Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

нормалар мен ережелерді талдау қажет. 
Жарияланған құндылықтар 
Топтың барлық тәжірибесі топ мүшелерінің белгілі бір нәрселердің қандай болуы керек 
екендігі, қолда бар нәрседен өзгешелену үшін қандай болуы керектігі туралы біреулердің 
түсініктерінің көрінісі болып табылады. 
Бұл сана деңгейінің құндылықтары көбінесе артефактілер деңгейінде байқалатын мінез-
құлықты анықтайды. Егер оларды қабылдаудың алдында белгілі бір тәжірибе жинақталмаса, 
олар тек «жарияланған құндылықтарды» көрсете алады, олар адамдардың бірнеше жағдайда не 
айтатынын дәл анықтайды, бірақ олардың істейтін істеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, 
компания тұтынушыларға құрметпен қарайтынын және өз өнімдерінің жоғары сапа 
стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге тырысатындығын мәлімдеуі мүмкін, бірақ бұл 
мәлімдемелер іс жүзінде олай болмауы мүмкін.
Егер жарияланған құндылықтар негіз қалаушы идеяларға сәйкес болса, олардың жұмыс 
принциптері түріндегі ауызша көрінісі өз бағыт-бағдарын айқындау құралы және миссияның 
мәнін білдіру құралы ретінде топтың шоғырлануына ықпал етеді. Негізгі идеяларға сәйкес 
келетін құндылықтар мен оларға қайшы келетін және белгілі бір қорытындылар мен талаптардың 
нәтижелері болып табылатын құндылықтардың арасын ажырата білу керек. Көп жағдайда 
мұндай құндылықтар жиынтығы жүйе құрмайды, кейде олардың элементтері бір-бірін жоққа 
шығарады немесе іс жүзіндегі іс-әрекетке ешқандай қатысы болмауы мүмкін. Іс-әрекеттің 
көптеген аспектілеріне көбінесе айқын түсініктеме берілмейді, соның нәтижесінде мәдениеттің 
өзін емес, белгілі бір аспектісін ғана түсінетін сияқты боламыз. Мәдени түсініктің анағұрлым 
терең деңгейіне өту үшін жүйені айқындап, оны мәдениет өкілдерінің мінез-құлқы мен іс-
әрекетін дұрыс болжауды үйрену үшін негізгі ұғымдар категориясын жақсы түсіну қажет. 
Базалық (негізгі) түсініктер 
Егер проблеманың табылған шешімі әрдайым өзінің дұрыстығын растаса, ол солай болуы 
тиіс нәрсе ретінде қабылдана бастайды. Бір кезде интуитивті немесе шартты түрде қабылданатын 
болжам біртіндеп шындыққа айналады. Біз барлығы дәл өзіміз ойлағандай болып жатыр деген 
қорытындыға келеміз.
Негізгі ұғымдар топ мүшелеріне барынша айқын түрде ұсынылған, сондықтан белгілі бір 
мәдени бірлік шеңберіндегі іс-әрекет нұсқалары барынша азаяды. Іс жүзінде, егер топ белгілі бір 
негізгі идея, түсінікті ұстанса, кез келген басқа түсінікке негізделген іс-әрекет топ мүшелеріне 
түсініксіз болып көрінеді. Мысалы, жеке құқықтар топ мүшелерінің құқықтарынан басым болуы 
керек деген негізгі түсінік қалыптасқан топ, құрбандықсыз топ абыройсыздыққа ұшырайтын 
болса да, топ мүшелерін жалпы мүдде үшін өзін құрбан етуге мәжбүр еткен себептерді түсініксіз 
деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда, негізгі идеялар белгілі бір құбылыстар мен заттарға қандай 
көзқараста болу керектігін «хабарлайтын» «үйреншікті теорияларға» немесе топ мүшелерінің іс-


әрекетін айқындайтын сөзсіз түсініктерге ұқсас. Негізгі ұғымдар да үйреншікті теориялар 
сияқты, бізде қарсылық немесе күмән тудырмайды, сондықтан оларды өзгерту өте қиын.
3-сурет. Э.Шейн бойынша мәдениет деңгейлері 
Осыған орай кез келген топтың (ұйымның) мәдениетін көрсетілген үш деңгейде зерттеуге 
болады: артефактілер деңгейі, құндылықтар деңгейі және негізгі идеялар деңгейі. Егер 
зерттеуші негізгі түсініктердің үлгісін түсіне алмаса, ол артефактілерді дұрыс түсіндіре де 
алмайды, топ қабылдаған құндылықтарға нақты баға да бере алмайды. Басқаша айтқанда, топ 
мәдениетінің мән-маңызын оның қызметіне негіз болатын негізгі идеялар деңгейінде ғана 
айқындауға болады. Осыларды айқындай отырып, біз мәдениеттің жоғарырақ деңгейдегі 
түсініктерінің мән-маңызын түсініп, оларға тиісті баға бере аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет