Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

VII
Міне, ұдайы үш күн болды, Қиялхан жай түскен жал ғыз 
қарағайдың түбін қазып жүр. Үйге бармаған соң, Ақ апа ан-
да-санда тамақ əкеліп береді. Ал бүкіл ауыл дүр сілкініп жа-
ға сын ұстады. Баяғыдағы киіз үйлі заман болса, мұны жұрт-
қа  тастап,  əлдеқашан  қаша  көшіп  кетер  еді.  Одырайысып 
сонадайдан  қарасады  да,  бастарын  шайқай  таңдайын  қа ға-
ды. Жүрек дауалатып келетін – кемпір ғана. Бүгін Той ған бай 
келді. Қиялханның топырақ-топырақ бетіне бажырая қа рап 
көп  отырды.  Бірдеңе  дегісі  бар,  бірақ  сескенеді  білем.  Тек 
ке те рін де ғана тіл қатты.
– Бəрі бекершілік. Соғыс болмауы мүмкін емес. Тіпті, со-
ғыс сыз бейбітшілік əсте орнаған жоқ.
– Ал, мен, – деп айғай салды Қиялхан, – соғысты тек ки-
нодан ғана көргім келеді. Ең əуелгі жауым – сенсің. Се ні мен 
майдан ашуым керек. Жоғал осы жерден!
Төртінші күні сиыршы ағасы келді. Інісіне тіл қата алмай, 
қипақтап  ұзақ  тұрды.  Шұңқырға  қарғып  түсіп  көмектесуге 
батылы жете қоймады.

295
–  Бүгін  шөпшілерге  сойған  қойдың  бас-сирағын  алып 
едім, жеңгең былқытып асып қойыпты... Соны жеп... де ген-
де йін...
Бесінші күні бригадир келді. Ол атпен келді. Аттан түс-
пе ген күйі шіреніп тұрды-ай. Сонсоң қамшымен шұң қыр ды 
нұсқап:
– Əй, жарты ес, анауыңда не бар-ей, жай түскен ағаш тың 
түбін  қопарғанша,  сүрлем  салатын  ор  қазсаңшы,  ақ ша сы 
тиімді.
Алтыншы  күні  Қиялханның  өзі  барды  ауылға.  Бар лы ғы 
бала-шағасын  үйіне  қуып  тығып,  есік-терезеден  сы ға лас-
ты.  Қызығы  сол,  ауылдың  бірде-бір  заржақ  иті  үрген  жоқ, 
қың сы лап «жынды» жігіттің аяғына оралды. Əр ша ңы рақ қа 
сауын  айтып,  сандалып  шықты.  Айтатыны  мына  сөз: «Ей, 
адамдар!  Жалғыз  қарағайдың  түбіне  сіңіп  кеткен  най за ғай 
тасын  тауып  алсақ,  жаһандағы  бірде-бір  мылтық  атылмай-
ды, тіпті бекер-ақ болғай, бір-ақ ниет, пейіл, ықылас деген 
болмай ма».
–  Е,  мылтық  атылса  несі  бар  екен,  бізді  көздемесе  бол-
ды, – деп  күңкілдеген  сөздер  əр  үйден  сыпсыңдай  шы ғып, 
бүкіл кеңістікке тарайды. Бүкіл кеңістіктегі осы та қы лет тес 
сөздермен ауыз жаласып, ауыр, аса қорқынышты індетке ай-
налады да, күнделікті тыныс алар ауаны ластайды.
Жарықтық Ақ апа ғана көзінің жасын көл етіп, со ғыс та 
өлген жалғыз ұлын жоқтап тұрып, үш күрек топырақ алып 
тастады.
Таң ата көзі ілінген Қиялхан жай түскен күннен бері, тұң-
ғыш рет түс көрді. «Қазған жерден жасын емес, қызыл көй-
лек ті қыз шығады екен дейді. Шығады да, Қиял хан ның əб-
ден шаршаған бетін ақырын сипайды. Сонсоң жез құ ман ға 

296
құ йыл ған  нұрлы  хаяттың  суына  шомылдырады.  Үстіне  ақ-
пар ша шапан жауып, аяқ-қолының тырнағын алады. Алдына 
бе тоннан жасалған табаққа салып ас қойды. Дəмін татып еді, 
астықтың иісінен өзгеше бір түрлі күлімсі химияның тү зіл-
ген жаңа бір қышқылына ұқсады... 
–  Мен  қазір  дұға  оқимын,  сен  дауыстап  қайталайсың, – 
деді қызыл көйлекті қыз, сонсоң: – Ей, тəңірім, есімізді ала 
гөр, есімізді ал да, ел қатарына қоса көр, – деп зарлай жө-
нел ді.
– Жоқ, мен бұл дұғаны айтпаймын, есімнен айырылғым 
келмейді, – деп қасарысты Қиялхан.
– Жазған-ау, сенің есің қазір бар, сондықтан да ессіз ата-
нып жүрсің; есіңнен айырылшы, сонда есті атанасың.
Қиялхан қызбен бірге «е, тəңірім, есімді ала көр», – деп 
сарнады-ай...
Бетін  əлдене  жыбырлатқандай  болды,  көзін  ашып  еді, 
көкпеңбек  аспанды,  көгілдір  көйлекті  қызды  көрді.  Кө гіл-
дір көйлекті қыз мұның бетіндегі жабысқан топырақты жұп-
жұм сақ саусақтарымен тазалап, күлімсірей қарап отыр.
– Сен кімсің, қалқам?
– Гүлгүлмін.
– Қайдан келдің?
–  Мен  осы  ауылдың  қызымын.  Қалада  оқимын.  Жазғы 
демалысқа  келгелі  он  шақты  күн  болды.  Сіздің  жер  қазып 
жүр ге ні ңіз ді ылғи көріп жүрдім, барайын десем «ол – құ ты-
рық кісі», – деп мамамдар жібермейді. Бүгін олар ұйық тап 
жатқанда, ерте тұрдым да сізге келдім. Сіз сондай бір тəт ті 
ұйқының құшағында екенсіз. «О, тəңірім есімді ал!» – деп 
ұй қы сы рап сөйледіңіз... Аға десе, жүр, бұлаққа барып бе  ті -
міз  ді жуа йық. Əне, əне күн шығып келеді! Біз бұлаққа сол 

297
күн нің сəу ле сі нен бұрын жетелік! – деді де, аң-таң Қиял хан-
ның қо лы нан жетелей жөнелді...
* * *
– Гүлгүл, мен анау төбенің басына шығып отыра берген-
де, – деді Қиялхан қыздың шашынан сипап, – ауылға барып 
айғай сал:
–  Қиялханның  қазып  жүргені  жасын  емес,  ат  басындай 
алтын екен деп айт. Иə, ат басындай ал тын екен де...
* * *
Қиялхан тоғыз жолдың торабы – төбенің басы на шы ғып 
ауылға  қарағанда,  қолдарында  бір-бір  күрек,  сүймені  бар 
бригадир  мен  Тойғанбайдың  жалғыз  қарағайдың  түбіндегі 
қа зыл ған орға қарай безектеп бара жатқанын көрді. Ал же-
ңе ше сі бұлақ басында қаперсіз кір жуып отыр... ал ағасы ты-
ра қы шолақ торысына мініп сиыр қайырып жүр...
Қиялхан  айтты: «Қайран  жұртым,  жынданған  екен сің-
дер...».
* * *
Қиялхан бұл күні күнделігіне мынандай сөз жаз ды: 
«Екінші  дүниежүзілік  соғыста 20 миллион  совет  халқы 
қы рыл ған екен, менің əкем де осы есептің ішінде шығар. Ал 
соғыстың зардабынан өлген шешемді қай тізімге кір гі зе мін, 
беу, адамдар!».

298
АРДАҚ
Шарықтыбұлақтың  Марқакөлге  құяр  айлағында  сы ңа-
рын  атып  тастаған  сарала  қаздай  болып  жалғыз  ғана  қа ра-
ша  үй  отыр.  Үй  жалғыз  болса  да,  өріске  маңқыстап  шы ға-
тын  малдың  қарасы  мол.  Төрт  түліктің  қай-қайсысынан  да 
құр алақан емес. Бір қызығы, осы түлік бет-бетімен бытырап 
жа йыл май, жұптарын жазбастан үйір қосып өретін. Ер тең-
ді-кеш таудың сонысына таскенедей жабысып, оттап жүр ген 
қой-ешкінің топ ортасында қарауыл боп танауы са ңы рай ған 
ақ  бас  атан  тұратын.  Кейде  осы  үркердей  үйі ріл ген  үйірге 
Қожа шалдың мініп кеп тұсап жіберген торы шо ла ғы қо сы-
лар еді. Қапталына көбік қатып, үнемі қас пақ та нып жү ре тін 
торы шолақта таң атқанша тойым болмайды. 
Тарбағатай  тауының  қойнауында  елден  ерек  отау  ті гіп, 
жалғыз-жарым қазақтың қоныс тебуі бұл өңірге таңсық емес, 
күні ертең өз бастарына келетін туасы қылықтар. Туыр лық-
тай жерге таласып, туысынан ат құйрығын ке сіс кен дер тек 
ағайынның ғана жан жарасы ма, иісі қалың жұрт тың басын 
оң дыр май торлаған айықпас бұлты ғой. Қожа шал құйрық-
жалсыз  емес  еді.  Есіркеген  кіндігінен  жалғыз  өзі  бол ға ны-
мен, үш-төрт ата аралаған ағайыны бар-ды. Жиырма беске 
тол ған да  Есіркеген  қайтыс  болды  да,  жа ма ға йын да ры  Ша-
лабай мен Далабай: «Есіркеген – саған əке болса, біз ге аға» 
деп, еншіні қылдай ғып бөлісіп алған да, сыр ғақ сып кеткен 
еді. Қожа жалғыз шешесімен жұрағаттан айрылып жұ та ған-
дай боп, ескі жұрттарында отырып қалған-ды. 

