Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


 Мемлекет пен азаматтардың арасындағы өзара іс-әрекет моделі өзгеруде



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

6. Мемлекет пен азаматтардың арасындағы өзара іс-әрекет моделі өзгеруде. Адамдарда 
бір-бірімен делдалсыз өзара әрекеттесу және мемлекеттерден саяси, экономикалық және 
технологиялық тұрғыдан тәуелсіз болу үшін жаңа құралдар пайда болды. Бұл аумақтық 
тұтастықты сақтауды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, салық салуды, ақша айналымын, 
қоғамдық игіліктерді жасауды және басқаларды қоса алғанда, мемлекеттің негізгі функцияларын 
өзгертеді. 
7. Отбасы түбегейлі өзгеруде. Балалардың толық отбасында, бірнеше ұрпақтан тұратын, 
әпкелері мен ағалары бар отбасында тәрбиеленуі азайып барады. 
Осы сияқты басқа да жаһандық фактілер мен талаптар – климаттың өзгеруі, табиғи 
ресурстардың сарқылуы, биотүрліліктің төмендеуі, қауіпсіздікке қауіп төндіру және т.б. 
жаһандық деңгейде іс-әрекет етуді және үйлесім табуды талап етеді және білім беруді өзгертуге 
мәжбүр етеді. 
Еңбек нарығындағы өзгерістер 
Жаңа технологиялар еңбек нарығын өзгертуде, жаңа мамандықтар тез пайда болуда
дәстүрлі мамандықтардың мән-мазмұны өзгеруде.
Еңбектің ұтқырлығы мен бәсекелестігі бұдан былай елдердің аумағымен 
шектелмейді. Көптеген жұмыстарды қашықтан орындауға болады. 
Күнделікті қайталанатын жұмысты, оның ішінде бірлескен іс-әрекеттер мен күрделі қарым-
қатынасты қажет етпейтін қызметкерлердің үлесі артып келеді. Күнделікті физикалық жасалатын 
және физикалық емес еңбекке деген қажеттілік азаюда (Autor, Price 2013; National Research 
Council 2008; Cortes, Jaimovich, Siu 2016). 
Зерттеушілер еңбек нарығының қалай өзгеретіні туралы әртүрлі тұжырымдар жасауда.
Еңбек нарығының қай бағытта дамитыны белгісіз. Нарыққа көптеген факторлар әсерін 
тигізеді: технологиялық (ең «жойқын»), экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар 
(адамдардың жұмыс іздеудегі жаппай көшіп-қонуы, урбанизация, халықтың қартаюы, әйелдердің 
белсенді жұмыспен қамтылуы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет