Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Тілдік дағдыларды қалыптастырудағы қиындықтар: дислексия, дисграфия



бет22/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Тілдік дағдыларды қалыптастырудағы қиындықтар: дислексия, дисграфия
Дислексия – оқу дағдыларының бұзылуымен байланысты, неврологиялық негіздегі оқу қабілетінің бұзылуы. Ол мәтінді түсінудегі, сөздерді, әртүрлі белгілер мен таңбаларды тани білу, жазу және ажыратудағы қиындықтармен сипатталады.
Дислексия тән оқушылар әдетте сөздердің емлесі, жазылуы және айтылуы сияқты басқа да тілдік дағдыларда қиындықтар сезінеді. Дислексия адамның өмір сүру салаларында кері әсерін тигізеді, бірақ оның әсері адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі болуы мүмкін. Дислексия оқушының қалыпты оқу ортасындағы оқуын қиындатуы мүмкін, ал дислексияның анағұрлым ауыр формалары анықталған оқушы арнайы білім алу, арнайы жағдайлар жасау және/немесе қосымша қызметтерді пайдалану құқығына ие болады.
Дисграфия – мидың қалыпты дамымауы, жете дамымауы немесе зақымдануы нәтижесінде жазу дағдыларының ішінара бұзылуы. Жазу мидың басым бөлігінің белсенді қызметін қажет ететін күрделі процесс болып табылады.


Сөйлеу қабілетінің бұзылу белгілері
Сөйлеу қабілетінің бұзылу белгілерін тани білу аса маңызды. Оқушылардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы неғұрлым ертерек айқындалып, бағаланса, оқушылар мектепте табысты оқу үшін қажетті көмек пен қолдауды соғұрлым ертерек ала алады.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға жиі кездесетін қиындықтарға мыналар жатады:
- жазбаша және ауызша тілдік қатынаста;
- әріптер мен дыбыстарды зерделеуде;
- сандарды есте сақтауда;
- еркін оқып түсінуде;
-көлемді тапсырмаларды орындау мен оқуда;
-дұрыс жазу ережелерін меңгеруде;
-шет тілдерін үйренуде;
- математикалық амалдарды орындауда қиындықтар.
Кіші мектеп жасындағы балалардағы сөйлеу қабілеті бұзылуының бірқатар ерекше белгілері мыналарды қамтуы мүмкін:
- сандардың қарапайым реттілігін есте сақтаудағы қиындықтар, мысалы, 20-ға дейін санау, аптаның күндерін немесе әліпбидің реттелігін есте сақтау;
- ұйқастарды тани білуде қиналу;
- белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді тануда;
- сөздерді дұрыс айтуда;
- ырғақты анықтауда;
- белгілі бір орынды немесе адамдардың бет-жүзін есте сақтауда;
- ауызша берілген нұсқауларды есте сақтауда қиындықтар.
Сонымен қатар мұндай дағдыларды меңгеруде балаларда кездесетін қиындықтардың барлығы дислексия болып табылмайтынын ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет