Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

II. Алтыбақан
Ақпанның  алты  күн  қатарынан  азынаған  қатты  бораны 
итше ұлып, Суықсайдың аузында отырған Сауықкеткен ауы-
лы ның күйісін кетіріп-ақ тұр.
– Өмір оңғақ қой, – бұл күбірден соң ол үнсіз, өзегін өзі 
де біле бермейтін өмірлік өкініштің өрті жалағандай, жана-
ры жансыз қалған. Алқымға кеп кептелген əлгі сəттегі лық-
сы ған  мың-сан  ойлар  алдындағы  алпамсадай  жігіттің  қай-
мық пай қаяусыз қарап отырған жүзінен шайлықты ма, жел 
ай да ған  бұлттай  пышырап  кетті.  Ол  ұзақ  сөйлегісі,  ағыл-
те гіл жылағысы келді. Іштегі ірімтіктеліп, өз-өзінен шығар 
арна іздеп, тыңдаушы иесін кеңінен қамтығысы келіп, тұлан 
тұт қан сыбызғы сыры бітеу жарадай сыздатып қинады.
– Өмір оңғақ қой. – Ол бұл сөзді енді бір рет қай та ла ған да, 
дидары адам шошынарлық аласапыран, əлемтапырақ күй де 
меңдуана жегендей əбден меңдеп алған ар алауы ал қын ды-
рып,  алқымынан  алды.  Құдай-ау,  бұл  мы нау  найып  бо лу ға 
аз-ақ қалған қаршадай кемпір кінəсіз емес пе еді; құдай-ау, 
ешбір  нəжіс  қылығы  жоқ,  азанда  жауған  ақша  қар дай  ап-
пақ  еді-ау  ожданы;  шіркін-ай,  сол  қатықтай  ұйыған  айлы 
кештер-ай; маңдайы кере қарыс бозбала, сəулемен сүйіскен 
тентек  өзеннің  қылығы...  əне,  бозторғай  шырылдады  ғой, 

245
ес ті сең ші  халайық;  əне,  арғы  ауылдың  иті  үрді  ғой...  ес ті-
ші, түр ші құлағыңды; бойда жаның бар ма, бойда қаның бар 
ма,  əй,  сезбейсіңдер-ау,  тоңмойынсыңдар,  то мы рық сың дар, 
шіл де нің шіліңгір ыстығында да жібімейтін тоң мі нез сің дер. 
Өз ге ні  қайтейін,  қайтейін  өзгені – менің  адал  да  аң қыл дақ 
жанымды түсінбедіңдер. Не қылайын кінəлап...
Қырмызы кемпірдің аузына су тамызды. Алтыбақан үн-
түнсіз іштей егіліп, жаншылып жылап отыр. Əлгінде сыр қат 
тіпті  қатты  қысылып,  əл  үстінде  қалып  еді,  беті  бері  қа ра-
ған секілді. Тек ауық-ауық сандырақтай береді. Ал ты ба қан 
шешесінің қаусап қалған қаңқа саусақтарын ұстады: мұз дай 
екен. Тамыры лыпымай, оқта-текте жылбысқы ғана со ға ды. 
Апыр-ай, анасы бір жұмада-ақ аш аруақтай арып кет ке ні-ау, 
қандай  толық  еді.  Қандай  өңді  еді.  Бəріміз  де  тағдыр,  уа-
қыт дегеннің тайқазанында бұрқ-сарқ қайнап жүрген дегдар 
жандармыз-ау,  тегі.  Қайнай  берсең,  етің  сылынып,  қуар ған 
сүйегің  қалады.  Кемігіңді  ит  мүжиді...  Шешесі: «Алапес, 
алапес», – деп тағы бір күбір ете түскенде, Алтыбақан да əлгі 
мезеттегі мең-зең ойдан айыққандай болды. Есін тез жиды. 
Аң-таң. Анасының сөзіне аң-таң. О, несі-ай... «Алапесі не?»
– Ұшына жабысқан ғой, – деді бүкір кемпір қушық кеу-
де сін кере күрсініп. – Жақияр молдаға ұшықтатып, дем сал-
дыр ма дық па?..
– Балам-ай,– сырқат бұл сөзді сау кезіндегідей саңқ ет кі-
зіп ашық əрі анық айтты. Қаумалап күзетте отыр ған дар дың 
бəрі селк етісіп, ұрымтал үнге шошына қарасып қал ған. Тіп-
ті қайсыбірінің келбетінде кемпір атып тұрып тұра қа ша тын-
дай, аса үркіс бар. – Балам-ай, осы қарағайды бекер-ақ кес-
тің-ау. У!.. Киесі тие ме... – Сырқат, шынында да, сер пі ле йін 
деді. Үні тарғылдықтан арылған.

246
Алтыбақанның есіне бұдан бір апта бұрын тауға отын ға 
барғаны түсті. Күн боранды болатын. Суси ұйытқыған жел 
тау-тасты  беріштеп  тастаған.  Алыстағы  мол  отарына  жем-
шөп  тасып  жүрген  жерінен  бір  күнге  сұрап  келген-ді.  Жү-
ре гі өрекпіп, елегзи берген соң: «Күн болса мынау – суытып 
алды. Бала-шағаның күйі не болды. Сүйектері жұқарған қос 
кəрі шеше бар. Отын-суы таусылып, қаңырап қалған жоқ па 
қара  шаңырақ?» – деген  сықылды  ой  беймазалай  жетелеп 
кетті үйіне.
Үй-іші,  шынында  да,  жүдеп  отыр  екен.  Отын  тақа  тау-
сыл ған. Бəтима шешесі суық өтіп кеткен бе, мұрттай ұшып, 
тө сек тартып қалыпты. Сосын бұл ауыл ағаларынан трактор 
алып,  Суықсайға  отынға  шыққан.  Орманшы  да  ере  келіп, 
тау дың  теріскейіндегі  ойпаңда  қалқайып  қашаннан  тұрған 
қы зыл  қарағайға  белгі  сап  берді.  Бұл  ағашты  Алтыбақан 
жық  қы  сы  келмеді.  Бірақ  лаж  жоқ.  Жыққысы  келмегені: 
жуан,  кесуге  қиын  деп  қашқалақтағаны  емес,  бала  кезінде 
ше ше сі мұны сан рет ертіп кеп, осы қарағай жайлы əңгіме 
шер тіп беретін. Шешесінің əңгімесі мұны пəлендей қы зық-
тыр май тын дай.  Құшағында,  ыстық  құшағында  тербеліп 
күң гір-күңгір дауысқа мас болғандай, бойы балқып қалғып 
отыратын. Кейде кəдімгідей бой алдырып, маужырап, та на-
уын пысылдатып ұйықтап қалатын. Шешесі сонда да əсер лі 
əң гі ме сі нің  желісін  үзбей  күбірлей  беретін,  күбірлей  бе ре-
тін. Кейде Алтыбақанның бетіне əлдеқандай ыстық тамшы 
тамып,  селк  етіп  оянып  кетер  еді. «Апа,  жауын  жауып  тұр 
ма?». «Жоқ, құлыным». Сонда ол шешесінің ағыл-тегіл жы-
лап отырғанын көрер еді. Алтыбақан шешесінен осы саз дау-
ға  біткен  қарағайдың  түбіне  неге  ертіп  келетінін,  ал  ер тіп 
келген екен – не үшін өз-өзінен қапаланып, өз-өзінен жə бір-

247
ле ніп, қорғасындай ауыр мұңға бататынын сұраған емес, ше-
ше сі айтқан да емес.
Бəтима күңірене күрсініп барып, тық-тық жөтеліп кет ті. 
«Қу жаным-ай, аллам-ай!» – деген ыңқылды сөздер бұ рын-
ғы дай шыңыраудан шықпай, жақыннан оқшау, қатқыл ес тіл-
ді. Отырған жұрт сырқаттың үздікпей, ащырақ шыққан ың -
қы лы на да елеңдей, үміт арта құлақ түрісті. Басы салбырап, 
томаға-тұйық отырған Алтыбақан көзі бақырайып, бауыры-
на тығылған ұлының маңдайынан сипап, алқымынан иіс ке-
ді. Соқталанып, тал бойынан бой жетудің белді-белді бе дер-
ле рі айқындалып, көзге ұра бастаған қызы да əкесінің ірге 
жағында  жүдеп-жадап  ойға  батып  тұрған-ды.  Əжесі  ыңы-
ран ған сайын, қарлығаштың қанатындай қастары иіліп, дір 
ете түскендей болады. Əлгінде, əжесі қатты қысылып, əке сі 
жы ла ған да,  бұл  да  ернін  тістелеп,  көзіне  жас  алып  еді.  Өз 
ше ше сі  қабағын  түйіп: «Қой,  Ба қыт»  деген  соң,  іштей  бу-
лық қан-ды.
Бəтима ымдап шамды өшір дегендей ишара жасады. Ке-
лі ні: «О, несі қараңғы үйде отырамыз ба?» дегендей дел-сал 
қа лып  аңғартқан.  Алтыбақан  ұмтылып  барып,  сөндіргішті 
тө мен баса салды. Əзіргі сəтте көзді жеп шақырайып тұрған 
электр шамы желп етіп сөніп, үйді көрдей қараңғылық би-
леп,  қорқыныш  қоңсылады.  Алтыбақан  терезелердің  пер-
де сін  ашып-ашып  қалғанда  ғана,  жұқалаң  майда  сəулелер 
бұ рыш-бұрышты  тіміскілеп  кезіп  кет кен.  Үй  қара  барқын. 
Терезеден он бес жаңасы бо лып, толықсыған айдың сəу ле-
сі тө гі ліп тұрды. Адамдардың көңірсіген көңілі меңдеп бара 
жатқан  ауыр  қайғыдан  арылғандай  дүр  сілкініп,  нұрлы  да 
сиқырлы дүниенің құшағына енгендей əсерде болды. Бірде-
бірі  сезбепті  ғой,  байқамапты  ғой  осыған  дейін:  терезеден 

248
жас қа нып, жатсынбай сығалаған ай келбеті неткен ғажап еді. 
Іл кі де  ғана  ғарасат  майданын  кешіп,  өлім  мен  өмірдің  тең 
ортасында құлын да құлыны шығып жанталасқан ауру жан 
да мынау қоңырқай үйдің əйнегінен құйылған қаятты нұр-
дан  шипаланғандай  жанын  жая  ұмтылды  сəулеге.  Бір  үйді 
жан  өмірдің  дəмін  қайта  таусап,  кермек  тати  бастаған  ау-
зын аша өзгеше ынтығыспен қарбыды ауаны, өзгеше тыныс 
алды. Жым-жырт. Қандай жақсы. Тіпті бəрі де қал жы ра ған 
сұр қай халді талақ тастап, жалқы сəт тылсым алған тə різ ді. 
Ты ныш тық рақатының алтын бесігінде құндақталып қал ған 
се кіл ді. Бəрі де осы күйді – айлы түнді бұрын-соңды көр ме-
ген дей,  бірақ  ертеден-ақ  аңсап-сағынғандай,  көз  талдырып 
күт кен дей ме?.. Бұл не деген дел-сал балбыраған мамыр стан 
түн  еді.  Қараңызшы,  қараңызшы,  қоңыр  салқын...  қо ңыр 
сал қын үйде, қоңырқай күйде тобық жұтқандай томпа йып, 
жым-жырт,  тым-тырыс  отырған  жұрттың  кіреукесіз  дида-
рына: сонда сіз мынау жалпақ жаһаннан баз кешкен жұ мыр 
басты  пенденің  қай-қайсысы  да  күндердің  күні – осындай 
бір қысылтаяң сəтте – өз-өздерінен есеп алып, өз-өз де рі нен 
сал қын да сазды мұңның ақ мамығына оранып, қалжа жеген-
дей маужырап отыратынын мұғдарлар ма едің. Мақшар сəті 
ме бұл? Сол іспетті бұлаңытқан бұлың-бұлың бұла дүние...
– Е-е, жасаған! Тіршіліктен – тірі тышқаннан айналдым. – 
Бұл – келмеске кетем бе деп жатқан кемпірдің сөзі. Неге еке-
ні беймағлұм, осы сөзді үн-түнсіз отырғандардың бəрі іш тен 
мінəжаттай қайталағысы келді. Мүбəдə ақирет үшін де бір 
игілікті іс істеп кетуімен озық қой бұл халық.
Алтыбақан  құдды  осындай  айлы  түнді  тағы  бірде,  бая-
ғы да  шығар,  көрген,  сезінген  секілді.  Шешесі  мұны  қа лай 
тапты – білмейді,  қалай  өсіргенін  біледі  тек.  Ел  не  көр ме-

249
ді – бəрін. Бірақ бұлар сол елден бір мысқал артық тарт қан 
сияқ ты тауқымет қамытын. Ал тəлкек қылған тағдыр емес, 
осы  елдің  өзі  ғой.  Биікке  де  шығарды,  күйікке  де  қал дыр-
ды. Ит сің дер деді, адамсыңдар деді. Егер алапестей аластап 
беттеріне түкірсе, бір айналып кеп, сол беттен сүйетін – осы 
елің ғой, ел ғой... Ал енді кінəлап көр. Сен сондайсың деп 
көр, айта алмайсың.
Иə, онда айлы түн еді ғой. Шешесі мұны əлгі дəу қа ра-
ғай дың  түбіне  ертіп  барған.  Қолын  қарағайға  тіреп  тұ рып, 
Алтыбақанды  білегіне  шығарған.  Сонда  бұл  анасының  бі-
ле гін  басып  тұрып,  қарағайдың  шайырын  армансыз  алып 
еді.  Сонда  мұны  жалғыз  қолына  қондырып,  былқ  еткізбей 
ұс  тап тұрған анасының қажыр-қайраты таң қалдырған. Сон-
да  анасы  өзі  жоқ,  түбірі  қалған  бес  қарағайдың  томарын 
нұс қап: «Сен білмейсің ғой. Осы жерде бұрын қатар өскен 
алты қарағай болушы еді. Бесеуін кейін келе отынға жығып 
əке тіп, мынау жалғыз қалды. Кім білсін, мұны қашан сұ ла-
тып салатынын. Біздің ауыл ол кезде осы Суықсайда отыра-
тын. Əйтеуір, үркердей үйірілген шағын ауылдың өз қы зы ғы 
өзінде, көңілді еді ғой. Осындай айлы кештерде улап-шулап, 
кəрі-құртаңдарға  маза  бермей,  алты  қарағайға  ал ты ба қан 
құ ра тын быз. Сен сол бір қызығы мол, қызулы шақта ту дың 
да,  атыңды  ерсі  болса  да,  Алтыбақан  қойып  едік.  Ал ты ба-
қан сонда: «Əкем де бар ма еді?» – деп сұрағысы келген. Бі-
рақ сұраған жоқ. Сосын не болып еді. Е-е...е... анасы екеуі 
енді қайтуға ыңғайлана бергенде, алдарынан көршілес тұ ра-
тын  бүкір  қатынның  күйеуі  шыққан  екен  ғой.  Алпамсадай 
де не сін екі аяғы əрең көтеріп жүретін дəу қара əдейі із деп 
келгендей-ақ, бұларға оқыс ұмтыла беріп еді. Бəтима Ал ты-
ба қан ды бауырына жасырып, сескене ығысқанда, дəу қара:

250
–  Аялдашы,  Бəтимаш,  қасқыр  емеспін  ғой  жеп  қоя тын. 
Мен ертең аттанайын деп жатырмын, – де ген абдырап. Со-
дан ке йін не болып еді... Е-е...е, дəу қара мен шешесі күбір-
кү бір ұзақ сөйлескен. Айтқандайын, дəу қара Бəтиманы қап-
сы ра құшақтап сүймеп пе еді. Шешесі де кет арысыз ын ты ға 
ұмтылып, қауышқан. Алтыбақан бір сəт ұмы тыл ған дай боп, 
анасының  бүкір  қатынның  күйеуімен  бұлайша  жо ғын  тап-
қан дай  аймаласуының  байыбына  бара  алмай,  аң та ры лып 
тұр ған. Дəу қара ожар еді-ау. Бəтиманы тастай беріп, мұны 
да  шө піл де те  сүйген-ді.  Бет-аузын  тырмалап,  тырбың-тыр-
бың қарсылық көрсеткен боп еді, елең етер түрі жоқ. «Ал-
ташым,  Алтыбақаным»  дей  береді.  Масқара  ғой,  оның  қай 
екі туып бір қалғаны. Мұрты қандай қатты еді, бет-аузымды 
жыбырлатып жіберді. Онда бұлаңытқан ертек іспетті: қы зық 
түн еді ғой. Жер-көк ақ бозданып талаурап мызғып жататын. 
Бү кір  қатынның  күйеуі  бұлардан  жыртылып  айырылып, 
айлы түнде ағараң қағып, мəрғау асып бара жатқандай, ұзай 
берген. Мұңлы мұнарға бөккен таудың қойнауына сіңіп бара 
жат қан  дəу  қара  ертегінің  алып  батырына  ұқсап  кетіп  еді. 
Со ғыс деген пəлекетті Алтыбақан түсінде көрген. Дүние-ау, 
үйді өрт жалап, жайпап жатқан сықылды еді ғой. Дүние-ау, 
үй  ұлар-шу,  қым-қуыт,  азан-қазан:  əйтеуір,  бір  қырдың  ба, 
қа лың  жиделі  тоғайдың  ба,  бəлкім,  құрақты  шалқар  айна 
көл дің бе, ар жағынан жылап-сықтаған дауыс шығып, үздік-
үз дік  талып  жететін.  Күн  батып  бара  жатқан.  Күн  өзгеше 
хал де, тосындау райда еді ғой. Күн Алтыбақанға бірде отқа 
қыз дыр ған жез табаққа ұқсаса, бірде сол сор маңдай Күнді 
əл де кім бауыздап жібергендей қызыл-жоса қан еді ғой. Тіпті 
Күн  ғана  ма, – толайым  табиғат  таңғажайып  құбылыста. – 
Дір-дір  еткен  қанға  ұйып  мең-зең  есеңгіреп  жатпады  ма? 

251
Əлгі  қан  нұрлы  күннің  шапағы  Терісаққанның  жалбызды 
жұл ма ла ған жал-жал толқындарын бас салып аймалағанда, 
о да қан қызыл түске боянып, Алтыбақанның көзіне: таудың 
құ зар басынан əлдеқандай бейбақ мал бауыздап жатқандай 
сар қы ра ған қанды бұлақты елестеткен-ді. Содан соң қызыл-
жоса күннің бетінен не көріп еді? Е-е... ұбап-шұбаған ұзын 
сонар түйелі көш, шылауышы қанға боялған кемпірлер, са-
қал да ры нан  сорасы  аққан  шалдар,  қан  қызыл  боп  өртеніп, 
кү йіп, бажылдап-барқырап бара жатқан өзіндей балалар күн-
нің бетінде кино кадрындай көлеңдеп тұрып алмап па еді... 
Сонда əлемнің əйнегі быт-шыт шыққандай аза бо йың ды қаза 
ететін  жаңғырық  естіліп,  сосын  құлаққа  ұрған  танадай  өлі 
тыныштыққа  бой  ұсынған.  Иə,  сөйткен – өлім  ты ныш ты-
ғын дай мылқау тыныштық басқан. Алтыбақан бар даусымен 
айқайласа  да,  үні  шықпай,  жағалауда  қалған  балықтай,  бе-
керден-бекер аузын ашқан. Дүние енді қызыл жалқынға бөк-
пей,  шұғылалы,  мəңгі  жасыл  нұрға  шомып,  балбырап,  кең 
тыныстап,  кербез  керіліп  жатқан.  Бірақ  Алтыбақанның  үні 
сонда шықпай қойып еді. 
Иə,  бірде  ұмытпаса,  күз  болар...  Ауылдың  талқанға  то-
йып  алған  тамам  баласы  ұлар-шу  Алтыбақанды  қоршап 
алып: «Шата, шата», – деп хормен мазақтаған екен-ау. Көпке 
то пы рақ шашамысың, екі құлағын тас қып басып, сиыр са-
уып жүрген шешесіне тіке тартып еді. Бəтима «Шата» деген 
сөз ді естігенде, бір қуарды, бір сазарды, сөйтіп: «Тыңдама, 
оттай берсін. Кері кеткен ауылдың жалмауыз ұлдары не де-
мей ді!» – деген. Көбісінің əкесі соғыстан қайтпай қалды ғой. 
Мүм кін, шешесі «жалмауыз» деп сондықтан айтқан шығар, 
ашын ған да не демеуші еді əйел заты.
Үнсіздікті тағы да Бəтима бұзды:

252
– Ұлым не ойлап отырсың? – деген.
– Жай ғой, қалай, аздап бəсең тартайын деді ме?
– Ей, балам-ай, біздің жан сірі ғой. Жазмыштан озу қай-
да, жақсылық та, жамандық та өз мезгілінде: əлемге жарық 
берген күн мен ай да өз мезгілі жеткенде тұтылады екен.
– Бəтимаш-ай, бірге жасасқан, ыстық-суықты бірге тарт-
қан  оң  иығым,  бар  қуатым,  сүрінгенде  сүйеген  сүйсінерім, 
ке рім  демеймін,  ерім  едің.  Шошыттың  ғой,  жаным.  Есіңді 
жишы сөйтіп.
Бүкір кемпір жаңа ғана шындап босап, көзіне жас алды.
– «Арты  қайырлы  болуына  сенген  жан,  жауын  иығына 
салып  арқалап  жүрсе  де  ауырсынбайды»  дейді  ғой  бұ рын-
ғы лар. Қай-қай қысылтаяң шақ та мəңгілік емес, өткіншілік 
қана. Сырқаттың батпандап кіріп, мысқылдап шыға бас та ға-
ны осы, өз-өзіңе берік бол, – деп теріс қарап шы лан ған кө зін 
сүртті бүкір кемпір.
Алакөбең тартып, манаураған тыныштыққа пəруана бол-
ған үй-ішінің ішкі тірлігінде қозғалыс пайда бола бастады. 
Құр сүлдері жатқан қара үйдің қара бəйбішесі ғұмыр жасы 
əлі  де  таусылмайды  білем,  қызыл  іңірдегідей  емес,  ептеп 
сер гі ген. Аузына қара су тамыздырмай, өз-өзінен апшысын 
тарылтып,  шайпау  жатыр  еді,  сусын  сұратты.  Келіні  əкеп 
бер ген сүтті сыңғыта жұтып ішті. Көздері жаудырап, жүдеп-
жадап  үрпиісіп  отырған  екі  немересін  жанына  шақырып, 
маң да йы нан иіскеді.
– «Немере  етін  жеп,  сүйегін  көзіңе  лақтырады»  де ген-
дер дің өзегін өрт жаласын, бəтір. Қос қозысынан айналдым. 
Қыр мы зы, алдыңғы үйге апарып, балалардың тамағын бер-
сең ші. Мен енді өлмеймін. Аздап көз шырымын алғандай бо-
лам ба, оңаша қалдырыңдар. Е-е... е, Жаратқан жаппар Ием.

253
Алтыбақанның таңғалғаны – бұрын діндарлығы жоқ ше-
ше сі нің ауырғаннан бері Алланы аузына жиі алып, шау тарт-
қан шағында құдайға жағынуы-тын. Нені болсын күн ілгері 
ба ғам дап,  елден  бұрын  ептеп  отыратын  тым  сақ  адамның 
осы – ажал шаужайға жармасқан шақта да шатасып, дег бі-
рі нің шашауын шығармауы ұлына да зор өмірлік медет, са-
бақ болғандай еді. Сайып келгенде, бұл əз аналардың бойы-
на ғана бітетін киелі қасиет шығар. Бəтима жалғыз қалса да 
ұйық тай алмады. Кірпігі кірпігіне айқаспай, əлдекім көзіне 
ине тіреп қойғандай, бақырайып ұзақ жатты. Шошынып қал-
ған-ау, бүкір кемпір мен Алтыбақан алма-кезек келіп, дема-
лып жатыр ма дегендей тың-тыңдап, болжап қайтады. Үй əлі 
де алакөбең тартып тұрған. Ай терезе тұсынан біртіндеп ау-
най бастады. Бұлың-бұлың буалдыр ой мұны да иектеп жүр. 
Ойламайын деп еді – болмады.
...Саршатамыздың ұзақ сары таңы емес пе еді. Ел Суық-
сай дың қойнауында отырған. Онда ағаш үй жоқ, кілең жұ-
мырт қа дай ақ шаңқан отаулар-тын. Үркердей үйірілген ша-
ғын ауыл қандай көңілді, думаны арылмайтын дуалы ел еді. 
Бə рі міз де балалық шақтан шықтық дегендей. Бəтима да қыз 
бо лып көрген. Қыз болғанда қандай десеңші?! Сорпа бе ті не 
шығары. Осы бүкір кемпір екеуі жұбы жазылмайтын тел қо-
зы лар еді. Ол күйеуге бір жарым жыл бұрын шыққан. Кім ге 
еді?  Дəу  қара  ғой,  Жақыпқа  ғой.  Жігіттің  серкесі  едің-ау... 
маңдайымызға сыймадың, Жақып! Сені қара жер суық қой-
ны на əлдеқашан алған. Бізді – Қырмызы екеумізді тоса-тоса 
та ға тың таусылған шығар. Өзі берген жанды құдай өзі алар 
деп, бір күндік су ішкілікке тəнті болып, қыбырлап жүрміз. 
Шүберекке  түйген  шыбындай  жанды  мезгіл-мекенсіз 
шы ғын ету қиын екен. Сен бізді – қос бейбақты асықтырма, 

254
жаным... Ей, аллау, онда да осындай мамыражай, манаураған 
айлы  түн  еді-ау.  Ай  астында  алтыбақан  құрып,  еркек-ұр ға-
шы мыз мидай араласып, дүниені басымызға көтеріп жатпау-
шы ма едік. Дариға-ай, десеңші, алтыбақан десе, ішкен асы-
мызды  жерге  қойып,  қара  құрттай  қаптайтынбыз.  Жақып, 
есің де  ме?  Қоңыртөбенің  үстіне  шығып, «Алтыбақан»  деп 
ай  ғай салғаныңда бүткіл тау-тас əулеті жаңғырығып:
«Алты...ба...а...қа...а...н...аннн» деп бірінен соң бірі үз  дік-
создық  қайталай  беретін,  қайталай  беретін  сенің  да уы сың-
ды. Сонда Суықсайдың ар жақ, бер жағында отырған ауыл-
ай мақ тың  тайлы-таяғы  қалмай  андыздайтын  тұс-тұс  тан. 
Кермеде тігерге тұяқ қалдырмай алтыбақанға мініп кететін. 
Ор та ға маздатып от жағып тастап, «Елім-айға», «Шилі өзен-
ге» салатынбыз аңыратып. Ол да бір уайым-мұңсыз, қай ғы-
сыз қара суға семірген күндер екен-ау.
Бір  жолы  Қырмызы  екеуміз  алтыбақанға  қарама-қарсы 
мін дік. Бізді Жақып тербелтіп тұрған. Ойпыр-ай, қандай қа-
ру лы еді. Қос қолдап аспанға асықтай лақтырғанда, төбеміз 
көк ті  тесіп  кете  жаздайтын.  Жарықтық,  ай  қандай  жарық, 
жұл дыз дар  қандай  көп...  Олар  басқа  ай,  басқа  жұлдыздар 
еді  ғой.  Таудың  салқын  самалы  өңірімізді  жұлқып,  та қия-
мыз ды  тартатын,  етегімізді  тербейтін.  Таудың  үңі ре йіп-са-
ңы рай ған  қолтық-қолтығынан  саумалдай  хош  иіс  шығып, 
қол қа ны алатын. Жақып бізді тербей беретін. Біз тербеле бе-
ре тін біз...  Қоңсылас  ауылдың  қотиын  жігіттері  қой  дейтін, 
кезек  бер  дейтін.  Жақып  əлімжеттікке  басып,  босатпайтын 
ал ты ба қан ды. Қотиын жігіттердің зəрі бетіне шапшып, тас-
талқан ашуланатын. Құдай-ау, сұмдық бо лып еді-ау, бəрі де 
сол  түннен  басталып  еді-ау...  Қырмызы,  білемісің,  күнім, 
есің де ме? Аттың тұяғының дүбірі... əлдекім ағызып келіп, 

255
ат  үстінен  алтыбақанды  қиып  кетті  ғой.  Екеуміз  екі  жақ қа 
ұш тық.  Сонда...  сонда...  біздерді  тербетіп  тұрған  Жақып – 
жанындай жары сені ұстамай, қыз-ау, қызығы бар-ау деді ме, 
мені қағып алды ғой. Сон да... сонда сенің белің шығып кетті. 
Сен майып болып қалдың...
Сол түннен бастап менің сенің қосағыңа – Жақыбыңа де-
ген көзқарасым мүлдем өзгерген. Ол менің бойыма жа рыл-
қау шы  жасырын  сəуле  боп  ұрланып  кіріп,  өзіне  деген  ма-
хаб бат тың алтын алауын жаққан. Оның бəр-бəрін жіптелеп 
қай те йін, менің ең ауыр кінəратым – Жақыппен екі-үш рет 
қо сы луым шығар. Тəуекел деп тас жұтқан сол да. Бұла боп 
өс кен бұлаң қызға бұғалықты сенің күйеуің тастаған. Сенде 
бала жоқ еді ғой...
Сен  асыл  жансың,  Қырмызы.  Сенің  асылдығың  ақ  жү-
ре гің де. «Ақпейілдің  аты  арып,  тоны  тозбайды»  дейді  ғой 
жұрт. Сені өз тағдырыммен шырмаған Жақып қана емес, Ал-
ты ба қан да. Ендеше ол – сенің де төл ұлың.
Ел бетіне қарарға шыдайтын жүз жоқ, қарабет боп кі рер ге 
тесік таба алмай «жарыл, қара жер, жарыл» деп Суық сай да-
ғы алтыбақан құрған қарағайдың түбінде қызыл жосам шы-
ғып, ойбайлап, босана алмай жатқан жеріме сен іздеп ке ліп, 
қол  ұшын  бергенсің.  Құдайшылығымды  айтайын,  əгə рə кім 
сен келмесең, мен бұл дүниелік емес едім. Көй ле гің нің ете-
гін  дар  айырып,  күнəсіз  жас  нəрестені  орадың,  жау лы ғың-
ды шешіп алып, белімді байладың. Дəтің не деген бе рік еді, 
Қырмызы, жүрегің не деген кең еді, Қырмызы; не деген бек-
зат  туған  асыл  жан  едің,  Қырмызы.  Суықсайды  азан-қазан 
етіп  шырылдаған  сəбиді  бауырыңа  жасырып,  қара  түн де 
қара  шашын  қобырата  жайып,  қалт-құлт  етіп  бара  жат қан 
қыз  та  лақ  тың қолтығынан демеп, ауылға тартқансың. Сонда 

256
қара  басып,  қаңғырып  қалған  қатынға  қайыр  жасаған  жер 
емес, ел емес, ағайын-туған – зəузəт емес – сен, өсек ші  лер-
ше  айтсақ,  күндесім  едің.  Сенің  кешірімділігіңде  шек  жоқ 
еді.
Ел мені «қыз-қатын» деді. Жақып қызғалдағым деді. Ел 
мені бақытсыз жаралған бір бейбақ деді. Сен мұңдасым де-
дің. Ауыл шетіндегі қайғының қара түтінін шығарған қа ра-
ша  үйге  сенен  өзге  жан  кірмейтін.  Сен  келетінсің  үш  уақ. 
Сор маң дай  болғанда  Жақып  соғысқа  аттанып,  даңғарадай 
бір үйде жалғыз қалдың ғой. Екі жарты бір бүтін боп, алыс-
қа ат тан ған азаматтың түтінін сөндірмейік деп бірге тұрдық, 
бір отау құрдық. Алтыбақанға менен гөрі сенің ала қа ның ның 
шапағаты көп тиді. Иə, ол Жақыптан қалған тұяқ еді ғой. Біз 
өлгеміз жоқ... біз байға да тимедік. Тағдыр тауқыметін қыл-
ша мойнымыз талша болып тарттық. Менің бар бұл дай ты-
ным: ер-азаматтың жұмысын еңсеріп, еңбеккүн тауып, Ал-
ты ба қан екеуіңді асырағаным шығар.
Қырмызы, біз екеуміз өлімнен, өмірдің тас-қиясынан қай-
мы ғып, қорқып көрдік пе, айнам. Қайта бізден қорқатын се-
кіл ді еді. Сапасыз өмірден салдарлы өлім артық деп, қи қа-
йып қалсақ, буына салуға бұзаудың мойын жібінен көп неме 
жоқ қой. Үлде мен бүлдеге оранып, барымен базар құ рып, 
баз кешкендерді де көріп жүрміз. Ойлап жатсам, со лар дың 
өлі мі  біздерге  қарағанда  əлдеқайда  аянышты,  əрі  қор қы-
ныш ты көрінеді.
Заман озды, жан тозды, қайғы ойладық – қартайдық... Ай 
терезеден əлдеқашан аунап кеткен екен... 
Алдыңғы  үйден  аяқ-табақтың  сылдыры,  шат  күлкі  ес ті-
леді... 

257

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет