Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ІІ
Құралай туа, күн жылынды. Кеше ғана сіреу боп жат қан 
қар  жемтір-жемтірі  шығып,  өзенге,  тау  басына  қашып  ба-
рады. Ұзақ қарға əлдеқашан келіп қойған. Маң-маң күйсеп, 
манаурап күресінде жатқан қара сиырдың арқасын са уыс қан 
шо қып, сауысқанды аламойнақ күшік аңдып жүр. Тір ші лік 
осылайша аңдысып, толассыз жүріп жатыр.
Табиғаттың тас-талқанын шығарып, өз құдіретіне өзі риза 
болғандай Күн жарықтық мұртынан күліп тұр төбеде. Орын-
сыз  кеп  қалған  көктемге  опынғандай,  пұлығын  тіркеген 
трактор  тырағайлап  барады.  Артынан  бүлк-бүлк  желе  жө-
нел ген анау сыбай атты жолаушы бригадир болар. 
Өлмеген  құлға  келген  жазды  мадақтағандай  қарға  ұша-
ды  қарқылдап.  Алқам-салқам  дала  салқам  сері  күйін  есі не 
алып,  ию-қиюы  мол  дүниеге  інжілімді  қайта  бер  дегендей 
дегди  бастапты  асығыс.  Əншейінде  айылын  жимайтын  ар-
дақ аталар арбаға мініп, тоғайдан жас шыбық тартып жүр. 
Ек пек ші... 
«Əне өледі, міне өледімен» қыстай аңдыған кейбір құл-
қын ды  кемпір-шалдың  үмітін  Бəтима  ақтамады.  Ақ та ма ға-
ны – өлгісі  келмегені  емес,  ынтызар  көңіл  тағы  бір  жазды 
кө ру ге ынтыққан. Саржамбас боп, сарғая күткен. Əне, енді 
не ме ре сі нің  иығынан  ұстап,  сүйретіліп  тысқа  шығып  тұр. 
Жүзі  аппақ.  Көзі  суалған,  шүңгіл.  Буындары  дір-дір  етеді. 
Басы ақ шатырдай. Не көрмеген бас.
Өлмей қалған Бəтима кемпір қарап жатпай, ауыл-ай мақ-
та жоқ оқыс қылық жасады. Алтыбақанның жан ал қы мы нан 
алып жүріп, есік алдына алты діңгек орнатқызды. Үш ар қан-
ды айқұш-ұйқыш мықтап кергізді. Сосын екі не ме ре сін екі 

258
жағына  отырғызып  қойып,  əлдилей  тер бе те тін ді  шы ғар ды. 
Сөйтті,  Бəтима  есігінің  алдына  алтыбақан  құрды.  Осынау 
қос немерем білсінші, көрсінші дегені. Бас қа ой жоқ. Мүм-
кін, сонау ай астына алтыбақан құрып, асыр салған бойжет-
кен  шағын  сарғайған  санамен  сағынғаны  шығар,  мүмкін, 
тір ші лік ті,  жарық  дүниені  құлай  сүйген  көңілі  көктем  туа 
қайта  түлеп  қуанғанынан  жасаған  тасаттығы  шығар;  мүм-
кін, немересін бұдан былай бесікке бөлеп əлдилей алмайтын 
болған соң, тағы да əлдилеу үшін ойлап тапқан аң сар лы ал-
тын бесігі де. Ол тербеп тұр... Тербетіліп те тұр ал ты ба қан-
да... алтыбақанда...
Ел айтты: «Бəтима алжыды», – деді.
Бəтима айтты: «Е
Л
 алжыды», – деді.
III. Ғайни
Таудың  салқын  тымырсық  кеші  басталды.  Ұясына  қон-
ған күннің алтын нұры шоқылардың таз басын қызыл тор-
ғын  орамалмен  бүркеп  тұр.  Тамыз  айы  орталап  қалса  да, 
тау қойнауы жауын-шашынсыз жылы еді. Тек кешке қа рай 
түс тік тен  қоңылтақ  самал  есіп,  бұлақ  бойы  дымқыл  тарта-
тын. Шық та қалың түспей, ат тұяғын бірыңғай жылтыратып 
емес,  шашыранды  сулайтын.  Биылғы  жаздың  жадыраңқы 
қа ба ғы əлденендей ырыстың ұшығын сездірген-ді. Бұлт тан 
ада шымырқай көк аспан жақпар тастан тəж киген кө гіл дір 
тауға қаяусыз телміріп, кеседей төңкеріледі де тұрады.
...Таудың салқын, тымырсық кеші бірте-бірте ымыртта-
нып, ашық аспан мен көлбеген көгілдір таулар қа ра құ рық-
та на бастады. Жұмыс күні аяқталған. Шөпшілер қосы да-
быр ға толы. Бірін-бірі іліп-шалған дала жігіттерінің зілсіз 

259
жай дақ қалжыңына аяқ-табақтың сылдыры ұласады. Оқта-
текте:
– Енді бірді...
– ДП бар ма?
– Ой, өліп пе едіңдер, ыстық көжені қолына құя салайын.
– Ей, осы «қурай» көжеден құтылар күн бар ма, жоқ па?
– Кет-ей. Кепиеті атқыр.
–  Аттарыңды  үйірге  жіберіп,  ер-тоқымды  қосқа  енгізіп 
барып ішсеңдер, күнə бола ма. Ертең ана іші бұраудай боп 
шиыр шық атып тұрған аттар жоғалып кетсе, иттей боп өз-
де рің іздейсіңдер, – деген жылқышының сөзі тенор дауысты 
хор ға баритон қосылып кеткен секілді күркіреп естілді.
«Қурай» көжені ішіп болып, доп ойнап жүрген ба ла лар ға 
беттей бергенімде:
– Ораш, бері кел! – деген дауыс шықты. Қадылбай екен. 
Бұл – менің  машинисім.  Жапалақ  көз,  қызыл  шырайлы 
ны ғыз жігіт. Ұйып қалған «қурай» көжеге турап-турап нан 
салып, күйсеп отыр. Қолындағы қалайы қасықты жалап-жа-
лап алды да, көжеге тікесінен шанша салды. Қасық ді ріл деп 
барып, құламай тұрып қалды.
– Əй, аттарды түгел жібердің бе?
– Иə.
–  Иə  деме,  жібердім  де.  Сайтанқұланың  арқасын  ша па -
лақ та саң етті. Қатты жүріп, терлеп қалды. Қапталынан ыс-
тық шығып кетсе, жауырға айналады. Онсыз да арқасы шилі 
неме.
– Иə, шапалақтадым.
– Иə, деме, шапалақтадым де. – Бұғағын мыжырайта қат-
ты бір кекіріп алды да:
– Тамағыңды іштің ғой.

260
– Іштім.
– Дұрыс. Ендеше, жылқышыдан салтақ құланы сұрап ал 
да, ертте. Жанмырзаныкіне барамыз.
– Неге?
–  Негеде  жұмысың  болмасын,  оспадар  неме, «қурай» 
көже ішпей, бағыланның етін жесең, ішің өте ме. Дабай-да-
бай, тездет, күн кешкіріп кетті. Недəуір жер.
Қадылбай əмірін беріп болды да, «қурай» көжені кер тіп-
кертіп  сылпылдата  бастады.  Мен  ойыннан  құр  қал ға ны ма 
ішім удай ашып, «тəңір қосқан иемнің» əмірін орын дау ға кі-
ріс тім.
Мені  құланның  бөксесіне  артып  алған  Қадылбай  жол ға 
шықты. Қас қарайып, көз байланған уақыт. Қара көк ас пан-
ға  қағып-қағып  қойған  күміс  шеге  секілді  қуақы  жұл дыз-
дар қылмың-қылмың кағады. Таудың батыс жақ жиегі қара 
барқын  тартып,  шығыс  жағы  ақ  жолақтанып  тұр.  Қою  мұ-
нар шөгіп алған сілемдеріне. Жалғыз ағараңдаған тау жолы 
құр жіптей шұбатылып, бізді жетелеп барады. Байғұс сал тақ 
құла көмпіс-ақ. Арыстай Қадылбай мен менің салмағым қоя 
ма, екі бүйірін дамылсыз солықтатады. Бағанадан бері үн сіз 
келе жатқан «иемнің» тілі шығайын деді.
– Баяғыда, – деп бастады сөзін, – баяғыда мектепте оқып 
жүргенде, осы тау мұрын маған ғашық болып...
– Тау мұрыныңыз кім, аға?
– Ой, оспадар неме. Тау мұрынды білмейсің бе? Жан мыр-
за ның қарындасы – Ғайни ше...
– Е, е, – дей салдым, енді бірдеме десем аттан түсіріп ке-
тер деп. «Иемнің» ондай да тентектігі бар. Жол жиегіндегі 
шөп тің басын шалмақ болып, салтақ құла тұмсығын соза бе-
ріп еді:

261
– Ой, мес! Ашқарағын! – деп бауырды ала салып қал ды. 
Кəперсіз отырған мен түсіп қалдым. Қадылбай құланы бор-
байлап-борбайлап алып, алдыма көлденең тарта берді.
–  Ой,  оспадар!  Ердің  басынан  ұстап  отырмаймысың... 
Кер зі етігінің басын шірене қайқайтып қолын берді. «Ием-
нен» қорыққаным болар, мысықша атылдым.
Аспанның батыс жағы ағарып қалды. Бағанағыдай емес, 
қараңғылық бірте-бірте сейіліп, жетім сəулелер қаңғып жүр 
орман ішінде. Біз қайқаңнан асып, Мылтыққарағай өзе гі не 
құлдап барамыз.
–  Сонда  мазаққа  ұшырағаным-ау!  Соңымнан  қалсашы. 
Бір-екі рет «кет!» – дедім. Омайын болмайды тіпті. Сүйемін 
дейді. Өзі бізден екі класс төмен оқитын, ұп-ұзын боп үн де-
мей тұрушы еді, кім білген оның жүрегінде қандай қызыл көз 
пəле  жатқанын.  Сондағы  балалардың  қылжақ  еткені  есі ме 
түс се, аза бойым қаза тұрады. Осы Нұрбикешке үй лен ге нім-
де, сыңсып екі күн жылапты. Махаббатшылын... Ха... ха... ха...
Кейін үйлі-баранды болғанда, өткенді ұмытып, Жан мыр-
за ға  еріп  үйіне  барып  жүрдім.  Сыр  білдірмейді,  тасқайнат 
қой. Қазір де жақсы араласып тұрамыз. Қызық қуайын деп 
келе жатқаным жоқ. Əлгінде Жанмырза: 
«Мен  ойға  ащыға  түсіп  барамын.  Ғайни  қойда  жалғыз 
қал ды,  елегзиді  ғой.  Ес  болыңдар.  Ет  те  бар.  Погоншігіңді 
ерте кет» деп еді. Аузыңа ие бол тегінде.
–  Өзі  де  талайға  келіп  қалды  ғой.  Менен  үш  жас  кіші, 
жиырма  сегізде.  Не  бай  алмады,  не  құдай  алмады.  Немене 
жетісіп жүр дейсің бе. Обал-ақ. Қайтеді енді. Мұрынды ке-
сіп тастайтын емес. Заман деген сол, шырақ...
–  Оспадар  неме, – деді  ием  бұрылып, – құдайдан  көрік 
тіле. Əйтпесе...

262
– Тілегенмен бола ма. Туып қойдым ғой. 
– Рас-ау. Нешауа, онша сұрықсыз емессің.
Ит  үрді.  От  жылтырады.  Құла  кісінеп  жіберді.  Жалпақ 
жұрт аталатын алаңқайда асықтай иірілген қой жатыр. Жал-
маң-жалмаң күйсейді. Біз қотанды сырттай жүрдік. Дəу қара 
тө бет аттың құйрығына жабысып, арсылдайды.
– Жолдыаяқ! Жат əрі. О несі-ей. Бұлары кім əкəу...
– Өзіміз ғой...
– Ой, Қадылбаймысың, адасып келдің бе?
– Жоғ-а. Сен қорқа ма деп... Ет иес?
– Табылар сендік. Əскере ашқарақсың ғой, аға, – деп Ғай-
ни сыңғырлай күліп, наздана тізгінге оралды.
Мен аттарды шідерлеп отқа қойдым. Ғайни мен Қа дыл-
бай қоста. Үйге кіруге зауқым жоқ. Жайлаудың сылқым түні 
сиқырлап алды жанымды. Ай туды. Үлкен тіпті. Тайқа зан ға 
шіпілдеп сүт пісіріп тұрған секілді. Табиғат талаурап, тыл-
сым күйге енген.
–  Ораш,  а,  Ораш!  Жүр  үйге,  тамақ  іш. – Бұл  Ғайни  ғой. 
Дауы сы əйбəт өзінің. Шынында да өңі жөндем екен, бойы тым 
ұзын-ау. Əйел адамның тұрқы сидам болса, бір түрлі оғаш.
Шынтағына жастық салып жанбастай жатқан Қа дыл бай 
əдетінше сылпылдатып отыр бір табақ етті. Бес бармағын тар-
байтып апарады да, қолына ілінгенін бүркітше бүре жө не ле-
ді. Ғайни сорпа суытып отыр. Көжеге нықсырап қалыппын, 
етке тəбетім шаппады. Ғайни дидары бір түрлі көнетоз сы-
қыл ды.  Жалпы,  бет-əлпеті  жылылықты  аңғартпайтындай. 
Оқта-текте күлімсірегенде, қиық көзі болар-болмас нұр ша-
шады. Сөйлегенде сүйкімді, тіпті көрікті бо лып кетеді. Егер 
шындап үңілсең, нендей бір жақсылықтың нышанын аң ғар-
ған дай боласың жүзінен. Бірақ оған аса төзімділік керек-ау. 

263
Өйткені осынау жұмбақты сұлулық көз жеткісіз құ дық та ғы 
мөл дір  су  секілді  немесе  қол  жеткісіз  құздағы  гүл  се кіл ді, 
өте-мөте алыста, Ғайни дидарының шыңырау тереңінде жа-
тыр еді. Оны ұғыну үшін талмас қанат, қайтпас батылдық ке-
рек екенін болжадым. Ендеше, ондай жігіттің та был ма ға ны 
да... Ғайни көңілді отыр. Байқаймын, Қадылбайдың шыбын 
үйір бетіне сүйсіне қарайды. Жолдағы «иемнің» əңгімесі есі-
ме түсті. Дəл осы жолы өтірік айтпапты.
– Оспадар неме, аңырмай жесеңші! – деп Қадылбай шын-
та ғы мен нұқып қалды. Ол маған бұрынғыдан да дө ре кі, сұр-
қия болып көрінді.
– Тойдым. Жегім жоқ. Ұйқым келіп отыр.
– Төсек салып берейін. Кішкене балаға қалай-қалай сөй-
лей сің?
Ғайни  салып  берген  бөстекке  тас  бүркеніп  жатып  қал-
дым.  Ұйқым  келмесе  де  жаттым.  Жаттым  да  өп-өтірік  пы-
сылдадым.
Мен басымды тұмшалап алсам да бəрін көріп жатырмын: 
Ғайнидың күнге тотыққан жүзін де, Қадылбайдың кө бең се-
мі ріп көлк-көлк еткен бетін де; мен бəрін естіп жатырмын: 
Ғай ни дың  алаңсыз  таза,  əрі  бақытсыз  күлкісін  де,  Қа дыл-
бай дың сорпаны қорп-қорп ұрттағанын да...
Көзім ілініп кетсе керек, жылан шағып алғандай селк ете 
түстім. Өз-өзімнен булығып, быршып жа тыр екем, ба сым да-
ғы орауды жұлып алдым. Қоста қыбыр еткен жан жоқ. Қо-
лам та  арасында  жасықтана  сығалаған  шоқтар  қарауытып 
сө ну ге айналыпты. Бетіме қостың ашық қалған есігінен ай 
сəу ле сі түсіп тұр. Тыныштық. Сипалап едім, Қадылбай жоқ. 
Қос тың  құбыла  тұсындағы  саңылаудан  күңгірлеген  дауыс 
ес ті ле ді. Ғайни мен Қадылбай-ау.

264
– Мен бақытсызбын (бұл Ғайнидың сөзі).
– Қойшы, қайдағыны айтпай (бұл – «ием» ғой).
– Шын айтам. Мендей бейшара адам бар ма. Шешем бай-
ғұс неге ғана тапты екен. Осы күнде жұрттың бəрі жыл ты ра-
ған ға əуес. Əдемі қызды кім жек көрсін. Сырықтай де нем-
нің сиықсыздығын біреуге міндет еткім келмейді. Бас қа ның 
сұлулығын қызғанбаймын да. Етім өліп кетіпті.
– Неге?
–  Түсінбейсің,  Қадылбай,  түсінбейсің.  Мен  бір  қой  со-
ңын да жүрген ғаріп кəрі қызбын. Мұны үш баласы бар саған 
мұ ңым ды шағып, бай тауып бер, не болмаса əйеліңді тастап 
мені ал деп айтып отырғаным жоқ. Өзіме өзгеден бір табан 
жа қын санарым да сен. Саған айтпағанда, қара тасқа айта-
мын ба? Бір кезде, тамам бозбала мазақ ететінде, сүйгенім 
де рас. Əлі де жақсы көремін. Несіне бүгейін, несіне шошы-
найын, не істесем де сыйымды ешкім сынамайды. Сықпыты 
бас қа болса да, жүрегі бірдей ғой адамдардың. Жақсыға ын-
тызар. Кейде, жапан түзде қой өргізіп жүргенімде, осының 
бəрі есіме түсіп, сай-сүйегім сырқырайды. Ағыл-тегіл бота-
дай боздап жылаймын...
– Неге? – Қадылбайдың бұл сұрағы жынымды келтірді.
«Неге, неге? Қайран сөзім қор болған Қадылбайдай езі-
ңе». Ғайни ауыр күрсінді.
– Сені ешкімге теңгермеймін, Қалдыбай. Екеуміздің ара-
мыз тым-тым алыс екенін білемін. Бірақ…
– Неге? Құшақтап отырмын ғой...
– Иə, құшақтап отырсың. Мені құшақтаған жігіттің, тұң-
ғы шы да, соңғысы да өзің боларсың, бəлкім. Қайтейін бас қа 
салған соң көнеміз де.

265
– Е, сөйдеші, Ғайныкеш. Əлі бəрі де ұмытылады. Қы зық-
тың дəмін татпаса, адам милау болып кетеді. Күрсініс...
Əлден  уақытта  қақырынып-түкірініп  Қадылбай  келді. 
Сырт киімін шешті де: «Өй, оспадар, əрі жат!» деп бүйірден 
тү йіп қалды мені. Көп ұзамай, əдемі қыр мұрыны пысылдап, 
ессіз ұйқыға кетті. Ғайни қайда жүр екен?..
Міне,  өзгеше  бір  қабырғаңды  қайыстырарлық,  сон ша-
лық ты  ауыр,  мұңға  толы  əн  естілді.  Бұл – Ғайнидың  əні. 
Неткен тамаша, даусы қандай жақсы еді. Басымды еріксіз 
кө те ріп есік тен қарадым. Ұзыннан-ұзақ сұлап жатқан аппақ 
мо лақ қа ра ғай дың үстінде екі тізесін құшақтап Ғайни отыр. 
Сүт тей жа рық ай нұрына шағылысып ағараңдаған көйлегі 
оны  түн  пе ріш те сі не  ұқсатады.  Маған  дүниеде  Ғайнидан 
əде мі жан жоқ секілді. Əн толастамады, қайта мынау əсем 
та  би  ғат  ты  тəт ті  əуезімен  тербеп,  əлдилеп  ұйықтатқандай 
созыла  бер ді.  Ғайнидың  əр  түнді  осылай  өткізіп,  пырдай 
жусап жат қан қойды осылай күзететінін білдім. Терең тер-
бе ніс ке, қаяу мен өкінішке толы əннің қайырмасы өксікпен 
аяқ та ла ды. Мен Ғай ни дың жылап отырғанын сездім. Иə, ол 
жылап отыр. Мен Ғайниды кінəлай алмаймын. Тағдыр тəл-
ке гі  мен  Қа дыл бай  кінəлі.  Онда  да  сезім,  онда  да  жүрек, 
онда да махаббат бар ғой! Жиырма сегіз жас! Біреуді тұң-
ғыш рет те, ақтық рет те сүйіп, бойындағы бар асылын Қал-
ды бай дың қанды қан жы ға сы на байлап бергенін тұн шы ғып 
жатқан сезімінің жанартауша атылғанымен дəлелдеуге бо-
лар еді. Қайран, Ғайни!
Ежелгі  көңілімнің  бостығы  ма,  жоқ  болмаса  Ғайнидың 
мынау аянышты күйі шынымен жанымды баурап алды ма, 
жүрегім елжіреп жылап жібердім...

266
* * *
Түс əлеті. Бұл – сол түннен бергі екінші күн болатын. Жал-
ғыз беттің бауырында шөп шауып жүрміз. Мəшінге же гіл ген 
төрт аттың бірдей белін босаттық та, ас ішуге отырдық. Со-
надай жерде бүлкек-бүлкек желіп келе жатқан ақ жау лық ты 
əйел бізге жақындай бере:
–  Ойбу,  енді  қайттім! – деп  баж  ете  түсті.  Бұл – Ғайни 
еді. Бақсақ екіге бөліп теңдеген зілдей тұз байлауы ше ші ліп, 
сыпырылып қалған. Атқа көтеріп салайын деп еді, шамасы 
жетпеді білем, сылқ еткізіп тастай беріп, отыра кетті.
– Əй, жігіттер! Ащыны теңдесіп жіберіңіздерші.
– Бар, ей, Қадылбай. Тамырың ғой, – деп тəлкектей бас-
тап еді, Қадылбай:
– Қойыңдаршы! – деп теріс айналып кетті. Тісімді қай рап 
əрең отырмын. Дəрмен жоқ.
– Сендерді де бір үйдің иесі – еркек дейді-ау. – Ашу қыс-
қан Ғайни тұзды жерден бөріктей іліп ал ды да, аттың бе лін 
қайқаң  еткізіп  тастай  берді.  Лып  етіп  өзі  мінді.  Тобылғы 
торы жəне бір мықшың етіп алды да, бүлкектей жөнелді. Жі-
гіт тер қарақұстан біреу салып өткендей сілейіп тұр.
«Сол керек, бəлем» деймін ішімнен.
– Ебетейсіздеу, əйтпесе жақсы əйел шығар еді.
– Қадылбай түс-түріне қарамай-ақ қарақтатып жүр ғой.
– Кетемісіңдер! Бармайын-ақ деп едім, Жанмырза рен жи-
ді екен деп... Көрді ғой мынау... Айтсын құдайшы лы ғын, жа-
ман ды ғым болса.
– Не істеп еді, Ораш?
– Білмеймін.
Əрине, мен бұл сөзді Қадылбайды қорғайын деп айтып-
пын. Ғайниға сөз ерткім келмеді.

* * *
Жадыраған жаз өтіп, күз туды. Биыл ағаштардың басы тез 
сар ға йып,  күз  ерте  келді.  Таудың  бөктерінде  тоқымдай-то-
қым дай қар жатыр.
Маған Ғайниды бұдан кейін қыз күйінде көруге жазбап-
ты. Тек бір күні шай ішіп отырғанда:
– Байғұс Ғайни орнын жаңа тапты, – деді шешем.
– Неғып! – Елден бұрын даусымның шығып кеткенін бай-
қа май да қалдым.
– Қызылқайыңда былтыр кемпірі өлген Жақып деген шал 
бар еді, соған тиіп кетіпті.
– Е, əйбəт болған екен.
– Енді бағы ашылады байғұстың.
– Жақып алпысқа толған да жоқ емес пе. 
Жүрегім зу ете қалды. Ернімді тістеген бойы тұрып кет-
тім. Бес-алты күн өткен соң, Ғайнидың өзін көрдім. Са бақ-
та отырғанбыз. Парталасым: «Ғайнидың шалын қарашы», – 
деп түртіп қалды.
Мұғалімге білдірмей терезеге көзімнің астымен қа ра дым. 
Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қа рыс тай 
ұзын Ғайни кетіп барады екен... Жүрегім сыздап қоя бер ді... 
Бұл  кезде  физикадан  сабақ  беретін  мұғаліміміз  бидай  өңді 
сұлу қызға күлімсірей қарап бес қойып жатыр еді...

268
ЖАСЫН
1
Ел айтты: «Қайран Қиялхан, жынданыпты».
* * *
Кеше күн батпаса екен деп ойлаған, бірақ күн батып кет-
ті;  енді  таң  атпаса  екен  деп  тіледі,  бірақ  таң  атып-ақ  ке ле-
ді. Таң атып келеді! Бұл отызыншы жылының тағы бір таза 
таңы еді деп жүрегіне сəуле жүгіріп алақайлаған да, кө ңі лі 
жібіп қуанған да жоқ. Əр күннің ұрланып басталып, ұран дай 
жөнелер мазасыз тірлігі жанын жараламағанымен, онсыз да 
сынық көңіл шіркінді зəрезəп ететіні рас: жалпақ жа һан да ғы 
құлаққашты қылар мың-миллион жаңалықты ести-ести əб-
ден титықтап, мынау жер бетінде, тіпті іргесінде болып жат-
қан ақ пен қараның – жақсы мен жаманның қан- жо са шай-
қа сын көре-көре көз еті қашқаны ғой. Бəлкім, бы лай ғы жұрт 
біле  бермейтін  арманның  ақ  қозысы  бауыздауына  қанжар 
қа дал ған да  қорқырай  қансырап,  жатбауыр  əлемде  ғұ мыр 
кешкен азғана өміріне өкінгені шығар. Таң атты – баяғы таң: 
тау тұтқынынан сытылып шығып, көтеріле бере айналасына 
кү лім сі рей қарады. Күліп шығып, ұялып бататын Күн мəң гі 
ме йір бан дық пен жер бетіндегі жақсыға да, жаманға да сама-
ла нұрды саулатып тұр. Үркердей үйірілген шағын ауыл дың 
қы быр-жыбыр  тірлігі  осы,  күн  шыға  басталып,  қас  қа рая 

269
аяқ та ла тын. Керісінше ұзақты күн тырп етпей, тек қас қа рая 
жо рық қа аттанатын «жарғанаттар» жəне бар...
Қиялхан  өзенге  беттеді.  Қос  бөлмелі  ағаш  үйдің  есік 
алдына  шығып,  тыртыңдап  жаттығу  жасап  тұрған  үшінші 
клас тың оқытушысы Тойғанбай мұны көріп, айғай салды.
–  Киеке,  ау  Киеке,  совхоз  помошқа  шақырып  жүр  ғой, 
барамыз ба? Көмектесіп жіберелік те... Қол күші жетпейтін 
шы ғар.
– Дəндеп алып, құдайдың құтты күні қыдиып тұр ма са... 
Ей, одан да жылқылы ауылға тартып кетсек қайтеді, қы мыз 
ішіп кекіріп қайтамыз.
– Қымызды жұмыс басында да ішуге болады ғой.
– Əй, солар су қосып береді... Сен барсаң, өзің жүре бер. 
Менің кегежегім кейін тартып тұр.
Тау  ішіндегі  шағын  ауылда  бастауыш  мектеп  бар-тын. 
Қиял хан бұдан бір жыл бұрын іздеу салған ағайынын із деп 
кел ді де, біржола қалаға қайтпай қалған. Қалаға қайт пай қал-
ға ны отыз жыл көрмеген ағайын-туғанын қимағаны емес, тіп-
ті олардың шын туысы екенін де білмейді, осы өңірдің өз ге-
ше тұрмыс-салты, табиғатының соншалық сұлулығы қы зық-
тыр ған. Мұнда қаладағыдай емес, ой тұңғиығына емін-ер кін 
батуға əбден болады. Ол қалада университеттің философия 
факультетін бітірген соң, екі жыл жұмыс істеді, сол екі жылы 
əлдекімнің қораш үйін жалдап тұруымен ырың-жырың өтіп 
жатқанын уайымдай берген сəтте, газетке мұның аты-жө нін 
айтып  адақтаған  іздеу  шықты.  Сонсоң  сол  адрес  бо йын ша 
осы  ауылға  сапар  шекті.  Іздеуші – əкесінің  інісі.  Əке сі нің 
інісі үйлі-баранды: шиеттей жеті баласы, жалқау əйе лі бар, 
жуастау  адам  екен.  Үстінен  қой  айдап  өтсе  де,  ыр жия  кү-
ліп жата беретін аңқылдақ, тіпті аздап ынжықтау да болып 

270
кө рін ген  Қиялханға.  Өзі  жастығына  қарамай  осы  ауыл дың 
сиырын  бағады.  Жеңгей  болса  жеті  баланың  киім де рін  ер-
теден  қара  кешке  дейін  жуып,  су  басынан  шықпайды.  Қа-
зір  де  елең-алаңнан  тұрып  алып,  тасқа  салып  мыжғылап 
отыр. Қиял хан ды көріп алқам-салқам омырауын далдалаған 
болды.
–  Қайным,  неғып  ерте  тұрғансың,  астыңнан  су  шықты 
ма? – Қалжыңдаған-сымағы.
– Жоқ, совхозға шөп үйісіп жіберейін деп... Аға қайда?
– Кетті ғой ағаң, сиырын айдап қалқайып. – Сонсоң қо-
лын да ғы  көйлекті  құшырлана  суға  салып-салып  қалды  да 
күр сін ді. – Шөп үйісіп нең бар, өздері қымыз ішіп, қыз аң-
дып  ала  жаздай  салаңдап  жүреді  де,  қыс  қысқанда,  бір-бір 
қо тыр бұзауды асырап бер деп біздің қорамызға тығады.
Қиялхан  көшірмедей  дода-дода  болып  кір  жуып,  бұлақ 
басында отырған жеңгесін аяғандай ту сыртынан ұзақ қа рап 
тұрды. Ертеректе осы алдындағы сылдырлай аққан су сың ғы-
рын дай күлкісі бар, қаз мойын, қолаң шашты қыз бол ға ны на 
сенбегендей. Ескірмеген нəрсенің бəрі жақсы, тіпті не нəр се 
көңілден де, көзден де қашаң тартқан сайын құндана бермек. 
Бұлақтың  ар  жақ  жағалауындағы  жалғыз  қарағайға  назары 
ауды.  Қандай  ұқсастық!  Түсінде  көргендей  қаз  қал пын да... 
Кө зін  жұмып  еді,  сонда  да  күн  сəулесіне  шағылысқан  кү-
міс толқынды бұлақты, қабығы нарттай қапсағай қа ра ғай ды 
көр ді. Тек əткеншек теуіп отырған қызыл көйлекті қыз жоқ, 
кір жуған албастыдай əйел ғана... Ол таң алдында көр ген тү-
сін есіне түсірді.
...«Көзі  ілінсе,  көз  алдындағы  мақпал  қара  түнекті  дүр 
сіл кін тіп,  қызылды-жасылды  сызықтар  пайда  болады,  ол 
сы зық тар  қап-қара  шарбыны  найзағай  отындай  айқыш-ұй-

271
қыш тілгілейді; сонсоң əлгі қара түнек ысырылып, бір түр лі 
жұм сақ жұмбақты дүние басталады; əлде ақ сары ма, əлде 
құ ла кер ме, əйтеуір, өзгеше бояулы таулар əн салып ыр ға ла-
ды, бар көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмпайы адамдар 
қолдарында бір-бір шырақ, мамырлай басып сызылтып өлең 
айтады;  жер  бетіндегі  ең  жабайы  ағаштар  мəуелеп  же міс 
беріп,  ошаған  мен  қышымадан  хош  иісті  əтір  аңқиды;  қы-
зық, аспанға қараңызшы: қандай таза, сол таза көкте ақ ша-
ға ла – ақ қауырсынды адам періштелер самғап ұшады; қара 
түс жоқ, жамандық, зұлымдық пен қызғаншақтық, күн шіл-
дік пен өсек-аяңсыз бейкүнə жұмақ тірлік, пейіш өмір, таң-
ға жа йып құбылыстың сүйек балқытар əсем əні толастамаса 
екен деп тілейсің, осы мамыр өмірдің дəл ортасында күміс 
тол қын, алтын сағалы өзен ағып жатыр, суын татып көр сең – 
бал татиды; ал осы өзеннің оң жағасындағы еңсегей бойлы 
алып қарағай өсіп тұр; қарағайдың қасиеті де тірі адам ның 
қолынан келмейтін сиқырға толы: топырақтан қорек алар та-
мырдан  тұл,  жер  өлшеуші  орната  салған  діңгек  секілді;  ал 
əр бұтағы əр түрлі: бірі ақ, бірі көк, бірі қызыл – тек қана 
қа ра сы жоқ; алақаныңмен ақырын сипасаң, майда қоңыр үн-
мен күбірлеп əңгіме бастайды, осы қарағайдың бір бұ та ғы на 
ақ түбіттен ескен бауы бар əткеншек байлаған, əт кен шек те 
қызыл көйлекті қыз тербеліп отыр; Қиялхан осынау ға жа йып 
көріністің ортасын да уайым-қайғы, арман-мақсатсыз се руен-
деп  жүре  бергісі  келеді;  бірақ  қам-қаракетсіз  жүре  беруге 
болмайтын, өзі жасамаған жақсылықтың қадір-қасиеті қа ша-
ды екен; ол енді күндізгі итіс-тартыс мазаң өмірін са ғын ды; 
қиын дық ты аңсады; пенде дегенің қанағатсыз да тұ рақ сыз – 
кө ңі лі биікке шықса, аласаны, аласада тұрса, биікті көк сей-
ді де жүреді осылай; отызға шықса да үйленбеген Қиял хан 

272
қыз  таңдай  алмай  емес,  талғамнан  шығар  қыз  таба  алмай 
жү ру ші еді, анау сиқырлы қарағайға байланған əткеншектегі 
қыз ды іздеген екен-ау: бүкіл əлемді əлдилеген тамылжыған 
əн нің иесі де бұл; «Жоқ, енді мен елге қайтпаймын, осылай-
ша таңғажайып түс кешіп мəңгі ұйықтай беремін, құдай-ау, 
мен неге ғана өңімнен – өмірден іздегенімді түсімнен таба-
мын, жарғақ құлағым жастыққа тимей, санамның сан дал кө-
гін тебініп қуған арман, тілек – бəрі-бəрі жұмылған көз дің 
ішінде жарқырап жатыр». Қиялхан аяғын еппен басып қыз-
ға жақындады, айтатыны бір-ақ сөз: түсім өңіме айналмаса 
екен,  өңім  түсіме  айналса  екен;  қыз  үндеген  жоқ,  екі  көзі 
шырадай жанып, баяу ғана тербеледі, ал сұлу əн сара йы нан 
өзі нен-өзі  туындайды;  қарсы  алдындағы  жүдеген,  екі  беті 
сұп-сұр жігіттің үстіне қарады да, өксіп жылады-ай; не екені 
белгісіз,  əлгі  əсем  əн  бəрібір  бəсеңсіген  жоқ; «Неге  жы ла-
дың, қалқам?» – қыз жауап қайтармады, өксігін баса алмай, 
ағыл-тегіл жылап отыр; не істерін білмей сасқалақтаған жі-
гіт  қарағайды  ұстай  алып  еді,  сөйлеп  қоя  берді: «Ей,  ақы-
лы нан  азап  шеккен  Адам,  екі  қолыңа  қарашы  (қып-қызыл 
қан екен); Ей, бірінің құйрығына бірі шала байлаған Адам, 
бас қан  ізіңе  қарашы  (сап-сары  боп  күйіп  қалған);  Ей,  жан 
жық пы лы  қатпар-қатпар  ала  көңілді  Адам,  үстіңдегі  ап пақ 
ке бі нің ді  шешші! (Қиялхан  ақ  шағидан  көлгірете  тіктірген 
ақ  шапанын  шешіп  еді,  белдігіне  шыр  айналдыра  қырық 
пы шақ байланған қап-қара шапанды көрді); Ей, жалпақ жа-
һан ға сыйыспай қырқысқан Адам, қара ниетіңе сенбей тұр-
ған шығарсың, тағы шешін, тағы шешін (Қиялхан əр бір ақ 
ша пан ның астынан киілген қырық пышақты қара шапан ды 
ақ  тер,  қара  тер  боп  қанша  шешсе  де,  тауыса  алмай  дымы 
құрыды, сонсоң шаршап отыра кетті); Əне, сендер сон дай-

273
сың дар, ақ ниетің қара пиғылыңды жасыру үшін керек; ха-
лық қа қалқан болуға жарамайсыңдар, қайта халықты қал қан 
тұтып, қара бастың сауғасын сағалайсыңдар; сен іздеп жүр-
ген қыз жарық дүниедегі ең таза, ең адал да сұлу жан бол ған 
соң, күнəһарлардан алып қашып ақ өмірге – түс жұ ма ғы на 
əкел ген біз; бұл қыздың аты қойылмай, анасынан жаңа туған 
шарана шағынан өлтірдік те, қалған өмірін осылай ба ғыш та-
дық; енді ол адамдардың құрбаны емес, мүмкін сен із де ген 
қыз осы шығар; білем, сен де осы ақ өмір түс жұ мақ ты аң-
сай сың-ау, амал не, сені ұрлағанша, есіміңді қо йып үл гер ген 
еді, енді сен – адам-періште емес, азап-адам сың».
– Тұр енді, ұлым, тұра ғой. Күн көтеріліп қалды.
Атып тұрып айналасына қарап еді, дəл алдында емі ре ніп 
тұрған  кемпірді  көрді.  Шым-шытырық  есін  əлі  де  жия  ал-
май, түн ортасында түртіп оятып сұрасаң да ешбір қа те лес-
пей ағылта жөнелер ақылын айтты: 
– Екі тонна көмір 22 сом тұрады, ал екі тонна көмірді ше-
лектеп тасысаң айна-қатесіз 150 шелек шығады. Ə, сіз екен-
сіз  ғой,  апа,  кешіріңіз,  жаман  түс  көріп  жатыр  екенмін,  сіз 
оятпасаңыз өліп қалатын түрім бар.
– Олай деме, ұлым, түстің жаманы болмайды. Бұ рын ғы-
лар дың ол туралы айтатын аңызын білесің бе?
– Жоқ, апа?
– Ендеше, кешке айтып берейін. Қазір жуынып, та ма ғың-
ды іш, бригадир келіп кетті, мұғалімдерді сүбетнекке ша қы-
рып жүрмін дейді.
– Барамыз ғой, барамыз, күн ашық тұрғанда кө мек те сіп 
жі бер ме сек, шапқан пішені Алтайдың ақ жауынында қа  лар...
...Екі қолын суға малып мелшиіп отырған Қиялхан селк 
етіп есін жиды да, көзін уқалады, бəрі баяғы қалпында. Ал 

274
жасыл тау, көтеріліп бара жатқан күн, бүлк-бүлк аққан бұ-
лақ,  кір  жуып  отырған  əйел,  сонау  оқшау  өскен  қарағай... 
Неге ғана өзгермейді?! Сонда бүгінгі, ертеңгі қайда? Əр таң 
өз жаңалығын ала келмесе, əр адам жаңа бір іс тындырмаса 
өмір дами ма екен... Баяғыдай дами береді екен... абсолюттік 
еш нəрсе жоқ дейміз, дəл осы тірлік абсолюттік... ал, ұзақ уа-
қыт та ғы дамудың нəтижесі – адамның өзі осылай деп отыр-
са, əлемдегі əрбір жаңалыққа күмəнмен қарау керек шығар. 
Шынында да, біз табиғаттың бар сырын бүге-шүгесіне де йін 
ашып болдық па? Жоқ! Ендеше, адамды жануарлар дү ние сі-
нен бөліп шығарған еңбек, сол адамның болашағына қа уіп 
болары санамызға кірді ме. Біз еңбекті əсте санасыз жасап 
жүр ге ні міз жоқ, тіпті жануарлар дүниесінің белгілі бір мөл-
шер де  біздің  ұғымымызға  ұялай  бермейтін  санасы  бар.  Ал 
тұрпайы  еңбекті  ғылыми  еңбекке  ұластырған  адам  ақы лы 
бү   кіл əлемнің татулығы жолындағы ізгі ниеттен неге тай сақ-
тай ды? Неге ғана сана жетілген сайын, азапты еңбекті азалы 
өлім ге  қару  ғып  жұмсаймыз?  Неге  ғана  айдай  əлемді  күл-
тал қан  етер  құрал  ойлап  табамыз,  ал  айдай  əлемді  ауызға 
қа ра тар құдіретті рухани күш жасай алмаймыз? Еңбек ету-
дің  барысында  ғана  ойлауымызды  қалыптастырмай,  алды-
мен  не  жасайтынымызды  жəне  не  үшін  жасайтынымызды 
əрі осы ісіміздің нəтижесі адам баласының жарқын өмі рі не 
қан ша лық ты үлес болып қосылатынын егжей-тегжейлі ойда 
пісіріп,  сонан  соң  санадағы  бұлдыр-салдыр  жалған  қия ли 
сүл де лер ді қуып шығатын уақыт жеткен жоқ па... Адам сана-
сы жетілген сайын, азуымызды айға білеп, бүкіл жа һан да ғы 
айғай-шуға айналдырғанымыз қалай!
Түсімдегі  қарағай  рас  айтады.  Не  нəрсе  балаң  кезінде 
таза. Менің таңғалғаным: жоғары білімі бар Тойғанбайдың 

275
қо ғам дық  санадан  екі  сағаттық  лекция  оқи  алатыны,  бірақ 
сөй те  тұра  қоғамдық  еңбектен  қашатыны...  Мұнда  қандай 
ты ныш тық,  маужыраған  бейкүнə  бейбіт  өмір  бар  секілді. 
Еш те ңе ге алаңдамайды, ештеңеге құлай сенбейді де, бүгінгі 
күн тыныш өтсе болды, ертең дүние өртеніп кетсе де, селк 
етпейді.  Қарны  тойғанға  қанағат  қылған  тоқкүлкі  адамдар 
егер  пəлен  жерде  соғыс  басталыпты  десең,  көрші  ауылда 
Иман Жүсіптің баласы мас болып əкесін сабапты деген жа-
ңа лық тан əлдеқайда кем əсерленеді. Олар айтады: «Енді қай-
те йік, осы ауылда бір еркек қалмай қырылып қалған күн ді 
біз де кешкенбіз, одан аспан ойылып жерге түсіп кеткен жоқ. 
Құдайға шүкір, ұрлықтан тапсақ та ұрпақ бар». Иə, əке сі нің 
кім екенін білмейтін ұрпақтың бірі менмін, əттең, əкем тірі 
болып, еркелеп өссем тіпті жақсы еді ғой. Иə, ме нің əкем уа-
қыт тың құрбаны, тым-тым артық «ақылдың» жолында қаза 
тапты. Кімнің бодауында, кімнің қолынан өлсе де, то пы ра ғы 
торқа болсын, уа тəңірім-ау, əке тағдырын ме нің қай та ла уым 
міндет  пе?  Мен  өз  өліміммен  бейбіт  неге  өл мей мін.  Əл де-
кім нің оғына ұшу шарт па екен. «Басқа жұрт қайғы-қа сі рет 
тартып  жатқанда,  мен  өзімді  қалайша  бақытты  санай  ала-
мын», – деп Достоевский бекер айтты дейсіз бе? Жер бе тін де 
со ғыс тың болмауын абсолюттік ақиқатқа неге айналдырмай-
мыз. Бұл – шындыққа айналатын мүмкіндік қой».
– Қайным-ау, неғып күбірлеп отырсың? Ақ апа дұға үй ре-
тіп қойғаннан сау ма?
– Жоқ, жеңеше, əншейін өзім ғой сандырақтап отыр ған. – 
Орнынан  тұрды  да,  қайтуға  ыңғайланды.  Шелекке  сал ған 
жуылған кірді көтеріп ере жүрген жеңгесі:
– Ел-жұрт өшкені жанып, өлгені тірілген қайнысын шы-
дат пай, Ақ апаның үйіне квартираға тұрғызыпты деп, өсек-

276
теп жүр. Жұрттың аузына қақпақ боламыз ба, айтса айта бер -
сін,  түге.  Балалар  шулап  мазамды  алды  демесең,  өзіміздің 
қо лы мыз да тұра берсең етті. Біз не ішсек, соны ішесің, саған 
арнайы тамақ істеп ауырсынбаймын. Əй, қайдам, жазу-сы-
зуы бар адамға шуылдақ үй пана болар ма екен... Өзің біл...
– Ол не дегеніңіз, кемпірдің үйінде-ақ жүре берейін, бə рі-
бір емес пе, тапқан-таянғаным сіздердікі, ағаға кө мек тес ке-
нім болсын. Жалғыз тұру Ақ апаға да қиын ғой.
– Өзің біл, Ақ апа да бөтеніміз емес, түбі бір туыс қа ны-
мыз. Тек ауыл-аймаққа табалатпай, үзбей келіп тұр. Жаман 
ағаң қырықтан асқанда ес кіріп, тауып алғаны едің, ме сел-
де сін қайтарма, қайным. Жуас кісінің ашуы жаман болушы 
еді. Сиыр жайып жүріп бір жерде өліп қала ма деп қор қа мын 
(теріс қарап бырс-бырс жылаған болды).
–  Қорықпаңыз,  ол – өлмейтін  кісі.  Мал  баққандар  ғана 
ұзақ жасайды. Мал баққандардың түбіне жететін ой бақ қан-
дар болар-ау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет