Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
2. Жедел урбанизация. Ол өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуі ықтимал. Қалаларда 
бүкіл әлем халқының жартысына жуығы тұрады (2050 жылға қарай бұл үлес 2/3-ке дейін артады), 
қала тұрғындары ЖІӨ-нің 80%-дан астамын (жалпы ішкі өнім) құрайды. Алайда қалалардың тым 
жедел дамуы қала тұрғындарының бір бөлігінің кедейленуіне және теңсіздіктің орын алуына 
алып келуі мүмкін.
3. Экономикадағы өзгерістер, ресурстардың жаһандық теңгерімсіздігі. Деректер жаңа 
шикізат сияқты. Байлықты қалыптастыру және үлестіру тетіктері өзгеруде. Ақпараттың көптігі 
тұтыну мен өндірістің табиғатын өзгертеді: қосымша құнды қалыптастыру үшін қолданылатын 
тіркелген деректердің көлемі артады. Ол шикізаттың жаңа түріне айналып, жаңа бизнес-модель 
– «платформалар капитализмінің» пайда болуына алып келеді (Srnicek, 2016). Сапа мен 
технологияларға шоғырланған дамыған экономикалар мен өндіріс пен шикізаттың сандық 
тұрғыдан өсуіне бағыт алған дамушы нарықтардың арасындағы алшақтық артуда. 
4. Жаңа технологиялардың: нано-, био-, ақпараттық және когнитивті (НБАҚ) 
технологиялардың конвергенциясы. Өз алдына жеке дамыған осы пәндердің аясында енді 
бірлескен зерттеулер, жаңа өнімдерді әзірлеу және өндіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа 
технологиялар әлеуметтік және технологиялық жүйелерге енгізілуде (мысалы, Денсаулық сақтау 
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде логистика өзгеруде) (Roco, Bainbridge 2003; 
National Research Council 2014). 


5. Жаңа технологиялар бізді этикалық нормаларды қайта қарауға мәжбүр етуі 
мүмкін. Гендік инженерия, трансплантация, репродуктивтік технологиялар, өмір сүру ұзақтығы 
және басқа технологиялар көбінесе жалпы қабылданған этикалық нормалардың шегінен өтіп
оларды қайта қарауды қажет етеді. Жасанды интеллектінің пайда болуы жаңа күштердің пайда 
болуына алып келеді, оларды біз жеке және заңды тұрғыдан қарастыруымыз керек. 
Корпорациялардың ақпаратты қолдануы жаңа этикалық проблемалардың пайда болуына алып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет