мектептің ішкі мәдениеті: құндылықтар жүйесі, педагогтердің бір-бірімен, оқушылармен,
сыртқы әлеммен қарым-қатынас сипаты.
Миссия әзірлеу барысында келесі құралды қолдануға болады:
Тексеру парағы (checklist) Миссия ұйымның межеленген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған
мақсатын көрсетеді.
Ұйымның мақсаттарына сәйкес аймақтың, елдің білім беру кеңістігіндегі өз
орнын және ықтимал перспективаларын түсінуге мүмкіндік береді.
Басқа ұйымдардың қызметін қайталамай мектептің бірегей ерекшеліктерін
көрсетеді,.
Білім берудегі көзқарастар мен құндылықтарды көрсетеді.
Білім беру процесіне қатысушылардың (ата-аналар, оқушылар, педагогтер)
маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Білім беру ұйымының өзекті қоғамдық қажеттіліктерге жауап беретінін
сипаттайды.
Шынайы , қолжетімді.
Қазіргі және болашақтағы іс-қимылға бағытталған, табысты іс-әрекетке
ынталандырады.
Нақты және түсінікті тұжырымдалған.
Дереккөзне сілтеме:
Моисеев А. М. Теория стратегического управления школой: ключевые вопросы
и подходы к их решению (Мектепті стратегиялық басқару теориясы: негізгі
мәселелер және оларды шешудің тәсілдері): монография: в 2 т. / А. М. Моисеев; под
ред. О. М. Моисеевой. – М. : АСОУ, 2015. – Т. 2. – 284 с.
Международная аккредитация как одна из форм внешнего оценивания:
методическое руководство (Халықаралық аккредиттеу сыртқы бағалаудың бір түрі
ретінде: әдістемелік нұсқаулық) / сост.: О.И. Можаева, Г.А. Курманбаева, И.К.
Исмаилова, Д.М. Абильденова. – Нур-Султан: АОО «Назарбаев Интеллектуальные
школы», 2019. – 58 с.
Прикот О.Г., Виноградов В.Н. Стратегическое развитие образовательных
систем и организаций на основе проектного менеджмента (Жобалық менеджмент
негізінде білім беру жүйелері мен ұйымдарын стратегиялық дамыту). Оқу-
әдістемелік құрал. — СПб.: Отдел оперативной полиграфии НИУ ВШЭ — Санкт-
Петербург, 2011. — 148с.
Келесі сұрақтарды қарастырайық:
Директордың мектептің ішкі (ұйымдық) мәдениеті туралы нені білуі маңызды?
Ол іс жүзінде оған әсер ете ала ма?
Мектептің миссиясын әзірлеу барысында нақты не нәрсеге назар аудару керек?