Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

СӨЗ – СИМВОЛ

Лингвистикалық  поэтика  саласында  символ  терминіне 

беріліп  жүрген  анықтама  әртүрлі  (бұл  сөздің  «белгі»  деген 

жалпытілдік мағынасын әңгіме етпейміз). Көркем әдебиеттің, 

оның  ішінде  поэзияның  тіл  кестесін  сөз  ететін,  орыс  поэти-

касына  қатысты  зерттеулерде  «символ»  термині  суреткердің 

(ақынның) белгілі бір ұғымды, идеяны заттық образбен (оның 

атауымен)  білдіруін  атайды.  Демек,  поэтикалық  образдың 

заттық белгісі, яғни символ – белгілі бір заттың атауы түрінде 

білдірілген поэтикалық образ. Символ терминін бұдан өзгеше 

мағынада ұсынушылық та бар. Мысалы, акад. В.В.Виноградов: 

символ – поэтикалық тілдің семантикалық единицасы (дүние- 

сі) деп таниды

22

.



«Символ» терминіне мағына жағынан өзгелер қолданатын 

«стильдік белгілер», «поэтикалық тәсілдер», «әдеби тәсілдер», 

«стильдік единицалар», «поэтикалық тілдік элементтер», «об-

раз құрайтын элементтер», «көркемдеу құралдары» деген тер-

миндер сай келетінін айтады

23

.



Ал  қазақ  поэзиясының  тілін  зерттеушілер  символ  дегенді 

кеңінен  арнайы  сөз  еткен  емес.  Тіпті  символды  перифраз 

сияқты астарлап, тұспалдап атаумен алмастырушылық та жоқ 

емес. Мысалы, Қ. Жұмалиев Абайдың қолдан ұшқан ақ сұңқар 

деп  Әбдірахманды  бейнелеп  атауын  символ  дейді,  ал  бұл  – 

кәдімгі перифраз.

Әдебиет  теориясына  арналған  еңбектерде  символды  көр- 

кемдік  мақсатпен  сөз  мағынасын  құбылтып  қолданатын 

тәсілдердің  бір  түрі  деп  есептеп,  оған  орыс  ғылымында 

берілген  анықтама  ұсынылады.  «Образ  тура  өз  мағынасында 

емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ неме-

се символ деп аталады» деп түсіндіріліп, бұған М. Горькийдің 



дауыл дегені революцияның, дауылпазы – оны басқарушылар- 

дың  символы  деп  мысал  келтіреді  (қазақ  әдебиетінен 

келтірілген  мысал  жоқ)

24

.  Ал  дәл  осы  мысалды  әдебиет  тео-



22

 Виноградов В. В. О поэзии Анны Ахматовой. - Л., 1925. - С. 15.

23

  Григорьев  В.  П.  О  единицах  художественной  речи  //  Поэтика  и  стилистика 

русской литературы. - Л., 1971. - С. 386.

24

 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1950. - 125-б.



99

риясын зерттеуші ғалым 3. Қабдолов кейіптеу (жансыз заттар-

ды жандылардың қасиет, қимыл, әрекетін беріп суреттеу) деп 

келтіреді

25

.  Символды  бұл  зерттеуші  астарлау  деп  атап,  оған 



толығырақ анықтама береді: «Құбылтудың бір түрі – астарлау, 

яки символ, бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға 

ұқсас  басқа  бір  нәрсеге  не  құбылысқа  құпия  теліп,  жасыра 

жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тар-

тымды тұспалмен түсіндіру»

26

. Зерттеуші қазақ ақындарынан 



мысалдар келтіреді: «Әбділда Тәжібаевтың бір өлеңінде теңіз 

– өмірдің символы, Қасым Аманжоловтың бір өлеңінде құз – 

терең ой үстіндегі ақынның (ойлы адамның) символы», – деп 

дұрыс көрсеткен. Көркемдеу тәсілінің бірі символ мен әдеби 

ағым  символизмді  шатастырмау  керек  екендігін  де  жақсы 

айтқан.

Символ  жайында  сөз  еткен  әдебиет  теоретигі  Зәки  Ахме-



тов те: «Символ дегеніміз – балама бейне. Оған негізгі ойды, 

айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет 

арқылы тұспалдап көрсету тән», – дейді

27

.



Сөйтіп,  символ  –  идеяның  заттық  (болмыстық)  нышаны, 

астарлы  образы.  Қазақ  поэзиясы  символды  ежелден  жақсы 

білген. XV ғасыр жырауы Қазтуған «кір жуып, кіндік кескен 

туған  жер,  отан,  халқының  тұрақты  мекені»  деген  идеяны 

білдіру үшін Еділ өзенін символ етіп жырлайды: «Қайран менің 

Еділім, Сен салмадың, мен салдым» десе, мұндағы идея –туған 

жерді  еріксіз  тастап  кеткен,  жырау  зарын  «Еділді  қалдырып 

кетіп  барамын»  деген  астармен  айтып  тұр.  Туған  жердің,  ел, 

отанының  символы  ретінде  Еділ,  Жайық  деген  заттық  ны-

шандарды алу күні кешегі Махамбеттерге дейін келді. Оның: 

«Еділдің  бойы  ен  тоғай,  Ел  қондырсам  деп  едім.  Жайықтың 

бойы  көк  шалғын,  Күзерміз  де  жайлармыз»  деген  өлең  жол-

дарында  айтпақ  идеясы  –  Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  бо- 

йына ел қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, нақты осы 

әрекеттер емес, басқа, яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» 

идеясы.  Олай  болса,  Еділ  мен  Жайық  –  символдар.  Мағжан 

Жұмабаевтың поэзиясында жел – символ, ол бірқатар идеяның 

25

 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. -Алматы, 1970. - 234-б.

26

 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 22-б.

27

 Сонда, 236-б. 



100

символы: жел – бірде рақат, тыныштықтың (Жұмақтағы жібек 



желден, Мәңгі жайнап тұрған гүлден Жаратылған әйел сұлу), 

енді бірде жел – тағдырдың адам өмірінің символы. Мысалы, 

«Мені де, өлім, әлдиле» деген өлеңінде: жел образы алты рет 

қайталанып  келіп,  адам  тағдырының  образын  тұспалдайды: 

«Жел  бұйығып,  тербелген  Әлдекімнің  өлгенін,  Оны  қалай 

көмгенін  Әңгіме  қып  күңіренген»,  «Қара  орманның  шетінде, 

Нағыз  желдің  өтінде  Өскен  жалғыз  жас  қайың...»,  «Сол  жас 

қайың  құлапты,  Жанында  жел  жылапты...»,  «Майданда  ұлан 

қайтыпты, Жел иманын айтыпты...», «Сорлы шөлде өліпті, Жел 

құмменен көміпті...», «Қайтыпты қозы көз тиіп, Бетінен кей-

де жел сүйіп... Құшыпты да өліпті, Жел толқыннан біліпті...». 

Бұл өлеңде символ – тек жел емес, жас қайың, жаңа біткен 



балдырған  –  жас  өмірдің  символдары,  бетпақ  шөл  –  қиын 

өмірдің символы.

Мағжан  ақынның  айтпақ  идеясының  заттық  нышаны 

ретінде желдің өте күшті образ болып келген тұстарын біраз 

өлеңінен табуға болады.

Кәкімбек  Салықовтың  жезкиігі  –  сұлулықтың,  сұлулыққа 

құштарлықтың  символы,  Қасым  Аманжоловтың  Дариғасы  – 

арманның символы т. т. 

Көркемдеу тәсілдерінің ішінде сирек кездесетіні – символ. 

Бір ақында көзге түсетін нағыз символдар төрт-бестен аспай-

ды десек те болады. Символды Абай көп қолданбаған. Оның 

себебін,  сірә,  поэтикалық  шығарманың  жанрынан,  ақынның 

көркемдеу  тәсілдеріне  деген  талғамынан  іздеу  керек  болар. 

Символ  негізінен  лирика  тіліне

 

тән.  Әсіресе  ақынның  жан 



дүниесін  толғаған  өлеңдерінде  айтпақ  идеясын  тіке  атамай, 

бейнелеп,  тұспалдап  білдіру  әсерлі.  Дегенмен  идеяны  сим-

волдап  (тұспалдап,  нышанын  ғана  білдіріп)  беруді  лирик 

ақындардың барлығы бірдей ең тартымды тәсіл етіп қолдана 

бермейді.  Оның  үстіне  оқырманның  (тыңдаушының)  сим-

волды  түсінетін  дәрежесімен  де  санасу  керек.  Ол  үшін  ақын 

қолданатын  символдар  халық  санасында  орныққан,  көпшілік 

оқырманның  құлағына  қанық  образдар  болуы  керек  (мы-

салы,  қос  аққу  –  сүйіскен  жастар,  ғашықтар,  дала  –  еркіндік 

т.  т.),  не  бұл  тәсілге  өте  сақтықпен  сараң  түрде  бару  керек. 



101

Сірә, «тыңдаушымды ұғымсыз қылып Тәңірім берген-ді» деп 

таныған  Абай  білдірмек  ойын  тұспалдамай-ақ  тура  айтып 

жеткізуді  көбірек  ойласа  керек.  Оның  үстіне  ақын  символ 

дегенді өзінің ең бір толғантқан идеясын бейнелеп беру үшін 

оған материалдық дүниеден (көзге көрінетін, қолға ұсталатын, 

құлаққа естілетін дегендей) балама іздейді.

Ал Абайдан символ іздей қалсақ, ең алдымен, жүректі атар 

едік. Жүрек – адам организміндегі мүшенің атауы, демек, ол да 

– зат. Осы затты ақын адамның ішкі дүниесінің, санасының ру-

хани сұранысының символы етіп қолданады, тіпті әрі-беріден 

соң жүрек – адамның өзінің символы болып шығады. Мыса-

лы, ақын: «Жүрегім, ойбай, соқпа енді, Бола берме тым күлкі» 

дегенде де, «Сорлы жүрек мұнша ауыр Неге қатты соқтығар» 

дегенде де, «Сенісерге жан таба алмай, Сенделеді ит жүрек» 

дегенде де – барлығында да әңгіме организм мүшесі – жүрек 

туралы  емес,  адамның  өзі  туралы:  күлкі  болатын  –  жүрек 

емес,  адам,  сорлы  эпитеті  адамға  ғана  тән,  сенделетін  де  – 

адам.  Абайдың  жүректі  адамның  символына  айналдыраты-

ны соншалық, тіпті жүрекке берілген қимыл-әрекеттің бәрі – 

адамның әрекеті. «Ақыл да, ашу да жоқ күлкі де жоқ, Тулап, 

қайнап, бір жүрек қылады әлек» – тулайтын, әлек салатын – 

адамның өзі ғой, демек, мұнда да жүрек – адамның символы.

Адамның ішкі дүниесі абстракт нәрсе болса, оның символы 

материалдық  дүниеден  алынып  отырғандығын  күшейте  түсу 

үшін  Абай  жүректі  «заттандырып»  алады:  жүрек  киім,  төсек 

сияқты жамаулы болып та келеді (Жүрегім менің қырық жа-

мау қиянатшыл дүниеден), жылқы сияқты асау болып та келеді 

(Асау жүрек аяғын шалыс басқан), адамның өзі сияқты асыл 

болып  та  келеді  (ақылды,  асыл  жүрек  сөзі  майда),  сондай-

ақ жылы да, ыстық та, мұз да, сұм да болып келе береді. Бұл 

сипаттардағы  жүректердің  барлығы  –  адамның,  лирикалық 

кейіпкердің өзінің символы.

Абай тіл дегенді де ақындықтың, поэзияның символы етіп 

көрсеткен деуге болады. Тіл сөзін 80-нен аса рет қолданғанда, 

ол қолданыстың көбінде тіл сөзінің адамның ауыз қуысындағы 

дәм беретін мүшесінің атауынан басқа және адамдардың бір-

бірімен  сөйлесетін  қатынас  құралы  деген  ұғымынан  басқа, 



102

оны  тұспалды  мағынада  да  жұмсайды.  Абайдың  атақты 

«Сегізаяғы»  толғауы  тоқсан  қызыл  тілін  «үндеуден»  баста-

лады. Оның  «қиуадан шауып,  қисынын тауып,  тағыны жетіп 

қайыратын  толғауы  тоқсан  қызыл  тіл»  деп  отырғаны  –  поэ- 

зия, өлең сөз. Тіпті үңіле қарасақ, ақын өзі «сөйлеймін десең 

өзің біл» деп өз талант күшіне, ақындық қуатына айтып тұр. 

Әрине, үстірт қарағанда, қиуадан шабатын да, қисынын тауып, 

тағыны қайыратын да тілдің (сөздің) өзі сияқты, бірақ сол тіл 

қай түрде жұмсалғанда тағыны қайырады: жай сөйлегенде ме, 

әлде поэзияға қызмет еткенде ме? Әрине, соңғы жағдайда. Де-

мек, ақынның бұл жердегі толғауы тоқсан қызыл тілі – өзінің 

ақындық қуаты, өзінің поэзиясы.

Абайдың  аударма  өлеңдерінде  кездесетін  желкен  (па-

рус) сияқты символдары – әрине, өзінікі емес, түпнұсқа өлең 

авторінікі,  Лермонтовтікі.  Бірақ  мұндай  кірме  символдар  да 

Абайда көп емес.


103

СӨЗ ҚҰБЫЛТУ

Абай фразеологиясы 

Язык неистощим в соединении слов. 



(А. С. Пушкин)

Ең  алдымен,  қалың  оқырманға  «фразеологизм»  деген 

«орысшалау» терминді қолданғанымызды білдіріп, оның «бір 

мағынаны беретін сөз тіркесі» деген атау екенін ескертеміз. Ал 

«фразеология»  дегеніміз  –  біріншіден,  «фразеологизмдердің 

жиынтығы, әлемі, қазынасы», екіншіден, «фразеологизмдерді 

зерттейтін ғылым саласы». «Абай фразеологиясы» дегенге осы 

екі ұғымның екеуі де енеді. Біз бұл тарауда Абай қолданған әр 

алуан сөз тіркестерінің әлемін көрсетуді де, сол әлемнің түр-

түсін,  сыр-сипатын,  қызметін  зерттеп,  талдап  танытуды  да 

көздедік.

Белгілі бір образды беруде фразеологизмдер – поэтикалық 

экспрессияның  ең  бір  ұтымды  құралы.  Жалпы  фразеологизм 

атаулының табиғатын ашу, оларды өзге бейнелі штамптардан 

ажырататын  межелерін  көрсету,  фразеологизмдерді  мағына- 

лық  және  құрылымдық  белгілеріне  қарай  бөлшектеп  беру 

сияқты  міндеттер  біздің  бұл  жұмысымызда  діттеген  нысана- 

мыз  емес.  Дегенмен  бұл  категорияға  қатысты  кейбір  қалып- 

тасып қалған пікір-тұжырымдарға байланысты өз ой-түйінде- 

рімізді  талдау  барысында  ұсынып  отырғанымызды  да  ескер- 

теміз.

Біз әңгіме ететін фразеологизмдеріміз – суреттеме сөз тір- 



кестері,  яғни  поэтикалық  фразеологизмдер.  Бұлар  әдетте 

бір нәрсені: затты, сынды, қимылды, қимылдың амалын жай  

атамайды, суреттеп, бейнелеп, астарлап, «мадақтап» не «бала- 

ғаттап»  атайды,  яғни  айтушының  (жазушының,  ақынның) 

сол нәрсеге – объектіге «пейілін» – көзқарасын білдіре атай-

ды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі 

– олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал бейнеліліктің 

«сүйегі»  тілдік  метафорада  жатады.  Метафора  дегеніміз  – 

сөздердің мағына ауыстырып жұмсалуы болса, фразеологизм-

дер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі болып табыла-



104

ды. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де, шебер пайдала-

нады.

Өлең  дегеніміз  дыбыс  пен  сөзден  өрілген  өрнек,  төгілген 



кесте  болса,  бұл  кестені  салуда  фразеологизмдердің  орны 

айрықша. Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлар- 

дың қазынасы, бұл, бір жағынан,  екінші жағынан,  ол  – жеке 

қаламгерлердің  табысы,  еңбегі,  ізденісі.  Фразеологиялық 

тіркестер  –  семантикалық  шоғырлар,  яғни  жеке  сөз  мағына- 

ларының  бір-бірімен  түйісуінен  туған  жаңа  мағыналық 

дүниеліктер.  Демек,  белгілі  бір  қаламгердің  жалпы  тілдік 

қазынасын  және  көркемдік  байлығын  зерттеуде  оның  фразе-

ологиясын  тауып  тану  ерекше  орын  алады.  Сондықтан  Абай 

тілінің фразеологиясын, оның ішінде образды тіркестерін ар-

найы сөз ету – біздің бұл зерттеуіміздің өзекті бөлігі.

Бұл  жерде  біз  образды  (бейнелі)  фразеологизмдер  дегенді 

әдейі бөліп атап отырмыз, өйткені суреткер тілінде терминдік 

мәндегі  тіркестер  де,  атауыш  мәндегі,  яғни  бір  нәрсені  жай 

атайтын  тұрақты  тіркестер  де  кеңінен  қолданылады.  Егер 

фразеологизмдердің бұл топтарын сөз етер болсақ, ол өз алды- 

на бөлек талдануы қажет болар еді, бірақ бұл – өлең тілінің өр- 

негі  жайындағы  әңгіме  емес,  ақынның  лексика-фразеология- 

лық  қазынасы  туралы  ізденістер  болмақ.  Сонымен  қатар 

кейбір мамандар фразеологизмдер класына мақал-мәтелдерді, 

нақыл  сөздерді,  қалыптасқан  формулалар  мен  өзге  де  штам-

птарды  жатқызады.  Ал  бұларды  әңгіме  арқауы  ете  қалсақ, 

мұны да өз алдына бөлек қарастыру қажет. Бұлардың барлығы 

да  –  бейнелі,  астарлы  тіркестер  болғанымен,  табиғаты,  яғни 

тілдік қызметі мен стильдік жүгі образды фразеологизмдерден 

өзгеше дүниелер. Демек, ақын тілінің фразеологизмдер қорын 

(қазынасын, құрамын) сөз етудің мақсаты – оларды тек түстеп, 

түгендеу ғана емес. Әрине, ол да қажет.

Жеке  суреткер  тіліндегі  образды  фразеологизмдердің  тип- 

терін, олардың көп-аздығын, ескі-жаңаларын түгендеу үстінде 

ақынның  не  жазушының  фразеологизмдер  саласындағы  бай- 

ырғы  қазынаны  қаншалықты  игеріп,  кәдеге  асырғанын,  қан- 

шалықты  жаңаларын  ұсынғанын  көруге  болады.  Ал  бұлар 

шығармашылық  контекст  немесе  авторлық  даралық  дегенді 



105

танытады,  тіпті  кеңірек  қарасақ,  суреткер  тіліндегі  фразе-

ологизмдер  әлемі  оның  поэтикалық  тіл  арқылы  көрінетін 

дүниетанымын көрсетеді.

Сонымен қатар фразеологизмдер – экспрессияның таптыр- 

мас  құралы.  Поэзия  тілі  жұмсаған  фразеологизмдердің 

қай-қайсысы  да  образды  болып  келеді,  бірақ  олардың  өзі 

экспрессивтік  бояуы  жағынан  бірі  күшті,  бірі  солғындау  де-

ген  сияқты  болып  бөлініп  тұрады.  Ақын  қажет  жерінде  тым 

күштілерін  іздестіреді,  жоқ  болса,  өзі  жасайды.  Мысалы, 

тілдегі  көңілі  қалу,  көңілі  жабырқау  дегендер  де  –  фразео-

логизмдер,  бірақ  Абайға  бұлардың  беретін  әсері  солғындау 

көрінеді, сондықтан көңілге ажым салу деген мүлде тың тіркес 

жасайды, мұның экспрессиясы алдыңғы тіркестерге қарағанда, 

әлдеқайда күшті. Сол сияқты біреудің еңбегін (күшін, пікірін) 

олжалау, пайдалану деген сөздер – информативтік қызметтегі 

жай атаулар, ал осылардың орнына ақын адам сауу, адам ау-



лау деген фразеологизмдерді қолданса, бұл тіркестер өздерінің 

сонылығымен, әсерлілігімен көзге түседі, қөңілге қонады, об-

раз болып келеді.

Абай  тіліндегі  фразеологизмдерді  зерттеуде  оларды  екі 

қырынан  қарап  талдау  қажет.  Бірінде,  жоғарыда  айтқандай, 

фразеологиялық  тіркестерді  жалпы  түстеп-түгендеу,  мұнда 

негізгі  назар  Абайдың  өзі  ұсынған  авторлық  фразеологизм-

дерге  аударылады,  олардың  жасалу  механизмі  сөз  болады, 

екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын 

айқындау, мұнда негізгі назар фразеологизмдердің құрылымы 

мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады.

Алдымен,  Абай  тіліндегі  образды  фразеологизмдерді 

түстеп-түгендеуге  келсек,  оқырман

 

назарын  мына  жайттарға 



аудартар едік. 

Тіл-тілдің  қай-қайсысында  да  ғасырлар,  жылдар  бойы  қа- 

лыптасқан фразеологиялық қазынасы болады. Олардың ішінде 

образды  тіркестер  көркем  әдебиет  (поэзия)  қажетін  өтеуде 

халықтың  эстетикалық  талғамын  ақтайтын  ең  бір  күшті  тіл- 

дік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби мектептердің және 

әдеби тіл дамуы кезеңдерінің дәстүрлілік, жалғастылық сипа-

тын танытуда материалды фразеологизмдер береді. 



106

Абай негіз етіп алған қазақтың ауызша дамыған әдеби тілі, 

яғни  ақын-жыраулар  поэзиясы  мен  шешендік  сөздері  образ- 

ды фразеологизмдерге өте бай болды. Қазақтың Абайға дейінгі 

(және одан кейінгі де) ұлттық ерекше белгілерін іздей қалсақ, 

сірә,  олардың  бірі  –  өте  бейнелі,  әсерлі,  әуезді  тіркестердің 

молдығы дер едік.

Суреткер  әдеби  тілді  қолдануда  сол  тілдің  негізінен, 

дәстүрінен  ешқашан  қол  үзбейді.  Тіпті  қазақ  әдеби  тілінің 

жаңа  сапалы  кезеңін  бастаған  Абайдың  өзі  байырғы  қазақ 

поэзиясының тіл өрнегін жалғастырды, оның дәстүрін сақтады 

дей аламыз. Әрине, бұл дәстүрді бұлжытпай, еш нәрсе қоспай, 

өзгертпей сақтаған жоқ. Ол – өз алдына әңгіме. 

Абай тілі де осы жалғастылықты көрсетеді. Ұлы суреткер 

тілінде жүздеген фразеологизм қолданылған болса, оның дені 

өзіне  дейінгі  әдеби  тіл  қазынасынан  алынған.  Ал  бұлардың  

басым  көпшілігі  жалпытілдік  деген  топ  құрайды.  Мысалы, 

Абай  жұмсаған  ащы  тіл  (ызалы  сөз,  қатты  айтылған  кейіс 

сөз), қара тер болу (босқа шаршау), мал шашу (малды орын-

сыз  жұмсау),  сүттей  ұю  (шынымен  илану,  мейлінше  сену), 



ант ішу (уәде беру, қарғанып-сілену), ақ ниет (адал ой), ала 

қолсыз (әділ, ешкімді бөліп-жармайтын адал) сияқты фразео-

логизмдер  тек  поэзияда  емес,  жалпыхалықтық  тілде  кеңінен 

қолданылатын элементтер. Әрине, бұлар да – бейнелеп айтатын 

сөз  тіркестері  (олардың  бейнелі  емес  эквиваленттері  жақша 

ішінде әдейі көрсетілді). Бұлар ауызша сөйлеу тілінде де, өлең 

сөз бен шешендік сөздерде де жиі қолданылатын, кейде тіпті 

стильдік мақсат көздемей-ақ жұмсала беретін тіркестер.

Біздің  ойымызша,  Абай  тіліндегі  ажал  жету,  азат  болу, 



арыз айту, басу айту, дау айту, ләззат алу, мазаны алу, ант 

ету, ар тұту, шығынға бату, ұмыт болу сияқты тіркестердің 

фразеологизмдер  ретінде  белгілі  бір  стильдік  мақсат  көздей 

жұмсалуынан  гөрі,  іс-әрекет,  қимыл-қозғалысты  жай  атау 

қызметі  басымырақ.  Өзге  қаламгерлерде  де,  тіпті  ауызекі 

сөйлеу тілінде де солай: дау айтты, мазаны алды, шығынға 

батты,  ойына  алмады  дегендер  олардың  дауласты,  маза-

лады,  шығынданды,  ойламады  деген  жеке  сөз  болып  келетін 

эквиваленттерімен жарыса қолданыла береді, бұл екі қатардың 



107

екеуі  де  көбінесе  жай  атауыштық  қызмет  атқаратын  тәрізді. 

Ғылыми  таныммен  айтсақ,  бұлар  образды  фразеологизмнен 

гөрі лексикалық тіркес деп аталатын күрделі сөз категориясы-

на жуықтау тұрады. Сондықтан бұл типтегі тіркестерді Абай 

тілінің өрнектеуіш құралдары ретінде көрсетудің жөні әрдайым 

келе бермейді, дәлірек айтсақ, олардың стильдік қызметі айқын 

сезілмейді. 

Ал сәлем айту, ақыл айту тәрізді тіркестердің жеке сөз бо-

лып келетін қатарлары мүлде жоқ, сәлем беру; ақыл беру сияқты 

тіркес  түріндегі  синонимдері  ғана  бар,  демек,  бұл  типтес 

тіркестердің де тексте бейнелуіш элемент болып келуінен гөрі 

жай атауыштық қызметі басым. Дегенмен егер біз әдеттегідей, 

яғни  «Абай  тілі  сөздігінде»  оларды  фразеологизмдер  деп 

көрсетуіне  қарап,  бұларды  сөз  етер  болсақ,  эстетикалық-

көріктеуіш элементтері талдау орайында емес, ақынның сөздік 

қазынасын түгендеу саласында қарастырар едік.

Жылдар, тіпті ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған бай 

фразеология  дүниесін  пайдалану  –  тек  Абайдың  емес,  әрбір 

ақын, жырау, жазушының амалы, ісі. Бірақ мұнда да әрбір су- 

реткердің  немесе  әдебиеттің  әр  жанрының  өзіне  тән  «қол- 

таңбасы»  байқалып  тұрады.  Мысалы,  ел  қорғау,  жауға  атта-

ну, ата жауы қалмақтармен немесе қызылбастармен жер үшін,  

мал  үшін,  қыз  үшін  қырқысу  сияқты  мотивтегі  әдебиеттің 

тұтас  бір  циклін  –  «Батырлар  жырын»  жасаған  қазақ  тілінде 

осы жанрға тән жүздеген фразеологизм қалыптасқан. Айталық, 



мұздай темір құрсану («мықты қарулану, сауыт-сайман, қару-

жарақты болу»), туы жығылу («ұрыста жеңілу»), ат сауыры-



сын беру («ұрыста немесе шапқыншы шақта көмекке келу, қол 

ұшын беру, қарайласу»). Сөздіктерде осылай түсіндірілгенімен, 

бұл  тіркестің,  сірә,  «біреудің  қасынан  кету,  арқасын  беру» 

мағынасында  да  жұмсалғаны  байқалады,  мысалы,  Жиембет 

жырау  Есімханға  ренжіп  айтқан  сөзінде:  «Қайратым  қанша 

қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай көшермін, 

Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауыры-

сын берермін! Алыста дәурен сүрермін!» дейді, мұнда ат сау-

ырысын берермін деген сөз жоқ «қол ұшын беру, көмектесу» 

деген  мағынада  емес,  «теріс  айналып  кету,  ханның  қасынан 



108

кету»  деген  мәнде  екенін  кейінгі  тұрған  «алыста  дәурен 

сүрермін» деген өлең жолы білдіріп тұр), аламанға жел беру 

(«халықты  күреске,  ұрысқа  шақыру»),  оза  шауып,  олжа  алу 

(«жауға бәрінен бұрын тиіп, бұрын жеңу»), қоңыраулы найза 

қолға  алу,  қоңыр  салқын  төске  алу  «қару-жарақтанып  жауға 

қарсы  аттану»),  жаннан  түңілу  («өлімнен  қорықпай,  ұрысқа 

араласу»)  тәрізді  фразеологизмдерді  батырлар  жырларынан 

да,  шығармашылығының  өзекті  тақырыбы  –  жаугершілік, 

ұрыс-соғыс болған ақын-жыраулар тілінен де молынан кездес- 

тіреміз.  Мысалы,  XV-XVI  ғасырлардың  жорықшы  жыраула-

ры  Қазтуған,  Доспамбеттердің,  қазақ  елінің  сыртқы  жаулар-

мен  шайқасы  үзілмеген  XVIII  ғасыр  ақындары  Ақтамберді, 

Жанкісілердің,  тіпті  XIX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы 

отаршылыққа  қарсы  соғыс-шайқасты  басынан  кешірген  жа-

уынгер  ақын  Махамбеттің  өлең-толғауларында  қанға  қану, 

дем  тарту  («жұмсалу,  шауып  түсу»:  Балдағы  алтын  құрыш 

болат,  Ашылып  шапсам  дем  тартар,  Сусыным  қанға  қанар 

деп  –  Қазтуған),  қан  жосадан  ағу  («қатты  жарақаттану»:  Оқ 

қылқандай  шаншылса,  Қан  жосадай  егілсе  –  Доспамбет), 

атқан оғын оздыру («дұшпанын өлтіру, жеңу»), жағасына қол 

тию («жаудың, дұшпанның тиісуі»), ту байлау («жауға шабу, 

жорыққа  шығу»)  сияқты  ұрыс-соғысқа  қатысты  айтылатын 

фразеологизмдер кездеседі.

Бұлардың  ішінде  ақын-жыраулардың  жыр-толғауларында 

ұшырасатын  өте  әсерлі  бейнелі  тіркестер  де  бұрынғы  қазақ 

поэзиясының маржан моншақтарындай. Мысалы, Шалкиіздің 

(XVI ғ.): тұлпары шарқ ұрып тұру («жаумен шайқасуға, ұрысқа 

дайын тұру»: Атайы ердің тұсында Тұлпары тұрар шарқ ұрып), 



иесін  жаяу  салу  («батырдың  астындағы  атының  ұрыста  оққа 

ұшып не найзаға түйреліп, иесінің жаяу қалуы, яғни жеңілуі, 

өйткені аты ұшқан адам ұрыс-шайқаста жауынгер емес, жаяу 

адам  ат  үстіндегі  қарсыласымен  не  шайқаса  алмайда,  не  қуа 

алмайды, не қаша алмайды»: Жағы түкті жылқы айуан Иесін 

қайда жаяу салмаған), Доспамбетте: күн түбіне жорту («алыс 

жауға аттану»: Кірмембес ауыр қолға бас болып, Күңіреніп күн 



түбіне  жортқанмын),  жазыда  жорту  («жорықтарда  болу», 

109

Жиембетте:  атқа  жайдақ  міну  («ұрыс  даласында  жеңіліп, 

қашу»: Қалмақтың бөрі ханы келгенде, Соқыр, бурыл байталға 

Сонда бір жайдақ мінгенсің) сияқты фразеологизмдер – халық 

тілінің  алтын  қорына  енген  өте  бейнелі  құралдар.  Бұлардың 

бірен-сараны ғана жеке суреткердің туындысы болуы мүмкін.

Жаугершілік  тақырыптарға  қатысты  фразеологизмдердің 

небір әсем авторлық үлгілерін (мүмкін, олар жалпыхалықтық 

та болар) Махамбет тілінен табамыз. Мысалы, қу толағай ба-

стану  («жаугершілікте,  жорықта  басына  күн  туу»),  адырна-

сын  ала  өгіздей  мөңірету  («қолына  қару  алу»),  көзінен  тізіп 

жіберу («қамауға алу»), ту түбінен ту алу («ұрыста жеңіске 

жету»), шандоздап қарағай шабу («қарулану»), ағыны қатты 



Жайықты тіземен бұзып өту («берілмей, қарсылық көрсету») 

сияқты  ұрыс-соғысқа,  күреске  қатысты  ондаған  өте  бейнелі 

тіркестер Махамбет қаламынан туған (аузынан шыққан) тәрізді.

Ал қазақ қауымының жер-суын шет жаудан сақтау, ел тұтас- 

тығы  үшін  күрес,  отаршылдыққа  қарсы  күрес  сияқты  ұрыс-

шайқас әрекеттері басылған, басына тәуелділік қамыты мық- 

тап  киілген  соңғы  XIX-XX  ғасырлардағы  қазақ  сөз  зергер- 

лерінің  тілінде  енді  шығармашылық  тақырыбы  өзгергендік- 

тен, «әскери» фразеологияның қолданысы да азая түсіп, оның 

орнына адам, қоғам, табиғат тақырыптарына қатысты бейнелі 

тіркестер  жиі  кездесе  бастайды.  Мысалы,  XVIII  ғасырдың 

соңы, XIX ғасырдың алғашқы жартысында жасап өткен Шал 

ақындағы  фразеологизмдер  біреудің  хақын  жеу,  малын  жеу 

(«біреудің еңбегін тегін пайдалану»), қосы құлау («өлу» әкесі 

Құлеке  өлгенде  айтқаны),  Құдай  ату  («оңбаған  адам  болу»: 

Байды  Құдай  атқаны  –  Дәулетіне  мас  болар),  ұжмақ  көру 

(«жақсылық көру, паналау»: Қой, сиырын қамасын молда өзі, 

Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден), дулап жүру («дүниенің 

қызық-шыжығын бастан өткізіп өмір сүру»), алдынан тарқау 

(«біреудің ерлік ісін көру, соған бағыну»: Кешегі дулап өткен 

Құлекенің Алдынан орыс, қазақ тарқап еді), Алладан бұйрық 



келу  («өлу»),  бас  көтеру  («есею»)  дегендер  болып  келеді. 

Шал ақында тек әкесі Құлеке батырдың өлімін жоқтап айтқан 

өлеңінің  бір  ғана  жерінде  ту  көтеру  («майданға  шығу,  ұрыс 


110

салу»:  Бұрынғы  батыр  қайда  ту  көтерген)  деген  жалғыз 

әскери тіркес бар. Шал ақын бірнеше өлеңін Құлеке батырға 

арнаса да, бұрынғы әскери тақырыпқа жататын образдарға бар-

майды, өйткені XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының тақырыбы 

өзгерген: Шал енді батырлықты, ел қорғауды, жауға аттануды 

жырламайды,  шаруаны,  кедейлікті,  кәрілікті,  адамгершілікті, 

дінді,  жақсы-жаман  қатынды,  жас-кәрі  қызды  өлең  сөзге 

қосады. Демек, оның жұмсаған фразеологизмдері де «басқа» 

дәуірдің «үніне» қатысты образдар үшін алынған. 

Сөйтіп,  белгілі  бір  суреткер  тілінде  немесе  жеке  көркем 

шығармада  қолданылатын  фразеологизмдердің  мағыналық 

топтары сол ақын-жырау жырлаған тақырыптарға қатысты бо-

лып келеді деген тұжырым айтуға болады.

Сонымен  қатар  өмірдің  сан  алуан  жақтарына  қатысты 

«бейтарап фразеология» деген де болады. Бұл топтағы тіркес- 

тер көбінесе адам, табиғат төңірегіндегі әңгімелерде (шығар- 

маларда)  қолданылады  және  қай  кезеңнің  тілінде  де,  қай 

қаламгердің  аузында  да  негізгі  тілдік  әрі  көріктеуіш  құрал 

ретінде кәдеге асырылып отырады.

Абай  өлеңдерінде  де,  прозасында  да  жалпыхалықтың 

тіл  қазынасына  жататын  бейтарап  мәнді  тіркестерді  еркін 

пайдаланған.  Мысалы,  қас  сағыну  ~  қас  сағынбау  тіркесі 

«қастық  жасау,  қастық  ойлау»  деген  мәндегі  ежелден  бар 

көне фразеологизм (өкінішті жайт – бұл тіркес не «Абай тілі 

сөздігінде», не «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде», не 

он томдық «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген болып шықты). 

Бұл  фразема  «Бәрі  де  жолдасына  қас  сағынбайды»  деген 

мәтелде  де  сақталған.  Мұның  жаулық  сағыну  варианты  да 

бар. Мысалы, Бұқар Абылай ханға: «Басына мұнша көтерген 

Жұртыңа жаулық сағынба» демей ме?

Сол  сияқты  Абай  қолданған  із  жоғалту,  ішіне  қонбау, 



көзге  ұру,  көзіне  бағу,  қырымға  қарау,  табанынан  тозу, 

намысқа шабу, тілін безеу, сұқ қадау, шырыш бұзу, шаужай-

ынан  қағу,  мойыны  түсу  сияқты  қимыл-әрекетке  қатысты 

тұрақты  тіркестер  –  жалпы  тілдік  қазынаның  ертеден  келе 

жатқан мүлкі. Сондай-ақ, жас өспірім, ақ көңіл, ақ бейіл, өр 


111

көкірек, жау жүрек тәрізді сындық мәнді тіркестерді де Абай 

жалпыхалықтық тілден алып жұмсаған.

Абайда  кездесетін  атауыш  (терминдік  мәндегі)  фразеоло- 

гизмдердің  бірқатары  –  өз  заманындағы  әлеуметтік,  саяси-

экономикалық  қарым-қатынастарға  байланысты  туған  жаңа 

тіркестер.  Мысалы,  басына  іс  түсу  («әлеуметтік  мәндегі 

қылмыс  таңылу»),  орынға  сайлану  «әкімшілік  орынға  оты-

ру,  әкім  болу»),  түсіп  қалу  («әкімшілік  орыннан  айрылу»), 



байға кірісу (ат майын алу, сауын сауу тәрізді экономикалық 

қатыныстардың  жаңа  түрлерімен  күн  көру,  бұл  тіркес  те 

ешбір сөздікте жоқ), міндетті болу («ұлықтарға қызмет ету»). 

Бұлардың  көбі  –  Абайдың  «Қарасөздерінде»  қолданылған 

атауыштық тіркестер, ал осы тәрізді «замандық» жаңа фразе-

ологизмдер  тек  Абай  емес,  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы 

қазақ ақындарының біразында кездеседі. Мысалы, Біржан сал-

да: ат мініп, ақша ұстау, Ақан серіде таразыға тартылу, жер 



аудару, закон сұрау, жалға жүру т.т.

Абайдың  фразеология  саласына  сіңірген  еңбегі  мен  жаңа- 

лықтары  –  әрине,  бұл  көрсетілгендер  емес.  Бұрынғы  зерт- 

теушілер,  әсіресе  Абайдың  поэтикасын  талдаған  ғалымдар 

Қ.  Жұмалиев,  Б.  Кенжебаев,  Т.Нұртазиндер,  сондай-ақ  ұлы 

ақынның  қазақ  әдеби  тілінің  даму  барысындағы  орны  мен 

қызметін азды-көпті әңгімелеген тіл мамандары Абайдың өзі 

жасаған  фразеологизмдерінің  көзге  түсетіндігін  баса  айтқан 

болатын

28

.



Біздің бұл зерттеуде көздегеніміз – Абай қолданған фразео- 

логизмдердің лексика-семантикалық және құрылымдық сипат-

тамасын  беру.  Жоғарыда  айттық,  Абай  шығармашылығының 

негізгі тақырыбы – адам, қоғам, сол қоғамның заманы. Осыған 

сай  ақын  поэзиясында  жұмсалған  образды  тіркестердің 

мағынасы  (тақырыбы)  жағынан,  яғни  лексика-семантикалық 

тұрғыдан  адамды  сипаттайтын,  адамның  ішкі  жан  дүниесін  

танытатын,  адамның  іс  -әрекет,  қимылын  суреттейтін,  сол 

қимыл,  іс-әрекеттің  орындалу  амалын  бейнелейтін,  өмірді, 

28

  Жұмалиев  Қ.  Аталған  кітап.  -  196-197-б.  Кенжебаев  Б.  Қазақ  реалистік 

әдебиетінің негізін салушы// Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 97-б. 

Сауранбаев Н. Аталған мақала. - 183-б.


112

өлімді,  жастықты,  кәрілікті  астарлап  атайтын,  табиғат  құбы- 

лыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарастыруға бола-

ды. Бұл семантикалық топтардағы фразеологизмдер байырғы 

және жаңа болып және бөлінеді.

Адамды,  оның  қадір-қасиетін,  тұр-тұрпатын,  ақыл-мінезін 

суреттеп,  бейнелеп  сипаттайтын  фразеологизмдердің  дені  

тілде  қалыптасқан,  байырғы  элементтер:  ақ  жүрек  («адал 

ниет»),  бұл  тіркесті  Абай  Онегиннің  аузына  салады,  ол 

Татьянаға  екінші  рет  «сорлы  асық»  болып  жазған  хатында: 

«Хұп білемін сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді 

ұнатпас – Мезгілі жоқ қай медеу?» дейді. Бұл жердегі Татьяна 

Ларинаның ақ жүрегі – оның «жалғансыз сезімі».

Ақ  пейіл,  ақ  көзді,  жау  жүрек,  жел  өкпе,  жел  буаз  деген 

фразеологизмдерді  де,  жоғарыда  айттық  Абай  халық  тілінен 

алып,  адамдардың  қасиетін,  мінезін  сипаттауға  жұмсаған. 

Сұлу  қыздың  портретін  бейнелеп  сипаттау  үшін  ақ  тамақ, 



қалам  қас  деген  тұрақты  тіркестерді  қолдануынан  да,  текті 

атаның тұқымын сом алтынның сынығы, деп бейнелеуінен де 

байырғы көріктеу құралдарына иек артқаны көрініп тұр. Бірақ 

бұл қатардағы образды тіркестер Абайда аса көп емес.

Абай  тілінде  ең  көп  кездесетіндер  –  адамның  ішкі  жан 

дүниесін, көңіл күйін сипаттайтындар мен іс-әрекетін, жүріс- 

тұрысын, қимыл-қозғалысын суреттейтіндер. Олар да жалпы- 

халықтық және авторлық (абайлық) болып келеді.

Өлең тақырыбына алып отырған кейіпкердің сезімін, көңіл 

күйін, жүрек лүпілін, жан сырын бейнелеп беру үшін көз ма- 



йын ағызу («зар мұңын айту»), айға талпыну («қолы жетпеске 

ұмтылу»),  шыр  айналу  («қайғыдан  есеңгіреп  қалу»),  дүниеге 



бой алдыру («өмірдің ырқына көну, қажу»), қап салу («қайыр- 

шылық кешу»), ит қылу («қор ету, қорлау») сияқты неше алу-

ан әсерлі фразеологизмдердің Абай тіліне еркін оралуы заңды. 

Бұл  топқа  жататын  образды  тіркестердің  бірқатары  Абайдың 

өзі  жасаған  соны  немесе  өзгертіп  қолданған  байырғылар  

болып келеді. Мысалы, адам аулау, адам сауу, көңілге ажым 



салмау,  аяғы  маймақ  тарту,  күнді  айдау  сияқты  фразеоло-

гизмдер  өзгелерде  жоқ,  бірен-сараны  кездессе  де,  дәл  Абай 



113

жұмсаған  мағынада  емес.  Бұдарды  келесі  беттерде  Абайдың 

фразеология  саласындағы  жаңалықтары  жайында  айтылатын 

жерде арнайы  талдаймыз (сондықтан  бұл  жерде мағыналары 

көрсетілмеді).

Адамның  іс-әрекетін,  қозғалыс-қимылын  суреттеу  үшін 

Абай фразеологизмдерді таңдағанда, олардың жалпыхалықтық 

тілдегі байырғыларының күштілерін алады. Мысалы, «қулық- 

пен  амалдап  бір  нәрсенің  ебін  табу»  деген  мағынаны  беруде 

қарағайды талға жалғау деген образ өте әсерлі. Бұл образда 

биік қарағай мен бәкене тал шыбықты бір-біріне жалғастыру 

мүмкін емес, бұл сияқты қиынның қиынын жүзеге асыру үшін 

қулық, амал керек. Халық данасы осы образды қарағайды талға 



жалғау  деп  жасаған  болса,  Абай  оны  «Амалдап  қарағайды 

талға жалғап, Әркім жүр алар жердің ебін қамдап» деп амал-

дап компонентін қосып бұдан да әрі әсерлі етіп жұмсаған.

Өмір мен өлім – толғана білген ақынның қай-қайсысының да 

соқпай кетпейтін тақырыптары. Ақын өмірді, тірлікті сөз ете- 

ді,  ал  тірлік  болған  жерде  өлім  де  болады.  Суреткер  өлімді: 

адам  баласы  өледі  немесе  пәленше  өлді  деп  жай  хабарлау 

үшін сөз етпейді (әрине, бұл да орын алады), сонымен қатар 

тірліктегі  өмірдің  мәні,  мұндағы  сан  алуан  құбылыстар, 

адамның  (кейіпкердің)  өмірдегі  орны  жайында  өз  пайымын 

толғау  үшін  де  «өлім»  тақырыбын  фразеологиялық  тіркестің 

мағыналық арқауы етеді. Абай бұл орайда ажал жету, дерт 



алу, күні біту, көзіне құм құйылу, көрге кіру, көз жұму сияқты 

байырғы қазақ көркем тілінде қалыптасқан кәнігі тіркестермен 

қатар  өзі  жасаған  ант  (антұрған)  мезгіл  келу  (Жұрттың  сөзі 

тағдырға  адам  көнбек,  Бір  антұрған  еріксіз  мезгіл  келмек... 

Жұрт  айтқан  сол  ант  мезгіл  келсең  керек),  өрт  алу  (баласы 

өлген анаға шығарып берген жоқтауында:. Жеміс ағаш бәйтерек 

Балдырғанын өрт алды) сияқты перифраздық тіркестерді бей- 

нелеуіш  құралға  айналдырады  (перифраз  деп  аталатын  тір- 

кестер жайында өз алдына жеке тақырып етіп талданды).

Ал өлең мазмұны өмір, тіршілікке арналған жерде де ақын 

жай  бейтарап  мәнді  жеке  не  күрделі  сөздерді  қолданудан 

гөрі,  олардың  образдық  қызметіне  жиірек  жүгінеді,  өйткені 



114

Абайдың бізге ұсынып отырғаны – поэзия, ал поэзия бір нәрсе 

жайында баяндамайды, сол нәрсені суреттейді. Айталық, ақын: 

«Көпжылдар көп күнді айдап келе жатыр. Сипат жоқ, сурет 

те жоқ, көзім талған» десе, мұнда «көп жасап келемін» деген 

идеяны дәл осы түрде немесе көп жыл өмір сүріп келемін деп 

берсе,  жай  баяндау  ғана  болар  еді,  ал  көп  жылдар  күнді  ай-

дап келе жатыр десе, осы идеяны оқушы (тыңдаушы) сезіміне 

әсер ететіндей суреттеп білдіреді. «Адам дүниеге келді, туды» 

деген ойды (идеяны) поэзияда дәл осы сөздермен білдіру экс-

прессиясы жағынан дүние есігін ашу дегенмен теңесе алмай-

ды, сондықтан Абай соңғы тіркесті қалайды.



Болашақ өмір деген тіркес бейтарап атау болса, осы ақын 

өлең тілінде келер күн деп білдірген екен, бұл да образды фра-

зеологизм  болып  шыққан.  «Біраз  өмір  сүру»  деген  ұғымды 

өмірдің  өрін  тауысу,  белге  шығу,  талай  жерге  келу  деп 

құбылтып білдіру – сөз жоқ, поэтикалық тіл талабы ақындық 

құдіреттің көрінісі: Келдік талай жерге енді, кіруге-ақ қалдық 

көрге  енді...  Өмірдің  өрін  тауысып,  Білімсізбен  алысып, 



Шықтық міне белге енді.

Міне, бұл көрсетілгендер – Абай қолданған фразеологизм- 

дердің лексика-семантикалық (тақырыптық, образдық) негізгі 

топтары.  Әрине,  бірді-екілі  бейнелі  тіркестер  жоғарыда  көр- 

сетілген  тақырыптардан  тыс  тұруы  мүмкін.  Мысалы,  рухани 

күш деген тіркес – жай «бояусыз» атау, ал оны ақын жол азық 

деп астарлап атаса, бұл тіркес перифраздық бейнелі фразеоло-

гизм болып шығады.

Енді Абайдың өзіне дейінгі әдеби тілде көрінген байырғы 

фразеологизмдерді  қалайша  пайдаланғанын  сөз  етер  болсақ, 

мына  фактілерге  назар  аудартуға  болады.  Абай,  сөз  жоқ, 

қазақтың ғасырлар, жылдар бойы сұрыпталып келген образдар 

дүниесін,  ол  дүниені  танытатын  тілдік  элементтердің,  оның 

ішінде образды тіркестердің ақын тілі үшін таптырмас құрал 

екенін өте жақсы сезген. Сондықтан ол жалпытілдік қоймадан 

экспрессиясы  күшті  не  бір  фразеологизмдерді  таңдап  алады. 

Мысалы, құлын-тайдай айқасу («жұптарын жазбай бірге жүріп 

ойнап-күлу»),  қырқын  мінсе  қыр  артылмау  («түкке  тұрмау, 


115

ұзаққа  бармау»),  атының  жалын  құшу  («ұрыста,  айқаста 

көбінесе  өзі  мерт  болып,  не  аты  оққа  ұшып,  аттан  жығылу» 

және «жеңілу»), қырық жерге қойма қою («неше түрлі қулық-

сұмдық ойлау») сияқты тіркестер өте бейнелі фразеологизмдер 

және оларды Абай өзіне дейінгі әдеби тіл қазынасынан алып 

жұмсаған.

Абайда  бұлар  тәрізді  экспрессивтік  бояуы  қалың  фразео- 

логизмдердің әрқайсысы бір-бір образ. «Жасымда ғылым бар 

деп  ескермедім»  деп  басталатын  шағын  өлеңінде:  «Өзім  де 



басқа шауып, төске өрледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім. 

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс 

көрмедім»  десе,  мұндағы  басқа  шауып,  төске  өрлеу  тіркесі 

«ешкімге есе бермеу» деген ұғымда қолданылып тұр. Бұл жер-

де  ақын  осы  ұғымды  ешкімге  есе  бермедім,  ешкімді  алдыма 

салмадым деген сияқты образдылықтан құр алақан емес, бірақ 

бояуы солғындау тіркестермен берсе, бар күш-қуатын халқына 

қызмет етіп, ақыл беру, жөн сілтеуге жұмсаған еңбегін танып, 

құлақ асатындардың жоқтығын көрген адамның образы әсерлі 

шықпас еді.

Экспрессиясы  күшті  өте  бейнелі  фразеологизмдер  қолда- 

ныста әрдайым бір ғана мәнде жұмсалмайтынын байқаймыз. 

Оған  бұлардың  көбінің  беретін  мағыналарын  әр  талдаушы 

әртүрлі етіп көрсететіндігі дәлел. Мысалы, осы басқа шауып, 

төске өрлеп деген тіркесті «Абай тілі сөздігін» кұрастырушы- 

лар  «ешкімге  есе  бермеу»  деп  түсіндірсе,  «Фразеологиялық 

сөздіктің» авторы акад. I. Кеңесбаев «өрлік, астамдық мінезбен 

көкірек  керу»  деп  көрсетеді.  Сөз  жоқ,  сырт  қарағанда,  бұл 

фразеологизмнің  мысалға  алынған  контекстегі  мағынасына 

екі  түсіндірме  де  дұрыс  келетін  сияқты,  бірақ  модальдық 

реңктеріне  келгенде  айырма  бар:  соңғы  түсіндірмеде  өзін 

өзгелерден  артық  санайтын  («көкірек  керу»)  адамды  сипат-

тайтын  жағымсыздық  реңк  бар.  Басқа  шауып,  төске  өрлеу 

тіркесінің бұл реңкпен қолданысы «Фразеологиялық сөздікте» 

М. Әуезовтен келтірілген мысалға сай келеді: «Бітпеймін деп 

басқа шауып, төске өрлеген Матай бауырыңмен бітім таптың 

ба,  түге?!»  Ал  Абайдың  қолданысында  бұл  фразеологизмнің 



116

«есе бермеу, алдына жан салмау» ұғымы басым, өйткені бұл 

жерде ақын өрлік, асқақтық көрсететін менмен адамды емес, 

ақылшы,  жөнсілтеуші,  жұртын  игілікке  шақырушы,  халыққа 

қызмет  етуші  адам  образын  ұсынып  отыр,  яғни  жасында 

ғылым бар деп ескермеген, сондықтан білім алсын деп балала-

рын оқытқан адамның образын берген.

Осы  сияқты  әртүрлі  түсіндірмелерді  өзге  фразеологизм-

дерден  де  табамыз.  Айталық,  ала  жылан,  аш  бақа  тіркесін 

«Абай  тілі  сөздігін»  түзушілер:  «Ақын  бұл  жерде  «елді  аз-

дырушы»  деген  мағынада  қолданып  отыр»,  –  деп  анықтаса, 

«Фразеологиялық  сөздікте»  «ала  көз  болып,  араздасу»  деп 

түсіндіріледі. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» мұны «ел 

арасына  іріткі,  бүлік  салушы»  деп  анықтайды.  Бұл  түсінік- 

темелерде мағыналық айырмашылықтар едәуір: «елді аздыру» 

мен  «ала  көз  болып,  араздасу»  немесе  «пәлеқор,  пәлеқұмар 

болу» – әрқайсысы – бөлек-бөлек ұғымдар. Бұл бейнелі тіркес 

Абайдың  «Көңіл  қайтты  достан  да,  дұшпаннан  да»  деп  бас- 

талатын  өлеңінде  қолданылған.  Осы  туындысында  ақын 

замандастарының:  түстеп-түгендеп  көрсеткен  байлардың, 

саудагерлердің,  естілердің,  надандардың,  күпілдектердің  т.т. 

жағымсыз  қылықтарымен  іс-әрекеттерін  көрсетіп,  қатты  сы-

найды,  ол  үшін  образды  сөздерді  пайдаланады.  Айталық, 

пайда  үшін  ғана  бүгін  жолдас  болып  жүргеңдер  ертең  ба-



стан жыға қисайғанда («қолдан билік, бастан бақ тайғанда») 

қасыңда тұрмайтынын, мал қызығын біле алмай жүрген бай-

лар  малын  ұрлатып,  ізін  жоғалтып  («ұрланған  малын  таба 

алмай»),  ыза  болып,  ыржиып  күле  алмай  («көңілі  жай  бола 

алмай») жүргенін, руластар (қарындас) бірін-бірі қара жерге 

тыға алмай («тас-талқанын шығарып жеңе алмай») жүргенін, 

көп күшті бір тентекті жыға алмай («тыя алмай, жөнге сала 

алмай») жүргенін, сәлемнің борыш, сөздің қулыққа айналғанын 

айтқанда,  көрсетілген  фразеологизмдердің  әрқайсысы  өте 

әсерлі  образ  болып  тұр,  яғни  ақынның  айтпақ  ойын,  бермек 

портретін дәл көрсетіп тұр.

Фразеологизмдер құрылымы жағынан есім мағыналы, етіс- 

тік мағыналы, үстеу мағыналы болып бөлінеді. Қазақ тілінде, 



117

сірә, сан жағынан етістік мәнді фразеологизмдер басым болып 

келеді деп ойлаймыз және олардың барлығы дерлік адамның 

әрекет-харекеттерін  бейнелеп,  суреттеп,  астарлап  атайды. 

Абайдың жырлаған ең басты объектісі – адам, оның қоғамдағы 

іс-қимылы  болғандықтан,  ол  образ  жасауда  жалпыхалықтық 

тілдегі  дәстүрлі  фразеологизмдерді  кеңінен,  еркін,  орынды 

жұмсаған. Әрине, бұл тәсіл тек Абайдың ерекшелігі емес сөз 

зергерлерінің  қай-қайсысы  да  фразеология  қазынасына  иек 

артпай,  поэзия  дүниесін  жасай  алмайды.  Қазақтың  ауызша 

дамыған әдеби тілінің ақын-жыраулар мұрасының бұл игілікті 

дәстүрі Абайдай шебердің қолына мол байлықты ұсына салған. 

Әсіресе  қазақ  халқының  күнкөріс  тіршілігінен,  айналасын 

қоршаған табиғат құбылыстарын танудан алынған образды сөз 

өрнегі Абай тіліне еркін оралып отырады.

 Құлынтайдай айқасу, дөң айналмау (атты адам ғана дөң ай-

налады), арқасы босау (мініс атының арқасы босайды), қырқын 

мінсе,  қыр  артылмау,  ат  үстінен  ұйқы  алу,  атының  басын 

бұру, бәйге атындай аңқылдау, малға шылбыр беру, атының 

жалын  құшу,  із  жоғалту  (малдың  ізін  таба  алмау)  деген 

тіркестер сан ғасыр көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен 

айналысып  келген  қазақ  халқының  өзіне  қажет  образдар-

ды  да  көбінесе  осы  салаға  қатыстырып  алғанын  көрсетеді. 

Бұлардан  басқа  да  ақ  жем  болу,  істің  ақ  пен  қарасы,  ақыр 

заман, Аллаға жазу, Алла оңғару, басын бұлт шалу, ант ату, 

арқаға қағу, аруақ аттау, табанынан таусылу, қара тер болу, 

ұя бұзу, ісі түсу, іш қайнау сияқты көптеген (жүзден асатын) 

фразеологизмдерді де Абай өзі жасаған жоқ, жалпыхалықтық 

қордан  алды.  Бұлардың  барлығы  да  Абайдың  сөз  кестесінің 

бояуын  құбылтып,  көз  бен  көңіл  тартатындай  әсем  болып 

төгілуіне үлес қосқан бұйымдарМысалы, «шаршады» деген 

ұғымды  осы  сөзбен  ғана  білдірсе,  бұл  қимыл-әрекетті  жай 

ғана хабарлау болып шығар еді, ал оның орнына бұл ұғымды 

ақын: «Су сарылдап құйылды, кемені ырғап, Отыз құлы та-



усылды  табанынан...»  немесе:  «Елің  бұзық  болған  соң,  Ояз 

жатыр  шартылдап,  табаныңнан  тозасың,  Құр  жүгіріп,  тар-

пылдап» деп берсе, көрсетілген екі фразеологизмнің екеуі де 


118

«шаршау» ұғымына экспрессивтік-модальдық реңк үстеп, оны 

әлдеқайда әсерлі етіп береді: таң атқанша су төккен құлдар да, 

оязға жақсы атты көрінем деп тырысқан болыс та жай шаршап 

қоймайды, әбден сілесі құрып шаршайды, титықтап шаршай-

ды, екінші  мысалда тіпті «босқа сандалып,  әуре болып  шар-

шау»  деген  реңк  те  бар.  Міне,  образды  фразеологизмдердің 

күші  қайда  жатыр!  Екі-үш  сөздің  тіркесі  арқылы  негізгі 

ұғыммен қатар бірнеше қосалқы ұғымды пайдалануға болады 

екен.  Тілдің  осы  күш-құдіретін  сөз  зергерлері  де,  тілді  пай-

даланушы  халық  та  жақсы  білген,  өйткені  мұндай  образды 

тіркестер сөйлеу тілінде де кеңінен қолданылады.

Фразеологизмдерді  қолдануда  тек  көріктеу  мақсаты  ғана 

көзделмейді,  сонымен  қатар  әдеби  жанрдың  стильдік  тұ- 

тастығын,  дәстүр  жалғастығын  сақтау  сияқты  суреткерлік 

талаптар  да  тұрады.  Мысалы,  Абай  жоқтау  цикліне  жата-

тын  өлеңдерінде  халық  тіліне,  оның  жоқтау  жанрындағы 

шығармаларына  тән  тұрақты  тіркестерді  осы  стильдің  шең- 

берінен  шықпау  мақсатымен  жұмсайды:  «Қолдан  ұшқан  ақ 

сұңқар Қайтып келіп қонбайды...Кешегі өткен ер Әбіш... Ар-

тына қарай аһ ұрып... Замана неткен тар едің Сол қалқамды 

қоймаған...  Жиырма  жеті  жасында  Әбдірахман  көз  жұмды... 

Тәуекел қып білдірмей Күтіпті Тәңірі жарлығын... Ажал тура 

келген  соң  Шыдатпайды  берікті»  деген  өлең  жолдарындағы 

көрсетілген фразеологизмдер – қазақ көркем сөзіндегі жоқтау 

циклінің кәнігі элементтері. Бұл циклге тән сөз өрнегі, әсіресе, 

Абайдың баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауында өте 

айқын көрінеді. Мұнда көз жұму, дүниеден өту, жұмаға қарсы 

өту,  шүкірлік қылу,  сабыр  ету,  қызыл  балақ  қыранның  бала-

панын  дерт  алды,  жеміс  ағаш  бәйтерек  балдырғанын  өрт 

алды.  Артына  белгі  тастамай,  Жал-құйрығын  келте  алды... 

деген образдардың барлығы да – «өлу, өлім» ұғымына қатысты 

халық тілі қалыптастырған сөз өрнегі. Ақын баласы өлген ана-

ны дәстүрлі үлгімен жоқтатады.

Абай тіліндегі фразеологизмдерді түстеп-түгендеуде, жоға- 

рыда  айттық,  басты  назар  олардың  Абай  қаламынан  туған 

жаңаларына  аударылмақ.  Бұл  орайда  айтар  әңгіме,  талданар 

материал баршылық.



119

Жасалатын  образдар  әдетте  фразеологияға  иек  артатын 

болса,  Абай  бұл  ретте  жаңа  тіркестер  жасаудың  жүйелі  жол-

дарын жүзеге асырған. Жаңа образ жасайтын немесе ақынның 

айтпақ  идеясын  күшейтетін  тіркестер  құрастыру  үшін  Абай 

бір  сөзді  бірнеше  фразеологизмнің  компоненті  етіп  пайдала-

ну тәсілін ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау 

тілінде  ұшыраспаған  құбылыс.  Мысалы,  Абай  сату  етістігін 

тіркесжасам құралы етіп алады да, бұрыннан бар сақал [ын] 

сату, ар-ұятын сату, жақынын сату, арын сату дегендердің 

үстіне осы модельмен еңбегін сату («еңбегіне сүйену»), жан, 



сату  («жанын  пида  қылу»),  көзін  сату  («телміру,  тілену»), 

сөз сату («сөзін бұлдау, сөзін бір керегі үшін өткізу»), терін 

сату  («күш-қайратын  еңбекке  жұмсау»),  күлкі  сату  («алдау, 

көлгірсу»), қулық сату («қулығын асыру, алдау»), қулығын сату 

(«өтірік  тыңдағансу»),  қылығын  сату  («әрекетін  жұмсау»), 

әнін сату («ақындық өнерін бұлдау, оны пайда үшін жұмсау»), 

жүрегін  ұстап  сату

29

  («сыртынан  иемдену,  басын  саудаға 

салу»),  жүзін  сату  («өтірік  жақсы  көріну»)  деген  он  шақты 

жаңа тіркес жасайды.

Қай  халық  болса  да,  тіпті  көшпелі  тұрмыс-салтын  кеш- 

кендердің  өздері  азды-көпті  сауда-саттықпен  ертеден  та-

ныс  болған.  Сондықтан  сату  етістігі  тілде  өзінің  номинатив 

(тура) мағынасында да, сонымен қатар ауыспалы мағынада да 

жұмсалған. Сату сөзінің «бұлдау, өткізу» деген қосымша реңкі 

(семасы) бар, осы сема (мағыналық реңк) бұл сөзді жоғарыда 

көрсетілген  образды  тіркестерді,  жасауға  пайдаланылған. 

Бұлардың  ішінде  еңбегін  сату,  терін  сату,  жанын  сату  де-

ген екі-үшеуі ғана жағымды мәнде келеді де, қалғандарының 

бәрінде жағымсыздық реңк бары байқалады. Мысалы, сақалын 

29

 Абай шығармаларының барлық басылымдарында, тіпті текстологиялық жағынан 



едәуір түзетілді деген 1977 жылғы кітаптың өзінде белгісіз орыс ақынынан аударылған 

өлеңнің 2-шумағы: «Антұрған ел көзіне тік қараймын. Сонымды сен сөгеді-ау деп ойлаймын. 



Жүрегімді  кескілеп  салып  жүрген.  Арсыздарды  досым  деп  неге  аяймын?»  –  деп 

жазылып  жүрген  жолдарда  екі  елеулі  текстологиялық  қате  бар.  Бұл  шумақтың 

орысша түпнұсқасы: «Чтоб я гордо смотрю на презренных людей, Ты за то ли меня 

упрекаешь? Но те люди торгуют рукой твоей, Твоим сердцем хотят торговать. Ты 

их знаешь» – деген жолдар. Демек, Абай басылымдарында жүрегімді деп жазылған сөз 

жүрегіңді болуы керек және салып жүрген емес, сатып жүрген болуы тиіс. Сондықтан 

біз бұл тіркесті жүрегін сату деп көрсеттік.



120

сату  деген  тіркес  «жасы  үлкендігін  көлденең  тарту,  бұлдау, 

жасы  үлкендігін,  қарттығын  пайдалану»  сияқты  жағымсыз 

қылықты  атайды.  Сату  сөзінің  халық  тілі  пайдаланған  осы 

«қасиетін» Абай жақсы сезген. Ақын жасаған күлкі сату, сөз 



сату, қылы-ғын сату, көзін сату, қулық сату, әнін сату, жүзін 

сату деген жаңа тіркестерінің барлығында да жағымсыз эмо-

ция бар, сондықтан олар бейтарап мәндегі эквиваленттерімен 

салыстырғанда әлдеқайда экспрессиялы болып келеді.

Абай жаңа образды тіркестердің құрылымдық элементі етіп 

етістіктердің ішінде сату-дан басқа сауу (адам сауу, қулық сауу, 

еңбегін  сауу),  бару  (күлкі  бағу,  ғылым  бағу,  ел  бағу),  күйлеу 

(көйлеу:  күлкі  көйлеу,  әуейілік  күйлеу,  мақтан  көйлеу),  табу 

(орын табу, ой табу) деген сөздерді пайдаланған.

Жақша ішінде көрсетілген тіркестер де соны кұрылымдар 

және  астарлап  айтылған  образды  экспрессоидтер.  Бұлардың 

оқырман  сезіміне  қатты  әсер  ететін  экспрессиясы  алдыңғы 



сату  сөзімен  келгендер  сияқты  мағыналары  жанаспайтын 

сөздердің  тіркесуі  арқылы  пайда  болып  тұр:  әдетте  сатыла-

тын нақты зат, қолға ұстап, көзбен көретін нәрсе, бұйым, мал 

т.б. болуы керек, ал жан, көз, күлкі, қулық, қылық, ән, жүз де-

гендер  –  нақты  деректі  заттар  емес,  дерексіз  ұғым  атаулары. 

Сол  сияқты  сауылатын  тек  мал  болса  керек  еді,  Абай  адам-

ды,  қулықты,  еңбекті  «сауғызады»;  қазақтың  далаға  жайып, 

қорада күтіп бағатыны да мал ғой, ал Абай күлкіні, ғылымды, 

елді «бақтырып» қояды, демек, бұлар да Абай жиі қолданған 

синкреттік  амал,  яғни  семантикалық  мәндері  жағынан  бір-

бірімен үйлеспейтін сөздерді тіркестіру орын алған.

Абай  мұндай  жаңа  тіркестердің  семантикалық  ұйытқысы 

етіп  есім  сөздерді  де  алады.  Мысалы,  ол  мақтан  сөзін  50-

ден  аса  рет  қолданған,  бұл  сөз  Абайдан  өзгелерде  (мысалы, 

Шәкерімде) кездесетіндігімен, бұрын-соңды Абайдағыдай сон-

ша жиі (актив) қолданылған емес. Бұл қолданыстардың ішінде 



мақтанға салыну, мақтан сөйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу, 

мақтанға  орналастыру,  мақтанның  құлы  сияқты  фразеоло-

гизмдер де бар және олардың дені – соны тіркестер.



Ғылым  сөзі  де  Абай  шығармаларының  тақырыбы  мен 

121

мазмұнына  орай  жиі  қолданылған  сөз,  сондықтан  бұл  сөздің 

де  айналасына  ғылым  табу,  ғылым  оқу,  ғылым  бағу,  ғылым 

іздеу деген жаңа тіркестерді тізеді, бұлардың барлығы да «оқу, 

білім алу» деген мағынада жұмсалған (ғылым сөзін Абай осы 

күнгідей  тек  «наука»  мағынасында  ғана  қолданбай,  жалпы 

«оқу, білім» мағынасында жиі пайдаланғаны жоғарыда айтыл-

ды).

Көңілге  ажым  салмау,  қайғының  иыққа  шығуы,  өтірікке 

тұшыну,  көңілге  қалың  беру,  қорлыққа  жығылу,  ақылға 

сәуле  қону,  айлаға  шырақ,  жағу  сияқты  фразеологизмдердің 

әрқайсысы  бір-бір  образ  ретінде  жаңа  болғанымен,  олардың 

жасалу  моделі  қазақ  көркем  сөзінде  бұрыннан  бар  болатын.  

Ол  модель  фразеология  теориясында  синкреттік  амал  деп 

аталатын  жолмен  жасалған  фразеологизмдерге  тән,  яғни 

синкреттік амал бойынша мағыналары бір-біріне жуыспайтын 

сөздер тіркеседі. Мысалы, абстракт есім мен нақты зат немесе 

іс-әрекет атауы» тіркескенде, бұл қоспадан мүлде жаңа мағына 

шығады және ол мағына экспрессиялы, «отты» болып келеді. 

Семантикалық  жуысуы  жағынан  бір-бірінен  алшақ  сөздерді 

шақпақ тас десек, бұл екі тасты бір-біріне соққанда ұшқын пай-

да болатыны сияқты екі сөздің «соқтығысуынан» пайда болған 

ұшқын экспрессиясы күшті жаңа мағына болып танылады.

Көрсетілген  фразеологизмдердің  әрқайсысын  талдап  бай- 

қалық: көңіл көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды дегендей, аб-

стракт ұғым атауы, ал ажым болса, ол – көзге көрінетін сызық, 

демек, көңілге ажым салу деген үш сөздің «соқтығысуынан» 

«реніш, өкпе, наз» деген сияқты ұғымның бейнелі атауы пайда 

болып тұр. Көңілге қалың беру де осы іспеттес: әдетте қалыңды 

айттырылған  қызға  береді,  қалыңмал  –  нақты  зат,  көңіл  – 

дерексіз  «зат»,  екеуінің  түйісуінен  «біреудің  көңілін  табу» 

дегеннің әдемі, әсерлі атауы келіп шыққан.

Синкреттік  амалмен  жасалған  фразеологизмдердің  дені 

белгіл-бір  стильдік  жүгі  бар  «таңбалы»  (маркированный), 

«меншікті» (авторлы) дүние болып келеді. Оларды контекстік 

фразеологизмдер  деуге  болады.  Жоғарыда  айттық,  бұл  тәсіл 

қазақ  поэтикасында  сараң  түрде  болса  да  қолданылып  келді. 


122

Мысалы,  Шортанбай  ақын  сөзге  қонақ  беру,  сөзіне  қарауыл 



қою  деген  жалпыхалықтық  фразеологизмдерді  қолданса,  Ду-

лат ақын: «Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиыр-

дай» деп ой сияқты абстракт ұғым атауы мен мөңіреу сияқты 

нақты  қимыл  атауын  (сиыр  ғана  мөңірейді)  түйістіріп,  жаңа 

тіркес жасаған. Ақан сері: «Көңілдің заһарына салдық ұя» деп, 

Шәңгерей: «Тотықты ақ ниетім нәпсіге еріп» деп мағыналары 

жуыспайтын  сөздерді  бір-біріне  ұштастырып,  авторлы  об-

раздар  ұсынған.  Бірақ  аталған  сөз  зергерлерінің  мұндай 

қолданыстары  мен  Абайдың  поэтикалық  өрнегінің  арасында 

елеулі  айырмашылық  бар:  синкреттік  тәсіл  –  Абайда  жүйеге 

айналып, көріктеудің, актив құралдардың бірінен саналады.

Қазіргі  қазақ  поэзиясы  тілінде  бұл  іспеттес  қолданыстар 

кәнігі,  екінің  бірінде  ұшырасатын  болса,  Абайдағы  үміттің 

аты,  күлкінің  ерні,  көңілдің  жайлауы  немесе  қырық  жамау 

жүрек, үрпейген жүрек, саңырау қайғы, нұрлы ақыл, өмірдің 

тоны, дүниенің есігі, ақылдың көзі сияқты тіркестер, біріншіден, 

мағыналары шалғай сөздердің жанасуы болғандықтан, бірден 

тың көрініп, көзге түссе, екіншіден, белгілі бір стильдік жүк 

көтеріп,  экспрессоид  болып  тұрғандығымен  тыңдаушыға 

ерекше әсер етеді. Бұлардың сан жағынан едәуір мол кездесуі 

Абайдың авторлық даралығын, яғни шығармашылық контексін 

көрсететін белгі болып танылады. 

Сөйтіп, Абайдың тіл кестесін әсемдеген өрнектердің қалың 

тобы  образды  фразеологизмдер  болса,  олардың  көбі  осы 

көрсетілгендей перифраздар екенін байқаймыз.



123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет