Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

ДОС СЫРЫ 
Біз қостан шыққанда ымырт жабылып, қас қарая бас та-
ған  еді.  Жайлаудың  шыбын-шіркейсіз  қоңыр  салқын  кеші 
жанға өзгеше жайлы. Күндізгі ызың-шудан беймаза бол ған 
тау сілебелері самал лебіне бетін төсеп үнсіз тұр. Ұзақ жол 
жүрген күн батысқа ақ жолақ орамалын қалдырып кетіпті.
Ирелеңдей қашқан тау жолымен көтеріліп келеміз. Құ ла-
ғын  кезек  қайшылаған  аттар  солқылдата  аяңдап,  бастарын 
шұл ғиды.
Біз  екеуміз.  Жанымдағы – менен  екі-үш  жас  үлкендігі 
бар, қой көзді, қара бұйра шашты, өңді жігіт. Біз шығып келе 
жат қан таудың арғы етегінде қой бағады. Күндіз бізбен бір ге 
шөп үйісті де, мені қоярда-қоймай «біздікіне қон!» деп ер тіп 
шық қан беті еді. Ат терлетіп алыс жер болмаған соң, іле сіп 
ке тіп едім. 
Міне, тау үстіне шықтық. Бұл сəтте Қосжүректің иы ғы-
на бізбен бірге ай да шықты. Шықты да, əлгіндегі ер кін дей 
бастаған  қараңғылықты  тау-таудың,  ағаш-ағаштың  тү бі не 
түре қуып тастап, жайлауды емін-еркін өзі билей бастады. 
– Əне, – деді Алтай, жылтыраған отты көрсетіп, – ме нің 
отау үйімнің оты. Жеріміз тамаша емес пе, ə, достым, қа ра-
шы... Айлы түніміз, айдын көліміз, алты жүз төліміз бар, – 
деп термелеп кетті. 
Алтай  киіз  үйін  сопақ  айна  секілді  көлдің  жағасына  ті-
гіп ті. Көл өзгеше əсемдікпен кербездене керіліп жатыр. Тол-
қы ны  ай  сəулесімен  шағылысып,  жалт-жұлт  етеді.  Тесіле 

149
қа ра ған ару ай айдын көлден өз дидарын көріп тұр. Үп ет-
кен самал көл бетіне маржандай ұсақ толқынды оқыс төсеп 
ке те ді.  Қотан  шетінде  қарақшы  ербиеді.  От  басында  біреу 
қа раң дайды. 
Біз  қойларды  үркітіп  алмас  үшін,  дыбыстай  келдік.  Ал-
дымыздан  арсалаңдай  шыққан  Аламойнақ  «мұнысы  кім?» 
дегендей.
– Туу, Алтай, неге мұнша кешіктің? Мен шошымайды де-
дің бе? – деп, Алтайға еркелеп алды да, менімен сыпайы ғана 
есендесті.
–  Жүр,  Асқар,  үйге  кірейік.  Кəне,  Күмісайым,  неменең 
бар, қамда! – деп Алтай жітімерлетіп жіберді де, киіз үйге 
беттеді.
Қосжүрек етегіне тігілген қос жүрек мекенінің есігі ай қа-
ра ашылды. Ортададағы ошақта от маздап, жалынымен қа-
зан ды жалап тұр. Бұлқ-бұлқ қайнап, қазаннан шыққан ет  тің 
иісі мұрынды жарып барады. Төр алдында жайласып Алтай 
екеуміз  отырмыз.  Ас  қамдап  Күмісайым  жүр.  Анда-санда 
кү лім сі рей  қараған  көзінде  əлгіндегі  айдын  көл  секілді  бір 
көр ген нен  өзіне  тартар  əдемілік  əсер  бар.  Үлкен  қара  көз, 
от сəулесімен шағылысып, тіпті əсем көрінеді. От қы зуы мен 
ал қы зыл дан ған екі беті күлімдеп шығып келе жатқан күн ді 
есіңе түсіреді.
Алтай  есіктен  басын  шығарды  да,  қатты  бір  ысқырып 
қой ды. Мұнысы ит-құсқа сілтеген айбыны еді. Лаулап жат-
қан ошақ та ғы отқа тесіле қараған күйі ол өз басының сырын 
əң гі ме ғып бастай берді:
– «Өткен күнде белгі жоқ» деген мақал бар. Бірақ бұл дұ-
рыс емес қой деймін. Өткен күннен бір жайларды айтып бе-
ре йін. Тыңдайсың ба?

150
– Əрине.
Сегізінші  класты  бітірген  соң-ақ  оқымай  қойдым.  Кім 
білсін, жастықтың əсері ме, əлде басқа ма?
Əкем «оқымасаң, қой бақ» дегеннен басқа тіс жарып, еш-
те ңе  демеді.  Содан  бір  жыл  əкеммен  бірге  қой  бақтым  да, 
ке ле сі жылы трактор курсына түстім. Алты айлық курс алты 
күн дей де болмады, оны да тауыстым. А дегенде маған се ніп 
трактор  берген  жоқ,  көмекші  болып  жүрдім.  Кешікпей  сол 
қара тұлпардың өзіне де міндім-ау.
Менде  ол  кезде  бөтен  тілектен  аулақ,  тек  еңбекке  деген 
қызығу  ғана  бар  еді.  Махаббат  арқаны  мойныма  ілін бе ген. 
Сөйтсе де, ол шіркіннің ауылы тым алыс екен. Он то ғыз деп 
аталатын төбенің ар жағынан түтіні шығып қалып жүрді.
Ойлап қарасам, осы ауылға қоңсы қонатын уақыт жеткен 
секілді. Адамның бір аттамай адасып, ессіз есейіп ке те ті ні 
бар  ғой.  Оныншы  класта  оқитын  Еркежан  дейтін  қыз  бар 
болатын: көңіл шіркін соны сүйіп қалғаны бар. Неге еке нін 
өзім  де  білмеймін,  сол  мені  магнитше  тартады  да  тұ ра ды. 
Бұл менің жүрегіме тиген тұңғыш түрендей болды. Жүр сем 
де, тұрсам да, көзімді тас қып жұмсам да Еркежанды кө рем. 
Апырай, адамның кейде өститіні бар-ау!
Ауыл қыздарының ішіндегі сорпа бетіне шығары да осы 
көрінді. Ептеп хат жазып едім, тулатып алдым. Өзімнен де 
бар,  хатымда  Абдрахманның  Шұғаға  жазған  хатынан  өлең 
келтіріп, өзім жаздымды аңғартқам. Оны сезген қыз: «Өлең 
ұрлаған  адам  махаббатты  да  ұрлайды»  деп  жауап  жазып 
жіберіпті. 
Бір рет кинода қатар отырдық. Мен өзімді өзгеше ба қыт-
ты сезіндім. Бір кезде осылай отырудың өзі қол жетпес арман 
еді. Бар мықтағаным, кино көрінбейді деген сылтаумен, ба-

151
сымды оның басына тигізіп қоямын. Өзім де нашармын-ау, 
əйт пе се  Еркежанның  маған  деген  ілтипаты  тым  теріс  емес 
се кіл ді.  Деміміз  тоғысып,  басым  басына  тиген  кезде  қым-
сын ба ды ғой. Сезіктеніп, сескенсе, кет əрі демес пе еді. Ба-
ға на ғы қайрап-қайрап жіберген Кеңестің сөзі қам шы болып, 
«қы дыр сақ қайтеді?» дедім, үстіңгі ернімді тіс те леп. Ой, да-
ри ғай десеңші, Еркежан жымиып күлді де: «Мұ ға лім дер кө-
ріп қойса қайтеміз?» дегені.
Иə, маған біртүрлі батылдық бітті. Біз сөйтіп тұңғыш рет 
қыдырдық.  Ауылдың  кең  де  мерейлі  дархан  даласы,  қара 
мақ пал дай түні бізге ұшпақты еркіндік берген еді. Күнəден 
де, кінəден де пəк жүрегіміздің соғысы бір-бірімізге естіліп 
ке ле ді. Алғашқы сыр тартысып сырласқанымыз осы бол ға -
ны мен, көп жайларды айтыстық. Бұл кеш екеумізді бір-бі рі-
міз ге соншалықты ынтық етті. Еркежан мені ұнатады екен. 
Күн  бұлтты,  пəлендей  əсер  берерлік  əсемдігі  жоқ  бола-
тын. Əдетте жазушылардың адам көңіл күйіне байланысты 
та би ғат ты жылатып, не жұбатып алатыны бар ғой. Бірақ ма-
ған осы бір аспанды бұлт басқан айсыз қараңғы, желі жай-
сыз түн өзгеше бақыт, ерекше шаттық бергендей еді...
Алтай  есіктен  басын  шығарып  тағы  бір  қатты  ай қай ла-
ды  да,  қарауыта  бастаған  отқа  бірер  бұтақ  тастап  жіберді. 
Ала көлеңкелене бастаған үй жап-жарық болып кетті. Кү мі-
са йым осы бір əңгімені бұрыннан-ақ білем дегендей, онша 
тұ рақ тап  тыңдаған  жоқ,  кіріп-шығып  əр  нəрсенің  күй бе ңі-
мен жүр. Алтай алаулай жанған отқа тесілген күйі сөзін жал-
ғас тыр ды:
–  Алғаш  жүрек  құйынын  соқтырған  Еркежан  он  жыл-
дық ты бітіріп, оқуға аттанатын болды. Мен оны күйіне де, 
сүй сі не де шығарып салдым. Күйінетінім – онымен бұ рын-

152
ғы дай жиі ұшыраса алмайтыным. Оны қойшы, мен оған «он 
жыл дық ты  бітірген  соң  қосылайық,  сен  сырттан  оқисың» 
деп қолқа салғамын. Ол көнбеді. Сүйетінім – кетерде жақсы 
ті лек пен, игі ниетпен аттанды. Қоштасар сəтте: «Мені тос, 
Алтай!  Адал  махаббатымыздың  ала  жібін  аттамаспын», – 
деп қиыла айтқан. 
Иə, ол сонымен кетті. Адамның кейде бір əкең де, ше шең 
де  емес,  ала  бөтен  бағзы  біреуге  ынтығатыны,  жанындай 
жақ сы көретіні қызық-ақ. Еркежан кеткенде мен жү ре гім нен 
ел көшкендей болып жүрдім. Бірақ мен Еркежанның бұл ке-
ті сі біз үшін тым баянды бақыт болмайтынын сезбеген едім. 
Бір жылдай хат жазысып, қиюымыз қашпай жақсы жүр-
дік. Келесі жылы мен суық тиіп ауырып қалдым. Бір өзі міз-
дің ауылдың ауруханасында жаттым, сосын қалаға жі бер ді. 
Менің ауруым бара-бара асқынып, құлаққа түрпідей тие тін 
өкпе ауруына айналды. Жаңа Гаваньдағы тубдиспансер мені 
бел  баласындай  күтті.  Емдеген  дəрігерлеріме  əмі се  рақ ме-
тім ді  айтамын.  Ауруханаға  түскен  соң,  бір  жұма дан  ке йін 
Еркежан келді.
– Əурe болдым, мен секілді көксау енді кімге керек! – деп, 
өмірдің күнгейінен күдер үзіп, қайғы мен қорынудың бұл ты 
үстемдік құрып тұрған сəтте жарқ етіп келе жатқан Еркежан 
дүр  сілкіндіріп  түлетіп  жіберді.  Болашақ  жарым,  көп  жұл-
дыз  арасындағы  туысы  бөлек  шолпаным  болған  Еркежан, 
палатадан  шыққанда,  есік  алдында  тұр  екен.  Достым-ай, 
өзің ойлашы, туберкулез дегенді сау адам естігенде не күй-
де болатынын. Өзің ойлашы, тамам көксаулардың арасында 
еліктің лағындай мөлдіреген қыздың мені іздеп келіп тұр ға-
нын. Өзің ойлашы, бұл өкпе ауруы тəнді ауыртпайды, жанды 
қи нап, жүрегіңді ауыртады емес пе! Өзің ойлашы...

153
Шу дегенде, ол дір етіп қысылып қалды да, іле-шала кү-
ліп жіберді. Көптен көрмегендікі ме, екеуміз де құ мар лық-
пен тоятсыз қарастық.
Сол кез есіме түспеуін тілеуші едім. Пенде боп жа ра тыл-
ған соң, тағдыр тауқыметін көтеру міндет секілді. 
Май  айының  жайма-шуақ  күні.  Аспанда  теңгедей  бұлт 
жоқ. Ағаш гүлдеп, көк шығып, Өскемен көктем құн да ғын-
да ерекше сұлуланып тұрған. Осынау көктем мені де өз қы-
зы ғы на ортақтастырып жүрген-ді. Сырқатымның беті бері 
қа рап, жұрт айтатындай, мысқылдап шыға бастаған еді. Ау-
рухана  сорған  бетім  бозарып,  өзімді-өзім  танымастай  өз-
гер гем.  Менің  ермегімнің  көбі – бақ  ішінде  отырып  кітап 
оқу.
Сенбі күні болатын. «Мөлдір махаббатты» құмарта оқып 
отыр  едім,  жанында  маған  бейтаныс  жолдас  қызы  бар  Ер-
кежан  келді.  Жанындағы  қыз  маған  тұнық  қара  кө зін  кең 
ашып, бір қарады да, ұзын кірпіктерімен көлегейлей қой ды. 
Мен де елти қарап қалсам керек. Еркежан:
– Неге таныспайсыңдар? – дегенде бір-ақ есімді жи дым. 
Қыз қасыма жақындады да, қолын созып:
– Күмісайым, – деді. 
Бір сағаттай отырып қалдық. Көп отыруды өзім қа ла ма-
ған едім. Өйткені булығып, жөтел қысып кеткенде жаным-
ды  қоярға  жер  таппай  қысыламын.  Бір  рет  шыдай  алмай 
күрк-күрк жөтелдім де, оң жақ кеудемді басып боп-боз боп 
отырып  қалдым.  Бағанадан  бері  жарқ-жұрқ  етіп  отырған 
Ер ке жан ның өңі кіреукелене қалды. Күмісайымның жү зін-
де бір түрлі аяныштың табы бар еді бұл шақ. Олар қай тып 
кет ті. Байқаймын, Еркежанның өңі сынық. Күмісайым ке-
те рін де:

154
– Тез сауығыңыз, – деп алғаш қарағандай мағыналы нұр-
ға толы көзімен өткір бір қарады да, осы көздің сақшы сол-
даттары тəріздес ұзын кірпігімен жаба қойды. 
Мен  олардың  қарасы  үзілгенше  қарап  тұра  бердім.  Ер-
кежан бұрылып қарай ма деп едім, қараған жоқ, тек Кү мі с-
айым ғана мойнын əнтек бұрған еді. Міне, мен Кү мі са йым-
мен алғаш осылай танысқан едім, – деп Алтай əңгімесін бір 
қайырып тастады. Əңгіме осы тұсқа аялдағанда Кү мі са йым 
өрттей боп қызарып кетті де, Алтайға:
– Мен қойды күзете берейін, – деп киіз үйден асыға басып 
шығып кетті.
–  Шіркін,  өмірде  өзің  біреуді  есің  кете  сүйіп,  бірақ  ол 
сүй мей кетсе, одан бақытсыз не бар екен? Мен Еркежанды 
ерекше жан деп бағалап, шын сүйіп едім. Оның өмірін кешу, 
ыр қы на көну дегенге ойым тірелсе, сол ойымның құлы бо-
латынмын.  Беташар  махаббатымның  артынан  мұрнын  тес-
кен тайлақтай желуім хақ еді. Мен оған құмар едім. Еркежан 
да сүйетін секілді еді. Амал не, тағдыр шілəпісін теріс киіп 
кетіпті  ғой.  Ой,  досым-ай,  бұл  махаббат  дегеннің  өзі  ұс та-
ра ның жүзінде тұра ма деймін. Жə, қойшы, Еркежаным сол 
кеткеннен қайырылмады. Күндер зулап өте берді. 
Бірде ой тұңғиығына батып жатқанымда кезекші сестра 
келіп:
– Қарындасың шақырып келіп тұр, – деді. 
Төсектен атып тұрдым. «Япырау, бұл кім?! Менің қа рын-
да сым  Өскеменге  қайдан  келді?  Еркежан  ба?  Бірақ  сестра 
оны танитын. «Қызың сұлу екен» деп қалжыңдап жүретін-
ді. Жалаң аяқ, жалаң бас шыға келсем, қарақаттай көзі жау-
ды рап  Күмісайым  тұр.  Ол  маған  тура  қарай  алмай,  басын 
піс кен алмаша ие берді.

155
–  Сіздің  Еркежан  берген  мына  кітабыңызды  əкелдім. 
Жəне  Еркежан  бір  записка  беріп  жіберіп  еді, – деп  баяғы 
«Мөл дір махаббаттың» арасын ақтара беріп еді, таза махаб-
батты лайламаймын дегендей, Еркежанның хаты сусып тү-
сіп кет ті. Жүрегім атша тулап, хатты ашып жібердім. Денем 
тоқ соққандай дір-дір етеді. Бұл хат əлде нендей белгісіз се-
беппен үнсіз кеткен Еркежанның бүркеулі жұмбақ сы ры ның 
кілті болды. Ол қысқа ғана былай депті:
«Алтай өткен өмірді ұмытайық. Ренжімессің, мен əрі ой-
лап, бері ойлап, сенімен бірге бола алмайтыныма көзім жет-
ті. Мен өз бақытымды табамын. Хош! Еркежан».
Еркежанның бұл қылығына қатты қапалансам да, көп тен 
бергі зіл боп басқан ауыр ойдан жеңілдегендей, еркін тыныс 
алдым. Дүниеде не ауыр десе, тұманданған ой ауыр дер едім. 
Кім біледі, оныкі дұрыс та шығар, мен аурумын ғой. «Ауру 
адаммен қалай бақытты тұрмыс құрам» деген де. Жас өмір 
өксімесінші.  Мен  оны  кінəламаймын,  кінəлі – ауру.  Бі рақ 
бір жапырақ суық қағазы менің «Еркежан» деп ел жі ре ген ет 
жүрегімді мұздатып, тауын шағып-ақ кетті.
Күмісайым мені аяйтын секілді. Қос жанары мөлт-мөлт 
етеді. Ол менің жанымда ұзақ отырып, əр нəрсені айтып күл-
ді ру мен болды. Бүгін өзі өзгеше ашық-жарқын, бір нəр се ге 
қуанышты секілді. Жүзінде жылылық сақтап тұрған өз ге ше 
бояу бар. Салиқалы қимылы, мағыналы нұрға толы, жұм бақ-
ты мол сезіммен қараған үлкен қара көзі тілсіз сəлем жол да-
ған дай күмəнсіз қарайды. Иə, оның жаны сұлу еді.
...Күндер өте берді. Адамның реніші тамшыдан жиналып, 
шарасынан  асып  төгілетіні  бар  ғой.  Жүрегім  ау нақ ши ды, 
өрекпиді.  Еркежан  өзімен  бірге  оқитын  жігітке  шы ғып ты, 

156
деп естідім, Күмісайым күн сайын келіп, көңілімді аулап ке-
те ді. Келген сайын жүдеу көңілім алай-дүлей болатын. Ме-
нің жүрегімде күйік те, үміт те, азап та, қуаныш та бар. Кү-
йік – өткенге өкіну, азап – қазіргі сəтім, үміт – бел гі сіз қы лаң 
беріп келе жатқан Күмісайыммен арамыздағы үн сіз дос тық, 
қуаныш – мені де елеп-ескерер жан бар екен ғой деген ой. 
Өстіп жүріп, талай күндер өтіп кетті. Күмісайыммен ара-
мыз да ғы достық шетінемеген, қайта беки түскен. Бір сəт ер-
те ңі ме көз жіберіп қарасам, осы бір тар кезеңде болған мық-
ты достық келе-келе шынайы махаббатқа ұласатын се кіл ді. 
Күмісайым əр келгенінде маған үнсіз телміріп қа лу шы еді. 
Үнемі мен бір нəрсе айтса екен деп тұратын. Бай қай мын, ол 
мені  ұнатады.  Бірақ  өз-өзімнен  қорынған  мен  Кү мі са йым-
ның жүрек толқынысына ортақтаса алмадым. «Аузы күй ген 
үріп ішер» деген емес пе, запы болып қалсам керек. 
Бір  күні  дəрігерден  сұрап  Күмісайыммен  ұзақ  қы дыр-
дым. Түн болатын. Қазан түбіндегі тоңмай секілді дөң ге лек 
ай  көк  төсінде  самарқау  жүзіп  барады.  Дыбыс  саябырлап, 
қала тыныс алғандай еді. Тек баған басындағы электр шам-
дары  ғана  аспан  жұлдызымен  таласа  жымыңдайды.  Айға 
қар сы қарап тұрған Күмісайымның ақ бетіне ойнап шыққан 
қы зыл қан, қыз көңіліне бүркеулі шынын, терең сырын əй-
гі леп қойды. Бір нəрсе айтайын деп айта алмай, біресе қо-
лын да ғы жапырақты жұмырлап, біресе туфлиінің тұм сы ғы-
мен жерді шұқылайды. Мен үнсіз тұрмын. Шиыршық ат қан 
асау  ойлар  кезек-кезек  құлағыма  келіп  ызыңдайды.  Бір  ой 
кеп: «Үп еткен желге ұшатын жеңіл-желпі сүйем де, кү йем» 
дей салу оңай. Ол сөзден опық жедің емес пе. Қой, Алтай, 
көзді жұмып көлге секірме. Күмісайым да Еркежан се кіл ді 
бір  күні  жалт  берсе  қайтесің»  дейді.  Енді  бір  ойым: «өзің 

157
сүйгеніңді, өзі сүйгенді ал» деген. Ол сені сүйеді. Сол се нің 
өмірлік пəруəнə серігің», – деп мазалайды. Алай-түлей кө-
ңіл,  арпалысқан  жүрек.  Дыз-дыз  еткен  сезім.  Бəрін  көрген 
тө зім. Япырау, не деймін мен оған. Əттең-əттең... Аурулық... 
Қырылысқан  қиян-кескі  ой  бұғалығында  тұрған  мені 
Күмісайым үні селт еткізді:
– Алтай!
– Ау!
– Мен... Мен сені ұна...
–  Жоқ,  жоқ,  айтпай-ақ  қой.  Айтпа.  Керек  емес.  Білемін 
ғой. Сеземін. Сезіп жүргем де. Менде де жүрек бар емес пе? 
Бірақ...
Маған  алты  ай  ауырғаннан  алты  минут  ауырған  қат ты 
тиді. Ең қатты ауру – жан ауруы екен. 
– Күмісайым!
– Ау!
– Мен... Мен сырқат...
– Жоқ, жоқ, айтпай-ақ қой. Алтай, айтпа. Керек емес. Бі-
ле мін ғой. Бір күн болса да медучилищеде оқып жүрмін, ме-
нен жақсы түсінетін ешкім жоқ шығар. Менде де жүрек бар 
емес пе. Менде де махаббат бар емес пе?! – деп, булығып кеп 
басын төсіме қойды.
Көзіме жас үйірілді. Менің бұл көз жасымды еркін жүз-
ген  айдан  басқа  ешкім  де  сезген  жоқ  еді.  Сезбей-ақ  қой-
сын шы. Бұл жас – өткенге өкініш жасы. Міне, досым, «өзің 
сүйгеніңді,  өзі  сүйгенді  ал»  деген  халық  сөзінің  да на лы ғы 
осында екен... – деп əңгімесін аяқтады Алтай. 
– Содан кейін...
–  Одан  кейін  не  болсын.  Бұдан  кейінгі  өмірдің  же міс-
ті  дəм-тұзым  татып,  Қосжүректің  бауырына  тігілген  қо сы-

мыз ға  түнегелі  отыр  емессің  бе?!  Дəрігерлердің  емі  маған 
шипа болды, мен сауықтым. Бір адам – бір адамның сақ шы-
сы. Күмісайым мені, мен қойды бағам. Мен де көңілдімін, 
қой да аман! – деді де ол орнынан тұрды. – Досым, алаң сыз 
ұйық тай бер, біз Күмісайым екеуміз қой күзетеміз, – деп Ал-
тай шығып шығып кетті. 
Міне,  баяулап  бастаған  тəтті  əуенді,  асқақ  əуезді  əн  қа-
лық тап мұнарланған тау үстінде дірілдеп тұр. Бұл əн «өзі сү-
йіп»  табысқан  екі  жастың  жарасты  өмірлерінің  айғағы  еді. 
Екі жастың сырлы əніне тербеліп көзім ілініп, көкірегім тəт-
ті сезім тұңғиығына шомып кетті. 

159
ШҰҒЫЛА
– Мұқа-ау, Мұқа! Аттарды шешсек қайтеді. Күн ең ке йіп 
қал ды ғой.
– Др... р... р... р... Жамандатқыр шағырқасқаның болды-
рып қал ға нын көрмеймісің жекпей жатып-ақ. Осымен до ғар-
сақ дейсің бе? Мына қалған жерді шауып тастамадық па...
– Жə, қойшы соны. Ертең де күн бар ғой. Жауын жаумай, 
жылқылы ауылға барып қайтайық та.
– Бригадир бұрқырап жүрмесе...
– Əй, Мұқа-ай, бұрынғыдай емес, жасқаншақ болып кет-
ке н бі сің, қалай. Нормаңды асыра орындадым. Қы ла ты ның-
ды қылып ал деп шалқаңнан түсетін тентектігің қайда?
– Шешсек шешейікші. Менікі тиын-тебен болсын деген 
ғой, бауырым. Сен секілді сүр бойдақ емеспін, бала-ша ғам 
бар, көк қарын қолға қарап отырған. Др... р... р... Апрым-
ай, осы кер дөненнің бас асауы басылмай-ақ қойды. Құр... 
р...  р...  деймін.  Əй,  Нұрлан,  ұсташы  мына  иттің  басын. 
Ана жолы еңіреп жүріп тапқан ерімді шағып едің, енді қа -
мыт-сайманды бүлдіргің келіп тұр да. Құр... р... р... ой, ит. 
Əкетті.
Мұқтар əбзелді сыпыра берем дегенде, кербесті басын ке-
кең еткізіп оқыс тартынып қалды. Сағалдырығы са лын ба ған 
жүген  бестінің  басынан  сыпырылып,  Нұрланның  қо лын да 
қала берді.
–  Əп,  бəлемді.  Нұрлан!  Шық  алдынан.  Қайыр!  Қас қыр 
же гір, бабыңды табармын ұстасам.

160
Мойнына ілінген қамыттың салпылынан үркіп, есі шық-
қан жас ат құйындай ұшырып лаға жөнелді.
– Ой, енді ол ұстатпайды.
– Оттама! Бір көрген асауым бұл емес. Əуселесін бай қа-
йын мұның. Қалған атты шеше бер. Мен əлгі арам қат қыр-
ды тырағайлатып əкелейін. Ерді сындырғаннан бері ашуыма 
ашутастай  тиіп  жүр  еді,  көзіне  көк  шыбын  үймелетіп... – 
Мұқтар əдетінше тісін шақыр-шақыр қайрап-қайрап жі бер-
ді.  Оқшау  күтімге  алып,  мініс  атым  деп  жүретін  қа ра кер ге 
қар ғып мінді де, қуып берді қашағанның соңынан.
Нұрлан  аттарды  шешіп  те  үлгерген  жоқ,  кербестіні  қа-
ра гер дің  бауырына  алып,  сабалап  келе  жатқан  Мұқтардың 
қа ра сы  қылаң  берді.  Кербесті  байғұс  əбден  болдырған.  Ақ 
кө бі гі  шығып,  пыр-пыр  етеді  танауы.  Кібіртіктеп,  көсіліп 
шаба алмайды. Қаракер əлі тың. Бастырмалата бүріп қа ша-
ған ның кө бік тен ген жаясынан тістеп-тістеп алады. Ондайда 
бесті əдетіне басып теппек болады. Бөксе жақты бос кө те ріп 
тастағаны болмаса, дəрмен жоқ тұяқ серпуге.
– Мə, саған, қашамысың! Міне, мынау мен үшін, мынау 
ер үшін!
Қолындағы  шашақтап  тастаған  дырау  бишікті  ысылда-
тып, оңды-солды осқылайды бестіні.
– Əке-ау, Мұқа өлтіруші ме едің. Мал баласына обал емес 
пе.
– Таяқ өтпесе, мал екеш мал да əспенсіп алады. Тіпті ба-
сынып... Осыдан көрдім, əкри. Əнеугүні ерді сын дыр ған да, 
бауыздап тастар едім, сен киліктің тағы да. Əкри, қай ран қа-
за қы ерім-ай десеңші.
Тықпалап  əкеп  үйірге  қосты.  Сорпа  тері  шыққан  бесті 
дымы құрып, үздігіп тұр. Дір-дір қағады.

161
– Ой, Мұқа, сен де жоқтан өзгені ұмытпайды екенсің. Сол 
бір  кетеуі  кеткен  ыңыршақты  көз  құның  қалғандай  даулап 
қой ма дың  ғой.  Отыз  бес  сомға  алған  жаңа  ерімді  берейін, 
ұмытшы, бəтір, соны.
– Плебал, сенің отыз бес сомдығыңды. Енді бір сөз қоз-
ға шы, тура шықшытыңды бұзам, білдің бе, – деп Нұрланға 
ала көзімен сүзе қарады да, қаракердің ішпегін салып, ерт-
тей бас та ды. Нұрлан əрі қарай ештеме деген жоқ. Секем ала 
қал ды. Кербесті ерді сындырып тастағанда, Мұқтардың екі 
күн дей дəн татпай, бүк түсіп жатып алғаны əлі есінде. Əй-
те уір, табиғаты өзгеше, əз жанында əмір жоқ, тылсым жа ра-
тыл ған жан-ау.
– Қамыт-сайманды қалыңдап жап, су өтіп кетеді. Онсыз 
да аттардың тамағын езіп, мойнын соғып тастапты. Ат та на-
йық, жауын төпелегелі келеді.
Түстіктен желемік есті. Аспан қарақұрықтанып, бұлт тар 
жөңкіле бастады. Əуе аласарып, көкжиек жақындап кеткен 
секілді. Бұлар Өскелеңнің бауырындағы қалың са мыр сын ға 
ілінгенде,  сансыз  тамшылар  жамырай  тасырлап  қоя  бер ді. 
Бейне бір жерге шеге қағып жатқандай.
– Айттым ғой, күн жауады деп. Жə, көпке ұзай қой мас, 
айбыны қатты көрінеді. Аялдай тұрайық.
Мұқтар атының басын ұлардай шулаған орманға бұрды.
– Тұз емеспіз ғой еріп кететін, аяңдай берсек нетті, Мұқа...
– Желпілдеме. Несіне асығамыз... «Қайныңа да ба рар сың, 
пұшық күйеу атанарсың» демекші. Жылқы ауылына да ба-
рармыз, екі тостаған саумал да ішерміз.
Нұрлан досының бойкүйездігіне налығандай бейжай, ке-
ренау түсті аттан.
– Шалдуарсың, Мұқа.

162
– Əке-ау, маған күлер бетің қайсы-ей. Сіріңкең бар ма, от 
тұ та та йық.  Бажа,  білемісің,  түнеугүні  салтақ  құла  арын да-
ған да, сенокосилкеден секіріп түсіп, құлағын бытыр-бытыр 
шайнағаныңды.  Онымен  тынбай  көзін  нұқып  қалып,  ағар-
тып жəне жібердің. Ит əурең шығып, екі жұма көмір шайнап 
бүріктің емес пе, мұндар. Жоқтан өзгеге қабағың қар жамы-
лып, кіреукелене қаласың. Бағы заманның бақсысы ре уіш тес 
сендей көк періге балдызымды бергім жоқ.
– Алмаймын, тіпті.
– Сенікі бойы жетпеген етті сасық деп кінəлаған мы сық 
болды ғой.
Нұрлан Мұқтардан мүшел жас кіші. Бірақ төсекте де, төс -
кей  де де бір жатып, қосақтаған құлындай бір жүр ген ді гі ме 
құр дас тан  бетер  қатты  қалжыңдасатын.  Нендей  ауыр,  зілді 
сөз дер айтылса да, ренжуді, кек тұтуды білген емес-ті. Олар-
дың бұл əзіл-оспағы өздеріне өзгеше жарасып та тұ ратын-ды.
– Мұқа құрсақта жатқанда-ақ көк жынды болған, деседі 
ел, рас па?..
– Əлбетте, – деді шімірікпестен. – Шешемнің құрсағы тар 
соқ ты білем. Тулап қалып алты айда туа салдым. Сонда тə-
тем: «Бұл жылбысқы бəрібір адам болмайды» деп, сыр ғақ-
тап  емізбепті.  Бейшара  əкем: «Əлі  осының  қолына  қа рай-
сың» деп, түлкі тымағына сап байлап қояды екен керегеге. 
Кер баққанда, бес жасыма дейін мешел болған екем. Əке лер-
дің орны бөлек қой...
–  Əнеу  үстін  мүк  басып  жатқан  қарағайды  көрдің  бе. 
Қарашы өзің. Міне, былай...
– Е, оны жаңа көрді дейсің бе. Одан да ертек айт, не өті рік 
айт,  сөз  болсын.  Қарап  отырғанша  қажай  отыр  деген  емес 
пе... Күннің толастар сыңайы жоқ. Үдеп салды.

163
– Жоқ, сен түкті де білмейсің. Алтайдың қара тасы иій ді 
маған. Сен бар ғой, ердің ана сұлап жатқан қарағайдың хи-
каясымен сабақтас екенінен бейхабарсың... Иə, сендер үшін 
бəрі  ертек. «Керқұла  атты  Кендебайдан»  басқа  не  бі ле сің, 
тəйірі...  Тылсымсың-ау,  қанды  ағаш...  Момақансуын...  һа... 
һа... Əкри.
– Дөй даладағы қу ағашты тілдеген адамға не жорық.
– Жоқ. Оттапсыз! Білмейсің оны...
Мұқтар  тісін  егеп-егеп  жіберді.  Ат  жақты  беті  суалып, 
мұңая  қалды.  Жиегі  қызарып,  қанталап  тұратын  бота  көзі 
бұ рын ғыдан да аларып, жасаурап шірік қарағайды тесіп ба-
рады. Терең күрсінді. Күн ақ жауындатып алды.
Сіркіреп тұр. Сұп-суық өкпек салқын леп бар ауада. Са-
мыр сын ның  ұшар  басынан  мұнтаздап  аршыған  бал қа ра ғай 
домалап  түсті.  Тиіннің  олжасы  болу  керек  құлатып  ал ған. 
Мұқ тар дың  кере  қарыс  жазық  маңдайына  кіреуке  сы зық 
тартылып, бұлт ілікті. Манағы жайдары мінезі жым-жылас 
жоқ болған. Құнысып отыр. Қушиыңқы баспақ денесі əдет-
те гі ден бетер семіп, күйкентайдай-ақ болып бүрісіп қал ған. 
Мо йын сіңірі адырайып, қорқыныштан елес əкеледі бай қап 
отыр ған адамға. Нұрлан аң-таң. «Мұқтар мұндай бө тен мі-
нез көрсетпеуші еді ғой. Ренжітіп алған жоқпын ба?» – деп 
іш тей қылпылдап отыр.
– Жоқ, оттаған екенсің, – деді Мұқтар əлден соң то ма ға-
сын сыпырған бала бүркіттей шаңқ етіп.
– Білмейсіз. Сендер үшін бəрі ертек.
– Нені, Мұқа... Қойшы, бұлай қарамашы кісіге.
– Қарағайдың деймін, тарихын білмейсің деймін. Найың 
бар ма? Өлтірді ғой əкемді... Да, бəрі ертек, бəрі мақтан.
–  Сенің  əкеңді  немістер  өлтірмеп  пе  еді, – деп  Нұрлан 
əдетінше  əзілге  шаптырып  еді,  Мұқтардың  түсі  бұ зы лып, 

164
бір ағарып, бір сұрланып отырған соң қоя қойды. Ішінен: «О 
несі екен» деді.
– Жоқ, оттапсыз.
– Жұмбақтамай айтыңызшы. Тек бүлінбеңіз. Қор қа мын. 
Сізге  мұндай  мінез  жараспайды. (Нұрлан  «сеннен» «сіз ге» 
көшкенін өзі де сезген жоқ).
– Сол кірбіңді уақиға есіме түссе, ет жүрегім қан жылап, 
өзім де шошынамын. Иə, не көрмедік... Біз со ғыс тың тау қы-
ме тін тартып, бұтымды тері шалбар қажап жүр ген де, сендер 
қы зыл  шақа  бала  едіңдер.  Ержетіп,  бізбен  жағаласып  шау-
жа й ға  жармасып  жүргендерің  мынау. «Осы  күннің  баласы 
аласа  туады,  үлкендермен  таласа  туады»  деуші  еді  Сəр сен 
ақсақал.  Тегі,  рас-ау.  Тыңда,  жарқыным,  ертек  айтайын. 
Дұрыс,  əкемді  жау  өлтірді.  Бодаусыз  кетпегенін  се зе мін. 
1942  жылдың  жылауық  қоңырқай  күзінде  қарақағаз  кел-
ді ғой. «Қарақағазды» мейірімсіз деп неге кінəлаймыз осы. 
«Сіз дің балаңыз ерлікпен қаза тапты» деп қарлығаштай шы-
рылдап  келіп  туғаныңыздан  хабар  бергені  ме  жазығы.  Кү-
нə һар – қағаз  емес,  халықты  қасіретке  байлаған  неміс  бас-
қын шы ла ры ғой. Сол қағаз келген күні қарындасым Əли ма 
екеуміз  таң  атқанша  жылаған  едік-ау.  Тəтем  сазарып  дым 
сызбады. Ымырт жабыла бізге тамақ даярлап, төсек салып 
берді де, шығып кетті үн-түнсіз. Біз шулап, ботадай боз да-
ған да, «жыламаңдар» деп те айтқан жоқ. Қара су ұрт та мас тан 
жатып қалдық. Өксіп-өксіп, үркер ауа көзіміз ілініп, ұйық тап 
кетіппіз. Күн көтеріле тұрсақ, тəтем тағы жоқ. Умаж кө же ні 
темір пештің үстіне қойыпты. Тасып төгіліп, үй іші қо ңыр-
сып, қолқаны атып тұр. Көзіміз домбығып қалыпты. Тə тем 
біз дің қатарымызға жатып көз шырымын алса керек. Сонда 
мен жиылмай қалған төсектегі жастықтың үш жері суланып 

165
қал ға нын көрдім. Бізге білдірмей тəтем де жылаған-ау кір пі-
гі айқаспай.
Соғыс та бітті. Елде бардың ерні қимылдап, қалақ-құ лақ 
тірлік кешіп жаттық біз де. Əлима екеуміз мектепке бар ған 
болып  жүрміз.  Сен  білмейсің  ғой.  Бертін  көшіп  кел дің дер 
емес пе. Бізге көрші Фазыл деген ноғай тұратын. Ауыл оны 
сарт дейтін-ді. Əкем екеуі майданға бір күні аттанып еді-ау. 
Сол Фазыл соғыстан бір аяқсыз оралды. Ті зе сі нен жоқ. Бал-
дақ пен жүреді. Ауылдың дарбаза ауыз балалары «шой нақ» 
деуші едік. Бəрі де есерлік қой. Бір аяныштысы, ол со ғыс та 
жүр ген де,  үй-іші  тегіс  шешек  ауруынан  өліп  қал ды.  Ғалия 
деген  шайқалмаған  сары  ауыз  жұмыртқадай  қызы  болушы 
еді. Нəркес көзді, ауылдың гүлі еді. Ол да Бұқтырмаға ке тіп 
өлді ғой. Иə...
Тақтаймен  шегелеп  тастаған  есік-терезені  жұлып  тұ-
рып: «Майданға бардым, үйге келдім – крест. Құтылмай-ақ 
қойдым-ау бұл кесапаттан», – деп қабырғасы қайысып, қат-
ты босады.
Неге екенін білмеймін, сол Фазылды суқаным сүй мей-ақ 
қойды. Ертеңді-кеш біздің үйден шықпайды шырғалап. Бай-
қай мын, тəтемнің сол «шойнаққа» деген ілтипаты оң се кіл ді. 
Қа шан келсем де, балдағын жамбастап, төр алдында сұ лап 
жат қа ны. Тəтемнің шайы да əп-сəтте бұрқ-сарқ қайнап ке те-
тін секілді. Бір ретт Фазыл маған:
–  Əкең – жігіттің  бозтайлағы  еді.  Сен  шіріген  жұ мырт-
қа сы болғанбысың, немене. Аманыңды ит жеп кеткен бе? – 
деді.
–  Мүмкін,  саған...  сізге  тартқан  шығармын.  Ші дер ле ген 
аттай  біздің  үйді  айналсоқтап... – Ашуға  тұншығып  сө зім-
нің аяғын бітіре алмадым. Есікті бір теуіп шыға жө нел дім. 

166
Əкем: «Екі балама көзімнің тірісінде қалдырған ес керт кі шім 
болсын»  деп  егіп  кеткен  қос  қайыңның  түбіне  барып  ұзақ 
жыладым.  Қызғаныштан  жүрегім  удай  ашып,  ті сім ді  қай-
рай  берем.  Байқаймысың,  Нұрлан,  қазір  де  қай рай мын  ғой 
тісімді, иə. Адам бір əдеттеніп алса, қоя алмайды екен.
Күн жұма болатын. Біз түстен кейін оқимыз. Кеш құ рым 
сабақтан  қайтсам,  шарбақта  Фазылдың  бар  киімі  жаюлы 
тұр. «Жұма күні кір жуа ма екен». Жүрегім сыздап қоя бер-
ді. «Мынаны жуған тəтем-ау». Көзім қанталап, басым зеңгіп, 
дү ние дөңгелек айналды. Барыстай атылып бардым да, Фа-
зыл дың  бар  киімін  жерге  атып  ұрдым.  Бажылдап  жылап 
жүр мін.  Балағаттап  жүрмін.  Аяғыма  салып  таптап  жүр мін. 
Ауыз үйден тəтем шықты жүгіріп:
– Мұқтар, не болды, саяшым. Ұят емес пе? – деп иленген 
киімдерді алмақ болды.
– Оңбағансың, тəте! Оңбағансың! – Бар пəрменіммен кеу-
деден итеріп жібердім. Маңдайымнан сұп-суық тер бұрқ ете 
түсті. Тəтем еңіреген күйі үйге кіріп кетті. Бал да ғын əн де тіп 
Фазыл келді. Лəм деген жоқ. «Не істер екен» дегендей бе ді-
ре йіп маған қарады да тұрды. Көйлекті жұ лып алып бетіне 
былш еткіздім. Өз-өзімнен есеп алған жоқ пын. Бұқ тыр ма ны 
бойлап  жүгіріп  келемін...  Жүрегім  апалас-тө пе лес.  Бүй тіп 
тірі қорлық көргенше өлейін деп те ойладым. Жан тəт ті ғой, 
шір кін. Əмбесінде су да суықтау болды...
Қыс өтіп, жаз шықты. Жер арқасы кеңіген. Өлмеген пен-
де  мамырдың  шуақты  нұрлы  ауасымен  тыныстады.  Алтай 
табиғаты дүр сілкініп, тотыдай түрленіп тұр. Сиырмен бір-
ге  жонға  көштік.  Сол  бір  кіркілжіңнен  кейін  Фазыл  біз дің 
үйге  аттап  баспайтын  болған.  Тəтем  маған  қатты  рен жі ді. 
«Ая май сың. Ол ғаріп емес пе», – дейді. Онда мен қияң қы ла-

167
нып: «Ендеше, қатын алсын» деймін. Ол сиыр жаяды. Мына 
қаракердің енесін Фазыл мінуші еді бір кезде. Жануар бір-ақ 
рет  құлындады  да,  қайтып  үйірге  қосылмай  саяқсып  кет ті. 
Қаракер секілді жүрісті, жалы майда, сүмбіле болатын. Бе-
деу болған соң ба, етке мықты, ару, арындау дегенді біл мей-
тін. Сол жылы жасын түсіп өлді ғой.
Бұл тағдыр кепешін теріске бір кисе болмайды екен, қан-
ша тыраштанғаныңмен.
Ферма бастығы шақырып алып:
–  Ала  жаздай  бостан-бос  салпаңдағанша,  ана  шешеңе 
қол ға быс  тигізбеймісің.  Фазылдың  жанына  бір  кісі  керек. 
Сиыр бақ сонымен, – дегені. Сөйтіп, Фазылға қандай жуы-
маймын, қа ра да бой, қарда ізін көрмейін десем де, бір жіпсіз 
байлап,  матай  берді  мені  оған.  Ол  соншама  жақын  тартып 
бауырына  басса  да,  осқырып,  тұздығым  жараспады.  Күрең 
қа бақ  жүрдім. «Фазыл  Сəнияға  үйленгелі  жүр  екен»  деген 
ел дің  пыш-пыш  өсегі  ме,  жоқ  болмаса  балалар  кер мал дас-
қан да: «Фазыл сенің əтиің, Фазыл сенің əкең» деп ма зақ та-
ға ны жанға бата ма... Қайдам...
Ол сиырдың мына жағында жүрсе, мен одағайлап ана жақ 
шетіне шығып кетемін. Майданнан əкелген ақ қалайы құ ты-
сы бар еді.
– Кел, Мұқтар. Шөлдедің ғой, таңдайыңды жібіт.
– Рақмет. Су бар ғой шөлдесем, – деймін де, шауып өзек ке 
түсіп кетемін.
Дəл  осы  Өскелеңнің  бауырында  жайып  жүрдік  сиырды. 
Ол кезде бұл жер пəйек емес, шабылмайтын. Күн бү гін гі дей 
төпелей жөнелді. Табынды осы терістің ішіне иір дік те, ана 
сұ лап жатқан қарағайдың қарсысындағы са мыр сын ға қор ға-
ла дық.  Мойнымды  жағама  тығып,  үн-түнсіз  отырмын.  На-

168
йын будақтатып Фазыл да үнсіз отыр. Ауыр ой үстінде. Нө-
сер құ йып тұр. Найзағай жарқ-жұрқ етіп, аспан əлемін төс-
тен осып жіберсе, боздап қоя береді. Шатыр-шұтыр ете түс-
ті. Дүниенің бəрі жап-жарық болып кетті. Бір пəлі гүрс омы-
рылды. Қапелімді не болғанын сезбей қалдық. Іргемде те ріс 
қа рап отырған Фазыл оқыс ұмтылып, менің алқымымнан ала 
алпамсадай денесімен бүркей жығылды. Дəнеңе тү сін бе дім. 
Сезбедім. Бір мезетте есімді жисам, еңгезердей боп Фазыл 
əлі  жатыр  үстімде.  Суқаным  кетті.  Бұлқынып  едім,  қан ға 
бөк кен дене былқ етіп аунап түсті. Екі көзі ақшырайып, қан-
қан ерні жыбырлайды:
– Əттең-ай! – Ышқынды. Жан тəсілімін берді. Бірақ бет-
əл  пе ті аса ризашылдықтың, нендей бір жұмбақты қуа ныш-
тың шапағатын шашып, уылжып жатты. Ажары атқан таң-
дай сарғайыңқы. Əрі құп-қу.
– Аға... а... а...
Атып  тұрып,  тұра  қаштым.  Жар  дəрмен  ұшыртып  ке ле-
мін. Аяғымды бұтақ шалып, етпеттей құлаймын. Дал-дұ лым 
шықты. Артымнан Фазыл қуып келе жатқан секілді. Ол мені 
кінəлап жатқан секілді. Бұрылуға жүрегім дауаламайды. Тек 
қана алға... Кім көрген мұндай аянышты өлімді. Осы Өс ке-
лең нен сонау Сұлушоқының иығында отырған сиыр ферма-
сына жеткенше жүгірдім, өкпемді қолыма алып, ана бұ ғып 
жатқан  қарағайға  жай  түсіп,  содан  ыршыған  бұ тақ  Фа зыл-
дың қарақұсына тиген екен. Егер Фазыл мені ба уы ры на баса 
жығылмаса,  ғұмырым  осы  жерде  бітетін.  Өйт ке ні  мен  сол 
қарағай  жақ  тұста  отырғанмын.  Сол  күні  Фа зыл дың  де не-
сін ойға апарып қоймақ болып, зузамен алып түсті ауылға. 
Мен де барып топырақ салдым. Неге екенін білмеймін, тə-
тем егі ліп көп жылады... Өлгенде, денеңді үйден алып шық-

169
қан да, артыңда дауыс қылып жоқтап қалар туысың жоқ бол-
са,  қан дай  қиын.  Фазылдың  жамағат-ағайындары  жоқ-ты, 
қара басы. Бірақ оның артынан тəтем, Əлима үшеуміз жылап 
қал  дық.  Ауыл-аймақтың  адамдары  тəтеме  келіп: «Фа зыл-
дың  иман  байлығын  беріп,  алдынан  жарылқасын»  деп  кө-
ңіл айтады. Шын пейілімен күйзеліп, күрсініп айтады. Мен 
үшін Фазылдың өлімі аса аянышты болды. Түтінін сөн дір ген 
мен секілдімін. Ол менің өмірімді ұзартып, пенденің жауы-
нан бір, тілсіз жаудан екі қорғап қалды. Өмірмен қош та сар 
ақырғы  минутында  не  айтқысы  келгенін, «əттең-ай»  деген 
өкінішті  аһ  ұрған  сөздің  астарында  не  қалғанын  бажайлай 
алмадым.  Мүмкін,  жайсаң  жанын  түсінбеген  маған  деген 
өкпе-назын айтқысы келген шығар. Мүмкін, тəтемді... Мен 
ол  кісінің  аруағы  алдында,  тіпті  бүкіл  əкелер  алдында  бо-
рышты екенімді білемін («əкенің жақындығы жездедей-ақ» 
де ген дер дің  өзегін  өрт  жаласын).  Бірақ  қайтып,  қа лай ша 
өте рім ді білмеймін сол борышты. Бар қолымнан келгені əр 
жыл сайын Сұлушоқының шыңына шығып: «Бақыл бол, Фа-
зыл аға!» деп айғай саламын. Сонда менің жа рық шақ тан ған 
даусымды  Алтайдың  құз-аңғарлары,  мінгесіп-ұш тас қан  сі-
лем де рі бір-бірінен қағып алып: «Бақыл бол, Фазыл ағ... а... 
а...» деп қайталай береді, қайталай береді...
Фазылдан қалған дүние жоқ. Тек көзімнің қа ра шы ғын дай 
сақтаған ері бар еді, оны да кер ит сындырды ғой. Иə...
– Ой, сен жылап отырмысың?..
– Кім, мен бе? – Нұрлан селк ете түсті. Көңілі босап «Ба-
қыл  бол,  Фазыл  аға...»  деп  күбірлеп  отырғанын  өзі  де  аң-
ғар мап ты. «Мұқтардың  кім  екенін  білмейді  екенмін-ау,  бір 
жатып, бір тұрсам да. Сіз осындай кеудеңіз мұң мен сырға 
толы жұмбақ адам ба едіңіз, Мұқа. Кім білген». Нұрланды 

осындай  тəтті  сезім  тербеп  отыр.  Ол  дəл  осындай  «ертек» 
тың дап, дəл осындай толқып көрген жоқ-ты.
– Жауын толастапты ғой. Аттанайық.
Екі жолаушы атқа қонды. Жауыннан соңғы орман сор ғып, 
бусанып тұр. Суға малшынған шөп керзі етіктерін жылтыра-
тып тастады. Бағанағыдай емес ақшылтым тартып, шарбы-
лана бастаған бұлттар тұманға айналып, баяу қалқып босып 
барады шығысқа. Жайлаудың салқынтым тымырсық бар қыт 
кеші  ұйыды.  Кемпірқосақ  туыпты.  Өскелеңнің  ба уы ры нан 
басталып,  Сұлушоқыға  тірелген  шұғыла  дүниені  нұр ға  бө-
леп тұр.
–  Ананы  қарашы, – деді  Нұрлан. – Сенің  жүгіріп  өт кен 
жолың іспетті, Мұқа. Өскелеңнен басталып, Сұ лу шо қы ға тү-
йі сіп тұрғанын.
–  Иə,  рас-ау, – деді  де,  ауыр  күрсінді.  Қағілез  адамның 
мұң ға  берілгені  өзгеше  оғаш  көрінеді.  Бұлар  таудың  иы-
ғы на  шыққанда,  шұғыла  əрмен  қарай  жылыстап  кеткен-ді. 
Жақындаған сайын, əсем сағым бұлдырап алыстай береді.
– Жұмыр басты пенденің өзі де осы шұғыла секілді-ау, – 
деді  Мұқтар  қаракердің  басын  тежеп, – кейбірі  жарқ  етіп 
дү ние ні  қызыл  арайға  бөлеп  біраз  тұрады.  Сосын...  сосын 
өле ді. Басқасы келеді өмірге. Бойынан нұр бөліп шығаратын 
жақ сы  адамдар  маңдайымызға  неге  сыймайды  екен  осы. 
Əлде  жанымызда  ондай  адамдар  көп,  бірақ  елеп-ескермей 
жүр  міз бе оны. Оң беті ішінде абзал адамдар көп те болар. 
Қай дам... Дізгін ұшымен келіп, дізгін ұшымен кететін ғұ мы-
ры қысқалар – бір өңкей жақсылар...
...Əне, киіз үйдің төбесі көрінді.

171

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет