«бекітемін» Жаратылыстану Факультетінің деканы Апендина А. К. 2022 ж


Негізгі алмасудың дербес шамасын есептеу



бет4/18
Дата28.04.2023
өлшемі245,49 Kb.
#88156
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
техн

Негізгі алмасудың дербес шамасын есептеу
Сабақтың мақсаты Энергетикалық алмасудың фазаларын ажырату, зат алмасудың маңызын анықтап, өмірде қолдану.
.Сабақтың мазмұны

  1. Негізгі алмасу дегеніміз не

  2. Негізгі алмасуды анықтау жолдары

  3. Негізгі алмасу мөлшері

  4. Негізгі метаболизмді есептеу

Теориялық бөлім
Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:

  • аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.

  • дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.

  • комфортты температурада – 18-22оС

Негізгі алмасуды осылай анықтау себебі физикалық және эмоциялық жүктеме, тағам қабылдау және қоршаған орта температурасының өзгерістері организмдегі зат алмасу қарқындылығын күшейтеді, яғни энергия шығыны да күшейе түседі. Бізге төменгі шығынды есептеу керек болғандықтан, адамның тыныштық қалпында зерттеу жүргізіледі. Негізгі алмасудың энергиясы организмдегі барлық тіндер мен ағзалардың қалыпты қызметтерінің атқарылуына және дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады.
Негізгі зат алмасу ол көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Мысалы, адамның қоректенуіне, дене салмағына, дене температурасы бойы, астың мөлшері мен құрамы, істелген жұмысқа байланысты
Негізгі метаболизмнің энергетикалық шығындары-бұл ағзаның өмірлік маңызды процестерін жүзеге асыруға қажетті энергияның минималды мөлшері: тыныс алу, қан айналымы, ішкі секреция бездерінің жұмысы, экскреторлық функциялар, бұлшықет тонусын сақтау, жүйке жүйесінің жұмысы және т. б.
Негізгі алмасу мөлшері – бұл толық физикалық тыныштық жағдайында барлық физиологиялық және биохимиялық процестерді орындауға жұмсалатын энергия шығындары. НАМ арқамен жатқан адамда тыныштық күйінде, ауа температурасы 20 ° болатын бөлмеде соңғы тамақтанғаннан кейін 12-14 сағаттан кейін өлшенеді. Көптеген аспаптық өлшеулер негізінде НАМ есептежасін формулалар алынды.
Қалыпты дене бітімінде орташа адам дене салмағының 1 кг-на 1 сағатта 1 ккал құрайды. (НАМ есептеудің бұл түрі өте өрескел, бірақ орташа көрсеткіштерді шығару үшін жеткілікті екенін есте ұстаған жөн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет