Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

Перифраздар 

Перифраз  –  көріктеу  тәсілдерінің  бірі.  Перифраз  деп  бір 

нәрсені  немесе  құбылысты,  іс-әрекетті  олардың  бір  белгі- 

сін,  бір  қасиетін  көрсетіп,  суреттеп  атауды  танимыз.  Мы- 

салы,  адам  өмірін  ұзақ  көш  деп  атаса,  мұнда  адам  өмірінің  

көш  сияқты  жылжу,  ілгері  басу,  күннен  күн,  жылдан  жыл  

өткізу  тәрізді  белгісін  көш  сөзімен  көрсетіп,  суреттеп,  өзге 

сөздермен  атап  тұр.  Немесе  өлді  дегенді  дәм-тұзы  таусыл-



ды  деп  суреттеп  білдіретін  болсақ,  мұнда  адам  баласының 

қоректенудің  арқасында  өмір  сүретіні,  сол  қорегі  (дәм-тұзы) 

таусылса, тіршіліктен де айрылатын белгісі аталып, бұл ұғым 

суреттеме тәсілмен білдіріліп тұр.

Перифраз  құбылысын  тануда  көзқарастар  біркелкі  емес. 

Біреулер  белгілі  бір  ұғымды  әдеттегі  (тілдегі,  қолданыстағы) 

бар атаудан өзгеше сөздермен (не сөзбен) аталғанның бәрін пе-

рифраз деп таныса, енді бір зерттеушілер мұнда екінші атаудың 

(орысша «вторичная номинация») арнайы жасалу жолы (ама-

лы) барын көрсетеді, ол амал бір нәрсені (затты, құбылысты, 

іс-әрекетті, абстракт ұғымды), оның бір белгісін көрсетіп, яғни 

астарлап айтқанда сол белгіні танытатын сөзді келтіріп сурет-

теп атауды жүзеге асырады. Біз де осы еңбекте перифраз деп 

соңғы анықтамаға сай келетін атауларды алдық.

Абай  тілінде  жұмсалған  перифраздар  сонылығы  жағынан 

да, саны жағынан да, суреттемелік сипаты жағынан да бұрын- 

ғылардан мүлде өзгеше болып келеді. Айталық, Бұқар жырау 

өлімді  үшкілсіз  көйлек  кию,  әзірейіл  келген  күн  деп  периф-

раздайды,  әлем,  дүниені  сегіз  қиыр  шартарап  деп  бейнелеп 

атайды, арам, жалғаншы адамды қызыл көзді пәле деп сурет-

теп  атайды.  Бөгембай  батырды  қазақтың  қамал  қорғаны  деп 

бағалайды. Бар болғаны осы. Перифраздап атайтын тәсіл бар, 

бірақ өнімді емес.

Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясында  перифраздардың,  оның 

ішінде авторлық-стильдік түрлерінің көбірек кездесетін жері – 

Дулат Бабатайұлының өлеңдері. Ол: тас ағызатын ағын деп 

өзінің  поэзиясын  бейнелеп  атайды:  «Дулатты  Дулат  демеңіз, 

Тас  ағызып  ағыны  Төре  алдында  ақпаса...  Өз  тұсындағы 

қазақтың  ел  билегеңдерін  топырыш  топас  күшіген»  деп  су-



124

реттеп  атайды.  Мұнда  перифраздық  тіркеске  негіз  болып 

тұрған  –  ел  билеушілердің  жемқорлық  қасиеті,  бұл  қасиет 

күшіген сияқты ұсақ жыртқыш құста бар, сондықтан периф-

раз жасайтын белгіге осы қасиет «иесі» – күшіген сөзі алынған. 

Заманын толқынды теңіз, сол замандағы қазақ қауымын жел 



қайық деп тұспалдап атауы – осылардың барлығы Дулаттың өз 

туындылары. Ал ұрыға құрық беру деп ұрлыққа жұмсауды ата-

са, Сүлеймен төрені алтынның айшық буы десе, бұлар – халық 

тілінде қалыптасқан перифраздар. Бұл қатарға өлең-жырларын 



сары алтынның буы, жылғадан сарқырап аққан суат деп су-

реттеп атауларын да қосуға болар.

Абайда  перифраздардың  жалпыхалықтық  тілде  қалыптас- 

қандары  да,  өзі  жасаған  авторлық  түрлері  де  бар.  Мысалы, 

Абайда  өмір,  тіршілік  дегенді  сұм  жалған,  сұм  дүние  (Бір 

қызық ісім екен сұм жалғанда), қайран дәурен (Қалжыңдасып 

өткізген  қайран  дәурен),  кемді  күн  (Бір  дәурен  кемді  күнге 

бозбалалық), бұлдыр заман (Қайта айналып, бұрылмас бұлдыр 



заман) деп перифраздап, 5-6 түрлі етіп суреттеп атаса, бұларды 

ақын өзіне дейінгі әдеби дәстүрден алған. Абай жастарды көк 



өрім, жаңа өспірім деп, жас қызды қаламқас деп ауыстырып 

атаса, бұлар да бұрынғы қазақ поэзиясына тән перифраздар бо-

латын.

Абайдың  көркем  тіл  кестесіндегі  көзге  түсер  ерекшелік- 



терінің бірі – контекстік (авторлық) перифраздарды қолдануы, 

яғни жаңа перифраздық тіркестер ұсынуы. Олар есім мағына- 

лы  және  етістік  мағыналы  болып  келеді.  Есім  мағыналылар 

әртүрлі абстракт ұғымдарды суреттеп атайды. Мысалы, «сана- 

лылық»  ұғымын  Абай  жүректің  көзі  деп  астарлап  атай-

ды.  Мұның  перифраз  болуына  саналылықтың  көру,  байқау 

әрекеттерімен  байланысты  екендігі,  сондықтан  ақын  сана- 

лылықтың осы белгісін көрсету үшін көз сөзін пайдаланады, ал 



жүрек дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі ғой.

Сол  сияқты  надандықты  қараңғылық  пердесі  деуі  де  осы 

жолмен  жасалған:  надандық  бір  нәрсені  көре  алмау,  біле  ал-

мау, оның осы белгісін ақын перде сөзімен білдіріп тұр (перде  

өзінің  сыртындағыны  қалқалап  көрсетпейтін  зат  қой),  ал 

қараңғылық  сөзі  –  надандық  дегеннің  контекстік  синонимі. 

Абай уайымды көңілдің сызығы, жазмышты тағдырдың сызы- 



125

ғы, қайғыны өмірдің шыжығы деп суреттеп атауын біз қазақ 

көркем тіліндегі перифраздардың классикалық үлгісі дер едік.

Лермонтов сияқты, Абайдың да ақындық, азаматтық толға- 

нысының  бір  қазығы  –  адамның  жан  дүниесі,  жан  тебіренісі 

(сірә,  бұл  Абайдың  Лермонтовқа  ерекше  бой  ұрып,  біраз 

өлеңдерін аударуына себеп болса керек), сондықтан адамның 

ішкі  жан  дүниесін  білдіретін  уайым,  надандық,  саналылық, 

сүю,  күйіну  сияқты  сөздерге  суреттеме  қосалқы  атау  беруі 

айқын  сезіледі.  Бұл  жерде  ақынның  мақсаты  –  солар  туралы 

баяндау  емес,  сол  ұғымдар  жайындағы  өзінің  толғанысын, 

ойын,  көзқарасын  білдіріп,  яғни  өзінің  субъективтік  бағасын 

беріп  суреттеу.  Ал  ақын  сөзі  оқырман  (тыңдаушы)  сезіміне 

әсер еткенде ғана көркем сурет болып шығады. Ақын сөзінің 

эмоциялы  болуына  тілдік  құралдардың  экспрессиялы  болуы 

шарт.  Перифраз  сияқты  суреттеме  номинация  (атау),  әрине, 

экспрессоидтердің қатарынан табылады.

Абайда  «екінші  атау»  («вторичная  номинация»)  –  периф- 

раздарға  ұшырайтындар  жоғарыда  айтқан  адамның  ішкі  жан 

дүниесінен  басқа  өмірге,  өлімге,  табиғат  құбылыстарына, 

поэзияға, тіпті жеке адамдарға қатысты ұғым атаулары болып та 

келеді. Бұлар – ақын ұсынған образдардың негізі, тақырыптық 

тарамдары.

Әр тақырыпқа қатысты образдарды – перифраздарды жасай-

тын тірек сөздер болады. Мысалы, соғыс образына қатысты су-

реттеме атауларда дауыл, өрт сөздері, сүю, құмарлану, қайғыру 

сезімдерін  білдіруде  сусын,  от,  өрт  сөздері,  батырлықты, 

ерлікті  білдіруде  арыстан,  сұңқар,  жолбарыс  сияқты  сөздер 

перифраздың  тірек  сөзі  болып  келеді:  жүрегіне  өрт  түсу 

– сүю, көкірегінде оты бар – саналыойлы, от қып өртеу – 

күйік тарттыру, отқа түсу – жанын пида қылу, отқа күймеу 



– пәледен аман болу, қайғы оты – қасірет-күйік т.т. 

Адамның  көңіл  қүйіне,  жан  дүниесіне  қатысты  перифраз- 

дардың тірек сөзі ретінде көбінесе көз, тіл, бой, бет, жүрек, 

өкпе  сияқты  дене  мүшелерінің  атаулары  жұмсалады.  Ол 

ренішті  өкпе  сызы  деп  тұспалдап  атайды.  Мұнда  реніштің 

өкпелеуден  туатын  белгісі  алынған:  «Қылт  етпеге  көңілдің 

кешуі  жоқ,  Жүрегінде  жатады  өкпе  сызы».  Бұл  перифраз-

да  екі  компоненттің  (құрамды  бөлшектің,  яғни  перифраз 


126

құрап  тұрған  сөздердің)  екеуі  де  бастапқы  номинативтік 

мағыналарын ауыстырып жұмсалған метафоралар болып тұр: 

өкпе – реніш дегеннің баламасы болса, сыз да суық, жағымсыз 

нәрсе болғандықтан, осы мағынаға иек артып, жағымсыз көңіл 

күйі – реніш дегенді білдіруге «ат салысып» тұр.

Әдетте  көз  сөзімен  келетін  метафоралы  тіркестер  жалпы- 

халықтық тілде де аз кездеспейді. Мысалы, көзінен от шашқан 

деген тіркес «өжет, өткір» дегенді астарлап атайды, сол сияқты 



жаман көзбен қарау (ұнатпау, жаратпау), көз аларту (өштесу 

немесе қорқыту), көз жұму (өлу), көз тою (қанағаттану), көзі 



түсу (көру, байқау) т.т. Бұлардың бірқатары перифраз болып 

келеді,  Абай  осындай  жалпытілдік  қолданыстарға  қоса  көз 

сөзінің қатысуымен ақылдың көзін байлау (еш нәрсені ойлат-

пау), ақыл көзбен бағу (саналы оймен бағдарлау), көзге сынық 



келу (жағымды көріну), ой көзбен тыңдау (дұрыс түсіну) деген 

перифраздарды ұсынады. Ең соңғы перифраз мүлде тың: мұнда 



ой(дың) көзі деген тіркес – мағыналары жуыспайтын сөздердің 

қабысуы  болса,  көзбен  тыңдау  бұдан  да  өткен  мағыналық 

«сәйкессіздік»:  көзбен  көреді,  тыңдамайды,  тыңдайтын 

құлақ болса керек. Ал Абай әрі ойға көз бітіріп, әрі ол көзбен 

тыңдатып,  еселенген  метафора  түзіп  тұр.  Бұл  екі  метафо-

ра  тұтасымен  бір  перифраздық  құрылым  болып  шыққан:  ой 



көзбен тыңдау – «жақсы әнді санамен ұға білу», яғни ақынның 

өз сөзімен айтсақ, өмірдің судай тұнық етіп көрсеткен сәулесін 

көре білу, жалпақ тілмен айтсақ, алды ыстық, арты суық, алды 

ойын, арты мұң болып шығатын өмірдің ән арқылы берілетін 

сырын  ұға  білу,  тыңдаушы  ұға  білсе,  ақын  «Жарамды  әнді 

тыңдасаң,  жаның  еріп,  Жабырқаңқы  көңілің  көтерілер»  деп 

түйеді.

Көңіл күйді, адамның ішкі жан дүниесін бейнелеп атауда, 



әсіресе етістікті тіркес болып келетін перифраздар көзге түседі. 

Бұлардың дені – Абайдың қаламынан туған соны қолданыстар. 

Мысалы,  талаптың  аты  арындау  (бір  нәрсеге  қатты  талап-

тану), үміттің аты елеру (қатты үміттену), көңілдің күні өшу 

(үміті үзілу) жүрекке өрт түсу (ғашық болу), шенді шекпен 

жабу  (қолына  билік  ұстату),  көз  майын  ағызу  (зар-мұңын 

айту) т.т. Бұл жерде мына бір жайтты байқаймыз. Біздің тануы- 

мызша, бұл тіркестердегі етістіктер алдыңғы метафораланған 

перифрастық тіркесті фразеологизмге айналдырушы стимуля-



127

тор (дем беруші) элементтер болып табылады. Ақын алдыңғы 

есім  тіркестерді  (үміттің  аты,  көкірек  көзі,  шенді  шекпен 

т.б.), айталық, елеру, ашылу, жабу сияқты етістіктермен ғана 

қолдану үшін жасаған деуге болады. Сондықтан бұл фразеоло-

гизмдер – авторлық, контекстік дүниелар: бұлардың, құрамын 

өзгертуге  болмайды.  Мысалы,  көкірек  көзі  жабылды,  шенді 

шекпен  киді,  үміттің  аты  шапты  деген  тіркестер  жасала 

қалған болса, олардың семантикасы мен стильдік жүгі мүлде 

басқаша болар еді.

Міне,  сөз  мағыналарын  ауыстырып,  метафоралап,  одан 

барып  номинативтік  атауды  суреттеме  атаумен  алмастыру  – 

жалпы  көркем  сөзге  тән  құбылыс  болса,  мұны  Абай  асқан 

шеберлікпен  жиі  қолданған.  Абайдың  кейбір  перифраздары 

мүлде  тың,  мағынасы  тек  қана  контекст  арқылы  ашылатын 

қолданыстар болып келеді. Мысалы, жас жігіттің сұлу қызға 

құмартқан кездегі қол жетпес арманын, қиынға түсер әрекетін 



қарсақ жортпас қара адыр деп мүлде астарлап атайды: «Сап, 

сап, көңілім, сап көңілім! Сарқа берме санасын... Қарсақ жорт-



пас қара адыр Қарамай неге шабасың? Сол сияқты ақын өз за-

манын, өз ортасын соқтықпалы соқпақсыз жер» деп атауы да 

– классикалық перифраз: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен 

бір  жұмбақ  адаммын,  оны  да  ойла.  Соқтықпалы  соқпақсыз 

жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»

Абайдың тілінде адамның жан дүниесін жырлауға қатысты 



көз  майын  ағызу  (зар-мұңын  айту:  Жылайын,  жырлайын, 

Ағызып көз майын), дүниеге бой алдыру (өмірдің ырқына көну, 

қажу:  Көп  адам  дүниеге  бой  алдырған,  Бой  алдырып  аяғын 

көп  шалдырған),  көңілдің  күні  өшу  (үміті  үзілу),  иман  жүзін 

тоздыру (ұялмай өтірік айту) сияқты фразеологизмдердің көбі 

соны перифраздар болып келеді. 

Абайда  затты  не  құбылысты  перифраз  амалымен  бейне-

леуде  орыс  поэзиясы  тілінің  ізі  де  байқалады.  Мысалы,  өзі 

жақсы  танып  оқыған  әрі  аударған  Пушкин,  Лермонтовтарда, 

әсіресе  Пушкиннің  1820  жылдарға  дейінгі  өлеңдерінде  пе-

рифразды қолданыстар жиі кездеседі. XVIII ғасырдың соңғы 

онжылдығы мен XIX ғасырдың алғашқы онжылдығы орыс по-

эзиясында перифрастық стиль дәуірі деп аталды

30

. Бірақ 1820 



30

 Григорьева А. Д. Поэтическая фразеология Пушкина // Поэтическая фразеология 

Пушкина. - М., 1969. - С. 6.



128

жылдардан  бастап  Пушкин  Карамзиндер  мен  Батюшковтар 

мектебінен қол үзіп, олардың ең жиі жүгінген көркемдік амалы 

– перифраздарды қолдануды біраз тежейді. Ал Лермонтовтың 

тілінде перифраздардың әлі де бірсыпыра бар екендігін оның 

Абай аударған өлеңдерінен көреміз. Бұл өлеңдерде кездесетін 



қараңғы көңіл (Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын), көңілдің 

жүгі  (Көңілдің  жүгін  қиял  қып,  Ызаға  тұтқын  бойың  зең),  

улы сусын (Одан гөрі еңбек қыл, Улы сусын төгілсін), жанға 

түскен  жара,  жалтаңдаған  жас  жүрек,  жүйрік  уақыт, 

үміттің нұры, еркелі қол, асау өмір, тентек өмір, жабырқаңқы 

сөз,  тәтті  үн,  нәпсінің  сынған  қайғысы,  асау  той,  тентек 

жиын сияқты тіркестер – сөз жоқ, түпнұсқадағы образдардан 

аудармалары.  Бұлардың  барлығы  дерлік  орыс  тілінің  өзінде  

перифраз  ретінде  қолданылған  образдар  болса,  Абай  олар-

ды қазақ тіліне өте әдемі аударып, перифрастық тіркестердің 

қазақша  баламасын  ұсынады.  Әрине,  Абай  орыстың  поэти- 

калық  тілінің  канондық  (заңға  айналған)  сөздігін,  орыс 

тіліндегі  образдар  жүйесін  теория  жүзінде  зерттеп  таныған 

жоқ,  бірақ  оның  ақындық  таланты  мен  қазақтың  көркем  сөз 

мәдениетін жақсы білуі Лермонтовтың көркем қазынасын дәл, 

дұрыс аударуға мүмкіндік берген.

Қазақтың көркем сөзінде бұрын-соңды кездеспеген тіркес- 

тер бола тұра, Абай өлеңдерінде олардың не образ ретінде, не 

көркем  элемент  ретінде  жаттығы  сезілмейді.  Бұлар  қатысқан 

өлең  текстерінің  тігісі  жатық  болып  шыққан,  өйткені  бұл 

іспеттес перифрастық тәсіл, біріншіден, қазақтың көркем сөз 

дүниесіне бұрыннан да жат емес, бар амал болса, екіншіден, 

бұл амалды Абай толтума поэзиясында да кеңінен қолданып, 

жандандырғандықтан,  жоғарыда  көрсетілген  тіркестердің 

не  шеттігі  (өзге  тілден  калька  жолымен  жасалғандығы),  не 

сонылығы көзге ұрмайда. Бұл – Абайдың сөз кестесінің төлтума 

(оригинал) және аударма деп бөлінбейтін тұтастығын таныта-

ды. Ал бұл тұтастық – ақындық қуаттың, ақындық даралық- 

тың бірден-бір белгісі.

Сөйтіп,  Абайдық  фразеология  саласында  көзге  түсетін 

еңбегінің зоры – оның жаңа тіркестер ұсынуы деп білеміз. Бірақ 

бұл жаңа дүниелер – жалпы тіл жүйесіне (қазақ тілінің лекси- 

ка-фразеологиялық  құрылымына)  енетін  тұрақты  тіркестер 


129

емес,  авторлық,  контекстік  қолданыстар.  Сондықтан  болар, 

бірқатар зерттеушілер фразеологизмдер және авторлық мета-

форалар немесе фразеологизмдер және образды тіркестер деп 

айырып қарастырады

31

. Жалпытілдік болсын, авторлық болсын 



фразеологизмдердің  дені  метафораланған  сөз  тіркестерінің 

негізінде  туады,  яғни  сөздердің  мағына  ауыстыруы  арқылы 

образ  жасалса,  мағына  ауысуы  үшін  сөздердің  бір-бірімен 

тіркесуі  (мағыналарын  «соғыстыруы»)  қажет,  сол  күнде  ғана 

сөздік негізгі мағынасына қосымша мағына үстеледі де, негізгі 

мағынасының жүгі не «қисаяды», не «ауып кетеді». Мағыналық 

жүгі ауған тіркестердің барлығы бірдей жалпыға ортақ көпші- 

лік  қолданатын  тұрақты  тіркеске  айнала  бермейді,  олардың 

көбі  автарлық  метафора  статусында  (дәрежесінде)  қалады. 

Абай  тілінде  де  солай:  оның  перифраз  болып  келетін  және  

өзге де өзі жасаған соны тіркестері – авторлық тіл өрнектеріне 

жатады.


Жалпыхалықтық  тілдегі  бейнелілік  пен  көркем  сөздегі 

бейнелілік  бірдей  болмайды:  жалпытілдік  образдар  –  ұжым- 

ның мүлкі, олар қолданыла-қолданыла келе жалпақ жұрттың 

меншігіне  айналғандар,  ал  көркем  сөздегі  образдар  –  жеке 

қалам иелерінің табысы, олардың беретін мағынасы контексте 

айқындалады. Бұның барлығы – лингвистикалық поэтиканың 

сөз  құбылту  (орысша  словопреобразование)  деп  аталатын 

жаңа  саласының  зерттеу  объектісі.  Соңғы  кездердегі  орыс 

ғылымында  бұл  сала  жайында  жиірек  айтылып,  батыл  түрде 

күн  тәртібіне  ұсынылып  жүр

32

.  Жеке  ақынның  поэтикалық 



тілін  зерттеуде  бұл  саланың  мағына  ауыстыру,  мағыналық 

реңктерді  (сема  дегендерді)  жандандыру,  сөздердің  тіркесу 

қабілетін таныту сияқты сәттерін көрсетудің мәні зор, өйткені 

бұл – сөздің көркем текстегі әрекеті (орысша поведение слова) 

туралы ізденістің өзегі болмақ.

31 



Федоров А. И. Развитие русской фразеологии. - Новосибирск, 1973.

32

  Григорьев  В.  П.  О  единицах  художественной  речи  //  Поэтика  и  стилистика 

русской литературы. - Л., 1971. - С. 390.


130

Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану

Әдетте фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде тұрақты сөз 

тіркестері, тиянақты тіркестер деп атаушылық жиі кездеседі. 

Зерттеушілер  фразеологизмдерді  тануда  мағына  тұтастығы, 

тіркес тиянақтылығы, қолданылу тұрақтылығы деген белгілерді 

атайды


33

. Демек, мағына жағынан да, құрылымы жағынан да 

тұрақтылық  (өзгермейтіндік)  фразеологизмдердің  негізгі  си-

паты  деп  танылады.  Бұл,  сөз  жоқ,  жалпытілдік  қазынадағы 

фразеологизмдерге келгенде дұрыс өлшемі (критерийі), белгісі 

болып шығады.

Ал  фразеологизмдердің  қолданыстағы  (орысша  речевой) 

белгілеріне  келгенде,  «тұрақты»  деген  анықтауыш  әрдайым 

күшін сақтай бермейді. Дәлдеңкіреп айтсақ, тіркестердің тұрақ- 

ты  деп  танылатындары  –  жалпыхалықтық  тілде,  көпшіліктің 

тәжірибесінде  (сөзінде,  аузында)  сол  қалыптасқан  түрінде 

қолданылатындары.  Ал  осы  қалыпты  (жалпытілдік)  фразе-

ологизмдер  көркем  әдебиетте,  әсіресе  поэзияда  әр  алуан  мо-

тивтермен  (қажеттіктерден)  азды-көпті  өзгеріп  қолданылуы  

аз кездеспейді. Бұл өзгеріс құрылымдық жағынан да, мағына- 

лық  жағынан  да  болуы  мүмкін.  Әрине,  бұл  өзгерістердің 

қайткенде де себебі (мотиві) болуға тиіс, әйтпесе ешбір зәру- 

ліксіз әр жазушы не ақын өз қалауынша қолданса, ол – норма-

дан ауытқушылық, тілге деген жауапсыздық болмақ. 

Фразеологизмдерді  өзгерту  мотивтері  де  әрқилы,  бірі  – 

стиль  қажетінен,  фразеологизмге  қосымша  мағыналық  реңк 

үстеп,  оларды  ұтымдырақ  ұсыну  мақсатымен  пайда  болатын 

өзгеріс.  Мысалы,  Абай  тілдегі  қара  қылды  қақ  жару  деген 

фразеологизмді  қара  қылды  қырыққа  бөлу  деп  трансформа-

цияласа,  соңғы  тіркестің  семантикалық  реңкі  алдыңғыдан 

сәл өзгергені байқалды: қара қылды қақ жару – «ешкімді, еш 

нәрсені  бөліп-жармай  тура  әділдік  таныту»  болса,  Абайдағы 

оның өзгерген вариантында әңгіме тек қана «алаламай әділдік 

айту»  емес,  істің  мән-жайын  әбден  бажайлап  («қырыққа 

бөліп»), оның әрбір қыр-сырына баға беріп айтылатын әділдік, 

33

 Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977. - 590-б.


131

көптің  айтқанына  қарап  емес,  өзі  танып  айтқан  ақылды 

адамның  әрекеті  жайында  болып  тұр:  «Ақылды  қара  қылды 

қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, 

қазы  да  өз  бойында,  Наданның  сүйенгені  көп  пен  дүрмек». 

Міне,  кәнігі  фразеологизмнің  өлеңдегі  қолданысында  пайда 

болған бұл жердегі өзгерісі ақынның айтпақ идеясын (ойын) 

дәл әрі әсерлі етіп беру үдесінен шыққан.

Образды  күштірек,  әсерлірек  етіп  шығару  үшін  ақын  бір 

фразеологизмді қатарынан екі рет жұмсайды, бірақ құрылым- 

дарын  сәл  өзгертіп  береді.  Мысалы,  нәзіктік  образын  айту 

үшін Абай: «Тал шыбықтай оралып, Гүл шыбықтай бұралып» 

деген  өлең  жолдарында  тал  шыбықтай  бұралу  деген  кәнігі 

фразеологизмді  тал  жібектей  оралу  және  гүл  шыбықтай 

бұралу деп екі вариант етіп келтіреді. Осы арқылы қыз нәзіктігі 

күшейтіліп суреттеліп тұр.

Абайда  трансформацияланған  (өзгертілген)  фразеологизм- 

дердің  көбі ғылым  тілінде, контаминация  деп  аталатын  өзге- 

рістерге  ұшыраған  тіркестер  болып  келеді.  Мұнда  кәнігі 

фразеологизмдердің  құрамындағы  сөздер  алмасып  қолданы- 

лады.  Мысалы,  Абайдың  өсекке  салу  деп  қолданғаны  өсекке 

таңу  және  сөзге  қалдыру  (салу)  дегендердегі  сөздерді  бір-

бірінен алып, алмастырып контаминациялауы болып шыққан. 



Тілге  сөз  түспеу  деген  де  осындай:  ауызға  сөз  түспеу  және 

тілге  сөз  оралмау  дегендерден  сөз  алмастырып  жасаған 

жаңа  құрылым.  Бұл  қатарға  Абай  қолданған  төмендегі  фра- 

зеологизмдерді  жатқызуға  болады:  ант  шайқау (ант  бұзу

сөзде тұрмау, сөзін шайқау), шырайын жылыту (жүзін жылы-



ту, шырайын беру), ардан кету (ардан безу, ұяттан кету), ой 

кіру (ақыл кіру, ой ойлау), қайғы жеу (уайым жеу, қайғы шегу) 

, қасиетін төгу (арын төгу, қасиетінен айрылу), жатты өз 

қылу (жатты жақын ету, жақынын өзі көру), талап салу (та-

лап ету, күшін салу), тілге азу (сөзге еру, тілге еру), ықылас 

салу (ықылас қою, ден салу), күш айту (күш көрсету, айбын-

ды сөз айту), аспанға тырысу (көкке өрлеу, аспанға ұмтылу), 



сөзі ұзын (тілі ұзын, сөзі көп, сөзі жаман), ақылға ену (ақылы 

кіру, ақылы толған кезге келу, ену), жазды алу (жазды өткізу, 



132

уақытты алу). Бұл тіркестердің жақша ішінде көрсетілгендері 

–жалпыхалықтық  тілде  қолданылатын  кәнігі  фразеологизм- 

дер. Абай олардың сөздерін алмастырып, өзгертіп қолданған. 

Егер осы өзгерген фразеологизмдерді жеке-жеке атасақ, олар- 

дың дағдылы еместігі бірден байқалады. Ал Абай өлеңдерінің 

ішіне келгенде, бірде-бір оқырман Абай мына сөздерді дұрыс 

қолданбапты немесе тіркесті бұзып, нормадан ауытқып кетіпті 

деп еш ойламайды, өйткені бұлар өлең тілінің бүкіл бітіміне 

соншама оралымды етіп келтірілген. Ол оралымдылық әртүрлі 

мұқтаждықты  өтеуге  қызмет  етеді.  Мысалы,  ант  бұзуды  ан-

тын шайқау деп өзгерту ұйқас қажетін өтеп тұр: «Анттасын 

алқайды. Сен тентек демеске. Кім антын шайқайды, Амал жоқ 

жемеске» деген өлең жолдарында осы фразеологизмнің бұзады 

(антын  бұзады)  деген  тұрақты  компоненті  мүлде  келмес  еді, 

өйткені бұл жолдың ұйқасы алқайды деген тұлғаға сай келуі 

керек. Бұл жерде өлең ұйқасы да дәл шыққан, тіркес мағынасы 

да  бұзылмаған,  себебі  бұзу  мен  шайқау  сөздерінің  негізгі 

мағыналары  дәл  түспегенімен,  шайқау  сөзіндегі  қосымша 

семантикалық реңк (шайқау арқылы бұзу, мысалы, жұмыртқа 

шайқалса,  ол  бұзылып,  бүлініп,  балапан  шықпайды  немесе 

қаймақты шайқаса, ол «бұзылып» қаймақ болудан қалып, май 

болып шығады т. т.) бұл екі етістікті дәл осы контексте сино-

ним қатарына шығарған.



Қайғы жеу тіркесі – дағдыдағы уайым жеу фразеологизмі- 

нің трансформациясы (құбылған түрі). Бұл жердегі өзгерістің 

уәжі (мотиві) басқашалау сияқты. Қайғы мен уайым сөздері – 

мағыналық жағынан тепе-теңге жуық синонимдер, кейде бұлар 



уайым-қайғы деп те қолданыла береді.

Абай кейбір сөздерді мағыналас қатарларының ішінен бөліп 

алып, жиірек қолданғанын білеміз. Сондықтан ол көрсетілген 

екі синонимнің қайғы деген қатарын уайым дегенге қарағанда 

әлдеқайда көп жұмсаған: қайғы сөзі 66 рет келсе, уайым 13 рет 

қана ұшырасады, бірақ қайғы жеу мен уайым жеу тіркестерінің 

қолданылу жиілігі бір-бірімен қарайлас: екеуі де үш-төрт рет-

тен  келген.  Біздің  байқауымызша,  ақын  бұл  екі  тіркеске  сәл 

мағыналық айырмашылық берген сияқты: қайғы жеу дегенде 


133

«алаң болу, қам жеу» деген реңк басымдау да, уайым жеу де-

генде нағыз «қайғыру» мағынасы күштірек сезіледі. Мысалы: 

«Бес  нәрсеге  асық  бол,  Адам  болам  десеңіз.  Тілеуің,  өмірің 

алдыңда,  Оған  қайғы  жесеңіз»  дегенде  қайғы  жеу  тіркесі 

«адам  болам  деп  ойласаңыз,  қам  жесеңіз»  дегенді  білдіріп 

тұрғаны даусыз, ал Әбдірахман науқастанып жатқанда жазған 

өлеңінде:  «Уайым  жеуліміз,  «А,  Құдай!»  деуліміз,  Жазылып 

келсеңіз» десе, мұндағы уайым жеуліміз «қайғырудамыз, зар 

илеудеміз» дегенді білдіреді.

Тілдің адам сезімін жеткізудегі құдіретін, әрбір сөздің сырт 

көзге  байқалмас  мүмкіндігін  сезу  –  тіл  сырын  түсіне  білген 

қас  шебердің  ғана  қолынан  келетін  іс.  Бір  қарағанда  еш  ай-

ырмасы  жоқ,  ана  вариантын  да,  мына  вариантын  да  қолдана 

беруге  болатын  сәттерге  жақынырақ  қарап,  назар  аударсақ, 

Абайдың  тілге  келгендегі  ғажап  сезімталдығын  көреміз. 

Бұл  орайда  Абайдың  әрбір  қолданысын:  сөзін,  сөз  тіркесін, 

сөйлемін, өлең құрылымын, ұйқасын, ырғағын т.т. жеке-жеке 

талдасақ,  көп  нәрсені  көрер  едік,  поэтикалық  тілге  қатысты 

бірқатар  теориялық  мәселелерге  барар  едік.  Әрине,  бұл  – 

бірер зерттеудің, бірер зерттеушінің жүгі емес. Және мұндай 

талдаулардың қыры да (ғылыми аспектісі) әр алуан болмаққа 

керек. Сондықтан ұлы Абай қалдырған тіл жұмсау, тіл өрнегін 

салу үлгісін (тәжірибесін) талдап-таныту – әрі қарай жүргізіле 

беретін,  ғылымның  арнайы  бір  тармағына  айналатын  жұмыс 

деп  ойлаймыз.  Бұл  кітаптағы  біздің  ізденістеріміз  осынау 

үлкен шаруаның бір тармағы ғана.

Фразеологизмдердің  құрылымдық  өзгерістерін  зерттеуші- 

лер  оларды  бірнеше  топқа  бөліп  қарастырады.  Бұлардың  бір 

тобы – трансформацияланған тіркестер. Бұған құрамына басқа 

сөздер  қосылған  түрлері  жатады.  Мысалы,  Аллаға  (Тәңірге) 

жазу деген тіркесті Абай Аллаға неден жаздың деп келтіреді.

Сары алтын фразеологизмі  – тұрақты тіркес, мұндағы сары 

– «нағыз, қымбат, жоғары пробалы» деген мағыналы сөз. Осы 

тіркеске самородный деген орыс сөзін қосып, «шынайы, нағыз 

алтын» деген ұғымды одан сайын күшейтіп тұр. Дүниені ай-

налу  фразеологизмі  «көп  жерді  кезу»  деген  мағынаны  берсе, 


134

оны Абай дүниені үш айналу деп, сөз қосып қолданғанда, бұл 

мағынаны одан сайын күшейтіп, «бүкіл жер-көкті шарлау» де-

ген мәнде жұмсайды.

Фразеологизм құрамына сөз қосу – жалпы тіл тәжірибесінде 

аса өнімді құбылыс емес, өйткені фразеологизмнің өзі – артық 

сөзді  көтермейтіндей  дәрежеде  ықшамдалып,  «етек-жеңін 

жинап  алған»  құрылым,  сондықтан  өлең  тілі  сияқты  ерекше 

жағдайда  болмаса,  өзге  тұстарда  фразеологизм  құрамына 

қосымша сөз қосу әрекеті бола бермейді. Ал өлең сөзде фра- 

зеологизмнің  мағынасын  не  дәлдей,  айқындай  түсу  үшін,  не 

күшейте  түсу  үшін,  не  өлең  техникасының  қажеттігін  өтеу 

үшін, қысқасы, осылар сияқты стильдік мақсатпен қосылады. 

Айталық, біреудің иығына шапан жабу тіркесі «біреуді сый-

лау, қошемет көрсету» дегенді білдіреді, ал Абай осы фразео- 

логизмдегі  шапан  сөзін  шекпен  деп  өзгертіп,  осы  тіркеске 

және  шенді  сөзін  қосқанда,  қосылған  сөз  арқылы  шекпеннің 

(шапанның)  «сый  көрсету»  деген  образын  сәл  ауыстыра-

ды:  бұл  жердегі  жабылатын шекпен –  сый,  құрметтің  симво-

лы  емес,  лауазымның  көрсеткіші,  мұны  оған  шенді  сөзінің 

тіркесуі айқындап тұр, демек, шенді шекпен – орыс әкімшілігі 

ұсынатын ұлықтықтың белгісі. Сөйтіп, шапан жабудың шенді 



шекпен жабу болып өзгертілуінде ақын айтпақ ойын бейнелеп 

дәл беру мақсатын көздеген.

Фразеологизмдер дүниесінде Абайдың қолданған және бір 

әдісі – жалпыхалықтық тілдегі тұрақты тіркестердің идеясын 

алып, яғни мағынасын қуалап, соның ізімен жаңа тіркес жасау 

болды. Мысалы, қазақ тұрмысында, көші-қон кезінде немесе 

бір жаққа бару керек болғанда, біреуден уақытша пайдалануға 

көлік  сұрау  актісі  болған,  ол  аттың  майы  (көліктің  майы) 

деп аталған. Тіркестің осы идеясын (мағынасын) алып, Абай 

көздің  майы,  сөздің  майы  деген  тіркестер  жасаған.  Аттың 

майы  «аттың  күші»  деген  мағынаны  білдіретін  болса,  көздің 



майы, сөздің майы деген тіркестерде Абай осы мағынаны пай-

даланады: көздің майын ағызу – көздің күші, жасында болса, 

сол  жасты  төгіп  «қалқаға  сөз  айту»,  ынтықтығын  білдіру,  ал 

сөздің майын аямау дегенде сөздің күшін – әсерін аямай, ба-


135

рын айту деген ұғымды ұсынады. Келесі мысал. Қазақ пысық 

адамды  еті  тірі  кісі  дейді.  Осы  мағынаны  ұстанып,  Абай 

көңілі тірі деген тіркес жасайды. Жақын тарту, іш тарту де-

ген қалыпты фразеологизмдегі тарту етістігінің мағынасына 

иек артып, қайратсыз тарту, ыстық тарту, салбыраңқы тар-

ту деген соны тіркестер ұсынады. Пайдасы тию, зияны тию 

дегендердің үлгісімен панасы тию деген тіркесті, күшін жал-



дау дегеннің моделімен жан жалдау сияқты жаңа тіркестерді 

өлең тіліне қосады.

Абай  осылайша  ұсынған  соны  тіркестер  өздеріне  модель 

(үлгі) болған варианттарынан экспрессиясы әлдеқайда күшті, 

образды  дүниелер  қатарын  құрайды.  Бұл  фразеологизмдер, 

бір жағынан, тың образдар жасап, поэтикалық құралдарға ай-

налып  жатса,  екінші  жағынан,  қазақ  тілінің  фразеологиялық 

қазынасын толықтырып, байытты деуге болады.

Фразеологизм  құрамындағы  сөздердің  орын  алмасты-

рып қолданылуын біз олардың құбылуына (трансформацияға 

түсуіне) жатқызбас едік. Бұл – өлең шартынан туатын құбылыс, 

яғни өлеңнің ырғақ, ұйқас, өлшем сияқты шарттарына қарай, 

фразеологизмдердің құрамындағы сөздер орындарын ауысты-

рып  келе  береді.  Мысалы,  қырқын  мінсе,  қыр  артылмау  де-

ген  фразеологизмді  Абай  прозасында  осы  көрсетілген  орын 

тәртібімен қолданған болса, өлеңінде оны екіге бөліп жібереді: 

«Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас болған соң 

мінсе қырқын»Екінші мысал: мыс қазандай қайнау (мағынасы 

«амалы құрып, күйіп-жану») фразеологизмі де өлеңде: «Үшбу 

қиял келсе басқа, Сен жүдер деп мен үшін, Болар еді қайнамасқа 

Мыс  қазандай  сорлы  ішім»  деген  түрде  сөздердің  орындары 

ауысып берілсе, ол да – өлең шартынан туған қолданыс. Бұл 

жердегі  сөздердің  орын  ауыстыруы  сияқты  өзгерісі  фразео-

логизмге  не  мағыналық,  не  стильдік  реңк  үстеп  тұрған  жоқ. 

Фразеологизм құрамындағы сөздердің араларына бөгде сөздер 

салып,  бір-бірінен  алшақтап  орналасуын  парцеляция  дегенге 

жатқызушылық  та  бар,  ал  парцеляция  –  сөйлемнің  құрамды 

бөлшектерін ажыратып, «отауларын бөлектетіп» жіберу амалы. 

Жоғарыда келтірілген мысалдарда сөйлем кұрамын бөлшектеп 


136

көрсетуден гөрі, өлеңін ұйқас, өлшем шарттарына бағындыру 

ғана  байқалады.  Біздіңше,  фразеологизмдер  контаминация-

мен немесе үстеме сөздермен мағыналық реңк алу мақсатын 

көздеген  сәттерде  ғана  құрылымдық  өзгеріске  түседі  деп  са-

наймыз.


Абайдың  поэтикалық  тіл  өрнегінде  өзіне  дейінгі  ақын-

жырауларда  кездеспеген  және  бір  жаңалық  бар,  ол  –  қазақ 

тілінің  фразеологиялық  қазынасына  орыс  тілінен  тікелей  ау-

дару  арқылы  жасалған  соны  тіркестердің,  қосылуы.  Бұлар 

сан  жағынан  аса  көп  емес,  бірақ  сол  аз  фактінің  өзі  бұл 

жаңалықтың  қазақ  поэзиясы  тілінде  Абайдан  басталғанын 

көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінде мүйіз шығу деген фразеоло-

гизм бар. «Фразеологиялық сөздікте» оның мағынасы «қарық 

болу, кенелу, дегені орындалу, жетісу (кекесін мағынасында)» 

деп  көрсетілген  де,  Абайдан  мысал  келтірілген.  Осы  мы-

салды  алып,  бұл  тіркестің  мағынасын  «Абай  сөздігі»  де: 

«жетісу, дегеніне жету» деп түсіндіреді. Ал байыптап қарасақ, 

Абай  қолданған  мүйіз  шығу  фразеологизмі  «күйеуінің  көзіне 

әйелінің шөп салуы» деген мәнде жұмсалғаны байқалады. Бұл 

тіркес  ақынның  «Бір  сұлу  қыз  тұрыпты  хан  қолында»  деген 

өлеңінде  қолданылған.  Оның  мағынасын  дұрыс  аңғару  үшін 

екі-үш шумақты қатар оқу керек:

Есерлер жас қатынды тұтады екен, 

Жас қайғысын білдірмей жұтады екен... 

Бай қартайса, малына берер шылбыр,

Мал өмірді жаңғыртпас, Құдай ұрғыр...–

деп жас әйел алған кәрі адамның хал-жайын айтып алып, әрі 

қарай:

Қатыным қалай деме, ақсақал бай, 



Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай! 

Қу қатының майысса, мәз боласың,

Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай!–

деп, жас қатынның қулықпен майысып, кәрі шал күйеуін мәз 

қылып қоятынын айтады да:

Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, 



Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең, – 

137

деп ескертеді, яғни жас қатынның тіліне (майысып айтқан ал-

дауына) көнсең (сенсең), алданғаның – саған мүйіз шыққаны, 

яғни көзіңе шөп салынғаны, сондықтан қартаң бай – кәрі күйеу, 

сақ  бол  дейді.  Бұл  контекстегі  мүйіз  шығу,  аталған  сөздіктер 

қате  көрсеткендей,  «дегеніне  жету,  жетісу»  емес,  керісінше, 

«мазаққа қалу, масқара болу». Бұл мүйіз шығу орыс тіліндегі 

наставить рога кому-либо («жұбайының көзіне шөп салу») де-

ген фразеологизмнің аудармасы деп тану керек.

Абай өлеңдерінде кездесетін кептерше сүйінісу («ворковать 

как голубки»), салқын тарту («постывать»), тактісіне билеу 

(«отбивать такт»), бір сағаттан бір сағат («от часу на час») де-

ген тіркестер де қазақ тілі үшін жаңа; олар – орыс тілінен каль-

калау (сөзбе-сөз аудару) жолымен жасалғандар. Бір ғажабы – 

бұлардың бәрі тек аударма үстінде емес (олар да бар), Абайдың 

төл өлеңдерінде де қолданылған! Айталық, салқын тарту деген 

тіркес Абайда: «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі Саған салқын 



тартқандай,  сен  бір  кәрі»  деген  өлең  жолдарында  кездессе, 

бұл жолдар – Лермонтовтың: «Пускай теперь прекрасный свет 

Тебе постыл – ты слеп, ты сед» деген жолдарының аударма-

сы. Кептерше сүйінісу (Абай жинақтарының барлық басылым-

дарында  сүйеніскен  деп  жазылып  жүр,  біздіңше,  сүйініскен 

болуы керек, оны Абай орысша варковать дегеннің аударма-

сы етіп алған) деген тіркес те аударма өлеңінде кездеседі, ал 

қалғандары  (мүйіз  шығу,  тактісіне  билеу,  бір  сағаттан  бір 



сағат) – Абайдың төл өлеңдерінде. Бұл – Абайдың орыс тілінің 

көркемдік дүниесін творчестволықпен игергендігінің белгісі.

Абайдың  поэтикасын  кеңінен  сөз  еткен  ғалым  3.Ахме-

тов ақынның аударма өлеңдеріндегі жас бұлт, кәрі жартас, 



тентек өмір, салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары, 

көңілдің ауыр жүгі деген тіркестерді қазақ тіліне кәнігі емес,

 

жаңа фразалар деп көрсетеді.



Сөйтіп, Абай образды фразеологизмдерді поэтикалық экс- 

прессияның құралы ретінде молынан жұмсауды өзінің шебер- 

лік тәсілінің біріне айналдырған, ол үшін: 

1)  байырғы  жалпытілдік  образды  фразеологизмдерді  тұл- 

ғасын  өзгертпей  еркін,  орынды  және  молынан  пайдаланған 


138

(аузымен орақ ору, малына шылбыр беру, басқа шауып, төске 

өрлеу, атының жалын құшу, қарағайды талға жалғау т. т.);

2) кәнігі фразеологизмдердің тұлғалық құрылымын өзгертіп 

жұмсаған, мұнда әсіресе контаминация тәсілі мен мағыналық 

модельді пайдалану амалын жандандырған (қайғы жеу, тілге 



сөз түспеу, қасиетін төгі, өсекке салу, сөздің майы, қайратсыз 

тарту, салбыраңқы тарту т.т.);

3)  образды  жаңа  фразеологизмдер  жасап,  өзінің  поэтика- 

лық қорын молайтқан, соны тіркестердің денін перифраз деп 

аталатын түрлері құрайды, перифраздық тіркестер бір нәрсені 

не құбылысты соның бір белгісін не қасиетін көрсетіп, суреттеп 

атау болса, бұл тәсілді Абай барынша жандандырып, жүйеге 

айналдырған  (жүректің  толқыны  –  «сүю»,  соқтықпалы 

соқпақсыз  жер  –  «заманы»,  көңілдің  сызығы  –  «уайым», 

өмірдің шыжығы – «қайғы, трагедия», ажары қайтты, ажа-

ры тозды, өмірдің өрін тауысты, қайратсыз тартты, бұлар 

«қартайды» дегеннің перифраздары);

4)  жаңа  фразеологизмдерді  жасауда  Абай  семантикалық 

өрісі әртүрлі сөздерді тіркестіреді. Ол сөздердің біреуі нақты 

зат  атауы  болса,  екінші  дерексіз  есім  болып  келеді  немесе 

нақты затқа тән қимыл атауларын дерексіз ұғымдарға жанасты-

рады  (ұяттың  күзетшісі,  көңілдің  жайлауы,  тентек  жиын, 

саңырау  қайғы,  жабыр-қаңқы  сөз,  қулық  сауу,  иман  жүзін 

тоздыру,  адам  сауу,  көңілге  ажым  салу,  көңілге  қалың  беру, 

қорлыққа жығылу, ақылға шырақ жағу, көңілдің бәйгеге ша-

буы, қайғының иыққа шығуы т. т.);

5) белгілі бір есім сөздерді (жүрек, мақтан сияқты) неме-

се етістіктерді (сауу, бағу, табу, күйлеу сияқты) ұйытқы етіп 

алып,  олардың  байырғы  фразеологизмдердегі  моделін  пай-

даланып  жаңаларын  жасайды:  мал  сауу  дегеннің  моделімен 

адам сауу, қулық сауу, еңбек сауу, мал бағу дегеннің үлгісімен 

күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу, өнер табу – ғылым табу, ақыл 

табу  тәрізді  соны  фразеологизмдерді  ұсынған.  Мұндайда 

фразеологизм  жасап  тұрған  сөздердің  біреуі  метафораланған 

(мағынасы ауысқан немесе жаңа мағыналық реңк үстеген) бо-

лып келеді: асау жүрек, қырық жамау жүрек, үрпейген жүрек 



139

дегендердегі  алдыңғы  компоненттер  өздерінің  лексикалық 

мағынасынан айрылып қалып тұр;

6)  Абай  қолданған  жаңа  фразеологизмдердің  шағын  тобы 

аударма  өлеңдерінде  орыс  тілінен  тікелей  калька  жолымен 

жасалғандар  болып  табылады:  күнді  уақыт  итеру  (Күнді 



уақыт итеріп, Көк жиектен асырса – Когда садится алый день 

За синий край земли), жанының жүгі (Жанының ауыр жүгі 

жеңілгендей – С души как бремя скатится);

7)  фразеология  саласындағы  жаңалық,  өзгерістердің  бәрі 

Абайда  стильдік  мақсатты  өтейтін  құрал  ретінде  таныла-

ды.  «Сөзі  түзелген»,  поэзиясы  жаңа  сипат  алған  Абай...  сол 

«сөзді»  әдемілеп  көмкеруде  жаңа  құралдарды  іздеп  тапқан. 

Ол  құралдары  –  соны  фразеологизмдері,  перифраздары, 

байырғы  тіркестерді  өзгертіп  ұсынған  варианттары  екенін 

талдауларымыздың  өн  бойында  көрсеткен  фактілер  (мысал-

дар) дәлелдейді.


140



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет