Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

КЕРБҰҒЫ
А-а-у-у-а! 
Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ. Су ішкісі келген, екі езуін 
мұз моншақ жырымдаған тау бұлағына ерні тисе болды, өне 
бойы қалтырап, етпетінен түсердей буын-буыны бо саң сы ған 
соң,  амалсыз  кейін  шегінеді.  Ындыны  кебе  үш  рет  ұм тыл-
ды,  үш  рет  те  осынау  халге  душар болып,  тартынып  кетті. 
Өзе гін өкініш өрті жандырып тұрса да, дəт шіркіннің мынау 
буы бұрқырап сылқ-сылқ күле ағып жатқан аяқ астындағы 
суға жетпеуі қалай? Шын қартайғаны осы да... Жо-жоқ, кə-
рі лік тің  ауылы  əлі  алыс,  Кербұғының  базарлы  өмірі  алда, 
қа зір гі əлсіреуі кəрілікке жеңдіргені емес, ұдайы үш күн кү-
йек тен  соңғы  шаршауында;  олай  десек,  былтыр  неге  шар-
шамады,  алдыңғы  жылы  ғана  бір  үйірді  он  күнсіз  шашау 
шы ғар май, жалғыз өзі жайғаушы еді; биыл не көрінді бұған; 
əлде  қыркүйектен  бастап-ақ  ызғарын  шашқан  жат  бауыр 
күз дің  сүйек  сорар  суығына  бой  алдырды  ма,  бұл  таудың 
кү зін қойып, алты ай сұлап жатып алар аждаһа қысын шы-
бын шақ қан құрлы көрмей өткеріп жіберер Кербұғы емес пе. 
Рас, биыл ғы күз ерте түсіп, сеңдей сірескен қара бұлттармен 
күн жазғанды тұтқындағалы қашан. Ертеден қара кешке де-
йін сол тым аласарып кеткен кейіпсіз аспаннан бірсін-бірсін 
жаң быр  жауады  да  тұрады.  Ылжырап  мазаны  алатын  жы-
быр-жыбыр  тамшы  елдің  де,  жердің  де  шамына  тиер  еді. 
Кейде  уілдеп  сұп-суық  жел  тұрса,  əлгі  жетім  тамшыларды 
қи ғаш та тып, əлдеқайда қаңғытып əкететін. Əбден көн дім ге 

209
көшкен орман уілдеген суық желге қосылып, ала  жаз дай ғы 
көрген қызығын сағына ма, белгісіз бір мұңның, бел гі сіз бір 
үміттің, болымсыз бір арманның жүдеу жырын гөй-гөй лей-
тін. Ал Кербұғы сол салдақы желге артын беріп, ұзақ, тым 
ұзақ шақыратын үйірді. 
– А-а-а-а-у-уу-аааа! 
Бұл бедеу үн баяғыдай дүниені дүр сілкіндірер зор бол-
ма ға ны мен, тегіндегі тегеурінді дауыстан қалған жұрнақ ай-
қай  екенін  аңғартарлық.  Бұрын  мынау  иін  тірескен  орман, 
анау  қалғып-шұлғыған  қапсағай  таулар  мен  қойнау-қой на-
уы на қорқыныш паналатқан құз-аңғарлар Кербұғы үнін іліп 
алып, үздік-создық қайталап, көпке дейін жаңғыртып, даң ға-
за қуатпен алысқа жөңкіліп, таратушы еді-ау! Нөсер суы на 
тоғайған тоқ күлкі бұлақтан кейін шегінген хайуан біз үшін 
мəңгі  жұмбақ  түйсіктің  түртпегімен  ышқына  ауалаған,  бі-
рақ оның жарықшақтана шыққан əлсіз даусын еш пенде, еш 
жан уар, еш тіршілік естімеген, естімегені керең болып қал-
ға ны себепті емес, Кербұғының кетеуі кете əлсірегеніне сай-
ған. Иə, баяғыда... бəрі де – баяғының садағасы... Көзден де, 
кө ңіл ден де бұлбұлдай ұша берген қапысыз қайран жас ты ғы 
тек ендігі сағыныштың сыңсып айтар жырына айналып, қос 
жанардан жас болып қана сорғалайтын. Əйт се де, Кер бұ ғы 
өзін қартайдыға телігісі жоқ, үйірдегі жас ма рал дар дың ұят-
сыз қылығы мен биылғы күздің сон ша лық ты сұр қай лы ғы қа-
жыт ты деп білді. Бұлақтан оқыс шегініп, үйі рін ша қыр ған-
сы мақ болды да (оның дауысы күйекке түсер үн нен гөрі жал-
ғыз сы ра ған да  шығар  жан  айғайына  ұқсап  еді),  ілби  басып 
тау ға беттеді. Қырсыққанда тау да бұрынғыдай емес, заңғар 
тартып, өсіп-ақ кеткен бе, желі бойы жүргізбей, ке ңір дек тен 
сы ғып алқындырады-ай! Кербұғы басын жерге салып, тағы 

210
аялдады. Кербұғының басын жерге салғаны тағдыр тал қы сы 
алдында біржола тізе бүгіп, тек қана аспандап, тек қана ас-
қақ тап жүретін тəкаппар кеуденің жер болғаны, көбік шашар 
тентек көңілдің көр болғаны. Ал жылдар бойы мүйізін берсе, 
сауырынан сипатпаған түз тағысының, осыншалық жуасуы – 
қор болғаны еді. Бағанағыда ақтық рет айқасқа түскенде, аш 
бүйірден тиген тонналық соққы енді ғана ауырсынтып, шы-
бын жанын шырқыратты-ай. Əлде көз алдында ақырғы рет 
секіріп билеп кетіп бара жатқан жас марал-қызды енді қай-
тып (түсінде, қиялында болмаса) көре алмайтыны, енді қай-
тып салмақпен жүріп, сабырмен еркелейтін марал-анаға наз 
қыла алмайтыны, енді қайтып көре алмасы, ести алмасы көп 
баянсыз жалғанның тұмбасына шым батқан, тұманына шын 
адас қа ны енді ғана есіне түскендей селк етіп, ұнжырғасын 
кө тер ді де, тағы да бір рет жан дүниесін қақырата ышқынды. 
– Ааааа, ууууу, аааааа! 
Кеше  таң  алагеуімінде  Кербұғы  əдетінше  маралдарды 
алдына салып тауға беттей бергенінде, өліспей беріспейміз 
дегендей басқа бұғылар үйірді шыр айнала қоршауға алып, 
жі бер меп еді. Кербұғынікі – жыл сайынғы жекпе-жекте же-
ңіс ке өзі жетіп, дəнігіп алған менмендік. Күйектің алғашқы 
ке зе гі  өзіне  еңбексіз  тимейтінін  сезген  соң,  маралдарды 
бе ті мен  жіберді  де,  танауын  желдете  көкке  көтеріп: «Аа-
ууаа» деді. Осы үн шығуы мұң екен, бағанадан бері баста-
рын кекжеңдетіп, жер тарпып ойқастап жүрген тамам бұғы 
қаз-қатар болып екіге жарылып тұрыса қалды. Қолмен қой-
ған дай тізіліп, қарама-қарсы шеру құрған бұғылар ұлы сап-
тың  ең  басындағы  Кербұғыдан  ишара  күткендей,  қас қая 
қа ра са ды. Барлығының жүрегі дүрс-дүрс соғады, бар лы ғы-
ның көзі от болып жанады, барлығының танауы жыбырлап 

211
күйектің  алғашқы  кезегінен  дəметеді.  Жырынды  Кер бұ ғы-
ның бұрынғы мысы басты ма, қарсы алдында тұрған қап са-
ғай бұғы тура қарай алмай елегізіп, тіпті бойын билеген жұ-
қа лаң қорқынышын да жасыра алған жоқ, қаққан қазықтай 
ті зе сі нен аздап діріл сездірді. Бұл күй Кербұғыда да бар-тын. 
Дəл биылғы күйек тым қиын тиерін ертеден болжап біл-
ген, жылдар жылжып өткен сайын, өзінің де əл-қуаты боп-
саланып,  кəрілік  меңдей  бастағанын  сезетін.  Сондығы  ма, 
таң ер тең  соқталы  шайқасқа  түспей-ақ,  барлық  табынды 
өзім сі не  ала  жөнеліп  еді,  нəпсі  сақал  сыйлатпайды  екен, 
жастау  бұғылар  өжіректеп  бастырмады  ғой.  Сонсоң  ежелі 
намыс  қамшылап,  текетіреске  жетеледі.  Кəрілік  құрғырда 
ұят жоқ екен, дəті алдындағы он екі салалы мүйізді са ба лақ 
жүн ді  бұғыдан  тайсақтады,  соңыра  шын  айқасқа  тү сіп,  ең 
соң ғы  екі  дəу  жеке-дара  қалғандай  болса  қайтер  еді?  Кер-
бұ ғы тағы да қарсыласына қарады. Бірақ екеуі де іш тей сес-
ке ніс те рін  бір-бірінен  жасыра  телмірісті  де,  оқыс  ше гі ніп, 
бар  пəрменімен  алға  атылды. «Сарт!»  Бұдан  соң  іл ге рін ді-
кейінді  сарт-сұрттан  құлақ  тұнарлық  еді:  тең  екі ге  бө лі ніп 
бетпе-бет  тұрған  бұғылар  бұрынды-соңды  болып  көр ме-
ген  ұлы  ұрысты  бастап  та  жіберді.  Шаңырақтана  бас та ған 
жасқылтым  мүйіздер  ауаны  осқылап,  қайыңның  бе зін дей 
қатып-семген маңдайлар соғылысқанда, жарқ етіп от шық-
қан дай  болады.  Өлім  мен  өмірдің  екі  арасындағы  кү йек ке 
алғашқы  болып  түсу  үшін  жүріп  жатқан  майдан – саф  ер-
лік тің, шын еркектің асқаралы үлгісіндей еді: қолдан мү сін-
де ген дей  қайдиған  бастар  оқтай  атылып  түйіскенде,  алтын 
ке біс ті  бір-біріне  ұрғандай  əсем,  əрі  аянышты.  Алтай  кү зі-
нің ертеңгілік қою тұманы арасында қараң-қараң жүріп жат-
қан жекпе-жек тура үш сағатқа созылғанда бəсеңсіді де, тұ-

212
ман мен қоса серпілді. Етегін сүйрете жынысқа сіңіп кеткен 
тұманнан арылған сары-жасыл алаңқайда тек Кербұғы мен 
енді ғана күйектің иісі мұрнына келе бастаған Жасбұғы қа-
лып еді. Өзгесі жеңіліс тауып, тұманмен қоса орманға босып 
ке тіс кен-ді.  Жекпе-жек!  Кербұғы  осы  сұрапыл  ерліктің  үл-
гі сі  жекпе-жектен  жаралғанын  білетін.  Бірақ  мұндай  теке-
ті рес сойқан тек бұғыларға ғана тəн қасиет емес, аса ақыл-
ды мыз деп сезінетін Адамдар арасында бағзыдан ба қи лық-
қа  ұласар  бітіспес  тартыс  барын  түйсінген  жоқ.  Адамдар 
ара сын да ғы  жекпе-жек – бұғылар  арасындағы  жекпе-жек-
тен  гөрі  қанқұйлы:  жексұрын  тəртіппен  өтерін,  бұғыларша 
жылына  жалқы  рет  сынасып,  сонсоң  сыйласып  тату-тəтті 
ғұ мыр  кешпей,  бір  қадалса  қан  алып  қана  тынарын  жəне 
де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен 
қор шау ға  ұстайтынын,  адамдардың  қу  мүйізге  құты  қал-
ған дай неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі 
аяқ ты лар дан  жерініп  те  жүрді...  Қайда  жекпе-жек  болса, 
сонда əділ дік бар. Кербұғы көзі бұлдырағанда барып, шын 
шар ша ға нын білді. Осқырынып жер тарпыған Жасбұғының 
айбаты  кі ре сі лі-шығасылы  есін  қайта  жиғызды.  Ауыр  соқ-
қы лар дан миы айналып кеткен мең-зең басын зорға көтеріп, 
кө зін  ашып  еді,  қарсы  алдында  қасқая  қарап  тұрған  Жас-
бұ ғы ны  көрді.  Ересен  ер-бітімін  шиыршық  атқызып,  ос-
қы ры на  ежірейеді.  Кербұғы  мойын  сіңірлерін  сəл  босатып 
жі бер се,  зіл  болып  басқан  алтын  бас  сылқ  етіп  қара  жерге 
домалап түсердей еді, дес берді де, намысқа тырысып қана 
те гін де гі атақ-даңқын сақтай алды. Əйтсе де қарсыласынан 
өзі нің  келмеске  кеткен  жастығын  көріп,  екі  шықшыты  қан 
қақ сап, көзін қайта жұмды. Жер тарпып, айбат шеккен оспа-
дар  үн  шықпаса,  осы  қалпында  шөге  түсіп,  өліп-ақ  кеткісі 

213
бар-тын.  Кербұғының  əбден  жеріне  жете  əлсірегенін  сезе 
тұра, бүйірден бір нұқып құлатпай, заңды жекпе-жекке ша-
қы рып  тұратын  жас  талапкердің  ұятты  қылығы  жебеді  ме, 
əлде  ата-бабасынан  бермен  қарай  түйіншек,  үзіліссіз  жал-
ғас қан  өр  кеуде  жігер  оты  қайта  тұтанып,  кербаққан  шар-
шасты түре қуып, жанын шабақтады ма, иіле берген басын 
қаз даң да тып,  аспандата  көтеріп  алды.  Сонсоң  кіртиген  кө-
зін шатыната ашып, күндесіне қарады. Сонда да Жас бұ ғы-
дан мол кешірім тілегендей, жаутаңдаған көзі жасаурады-ай: 
«бір  жолыңды  қисаң  еді,  сенен  жеңілетінімді  білемін,  өмі-
рің де, қызығың да əлі алда емес пе? Қи маған осы кү йек-
ті.  Келер  күзге  жетермін,  мүмкін  жетпеспін...».  Жас бұ ғы 
көзі қанталай шегіншектеп, сүзісуге əзірленді. Ендігі сəтте 
Кер бұ ғы ның  алдында  өзі  іспетті  мүйізді  хайуан  емес,  қол 
арасын жалаңдатып, қауға сақал шал тұрғандай, ол шал сол 
арасымен қазір сай-сүйегін сырқыратып, он сегіз тармақты 
асыл  мүйізін  кесетіндей,  мүйізден  шапшыған  қып-қызыл 
қан ды қорп-қорп ұрттайтындай, сонсоң сақалы қан-қан бо-
лып, бүйірге бір теуіп қоя беретін қатыгез Пенде көлеңдеді. 
Жылдар бойына сірлене жиналған кегі мол кесепатты ашу, 
өмір бақида өшпейтін баянды өшпенділік лап етіп тұтанды 
да, өн бойын өртеп етті; өн бойын өртеп қана өткен жоқ, өне 
бо йын  аязды  темірмен  қарып  та  өтті;  оның  тура  алдында, 
құ рық  бойы  жерде  ғана  ел  болмайтын  ежелгі  жауы,  ең се лі 
дұшпаны  тұрғандай;  өздері  үшін  қан  кешуге  түскен  бұ ғы-
лар ға бірің өліп, бірің қал дегендей қаперсіз жайылып жүр-
ген  маралдарға  жалт  етіп  оқты  көзін  ата  қарады  да,  түкті 
жер ді тұяғымен орып-орып жіберді, осқырды; шегінді, анау 
шақ ши ған екі көздің арасын тұспалдап найзағайдай атылды. 
«Сарт!» Есін жиғанда, өзінің теңселіп құламай тұрғанын, ал 

214
Жас бұ ғы ның қисалаң қағып əлдеқайда ұзап бара жатқанын 
көр ді. Сонда ғана көзден ыршып жас шығып, бар даусымен 
бая ғы ша, жас шағынша күйек шақырды. Бұл – Кербұғының 
бас қа бұғылардан бөлекше үнін баяндайтын ең ақырғы ша-
қы руы еді. 
– Ааааааааа, уууууууууу, ааааааааа, ууу!!! 
...Осы бір уақиғаны еріксіз есіне алған Кербұғы ұм ты лып 
барып қайыңның сарғая бастаған жапырағын үзіп алды да, 
талмап оразасын ашты. Тұман əлі сейілген жоқ. Сол тұ ман-
ның ара-арасын тесіп, жетім тамшылар əлі жауып тұр. Ауа 
аса сызды. Жер-көк шылқыған су. Қайыңға жолап кетіп еді, 
одан да сау етіп су төгілді. Не нəрсеге сүйкенсең де жылай 
салады. Үйір өзіне тиген соң, мазаңға жылыстап кеткен бе, 
Жас бұ ғы ның күйекке түскен үні естілмейді. Мынау ме ңі реу 
орманда тек Кербұғы ғана жапа шегіп қалғандай, ербең еткен 
тір ші лік иесіз. Үйірден бəрібір айрылып қалған. Сар қын ды 
қуа тын жұмсап, иелігіне алған маралдардың бабын табатын 
дəр мен жоқ та еді. Алжуға айналған кəрі бұғының жеңіске 
жет ке ні  жас  маралдардың  қытығына  тиді.  Шыжбалақтап 
үйір ді тастай қашып еді, Кербұғы мүйіздеп əкеліп қайта қос-
ты. Əлгінде ине жұтқан иттей бұралаңдап кеткен Жас бұ ғы 
тіпті өлермен-ақ екен, ілбіп үйірдің артынан ерді де жүр ді. 
Кер бұ ғы  тап  берсе,  зытады  да,  қайта  ереді.  Ал  жас  ма рал-
дар дың бар ниеті соған ауған, үйір басының көзі тайса бол-
ды, шауып барып иіскелесе қалады. Əншейін сүйекке сіңді 
əдет пен  жекпе-жекке  түсіп,  алқұлымдап  жеңіске  жеткені 
болмаса, Кербұғының күйек қайтарар тəбеті де, дəрмені де 
жоқ-тын. Кəрі көңіл жас иісті көксеп, осы үйірдегі сүмбіле 
сұлу əрі ең қылықты тентек жас маралға айбарланып көп əу-
ре лен ді. Күні бойғы шайқас буын-буынын сарысуландырып 

215
ті зе ден соққандай ұйытады. Заманында дөңгеленте иіріп, он 
шақ ты сы на  сарт-сұрт  шауып  шығатын  есіл  қуаты  езіліп-ақ 
қал ған-ау... Арбаңдап бекер сүйкенгенімен, жас маралға үш 
ұм ты лып секіре алмады, кеудесіне қазандай қара тас байлап 
қой ған дай,  жас  марал  əбден  ызаланды  білем,  көзі  боталап, 
сонадай  жерде  саяқсып  жүрген  Жасбұғыға  жалбарыныш-
пен қарады-ай... Ербең етіп еркек болғаннан тек «өзім» деп 
дүниені лас қылып өтер қанағатсыз сезім екі аяқты, жұ мыр 
бас пендесіне ғана тəн емес, табиғат иемнің төрт аяқ ты хай-
уанына  да  ортақ  екен.  Кербұғы  əліне,  кəрілігіне  қа ра май 
сү лі ніп,  көп  жағаттады  маралға.  Күйек  қызығына  басы  ай-
нал ған  Жасмарал  қызуы  мол  құштарлықпен  лақсаны  қан-
ша ма  иектеді,  əттең,  Кербұғы  өлердей-ақ  шаршаған  екен, 
өр кө кі рек тік ке басып қайқақтағаны болмаса, ындыны жі біп 
жа рыт па ған.  Əукесін  көтере  алмайтын  неменің  қы ты ғын 
кел ті ріп, осыншама сарсаңға салуы сонандай жерде қы диып 
аң дып тұрған Жасбұғының да шамына тисе керек, ма рал ға 
ұм ты ла бере қос тізерлей құлаған Кербұғыға барыстай атыл-
ды: «Өле алмай жүріп, өлерменін кəрі иттің». Зуылдап кеп 
бү йір ден ыңқ еткізіп сүзгенде, он жылдай тұғырдан таймай 
келген көсем тыраң етіп, қайтып тұрмастай сұлап түсті. Би-
леп  кеп  тұмсығынан  жалап-жалап  алған  жас  маралға  көзді 
ашып-жұмғанша шапшыды да, ендігі сəтте бар үйірді алды-
на салып айдап, қыр аса жөнелді. Əпігін ортекедей ойнақтап 
тұр ған жасқа емес, сыр мінез, бабын білетін ана маралдарға 
басып алса да болушы еді... Уылжыған көк өрімге ынтызар 
қы зыл шыл  кəрі  көңіл  ақыр  аяғы  өзін  мерт  етерін  білді  ме, 
білсе шамасына қарай шаппай несі бар еді; қайран, қарт тық-
ай,  жас  иістің  базары  бір  күндік,  азары  мың  күндік  еке нін 
бағамдамайсыңдар-ау.  Кербұғы  тұралап  ұзақ  жатты.  Ал ға-

216
шын да  ет  қызуымен  байқамаған  ба,  жүре  келе  ішек-қарны 
удай  ашып,  ілгері  басқан  аяғы  кері  кетті.  Ол  тіпті  бассыз, 
тек денемен келе жатқандай сезінді өзін. Жасбұғы мұрттай 
ұшыр ған  жерден  сүйретіле  тұрып,  қалың  орманның  ішіне 
ың-жың сыз кірді де, таң атқанша тырп етпей жатты. Таң сі-
бір лей ғана, ілбіп бұлаққа барған. Үш еңкейіп су іше алма-
уы  осы  себепті-тін...  Ол  тағы  да  тауға  тырмысты.  Əлгі  бір 
ме зет те гі  қайыңның  нəрсіз  жапырағы  таңдайына  жабысып 
қал ған дай қырнады, неше күннен бермен күйек бабына тү-
сіп, қабысып қалған екі бүйірі бұраудай болып баяу ғана со-
лық тай ды.  Жетіле  бастаған  екі  мүйіздің  түбі  сыздағандай 
болады. Өз мүйізі өзіне сор əкелген бұғы тауы шағылып, тас 
ба уыр əлемнен ат құйрығын кесісе түңілді де. 
Енді қалған қарға адым су ішкілігін өңкей өткенін ойлау-
мен өткізуге бел байлады білем, үлкенірек бай самырсынды 
паналай қайта жатты бұйығып... Тым-тырыс жатып құ лақ қа 
ұрған танадай салқын тыныштықтан жас шағының ай қай-сү-
ре ңін тыңдағысы бар. Осы кезде алып таудың арғы қап та лы-
нан өзін мертіктіріп кеткен Жасбұғының қызықшыл рақатты 
əні естілді. Баяғыда, бұл да кəрі бұғының шекесін қақ айы-
рып,  үйірді  өзі  иемденгенде,  дəл  осылайша  шаттыққа,  ша-
быт қа толы жеңімпаз əнін шырқап еді-ай. Дүние кезек екен, 
дү ние кезек екен... 
– Аааа, уууу, аааа! 
Мүмкін, ол Кербұғының өз кіндігінен туған төлі шығар. 
Бі рақ оның мүйізі он сегіз салалы емес, он бес – үшеуі кем. 
Мүм кін, он сегіз салалы оқыстан жаралар асыл хайуанның 
ең ақыры – өзі де. Мүмкін, анау тау-тасты азан-қазан «ауаға» 
бө леп жүрген жас періден туған қозықаның мүйізі – он үш, 
одан  кейінгінікі – он  бір,  сосын  сегіз...  сөйтіп,  сөйтіп  мү-

217
йіз сіз  тоқал  қалар...  бəрі  мүмкін.  Жасбұғы  өзіне  өмір  бақи 
біт пес он сегіз салалы қасиетті мүйізін де сыйламай, марал-
дарды тартып алды-ау. Марал жүзіқараларда ес бар ма. Кім 
жең се, кімнің атақ-даңқы асса, соның соңына ереді. Иə, ма-
ралдарда ес жоқ, өйткені оларда мүйіз жоқ – тоқал. Қо зы қа! 
(маралдан туған жас төлді қозықа деп атайды). Кер бұ ғы ны 
да  енесі  ел-жұрт,  жан-жануарлардан  ала  қашып,  қа лың  қа-
ра ған ның  арасына  апарып  дүниеге  шығарған.  Еш  тіршілік 
иесіне  көрсетпей  аяқтандырған  соң  ғана,  ертіп  үйірге  қос-
қан. Содан бері қаншама қызық көрді, қаншама запа шекті! 
Кер бұ ғы ның ең алғаш көрген азабы əсте есінен кетпек емес. 
Тау дың  жықпыл-жықпылында  жайылып  жүрген  бұ ғы лар-
дың тұс-тұсынан қиқу қаптады да, ағаш-ағаштың арасынан 
бір-бір құрық ұстаған салт атты адамдар қаптады дерсің. Қа-
пе лім де не болғанын білмей сілейген Кербұғы басын оқыс 
кө тер ген де, мейіздей қатқан қара қасқа атты үсті-үстіне са-
балап, құстай ұшып келе жатқан қауға сақалдыны көрді. Екі 
көзі  ақықтай  сүзіліп,  тісі  ақсия  ұмтылған  адамның  қо лын-
да ғы құрығы ес жиғызбай, нақ мүйізден салып өтті. Сонсоң 
ғана тамам бұғылардың ойға қарай жосылғанын көріп бір-
ақ  атылып,  құрықты  қолдан  сытылып  шыға  берген.  Бұдан 
соң  тұяғын  томарға  ілдірместен  зу-зу  шапқылайтын  атты 
адамдар  жан-жақтан,  ойдан-қырдан  қаумалап  əкеліп  үлкен 
қора ға күргейледі, бұдан əрі тықсырып келесі қораға өт кі зіп 
жіберді. Қорадан-қораға өткен сайын, өрістері тарыла бер ді. 
Мұндай теперішті бұрынды-соңды көрмеген Кер бұ ғы арпа-
лысып, шығар саңылау іздеп еді, өзі ғана сыяр қақ па ға сып 
етіп ене бере, əлдекім сарт еткізіп тиегін сала қой ды. Сон  соң 
Кербұғының  бөксесінен  ұзын  таяқпен  түрт пек теп  əлгі  ені 
тар  шарбақтың  өн  бойын  қуалата  жүргізіп  əке ліп,  тақ тай-

218
ша ның үстіне шығарды да, артынан тағы да көлденең тиек 
салды.  Енді  ол  өзі  ғана  ендейтін  тар  үйшіктің  ішінде  ты-
пырлап тұрды. Қалай келгенін, неге келгенін білмейді. Жан 
ұшыр ды,  торға  қамалды.  Жүрегі  зырқ  ете  қалғанда,  бұны 
сылқ еткізіп төмен зынданға түсіріп, екі шықшыттан əл де-
бір қыс қаш қысты. Екі шықшыттан қысқанда, көкпеңбек бо-
лып төңкеріліп тұрар аспан айналып жерге түскендей болды, 
өзін қаумалаған адам, анау орман, тау-тастың бəрі тө бе сі нен 
тік  шаншылды.  Оның  жанары  жаутаңдаған  көзінде  бү кіл 
əлем көріністеніп, сол əлемнің ендігі қожасы қатыгез адам 
да  қол  арасын  сайлап  əзір  жүрді;  ал  сол  адамның  қо ма ғай 
қа ра шы ғын да мүйізден айрылып пұшайман болар Жас бұ ғы 
да тулап, тұтқында тұрған екен. Иір-иір тістер түкті мү йіз дің 
тү бін ала ілгерілі-кейін ырыл-дырыл болғанда, Кер бұ ғы ның 
миын  мың-миллион  құмырсқа  талапайлап  жеп,  маржандай 
ті зіл ген тістері сырқырайды-ай. Əлгінде ғана мейірім ті леп 
жаудыраған қара көз əп-сəтте қанталап, ақиып шығып кет ті. 
Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың ара жі гін 
ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дəл қазір өмір де гі жа ман-
дық пен жақсылықтың уланған бастауынан дəм татты. Дəм 
татқызған – Адам!  Тағдырдың  бар  талқысын  жазмыштан 
ғана көретін аңқау көңіл, ақымақ хайуан бар билік, бар бай-
лық, бар еркіндік тек адамдарда деп білді. Рас, Кербұғы екі 
аяқтыларды шексіз сүйетін, бірақ кейде, өз махаббатынан өзі 
шошынушы еді, бақса пенде дегенің қатыгез əрі аш қа рақ, қа-
на ғат сыз екен-ау. Жек көрудің ең сұмдығын адам дар дың өз-
де рі туғызады... Кербұғының қазіргі халі – жас баланың май 
өк ше сі не  шеге  қағып,  тағалағандай  аса  аянышты.  Кербұғы 
то қал болып жаралмағанына өкінді. Қиянат! Не нəрсе сұлу 
болса, отап тастауға, не нəрсе биік болса, құлатып тастауға, 

219
не  нəрсе  аппақ  болса,  қаралап  тастауға,  не  нəрсе  сау-сала-
мат  болса,  жаралап  тастауға,  не  нəрсе  адал  болса,  арамдап 
тас тау ға əуес жұмыр басты пенденің өз оң ба ған дық та ры нан 
ақ та лар «ақиқаты» əрқашанда дайын: «Жақсылық ту ғыз бай-
тын  бірде-бір  жамандық  жоқ.  Кездейсоқ  оқиға  болмайды: 
бұл  дүниедегінің  бəрі  де – не  сынап  байқау,  немесе  жаза, 
немесе мақтау, күн бұрын болжау». Ал Кербұғының көр ген 
азабын  немен  иландырар  екен.  Иə,  иландырар  дəлел  сұ ра-
май тын  сырты  түк,  іші  тезек  хайуан  болған  соң,  өз  ті лек-
те рі нің  құрбандығына  салды  да: «Дүниедегінің  бəрі  де  қа-
уіп ті,  бірақ  бəрі  де  қасиетті», – деп,  ақыл  айтты.  Кербұғы 
құр сау дан  босап  атыла  жөнелгенде,  мүйізін  шайқамаққа 
басын  ырғап-ырғап  жіберіп  еді,  тоқал  басы  қаңсып  қалған 
екен.  Жан  жықпылындағы  бағанадан  бері  жанартау  болып 
жи нал ған ашуы бұрқ етіп қопарылғанда, алдындағы ағашта 
көл де нең дей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір-
ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. Бүкіл адам атау-
лыдан безіне, толассыз ұзақ жүгірді. Осы екпінімен ле кі тіп 
етпетінен құлағанша безе беруге бел байлаған, бірақ көп ұза-
май, тұмсығы даңғарадай қорғанға тірелді. Сол жуан-жуан 
сырғауылдан  қиып  жасалған  сатының  бойын  қуа лап  тағы 
да  жүгірді,  таусылар  емес,  бүкіл  тауды  айналып  ба ға на ғы 
орнына қайтып оралғанда ғана, өздерінің қоршауда жү ре ті-
нін сезді, сөйтсе бұлар қоршаудың ішінде от оттап, қор шау-
дың ішінде су ішеді екен, сонсоң жадыраған жаз таусылып, 
қылышын сүйретіп қыс келгенде, адағайлатып қуып əке ліп 
жəне бір тарлау қораға қамайтын. Қыстыгүні сол қо ра ны қақ 
жарып ағып жататын бұлақтан су ішетін, алдарына шашы-
лып  тастаған  сасықтау  сүрлемді  еріксіз  жейтін.  Көк тем  де 
қорадан  құтылып,  шын  еркіндікке  енді  ғана  жете  берген-

220
де, міне, тағы да қораға айдап тығып, мүйіздерін сыпырып 
алады. Бұғылар үшін шын еркіндік мəңгі бақида жоқ екен... 
Самырсынның түбінде бұйығып жатқан Кербұғы ал ғаш рет 
мүйізін  кескенде,  осылайша  еркіндікті  аңсап  еді-ау.  Содан 
бері  қаншама  жаз,  қаншама  қыс  өтіп,  соншама  рет  мү йі зі-
нен  айрылды.  Ең  қызығы,  сол  күннен  бастап  мұның  мү йі-
зін  көрген  ел  қанды  көрген  қарғадай  қарқылдап,  бəрінен 
бұ рын станоққа салатын. Жазған табиғат сыйға тартқан он 
се гіз саланың, тым құрығанда бір рет уағы келіп, мезгілінде 
өзі нен-өзі түскен жоқ... Иə, он сегіз сала – тек Кербұғының 
маң да йы на ғана дарыған бағы мен соры... Иттен қадірсіз боп 
көп жатты. Іздеп ешкім келмеді. Маусымның дəл ортасында 
арадай анталайтын адамдар да, күйек басталса, алды-артын 
орай  ырбаң  қағатын  маралдар  да,  кеше  ғана  алып  тау дың 
қасат  қарын  бұған  бұздырып,  өздері  соңынан  еретін  дос-
жаран бұғылар да зым-зия; қолдан қуат, бойдан дəрмен ке-
тіп, бақ тайған соң, жалт берісті. Бəрі де опасыз жалған тір-
лік екен-ау. Кеше ғана хан көтеріп жүрген ардақ аға ма йып 
болып қалғанда, қол ұшын берген ешкім жоқ. 
Ең аянышты өлім – есіл ердің елеусіз, бодаусыз жа па дан-
жалғыз өлуі де. Қайран елі, қасиетті жұрты қайда? Шы ны-
мен-ақ  мойнын  бұрмастан,  күйек  қызығын  қуып  кетті  ме? 
Кер бұ ғы қадірі қашқанын білді. Əсіресе, маралдарға өкпелі. 
Асыл дəуреннің асып-тасып тұрған шағында маралдар мұны 
құ дай дай көретін. Күйек басталса, өзгеше бір жұмсақ назбен 
еркелеп,  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шо қыт тыр май-
тын-ды. Егер бұта-қараған сыбдыр етіп, нендей қа уіп төн ген 
сəт болса, тамам марал шыр көбелек шеңбер құрып, Кер бұ ғы-
ны ортаға алатын-ды; ал тар жол, тайғақ кешулерде не алға, 
не  артқа  салмай,  үнемі  қауіпсіз  орталарда  ұстайтын.  Шөп-

221
тің  де,  су дың  да  ең  сонысына,  ең  мөлдіріне  бастап  апарар 
еді.  Қа рай ған ның  бəрінен  қызғанысып,  қызғыштай  қорып 
жүр ген  ер  бұғы  бүгінде  қор  болып  жатқанда,  қолтығынан 
демер кімі бар? Бəрі де алдамшы, қолда бар болғанда ғана 
қо қаң дап  өтер  бейбаян,  бейберекет  тірлік  екен...  Неге  бол-
масын зауықсыз Кербұғының даңғырап бос қалған кеудесіне 
бір сін-бірсін  запыран  толды.  Бір  жұтым  суға  зəру,  кепкен 
өңеш қырнап жөткірінді-ай. Зілдей басқан қорғасын тұман 
се йі ліп, ағаш-ағаштың арасынан күн нұры сығалады. Сонау 
етекте  бұрқырай  аққан  өзеннің  гүрілі  естіледі.  Тау  басына 
тір ші лік  ұялатқан.  Күн  жарықтық  жаралы  бұғының  халін 
сұ ра ды. Онысына да шүкіршілік, табиғат ием ғана өз жара-
тушысын ұмытпайды екен. Кербұғы самырсынның астынан 
шы ғып, зеңіген маңдайын шуаққа төседі, сонсоң аса қинала 
ыш қы нып  еді,  даусы  қырылдап,  өзгеше  қорқынышты,  əрі 
келте қайрылды. Өзімен бірге үні де өше бастапты. 
– Ааа, ууу, ааа.
Өзімен  қоса  үні  де  келмеске  кете  бастаған  Кербұғы  со-
нау сары жағал таудың ар жағындағы ұшпа басы аппақ қар 
тең деп, мұнартқан шоқыға қарады. Сол шоқы мұның қо зы-
қа шағында тым биік болып елестесе, есейе келе аласарып 
кеткендей  еді;  енді,  міне,  тағы  да  заңғар  тартып  аспандап 
тұр. Сол аппақ шоқы Кербұғының ақ шағыл арманы сияқ та-
на тын:  сағынатын,  көксейтін,  үміттенетін,  əйтеуір,  түбінде 
бір тұяғы ілінетініне сенетін. Киын-қыстау мезеттерде көзін 
жұм са  болды,  көкше  мұнардың  арасынан  ақ  сеңгір  арман 
тауы – Ақшоқы  елес  беріп,  жүр-жүрмен  азғырғандай  тым 
алыс қа  «ауалап»  шақыратын.  Кейде  сол  ақсеңгір  елесі  сұр 
қас қыр ға немесе қауға сақал маралшыға айналатын да, Кер-
бұ ғы селк етіп шошынып, қайта көзін жұмбас еді. 

222
Ал  Кербұғы  зəузатының  о  бастағы  мекені  Ақшоқының 
ете гін де  екенін  білмеуші  еді.  Иə,  ата-баба  бұғылар  бұдан 
мың жыл бұрын сол таудың етегін жайлап, əй дейтін əжесіз, 
емін-еркін ғұмыр кешсе керек. Емін-еркін уаз кешкен бұғы-
маралдар құрықты қолды білмей, табиғат сыйға тартқан жас 
құ рақ, жасыл жайлау төсінде шөптің сонысын, судың таза-
сын  таңдап,  бір  қиырдан  бір  қиырға,  көңіл  шіркін  қалаған 
жақ қа  жосып,  мамырдың  барқыт  түніне  оранып,  қаперсіз 
жусайтын. Кейде толған айдың жаһұт нұрына еркелей жусап 
жат қан мың-миллион түз тағысы жер қайысқан қалың қол-
ды елестетер, сонсоң таң сарғая, тау жазирасын қақ жарып, 
жұбын жазбастан өрер: өре түрегеліп, өре жөнелген Алтай 
еркелері ағаш-ағаштың, шоқы-шоқының басында байланып 
тұр ған ақша бұлттарға сіңіп, мəңгілік көзден ғайып болар-
дай  еді.  Кейін  бұғылар  атамекенін  ауыстырды.  Сонда  ғана 
олар атамекендерімен қоса туасы еркіндіктерінен де біржола 
ай рыл ға нын білген. Түкті мүйіздің түбіне сусылдап қол ара 
тигенде – сол ең асылы, ең қимасы – шын еркіндіктерін де 
əл де кім дер кесіп алғанын – бақилыққа кесіп алғанын, енді 
қайтып бермейтінін сезіскен. Иə, бұғыларды байырғы жұрт 
туған  жерінен  айырып,  мынау  аядай  өңірге  алып  келген 
Адамдар  бұл  елдің  етене  түлігі – жылқылардың  обалына 
қал ған.  Ақ  патшаның  атына  арыз  жазып,  бар  жайылымды 
ке сіп алды да, жылқы баққан жандарды қу тақыр сарғайған 
сары далаға қуды. Өз мекен жайынан бездірген – өзінің кін-
дік кескен жері жарылқамады, бұғы тұқымы сол жылдардан 
бермен сарқылып-ақ келеді... Кербұғы бойына қайтадан қан 
жү гір ген дей болған соң, бір басып, екі басып қоршауға бет-
те ді.  Əбден  суға  тиіп,  борсыңқырап  тұрған  ағаш  саты  бəз 
қал пын да салқын сазарады. Былтыр да сол, биыл да сол, ке-

223
лер жылы да сол... сол... Кербұғы тұмсығын жасқана созып, 
танауын үйкеді. Мұрнына күлімсіген өлексі иіс келді. Пыс-
қы рып  басын  шайқады.  Сонсоң  шегініп  кейінірек  тұрды. 
Тағы  да  Ақшоқыға  қарап  еді,  көшкен  мұнардың  арасынан 
ақ ша ға ла армандай ағараңдайды! Сол жатқан жанды жаннат 
етер саумал самал есіп, қуатқа қуат, жігерге жігер үстегендей 
болады. Сол жақтан Кербұғының мұқым ата-бабасын «ауа-
лап» шақырып, сойқан ерлік, еңкеймес еңселі тə кап пар лық-
қа, көз дің жауын алар сұлулыққа еліктіргендей болады. Сол 
жақ та – тек сол Ақшоқының етегінде еркін де елегізусіз то-
тай  өмір  барға  ұқсайды.  Əттең,  мынау  өлексе  иіс  аң қы ған 
қор ған болмаса, Кербұғы баяғыда-ақ Ақшоқыға қашып ба-
рып, аппақ қарды қаба асап, күтір-күтір шайнар еді. Сонсоң 
ішін  өртеген  бар  қайғысын,  бар  өкініш-арманын,  жалпы 
адам атаулыға, тек солар ғана керегіне жаратар от пен оққа 
деген ашу-ызасын ағыл-тегіл ақтарар... ақтарар... «Айнала-
йын табиғат, айналайын еркіндік, айналайын сұлулық», – деп 
ұзақ айқайлар, айқайлап тұрып зар еңіреп жылар, сонан айға 
шапшып  барып  шалқасынан  құлап  өлер...  Бірақ  өлгеніне 
өкін бес... Сатының ар жағында мұз құрсанып, оқшау тұрған 
Ақ шо қы  жаралы  бұғының  көзінен  бұлың-бұлың  бұлдырап 
алыс та ған дай... Кербұғы қаңси бастаған кеудесін қақ айыра 
ша қыр мақ қа аузын ашты, бəрібір баяғыдағы сырнай үні тар-
ғыл да нып шықты. 
– Аааа, уууу, аааа? 
Тау жаңғырыққан жоқ, мелшиіп əр тасы көкбеттеніп дүм-
бі лез  жатыр.  Күн  қыза  бастады.  Көз  жасындай  мөлдіреп-
мөл ді реп  жатқан  көгенкөз  шық  күзгі  жапырақтан  сусып 
тү сіп, тойымсыз жерге сіңіп жоқ болады. Биіктен, тым-тым 
биік тен  қайтқан  құстың  қош-қош  сұңқылы;  алыстан,  тым-

224
тым алыстан жас бұғының күйек шақыруы; сай жақтан қос 
ауыз  мылтықтың  барқ-барқ  етіп  өлім  бүркіген  даусы  ес ті-
ле ді: шағылысады, туады, өлтіреді – осылайша өмір жал ға-
са ды.  Өмір  отын  өшірмей  үрлеп,  көрігін  басып  тұрған  құ-
ді рет ті  күшті  адамдар,  əне,  гүр-гүр  вертолетке  мініп  ұшып 
барады...  Осының  бəрінен  түңіліп,  жеріген  Кербұғы  жа ра-
ты лыс тың бар қызығын, өз кəрілігіне, қысастанған қыр сық 
мі не зі нің алай-түлей күлдікөмеш мүшкіл күйіне айырбастап 
жіберді. Ол төрткүл дүниені де, тамырлай соққан тір ші лік-
ті де өлердей жек көрді. Жас шағында ессіз жақсы көр ге нін 
ұмыт ты,  мəңгіге  ұмытты  білем,  оқыс  тəуекелге  бел  буды. 
Бұл  дүниемен  қоштасар  ақырғы  сəтінде  мұң-зармен  улан-
ған  денесін  қоршаудың  арғы  жағында  қалдыруға,  еркіндік 
деген  ұстатпас  сағымды  алғаш  та  ақырғы  рет  көріп,  бұдан 
соң бақытты сапарға – шексіз еркіндік – өлімге адал ниет, аб-
зал жүрекпен аттануға ұлы дайындық жасады. Дел-сал тұла 
бо йын  шиыршық  атқыза  қатайтып,  буын-буынын  бекітті. 
Осы жасына дейін батылы бармаған асқаралы ерлік жолы-
на жаралы жанын, қаралы жанын садақаламақ. Ер боп туған 
жаз ған – ер  боп  өлмек.  Сөйтіп,  иісі  бұғылардың  қасиетті 
дəс тү рі, шырқау биікке өр серпіп өлер ақ көбік асаулық, ке-
мер лі менмендік, ақылдан азар кемеңгерліктің ақтық үлгісін 
көр се тіп барып, батылдық пен тентектікке құмар, өжет жү-
ре гін  аза ла мақ,  жерлемек...  Сөйтіп,  барлығынан:  қа на ға ты 
жоқ  аш  көз  адамдардың  тепкісінен,  жас  маралдың  ермегі 
мен  Жасбұғының  мазағынан,  еңсегей  бойды  кеміре  бас та-
ған кə рі лік тен, еңку-еңку жылдар бойына өзінің маң да йы на 
табиғат  жазған  ерке  еркіндігін  қамап  келген  ағаш  сатыдан 
азаттанбақ...  Кербұғы  көзінен  от  шашып,  шегіншектеп  ба-
рып бар қуатымен алға атылды, жаңбырдың суына иі қа нып 

был пыл да ған жерге артқы қос тұяқтың ізін оя тастады да, зу 
етіп,  биік  қорғаннан  асып-ақ  түсті.  Өң  мен  түстің  арасын-
да  ес  жия  алмай,  біраз  сілейіп  тұрып,  өз  ерлігіне  өзі  қай-
ран қалғандай секіріп билеп, Ақшоқыға қарай артына қай-
тып қайрылмастан тарта жөнелді. Артына қараса, енді ғана 
тұяғы  тиген  еркіндігінен  айрылып  қалардай  кауіпті  халде 
кетті. Ақшағыл арман – Ақшоқыға аман-сау жетті де, қарсы 
алдында тұрған діңгекті иіскеп, жүгіре-жүгіре деміккен та-
науын қасыды. Бұдан соң көзіне жас алып тұрып, баяғыша 
жас шағындағыдай арқырап, таза əрі зор дауыспен күйек ша-
қыр ды. 
– Аааааааа, ууууууууу, ааааааааа, ууууууууу, ууууууу! 
Бұл үнді күллі тау əулеті үзік-создық ұзақ қақ па қыл да ды, 
қайталады-ау... Осы сəтте бүкіл өмір «ауа» секілді еді бұғы 
үшін. Бірақ олай емес екен: жаңадан ғана жетіліп, үл піл деп 
тұрған қос мүйіздің түбінен қос оқ сақ етіп тиді де, Кер бұ ғы 
омақаса  құлады.  Қайтып  тұяқ  серіпкен  жоқ.  Адал  да  арам 
өлімге бойұсынып, бостандықты енді ғана сезінген қай ран 
дене суыды, мəңгіге суыды да, шын еркіндікке сапар шек ті. 
Оқ екі жақтан келді. Бірақ екі жақтан да ешкім жо ла ма ған. 
Оқ иелерінің кімдер екені де белгісіз. Кербұғы сол көк ала 
дің гек тің түбінде, дүбəра алаңда қалды... Ағаш қор шау дың 
іші нен Жасбұғының рақатқа батқан ессіз үні естіледі. 
– Аааааа, уууууу, аааааа, ууууу? 
Біреулер айтады: еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өл-
ген жоқ. 
Біреулер  айтады:  еркіндік  алған  бұғылар  тек  қана  о  дү-
ние де...

226

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет