БЕС ТИЫН
Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы,
бала кезімде «хат бар ма, аға» – деп, күн-күн сайын жыл-
тың дап барып тұратын кездегі қалпы десем, сəл жалғандау
болар. Жылдар дегеніміз – киімге түскен қара күйе секілді
ғой, адамның да жасын кеміктеп, жанын білдірмей тозды-
ра бас тай ты ны рас-ты. Ауылымыздың жиырма бес жылдан
бер гі почта бастығы Зəкең де қартайыңқырап, бала-шағасын
өсі ру əу ре сі мен қажыңқырап жүр екен. Табиғатынан сал мақ-
ты, кө пір тіп көп сөйлемейтін, ал анда-санда «ұрттап» алса,
ауыз ды ға сөз, аяқтыға жол бермейтін; көп күлмейтін, зəуі мен
бір күлсе, ішек-сілесі қатып жас балаша мəз болатын; кім-
кім дер ге тас кескір сараң, кім-кімдерге жалғыз дəнді жарып
берер жомарт; кеңсесінде отырған кезде, алдына келсе тіс теп,
артынан келсе тебетін кезеп; ғұмыр жалғанда қара ба қыр дан
қате жібермейтін сауысқаннан сақ, үй ша руа сы ның қиюын
қашырып алар олақ – міне, солай да солай біз дің Зə кең.
Осы кісінің кішкентай кезінен ғадет қылып, кө лең ке дей
еріп қалмай келе жатқан кəсібі дейміз бе, жоқ болмаса сү-
йек ке сіңді əдеті дейміз бе – ермегі бар еді. Жұмыстан қолы
қалт етіп босаса, құрығы мен қармағын қолтығына қысып
өзен жағалап кететін де, əбден көз байланып, қараңғы түс-
кен де, тал шыбыққа желбезегінен тізген балықтардың құй-
ры ғын жер сыздыра қараңдап келе жатар еді. Бала ке зі міз де
Зə кең нің соңынан талай ердік. Өйткені суға салған қар ма ғы
құр шықпайтын, балығы тайдай тулаған иірім, ай лақ тар ды
22
тек қана сол кісі білетін. Ердік дегенім жай əншейін сөз, ра-
сын айтсам, ол біздерді ертпейтін де, жақындасақ қуалап не-
месе тал-теректің ара-арасымен қаша, ізін жасырып кететін.
Зə кең нің бұл қызғаншақтығы – балықшы, аңшы атау лы ның
бə рі не тəн өзімшілдік екенін ол шақта білдік пе. Көп ретте
тас лақтырып, балықты үркітіп ит-жынына тиюші едік-ау...
Бір күні Зəкең біздерге өмірбаянын айтып берді. Аяқ асты-
нан жел соғып, арты сілбілеген жаңбырға айналып кеткен
соң, кəрі қайыңның түбін паналап отырғанбыз. Зəкең əрең
дегенде от жақты. Жапырақтардың ара-арасынан қуа лап,
сор ғы ған нөсер тамшылары қайта-қайта отты өшіріп тастай
берген соң, үстіндегі қаудырлақ сулығын ошақтың үс ті не ке-
ріп, шатыр жасады. Сол күні ағынан ақтарылған көл-кө сір
кө ңіл, қамқор пейілін айтсаңызшы... Біз, лапылдап жан ған
отты қаумалай отырған үш-төрт бала, Зəкеңнің жа уын ды
күні оқыстан ашылған аялы алақанына əрі таңдандық, əрі
аң-таң қалдық. Түстен бері ұстаған балықтарын қылдай етіп
бө ліп берді де: «Кəне, əркім өзі пісіріп жесін», – деді. Қар-
нын жарып, істік ағашқа шанышқан балықты шоқтың қы-
зуы на қақтай бастадық.
– Жалын шалмасын, оттан əрірек ұстаңдар, – деп ан-
да-санда ақыл айтып қояды. Ал өзі пісті-ау деген балықты
сырт қы күйік шалған қабығын сыдырмастан, құйрығынан
ұс тап басын қоса күтірлетіп шайнайды. – Ең тəтті жері –
басы, – деп күйелештенген аузын жеңімен сүртіп, қом паң-
қом паң етеді.
Сырт көзге Зəкеңнің біздерден еш айырмашылығы жоқ:
бойы да бірдей, аяқ-қолы да қысқа, томаршадай тым кіш ке не
еді. Кейін есейгенде байқадым ғой. Өзінің осын ша лық қо -
раш болып жаралғанына қорынады екен...
23
– Мен, əке-шешемнен бесіктен белім шықпай жетім қал-
ған адаммын, – деді Зəкең ағаштың көз жасы секілді там-
шы ға алақанын тосып. – Ағайын-туғанның есігін сығалап
күн кешуге тура келді. Сондықтан да тойып тамақ жемедік,
бү тін киім кимедік. Сондықтан да аузым аққа жарымай ме-
шел күй кештім. Қарным ашқан соң, қара судың шабағын ау-
лап, талшық ететінмін. Кейін ер жетіп, ел қатарлы өмір сүре
бас та ға ным да, осы əдетті қоя алмай жүрдім. Жал-жая жеп
отырсам да, кітірлеп піскен балықтың басын аңсайтын бол-
дым... Қолым қалт етсе, өзенге жүгіретін ауруым бар, тіпті
бала-шағамнан ұят...
Сібірлеп жауған жаңбыр, тамшы тиген сайын əнтек ді-
ріл деп қалатын су-су жапырақ, өзеннің бір қалыпты сары-
лы, анда-санда шоқ атқылап сырт-сырт жанған от – бар-бар-
лы ғы біздерді ертекті дүниеге бастағандай еді. Əншейінде
алысып-жұлысып тыныш отырмайтын қазақтың қара до ма-
лақ ұлдары жым болған, өңдерінде өзгеше жуастық, сал мақ-
ты сабыр бар. Бұтаққа керілген сулық-шапанның астында
қаз дың балапанындай үрпиісіп отырмыз. Оттан кө те ріл ген
тү тін Зəкеңнің сырттығын ыстап-ақ жатыр, бірақ оған мəн
берген ешкім жоқ.
– Мен бір атадан жалғыз қалған жанмын. Сондықтан да
ерте үйлендім. Əйелімнің шамасы қаншаға жетеді, сонша
бала көргім келеді.
Зəкеңнің бұл əңгімесі біздерден гөрі ересектеу адам дар ға
айтылар сыры екенін сездік пе, аузымызды аңқайтып тың-
дай бергеннен өзге не келеді қолымыздан. Бəлкім, əң гі ме-
нің түпкі төркінін түсінбесек те, ынта қоя тың да ға ны мыз,
айтушының мұңға толы қоңыр үнінің əдемі əуені шы ғар...
Бəл кім, Зəкең əңгімесін айтар ересек адам таба алмаған соң,
24
біз дер ге ақтарылғаны шығар... Тіпті ауылдағы үлкен кісілер
Зə кең ді күні бүгінге дейін менсініп, жігіт ағасы қатарына
қос қа нын естіп, көргенім жоқ. Қайсыбірі де, «əй, бала» деп,
ар қа сы нан кағатын... «Қашан ер жетесің-ей» деп, кекете
қарқ-қарқ күлетін... Алайда Зəкең ондай аспансыған аға йын-
ды кісі қатарына балап, елеп-ескерген емес.
Жаздың ыстығы түскенде, ауылдың қара жолын шаң да-
тып, почта бөлімшесіне қарай саспай аяңдап келе жататын
тə пел тек кісіні көрсеңіз – Зəкең екенін айнытпай танисыз.
Жа лаң аяғына галош іліп, галифе шалбарының бауын са-
лақ та та, асықпай аяңдайтын. Дүние өртеніп бара жатса да,
бір қалыпты – марғау да маңғаз жүрісін де, асып-саспайтын
мі не зін де өзгерткен емес. Сол жүрісінен жаңылмаған қал-
пы почтаның үш бірдей құлыбын ашады, ең алдымен жұ-
мыс столы мен сейфті тексеріп көреді, есеп шотын, қағазы
мен қа ла мын ыңғайлайды, əбден орнығып алғанша, жаны
шыр қы рап безілдеген ауылдың жалғыз хабаршы-телефоны-
на қол апармайды. Əртүрлі квитанцияларды парақтап, мөрін
үр леп ақ қағазға басып, түсетін-түспейтінін байқап көріп,
əлгі мөр басылған қағазды уақтап жыртып, көпке дейін күй-
бің тірлікпен отырар еді. Бұл кезде пенсия, баланың ақ ша-
сын, хат, газет-журнал алуға, не болмаса ауданға телефон
со ғу ға келген ауылдың кəрі-жастары қорған тақтайдың ар
жа ғын да жұдырықтай ғана болып, тəкаппар отырған Зə кең-
ді атарға оғы жоқ, əрең шыдар еді... Кейде шыдамайтын...
Жер-жебірі, жекен суына жетіп ұрысатын, тақтайды ұр ғы-
лап қайдағы былапыт сөздерді қардай боратып, ба ла ғат тай-
тын. Бі рақ Зəкең ешқашан да қарсы шабуылға көшіп көрген
емес. Жүй ке сін жұқартып, намыстанбайтын да. Бейне бір
нашар оқи тын оқушының шатты-бұтты айтқан сабағын нəу-
25
мез көңілмен мысқылдай тыңдаған мұғалімдей-ақ, «айтып
бол дың ба?» дегендей бетіне ұзақ қарайтын да, миығынан
кү ле тін. Телефонды май жағып қойғандай жиіркене кө те ріп,
соншалықты нығыз дауыспен «əл-л-лө-у!» дер еді. Ар жа-
ғы нан саңқылдаған əлдекімнің айғайын үнсіз тың дай тын,
дабырлап сөйлеспейтін, бар болғаны «ұқтық, жарайды» деп,
тұт қа ны ершігіне тастай салатын. Ауылдастарының «мі ніс-
тір болатын-ақ адам» дейтіні де осындай қылығынан-ау...
қайдан білейік, ауылда арқандалып қалмай ұзап жайылса,
министр болары рас та шығар.
Бұл дүниеде адам жанының қалтарысын түгел білемін
дей тін көріпкел тумаған шығар. Əйтпесе бізді ағамыздың
түс ке дейін мүйіз, түстен кейін киіз, аумалы-төкпелі мінезін
қан ша лық ты ұққан, соған үйренген сайын, соғұрлым тү сі-
нік сіз де жат қылықтардың шуатылған қыл арқаны ұшы ғы-
нан ұстатпайтыны қалай? Айталық, Зəкең оқта-текте шах-
мат ойнай қалса, қарсыласын ылғи да қажап, ата-ба ба сы ның
бай қа май жіберіп алған осалдықтарын тізбелейді де оты-
рады. Ол кісі ешқашан да жеңемін деп ойламайтын. Тіпті
өзі күші басым жағдайда да қиыннан қиыстыра, тең ойын ға
келісетін. Немесе қарсыласының үстемдік ала бас та ға нын
сезсе, «ничья жасайықшы» деп, жатып келіп жабысатын.
«Бі реу ді біреудің жеңгенінен жек көретін нəрсем жоқ» дей ті-
ні де сондықтан шығар.
Иə, біздің Зəкең өмірдегі тепе-теңдікті жақсы көреді.
Сынаптай толқып тұрар, біреу түсініп, біреу түсінбес мі-
нез ұшпаққа шығармасын да біледі. Ширек ғасырдан бері
үс ті нен түскен домалағы бар, домалақ емесі бар – арыздарды
жинап-терсе, екі-үш томға жетіп қалары да рас. Дегенмен,
Зə кең нен қателік табар əулие əзірше жаратылмапты.
26
Ауылдағы атқамінерлер мен сауаты барлардың аса ал-
май жүрген тауы, ата алмай жүрген жауы, ала алмай жүр ген
жалғыз-ақ шебі бар. Ол – Зəкеңді қалай почтаның бас тық ты-
ғы нан түсіру. Əттең, осы қызыл көз пəледен құ тыл са, соңғы
бес-алты жылда кенезесі кеуіп, безеріп тұ ра тын аспаннан
ағыл-тегіл жаңбыр жауатын секілді... Құр ғақ шы лық тан құ-
ты лып, айран-асыр байлыққа кенелетін секілді. Қыр сық қан-
да Зəкең күн өткен сайын мығым əрі сақ, ал Алтайдың аспа-
ны болса, жарықтық суалып-ақ тұр. Ауданнан, сонау облыс-
тан тексеру келген сайын, ауылда сыпсың-сыпсың өсек та-
райды. «Дəл осы жолы сайтан болып кетсе де мұрттай ұшар»
деген желікті үміттің жетегіндей желдей есер еді. Амал не,
ер те ңін де де бір дорба кілтін сылдырлатып, почтаға қарай
асық пай аяңдап бара жатқан Зəкеңді тағы көріп, маң дай ла ры
тас қа соғылар еді. Елуге келген жасына дейін тірі жан ның
ала жібін аттамаса да, көзге шыққан сүйелдей бүкіл ауыл
адамдарының өлердей өштесетіні мүлдем түсініксіз. Бəл кім,
адал болған соң, суқандары сүймес, əлде мінезінен бе екен...
Сентябрь айының аяқ шені еді. Күздің тамылжыған əде-
мі шағы, шаруаның етек-жеңі жинақталып, жұрттың ермек
іздеп еріге бастаған бейбіт те берекелі күндерінің бірі. Біз дің
Зə кең де қораға шөбін жеткізіп алған. «Елмен көрген – ұлы
той», кеше кешке көршінің баласы үйленіп, қолдан ашыт қан
сырадан біраз сілтеңкіреп алып еді, таңға жуық басы сынып,
қат ты ауырды. Ыдыс-аяқтарды сылдырлатып, сусын іздеді.
Əйе лі оянды. «Өк, қарасан!» – деді, көзін ашып-жұмып жат-
қан қалпы.
«Өгің не?» – деді Зəкең таңдана.
«Үйге сиыр кіріп кеткен екен десем, сен екенсің ғой», –
деді.
27
«Сиыр мендей емес үлкен ғой, тайынша шығармын», –
деді. Түк те ашуланған жоқ. Ашылыңқырап қалған ба ла ла-
ры ның үстіне көрпені қымтай жапты да, орнына қайта жат-
ты. Бірақ көпке дейін ұйықтай алмады. «Əттең, ба лық қа
барар ма еді» деп ойлады. Осы кезде есік дүрсілдеп қоя бер-
ді. Жау шапқандай ұрғылады. Атып тұрып есік ашып еді,
ар жағында үш-төрт кісі тұр. Мұның танығаны – ау дан дық
байланыс торабының бастығы ғана, қалғандарын шы ра мы та
алмады.
– Не керек сендерге? – деді есінеп. Түйеден түскендей
сөз ге қасындағы бөтен адамдар болмаса, өз бастығы шам
ша қыр май тын. Зəкеңнің мінезіне əбден тойған.
– Киін! Почтаны тексереміз, – деді асықтырып.
– Жұмыс уақыты басталуға əлі үш сағат бар.
– Жігітім, кергімей тез киін де, бізге ер, – деді бөтен кісі.
– Сен кімсің-ей?!
– Кім екенімді почтаға барған соң білесің...
– Бұл кісі – облыстық байланыс басқармасынан, – деді өз
бастығы бір қызарып, бір сазарып. Тегі, Зəкең үшін өзі ұя-
лып тұрғандай.
– Жарайды, ендеше, почтада танысайық, – деді де, асық-
пай киініп, кілттерін сылдырлатып сыртқа шықты.
Зəкеңді ұзақ əрі мұқият тексерді. Көлденең көзге бі лін-
бе ге ні мен, почта бөлімшесінің ұсақ-түйек шаруасынан көп
зат жоқ: пенсия, баланың ақшасы, жан-жаққа жолдаған, жан-
жақ тан келген ақша, дүкеннің барлық табысы да осы поч та ға
өт ке рі ле тін. Есебін табамын десе, алақандай почтадан-ақ екі
асауға болатын еді. Ана бір жылы көрші ауылдағы байла-
нысшы, өлген кемпірдің пенсиясын жарты жыл бойына өзі
пайдаланып жүріпті... құдай сақтасын...
28
Сонымен не керек, түске дейін созылған тексерудің қо ры-
тын ды сын да Зəкеңнің есебіндегі мыңдаған сом жұ мыс тан
не бары бес тиын жетпей қалды.
– Міне, тазалық, əділдік деп осыны айт! – Аудандағы бас-
ты ғы алақанын шапалақтап қуанды. Əйел адам еді, Зə кең нің
сауысқан шоқығандай шұрық-шұрық бетінен сүйіп алды.
Облыстан келгендер де алғашқы əзірейіл қалпын өз герт кен.
Кү ліп: «Молодец!» – деп, арқасынан қақты.
Ал Зəкең болса қабағынан қар жауып, екі шекесін қос
қол дап қысқан күйі: өң жоқ, түс жоқ сұлық отыр. Қуанбады.
– Атаңа нəлет-ай, қай жерден жібердім қателікті?!
– Қандай қателік? – деп бастығы таңдана сұрады.
– Бес тиынды айтамын...
– Да ну, – деді облыстық тексеруші қолын сермеп. – Бес
тиын – бес жүз сом емес қой, тіпті бес-он сом болса бірсəрі.
Құны жоқ нəрсеге қайғыра ма екен кісі. Так держать!
– Мен үшін құнсыз еш нəрсе жоқ. Жиырма бес жылдан
бері тұңғыш рет бес тиын қате жібердім. Ертең ауыл дас та-
рым ның, бала-шағамның бетіне қалай қараймын... Пə ле нің
бар лы ғы осы бес тиыннан басталмай ма... Атаңа нəлет-ай,
қай да жібердім, неғып қара басты мені...
Сұңқылдап, түрмеге қамалатындай зар еңіреп отырып
алды.
Зəкеңнің бұл қылығын əдейіге жорыған тексерушілер,
иық та рын қиқаңдата есікке беттей берген кезде, Зəкең саңқ
етіп, атып тұрғаны.
– Таптым!
– Нені?
– Бес тиынды! – Жүгіріп есік алдына шықты да, қо лы на
балта ұстап тез қайта оралды. Тексерушілер сескенісе жы-
лыстап, үдірейе қарап тұр. Оның не істегелі жүргенінен ха-
барлары жоқ. Зəкең жұмыс столы тұрған тұстың тақ та йын
бал та ның жүзін салып қопарып қалды да, саңылаудан қол
жү гірт ті. Содан соң ептеп тоттана бастаған бес тиын ба қыр
ақ ша ны тауып алды. Саусағына шымшып ұстаған күйі об-
лыстан келген тексерушіге ұсына берді.
– Осыдан екі ай бұрын тақтайдың жарығынан түсіп ке-
тіп еді... Ерініп алмап едім, жатыр екен жарықтық... Ыр жиып
күледі...
– Бұған дауа жоқ екен, – деді облыстан келген кісі басын
шайқап. – Асылы, бізді бұл тексергені дұрыс болар еді...
Мұрнынан өзіне ғана таныс əуенді ыңылдап, асықпай
аяң дап үйіне қайтты. «Болмады, – деді есік-терезеден сы ға-
ла ған ауылдастары, – араға ай салып барып, арызды қай та
жазу керек».
Əйтпесек, қазақ боламыз ба?..
Кейін бір сұрағанымда, Зəкең айтты: «маған қателесуге
болмайды, өйткені он бір балам бар».
30
БИҒАҢ
Кезекті демалысымды алып, ауылға келе жаттым. Соны-
мен Алматыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өс-
ке мен нің аэропортына қонғанымызда, күн арқан бойы кө те-
рі ліп қалған. Ығы-жығы халық тым көп екен – біреуді-бі реу
біліп болмайтын қайшыласқан ел. Аэропорттың іші қа пы-
рық, адам иісі – терден тұншығып өліп кете жаздайсың. Таң-
ер тең гі лік салқынтымда осындай, қолқаны қабар тымырсық
күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп ойлап тұр
едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде
күл кі сі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт
қа ра сам – Биғаң, кəдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сот-
талып, екі жылдай отырып, есен-сау оралған Биғаң, біздің
ауыл да ғы орыстан келіншек алып, одан он бір бала сүйіп
отыр ған – Биғаң; жылына екі-ақ ай жұмыс істеп (онда да тек
жаз айында, пішеншілерге аспазшы болатын), қалған күн де-
рі қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде ба лық қа ау
құ рып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, дү-
ние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен
қуа ны шын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Би ғаң;
«Мына Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң бі ле сің-
дер», – деп секек қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үл кен
кісі болып, құйрық басып бес минут отыра алмайтын Би-
ғаң... Би ғаң... Биғаң...
– Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Бə-
кең ғой, – деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ың-
31
ғай сыз дау тұрып қалған екенмін, амандасып қол бердім. Ал
ол алақанын ұсынбады.
– Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, –
деді. Бəрібір сенген жоқпын, ол кісінің əр нəрсені əдейі қыр-
сық та нып істейтінін бала жастан білетінмін.
– Денсаулығың қалай, аға? – дедім.
– Шүкір, – деді тықыршып. – Қара сиырдың қамы... бала-
шағаның наны...
– Балаларыңыз сол баяғы...
– Иə, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан əрі жылжы-
май тұр.
Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті
тиынның ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да,
маған:
– Қашан келдің? – деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, ме-
нің жауабымды күтпестен:
– Таңдайымда бір жабысқақ шөл бар, ағайын, – деді. Мен
түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ре тін-
де екеуміз де өп-өтірік күлдік.
...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судак ұсы-
нып едім, жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де:
«Привычка ғой», – деп столдың шетіне қойған тұзды қол ты-
ғы на қайта қысты. Менің екі көзім, есіл-дертім сол бір қо рап
жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай алмайтын болған соң:
– Биға, – дедім.
– Шөкең тыңдап тұр, – деп кеудесін қақты. Əй, азаматым-
ай, дамылдай алмай тықыршып тұр.
– Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па?
– Неге, толып жатыр.
– Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?..
32
– Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің.
Бұл – Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұң ғыш
қызы осы қалада тұрмыста. Өзің білесің, Шөкең сол үл-
кен қызы сырқаттанып қалды деген соң, соған барып, міне,
қайт қа лы айрплан тосып тұр; өзің білесің, Шөкеңнің он бір
баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты түске дейін істейді, түс -
тен ке йін аштан өлсе де істемейді. Нинаның, жеңгеңді ай-
тамын, бала оқытып алатын айлығы, мені қосқанда он екі
ба ла ға жете ме? Жетпейді. Кəмпит сатып алуға тиыны құр-
ғыр жоқ болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы той-
дыра ала сың ба? Папалап алдымнан шыққанда, ұялып қал-
ма йын деп, тым болмағанда ауыздарының дəмін алсын деп,
бір пашка тұз сатып алдым, əйтеуір, қаладан алдым ғой...
(есінеді).
Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бар-
дық. Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп, өт кен
жазда Мылтыққарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі
метр жылан ұстап алғандығын, содан соң оның аузынан жел
үр леп шермитіп, қалай жарып жібергендерін ертегі-жыр ғып
айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң əңгіме айтқанда кіш кен тай ба-
лалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, «бəлем, бар ғой, иə»,
«ана бар ғой, иə», «құдайға анық», «сенбесең пə лен ше лер-
ден сұра», тіпті оқта-текте қызып кетіп, «тошно пио нер лік
сө зім» деп тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен.
– Ей, Ораш-ай, – деді автобус ауылдың шетіне ілін ген-
де. – Біз не көрмедік, баяғыда бір əйел айтқан екен: «мен не
көрмедім, қасқыр да қамады, Байсал да (байы ғой) сабады»
деп. – Ал енді, құда бала, сау бол, – деді Биғаң қо лын ұсы-
нып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі «беті-қо лым ды жу-
ма ған едім» деген сөзі есіме түскен.
33
Өз үйім – өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бер ге нім
сол еді, біздің сықырлауық есік ашылып, əлдекім кірді. Дау-
сын естіп жатырмын.
– Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма?
– Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады.
– Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай.
– Ой, саудайы, – деді шешем, – кеміріп, жеп түсіріп тас-
таса да күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кеп -
тірмей.
Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай ке ліп
қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді.
– Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апыр-ай,
құ да ғи-ай, ұлыңның келгенін айтпай, дəтіңіз қалай шыдап
отыр.
– Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім.
– Қайдан көрейін, Өскеменнен жаңа келдім.
– Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы.
– Басқа рейспен ұшқан шығар, – деген Биғаң маған қа-
рап көзін қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы əлі жүр
екен, тегі, үйіне бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен
осы шығар дегендей, үлкен қырлы стаканды шө піл де те құй-
ған арақты алдына қойды. Биғаң сасқалақтаған болды.
– Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің...
– Жə, бұлданбай іше сал, – деді шешем. Суық ет əкелді.
– Мені бір ішкіш ойлайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей
қою қолдан келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы (Стаканды
қо лы ның сыртымен ары ысырып қойды). Ал татпадым.
Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы су, (араққа қарап ер-
нін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей қойды, қы-
ла ты ның ды қылып ал. Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең қан-
34
дай шыдамды, (екі алақанымен санын шапалақтады) ура,
Шө кең арақ албастыны жеңді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы.
Ал, құдағи, бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жа са-
ңыз, Шөкең арақты мүлдем қоя алады екен. (Стаканға қа рап
тағы ежірейді). Əкеңнің... көзі көгеріп кісіге қарайды-ей өзі.
Қарашы, қылмыңдауын, пішту, оныңнан түк шық пай ды, сай-
қал, ырбаңдама, бəрібір менсінбеймін (екі көзін тас қы лып
жұ мып алды), мə, саған керек болса, көрмей қоя йын бəлем.
– Биғаш-ау, əкем, – деді шешем, – өз-өзіңді қинап қайтесің.
– Əне, өстіп зорлайсыңдар енді, – көзін ашып жіберді. –
Дегенмен, осы ит маған жағатын секілді. – Стаканды ақы-
рын ғана алып алдына қойды. Сипалап отырып: – Құ да ғи,
ай ты ңыз шы, Шөкең ішіп мас болып, көшеде құлап қал ға нын
көрдіңіз бе?
– Көргем жоқ.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен тө бе-
лес ке нін, не болмаса əйелін, бала-шағасын сабады де ген ді
ес ті ді ңіз бе?
– Естіген жоқпын.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды де ген ді
естідіңіз бе?
– Жоқ, құдай. Денсаулығың əзірше жақсы ғой.
– Олай болса, құдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып,
ішімдікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл.
– Көрген жоқпын.
– Ендеше, құдағи, айтыңызшы...
– Жетер, – деді «құдағи» аса бір қажыспен, – шаршадым,
шаршаттың...
– Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін.
Стаканды аузына апара берді де:
– Əй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, – деп тағы да ке йі ні-
рек апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін ті реп,
анау мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай.
– Ішсең де, ішпесең де өзің біл, – деп, шешем орнынан
тұ рып кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне əрі таңданып,
əрі аяй қарадым. «Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен» деп ой-
лаймын.
– Жоқ, – деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жү-
гі ріп келді.
– Не болды? Шошып кеттім ғой, түге.
– Бұл ит, ақаңды айтам, маған жағады екен. Ішпесе бол-
мас.
Қырлы стаканды жалғыз-ақ төңкеріп ұрттады да, аузын-
да қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт-
сұрт шыға жөнелді.
– Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жі бер ді
ғой, – деп, шешем сылқ етіп отыра кетті.
Мен де жіпсіп, əлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім.
Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым тұз
беріп жіберіпті. Қаладан əкелген дəм ғой...
|