299
Ол əкесіне тартып пысық, біртоға болып өсті де, əке ден 
қал ған  шағын  шаруаны  дөңгелете  айналдырып,  шалқытып 
əкет кен. Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жа-
ман  Қожаның  өз  ақылымен  іштеніп,  төрт  құбыласын  сай 
етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құр тын 
тү сі ріп,  көре  алмас  күңкіл-күңкіл  сөз  тудырды.  Інісі  арғы 
ауыл дан біреудің бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір 
той жасап жатқанда: «Өзі болған қыз төркінін танымас» деп, 
біз бен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз!» – деп, 
үш рет ат сабылтып кісі жібергенде, аяқтарының басын қай-
қай тып жатып алған. Жайымен жатса тағы бір сəрі: «Қожа 
тоқты сойып, Есіркегеннің сүйегіне таңба етті», десіп, ғай бат-
та сып ты. Шалабай мен Далабайдың жат бауыр, қайырымы 
жоқ қатыгез болып өсуі Қожаның шешесі Қадишаның кө ңі-
лі не сынық түсіріп, ақ сүтін тел еміп өспесе де, қа йын да ры-
ның айында-жылында: «Жеңеше, аман отырмысың?» – деп 
сə лем бермеуі арқасын аяздай қаритын. «Шалдан қалған дү-
ние тең бөлінген жоқ, кемпір өз ұлы болған соң, Қожаға екі 
тұсақты бізден жасырып берді, қазір бес қойы артық болып 
отырса, ол – сол тұсақтан өрген тұқым», – деп Шалабай мен 
Далабай  тапа-тал  түсте  қозылы  қойын  айдаттырып  ал ған. 
Есірген  қайныларының  бұл  қылығына  Қадиша  ашу лан ған 
жоқ. «Ауыл-аймақтан  ұялмай  дəті  барып  істеген  ер лік те рі 
ғой», – деп қабақ шытып, күйінген де, іштей тынған. Сосын 
Қожаға оқыс байлам айтты: 
– Ағайынмен алысқанша, алысқа кетіп абыройыңды сақ-
та ға ның жөн, балам. Ырылдаса беруге аналардың жүзі шы-
дап,  қарабет  бола  берсін,  сенің  инабатың  бар  еді  ғой.  Ел-
жұрт тан ұят-ты. Марқұм əкең көксей беретін жері бар еді-
ау, анау Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр сағасында иен 

300
жат қан алаңқай бар, ауылдан безіп ауа көшіп кеткендердің 
алды-арты біз емеспіз, үйді жығып, ертең таң құлан иектене 
аттанып кетейік сонда. Аш құлақтан – тыныш құлақ. 
Қожа отауының түтіні ертеңінде кемпір меңзеген жер ден 
шығып жатты. 
Содан бері аттай зулап ширек ғасыр өткен екен. Осынау 
уа қыт Қожаны ырыс болып қонып, жарылқап тас та ма ға ны-
мен, тым жайсыз қоныс емес екен. Бар байлығы – бір шай-
лы ғы. Қадишаны бұл дүниеден өзі көксеген тынышты мүр-
де сі не  арулап  аттандырған.  Дүниеден  кемпір  кет ке ні мен, 
Ар дақ атты қыз келді. Қожа қаншама тықыршып қың қыл да-
ға ны мен, қатыны Ардақтан соң қайтып бала көтерген жоқ. 
Қожаның көз алдынан шешесін қалай арулап ат тан дыр ға-
ны əлі де кетпейді. Бəрі күні кешегі запыран құстырар зарлы 
оқиға. Ол күн-күн сайын абзал анасының томпайып жат қан 
қабіріне барып, етпетінен түсіп құшақтап, өксіп-өк сіп ұзақ 
жы ла ғы сы келетін. Өксіп-өксіп ұзақ жылағысы ке ле ті ні – ет-
бауыр  шешесін  сағынғанда,  басына  қиын-қыстау  ке зең  ту-
ған да, ақыл сұрап сырласқысы келгені еді. 
Ежелден  сүйекке  сіңді  бір  беткей  қыңырлығы  бар  кем-
пір  жарық  əлеммен  қоштасар  шала-жансар  сəтінде  де  кө-
ңі лі  босап,  көкірегін  қарс  айырып  күрсінген  жоқ,  сергек, 
əмі рін  жүргізіп,  самбырлай  сөйлеп  жатты.  Əжім  əдіптеген 
көзі  кіртиіп,  үзілер  үміттің  аса  бір  қорқынышты  үнін  паш 
ет ке ні мен, жанар түбінде болымсыз сəуле жылтырап, əлі де 
сөнбегені несі... Қош деп ұшар тіршілік құсының ең ақыр ғы 
сілкінісі  тəрізді  осынау  жанарда  жасырын  жатқан  қо лам та 
арасындағы  жалғыз  шоқтай  болар-болмас  сəуле  кем пір дің, 
қай тып келмеске кетер кемпірдің ұлы өмірге деген ің кəр лі гі-
не шырақшы ғана. 

301
Ол өлетінін, өлген соң ағайын-туған қайтып көре алмай-
тынын сезген, сезе тұра іштей таусылып, босаған жоқ. Өйт-
ке ні ол, əйтеуір, ақыры бір мəңгілікке көз жұмарын ес біл-
ген нен  біледі.  Ес  білгеннен  соң  аруақты  сапарға  дайындап 
та  жүретін.  Кемпірдің  өлімі  сондығынан  жеңіл  тиді.  Бірақ 
Қо жа ға оңай соққан жоқ. 
Қожаға оңай соқпайтыны – жүрегі ет əр бала əз анасын 
ақ тық  сапарға  азапсыз,  жылап-сықтаусыз  шығарып  салмас 
еді. Елден шалғай оңаша тірлігінің запылығын осы шешесі 
қай тыс болған мезетте пысықтай түскен еді. Сөйтсе, айна-
лайын адамдар керек екен. Қадиша қатты қысылғанда, жа-
нын  қоярға  жер  таппай,  басу  айтар  басалқы  кісі  болмаған 
соң,  солқылдап  көп-көп  жылады.  Жылап  отырып  ауыл-ай-
мақ ты тұңғыш рет сағынды-ай. Кісі өлімі – тіріге сын, ару-
лап, ардақтап қойды дегендері адамдардың көп-аз жи нал ға-
ны на себепті. Бір үйдегі бір қария тек ұлының ғана қолынан 
аттанайын деп жатыр. 
– Есің барда еліңді тап, – деген арыздасып жатқан кем-
пір.  Біздікі  əншейін  битке  өкпелеп,  тонымызды  отқа  салу 
екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа теп-
се  де  жұртыңның  қасында  жүрсең,  басың  ауырып,  бал ты-
рың  сыздағандай  болса,  қол  ұшын  беруге  жарар.  Ал ғаш қы 
ашумен  аттанып  кетсек  те,  сол  ел-жұртты  сен  де,  мен  де 
көксемей  жүргеніміз  жоқ.  Несін  жасырайын,  пенде  де ге-
нің егер өлерінде бар шыны мен сырын айтар болса, балам, 
менен  көп  ағаттық  кеткен  екен.  Иті  жесе  де,  қайтып  елі ңе 
бар... еліңе бар... Қалың жамиғаттан бір уыс топырақ бұ йыр-
ма ған соң – басқа біткен ырзықтың молдығынан не пайда? 
Біле білсең, сүйегімді орар кебін де жоқ-ау, бұл ай да ла да ғы 

302
адасқан үйде, қарызға ала қоятын қоңсыласың жоқ. Құ дай-
дың тарттырған жазасы да... 
Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, 
суыр топырақты жұмсақ екен. 
Жаңа  ғана  көмілген  жас  қабірдің  басында  үшеу  тұр: 
Қожа, əйелі жəне төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не еке-
нін  парықтауға  жетпеген  сəби  жаңа  ғана  ұйықтап  жатқан 
əже сі нің  анау  топырақтың  астында  көміліп  қалғанын  ба-
йып тай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта 
қа бір ді  ымдап  көрсете  береді.  Қожаның  ойы  алай-түлей. 
Ол  шешесімен  ұзақ  бақылдасып,  ағыл-тегіл  сырласқысы, 
ары  қарай  тіршілік  кешудің  жөн-жосығын  сұрағысы  келді-
ақ.  Ананың  асылдығы  тірі  кезінде  білінбейді  екен.  Кімнің 
болсын,  көзі  тірісінде  қадірі  болмайды  ғой.  Не  көрсетті, 
қан дай  ұшпаққа  шығарды...  Құлқу  алланы  үш  қайырып – 
ақи рет сіз  аттанған  ананы  жарылқаған.  Рас,  бой-бой  боп 
терлеп  лақатын  əзірледі.  Бұл – туған  ұлдың  ғана  емес,  кез 
келген адамның парызы. Құдай-ау, аналық ардақ борыш не-
мен өтеледі?! Топырағың торқа болсын, аналар. Қожа ер нін 
күбірлетіп  бетін  сипады.  Əйеліне  қарап  еді,  ол  əйелге  тəн 
қасиетпен үнсіз жылап тұр екен. Ардақ анадай жерде дым-
қыл жас топырақтан үй жасап, ойнап отыр... 
Уақыт  дегенің  пенденің  уысында  тұрған  ба,  кеше  ғана 
айқайлап,  жарық  дүниені  аңсай  алақанын  жайған,  ертеңгі 
күн ге талпынған Ардақ он бестен асып, он алтыға иек арт-
ты. Ал он алты жас қыз үшін нағыз көктемнің көріктеп бір 
құл пы ра тын шағы іспетті ғой. 
Бір  үйдің  ұлы  да,  қызы  да  өзі  боп,  тым-тым  еркетотай 
ша лық тап  өскен  Ардақтың  тілі  де  шолжаң  еді.  Қан ша ма 
ысылдаса да «р»-ға тілі келмей, əке-шешесінің дымын құрт-

303
ты. Тіпті ата-анасы осы жалғыз қаріпті көп-көп қауіп санап, 
бойшаң  тартып,  соқталана  өсіп  келе  жатқан  сүп-сүй кім-
ді  қыздың  бар  бақытын  жоқ  ететіндей  шошынатын.  Бі рақ 
Ардақ  үшін  осылай  сөйлесу  керек  сияқты;  əйтпесе  қор ла-
нып,  бар  еркелігінен,  бар  ажарынан  айрылып  қа ла тын дай, 
əдейі шолжаң сөйлеп жүрді. 
–  Аспаннан  былғары  жауса,  құлға  оқшантайлық  ти мей-
тін нің  кері  болды,  қатын, – дейді  Қожа  кəдімгідей  ке йіс ті 
түрде. – Жалғыз  қызымыздың  сақау  болуы  санымызды  та-
лай соқтырар əлі. Еркек бала емес, «əкеңнің аузын уйайын, 
мал  бейшем  тимегеніңді  көйейін»  деп,  ат  үстінде  ші ре ніп 
тұрып алатын, қызың сақау деп, бетке басып айттырмай қоя 
ма деймін. Елде ес бар ма? Түріне емес, тіліне қарайды, кө-
рерсің. 
– Ұлың да, қызың да Ардақ қой. Алмаса – асып жейміз 
бе? Жүрсін көз алдымызда. Қолғанат болар. Өзі де еркешора 
ғой, – деген əйелі. 
– Əй, қайдан білейін, өзіне қиын болады əлі. Қыз бол ған 
соң – қызықпай тұра ма... 
–  Өзімізден  көрмесек,  кімге  артайық  жаланы.  Ауыл-ай-
мақ тың ортасында өсіп, бала-шаға араласа берсе, бүйтіп са-
қау болып қалмас па?.. Жау қуғандай ауа көштік. 
Қожа қызының тал бойындағы мінді ойлап, талай-талай 
ұй қы сыз  түндер  өткізетін.  Бұйрықты  күндерінің  балын  да, 
зə рін  де  татып,  таласып-тартысып  жүрген  шақшадай  басы 
шарадай боп, титімдей ғана нəрсеге əңкі-тəңкі болар деп ой-
лап па еді! Кейде Ардақтың көзі ұйқыға бара бергенде: 
– Қатын-ай, ұйықтап қалғанбысың? Əй, қара басқыр-ай, 
күндіз-түні  қалғып  кеп  жүргенің,  ұйқыдан  басқа  бі ті ре рің 
бар ма, түге. Анау қызыңның болашағын ойла май мы сың? – 

304
деп  бұлқан-талқан  болар  еді.  Ондайда  еруліге  қарулы  боп, 
шалының  ырқына  жығылмаса,  құлағынан  маза  кетпейтінін 
білетін əйелі: 
–  Ақырын,  Ардақты  оятасың, – деп,  қайтадан  үнсіз  қа-
латын. 
Қатынының  дым  сызбай  жатуы  Қожаның  одан  əрі  ша-
мына тиіп, бүйірінен шынтағымен нұқып жіберер де: 
– Маубас! Қызыңды бай алмайды! – деп шаңқ етіп, ір ге де 
жатқан шалбарына жармасатын. 
Жаңа  ғана  көзі  іліне  берген  əйелі  селк  етіп  шошынып, 
шашы  дудырай  ол  да  өре  түрегелетін.  Сосын  бір-біріне 
ақыл шы боп қайта жатысатын. 
– Түу, əп-əдемі түс көріп жатыр едім. 
– Ой, түсіңді ұрайын. 
Екеуі біразға дейін үнсіз жатып: 
– Əй, кемпір, қалай болған күнде де қамсыз отыр ма йық. 
Ардақтың  жасау-жабдығын  ыңғайлай  жүр, – дей тін  Қожа. 
–  Əкеңнің...  аға  болмады,  қасқыр  болды  ғой  Шалабай  мен 
Далабай. «Қожаның  қызы  сақау»  деп,  алты  алашқа  са уын 
айтып адақтап шығыпты. Сол жылы келгенде, үйге қон дыр-
май,  қамшының  астына  алып  айдап  салуым  керек  еді.  Сен 
емес пі сің: «Өз  қаның,  ағайыннан  безіп  қайда  барамыз», – 
деп  қылымсып  қалған...  Əй,  естимісің?  Егер  ел-жұртқа  қа-
тын өсегін таратпаса, баяғыда көшіп барар едім-ау... 
Бұл  кезде  əйелі  жеңіл  ғана  тыныстап,  пыс-пыс  ұйықтап 
жататын. 
– Өй, ұйқыда басың қалғыр. Əй, ит-ай... 
Сонау  бір  жылдары  жазда  үлкен  ағасы  Шалабай  арғы 
беттегі  ауылға  əйелін  төркіндетіп  бара  жатып,  жол  үстінде 
бол ған соң, Қожаның үйіне түскен. Көп жыл бойы кө ріс пе-

305
ген ағасының қылықтарын əлі де ұмытқан жоқ еді. Əсі ре се, 
шешесі қайтыс болғанда, естісе де дым сызбай жатып алуы 
бұрынғыдан бері бұғып жүрген кек отына май боп құ йыл ды. 
–  Ассалаумағалейкүм! – деп  сумаң  ете  қалған  шоқ ша 
сақал Шалабайдың сəлемін ернін жыбырлатып алған бол-
ды да, есік көзінде не əрі, не бері жоқ, состиып тұрып қал-
ған ағасына міз бақпай шаншыла қараған. Аңқылдақ əйе лі 
ғана: «Үйбай-ау, үлкен қайнағам келіп қалыпты ғой, төр ге 
шығыңыз», – деп жуып-шайып, Ардақпен даңқұрдас ұлы-
ның  бетінен  сүйген.  Бұдан  кейін  Қожаны  ымдап  далаға 
шы ға рып алып: «Таспен атқанды аспен ат» деген, қайтесің 
еге сіп,  өз  қолыңды  өзің  кесемісің,  қонақ  етіп  жіберейік, 
енем нің  аруағы  риза  болсын», – деп  ақыл  қосқан.  Қожа 
жібіді.  Өріс те  жүрген  малды  қайырып  кеп,  тоқтылардың 
бірін ұстап: 
– Ал, аға, ықылас білдіріңіз, – деп Шалабайды қат ты ұял-
т ып еді. 
Шалабайдың ұлы Ардақпен тез табысты. Бірін-бірі қуып 
жасырынбақ ойнаған. Ардақ: «Ыстықтап кеттім, Аймас, суға 
түсейік», – деген  соң,  екеуі  бірдей  тырдай  жалаңаш  ше ші-
ніп, көлге шомылды. Көлге шомылып жүріп осынау қар ша-
дай қара ұлдан адамдар əйел-еркек болып екіге бө лі не ті нін, 
өзінің – қыз, Алмастың – ұл екенін түсінген. 
Адалбақанда  ілулі  тұрған  он  екі  өрімді  қамшы  Шала-
байды қатты қызықтырып еді; шаншылып көп қарады. Көз 
құрты жыбырлап болмаған соң, үйде ешкім жоқ оңаша сəт-
ті  аңдып  отырды  да,  екі  бүктеп  лып  еткізіп  сап та ма сы ның 
қонышына тыға салды. 
Шалабай інісінің ықыласына риза болып аттана бергенде, 
Ардақ Алмасқа: 

306
– Аймас, тағы кейіп тұй, шуға түшіп ойнаймыз, – деген. 
Атына енді ғана қонған Шалабай қыз тіліне таңғалып: 
– Қожа, Ардақ сақау ма? – деді. Қапелімде не дерін біл-
мей сасқалақтап қалған Қожа: 
– Жо-жоқ, өзі еркелеп сөйлейді, – деп қызарақтай жа уап 
берді.  Бірақ  Алмас  əкесіне:  сақауланып  сөйлейтінін,  тіп ті 
өзінің қыз екенін білмейтінін айтып қойды. Шалабай мырс-
мырс күліп, бəлем, бар күйікті осы ерке қызыңнан тарттыра-
мын деп, атын бауырына тартып-тартып жіберіп, борт-борт 
желе жөнелді. 
Осыдан  бір  ай  өткен  соң,  Қожаның  жалғыз  қызы  са қау 
екен деген лақап бүкіл аймақты кезіп жүрді. 
Қожа ағасын оңаша бір жолықтырудың ұрымтал ке зе гін 
күтіп, іші қара қазандай қайнады-ау. 
Оның да сəті түсті. 
Өткен  жылы  күзде  Қожа  торшолағын  тағалатып  ал мақ 
болып, Жəкібай ұстаға шыққан. Екі күннен бері қарлы жаң-
быр  сабалап  тұрған:  түс  əлетінде  беті  қайтып,  күннің  көзі 
жылтыраған соң, бұдан былай қара қатқаққа айналып, мүл-
дем  тобан  аяқ  болып  қалармын  деген  қауіппен  атқа  қон-
ды. Тау асып, ащы ішектей шұбатылып жатқан жал ғыз аяқ 
жол тайғақ, жүруге жайсыз. Бұлттың жыртық-жыр ты ғы нан 
жылт етіп сығалап қап тұрған күн сəулесі екі тəулік жау ған 
нөсерге малшынған жерді дегдіте алған жоқ. Əлі де айран-
ботқасы  шығып,  терлеп-тепшіп  жатыр.  Ауа  салқын,  те ріс-
кей ден  сыбызғылап  сызды  жел  еседі.  Кəрі  теректің  ұшар 
басында  бір  топ  қарға  қысты  қалай  қарсы  аламыз  деп,  мə-
жі ліс құрысып отыр. Бұтақ-бұтақтың басында əлі де ілі ніп 
тұр ған  сарғыш  жапырақ  күз  желі  ызыңдаған  сайын,  əл сіз 
өлімсіреген үн шығара қалтырайды. Қожа күз күнінің лай-

307
саң ды ғы на қабағын кіреукелендіре қарап өтті де, жел жұл-
ма ла ған  шапанының  етегін  қымтана  түсті.  Мынау  ұңғыл-
шұң ғы лы мол тау ішіндегі соқтырмасы көп соқпақпен тек өзі 
ғана  сапар  шегетін.  Жарты  ғасырдан  асқан  ғұмыры  ішінде 
бір-ақ арман, бір-ақ мақсаты болыпты. Дүние өртеніп бара 
жатса да, парық қылмайтын саспастығы тек соңғы жылдар-
да шілдің қиындай пышырап бопсалана бастаған. Өне бойы 
тірі пендеге жалынышты боп көрген жоқ, табан ет, маң дай 
терімен ел қатарлы тіршілік құрып келеді екен. Жə деген қы-
зуы мол, қызықты əрі думанды шақтары бол ма ға ны мен, «əт-
тең-ай» деп, сан соғар өкініші де көп емес. Ол ертеңін ойлап, 
əсте  де  бас  қатырмайтын.  Бүгінгі  дастарқанның  қамы  мен 
ауласынан аспайтын күйбеңі зор іске бағышталмай, асыл ар-
манды арқандаулы аттай шырғалап ұстайтын. Ол тіпті мы-
нау Тарбағатай тауының ұшы-қиыры бар ма, анау өзен қай да 
құяды, қазақтан өзге жұрт, Шалабай мен Далабайдан бас қа 
жауы  бар  ма – қай-қайсысын  сана  сарабына  салып  көр ген 
жоқ.  Бұл  пəниге  келіп-кеткенін  ауыл-аймағы  болмаса,  өзге 
жұрт білмейтіні есіне түскен сайын, бұл да бұйығы тартып, 
керең боп өтуді мақсұт тұтқан. Оның ішкі есебі де осы. 
Ол  көп  ойланды.  Не  үшін  ғұмыр  кешіп  жүргенін,  неге 
талпынып, алғы күндерінен қандай үміт күтетінін білмейді. 
Бұ ға на сы  бекіп,  ат  жалын  тартып  мінгелі  көргендері  мен 
түй ген де рін зерде елегіне салып, екшеп көрген емес, екше-
се де дəн мен қарамығын ажыратып ала алмайтын. Түу иен-
ге  бүйі  тигендей  бүліне  көшіп  келуі – əсте  же тіс кен дік тен 
емес-ау,  өз  ел,  өз  ағайынының  шымшылай  берер  қы сас ты-
ғы-тын.  Еруліге-қарулы  болғысы  келмей,  біржола  пəс те ніп 
жеңілгендей боп аттанған. Бірақ ол кімнен жеңілгенін, неге 
жеңілгенін жəне білмейді. Көкірегін шоқтай қарып жүр ген 

308
ыстық  өкініш  бар,  оны  сумен  де,  умен  де  сөндіре  алмады. 
Қайта  шыжылдатып  қуырған  сайын,  шиыршық  атып  ши-
рай түсер. Көр көкіректе шер жоқ, шеменделген уайым бар. 
Ел-жұртын сағынбайды дейсің бе... Ақшоқының үстіне шы-
ғып алып, ертеден қара кешке дейін көз сата ұзақ тел мі ре-
тін  арғы  бетке.  Бұлдырап,  мұнартқан  қапсағай  таудан  өзге 
еш  нəрсе  шола  алмай  мысы  құрып,  зəрезап  күйде  қай тып 
оралушы  еді  үйіне.  Жалғыз  үй – ауыл  емес.  Өз  баспана-
сы  өзін  тағы  зəрезап  етер.  Ол  құлақ  етін  жер  қаңқу-саң қу 
сөзден  ғана  қашаң  тартпаған,  қалың  тобыр  бар  жерде  бол-
май қоймайтын жамандық атаулыдан безген, екі қолын тө бе-
сі не қойып зəтте бола безген. Сөйтсе, онысы бекер болыпты. 
Жамандықтан  қашып  құтылу  қиын  екен.  Жамандық  қай да 
болсын  іздеп  табады  екен.  Жамандық  қайда  болсын  іздеп 
барады екен. Ағайын-туған арасын ащы қылар, ұйыған ел-
дік ті індеттеп, ірімтіктер бақастықтың көп-көп кесірін жал-
ғыз қызы көрмей-ақ, білмей-ақ өсуін тілеген. Қызының таза 
өсуін көксеген көңіл шіркін, сол Ардақ күні ертең бой же тіп, 
құтты қонысына ұзатылғандай гəп болса, бəрібір сол қиқу-
сиқу  ел  ішіне  баратынын  бағамға  алды  ма  екен.  Сы нық-
тан  басқаның  бəрі  жұғады,  бая-шая  жұрт  кіршіксіз  жанды 
бұзбауына  кім  кепілдік  бере  алады.  Жо-жоқ.  Ел  іші  алтын 
бесік дейтіні қайда, əлде басына іс түсіп, қысылған ша ғын-
да  немесе  өзге  жұрттың  бодауында  жүрсең – қадірі  бі лі-
нер  ме.  Мүмкін,  мұныкі  əншейін  еркелік  шығар.  Иə,  ер ке-
лік  қой.  Артымызға  қарамай,  басымыздан  сөз  асырмайтын 
намысшылмыз.  Əйтпесе,  бір  атым  насыбайға  өк пе лес кен 
абысындардай тосыраңдай қашатын қылық мұның ғана міні 
ме? Егер шайлығыңнан айрылып, от пен суға қарап қал шы – 
бəрібір сол, ит те болса, туғаныңды табасың. Ырыл дай сың 

309
қаппайсың, содан артық таппайсың... Мұныкі еркелік қой... 
Мұның жəне қимайтыны – шешесінің елге бар деген өсие-
ті-тұғын.  Шақшадай  басы  шарадай  болған  Қожа  өзін  екі 
оттың  ортасында  жүргендей  дəрменсіз  сезінетін.  Əйт кен-
мен ол сол туған жер, өскен елін қаншама ет бауыры ел жі реп 
жақсы  көрсе,  осынау  шағын  ғана  шаңырақтың  іргесі  сө гі-
ліп, қариясы сұлап жатқанда, сол елден, сол ағайын-ту ған-
нан жаназаға бірде-бірі қатысып, бір уыс топырақ сал ма ға-
ны, бірде-бірінің төбесін көрсетіп көңіл айтып бата оқыр ға 
келмегені, елжіреген ет-жүректі суыта, мұздата тү се тін. Ол 
мəңгі бақида сол ауылға қайтып көшіп бармайтынын түй ген 
көкірегіне.  Шешесінің  мүрдесін  тастап  қайда  бар мақ. «Ті-
рі де сыйласпаған, өлгенде жыласпайды» деген, тегі, рас та. 
Заман деген қандай ала құйын едің. Мынау күздің аласапы-
раны секілді, мынау күздің қатал да қатқыл суығы секілді, 
мынау  күздің  өңменнен  өтер  ызғары  секілді,  мынау  күздің 
қош-қошын айтып, өлімсірей сарғайып бара жатқан өңі се-
кіл ді – тегі, мынау астындағы атын тебініп, қалғып-шұл ғып 
келе жатқан Қожаның өмірі секілді. 
Қожа Ақшоқы кезеңіне іліне бергенде, сонадай жерде өзі 
іспетті мойнын ішіне алып, бүлкек-бүлкек желіп келе жат-
қан  салт  атты  жолаушыны  көрді.  Құба  жоқ,  қу  даладағы 
жал ғыз  аяқ  жол,  екеуін  адастырмай  тура  беттестіретін  еді. 
Атқа мыжырайып отырысы жəне қамшыны солақай ұстауы 
өз  туыстарының  бірі  екенін  айнытпай  танытты.  Шалабай! 
«А,  құдай», – деді  ішінен  Қожа. – А,  құдай,  өзің  жар  бола 
көр. Ата жауым сен болсаң – атыммен соғып қарсы алайын». 
Торы  шолағынан  қарғып  түсті  де,  атының  айылын  шаптай 
тартып, тымағын баса киіп, бауын байлады. Торы шо лақ қа 
се кі ріп қайта мініп, қамшысын оқтап ұстаған: түсі бұ зы лып, 

310
тісін шақыр-шұқыр қайрады да, «Есіркеген, Есіркеген!» деп, 
ұрандай ұмтылды ағасына. 
Шалабай  да  саспайтын  марқасқа  екен,  бұл  да  атының 
айы лын  мықтап  тартып,  тымақ  бауын  байлаған  да, «Есір-
ке ген,  Есіркеген!»  деп  ақырып  жіберіп,  қарсы  тебінген-
ді.  Жал ғыз  аяқ  жолда  жолыққан  ағалы-інілі  жау  жеттілеп, 
құйын-перен шауып келіп, ағып өте бере қамшымен бір-бір 
салысып қалды. Бірақ екеуі де қайтып қайырылған жоқ, қай-
та беттесуге жүздері де шыдаған жоқ. Тек екеуі де іштерінен 
жаңа ғана адақтаған, «əкеңнің...» деп, Есіркегеннің аруағын 
аунатып кетісті. Екеуі де мынау тар да тайғақ жолда əлі де 
сан  рет  бетпе-бет  келетінін,  мына  қылықтары  қара  қа зан, 
сары  қарын  баланың  қамы,  ел  сауғасы  емес,  өздері  се зіп-
сезіктеніп, зердеге сап бағамдап көрмеген жалған намыс пен 
жарға жығар кекшілдіктің итаршылдығы екенін, бастарына 
іс түсіп, тағдыр гүрзісі төнгенде ғана, аһ ұрып, жұртта қал-
ған  күшікше  ұлитындарын  болжамады.  Болжайтын  ой-өре 
болса, арғы аталарының бір екенін ұмытып, асық ойнап аты-
сып, бір төсекке жатысып, тел қозыдай тең өскен шақ та ғы 
туыстық  сезімдері  арын  шымшып,  ата-ба ба ла ры ның  аруа-
ғы  алдында  жүгіндірер  ме  еді.  Бірақ  осынау  сорлы  сорап 
үстіндегі ағайын арасында өткен шатақ шайқастардың қай-
сы бі рі де отбасының бықсыған шекісінен туып, бəріне де сі-
ңіс ті боп кеткенін ешкім де есептей бермейтін жəне түбі осы 
дерт алып жейтінін де ескермейді. Қанша ғайбаттасақ та, бү-
гін  бет  жыртысып  жатқан  ағасы  Шалабай  бес  жылдан  соң 
дү ние салып, «ой, бауырымдай» атап, асына торы шолағын 
со йып тастайтынын қайдан білсін мұндарлар. 
Ардақтың  өмірінде  де  өз  əлінше  қым-қуыт  тартыстар 
өтіп  жатқан.  Ғұмырында  əке-шешесінен  өзге  жан,  торы 

311
шо лақ тан өзге ат көрмеген қызға ары өткен, бері өткен жо-
лау шы ның  бəрі-бəрі  таң-тамаша  ертек  сынды  жайттер  еді. 
Бұл дыр-бұлдыр күн артынан күн жылжып өткен сайын, бой 
же ту дің бар ыстық-ыстық тыншуы жоқ қытықты қылықтары 
жа қын дап  келе  жатқанын,  ал  бойжеткен  қыз  өмір  бойы 
осылай  құлан-таза  күйінде  қалмайтыны  есіне  келмеген. 
Бұ рын ғы  əке-шешесіне  жасайтын  шолжаң  ерке-шоралығы 
бір те-бірте  нəзік  еркелікке  ұласып,  өзгеше  көрініс  та уып, 
кешегі  былдырлап  жүрген  тұрымтайдай  қыздың  жарқ  етер 
қыр ла рын таныта бастады. Осы ересекке тəн мінез-қы лық-
та ры,  əке-шешесіне  уайым,  көңілдеріне  қаяу  саларын  біле 
бер мей ді  ғой.  Білген  күннің  өзінде  сезімнің  еркінен  тыс 
дырдуына  тосқауыл  болар,  қажыр-қайрат  көрсетер  шама 
бар  ма  жас  қызда.  Ол  санасында  жүрген  сан-сапалақ  ой-
дан  сейіле  алмай,  ұйқылы-ояу,  ұйқы-тұйқы  халде  сенделіп 
жү ру ші  еді.  Кейде  мынау  құлазыған  тау  қойнауына  ермек, 
дос-жаран іздегендей ұзақты күн үйге жоламай сыр ғақ сып, 
Мар қа көл дің бірін-бірі қуып ойнаған тентек тол қын да ры на 
жас  баладай  мəз  болып  қарайтын.  Кейде  толықсып  жат қан 
толқындардың  ойыны  мұның  да  жанын  қытықтап,  елік ті-
ріп, қол бұлғап шақырғандай шолпыса, денесі от боп жан-
ған  Ардақ  дəті  шыдамай  кетіп,  мұздай  суға  күмп  бе ре тін. 
Кейде оқшаулана жұмыр жаратылған қатқыл өз денесіне өзі 
қызыққандай, тоңазып құс еттеніп қалған ақ санын уқа лап, 
сызғылап ермек ететін. 
Ардақтың үш ұйықтаса ойында жоқ қылықты сонау жыл 
Алмас  қоздырып  кеткен.  Алмастан  өзге  еркек  бала  көр ме-
ген  қыздың  санасында  сол  болмаса  да,  қараң-құ раң  бір 
сүлде  көлденеңдеп,  қысқа  түнде  қырық  оятып  тұ рып  алар 

312
еді. Ол осынау азапты əрі тəтті сезім асқынған сайын, бар-
лық  дүниеден  оңашаланған  оқшау  сандалысқа  салынып, 
өңі  түгіл  түсінде  көрмеген  жұмбақты  бейнені  қуып,  сағым 
даланы кезе беретін. Көлден ескен самалға омырауын аша, 
бал қы ған  балғын  əрі  күнəдан  пəк  денесін  төсейтін.  Адам 
бойына оқу-тоқусыз-ақ, ұялайтын табиғи құштарлықтар, аң -
сау лар мен асыл армандар Ардаққа да өгей емес, өз ге лер дей 
мұның  қақысы  бар  нұрлы  да  сиқырлы  еншілер  ғой.  Ардақ 
өзін  осыншама  алапат  өрт  күйге  түсіріп,  қинап  жүр ген 
құдіретті күш жастықтың секемшіл сезімдері екенін аң ғар-
ған жоқ. Бірақ күндердің-күні жай оғындай жалт етіп жай-
пап өтерін де аңғарған жоқ. Тылсым күштің тегеуірінді əсе  рі 
өзін бір мəрте қинаса, əке-шешесін үш есе азаптап, ой отына 
қақ тай ты нын да қайдан білсін. 
Ардақтың бойжетіп соқталанғанынан, ерке-шора шақ та-
ры əлдеқандай тыншу еді жандарына. Ол бола ма, өспейтін, 
өн бей тін пенде бар ма; қырсыққанда бойы ғана өсіп қойса 
ғой, күн санап ой да түлеп келеді емес пе? 
Ол  бүгін  де  ұйықтай  алмады.  Шал  мен  кемпір  əрі-бері 
кермалдасып алып, қор ете түскен. Ағаш тамның сы ғы рай-
ған терезесінен жұқалаң сəуле тарап, үй іші алакөбең. Ар дақ 
тағы да Алмасты ойлады. Екеуінің балалық қылығын ойла-
ды.  Балалық  қылықтарын  ойлап  еді,  жалғыз  сəттік  жүз де-
су дің  бақилық  əмсе  əсерін  қайта  таусап,  енді  бұ рын ғы дай 
ерік кен бала көңілден гөрі əлдеқайда мəнді, əл де қай да қы-
зу лы, лүпілдеген жүрекпен сезінді. Шыдай алмады бі лем, іш 
көйлекшең  сыртқа  шығып,  көктемнің  салқын  лебіне  бе тін 
тосты. 
Көктемнің  лебі  өтімді  емес,  қоңыр  салқындау  екен.  Ал 
Ар дақ  ызғарды  сағынған,  місе  тұта  алмады.  Өзі  де  сезіп, 

313
біле  бермейтін  үйірсек  іңкəрлік,  ыстық  ынтызар  жетелеп, 
Мар қа көл дің  жағасына  алып  барды.  Жар  жағасында  оты-
рып,  көлдің  көл-көсір  бұйра  толқынына  ұзақ  қарады.  Ай 
астында ағарып отырған он жеті жасар қыздың қақтаған ақ 
күмістей  сұңғақ  та  сұлу  бітімі  ертеректе  ғана  болатын  су 
перісіне  ұқсайды.  Əттең,  осы  асқан  сұлулыққа  куə  болар, 
ие  болар  пенде  жоқ.  Жар  сабалап  жарысып  жатқан  тоқ пе-
йіл толқындар дүлей, қыз мұңын, қыз əнін тыңдай алмады. 
Те ле гейі мен тереңі бірдей салқар көл Ардақ алдында таң-
ға жа йып көрініс беріп, кербез керіліп жатты. Ол самаладай 
саулап төгілген ай сəулесімен анау айнадай жарқырап, ауыр 
ты ныс та ған  көл  тілсіз  табысып,  құшақтасып  жатыр-ау  деп 
ой лады. Жұп-жұмыр қос тізесін құшақтап, шешесінің айта 
беретін «Сұр мерген» əнін ақырын бастап, қоңырлата созып 
əкетті. 
Ауылың көшіп барады таудан асып... 
Ардақ  есейген  шағында  алғаш  рет  шыншыл,  қылаусыз 
кө ңіл мен егіле жылады. Сосын көлдің аса салқын суын омы-
рауына дейін кешіп барды да, алқынған үнмен: «Алмас, кел-
ші жаным, тағы да. Тағы да су шашысып ойнайық», – деді 
көзі ұшқындана. Əлі де балалық желіктің уыздай құ ша ғын-
да жүрген ол Алмас екеуінің арасында өткен сонау жыл да ғы 
оқиға – күнəсі  мен  кір  шалған  кірбіңі  жоқ,  бал дыр ған  қы-
лық тар екенін жəне ойнағаны өз жұрағаты екенін де сезбе-
ген.  Тағы  боп  өскен  қызға  адамдардың  бəрі  бірдей  се кіл ді 
еді. Су шашысып ойнап, көңіл құртын өлтірсе болды. Тіп ті 
де олай емес екен. 
Көл шолп-шолп сүйісіп мазасын алды...

314
* * *
Марқаның  жағасы  ерте  кеуіп,  ерте  көктеді.  Жау қа зы-
ны  қарды  жарып  та  шыға  беретін  тау  бөктерінің  был тыр-
ғы дан  қалған  күреңсесі  күлтеленіп,  қаулай  тебіндеп  келе 
жат қан көкпен араласып, алашабырланып жатыр. Тау ішін-
де  көкжиек  жақын  болады.  Тауда  тұрғанда  аспан  да  аласа 
көрінеді.  Сол  көктемгі  көкжиек – қоп-қою  жалқынды  са-
ғым  іркіліп  барып,  əлгі  көк  күмбезімен  көмкерілген.  Жаз-
ғы тұ рым ның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде кө рі ніс 
беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқ шау кө рі ніп, 
мұнда-мұндалап  аппақ  болып  жататын  Тарбағатай  шың-
құздарын ұзыннан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екі ге 
бөліп, аспан тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көк-
тем нің шуағына алақанын жая бастаған орман соңғы нө сер-
ден жаңа ғана ес жиып бусанады. Көктемгі ауада сарай ашар 
жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай ұшып келген бір топ 
шү ре гей Марқакөлдің айдынын төсімен тілгілей қонды да, 
мамырлап жүзе жөнелді. 
Осы  көріністің  қай-қайсысы  да  Қожаны  қызықтыра  ал-
ған  жоқ.  Жаралғалы  көзқашты  қылған,  қайталана  беретін 
мез гіл дің əртүрлі мінез-қылықтары шал үшін таңсық емес. 
Қай та жанын қажап, зəрезап қылатын. Кей ретте өлкенің осы 
кү йі нен қарадай жиреніп, басы ауған жаққа лағып кеткісі ке-
ле тін. Бірақ қия алмайтын құрғырды. Құлан қағынан же рі-
ген де  барар  өрісі,  шығар  биігі  қайсы.  Қайда  барса  да  Қор-
қыт тың  көрі,  ат  айналып  қазығын  таба  бермей  ме.  Қожа, 
шынында  да,  Марқакөлдің  жағасына  шешілмейтін  болып 
ар қан да лып қалған. Ақшоқының өз маңдайы іспетті қасқая 
біткен  бет ке йін де  өмірінің  базары  секілді  бар  малы  табын 

315
құ рып жайылып жүр. Қожа көзін сығырайта, тесіліп ұзақ қа-
ра ды. Өткен өмірінің ой-қырын шолып көріп еді, бəрі-бəрі 
анау төрт аяқты хайуандарға телулі екен. Егер əзірейіл келіп 
малын сұраса, жанын берері хақ. Қожаның дөңгеленген ша-
ғын  шарасы  молайып  та,  азайып  та  көрген  жоқ.  Боз жор ға-
дай майпалып өткен есте қалар жылдары болмаса да, ер те-
ңін ойлап қынжылмайтын. Үміт деген ол да бір қыл ар қан – 
алға  баян-бағасы  болымсыз  шаңдақ  дүниеге  байлап-матап 
апарады да, қылша мойын талша болдырып тұрған сəтінде 
жі гер-қайратыңа тұзақ болып оралады. Қожаны шаршатқан 
осы – жан жолдасы көп-көп үлпілдек үміт еді. Бұрынғы үміт-
арманы – мал басын көбейтуге апарып соға беретін. Былтыр-
дан бері Ардақтың болашағы мазалап, ерте ме, кеш пе ұя дан 
ұшар қызының қонар қонысы қинайтын кəрі жанын. 
– Өлмеген құлға тағы да бір жаз келді, – деді Қожа қы-
сық тау келген өткір көзін əлі де қия беттен алмаған қалпы. 
– Ерттеулі аттай, таң асып өткен жылдар-ай! – Қолын бе-
лі не ұстап, ырғала басып үйіне беттеді. Күн Ақшоқыны жа-
рып шығып келеді. 
– Кемпір, – деді Қожа, мосы асып жүрген əйеліне. – Ар-
дақ тұрды ма? 
– Ұйқысы қанбай жатыр-ау деймін. 
– Жатсын, жата берсін. Саған тартқаны ғой. 
Ошақтың үш бұтындай боп бір шаңырақтың ас тын да ғы 
үшеуі ертеңгі шайға отырды. Қараша үйдің Ақшоқыға қа рап 
түрулі тұрған есігінен көктемнің салқын самалы шал қы ды. 
Тау басынан жаңа-жаңа көтеріле берген күн нұры да ашық 
есіктен  таласа  төрге  ұмтылады.  Есікке  бетін  бере  отыр ған 
Қожа  анау  жап-жасыл  боп  жайнап  жатқан  бетегелі  бет кей-
дің бар аумағын болжай алады. Шай үстінде де құны бардай 

316
қа да лып қалған. Бір кезде сықсиған көзі бағжаң ете қал ды. 
Ақ шо қы дан  жалғыз  атты  жолаушы  еңіске  қарай  құл ди лап 
ке ле ді екен. 
–  Əй,  кемпір! – деді  кəрлен  кесені  төңкере  беріп.  Үнін-
де  сасқалақтау  бар. – Ақшоқыдан  бері  біреу  құлдады  ғой, 
көремісің. Жиыстыр үй-ішін. От пен суға қарап жұ та ған си-
қы мыз ды білдірмейік. – Сосын өзі апыл-ғұпыл атып тұ рып, 
ас тау ға жармасты. 
Қожа  бір  астау  тезек  əкелгенде,  Ардақ  пен  кемпірі  үй-
ішін тап-тұйнақтай жинастырып қойған еді. 
– Əй, қатын, жи мына жапаны жүктің астына, бер жа ғы на 
тұскиіз ұстап қоярсың. 
– Неге, ойбай? 
– Миғұла, жүкті биіктетпеймісің. Қызыңның жасауы ті-
ре ліп тұр ма? 
Төтенше абыр-сабырдың түпкі сырына түсіне алмай дел-
сал тұрған Ардаққа Қожа: 
–  Ки,  камзолыңды!  Қонақ  келгенде,  тілің  қышымасын. 
Үн де мей отыр, тегінде, – деп зекіді. 
Жолаушы, шынында да, ұятты қонақ боп шықты. Отыз-
дың ар жақ, бер жағындағы қутың қаққан сақа жігіт. Есік-
тен  «Ассалаумағалейкүм!» – деп,  даусын  соза  амандасып 
кір ді. 
Жан-жағына  тояттамаған  бүркіттей  жалт-жұлт  қа рап, 
шиыр шық атып отыр. Сөйлеген сөзі де пысық, үйіріп бара-
ды. Қо жа ны əңгімеге айналдыра беріп, Ардақтың үлкен қой 
кө зін ұстап арбап ала қойды да, сүйкімді келбетпен жыми-
ды.  Қожаның  іші  жылып  салды. «Күні-түні  қайғы  жұ тып, 
жан  тоздырып  жүргенде,  күйеубаланы  айналайын  ал ла ның 
өзі айдап келді емес пе. Ақсарбас, кемпір, ақсарбас». 

317
– Иə, балам, жөн-жосығыңды айта отыр, – деді Қожа жі-
гіт дидарынан əлденендей жақсылықтың нышанын тінте. – 
Қай ауылдан шықтың? 
–  Ақшоқының  арғы  қапталындағы  Мəметек  ауылынан-
мын, сүйегім – Қожамбет. Мына күншығыс теріскейдегі жы-
ныстан аң қарай шықтым да, Марқакөлді жиектей отырған 
не қылған оңаша үй деп бұрылғаным ғой. Жəне сізді сырт-
тай естуім де бар. 
–  Жөн,  шырақ.  Келіп-кетіп  тұр.  Мəметек  би  əлі  қуат ты 
ма? Нарыннан бері бөтен жан жібермей, тыртысып-ақ отыр-
ау пəлекет. 
– Шүкір, əзір өткізе қойған жоқ. 
– Алтайдың бытқыл-бытқылын өзінің-ақ қалың жыл қы-
сы  ақтаңдағын  шығарып  тоздырды  емес  пе.  Бар  жыл қы сы 
қаз-қатар тұрып бас қойғанда, қара айрықтың суын тауысып 
кетеді деуші еді, рас па? 
– Рас, отағасы. 
–  Пай-пай,  заман-ай.  Бұдан  отыз  жыл  бұрын  менен  əрі 
сірі шыққан тақыр кедей еді. Қулығымен емес, ақылымен-ақ 
жиып алды ғой үйір-үйір жылқыны. Өзі зəбірсіз адам. 
–  Оныңыз  рас,  отағасы.  Отымен  кіріп,  күлімен  шы ғып 
жүр міз. «Əй, сен сондайсың» деп көрген жоқ. Обалы, кəне. 
Шайды сарқа ішіп, кесені төңкеріп, кейін шегіне берген 
жігітке шал: 
– Есімің кім, балам? – деді. 
– Салық. 
Қожа кемпіріне дастарқанды жина деген ишара біл дір ді. 
Өзі ернін күбір-күбір еткізіп, бетін сипап тұрып кетті. Сырт-
тан: 

318
– Қой айдап келдім, əке! – деген қыздың жіңішке даусы 
естілді. 
Қожа мен кемпірі сойыс қамына кірісіп кетті де, жолаушы 
жігіт пен Ардақ оңаша қалған. Жігіт үріп ауызға сал ған дай 
қыздың  аса  сұлу  бітіміне  таңырқай  қарап,  тамсанып  отыр. 
Əсіресе,  жұп-жұмыр  аппақ  мойны  анау  бұйра  қою  қара 
шашпен камзол жағасын қосып жатқан алтын мойнақ се кіл-
ді. «Аққудың көгілдіріндей екен? – деді ішінен. – Қатын ғып 
ап,  бетіне  қарап  қана  отырар  ма  едім.  Əттең,  тілінің  мү кі-
сі болмаса. Үйленер едім, «əйелің сақау» деп, жолдастарым 
құлақ етімді жеп қояр». 
Өзіне мөлие қараған жігіт жанары Ардаққа пəлендей əсер 
ете алмады, көкейінде көбіктеніп жатқан əсіре қызыл құш-
тар лық тың  да  нышанын  аңғармаған.  Ол  мұндай  жігітті  де, 
мұн дай көзқарасты да тұңғыш рет көріп отыр. Кім де бол-
сын, осылай қарауға тиісті, кім де болсын қарай береді. Несі 
бар,  Ардақтың  өзі  де  тайсақтай  қойған  жоқ.  Бірақ  Алмас 
бая ғы да дəл мынау алпамсадай жігітше жұтынып, қыл маң-
да май-ақ ойнап еді ғой. Ал мынанікі не? 
Ардақ  бұл  құпияның  байыбына  бара  алмай  дал  болды. 
Ол мынаны ұқпады: Əкесі қонақтың көзінше аузыңды ашпа 
деп кетті. Неге?! Сөйлемейтін адам бола ма екен? Сол үшін 
жа ра тыл ған  жоқпыз  ба?  Он  жеті  жылда  жалқы  сəт  ди дар-
лас қан  жігітпен  əңгімелеспеу...  Анау  Ақшоқының  ар  жа-
ғын да  жер  қайысқан  ел  бар  дейді,  сол  туралы  сұраса,  несі 
сө кет.  Мүмкін,  мынау  кеудесі  есіктей  қара  бұжыр  кісі  Ал-
масты  танитын  шығар...  Есен-саулығын  сұрап  көрсе...  Бұл 
үйге келе ме екен өзі? Əттең, келсе ғой... Ардақ екеуі тағы 
да  суға  шомылып  ойнар  ма  еді!  Мүмкін,  Алмас  мұны  əл-
де қа шан ұмытып та кеткен шығар. Мына кісі оған мүл дем 

319
ұқ са май тын секілді. Ардақ та дəл осы жігіттей əрі күл кі лі, 
əрі қорқынышты қараған бірде-бір адамды көрген жоқ... Қыз 
көз алдына əнеугүні көрген түсін елестетті. «Түсі екен дей ді. 
Мез гіл дің көз жасындай ақ жауын сіркіреп тұр. Ардақ осы 
құ йып тұрған нөсерге қарамай, əдетінше Марқақөлге шомы-
лып жүр екен дейді. Бір мезгілде судан сойталдай-сойталдай 
он  шақты  қара  бұжыр  жігіт  шыға  келді  де,  Ардақты  ұс тап 
алды. Сосын... сосын қызды сен алмайсың – мен аламын деп 
жақ-жақ боп таласып, төбелеседі екен дейді. 
Сосын... сосын оны бірдей суға батып кетеді де, қып-қы-
зыл боп қан шығады шөккен тұстан. Ардақ тағы да жал ғыз, 
мүлдем жалғыз қалған еді...». Мынау кісі соның біреуі се кіл-
ді. Өз ойына өзі күліп жіберді. 
– Неге күлдің, құрбым? 
– ?! 
– Үндемейді екенсіз... Онда үндемес ойнайық... 
– ?! 
– Əлде сөйлей білмейсіз бе? Сіз секілді дала пе ріш те сі не 
ойын-той, сауық-сайран ғана өріс бола алады... Атың Ар дақ 
қой? 
Ардақ ақырын ғана басын изеді. Сұмдық-ай, сөйлесе не 
етті. Əкесі естіп қояды ғой. Жо-жоқ, бірдеме деу керек шы-
ғар. Жарылып кетермін. Мына кісінің сөзі де, қарасы да қы-
тық ты келтіреді екен. Суға түсер ме еді. Мүмкін, жүзу біл-
мей тін шығар... Қазандай басын суға тығар ма едім. 
– Жалғыз өзің иен тауда зерікпей қалай тұрасың? – Сол 
сəт Қожа: – Ардақ, бері кел, шешеңе ішек-қарын аршыс, – 
деп дауыстады сырттан. 
Ет желініп болған соң, төсек салу қамы басталды. Ол кез-
де Салық тысқа шығып кеткен. 

320
– Қонақ жігітке қайда саламыз төсекті? – деді Қо жа ның 
ақылынсыз қия баспайтын кемпірі. 
– Уай, қолабай, салсаңшы осы үйдің бір бұрышына. 
Ардақ  тағы  да  көз  ілген  жоқ.  Шал  мен  кемпір  тө сек ке 
жамбастары тиісімен, өтірік-шынын кім білсін, қор ете түс-
кен.  Қонақ  жігіт  те  ұйықтап  кеткен  секілді.  Жер  ошақ та ғы 
оттың шоғы əлі де сөнбей, қоламта арасында жылтырап жа-
тыр. «От та ұйықтаған жоқ, – деді Ардақ күбірлеп. – Мен де 
ояумын. Ана кісі Апам секілді маубас екен». – Са лық жөт кі-
рі ніп барып, бері қарай аунап түсті. Ұп-ұзын боп өлік іс пет ті 
сұ лап жатыр. Беті көрінбейді. 
Ардақтың далаға шыққысы келді. Сыбдырын сез дір меу ге 
тырысып, төсектен ептеп түсті де, шапанын жамылып есік ке 
беттеді. Кемпір мен шалдың жарыса пы сыл да ға ны нан өзге 
дыбыс естілмеді. Қонақ жігіт енді іргеге аунап түс кен. Ояу 
жатқан секілді... 
Ай  қорғалапты.  Қараңғы.  Құлаққа  Марқакөлдің  бір  қа-
лып ты  сылп-сылп  етіп  таңдайын  қаққаны  ғана  естіледі. 
Жұл дыз дар тіпті жақын тұр. Көлден ескен қоңылтақ самал 
бар. Көк тем гі ауадан жас балаусаның иісі шығады. Ақ шо қы 
жақ тан ат кісінеді. Үйірін сағынған торы шолақ болар. Мал 
екеш – мал да жалғыздықтан құлазиды екен-ау. Обалың жер 
қой ны на итше ырылдасып кіретін адамдарда шығар... 
Марқакөл Ардақты тұнжырап, томаға-тұйық қарсы алды. 
Өкпелеп жатыр. Беті қара барқынданып көрінбейді. Ше ші не 
бастап еді, сырт жағынан сыбдыр шығып, қалт тұрып қал-
ған. Өзіне қарай жасқаншақтана жақындап келе жатқан қо-
нақ жігітті таныды. «Бұл ұйықтап жатыр еді ғой». Ол ұйық-
тап жатпаған екен.

321
– Түнде кісі суға түсе ме? – деді Ардақты қолынан ұс тап. 
Қыз қымсынған жоқ. 
– Мен ылғи шомыламын. 
– Тоңбайсың ба? 
– Жоқ. 
– Қорықпайсың да ғой. 
– Неден? 
– Аю-қасқырдан... Қазір, айталық, менен... 
– Мен қолқу дегенді білмеймін. 
– Оның жақсы екен. – Салық екінші қолын қыздың мы қы-
ны на апара беріп еді, ыршып кетті. Салып жіберер деп Са-
лық та сасып қалған еді. Қыз енді алыстау тұрды. 
– Оның не, Ардақ? 
– Қытығым келеді. 
Салық жорта күлген болды. 
– Қытығыңды басармын мен. – Ол тағы да тақала түсті. 
– Қайтіп? 
– Құшып-сүйіп. 
–  Құшып-сүйгені  несі?  Менің  қытығым  суға  түспей  ба-
сылмайды... Кел, онан да шомылып, су шашысып ой на йық... 
Баяғыда Алмас екеуміз тəуи-ақ ойнағанбыз. 
– Мен малту білмеймін ғой. – Жүрексініп тұр. Əйтсе де 
қыз дың жалаңаш тəнін көргісі келген Салық: – Түссек – тү-
се йік, – деп, шешіне бастады. 
Салық  тоңғанын  білмей  де  қалды.  Уылжыған  жас  қыз-
дың қызулы денесін құшақтап, алысып, қуысқан боп, айма-
лап құмарынан шығып-ақ жүр. Екеуі жеті қараңғы түнде ақ 
шабақша асыр сап, меңірейіп, жусап жатқан тауды азан-қа-
зан  қылды.  Ардақ  есінен  мүлдем  ауысты  білем,  Са лық тың 
көп-көп дарақы қылықтарына мəн бермеді. Бой же ту дің қақ-

322
пай көрмей пісіп-жетілген жанартаулары бір-ақ түн де жары-
лып, мас қылып, буын-буынын алған. Алпамсадай жі гіт ті ал-
қы мы нан алып, сығымдап апарды да, қауға басын сұп-суық 
суға тығып-тығып жіберді. Егер қыз шындап кетсе, өз əлі нің 
жетпейтіндігін сезді ол. Енді ол сақтыққа, алдауға көш кен. 
Аш белінен қапсыра қысып тұрып, ернінен, көзінен, ал-
қы мы нан қаба-қаба сүйіп, қытығын əбден кетірген соң ғана, 
Ар дақ шым-шымдап жуасып, ырқына көше бастап еді. Өне 
бойы жылқы бағып, неше сықылды асауды үйреткен сар та-
қым дəніккен қыр жігіті ендігі сəтте оны қолына лып ет кі зіп 
көтеріп алып, жағаға шықты. Жағаға шықты да, өз киім де рі-
нің үстіне сұлата жатқызды. Ардақ қарсылық көр се те алған 
жоқ. Баяғыда Алмас екеуі дəл осылай ойнаған. Қыз денесі 
əлі  де  суыққа  сорғызбай,  күйіп  жатыр.  Су  иесі  Сү лей мен-
нің  қызындай  жарқырап  жатқан  аппақ  дене  бір  сəт  бұ лық-
сып, бір сəт тулап барды да, алпамсадай жігіттің ба уы рын да 
тұншығып қалды. Ақ шағаладай айқасқан қос дене тылсым 
тыныштыққа  көшіп  еді: – Кет  алы!  Аймас  бүйтіп,  ауыл-
тып ойнамайтын, – деген булықты сөзден кейін шорт үзіл-
ді. Салық сонандай жерге жалп ете түсті. Ардақ атып тұ рып 
қаша жөнелген. 
Ол түн түнегінің қап-қараңғы қойнына ағараң қағып сі ңіп 
бара жатты. 
Қожа құзғын сəріден тұрса да, «күйеу жігітті» көре алма-
ды. Етігі жатыр, өзі жоқ... 
* * *
Қожаның  күдігі  дəл  келді.  Ардақты  айттырып  келген 
ешкім  болмады.  Салық  төбесін  қайтып  көрсетпей,  судай 

323
сі ңіп, тастай батып алған. Түн жамылып бірер келіп кет ке-
нін де білмейтін сияқты. Шалды қазір қинап жүрген – есен-
сауында  қызын  ұзату  қамы  емес,  барған  сайын  аяғы  ауыр-
лап,  жүріс-тұрысының  сылбыр  тартуы-тын.  Анада  кем пі-
рі  құлағына  əлденені  сыбырлағанда,  шашын  бұрап-бұ рап, 
тұтамдай  ұстап  алып,  соққыға  мықтап  жығып  еді.  Отыз 
жыл отасқан кемпіріне тұңғыш рет қол көтерткен сөз, күн-
ді-күн тықсырған сайын, бұлтартпайтын дəлелін көз алдына 
көлденең тарта берген. Торы шолағын мініп, тау асып қаң-
ғы рып  кеткісі  келген,  мынау  тірі  қорлықты  көрмей,  мерт 
болғысы  келген;  қырық  жыл  қырғын  болса  да,  ажалды 
өле ді  деген  осы-ау,  он  жеті  жыл  еркек-ұрғашының  не  еке-
нін білмей тағы боп өскен қызын өз қотанынан ұзатпаса да, 
уыз тазалығын уысынан шығарып алыпты. «Болмайтын іске 
бордай егілмей, болаттай берік болу» ғана қалыпты. Ұшар 
құсты темір торға қамап, алақаныңмен басып отыра алмай-
ды екенсің. Көңірсіген көп дүниеден көз жазып қала бе ре сің. 
Қы зың ның көргенділігін көршіңнен сұра деген сол. Жы лай-
сың – шыдайсың». 
Қожа бір-ақ күнде күрт түсіп, жүні жығылып жүдеп кет ті. 
Бұрынғыдай емес ашу шақырып айқайлап, пейілін тарылт-
пай,  жуас  əрі  немкетті  қарайтын  боп  алған  əр  нəрсеге.  Ол 
елге көшіп бармағанына енді өкінді. 
Ардақ  та  өзгеше  халде  еді...  Алғашқы  белгілері  біліне 
бас та ған да, қызық көріп шешесіне айтқан. Сонда шүй ке дей 
кемпір  мұны  тас  қып  құшақтап  алып,  ертеден  қара  кешке 
дейін аңыраған еді... Содан бұған ет пісірім уақыт өмір тура-
сында, сол өмірдегі Адам-Ата мен Қауа-Ана турасында əң-
гі ме шерткен. «О, баста, – деген шешесі, – адам бір-ақ дене 
екен. Төрт қол, төрт аяғы болған деседі. Жасаған ием пайда 

324
қыл ған  пендесі  бұлайша  біреу-ақ  боп  ғұмыр  кешіп,  ұр пақ 
қал ды ра алмайтынын ескеріп, екіге бөлген екен деседі. Қыз 
бен  жігіт  те,  сүйіскен  ғашық  жандар  да  осыдан  бас тал ған 
екен деседі». 
– Ғашықтал деген не? – деген сонда Ардақ. Шешесі жа-
уап  бере  алмай  көп  қиналған.  Көп  қинала  отырып,  ер те гі 
қис са лар да ғы бірін-бірі сүйген ұлы махаббат иелері жайлы 
əлін ше əңгімелеп көрген. Сонда Ардақ тағы да: «Əкем еке-
уің нің  алаңда  да  ғашықтық  болды  ма?» – деп  еді.  Кем пір 
тағы да қиналған: «Қайдам, қалқам, жылтыңдап біздің ауыл-
ға келгіштеп жүруші еді, бір күні алып қашып кетті ғой». 
Бірақ мынау мазаң дүниенің сиқырын кеш түсінген. Ана-
сы ның  əлгі  əңгімесі  осы  жасында  емес,  сегізінде  айтылса, 
мүм кін,  дəл  осындай  ағаттық  жіберіп,  əке-шешесін  осын-
ша лық сарсаңға салмас па еді. Тегі, қателік өмір өр ле рін де-
гі сүрініс үлкендерден басталады-ау деймін. Кейінгі ұр пақ-
қа сол ағалар ағаттығын не қайталайды, не жаңсақ істі сол 
қалпында үйренер. Қателіктер əсте өздігінен, əмбе тө те ден 
пайда болып көрген емес. Қателіктер ғайыптың қай ғы сы нан 
тумаған, төрткүл дүниедегі əр минут сайын теріс-қа ғыс ат-
талып жатқан қадамдардан, бір кезде қате басқан адамдар-
дан келер ұрпаққа ауысып отырған секілді. Са лық тың жалт 
етіп жоқ болу мақсатын Ардақ та, шал-кемпір де сезген жоқ-
тын.  Жайы  келсе,  ол  сонау  Ақшоқының  қойнауында  аға-
йын-жұрттан  аласталып  қараша  үй  отыратынын  біл мей тін 
де. Мұның бəрі-бəрі Шалабайдың айтағы еді. Інісіне шын-
дап өшіккен Шалабай қайтіп мұқатудың айла-шарғысын із-
деп  жүріп,  солқылдап  бойжетіп  отырған  Ардақтың  абы ро-
йын төгуге байлам жасап, ауылдағы ең еті тірі, жылпос жі гіт 
Салыққа  астыртын  қолқа  салған: «Қожа  сақау  қызын  ұза-

325
тып, қалың мал алмақ қой. Кей ақымақтар тіліне емес тү рі-
не қарап айттырып қояр. Тілеуіңді құдай берсін, сол қыз дың 
шаруасын барып тəмамдап қайт», – деп қадалған соң, атқа 
қонған-ды  Салық.  Бұл  оқиғадан  Қожа  бейхабар  болатын. 
Сезіктенсе, қанын ішер еді ғой жылпос неменің. Ке дей ді кі 
кезеңде деген сол да. 
Үш күн болды, Қожа мен кемпірі Ардақты күзетіп отыр. 
Жастық базардың көп-көп қызық дəуренінен аттап өтіп, ана-
лық тың қауызына бірден оранған жас ару аяғы ауыр ла ған са-
йын, тыншу көре алмады. Ауық-ауық жүрегі айнып құс қы-
сы келеді, бұрынғыдай емес, тамаққа да тойымсыз; сір ке сін 
су көтермей есеңгіреп жүр. Бүйірі бүлк етіп, ішіндегі сəби 
тебініп қалған сəтте, шыңғырып далаға қашатын. Мін сіз ақ 
бетіне сепкіл қаптап, мұрнының үстіне ноқта пайда болды. 
Балтыры мен қара саны да жуандап, домбығып кеткен. Өте 
көңілсіз, салғырт. 
«Неге екенін білмеймін, – деді бір күні шешесіне, – өл гім 
келеді». 
Бүгін де көз іле алған жоқ. Кірпігі-кірпігіне ай қас пай, кө-
рер  таңды  көзімен  атқызып  жатыр.  Дəл  шығар  есікте  көл-
де не ңі нен төсек салып, Ардақты аңдып жатқан əке-ше ше сі 
күбір-күбір  сөйлеп,  көпке  дейін  ояу  отырды.  Қазір  үн де рі 
шықпайды. Қалғып кеткен секілді. Май шам бықсып жанып 
тұр.  Түтіні  қолқаны  қабады.  Үй  қара  көлеңке.  Ар дақ  быр-
шып, терлеп, ерні кеберсіп, шөліркеп жатыр. Өмір дің ащы-
тұщысын  көрмеген  басы  толғақтың  алғашқы  тол қы нын да-
ақ  талмаусырап,  құлында-құлынын  шығарды.  Бірақ  көп ке 
де йін дəтке қуат етіп, тыпыршымай шыдап баққан. Сылып 
тастайтын сырттағы жара емес, шыбын жаны бар бала бол-
ған соң, не лаж? Машығында жоқ төтеден келген құ бы лыс-

326
тың  түпкі  бір  сыры  тұманды.  Ардақтың  кəперіне  кір ме ген 
бұлың-бұлың керібаққан дүниелер. Өмір мен өлімнің, арзан 
мен қымбаттың парқын əлі де айырып үлгермеген жас қыз 
өз жүрегінің нəрін де, барын да кəделі іске бағыштар хал ге 
жетіп, бағамдай алмай мерт болмақ па? Ыза, кек, ашу де ген-
ді  білмей  бейкүнə  өскен  қыз  қыр  қызғалдағындай  құл пыр-
ған шағында, шадыр-шатағы мол тайғақ тағдырдың құр ба ны 
боп  кетпек  пе?  Жо-жоқ,  Ардақ  əлі  қауашағын  аш па ған  ба-
лауса, айықпас ауыр мұңға батып, аза қылатындай панасыз 
емес, аюдай ақырған əкесі бар; кем-кетіксіз ғұмыр ке ше тін 
пенде  жоқ;  кең  əлемнің  кем-тарлығы  болмай  тұр май ды... 
Ардақтың өңі реңсіз, жүдеу. Əр нəрсеге нанғыш бала жү ре гі 
рақат, бақыт атаулы ұшпаққа арман құсын ұшыра алмай, қор 
болып жатыр. Ол дəл осы ретте үмітсіз де еді. Тұла бо йын 
талдырып, тепсінген нəресте жарық дүниеге – нұрлы сəу ле ні 
көруге  асыққан  сайын  азаптап,  құрсағын  тепкіледі.  Іңір ле-
ген үй, ірімтік-ірімтік ой, тұлан тұтқан жүрек пен əл сі ре ген 
жүйке – бəрі-бəрі  арпалысып,  күш  күресіп,  туар  ту ма ның 
жолын күтіп, дайындық қамына кіріскен сияқты. Ар дақ қат-
ты қысылып барып, ішін тарта ышқынып қалды да, тө сек тен 
аунап  түсті.  Жаңа  ғана  көзі  ілінген  қос  қария  бұл  дүр сіл ге 
оянған жоқ. Шыдай алмай шыңғырып қоятынын сезді. Ішін 
басқан күйі атасының үстінен аттап сыртқа шығып кетті. 
Таңнан хабар сезіледі. Ақшоқының ар жағы жұ қа лаң ғана 
ақ сəулеге оранған. Жым-жырт ұйып жатқан жайлы түн ала-
кө бең тартып, бірте-бірте бозғылттана бастады. Көл үс тін де 
көкшіл тұман бар сияқты. Таң алдындағы тау қой на уы ның 
мына қалпы мұңға бейім. Алаңсыздық, бей қам дық басым. 
Өз ішін өзі айқара басып алған Ардақ көлге жете алмай 
жы ғыл ды. Өзегін өкініштің өрті емес, дененің дерті жай ла-

327
ған  өзінен  гөрі  өзгені  кінəлағандай.  Кеше  ғана  тол қы ны на 
салып тербеткен қол алыстап бара жатқан балалық ша ғын-
дай қашаңдау қалыпты. Ерні кеберсіген. Ардақ қанша жан-
таласып жылжыса да, жете алмай-ақ мысы құрыды. Шір кін, 
шөліркеген таңдай бір жұтым суға зар. 
Ол суға жерік еді. 
«Мені кінəлап көрші!» – деп тепкіленген қыз құр са ғын-
да ғы  нəресте  жылдар  бойы  қараңғы  қапаста  қалып,  енді-
енді еркіндік аңсап, алтын арайлы аспанға ұшар ал дын да ғы 
құл шы ны сын жасап жатқан сұңқардай, ұлы са пар ға шы ғар 
табалдырыққа  таяп  тұр.  Бұлқынған  сайын, «енді  сен  ана-
сың!»  деп,  Ардақ  атына  зілсіз,  əрі  тілсіз  сəлем  жолдап  қа-
ла ды. Дүние рақымсыз, əрі керең екен, шыңғырған да уыс ты 
ешкім естіп, елеп-ескермеді. Бəрі де күмілжи мүлгіп, «шыр» 
еткен үнді тыңдауға құштарланғандай. Əне, бір боз тор ғай да 
пыр етіп ұшып, шырқай самғап өскелеңдеп барады, таң ата-
рын хабарлап тұр-ау... Күн шығар ма, жалпақ жаһан шуақ ты 
шұғылаға батар ма... Əттең, бір жұтым суға қол жетер ме... 
Апыр-ай, осындайда Алмас та келіп қалмайды екен... Су ша-
шысып ойнаса, жаны жай табар еді. Ардақ бар қуатын жиып, 
тағы да жылжыды алға. Бұл жақындаған сайын, Мар қа көл 
алыстай береді... алыстай береді... 
Одан  тек  Марқакөл  ғана  емес,  барша  ғалам  жырақ  тар-
тып,  жападан-жалғыз  талақ  тастап  кеткен  секілді.  Ол  тұң-
ғыш  рет  əлсіздіктің  бар  дерті:  жалғыз  жанашырсыз  қа лу да 
еке нін зерделеді. Ол тұңғыш рет ананың не себепті ар дақ ты, 
салқар  да  шалқымалы  айдындай  айбарлы  екенін  ұғып,  ана 
жүрегінің  зар-запыранын  еншіледі.  Ол  өз  ше ше сін  биік тен 
көрді.  Қайран  ана;  жаны  не  деген  берік  еді.  Сəбиді  дү ние-
ге келтіруден – Ақшоқыны аунатып жіберу əл де қай да оңай 

328
шығар! «Айналайын,  анам-ай,  ақылыңды  айтшы,  мынау 
жалмауызды қайтып қана жұлып тастаймын денемнен! Ай-
налайын,  анам-ай,  айтшы  ақылыңды – мен  тағы...  тағы  да 
осындай  дертке  душар  бола  берем  бе,  əлде  алды-арты  осы 
ма?! Айналайын, анам-ай, айтшы ақылыңды – ме нің кі нəм 
не,  жазығым  суға  түсіп  ойнағаным  ба,  сол  ға шық тар  жа-
йын да ғы  ертегіні  ертелеу  айтсаң,  осынша  отқа  күймес  пе 
едім, өрт күйге түспес пе едім. Айналайын, анам-ай, айтшы 
ақы лың ды – неден сорлы болдым, əлде мен туғанда қал  жа 
жемедің  бе,  əлде  əкемді  сүймеп  пе  едің,  əкем  сені  сүй меп 
пе  еді;  бір-біріңе  жылы  сөз  айтып,  күле  қара ғанда рың ды 
көр  ме дім  ғой.  Айналайын,  анам-ау,  жұлып  тасташы  мынау 
ты пыр ла ған  жаман  немені.  Кең  дүние,  не  деген  тар  едің, 
жаңа  сездім  ғой...  Жазығым  не,  Жаратқан  Ием...  жа зы ғым 
не... суға түсіп ойнағаным ба? Əке, ағайыныңмен татуласып, 
елге  көшіп  барар  күн  туар  ма  екен...  Шықты  ғой  жаным... 
құдай-ай,  өртендім-ау...  өлдім-ау...  айналайын,  ана,  қай да-
сың, ұсташы... ұсташы белімді! Сынды ғой! Əттең! Ойбу-уу 
а-аа-а!  Ардақтың  ашық  үлкен  қой  көзі  тұнжырап,  тұңғиық 
тартып барды да, баяу сөне жаздап, қайтадан шатынап, қан-
та лап ақиып кетті. 
– А-а... ааа! 
Баж еткен дауыс естілгенде, құстай ұшып шешесі де же-
тіп еді. 
Таң аппақ атып, шығар күн Ақшоқының басына қан-қан 
сəу ле сін  себезгілей  бастады.  Əлемді  алып  ұйқысынан  таң 
емес,  күн  емес,  жылаған  бала  даусы  оятқандай,  дүр  сіл кі-
ні сіп, түлеп-түрленіп сала берді. Түн түнегін серпіп тастап, 
зіл болып басқан ауыр мұңнан арылған адырлар ер тең гі лік 
мөл дір шуақты сағынышпен қарсы алды. Ақшоқыдан асып 

кеп түскен күннің қияс нұрын Марқакөл көптен күт кен қа-
дір мен ді  ғашығындай  кеудесіне  қонақтатып,  айнымастай 
боп  аймаласып  жатыр.  Бір-бірін  қанша  қуаласа  да,  қосыла 
алмай,  қор  болып  құрып,  ізінше  жаңасы  туындап  жататын 
Мар қа көл дің көк бұйра толқындары арпалысып, баз кешкен 
аға йын дар дың  бірікпейтін  тірлігіне  ұқсап,  қаз-қалпында – 
баз қалпында ілгерінді-кейін итінеді. 
Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын де не-
ні бар күнəдан, бар азаптан арашалап алғысы келген көл дің 
əлгі көп толқыңдары жағаға қаншама асығыс ұмтылса да, өз 
ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ. 
Осының бəрі менің құдіретім деп, табиғат мұртынан жы-
мияды. 
–  Қарғам-ау,  не  болды! – деп  ұмтыла  берген  Қо жа дан 
қызының  денесін  далдалай  берді  кемпірі.  Далдалай  бер ді 
де: «Ұста!  Арбаңдамай», – деді.  Бұл – шалына  алғаш  рет 
жүргізген əмірі-тін. Қожа тырбаңдаған қызыл шақа нə рес те-
ні жоғары көтеріп тұрып: 
– Əкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе – тимей-ақ қой-
сын. Артымда ат ұстайтын тұяқ қалды... Кемпір, əй, қа тын, 
мына жылбысқа еркек бала ғой! – деп Марқақөлге бір малып 
ап қойнына тыға салды. 
Сəбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Мар қа қөл: 
«Əкең менмін, əкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр...

330

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет