Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/20
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

КМ 
09

«Фит
ом
ед
ицина 
және
 
ӛсімд
ік
терді 
се
лек
циял
ау
» 
ОН1 
Фит
омед
ицина
 
және
 
ӛсімд
ік
терді 
се
лек
ция
ла
у 
ту
ра
лы 
ба
залық 
бі
лім
де
рді қолдан
у   
 
БҚ1
-БҚ1

КҚ28
 
– 
КМ 
10

«Ақпаратт
ы
 жаз
у 
ОН1 Ақпа
ратты жа
зу
 әд
іс
теме
сі
н иге
ру
   
БҚ1
-БҚ1


21
 
20
 
 
КҚ30
 
 
әд
іс
теме
сі
» 
ОН2 Рит
ор
ика
ны бі
лу
  
КҚ28
 
– 
КҚ30
 
 
КМ 
11

«Малды
 
ұста
у 
жүйесі 
ме
н технол
огияс
ы
» 
ОН1 
Нақт
ы 
кә
сі
порынның 
ма
лд
ы 
ұста
у 
және
 
аз
ықтанд
ыру
 
бойынша
 
ӛндірісті
к 
қызме
тін
 ба
ғала
у  
  
БҚ1
-БҚ1

КҚ28
 
– 
КҚ30
 
 
КМ 1
2. 
«А
уылша
ру
ашылық 
ӛнімд
ердің
  на
ры
ғы ж
әне
 
са
уда
сы
, м
арке
тинг, 
корпора
ти
втік
 б
ас
қа
ру
 
және
 б
изнес 
стартап
» 
ОН1 На
рық
қа
 тал
да
у жүргіз
уге м
ашық
тану
   
ОН2 
А
уы
лша
ру
аш
ылық 
ӛні
мд
ердің
 
әле
мд
ік 
нарықт
арын 
жә
не 
ау
ылшар
уашылық ӛ
нім
де
рдің х
алық
арал
ық с
ау
да
сын бі
лу
   
 
ОН3 Жоба
ларды 
ба
сқ
ар
уға м
ашық
тан
у 
 
ОН4 А
уыл
шар
уаш
ыл
ық ӛнім
де
рді с
ат
у на
ры
ғын зер
тте
у әд
іс
теме
сі
н иге
ру
  
ОН5
 К
ор
пор
ат
ивті
к 
ба
сқ
ар
уд
ы
 және
 б
изнес 
стартапты б
іл
у.
 
БҚ1
-БҚ1

КҚ28
 
– 
КҚ30
 
 
КМ 
13

«А
уы
л 
шар
уаш
ыл
ық 
және 
қорша
ған
 
орта 
са
лас
ындағы 
са
ясат

Қо
лд
анб
алы 
экологи
я.
» 
ОН1
Агр
оэк
оло
гия
ны
 б
іл
у 
ОН2 Эк
ол
огиял
ық а
уы
л ша
ру
ашылықты 
бі
лу
   
ОН3 А
уыл
шар
уаш
ыл
ық с
ек
то
рд
ың әл
еу
меттік
-са
яси м
аңызын
 б
іл
у.
 
БҚ1
-БҚ1


22
6.  Білім беру бағдарламасының (модульдердің) мазмұны  
БЖКМ 01. Ферма шаруашылығын жоспарлау және ұйымдастыру не-
гіздері  
  Мақсаты: 
Ауылшаруашылық  кәсіпорындардың  қызмет  етуі,  жұмысты,  өндірісті 
жоспарлау  және  ұйымдастыру  әдістері  және  маркетингі  туралы  базалық 
білімдерді алу.
Модульге енгізу 
  Модульдің ауылшаруашылық өндірісі экономикасы және ұйымдастыру 
негіздерінің бөлімдері мен тақырыптары бар.
Осы  модуль  білім  алушыларды  ұйымдастырудың  негізгі  ұғымдарымен 
және өндірісті ұйымдастыру функцияларымен, сондай-ақ олармен байланы-
сты, жоспарлау, ұйымдастыру және құжаттандыру бойынша операциялармен 
таныстыруға  мүмкіндік  береді.  Осы  модульді  зерделеу  білім  алушылармен 
осылайша, басшы деңгейіне дейін кәсіптік өзін-өзі жетілдіруге  және дамы-
туға  қызығушылығын    нығайтуға  ықпал  жасап,  ауылшаруашылық  өндіріс 
технологияларын бағалау және сипаттау мәселелерін ұғынуға, оларды тиісті 
құжаттамамен және ауылшаруашылық кәсіпорындарда қабылданған бағалау 
әдістерімен таныстыруға ықпал етеді.
Сонымен  қатар,  модульдің  шеңберінде  білім  алушылар  экономикалық 
және экологиялық аспектілерде өндіріске, өндірістік процестерге әсер етуші 
факторларды, кәсіпорынның құрамы және мүлкі туралы, шаруашылық есебі 
және оның түрлері туралы, жалақыны есептеу, агрометереологиялық ақпарат-
ты пайдалану туралы,  егін шаруашылығының аймақтық жүйелері, өндірістік 
алаңдар, егіс айналымы, қоршаған ортаның  қазіргі заманғы  проблемалары, 
маркетинг жүргізу және оның  нәтижелерін  өндірістік қызметте пайдалану 
туралы зерделейді.  
  Осы  модуль  білім  алушыларға  ауылшаруашылық  кәсіпорындардың 
міндеттері  мен  қажеттіліктерін  белгілеуге  және  сипаттауға,  әртүрлі  жұмыс 
түрлері  үшін  ауылшаруашылық  машиналар  мен  жабдықтарды  белгілеуге 
мүмкіндік береді.
  Практикалық оқыту процесінде  негізгі есеп айырысу түрлерін жүргізу 
және АӨК кәсіпорындарын жедел есепке алу бойынша жұмыстың дағдыла-
рын игеру  көзделеді.
Оқыту нәтижелері:
ОН1  Ауылшаруашылық  өнімдердің  экономикасы  мен  нарығының  негіз-
дерін біледі;
ОН 2 Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынның ролін белгілейді;
ОН 3 Өндірістегі менеджмент пен маркетингтің рөлін ұғынады;
ОН 4 Еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техниканы сақтайды;
ОН 5 Ферма шаруашылығының экономикасын біледі;
ОН 6 Негізгі есеп айырысу түрлерін орындайды   
ОН 7 Ауылшаруашылық машиналар мен техниканы пайдалануға машықта-
нады  

23
Модульдің мазмұны
1.  Ауылшаруашылық өнімдердің экономикасы мен нарығының не-
гіздерін біледі
Ел экономикасының құрылымы. Экономика салалары және ақшалай және 
тауарлық  түсімдер  арқылы  олардың  байланысы.  Өзін-өзі  реттеу  тетіктері 
және оларды бұзу. Экономикалық өсудің циклдық сипаты. Мемлекеттің рет-
теуші міндеті. 
Реттеу мақсаттары. Нарық ұғымы және заңдары. Жасалған бәсекелестіктің 
нарығы. Еркін нарық, реттелмелі нарық. Бағаларға қатысты дотациялар, қол-
дау, кепілдіктер.   Кедендік салық. Ауылшаруашылық кәсіпорнында шығы-
стардың  құрылымына  және  баға  белгілеуге  әсері.  Нарық  жағдайына  теріс 
әсерлері. Жетілдірілмеген бәсекенің нарығы.  Монополия, олигополия. Кар-
тель және бағалар туралы келісім.
Қазақстан халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде. Қазақстанның сыртқы са-
уда айналымы: экспорты, импорты. Ауыл шаруашылықтың АӨК-дегі орны. 
Ел экономикасы үшін ауылшаруашылық өндірісінің маңызы. Азық-түлік қа-
уіпсіздігі.
Ауылшаруашылық  нарығы.  Жалпы  талаптар:  ҚР  ауылшаруашылық  на-
рықты  реттеу,  екіжақты  және  жалпыға  бірдей  сауда  келісімдері,  нарықтық 
бағдарлану және құрылымды сақтау, жанама іс-шаралар (мысалы, қаржылан-
дыруды ынталандыру және басқалар), сату құрылымдары және қайта өңдеу 
сатыларының мәртебесі, экспорт  нарығына қолжетімділігі.
Мақсаттары, мысалы: бағалардың ауытқуынан қорғау, өндірілген өнімнің 
санын реттеу. Құралдары, мысалы: нарыққа бағдарланған баға саясаты, ақша-
лай өтемақылар, квоталар беліглеу.
2.  Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның рөлін анықтай-
ды
Ұлттық  экономика  жүйесіндегі  кәсіпорын.  Кәсіпкерлік  және  кәсіпорын-
ның ұйымдастурышылқ-құқықтық нысандары.  Жеке кәсіпорын. Ұжымдық 
кәсіпорындар:  серіктестік,  мысалы,  тартылатын  капиталымен  жай  серікте-
стік, қоғам [компания] (ЖШС, АҚ). Өзге де түрлері: серіктестіктер, бірлестік-
тер, одақтар.    
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы. Кәсіпорындағы еңбек ре-
сурстары, оларды тиімді пайдалану және еңбекті төлеу. Өндіріс шығындары, 
калькуляция, өнімнің өзіндік құны, өнімге бағалар қалыптастыру.  
Ауыл шаруашылықтағы өндірістік жүйелер: дәнді дақылдарды өндіру бой-
ынша  нарықтық кәсіпорындар, жемшөп  өндіру  бойынша  нарықтық кәсіпо-
рындар,  көп жылдық дақылдармен айналысатын кәсіпорындар, мал шару-
ашылығының (мысалы, мал шаруашылығы, қой-, шошқа-, құс-, ара-, аң шару-
ашылығы және басқалар) кәсіпорындары, аралас нысанындағы кәсіпорындар. 
Бірлестіктер, одақтар. Ауылшаруашылық және балық өндіруші кәсіпорын-
дары иелерінің бірлестіктері. Өндірушілердің ортасы. Машиналық-трактор-
лық техниканың станциясы. 
Шағын  және  орта  кәсіпорындардың  маңызы:  шаруашылықты  басқару, 
кірістілігі, бәсекеге қабілеттілігі, жабдықтау және сату.

24
3.  Өндірістегі менеджмент пен маркетингтің рөлін ұғынады 
Ұйым менеджментінің ұғымы, маңызы, функциялары. Кәсіпорынды құру, 
тіркеу, лицензиялау және тарату. Кәсіпорынның мүлкі. Кәсіпорынның жауап-
кершілігі, банкроттығы. Технологиялық және өндірістік процестерді басқару.
Ұйымды басқаруды жоспарлау. Ұйымдастырушылық құрылымы. Ұйымды 
басқарудағы басшылық және көшбасшылық.  Ұйым қызметін бақылау. Стра-
тегиялық басқару. Стратегияны жоспарлау процесі. Баламаларды талдау және 
стратегияны таңдау.  Стратегияны іске асыруды басқару. Инновациялық про-
цесстерді басқару. Дағдарысқа қарсы басқару. 
Менеджердің функциялары мен жеке басы.  Кәсіпорын және менеджмент. 
Басқару  деңгейлері:  міндеттері,  бөлу,  «инстанциялар  тізбесі».  Басқару 
құрылымы:  желілік,  функционалдық,  біріктірілген  құрылымдар  (қызмета-
ралық).  Жүйелік  өзгерістердің  қажеттілігі.  Өзгерістерді  басқару.  Адамның 
жүріс-тұрысындағы  өзгерістер.  Адамның  ұйымға  кіруі.  Қызметтің  уәжде-
месі. Қазіргі заманғы еңбекті ұйымдастыруда топтық жұмыс істеу әдістерінің 
маңызы. Табыскер менеджердің қасиеттері. Жақсы басшының ережесі. Ком-
муникация  процесі.  Коммуникация  моделі:  негіздері  (жіберуші  –алушы, 
мәтін, кодтау және өзге), коммуникацияны бұзу. Коммуникациялық стильдер. 
Коммуникация және басқару. 
Маркетинг  ұғымы,  оның  мақсаттары,  функциялары,  қағидалары,  жіктеу, 
маркетингтің  негізгі  тұжырымдамалары,  нарықты  сегменттеу,  маркетинг 
объектілері мен субъектілері, маркетингтік орта, маркетинг құралдары, сұра-
нысты зерделеу, қалыптастыру, болжамдау және икемділігі, сатуды ынталан-
дыру, нарықта тауарларды және көрсетілетін қызметтерді жылжыту әдістері, 
жарнама, сату және баға саясаты.  Баға белгілеу міндеттері және стратегиясы, 
бағаларды  жіктеу,  нарықты  маркетингтік  зерттеу,  маркетингтің  ақпараттық 
жүйесі, маркетингтің стратегиясы мен тактикасы.
Менеджмент  және  маркетинг  саласындағы  қолданбалы  бағдарламаны 
қамтамасыз  ету  және  ақпараттық  ресурстар,  сараптамалық  жүйелер  және 
кәсіптік қызметте шешімдер қабылдауды, модельдеуді және болжауды қолдау 
жүйелері. 
4.  Еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техниканы сақтайды
Еңбек құқығының ұғымы. Еркін еңбекке құқығының ұғымы. Еңбек туралы 
заңнама. Еңбекті қорғау қауіпсіздігі ұғымы. Жұмыскерлердің еңбекті қорғауға 
заңды кепілдіктері. Денсаулық және салауатты өмір салты туралы ұғымы. Ең-
бек гигиенасы. Кәсіпорындағы қауіп көздері: жұмыс аймағындағы өндірістік 
шу мен діріл, зиянды заттар, сәулелену, жылу, шаң, жұмыскерлердің өздеріне 
тән кәсіптік жұқпалы аурулар және олардың алдын алу. 
Жазатайым  оқиғалардың  туындауының  әдеттегі  ахуалдары  (ауылша-
руашылық  кәсіпорындардың  мысалында).  Жазатайым  оқиғаларды  тергеу 
тәртібі. Жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды рәсімдеу және тіркеу 
процесі.
Жазатайым оқиғалардың статистикасы және оларды талдау.  Әртүрлі өн-
діріс  түрлеріндегі  қауіпсіздік  техникасы.  Қорғау  айлабұйымдары:  құрылыс 
ғимараттарында; машиналар мен жабдықтарда, малмен жұмыс істеген кезде. 
Қорғау  белгілері.  Өндірістік  гигиена.  Адамдардың  жеке  қорғау  құралдары. 
Жұмыс берушінің міндеттері. Жұмыс уақыты. Еңбек міндеттері. Жұмыс бе-

25
руші. Жазатайым оқиғалардан өндірістік қорғау, өндірістік жарақаттар. Ме-
дициналық жәрдем көрсету ережесі. Ауыл шаруашылықтағы өрт қауіпсіздігі.  
Кәсіптік жұмыстың маңызы.
Адам еңбегінің өнімділігіне әсер етуші факторлары. Эргономикалық аспек-
тілердің есебімен жұмыс орнын ұйымдастырудың негізгі қағидалары. 
5.  Ферма шаруашылығының экономикасын біледі
Орналастыруға әсер етуші факторлар: топырақ (өндірістік аудандар, баға-
лау), климат (орналасу биіктігі, жауын-шашынның орташа жылдық нормасы, 
орташа жылдық температуралар, вегетациялық кезең), көлік жолдарына қа-
тысты орналасуы.  
Өндірістің негізгі факторы ретінде жер ресурстары. Еңбек ресурстары: жұ-
мыс күшін бөлу; еңбекке қабілеттілігін, еңбек шығындарын бағалау. Негізгі 
және айналмалы капитал: ғимараттар және құрылыс ғимараттар, машиналар 
мен жабдықтар, ауылшаруашылық мал, запастар.  Кәсіпорын басшысы білік-
тілігінің маңызы.  
Экологиялық  қағида:  шаруашылықтың  орналасуының  есебімен  өндіріс, 
мамандануының есебімен мал шаруашылығы, өндірістің қарқындылығы.  
Экономикалық  қағида:  тұрақты  және  ауыспалы  шығыстар,  төмендейтін 
түсімділіктің  заңы,  өнімнің  бірлігіне  есептегенде  шығындардың  төмендеу 
заңы. Табиғи ресурстарды бағалау (кадастрлық әдіс). Табиғатты тиімді пай-
далануды ынталандыру (салық саясаты). Табиғат қорғау шараларының эконо-
микалық тиімділігі.
Тауарлық-материалдық запастардың қозғалысы. Жалпы және тауар өнімі: 
шығыстары, бағалары. Бағалардың құрылымы.  
Өндіріс шығындарының мазмұны: негізгі шығыстар, тура шығыстар, жана-
ма шығыстар.  Салынба шығыстар. Жалпы шығыстар: жалпы шаруашылық, 
жалпы өндірістік. Шығыстарды жабу үлесі. Жалпы шығыстарды жабу үлесі. 
Кәсіпорынның  пайдаланушылық  [өндірістік]  шығыстары  –  кәсіпорынның 
пайдасы.  Кәсіпорынның  табысы.  Пайда.  Табыстылығы.  Өтімділігі.  Белсен-
ділігі. Айналым және пайда.  
Кәсіпорындар, өндіріс бағыттары, өндірістік сала бойынша шығындарды 
жабу үлестерін салыстыру. Орташа облыс, ел, әлем бойынша.  Сапасы төмен 
тауарлар үшін баға белгілеу. Тауар-алмастырғыштар үшін баға белгілеу. Өн-
дірушілердің бағаларға циклге қарсы реакциялары. Кәсіпорын үшін мерзімді 
мәміленің бағасын белгілеу проблемалары.
Аграрлық кәсіпорындардың шығыс бөлігінің сипаттамасы (кейбір салалар-
ды кәсіпорында жоғары инвестициялық шығыстар, тұрақты шығыстар). Са-
тып алу және сату бағасының арасындағы айырмасын көбейту үшін, ауылша-
руашылық кәсіпорындары үшін мүмкін стратегия ретінде тік бірігу. Аралас 
типті кәсіпорын тәуекелдерді басқару мүмкіндігі ретінде.  
6.  Негізгі есеп айырысу түрлерін орындайды  
Негізгі есеп айырысу түрлері. Иерархияны есепке алу, нәтижелердің азық 
мөлшеріалды  дәлділігі.  Кестелерді  диаграммаларға  ауыстыру,  мысалы:  Қа-
зақстанда  жерді  пайдалану,  егіс  аудандарының  құрылымы.  Жиіліктер  және 
жиілік  диаграммалары,  мысалы:  кәсіпорындар  мөлшерлерінің  сыныптары, 
жауын-шашын түсу және температуралық диаграммалары. Кестелер мен гра-

26
фиктерді құру тәртібі.
Пайдалар  мен  шығындардың  есебі,  мысалы,  машиналарды  шектен  тыс 
пайдалану кезінде пропорционалды шығындар. Орташа шамалар. 
Кредиттер бойынша шығыстар. Бағаларды салыстыру, кредитті алу арқылы 
қолма-қол ақшаға сатып алу. Прейскуранттық баға, қолма-қол ақшаға сатып 
алынатын тауарларға баға, таза төлемнің бағасы.
1 кг. таза қоректік затқа шығыстар. Көптеген ауыспалы шамалармен есеп-
тер.  
Қоспалы  тыңайтқыштардың  (NPK  тыңайтқышы)  есептеріне,  таза  төлем-
дерге, шығыстарға қайта есептеу жүргізу. 
Сатып алған және пайдаланған кезде шығындардың үлесі, мысалы: ауыл-
шаруашылық машиналарды түрлері бойынша.   
Бағаларды есептеу: көтерме, бөлшек баға. Мемлекетпен кепілдік берілген 
баға.  
Әртүрлі салаларда шығындарды жабудың жай үлестерін есептеу: өсімдік 
шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауылшаруашылық техника.
Шығындарды жабу үлесінің шектеулі санында бар өндіріс факторларымен 
байланысы: сағ/1 адам үшін шығындарды жабу үлесі, 1 га шығындарды жабу 
үлесі, пайдаланылатын капиталдың бірлігіне  шығындарды жабу үлесі. Пай-
даның мөлшерін белгілеу. 
7.  Ауылшаруашылық  машиналар  мен  техниканы  пайдалануды 
біледі.
Тракторлар  мен  ауылшаруашылық  техниканың  сыныптамасы.  Трактор-
лардың негізгі тетіктері. Іштен жанатын қозғалтқыш: іштен жанатын қозғал-
тқыштың  жалпы  құрылысы  және  жұмысы;  автотракторлық  қозғалтқыштар 
үшін  жанармай;  қозғалтқыштардағы  шынайы  процестері,  қозғалтқыштың 
негізгі  мөлшерлерін  белгілеу.  Иін-бұлғақты  тетік  және  газ  бөлгіш  тетік: 
иін-бұлғақты  тетіктің  кинематикасы  мен  динамикасы;  Иін-бұлғақты  тетік-
тің құрылысы және жұмысы; газ бөлгіш тетіктің  құрылысы және жұмысы. 
Қуаттану  жүйесі  және  қозғалтқыштың  реттеушісі.  Майлау  және  салқында-
ту  жүйелері.  Электр  жабдықтар.  Қозғалтқыштарды  қосу.  Автотракторлық 
қозғалтқыштардың  сипаттамалары  және  оларды  сынау.  Тракторлар  мен  ав-
томобильдерді  күштік  тапсыру.  Тракторлар  мен  автомобильдерді    жүргізу 
тетіктерінің жүрістік бөлігі. Тракторлар мен автомобильдердің жұмыс және 
қосымша жабдықтары.   

27
Оқыту нәтижелері мен бағалау өлшемдері  
Оқыту нәтижелері, 
осы модульді  
табысты аяқтаудан 
кейін білім алушы  
Бағалау өлшемдері
Білім алушы  
ОН1 
Ауылшаруашылық 
өнімдердің 
экономикасы 
мен нарығының 
негіздерін білуге
1.1 
Ел  экономикасындағы  ақшалай  және  тауарлық 
түсімдердің  ерекшелектерін  түсіндіруге,  нарықтың  теңгеруші 
функцисын және мемлекеттің реттеуші рөлін ұғынуға;
1.2 
Нарықтық экономикадағы баға белгілеу ерекшеліктерін, 
сондай-ақ 
монополияландыруды 
болдырмау 
және 
олигополиялардың  туындауы  үшін,  монополияға  қарсы 
құрылымдардың функциясын ұғынуға;
1.3 
Халықаралық  тауарлардың,  көрсетілетін  қызметтер 
мен  төлемдердің  түсімдерімен  өзара  байланыс  жүйесінде 
Қазақстанның экономикасын ұғынуға;
1.4 
Тұтас 
алғанда 
ел 
экономикасындағы 
ауыл 
шаруашылықтың  маңызы мен орнын ұғынуға;
1.5 
Ауылшаруашылық  нарық  және  оның  тетіктері  туралы 
түсінікті  игеруге;
1.6 
Ауылшаруашылық 
машиналардың 
жіктемесін 
жұмыстардың түрлері және маңыздары бойынша белгілеуге.  
ОН 2 Нарықтық 
экономика 
жағдайларында 
кәсіпорынның рөлін 
белгілеуге 
2.1 
Ел  экономикасының  шеңберінде  ауылшаруашылық 
кәсіпорынның орнын сипаттауға; 
2.2 
Кәсіпорындардың 
ұйымдастырушылық-құқықтық 
нысандарын  салыстыру  және  олардың  құқықтық  мәртебесін 
белгілеуге;
2.3 
Жалпы  экономикалық  жағдайлардың  ауылшаруашылық 
кәсіпорынға әсерін айқындауға;
2.4 
Шаруашылықты 
жүргізу 
жүйесін 
және 
ауыл 
шаруашылықта мамандану нысандарын атау және бағалауға;
2.5 
Қажеттілікті дәлелде және шаруашылық субъектілердің, 
одақтардың, көп салалы бірлесудің нысандарын сипаттауға;
2.6 
Шағын  және  орта  кәсіпорындардың  жаһандану 
жағдайларында мүмкіндіктерін бағалау және нарықтық ұяларды 
ашуға.
ОН 3 Өндірістегі 
менеджмент пен 
маркетингтің рөлін 
ұғынуға  
3.1 
Менеджменттің негізгі қағидаларын және  менеджердің 
функцияларын ұсыну және ауылшаруашылық кәсіпорындардың 
әртүрлі  ұйымдастырушылық-басқарушылық    құрылымдарын 
бағалауға;
3.2 
Бейімделу  және  өзгеретін  жағдайлар  процесінің 
көзқарасынан  қазіргі  заманғы  басқарушылық  және  әкімшілік 
құрылымды және басшылық стилінің маңызын ұғынуға
3.3 
Тұлғааралық  коммуникацияның  негізгі  қағидаларын 
білу  және  ауылшаруашылық  кәсіпорнында  еңбек  жағдайлары 
шеңберінде оларды ұғынуға;
3.4 
Қолайы 
сатуды 
ұйымдастыруға 
бағдарланған 
кәсіпорынды басқару ретінде маркетингті көрсетуге; 
3.5 
Кәсіби  тілді  пайдаланып,  ауызша,  жазбаша  және 
компьютерлік нысанында фактілер мен пікірлерді білдіруге;
3.6 
Бизнес-процестерді модельдеуге. 

28
ОН 4 Еңбекті 
қорғауды және 
қауіпсіздік 
техниканы сақтауға 
 
4.1 
Ауылшаруашылық  кәсіпорнындағы  еңбек  ахуалдың 
ерекшеліктерімен байланысты еңбекті қорғау маңызын ұғынуға;
4.2 
Кәсіби  аурулардың  пайда  болу  себептерін  білу  және 
зиянды факторларды бажайына келтіруге;
4.3 
Әдетті жазатайым оқиғаларды тудыратын себептерді білу 
және  оларды  болдырмау  үшін  маңызды  нұсқаманы  пайдалану 
және  олардан  бақылау  жүйесінің  және  профилактикалық  іс-
шаралардың есебі арқылы құтылуға;
4.4 
Кәсіпорын  басшылығының  еңбекті  қорғау  мәселелері 
жөніндегі құқықтарын, міндеттері мен функцияларын ұғыну;
4.5 
Өртке қарсы қауіпсіздіктің маңызын ұғыну, өртке қарсы 
қауіпсіздік жүйесін білу және өрт болған жағдайдағы тәртіппен 
танысуға;
4.6 
Еңбек  өнімділігі  мен  жұмыс  орнын  ұйымдастырудың 
арасындағы өзара байланысты белгілеуге;
ОН5 Ферма 
шаруашылығының 
экономикасын 
білуге 
5.1 
Аграрлық өндірістің көрсеткіштеріне экономикалық әсер 
етуші  ретінде,  ферма  шарушалығын  орналастырудың  табиғи 
факторларының маңызын түсіндіруге;
5.2 
Ауылшаруашылық өндірістің өндірістік факторларының 
сипаты және кіріс үшін олардың маңызын игеруге; 
5.3 
Экономикалық  және  экологиялық  аспектілер  саласында 
аграрлық өндірісті ұғынуға
5.4 
Ауылшаруашылық  кәсіпорындағы  тауарлық-ақшалай 
түсімді  түсіндіру  және  өндіріс  шығындарын  есептеуді 
машықтануға;  
5.5 
Өндірістік-экономикалық 
табыстың 
маңызды 
өлшеуіштерін  ұғыну  және  кәсіпорынның  салалар  бойынша 
экономикалық тиімділігіне талдау жүргізуге;
5.6 
Өндіріс  шығындарының  үлесін  статистикалық  тұрғыда 
орташа көрсеткіштерімен салыстыруды жүргізуге. 
5.7 
Ауылшаруашылық  нарықтардың  инфрақұрылымын 
және ауылшаруашылық өнімдерге баға белгілеу ерекшеліктерін  
ұғыну және оны негізіне ала отырып, өндірістік  стратегияларды 
белгілеуге;
5.8 
Тәуекелдер  көзқарасынан  мамандандырылған  және 
аралас кәсіпорындарды бағалауға;  
5.9 
Қауіпсіздік  техниканы  және  қоршаған  ортаны  қорғауды 
сақтауға;  
ОН6 Негізгі есеп 
айырысу түрлерін 
орындауға
6.1 
Сауда-коммерциялық 
қосымша 
шоттар 
үшін 
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
6.2 
Деректерді  жинау  және  жай  графиктер/  диаграммалар 
жасауға;
6.3 
Пайдалар  мен  шығындарға  есептеу  жүргізу,  орташа 
маңызы мен үлестерін есептеуге;
6.4 
Сату  туралы  ұсынстарды  және  кредиттер  бойынша 
шығыстарды тексеруге және бағалауға;
6.5 
Машиналар  мен  жабдықтарды  ұстауға,  топырақты 
тыңайту үшін қаражаттың шығыстылығын есептеуге;
6.6 
Мал  шаруашылығы,  өсімдік  шаруашылығы  және 
ауылшаруашылық  техника  саласында  сауда-коммерциялық 
есептеуді жүзеге асыруға;  

29
ОН7 
Ауылшаруашылық 
машиналар 
мен техниканы 
пайдалануға 
машықтануға тиіс
7.1 
Ауылшаруашылық    машиналардың,  тракторлар  мен 
автомобильдердің түрлері мен сыныптамасын білуге
7.2 
Ауылшаруашылық   машиналар мен аспалы жабдықтардың 
құрылысын білуге  
7.3 
Ауылшаруашылық   машиналар мен аспалы жабдықтарға 
техникалық қарау жүргізуге 
7.4 
Ауылшаруашылық    машиналар мен аспалы жабдықтарды 
жүргізуді машықтануға тиіс.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал