға (тәртіпке) айналған
тәрізді. Ал орыс әрпімен берілген үлгілерде (Радлов, Терентьев,
58
Бұлардың кейбіреулерінде «кітаби тіл» деп аталатын элементтері мүлде жоқ
деп айтуға болмайды. В.В.Радловтың айтуы бойьынша, Ильминский бастырған «.Ер
Тарғын» жырында кітаби тілдің ізі байқалады (Р.В.Р а д л о в Образцы народной
литературы... - Ч. III. - СПб., 1870. - С. XX-ХХІ).
416
Алтынсарин, Алектров, Васильевтердің материалдарында)
бұл тәртіп мүлде жоқ. Бұл үлгілерді кітапқа түсірушілер қазақ
тілінің өзіне тән грамматикалық құбылыстарын мүмкіндігін-
ше бұзбай, халық тіліндегі қалпында беру мақсатын қойған.
Сондықтан олар жоғарыдағы сияқты жазудың кітаби тілдегі
үлгісінен көріне көзге бас тартқан.
Өткен ғасырда қазақ тілінде шыққан жазу нұсқаларының
келесі бір тобын көпшілікке арналып әртүрлі азаматтық тақы-
рыпқа жазылған кішігірім кітапшалар құрайды. Ондай кітап-
шалардың шығуы XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ға-
сырдың бас кезінде етек алды. Бұлардың бірқатары, мысалы,
жұқпалы аурулар туралы кітапшалар орыс тілінен аударылды.
Алдыңғы аталған нұсқалардай, қазақ тілінде жазылғандықтан,
бұл кітапшалар да қазақ грамматикасының қалыптасу тарихын
зерттеуде құнды материалдар болып табылады. Әрине, бұл
кітапшалардың «қазақшалығы» Алтынсарин новеллаларының
Абай қара сөздерінің қазақшалығымен тең түсе алмайды. Де-
генмен ішінде бірен-сарандап басқа түркі тілдері элементтері
бар екендігіне қарамастан, олар – қалың көпшілікке түсінікті
болу мақсаты ескеріліп, сол көпшіліктің өз тілінде (қазақ
тілінде) жазылған (немесе жазуға талпынған) нұсқалар.
Өткен ғасырдағы қазақтың жазу нұсқаларын іздестіргенде,
олардың ішінде, Абай сияқты, Ыбырайдың шығармалары
елеулі орын алып, бір төбе болып тұрады. «Өзінің поэзиялық
және прозалық шығармалары арқылы қазақ әдеби тілінің
негізін салуға үлкен үлес қосқан»
59
ЬІбырай Алтынсариннің
прозасы қазақ әдеби тіліндегі грамматикалық тұлғалардың
даму процесін зерттеуде аса құнды материалдар береді.
Сөйтіп, қорыта келгенде, Абай шығармаларының грамма-
тикалық ерекшеліктерін зерттеуде қоса қабат талдап отырылу-
ға тиісті материалдардың басты-бастылары – біздіңше, осы-
лар. Бұларды (ескі жазбаларды) біз өткен ғасырдағы қазақша
жазу нұсқалары ретінде ғана көрсетіп отырмыз. Әрине, олар –
қай жағынан алғанда да, біртектес материалдар емес. Бұлардың
қазақ әдеби тілінің қалыптасып, әрі қарай даму процесінде ала-
тын орны мен маңызы да әрқилы.
59
Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - 1- том. - 482-бет.
417
Абайға дейінгі «таза» (кітаби тілден басқа) қазақ әдеби тілі
ауыз әдебиеті түрінде болды. Ауыз әдебиеті жалпыхалықтық
тілдің барша сөздік байлығын, фонетикалық және грамма-
тикалық нормаларын, көркемдеу тәсілдерін өзіне жинап,
сақтап келді.
Жоғарыда әңгіме етіп өткен, қазақтық ауыз әдебиетіне жата-
тын эпостық жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, әртүрлі
тұрмыс-салт жырлары ғасырлар бойы келе жатқан қазақ әдеби
тілінің үлгілері болып табылады.
XIX ғасырда (жалпы Октябрь революциясына дейін)
қазақта екі түрлі жазба әдебиет болғаны мәлім. Демек, екі
түрлі жазба әдеби тіл болды. Оның бірі – діни және басқа
тақырыптарға жазылған көптеген қисса-дастандардың («Сал-
сал», «Ғабдулмәлік», «Зарқұм», «Мұңлық-Зарлық» т.т.), ресми-
эпистолярлық доқументтердің (хан-сұлтандардың, билердің
т.т. араларындағы хат-хабарлар) және басқа да азаматтық не-
месе діни тақырыпқа жазылған кішігірім кітапшалардың тілі.
Бұлар – негізінен, түркі тілдері мен араб, парсы тілдерінің қос-
пасында жазылған үлгілер. Түркі тілдері дегеннің ішінде сол
шығарма жазылған негізгі тілдерден (айталық, қазақ тілінен)
басқа шағатай (ортаазиялық әдеби түркі тілі), татар тілінің
элементтері болды. Татар тілінің ықпалы әсіресе орфография-
да айқын көрінеді. Бұл тіл XIX ғасырдың өзінде-ақ «кітаби тіл»
деген атақ алды.
XIX ғасырдағы жазба әдеби тілдің екінші саласына Абай
мен Ыбырай шығармаларының тілі жатады. Бұлар қазақтың
ауыз әдебиеті тілінің норма-тәсілдерін өз бойына сіңірген жаңа
(«кітаби» тілден өзгеше) жазба әдеби тілдің үлгілерін құрайды.
Біз бұл мақалада Абай шығармаларының тілі мен XIX
ғасырдағы қазақша жазу нұсқалары тілінің грамматикасын тал-
дап, сипаттауды мақсат етпедік. Мақаланың мақсаты – Абай
шығармаларының тілінде грамматика саласынан зерттеу
объектісі ететін мәселелердің басты-бастыларын айқындап
өтуді және осыларға зерттеушілердің назарын аудару, соны-
мен қатар Абай тілінің грамматикасын талдағанда тағы қандай
материалдарға тоқталуға тура келер еді деген пікірімізді
білдірдік.
Қазақ тiлi мен әдебиетi. -1959. - № 2. - 48-55-б.
418
Достарыңызбен бөлісу: |