ЖЕСІРЛЕР
I. Арысын тосып əлі отыр
Аш шашты əйелді көргенің бар ма,
Қайғы жұтып қартайған.
Мағрипа күйеуін майданға аттандырған жылы не бары
жиырмаға толып еді. Қайғы-қасірет пен тақсірет құ ры ғы ның
не екенін біліп, күннің көзіндей құбылмалы дүниенің күй-
ді ріп те, тоңдырып та жіберетін құдіреті барын тұңғыш рет
мо йын дап, ағыл-тегіл жылаған – шын жылаған жылы да осы.
Ол жиырмаға толғанын білмеген де, ел басына күн туған за-
уал жылдың таңдайда қалар тəттісінен гөрі ғұмыр бойы
құ тыл май тын зар арқалатып бергені ға на есінде. Егер бұл
ға лам да пенденің: аз жасасын, көп жасасын, əйтеуір бір ең
қым бат ты қимас шағы болатыны рас болса, керісінше мəңгі
бақи ұмыта алмайтын қан жұтқан қасіретті мезеті де болады
екен. Мағрипа осының екеуінің де дəмін татты. Жеңсігі бол-
маса да тағдыр атты тарантас мінгізіп əкетті үстіне. Тағ дыр
арбасы кімге жайлы, кімге жайсыз.
Ал Мағрипа үшін...
Мағрипа күйеуін майданға аттандырған жылы жиырмада
еді. Қазір қырық сегізге толғалы отыр. Бірақ сол бір сор маң-
дай жылдың Мағрипа үшін қаншалық жеңіл-ауыры бү гін гі
мамыражай күнде ғана анықталып, бар салмағын енді сал-
ған секілді. Мағрипаның есінде сол жылдың күзі тым-тым
227
сұр қай жаңбырлы болып, қыстың ерте түскені ғана қал ған-
дай. Жылауық күздің ызғарынан гөрі қайғы-қасірет қаң тар-
дың аязынан бетер жан-жарасын жұлқылап мұздатқан, тіп ті
қара қошқыл аспан да, қара жамылып күрсінген күрең дала
да, қарқарадай қасқайып тұратын тəкаппар тау да қай ғы дан
езіліп, қол-аяғын бауырына алып бүрісіп, қал жы рап жат-
қан дай еді ғой. Мағрипа күйеуін соғысқа аттандырып тұ-
рып, алғаш рет күз лебізін сезінген əрі осы сал қын да сал-
да қы лепте сандалған жұрттың күңіренісі, өзін дей сан да ған
жесірдің қазіргі немесе бұдан сансыз жылдар соң ғы са ғы-
ныш еспесі барын көкірегіне түйген. Ол сонда тұңғыш рет
шын жыластың не екенін біліп, шын қайғырудың, шын сар-
ғая сағынудың дəмін татқан, тұңғыш рет өз-өзінің өксіген
өмір де гі орнының қандай жəне қай дəрежеде екенін, өзі ғана
емес, барша əйелдердің қайғыға мұншама қара нардай бе рік
құ ді ре тін таныған; тұңғыш рет еркек қауымының бір өң кей
күйеуі секілді, ары таза азамат қана емес, аш қасқырдай ара-
ны кең, арсыз екенін де бағамдаған. Ол өткен өмірін əсте де
есі не алып есіркеп, əлдекімге əңгімелеп көрген жоқ. Шер лі
жыл дар дың шешуі əйелдің əрі нəзік, əрі берік жұ ды рық тай
жү ре гін де шемендеулі. Асыл қазына болмаса да аласапыран
жыл дар дың сыр сандығы кілтсіз, иесіз.
Жүрек сырының кілтін ол жоғалтып алған жоқ, жас ты ғын
да, махаббатын да, өмірінің бар базары мен арманын да май-
дан ға ала кеткен жарына сыр сандығының кілтіне қоса бе ріп
жіберген екен. Сол Мағрипаның жарты ғасырлық ғұ мы рын
бүгін кез келген жесірдің тағдырына балап, оның баз кешкен
жылдарын жазуды басқаларға, батылдарға қалдырып, қа зір гі
халінен хабардар етейік.
228
* * *
...Қара сиыр өрістен əлі қайтқан жоқ. Бағана таудан мал
құ лап, ауылдың іші азан-қазан болғанда, əне, келеді, міне,
ке ле ді мен отырып қалған еді Мағрипа. Таласып барып ба-
тып бара жатқан күн астындағы Қоңыртөбе күйіп жат қан-
дай жалқын түске шомылып, жаз дидарының бар ажарын өз
бо йы на жинақтап, бауырына басып алыпты. Қо ңыр тө бе нің
қыр арқасы алтын шұғыланы қиып, күнбатыс көкжиектен
ан та ла ған қаятты нұрды арғы қапталына паналатып, бергі
бе ті не қоңыр салқын ымырт кешін ұялата бастады. Мағ ри па
осы төбеге күн салып қарап көп тұрды. Малдың бəрі ойға құ-
лап сарқылып біткен бе, қыбыр еткен зат болжанбады. Ба ға-
на ғы дай емес, ауыл іші тынышталып, намазшам ал дын да ғы
қар ба лас қа көшкен. Əр үйдің алдындағы бір-бір сиы ры ның
борбайына жармасып бір-бір ақ жаулықты əйел отыр. Маса-
дан қорғанып салған түтін сыздықтай көтеріліп барып, көк
күм без ше мойнын соза-соза, іріп-іріп жоғалады. Ауада отқа
сал ған жас ерменнің бықсыған қоңсысы, сиырдың иісі бар.
Тау қойнауының кербез кеші бара-бара іңірге айналып, өзен
жақ тан майда ғана салқын леп үп етіп қалады... Мағрипа Қо-
ңыр тө бе ге беттеді.
Анда-санда «Ау-хау» деп тауды жаңғырықтыра ай ғай-
ла ға ны естіліп, біртіндеп ұзап, қыр асып бара жатқанын
сез дір ген дей үзік-созық талып шалынады құлаққа... Мағ-
ри па ба тыс қа беттеді. Жылдар бойы көз майын тауысып,
сар ғай ған санамен үміт отын іздеген батысқа қара сиырды
із деп енді өзі шықты. Қара сиырдың өрістен қайтпай қа ла-
тын əдеті жоқ еді. Күн еңкейсе болды, табындағы сиыр дың
алды болып, аңырап жететін. «Бүгін не қара басты, əлде си-
229
да ға түсіп қалды ма екен... Құдай оның бетін ары қыл сын.
Ақ сыз қалдырса, биылғы қыс бір қырға бізді де таятып тас-
тар». Мағрипа жол тосып соғысқа аттанған күйеуін аң са-
са, осы Қоңыртөбеге телміретін. Кейде оған дү ние де гі бар
пəле-жала осы қабақтың арғы бетінде болып жат қан дай се-
зі ле тін. Құрбы қатындар сан рет масақ теріп қайтайық деп
сүйрегенде: «Көрмегенім Қоңыртөбе болсын», – деп аттап
баспайтын. Осы іші кепкен сиырдай теңкиіп жатқан үл кен
тө бе ні сонау бір шатқалаң шақта Бозтайлақтың да асып ке-
тіп, күні бүгінге дейін қайтпай қалуы, тіпті бұрнағы жылы
қыс та айналдырған үш ешкісінің бірі асып кетіп, қас қыр
жеп кет ке ні ойына əлденендей сезік ұялатып, секем ал-
дырған.
Содан ба, əлде Байжұма молданың: «Бұл шаңыраққа ке-
ле тін зауал – Қоңыртөбенің ар жағында», – деген кө ріп кел
сөзі қамшы бола ма, күнбатысқа ұзақты жылдар бойы құр-
дан-құр көз сата қарағаны болмаса, аттап басқан емес.
Бір үйдің бір сиыры жоғалып кетсе, талшық етерінен
айы рылып, от пен суға қарап қалғаны ғой. Бағана қара сиыр
ұшты-күйлі жоғалып алған соң, бар пəле-нала осы тө бе нің
арғы бетінде жатса да, «Бозтайлақтан жаным аяулы ма, не
көр ме ген қу бас, көріп алдым əуселесін» деп, белін буып,
бекем шыққан.
Шылбырдай шұбатылған жалғыз аяқ жол қабақтан асып,
арғы күнгей бетіне құлағанда, Мағрипа, шынында да, жү рек-
сі не йін деді. Ғажап-ау, осы Жаңаүлгі ауылының бес жас та ғы
баласына дейін жасырынбақ ойнап, жидек те ріп қаң ғы лес-
теп кететін. Қоңыртөбе қойнауы зіңгіттей əйел дің зə ре сін
алғаны несі? Көрер көз, естіген құлаққа ұят. Қай ра ты тас
қайнататын əйел мынау жалпақ жаратылыс та тек осы Қо-
230
ңыр тө бе нің арғы бетінен ғана қорқады. Бұл Қа жы мұ қан ның
тыш қан нан қорыққанындай емес, мүлдем басқа... бас қа...
Оны Мағрипаның өзінен емес, соғыстан іздеу керек се кіл-
ді. Егер Қоңыртөбе күнбатыста – Бозтайлақ соңғы рет қа раң
етіп көрініп, қарасы өшкен тұста болмаса, мұн ша ма жан ға
жат, тəнге салқын үрейлі болып сезілмес пе еді.
Мағрипаның денесі тітіркеніп, тоңази бастады. Ымырт
жабылып, көз байланып қалған. Бағанағыдай емес, қа рай-
ған-құрайған молайып, əр бұта-қараған аюдай айбар көр се те
бастады. Біртіндеп жұлдыздар шығып, бейуақтың ты мыр-
сық дел-сал күйі жайлады өңірді. Қара сиыр жоқ.
«...Қасқыр жегір-ай, қайда ғана қаңғып кеттің екен сің?
Ал дың нан шығып айдап келер бала-шағам тұр ма? Қуар ған
қу бас... Тіршілік-ай, өмір бойы ат ізін салмаған қой нау ға
жетелеп келдің-ау. Сиыр түгіл, Бозтайлақ жүр десе де, баты-
лым барып, аттап баспап едім, келтірдің бе, дегеніңе көн дір-
дің бе, қу өмір... ау-хау, ау-хау... қасқыр жегір-ай...».
Мағрипа қара сиырды таба алмады сол түні. Ертеңінде
бақ та шы шал Қоңыртөбенің қойнауында у жапырақ жеп, іші
ке уіп өліп жатқанын хабарлады.
Осы хабарды естігенде Мағрипа сазарып міз бақпады.
Кө зі не жас та алған жоқ. Бар айтқаны: «Қайтейін, Қо ңыр тө бе
Бозтайлағымды да алып қалған. «Басқа түссе бас пақ шыл»...
Бірақ... бірақ тоқсанға келген кəрі шешеме қиын болды-ау.
Ақ баласынан басқа аузына нəр алмаушы еді...».
– Тəйт əрі! – деді Қанипа,– өлсе өле берсін. Мен де өлем.
– Құдайым-ай, таң неткен ұзақ едің. Бозтайлақ ат тан ған
түні де дəл осылай кірпігім-кірпігіме айқаспай, ба қы ра йып
жатып алған едім. Мал ашуы – жан ашуы деген, тегі, рас па
едің... уһ!
231
Кемпір ағаш төсекті сықыр-сықыр еткізіп бері аунап
түсті.
– Əй, Мағаш, ұйықта қалқам. Қайтесің жоқтан өзгеге ба-
сың ды ауыртып.
– Ой, апа-ай, ұйқы құрғырың қашып алғалы қашан.... Қы-
рық бірден бері... жиырма сегіз жыл.
Ондық шам өлімсірей жанып тұр. Алаша төселген аласа
ғана ағаш үйдің іші қара көлеңке. Іргедегі екі төсекте бүк
түсіп жатқан қос əйелдің көрпеден дудырай шығып жат қан
шашы да аппақ, бір-бірінен айырғысыз.
Бірінің шашы қарттықтан ағарды, бірінің шашы қай ғы-
дан ағарды...
Үй іші алакөбең тартып тұр еді. Шағын бөлменің əр бұ-
ры шын да орналасқан жұпыны ғана ол-пұлдар жар қыл дап
көз шағылыстырмай, қоңырқай семьяның қоңыр тір лі гі нен
хабар бергендей еді.
– Апа, – деді Мағрипа жуас үнмен, – торпақ сатып аламыз
ба?
– Торпағың өсіп, аузыңды акқа тигізгенше... Өзің біл.
Тиын-сиының жетсе... – Кемпір осы сөздің өзін ауыр ла ған-
дай сырылдап ұзақ жөтеліп барып, демігіп жатты.
Сосын үзілген əңгімесін жалғап: – Өзің біл. Мағаш. Ма-
ған төрт-бес кез ақирет бұйырса да жарар. Ел бар, жұрт бар,
аруағымды қор етпей арулап қояр. Əлгі... Уһ, аллай, əлгі...
Сан дық та ғы са ры майдай сақтағаныңды жұмса, менің өлі-
мім ді тосып қайтесің, – деді аса шаршаспен.
Мағрипа үндеген жоқ. Екі қолын көкірегіне айқастыра
салып, ауыр демалып жатқан кемпір сəл үнсіздіктен кейін:
– Қызым, ұйықтап қалдың ба? – деді.
– Жоқ, апа.
232
– Ұйықтасаңшы енді, ұйықта, жаным.
– Өзің де көз шырымын алсаңшы, апа.
– Ұйықтайтын күн де жақын қалды ғой. Қара шал дың
қасына барып...
– Қойшы, апа, қорқыта бермеші!
Ондық шам өлімсірей жанып тұр. Жанып таусылуға да
таяу секілді. Мынау кəрілік меңдеген кемпірдің қазіргі ха-
лін дей, ол да бірте-бірте мəңгі тыныштық күйге бой ұсы нып,
өшіп бара жатқан. Күн өткен сайын, ертеңгі су іш кі лі гі нен
гөрі ендігі аттанар сапарының қамын көбірек ойлап, сол бір
жұмыр басты пенденің қай-қайсысы да құтылып кете алмай-
тын мəнзілді көксеп, əйтеуір, алатын жаныңды те зі рек ал
деп, құдайға құлшылық ете көксеп жатқан. Мағ ри па ұйық-
тап қалған секілді, бір қалыпты тынышты күйде тыныс тап
жатыр. Кемпір ағаш төсекті жылата сықырлатып, үш-төрт
қозғалып ба рып іргеге аунап түсті. Тағы да сырылдап, тық-
тық жөтеліп, əлденені күбірлеп, əлденендей өкінішті сал қын
күйде жатты.
«Əй, Мағаш-ай, сонда Қайсаға ти дедім – көнбедің. Өл-
мек тің артынан өлмек бар ма. Енді міне, қаңыраған үйде
қара басың қалмақ. Басқа қатындар үш-төрт байға тиіп жат-
қан да, Бозтайлақтың суретін құшақтап шашың ағарды».
Он дық шам бағанағыдан ары басылып, болар-болмас сəуле
шашып тұр. Қабырғада ілулі тұрған Бозтайлақтың суреті де
шам сөнуге айналған сайын, қара барқынданып, құр но ба йы
болжанады.
Кемпір: «Əй, Мағаш-ай, Қайсаға бекер-ақ тимедің» деп
барып, тық-тық жөтеліп қалды. Мағрипа бір қалыпты тыныс
алып жатыр. Тыныштық. Ма заң дүниенің бəрі-бəрі де та-
233
лық сып, мызғып бара жатыр. Заржақ иттер ғана оқта-текте
шəу етіп қалады.
«Қайсаға ти дедім».
Кемпір сырылдап жатыр.
* * *
Мағрипа шешесінің өліміне жұмсаймын деп тірнектеп
жи ған ақшасына торпақ сатып алды. Тамыз басталып, жұрт
бі рер малына шөп дайындауға кіріскенде, бұл да шалғысын
сайлап, бүгін-ертең бұл дүниеден көшем деп жатқан ше-
ше сін сү йеп отырып шыңдатып алған. Биыл мамыр, шілде
айлары құрғақшылық болды да, ойдағы шабындықтың көбі
сап-сары боп күйіп қалған. Бұта-қарағанның түбін шауып
ала йық деген мүшеге совхоз рұқсат бермей отыр. Не гіз гі
ша бын дық ты тамамдаған соң, қол тартпамен совхоз малына
ша уып үйеміз, сендер таудан тұрғызыңдар бір-бір шө ме ле-
ні дескен. Астында аты бар азаматтар шалғысын та қым да-
ры на қы сып, əлдеқашан-ақ аттанысып кетіп еді. Аяқ артары
болмаған соң, Мағрипа секілді бір үйдегі бір жесір əйел дер
ғана лажсыз омалып отыр.
Қанипа кемпір: «Мына өзіміздің Шілікте торпақтың қыс-
тай ғы азығы боларлық қырықбуын аралас қияқ бар. Де нің
сау кезіңде, осы ауылдың отымен кіріп, күлімен шық тың
емес пе? Ертелі-кеш ба рып, қыбырлай бер», – деген соң
тартпасын арқалап жөнеле беріп еді, қорықшы Қайдар жол-
дан қайтарып əкелді. Ертеңінде басқарушыға барды Мағ-
ри па. Өтінішін қабылдамады. «Болмайды, апай, болмайды.
Совхоз малына шашымызды жұлып бере алмаймыз қыста»,
– деп, Мағрипаның көзінен аққан ағыл-тегіл жас ты шыбын
234
құр лы көрмей шығарып салған. Мағрипа осы күні түн де
шал ғы сы ның орағын беліне қыстырып, сабын таяқ етіп жол -
ға шықты. Бағыты – Шілік. Ай, əлі туған жоқ. Түн жамы-
лып ұрланып шыққан жалғыз жаяудың жау лы ғы аға раң дап,
Қоңыртөбені асып бара жатты. Ол бұл жолы Қо ңыр тө бе-
ден сескенген жоқ. Ішін өрт боп жалаған өкі ніш, ашу-ыза
амалдың жоқтығына астасып, өз болмысында бол ма ған бө-
тен қимылға итермелеген. Ол қара сиыр іші ке уіп өле тін ші-
лік ке келіп, бел шешті. Ауыл енді Қо ңыр тө бе нің күн шы ғыс
бетінде қалған. Мағрипаны мазалайтын қор қы ныш сол тө бе-
нің ар жағында, қорықшы келіп қала ма деп елең деп əрі-бері
отырды да, шалғысын саптап, пішен шабуға кірісті.
Түнгі шыққа жіпсіп жатқан қырықбуын аралас қияқ шал-
ғы ның жүзі тиер-тиместен сырылдап барып мұрттай ұша ды.
Мағрипа, ай туғанша, едəуір жерді еңсеріп тастады. Қара сү-
мек боп терлеп, екі жауырынының ортасы удай ашып кет-
кен соң, бел жазып біраз отырды. Анандай жерде Қоңыртөбе
əнеу гүн гі қара сиырдай теңкиіп жатыр. Ар жағынан Тар ба-
ға тай тауы қарауытады. Ай туып келеді. Қоңыртөбенің ар
жағы ағара бастады. Құлаққа аттың дүбірі шалынғандай бо-
лып еді, Мағрипа зəуде бір шошыныспен селк етіп қалып,
орнынан атып тұрды. Таудан қайтқан жігіттер болуы керек,
ші лік ті ортағыта шауып өте шықты. Əне, төбеден асып ба-
рады. «Құдай-ай, – деді Мағрипа жүрек тоқтатып, – құдай-
ай, Қоңыртөбенің ар жақ, бер жағы зəремді алып бітті-ау».
Өмір өзгермелі, əрі сынаптай толқымалы. Мағрипа ширек
ға сыр дан астам бар пəле, қайғы-қасірет, мұң-мұқтаж тек осы
Қо ңыр тө бе нің күнбатысында деп ойлап келген. Ба сын да ғы
ба қыт тарағын осылай қарай ала қашқан тағдыр солай ой-
лат қан да. Өйтіп ойламас еді. Бозтайлақ Қоңыртөбеден асып
235
кетіп, қайтпай қалды, қыл-аяғы қара сиыр да қорқау тө бе-
нің ар жағында өліп қалды емес пе. Мағрипаның қара кө зін
суалтқан да осы күн батар жақ. Бозтайлақ майданға аттанар
күні жік-жапар болып жүріп, ағаш тамның есігін күн ба тыс-
қа шығарып алған. «Бұның не?» деген елге: «Боз тай лақ Қо-
ңыр тө бе ден құлдилап келе жатса, көрмей қалуым мүм кін», –
дейтін. Бəрі де алдамшы, бұралаңы көп, бұралқы үміт тер,
күн дер дің күні сарсып кететін сағыныштар екен. Бəрі де
бір-біріне селбескен жамау-жамау шала-жансар тір ші лік,
қал жау лан ған халдер екен. Бозтайлақ аттанарда айтып еді.
«Егер менен тұяқ қалса, жетім-жетпегір деп қар ғап-сілеме,
боз биенің сүтіне шомылдырып өсірмесең де, бала-шағадан
қақ пай көрсетпей тəрбиеле. Ал... ол болмаса – ер кің білсін,
өлі мім ді аза тұтпай-ақ, бақытыңды басқадан ізде». Боз-
тай лақ тан бала қалған жоқ. Мағрипа бақытын бас қа дан да
іздемеді.
Ай туып, шіліктің іші жап-жарық болып кетті. Ай сəу ле-
сі не шағылысқан шалғының жүзі наркескендей жар қы рап
жатыр. Мағрипаның екі көзі Қоңыртөбенің күнгей жа ғын да.
Ендігі қорқынышы да, келетін зауал да бергі беттен ауысып,
арғы бетке көшкен. Терең де тұнық ағыстай саябыр тап қан
өмірінде еш аламаннан қорқу, үрку дегенді білмейтін, қай-
та сол адамдарсыз ғұмыр кешу əлдеқайда бақытсыз еке нін
зерделеген. Бірақ жалғыздықтан жапа шегіп, əл де кім дер ден
бір лі-жарым қағажу көрген сайын, адамдарға деген өз се ні-
мі нен қорқатын.
«Егер мен кейбіреулер секілді ұстамсыз немесе тас жү рек
болсам, бəлкім бұдан əлдеқайда бақытты болар ма едім», –
деген іспетті түңіліске итермелейтін де баз бір қа тын дар-
дың: «Егер мен Мағрипаның орнында болсам, Мағ ри па-
236
дай келбетім болса, əлдеқашан қарағайдай бай тауып алар
едім», – деп көпіретін сөздері. Иə, олар Мағрипаның бар ба-
қы ты – жар деп қосылған Бозтайлағының рухын еңку-ең кеу
жылдарда бойтұмардай ардақтап, өмірінің бар базарындай
мі на жат тұтып өту екенін сезген емес. «Өзекті жанға бір
өлім, мүмкін, Бозтайлақ мынау туған жер, тербеген бе сі гі не
ажал бүркіп шапқалы тұрған жауды жастанып өлген шы ғар»
деуі содан.
Ол Қоңыртөбеге қадалып, ай астында ауыр тыныстап
маң қиып жатқан даладан өзіне төнер қатерді күтіп көп отыр-
ды. Ай қарғалап, таң қылаң беріп келе жатқанда, ауылына
қайт ты. Мағрипаның бұл түнгі ұрлығын ешкім көрген жоқ.
Түс əлетінде ғана басқарушы кеңсеге шақыртып əкеткен.
– Сіз – жесір адамсыз, – деп бастады сөзін басқарушы, –
жəне жалғыз сіз ғана емес, сұм соғыс мыңдаған əйелді же сір
қалдырды. Сол жесірдің барлығы «менің күйеуім жоқ» деп,
мемлекет мүлкін талап-талап əкетсе, не болар еді... Өзі ңіз ой
жүгіртіп көріңізші, не болар еді?
– ?
– Əне, үндей алмайсыз, үндеуге қақыңыз жоқ. Демек,
мас қа ра болар еді деген сөз. Рұқсатсыз сов хоз жерінен шап-
қан шөпті жиып аламыз. Шапқан жеріңіздің көлемін өл шеп,
ақ ша сын өзіңізге төлейміз.
– Құдай-ау, мал ақша жемейді ғой. Маған пішен керек.
– Күз түскенше, ептеп жиып аларсыз бірер шана шөп ті. –
Мағ ри па түтігіп кетті. Алдында міз бақпай сазарып отыр-
ған бастыққа буыршындай шабынып тап берердей, оқталып
барып:
– Қоңырсыған дүние-ай, көп көргенің жалғыз бұзау бол-
са, оның басын шабармын. Бұл ауылға сенен гөрі ме нің те-
237
рім көбірек төгіліп еді, «тұрымтай – тұсында, балапан – ба-
сында» деген осы шығар. Ал, бар мүкəмалым сенікі, өт кіз дім
совхозға, ал, жарқыным, ал он жыл бойы өлмелі екі қа тын-
ның талшық еткені – он саусағым еді – оны да кесіп бе ре йін,
ал, жарқыным, ал, мə, ақырғы он сом – мұны да ал, тек түні
бойы шапқан шөбімді қайтар өзіме. – Мағрипа жау лы ғы ның
шетіне түйген он сомдықты басқарушының алдына тастай
берді де, зар еңіреп шыға жөнелді.
– Апай, – деді басқарушы қалбалақтап, – шап қан шө бі-
ңіз ді жинатып, үйіңізге жеткізіп берейін, тек мына пəледен
құт қа ры ңыз шы.. Ақшаңыз не...
* * *
– Маған енді Қоңыртөбе қауіпті емес, – деді шешесіне
Мағ ри па. – Шөпті жеткізіп алдым.
Теріс қарап бүк түсіп жатқан шүйкедей кемпірдің күң кі лі
естіледі:
– Ендігі қауіп мен шығармын. Бірақ мені тағы бір жыл
қыстататын түрің бар. Түсіме əлгі байың кіріп жүр, – деді
сонсын, – үстінде сап-сары ала бадана сауыт-сайманы бар
екен деймін. Маған қарап ыржияды. Ой, құрып қалғыр, не-
менеге жетісесің, қара сиырың іші кеуіп өліп қалған, не ғып
сандалып, кімнің бодауымен жүрсің, қайт əрі қаң ғыр май, –
деймін. Құдайдың құдіреті, ыржия береді. «Жауды жең ген
соң, қайтам ғой, апа», – дейді. Қайдағы жау, жиырма се гіз
жыл бойы құрымай жүрген. Өзгенің жерін қорғап, жырты-
сын жыртқанша, өз ошағыңның отын сөндірмесеңші, же те-
сіз неме! – деп ұрсып тастап едім, өкпелеп қалды ма, құ лы-
ным, сауыт-сайманын асынып, Қоңыртөбені асып кеткені.
238
– Артына қарады ма? – деді Мағрипа жүрегі лү піл деп.
Ше ше сі нің соңғы кезде сандырақтап, есінен ауық-ауық ауып
қа ла ты нын ескермей.
– Қараған жоқ. Бірақ осы жолы, – деді кемпір сы рыл дап, –
осы жолы күнбатысқа емес, шығар күнді бетке алып кет ті
ғой... Келетін шығар, келеді ғой тірі жүрсе... Əлі-ақ маң да йы
жарқырап, Қоңыртөбеден түсіп келе жатады, құлыным.
– Əй, апа-ай, алжиын дегенің осы-ау! – Мағрипа ауыр
күр сінді.
– Кет, салдақы! – деді кемпір шаңқ етіп. Үні өте ащы
шық ты. – Менен сен бұрын алжисың. Жатыры кепкен жал-
ма уыз. Сонда Қайсаға ти дегенде, тілімді алмап едің, атты
қар ғы сым. Ойнастан болса да бақыр басты бала тапсаң, бүй-
тіп талақ қалмас едің. Ертең келер жауыңа қарсы шабар ер-
ке гің жоқ, қоңыр бұзауыңа мініп өзің аттан, қу қатын.
Мағрипа үн-түнсіз жылап, шығып кетті.
– О несі-ай, Қайсаға ти дедім... – деген кемпірдің кү бі рі
көпке дейін басылған жоқ.
«...Қайсаға ти дедім... тимеді. Байының соғыста өлгені
өті рік. Қаңғылестеп бір жерде жүрген де. Құдай біледі, не-
міс тен қатын алып тұрып қалды, сол қансыз неме. Жас қа-
ты нын паналап, қорғап жүр де соны... тос, із түзсіз кеткен
ын жық немеңді тос... мен де құдайдан тосайын»...
Кемпір əлі күбірлеп жатыр.
* * *
Күн ала бұлтты еді. Тамыздың өліарасы болып қалған.
Бұл өңірге қыс ерте түсетін. Күздің ызғары əлден білінеді.
Төрт түлік өріске бұрынғыдай маңқыстап шықпай, керенау
239
оттайды. Тойымдық бар. Далиған дала тобылғы түске боя-
ла бастаған. Тырналар балапандарын ұшуға баулып, ұзақ бір
са пар ға дайындық жасауда. Өзеннің бұрынғыдай тен тек ті гі
жоқ, мезгіл ырқына көніп, өкпелей ағып жатыр. Оқта-текте
бұлт арасынан жасқана сығалаған күн нұры маңдайды сал-
қын ғана сипап өтеді. Қоңыртөбе əлі сол орнында, биік те ген
де, аласарған да жоқ. Кемпір де сол ағаш төсегін зар еңі ре те
аунап, саржамбас боп əлі жатыр. Өлген жоқ. Ол соңғы кезде
тек бір-ақ сөзді қайталай беретін:
«...Қайсаға ти дедім – тимедің. Байың неміс қатынын асы-
рап əлі жүр...».
– Апа! – үйге ентіге кіріп келген Мағрипа өңі өрт сөн дір-
ген дей. – Қоңыр бұзау қорада жоқ қой.
– Жоғалған да.
– Қақпас, өзің жоғал! – Мағрипа шешесін тұңғыш рет
тілдеді.
– Астына сарып жатқан мен шешіп жіберді деп тұр мы-
сың? Қайтеді-ай, апшысын қуырып. Ұрлап кеткен де. «...Қай-
са ға ти дегенде...».
– Құдай-ай, көп көргенің жалғыз торпақ па? Ендігі ба-
йым да, балам да, бар уайымым да сол еді. Аштан өліп, көш-
тен қалмассың, бар ермегім, ынтызар көңілдің медет тұ тар
ықтасыны еді...
Мағрипа үйден жылап шығып кетті.
Кемпір əлі күбірлеп жатыр: «...о несі... Қайсаға ти десем,
тимей...».
Мағрипа қоңыр бұзауды ертеден қара кешке дейін із деп
таба алмады. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Əр кім дер-
ден сұрастырып еді: «Көрмедік, жүрген шығар», – деп бас-
та рын шайқасты. Қорықшы Қайдар егінге түскен соң малды
240
қамап қойды ма деп, одан да сұрап көріп еді: «Көр сем – кө-
зім шықсын», – деді шекірейіп. Жер жұтқандай жым-жылас
боп кеткен бұзауды табанын тоздырып адақ та ма ған жері
қалмады. «Əйтеуір, бар қырсық сенің ар жағыңнан бастал-
маушы ма еді» дегендей Қоңыртөбеге беттеген.
Қоңыртөбе бүгін Мағрипаға əлдеқайда биіктеп, заң ғар
тартып кеткендей болды. Əлде екі қара саны талып шал ды-
ғып қал ған дық тан ба, əлде сандалып сарсаңға салынғанда
не нəр се нің болсын бұлдырап сағымдай жортып ке те тін ді-
гі нен бе, төбенің қыр басына үш рет демалып əрең шықты.
Шық ты да кеудесін кере қатты бір күрсініп, жүресінен отыра
кет ті. Ауыл жаққа қарады. Жаңаүлгі үстінен қарағанда, қы-
зық пошымға енеді екен. Жетім баланың бүк түсіп ұйық тап
жатқаны секілді. Мағрипаның басынан күншығысты бетке
алып, бір топ үйрек ұшып өтті. Қанат қағысының су сыл да-
ған үніне дейін естіліп, тым аласа ұшты. «Құс екеш құс та
басынып алды ғой», – деді Мағрипа жаулығын қайта тар-
тып. Жаулығын көзіне түсіре тартса да, самай шашы аппақ
болып, бұйраланып шығып тұр. Айнамкөлдей суала бас та-
ған айнамкөзін енді Қоңыртөбенің түстік етегіне жү гірт кен.
Бұл тұста қалың егін болушы еді. Əбден пісуі жетіп, сың-
си ырғалып тұрған масақ арасында омыраулай жүзіп жүр-
ген малдың қарасы шалынды. Əуел баста қоңыр бұзау болар
деп, солай қарай құстай ұшты Мағрипа. Жығылып-сү рі ніп
же тіп келсе, қорықшы Қайдардың қасқа бұзауы:
– Қандай ғана қазақтың тасы өрге домалайды екен осы, –
деп ыңқ еткізіп ішінен бір тепті де, кері бұрылып кет ті. Мағ-
ри па үйге жеткенше ботасы өлген аруанадай боздады.
Ол ең соңғы ермегінен айрылған еді... Теріс қарап иле ніп
жатқан кемпір:
241
– Кет, албасты, көзіңнің жасын көрсетпе. Қайсаға ти сең,
қоңыр бұзау жоғалар ма еді... Түсімде əлгі қаны басқа қа тын
алып, қайтпай қалған ынжық күйеуің кіріп жүр... Ыр жия-
ды, – деді кеудесі сырылдап. – Менен бұрын сен өлесің...
Ондық шамның жағар майы бітуге айналған-ау, өлім сі реп
болар-болмас сəуле шашып тұр.
Қоңыртөбе бұрынғыдан əлдеқайда аласарып, шау болып
шөгіп кеткен секілді. Мағрипаны көп шаршатқан жоқ. Бү-
гін оның ұшар басы сағымдай, бұлдырап алыстан қол бұл-
ға ған да, көңілге қаяу салып, жаныңды жаралар қор қы ны шы
да білінген жоқ. Бүгін осынау ал күрең тарта бас та ған төбе
Мағрипаның ең бір ата қоныс ыстық жеріндей, Боз тай лақ-
пен бірге түтін түтеткен ошақ отындай қымбат сезілді. Ол
төбе басына етпеттей құлады да, тас аралас қара то пы ра ғын
қарш-қарш шайнап, ері соғысқа аттанған күннен бері мұз
боп қатқан көңілі тұңғыш рет жібіп, тұңғыш рет ер кін əрі
рақаттана күлді. Бозтайлақпен ғана қауышқан қа ты гез һəм
киелі құшағымен екінші рет Қоңыртөбені құшты. Аузы-ба-
сы топырақ-топырақ ақ шашы қара жерге дудырай шашы-
лып жатқан əйелдің ес-түссіз есеңгіреген күлкісі үл кен бір
күр сі ніс пен бітіп, аса қатты өксікке, еңірей езілген жы лас-
қа ұласқан. Бірақ Қоңыртөбе де, үстінде шарадай төң ке рі ліп
тұр ған ала төс аспан да міз бағып, əйел күйзелісін, əйел күл-
кі сі не, əйел көз жасына ортақтаса алған жоқ.
Неге күлгенін, неге жылағанын мынау мақау дүниені қо-
йып, Мағрипаның өзі де сезбеген. Əйтеуір, бір дүлей тыл-
сым күш қолынан жетелеп, Қоңыртөбенің басына дырыл-
датып шықты да, бар сезім-түйсігін рəсуалап, қы тық тап
қи нап ойнаған. Ол мынау алып төбені Бозтайлақтың қа бі рі
деп бір ойласа, іші кеуіп теңкиіп жатқан қара сиыр деп жəне
242
сезінген. Бірақ бұл Бозтайлақ та, қара сиыр да емес, өзі үшін
қайғы төбесі – Қоңыртөбе екенін білген жоқ. Білетін ақыл да
жоқ еді.
Мағрипаның көз жасына топырақ жабысып, беті-аузы
қара ала, торы ала.
Желкесіне сусып түсіп кеткен қап-қара жаулығын ше шіп
алды да, батысқа қарап...
«Бозтайлақ-ау, бері кел, жаным, бері к...е...ел», деп қо лын
бұлғап айғай салды. Осы сөзді əлденеше рет қай та лап, қып-
қызыл боп ұясына кіріп бара жатқан күн ша па ғын қап-қара
орамалымен оңды-солды кескілей кеп ша қыр ды Боз тай лақ-
ты. «Келмесең ғой, – деді ернін қыз ке зін де гі дей бұр ти тып, –
кел месең ғой».
Түстіктен самал есіп еді, Мағрипаның аппақ шашын жел-
піп ойнай бастады. Мағрипа көйлегінің етегін дар еткізіп бір
айырып алды да, сопақтау келген тасты жас балаша орап,
алдына өңгеріп уата баста ды. Өз басында бұрын-соңды бол-
ма ған аналық сезім, аналық мекіреніспен:
Əлди-əлди абайым,
Атқа тоқым жабайын,
Сенің əкең қыдырмаш
Қайдан іздеп табайын, –
деп əнге салып, мұңдық күйде күйзеліп отыр. Жас нə рес те-
нің не екенін біліп, жөргек иісін иіскемеген əйел қан ша ма
қат ты болғанымен, күндердің күнінде аналық ардақ се зім ді,
ақ тілеу, ақ бесікті аңсап, ағыл-тегіл жылайтыны рас. Қара
тасты иітіп, інгенді исіндірген күйшінің күйі, дом бы ра ның
сазы емес, аналық ақ жүректің запыранды аңсары мен сазды
243
сағыныштары екен-ау. Мағрипа бұл жолы Боз тай лақ ты да,
қара сиыр мен қоңыр бұзауды да жоқтаған жоқ. Қара тас-
ты сұп-суық қып аққу төсіне басып, жалаңаш омырауына
үйкелеп отыр. Қырықтан асқан əйелдің ешкім ұстап, еміп те
көрмеген қос анары бар демі, ынтызар көңілімен қо па ры ла,
қара тасты бала ғып əлдилеген зар-запыранына шыдай алма-
ды білем, иіп-ақ кетті. Екі емшегінен алдындағы мұп-мұз дай
тасқа аналық ақ сүті тырс-тырс тамып тұрғанын сезген жоқ
ол. «Көкең ертең келеді, құлыным, жылама».
«Көкең секілді сен де соғысқа барар ма екенсің...».
«Көкең батысқа кеткен... сені енді ол жаққа жі бер мей мін.
Мүмкін, шығысқа барармысың...».
«Көкең сені: «ұрып-соқпай еркелетіп өсір», – деп еді. –
Жылама жаным, жылама, ертең келеді».
«Сен соғысқа қоңыр бұзауға мініп барасың, көкең қара
сиырға мініп кеткен... Апаң екеуміз осы Қоңыртөбенің үс-
тін де көкең екеуіңді тосып аламыз. Сонда сен Қо ңыр тө бе нің
күншығыс жағынан келе жатасың, ал Бозтайлақ күн ба тыс
жағынан келе жатады. Түнде апаң түс көріпті: кө кең еке-
уің нің астыңда да есік пен төрдей ақ боз ат екен, аман-есен
еліне оралар, – дейді».
«Апаң екеуміз сендерге ақ қозының жүнінен киіз басып,
үй тігіп қарсы аламыз. Ақ отаудың түңлігі қарадан болады.
Одан қып-қызыл түтін шығады. Біз сендерге қап-қара теге-
неге қып-қызыл қымыз құйып береміз...».
* * *
Кемпір іргеге аунап түсті. Кеудесі сырылдап, тық-тық жө-
те ліп алды да: «Əй, Мағрипа-ай, Қайсаға ти дедім – айт қан
244
тілімді алмайсың. Мұндай күйге душар болмас едің. Менен
бұрын алжасып кетермісің», – деді.
* * *
Бəріне де сен кінəлі – сор соғыс!
Достарыңызбен бөлісу: |