ИҒАҢ...
Еріншек-ақ кісі еді...
Еріншек болғанда дəл сондай, алдындағы асты алып жеу-
ге ерінетін адамды көрген де бар, көрмеген де бар.
Ұзын бойлы, қапсағай денелі алып адамды біздің ауыл-
да Иғаң дейді. Иғаң Ұлы Отан соғысының басынан аяғына
де йін қатысқан, қатысқанда да, анау-мынау жаяу солдатың
емес, полуторка машинасымен ту-у-у Берлинге аман-есен
же тіп қайтқан, бірақ жаудың бірде-бір атқан оғы, не жа рыл-
ған снаряды дарымаған, бүгінгі заманның нағыз Алпамыс
адамы. Сонысына қарамай, орден-медальдары өте аз еді,
тым қораш болған соң қорына ма, мереке-тойларда салдыр-
латып тақпайтын-да. Иғаңның жауған оқ, жанған оттың ор-
тасынан есен-сау оралуы, əлгі кісі басына бермес мас қа ра
ерін шек ті гі ме-ау деп қаламын. Кім білсін. Ол да бір адам
баласына жат емес мінез шығар.
Иғаң соғысқа бармас бұрын, бозбала шағында қара нар-
дай күшті, жауырыны жерге тимес балуан болған екен деп
еститінбіз. Өтірік-шынын қайдам, ол кісінің қазіргі қау қа-
ры мəз емес, даң-дұң, ию-қиюдан аулақ жүретін жалтақ,
ма ған тіпті жасықтау да болып көрінетін-ді. «Күші соғыста
қайт қан ғой» деседі жұрт Иғаңнан көңілі суымай. Баяғыдай
арыстанша атылар мықтылықты замандастары бəрібір
аңсайтын.
Ол кісінің менімен даң құрдас ұлы болды. Тегінде, Иғаң-
да бала басы, шүкір, баршылық: үш қыз, төрт ұл. Өзі алпам-
37
садай болғанымен, əйелі Биғайни өте əлсіз, ілмиген арық,
аурушаң адам еді. Тесік өкпесін сүйреп, күрк-күрк жө те ліп,
таңертеңнен кешке дейін жез самаурынның оттығын шұ қы-
лап, дода-дода бықсып отырушы еді жарықтық. «Мынау жа-
рық жалғанның шуағына қыздырынбай-ақ аттанды ғой бай-
ғұс», – деп аяйтын менің шешем (өзі де жетісіп жүр ме).
Менімен даң құрдас ұлы Серікпен ойнап, Иғаңның үйі не
жиі барамын. Ең таңғалатыным, берген сəлеміңді ғұ мы рын-
да алмаушы еді. «Естідім» деп, аюдікіндей алақанын сер-
мей салатын. Үйлеріне қашан, қай мезгілде барсам да, төр
алдындағы жыртық-жыртық қырық жамау көне сыр мақ тың
үс тін де əскерден киіп келген гимнастеркасын жастанып,
те ріс қарап тоңқайып ұйықтап жатар еді. Қорылдап барып
«пу» деп үрлеп, ақырын ысқырықпен аяқталатын соншалық
кə пер сіз, ұятсыздау ұйқыны – сиырдың мөңірегені, баланың
жы ла ға ны мен иттің ұлығаны – қысқасы, бұл ауылдың еш-
бір айғай-ұйғайы бұзуы мүмкін емес-ті. Тіпті оқыстан оянып
кеткен күннің өзінде, қиянаттап, өз-өзінен боқтанып, шап ты-
ғып əйелі мен балаларына бүйідей тиісер еді. Ондай сəт сіз
сəтте тек үндемей құтылу керек. Əкесінің ұйқысынан ояту
əдісті тек менің құрдасым Серік қана білуші еді. Ол ақы рын
баспалап баратын да, машина болып дүрілдеп ала жө не ле-
тін. Бес жыл бойы қаратемір – мотормен, бүгінде ауылда жа-
рық берер дизельмен алысып, өмірі, жастығы – бəрі-бəрі дү-
ріл деп өтіп бара жатқан Иғаң селк етіп шошып оянып, атып
тұ ра тын. Ондайда Серік тұра қашады, əкесі жұлығы аға рып,
ағаш шегесі ақсиып кеткен етігін жібереді соңынан. Етік ба-
ласынан гөрі, үнемі есік көзінде жылтиып сүйек-саяқ аң дып
жатар (оның өзі жылына бір-екі-ақ рет), төрт көз, сары аяқ
итті қан қақсататын...
38
Міне, біздің баяғыда бас балуан, солдат-шофер Иғаң ның
елуінші жылдардағы тірлігі осындай еді.
Иғаңның қос бөлмелі тоқал ағаш үйінің сырт пошымы
қандай сұрқай болса, іші одан бетер: төргі бөлмеде іліп алар
еш нəрсе жоқ. Шоқпыт-шоқпыт көрпе жабылған сы қыр ла-
уық ағаш төсек (оның да сирағы əлдеқашан сынып, астына
кеспелтек ағаш қойған); ол төсектің белі жоқ, тақ тай тө сел-
ген, таңертеңнен кешке дейін тамам балалары ойнайды да,
түнде Иғаңның өзі ұйықтайтын. Ал басқалары іші не шөп
тығылған бөстекті көлденеңінен төсеп, жата-жата қа ла тын.
Байғұс Биғайни тəтеміздің қай жерге ұйықтап жүр ге нін күні
бү гін ге дейін білмеймін. Үйге кіріп барғанда, сол жақ бұ-
рыш та – əбден тозығы жетіп, тесіліп қалған, мойны қыл-
ды рық тай темір пеш бар. Қысы-жазы көмейіне отын ты ғып
жаға берген соң, ыза болып, ашу шақыра ма, қызара бөр тіп,
селкілдеп тұрар еді. Əсіресе, жаздың шыжыған шіл де сін де
лаулата өртеп от жаққанда, аядай бөлменің іші моншаға ай-
налады екен... Не себептен далаға...
– Жазда тамақты далаға пісірейік десем, əкем ұрысады, –
деді Серік маған. – Өрт жіберіп аласыңдар дейді.
Бүкіл ауыл өртеніп кетпей қалай отыр деп ойлаймын мен.
Бүкіл ауыл тіршілік қамымен қора-қопсысын түзеп, бақ-
ша сы на картоп салып арпалысып, қысқа дайындық жасап
жанталасса... Иғаң ысқырып қойып, теріс қарап дүң киіп
ұйық тап жатар еді.
– Əкесінің аузын ұрайын мал-жанның... – дейтін есі неп-
құсынап, – ...күні ертең баяғыдай соғыс болып кетсе, бəрі де
сасып артыңда қалады.
– Бала-шағаң бар ғой, батыр-еке...
39
– Олар өз несібесін өзі тауып жесін. Мен əке-шешеден
бес жасымда қалғанмын, сонда да аштан өліп, көштен қал ға-
ным жоқ. Құдайға шүкір, «Палуан Иғаң» атандым.
Құрдастары: «Сенің палуандығыңды ұрайын, əйелің аш-
тан жығылғалы жүргенде», – деп күңкілдер еді. Ондай нəу-
мез дік те рін өзіне ескертіп қаттырақ айтуға сескенер еді.
Күн батып, мал өрістен қайтып, ымырт үйіріле, Иғаң кө-
ше нің май топырағын шаңдата балп-балп басып, станция
жақ қа беттеп бара жатар. Бір қызығы, күнде көріп жүрсе де,
бұл ауылдың мұқым иті, Иғаңды көрсе, жер тарпып, түгел
үре тін. Ал Иғаң палуанның көңіл күйі келмеген, бір сама уыр
шайды сораптап жалғыз өзі сарқып тауыспаған күні, бұл
ауыл дың шамы көпке дейін жанбайтын. Ондай сəтте: «Ішің-
ді ұрайын, қабағы бүгін келіспеген екен, шақырып шай бер-
месек, қараңғыда қалармыз», – деп құрдастары құрақ ұшар
еді.
Алтайға қоңыр күз келіп, шаруашылық етек-жеңін жи-
най бастаған шақ. Абыр-сабыр саябыр тауып, ел ептеп еріге
бас та ған. Əр үйдің ауласында қатарлап тізген отын, маялап
үй ген шөп. Қарбалас тек бақшада ғана қалған секілді. Кар-
топ жинау науқаны басталғанда, Иғаң бəрінен тыс қа ры, тегі,
ұйық тап жатқанға ұқсайды. Əйелі Биғайни үш қы зын ер-
тіп, сүйегін сүйретіп жүріп көршілердің жемісін жинасып,
əр үйден шелек-шелек картоп тасиды. Бағана Серік то ғай ға
отын ға бармақ болғанда, ерігіп тұрған мен бірге еріп кеткен
едім. Екеуміз екі арқа отын əкелдік. Биғайни елден сау ға лап
əкел ген картобын суға қуырып қойған екен, түбі кү йің кі реп
кеткен бе, темір пештің үстінде мүңкіп тұр. Үйдің іші көк
ала түтін, ыстық, Иғаң үйреншікті орнында қорылдап жа-
тыр. Мен əуестік жеңіп, Серіктен сұрадым:
40
– Картопты өздерің неге екпейсіңдер?
– Əкем огород қоршап бермейді, – деді мұңайып. – Ал
біз бекіте алмаймыз. Тəтем қыстай елден етектеп картоп та-
сиды.
Бəріміз шайға отырдық. Түтіні бықсыған самаурын кел ді.
Ағаштан жасалған дөңгелек жозыны шыр айналдырып, қо-
лы мыз ға бір-бір кетік қасық ұстап отыра қалдық. Өзі міз дің
үйде осы картопты майға қуырып берсе, кергіп, аузыма сал-
маушы едім, бұл үйде жалаң қағып, таласа-тармаса ұм тыл ға-
ным қызық. Иғаңды оятты. Көзі-басы іскен палуан ұй қы сын
аша алмай, мең-зең отырды. Табаданға ешкім қол жү гірт кен
жоқ. Өйткені бірінші болып үй иесі Иғаң қасық салу керек
тамаққа, əйтпесе далаға табаны картобымен, содан соң бала-
ларын бір-бірлеп лақтырады.
Иғаң рақаттана есінеп алды да, үлкен ұлы Серікке:
– Ей, жүгірмек, қолымнан тартшы, – деді. Серік алпамса-
дай əкесінің тоқпақтай қолынан ұстап, мықшыңдап тарт қы-
ла ған болды, бірақ түйенің жарты етіндей ауыр əкесін орны-
нан қозғалта алмады.
– Өзің-ақ тұрып кетпейсің бе, кішкене баланы əу ре ле-
мей, – деді Биғайни.
– Оттама! – деді Иғаң атып тұрып. – Балаңның бəрі са ған
тартқан, шикі өкпе, ши борбай, жел соқса, құлап қа ла тын дай
аш-арықтар...
Иғаң далаға шығып, көршісінен темекі сұрап тартып, қа-
қы ры нып-түкірініп келгенше, буы бұрқырап, түбі қа рыл ған
картоп қуырылған шойын табаданға бір де біріміз қол сал ған
жоқпыз. Мен ыза бола бастадым. Өз үйімде ешкім жемей,
ат-көпір болып жатқан жаман картопқа соншама зəру болып,
телміріп, сілекейімді шұбыртып отырғанша, кетіп-ақ қал-
ғым келді. Шынтуайтқа жүгінсек, картопты бағана біздің үй,
менің апам бермеді ме?
Иғаң келді-ау, əйтеуір. Төрге кескен теректей гүрс етіп
отыра кетті. Содан соң:
– Бастайық! – деді күркіреп. Шойын табаданның ше ті-
не сарт-сұрт соғылған қалайы қасықтар сойқанды майдан
ашты. Бірақ бірде-бір «қару» Иғаң жаққа ауысқан жоқ. Бəрі
де өз тұсын үңірейте ойып жеп, көршілеріне қол сала бас та-
ған. Биғайни байғұс, əншейінде ақырын қимылдайтын адам,
екі рет қатынап қайтамын дегенше, Серік бастаған балалары
оның алдын жалғыз-ақ сүріп, қырып-жойып жеп кетті. Енді
ол көзі мөлиіп, ерінің – яғни күйеуінің алдындағы əлі тақа
таусыла қоймаған картопқа тесіле қарады-ай... Иғаң сасар
емес, асықпай асайды, қомпаң-қомпаң шайнайды. Анда-сан-
да қарнын сипап қояды. Тегі, Биғайни шыдай алмады бі лем,
күйеуінің көзі тая бере, табаданға ұмтылып еді, Иғаң:
– Тарт қолыңды табақтан! – деп, айғай салып, қо лын да ғы
дəу қасықпен əйелінің білегіндегі тобықты шақ ет кі зе ұрып
жіберді. Менің төбе құйқам шымыр ете түсті. Одан əрі ге тө-
зі мім жетпеді. Жүгіріп үйге келдім. Қара табақ радио сөй-
леп тұр екен. Диктор: «Тарт қолыңды!» – деп, əл де кім дер ге
ескертіп жатыр.
Құлағыма палуан Иғаң қорылы келгендей болды. Иə... со-
ғыс тан есен-сау оралғанына шүкіршілік жасайық та...
42
ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮНДЕ...
Қыстың ұза-а-ақ кеші...
Осындайда бойыңды кернеген суықты қуып шығар айла
іздейсің; осындайда «жойылсын бұйығы тірлік!» – деп жар
сал ғың келеді. Ымырт үйіріліп, қас қарайса болды, сулы-
сыл пың кешкі асын іше салып, тас бүркеніп жатып қа лар
ауыл да ғы ағайынды сағынасың. Əбден қысқарып, бір қа-
йыр ма ға келмей қалған күн суық жүзбен таудың қыр жел-
ке сі нен төніп тұр. Ақ көрпесін айқара жамылған ай на ла ңыз
жыл дың басқа мезгіліндей емес, күміс нұрға шомылып, қа-
раң ғы лық қа ырық бермей ұзап барып ұғысады да, түннің
қап-қара отауына барып кіреді. Дəл осы сəт алғашында тау-
сылмас ұзақ болып көрінген қысқы кеш есіңе қайдағы-жай-
да ғы ны түсіріп, көңілге салқындау қабыздаған белгісіз бір
мұң ұялайды. Өзіңе аласұрып ермек іздегендей боласың.
Мал шы ның жөні бір басқа – тебіндегі отарын қыстаққа кіш-
кіш теп қайырып, ай-үймен қоралап біткенше қас қараяды.
Сосын, əйелі əзірлеп қойған тамаққа тыңқия тойып алған
əлгі шопан темір пештің жылуына қыздырынып, қисайып
жатып, «Ара» журналын оқуға кіріседі. Ал ақ қар, көк мұз-
ды қақ жарып, қиырдан қиырға қосын арқалап көше берер
жыл қы шы күпісіне иегін тығып, су-су ағаштың бықсып
жан ған алауына телмірген күйі «Примасын» тұқылдай со-
рып, тым ауыр, əрі мағынасыз ойға батар. Ауылдың жөні бір
бас қа – малын жайғап, маңайын тазалап, сыртқы күйбеңмен
аял дап, үйіне кірмей біраз жүреді-ай. «Тамағыңды іш, суып
43
қал ды», – дегенде барып керги басып міндетсіп үйге кірер.
Онымен бірге кірген будақ-будақ бу терге шапшиды, сонсоң
əлгі ағайын: «Радионы қаттылап қойыңдаршы, не сөйлейді
екен?» – деп пимасын шешіп, баласына пеш қабырғасына
кеп ті ру ге қойдырады. Радионы бұрағанда міндетті түрде
«қияқ, қияқ» деп, кеңірдек жырта айқайлап тұрары жəне рас.
Осы сəт те осы үйдің оныншы класта оқитын бойжеткені ба-
рын киіп, сыланып киноға аттанады... Қар алғашқы жауғанда
со йып алған соғымның еті бұрқырап, дастарқанға келгенде
пеш түбіндегі ала мысық керіле тұрып, мияулай аяңдайды.
Қыстың ұза-а-а-қ кеші.
Қалада мүлдем басқа. Мұнда қысқы кеш қысқа се зі ле-
ді. Аяң-пұяңмен жұмысты тəмамдап, аялдамаға асығасың.
Қап та ған халық. Түнде жауып, күндіз жылбысқылана еріген
қыр бақ енді көк тайғаққа айналып, тайып жығылып жатқан
адамдар. Ыңыранып сасып-борсып əрең келер автобусқа
жапа-тармағай ұмтылысқан ел бір-бірін итере, бір-бірін жұл-
қып, бір-бірін балағаттап есікке ілінеді. Əуелгі артқы, сон-
соң алдыңғы есікке... алдыңғы есіктен өлдім дегенде жарты
иығың кіреді. Ең алдымен шофер ұрысады, сонсоң əйел-
дер күңкілдейді, үйіңе өлдім-талдым деп жеткенде: «қай да
қаңғырып жүрсің» деп келіншегің тұлан тұтады. Ит боп жү-
ріп, от басынды əрең тапқан сен: «ойнап жүрдім» деп арс
ете сің. Өйтпеске амалың жоқ. Телевизорды қоясың «қияқ,
қияқ». Үндемей барып өшіресің. Сонсоң теріс қарап тым-
тырыс жатып қаласың.
Міне, осындай бір қыстың ұза-а-ақ кешінде мен жолға шы -
ға тын болдым. Алғашында барғым келмеген. Редактор қол қа -
лап бол ма ған соң, еріксіз көндім. Біздің бастық не гі зін де қор -
қы тып-үркітіп жұмсамайтын жайдары, ақылды жі гіт. Жас та
44
болса атқа ерте мінген, ерте өскен əлі де біраз жерге барарына
сенгендейсің. Бұйрықты қолыма алып аттанатын бол ған соң
жол қамына кірістім. Бірақ, барар жер алыс, Қа зақ стан ның
шығысы. Алматыда он градус ыстық бол ған да онда қы рық қа
жетіп, ел мен жердің мазасын алып тұр ған шы ғар.
Облыс орталығынан ары автобус жүреді екен. Айт қа ным
айнымай келіп, қаңтардың қақаған суығына тап болдым.
Автобустың мұздай теміріне қолың тиіп кетсе, қырқып тү-
се ді. Киімім жұқа еді. Əлі ірге теуіп, үйлі-баранды болмаған
адам ның шаруасының қиюы келуші ме еді тəйірі, айына бір
рет үй ауыстырып, басы қатып жүрген жас журналистердің
əзір ше бірі ғанамын. Жалаң қабат пальто, құлағы жоқ ес кі-
леу, жасанды теріден тігілген бас киім, жасанды теріден ті-
гіл ген қолғап, жасанды теріден істелген қара порт фе лім нен
өзге іліп алар еш нəрсе жоқ. Дірдектеп жұм са ған жақ қа қа-
рай шапқылай бересің, шапқылай бересің, өс тіп шап қы лап
жү ріп жан сақтайсың. Өстіп шапқылап жүр ге ніңде екі жас-
тың біріне келмей ауруға ұшырайсың. Жас кезде бəрі қы зық,
бай қал май тын секілді. Табаныңнан өткен суық маң дай дан
шы ғар мезгіл əлі алда...
Мен автобусқа мінгенде, сау етіп ел азаматтары қоса кір-
ді. Тегі мен бағыт алған үлгілі ауданның басшылары іс пет ті.
Үстерінде құндыз жағалы қыс пальто, кейбіреуінде əде мі леп
сырып тіккен шолақ тон, бастарында үкілеген тиін құ лақ-
шын, аяқтарында аппақ пима, беттері қып-қызыл, буы бұр-
қы рап қарқ-қарқ күліп отыр. Дəл осындайда адамның бойын
қыз ға ныш билейді. ҚазГУ-ді емес, мал дəрігерлік институ-
тын бітірмегеніңе өкінгендей боласың. Өкін, өкінбе бəрі кеш
еке ні есіңе оралып, одан əрі жаурап, енді іш мұздап, бү рі-
се түсесің. Автобус əне-міне жүргелі тұрғанда ақтүбіт шəлі
45
оранған қыз кірді. Жүргізушіге билетін көрсетті де ме нің оң
жағымдағы бос орынға отырды. Қуанып қалдым. «Ермек та-
былды» дедім ішімнен.
Көлігіміз гүрілдеп-қырылдап, орнынан қозғалғанша жо-
лаушылар да дабырласып, əр нəрсенің басын шалып, кө ңіл ді
отырды. Суық қыса түсті. Ауыздан ұшқан будан автобус іші
тұманға айналды. Терезе сірескен қырау. Қысқы дема лыс-
қа шығып, жұрағаттарына қыдырыстап бара жат қан кей бір
мектеп оқушылары əлгі ұлтандай боп қатқан сі реу мұз ды
ті лі мен жалап ерітіп, көздей тесік жасап алып, сы ға лай ды.
Редакторым командировкаға жұмсағанда əуелі тар тын шақ-
та ға ным – ертең жаңа жыл еді. Осы жылына жалғыз рет
келетін мерекені жолдастардың арасында қарсы алып, сон-
соң аттануыма да болушы еді, бірақ қалада жүргенде қарқ
болар мекенім жəне атап шақырған ешкім болмаған соң
қы сас та нып, жылжи беруді жөн санағанмын. Жаңа жылды
жолда қарсы алуым бір бұл емес-ті.
Автобус орнынан қозғалып сыза жөнелгенде, қатар отыр-
ған көрші қызға тіктеп қарап үлгірдім. Əдемі екен. Екі бе тін
суық сорып, томпайып үнсіз отыр. Оның да киімі жұ қа лау
көрінді. Бар байлығы – басындағы ақ түбіт шəлі сы қыл-
дан ды. Аққұба өңіне аса жарасады екен. Көзін үнемі төмен
салып отырады да, оқта-текте кірпігін көтерсе жарқ етіп
жанары шығады. Маған ол өз сұлулығын өзі ба ға ла май тын-
дай се зіл ді. Үнемі жуас халде, ауыр ойдың үстінде келеді.
Жанында, тіпті айналасында адамдар барын байқамайды да.
Мұн дай да пысықтық жасап, бас салып сөзге тарту қиын.
– Терезе жақ суық қой ауысып отырайық, – дедім. Ол бір-
ден жауап берген жоқ. Естімегендей меңірейіп қарады да, ір-
кі ліп барып тіл қатты.
46
– Рақмет, сіздің киім менікінен де жұқа ғой, – деді.
– Бірақ менің жігіт деген атым бар ғой. – Бұл менің тауып
айтқаным еді. Байқаймын, бұл əзілсымағым көкейінен қо-
ныс таба алмады. Тағы да үнсіз отырдық.
Суық. Жолаушылар жағасына мойнын тығып-тығып, қо-
нақ та ған тауықтай мелшиіп-мелшиіп отыр. Тек манағы үлде
мен бүлдеге оранған ожар топ қана қағанағы қарқ. Өз де рі
жолда тоңбас үшін ептеп тартып алған сыңайлы. Биыл ғы
қыс тың қаттылығын, мал қыстату науқаны өте қиын тие рін
айтысып, дабырлап сөйлеп, алғашында мазаны алды. Жа-
санды теріден тігілген бəтеңкемнен ызғар өтіп, башпайла-
рымды суық сора бастады. Бір-біріне соғып, ты қыл да тып,
жы лыт қан боламын. Менің осындай мүшкіл халімді сезді
ме, қыз:
– Пима киіп шықпаған екенсіз, – деді. Қуанып қалдым.
– Сол құрғырың жоқ қой.
– Не? Ақша ма, пима ма?!
– Екеуі де.
– Түрмеден босап шығып па едіңіз? – Əзілдеді ме шыны
ма, айыра алмадым. Бет-пішіні өзгерген жоқ, салқын сұрады.
– Не десем екен... Алматы жылы болған соң...
– Ə, түсінікті. Бұдан былай есіңізде болсын, Алтай – Ал-
маты емес, қатал.
– Əрине, бірақ қатыгез жерге қайтып оралу – екіталай-ау.
– Ат баспаймын деген жерін үш басады демей ме, ағай?
– Өзің қайдан келесің?
– Мен де Алматыдан.
– Оқисың ба?
– Иə.
– Қайда?
47
– Қыздар институтында.
– Факультеті.
– Тіл-əдебиет.
– Қайда барасың?
– «Өркен» ауылына.
– Ол қай тұста?
– «Новостройкаға» бес шақырым жетпей, тау қой на-
уында.
– Оған автобус бұрыла ма?
– Айналдырған екі жарым шақырымға уақыт өткізіп жүр-
мей міз деп, жол жиегіне тастап кетеді. Əрі қарай жаяу тарта-
мыз. Сіз мені тергей бастадыңыз ғой...
– Дəм тартып сапарлас болған соң, таныса отырайық, де-
ге нім ғой.
– Өзіңіз «Новостройкаға» барасыз ба?
– Иə, сол селоны жазбақпын. Газетте істеймін.
– Мен де солай-ау, – деп ойлаған едім. Өйткені сұ ра ғы-
ңыз – нақпа-нақ. Ол селоны жазуға болар, – деп ойланып
қал ды. Мен оның үнсіз тыныштығын одан əрі бұзғым кел-
ме ді. Тақымдап сұрақ та қоймадым. Есіме редактордын сөзі
оралды: «Шығыс Қазақстанда «Новостройка» деген қала
ти пін де салынып, мəдени-тұрмыстық жағынан бүкіл рес-
пуб ли ка ға үлгі болар село бар екен. Бүгінгі сəулетті қо ға мы-
мыз дың ауыл-селолары барған сайын көркейіп, қаладан еш
айырмасы болмай өркендеп, өсіп отырғанын паш ету үшін
именно сол селоны насихаттауымыз керек. Орталық га зет тің
бірінде «Села Казахстана меняют облик» деген та қы рып пен
ма қа ла шығып та кетті. Мейлінше зертте, мəдениет сара йын,
универмагын, тұрмыстық қамту үйі мен ресторанын суретке
тү сі ріп ал, еңбек адамдарымен кездесіп, бастығымен жүз-
48
дес, сұхбаттас». Мен таңғалғаным жоқ, өйткені, шынында
да мұндай жаңа типпен жобаланып салынған сəулетті село-
лар саны күн өткен сайын көбеюде. Демек, қаладан ауыл дың
айырмасы азаюда... Тамаша, əрі табылған тақырып! Га зет тің
бір бетіне етектей етіп тастап жіберемін...
Қыстың ұза-а-ақ кеші бітіп, түнге айналды. Барар жер əлі
алыс, күн суық, аяз буып тұр. «Көңілсіз сапар болатын бол-
ды» – деп ойладым ішімнен. «Новостройканың» азаматтары
мұрындары шуылдап, ұйқыға басты.
Қыз өзімен-өзі бір нүктеге қадалған күйі əлі үнсіз келеді.
Тау арасына ілінгенде боран басталғаны байқалды. Қар
қиыршықтары сабалап, тіпті қасқырша ұлыған үні құ лақ қа
жеткендей болған. Қиюы қашып, тозған терезенің жақ тау-
жақтау саңылауынан ішке ұмтылып, əлі аласұрған боран
да жылы мекен іздегендей. Анда-санда бір толқып тастап,
мынау алай-түлей боранды сұрықсыз дүниеден қа шып құ-
тыл ғы сы келгендей зымыраған автобуста əзірше кінə жоқ.
Ауа райы секілді адамның бойын да қалтыраңқы суық се зім
билеп, өз-өзіңнен қажисың, қан түкіргендей көгеріп, са за ра-
сың, еш нəрсеге зауқың жоқ, дүниенің рақаты маздап жанған
от екеніне иланасың, əрі мың мəрте табынасың, іштей. Құ-
лақ қа мо тор дың бірқалыпты гүрілінен басқа сырттан шың-
шың да ған дыбыс келеді. Мен көз алдыма жел кеулеп, аңы-
ра ған қар лы адырлардың ортасында жалаң аяқ, жалаң бас
безектеп келе жатқан жалғыз жаяуды елестеттім. Қызық,
əлгі тізеден қар кешкен жалғыз жаяу – қасымда жым-жырт
отыр ған түбіт шəлі қызға ұқсады. Қандай қаталдық. Селк
етіп есімді жидым да, жалт қарадым. Қырау құрсауланған
əй нек ті тесіп, сығалап отыр екен.
– Не қарадың?
49
– Ауылдың тұсынан өтіп кетем бе деп...
– Шофер хабарламай ма?
– Кейде ағып өте шығады.
– Мен ескертіп қояйын, – дедім де жүргізуші жігітке ба-
рып «Өркеннің» тұсына келгенде айтарсыз, – деп тапсыр-
дым. Қыз:
– Рақмет, – деді сыпайы ғана. – Үлкен ойдың үстінде ке-
ле сіз ғой. Мақалаңызды қалай бастап, қалай аяқтауды жос-
пар лап отырсыз-ау, шамасы.
– Жоқ. Тіпті де олай емес. Мен сіз... сені ойлап келемін.
– Ал мен сізді...
– Қызық екен. – Ішім жылып сала берді.
– Сізді болғанда... өзіңіздің жеке басыңызды емес қалай
тү сін дір сем екен... жалпы сіз секілді үнемі жол тартып жү-
рер... үнемі далада машина немесе ат үстінде жүрер адам-
дарды. Айталық, менің əкем көп жылдан бері қойшы, қа зір
ол отарын жайғап, бел суытып, шайға отырған шығар.
– Ол кісілер қыстауда ма?
– Иə, бірақ қыстақ ауылдан онша алыс емес, іргесіне тиіп
тұр.
– Сен бүгін сонда барасың ба?
– Енді қайда?
– Қорқынышты ғой. Түн іші, сыртта боран, қақаған аяз.
– Ой, ағай-ай, мен бұл жердің табиғатына əбден үй рен-
ген мін, талай-талай тапталған жол. Біздің «Өркеннің» бұ-
рын ғы аты – Бөрілі деп аталған, кейін келе өзгертті. Аты өз-
гер ген мен, заты – сол баяғы қалпы. Жиырма шақты ғана үйі
бар. «Аюлы» совхозының бір бригадасы. Бастауыш класы
бар. Қалған жылды сіз кетіп бара жатқан «Новостройкаға»
барып оқиды. Мен де оныншы класты сол селода бі тір ген-
50
мін, ауылға тура автобус қатынамайтын болған соң, ары
өт кен, бері өткен, қала мен екі ортадағы кез келген кө лік ке
мі ніп, жолдан түсіп қалып, тау қойнауындағы үйге жаяу ба-
рамыз. Жасырып керегі не, əсіресе қыстыгүні аса қиын. Ал
қыс дегеніміз Алтайда өте ұзақ қой. Амал не?
Қыз күрсінді. Сонсоң əлгінде өзі ойып алған тесікті сүр-
тіп, тағы да сыртқа үңілді. Екі тізем мен башпайымның жау-
ра ға ны əңгімеге айналғанда ұмытылған еді, енді қайта ді ріл-
дей бастаған. Жолаушылардың бəрі қалғып-шұлғып, бейжай
келеді. Мотордың əдеттегі гүрілі, даладағы боранның со ғуы,
ба ға на ғы семіз азаматтардың қорылынан өзге тырс еткен
дыбыс жоқ.
Мен ойладым: «Өмір деген – ғажап дейді, түк те ға жап
емес, əншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялда-
мада түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің тоңып се-
кі руі. Əлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажап
ұйық та май ды; əлдекімдер ішігіне тас бүркеніп, уайымсыз
тоқ ұй қы ға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз – өзгенің
ба қы ты на қызығып өту ғана... Ал мынау жанымдағы той ған
қозыдай томпиып отырған қыз ше?... Оны ертең не кү тіп
тұр? Бақытты ма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба ала ма?
Не ойлады? Жігіті, ұнатқан біреуі бар ма? Тіпті мен туралы
қан дай сезімде келеді? Адамдарға сене ме? Аты кім? Қай тып
кездесер ме екенбіз?..».
– Атыңыз кім, аға? – деді оқыстан.
– Нұрлан. Өзіңнің есімің?
– Арай.
– Жақсы екен.
– Неге жақсы, аға?
– Есіміңді айтамын...
51
– Таң ата туған соң əкем Арай деп атай салған. Мен жай-
лауда дүниеге келіппін. – Бетінен күлкінің əдемі бір тол қы-
ны шымырлап өткендей болды.
Мен ойладым: «Өмір деген ғажап-ау, кеше ғана мынау
жал пақ жаһанда Арай есімді қыз барын білмеп едім, енді
міне... демінің қалай шыққанына дейін сезіп, əп-əдемі ди-
дарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін əрең іздеп табады,
сон соң іп-лезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір де ге ні міз
адам дар дың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі.
Мүмкін...».
– Онжылдықты бітірген соң екі жыл əкеме кө мек тес-
тім, – деді Арай мұңды жүзбен маған қарап. Əлгіндегі бір
күл кі нің табы да қалмаған. – Ересектері мен болдым, қал-
ған сегізі – əлі жас. Оқуға бармай-ақ қояйын деп едім, əкем
қол қа лап қоймады. «Біздің тұқымнан да мұғалім шық сын»
дейді. Намыстанғаны. Əне бір күнгі хатында: «биыл қыс
қат ты, қызым. Ит-құс көп, жаңа жылдық демалысыңды пай-
даланып, мұғалімдеріңнен бірер күнге сұранып келіп қайт,
са ғын дық», – деп жазыпты. Не күйде отыр екен?
Мен ойладым. «Өмір деген тіпті де ғажап емес, Ал тай-
дың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге ыс тық.
Дегенмен өмірді лағынеттеп, өкінуге де болмайды-ау».
– Сіз бір түрлі аз сөйлейді екенсіз, – деді Арай. – Мені
сынап отырсыз ба, жоқ əлде мінезіңіз сол ма?
– Мінезімнің ауыр екені рас. Бірақ бір қызып сөйлеп кет-
сем, атымның басына ие бола алмай қалатын көкезу əде тім
де бар.
Жол барған сайын күрделеніп, көлігіміздің жүрісі бə сең-
дей береді. Боран қарсыдан соғып тұр. Автобустың ал дың ғы
терезесін қар жентегі тұтып, шофер қайта-қайта сүр тіп əуре
52
болады. Аяздың барлығы тау ішінен қашып тығылып, аядай
ғана автобусты иектеп тұрғандай. Маған енді сол да ла да ғы
арпалысқан боран ит боп үріп, қасқыр болып қың сы ла ған-
дай үрейлі сезіледі. Жер түгелдей мұз
шарға айналып, мəң-
гі ге қатып-семіп, ыңырсығандай жүректі өзгеше суық се зім
қа ри ды. Мен амалсыздан Арайға қарай жақындап, осынау
қаршадай ғана қыздан пана тілегендей бүрісе түсемін. Ал
ол болса жаурағанын мүлдем ұмытып, маздап келген ой дың
ақ шанасына түсіп, баяғыда ағып кеткендей. Маған қыз да
жақындап тақала отырғандай болды. Біздерді қоян-қол тық
қа уыш тыр ған, бəлкім Алтайдың ақ бораны да емес, аяз да
емес, басқа... өзіміз ұғып-сезе бермейтін жастықтың лыпып
тұр мақ тартылыс күші ме əлде жүректен шым-шымдап жас-
қа на шығып, бойға тараған ұяң сезімнің жауратпай, жа тыр-
қат пай жарастыққа бастаған қуаты ма; ішімнен Арай сөй-
ле се екен, ойында не бар түгел ақтарса екен деп тілеймін;
табандап жақындап, адымдап қашатын тыз етпе алдамшы
үміт, адамның жастық шағымен келіп-кетер оңғақ сезім емес
бұл – осы мəуріттің бақилығын арман етер тəтті хал, мұзды
денеден жалындап шығар ыстық сүйіспеншілік: сү йіс пен-
ші лік болғанда қыз бен жігіттің екеу арасындағы күй дім-
жандым ба, жоқ-жоқ осы айнымас сəттің қымбаттылығын
паш етер мұңлы минуттар, кейінірек жүріп сағынатын бей-
кү нə отырыс, айтпай түсінетін көңіл ұғыстығы шығар-ау.
Жылы киініп, алаңсыз ұйқыда жатқан «Ново строй ка-
ның» атқамінерлері қорылға басты.
Менің көз алдыма, неге екенін білмеймін, ат құлағы кө-
рін бей тін боранда үстінде жұқа ғана шыт көйлегі бар, шашы
жалбырап, тізеден қар кешіп, адасып жүрген қыз елестеді.
Тағы да өз ойымнан өзім шошындым.
53
– Арай, айып болмаса мен сені қыстаққа дейін ертіп ба-
райын. Түн, аяз...
– Жо-жоқ, аға, ол не дегеніңіз, ыңғайсыз ғой. Жо лы ңыз-
дан қалмаңыз. Мен үшін бұл Алтайдың түні мен бора ны –
үйренген жау.
Біз келе жатқан жол тақтақ, əрі оқтай түзу. Тек дүң ки ген-
дүңкиген алып жоталарды айналып, сайлау жерге түс кен-
де ғана ирелең тартады. Əдетте мұндай əдемі тас жол дың
бетіне қар қиыршықтары тоқтамай, үп етіп жел соқса, сусып
алақаншықтана билеп, сай-сайға тырағайлап қашады. Сон-
ды ғы болар, жол соқты болып шаршаған жоқпыз. Əйтсе де,
екі иінімнен қос қолдап басқандай тынысым тарылып, тал-
мау тартып отырмын. Қарным ашқаны сезілді. Мен тағы да
ақ көңіл, ақ жарқын Арайды ойладым. Шынында да, өзін де
бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар-
ay. Жалғыз көрген кісісін жатырқап-жатсынбай, бауыр тар-
тып, ақтарыла сөйлейді екен. Ол қайта-қайта қойшы əке сін
аяп, шиеттей бауырларын еске алып қояды.
– Əкемдер ендігі шайын ішіп болып, ертең ерте тұ ра-
мыз деп жату қамына кіріскен шығар. Білесіз бе, аға, біз дің
«Өркен» ауылында əлі электр жарығы орнаған жоқ. Бұқ тар-
ма ГЭС-ін «Новостройка» жаққа тура тартқан. «Жиырма
шақ ты үйі бар ауылға əуреленіп, бұрып жүрмейміз, кейін
асық пай тартамыз» деседі. Білесіз бе, аға, біздің ауылда
клуб та, киноқондырғы мен кітапхана да жоқ, бар болғаны:
ыдыс-аяқ, мата, қант-кəмпиті араласқан жалғыз дүкен, ол да
са ту шы ның екі үйінің бірінде үйіріліп жатыр. Қызығы, «Өр-
кен» бригадасы совхоз бойынша жоспарды үнемі ар ты ғы мен
орындайды, ал мəдени-тұрмыстық ахуалымыз осындай...
Бі рақ сіздер мұндай жетім ауылды менсінбей, тура түзу де
54
жайлы тас жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сон дай та-
машаны ғана көріп, жазасыздар?
– Арай, егер сен қарсы болмасаң, мен қазір сол қой нау да-
ғы өгей ауылға бірге барсам...
– Соқыртеке ойнайсыз ба?! – деп сыңғырлай күлді. Күл кі-
сі əдемі, бір түрлі кісінің ести бергісі келеді жəне күлу оған
соншалық жарасады.
– Қайтар жолыңызда соға кетіңіз, екі-үш күнде мен де
қай тар мын.
– Мақұл, оған да келістік. Бірақ... Жүргізуші жігіт артына
бұрылып:
– «Өркенде» түсетін кім бар? – деп дауыстады. Жат қан-
дар жапа-тармағай қозғалып, үрпиісіп тұра бастады. Ал ғаш-
қы айтқандары: «Қай жерге келдік?» болды.
– «Өркенге».
Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп, осы ауылға
тоқ тап бекер əуре болады, – деп, нəумез бола күңкілдесті.
Арай ықшам тұрып, шағын қара сумкасын иығына асып
тыс қа беттегенде, мен де соңынан ілестім. Автобус есігін
ашып жібергенде, анталаған аяз лап беріп, бетті шарпи
шабуылдады-ай. Көзге түртсе көргісіз мылқау да дүлей қа-
раң ғы лық ты болар-болмас тесіп, сонадайдан əлсіз жарық
сы ғы рая ды. Бағанағыдай емес, алақұйын боран бəсеңдеп,
ке бін ге оранған жер бетін өлім тыныштығандай – ұлы ты-
ныш тық иелік ете жалмап, жайпай бастаған екен. Мен Арай-
ды сол түн-түнектің қара отауына кіргізіп тұрып, соңғы рет
«шы ға рып салайын» деп өтіндім. Ол қарсы болды. Тек авто-
бус орнынан қозғала бергенде:
– Қайтарда келіңіз, аға, күтемін, – деген əдемі дауысын
ес тіп қалдым.
55
Осы кезде жүргіншілердің арасынан: «Осы күнгі жас тар
тауық секілді, көзді ашып-жұмғанша танысып, табыса қа ла-
ды» деген күбірін жəне естідім.
«Новостройкада» екі күн еру болып, үшінші күні жол-
ға қайта шықтым. Мен барған село расында да көз тоятын
көр кем еді. Қалаша салынған, оқтай түзу көшелер, қаздай ті-
зіл ген ақ шағала үйлер – бейне бір ғажайып түс көр ген дей
бо ла сың. Онша далиған көлемді де емес. Шап-шағын се ло ға
əлем де гі жақсылықтың бəрін үйіп-төккенге ұқсайды. Облыс
пен ауданға келген өкіл, ұятты қонақты осы «Ново строй ка-
ға» ала жөнеледі білем. Маған осынау ауыл көрмеге қой ған
макет село секілденген. Десек те іштей ризамын. Басшыла-
ры да қонақжай, лыпып тұрған, өңкей жүзіктің көзінен өт кен
жігіттер. Бірақ маған сонау «Өркеннің» бүкіл байлығы мен
бақыт несібесін осы сүйкімді село ұрлап, тонап жат қан дай
əсерді жəне қалдырды. Арасы атшаптырым ғана екі ауылда
неге соншалық жер мен көктей айырмашылық бар деп ой-
лаймын. Өйткені «Новостройка» бұрыста емес, түзу жол дың
бойында...» деді ішімнен бір үн...
Қызық, əнеугүні танысқан түбіт шəлілі қызды ептеп са-
ғын ған дай мын. Таныстық неғұрлым келте болса, са ғы ныш
ана ғұр лым ұзақ болады-ау. Мен оны оқыстан таптым, мүм-
кін өмірімнің алғы күндері соған телулі шығар-ау. Мүм кін,
əйтеуір біреуді үнемі іздеп, елеңдеп жүрер жүрек ба йыз
тауып, байырқалар айдынында жолыққан шығар-ау... Осы
тілек, осы үміт-ау адам баласын елеңдетіп, ертеңгі күн дер-
ге асықтыратын, ұстатпай, сағымша бұлдырап шаршата-
тын.
Таңертең аудан орталығына барар автобусқа мініп, дəл
«Өр кен нің» тұсынан түсіп қалдым. Таңға жуық қырбақ қар
56
жауып, қансонар болып жатқан. Таудың көк желкесінен бо-
лымсыз сығалаған жансыз күн сəулесі шағырмақ қарға тү сіп,
көз суыртып қаратпайды. Аппақ ұлпа дүниенің таң ға жа йып,
көркем қысқы көрінісін айтып жеткізу қиын. «Өр кен ге» ба-
рар жолды айқындаған шананың айқыш-ұйқыш ізі ғана, өзге
белгі əзірше жоқ. Əлгі шананың қатар жарысқан қос сы зы-
ғы, кейбір адамдардың қиылыспайтын тағдыр соқ па ғын еске
салады. Қойнаудағы ауылға беттедім.
Мұржадан ұшқан түтін желсіз тымық ауаға тік ұшып,
баяу қалқып көзден ғайыптанады. Мұрныма сол күре жол-
дан екі-үш шақырым қағаберіс оң шынтақта бұйығы жатқан
қай ран ауылдың түтіні келгендей еді. Қайқаң болғандықтан
ба, алқынып жүрісім мандымады. Мен тіпті асығып та келе
жат па ған мын. Арай, сөз жоқ, мені алаңдап тосып отыр.
Ертең Алматыға бірге аттанамыз. «Əке-шешесі қалай қа рар
екен», – деп сезіктене ойлаймын.
Мен «Өркенге» келгенде, алғашқы көрген кісім – орта
бойлы, қалың қара қасты, əдемі жігіт болды. Басы салбырап,
аял да ма ға қарай асығыс құлдырай жөнелген.
– Əй, жігіт, – дедім дауыстап. – Арайдың үйі қайсы? Ол
ма ған түнере қарап тұрды да: – Оның кімі едің? – деп қа йы ра
сұрақ қойды.
– Жай əншейін, танысымын.
– Анау... анау... ауыл шетіндегі қыстақ, – деді де, шұ ғыл
бұ ры лып жүріп кетті.
Қыстаққа жақындағанымда, сыңсып жылаған дауыс ес ті-
дім. Батылым бармаса да, тəуекел деп кіріп келгенімде, ба-
сына қара жамылып, ағыл-тегіл жылап отырған əйелді, оны
қоғамдай қоршаған шиеттей-шиеттей балаларды көр дім.
Ше ше сі не қосылып пырсылдап жылайды. Жүрегім тас тө-
57
бе ме шықты. Басын көтеріп, жасты жанарымен қа ра ған қай-
ғы лы əйелден сасқалақтап:
– Арай қайда? – деп сұрадым. Үнім шаңқ етіп жаман
шықты.
– Айырылдым ғой, Арайымнан... – аңыраған жоқтау он-
сыз да бор боп езіле бастаған жүрегімді шабақтап-ша бақ тап
тіл гі ле ді-ай... Сай-сүйегім сырқырап, тізерлей жы ғы лып,
қыз дың анасын бас салдым. Бұл менің алғашқы, əрі ақыр ғы
құ ла уым шығар.
Арайды сол боранды түнде қасқыр қамап, ауыл мен күре
жолдың екі ортасында... жеп кеткен екен... Қыстақтың қыр
жа ғын да жерленген Арайдың моласына бардым. Ап пақ, кү-
мі стей жылтыраған ақша қардың үстінде қап-қара төм пе шік-
ке айналып, мəңгілік сапарға, қайтпайтын сапарға ат тан ған
Арайдың бейкүнə балапан рухы жатты.
Қыз əкесі мені көрмегендей, сол жас қабірге тесілген
қал пы меңірейіп тұра берген. Ақша қарға көзден аққан жас
тырс-тырс тесе тамады. Қорадағы қамаулы қой маңырайды...
бұл өңірдің ендігі қызығы да, қайғысы мен қуанышы да тү-
гел осы... бірінің жүнін бірі жұлып жеп тұрған ақтылы қой
сы қыл дан ды.
Мен ауылдан аялдамаға қайтып бара жатып, Арайдың қа-
бі рі не ақырғы рет қарап едім, қыз əкесі молаға орнатқан тас
мү сін дей болып əлі тұр екен.
Күре жолдың шетіндегі аялдамаға қайтып келгенімде, ба-
ға на ғы жігіт пен «Новостройкаға» оқуға жиналған бір топ
балаларды көрдім. Ішіндегі біреуі Арайға өте ұқсайды, бəл-
кім кішкентай сіңлісі шығар... Олар дірдектеп тоңып тұр.
Ав тобус əлі жоқ...
Жігіт айтты: «Араймен бірге оқып, бір партада қатар оты-
рып едім. – Көмейіне өксік тығылып барып, сөзін əрең жал-
ға ды. – Қалтасында сіріңкесі болған екен, таусылғанша жа-
ғып, айбар ғып отырыпты да, қасқырлар қамалап қоймаған
соң, шанадан түсіп қалған бір бау шөпті өртепті. Сонсоң...
сон соң қар беті апыр-топыр айқасқан, екі етігі мен шашын
ма зақ та ған дай қарға шаншып кетіпті. Əкеңнің аузын... мыл-
ты ғым ды алып келіп, Алтайда бір қасқыр қалғанша қы ра-
мын, тұқымын қалдырмаймын бұл жерге (жылады). Сол түні
қас қыр көп ұлыпты...».
Осы кезде «Новостройка» жақтан сылаң етіп автобус кө-
рінді.
Мен редакторымның тапсырмасын тұңғыш рет орында-
мадым... Бүгінгі заманымыздың сəулетті селосы жайлы ма-
қа ла жазылмады...
|