Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

БУРА
I
Бура Қазақбай ауылын талақ тастап, қашып шықты. 
* * *
Хайуан да аңсап, ұзақты түн телміріп, сарғая ататын таң-
дай сазды сағыныштың бесігінде тербеле алады екен. Хай-
уан да егіздің сыңарындай кеше ғана тілерсек тістесіп, бұла 
боп өскен келесінен бір-ақ күнде көз жазып, айырылып қал-
ған да, қысастана шайпауланып, албатыға лағып кетеді екен. 
Бура  өткенін – сол  өкінішсіз  өтпелі  өткенінің  қимас  қым-
ғуыт шақ та рын іздеп, ұзақты күні салқар сахараны ке зе тін-
ді. Шудасы желпілдеп, маң-маң басып, белгісіз бұлыңғыр да 
буалдыр үлпілдек үміттің жетегінде шеру тартатын. Алпам-
садай  алып  сыртқы  пошымына  қарап,  дүние  өртеніп  кетсе 
де, елең етіп ескеріп санаққа да, санатқа да парықтамайтын 
төрт аяқ ты күйіс қайырғыш түлікті ғана елестете алар едің 
көз  ал ды ңа.  Бірақ  Бура  тіпті  де  кəперсіз,  дүңген  мақұлық 
емес.  Ол  иісі  жануарға  тəн  тілсіз  əрі  түсініксіз  қиналысты 
басынан қысқа күнде қырық рет кешер еді. Түйе атаулы жы-
ла уық деген ұғымға сайып, Бураның тостағандай бұлтиған 
мөл дір кө зі не тесілсеңіз, кешкі алаудай шапақтанған ша  ра-
сы ның  жиек-жиегі  тым  құрыса  шыланғанын  да  байқай  ал-
майсыз. Бура «ағайындарынан» айырылып думанды шақ та-

191
рын толастатқанымен, не жылаған, не боздаған емес. Қа ра-
ған  басы  бүрлеп,  көк  тебінденгеннен  бері,  саяқсып  ауыл ға 
жоламай жүр. Ауылға жоламай жүргені – осынау тəй-тəй лап 
аяқ тан ды рып,  үкілеп  өсірген  туған  ауылын  мен сін бе ген ді-
гі  ме.  Жо-жоқ.  Ол  бұл  ауылдай  жаннатты  жерді  дү ние нің 
қай-қай  түкпірінен  де  таба  алмақ  емес.  Бура  бұл  ауылдан 
тек соң ғы кезде ғана əбден түңілген. Түңілмес еді – екі кө-
зін мөлдіретіп қойып, енесі – інгенді сойып жеді. Тү ңіл мес 
еді – ауылда  бір  шоқ  үркердей  қараң-құраң  болып  жүр ген 
аға йын-туғандарын Бұқтырмадан өткізіп, арғы ауыл ға айдап 
жіберді. «Осыншама  бақандап  қуып,  бос қын да та тын,  те-
лім-телімдерін шығарып алапестей аластағандай, не жазды 
адам дар ға; жазығы ғасырлар бойы табанынан таусылып тір-
ші лік жүгін арқалап келгені ме; сырты жүн, іші боқ хай уан 
аталатын түйенің бұл пəниден көрмегені бар ма еді; əт тең-
ай, олардың тілі жоқ, адамдай жетілген ойы жоқ... əйт пе се... 
əйт пе се  жалпақ  жаһаннан  көріп-білгенін  тау  бұ ла ғын дай 
тас қын да тып сырғып шертер ме еді; ақыл мен ар-ожданды 
адам дар ға-ақ берсінші; қышыма жегізіп Жа мана шы ның бөк-
те рі не емін-еркін қоя берсе етті; тіпті əжетке жараудан қал-
сын-ақ, топандай тоздырып, заман желіне ұшырмай қара ба-
сын қалдырса етті». Бура бұлайша əсте де сезінген жоқ өзін. 
Егер  дəл  осылайша  ойлап  бағамдаса,  түйсігіне  түйсе,  бұл 
күй  ге душар болмас қой. Өкініштісі де сол ғой, мо мын ды ғы 
ғой, есінің жоқтығы əрі дəрменсіздігі ғой. Ендеше, есі бар-
лар ға не жорық... 
Хайуан екеш хайуан да аңсап сағына алады екен... Алты 
ай  қыс  ауыл  қайдасың  демеген  Бура,  жаз  туып,  көк  шыға, 
əдеп кі əдеттерінше тауға тартқан. 

192
Алтайдың  етегін  табиғат  кең,  молынан  пішкен.  Қырық 
ру дың  елі  жиналса  да,  қойын-қоншы  мен  қойнау-қойнауы 
жым-жылас  қылғып  қоятын.  Ұшар  басынан  ағараңдаған 
қары мен ақ түбіттенген бұлты арылмайтын асқар Ал тай дың 
ете гі  жайсаң,  жадыраңқы,  Арқаның  даласынша  ер кін  кө сі-
ліп жататын. Тау бөктеріндегі қалың нөпір қарағай да қап тай 
қаумалай келіп, кілт көмкерілетін; соңғы бір жылдары жуық 
маңдағы  ағаш  атаулы  мінтеліп,  құйрық-жалдан  айы рыл ған 
жыл қы дай-ақ таудың қапталына қарай үрке қашып ке тіс кен. 
Ойда тұрып тау төскейіндегі орманға көз тастасаң, бағ зы да-
ғы сыпыра жыныстың іріген сүттей бөлек-салақ қалған ірім-
ті гін аңғарасың. 
Алтайдан  ызыңдаған  жетімек  жел  үзілмейтін.  Желемік 
ессе болды, ақселеу жамылған дала төсі қыбырлап, орама-
лын бұлғап тұрған сансыз қыз-келіншекке тым ұқсап кетуші 
еді. Кей ретте бұл дала асау толқынды алтын ағысқа, асығыс 
ағыс қа ұқсайтын. Алтайдың осынау бір жалпақ қойнауы да 
көбінесе бостан-бос, иесіз иен-тегін мелшиіп жатар еді. Жаз 
шығып, ел жайлауға көшкен сəттерде ғана бойына қан жү гі-
ріп, серпіліп сергитін. Оқта-текте кезігетін шоқаттар болма-
са, тау етегіне ілінгенше мынау дала тұлдырсыз, бе ді рей ген 
бет пақ. Анда-санда ескі тамның, не обашықтың омы рай ған 
орны ғана көзге тиек болар. Əйтпесе тоқтының жа ба ғы сын-
дай,  тіпті  жауыр  аттың  қапталындай  ағараңдап,  ойдым-ой-
дым боп сортаңданып кететін қылығы да бар бұл өлкенің. 
Туған  жерінің  осы  іспетті  бірде  жайсаң  да  жасаң,  бір-
де кенезесі кепкен аңырақай дидары Бураны жалықтырып, 
мезі етіп көрген жоқ. Кең даланың суығына тоңып, ыс ты ғы-
на көнген хайуан тіршілік кешкен жерін сүреңсіз сұсты күй 
жайлап,  жұтынған  жұрттың  тықыры  таянған  сайын  шиыр-

193
шық атып, жауынға тиген қыл арқандай ширап алатын. Қа зір 
де құтын қашырмай жапырайған жотаны табанының астына 
тастап, маң-маң басып барады. 
Төр жайлауға қарай суыртпақтанып кете барған соқ тыр-
ма сы  көп  соқпақ  пен  Бураның  тұңғыш  рет  жүруі  емес-ті. 
Жал ғыз,  құрбы-құрдассыз  жүруі  ғана.  Ол  бұдан  бұрынғы 
от-оттап,  су  ішіп  өткен  жылдарында  бұл  жолмен  тек  жай-
раң дай  басып,  тайраңдап  қана  өткен.  Көк  шыға,  мұқым  ел 
жапа-тармағай жайлауға көшкенде, бұлар да тобын жаз бас-
тан аттанысатын. Көшке көніккен кəрі кəнікті атандар бол-
маса, бура-тайлақтарға көбінесе тиіспейтін еді. Ал бұлар қа-
йы ру-қолды  қажетсінбей-ақ,  бұта-қарағанның  басын  шала, 
Өс ке лең ге  лыпып  өздері  жетіп  баратын.  Сосын  қоңыр  күз 
туып, ел ойға ауа көшкенде, тағы да келген соқ па ғы мен ыр-
ға ла басып, қайтқан тырнадай ауылға шұбатылатын. Ал жаз-
дай жонның сонысын жеп тойынған түйелердің басы көз кө-
рім нен мен мұндалайтын. Жүк арта-арта əбден ығыр қы  лып, 
мылжа-мылжасын  шығарып  тастаған  атан  мен  ін ген дер дің 
өркешіне дейін жауыннан кейінгі жауқазындай еді ре йі се қа-
ла тын. Ол да бір дəурен екен-ау. 
Бура  Тасшоқының  асуына  келгенде,  жүрісін  ірікті.  Осы 
тұсқа енесі де аялдап, мұны бір дем емізіп алатын. Əлде сол 
бота шағы есіне түсті ме, əлде күні бойғы изең-изең жү ріс 
ер қашт ы  етіп  шаршатты  ма,  ұзақ  аялдады.  Бұйда  жырым-
жырымын  шығарған  танауы  саңырайып,  əр  шөптің  басын 
бір  шалғаны  болмаса,  бірде-бірін  сүйсініп  жемеді.  Құ рық-
тай мой нын созып, ендігі асатын алып асуға ұзақ тел мір ді. 
Сосын басын самарқау бұрып артына қарады. Тас шо қы ның 
қам шы лар  жақ  ықтасынында  ескі  қыстау  бар.  Қыс ты гү ні 
мұн да  бір  қора  қой  қыстайды  да,  жер  қарая,  таудың  арғы 

194
бе ті не асып кететін. Енді Бура осы қораға беттеді. Бір отар 
қой дың қыстайғы қиы тау болып үйіліп жатыр. Əр тұста ша-
на ның  шанағы  мен  қанаты,  түбі  ойылған  бөтелке  мен  ескі 
шелек, керзі етіктің қонышы жоқ басы шашылып, онсыз да 
ие сіз  қаңырап  тұрған  қыстауды  сұрқайландырып  жіберген. 
Сар сы ған саздаудың сасық иіс-қоңысы қолқаны қабады. 
Бура  маймаңдай  басып  теректен  ырып  жасаған  на уа ға 
барады.  Күн  көзінде  қалып,  əбден  қаңсып,  ырсиып-ырси-
ып  айы рылып  кеткен  екен.  Түндегі  нөсердің  сарқыны  бо-
лар, сүт сіз шайдай тобылғы түсті су бір жақ басында іркіліп 
тұр. На уа ның екінші жақ басында ескіден ери-ери əбден қақ 
болып  қатып  қалған  тұздың  жұрнағы  бар.  Ащылаған  түйе 
мойнын  былқ  еткізіп  босатып,  басын  науаға  тастай  салды. 
Қара май сіңген бе, əйтеуір, сапасызданып бұзылған ащы Бу-
раны тү шір кен дір ме ді білем, ернін жыбырлатып, басын ыр-
ғап-ыр ғап жіберді де, пысқырды-ай кеп. Бұдан соң үңі ре йіп 
са ңы рай ған  қораға  бет  алды.  Түндегі  жауын  қой бат пақ тап 
тас та ған көңнің бетінде қара құрым боп қаптай қонып отыр-
ған  сарбас  шыбындар  түйенің  жалпақ  табаны  былш-былш 
тигенде, жау қуғандай ызың етісіп, екінші бір жерге барып 
қонысады. Қораның үстіне қалың алабота мен шабата өсіп ті. 
Қыстан  қалған  сабанның  сояулары  жатыр.  Бура  түк  тап па-
ған дай уықтай мойнын созып, əлгі сояу-сояу сабанды күрт-
күрт шайнап біраз аялдады. Енді бір мəурітте желқом қа жай-
қа жай ақ жемін шығарып, артынша ақшулан жүн өсіп, от тың 
орнындай ойымданған қапталын ағаш үйдің бұрышына үй-
кеп-үйкеп алды да, Тасшоқының басына бет түзеді. 
Тасшоқының  басына  бет  түзеген  Бура  алыстан  қа ра ған-
да, қыбырлап бара жатқан алып қоңыз іспетті, мынау іш тен 
тынып бойкүйез жатқан бел-белестің ендігі бір тіршілігі, бар 

195
үміт-арманы секілді; баяны жоқ екіталай пəнидің уақыт, за-
ман ағысына деген ең ақырғы, ең зілді ашу-кегін де сол қара 
Бура арқалап бара жатқандай еді. Түйе өзінің бұл дəуірге əлі 
де  керектігін,  қазіргі  қақпай  көріп  қаңғыруы  ша руа шы лық 
бас шы ла ры ның келте ұғым-түсініктері екенін қайдан біл сін. 
Дү лей қысастық əбден меңдеп алған соң, қайтқан кө ңіл, ке-
сапаты мол кекті жүрісті таңдап алған. Туған жер, өс кен елге 
ренжіген хайуан түгіл, ер-азамат та осындай сандалбай қа-
шып-пысудың, жорасыз жортудың талай-талай дə мін тат қан 
ғой. 
Бура Тасшоқының кезеңіне ілінгенде, күн екіндікке тая-
ған. Енді осы кезеңнен төр жайлаудың бергі беті шым-шым-
дап басталады да үйір-үйір қарағайды бөктеріп алған сансыз 
бел-белестер  əрмен  қарай  созылып,  мінгесіп-ұш та сып  кете 
барады. Төр жайлауда найзадайын шаншылған құ зар, шақ-
пақ  тасты  жақпарлар  жоқ.  Бөртек-бөртек,  құрақты  дөң дер 
ғана. 
Бураның  ұзақ-сонар  итің-итің  жүріс  ала  бастаған  бойы 
сер гіп салды. Қарайрықтың өзінен-өзі шаптығып, тұлан тұ-
тып  бұлқына  аққан  бұлағынан  су  ішіп  алды.  Бұлақ  бо йын 
қуа лай өскен балдырды бытпырлата шайнап, бір сəт тұр ған. 
Бі рақ көп аялдаған жоқ. Əр ойпаңда шөп шықпай сар ғылт-
та нып жатқан ескі жұртты, киіз үйдің орнын иіскелеп сəйір 
жасады. Бұл ескі жұрттан жоқ іздегендей айналсоқтап көп ке 
де йін  жырақтана  алмады.  Ұясына  қызара  бөртіп  бара  жат-
қан күн де, сай жақтағы құрбақаның шұрылы да, орманды 
басына  көтере  əупілдеген  елік  те – бəрі-бəрі  де  алаң  қыл-
ған  жоқ.  Елпектей  басып  киіз  үйдің  орнын  иіскелей  берді, 
иіс ке лей берді. Күнге кеуіп сартап болып қалған ат байлай-
тын мама ағаштың басында жарбиған бір-екі қарға отыр еді. 

196
Сендерге не жоқ, құстың қоры, дегендей ұшырып жіберді де, 
кеңсірігін қасыды. 
Қара Бураның есіне əлдене түскендей, артына қайта қай-
ры лып,  ескі  жұрттың  орнына  көз  сата  тағы  да  қараған... 
«Əнеу, жер ошақтың оты бықсып қайта тұтана бастады, əнеу, 
ба қан ға керме тартылды да, бірінен-бірі өтетін он бес ат қа-
та ры нан байланды, əнеу, көгендегі қозыны қараңыз – қо зы-
ны; əне, киіз үйден түйеші Əбіш шықты, қолында бұй да сы 
бар. Бірақ Бура осынау бірсін-бірсін жаңғырып бара жат қан 
колхозды ауылдан тек қана өз тобын – өз туысын таппады. 
Əлдеқайдан,  қалың  қорымдардың  арасынан  жас  бо та ның 
əлсіз үні естілгендей болды». Селк ете қалған Бура тана уын 
жыбырлатып, пысқырып еді, əлгіндегі ғайыптан пайда бол-
ған бар көрініс, сыңсыған үн ізім-қайым жоғалды. 
Сағыныштай сарғайған ескі жұрт қана жатыр...
Тау  іші  салқын  тартайын  деді.  Түстіктен  майда  жел  тұ-
рып, қызғалдақтың басы изеңдеді. 
Бура  жайлаудағы  ескі  жұртты  да  місе  тұтпады.  Қо ңыл-
тақ сып  шырғалай  алмай  тау  басына  тартқан-ды.  Жасынан 
тай раң дап  өскен  жері  ғой;  əр  бұта-қарағаны,  тау-тасы  та-
ныс;  көз ге  жылы  ұшырап  тұратын  ыстық.  Əйтсе  де  Бура 
бү гін  бір  оқыс  қимыл  жасаған.  Жыл  сайын  үйір-үйір  боп 
топталып  кеп,  топырлап  мəз-мейрам  тілекпен  емін-еркін 
аралап  жүрсе  де,  мынау  таудың  басына  шықпапты.  Өз  қы-
зық та ры өздерінде: етектің соны оты тұрғанда, тау басынан 
не алсын. Егер жалғыздық жаныңды жегідей жеп, сүліктей 
сорып меңдеп алса, адам да өз-өзінен мəңгіргендей албаты 
ла ғып, беті ауған жаққа сандала бермей ме? Түйенің басын-
да да дəл осындай сарсаң хал бар-тын. Екі тілерсегі талып, 
мой ны  үзілердей  ұйып  тұрса  да,  бар  қуатын  тəрк  етіп  тау 

197
басына шықты. Тау басына шығып еді, ойдағы ел аяғының 
астында қалды. Əне, бұлтақтай ағып Бұқтырма жатыр. Суы 
ақ құ ла. Əне, қалың мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі 
жатыр. Бура туған ауылын көптен бері көрген жоқ еді. Бұ-
рын ғы дай емес бүрісіп, жұтаң тартып кеткен сықылданды. 
Мүм кін, ауылдың жоқ-жұтаңдығы өзі ішінде тайраңдай ба-
сып жүргенде сезілмеген де шығар. Мүмкін, өз көңіліне, боқ 
жеген иттей қайтқан көңіл күйіне сайып, базарлы ауыл дың 
барын көре алмай тұрған шығар. Бура ой-қырдағы бар əлем-
ге  жіті,  сергек  көз  тастады.  Мойнын  созып,  төрт  құ бы ла ға 
бірдей  үздіге  телмірген.  Апыр-ай,  бұрын  неге  бай қа ма ған. 
Мына  Ұлытаудың  басында  көштің  сартаптанған  жолы  бар 
екен-ау. Бұл – қайдан басталып, қай-қайда кететін жол. Бұл 
кімнің жолы, ненің жолы, кімдер жүрген жол? 
Ғажап-ау, қу-мекиен, иен-тегін таз басты тауда ұзын нан-
ұзақ құр жіптей шұбатылып кете берген көштің сі ле мі бар. 
Небір ықылым заман өтсе де, көмескіленбей, шөп шық пас-
тан  сайрап  жатқан  сүрлеу  Бураның  бұрынды-соңды  көр-
ген жолдары іспетті емес, өзгеше еді. Бұл сүрлеумен Бу ра-
ның  өзі  де,  кешегі  торғайдай  тозып  кеткен  ағайын-ту ға ны 
да  жүрген  жоқ.  Бұл  жолмен  бағзы  дəуірдегі  атан-ін г ен дер 
жүріпті, солар салған жол. Солардың арқа еті арша, борбай 
еті  борша  болып,  жалпақ  табандары  сартаптаған  жол.  Иə, 
олар сонда да жұмыр басты пенделерге қызмет етіп, жұ мыр 
басты  пенделердің  қайғы-қуанышын  арқалап  өтпеп  пе  еді 
осы  сүрлеумен.  Осы  сүрлеумен  сол  өз-өздерімен  қыр қы са 
беретін  адамдарды  талай-талай  алып  қашқан  жау  қолына 
тастамай,  анасыз  жетім  қалған  сəбидің  таңдайына  уыз  сү-
тін  тамызған  да,  аруағыңнан  айналдым,  аруаналар,  сендер 
едің дер ғой. 

198
«Жосылған жол, біз құрыдық, сен қалдың. Бірақ түйе сал-
ған, түйеден қалған белгі екендігін ерсі санамай еске алар-
мы  сың...». 
Бураның, əйтеуір, бір жері сыздағандай, көз жанары ша-
тынап, тау басындағы бағзы көштің жолымен əрі-бері сен-
де ліп жүріп алды. Тіпті жата қалып аунағысы да келді. Тар-
паң-тарпаң  таптағысы,  жаңартқысы  келді  ме...  Егер  үс ті не 
ауыл-аймақтың жүгін түгел артып, мынау қан тамырындай 
ескі сүрлеумен нелер қиырға тартсаң да миземес едім де гі сі 
кел ді-ақ. Əттең, дей алмайды ғой хайуан. 
Күн ұясына қонып тынған. Бірақ түйе тұрған тау басынан 
алтын алауын жиып алған жоқ. Маздатады. 
Бура көш жолымен сенделіп көп жүрді. Оттауға да зау қы 
шапқан жоқ. 
Бура ескі көш жолын ұзақ, тым-тым ұзақ иіскеді де, есей-
ген шағында тұңғыш рет боздады. Ұзақ боздады. Ол бұ лай-
ша бота шағында ғана бір рет боздаған. Онда да енесін жай-
лау ға ащы артып кетіп, екі күн зарыға күткенде, қарны аш-
қан да боздаған. Сүрлеуді иіскеп, боздап тұрған түйенің кө зі-
не мөлтілдеп жас іркілді. Бұл да бұдан сандаған жыл бұ рын 
шық қан мөлдір де саф таза көз жасының екінші қайталануы. 
...Оның бота шағы тым-тым еркетотай қылықты бас тал-
ған-ды. Алғаш дүниеге келгенде, мұны енесінен шаранасы 
кеппей жатып бөлек алып, оң жаққа құрып тастаған қы зыл 
бəтес шымылдықтың ішіне көтеріп кіргізген. Он күн бойы 
еш аламанға көрсетпей, оңаша ұстаған. Түйеші Əбіштің тар-
ғыл қатыны ұзақты күн маңынан кетпей бағып-қаққан. Тыр-
ти ған  бота  қарақаттай  көзін  жаудыратып  тəй-тəй  басқанда, 
өзе гі түссін деп атан қойдың тегенедей құйрығын ерітіп іш-
ті ріп еді. 

199
Бота  алғаш  рет  далаға  шыққанда,  маужыраған  маңатты 
тосырқап тұрмай, əлсіз буындарын дір-дір еткізіп ой нақ шып 
əлінше  тыраңдаған  еді.  Мойнынан  құшақтап,  басынан  си-
па ла ған түйеші Əбіш пен тарғыл кемпірдің қо лам та дай ыс-
тық қолдары Бураның мəңгі бақи кө мес кі лен бей тін ба қыт ты 
шағы ғой. Дəурен-ай десеңші... 
Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт-
сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан. 
Енесін жонға ащы артып əкеткен түні жаңа ғана аяқ тан-
ған  қара  Бура  адасып  қалып  еді.  Боз  інгенді  іздеп  боздап 
жү ріп,  қайыңды  қалың  тоғайдың  арасына  кіріп  кетіпті.  Ай 
сүт тей  жарық  болатын.  Тағатсыз  ұшып-қонған  шым шық 
зəрені  алады.  Анық  қорқыныш  билеген  бота  боздауды  қо-
йып,  бас  сауғасына  көшкен.  Бірақ  ұшқалақ  шымшық  та, 
жын қаққандай секектей беретін қоян да – тіпті та би ғат т ың 
бұ рын ды-соңды  көріп-білмеген  небір  кереметтері  ботаны 
тым  өгейсітпей,  таңғажайып  түске  айналып,  ет  үй ре ні сіп 
кетіп  еді.  Бір  мезгілде  ботаның  қылша  мойнына  түн гі  ауа-
ны тілгілей жыланша ысылдап келген қыл арқан оралды да, 
тегеурінді  күшпен  жұлқа  тартып  бұрап  түсірді.  Бота  одан 
əрі  не  болғанын  білмейді.  Алқымынан  шеңгелдей  қыс қан 
тылсым  күштің  құдіретіне  бағынып,  жан  тəсілім  беруге 
ырықтанған. Оның есінде қалғаны – мұны тұзақтаған жұм-
бақ ты адамдар Əбіш емес, басқа жұрт екені ғана... есін жиып, 
көзін  ашқанда,  əлгі  жезтырнақты  қолдар  ауыртып  кеткен 
мойнын Əбіштің жұмсақ алақаны сипап отыр екен. Құ ла ғы-
на тағы да өз иесінің түсінікті күбір-күбір сөздері шалынды. 
«...Ботақаным... қайтып қана бауыздамақ сені... сенің жыл-
быс қа  етің  қыстан  шығара  ма...  тас  жүректер-ай,  ботаның 
етін жегенше, баланың етін жемеймісің... жауыздар-ай!..». 

200
Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт-
сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан... 
Алыстан  талып  жеткен  түнгі  сарын  мынау  мейіздей  қа-
тып-семіп  жатқан  меңіреу  тау-тастың  бойына  қан  жү гірт-
кен дей, жан бітіргендей болды. Тау иығына сібірлеп тұрған 
қара көк мұнар пердесі де бір сəт желп етіп, желпініп қал-
ған дай болды. Бұл – жылқышының айғайы, күзетшінің ай-
та ғы немесе түн құсының сұңқылы емес, тым-тым биіктен 
үзі ліп естілген əсем əннің екпінді қайырмасы секілді... Түн 
түн ді гін дір еткізген мұңды əуез Тасшоқының қыр ар қа сы-
нан шымырлап шығып, мұқым тау əулетін əлдилеп тұр. Үп 
еткен жел жоқ. Тымық. Сымпылдай ұшқан үйректердің бат-
бағы,  шегірткенің  шырылы,  ешкішектің  үні  жым  болған, 
шерменде əн əуелеген сайын, тұншығып қала береді, құмыға 
бе ре ді. Алтай самалындай қоңыр, əрі майда, əрі мұңды, те-
рең тебіреніс, өкінішті қаяуға толы жаяу адамның жайымен 
шыр қап  салған  əуез  даусы  іспетті  əсем  үн.  Тау  қарауытып 
жатыр. Тау селт етпестей сілтідей тынып жатыр. Орман тыл-
сым, орман үнсіз. Орман үдемелі үнге ден қойған. Орман ой-
ланып тұр. Тау... Тəкаппар тау мынау құдіретті үн алдында 
кербез басын əлдеқашан иген. Мынау мұңды дауыс аза бо-
йың ды қаза етеді. Сай-сүйегіңді сырқырата боздаған үн тіп ті 
қа ра ба йыр  түйелердің  қарапайым  боздауындай  емес,  бас қа 
соны, тың дауыс-тын. Сіз бұл үнді еш əуенге ұқсата алмас 
едіңіз.  Бұл – жүректің,  сағыныштың,  аңсардың  ардақты 
зары  ма...  Жо-жоқ.  Бұл – ауыр  өкпе-наздың,  еркеліктің  əн-
ше йін əм зеріккенде шығаратын жарықшақ үні ме... Жо-жоқ. 
Əлде жоқтау шығар. Олай да емес. Бұл – ертеңгі атар таң-
ның  бұлыңғыр  бұлаң  құйрық  болашағының  түңіліс  мұңы. 
Жан тəсілімі алдындағы, ұрпақтары алдындағы іш құса қай-

201
ғы ның  шеменделген  шерменде  запыраны  еді.  Иə,  бұл  боз-
дау – бірегей əсте қайталанбайтын боздау. Мынау кү ңі ре не, 
зарлана  шығып  кешкі  ауаға  шымырлап  тарап  жатқан  үнде 
«Елім-айдың» да, «Балталы, Бағаналы ел аман болдың» да, 
«Қорланның» да, «Жанботаның» да, тіпті қауқарсыз қа ғі лез 
əн  «Меңдіқыз»  бен  «Айшажанның»  да  əуеніне  ұқ сас ты ғы 
жоқ, басқа бір құдіретті, тосын күй іспеттес. 
Тау қара барқындалып, түн түндігі жабылып келе жа тыр 
еді. 
Бура көш жолында сең соққандай сенделіп, түннің бір уа-
ғы на дейін боздап жүрген... 
ІІ
Қара Бураның ұдайы бір жыл жоғалуы Қазақбай ауы лы на 
өзгеріс енгізген жоқ. Қызылқайыңды мінбелей отырған бір 
тайпалы ел сонау бір етек-жеңдері жинақы үйіріліп отыр ған 
шақтарында, түйе түгіл түйме жоғалса да, əп-сəтте ес тіп, у 
ішсең  руыңмен  дегендей,  аттан  сала  іздеп,  ұзатпай  та уып 
алатын.  Кейінгі  кезде  үй  санының  өрескел  көбеюі,  ша руа-
ның шанағы шалқи молаюы ма, бірі өліп қалса да, араға ай 
салып есік ашыспайтын қылық пайда болған. 
Қара Бураның ұшты-күйлі ғайып болғаны – тек Əбіш тің 
ғана арқасына аяздай бататын. Жасынан түйе бағып үй ре ніп 
қалғандығынан ба, осы ауылдан сол ескі көз түліктің қа ра-
сы  өшкенде,  томырық  мінезіне  басып,  ауыл  ағаларын  жеті 
атасынан түсіп сыбап алған. Қайтып жұмысқа да шық па ды. 
Жұмысқа шық деп бригадир өзі іздеп келедімен бі раз аялдап 
еді, тіпті олар мұның ауласының түбімен жүр мей тін болды. 
Əбіштің жанын қинаған осы жайт еді. Ежел ден сү йек ке сіңді 

202
қыр сық ты ғы бар қиқар шал төбемді мен де көр сет пе йін бұ-
лар ға дегендей, «сегізкөзім сырқырап жүр», – деп, кə дім гі-
дей  төсек  тартып,  саржамбас  боп  жатып  алған.  Оқта-текте 
немересі келіп:
– Ата, қара Бура Тасшоқының бауырында жүр дейді. Төр-
қуыс қа өтіп кетіпті дейді, – деген дүңк-дүңк хабар жет кі зе-
тін. Өзі іздеп шықсам ба деп те сан рет оқталған. Құр ғыр аяқ 
артар көлігі жоқ болған соң, бөлімше бастықтарына ат сұ рап 
баруға арланып, қорына беретін. 
Бірде немересі: 
– Ата, қара Бураны қасқыр жеп кетіпті, – деді. Тө сек тен 
шаптыға атып тұрған шал шықшытын шатынатып: 
–  Көкіме,  ақырзаманның  баласы.  Қара  Бура  екеуміз  өз 
ажалымыздан өлмесек, ит-құсқа жем болмаймыз, – деп қат-
ты зекіп тастаған. 
Бура  бұл  шақта  Нарынның  құмдауына  өтіп  кетіп  еді. 
Қаң тар  айы  туып,  күн  əбден  суып  алған.  Алақаншықтана 
суси ұйт қы ған боран бірнеше күннен бері ішін тартып, ыш-
қы на соғып тұр. Ықтасыны жоқ ысқаяқ жердің самаладай-
самаладай  шилері,  жел  қаққан  сайын,  мұңлы  үн  шығарып, 
ызың-ызың шулайтын. Сиыр таңдайлана күпселеніп қал ған 
күр тік қар Бураның жалпақ табаны тиген сайын, морт-морт 
опырылып  сынады.  Суық  қанша  қысқанымен,  көп ке  де йін 
ырық  бермей,  сүйекке  қарысып  жүрді.  Көбінесе  жер  ша-
лып, бұта-талдың басын  сүзіп  қайтатын да, аздап болса да 
қақтама күнгей дегендей Нарынның теміржол жақ бет ке йін-
де жүретін. Нарынның бұл жағы кең төскей болушы еді, əм-
бе сін де қалың шилі, тебіндікке шүйгін келетін тепсең. 
Сонау бір жылдары осы өңірден кен ашылып, теміржол 
түс пек  болғанда,  Бура  не  бары  тайлақ  еді.  Тайлақ  əлі  жас, 

203
белі  кетеді  деген  жоқ.  Мұны  да  Əбішке  ұстаттырып  ша на-
ға үйреткен. Бұл – ағасы Ақбастай емес жуастау болды да, 
жұмысшы қолына тез көндікті. Теміржолға қажетті құм тас, 
бө  ре не ні, сосын зілдей-зілдей рельстерді сүйреп жан та лас-
қан.  Сонда  Қазақбай  ауылында  ботадан  өзге  қоқаң  еткен 
түйе қалдырмай, түгелдей дерлік теміржолға айдаған. Сонда 
қара Бураның ағайын-туғандары аттай бір жыл бойы мынау 
ұзын нан-ұзақ Шығысқа жарыса жосылып кете берген те мір-
жол дың ауыртпалықтан қылша мойны талша болып тарт қан. 
Тегінде,  мұнан  соң  түйелер  мұндай  ауыр  еңбекке  же гіл ген 
жоқ. Ақырғысы еді бұл. 
Қара Бура жасынан момындау болды да, пішілмей қал ды. 
Лағнат мұның үлкені еді. Ақпан айы туған сайын, аузынан ақ 
көбігін ағызып жарайтын. Ал жынданып алса, мынау өңір-
дің тайлы-таяғын қалдырмай тырқырата қуатын. Бір жылы 
февраль  айында  аса  қатты  құтырып  еді.  Ежелден  сал қын 
қанды қара Бура Ақбас құсап шаптыға жараған жоқ. Аузы-
нан ақ көбігін ағызып, бу-булап өз бетінше тыныш жү ре тін. 
Совхоздың  бас  зоотехигі  бұлардың  қасынан  қаперсіз  желе 
жортып өте бергенде, Ақбас қапелімде тұра қуған. Зоотех-
ник  аты – дəмелі  жүйріктің  бірі  екен,  көпке  дейін  құй рық 
тістетпей  ұзап  кетті.  Бірақ  екілене  өршеленіп  алған  Ақ бас 
қуып жетуге айналған. Ал қуып жетсе, кеудесімен бір ұрып 
мұрттай ұшырады да, қос тізесімен езіп, үстіне жатып алар 
еді.  Абиыр  болғанда,  зоотехник  Қарасудың  көк  тайғақ  боп 
қатып  жатқан  мұзынан  тағалы  атпен  тасыр-тұсыр  құ йын-
перен шауып өте шықты. Ақбас та қаймығар емес. Көк қас қа 
мұздан май табаны тайып өте алмайтынын алдын ала сез ді 
ме, екпіндей кеп əнейімен қос тізерлей қалды. Артқы екі ая-
ғын талтақ ұстап қос тізерлей қалған түйе, əуелгі ек пі ні мен 

204
арғы бетке зыр етіп өте шықты. Ақбастан мұндай ерен ер лік 
күт пе ген ол жаны шығып орманға қашты. Ол қашып құ ты ла 
алмайтын еді. Ақбас бəрібір құтқармас еді. Зоотехник осыны 
сез ді. Астындағы атын сауырына бір сап қоя берді де, бойы 
көк ке тірелген зəулім теректің басына мысықша тырмысып 
шы ғып кетті қас қағымда. Ақбас бура терекке кеп ұзақ үй-
кел ді. Көкке қарады. Жынын шашып жер тарпыды. Сосын 
те рек тің түбіне жайымен шөгіп, сен шыдасаң мен шыдадым 
дегендей, жайбарақат күйсеп кеткен. 
Əбіш  ауырып  аудандық  ауруханада  жатыр  еді.  Зоо тех-
ник ті құтқаратын басқадай лаждың жоқтығы болды ма, Ақ-
бас Бураны атып өлтіріп, зоотехникті ағаш басынан тү сі ріп 
алған. Ал қара Бура болса мұндай тентектіктен бойын ау лақ 
ұстайды. 
Неге  екені  белгісіз,  осы  жылдың  қаңтар  айында  бұ ған 
да төтенше желік пайда болды. Екі апта қурай басын тіс те-
мей, өз-өзінен жараған, көзі шелиіп, құрдың артынша қы за-
ра беріп айналып шығып кетті. Бір жыл ұдайы жалғыз жү-
ріп,  əбден  іш  құса  боп  жалықты  ма,  əлде  арынды  ашудың 
қы сас ты ғы на басты ма, тісін қайрап, аузынан дамыл-дамыл 
ақ  көбігін  ағызатын.  Шолақ  құйрығын  тағатсыз  сабап,  екі 
бұ тын  кезек  қайшылап  көбіктендіріп,  үнемі  буы  бұрқырап 
бусанып жүретін. Басын жерге салмастан қайқайтқан қалпы 
бу-булап, ертеден қара кешке дейін дамыл таппай безектей 
бе ре ді.  Көзіне  көлденең  көк  атты  көрінсе,  əлдеқашан  шай-
нап тастар-ды. Өкінішке орай, мынау мекиеннен өзінен бас-
қа ұшқан құс, жүгірген аң таппады. 
Бура ағасынша жынданды. Бірақ Ақбас атан əншейін пə-
туа сыз,  мұңсыз-қамсыз  еріккеннен  еркексініп  құтырынса, 
бұл  жал  ғыз дық тың  зары  əбден  өткендіктен  ша мыр қан ған-

205
дай,  шам дан ған дай.  Бірнеше  күн  аузына  нəр  сал ма ған дық-
тан шығар – екі көзі шұңғыл тартып, ішіне кіріп кеткен-ді. 
Қар ны қабысқан. Былтырғы жылдың жүні қырқылмай, жаңа 
жүн мен араласып, иттің құйрығынша сабалақтанып қал ған. 
Бура, əсіресе, бүгінгі күні ес жия алмай шабынды. Бу-буы 
да көбейіп аласұрған. Қыстың тұсаудай ғана қысқа күні жаңа 
ғана көтерілген еді, енді, əне, батып барады. Дала мел шиіп, 
мəңгі  өлі  күйге  енгендей  сарынсыз  жатыр.  Түндегі  итше 
ұлыған  алақаншық  боран  жаңа  ғана  толас  тауып,  сап  бол-
ған. Шабынған Бура ақ кебінді айқара жамылып, көсіле тү-
сіп  жатқан  даладан  қыбыр  еткен  жан  іздеді.  Құныға,  көзін 
қа рық ты ра  ұзақ  іздеді.  Таппады.  Шаптығып  жер  тарпыды. 
Боз да йын деп еді, көмейі көбікке толып, үнін шығара алма-
ды. Жылайын деп еді, тулақтай көні кеуіп қалған көз жанары 
шы лан ған жоқ. Өлейін-ақ деп еді, көпті көрген көмпіс сір не 
жан көнбеді. Енді қайтпек? Енді қайда бармақ? Ауылға ма? 
Құ дай  көрсетпесін...  Ақбастай  атып  тастар.  Атып  тастар... 
Бу-бу... бу-бу... Енді қайтпек – гу-гу... гу-гу... гу паровоздың 
ыш қы на  боздаған  даусын  құлағы  шалды.  Бірақ  оны  поезд 
деп ойлаған жоқ. Əйтеуір, дауыс шығады ғой. Таныс дауыс 
өзі. Бура солай беттеді. 
Түтінін будақтатып сонадайдан қарауытқан поезд таң да-
йын тақылдатып əлінше ұшыртып келеді. Үстіне тиеп ал ған 
ағаш, көмір, темір-терсегі бар вагондар жұлдызша ағып, Бу-
ра ға қатарласа берді. Ұрынарға қара таба алмай, сандалбай 
күй де  жүрген  ол  поездың  өкпе  тұсынан  атой  салды.  Тіп ті 
өзі нен зор алпауыт күш екенін, қан қақсатып кететінін еске 
ал ғы сы жоқ. Бар күш-қуатын жиып, мойнын иіп алып тұра 
шапты. Өлген-тірілгеніне қарамай шапты. Аузынан аққан ақ 
кө бік жерге мұз боп түседі. Қос танауынан буы бу дақ-бу дақ 

206
ат қы лап, тарпаңдап кеп таптап тастамақ болды, мынау зу-зу, 
гу-гу  еткен  дəу  қараны.  Шаптығып  кеп  кеудесімен  бір  қо-
йып  еді,  өзін  сонадай  жерге  итше  бұрап  лақтырып  жі бер ді 
де, бір қышқырып зытып отырды. Бураның кеуде сү йе гі нің 
быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, біразға де йін 
тырбаңдап  жатты.  Бұдан  соң  аяғын  қатты  бір  серпіп,  жан 
тəсілім берді. Бірақ қазбауыр бұлттар қалқыған көгілдір ас-
пан ның суреті түскен қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, 
таза əрі күнəсіз жас ағып жатты... 
Өзегі талып  өртеніп  жүріп, өрге сүйреп жеткізген ба ла-
ның аяулы анасына қол жұмсағанын көргеніңіз бар ма? «Өз 
қо лың ды  өзің  кесемісің»  деп,  іштен  егіліп,  қорлана  жыла-
маушы  ма  еді.  Сонда  ардақ  ананың  көз  жасын  таң да йы ңа 
тамызып  татып  көрсең  ғой.  Қара  Бураның  қазіргі  халі  дəл 
осындай еді. 
Даланы  да  бір  сəт  қайғы  басқандай,  түйесіз  жетімсіреп 
қалғандай еді. Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі осылай-
ша ит жемі болып қазаға ұшыраған. 
 Төсек тартып жатқан Əбіш шал Бураның поезға ұры нып 
өлгенін  естіген  соң,  бөлімше  басқарушысына  барып  кө лік 
сұраған. 
– Хайуан болса да пайдасы көп тиіп еді. Сүйегін да ла ға 
қалдырмай, жеткізіп алайын. Тым құрыса шудасы кəдеге жа-
рар, – деп еді, бастық: 
–  Кісі  де  өліп  қалады.  Сол  жынды  түйені  атты  үр кі тіп 
ауыл ға  əкелеміз  бе, – деп  міз  бақпаған.  Меселдесі  қайт қан 
Əбіш шал жүгенін артына ұстап, құр қол келді үйіне. 
Бірақ  қара  Бураны  шал  ұмытқан  жоқ-тын.  Қардың  шеті 
тесіліп,  күн  жылына,  немересін  ертіп  Нарын  құмына  жаяу 
ат та н ған. Түйенің шыбын қонып, саси бастаған денесін жер 

қа зып  көмген.  Арқалай  келген  діңгекшесіне  «Бұл  жерге 
поез ға соғылып өлген қара Бура көмілді» дегізіп жаздырды 
да, түйенің басына сайғақ етіп орнатты. Бірақ сиялы қа рын-
даш пен  жазылған  немересінің  шимайы,  екі-үш  рет  жауын 
жау ған соң, өшіп қалған еді. 
Бұл тұстан күніне екі рет өкіріп-бақырып, өз құдіретіне 
өзі  масаттанған  поезд  өтеді.  Сол  поездың  ішінде  рақат  əрі 
жайлы орында тербетіліп отырған пенделер сонау құба бел-
де  қарайған  жалғыз  қазыққа  көз  салмайтын.  Көз  салса  да 
зем ле мер дің  орнатқан  діңгегі  деп  ойлар  еді.  Олар  мынау 
темір  жол ға,  əсіресе,  кімнің  тері  көп  төгілгенін  білер  ме. 
Олар Қа зақ бай ауылында көрмеге қояр бір түйе қалмай, құ-
рып кеткенін де біле бермейді. Иə, олар бейқам, мұңсыз-қам-
сыз өмірде, күндердің күні... қара Бураны да есіне алар... 
Бұл тұстан таңдайы тақылдап поезд өткен сайын, бір рет 
боздап  кететін.  Əй,  ол  жер  жастанған  Бураны  жоқ та ға ны 
дейсің бе?.. 
Поезд асығыс зулап барады... 
Тоқтататын күш жоқ!

208

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет