Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

«200 ГРАММ ЭНЕРГИЯ»
Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді. Өз-өзі нен 
«құдайым-ай»  деп  күбірлеп,  əлдекімге  айбат  қыла  сөй лей-
ді.  Табиғаты  байсалды,  бес  биенің  сабасындай  болып  мол 
пішілген, мінезді ананың ашуланғаны – үлкен тайқа зан ның 
маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ-сарқ емес екен. Əйтсе де осы 
шымыр-шымыр  ашудың  өзі  ана  болмысынан  тым  жарасы-
мын тапқан жоқ-ты. 
– Не болды, тəте? – дедім. 
– Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазыңды жаза бер. 
Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отыр-
ды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады: 
– Əй, Ораш, бері келші, құлыным. 
– Жай ма? 
– Сенімен ақылдасар шаруа бар. 
Сандығын ақтарып отырып, ақ матаға түйілген бір нəр се-
нің орауын шеше бастады. 
– Əкең екеуміз таңертең ұрсысып қалдық, – деді. 
– Неге? 
– Неге дерің бар ма? Жирен биенің айы-күні жетіп тұр 
емес пе? Жүгенін сыпырып алып, басқа бір салып қоя бе-
ре йік десек, қысыр биелер құлынын тартып алам деп жү-
ріп,  жа ра қат та нып  қала  ма  деп  қорқасың.  Аштан-аш  қо-
ра ға байлап қаңтарып қоюдың да реті келмейді. Жем-шөп 
тақа  тау сыл ған.  Совхоз  маңайлатпайды...  Қой шы лар дан 
жең ұшы нан жал ға сып, бірер астау жем алушы едік, қа зір 

112
олар да кер гіп ал ған, қойшы-қолаң құтырған қиын болады 
екен. 
Мен, шынымды айтсам, жалығыңқырап кеттім де: 
– Тəте, не айтайын деп едің? – деп едім, шешіліп айт қан 
əңгімесін бөлгенімді жақтырмай қалды. 
– Айтып отыр емеспін бе. Əкеңмен таңертең ұры сып қал-
дық.  Буаз  биеге  берер  жем  жоқ.  Зейнептің  үйіндегі  қой шы 
келіні, қайдан естігенін қайдам, құдай біледі, сыпылдақ ене-
сі айтты, қыз кезінде ұртына ұрлап салған бидай тоқ та мау-
шы  еді,  енді  тісі  түсіп  кемиек  болғанда,  сөз  тоқтар  дей сің 
бе... былтыр, əкең тоқтыға бір ту қой айырбастап əке ліп еді, 
сол сəтінде жеткізіпті дүзқара... 
Мен тағы да қипалақтай бастадым. Шалы жұмысқа, қызы 
сабағына кетіп, қаңғыр-күңгір сөйлесер адам жоқ, не шо шаң 
етер,  айналып-толғанар  кішкене  бала  жоқ,  шешем  ер тең-
ді  қара  кеш  екі  көзі  төрт  болып,  əлдекімді  тосар  еді,  алда-
жалда келе қалған кісімен аздап болса да əңгімелесіп қалу 
үшін, оның алдына барын тосар еді. Қаладан менің ке луім 
бұл кісі үшін ұлы мереке, мəз-мейрам боп, жасап қа ла тын. 
Мен кеткен кездегі жым-жырттық шошыта ма, қайтар кү нім 
жақындаған сайын, шешемнен де маза кетер еді. Енді, міне... 
– Зейнептің қойшы келіні айтыпты əкеңе: кемпіріңнің ес-
кі ден қалған тайтұяқ күмісі бар екен. Соның бүтінін болмаса 
да жартысын берсін, білезік соқтырып аламын. Егер кү міс ті 
əке ліп берсең – үш қап жемді мотоциклге салып, өзім апа-
рып тастаймын. Ол бетпақтың бұтын кергілеп, мотоциклмен 
дырылдап жүретіні рас. 
– Сонымен берейін деп отырсың ба? 
–  Бермегенде  қайтем,  əкең  əкіреңдеп,  құлақ  етімді  жеп 
қойды. Төркінімнен келген, ендігі қалған жалғыз дүнием еді 
десем, «ол не керек» деп... 

113
–  Расында  да,  неге  керек? – дедім  мен  тайтұяқ  кү міс ті 
алақаныма салып салмақтап отырып. 
– Балам, – деді. – Қазақтың «Өлгенде кеудеңді қара тас 
бассын» деген қарғысы неге айтылғанын білесің бе? 
– Жоқ. 
– Ендеше, тыңда, адам бұл дүниемен иманын айта қош-
тас қан соң, жүрегінің басына – кеудесіне бісміллə деп бір ке-
сек тас қояды, əйтпесе кеудесі толып, кеуіп кетеді. Мен əке ңе 
аманат қылып едім, егер құдай мені сенің алдыңда ала қал са, 
кеудеме тас қойма, осы тайтұяқ күмісті қой деп. 
Шешем  тайтұяқ  күміс  оралған  ақ  матамен  көзін  сүртіп 
жылады. Менің де кеңсірігім ашыды. 
– Жемді ақшаға бермей ме екен? – дедім. 
– Ой, олар ақшамен от тамызып отыр, қойшы құ тыр ған 
заман емес пе. 
– Жирен бие аштан өлмек түгіл, сеспей қатса да, тай тұяқ 
күмісіңді берме, – дедім мен. 
– Ендеше, осы сөзді əкеңе айт. Сенің тіліңді алады, – деді 
шешем. 
Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы 
жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы ас пан-
да ғы  жұлдыздан  бетер  самаладай  жарқыраған  уақытта, 
қа раң ғы  үйде  қамалып,  кешкі  ас-суын  іше  алмай  отыр ған 
өз ге ше қызық екен. Қаладан барған адам елу жылға ше гі-
ніп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шың  ғыс -
тай  дың да дəл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің 
ар қан дай  шуатылған  сымы,  бұдан  аттай  алты  жыл  бұ рын 
тар тыл ған, əлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. 
Ап пақ  күмістей  бағаналары  қолтық  көтере,  қол  соза  зəу-
лім ден ген  электр  сымдарына  ауыл  адамдары  тек  қызыға 

114
қа ра ға ны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дəме 
қылып  отыр ған  жоқ.  Дегенмен,  көңіл  шіркін  көк  дө нен 
емес  пе,  тө бе ле рін де  төніп  тұрған  темір  бағандардан  кү-
де рін үзбейді. Ал ауылда дизель моторымен жанатын сық-
си ма  жарық  бар.  Оның  өзі  де  бір  күн  бар,  бір  күн  жоқ, 
көк сау  шалдар  секілді  күр кіл деп-күркілдеп,  жым-жырт, 
тас  бүркеніп  жатып  қалатын.  Міне,  кергіп  барып-барып... 
тағы да тырқылдай жөтелді. Біз дің үйдегі шамның кішкене 
сымы  болар-болмас  қызарған  еді,  шешем  керосин  шамды 
жақ ты да, өз бауырын – электрик Қисаның бас терісін ау-
зына қаптап, ұрыса жөнелді. 
– Əне тағы да соқыртеке ойнайтын болдық. Құ да йым-ай, 
осы  қу  жалғыздан  көргенім-ай.  Тартпағыр  кімге  тарт қан, 
жарықтық  ағайым  қандай  кісі  еді,  кісінің  сұлтаны  емес  пе 
еді... 
–  Қисаның  өзі  жоқ,  оны  кімге  айтып  отырсың? – дедім 
мен. – Оның жазығы не? 
– Жазығы не?.. Білмейтінің бар – тыныш отыр. Жа зы ғы 
сол – бізге тиесілі энергияны тағы да 200 грамм арақ қа са-
тып жіберді. Жиенісің ғой Алматыдан келіп жатқан, бар, бір 
шөлмек экстра беріп, аударып əкел жарықты. 
– Тəте, мен түк түсінбей отырмын. 
–  Түсінбейтін  несі  бар.  Қай  үй  арақ  береді,  сол  үй-
дің  энергиясын  көбейтіп  береді  нағашың. «Апам,  жалғыз 
апам», – деп күні кеше ғана келіп кетіп еді... Дүкенге жү гір-
тіп жі бе ре тін қайсыбір қолды-аяқты бала бар бұл үйде... Құр 
ауыз шық қан... «Орашың жылында бір-ақ рет келеді, сонда 
да қуан бай сың», – деп бопсалап кетіп еді... Енді, міне, 200 
грамм берген Қабанның үйіне бұрған да жіберген. Сен бе сең 
қа ра шы... 

Терезеден тысқа үңіліп едім, шынында да, көршінің үйін-
де гі лампалар жарқырап тұр екен. Осы кезде əкем кірді, сөй-
леп кірді. 
–  Бəйбіше-ау,  бəйбіше,  жалғыз  бауырыңды  тағы  да  құр 
ауыз жібергенсің-ау, жүз грамың табылмады ма, тым болма-
са ұлың аттанғанша алдай тұрсаң етті, сонан соң май шам-
мен отырсақ та бізге бəрібір. 
– Ол жүз грамға екі жүз грамның электрін жағып бер мей-
ді, – деді шешем. 
Мен  далаға  шықтым.  Бұл  жақтың  кеші  салқын  болады. 
Өліараның қою қараңғысы. Ауыл əлден ұйқыға кі ріс кен дей. 
Түн  қараңғылығының  құшағында  тұншығып  жатқан  ағаш 
үйлердің  бəрі-бəрі  өлеусіреген,  қысық  көз  жарықты  тіп ті 
жаққанды  қойып,  əлдеқашан  өшіріп  тастағандай. «Екі  жүз 
грамм  энергияны»  артық  алған  көрші  Қабанның  те ре зе ле-
рі  ғана  осы  ауылдың  жалғыз  көзіндей  шақырая  жар қы рай-
ды.  Ал,  дəл  ауыл  үстінен  өткен  жоғары  вольтты  бағаналар 
телефон сымындай емес, уілдеген мұңды үн де шы ғар май, 
серейіп тұр...

116
«МƏШƏБИНƏ»
Мен  биыл  елге  ертелетіп  бардым.  Жыл  сайын  қа ла да-
ғы қапырықтан қашып, бас сауғалап үйреніп қалғандікі ме, 
қардың шеті cөгілсе болды, Алтайға қарап танауды кө те ріп 
тұ рар ғадет таптым. Əсіресе, бұл жақтың жазы – шуақ, қо-
ңыр лап соғар желі бар аса жұмсақ келуші еді. 
Ауыл деген немене, əсіресе, мен үшін, жүз жылда да өз-
гер мей тін дей, баз қалпы, – əлденеге асығыс, əлденеге ашулы, 
торсаң-торсаң  желісте  мəз  қалпы.  Алыста  жүрсең  са ғы на-
сың, ал ағайынмен аралас-құралас жүрсең, кетуге асы ғасың. 
Келгеніме  екі-үш  күн  болған.  Біздің  шал  биыл  был тыр-
ғы дан  ары  қартайыңқырап,  көбірек  сүрініп,  қойғанын  қой-
ған  жерінен  таба  алмайтын  ұмытшақ,  əрі  жаңғалақ  болып 
барады екен. Көктем ерте шықса да, үйінің маңайын тазалап 
үл гер ме ген; екі сиыр, бір тайыншаның қыстайғы тезегі қо-
ра ның іргесінде тау болып үйіліп қалған, міне, үшінші күн, 
трак тор дың  телешкасына  тиеп  əуремін.  Сырты  қарайып, 
көң де не  қопсып  жатқанымен,  ішінің  тоңы  əлі  жібімеген, 
сүй ме ле ген  сайын,  бетіңе  саржағал  мұздақ  шашырайды. 
Ары-бері өткен ауылдастарым қаланың қара таяғы қалай қи-
мыл дай ды екен дегендей, байқамаған боп қызықтап, мал қа-
ра ған боп қырындап өтеді жанымнан. Менікі намысқа шабу 
ғой, алақанымның қолдырап ойылғанына қарамастан, тыр-
тың дап екі сиыр, бір тайыншаның қыстайғы тезегіне шабу-
ыл жасаймын. Қас қылғандай, қарасан тигірлер, осыншама 
мол ластар ма? «Қарасан» деген сөзді ішімнен ғана айтамын. 

117
Өйт ке ні аузын аққа тигізіп, бірсыпыра елден беделін асырып 
отыр ған екі сиырдың амандығы – шешем үшін жалғыз ұлы-
нан  кейінгі  тілеулі  дүниесі.  Ал  екі  сиыр  керіскедей  болып 
туып тұр еді, айналайындар. 
Тіпті  пұшпақ-пұшпағымнан  тер  сорғалап,  дымым  құри 
берген  соң,  қағынып-сілкініп  үйге  кірдім.  Мəншүк  пен 
Ғалия  сабағына,  əкем  почтасына  кеткен.  Бірақ  шешем 
жалғыз  емес  екен,  көрші  Зейнеп  кемпір  екеуі  бір-біріне 
шақша ұсынып, насыбай атып, ұзақ сонар əңгімеге кеткен. 
Тіпті менің кіргенімді де, «Сəлеметсіз бе, апа» дегенімді де 
естіп, байқаған жоқ. 
– ...Уызынан  жарып  тумаған  соң,  несін  айтасың, – деді 
шешем. 
– Əншейін сөздің сыралғысы ғой. Еңбегіміз бір кісідей-
ақ сіңіп еді, енді, міне, сəлемге сараңдық жасап отыр. Ана 
жылы үлкен ұлы қатын алғанда, ту қойымыз бен жүз сом ақ-
ша мыз ды сақалды басымызбен... 
–  Бөлек  шыққандарына,  сырмалап  тіккен  сырмағыңды 
қол ты ғы ңа  қысып,  тағы  барғаныңды  білем.  Қайран  көз 
майың. 
– Е-е, соны айтсаңшы. Былтыр арғы беттен... 
– Құдалары келгенде бір малыңды сойып, бас-басына жа-
ға лы киім-киіт кигіздің.
– Е-е, соны айтамын да. Осыдан үш ай бұрын соғым ба-
сына шақырдым... – Шешем тағы іліп əкетті. Шешемнің өзі-
нен  де  көп  біліп,  алдын  орай  бергені  Зейнептің  қытығына 
тиді ме: 
– Сөзге қонақ бер, Күлиə, – деп қабағын тыржитты. 
– Шақырғаның бар болсын, ішіп-ішіп жаман ша лың ның 
са қа лы на жармасыпты ғой. 

118
– Е-е, сонысы ұят болды, сорың құрғырлардың. Одан ал-
дың ғы күні келіп, «ата, апа» деп... 
– Алдап-сулап бір жарты арағыңды ішіп кетіпті ғой. 
Бұдан соң екеуі арбалғандай сол үнсіз қалды. Шешем ас-
та рын да ғы сырмақтың оюын сұқ саусағымен қуалай ермек 
қылып,  ал  Зейнеп  көзінің  астымен  «құрбысының»  əр  қи-
мы лын бағып отырды. Орталарында жайрап екеуінің де на-
сыбай сауыттары жатыр еді, ендігі сəтте уəделесіп қой ған-
дай, бір-бірінің шақшасына бірдей қол созды. Сол бір-бі рін 
аңдыған қалпы, алақандарын толтыра күрең насыбайды ая-
май салды-ау, қай-қайсысы да есе жіберген жоқ. 
– Ей, Күлиə... Ей, Зейнеп... «Сөзді мен бұрын бас тай мын» 
деп келісіп алған емес, дауыстары қатар шыққанға, екеуі де 
сасқалақтап қалды да: 
– Ей, тұра тұршы... Ей, тұра тұршы... – десіп, тағы да бір-
бірін қайталап алды. 
Оларды осы тығырықтан мен шығарғандай болдым. Екеуі 
бірдей аузын енді аша берген кезде: 
– Тəте, үйдің маңайын тазалап қойдым, – деп едім. 
–  Құлыным  менің,  үсті-басыңды  былғап  нең  бар  еді. 
Жаман əкең өзі-ақ тазалап тастар еді ғой, – деп, жік-жапар 
болды. 
–  Біздің  ұлға  айта  салсаңдар  етті.  Дүр  еткізіп  əп-сəтте 
жылан  жалағандай  қылсын.  Бірақ  ол  арғы  бетке – пəсепке 
кеткен, – деді Зейнеп. 
Есік ашылды сықырлай. Бəріміз жалт қарастық. Келген – 
Зейнеп кемпірдің мектеп жасына толмаған кішкентай неме-
ре қызы екен. 
– Үйбай-ау, саған не жоқ. Əкең келді ме, қойдан, – деп еді, 
анау: «Жоқ», – деді. 

119
– Е-е, айналайын-ай, ағасы Алматыдан əкелген кəм пит ті 
көксей келген екен-ау, – деп өз немересін өзі айналып-тол ға-
нып, сау-тамтығын қалдырмай сүйіп тастады. 
–  Бергем.  Жеген.  Ораш  Алматыдан  келсе,  əйтеуір,  осы 
ма ңай дың  тамам  балалары  сілекейлері  шұбырып,  қарқ  бо-
лып қалады. 
Мен шыдай алмадым. Таңертеңгі шайдан қалған кəм пит-
ті уыстап əпере беріп едім: 
– Ораш-ау, жартысын-ақ бер, əрі-беріден соң бəрібір қай-
та айналып соғады. Келген сайын кептесең, сенің зар пла тың 
жете ме, – деді шешем. Кəмпитті жан қалтасына сы қай тол-
тырып алған бала далаға тұра безді. 
–  Күлиə-ау,  сен  не  білдің? – деді  Зейнеп  кемпір. – Бұл 
ауыл да үлкен жаңалық бар.
– Қойшы əрі. 
– Рас айтамын. 
– Е, қандай, шақшаңды бері таста. Насыбайың тəуір екен, 
Өскеменнің темекісі ме?.. 
–  Жоқ,  құдай.  Ол  жақтан  əкеп  берер  кімім  бар,  əдейі 
күй ді ре йін деп айтасың-ау, Күлиə. Сенің балаларың се кіл-
ді оқып-же тіп кеткен жоқ. Бірі қара темірмен алысып, бірі 
жаман  торысын  «шу-шулеп»  қой  соңында  жүр.  Өзі міз дің 
Қа тон ның  сасық  темекісі,  оның  өзінде  де  жа пы ра ғын  то-
нап ал ған ірік. Өз шақшаңды бері тасташы, күлі ар ша ні кі 
ме? 
–  Зейнеп-ай,  біздің  шал  таудан  арша  əкеп  берер  деген... 
талдың күлі... 
Екеуі  шүйіркелесіп  отырып  бір-бірінің  насыбайын  (біз 
жақ та мұрынға атады) құшырлана иіскеді. Алақандағы жұ-
ғын ды қаққылап отырған Зейнеп айтты маған: 

120
– Балам... аспанға тағы да адамдар ұшқан ба? 
– Ұшыпты. 
– Е-е, ұшсын, – деді шешем, – ұша берсін. Аман-есен түсе 
алса, ұша берсін. 
– Шіркін-ай, – деді Зейнеп кемпір, – айға барды деп еді, 
темекісі қандай екен? 
– Айда темекі өсуші ме еді, сен кемпір де қайдағыны ай-
та сың, – деп білгішсінді шешем. – Одан да əлгі ауылды ала 
тайдай бүлдірген жаңалығыңды айт. 
–  Бетім-ау,  Күлиə-ау,  ұмытып  барад  екем-ау  сөзге  айна-
лып. Бұл ауылда бір «мəшəбинə» деген пəле шығыпты. Жем-
ге қосып қойға беретін дəрі екен. Оны жеген қойдың ішін де-
гі құрты өлсе, жақсы семіреді екен. Аз-аздап, шым-шымдап 
бермесе,  қой  түгіл  ірі  қара,  тіпті  адамның  өзі  сеспей  қа та-
ды екен. Тоқа шал Балтабаймен кеше ұрсысып қалған екен, 
таңертең  бүкіл  қаздың  балапаны  серейіп-серейіп  қы ры лып 
жатыр  дейді.  Қаскүнем  Тоқа  қайдан  алғанын  кім  біл сін, 
балапанға «мəшəбинə» себе қойыпты. 
– Обал-ай, обал-ай, – деді шешем. 
– Түк те обал-сұбабы жоқ, Балтабайдың өзі оңбаған, қы-
шы нып тыныш жүрмейді. 
– Балапандардың жазығы не? – деді шешем. 
– Енді Балтабайдың балаларына себе ме? – деді Зейнеп 
кем  пір. Бұдан соң жаңа келген газеттерді қарап отырған мен 
жақ қа бірер рет жалтақтап қарап алды да, шешеме: – Құ ла-
ғың ды жақындатшы, Күлиə, – деді. – Сенің қайның бетврач 
қой. «Мəшəбинəнің»  бəрі  соның  қолында  көрінеді.  Көр ші-
қо лаң,  ауыл-аймақпен  ұрыспай,  ырылдаспай  отыра  аламыз 
ба,  бə ті ре кеш.  Сақтықта – қорлық  жоқ  деген...  Қай ның нан 
кіш ке не «мəшəбинə» сұрап ал, бөліп алайық. Ке тіс пей, шəй 

деспей  отыра  аламыз  ба,  ауыл-үй  болған  соң...  Қа зақ пыз 
ғой... 
– Əй, ол жынды берер деймісің... 
– Үйбай-ау, бір жарты берсең – бір қабын əкеп тастар.
– Күні ертең насыбай аттырмай қойсам... 
–  Қойшы  əрі,  қайдағыны  айтпай,  саған  қас  қылғанша, 
өзім езіп іше салмаймын ба... 
Екі  кемпір  бір-бірінің  насыбайын  рақаттана  атып,  ұзақ 
сырласты.
* * * 
 
Келесі жылы демалыс алып, ауылға тағы бардым. Тебен 
ине іздеп, шешемнің ағаш сандығын ақтарып едім, тү бін де 
шүберекке түйген «мəшəбинə» жатыр екен... кішкене ұр лап 
алғым  келді...  Сақтықта – қорлық  жоқ,  Алматыда  да  шəй 
дес пей жүре аламыз ба?..

122
ТОҚАДАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ
– А-а-а... 
Біздің  үй  мен  Тоқа  шалдың  үйі  көрші  тұратын.  Əcі ре се, 
қыстыгүні  қорадан  асыра  лақтырған,  қатып  қалған  жыл қы-
ның  қиы  бір-бірінің  ауласына  түсіп,  итіс-тартыс  болып  жа-
татын.  Үлкендердің  арасындағы  ондай  дауға  мен  араласа 
бермейтінмін. Ана бір жылдары Тоқаның есігі біздің үй жақ-
қа  қараушы  еді, «дүзге  отырғанымызға  дейін,  кірген-шық-
қа ны мыз ды  аңдып  пəле  қылады»  деп,  құбыладан  шы ға рып 
алған.  Шоқ ша  сақалы  бар,  аласа  бойлы,  екі  қолын  үне мі 
артына  ұс тап,  желдегендей  көкке  қарап  телміріп  тұ ра тын 
шал дың мінезі шатақ, өзім деген кісісі болмаса, иі мей тін бір 
беткей еді. Шаруасы түгел, қора-қопсысы жинақы, ты қа дай 
болып  ертеңді-қара  кеш  тырбаңдап  келіп  жүретін.  Со ғыс-
қа қа тыс қан. Бір құлағын беріп қайтыпты. «Құлақты Гитлер 
алып, шұ нақ Тоқа атандым» деп, жарықтық қарқ-қарқ күліп 
отыратын-ды. Көп жыл қорықшы болып, ел-жұрт ты қан қақ-
сат ты-ау. Ауылдан ұзап шыққан малды ұшына те мір бай ла ған 
би ші гі мен басы-көз ге сабалап, не қораға қа мап тастайды, не 
болмаса Алтайды асырып таудың арғы бе ті не қуып жібереді. 
Қарттығына қарамай най тартатын əдеті жəне бар. Махор-
каны  бір  қарыстай  етіп  орап  алып,  түтінін  будақтатып  күні 
бойы  жүрелеп  отыратын.  Есік  алдына  шыға  келген  са  йын, 
будақтатып темекі тартып, іннің аузындағы суырдай шо қиып 
отырған Тоқаны көруші едім. Сол Тоқа үйінде жал  ғыз жат қан 
бір кеште, найзағай ойнап, жай түсіп, талып қа лып ты. Ауыл-

123
аймақ  жиналып,  талып  жатқан  шалдың  басын  кө  тер  ген  де, 
есін əрең-əрең жинаған Тоқаның алғаш сұ ра ған сөзі: 
– Мені қойшы, қара ешкі қайда екен? – деген екен. 
–  Ассалаумағалейкүм! – деймін  қашаға  мінген  күйі  ай-
қай лап. 
–  Əлексалам,  молда  бол,  балам,  а-а-а, – дейді. «А-а-а» 
демекші, Тоқа шал не əзіл əңгіме айтып отырып немесе өз  ге  ні 
тыңдап отырып өз-өзінен «а-а-а» деп мұрнын тартатын. Мұр-
нын  тартатын  себебі,  бала  кезден  бергі  əдет  аурудан  жаман 
қалмай келеді екен. Шал болған шағында мұр нын тарт  қа  ны 
біздерге ерсілеу көрінетін, амалы не, ү й ре ніс қой... үйреніс... 
– Ата, бүгін қорықшылыққа бармадыңыз ба? 
–  Баламды  жібердім,  а-а-а.  Сен  не  ғып  тауықша  қа ша-
ға  қонақтап  отырсың.  Қораның  тезегін  неге  тазаламайсың, 
əлде сіздің үйдің сиыры бітеу ме еді. 
–  Жоқ,  ақсақал,  қайта  сізден  сұрайын  деп  едім.  Қашан 
көр сек те жылы қораңыздың көңі бұрқырап, үнемі бір құп-
құр ғақ болып жатады. Біздің қарасандар астын көк тай ғақ, 
үсті-басын салтақ-салтақ қылып, сар жамбас болып жүр ге ні. 
Немене, ата, сиырларыңызды қораға қамар алдында балаша 
тосып аласыз-ау деймін. 
Тоқа мəз болып күледі: 
– Оның əдісі бар, бірақ айтуға болмайды, а-а-а... 
Күндер жылжып өтіп жатады. Тоқа шал сол қабақтың үс-
тін де махоркасын будақтатып əлі отыр. Күрк-күрк жө те ліп, 
алдын көл-жайсаң қылып түкіріп қояды. 
– Ассалаумағалейкүм! – деймін. 
–  Əлексалам,  молда  бол,  балам, – дейді.  Жайлап  басып 
жанына барамын. 
– Халыңыз қалай, ақсақал? – деймін. 

124
– Қатты жүрмейміз, қарап тұрмаймыз, а-а-а, – дейді. 
– Ата, осы сіз соғысқа қатыстыңыз-ау, – деймін. 
–  Е,  қатыстық.  Герман  тұрғанда – құлақ  тұра  ма?  Беріп 
қайтқамыз, а-а-а, – деп шұнақ құлағын көрсетеді. 
– Сонда жауды қалай жеңдіңіз? 
– Апыр-ай, анауың да, мынауың да тақуалап сұрай бер-
дің дер-ау, – деп кейиді. 
–  Əнеугүні  сəскеде  үйден  шығып  едім, – деп  бастайды 
əң гі ме сін  сосын. – Үйден  шықсам,  аспан  ала  бұлтты  екен. 
Кең се жақты болжап қайтайыншы, совхоз мал сойып жатса, 
ішек-қарын, бас-сирағын сұрайын деп, дорбамды арқалап со-
лай қарай беттедім. Алдымда көлденең дөңбек жатты. Осы-
дан бес-алты күн бұрын жағалауға тасқын шығарып тас та-
ған су-су теректі əлгі бес қыздың ортасындағы жалғыз ұлым 
сүй реп келген екен. Иə, сонымен əлгі дөңбектен аттап өтіп, 
жоқ...  айналып  өтіп,  жоқ,  аттап  өттім-ау  деймін...  жоқ,  ай-
налып өт тім бе?.. Қара басып ұмытып қалғанымды қарашы, 
апыр-ау, аттап өттім бе, əлде айналып өттім бе əлгі дөңбектен, 
а-а-а... (ойланып,  сақалының  ұшын  тістеп  біраз  отырады). 
Е-е, құдай-ай, айналып өткен екем ғой, жо-жоқ, денсаулық 
бар, жаман дөңбектен аттап-ақ кеткен шығармын... Ұмыт ша-
ғым-ай осы. Бəрі Гитлердің кесірі, а-а-а... айналып өт тім-ау 
деймін,  ол  кезде  ауырыңқырап  жүргенмін. – Шы ра ғым, – 
дейді содан соң орнынан қолын таяна тұрып, – ер тең келші, 
қалғанын есіме түскен соң айтайын. 
Ертеңінде  Тоқа  шал  меншікті  мекенінде  жоқ  екен,  тегі, 
қо рық шы лық қа  кеткен  болуы  керек,  жирен  қасқа  аты  да 
кө рін бей ді.  Біздің  қара  сиыр  да  жым-жылас,  сауайын  десе 
маңайдан  іздеп  таба  алмай,  тоғай  жақтан  апам  келе  жатыр 
екен. 

125
– Əкеңнің атына міне сал да, сиырды болжа. Бозтал жақ-
та екі-үш қара жайылып жүр екен. Бəлкім, сол шығар. Əлде 
Тоқа қақпас азан-қазан мөңіретіп қамап тастады ма, – деген 
соң, көк атқа жайдақ мініп, жоқ іздеуге шықтым. 
Күн  əлдеқашан  шықса  да,  бұлттың  арасында  бо за мық-
та нып тұр. Малы түгел ағайын сиырын сауып, өріске айдап 
барады.  Шелектері  шиқылдап  екі-үш  əйел  суға  келе  жатыр. 
Мектеп жақтан пионер кернейінің даусы шығады. Жұ қал таң 
шық түскен екен, əлі ерімепті; жабағы бұлттың ара-арасынан 
сығалап қалған күннің сəулесі түсіп, көздері жылт-жылт етеді. 
Еріншектене басып ауылдың ер-азаматы кең се ге беттеп бара-
ды. Тоқа шалдың жалғыз ұлы пыс-пыс етіп отын жарып тұр. 
– Атаң қайда? – деп едім. – Мал қайыруға кеткен, – деп 
шəңк ете қалды. Сосын мұрнын тартты. Денелі болғанымен, 
даусы шіңкілдек, жіңішке. Япыр-ау, айнымаған əкесі... мұн-
ша ма ұқсар ма, аузынан түскендей. 
Бозталдың күйкеңімен сыпыра аяңдап, етекте жатқан то-
ғай дың үстінен қарап келе жатқанымда, алдымдағы сайлау-
дан жылт етіп əуелі шошайған бөрік көрініп, артынша-ақ То-
қа ның басы шықты. 
– Ассалаумағалейкүм! 
– Əлексалам, молда бол, балам, а-а-а... ертелетіп жүр сің 
ғой.  Əкесі  еріншек  болса,  баласының  мазасы  кетеді  деген 
осы, шырақ. 
– Біздің сиыр жоқ, ақсақал, түнде күресінде жатыр еді... 
көрмедіңіз бе? 
– А-а-а... Көрдім-ау деймін. Жоқ, көрмедім білем... Мен 
таңертең  ерте  тұрып  арқандаулы  атыма  барғанда...  деді  де 
самбырлай жөнелді. Енді Тоқа шалдың тоқ та май ты нын біл-
дім де, көк атты тебініп қалып ілгері жүріп кет тім. Бы ла йы-

126
рақ ұзап шығып артыма қарағанымда, қолын сермеп қо йып 
Тоқа шал бағанағы орнында əлі сөйлеп тұр екен... 
– А-а-а, – деп мұрнын тартқаны алыстаған сайын құ ла ғы-
ма жақын естілгендей. 
Қыс түскенде, апам айтты: «Биылғы қыста көршінің бар 
сырын ашуымыз керек, балам. Тоқа қақпастың қорасын қа-
шан  көрсең  де  құп-құрғақ.  Сиырларының  артына  шелек 
байлап қоя ма? Бірінші, осының себебін білу керек; екінші, 
шөп  шарбағында  тіс  шұқитын  қоқым-соқым,  сағдар-сояу 
қал май ды, оны қайда жібереді, соны анықтау керек», – деп 
құ пия тапсырма берді. 
Алтайдан  арқан  бойы  ғана  биікте  еріншектене  ба тыс қа 
жы лыс та ған қыстың қысқа күні бағана батып кеткен. Жылы 
киі ніп,  құлақшынның  бауын  мықтап  байлап,  Тоқа  шал дың 
қо ра сын  аңдыдым.  Көз  байланып,  төңіректі  қою  қа раң ғы-
лық  қым тай  бастаған.  Қардан  жабу  жабылған  жер  ағараң 
тартып, түн құшағына бой ұсына алмай жүдеу жатқан. Сы-
қыр лап ашылған үннен селк етіп, құлағымды түре қой дым. 
Тегі, Тоқа болуы керек, екі сиырын қорадан шап шаң айдап 
шықты  да,  жалғыз  ұлы  екеуі  шыбыртқының  астына  алып 
қуа  жөнелді.  Тұяғы  сыртылдап,  тапталып  қал ған  жылтыр 
қарға тайғанақтаған шаңырақ мүйіз сиырлар бүр сең-бүр сең 
желіп барады. Əке мен бала малды ұзата қуып əкетті. Едə уір 
уақыттан соң, сол толас таптырмай қуалаған қал пы мен қай та 
айдап əкелді. Мал да, адам да əбден шаршаған се кіл ді, ырс-
ырс етеді. Екі сиыр куғын-сүргінге шыдай алмай, құй ры ғын 
шошайта жапа тастап зəр жіберіп еді, Тоқа да құманын ұс тап 
дə рет сындыруға қораны айналып кетті. 
–  Іштерін  тазалап  болса,  жабық  қораға  қама! – деп  бұ-
йырды баласына. 

127
Болған оқиғаны апама айтып беріп едім, ол кісі қай ран қа-
лып, біразға дейін көршісінің қулығына тамсанып отырды: 
«Бəсе, – деді, – өзім де солай-ау деп жорамалдап едім. Тіп ті 
қыстай малының асты құп-құрғақ болып шаңытып жатады. 
Əй, қақпас-ай, жердің жыртығын жамаған зəлімсің-ау». 
Келесі күш өзіміздің екі сиырды апам екеуміз ба қан ның 
астына  алып,  Тоқаның  соңынан  қуа  жөнелдік.  Осы  күн-
нен былай біздің малдың қорасы да тап-таза болып, құр ғақ 
тұратын еді. 
Апамның екінші тапсырмасын да орындадым. Тоқа шал 
шөп тің  мал  жемей  сояу  болып  қалған  қалдық-сағдарын 
қо ра ның  бел  ағашына  биігірек  етіп  баулап,  байлап  қояды 
екен.  Сиыр  малы  қаскүнем  келеді,  бір  нəрсені  бүл дір ме се, 
сүз гі ле ме се  басы  ауратын  қу  мүйіз  əуесқой  ғой.  Алдында 
жатқан шөпті тастай беріп, аузы жетер-жетпестегі сояу-сояу 
сағдарға ұмтылады да, созылып барып тілімен орап, ілін ге-
нін күтірлетіп шайнап-шайнап жеп қояды екен. Сиыр «пси-
хологиясына» əбден қанық Тоқа шалдың шөбі жазға жетіп, 
ал пішені тақа таусылып қалған ауылдастарына артығын са-
тады. Осы қыста біз де мал азығын көп үнемдедік. 
– Ассалаумағалейкүм! – деймін. 
– Əлексалам, молда бол, балам, а-а-а, – деп мұрнын тар-
тады. 
– Соғысқа қатысқаныңыз рас па? – деймін. 
– Оның несін сұрай бересің тақуалап. Беріп қайт тық қой 
бір  құлақты.  Əлі  есімде,  соғыс  бітіп  елге  қайтып  келе  жа-
тыр мын, а-а-а... Қолымда дəу қара чемодан. Іші толған олжа, 
бала-шағаның қамы дегендей, а-а-а. Не болса – сол болсын, 
балаларға сорпа болсын деп, əжептəуір дүние салып ал ған-
мын. Шойын жолмен неше күн, неше түн жүріп Но вай сі бір-

128
дің вокзалына түсе-түсе қалыстық. Аяңдап енді жүре беріп 
едім, еңгезердей бір орыс «ой бауырымдап» келіп бас салып 
құшақтап,  солқылдап  жылады-ай.  Өзіміздің  ауылдың  мен 
соғыста жүргенде ер жетіп кеткен ер-азаматының бірі шы-
ғар-ау деп, ел жұртты сағынып əрең келе жатқан мен жү ре-
гім жі біп, көрісіп солқылдап жыладым. Бір уақытта əлгі оры-
сым мені итеріп тастай беріп, теріс қарап өз алдына жүрді де 
кет ті. Артынан аң-таң қарап тұрып-тұрып еңкейіп қо лым ды 
соз сам, чемоданым орнында жоқ, а-а-а... 
Арада  көп  жылдар  өтіп,  білім,  одан  соң  қызмет  қуып, 
ауыл ға сандаған уақыт – көп мезгіл бармай жүрдім. Жаз дың 
тамаша тамылжыған күнінің бірінде, бітік өскен егін дік тің 
арасын  қақ  жарып  өтетін  қара  жолмен  ызғытып  келе  жат-
қан быз.  Астымызда – қызыл  «Жигули».  Сонадай  қыр дың 
басында,  ыстық  күн  болса  да,  тымағын  шошайтып  тұр ған 
атты адам көрінді. Мал қайырып жүрген Тоқа шалсың-ау деп 
ойладым. Машинаны тоқтатып, «ақсақал» деп айғай салып, 
қол  бұлғап  шақырдым.  Сəлем  бере  кету  ниеті  еді,  жаман-
жақ сы болса да көз көрген үлкен адам. Атты кісі бүлкек-бүл-
кек желіп, жасқаншақтана жанымызға келді. Ептеп жасарып, 
үш кіл сақалды алып тастап, тек сепсиген мұрт қана жі бер ген 
Тоқа шалдың дəл өзі. 
– Ассалаумағалейкүм, ата! – дедім. 
– Əлексалам, а-а-а... Орашпысың? – деді. 
– Қуаттысыз ба, ақсақал? – дедім. Ол ыржың етіп күл ді. 
Күлді де мұрнын бір тартып: 
–  Мен  ақсақал  емеспін.  Тоқа  шалдың  жалғыз  ұлы мын 
ғой. Атам баяғыда өліп қалған, а-а-а, – деді. 
Ұзап кетсек те, төбенің басында секиіп тұрған Тоқа шал-
дан қалған жалғыз тұяқтан көз алмадым. 
– А-а-а...

129

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет