Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/20
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

БЖКМ 02. Топырақты егуге және салуға даярлау  
Мақсаты
Кәсіптік әрекеттер мен операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті, топы-
рақты егуге, салуға және негізгі жұмыс ауылшаруашылық  техниканы даярлау 
технологиялар туралы білімдерді беру.
Модульге енгізу
  Білім  алушылар  дәнді,  майлы  дақылдарды  және  дән  бұршақ,  тамыр 
және түйнек жемістердің өндірісіне, егіс көкөніс шаруашылығына, шабындық 
жайылым шаруашылығына және жемшөп егін шаруашылығына, жүгері өн-
діруге өңірлердің тұтынушылығының есебімен өсімдіктерден жасалған өнім-
дерді өңдеу іс-шаралары мен технологиясын, егіс айналымын және өсімдік 
шаруашылығының бағыттарын тікелей модульде зерделейді және бағалайды. 
Осы модуль жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, еңбекті қорғауды және 
қауіпсіздік  техниканы  сақтап,  әртүрлі  машиналарды,  құрылғыларды,  жаб-
дықтар  мен  құрал-саймандарды  пайдалану  бойынша  тақырыптарды  қамти-
ды.   
Оңтайлы өсу жағдайларды жасау  үшін, өсімдіктерде болып жатқан био-
логиялық және физиологиялық процестердің негізін құраушы,өсу факторла-
ры, сондай-ақ олардың экологиялық, климаттық жағдайлардан, ауа райынан 
және топырақтардың түрінен тәуелділігі  бойынша білімдер алу қажет. Бұдан 
басқа, зерделеу үшін, екпе өсімдіктерді және олар үшін зиянды ағзаларды, 
сондай-ақ тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау және сұрыпын жақ-
сартушы өңдеу жолымен өнімділік пен сапасын арттыру бойынша іс-шара-
ларды білудің орталық маңызы және жағдайы бар.  
Кәсіпорынды  табысты  дамыту  үшін,  өңірлердің  аграрлық  нарықтары-
на,  сондай-ақ  өндіріс  және  көрсетілетін  қызметтер  нарығының  сегментіне, 
өндіріс  факторларына  ерекше  сүйеніп,  нарықтық  экономикада  дамып  келе 
жатқан  экономикалық  жүйенің  жалпы  үлгі  шарттарына  ауылшаруашылық 
кәсіпорынның қосылғандығын ұғыну маңызды.  
Модульге машықтар мен дағдыларды қалыптастыру арқылы алынған білім-
дерді бекітіп, практикалық оқыту кіреді.
  Модульдің  шеңберінде  осы  білімдердің  негізінде  өңірлерде  өсімдік  ша-
руашылығында өндірістік типтік бағыттарды өсіру технологиялары, әсіресе 
өсімдіктерден  жасалған  өнімдердің  экономикалық  тұрғыда  табысты  және 
ұзақ өндірісіне жету үшін, іс-шаралар көрсетіледі.  
 

30
Оқыту нәтижелері 
ОН  1  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдері  өндірісінің  негізгі  факторларын 
біледі.
ОН 2 Қауіпсіздік техниканың ережесін сақтап, топырақты егу алдында өң-
деудің агротехникалық амалдарын орындайды.
ОН 3 Егу тәсілдерін және отырғызу материалдарды таңдайды
        
Модульдің мазмұны
1.  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдері  өндірісінің  негізгі  факторларын 
біледі
Метеорологиялық  факторлар,  олардың  өзара  әсері  және  өлшеу:  ауаның 
температурасы,  қысымы,  циклон,  антициклон,  жел,  ауаның  ылғалдылығы, 
жауын-шашындар,  ауа-райы    фронттары.  Метеорологиялық  болжамдардың 
маңызы. Ауа-райы туралы деректерді жинау, Ауа-райын бақылау.   
Ұғымдар: экология,  биотоп,  биоценоз, экожүйе, биологиялық теңдік. Зат-
тардың  алмасуы  және  энергия:  өндірушілер,  тұтынушылар,  гетеротрофтық 
ағзалар /редуценттер. 
Тағамдық  пирамидалар/тізбектер. Биологиялық теңдіктің  бұзылуы, мыса-
лы, монодақылдар, тыңайтқыштың артық болуы, жаппай мал шаруашылығы, 
химиялық құралдарды пайдалану, суларды эвтрофикациялау және нитраттар-
мен ластану үшін. Жер құрылысының салдары.  
Табиғат  өсімдік  қауымдастықтары  және  олардың  орналасу  жағдайлары, 
мысалы, ылғалды аудандар, қуаң және құнарсыз жерлер, орман алқаптары, 
көшеттер. Егіс айналымы. Аграрлық өндіріс өсімдіктерінің топтары, мысалы, 
қалампыршөп өсімдігі, орман өсімдігі. Ландшафттың өзгеруі, пайдалану та-
рихы және өзгерістер. Жерді өңдеу және орналасу жерінен тәуелді онда шару-
ашылық ету маңызы. Қазақстанның табиғат-шаруашылық аймақтары (дала, 
орманды дала, орман аймақтары, тау жерлер). Су ресурстарын қорғау бойын-
ша іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу бойынша 
іс-шаралар. 
  Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы өндірісінің саласындағы 
заңнама. Қазақстанның ауылшаруашылық нарығы. Жалпы талаптар: ҚР ауыл-
шаруашылық нарығын реттеу; екіжақты және жалпыға бірдей сауда келісім-
дері; құрылымды нарықтық бағдарлау және сақтау; жанама іс-шаралар (мы-
салы, қаржыландыру ынталандыру және басқа); сату құрылымы және қайта 
өңдеу сатысының мәртебесі; экспорт нарығына қолжетімділігі. 
  
2.  Қауіпсіздік техниканың ережесін сақтап, топырақты егу алдында 
өңдеудің агротехникалық амалдарын орындайды.
Топырақтың  пайда  болуы:  басты  жыныстар,  магматикалық  жыны-
стың  шығарылуы  және  метаморфиялық  тау  жынысы,  тұнба  және  қат-қа-
бат тау жыныстары, батпақ. Топырақ пайда болу режимі. Топырақтың пай-
да  болуы:  физикалық  күштер,  химиялық  күштер,  биологиялық  күштер. 
Топырақтың құрауыштары: минералдық құрауыштар, құм. Шаң тәрізді құм. 
Балшық, әктас. Органикалық құрауыштары: көң, топырақ жиегі. Топырақтар-
дың түрлері:  белгілеу, маңызы.
Топырақтардың  түрлері:  құмды  топырақ,  сазды  топырақ,    саздақ  топы-

31
рақ, көңді топырақ. Топырақ құрылымының сипаттамалары, мысалы, сута-
сығыштығы, ауа өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі, құнарлы заттардың болуы, 
өңделіп шығушылығы.
Топырақтық коллоидтар ретінде балшық пен көң:  көздері, кемуі, флокуля-
ция, буферлігі. Топырақтық реакциялар, pH шамасы.
Тұз қышқылының үлгісі. pH-метр индикаторларымен үлгі, N мин. әдісі. 
Ауылшаруашылық  машиналар  мен  құралдар  туралы  жалпы  мәліметтер.  
Тракторлар, іштен жанатын қозғалтқыштар туралы негізгі мәліметтер. Іштен 
жанатын қозғалтқыштардың тетіктері мен жүйелері. Топырақты негізгі, бет-
кі  өңдеуге  арналған  машиналар  мен  құралдар.  Егін  егуге  және  отырғызуға 
арналған  машиналар,  тыңайтқыштарды  енгізуге  арналған  машиналар.    Қа-
уіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау. Қауіпсіз жол жүру қағида-
лары.  Ауылшаруашылық кәсіпорында техникалық қызмет көрсету бойынша 
жұмыстарды  жүргізуді  жоспарлау:  конструктивтік  бөлшектерінің  күтілетін 
қызмет ету мерзімі және шыдам мерзімі,  тозатын бөлшектерді профилакти-
калық ауыстыру, майлау жұмыстарын жүргізу жоспары, маусымдық мерзімде 
машиналардың жарамсыз болып қалуымен байланысты шығыстарды бағалау.
3.  Егу тәсілдерін және отырғызу материалдарды таңдайды.
Өсімдік  жасушасының  малдың  жасушасымен  салыстырудағы  құрылысы. 
Құрауыш жасушалар. Митоз. Санцитий (ұлпа).
Дән: құрылысы, өнуі. Тамыр: тамыр жүйесі, тамырдың құрылысы. Суды 
және қоректік заттарды сіңіру.
Жапырақтың құрылысы: бөліктері, жүйкелену нысандары, көлденең кесік. 
Жапырақтың функциялары:  фотосинтез, дем алу, транспирация.
Тармақтардың  нысаны:  жер  үсті  және  жер  асты  тармақтары,  бүршіктер, 
тармақтардың өзгеруі. Өткізгіш шоқ және қоректік заттарды тасымалдау.
Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі. Микроскоп-
тың астында бақылау: пияз қабығының жасушаларын, балдырларды, жапы-
рақ саңылауын, сабақтың кесіндісін. Өсімдіктердің аурулары. Өсімдіктердің 
зиянкестері және өсімдіктер үшін пайдалы жәндіктер.  
Гүл: құрылысы, гүлшоғыр түрлері мен нысандары. Жемістер:  жемістердің 
түрлері, тұқым материалының жарамдылығы.
Өсімдіктердің жыныстық емес көбеюі: маңызы, түрлері, мысалы, сабақта-
ры,  қосымша  бұтақтары.  Кесінділер.  Ұлпа  дақылдары.  Өсімдіктердің  жы-
ныстық  көбеюі:    ұрық  жасушаларының  пайда  болуы  (мейоз),  дән  бүршік, 
ұрықтандыру.
Хромосомдар  тұқым  қуалаушылықты  тасушысы  ретінде.  Мендельдің 
тұқым  қуалаушылық  заңы:  біркелкілігі  заңы,  гендерді  тәуелсіз  қосу  заңы, 
тәуелсіз ыдырау заңы. Тұқым қуалаушылық тәртібі: басым болу, рецессивтік, 
аралық.
Селекциялау. Будандастыру. Гибридтер. Биотехника, мысалы, гендік техни-
ка. Гендік инженерияны пайдаланып, өсімдік егу
  Беріктігі. Мыңдаған дәндердің салмағы. Өсу күші. Тұқымдардың өн-
гіштігі. Дәндерді егуге даярлау амалдары. Егістерді егістік  апробация.
Өсімдіктерді түрі, сұрыбы, тұқымдастығы бойынша жүйелендіру. Өсімдік-
терді белгілеген кезде әрекеттердің жүйелілігі.
  Дәндері, бұтақтары, тармақтары бойынша пайдалы өсімдіктерді сәйке-

32
стендіру: шөптер, бидай, бұршақ, арамшөптер. Қиын жұлынатын арамшөп-
тер және тұқымдық материалды тазарту.
  Паразит және паразит емес зақымданудың және аурулардың белгілері 
мен себептері. Даму жағдайлары және өмірлік циклдары. Өсімдіктерді қорғау 
түрлері мен әдістері. Өсімдіктерді қорғау мәселесі жөніндегі кеңес беру ұй-
ымдары. Құқықтық нұсқамалар, мысалы, өсімдіктерді қорғау туралы заң.  
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту 
нәтижелері, 
осы модульді  
табысты 
аяқтаудан кейін 
білім алушы  
Бағалау өлшемдері
Білім алушы 
ОН1 Өсімдік 
шаруашылығы 
өнімдері 
өндірісінің 
негізгі 
факторларын 
білуге
1.1 
Экологиялық  факторларды,  биогеохимиялық  циклдарды, 
экологиялық  тепе-теңдікті  түсіндіруге,    биоалуандылықты  сақтау  
және  ландшафтты қорғау қағидаларын сипаттауға
1.2 
Ауа-райын  белгілейтін  факторларды  және  ауа-райы 
құбылыстарын, сондай-ақ олардың өлшеу әдістерін ұғынуға;
1.3 
Жер  құрылысы  мәселелері  жөніндегі  шешімдерді 
экологиялық талаптар бойынша негіздеуге;
1.4 
Кәсіпорын  үшін  өсімдік  өнімі  өндірісінің  және  табиғи 
орналасуының  экономикалық  жағдайларын  пайдаланып,  оның 
қызмет етуінің  негізгі факторларын түсіндіруге;
1.5 
Егіс айналымының қажеттілігін сипаттауға;
1.6 
Ауылшаруашылық  нарық  және  оның  тетіктері  туралы 
түсінігі болуға;
1.7 
Өсімдік  саласында  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  іс-
шараларды жоспарлауға;
1.8 
Ауа-райы карталарын және метеорологиялық болжамдарды 
түсіндіруге;
1.9 
Өңірдегі  жауын-шашынның  жылдық  мөлшерін  талдауға, 
тиісті ауа-райы құбылыстарын бақылауға және жазуға;
1.10  Ауыл шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік 
құқықтық актілерді, заңдарды назарға алуға.  
ОН2 Қауіпсіздік 
техниканың 
ережесін сақтап, 
топырақты егу 
алдында өңдеудің 
агротехникалық 
амалдарын 
орындауға
 
2.1 
Топырақтың  пайда  болу  процестерін  түсіндіруге  және 
топырақтың құрауыш элементтерін атуға;
2.2 
  Топырақтың  құрылымына  әсер  ететін  факторларды 
белгілеуге;
2.3 
Топырақтың  құрылымы  мен  құрамына  талдау  жүргізуге, 
оның құнарлылығын бағалауға;
2.4 
Талаптарға сәйкес топырақты өңдеу үшін ауылшаруашылық 
дақылдардың қажеттілігін түсіндіруге; 
2.5 
Ақпараттық 
ресурстарды 
пайдаланып, 
топырақтар 
түрлерінің сыныптамасын рәсімдеуге;
2.6 
Әртүрлі топырақты өңдейтін техника маңызының сипатын 
білуге;
2.7 
Топырақты 
өңдейтін 
техника 
мен 
жабдықтарды 
пайдаланудың экономикалық тиімділігіне есептеу жүргізуге;

33
ОН2 Қауіпсіздік 
техниканың 
ережесін сақтап, 
топырақты егу 
алдында өңдеудің 
агротехникалық 
амалдарын 
орындауға
2.8 
Тракторлардың құрылымын және топырақты өңдеген және 
өсімдіктерді отырғызған кезде, олардың пайдалануын білуге;
2.9 
Техникалық қызмет көрсету кестелері бойынша жұмыстарды 
жүргізу қажеттілігін түсіндіруге;
2.10  Энергетикалық  және  материалдық  ресурстарды  азық 
мөлшеріалды пайдалануды негіздеуге;
2.11  Өңірлік жағдайлардың есебімен материалдарды және құрал-
саймандарды коррозиядан қорғау шараларын ұсынуға;
2.12  Қауіпсіздік техникасы және жол жүру ережесін орындауға;
ОН 3 Егу 
тәсілдерін 
және отырғызу 
материалдарды 
таңдауға  тиіс
3.1 
Өсімдіктер органдарының құрылысы мен функцияларының 
сипатын білуге;
3.2 
Процесстерді түсіндіруге: өнуі, фотосинтеза және дем алу;
3.3 
Өсімдіктің даму кезеңін айыруға;
3.4 
Метаболизм процестерін түсіндіруге;
3.5 
Өсімдіктерді  егу  және  отырғызу  процестерінің  шығынын 
есептеуге және негіздеуге;
3.6 
Отырғызу  материалды  іріктеп  алуды  бағалау  үшін  сапа 
өлшемдерін білуге;
3.7 
Сандық  және  сапалық  аспектілерінің  есебімен  пайдалы 
ұсыныстарды  бағалау  мақсатында  тұқым  мен  отырғызу 
материалдың өндірушілері туралы талдау жүргізуге; 
3.8 
Отырғызу  материалдарына  сәйкес  егу  агрегаттары  мен 
жабдықтарды таңдап алуға;
3.9 
Ұдайы өнідіріс типтері бойынша дақылдар сыныптамасының 
сипатын білуге;
3.10   Ауылшаруашылық дақылдардың әртүрлі түрлері дәндерінің 
өнуіне қатысты эксперименттер жүргізуге және тұжырымдамалар 
жасауға.
БЖКМ 03  Ауылшаруашылық дақылдарды өсіру, күту және астық 
өнімін жинау 
Мақсаты 
Жиналған өнімді өсіру, күту, жинау, тасымалдау, сақтау және өнімді тұты-
нушыға сату технологиялары туралы базалық білімдер алу.
Модульге енгізу
Білім алушылар өнімді өсіру, күту, жинау, сақтау орындарына тасымалдау, 
сондай-ақ дәнді, майлы дақылдарды және дәнді-бұршақты дақылдарды, та-
мыр- және түйнек жемістерді өндіру бойынша өңірлердің мамандану карта-
сының есебімен сатуға, дала көкөніс шаруашылығына, шабындық жайылым 
шаруашылығына  және  шемшөп  егін  шаруашылығына,  жүгеріні  өнідурге 
тұтынушыларға жеткізу іс-шараларын және салалық технологияларды тіке-
лей модульде зерделейді және бағалайды. Осы модуль жазатайым оқиғаларды 
болдыомау бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника ережесін сақтап, 
тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау, өнімді жинау, тасымалдау және 
сақтау үшін, әртүрлі механикаладырылған агрегаттарды, аспалы және тірке-
мелі жабдықтарды, автомобильдерді, тракторлар мен комбайндарды пайдала-

34
ну жөніндегі тақырыптарды қамтиды.   
Қолайлы өсу жағдайларын жасау үшін, топырақта болатын негізгі биоло-
гиялық және физиологиялық процестер бойынша, өсімдіктер және олар үшін 
зиянды  ағзалар,  сондай-ақ  тыңайтқыштарды  енгізу  жолымен  өнімділік  пен 
сапаны арттыру бойынша, өсімдіктерді күту және қорғау, жинау және сақтау 
технологиялары бойынша іс-шаралар туралы білімдерді алу қажет. Бұл ретте 
бірінші жоспарда өнімнің сақтандығын және өайта өңдеу өнеркәсібінің та-
лаптарына сәйкес келетін пайдалы және жоғары сапалы өнімдердің  өндірісін 
қамтамасыз ету тұр. 
Кәсіпорынды табысты дамыту үшін, кәсіпорынның экономикасы, кәсіпо-
рынды ұйымдастыру, орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді 
есепке алу, қызмет нәтижелерін бақылауды, сондай-ақ өндірістік жоспарлау 
сияқты осындай салаларда өндірістік процестер мен өзара байланысты ұғы-
ну маңызды. Модульдің мазмұнына негізгі сауда-коммерциялық және каль-
куляциялық аспектілер, құнын ұғыну енгізілді.  Өсімдік шаруашылығы үшін 
дәл  есептерді  орындау  жолымен  ғана  кәсіпорынның  қаражатын  пайдалану 
бойынша жасалған есеп айырысу сметалары табысқа не шығынға жету үшін 
шешуші болып табылады деп ұғынуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп, 
операциялық есеп айырысулар, кірісті есепке алу базалық білімдерді береді 
және өндірістік деректерді есепке алу мен бағалауды орындау үшін, сондай-ақ 
ауылшаруашылық  кәсіпорындарда операцияларды есепке алу үшін машықта-
рын қалыптастырады. Түгендеу жолымен кәсіпорынның мүлкін есепке алу 
мен бағалауды негізіне ала отырып, тұрпатты шаруашылық операциялар мен 
бақылауды түзу бухгалтерлік жазуларды жасау, сондай-ақ жылдық балансты 
дұрыс жасау және оны жабу жүзеге асырылады. Бұл ретте деректерді элек-
трондық өңдеуді қолданып, есеп айыру үшін, өсімдік шаруашылығы бойын-
ша қызмет саласынан алынған белгілі мысалдар пайдаланылады.
Осы  модуль  білім  алушыларға  практикалық  қызмет  арқылы  машықтары 
мен дағдыларын қалыптастыру жолымен алынған білімдерін бекітуге мүм-
кіндік береді.  
Оқыту нәтижелері:
ОН1  Тиісті  ауылшаруашылық  агрегаттар  мен  жабдықтарды  қолданумен 
жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру, қорғау және күту технологияларын білу;
ОН2 Жиналған өнімді тасымалдау және сақтау кезінде жұмыс жағдайын өз 
бетімен талдауды талап ететін практикалық міндеттерді шешу;
ОН3 Ауылшаруашылық маркетингтің ролін ұғыну. 
Модульдің мазмұны
1.  Тиісті  ауылшаруашылық  агрегаттар  мен  жабдықтарды  қолдану-
мен жеміс-көкөніс дақылдарды өсіру, қорғау және күту технологияларын 
білу 
Жеміс-көкөніс өсімдіктердің өсуі мен дамуының топырақтық жағдайлары. 
Өсімдіктерді күткен кезде топырақты өңдеу жүйесі. Өсімдіктердің өсуін бел-
гілейтін факторлар:  жарық, температура, CO2, О2, су,  қоректік заттар (негіз-
гі, қосымша, микроэлементтер, минералдық емес қоректік заттар). Азаймалы 
құнарлылығы заңы.  
Органикалық және минералды тыңайтқыштар, енгізу тәсілдері, мерзімдері. 

35
Азот, фосфор, калий, әктас және магний тыңайтқыштары: құрамы және ны-
сандары, әрекеті, тапшылық және артық белгілері, қолдану мысалдары. Про-
блемалары, мысалы, шайылуы, газ тәрізді шығындары, судың ластауны және 
олардың  экожүйеге  әсері.  Кешендік  тыңайтқыштардың  сипатты  белгілері 
(NPK):  топқа  бөлінуі,  құрамы,  қолдынылуы,  әрекеті.  Басымдықтары  мен 
кемшіліктері. Таза заттың мөлшерін есептеу:  таза зат ретінде қоректік зат-
тарда қажеттілігі, тыңайтқыштың шоғырлануы және оның саны, пайыздарды 
есептеумен шоғырлануы. Біріктірілген тыңайтқыштарды есептеу: таза заттың 
саны, сандық арасалмағы. Микротыңайтқыштар: құрамы, әрекеті және қолда-
ну тәсілдері. Көң садырасы, сұйық тыңайтқыш, сұйық боқ, көк тыңайтқыш, 
компост: құрамы, әрекеті, проблемалары, мысалы, сулардың эвтрофикация-
сы. Азотты жоғалту және олардың экожүйеге әсері.  Органикалық және мине-
ралдық тыңайтқыштарды белгілеу. Топырақтың қоректік заттарының балан-
сы және тыңайтқыштардың мөлшері. Тыңайтқыштарды енгізу жоспарын жа-
сау. Тыңайтқыштарды енгізу. Тыңайтқыштарды сақтау. Араластыру ережесі. 
Қоректік заттардың балансын жасау және есептеу.  
Органикалық  және  минералдық  тыңайтқыштарды  енгізуге  арналған  тех-
нологиясы  мен  техникасы:    минералдық  тыңайтқыштарды,  сұйық  тыңай-
тқыштарды, қатты көңді, сұйық көңді енгізу;  дәл шашқыш мөлшері, ради-
алдық  шашқыш,  дисктік  шашқыш,    қатты  көңді  шашқыш,  сұйық  төсемсіз 
тыңайтқышты  енгізуге  арналған  машина.  Машиналар  мен  жабдықтардың 
конструктивтік элементтері және олардың функциялары:  минералдық тыңай-
тқыштарды  енгізуге  арналған  машиналардың  конструктивтік  элементтері,  
сұйық  тыңайтқыштарды  енгізуге  арналған  машиналардың  конструктивтік 
элементтері,  қатты  көңді  шашқыштың  конструктивтік  элементтері,  сұйық 
төсемсіз  тыңайтқышты  енгізуге  арналған  машинаның  конструктивтік  эле-
менттері.
Жағу тәсілі (шприцтеу, бүрку, себу, аэрозольмен тозаңдату және өзгелер), 
дамыту кезеңі (топырақты өңдеу, дәрілеу, пішенді өңдеу және өзгелер), зи-
яндылығы  шегінің  қағидасы  бойынша  алдын  алу  немесе  емдеу  бойынша 
өсімдіктерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуге арналған технологиялар 
мен жабдықтар. Қорғау іс-шараларын жүргізуге арналған жабдықтардың кон-
структивтік бөліктері және олардың функциялары: дәрілеуіштердің конструк-
тивтік бөліктері, сепкіштің конструктивтік бөліктері, сорғы жүйелері, тоңаз-
датқыштардың түрлері.
Суаруға арналған технология мен техника:  жаңбырлатқыш қондырғылар, 
спринклер, тамшылап суару, ерекше жүйелер (гидропоникалар, керамзиттік 
дақылдар және өзгелер). Суару техникасының конструктивтік бөліктері және 
олардың функциялары: жаңбырлатқыш машиналардың конструктивтік бөлік-
тері, тамшылап суару жүйесінің конструктивтік бөліктері.
Орып-жыю технологиясы  және орып-жыю техникасы:  тура комбайндау, 
бөлек комбайндау технологиясы, бастыру технологиясы (дестелерді бастыру, 
тура бастыру),  жұмыстардың орып-жыю технологиялық тізбесі және кәсіптік 
бөлу,  мал  азығын  дайындау  технологиясы  (сүрленген  шөптік  жүгері,  дәнді 
шөптерден жасалған силос, шөп және басқалар  үшін), арнаулы техникасы 
(картоп жинайтын комбайндар, қант қызылшасын жинауға арналған комбай-
ндар). Жинайтын техниканың конструктивтік бөліктері және олардың функ-
циялары:  астық  жинайтын  комбайндардың  конструктивтік  бөліктері,    ком-

36
байнның конструктивтік бөліктері, жемшөпті ұсақтағыштың конструктивтік 
бөліктері, басқа жинайтын техниканың конструктивтік бөліктері.
Топыраққа тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау бойынша  іс-ша-
ралар жүргізу, суару, өнімді жинау процесінде ауылшаруашылық машиналар 
мен  жабдықтарды  пайдаланған  кезде  қауіпсіздік  техникасы  және  қоршаған 
ортаны  қорғау.  Жазатайым  оқиғалардың  туындауының  әдеттегі  ахуалдары 
(АӨК  кәсіпорындары  мен  ферма  шаруашылықтарының  статистикалық  де-
ректерінің мысалында). Жазатайым оқиғаларды  тергеу тәртібі. Жазатайым 
оқиғалар мен кәсіптік сырқаттарды рәсімдеу және тіркеу процесі.
2.  Жиналған өнімді тасымалдау және сақтау кезінде жұмыс жағдай-
ын өз бетімен талдауды талап ететін практикалық міндеттерді шешу  
Сақтау және қайта өңдеу нысаны ретінде көкөністер мен жемістер. Сақтауға 
және қайта өңдеуге өнімді даярлау. Ауылшаруашылық өнімнің сапасы, оны 
арттыру жолдары  туралы ұғым. Сақтаған кезде өнім шығынының түрлері: 
салмақтан айырылу, сапасын жоғалту. Қоймалардың сыныптамасы. Құрамда-
стырылған сақтау режимдері.  Жемістер мен көкөністердің физикалық қаси-
еттері және химиялық құрамы. Жемістер мен көкөністердің физикалық және 
жылу физикалық қасиеттері. Жеміс-көкөніс салмағының физикалық қасиет-
тері: сусымалылығы, өзін-өзі сұрыптаулығы, сіңіргіштігі, механикалық берік-
тігі. Жемістер мен көкөністерді сақтау әдістері. 
Далада  сақтау.  Ыдыс  түрлері  және  жемістер  мен  көкөністерді  буып-түю 
тәсілдері.   Көкөністерді далада сақтау. Үлгілік үйінділер мен орлар. Түрлен-
дірілген  үйінділер мен орлар. Жемістер мен көкөністерді стационарлық қой-
маларда  сақтау.  Қоймалардың  жалпы  сипаттамасы.  Тоңазытқыш  қоймалар. 
Камераларды  салқындату  тәсілдері.  Тоңазытқыштардың  камераларындағы 
ауаны ылғалдандыру тәсілдері. ЛН-1А ротациялық  ылғалдандырғыш. АУВ 
бу ылғалдандырғышы. Жемістер мен көкөністердің жеке түрлерін сақтау тех-
нологиясы. Жемістер мен көкөністерді тауарлық өңдеу түрлері мен тәсілдері. 
Тауарлық өңдеу.  Жинаудан кейін өнімді тауарлық өңдеу.  
  Өнімді сақтау орнына тасымалдау процесінде ауылшаруашылық маши-
налар мен жабдықтарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік техникасы және қор-
шаған ортаны қорғау. Жазатайым оқиғалардың туындауының әдеттегі ахуал-
дары (АӨК кәсіпорындары мен ферма шаруашылықтарының статистикалық 
деректерінің мысалында). Жазатайым оқиғаларды  тергеу тәртібі. Жазатайым 
оқиғалар мен кәсіптік сырқаттарды рәсімдеу және тіркеу процесі. 
Еңбек  өнімділігіне  әсер  ететін  факторлар.  Эргономиялық  аспектілердің 
есебімен жұмыс орнын ұйымдастырудың негізгі қағидалары.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал