КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ
Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұ-
ра ды. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте
айы рыл ған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт
жо ғал ған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Əйтеуір ұл да-
ры ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі жəне бар.
Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, ту лақ тың
үс тін де ұршық иіріп отыратын Күлпəштің екі көзі біз дің үй-
дің түтінінде.
Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қо-
лаң оны онша жақтыра қоймайтын. Бірақ, сумақайлығы,
ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ
əйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан
аға йын да ры келіп жатса барып есендеспей отыра алмас еді.
Жіп иіретін ұршық – Күлпəштің жан жолдасы, түнде басына
жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де шынтағын шо-
шайтып созақтата жіп иіріп, шаншылып отырғанын көресің.
Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының
үс ті не дəл түсетін əдеті бары рас. Жұрт Күлпəштің осы мі не-
зі нен зəрезеп болатын. Баяғы заман емес, қазіргі ағыл-те гіл
тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңа ша ла нып
аузыңа енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ор тақ бола
берген адам – атаң болса да жақтырасың ба, тəйірі. Бі рақ,
жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күл пəш
қаперіне де алмайтын. Салдырлап əңгімесін айтып, алды-ар-
тына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп өз асың-
75
ды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шы ғып,
көр ші нің шайына зыр жүгіріп кетер еді.
Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам
ап пақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қарақожалақ
жат қан дала ақ көрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей
жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле
ал ғаш қы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ
сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш күрек алып əрі-бері
тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық бермеген соң, тас та-
ған мын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан қар
ептеп еріп, тамылжи сорғиды. Айналаңа, əсіресе күн шы-
ғар жаққа қарай алмай ұяласың, көз қарығады. Қол ты ғы на
қысқан қалайы аяғы – ыдысы бар, екі қолын жеңіне қу сы-
рын ған Күлпəш үйінен асығыс шығып, бізге қарай қаз даң-
дай құлдилады. Жақындай бере одан бұрынырақ үйге сып
етіп сі ңіп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр екен. Іле-шала бу-
дақ-бу дақ бу алып Күлпəш та кірді. Кіре бере «алла, белім»
деп та бал ды рық қа жалп ете түскені. Əлгінде ғана сайрап,
есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған ше-
шем, ол да сап етіп шекесін ұстап «алла, басым» деп зарлай
жө нел ге ні. Мен аң-таңмын. Екі əйел еселесіп бірсыпыра ың-
қыл да ды-ай... Күлпəш көзінің астымен ақырын ұрлана ше-
шеме қа ра ды да, өзінен зор шыққанына шындап көзі жетті
білем, жылыстап, «аллалай» дастарқанға жақындады.
– Саумысың, Күлия? – деді жарамсақтана. – Ауырып қал-
ған бы сың?
– Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпəш. Бір үйдегі –
бір кісі болған соң сүйретіліп тұрасың.
– Мен де сол, əйтеуір өлмеген соң балаларға бас-көз бо-
лып жүрген. Екі күн болды, белден шойырылғалы.
76
– Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап...
– Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бəтір. Бес күннен бері
екі тізем қақсайды.
– Он күннен бері менің оң иығым шағатын болып жүр.
– Бір ай болды, екі аяғымды кеміріп жатыр-ау, жеп жа-
тыр...
– Былтырдан бері құданың құдіреті, екі көзім бұлдырап
көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп суқараңғы соқыр бо-
лып...
– Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құ ла-
ғым тарс бітіп қалады.
Ендігі сəтте шешем де, Күлпəш та ауруларын ұмытып,
құла шайды сораптай ұрттап ұзақ сонар əңгімеге көшкен.
Ал, мен аң-таңмын.
– Е-е, замандас-ай, – деп күрсінді Күлпəш. – Шалың бар
сен осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жа-
нымыз шыдап жүр десеңші. Жүрген ғой əйтеуір, өлейін де-
сек қол тимей. Е... е...
– Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі
ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. –
Шешем төргі бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан
əкем жаққа мойнын соза қарап қойды. Содан соң маған:
– Есікті жаба салшы, – деді. Əңгімемізді естіп қоя ма деп
сезіктенеді білем.
– Е, сөйт балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, – деп
қайталады Күлпəш. – Жүзіқара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, –
деп шешемнің ұмыт қалдырған шаруасын жəне есіне салды.
– Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, – деді ше-
шем. – Қазір қойғанымды, қазір ұмытамын.
77
– Мен де ұмытшақпын-ей, – деді Күлпəш. – Əнеугүні
Шə кен дер ді кі ет асқан екен, барайын деп тұрып қара басып
ұйық тап қалыппын.
– Кеше, соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып
отырамыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық.
– Не дейді!.. – Күлпəш қайран қалып таңданды. – Айттым
ғой, кейінгі кезде ес-ақылдан айырылып жүрмін деп. Айта
салғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де
қуланып, сараңданып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын
алып қалушы едің... дəметіп...
– Алла, басым! – деп шешем əңгіменің ауанын бұзып
жіберді.
– Алла, белім, – деді Күлпəш. – Көп отырып қалдым-ау,
се ні мен əңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды.
Арты бітеліп алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді най қа-
лып жүр албасты, қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер.
– Біздің қоңыр сиыр ерте туып, суалып барады. Өзі үш
емшек, өзің білесің бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шөбін
алдына төгіп отырған біз емес. Бір сағат созғыласаң, жал ғыз
шай лық сүт əрең шығады. Сенің ұлың қойда ғой, анда-сан-
да біздің үйге де бір қапшық жем əкеліп тастамай ма? Міне,
сүт тің бары осы, – деп тостағандағы шайға қатып отыр ған
сүт ті көрсетіп еді, Күлпəш үңіліп қарады да:
– Е, мынауың көп сүт, – деді шімірікпей.
– Көп сүт болса аузымнан жырып саған-ақ бердім, – деп
барлығын Күлпəштің ыдысына қотара құйып бере салды.
Содан соң өзі үлкен бір мəрттік жасағандай замандасына
риза көзбен күлімсірей қарады.
– Рақмет, Күлия! – деді ол қош көңілмен шығып бара жа-
тып. – Ұлыңның қызығын көр, алла, белім, аяғымды бастыр-
майды, сүйретіліп қашан жетер екенмін...
78
Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып,
безіп бара жатқан Күлпəшті көрдім.
– Ораш, – деді шешем, – шоланда бір меске сүт пісіп тұр
еді, алып келші.
Мен аң-таңмын.
Ержетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда-
санда ғана қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті əлі бұзыла
қой ған жоқ. Əрине, алыстан жолаушы келген соң мал соя ды,
амандасуға ағайын-туған жиналады. Содан бірінен соң бірі
сабылып жатар ауылдастарымның ортасынан ең əуелі із дей-
ті нім ұршық иіріп отыратын Күлпəш еді. Шешемнен аман-
ды ғын алғашқы сұрарым да сол кісі.
– Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой əйтеуір, жеті күн –
елден, жеті күн – жерден жеп. – Шешемнің бұл сөзді зіл сіз
еш бір кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені бая ғы-
да мал сойса Күлпəштан қулығын асырып ым-жымын көр-
сет пей қоятын да, егер келмей қалса: «Əлгі қатын қайда жүр,
ауырып қалған жоқ па?» – деп елегізіп іздеп отырар еді. Сы-
ба ға сын сақтап, бөлек алып қоятын.
Ауылға оқта-текте бара қалсақ «туған жердің келбеті-ай,
ауасын-ай» деп тамсанып, күні кеше ғана зəрезеп болып, екі
қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көр ген-
дей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды əде ті-
міз бар ғой. Сондай əрі жалған, əрі монтаны мінез маған да
жұқ қан-ды. Тыртиған трико киіп, қырыққан сер ке бұт та нып,
маң-маң баса өзен жаққа беттедім. Бұқтырма барған са йын
молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін кеңейтіп ке ле ді
екен. Су алатын жар қабақтың жиегінде екі шелекті төң ке-
ріп тастап ұршык иіріп Күлпəш отыр. Кішкентай немересі
79
құм нан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп орнынан лып етіп
тұ рып қарсы жүрді.
– Үйбай-ау, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені-
қарның сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жа сап
жатыр екен ғой. Жүзіқара əбден қуланып алған, мен тіпті
ауыл үй отырып сезбей қалдым.
Бетімнен сүйді.
– Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдыра мын
деп азып кетіпсің. Біздің ұл шұжықтай... Иə, оқуыңды қа шан
бітіресің? Оныншыдан соң оныншы класқа мұғалім болып
жүргендер көп қой. Бітпейтін неме болса қайтып кел сең ші,
жаман əкеңді жалғызсыратпай.
– Оқуды əлдеқашан тауысқанмын, шеше.
– Енді неғып қайтпайсың?
– Қалада қызмет істеймін.
– Қызметті қайтесің. Жаман əкең отын-шөбін жеткізе ал-
май біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті...
Трактордың құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар,
ол ештеңе етпес. Қалада да қарап жүрмейтін шығар.
Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракто-
рист, не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опын ған
едім... Əкем қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы на шар,
ша руа сы ның қиюы қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін,
қа ла дан отын-шөп жіберетін емес...
Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде,
самбырлай сөйлеп Күлпəш кірді.
– Ей, қатын, – деді шешеме айбындап. – Неге қуан бай-
сың? Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май іш кен
мысықтай, екі көзіңді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой.
Ұлыңның келгенін неге айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың
80
емес, күні кеше мұрнынан сығып алған менің де балам. Ба-
лам болмаса – баламның жан жолдасы, күні кеше тай-құ-
лын дай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай жыл быс-
қа ла нып, Орашыңның əкелген сəлем-сауқатын жалғыз өзің
жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы – қызылымыз бен
жазғы – ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Бая-
ғы да біреу «Ауыл үй қонсақ қонайық, бірақ аяқ-табақ ара-
лас тыр ма йық» деген екен. Отыз жыл отас болған көр ші нің
қа қы сы нан қиын не бар бұл жалғанда. Ұлың қай да? (Мені
жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-там ты ғын қал-
дыр май сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, шө-
лім ді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұ рын ғы-
дай емес, толып азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп
əке-шешеңді асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз
жоқ. Əлгі біздің жаман ұл май-май бо лып, темір итаяғының
астынан бір шықпайды, жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын
əке ліп жатқан ол емес, «апа, бересілі болдым» деп ашқарақ
сиыр дай мөңіреп тұрғаны. «Аласысы» қашан, ит біле ме?
Неге ауыз да рың ды аңқайтып қалдыңдар, ет жесеңдерші. Ей,
шал, жам бас тың етін азайтып маған берші, – деп салалы сау-
сақ та рын табаққа тарбайта салды.
Мен аң-таңмын.
Əкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал
шешем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң та ма ғын
кенеп сөз бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей...
– Əй, Күлпəш, сен өйтіп бастырмалатпа, «Жуас түйе жүн-
деу ге жақсы» деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ,
кө зің нен шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суы-
ма жетіп есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген та йың-
ды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай ер-тоқымыңды ба уы ры-
81
ңа алып тулағаның неткенің. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер
деп он рет барғанда, он күн аяғыңа бас ұрғанда төгіп-шашып
əрең əкелмеп пе еді, ала көз ұлың, онда да ақысын былай
алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактор-
мен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басыңда бес
ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бет пақ та нып міз
бақтың ба?.. Енді келіп, иығыңды жұлып жеп, та ма ғым нан
тас өткізіп, отымның басын сабалайсың... Əдірем қал...
– Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің ке ліп,
кердеңдейсің келіп...
Мен орнымнан тұрып кеттім. Əкем: – Жетті енді, же лі ге
бермеңдер! – деп зекіп еді, екеуі бірдей жым болды.
Сүт пісірім уақыттан кейін жайдары жарасып, маң дай ла-
ры жіпсіп шай ішіп отырды. Ұзақ бір əңгімеге кеткен. Бір-
біріне аса риза көңілмен рақаттана күледі.
– Сен қатын да қайдағыны білесің, – деп Күлпəш құла
шайды сораптай түсті. – Шалыңның қолын қағып көр гем
жоқ, сен де кеңсің ғой.
– Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, – деді
шешем. Екеуі тағы күлді. Мен аң-таңмын.
– Осы Күлия, сен əлгі жоғалған шелегіңді таптың ба? –
деді Күлпəш.
– Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой.
– Құлағыңды бері жақындатшы. – Сыбырлап сөйледі. –
Тірі адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Се-
нің шелегіңді мен бір үйден көрдім.
– Қойшы əрі, рас па?
– Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңнің бү йі рін-
де кішкене майысқаны бар еді ғой.
– Дəл өзі.
– Ендеше сол шелек Мағыштың сеңкесінде керосин құю-
лы тұр. Тегінде осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра.
Шешем Күлпəшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қол-
ты ғы на қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сү-
йек тен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қай тып
келе жатты.
Өте əділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өт кен
бүгінгі кеңес келесі күні басқаша сипат алған.
Етті асып жеп алған Күлпəш ұршығын сұратып жі бе ріп-
ті...
Мен аң-таңмын...
83
ҚҰЛАШАНЫҢ ШОТЫ ЕДІ
Баяғыда... ертеректе Қатынқарағай ауданы бойынша Құ-
ла ша деген ортақ шал өмір сүрді. Ол кісіні жұрттың бəрі
жат қа білетін. Ағайын-туғанынан ерте айырылған, панасыз
же тім еді. Жетімдіктің ең қиыны – қартайғанда екен. Ел ара-
лап, дəруіш боп күн көру пайғамбар жасынан асқан адамға
лаж сыз дық еді. Лажсыздық емей немене, жетпіске жеткен
шал дың қара жолды шаңдатып, жаяу-жалпылы ел кезіп, кер-
зі етігін тоздырып тірлік кешуі қайбір жетіскендік. Бұл кі сі-
нің əбден қартайған шағында не себептен панасыз, малсыз-
жансыз тұл қалу сырын мен білмеймін. Менің білетінім –
Құ ла ша ның былғары қапшығы, тобылғы асасы болушы еді.
Ал былғары қапшығының ішінде əсте де ішім-жем жол азық
емес, көненің көзі іспетті: мүйіз сапты жезмойын пы шақ,
мү йіз ден жасалған насыбай шақша, ұлтан, тебен ине, біз,
тарамыс, сонсоң соншалықты əдемі қаз мойын шот жү ре-
тін. Қапшасын күніне бір рет ақтарып, бар-жоғын тү ген деп
қою əдетіне айналған. Осы сүйекке сіңді ғадет Құ ла ша ның
құй рық-жалсыз қалуының салдары сықылданатын. Бі рақ
жы ғы лып жатып, аяғының басын қайқайтар мекерлік пен
жал ған паң мінез, табиғи қалпын сақтамай үнемі жасанды
шы ғар еді. Ол жалғыздығын, пайғамбар жасынан асып тө-
рі нен көрі жуық қалған жылдарда өз тағдырының қайраңға
ай нал ған болымсыздау сəтін мойындап, ұнжырғасы түскен
емес. Əлі есімде, сонау бір жылы сол Құлаша шал Тоқамен
қат ты кетісіп ұрысты. Сонда Тоқа шал өз мінін байқамай:
84
– Құлағын кескен шұнақсың, құйрығын кескен шо лақ-
сың, – деп қу бас жалғыздығы мен кем-кетігін санай бастап
еді, асасымен қара жерді сабалап, тұлан тұтып ашуланды,
қолы дір-дір етеді, көзі қанталаған.
– Ей, Тоқа, мен жалғыздықты құдайдан сұрап алғам жоқ,
көрпеңе қарай көсіл, тегінде. Көкек өз атын өзі шақырады
деп, қатыныңмен төбелескенде қыршып алған шұнақ құ ла-
ғың ды Гитлерден көресің. Ал мен құлағым жоқ шұнақ бол-
сам – сұңқарлығым; құйрығым жоқ шолақ болсам – тұл пар-
лы ғым. О, несі-ей, ол қай басынғаны-ей... Түске дейін есі бар,
түстен кейін есі жоқ, боқ мұрын, салпық ерін жаман ұлы ңа
мақтанамысың-ей... Төбеңді көкке жеткізгенін көрермін...
Əншейінде сыңар езулеп бой бермейтін Тоқа шал қа шып
құтылған.
Алтай күзінің енді-енді басталып, сары ала, қызыл ала,
жасыл ала бояу жағынып, жасанып тұрған маужыраңқы
мез гі лі еді. Огородтағы картопты қазып, подвалға төгіп ал-
ған ша, қас қарайған. Біз жақта пісіргенде үгіліп тұрар үл-
кен-үлкен, қойдың басындай картошка мол шығады. Оны
күз де жиып алып, үй астынан қазып жасалған шұңқырға
тө гіп тастаса, қыстан бұзылмастан сақталатын. Ал жер тө ле-
нің қақпағы үйге кіреберіс табалдырыққа жақын. Ол шақ та
электр жарығы жоқ, тапқан үйдің керосин шамы бар, ал тап-
па ға ны май шаммен отыратын. Оның өзінде тамақ ішерде
ғана болар-болмас жылтыратып, ыдыс-аяқ жиналған соң,
тым-тырыс жатып қалуға мəжбүр болатынсың. Апақ-сапақ
уа қыт та апам екеуіміз қара көлеңке үйде жаңа ғана асылған
қара картошканың қабығын аршып қарбыта асап отыр едік,
ашық тұрған есіктен əлдене қараң еткендей болды да, «Асса-
лау...» деген дыбыс шығарды. Сосын жым-жырт құ лақ қа ұр-
85
ған танадай тыныштық орнады. Мен кəперіме алғаным жоқ,
есіл-дертім картошка, мұрнымды қорс еткізіп тартып қо йып,
етпеттей жатып, қомпаң-қомпаң етемін. Апам елегізе құ ла-
ғын түріп, əрі-бері отырды да:
– Балам, шам жақшы, біреу «ас...салау...» дегендей болып
еді, қайда жоғалып кетті, – деді.
– Жоқ, апа, «ассалау»... деген жоқ, «ас»... – деді.
– Тілің мен жағыңа сүйенбей шам жақ.
Атып тұрып май шамды тұтаттым.
– Жертөленің қақпағы ашық қалыпты ғой, жаба сал, –
деді апам бұдан соң. Май шамды пеш иығына қойып, под-
вал дың қақпағын жабайын деп еңкейе бергенімде, зəрем зəр
тү бі не кетті.
– Ойбай, апа! – шоршып түсіп артына тығылдым. – Шұң-
қыр да бірдеңе жатыр, ешкінің басы ғой деймін, сақалы бар.
– Өтірігіңе береке берсін, – деп апам сене қоймады.
– Оллай-биллай, апа, мен сізді алдамаймын ғой. Текенің
басы...
Апам қолын таяна орнынан тұрды да, май шамды алып
под вал ға жақындады. Мен де етегіне орала баспалай ер дім.
Жаңадан ғана төгілген картошканың үстінде сақалы шо ша-
йып, көзі бақырайған ешкібас шалдың серейіп жатқаны рас
еді.
– Құдай-ау, мынау Құлаша ғой! – деді апам сасқалақтап.
Бірақ қорқыныштың нышаны да білінбеді. – Өліп жат па сын
пəле болғанда, қалай құлап қалып жүр?
– Өлгем жоқ, – деді сұлық жатқан шал қимылдап. – Демеп
жібер қолтығымнан. Ауырсынып қалған секілдімін.
Апам подвалға қарғып түсіп, Құлашаны сүйрелеп шұң-
қыр дан шығарды. Содан соң өзі подвалдың қақпағын мық-
86
тап жауып тастады. Еңкеңдеп барып төрге отыра берген Құ-
ла ша:
– ...мағалайкүм, – деп бағана бастаған сəлемінің соңын
айтты. Апам мырс етіп күліп жіберді. Сөйтсем оқиға былай
болыпты. Көз байлана біздің үйге келіп, əдетінше есік тен
кіре сəлем бермек болып: «Ассалау...» деп созақтата ая ғын
та бал ды рық тан аттай бергенде, күмп етіп қақпағы жа был-
ма ған подвалға түсіп-ақ кеткен. Бұдан соң біз елеп-ескер-
генше, бұлданып жатып алған. Қираған, бүлінген еш жері
жоқ, қырсық шалдың алдында мінді болып қалыппыз. Төр де
апам əкеліп берген жастыққа бір шынтақтай ыңқылдап жа-
тып алды. Ыңқылға ыңқыл қосылды, өйткені төргі бөл ме де
əкем нің қарындасы – Күлəми ұшынып ауырып жатыр еді.
Кеше фермадағы шешем беріп жіберген ешкінің бірер жі лік
етін апам ырықсыздау жуып қазанға салды. Құлаша кө зі нің
астымен апамның қимылына ақырын қарап қойып, ыңы рана
түс ті. Майшамның жарығы қайбір мардымды. Өлеусірей жа-
нып, апам əрі-бері өткен сайын, шалқып жалп-жалп ете ді.
Төр гі бөлмеден əпкемнің үні шығады. Сол жаққа құлақ тү ріп
елең де ген Құлаша:
– Шұңқырға менен басқа тағы біреу құлап кетіп пе еді? –
деп, монтанси сұрады апамнан.
– Жоқ-а, құдай! Күлəми ғой ұшынып, екі күн болды, ауы-
рып жатыр.
– Үй-бай-ау, онда ұшықтап жібермейміз бе?
– Сіз жақсы келдіңіз, – деп кəутектеді апам. – Ораза-на ма-
зы ңыз бұзылмаған Қыдыр адамсыз ғой, дем салып беріңіз.
– Күн таласып батып бара жатқанда, ұшық жақсы дару-
шы еді, түк етпес, тұрғызыңыздар баланы.
87
Апам кесеге су құйып, оған аздап сүт тамызып, пештен
алып үш шымшым күл салды. Сонан соң Құлашаның қо лы-
на ұстатты. Безгегі келгендей тісі-тісіне тимей отырған əп-
кем нің аппақ жүзіне шамның нəзік сəулесі түсіп, боталаған
мөл дір жанары шипа дəметкендей шалға жасаурай қа ра ды.
Ұр тын толтыра ұрттаған суды əлгі əп-əдемі бетке бүр кіп-
бүр кіп жібергенде, əпкем қатты тітіркене сескеніп қалды да,
жү зін тайдырып əкетті. Құлаша шатты-бұтты бірдемесін ай-
тып, зікір сала тағы ұшықтады. Бұдан соң ойқастап əрі-бері
жүр ді де, апама айғай салды:
– Баланы жылы жауып төсегіне жатқыз!
Қазандықтағы еттің бүлкілдеп қайнағанын естігіміз кел-
гендей, сəл үнсіздік билеген. Құлаша сақалын саумалап
отырды да, орнынан лып етіп тұрып, басын тас бүркеніп, бүк
тү сіп жатқан əпкемнің бетін ашты.
– Қалай, тəуірсің бе, қалқам?
Ұшықтағалы бес минут өтпей жатып, көңілін сұрағанға
əп кем шындап ашуланды білем: «Тəуір емеспін!» деп, көр-
пе сін қайта қымтанып алды.
– Сырқаттың беті бері қарапты, үні қатты шықты, – деді
ол саспай.
Апам дастарқан жайып, ет түсірді. Буы бұрқырап, ағаш
та бақ қа салынған ешкінің еті алдына келген соң, қы ны нан
пы ша ғын алып:
– Мə, шайып əкелші, балам, – деп маған берді. Жүзін бас
бар ма ғым мен байқап көріп едім, ұстарадай лыпып тұр ған
өт кір екен. Құлаша қолын жайып бата берді:
Əумин десең, міне, бата,
Дарысын Қыдыр ата.
88
Қыдырың қиялап,
Періштең ұялап.
Дерт иесі Лұқпан,
Денге саулық,
Басқа байлық беріп,
Құдайың жарылқасын,
Уызың арылмасын, əумин!
Бəріміз «əумин!» – деп, жарыса бет сипадық. Апам əп-
ке ме сорпа апарып беріп, кершеулеп ет турап отырған Құ-
ла ша ның (біз жақта етті қонақ кеседі) табаққа тастағаннан
аузына «бісміллə» деп салғаны көбейіп бара жатқан соң,
ма ған қабырға ұстата берді. Ағаш табақтың түбінде же лін-
бей қалған ең соңғы етті шеңгелдеп алған шал апама қа рап:
«Құ дай дың құдіреті, осы сіздің үйге келсем, тəбетім ашы-
лып, сарайым сайрап шыға келеді. Байқайсыз ба, осыменен
екі жапырақ ет жеп жібердім», – деп қолындағы тұз ды ғы
сорғалаған етті қарбыта асай салды. Апам жымиды да қой-
ды. Төргі бөлмеде ауырып жатқан əпкемнің де күлгені ес-
тіл ді.
– Баяғыда, – деді Құлаша сүзбе қосқан ақ сорпаны сорап-
тай ұрттап. – Қаңғып жүріп Жұлдыз ауылындағы бір қа ра-
ша үйге тап болдым. Ұп-ұзын сидиған арық қара қа ты ны,
қа ты ны ның омырауынан ғана келетін шоқша сақалды мəс-
тек шалы бар екен. Ол кезде, немене, соғыс жаңа аяқ тал ған,
ел дің ерні енді-енді қимылдай бастаған шақ. Дас тар қан да
он шақ ты бауырсақ, екі-үш шақпақ қант шашылып жат қан.
Ке се де гі ыстық шайды аузыма енді апара бергенімде, есік
сы қыр лап ашылды да, босағадан үй иесінен де аласа қы сық
89
көз шал кірді. – Ассалаумағалейкүм! – Мұрнынан сөй лей ді
екен, өзі пұшық.
– Е, үйде қонақтар бар екен ғой, – деп менің оң жа ғы-
ма малдас құрып отыра қалды да, он шақты бауырсақтың
бес-алтауын іліп алды. Қантқа да қайрат көрсетті. Суың қы-
рап қалған шайды жəне ұрттай бергенімде, есік тағы сың си
ашылды.
– Ассалаумағалейкүм! – деп күркіреген үн естілді де, үйге
үш бүктетіліп сырықтай сіріңке қара жігіт кірді.
– Е, үйде қонақтар бар екен ғой, – деп менің сол жа ғы-
ма жамбастай жантайып еді, ащы ішектей шуатылған аяғы
табалдырықтағы легенге тиіп жатты. Оның да алай ған ба ды-
рақ көзі дастарқанда. Айырылып қалмай тұрғанда қам тып
қалмақ ниетпен қолымды соза беріп едім, менің қо лым ды,
анау бес-алты бауырсақ пен қалған қантты алып қара құс қа-
на ты мен жапты-ай... Шошына қарасам, əлгі дəудің ала қа ны
екен, өз қолымды астынан зорға суырып алғаным. Дас тар-
қан əп-сəтте таз-тақыр қалды.
– Кішкене дəм бар еді, қолдарыңызды жуыңыздар, – деді
арық əйел. Пұшық шал қойнынан қандауырдай ғана бə кі сін,
ал əлгі дəу қара етігінің қонышынан орақтай бəкісін жалт
еткізіп шапшаң суырып, құлаштай ашып, жағаласа жуып,
ағаш табақтың шетіне сүйеп қойды. Содан соң екеуі де ба-
жырайып маған қарап қолдарын жайды. Мен ойда-жоқта ол-
жама ортақ болған қонақтарға ықылассыздау бата жасадым.
Батаның аяғын тоспай, тағы да екеуі тайталаса ет ту рау ға
кірісті. Табаққа түскенінен ауызға ыршытқандары кө бе йіп
бара жатқан соң, бір асасам да – май асайын деген жы мыс қы
оймен ортасындағы ағараңдаған майды іліп алып ауыз ға тас-
тап жіберіп, бүркітше қылғытып жұтып жібергенім сол-ақ
90
екен, аздап қиыс тұрған ағаш табақтың астынан жып-жылы
сорпа ағып қоя бергені. Тұздықтың аға жөнелгенін көр ген де,
арық қара қатынның көзі атыздай боп желкесіне шы ғып-ақ
кеткені.
– Ойбу, бетім-ай, енді қайтейін-ай, ағаш табақтың түбі те-
сі ліп қалған соң, мақта тығып қойып едім, қайсысың асап
қой дың? – деп, біздің бетімізге жалтақ-жалтақ қарағаны.
Май деп жегенім мақта екенін сонда ғана білдім...
Құлаша өзі мəз болып күлді-ай. Апам жай жымиды да
қой ды. «Былтыр да айтып едіңіз» деген сыңай бар өңінде.
Сол Құлаша шал өткен жазда аудан орталығынан ауыл-
ауылға барар қара жолмен асасы мен дорбасын арқалап келе
жатып, əлдекімнен түсіп қалған бір қапшық ақша та уып
алыпты-мыс, деседі. Жан-жағына қараса, ешкім кө рін бей ді.
Ша ри ғат тың заңы бойынша, олжа тауып алған адам үш рет
ай қай лауы тиіс. Егер иесі шықпаса, иемденуге құқы бар. Құ-
ле кең сол ақшалы сөмкені қолына ұстап тұрып:
– Құдай-о-у, – деп, бар даусымен азандап айғай салып, ал:
«ақша тауып алдым» дегенін ақырын сыбырлап қана айт қан
екен деседі.
«Құдай-оу, ақша тауып алдым – мұндай-оу», – деген Құ-
ле кең нің үнін, міне, жиырма жылдай естіген жоқпыз. Енді
ол ешкімнің есігін тоқылдатып, мазасын алмайды, ауырып
жат қан дар ды ұшықтамайды. Енді ол бір ауылдың хабарын
бір ауылға жеткізіп, ел-жұрттың амандығын тасып орта-
мызда əсте де жүрмейді. Енді біз дорбасын арқалап, асасын
сермей адымдап қара жолда қараң қағып əлдеқайда, алыс қа
қаң ғып бара жатқан жетім шалды мың жылда да көр мей міз.
Соңғы рет біздің үйге келгенде, дорбасындағы шотын
əке ме беріп кетіп еді. Содан қайтып оралған жоқ. Біреулер
айтады: «Көп ақша тауып алған Құлаша Сталинград тү бін-
де қайтыс болған жалғыз ұлын іздеп кетіпті», деседі. Енді
біреулер: «Ой, ол шал Бұқтырмаға ағып өлген» деседі. Ал
апам айтады:
– Құлашаның шотына тиіспеңдер. Əйтеуір, бір күні із деп
келсе ұят қой.
Ал ауыл адамдары айтады:
– Құдайдың құдіреті, Құлашаны да сағынатын күн бола-
ды екен-ау...
Құлашаның шоты адалбақанда əлі ілулі тұр...
|