III
Көз байланған уақ. Тау сілемдері ауыр сібірленген мұ-
на ра ға бөгіп тұр. Күнбатыс көкжиекте ақшылтым жолақ
бар. Əлемді түннің кейуана тыныштығы баса-көктеп жай-
лап алған секілді. Əншейінде тағат таппай безілдейтін ше-
гірт ке нің үні де дəл бүгінгі кеште семгендей, оқта-текте
үйірінен адасып қап кісінеген жылқының арқыраған қо ңы-
346
рау даусы ымырт тыныштығын тіліп өтеді. Ауылдың түн ге
айналған уағы біржола меңдеп бара жатқан меңіреу ты ныш-
тық тың құшағына ойыса беріп еді. Ұзақ тауының ете гін де-
гі шоқ қарағайдың түбінен жарқ еткен жалын мен сың ғыр-
ла ған күміс күлкілер мазасын алды. Қатар тұспа-тұс өс кен
қос қарағайға алтыбақан құрған ауыл жастары лау ла тып от
жаққан еді. Топтың топаны мол. Бүгінгі кештің ба сал қа сы
Ахметбек те, гүлі – Махмұт. Ол Нұрмашпен əрі-бері ал ты-
ба қан да тербелді де, «гармонь тарт» деп қыздар жағы қол-
қа лап болмаған соң, түсіп кеткен. Əр əннің басын бір шалып
келді де, əлденендей тылсым жаныңды жаннатқа бастайтын
мұңды күйді термелеп кетті. Ортадағы сатыр-сұ тыр ла-
пылдап жанған отты қаумалай тұрған қыздар мен жі гіт тер
жүзі бал-бұл жайнап, шадыманды əрі мұңлы күйге көш к ен.
Əркім өз арманын аялап тұр, əркім өз жүрегінің сырын Мах-
мұт тартқан музыка үнімен бір-біріне жеткізіп тұр, əр кім
өздерінің буалдыр болашағын болжауды тыйып, бір сəт тік
тəтті минуттың жалқынды құшағында əнтек тербеліп тұр.
Біреу ауыр күрсінгендей болды. Махмұт гармоньды зарла-
тып барып шұғыл үзе қойғанда да, қауым бірер мезет əлі де
тұ рып қалған-ды. Тек Ахметбектің «Тусаң ту, ақын аға!» –
деген өр даусы шеңберленген топты бал ұйқысынан оят қан-
дай дүр сілкіндірді. Жан-жақтан:
– Махмұт аға, өлең оқыңызшы!
– Ақын аға, ғашықтар жайлы қисса айтыңызшы!
– Махмұт аға, Ақын аға... – деп жамыраған дауыстар тұс-
тұстан андыздап кетті.
Ал Мақыш болса алысқа, ақжолтайланып тұрған көк-
жиек ке кірпігін қақпастан телмірген қалыпта жуықта жаз-
ған өлеңі «Алты аяқты» қоңыр дауыспен бастай жөнелді де,
347
мына бір тұсына келгенде, от-жалынына шағылысқан екі
көзі жайнап, екілене мақамдап кетті:
Тайдай толқын тағы кеп,
Ұшты қайық аспанға.
Əзірейіл тұр «болшы» деп,
Қайда барам қашқанда.
Жанталастым тұншығып,
Бір батып суға, бір шығып.
Міне, сол уақытта:
Алтайдан бір тал, білмеймін,
Түсті неғып қолыма?
Кез қылды ма құдайым,
Ажалсыздың жолына.
Талдан ұстап қарманып,
Судан шықтым аллалап.
Суық өткен, шаршаған,
Бола ма адам, болмай ма?
Соққы жеген қаншадан,
Дауасы яки қонбай ма.
Дауа тегін, ем тегін,
Қайтар алла еңбегін.
Жастар шоғыры жəне де өз-өздеріне келе алмай, əлгі бір
сəттегі шаттықты шақтарынан айрылып қалардай сі ле йі-
сіп қалған. Таңдайда қалып қойған тəтті əсерлерін жұ ту ға
қимағандай. Осынау қазақ даласының бір пұш па ғын да ғы
шағын ғана жұтаң ауылдың сыртынан қарап əсте тон пі шу ге
болмайды екен. Əсіресе, жастар жүрегі əмісе жақ сы лық қа,
жаңалыққа, ойын-күлкіге құштар-ды.
348
Махмұт мұнда келгелі, осындай ойын-жиын тым-тым
жиі леп кеткен. Жастар жағы тез үйірілген.
– Сізді Бағила Бұқтырманың жағасында күтіп тұр, – деп
сыбыр ете түсті. Махмұт қайыра сыбырлады.
– Қай жерінде?
– Дөңгелек тоғайда.
– Ал, құрбыларым, айып етпеңіздер мені, – деді Мах-
мұт, – сендермен таң атқанша сейіл құруға шыдайтын тү рім
жоқ. Қазіргі күйімді өздерің де түсінесіңдер ғой. Күзге ай-
нал ған маусымның түні салқын. Рұқсат етсеңдер, мен қай та-
йын. Сауықтарыңды жалғастыра беріңдер.
– Рұқсат, рұқсат...
– Рақмет, Махмұт аға!
– Ризамыз сізге, ақын аға!
Дөңгелек шіліктің ішіне кіре бергенде, Махмұттың де не-
сі бір ысып, бір суыды. Буын-буыны қалтырап, иек-иегіне
тимей сақылдап кетті. Бағила су жиегіндегі көлденең жы-
ғыл ған ағаштың үстінде шынтағын тізесіне қойып, жа ғын
таянып отыр екен. Махмұттың алғашқы сыбдыры шық қан-
да, селк етіп шошынып қалған.
– Мен ғой, Бағила.
– Түу, жүрегім аузыма тығылғаны, аңдушы біреу ме деп.
Бұрын-соңды жігіттермен оңаша жолығып көр ме ген ді-
кі ме, жоқ болмаса Махмұттан шындап қысылғаны ма, Ба-
ғи ла ның сөйлеген сөзі, қимылы бір түрлі ебедейсіз. Бі рақ
Мах мұт қа осының өзі аса сүйкімді, ғұмыры қай та лан бай-
тын дай. Тіпті жайшылықтағы жыр кестелейтін сөз мар жа-
ны ның бірі түссеші аузына. Бар болғаны қатарында ақ қу дай
қонып отырған қыздың тал бойына, бет-əлпетіне тел мі ріп
қай та-қайта қарай берді. Бағила одан сайын қымсына тү се ді.
349
Иə, бұлар бір-біріне жалғыз ауыз тіл қата алмады. Тіл қат са
болды, осы отырыстарының шырқы бұзылып, көңіл айды-
нына қонған бақыт шүрегейін үркітіп алар ма еді. Бұқ тыр ма
арқырамай, сарқырамай да баяу ағып жатыр. Беті қа ра уы-
тып, шолжаң толқын жарды шолп еткізіп сүзіп өтеді, сүйіп
өте ді. Жағадағы түбі қопарылып, басын суға мала жы ғыл ған
қы зыл талдың бұтақтарын су қағып, тағатсыз əнтек ді ріл-
де те ді. Бейне сезім қағып дірілдеген екі жастың қос жү ре-
гін дей. Олар əлі үнсіз отыр. Үнсіз отырса да тілдесіп отыр.
Олар əлі оқшаулау отыр. Оқшаулау отырса да іштей бір-бі-
рін ойлап, бір-ақ нəрсені армандап отыр. Түнгі ауа дым қыл
тартты. Шөп басын шық шалды. Өзеннен жеңіл бу кө те ріл ді
де, тұманға айналып, Махмұт пен Бағиланы тұмшалап алды.
Бағила жеңіл киінген. Махмұт та.
Олар əлі үнсіз, əрі оқшау отыр.
Бағила тітіркенгендей болды. Махмұт тамағына таяп
қал ған жөтелді баспақ болып жөткірінді. Бағиланың то ңа-
зы ға нын Махмұт сезген. Махмұттың бойын суық ұстай бас-
та ға нын сергек көңілді сезімтал қыз бағанадан аң ғар ған.
Қыз жігітке тақала түскендей болып еді. Жігіт пен жа гы ның
түй ме сін асығыс ағытты да, қыздың ту сыртын қаусыра құ-
ша ғы на алды. Тұманнан ештеңе болжанбайды. Оқта-текте
быт пыл дық шырылдайды. Екі жас жабысып бір-ақ адам ның
нобайына кірді. Бірақ бір-біріне жақындаған сайын, алыс тап
бара жатқандай. Екі жас лəм деп аузын ашқан жоқ. Іш тей
ұғынысты. Тілсіз табысты: «Жас жүрек», «сүйем-кү йем»,
«армандамын», «енді қайттік, құдая» демеді. Бар бол ға ны
ыстық-ыстық сүйісті. Бар болғаны түннің аса қа уіп ті лі гі не,
салқынына қарамай ұзақ отырысып, таң қылаң бере, кері
оралды. Олар жердің шық екенін де сезген жоқ, ер тең ал-
350
дарында не күтіп тұрғанын жəне де ойлаған емес. Осы ның
бəрі-бəрін өздері емес, əлдекім, əлдебір төтенше си қыр лы
күш пен істеп жатқандай.
Ұзақ тауының етегі жағынан:
Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз,
Жайлаған алты ай жазда сарала қаз.
Шолпандай таң алдында туып, батқан,
Қайтейін, уа, дариға-ай, ғұмырың аз, –
деп шырқап салған əн естілді, естілді де тына қалды. Тына
қалды да, ешбір əн қайталанған жоқ, бейбақ ты ныш тық
орнады. Шолпан жұлдыз қазан түбіндегі майдай еріп боз-
ғылт та нып семіп барады екен. Шығыс жақтағы бо за мық ты
қызыл арай сəуле тықсыра бастады...
Бұл Махмұт пен Бағиланың тұңғыш та ақырғы жолығысуы
еді.
Махмұт жөтелді...
Бағила күрсінді...
* * *
Бір айдан соң Бағиланы атастырған жағы – Шүйге ұза-
та тын болды. Əбдікерім қызы мен Махмұт арасындағы хи-
каяны білсе де білмегенсіді. Əккі болыс Махмұтқа деген
ілтипатын соңғы күнге дейін өзгерткен жоқ. Бағила аттана-
тын күні:
– Махмұт кеп, қарындасының ұзату тойын бас қар-
сын, – деп бала жіберткен екен. Əдейі сайқалдықпен ша қыр-
тып отырғанын сезген ақын морт кетті:
351
– Бармаймын. Ғабділкəрім мырза сөзінде тұрмағаны қа-
лай? Қаратай елінде əйелге кеңшілік беру һəм жесір дауын
жо ғал ту қақындағы əдейі бас қосқан кеңестегі сөзінен та-
нып, қайта күйсегені несі? – Шақырушыға «айта бар» деп
қа дап жіберді бұл сөзді. Өзі барған жоқ. Нұрмаштан Ба ғи ла-
ға ұзақ хат жазып жолдады.
Бағила кеткеннен соң, бір жұмадан кейін Зайсан жа ғы-
на аттанбаққа жиналды. Жігіттің кететінін естіген Əб ді ке рім
«кетпесін» деп те, «кетсін» деп те тіл қатқан жоқ. Əде тін ше
үнсіз екі ұдай сақ қалпын сақтады. Махмұттың қалай, кім-
мен жүретінін, арғы елге немен кететінін де ашып, тия нақ-
тап айтпады.
Күн ала бұлтты болатын. Махмұт ол-пұлын дəріс берген
шəкірт бала Көксегенге жинатып, аттаныс қамына кірісіп
жат қан. Аядай ғана есіктен еңгезердей болып біреу кірді.
Ша ғи ман шал екен.
– Сіз екенсіз ғой, ақсақал. Төрлетіңіз.
– Немене, жүрмекшімісің?
– Иə, ақсақал, ондай ой бар.
– Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай-кү-
йің ді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы ғана деп ойла-
ма. Жүрек деген қыж-қыж қайнайды, күресуте дəрмен жоқ
деген. Өзімнің құлай ұнатқан балам едің. Жалғыздық ба сы ңа
түс кен де, қол ұшын бере алмадым.
– О, не дегеніңіз, Шəке. Сізге не деп өкпе айтайын. Тіп ті
қай-қайсыңызға да өкпе-назым жоқ. Тілеуім ақ, көңілім пəк.
Аунадым, қунадым. Бір қауым шаруамды бітіріп алдым.
– Əй, Махмұт-ай, сипақтап қайтесің. Маңдайымызға
сый ды ра алмадық қой. Алаштың ала-құласына жем болып
жат қан қызымызды Арқаның ардагеріне қимадық. Біл мес-
352
тік емей немене, бұнымыз. Білместік. Жə, аттанам дейсің,
астыңда атың жоқ. Күн болса мынау жауғалы тұрған. Бая ғы-
да Жазатырдан өзім əкеліп едім, енді барар жеріңе апару да
мін де тім секілді. Əйтпесе қазақ болып туғаным қайсы. Бас
аман болса, аяқ артар табылады. Атаңның атын мініп кет,
Мах мұт.
– Жоға, о не дегеніңіз, ақсақал. Талшық тауып отырған
жалғыз торыңызды маған түсіп беріп...
– Уа, садағаң кетейін! Сөзді қой, шырақ. Мініп кет. Атаң
екі сөйлемейді. – Одан əрі сөз бұйдаласа, шал шатақ шы ға-
ра ты нын сезген Махмұт үнсіз келісті.
Нөсер құйып берді. Жол лайсаң. Алтай күзінің басталы-
сы қатты. Тау басы аппақ, қар жауып қалған. Ағаш басында
сар ға йып ілініп тұрған бірлі-жарым жапырақ, тамшы са ба-
ла ған сайын, есі шығып қалбалақтайды. Күз нө се рі үн сіз,
күркіремей жауады. Терек басында қарғалар жүр қар қыл-
дап. Жылдың қай мезгілінде де мынау ата ме ке нін қиып
тастап ешқайда ұшып кетпей, туған жердің құлы болса да
қалбалақтап жүрудің өзі де ғанибет-ау. Махмұт атқа қон ды.
Бір кезде Өрелдің өрінде өзі озып кеткен Ша ғи ман шал дың
торысы бұл.
Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға
бөктеріп тұрып:
– Шырағым, бұл əрі-бері ұшыртып барып болдырып қа-
ла тын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер табанын қуы-
ра тын шаруаның торысы. Бармаған жер, баспаған тауы қал-
ма ған көмпіс ат. Ұзақ жүрістің, алыс жолдың, ой-қыр дың
соқ тыр ма сы на шаршап-шалдықпайтын жолаушының аты.
Мə, қамшы. Ал, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын,
балам. Артыңнан ай, алдыңнан күн туғай.
– Қош болыңыз, Махмұт аға! – Бұл – шəкірт бала Көк се-
ген еді.
– Қош, аяулы аға! – Бұл – Нұрмаш еді.
– Қош, Алтайдың абзал адамдары, ай маңдайлы ақ ер ке-
ле рі! – Бұл – Махмұт еді.
Жауын үдеп салды. Жол лайсаң. Алда ұзақ жүріс бар.
Күн нің толастар сыңайы білінбейді. Бірақ сона батыс көк-
жиек тің таумен астасқан етегі түріңкі екен... Басылар. Ал-
тай дың сіркіреп тұрған ақ нөсері Сұлтанмахмұттың көз ал-
дына Сарыарқаның жаңбырын елестетті...
Жол лайсаң. Тайғақ. Алда ұзақ жүріс бар...
* * *
Ақ жауын сілбілеп тұр. Мен Қызылқайың сар қы ра ма-
сы ның жиегіндегі кəрі қайыңның түбінде таң ал дын да ғы
Шолпан жұлдыздай туып-батқан аяулы ағаны емірене есіме
алып, əлі отырмын.
354
ЖЫЛЫМЫҚ
Жолаушы атың семіз желе-тұғын,
Көз бар ма мен байғұста көре-тұғын.
Халық əнінен
Мен осы бір суретті көрген сайын, сені есіме алатынмын
немесе сені есіме алған сайын, осы суретті көретінмін. Қа-
зір қайда, не істеп жүргеніңді білмеймін. Мүмкін... Ау зым
бармайды ондай жамандыққа... Мүмкін, бұл дүниелік емес
шығарсың. Оған өкінішім жоқ, сен бəрібір қашанда ме нің
қасымда жүрер едің; жалғыз-ақ өкінішім – мына өзің тура-
лы новелланы өз бетіңмен оқи алмайтының. Сен қу мекен
далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп-жұқа қа бы ғың-
ды сыдырып, қалтырап тұрсың-ау, жазған; қалтырап тұ рып
сыңсып əн саласың-ау, жазған; сол мұңлы үн менің құ ла ғы ма
еміс-еміс естілгендей болады; сол сай-сүйегіңді сыр қы ра тар
жетім əуен тым жалғыздығыңның, тым жа рым жан ды ғың-
ның бебеу қаққан жаршысы, адамдар, тіпті бүкіл əлем ал-
дын да ғы аппақ ар-ожданыңның арашашысы сы қыл да на тын.
Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мəнін бұ-
дан əлдеқайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуа ны шын,
шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қо лы нан
келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үн сіз қа-
рап тұрып бақыт, күлкітоқтық дегеннің бəрін санамнан сы-
лып тастап, өзім де біле бермейтін мəңгі шек сіз дік ке, мəң гі
тұманды сапарға аттанып кетуді көксер едім. Қа ра ған са йын
355
жүрек соғысым бəсеңдеп, енді аз-маз сəттен ке йін бар лы-
ғы мен – сені мен суреттен басқасының барлығымен қош-
та сып, əні-міне, арғы əлемге апарар арбаға мініп, аттанып
бара жатар едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен
бу лы ғып ағыл-тегіл жыладым да. Неге екенін білмеймін,
осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді
жа һан да ғы жақсы атаулының бəрі-бəрінен жоғары қоя тын-
мын. Есіңде болар, мен саған осы суретте не са лын ға нын,
əрі мазмұнын сан қайтара айтып, шаршатып та алушы едім.
Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер
едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұм сақ
алақаныңмен сипалап, ауыр күрсінер едің. Білем, айт па-
саң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық əлем ді
көріп жан тапсыруды армандағансың талай рет.
Мен осы бір суретті алғаш көргенде, сұлулық һəм тама-
ша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін.
Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі шуақты сүйетін
қо рын шақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе əсіре əсерден ту-
ған біратар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз, көдедей көп
дү ние нің қайсыбірі жадымызда тұра береді, осындай ілу-
де сі ғана жылдар бойы рухани досыңа айналады. Адам мен
өнер арасындағы достықтың жібіне күйкі тірліктің қар ға ла-
ры қаз-қатар қонып алса, ол жіптің ұзамай үзілері хақ. Тым
ертеректе жоғалтып алған табиғатқа, жалпы: ұшқан құс, жү-
гір ген аңға деген іңкəрлігің іңгəлап қайта туса, қайта ті ріл се,
жастығыңның да қайта оралғаны емес пе. Атар таң, шы ғар
күн, туар ай – бəрі-бəрі жер басып жүргенде ғана ке рек ті-
гін біле тұра, мадақтаймыз. Айналадағыны көру, сезіну үшін
жаралған пендеміз. Бірақ бүгін бар, ертең жоқ, тіпті кө зің ді
жұмсаң жоғалтып алар тамашаның қадірін ылғи кеш тү сі ніп,
356
кеш бағалар едік. Екеуміз қол ұстасып қатар келе жат қан-
да, əлгі айтқан əлемді мен көретінмін, сен сезінетінсің. Күні
бүгінге дейін көру мен сезінудің айырмасын, артық ты ғын
таба алмай сандалудамын. Кейде жаныңда келе жатып кө зім ді
тас қып жұмар едім де, қап-қараңғы дүниеде өз-өзімді жо ғал-
тып алатындай аса қорқынышпен жанарымды жарқ еткізіп
ашып жіберер едім. Ал көзімді жұмған сəтімде, сенің қо лың-
нан мықтап ұстап адасып кетпекке бекінетінмін. Көзімді аш-
сам да, жұмсам да саған еріп, сенің ізіңді басып жүр ге нім-
ді енді білдім. Иə, қасымда болғаныңда бəрі басқаша еді...
басқаша.
...Айдаланы албастыдай басып жатқан ақ қар, көк мұз еп-
теп жіби бастаған. Сонау бір шеткеректе бір түп ағаш үр пие
өсіп, сол ағаштың жапырағынан тоналып, сидиған бұ тақ та-
ры на бір топ құс ұшып-қонады. Жолдың қары əуелі сө гі ліп
шылқи езілсе, ала бұлтты аспаннан оқта-текте сығалап қа лар
күн жарықтық көп ұзамай келер көктемнің жып-жылы хаба-
рын жеткізеді. Ауада майда желемік бар-ау деймін. Қыс тай
қар астында ыңырсып жатқан қара жер үстіндегі су болып
қатқан мың батпан жүгінен-күпісінен құтылар күнді ойлап
уайымдағандай.
Жылымық! Ақырған аяздың дəурені бітіп, бұл өңірге жы-
лы мық ұялағаннан бермен, қайғы жұтып жүдеген далада қы-
быр-қыбыр қозғалыс барға ұқсайды. Анау, адамдардың улы
табаны тиіп, бой-бойы шыққан ылжыр жолда бала жетелеп
бара жатқан шаруаның қазіргі халі қандай екен? Менің ай-
тып отырғаным В.Васильевтің «Жылымық» атты су ре ті еке-
ні есіңе түскен шығар. Өйткені біз дəл осы мезгілде танысып
едік қой. Бұл сурет жайлы өз ғұмырымда əңгімелеп те, жа-
зып та тауыса алмас едім. Оның кереметтігі, тіпті су рет ші-
357
нің асқан талантынан гөрі біздерді таныстырған дə не кер лі
қуатында шығар.
Біз келе жатқан санаторийді Тасбөгет деп атайды. Сары
күшіктей сары ала автобус иір-иір жолмен таудың басына
қарай алып қашты. Ертеректе төсеген цемент жолдың əр
тұсы ойылып, жер ошаққа айналып, жылбысқалана еріген
қар суына толып жатыр. Автобус əлгі суды шалп еткізіп бас-
қан да, жол шетіндегі таза қардың аузы-мұрнын бұзып, са та-
лақ тап кетеді. Ондайда бейқам отырған жолаушылар қопаң
еті сіп, дел-сал халін сілкіп-сілкіп алғандай болады. Маған
орын тиген жоқ, түрегеп тұрдым да, бағана сатып алған қо-
лым да ғы суретті он жақ терезе тұсында отырған жас қыз ға
ұстатып қойғанмын. Қыз, шынында да, əдемі еді. Он екі де
бір гүлі ашылып, қулық-сұмдықтың есігінен сығалай қой-
ма ған; өмірге айналасындағы адамдарға деген сенім түй сі-
гі не қылау түспеген, таңсəрі шығындай. Үнемі ой үстінде,
терезеден анау алабажақ тау-тасқа қарап отырған соң,
жұрт тың көзінше тіл безеуді артық санадым, əмбе əл де кім-
дер дей бір көрген қызға қырындап сумақайлана беру – қа-
де ті ме жат.
Мен берген суретке қараған да жоқсың. Аса бір сақ тық-
пен алдыңа өңгеріп, үнсіз отыра бергенсің. Межелі же рі міз-
ге жетіп, жаппай дүрлігіп түсе бастағанда, рақмет айтып,
суретті өзіме алдым.
Автобустан түскен соң, Тасбөгеттегі санаторийге жаяу
кө те рі лу керек. Тау бауырындағы жоташықтың төбесіне са-
лын ған, етектен басталған тас баспалдақпен өрлей бер сең,
қа лың ағаштың арасындағы ағаш үйлерге өзі алып бара-
ды. Ағаш басындағы қар жалп-жалп түсіп, ол да ептеп ери
бастаған. Ал тас баспалдақты қуалай бұлақ ағып жататын.
358
Мен сенің соңыңнан еріп келемін, өте баяу қозғалып, ады-
мың ды санап басады екенсің.
Сосын əр сатыны ауыстырып алып, екі-үш рет сүрініп те
кеттің. Соңыңда адам барын сездің бе, мені оздырып жі бе-
ру ге тырысып, қайта-қайта дем алдың. Бір мезетте сенің жа-
ны ңа келіп мен де дем алдым. Қарап тұрмай жігіттікке тəн
əуестікпен:
– Қарындас, қараңызшы, қазіргі шақ дəл мына су рет те гі-
дей емес пе? – деп едім. Үлкен қара көзіңді төңкере қа ра дың
да, екі бетің қуқылдана:
– Мен ештеңе көріп тұрғаньм жоқ, – дедің. Көзің қан дай
тұнық, сондай əдемі əрі қорқынышты еді.
– Қалайша, өтірік айтасыз ғой. Сөйлескіңіз келмейді, ə.
Əйтпесе сіздей қаракөздің мынандай көркемөнердің ға жап
дүниесін түсінбеуі мүмкін емес, – деп тақылдадым. Сен үн-
сіз күрсіндің. Күрсіндің де, менің бетіме өзгеше жат, өз ге ше
аяулы жансыз жанармен қарадың.
– Мен көрмеймін, соқырмын, ағай.
Жүрегіме біз сұғып алғандай болды. Дəл осы сəтте мен
өзімді соқырдай сезіндім. Қолымдағы сурет сусып тү сіп ке-
тіп еді:
– Жер былғаныш қой, бүлдіріп алған жоқсыз ба? – де-
дің.
– Ештеңе етпейді... ештеңе етпейді. Жүр, бірге өр ле-
йік.
Біз қатар асықпай аяңдап келеміз. Ақырын көз қы рым-
мен ұрлана қараймын. Тіпті алғашында сенің сөзіңе сенген
жоқпын.
«Алдаған шығар».
– Атың кім, айналайын, – деп жасқана сұрап едім:
359
– Жанар, – деп майда үнмен жауап бердің.
Даусыңның бір ерекшелігі бар еді. Сөйлегеніңде үнің кө-
ме ке йің нен өзгеше қоңыр назбен күмбірлеп шығатын. Қан-
ша тыңдасаң да жалықпайтын əн секілді ме, күй секілді ме,
ауызбен айтып, қолыммен жазып бере алмайтын таңсық əуен
еді. Кейін сен сөйлеген сайын, Риганың Домский соборынан
орган тыңдап отырғандай дүниедегінің бəрін ұмытып, руха-
ни айдынға жалғыз желкенді қайыққа мініп, оралмас са пар-
ға аттанғандай хал кешер едім. Асырып айтқаным емес, ра-
сында үніңнің адам жанын баурап алар сыбызғылы си қы ры
бар-тын.
Мен сенің көрмейтіндігіңе өкінгенім жоқ. «Жығылған үс-
ті не жұдырық» дегендей, жас басыңнан өкпе ауруын жамап
алғаныңа қабырғам қайысып еді. Сонау бір жылымық шақ-
та, «Жылымық» деген суретті көтеріп сенің жаныңда тау ға
өрлеп бара жатып, адамның сыртқы дүниені, ортаны, жалпы
табиғатты сезінуі, қабылдауы жайлы тұңғыш рет ой тү сіп
еді. Содан бері көру үшін тек көздің ғана болуы жет кі лік-
сіз, əлемдегі əр затты анықтап көру үшін жанның да жа на ры
болуға керектігін бағамдағанмын.
Біз көп сөйлеспейтінбіз. Не нəрсе жайлы əңгіме қоз ға-
сақ та, шыр айналып келіп, көру арқылы туатын ойға ті-
ре ле берген соң, тайсақ соғатынбыз. Сен менің бұл тай-
сақ ты ғым ды сезесің бе, өз бетіңмен еш нəрсе сұрамай, бір
нүктеге қадалып үнсіз отыра берер едің. Сенің бір нүк те ге
қадалған тұнық жанарың кейде шөл даладағы те рең құ дық-
қа ұқсаса, кейде айсыз түнгі айна көлдей, бар сырын іші-
не бүге қорқынышпен қарауытатын. Мен осы жазықсыз
жанардан адамдықтың, əрі тазалықтың айтып жеткізгісіз
жырын, көз тоймайтын сұлулығын таныдым. Əмбе сенің
360
осындай күнəсіз көзіңді көре алатыныма шексіз қуан дым
да. Біздің санаторийдегі тіршілік өзіңе мəлім еді ғой: таң-
ер тең жаттығу жасауға қуатын (əрине, сенен басқасын);
сосын дəрі-дəрмегінің ішкенін ішіп, ішпегенін лақтырып
мін де тімі з ден құтылар едік, сонан соң тамаққа, сонан соң...
сонан соң... Тамаққа да, кешкілікті киноға немесе сейілге
сені ертіп барып жүрдім. Көптеген көздер екеуміздің əр ады-
мымызды аңдып, ішіп-жей қарағанын, əлбетте, сен біл ме дің
ғой. Солардың ішінде қасқыр көздің, түлкі көздің, үкі көз дің,
қоян көздің, мысық, тышқан, жылан; қара, көк, ала көз дің
барын да қайдан сезуші едің. Сенің соны көрмегеніңе, кө ріп
жас жүрегіңді жараламағаныңа қуанып едім. Біз бірде-бір
кино қалдырмай барып жүрдік. Сөзін ғана тыңдап, экранда
қандай қанды майдан жүріп жатқанын басқадан көш іл ге рі
түсініп, мазасызданып отырар едің. Кинодан шығып, қара
қатқақ жердің мұзын шықыр-шықыр сындырып серуенде-
ген сəтте, өліарадағы көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде
мен сенің білегіңнен тас қылып ұстап алып, бағыт-бағ дар ды
ажыратар едім. Сонда күндіз жарқыраған аспанның астында
жүріп, сан сүрінер аяғым не томарға шалынып, не шұ қа нақ-
қа түскен емес. Өйткені сен жетелеген түндер ғой ол.
Тағы да жылымыққа оралайыншы. Ағаш орындыққа ар-
қа мыз ды сүйеп, күншуаққа қыздырынып көп отыратынбыз.
Сонда қуаты жасықтау күн қанша қыздырғансымақ бол ға-
ны мен, арқамыз мұздап қалар еді. Сен осылай, ұйқылы-ояу
отыра беруді ұнататынсың. Кейде менің иығыма ба сың-
ды сүйеп, мызғып та алар едің. Ал мен сенің ақ ди да ры ңа,
бұрқырай жапқан қап-қара шашыңа, баланың жү ре гін дей
бүлк-бүлк соққан мойныңа, уыздай жас бітіміңе бүк пе сіз қа-
рап, тағдыр ма, табиғат па, əйтеуір, қай-қай иттің осындай
361
сұлулықты қор жаратқанына қаным қайнар. Сонда əл гін де
ғана қамасқан ұзын кірпіктерің қайта ажырап, сүп-сүй кім-
ді ернің жай ғана күбірлейтін де, тек өзіңе ғана тəн, тек сен
ғана айта алатын ғажап үнің естілер:
– Аға, сіз маған сонша қадалып неге қарадыңыз? – Мен не
дерімді білмедім. Расында, шошынып та қалғанмын.
– Мен бəрін сеземін, аға... бəрін, əйтпесе қалай өмір сү-
рер едім. – (Көзіңді қайта жұмдың, жұмбасаң да болар еді
ғой).
– Көзімді жұматын себебім, ұйқым келді. Бірақ ұйық-
тай алмаймын. Менің көз алдымда мəңгі түн ұйып тұ ра-
ды, бірақ бұл мəңгі ұйқы емес қой. Кейде сол қатпар-қат-
пар қараңғылық қақ айырылып, бір нəзік сəуле жанарымды
шұ қы лап ойнайтын. Сіз түсінесіз оның қандай сəуле еке н ін,
егер сіз түсінбесеңіз, онда мен сізбен тіпті де дос тас па ған
болар едім.
– Егер түсінбесем ше?
– Жоқ, менің түйсігім бақытыма ма, сорыма ма... орай,
еш қашан алдаған емес, аға.
Ұп-ұзын кірпіктеріңді қайта қамастырдың. Жеңіл ты ныс-
тай сың. Жылымық... бір жылы нұр тарайды бойыма. Сенен
шуақ алған нұр да...
(Қандай сұлусың, қандай аянышты бейне. Ертеңгі кү нің
не болар екен, жаным, не болар екен).
– Сіз мені аямаңызшы, аға, біреудің аянышты көзі мен
сө зі нен қорқамын. Қанша мүсіркегенмен, ме нің жа нарымды
жазып беретін адам жоқ. Мен мү сə пір де, сормаңдай да, жа-
рымжан да жан емеспін. Мен – Адам мын!
Осы түннен бастап сен менің жарылқаушы рухани ием
ғана емес, өмірі өтірік айтпайтын, өмірі қателеспейтін ұлы
362
ұстазыма айналдың, айнашым. Жалғанда ақылдың, ой дың,
сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын, лайым, – де-
ген имандай сөзді бойтұмардай сақтадым. Көлеңкелі жуас
сезімнің құндағында əлемдегі барлық ию-қию тір лік тен
ха бар сыз бейкүнə сəбидей момақан отырғанда, былайғы
жұрт ғашық жандар деп жорамалдар-ау. Жо-жоқ, біздің сү-
йіс пен ші лі гі міз дің күрмеу жібін ешкім шеше алмақ емес;
оны түсіндіру қолымыздан келмейтіні іспетті, өзгенің де ұға
қоюы екіталай. Иə, ол бір қиял жеткізгісіз жұмбақты сезім,
достыққа да, махаббатқа да ұқсамайтын бөлекше дүние-тін.
Сенен он жас үлкендігім арамызға уақыт қорғанын ор нат-
қан жоқ, қайта мен өзімді сенің алдыңда он жас кіші бала
сезінетінмін жəне əр сөзімді аса сақтықпен сөйлеп, əр қи-
мы лым нан үлбіреген көңіліңе қаяу түсірерлік ағаттық жі бер-
меу ге өлердей тырыстым. Ес-түссіз талаураған ты ныш тық
осылайша ертекті əлемге ертіп əкететін.
Сол күні би болды. Мен сені ертіп бардым. Үнсіз қа рап
тұрдың. Жұрттың бəрі ұлар-шу, қым-қуыт, қайқаң қа ғып би-
леп жүр.
– Аға, – дедің құлағыма сыбырлап (демің қандай жылы
еді), – жүр билейік.
Міне, ғажап! Біз билеп жүрміз. Əлгіндегі секең-секең
жұрт тың бəрі кейін ысырылды да, екеуміздің өнерімізді та-
машалады. Құйқылжыған музыка үні, аққудай қалқыған біз-
дер, қадалған көздер... сондағы көздерді көрсең ғой... көр ме-
ге нің жақсы.
– Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді, – деген
сөз сумаң ете қалғанда, төбеңнен əлдекім таспен ұр ған дай
сілейіп тұрдың да: – Кетейік, – дедің ентігіп, – бұл жер ден
кетейік, аға!
363
Ертеңінде тамаққа келмедің, бөлмеңе барып едім, теріс
қа рап бүк түсіп жатыр екенсің. Есіктен кіргенім сол еді:
– Аға, сіз бе? – деп бірден таныдың.
– Мен ғой, Жанар. Ас ішуге неге бармадың?
– Тəбетім шаппады... Сіз бекер келесіз, осындағы қыз-ке-
лін шек тер онсыз да өсектеп жүр. Көріп қойған да, көздері
бар ғой. Бірақ мен қорықпаймын, арашашым – арым. Ма ған
бұйыртқаны осы еді, оны да тартып алғысы келеді. Сонда
маған не қал ды. Өлу ме?
– Олай демеші, Жанар. Ел не демейді...
– Рас! Ел не демейді, аға... (сəл үнсіздіктен кейін) – егер
уақытыңыз болса, ағаш қосқа барып қайтайықшы.
* * *
Жылымық... Қыстай қысырап жатқан қардың көбесі сө-
гі ліп жіби бастаған шақ – жан-жануардың ең бір азып-тоз-
ған күйінің көктемді көксетер үміт жыршысына айналатын.
Салқын да сабырлы қабақпен қарсы алатын наурыздың
кеші түнге ұласқанда, дəуренінің дəм-тұзы таусыла бас та-
ған ақпанның ақырғы айғайына, ақырғы күрсінуіне айнала-
тын. Бар ашуын күндіз болымсыз еріп шыланған шал шық
судан алып, қанша қабыршықтап қатырғанымен, ер тең гі лік
күн көтеріле, қайта жібіп салатын. Дəл осы бір сəтте екеу-
міз жолға шығар едік. Қаспақтанған соқпақ ирелең қа ғып
алыс қа, сонау Алатаудың қойнауына қарай суыра тартатын.
Өзек тей шұбатылған жолдың өн бойын қуалай жеңіл қаң-
ғып кө те ріл ген буды кешіп, қардан кепеш киген қара қосқа
де йін жаяу аяңдайтынбыз. Үнсіз, сен алда, мен соңыңда,
басымыз салбыраған, бойымызда жан жоқ секілді, мұңсыз-
364
қам сыз сызып бара мыз... жылжып барамыз. Қостың дəл тұ-
сы на келгенде, келгеніңді айнытпай сезер едің де, қалт тұ-
рып, жол шетіндегі таза қарға əуелі менің, сонан соң өзің нің
атыңды беймəлім белгілермен асықпай жа зып шығар едің.
Көзімді күн нұрына шағылысқан қар қарып, сенің жаныңда
еш жазығы жоқ мен тұрар едім. Тау əлі мизеген жоқ,
жылымықтың қуа ты əлі жете қоймапты. Сол таудың ете гі-
нен басталып тұманытқан қою мұнар сібірлеп барып сона...
сонау көкжиекке барып ыдырай аспанға айналады. Біз кері
келген ізімізбен қайтамыз. Тілсізбіз. Əне, екі қолың қал таң-
да, ілби басып сен кетіп барасың; міне, екі қолым артым-
да, ілби басып мен еріп келемін. Жалғыз аяқ жолдың ұзы на
бойынан көтерілген буды кешіп, кешуілдеп келер биыл ғы
көктемнің ақ тұман көрпесіне сіңіп барамыз. Үйге жеткенше
күн көзін сұрқай бұлт торлап, ағаш арасынан қаптап тұ ман
шығатын. Сол тұманның арасында екеуміз не қалып қой май,
не қуып жете алмай адасамыз-ай.
Ертеңінде дəл сол уақытта жолға қайта шығамыз. Ке ше-
гі соқпақ, кешегі мезгіл; сол күн; сол аспан; сол тау; бі рақ,
бəрі басқа, мүлдем бөтен дүние сезілетін, бөтен дү ние нің
бұралыңқы жолын қуып екеуміз келе жатар едік. Тағы үн-
сіз біз. Егер бір нəрсе деп дыбыс шығарғандай бол сақ, осы-
нау сағым мелдеп саябыр тапқан жуас халіміздің айдынына
тас лақтырып, əлгіндегі үнсіз аялап, тілсіз табысқан жұм бақ
сезіміміздің көк ала үйрегін үркітіп алар ма едік, жаным.
Сен жас едің, сол сенің жастығыңа əрі қуанған, əрі қуат
алған ағаң он жыл бұрынғы бозбала – боз ала таң күн де рі-
мен қайта жолыққандай, өз мұңынан өзі мас еді. Өз мұңы
дейтінім, сені тұңғыш рет тауып алсам, қайтып жо лық пас-
қа жоғалттым; бозбалалықтан келер жол бар, оған қай тып
365
кетер жол жоқ екенін сезген қайран көңіл – қан сы ра ған
көңілдің күлге аунаған тұсы, бүгінде ақылдың, асқар тау-
дың құзар шыңына тырмысқан, жыланша жылжыған ағаң-
ның басын бұлт шалған тентірек тұсында жолыққаның, əрі
мені де бақилыққа жоғалтқаныңа мұңданамын. Мен се нің
айыпсыз тұтқының едім, соңыңнан үнсіз ере беруге жара-
сам жəне саған деген таза сүйіспеншілігімнің əйнегі тер-
ші ме се, қол ұстасып қатар жүруді аңсамай-ақ, күннен нұр
алатын айдың кейпі болудан артық не бар; мен бір адам-ай-
дын ның ортасында қалқып қалған аралдай жалғызсыраған
зар лық едім, сен келдің жүзіп, мүмкін мен барған шығармын
са ған; əйтеуір бір-біріміздің рухани жарылқаушысы еке ні-
міз ге күмəнім қалмаған; сен тағдыр торына мүлдемге түс-
кен балапан едің, ол азаптан құтқару қолымнан кел мей ті ні-
не қаншама қиналсам да, бар қолымнан келетіні «аға» деген
сөзіңнің ала жібін аттамай, ар-ұятыңның күзетшісі болу.
Дегенмен, біз де адам едік қой. Сүйріктей саусағыңа
сау са ғым тигенде, балапанның қанатындай оқыс дір еткен,
ол лы пы ған сезімнің толқыны ұрғаны да. Сонда сенікінен
гөрі ластау, əрі ересек жүрегім өзінің бұдан он жыл бұ-
рын ғы пəктігін, жастығын сағынар. Тəуелділігі де, мү сір-
кеуі де жоқ, жатсынуды, жатырқауды білмейтін жа ны мыз-
дың осыншалық жақындығы себебін ешқашан айтып бере
алмас едік. Біз өзіміз де сезіп, ұға бермейтін қи мас тық-
тың нə зік жібек жібімен шешілместей, үзілместей болып
маталғанымызды білдік, бірақ оны бір-бірімізден жас қа на
жасыратынбыз.
...Міне, ілби аяңдап келеміз. Бəрі кешегі, бəрі ке ше гі дей
емес, мүлдем басқа, басқа... Жылымық – жылы сəу ле... Бу-
ынды алар масаң хал, өң мен түстің, ұйқы мен ояу дың екі
366
ара сын да ғы маужыр дүние – ертекті дүние. Баяғы қар үс тін-
де гі қосқа дейін аяңдадық. Кеше ғана сен сау са ғың ның ұшы-
мен жазып кеткен беймəлім қаріптерді əлдекім ая ғы мен бір
тарпып өшіріп тастапты.
– Кім екен? – деген едің екі қасың дірілдеп. – Кім екен
өші ріп тастаған? (Құдай-ау, қалай ғана сезіп қойдың).
– Кім дерің бар ма, бəрі, ие, бəрі ғой...
Біз қостың есігі алдындағы көлденең ағашта екі ті зе-
міз ді құшақтап ұзақ отырғанбыз. Жылымық күннің шуағы
астында алып Алатауға қарап отырып, қазір дəл осы жерде
ізім-ғайым жоғалып кетсек немесе екеуміз бірдей тас ес-
керт кіш болып қатып қалсақ, анау азан-қазан өмірдің қыл-
шы ғы қисаймай, мəз қалпында жалғаса берерін тұңғыш рет
есі ме алып, осыншалық сор болып жаралған мұқым пендені
ая ған мын, əрі өмір дегеннің бейберекеттілігі аса шо шыт-
қан. Жалбиған жаман қос, айнала аппақ қар, тура мін бе леп
тұрған тау, жым-жырт тыныштық, тынымсыз ойлар мен ма-
засыз адамдардың дабыры саябыр тауып, жегідей жемеген,
желкелей мінбеген.
Мен көгілдір аспан, көк мұнарға қарадым, сосын са ған,
сенің ақ дидарыңа, қап-қара ұзын шашыңа, көзіңе... не де-
ген əдемі жанарыңа қарадым. Сонда мен əлгі жанарға жа-
лық пай телміріп отырып: Өр Алтайдың қойнауындағы
Қа ра көл ді есіме түсірдім. Қаракөл – жағалауын сенің кір-
пі гің секілді ұзын-ұзын қарағай-самырсын қоршаған сама-
ла құздардың ортасына орналасқан айнакөл еді, бірақ суы
қан ша мөлдір болғанымен, күндіз-түні қап-қара болып тұ-
нып, уайым уыстап жататын. Сол өңірдің малшылары жаз
жай лау ға шыққанда Қаракөлдің маңына қонбайтын. Ке-
ше гі кезде Қаракөлде су сиыр бар екен, түнде көлден шы-
367
ғып жайылып жүргенін көрдік деген əңгіме тараған. Ал
су перісі өмір сүретіндігі жайлы əңгіме тым əріден келеді.
Мен оның қайсыбірінен де бейхабармын, менің білетінім –
əкеме еріп Шабанбай жайлауына шыққанда, əкемнің «бар-
ма шошынасың» дегеніне қарамай, Қаракөлдің жағасына
түнегенім. Жанар, мен сонда не көрдім десеңші. Күн тала-
сып батып бара жатқан шақта, байыған алқызыл нұры Қа-
ра көл дің майда толқынды дидарына түскенде, əл гінде қара
барқынданып жатқан көл айтып жеткізгісіз алтынға шо-
мыл ға ны, қарап көз тоймайтын көркем күйге көшкені еді.
Мен сонда жаһанда бұдан сұлу ешқандай көлдің жоқ ты ғы-
на іштей иланып тұрып, бейуақытта суға қараудан қор қы-
ныш ты еш нəрсенің жоқтығын саналағанмын. Егер бойына
жылу құяр нұрымен аяласаң, түрленбейтін, қайта туып жа-
сармайтын жан бар ма? Түні бойы көз ілген жоқпын. Көл ден
ескен майда самал, жайлаудың салқын түні, саумал ауасы
өн бойымдағы енжарлық пен дел-сал халден арылтып, сер-
гек сезімге бастаған; тек таң сібірлегенде ғана көзім ілін-
ген дей болған. Сол сəтте Қаракөлден қара шашты аппақ
қыз шығып, маған үнсіз тесіліп қарағандай болып еді; қа-
рап тұрып жымиып күлген, көзі сенің көзіңнен айнымайтын
судан шыққан сұлу қыз жалт-жұлт еткен шашының суын
сор ға ла тып, қайтып көлге шым батып кеткен еді. Көзімді
аштым: күн енді-енді ғана асқар таудың төбесінен сығалай
бас та ған екен, əлгі түсімде көрген су періштесі жайлы бұған
де йін тірі жанға айтқан емеспін. Кейде қысыр қиялға шомып
отырып ойлаймын: мүмкін өмірге өкпелеген сұлу қыз – су
қызы адамдарды мəңгілікке талақ тастап көлге батып өл ген
шығар... сен сол қызға өте ұқсас едің де, ал ғаш қы күндерде
368
сескеніп те жүрдім. Көбіне түнге қалмай, қас қа рая үйге
жүр-жүр дейтінім есіңде болар.
Аппақ қардың үстіндегі қара қостың есігі алдында отыр-
ған да, сен алғаш рет ашылып сөйлеп, күні бүгін есім нен
кетпейтін əңгіме айтып едің. Сен сонда алғаш рет иы ғы ма
басыңды сүйеп, маужырап жас балаша ұйықтағансың, ұйық-
тап жатып күлімсірегенсің, содан соң жіп-жіңішке қа сың ды
түйе терең күрсінгенсің. Сонда сен басыңды менің иы ғым-
нан алмаған қалпың:
– Сіз білесіз бе, адамдар неге бір-біріне өш екенін? –
дедің.
– Адамдар өзіне-өзі өш. Оң қолы мен сол қолы, оң көзі
мен сол көзі мəңгі қас дейді ғой.
– Ол – өтірік. Кісілер ешқашанда өзіне жауыққан емес.
– Ендеше, неге өзін-өзі өлтіреді?
– Ол ілуде кездесетін аурулар ғана. Егер шынымды айт-
сам, өмір сүруге менің де қақым жоқ. Хақыны былай қой-
ған да мүмкін емес қой. Казақтың «мұндай тірлікті итке
бер ме сін» дегені менің басымда емес пе. Ал өле салсам пы-
шақ та, жіп те... қысқасы, өлудің, өлтірудің неше сықылды
əдіс-айла құралдарының жетілген тұсы емес пе... неге сон-
да, неге?..
Мен жауап бере алмадым. Бірақ менің есіме əкем айт қан
əңгіме оралған:
– Баяғыда, – дейтін əкем, – мұрны пұшық, аяғы ақсақ, құ-
ла ғы дұрыс естімейтін, беті шұбар, көзінің тарыдай ағы бар,
тілі сақау, белі бүкір Өлмесек атты шалдың қолы сынып ау-
ырып жатқанда: «а, құдай, бейнетіңнен сақта», – деп ті лей ді
екен. Сонда інісі: «Саған құдайдың бермей қалған бей не ті
бар ма еді», – деп ұрысады екен. Өмірге деген құш тар лық
369
осындай-ақ болар. Біз қара тырнағымызды қанатып ал сақ
зар еңірейміз.
– Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айту-
шы еді (оның да көзі шала көретін): «Айналайындар, өмір ді
көзі барлардан əлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйт ке-
ні біздің – көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі –
оларды тəубеге келтіреді; өйткені олардың санасынан ми нут
сайын соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шық па уы
керек». Бір күні маған:
«Жанар, мен суқараңғы емес көзімнің саңылауы бар лы-
ғы на өкінген кезім болды. Бұдан он жыл бұрын екі кө зім-
ді бірдей шел басып, мүлдем көрмей қалдым. Сонда мен
өзім ді емес, сау кезімді, сүйіп қосылған жарымды аяған
едім. Ол күні-түні демей зар еңіреп жылай беретін, жылай
бе ре тін. Ал кішкентайдан бірге өскен жан досым өзім нен
бетер уайымдап, жаны қалмай жетелеп жүруші еді. Ақы ры
ауруханаға түстім. Одессаға барып операция жасатқан соң,
атақты дəрігер иненің жасуындай саңылау шығарып, көз
алдымдағы қап-қара түнектен тесік шығарып беріп еді. Бі -
рақ мен оны үй ішіме де, дос-жарандарыма да айтқым кел-
ме ді. Мені Одессадан əйелім мен досым алып қайтты. Са-
мо лет те гі үш орындыққа қатар отырдық. Сонда не көрді
дейсің ғой... не көрдің? Терезе жақта отырғанмын. Жалт
қа рап едім, жан жарым мен жан досым құшақтасып сүйісіп
отыр екен... Мен оларға тесіліп ұзақ қарадым. Мені көр мей-
ді деп ойлаған екеуі қаймықпастан аймаласты-ай. Жақ сы,
көзім көрмей-ақ қойсын, өзімнен – жүзімнен неге ұял ма ды
мұндарлар. Самолеттен түскен соң үйге бұрылмастан тура
соқырлар қоғамына тарттым. Сонда мен ақырғы рет жылап,
көзіме саңылау жасап берген профессорды қарғадым. Сон-
370
да мен жанарым жайнап тұрған шақтағы бүкіл қы лы ғым ды
тəрк етіп, бəрі бекершілдік, күнəға толы арсыз ғұ мыр лар деп
білдім...».
– Мен мұғалімімнің əңгімесін сізге неге айтқанымды бі-
ле сіз бе? – деді Жанар алдындағы былтырдан қалған ескі
шөп ке қадалған қалпы. Сенің жүзіңе жалт қарап, «құдай-ау,
мына қыз да көреді, мені алдап жүр, мені сынап жүр» деген
ой шабақтап өткен.
– Оны айтып отырған себебім, егер артық кетсем, ке ші-
рер сіз, сізден басқа маған жақындаған еркек атау лы ның екі
көзі өн бойымды тінте, кеудеме... балтырыма қарағанын
ылғи сеземін. Олар, əйтеуір, көрмейді деген ұғыммен дене-
ме емін-еркін сұқтана берер еді. Тіпті бұл да емес айтайын
де ге нім. Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қа рай тын-
ды ғы, басынғысы – бас салғысы келіп тұратындығы. Олар
біз ді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тəн мү ге дек ті-
гі нен жан мүгедектігі əлдеқайда сорлы екенін ұқсашы, шір-
кін дер. Біз үшін тек бір-ақ түс – қара түс бар деп ойлайды.
Рас, көз алдымыз мəңгі түнек, шыңырау зындан, көр се кіл ді
қараңғы қапас. Осылардың ар жағынан жарық əлемде жа-
нарына сеніп жарқылдап жүрген көзі барларды кө ре міз. Біз
əлемді, шынымды айтсам, олардан əлдеқайда жақ сы кө ре-
міз. Егер айналамызда адам дар болмаса, сонда ғана көр со-
қыр ға айналар едік... (сəл ойланып үнсіз отырдың, сосын
ба сың ды менің иығымнан алып түзелдің де, өзіңнің сүп-
сүй кім ді ақ саусақтарыңды өзің салаладың). Мен сұм дық
атау лының бəрінен қорқамын. Тіпті соқырлар үшін сырт-
қы болмыстың əдемілігі жоққа тəн, сондықтан да сіз дің
бет-жүзіңіздің қандай екенін білмей-ақ іс-əрекет, сөз де рі-
ңіз арқылы дос болуға ынта білдірдім. Шынымды айтсам,
371
сізге жақындаған сайын алыстап, достасқан сайын ер тең
қоштасатыным есіме түсіп, іштей жүдеймін. Мен сізге тым
үйреніп кеттім, кей түндері таң атқанша көз ілмей шы ға-
мын. Неге? Мүмкін, ағалықтың жылдар бойы іздеген аялы
алақаны маңдайымнан сипағанда, сол алақанның, сол ынта-
ықыластың тіпті де мен үшін емес, басқа... мүлдем бас қа
жат біреуге арналғанын сезгенім шығар. Мен сізді оқыс-
тан тауып, оқыстан жоғалтатынымды баяғыда сезгенмін.
(Жанар, сен толқып егіле сөйлегенсің. Өз ойыңның бəр-бə-
рін қысылмай, əлдекімдер құсап монтансымай, еркін айта
беріп едің. Сен бір таң бозында сайраған бозторғай едің,
жаным). Бұл, лайым, ғашықтық та, зар еңіреп қияли болып
кетер сүйіспеншілік те, демек, қыз бен жігіт арасында болар
ынтықтық та емес, ғұмыр жалғанда қимайтын асыл затты,
тіпті əлгі əдемі сезімдердің бəрінен биік мұнара туыс тық, екі
дүниеде ұмытпас жарылқаушы иелік, яғни ақəділ пе ріш те-
лік шығар-ау. Бұдан бұрын сіздің алдыңызда осылай тіл без-
еген жоқ екенмін; олқысын толтыру ниеті де емес, əншейін
қа зір гі жүрісіміздің, қа зір гі екеу арадағы жақындықтың қа-
зір жасырғанмен, күн дер дің күні түртініп өзі шығатын, қол
кө те ріп сұранатын қа рым-қатынастың басын ашып алу еді.
(Осынау лақтың асы ғын дай нəзік қыздың бойы мен ойын да-
ғы алапат қуаттың отына жылындым).
– Мен кеше түсімде сізді көрдім! (дегенің əлі есімде,
Жанар. Сен бұл сөзді балаша қуанып айттың. Əлгінде ғана
аң дай көріп, əр сөз, əр қимылыңа өте бір кішілікпен құ лап
отырғаныммен, əп-сəтте уыз күлкі, сəби мінезіне көш ке ні-
ңе қайран қалып едім). – Күндізден гөрі түндерді өте жақ-
сы көріп, шаттыққа бөленетінім сол – түс болса да көре
алу бақыты... Орта бойлыдан жоғары, қара шашты, қыр
372
мұ рын ды, қой көзі бар. Сіз менің қолымнан жетелеп, асау
тау өзенінің үстінен салынған қыл көпірден өткізіп келеді
екен сіз деймін. Маған айттыңыз: «Артыңа бұрылып қарама,
егер артыңа қарасаң, екеуміз бірдей құлап өлеміз». – Көзімді
тас қылып жұмып алдым да, соңыңыздан ере бердім. Арғы
жа ға ға есен-сау өтіп шыққанда ғана көзімді аштым. Міне,
ға жап, мен көремін: қап-қара түн, қап-қара аспан, қап-қара
адамдар алқызыл түске, ақ түске боялды. Əлгінде біз өт кен
өзен қып-қызыл, тіпті, қан еді... Мен қуанғанымнан еңі реп
жылап жібердім. Жанарымнан жас емес, екі көзімнің қа ра-
шы ғы ағып түсе берген кезде, сіз қақшып алдыңыз да, əлгі
қан өзенге лақтырдыңыз... «сосын маған жыламауың керек
еді, бұл арада тек қарқылдап, жарқылдап ыржалақтай бе ре-
тін дер, бұл – күлкітоқ ессіз, артына бұрылмай тек алға қада-
ғай лай тын дар мекені», – дедіңіз де, мені көпірден кері өт кі-
зіп салдыңыз. Сөйтіп, мен сізбен мəңгіге қоштасып, өзім нің
баяғы мекенім – соқырлар аралына қайтып оралдым. Адам
да, күн де, гүл де қап-қара, қап-қа ра түске ене берді... ене
берді... (сен орныңнан атып тұрдың да, жіпсіп жатқан жал-
ғыз аяқ жолға түсіп үйге аяңдадың. Артыңнан қоса жү гір ге-
нім жоқ, оған менің дəрменім жетпейтін еді)...
Жылымық!
Мен тағы осы суретке, осы сөзге ораламын. Наурыз.
Жылбысқалана еріген қар. Қар-қабыршық жолмен жұ-
лым-жұлым шоқпытқа оранған шаруа баласын жетелеп
алыс қа, біздер білмейтін беймəлім сапарға аттанған. Ескі
қора – тозығы жеткен қыстың да, тозығы жеткен тірліктің
де ай ғақ шы сы на ұқсаған. Ал ақша қардың ортасындағы
екеу міз дің шөп қосымыз ше? Ол ненің айғақшысы? Жы-
лы мық тың жұмсақ шуағы ең алдымен сол итарқаның тө-
373
бе сін де гі қарды ерітпейтін бе еді. Шіруге айналған бел-
ағаш тан сорғыған су – көздің жасы, қара қостың жасы іс-
пет тен ге нін сен көрген жоқсың, мен саған айтқан жоқ пын.
Тырс-тырс тамған тамшының үнін санап, енді қанша өмір
сү ре ті нің ді жорамалдағаның болар. Күн қыза бас та ған, там-
шы біз қайтқанша толастамаған: «Жүз жасайсың», – дедім.
«Кəріптер, əрине, ұзақ жасайды», – дедің. Мен сонда алғаш
рет өкпелеген едім. Бірақ білдірмеуге тырыстым. Содан
кейін біз қайтып қара қостан аққан су тамшысын са на мау-
ға келістік. Мен өзімді ылғи алыс, тым алыс сапардан жо-
лаушылап келе жатқандай үнемі шаршаңқы се зі не тін мін.
Өзіңмен жолыққан сəттерде сол азапты сапар дан жа лық-
қан жан, талыққан белімді суытқандай демалып қа лар едім.
Жо-жоқ, бұл ермек емес, зəтте жүректің жалқы сəт көк
шалғында жатып көзін жұмғаны, тəтті əуезге құлақ құ ры-
шын қандырғаны шығар-ау. Кейде сенің жастығыңды қыз-
ға на тын мын, білем, бұл сенің жалғыз қуанышың ер тең ге
деген үміт құсыңның медеті. Кейде мен осы өкпе ауруымен
сырқаттанғаныма, осы Тасбөгет санаторийінде дем ал ға ны-
ма шексіз қуанар едім. Өйткені мен өзіңді жо лық тыр дым,
мынау гүрілдеп-сарылдаған өмірде Жанар атты жанашырым
барын білдім, əрі тіршіліктің мəнін бұрынғыдан əл де қай-
да терең түсіндім. Сондықтан да күні бүгінге дейін рухани
қымызыма айналған, аяулы қыз, сен тоқ тартар кө ңіл дің жы-
лы мы ғы на балап келемін.
Сен қайтардан бір күн бұрын баяғы жолға қайта шы ғып
едік. Ол шақта қар кетіп, жер тобарси бастаған. Анда-сан-
да өзін көрмесек те мекеніне қайтып оралған құс тар дың
үнін естіп қалатынбыз. Қандай ауыр күн еді. Түскі та мақ-
374
қа бармай, ымырт үйірілгенше қыдырдық, бірге өткізген аз
күніміздің баспанасы іспетті ескі қоспен қоштастық; сол
кетеуі кеткен шөп қосқа адастырмай алып баратын қақ тұн-
ған жалғыз аяқ соқпақпен қоштастық; есіңде бо лар: жол ше-
тін де екі қарағаш бар еді ғой, бірі – сымдай боп тік өскен,
екіншісі жырақта өссе де қыпша белін бүкірейтіп аяусыз иіп
əке ліп, ұшар басын əлі түзу ағашқа тіреп, қайтадан жары-
са тік бойлап кеткен-ді; сен осы өзін-өзі құрбандыққа шал-
ған əлгі бүкір қарағашқа арқаңды тіреп тұрып: «Адамдар-
да осы ағаштың ерлігі жетіспейді», – деп едің, – иə, сол бір
қос құрбымен қоштастық. Ең ақыры қас қарая Тас бө гет тің
үстіне шығып тұрып, етекте самаладай жарқырап жат қан
Алматыға қарағанбыз.
– Қандай əдемі екен, əттең, сіздің көзіңізді қарызға ала
тұрып, бір-ақ рет көріп, жан тапсырар ма едім.
– Менің көзім көз болмайды ғой. Өйткені менің жа на рым
сенің жан дүниеңе сəйкес келмес еді.
– Мүмкін. Арман ғана... Арман... Білесіз бе, бес жа сым-
да болар, жұлдызқұрт ұстап алып, брош ка жасаймын деп
шашыма таққанмын. Сонда əлгі жұлдызқұрт түнде жұл дыз-
ша жарқырайтын, онда мен көретін едім ғой... Қазір ойлап
тұрмын: анау етекте жатқан шамды қала сол жұл дыз құрт қа
ұқсас шығар деп (мен қайран қалдым: көзі сау мен дəл осын-
дай теңеу таба алмас едім).
– Рас айтасың, Жанар. Кейде алып қара қазанда от қай нап
жатқанға ұқсайды.
– Ал мен айтар едім, жұлдызды аспанның бір шеті ойы-
лып, жерге құлап кеткен деп... Бірақ мен түнді қан ша лық-
ты жақсы көрсем, соншалықты қорқамын. Неше сы қыл ды
сұмдық-сұрқиялы істер осы түнде жасалмай ма? Шабысты-
375
рар да, табыстырар да түн, бірақ мен үшін бəрібір – күні
не, түні не... (Сен осы сөзді терең күрсініспен бі тір дің де,
қала жақтан соққан желге жүз берген қалпың көп ке де йін
үндеген жоқсың. Ал менде тағат қалушы ма-ау ондай ме-
зетте. Арамыздағы əп-сəтте тұтанып, іле сөніп отырар əде-
мі сезім – сезінуден, түйсінуден туған сезім қайта-қайта ты-
нышты момақан күйге шақырар еді).
Ал қаракөк аспанға қарап тұрып:
– Желмен бірге адамның иісі де келіп тұр, – дедің. Ал
қаракөк аспанға қарап тұрып:
– Жұлдыз ақты, – дедім.
– Көріп тұрмын. Егер жұлдыз көп ақса, күн ашық, ыс тық
болады, – дедің. –Аспаннан ағып түсер сол жұлдыз, бəл кім,
түсімде ағып түскен менің жанарым болар, адасып жүр ген...
– Мен сені бүгін танымай тұрмын, Жанар. Мұн ша лық ты
күйреу халге тізгін бермеуші едің.
– Бүгін мен өзімді-өзім түсінбей тұрмын. Бейне бір көк
жал қын теңіз бетінде малти-малти жағалауға енді қолым
ілін ген шақта өліп кетер бекершілдікті кешкендеймін, сол
бір бекершілдіктен əбден шаршағандаймын. Ила ны ңыз-
шы, аға, менің көзім тек бүгін ғана көрмей қалған секілді,
бəл кім, бұл – ертең ерте сізбен мəңгілікке қоштасар ми нут-
тың тым жақындауынан туған толқу шығар; бəлкім, жақ сы
адамдардың бір-біріне тек айырылысу үшін жо лы ға ры на
енді ғана сенген жүректің өлімесірігі ме... (сен менің иы ғы-
ма басыңды сүйеп едің... Селкілдегендей болдың, жы ла ға-
ның ды білдім, жанарыңды алақаныммен сипадым, жас бар
екен... жас бар екен... сен шын жылап тұр екенсің... жылап...
жылап...)
376
Маған сенің көз жасың, сүйікті мекеніміз қара қостан ақ-
қан тамшыға ұқсаған. Мен сонда басқалардың, тіпті өзім нің
де өтірік жылайтынымды білдім.
Сені жұбату менің қолымнан келмейді. Бар айтқаным:
– Қайтайықшы.
– Жоқ... Бүгін мен қадір түнін күзетемін. Мен сіз дің тай-
ла ғы ңыз, жетелеңіз, отыз күн жетелегенсіз, бір түнге шы-
дарсыз. Мұның мен үшін, ертеңгі сізсіз өмірімнің өк сік сіз
өтуі үшін қаншалықты мəні барын сезесіз бе, аға. Түн жа-
мылып тұрып ағымнан жарылсам, адамға ең керегі шыра-
дай жанған көз емес, қолына шырақ секілді ұстап жү ре тін
адал айнымас дос екенін түсіндім. Мүмкін... (сен ді ріл де-
ген саусақтарыңмен менің бетімді сипаладың, саусақ табы
түсіп қалардай өте жұмсақ əрі аса сақтықпен си па ла дың)...
мүмкін, мендей ғаріпке сізден артық жанардың керегі де жоқ
па екен...
Түн салқындай бастаған. Алыстан – тым алыстан са мо-
лет тің гүрілі естіледі. Аспан мен жердің арасында ді ріл деп
ілі ніп қалған белгісіз бір жұмсақ мұң бардай – мұнарлы мұң,
тəтті мұң, кəусар мұң.
Мен өзімді қатқыл ұстауға тырыстым. Қолаң ша шың нан
ақырын иіскедім де, суық желге жүз беріп қызына бас та ған
денемді, қызыға бастаған көңілімді мұздаттым.
Біз кері қайтқанда, түн ортасы ауып еді. Баяғы үй рен шік ті
жолмен асықпай аяңдап келеміз. Бұл ретте қол ұстасып қа-
тар жүрдік.
– Жанар.
– Ау.
– Анау дачаның біріне түнесек қайтеді?
– Аша алмаймыз ғой.
377
– Терезесінен түсіп кіреміз.
– Ұят болмай ма?
– Ұялған адам – бақытынан құр қалады.
– Маған бəрібір енді. Мен сізге еріп боздап жүрген бота-
мын.
– Кеттік ендеше.
Терезесін алып ішіне кіргенде, əуелі қапырықтау иіс
шық қан. Көзге түртсе көргісіз қараңғы еді, сосын көктем тү-
ні нің салқын желі əп-сəтте иіс-қоңысты айдап шығып еді.
Бір те-бірте бөлме іші жарық тартып, көз үйренгенде, бұ-
рыш та ғы темір төсекті көрдік. Шарбағының үстіне ескілеу
бөс тек төселген секілді. Мен оны алдым да, терезеден да ла ға
шығарып қағып-қағып жібердім.
– Ал енді ұйықтаймыз, аға. Сіз ірге жаққа жатыңыз, əйт-
пе се құлап кетерсіз (күлдің, күлкің қандай таза еді, əттең,
ме нің де, тіпті бəріміздің де ар-ождан, ой-пиғылымыз осын-
ша лық таза болар ма-ау).
Міне, біз қаз-қатар əлдекімнің дачасында, əлдекімнің тө-
се гін де жатырмыз. Əйнектен əлсіз сəуле түседі. Əйнектен
Алатаудың нардай шөккен сүлдесі қарауытады. Жү ре гі міз-
дің соққанын, демалысымызды естиміз.
– Аға, ертегі айтыңызшы.
– Бала кезде көп білуші едік. Бірде-бірі есте қалмапты,
құрғыр.
– Бірақ осының өзі ертек сынды емес пе, ертек. Амал не,
соңының қалай бітерін білмейміз.
– Ертегі ылғи жақсылықпен аяқталмай ма?
– Рас-ау. Дегенмен, ол үшін басы қорқынышты бас та лу ға
керек еді. Сіз бен біз кешіп жүрген ертектің басы тым тəт ті...
(мен сөзіңді бөлдім).
378
– Баяғыда... ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қыз бен
жігіт болыпты.
– Екеуі де ғашықтықтан өліпті, дегіңіз келеді ғой. Жо-
жоқ, мені мұндай ертек қызықтырмайды. Одан да үнсіз,
тым-тырыс жатайық...
Біз үнсіз тым-тырыс жаттық. Осынау қоңыр үнсіздікті кім
бұзды, білесің бе? Өзің.
– Аға (соншалықты ақырын, ұрлыққа түскендей сыбыр-
лай айттың).
– Ау.
– Бетіңізден сүйейін бе? (Сенің ернің тимей-ақ, оң жақ
бетім күйе бастаған).
– Жанар.
– Ау.
– Көзіңнен өбейін бе? (үнсіздік).
Таң атып келе жатқан. Атып келе жатқан таңмен бір ге
аспандағы жұлдыздар да бірсін-бірсін еріп біткен. Аға раң да-
ған ақ көйлек – тек таңның ақ көйлегі ғана дүниені жайлай
бастаған. Айтып-айтпай не керек, сен сол сібірлеп ат қан таң-
ның таң-тамаша сұлулығын, анау жер мен көктің түн гі құ-
ша ғы жазылып, күн нұры түртіп оятқан соң, қимай қи на ла
қош тас қа нын көре алмадың. Сен сонда ертеңгі шақ тың уыз
ұй қы сын да жатып, қадала қарағанымды сезе ал ма дың. Қа ра-
мау ға дə тім жетпес еді. Енді үш-төрт сағаттан ке йін ат та на-
сың. Мен сон ша лық ты əдемі түс өмірімнен ай ыры ламын.
Күні бүгінге дейін ойлаймын: көзіңе қамшы тиген жас
ботадай боздап жүрген шағыңда, қуанышың демейін, жұ ба-
ны шың бола алдым ба? Мен осы жасымда көр соқырды да,
көзі бар соқырды да көп көрген жан едім, солардан талай тар
кезеңде таяқ жеген ағаң, адалдықтың арқанына буы нып өлуді
379
мақсұттаған. Кейде томсарған жүзіңе қарап тұ рып, құдайым-
ау, екі құлағын, тілін қол-аяғын ал, бірақ кө зін де не құның
қалып еді деп іштей қынжылушы едім. Бақсам, оным – сені
аяудан туған мантырақ ойлар екен. Егер сенің кө зің сау бол-
са, табиғат бір басыңа осыншама сұлулық пен ас қан ақылды
үйіп-төге салмас еді-ау. Бұл жалғанда мұңы жоқ пенде бар
ма, қайсысының дерті сыртында, қайсысынікі ішін де. Кейде
сенің жаныңда отырып, тағдыр бұйрығына ырық бермеген
қайратты ажарыңнан оқта-текте елес беріп өтер – өлім елесін
аңғарып қа лып, алаңсыз көңілім мұздап сала бе ре тін. Іле
сенің жарық əлемге ынтызар күлкің-ақ əлгі сескеншек ойым-
ды санамнан қызыл табан қылып айдап шы ға тын. Бірақ өзің
туралы мəрмəрдан қаланған сыңғыр пікір – ниет маған жа-
зып қалдырған хатыңның құрмалдығында кет ті. Сені поезға
шығарып салып, сол бір баяғы қара қостың есік алдында оты-
рып, ауыр да ақылды хатыңды оқып шық қа ным əлі есімде.
Тағы да жылымық! Қара қос. Бұл жолы жалғызбын.
«…Со нымен, аға, сізбен де қоштасып барамын. Отыз жыл-
ға бергісіз отыз күн өте шықты. Сіз ойлағандай, бұ ған де йін
жүдеген жүрегім түлеген жоқ, қайта өзімді-өзім ескі, мың
жыл бұрын қирап қалған қорғанның арасынан тауып ал ған-
дай, мəңгірген күйде аттандым. Сіз, аға, өзіңізді тым жақ-
сы, ережедегідей тəртіпті ұстадыңыз, бұл сіз үшін үлкен
сы нақ сықылданғаны рас: артық сөз, оғаш қимыл жасамай,
өз-өзіңізді тура бір ай тұтқында ұстады ңыз. Шынымды ай та-
йын, дəл осы ғадетіңізге жат мінез-құлқыңыз тіпті де ұна ған
жоқ. Алғашында аң-таң қалған басым артынша ай ны ған дай
еді. Неге? Мен сізді соңғы бір аптада жек көріп кеттім. Ма-
ған сіз өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздейтін көн те рі леу
болып көріндіңіз. Ең өкініштісі сол – он екі мүшесі сау адам
380
жалғанда мүгедектің шын сырын, шын қайғысын тү сін бей ді
екен, түсіндім де гені – аяу сезімінен аса алмайды екен. Ал
біздерге тіпті де өзгенің мүсіркеуі мен жанашырлығы қа жет
емес-ті. Оны мен талай рет ескерттім де. Ең өкініштісі сол –
мені бəрібір мүгедек деп қабылдағаныңыз, ой-санаңызда осы
ұғым нардай шөгіп басып жатты. Сондықтан да тау басын-
да тұрғанда немесе дачада оңаша жатқанда, тым бол ма ған да
ерніме ерніңізді тигізуден жасқандыңыз, жоқ дегенде жас ба-
лаша еркелете алмадыңыз. Естияр адам болсаңыз да менен,
яки соқырлығымнан қорықтыңыз. Ағымнан жарылайын –
ағымнан жарылайыншы, ұстаған жерінен ағаш та сынбайды
ғой, соншалықты сақтанғанда мені сақтап қалам де ді ңіз бе?
Əттең, шіркін, екі көзім шырадай жанып тұрса, құ лым бо-
лып қолымнан ұстап өтер едіңіз, бас салып аймалар еді ңіз,
жабысып қалатындай құтылғанша асыққаныңызға қай ран
қаламын. Жұрт не десе де, мен де екі аяқты, жұмыр бас ты
пендемін. Көлденең өткен көп аттыға болмаса да, мың нан
бірдің құрбаны, садағасы болуды тілемейді дейсіз бе? Сіз
мені, аға, басқаға, сіздің қолға су құя алмайтын жатқа қор
қылдыңыз, сондықтан да суық сезіммен аттандым. Шыным-
ды айтқаныма кешіріңіз, əйтпесе табиғат бізді неге жарат-
ты? Егер менің қолымнан өзіңіз емес, тым болмаса сіз ден
туған балаңыз жетелеп жүрсе – одан артық бақыт бар ма еді,
аға! Міне, сондықтан да дені сау адам əрқашан да өзін ар-
тық санайды, аялауының артында аяуы тұрады, тіріде се рік
болудан тайсақтайды. Иə, сонымен өз рөліңізді өте тамаша
образға кіріп ойнап шықтыңыз. Дініңіз берік екен. Бұл ме нің
өкпе-назым ғой. Ал, айтпағым: сіз, аға, маған елітіп кө ңі лім-
ді қимай өтірік армандадыңыз, өтірік қиялдадыңыз, өті рік
күрсініп, өтірік күлдіңіз. Неге? Сіз аға, үлкен рес то ран дар-
381
ға өте мəдениетті, сыпайы қызмет көрсеткен даяшы се кіл-
ді болдыңыз. Неге? Өйткені өз жүрегінің əміріне ба ғын бай,
үйретілген маймылша секіріп билеп, жағына беру, жақ-
сы кө рін бек ке əрекеттене беру – аққа қара басқандай оғаш
кө рі не ді екен. Əрине, мен сізді қысқа да қиын ғұ мы рым да
əнге қосып өтпесем де, қиялымда əлдилеп өтермін. Сіз құр
атқа мініп, тым асыға желіп бара жатқан жолаушысыз. Ме -
нің жанымнан да зу етіп өте шықтыңыз. Сонда қайда, қай да
асығасыз, соншама асыққанда асар асу, шығар биігіңіз бар
ма? Білем, оған кінəлі тіптен де сіз емессіз, қазіргі ға сыр-
дың өзі асығыс. Сонда менің есіме: «Жолаушы, атың се міз
желе-тұғын, көз бар ма мен байғұста көре-тұғын», – деген
халық өлеңі оралады. Осы əнді сан-сан қайталап тұ рып, сіз ге
тек ұзақ сапар тілеймін. Бəлкім, менің бұл хатым ауыр тиер.
Ал маған жеңіл дейсіз бе? Сонымен, аға, мені мəңгі тү нек,
мəңгі түн ажал аралына қайта апарып тастадыңыз. Бас қа-
ға қызық үшін айтар əңгімеңізге арқау бола алсам жарады
да. Тууы мен өлуі бірдей адамның бір-бірінен артықтығы
кəне, тек осыны ұқсаңыз болды. Сондықтан да соқырлар
өлім мен өмірге жасқанбай тура қарай алады. Əлдеқайда
жа ман дық пен жақсылықты бұрын көрер еді. Мен сізді аяй-
мын, аға. Сау соқырлығыңыз үшін, тым-тым романтикаға
бе ріл гіш, шындықтан бұғып қалар жуастығыңыз үшін, өз
тə бе ті ңіз ге өзіңіз жем тауып бере алмайтұғын осалдығыңыз
үшін аяймын. Сіз менімен бірге Тасбөгеттің басында жы-
лы мық қа шуақтап қалғып-шұлғып отырғаныңызда, талай-
талай есеңізден құр қалдыңыз емес пе? Жылымық деген
жақсы, егер бұл табиғаттың бораны соғып, жаңбыры жау-
май тұрса, бірақ одан да жалығар едік қой. Асылы ер адам ға
жылымықтан гөрі ақырған аяз, ақ нөсерлі өмір жарасар. Егер
382
енді бір ай бірге жүрсек, бір-бірімізден қашып əрең құ ты лар
едік. Дүниеде құнын жоймайтын нəрсе жоқ, сондықтан да
бəрінің құны бірдей. Тағы бір байқағаным, қазіргі тұр мыс-
халіңіздің асығы алшысынан түсіп тұрмаған-ау дей мін... Сіз-
дің жаны ашыған сезіміңізден екі есе артық аяушылық сə ле-
мім ді жолдаймын. Көзіңізге қараңыз, аға! (Жанар)».
Бұл сөзді қайдан естідім деп көп ойландым. Қыр сық қа
тол ған хатыңды қара қостың жапсарына қыстырып кетпек-
ке бекіндім де, іле бұл ойымнан қайтып, төрт бүктеп қал та -
ма салдым. Сол аспан, сол күн, сол тау, сол жылымық. Бі-
рақ бəрі-бəрі басқаша, өзгеше жат, өзгеше суық, жек көре,
жиір к е не қараймын. Ғажабы сол, мен осы күннен бастап
«Жы лы мық» атты суретке деген сүйіспеншілігімді жо ғалт-
тым. Мүл дем ге жоғалттым. Қабырғада қағулы, санаторийдің
бөл ме сін де қал ды. Түнде қала бейнесіне қарап тұрып, мы-
нау жар қы ра ған қазанда адам қайнап жатқандай, сен айт қан
адам ның иісі содан шыққан қоңыстай сезілді. Иə, сұ лу лық,
та за лық туралы ұғым, түйсігіме төңкеріс жасаған ха тың ды
бой тұ мар ғып əлі тағып жүрмін. Бір қызығы, дəл се нің ха-
тың ды оқы ған күн нен бастап, бұрынғы бойымды өзек теген
бо саң дық пен ынтызар көңілдің ынжықтығын сылып таста-
дым да, бұ рын ғы дан көш ілгері тұрмыс құрып, мəре-сəре ғұ-
мыр ке шу де мін. Мені байлыққа – бақытқа бас та ған өзің едің.
Япыр-ау, көзіңе қара деген сөзді тағы бір рет естіп едім
ғой. Е... е... есіме түсті.
Мен сені поезға мінгізіп тұрғанда, темір баспалдақтан
көтеріле берем деген қара бұжыр, май желке ағаңның ая ғын
басып кеттің. Сонда ол бұлқан-талқан ашуланып:
– Ей, қыз, соқырмысың! Көзіңе қарасаңшы! – деп еді-ау!
Мүмкін, нағыз адам сол шығар...
МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім
АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ
Бастау .............................................................................. 4
Апамның астауы ............................................................. 6
Бес тиын ........................................................................ 21
Биғаң .............................................................................. 30
Иғаң ............................................................................... 36
Қасқыр ұлыған түнде... ............................................... 42
Қияли ............................................................................. 59
Көк тайынша ................................................................. 64
Күлпəштің ұршығы ...................................................... 74
Құлашаның шоты еді ................................................... 83
Құмар қол бұлғапты ..................................................... 92
Маңдайдан бағың шайқалса ........................................ 99
«200 грамм энергия» .................................................. 111
Мəшəбинə ................................................................... 116
Тоқадан қалған тұяқ ................................................... 122
Тортай мінген ақ боз ат .............................................. 129
Іздегенін тапты ма? .................................................... 138
Екінші бөлім
ƏҢГІМЕ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
Дос сыры ..................................................................... 148
Шұғыла ....................................................................... 159
Қамшыгер ................................................................... 171
Бура .............................................................................. 190
Кербұғы ....................................................................... 208
Жесірлер ...................................................................... 226
Жасын .......................................................................... 268
Ардақ ........................................................................... 298
Сарыарқаның жаңбыры ............................................. 330
Жылымық ................................................................... 354
« Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының
президенті Дидахмет Əшімханұлы
Оралхан Бөкей
Шығармалары
4-том
Əңгімелер
Редакторы Күнімжан Ерлепес
Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбет
Суретшісі Бауыржан Байділда
Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова
ИБ № 128
Теруге 10.05.2013 ж. берілді. Басуға 17.06.2013 ж. қол қойылды.
Пішімі 84×108
1
/
32
. Қаріп түрі «Times New Roman».
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
Абай даңғ. 143, 517 бөлме
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нда басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
« Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы.
Тапсырыс берушінің файылдарынан
Достарыңызбен бөлісу: |