Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ҚИЯЛИ
Оның қияли түгі де жоқ, ауылдың көп адамдарының бірі 
ғана. Бірақ қиялилау екені де рас, жұрттың бəрі айтып жүр. 
«Əдейі күлдіру үшін істейді» деп, ол жігіттің барған са йын 
ел аузынан тастамайтын қылжақбас атанып бара жат қа нын 
қызғанатындар да табылатын. Басқаларды біл мей мін, əй те-
уір, өзім қара жолдың шетіндегі қос бөлмелі ағаш үйге кө-
зім  түскенде,  сол  алқам-салқам  қорасы  бар,  жұ пы ны  бас-
па на ның маңында жыбыр-жыбыр ойнап жүрген балаларды 
көргенде, Саршатамызша да «ғажап» өмір сүруге боларына 
илана түсемін. Қалай дегенмен қияли жігіттің тір ші лі гі көз 
еті өскен кісілердің тəубесін есіне түсірері рас еді... 
Тəй-тəй басқан күннен əжесінің бауырында ерке-шол жаң 
өскен  Саршатамыз,  тіпті  ересек  тартқанға  дейін  шан дыр-
лан ған  кəрінің  омырауын  созғылап  сора  береді  екен.  Осы-
лайша «арда» еміп өскен жігіт бұл дүниеде мұң-қайғы, жа-
ман дық  пен  жақсылық,  күреске  толы  жылдар  мен  бұ ра лаң 
соқ па ғы көп жолдар барынан мүлдем қаперсіз, тілін шайнап, 
сақаулана  сөйлеп  ержетеді.  Өзі  еңгезердей  тұрықты  бола 
тұра,  көрінген  баладан  баж-бұж  етіп  таяқ  жеп  қалатын  да, 
«апама айтам» деп, үйіне қарай безе жөнелетін. Ал жа рық-
тық апасы болса қолына шыбық ұстап, еркесіне тиіскен та-
мам баланы қуалайтын да жүретін. Бесінші класқа іл дал да-
лап əрең жеткен ол, əрмен қарай «шаршадым» деп оқы май-
ақ қойғаны. Содан соң он сегіз жасқа толып, əскер қа та ры на 
ша қы рыл ды. 

60
– Апам барса ғана, барамын, – деп пəбескені жыртып тас-
тайды. 
Заң барлығымызға ортақ қой, оның саудайылығын тың да-
сын ба, дедектетіп ала жөнелгенде, апасы аудан ор та лы  ғы на 
дейін қалмай еріп барады. 
– Шырақтарым, – дейді əскери комиссариаттағы жі гіт тер-
ге, – Үш жылға шыдайтын шамам бар. Мені қоса алың дар. 
Ұлымның  шайын  қойып  беріп,  қасында  болайын.  Басынан 
сипап отырмасам, ұйықтамайтыны бар еді... 
Амал не, апасын əскерге алмады. Жылай-жылай Сарша-
тамыз  кетті.  Медведка  деп  аталатын  орысы  көптеу  се ло ға 
тоқ тап, басқа жігіттерді жинай бастаған бір əредікте «ер ке-
міз» отыра қалып, апасына хат жазады. 
«Апа, аман-саумысың. Бізді əкетіп барады. Əзірше Мед-
ведка  деген  қалаға  тоқтадық.  Шошқалары  көп  екен.  Қайда 
апарары белгісіз. Құдай басқа салған соң, көнемін де. Сені 
са ғын дым. Тірі ораларым неғайбыл. Мұнда соғыс басталып 
кет ті. Жан-жақтан бомбылап жатыр. Неге екенін білмеймін, 
киім  де,  қару  да  берген  жоқ.  Соған  қарағанда  ортамызда 
шпион болуы мүмкін. Қорқамын, апа, қорқамын». 
Саршатамыздың  «жан-жақты  бомбылап  жатыр»  деген 
сөзі тым бекер емес еді. Елу шақырымдай қашықтықта ор-
на лас қан Медведка селосы тұсындағы жолды жөндеп, Өс ке-
мен нен бері күншығысқа қарай «Шығыс сақинасы» аталар 
күре жол салынып, тау-тасты дəрі қойып, қопарып жат қа ны 
жəне рас. Үйде өскен бұзау секілді жігітіміз өмірдегі ондай 
жа ңа лық тар ды  қайдан  білсін.  Иə,  бəрі  де  жаман  апа сы ның 
ар қа сы ғой. 
Тіпті  Саршатамыз  жалпақ  жалғандағы  ондай-ондай  үл-
кен ді-кішілі оқиғалармен ісі де болмайтын. Екі жағын тая-

61
нып, түпсіз де шексіз ойдың жетегінде сұлық отырар еді, дəл 
жанына  келіп: «Əй,  Сарша»  дегеніңше,  сені  байқамайтын. 
Не ойлайтынын, қандай жаңалық ашқалы жүргенін күні бү-
гін ге дейін ешкім білмейді. 
Үш  жыл  деген  ер-азаматқа  сөз  бе  екен.  Жылай-жылай 
əс кер ге  кеткен  Саршатамыз  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей 
азамат болып оралды. Əскер киімі өзіне жарасады, сырттай 
қа ра ған  адамға  соқталдай  жігіт,  тепсе  темір  үзетін  еркек. 
Өкі ніш ке орай, үш жыл бойына солдаттардан таяқ жегенін 
апасына жазған бір сандық хаттары əшкерелеп қоятын. Са-
уатсыз  қария  əр  келген  хатты  көрші  келіншекке  оқытып 
отыр ған, ал келіншек білді дегеніміз бүкіл ауданға жайылды 
деген  сөз.  Оған  қысылатын  Саршатамыз  ба,  үш  бүктетіліп 
өз үйі нің табалдырығынан аттады. Төбесі үйдің бел ағашын 
ті реп тұрып, «здрастите» деген екен. Етегіне сүріне жү гір ген 
апасы мойнынан құшақтап, бетінен сүймекке ұм ты ла ды, бі-
рақ серейген Саршатамыз илікпейді. 
– Құлыным-ау, аман-есен келдің бе? – деп жабысады. 
– Келдік, апа, келдік. 
– Құлыным-ау, дені-қарның сау ма? – деп тырмысады. 
– Сау, апа, сау. – Орнатқан діңгек секілді, бүгілмейді. 
– Жарығым-ау, əйтеуір, бітіріп келдің бе? 
–  Шабаш,  апа,  бітті! – деп  қолын  бір-ақ  сермеп  отыра 
кетті. Ал апасы болса жүгіріп далаға шығып, көрші кем пір-
лер ге  «Құлыным  əлгі  шабашын  бітіріп  келіпті»,  деп  қуана 
хабарлап жүр. 
Қыс  еді.  Командировка  алып,  ауылға  бардым.  Кейінгі 
жылдары  қар  аз  жауатын  болып  жүр.  Қызыл  асықтан  ғана 
ке ле тін күпсекті Алтайдың желі бұта-қараған, сай-салаға ай-
дап, тығып тастайтын-ды. Аудан мен екі ортаға күніне бір-

62
ақ рет қатынайтын автобус сонау қырдан бері саркүшіктей 
домалана  көрінсе  болды,  аялдамада  құжынап  тұрған  ауыл 
адамдары  лап  ете  түсер  еді.  Одыраңдап  келіп,  түтін  бүрке 
тоқ та ған шағын автобустың жүргізушісі біразға дейін кергіп 
ашпай қоятын. Қораздана басып дүкенге кіреді, түк шаруасы 
жоқ болса да почтаға бас сұғады... темекісін асықпай тартып, 
қыс тың қақаған суығына қарамай түкіріктеп тұрып мұ қият 
сулап, тұқылын аяғымен мыжғылап өшіреді, шырт-шырт тү-
кі ре ді, одан соң ғана... «Қырық бес тиындарыңды да йын даң-
дар» деп, саңқ етер еді. Осы шақта ауылдың жігіттері жо лын-
да ғы кемпір-шал, бала-шағаларды қоғадай жапырып ите ріп 
тастайды да, есікке ентелей жетеді. Алғашқы болып ав то бус-
тың ішіне кіреді. Ең жайлы, жұмсақ деген орындықты таң-
дап отыра кетеді. Бұдан соң туған əкесі түрегеліп тұрса да, 
ас тын да ғы «тағын» беруі мүмкін емес. 
Имене-имене, қысылып-қымтырыла мен де кірдім-ау, əй-
те уір.  Отырғандардың  барлығы  танымайтын  адамдай  бе ті-
ңе бақырая қарайды, кейбір иманы бар-ау дегендері болса, 
көрмеген  кісідей  теріс  бұрылады.  Көп  жылдан  бері  Сар-
шатамызды  жолықтырмап  едім,  тегінде  кассир  отыратын 
жал ғыз  кісілік  көлденең  орындықта  қырау  басқан  терезені 
ті лі мен  жалап  тесіп,  сонау  қар  басқан  тауларға  көз  сата 
үңі ліп  отыр  екен.  Ол  аудан  орталығына  жақындағанша  тіс 
жарып,  жақ  ашпады.  Сол  ойланған  қалпы,  ешкімге  де,  еш 
нəр се ге  де  мəн  бермеген  қалпы,  сыртқа  қадалып  қалған. 
Жі гіт тер  «сөйлетеміз  бе»  деп  əрі-бері  қажап  көріп  еді,  құ-
ла ғы на да ілген жоқ, естімеген кісідей меңірейіп отыра бер-
ді... Соншалықты ауыр ой үстінде... Суық сорған қо ңыр қай 
жүзі, түк-түк жағы, жарланып біткен қабақ астындағы оты 
аз, бірақ алақандай ауқымды көзі – бар-барлығын бар ла ған 

адам енді бірер сəттен соң ұлы жаңалық ашатындай сал мақ-
ты да салиқалы дидарын көрер еді. Саршатамыздың тү бі не 
құ рық бойламайтын терең қиялының сыры ауданға бір ша-
қы рым дай жер қалғанда ғана ашылды. 
– Жігіттер! – деп орнынан ұшып түрегелді. Шағын ав то-
бус тың ішіндегі темекінің көк түтінінен бір-бірін əрең кө ріп 
отырған адамдар селк ете қалды. 
– Жігіттер! – деп тағы да қайталады. – Егер бір қойма ас-
тық қа бір шібиді қоя берсе, неше жылда жеп тауысар еді?.. 
Саршатамыздың  ауылдан  шыққаннан  бері  бас  қатырып, 
сарыла ойлап отырғаны осы екен...
Расында да, неше жылда жеп тауысар еді...

64
КӨК ТАЙЫНША
Мен  бүгін  ауылдан  хат  алдым.  Тасқа  басылғандай  əп-
əде мі  тізілген  жазу – бұл  хатты  қарындасым  Мəнсия  жаз-
ға нын  айнытпай  танытып  тұр  еді.  Ел-жұрт,  ауыл-аймақ, 
бота-тайлақтың  амандығын  айта  келіп,  үстіміздегі  жылы 
аудан  бойынша  өсек-аяңның  тым  қораш  болып,  керісінше 
өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы клас-
та оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі 
орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз 
арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу ха ты-
ның аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ 
та уы ның бауырында ұрлап, сойып əкеткен. Тек терісі, төрт 
си ра ғы,  көзі  алайған  басы  ғана  қалған...  Мал  ашуы – жан 
ашуы деген ғой, əке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны 
бо лу ға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. 
Ми ли ция ға  хабарлаған,  əлі  хабар  жоқ.  Көк  тайыншаның 
орны  бөлек  еді-ау,  қорамыздың  бір  бұрышы  үңірейіп  қал-
ған дай  болды.  Енесі – көк  сиыр  да  ұдайы  үш  күн  мөңіреп 
жоқ та ған  екен.  Есесіне  ағайындар  ойран-асыр,  əлемдегі  ең 
бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым 
болар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған «да-
нышпан»  тайыншаның  айдың-күннің  аманында  қолды  бо-
луы, əрине, жандарын жай таптырған. 
Ағымнан  жарылсам,  осы  «суық  хабарды»  естіген  соң 
кө ңі  лім жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шы-
ңыл дап,  басым  айналып,  көзім  қарауытқандай  болған  соң, 
Й

65
дə рі гер ге барып едім: «Жүйкең жұқарған, бір нəрсені қат ты 
уа йым да ған сыз, дем алу керек» – деп шығарып салды. 
Жазғы демалыста ауылға барғанымда, əлгі қолды бол ған 
көк  тайыншаны  алғаш  рет  көріп,  қайран  қалып  едім.  Қай-
ран қалған себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары 
əлде бұқадан, əлде ауа райының күрт өзгеруінен, себебін кім 
білсін, əйтеуір, шыбыштанып, ұсақтап бара жатқан. Ірі қара 
тұқымының  осыншалық  азуы,  əсіресе,  шешемнің  жа йын 
жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл сиыр сатып ала-
йық  деп,  ертеден  қара  кешке  дейін  əкемнің  құлағына  маза 
бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, 
не берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маң қа йып 
күй сей тін  асыл  тұқымды  текті  сиырлар  бұл  ауыл дың  асыл 
арманына  айналған.  Ал  мен  жазда  көрген  көк  та йын ша-
ның  жөні  бір  басқа,  керіскедей-ау,  керіскедей.  Қай дан  ғана 
қаңғып  туылғанын  кім  білсін,  көрші-қолаңның  ау зы ның 
суын құртатын əдемі еді-ай жарықтық. Иə, ал енді «жа рық-
тық» келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас, қызыл 
бұ за уы бар, таудан асып барады екен деймін. Артына қарап 
мө ңі ре ді де, көрінбей кетті... мəңгілікке...
 
 
* * *
Уақиға былай болған екен. Біздің шал əдеттегісіндей күн 
шық пай  тұрады.  Сауын  сиырларын  өрістен  айдап  қай ту ға 
Ұзақ тауына беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұ сап жі-
бер ген құла аты сиырлармен бірге жайылатын. Ма лын тү ген-
дей ді. Көк тайыншадан өзгесі өрісте жүр екен. Құла ат тың 
тұсауын  шешіп,  жайдақ  мініп  жер  шолады.  Жоқ.  Бір  кезде 
өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ұңғыл-шұң ғыл, бұта-қа-

66
ра ға нын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы 
кө рін бе ген  сайын,  күдерін  үзе  бастады.  Топтанып  қайың 
өс          кен, сол қайыңның дəл түбінде көк тас жататын, сол көк 
тас тың  алқымынан  қайнап  бастау  ағатын  бала  кезінде,  сол 
жер ді – «Апамның көк тасы» деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, 
күні бойы жүн түтіп, иіріп отыратын шешесі елестейді. Енді 
құла ат тың басын солай бұрған. Өз көзіне өзі сенбеді. Көк 
тас көк та йын ша ның қанына былғанған. Көзі алайып, күзгі 
ашық ас пан ға тесіле қарап кесілген бас, серейіп төрт сирақ 
жатыр. Ұры əккі, əрі саспайтын қу болса керек, бастаудың 
суын  лас тап,  ішек-қарнына  дейін  аршып  алған.  Меншікті 
сиы рын со ғым ға жыққандай-ақ, боршалап, əдемілеп сойғаны 
сон ша лық – тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. 
Шал дың  жүрегі  сыздап  ауырды.  Малым  қолды  болды  деп 
емес,  атаңа  нəлет  ұрының  басынғанына,  саспай  мүшелеп, 
боқ ты  ішегін  қалдырмай,  қырып-жонып  əкетіп  қалғанына, 
ит жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де жасаңданып жата-
тын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қа-
ра ған да ұры – екеу секілді. Дегенмен, батырға да жан керек, 
бірі сас қа лақ тап жүріп, қамшысын қалдырып кетіпті. Басқа 
көз ге ұрып, куəға тартар дерек жоқ. 
Күн  ұясынан  көтеріліп,  етекте  жайрап  жатқан  ауыл  қы-
быр-қыбыр  тіршілік  қамына  кіріскенде,  жайдақ  атты  ұры-
ның қамшысымен сипай қамшылап, үйіне қайтты. Бұл шақ-
та күздің сан алуан бояуына малынған табиғат тамылжып-ақ 
тұр еді... 
Милицияға  хабарлады.  Өз  беттерінше  əрекет  жасаған 
жоқ. 
Қыркүйекте  шақырған  милиция  қызметкері  қараша  біт-
кен де келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса қайтер еді. 

67
Ауданнан  күніне  бір  рет  қатынайтын  сары  ала  ав то бус-
тан милиция формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар 
кіші лейтенант В.В. Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне бет-
те ді. Оның төбесі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның 
өзі келе жатқандай қуаныштары қойнына сыймаған. Са мау-
рын ға  шай  қойды,  қазанға  ет  асты.  Астына  көрпе,  шын та-
ғы на  жастық  төседі.  Тамақ  ішіп,  ар  жағына  ел  қонғанша, 
В.В. Окинков лəм-мим деп еш нəрсе сұрамады. Жамбас тай 
жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына қа ра-
ды.  Қо лын  тарақтап  желкесіне  салып,  шалқасынан  жатты. 
Көзі  ілініп  кетті  білем,  мұрны  шұр  ете  қалып  еді,  сабағы 
бі тіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып 
жі бер ді. «Ұйықтасаңшы,  ұрыны  іздеймін  деп  шаршадың 
ғой», – деді шешем. 
– Сонымен, – деді В.В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, – 
сиырларыңыз қашан жоғалды? 
– Осыдан бір жарым ай бұрын, – деді əкем оған жақ тыр-
ма ған кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-əрекеті іші-
не сыймағанда, бір шақша насыбайды бір сағатта атып қою-
шы еді). 
– Неге ерте хабарламадыңыздар? 
– Хабарлағанбыз. 
– Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? – деді əке-
ме тіктей қарап. 
– Раисов Исахан. 
– Сіздің фамилияңыз, апа? 
Шешем əкеме: 
– Əй шал, айтсаңшы, – деді. 
– Ол да Раисова. 
– Дұрыс-сс... с... Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері... 

68
– Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі əде мі, 
келісті біткен керіскедей. 
– Тұра тұрыңыз, – деді əкемнің сөзін бөліп, – ке ріс ке дей 
деген белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз? 
–  Шырағым-ау,  кімнің  ұрлағанын  білсем,  сендерден  кө-
мек дəметіп нем бар? 
– Дұр-ы... с... ссс... іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе 
шай құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұр ған да 
қайтайын, асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп. 
Қанат В.В. Окинковты иттен шығарып салды. 
Жарықтық күз шолтаң қайрылып, қыс келді. Биыл тіпті 
асы ғыс келді. В.В. Окинковтан хабар-ошар жоқ. 
Жаңа  жыл  есік  қағып,  қапалақ-капалақ  қар  жауды. 
В.В. Окинковтан сыбыс білінбеді. Тек, февраль айын орта-
лап, Алтайдың қақаған суығы мал мен жанды қысып тұр  ған 
шақ та  ғана  аппақ  дүниенің  арасынан  В.В.  Окинковтың  тө-
бе сі қараңдаған. Көк тайынша тарихын өздері баяғыда ұмы-
тып,  құрысыншы,  от  пен  суға  қарап  отырған  жоқпыз  ғой, 
«ақ са ғын қойып сауын бағайық» деп, тəубеге келген бей біт 
тір ші лік терін бұзғанына реніш білдірген. 
Шай қойылды. Ет асылды. В.В. Окинков соғымның етін, 
əсіресе жылқының етін, жақсы жейді екен. Құрт қосқан сор-
паны сарқа ішіп, қолын сүртіп болған соң, көзі ілініп, қал ғи 
бастады. Осы Қанаттың жүрген жері оңбайды, əсіресе, қыс-
та ойбайлап ашылатын қырау тұтқан есікті жұлқа тартып кі-
ріп келмесі бар ма... В.В. Окинков сасқалақтай атып тұ рып, 
тапаншасына  жармасты.  Шешем: «Ойбай,  көтек!» – деп, 
бетін басып отыра қалды. Əкем шақшасын қаққылап: «Əй, 
кем пір,  насыбай  бітіп  қалыпты  ғой», – деп  шыны  са уыт ты 
домалата салды. 

69
– Фамилияңыз, яғни аты-жөніңіз? – деді есінеген Окин-
ков қағаз-қарындашын ыңғайлап. 
– Раисов Исахан. 
– Жасыңыз? 
– Алпыс үштемін. 
– Ұлтыңыз? 
– Қазақпын! – Əкем бұл сөзді нығыздай айтты. Милицио-
нер енді шешеме шұқшия қарады. 
– Аты-жөніңіз, жасыңыз, ұлтыңыз?.. 
– Құдай-ау, əнеугүні айтып едім ғой. 
– Тағы да қайталаңыз. – Шошып оянған соң ба, бас те рі сі 
келіспей, қатаң ұстады өзін. 
– Раисова, жасы 65-те, – деп, кемпірінің орнына тағы да 
əкем жауап бере бастап еді, милиционер көнбеді. 
– Өзі айтсын. – Шешем сасқалақтады. 
–  Құдай-ау,  қайын  атамның  атын  қалай  атаймын...  Əй, 
шал... Тайыншамыз керіскедей, аузымызды аққа жары та йын 
деп тұрған асыл тұқымды мал еді, – деп, шешем зарлай жө-
не ліп еді, оны В.В. Окинков тоқтатып тастады. 
– «Керіскедей» деген белгі болмайды.
– Алғаш келгеніңде ұмытып кетіппін, шырағым, ұры ның 
орнында  ұмытылып  қамшысы  қалыпты.  Міне, – деп  се гіз 
өрім,  тобылғы  сап  қамшыны  Окинковтың  алдына  тастады. 
Ол қамшыны ары айналдырып, бері айналдырып қарап отыр-
ды да: – Бұл ауылда не көп – қамшы көп жəне бір-бірінен ай-
нымайды, – деп əкеме қайтарып берді. Бұдан соң: «Із дей міз, 
табамыз», – деді де, орнынан асығыс көтерілді. Оны Қа нат 
иттен шығарып салды. 
Қыс өтіп, жазғытұрымның қара қатқағы келді. Ойдағы қар 
жылбысқалана  еріп,  қалғаны  тау  бөктерінде  күн  санап  кө-

70
бік те не мүжіліп жатқан, түске дейін мүйіз, түстен ке йін киіз 
деп аталар ала-құла шақ еді. Біздің үй бір қалыпта тіршілік 
кешіп, бі реу ден кейін, біреуден ілгері күн көрісімен, ертеңгі 
атар  таң,  татар  дəмімен  дəмелі  күй  кешіп  жатқан-ды.  Көк 
тайыншаны да, көк сөмкелі В.В. Окинковты да ұмытқалы қа-
шан, «тəңірім, бермей-ақ қой, бірақ қолда барын ала көрме» 
дегендей, қалғанды қанағат көңілмен көктемді қарсы алған. 
Міне, осындай жазға салымның уайым-қайғысыз бір тыныш 
кү нін де, алдыңғы күні туған мұқыр мүйіз қызыл сиы ры ның 
уы зын  жеп,  жайбарақат  сорпа,  шай  ішіп,  оңашадан  оңа ша 
өз де рі ғана шүйіркелесіп отырған қоңыр кеште, ағаш үй дің 
есі гі  сыңсып  ашылды.  Ғажабы,  есік  көзіндегі  аса  сақ  ала 
мой нақ,  төрт  көз  ит  те  шəу  деп  үрмеген.  Тегі,  еті  үйреніп 
қалса керек. Алғашында көршілердің бірі шығар деп, алаң-
сыз  көңілмен  ешқайсысы  да  елемей  тамақтарын  іше  бе ріп 
еді. «Есенсіздер ме» деген дауыстан бастарын кекжең ет кі-
зіп оқыс көтерісті. Осы мезетте В.В. Окинков та дүрс-дүрс 
басып төрге оза берген. Сəлемін əкем ғана алды. Ал шешем 
болса «құдай-ай, тағы да Əкімқов қой» деп, қо лын да ғы ке се-
сін шайымен төңкере салып, шегініп кетті. 
– Ауданыңда не жаңалық? – деді əкем арада орнаған ты-
ныш тық ты бұзайын деген ойменен. 
–  Аманшылық,  ақсақал...  Көк  тайынша  табылған  жоқ 
па?.. 
– Соны сенен сұрайын деп едік. – Шешем бұл сөзді шап-
ты ға айтты. 
–  Іздейміз,  табамыз.  Жұмысбасты  болып  көпке  де йін 
келе алмадым. Көрші ауылдарыңыздағы бір семья со ғым-
ның етін ұрлапты. Соны іздеп əрең тауып бердік. Сөйт  сем, 
өзі жоқ та үйде қалған əйелі күнде асып жей берген соң, кү-

71
йе уі шөп тің астына тығып тастаған екен... əй, қа зақ тар дан 
бəрі шы ға ды... 
– Ол оқиғаны мен де естігенмін, етті сен емес, иті та уып 
алған, – деді шешем қарап отырмай. Ас ішіп, көңілі жай лан-
ған соң В.В. Окинков: 
– Ал, басынан қайта бастайықшы өзі, – деп қағаз-қа рын-
да шын суырды. – Аты-жөніңіз, көк тайыншаның жасы, түр, 
түсі... 
Əкем жарықтық шыдамды адам еді ғой, Окинковты осы 
əзірде ғана көріп отырғандай, бастан-аяқ тəптіштеп шықты. 
–  Дұ-р-ы-ы-с-с, – деді  милиционер  енді  шешеме  бұ ры-
лып, – енді сізге келейік. Фамилияңыз... 
Қызық басталды. Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқ пақ та-
ған дай, əрең отырған кемпір шорт кетті. 
–  Əй,  Əкемков, – деді  ызадан  жарылардай  болып. – Өз 
тайыншамызды өзіміз ұрлағандай бізді тергегенің не осы?! 
Міне, жеті ай болды əлдеқашан сүйегіне қына бітіп кеткен 
ата-бабамыздың  аруағын  қозғап,  пəмилиямды  сұрай  бе ре-
сің ғой. Сен келген сайын басымның сақинасы ұстайды. Көк 
тайынша да, сен де құры. Кет өзің, жынымды ұстатпай! 
В.В. Окинков үндеместен орнынан тұрды да есікке бет те-
ді. Босағада тұрған қалпында сөмкесін ақтарып, əкем жаз  ған 
өтініш қағазды алды. 
–  Арыздарың.  Енді  өзің  жоғалсаң  да,  бұл  үйге  кел мес-
пін, – деді шешеме. 
– Əдірем қал. Мені құдайдан басқа ешкім ұрлай алмайды. 
Сөйтіп, бұл үй милициясыз қалды. Осы күннің ер те ңін-
де бастауыш класқа сабақ беретін əпкем – Аймен ұры ұмыт 
қалдырған қамшыны қолына ұстап шығады. Мектепке бар-
ған соң, əр класқа кіріп: «Кəне, балалар, мына қам шы ны та-

72
ни тын да рың бар ма?» – деп, бас-басынан сұрайды. Үшінші 
клас қа  кіргенде,  мұрнын  үнемі  жеңімен  сүртіп  отыратын 
қара  ұл: «Ой,  мұғалима,  бұл  папамның  қамшысы.  Былтыр 
жазда  ағам  өріп  берген», – деп  орнынан  ұшып  түрегеледі. 
Иə, жеті ай милиционер іздеген ұры, жеті минутта табыла-
ды.  Бірақ  баяғыда  ұмытылып,  садақаға  шалып  қойған  көк 
та йын ша  дауын  дабыралаудың  реті  ешбір  болмайтын  еді. 
Мұр нын  жеңімен  сүрте  беретін  қара  ұлдың  папасы – бұл 
үй дің құдасы, сыйлас адам. Сондықтан да жабулы қазанды 
жабуымен қойған. Тек баласы айтып барған болу керек, «құ-
да лар» жағы көпке дейін амандаспай жүрді. 
Жаз шығып, ел-жұрт шөп науқанына кіріскен шақ. Əкем 
де тартпасын (шалғысын) шыңдап, көзі тірісінде əже міз ті-
гіп берген қара торсыққа сусынын құйып, пішен ору ға шық-
қан.  Жылдағыдай  емес,  биыл  жаз  берекелі  болды,  шөп  қа-
лың, жеміс-жидек көп. Күн ыстық. Мосыға шəугім іліп, шай 
қайнатып, дем алып отырған. 
Топ қайыңның түбінен бастау алар тұма тазарған, көк та-
йын ша ның ұры сойған орнын шөп басқан. Дегенмен, баяғы 
бір  көрініс:  көзі  алайған  малдың  басы  мен  төрт  сирақ  көз 
алдына  елестеп,  жамбастай  жатқан  шалдың  ойы  онға,  са-
насы санға бөлінді. Мал ашуы емес еді оны мазалаған, шəй 
деспеген  жұрағаттың  басынғаны  да...  Осы  кезде  алаңсыз 
оттап  тұрған  құла  аты  құлағын  тікті.  Тоғай  арасынан  салт 
атты шығып, бері беттеген. Бұл – көк тайыншаның обалына 
қал ған «құдасы» еді. Ол аттан жайлап түсіп, асықпай аман-
дасты. Малдас құрған қалпы, шөптің бір сабағын аузына са-
лып, тістелеп алысқа қарады. Жеңіл күрсінгендей болды. 
– Құда, – деді сəл қарлыққан, сəл толқыған үнмен. – Сіз 
ма ған өкпелеп жүрсіз білем. 

73
– Неге өкпелейін, – деді əкем насыбайын атып. 
–  Жоқ  жасырмаңыз,  өкпелеп  жүрсіз.  Болар  іс – болды. 
Көк тайыншаларыңызды мен ұрлаған едім, оны өзіңіз де сез-
ген сіз. 
– Оны кім айтты саған? 
– Екі дүниеде де ризамын сізге. Біле тұра тіс жарып еш-
кім ге айтпадыңыз. Мені мойындатып, аяғыңызға жық қан – 
дə ті ңіз дің беріктігі. Басқа біреу болса ғой, қалмақ қай та шап-
қан дай мұқым ауданға жар салар еді. Рақмет сіз ге, құ дай дың 
құдіреті,  бала  жастан  əдетім – бірдеме  ұр ла ма сам,  тыныш 
ұйықтай алмаймын. Жоқ дегенде, өз қо йым ды өзім қо ра дан 
ұрлап  шығып,  тауға  апарып  сойып  əке ле ті нім ді  қай тер сіз. 
Енді  осымен  бітті.  Сіз  үнсіздігіңізбен,  шы дам ды лы ғы ңыз-
бен жеңдіңіз мені. 
Ол  ұзақ  сөйледі.  Темекісін  тартты.  Əкеммен  бірге  шай 
ішті. Шөп шабысты. 
– Құда, – деді кетерінде қойнына қол салып, – көк та йын-
ша ның бодауын он сиыр берсем де қайтара алмаспын. Бала-
шаға көп, бір үйде өзім ғана бас көтеретін, қайтара алмас та 
едім... Мынаны шөп шапқанда киерсіз, жеңсіз, алды ашық, 
же ңіл көйлек. – Бес сом отыз тиынның шыт көйлегін əкем-
нің алдына тастай берді. 
– Рақмет, құда бұл да болса – жөн білгенің. 
Ол атына мініп ұзап кетті де, қайта оралды. 
–  Байқамай  қонышыма  тыға  салыппын.  Кешіріңіз,  əдет 
қой, – деп керзі етігінің қонышынан əкемнің қамшысын суы-
рып алды. Атын оқыс тебініп, желе жөнелді. 
–  Қайтқан  малға  береке, – деді  құдасының  соңынан  көз 
жазбай қарап, қамшысын ұстап тұрған əкем. 
– Ұрлап кетсе қайтер едім.

74

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет