Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ІІ
Ол  пішендіктің  басында  да  түндегі  түсі  мен  су  ба сын-
да ғы мазасыз ойдан арыла алмады. Қиюы қашқан фи ло со-
фия лық  пікірлерін  күнделікті  өмірден  көргендері  мен  түй-
ген де рі жендей береді де, жеңіліс тапқан пəлсапа ала сұ рып, 
жаңа  теориясын  ұсынады.  Қиялханның  бір  басында  ғана 
тай та лас қан екі ойдың тартысы қиян-кескі майдан құрады. 
Қа ра ма-қайшылықтың  ең  сұмдығы  адамның  өзінен  бас та-
лып, кең кеңістікке уытын жаяды білем. Адам ең əуелі өзі-
мен-өзі күресіп алады екен: қай пиғылы жендесе, сол бы лай-
ғы  өмірге  өктемдігін  жүргізбекке  жанталасады.  Дегенмен, 

277
Қиял хан ның ойы мен қазіргі қарекетінің арасында жер мен 
көк тей айырмашылық бар-тын. Санасында соңғы бес жылда 
ба ла пан да ған соғысты қайтсе болдырмауға болады де ген ой 
ала құйын шауып жүрсе, екі қолы маяға шөп əпе ріп тұр. Мая 
биік теп барады, бұл айырлап шөп əперген са йын, ас пан да-
ған анау бес-ақ кластық білімі бар жігіттің асы ғы алшысы-
нан  түскен  заман  еді.  Өзі  мұнда  болғанымен,  қия лы  қияда 
жүрген Қиялхан қолындағы шөп көтеріп алған айыр дың қа-
лай түсіп кеткенін сезбей қалды.
– Ей, мұғалім, – деп айқұлақтана айғай салды маяның үс-
тін де  тұрған  жігіт. – Пішен  үю  сенің  қысыр  қиялың  емес, 
мəң гі мей дұрыстап əпер. Баламды күзгі сынға қалдырып ең, 
айырды жіберіп қалып, тұрған жеріңде тырапай астырайын 
ба, бəлем.
–  Шаптықпа, – деді  жердегі  екінші  маяшы, – ұлың  өзің 
се кіл ді көкеми болса, күзгі емес, қысқы сынға қалдырса да 
обал жоқ. Бар қалқам, деміңді ал, бірден қара жұмысқа түс-
кен оңай емес.
Қиялхан ой еңбегін дене еңбегінің алдында тізесін бүк-
тір гі сі келмесе де, өзін осы ортаға артық санап тұрған соң, 
амалсыз кейін шегінді. Ашуын əлі де баса алмады ма, мая-
ның үстіндегі жігіт екі иығын жұлып жеп тұр:
– Осындай осалдарды ауылға екі шақырым жақын жолат-
пау керек. Осы өңірден аттап шықпай-ақ өмір сүріп ке ле міз 
ғой, қаласында жүре бермей ме, не іздеп келеді де сең ші. Үл кен 
өмір бізге тиіспесін, үлкен өмірге біз барып, жал ған да соқ тық-
пай мыз. Ойбай, тауық керек, ойбай жүн-жұрқа, сүт-май керек 
деп салық салса – осылардың қамы үшін де. Егі нін са  лып, шө-
бін шауып жайына жүрген жандардың мазасын алатын – анау 
секілді екі айыр пішен əпере алмайтын «ой шыл дар».

278
– Оттапсың, – деді жердегі бұжыр бет, ала көз, орта жас-
та ғы  адам. – Ауыз  өзімдікі  екен  деп,  былшылдай  бересің 
ғой. «Аласталған Алитет» деген кітап оқып едім ертеректе, 
сол саяқтан айырмаң болсайшы. Осы кезде аң екеш аң да ел-
жұрт қа үйірсек, қолдан жем жегісі келеді. Ана таудың ар жа-
ғы на бір қыс тастаса, артыңды қысып қайтып оралар едің... 
Қара  қазанның  қайнағанын  дəтке  қуат  еткен  əулекі  неме, 
осын ша лық ойсыз-мисыз бошалаң бо лып жа ра ты лар мы сың, 
ка ла ның даласыз, даланың қаласыз күні бар ма? Түс маядан 
ербимей, əйтпесе қолымдағы айырды мен саған жібе ріп қа-
лар мын.
Салы суға кетіп көңілсіз қайтты жұмыстан. Одан да Той-
ған бай құсап бармай қойғаны жақсы ма еді. Сөз естіді. Шы-
нында да, айналасындағы адамның көбі-ақ мұны есер соқ қа 
балайтын  секілді.  Өмір  бақида  жүзеге  аспайтын  бедеу  ой 
қуып жүргенін қайдан білсін. Ой сауғанның оңғаны бар ма? 
Жəне де Қиялханның ойы дүниені танып-білуде материалис-
тік  көзқарасқа  жанаспайтындай,  объективтік  иде ализм  іс-
пет ті  танып-білуге  болатын  шындықтан  тысқары,  ерекше 
бір  ұлы  рухани  сала  бар,  оған  ғалымның  да  (егер  бар  бол-
са құ дай дың да) қолы жетпейтін тылсым күш іздеп жүрген 
жоқ  па...  Сондықтан  да  адам  баласына  тəуелсіз  өмір  сүре 
алатын, сөйте тұра сол адамзатқа қызмет ететін сиқырлы əл-
де не  ашу ға  əуес  те;  бұл  иландырмайтын  əуестік  қана  бол-
ға ны мен, жалпы ниеті дұрыс, жас сəбидің саусағын жа йып 
алыс та ғы  айға  талпынғаны  секілді  бейкүнə  қылық.  Мей лі, 
қателессін, мейлі жүзеге аспасын, ақ көңілдің мөлдір жасы-
на ұласар... «Қазір, – деп түйді ол өз ойын, – қазір жұрт тық 
та, ұлттық та емес, одан əлдеқайда көкжиегі кең, əл де қай да 
ауадай  қажет  жалпы  адамзаттың  болашағына  жауапкер  əрі 

279
сол  адамзатты  уысында  бейбіт  ұстап  тұра  алатын  құ ді рет-
ті күш керек. Өз «ұлтын» күшейтіп алған Гитлердің қан ды 
жо ры ғын қайталамау үшін, бір ақылды екінші ақылға айдап 
салмау үшін де керек шығар...».
Ол өз пікірлерінің əлі шалағай екенін біле тұрса да, тəт  ті 
қиялын толастатпады.
ІІІ
Ақ апа тамақ істеп күтіп отыр. Шəугімге су құйып, беті-
қо лын жуғызды.
– Шаршаған шығарсың, өңің сынық екен.
–  Жұмыс  істеп  шаршаған  жоқпын,  апа,  неге  екенін  біл-
мей мін,  қайдағы-жайдағы  ойлар  ызыңдап  мазамды  алады. 
Тіп ті қаншама ойлауымды тоқтатайын десем де, басымнан 
қуып шығара алмаймын, тəттіге үймелеген шыбын іспетті, 
ызың етіп дүркірей ұшады да, жапырлап қайта қонады.
– Томаға-тұйықтығың содан-ау, шырағым.
–  Ол  да  рас.  Қөзім  ілінсе  болды,  машақатты  түстер  кө-
ре тін ді шығардым. Сіз таңертең маған «кешке əңгіме айтып 
берем» деген едіңіз-ау.
– Тамағыңды ішіп ал. Сосын асықпай айтып берермін.
Күн батпаса екен деп ойлайды, батып кетті. Шағын ауыл-
дың даңғаза шуылы бəсеңсіп, тау ішінің барқыт кеші жұм сақ 
түніне ұласқан, енді біраз уақыттан кейін дүние жү зі нің ұры-
ла ры  түнгі  жорыққа  аттанады.  Енді  біраз  уақыт  өт кен  соң, 
күндізгі ақ шапанын сыпырып тастап, қара шапанын жа мыл-
ған  «күнəһарлар»  ақ  тілек  адамдардың  ар-ожданы  мен  ізгі 
ниет, ақ шағала арманын ластап, ұлы шерудің күре жолына 
тос қа уыл құрып, ор қаза бастайды. Сонсоң жылап-сық та ған 

280
жан айқайын шығаруға да жасқанып, қинала ыңыр сы ған үн 
естіледі. Ал, сол бір көмек сұрап жалбарынған үнді еститін 
тү рік құлақ, бауырмал сана керек. Ақ апаның тарамыс-тара-
мыс кəрі қолынан шыққан кешкі асы дəмді болса да, Қиял-
хан ның жүдеген көңіліне медеу бола алмады. Оның құ ла ғы-
нан сонау Ангола-Хиросимодағы мəңгі мү ге дек ке ай нал ған 
адамдардың  Америка  Құрама  Штаты  мен  атом  бомбасын 
қарғай  зарлаған  дауыстары  кетпеді.  Екі  құ ла ғын  бі теп  кө-
ріп еді, бəрібір талып естіліп тұрды. Санасында жү ріп жат-
қан осыншалық азапты ойлар мен қор қы ныш ты елестерден 
арылғысы келді ме, Ақ апаны əңгімеге тартты.
– Ақ апа, – дей беріп еді, жігіттің ала құйын күйін өзі де 
сезіп отыр екен:
– Айтайын, қарағым, айтайын, – деді. Кимешек шылауы-
шын түзеп қайта киіп, сөзін бастады.
– Баяғыда алыс қыстақта жалғыз үйлі күзетші тұрған екен. 
Күзетшінің  əйелі  жүкті  болып,  айы-күні  жетіп  бо сан ға лы 
отырғанда, ері алысқа аң аулап кетсе керек. Үйде жал ғыз өзі 
қалған əйел түс көреді. Түсінде екі омырауын екі қас қыр жей 
бастағанда  шошып  оянып,  түсін  жорытуға  алыс та ғы  ауыл-
ға жүгіреді. Қыс. Ақпанның ақ бораны. Түс жоритын адам 
үйінде жоқ болған соң, аңшының жұбайына айтып бе ріп ті. 
Көңілінде  бөтен  ой  жоқ  аңқау  келіншек: «Ой,  ондай  болса 
екі емшегіңді өңіңде де қас қыр жеп қояды екен», – деп əзіл-
деп ті. Жаны шығып шошынған əйел қыстаққа ізінше қай та 
қай та ды. Сонсоң түс жоритын кісі кешке үйіне келгенде, ба-
ға на ғы оқиғаны айтып беріпті əйел. «Апыр-ай, бекер жа са-
ған екенсің. Егіз ұл табады екен. Қандай жа ман түсті жақ сы-
ға жору керек, ол əйел, сөз жоқ, бір нəрсеге ұшырады», – деп 
атына міне шабады. Амал не, ол жеткенше, екі баласын екі 

281
жерге жайратып, қасқыр жарып тастаған екен... Түстің жа-
маны жоқ, шырағым, сол секілді түстің жалғаны да бол ған 
емес, тек жақсы ниетке жорыған жөн, балам...
Сөзін  аяқтап  болған  соң,  Қиялханға  қарап  еді,  екі  ұрты 
суалып,  көзі  қанталаған  қалпы,  қазандықтағы  отқа  тел мі-
ріп отыр екен. Кемпірдің əңгімесін мүлдем естімеген мəң гі 
керең адам секілді. Дəл осы кейпінде қоламтадан жаңа ғана 
шыққандай өң-түсі өзгеше жат əрі азып бара жатқандай ая-
нышты да қорқынышты. Əлдекімдерге қиянат кектенген тірі 
аруақ мың-миллион қайшылықтың мəңгі ортаймас тең і зі не 
мал ты ғып,  қармана-қармана  шалдыққан  жазықсыз  жан ның 
өзі нен гөрі өзгені аяп, өзгенің ертеңін ойлап уа йым да ған жү-
деу ұсқыны...
– Балам, – деді кемпір маңдайынан сипап, – сен жал ғыз-
сың ғой, несіне шаршайсың.
– Жоқ, апа, мен жалғыз емеспін...
Көңілдегісін  айнытпай  танып,  аналық  зор  се зім тал дық-
пен ойын оқып отырған Ақ апаның киелі алақаны мұз да ған 
денесіне жылу таратты.
– Сіз барсыз ғой, апа.
– Ананың арманы орындалар болса, өмір бақи да со ғыс 
болмас еді. Сенің шешеңді білетінмін. Қандай еді де сең ші, 
жібек еді ғой... Сен бес айлығыңда қалдың. Іле əкең нен қа-
ра қа ғаз келді. Сені балалар үйіне тапсырдық... Құдай-ау, бəрі 
де күні кешегідей... Бірақ бəрібір көзімізді шел басып, ұмы-
тып барамыз. Ақтабан шұбырындыдан кем соқты ма... Жау-
ды көрмесек те, жауған оқтың астында қалдық...
– Неге екенін білмеймін, – деді Қиялхан кемпірдің кеу де-
сі не басын қойып, – неге екенін білмеймін, əкемнің өң-тү сін 
анықтап  түсімде  көре  алмай-ақ  қойдым.  Ылғи  да  те ріс  қа-

282
рап үнсіз тұрады. Сонсоң... сонсоң мен жақындаған са йын, 
алыстай  береді.  Былтыр  анамды  көрдім,  түсімде,  əрине. 
Үс тін де қара торғыннан көйлегі, қолында жез құманы бар, 
суға  кетіп  барады  екен  деймін.  Мені: «келе  ғой,  құлыным, 
келе ғой маңдайыңнан сүйейін», – деп шақырады. Қаншама 
жү ре гім  дауаламай  қорқып  тұрсам  да,  жақындап  бардым. 
Ба уы рына  басып  солқылдап  жылайды.  Өңірін  ағытып  жі-
бер ген де,  омырауынан  қара  жерге  сорғалаған  сүтті  көрдім. 
«Міне, сен еме ал май қалған ана сүті», – дейді. Дəл осы сіз-
ді кі  секілді  мұрнымнан  мəңгі  кетпейтін  киелі  иіс  сезілді. 
Мүм кін,  ананың  ақ  жүрегінен  шыққан  ұлы  махаббаттың 
хош  иісі  ме?!  Мен  болсам  сіздердің,  айналайын  аналар,  ақ 
сүт те рі ңіз бен  марқайып,  ақ  білектеріңізге  тербеліп  тəр бие-
ле не  алмаған  соң  ба,  соғысты  жылдың  ызғарындай  қа тал 
да суықпын. Осы отыз жасыма дейін сізден басқа бір пенде 
«айналайын»  деп  аймалап,  маңдайымнан  сипап,  ба уы ры на 
басып көрген жоқ. Ережеге сүйеніп ержеткен соң, өз ге ге де 
іші-бауырың елжіреп, ықыласың құлап тұр май ды екен. Қа-
зір əлемде нендей сұмдық хабар естілсе де, ертеден тос қан, 
со ған  қаршадайымнан  іштей  дайындалған  қалыпты  жа ңа-
лық тар дай саспай қарсы аламын. Адамның неге болсын еті 
өліп кетеді білем. Сіз маған гүлге толы шуақты ғұ мыр сый ла-
ған дай болдыңыз. Мен қайта тудым. Сізсіз – ме нің ұйқысыз 
түн дер ден, мазасыз күндерден іздеген Анашым!
Қиялхан бетін Ақ апаның бауырына басып, балаша өк сіп 
жылады. Кемпір шандырланған алақанымен көзінің жасын 
сүр тіп, аналықтың мəңгі сөнбес мейірімін төкті.
–  Жыла,  құлыным,  жыла.  Көкірегіңдегі  запыран  болып 
тол ған  мұң-қиялдан  арылар  ма  екенсің.  Жыла,  құлыным, 
жыла. Бұл сенің дүниеге іңгəлап жаңа келгенің болсын, əке-

283
ше шең ді ақтық рет жоқтағаның болсын. Мен де өшкенім жа-
нып,  өлгенім  тірілгендей,  отыз  жыл  бұрын  соғысқа  кеткен 
ұлым қайтып оралғандай боздайын, боздайын.
IV
Тағы да азапты түндер басталды. Ары аунайсың, бері ау-
най сың – ұйқың келмейді. Тысқа шығасың шыдай алмай – 
жым-жырт: тау да, орман да, жан-жануар, адамзат та бір сəт 
та лық сып қалғып кеткен. Қалғығандарды аңдып жүр ген дер 
жəне  бар.  Алысқа  карағың  келеді – еш  нəрсе  кө рін бей ді. 
Осындай  ертек  сынды  мың  бір  түндерде  екі  түр лі  адамдар 
ұйық та май  жүреді:  бірі – жарасымды  тыныштықты  қа  лай 
бұ зу дың  амалын  іздейді;  енді  бірі – осы  жусаған  тыныш 
өмір  ді қалай сақтап қалам деп ойдан тозады. Қиялхан ақы-
рын аяңдап бұлақ басына бар ды. Əрбір шоқтығы алыс та ған 
жұл дыз дар дың əлсіз жарығы жалап күмістелген ерке бұ лақ 
осынау бейбіт өлкенің қыз күлкісіндей, дүрсілдеп соқ қан ма-
засыз жүрегінің лүпіліндей, қара түнгі – қара шашына бай-
лан ған шолпының сылдырындай.
–  Бұл – поэзия, – деді  даусын  шығарып.  Өз  үнінен  өзі 
шошып,  жан-жағына  қарады.  Ешкім  жоқ  екен. – Иə,  бұл – 
поэ зия!
Талаураған табиғаттың қара барқын дидары қазір ай туса, 
баяғының  лəмбі  матасындай  құлпырар  еді.  Сонда  кө бең 
шал ған көңіліне шым-шымдап нұр тарап, қазымыр ойдан қа-
жып, саздау тартқан санаң уыз сəулеге шомылар еді. Күн діз гі 
ай қай-сүрең бəсеңсіп барып, мəңгірген бұйығы хал ден елес 
берер еді. Енді найсап та, нойыс та адыра биік мұ рат, інжу 
пе йіл ді адамдар ғана монданақтай жер шарының қо жа сы бо-

284
лып қалды деп, өзгеше көркем күйге əуестенесіз. Мон да нақ-
тай жер шары тек қана поэзия кеңістігінде жүзіп жүр ген ге 
ұқсайды. Осылайша сіз өзіңізді өзіңіз алдаусыратасыз. Бі рақ 
сізді қоршаған айнала айылын жимай бейбіт те сал қам се рі 
булаңытқанымен, жұмыр жер күйіп-жанып тұрар еді...
Бұлақ  жағасындағы  жалғыз  қарағай  сонадайдан  жеке-
дара  қарауытады.  Анау  қалың  жынысты  орманнан  оқ шау 
адаса  жаратылған  осы  қарағай  Қиялханның  қазіргі  саяқ 
өмі рін  еске  салғандай,  соны  қайталағандай  болатын.  Өт-
кен түндегі түстердің əлегінен əлі де арыла алмай, дел-сал 
жүр ген де таудың кешкі самалы желпіп өткен. Самал желпіп 
өт кен  соң,  еңсені  езген  ауыр  ой  бытыраған,  дүниедегі  сұ-
лу лық  қайтадан  сылаң  қағып,  қызық-қызық  күндерге  қол 
бұл ғап  шақырған,  жүзі  томсарыңқы  болғанымен,  көкірегін 
əл де бір əннің белгісіз əуені шабақтап, тəтті үміттің əлдебір 
əде мі  əңгімесін  сыбыр  қып  айтқан;  бейуақтың  жым-жырт 
мо ма қан пердесі болмыстың мың-миллион кем-кетігін дал-
далап, ізгі кешірімділікке толы жеңеше мінезбен жер-ана ға 
ай дың суға ғашық екенін өзгеше бір сыпайы мінезбен жет-
кіз ген.  Жер-ананың  ықыласты  ақ  батасын  алған  ару  ай  өр-
кеш-өркеш  тау  түрмесінен  босап  шығып,  жарқ  етіп  жаман 
қылық  көрсетпей  майда  жымиды  да,  жан-жағына  наз да на 
қарады, бой жазып алған соң ғана сай-сайдағы ерке бұ лақ қа 
шафқатты нұрын төгіп, айнымастай болып аймаласты. Осы 
ыстық сүйіс, ғашықтықтың қытықты келтірер ерке ойы ны, 
ілкідегі  көмір  əлемінің  əп-сəтте  сүтке  айналуы,  оқта-текте 
тірі  екенін  сездірген  түн  құсының  сұңқылы,  айға  қар сы 
кісінеген  айғырдың  даусы,  қойының  амандығына  мəз  қой-
шы ның ит айтақтағаны – бəр-бəрі Қиялханның суыған ойын 
маз дат пақ қа əрекеттенді.

285
– Бұл – тұнған поэзия! – деп қана қабылдау лəзім. Шын 
өмір таң ата басталмақ. Осыншалық кілкіген ты ныш тық ты 
бұзу үшін бір-ақ адамның ақымақтығы керек.
V
«Көзі  іліне,  көз  алдындағы  қап-қара  түнекті  қақ  тіліп 
қы зыл ды-жасылды сызықтар пайда болады. Бейне бір най-
за ғай дың  жарқылы  секілді.  Сонсоң  əлде  ақ  сары  ма,  əлде 
құ ла гер ме, бөлекше бояулы таулар ырғалып əн салады, то-
ла йым көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмдық іс жа са-
ған адамдар қолдарында бір-бір шырағдан, байыппен басып 
жақ сы лық тың  жырын  шырқап  салады;  сауысқан-қар ға лар 
тамылжыта  сайрап,  есек  тұлпардай  тулап  көкке  шапшиды; 
ал көк жарықтық қандай мөлдір, сол мөлдір көкте ақ кө гер-
шін дер ғана самғап ұшады; ақ шағала іспетті сəбилер де кө-
гер шін ге қосылып қалықтайды; өлім дегенді білмейтін ма-
мырстан  əлем  осылайша,  тағы  да  Қиялханды  жүр-жүр леп 
өзі не  шақырады;  баяғыдағы  қарағай,  баяғыдағы  əт кен шек, 
бая ғы да ғы қызыл көйлекті қыз жүрек суырар мұңлы əні мен 
əл ди лей ді; Қиялхан жасқаншақтана барып қыздың ақша бе-
ті не саусағын тигізіп еді, орнында қап-қара боп дақ қал ды; 
шошына кейін шегінді; қыз бетін басып солқылдап жылады; 
бі рақ мұңлы əн сонда да толастаған жоқ; қарағайға тағы да 
тіл бітті: «Ей, тірі пенде, түс əлеміне тағы да келдің бе, са ған 
не керек?».
– Маған дүниенің кілтін беріңіз?
– Егер берсем не істер едің?
–  Жер  бетіндегі  өлім  атаулыны  өлтіріп,  тек  қана  ғұ мыр 
сыйлар едім адамдарға.

286
– Олай болса, жер бетіне адам сыяр ма еді, қазір қыр қы-
сып жүргенде...
– Өлмейтін болса, қырқыса берсін.
– Жоқ, ондай бақилық өмір жазмышта жазылмаған... бар 
дүниенің кілтін еш адамға сеніп беруге болмайды.
– Құдай да өледі, періште де қателеседі дейсіз ғой, енде-
ше, жер жүзіндегі бірде-бір оқтаулы мылтық атылмай қа ла-
тын сиқырлы күш беріңіз. Адамдар жауыздың жазалауы нан 
емес, өз өлімімен көз жұмсын.
–  Ондай  күш  бар,  бірақ  менің  таңғалатыным,  біздің  пе-
йіш ке  келетін  адамдардың  жалқы-жаманын  көрсем,  көзім 
шық сын,  бəрінің  кепілдемесі  біреу: «Жақсы  адам  еді,  мез-
гіл сіз қай тыс болды, қайтейік, сұм ажал айтып келе ме, ара-
мыздан  мұны  да  алды,  топырағың  торқа  болсын», – міне 
сон дық тан да о дүниедегі адамдардың ұрысы да, қарысы да, 
асылы мен ар дақ ты сы да бірдей, демек, адамның жаманы да, 
артығы да жоқ; мен саған оқ атылмаудың сиқырын айтайын: 
ауы лың ның өр жағында үлкен қара тас бар, сол қара тасқа 
жай дың  оғы  түскен  күнді  күт.  Сол  жайдың  оғын  ерін бей 
қазып та уып ал да, жаһандағы ең биік таудың басына шы ға-
рып, кірпік қақпастан ұстап тұр, сонда жұмыр жер де гі қару-
жа рақтың бірде-бірі өлім отын бүрікпейтін бола ды, амал не, 
оған шыдай алатын болсаң, сен жалғызсың, жай оғын та уып 
алсаң да, оны кірпік қақпай ұстап тұруың мүм кін емес...
– Неге мүмкін емес, əлемнің əр түкпірінен бір-бір адам-
нан  келіп  кезекке  тұрса,  осылайша  бір  тілек  үшін  жаппай 
жұ мыл сақ,  адамзатты  бүкіл  дүниежүзілік  қауіптен  сақтап 
қа лу ға болмас па еді...».
– Ақ апа, оятшы мені, оятшы, түу, көзім неге ашылмайды?
– Бісміллə-бісміллə, не болды шырағым, есіңді жишы.

287
Ақ  тер,  қара  тер  болып  арпалысып  жатқан  Қиялханды 
жұл қы лап жүріп əрең оятып алды. Ояна келген ол үй рен шік-
ті сө з ін сарнап қоя берді: «Екі тонна көмірді жаяу та сы саң – 
150 шелек».
– Тəңірім-ау, ауылға келем деп ауру жамап алар ма екен-
сің.  Бастырылыққан  жақсы  ырым  деуші  еді,  түбі  қайырлы 
бол ғай. Суық сумен беті-қолыңды жушы.
– Бұл ауру ауылға келмей тұрғанда-ақ пайда болған, апа. 
Бұл аурумен мұқым дүние жүзі ауырады, апа. Айтыңызшы, 
үл кен қара тас қай жерде, апа?
–  Тау  толған  қара  тас  қой,  шырағым,  ең  жақыны  керек 
болса – анау Жылқыбайдың жұртында жатыр.
– Ендеше сол тас керек маған. 
Бұлаққа қарай балаша жүгіре жөнелді.
VI
Күн  бұлттанса  екен  деп  тіледі.  Қас  қылғандай  аспанда 
шөкімдей бұлт жоқ. Үп еткен желсіз, тау дың бір жылда бір-
ақ рет келер ашық күндері. Əуе бұл жерден əлдеқайда жа қын, 
қол созымда тұрғандай ғана сезіледі. Көк төсіне сұғына кір-
ген найзадай шыңдар, сарбаздардай сап түзеген шыршалар, 
тү не рің кі  ұңғы-қойнаулар,  мəңгі  ұйқыда  жататын  қа ра бет 
жартас  өзге  өлкеге  ұқсамайтын  бөлекше  бітім  сипатта  еді. 
Ал қы зыл, ақ сары гүлдері өзінен-өзі билеп тұратын алаң қай -
лар із тимей тұнып жатса, əлі жан баспаған түкті жерлер, əсі-
ре се, мол. Ал жалғызаяқты білте соқпақ ирелең қағып, ыл-
дилап өрлеп, таудың жұмбақты қойнына суырып тарта жө-
не ле тін. Жаңбыр көп жауған соң ба, жер ошақ қазсаң да су 
шы ғып, əр ойпаң өзінен-өзі шылқып, жас сəбидің ең бе гін дей 

288
был қыл дап жатушы еді. Көкшіл түтін көкке тік атылған жел-
сіз тымық күндері-ақ шайыр мен балдырдың хош иісі мүң-
кіп тұратын. Та за да саумал ауамен жеңіл тыныстап, де ле бең 
қо зып əн салғың келеді, таудың күнгей беті əдетте ормансыз 
жа ла ңаш келеді де, тұтаса киізденіп қою шалғын бүр кей ді. 
Егер  таудың  құзар  басына  шығып  етекке  қарай  до ма ла саң, 
артыңда жапырылған шөптің жосылған ізі қалады. Бір қы-
зы ғы, мынау жап-жасыл жазираның трактордың жа ғар майы 
төгілген тұстары сап-сары болып шөп шықпай күйіп қа лар 
еді. Осынау жап-жасыл беткей төскиіп барып, сонау кө гіл дір 
ас пан ға  жапсарласқанда,  ал  сол  көгілдір  аспаннан  сі бір леп 
мұ нар жауып, буалдыр шілтері тұтылғанда, ешбір пай ғам бар 
су рет ші нің  құдіретті  қаламы  сала  алмайтын  көрініс  пайда 
болатын. Ұлы бір майданның алдындағы алдамшы ты ныш-
тық секілді момақан күй жайлап жусаған өмір ептеп, еш кім-
ге білдірмей ішінен күрсініп те қояр еді...
Он  күн  бойы  осы  қалпынан  танбаған  ауа  райы  тек  түс 
қай та  жаңылайын  деді.  Теріскейден  бүлкектеп  жел  желіп 
өтті  де,  құныс  шоқының  қыр  желкесінен  терліктей  қара 
бұлт ойнап шыққан. Бірте-бірте ұлғайып, соңынан шуалтқан 
үйір-үйір бұлтын ерте келеді. Сонсоң, əр тұста адасыңқырап 
қал ған ағайындарын тобына қосып, үлкен қол құрап қо ғам-
дас ты.  Қару-жарағын  сайлағаны  болу  керек,  тым  алыстан 
күн күркіреген.
Неше  күннен  бері  жон  арқасы  құрыстанып,  ұрынарға 
қара таба алмай жүрген Қиялханның жерден іздегені көктен 
табылды. Миллиард құмырсқалар талаған миы аспан тө сі не 
бұлт іліне дауаланған. Өзінен-өзі сыздап, шатынап ауырт қан 
көз  етінің  қызуы  қайтып,  солқылдаған  шықшыт  бал ға сын 
ұр ма ды; қанағатсыз  түйсіктің  шоғын  үрлеген  көңіл  кө рі гін 

289
баспады;  иығынан  он  батпан  ой  жүгін  сілкіп  тастап,  жас 
ботадай ойнақтап саяқ тартты. Көкірегін ашып, желге қар-
сы ұзақ жүгірді. Бұл – қазымыр ойдан қашқаны. Бірақ күн 
шы ғып тұрғанда өз көлеңкесінен өзі безген ос па дар лық тан 
айырмасы жоқ еді бұл қылығының.
«Данконың жүрегіндегі алау найзағай алдында пайда бо-
латын  көкшіл  ұшқындардан  тұтанған  деуші  еді  ғой,  қай да 
сол құдіретті ұшқындар. Қайда сол көкірегін қарс айырып, 
жү ре гін жұлып алып қараңғыда қарманған халықты жа рық-
қа бастаған Данколар. Мүмкін, көкшіл ұшқын енді жүз жыл-
да да, мың жылда да көзге көрінбейтін шығар, əлде сол құ ді-
рет ті ұшқындарды көретін Данко жоқ па біздің арамызда?».
Қара түнек аспан, теріскейден соққан алай-түлей жел əл-
гін де ғана айнаға қарап, шашын тарап сыланған табиғатты 
астан-кестен  етті.  Жер  мен  көк  тұтасып  көкжиекті  жұ тып 
қой ған.  Алып  қарағайлар,  салба  самырсындар  басы  ұлар-
шу,  ілгері-кейін  теңселіп  суылдап  желігеді.  Бұл  маңда  бір-
де-бір құс қалмаған, əлдеқайда... алысқа ықтатып алып кет-
кендей.  Аңқылдап  соққан  жел  Қиялханды  да  дедек  қақ ты-
рып, үйіріп ойнайды. Енді бір сəтте долы жел ішін тартты 
да, бар дүние тына қалды. Сонсоң бетті шарпыр ып-ыс тық 
же ле мік əлдекім бүркіп жібергендей зу етіп өте шы ғып еді, 
жо лын да ғы ағаш біткен жусап қалды. Балталап шап қан дай 
морт-морт сынған қарағайлар ыстық желдің күре жолы бо-
лып  жайрап  жатыр.  Табиғаттың  осыншалық  тылсым  кү ші-
не қайран қалған Қиялхан Жылқыбайдың жұртындағы қара 
тасты іздеуге кірісті.
Таудың  арғы  жағында  дабылын  қағып,  далбасалап  жүр-
ген найзағай қыр көрсете бері жақындап келеді. Жа қын да ған 
сайын, күркірі күшейіп, от қамшысын оңды-солды ос қы ла-

290
ды. Қиялханның жүрегі жиі-жиі соқты: «Қалай болғанда да 
көк шіл ұшқындарды көруім керек».
Күн тас төбеден күркірей бастады. Жан шошырлық ала-
пат  қуатпен  ақырғанда,  қан  тамырындай  от  сызықтар  пай-
да болады. Шашы жалбырап, делдиіп аспанға қарап тұр ған 
жі гіт тің делебесі қозып кетті білем, алақанын жайып көк ке 
шапшиды. Ал, найзағай болса екі санын сабалап, қарқ-қарқ 
кү ліп мазақтайды.
«Қайдасың  көкшіл  ұшқындар?!  Жердемісің,  көк те мі-
сің...».
Табиғат аяқ-астынан осылайша толғатты. Толғағы қат ты 
болды. Енді от қамшының соққысына шыдай алмай, ағыл-
те гіл жылауы ғана қалды. Ағыл-тегіл жыласа, жаны тазара-
ды.  Жаны  тазарса,  қабағы  ашылып,  зобалаң  тиіп  жүдеген 
əлем ді  шуаққа  бөлейді.  Жүдеп-жадаған  əлем  дастарқанын 
қай та жайып, маңдайы жіпсіп шайын ішеді. Өзен-бұлақтар 
той  жасайды.  Моншаға  түсіп  шыққан  орман  бұрқырап  бу-
санады.
«Қайдасың  көкшіл  ұшқындар?!  Жердемісің,  көк те мі-
сің...».
Аспаннан  шабарман  тамшылар  суыт  түсе  бастағанда, 
Қия л хан ның су қараңғыға айнала бастаған көзінің алды дəл 
тү сін де гі дей жап-жарық болып кетті де, көкшіл ұш қын дар-
ға  толды.  Алқара  əуеден  қылаулап  түскен  ұш қын ды  ұс тап 
алмаққа тұра жүгірді, бірақ қолына енді ұстай берсе, ғайып 
болады.  Бұдан  соң  екіншісіне  ұмтылады,  ол  да  бұл  жете 
бере  жоғалады,  осылайша  алдамшы  ұшқынның  арасында 
арпалысқан Қиялхан əбден демі құрып шаршады. Шаршап 
барып  дəу  қара  тасқа  отыра  кетті.  Сонда  ғана  өзі  із де ген 
Жылқыбайдың  жұртындағы  тас  осы  екені  ойын а  оралды. 

291
«Қазір  осы  тасқа  жай  түссе  қайтемін?  Мейлі,  түс се  түсе 
берсін. Жасынмен бірге қара жерге қағылармын; сон соң енді 
мың жылдан соң жайдың оғын алып жер бетіне қай та шы-
ғар мын... Соғыста шейіт болғандар мен жай түсіп өл ген дер 
жұ мақ қа  барады  дейтін  сөз  бар.  Қазір  жасын  жайратса  со-
ғыс та қаза тапқан əкемді тауып алармын. Қараңызшы, ха ла-
йық? Майдан басталған жоқ па? Əне, мылтық атылды, əне 
бомба жарылды... тра-та-та... тра-тра-тата... ура!».
Бұл  шақта  əр  қарағай  найзағай  қайсымыздың  қа быр ға-
мыз ды  қақыратар  екен  деп,  тағдырына  табынып  тұрған. 
Аспан  ойылып  жерге  түскендей  аса  қатты  үн  шыққанда, 
Қиял хан екі көзін тарс жұмып, екі құлағын басты да, өлуге 
ың ғай лан ды. Ол төбемнен бомба жарылды деп ойлаған. Бі-
рақ  найзағай  бұл  тұстан  алысқа  түскенге  ұқсайды.  Басына 
топырлап жауған оқ емес, бармақтай-бармақтай бұршақтар-
тын. Бəрібір орнынан тұрған жоқ, өлі мен тірінің екі арасын-
да ілініп-салынып делқұл отыр. Бұршақ төпелеп көп жауды, 
ұзақ жауды. Сүт пісірім уақыттан кейін пышақ кескендей ты-
йыл ды да, қаспақ-қаспақ бұлттар быт-шыт айырылып, бей-
берекет  тыраңдай  қашты.  Жер  бетіне  моншақ  шашып  тас-
та ған дай – аппақ, беткейдің алты айрығынан тер сорғалап, 
бұр шақ  теңдеген  бұлақтар  етекке  шауып  барады.  Күн  қуа-
на күліп жіберіп еді, көктің жиек-жиегіне іркіліп қалған ақ 
мақ  та бұлттар бағанағы əумесер қылығына ұялғандай қы за-
раң қақты. Ал орман-тоғай, бұта-қараған, шөп-шалам болса 
сі лік пе сі  шығып,  əлі  де  есін  жия  алмай  есеңгірейді.  Шіри 
бас та ған жерағаштың қуысынан баршатышқан мен тиін сы-
ға лай ды. Қына басқан жартасты паналаған қарақұс есіней-
кі сі не ді.  Шəуілдеп  ит  үрді.  Тіршілік  басталды!  Қиялхан 
орнынан  тұрып,  өзін  «құдай»  алмағанына  əрі  қуанды,  əрі 

292
өкін ді.  Қара  тасқа  жай  түспеді.  Судан  шыққан  тышқандай 
сү мі ре йіп қыбыр-жыбырға қайта көшкен баяғы ауылға ілби 
аяң да ды. Бұлақтың жағасында жеңгесі кір жуып отыр... ал 
жал ғыз қарағай бықсып жанып жатыр!
Жалғыз қарағай бықсып жанып жатыр! Ұзына бойы қақ 
айырылып  ырсия  ашылып  қалған,  маңайы  толған  сынған, 
өртенген бұтақ.
– Қайным, қайда жүрсің? Ақ апаң іздеп келді біздің үйге.
«Ақ апанікіне сіздер іздеп баруларыңыз керек емес пе?» – 
деп айта жаздап қалды да, тіліне тиек сала қойды. Үн де ме-
ген қалпы жай түсіп өртенген қарағайға қарап қалды.
– Отындыққа жақсы болды, – деді жеңгесі қолындағы кір-
ді тасқа ұрғылаған қалпында. – Бір бұтақ сындырсаң, штраф 
салушы еді, Алла тағаланың өзі жығып берді, штрафын енді 
сол құдайға салсын.
Қиялхан бұл жолы да сөзге араласпады. Томсарған күйі 
өрт шалған қарағайға жақындады. «Мүмкін, жай оғын осы 
қа ра ғай дың түбінен қазып алу керек шығар» деген үміт кө-
ңіл де көктей бастап еді.
Үйге  қайтып  келгенде  де,  осы  ойдан  арыла  алған  жоқ. 
Ақ  апаның  айналып-толғанғаны,  жаңбырдан  соңғы  шұ ғы-
ла ға шомылып албыраған əдемі кеш, қайта туған əсем өңір 
елік тір ме ді.  Оның  миында  найзағай  ойнап,  санасында  сан-
сыз  көк шіл  ұшқындар  ұшып  жүр.  Өңі  ме,  түсі  ме,  қай  дү-
ние де жүр – ол жағы тұманды. Көз көріп, құлақ естімейтін 
ме ңі реу аралға апарып тастағандай жалғызсырайды. Кө ңі лі-
нен ел көшіп кеткен бос, иен үйдей жел кеулеп уілдейді. Ол 
өзін  тіп ті  басқаша  сезінді,  басқаша...  Бейхабар  тіршіліктің 
бар үзі рін азапты ойдың құрбандығына шалды да, біте қай-
нап,  бір ге  өскен  шексіз  де  шетсіз  қиялдың  соңынан  тен ті-

293
реп  кетті.  Жанарын  жаулаған  көкшіл  ұшқындар  сол  най за-
ғай ойнаған күні мұның жүрегіне дарымаған. Да ры ма ға ны, 
бұ дан Данконың өр серпіген өжеттігін, Данконың алау ла ған 
арманы мен өз əрекетіне деген риясыз сенімін таба ал ма ған. 
Ал, құдіретті ұшқындар дүниенің машақатынан безген зəу-
де біреуге дарымақ емес – ағынға қарсы жүзер, арқар ұран-
ды ағайынның ғана несібесі. Қиялханның ендігі үміті ібі ліс 
іспетті,  алдарқатып  қана  қашаңдап,  түпсіз  тұңғиыққа  жүр-
жүрлемек.  Мұқым  дүние  жүзі  жалғыз  адамның  қа мын  ой-
ламайтыны  рас  болса,  жалғыз  адамның  бүкіл  дүние  жү зін 
ойлап бас қатыруы қандай шатасқандық. Бір жеңнен қол, бір 
жағадан бас шығарар бірлік тек Қиялханның ғана мақ са ты 
емес, ізгі ниеттегі əр адамның ішін өртеген арманына айнал-
са... Амал не, көксеген күн туғанша, тұлыпқа мөңіреп қал-
май мыз ба?..
Ол өзін бұрынғыдан əлдеқайда бақытты сезінді. Енді не 
істейтінін,  соғысқа  қарсы  қалай  күресетінін  біледі.  Оның 
мақ са ты  айқын.  Намақұл  болып  келген  мүмкіндік  нақты 
шын дық қа  айналды.  Шындыққа  айналды  да,  тəуекелшіл 
қа ре кет ке  бастады.  Қолына  күрек,  қайла  алады  да,  жасын 
түс кен жалғыз қарағайдың түбін қазады; түн қазады, күн қа-
за ды – мəңгі  қазады,  əйтеуір,  жайдың  оғын  қашан  тап қан -
ша қазады. Сонда бұған дейін миын қашаған ой қол кү ші не 
ауы са ды. Егер жайдың оғын тауып алса, əлемнің тағ ды ры өз 
құ ді ре ті не көшеді: дүниені құртып та, құтыртып та, құл пыр-
тып та жібере алады. Қандай керемет де сең ші, – егер жасын-
ды  қолына  ұстап  жүрек  тамырына  жалғаса,  мың-миллиард 
мыл тық тың ешқайсысы атылмай, көмекейі кеп те ліп қал мақ! 
Иə, сонда еш əйел жесір, бала жетім қал май тын болады. Өкі-
ніш, пəруəйсіз зиятты ғұмыр кешеді. Адамдар арманда өл-

294
мей ді, «мен екінші дүниеге аттандым» дейді де, кү лім сі реп 
көзін жұмады. Түс өңімізге, өңіміз түсімізге ұла са ды. Үл кен 
ауыл кішкене ауылды, үлкен адам кішкене адамды, үл кен ел 
кішкене  елді  жəбірлемейді,  шекаралар  жойылады,  жа зық-
сыз жандардың су болып аққан қаны тыйылады, со ғыс үшін 
сайланған қару-жарақ та, соғыстан сақтанған қару-жа рақ та, 
цивилизациясы  артта  қалған  жұртты  ел  қа та ры на  жет кі зу-
ге қайта қорытылады; Мальта мен Қазақ ООН-ның тө рін де 
отырады, ал Қиялхан Анджелаға наз айтады... Өйт ке ні фи ло-
соф тың тілін философ табатыны бесенеден бел гі лі...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет