Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет27/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
«Сөз санағыштар»
Балаларды әртүрлі заттармен қамтамасыз етіңіз (текшелер, шарлар, тиындар және т.б.). Балалар сөйлемдерді оқып жатқан кезде мұқият тыңдап, әрбір оқылған әрбір сөз үшін бір затты шелекке немесе үстелдің шетіне жылжытып отыруы керек. Алдымен қарапайым бір буынды сөздерден бастап, содан кейін күрделі сөздерге көшу керек (балалардың заттарды әр буын сайын емес, әрбір сөз сайын жылжытып отыруын қадағалау керек). Бұл жаттығуды күрделі сөздерді бөлшектеу үшін (мысалы, «жолбарыс» сөзі «жол» және «барыс» сөздерінен тұрады), буындарға бөлшектеу үшін (мысалы, «қарлығаш» сөзі «қар», «лы», «ғаш» буындарынан құралады), тіпті фонемаларды бөлшектеу үшін (мысалы, «бас» сөзі сөзі [б] [а] [с] дыбыстарынан тұрады).


ЫҚШАМДАУ
«Сөзді қысқарту»
Бұл жаттығуда педагог балаға бір сөзді айтқызып көріп, содан кейін оның бір бөлігін өшіріп, енді қандай сөз шыққанын айтуды сұрайды. Мысалы, педагог: «Балмұздақ» сөзін айтып көр. Енді осы сөздегі «бал» бөлшегін алып тастап, қайтадан айтып көр» дейді. Бұл жаттығуды біріккен сөздерден бастаған жөн (мысалы, шаңсорғыш, қолшатыр, құмсағат, т.б.). Балаларға бұл жаттығуды үйреніп, дағдыланып алғаннан кейін, екі-төрт буыннан құралған сөздерден бірнеше буындарын алып тастауға көшуге болады.


«Сөздерді сәйкестендіру»
Бұл жаттығуда балалар тұтас сөзді белгілі бір әріптері түсірілген сөзбен салыстыра отырып, сәйкестендіреді. Мысалы, олар «бала» сөзін «бал...» сөзімен, «кит» сөзін «...ит» сөзімен, «қара» сөзін «...ара» сөзімен салыстырады және сәйкестендіреді. Балалардан бұл сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын және қандай әріп түсіріліп тұрғанын табуды сұраңыз. Бұл әріпті алып тастағанда сөз қалай өзгеретінін балаларға талқылатуға болады. Фонематикалық хабардарлыққа арналған бұл жаттығу кейбір балалар үшін қиын болуы мүмкін, сондықтан оларға суреттерді/жазбаша сөздерді ұсыну арқылы көмектесуге болады.


«Минус – минус»
Жекелеген фонемаларды түсіріп айту элементті түсіріп айтуға арналған барлық тапсырмалардың ішіндегі ең күрделісі болып табылады. Балаларға қарапайым сөздерді (мысалы, қала, ауыл, бөлме және т.б.) дыбыстап айту үшін сөздегі әрбір дыбысты айтқан кезде бір затты түртіп көрсетуге болатындай, әртүрлі заттарды (текшелерді, шарларды) қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз. Балалар сөз құрамындағы бір фонеманы, әріпті қалай алып тастауға болатынын көрсету үшін бір текшені қолмен алып тастау арқылы дағдылана алады. Мысалы, сөздің бірінші дыбысын алып тастайтын болса, бірінші текшені алып тастайды. Балаларға алдымен тұтас сөзді дауыстап айтқызып, содан кейін бір дыбысын алып тастағаннан кейін тағы айтқызып көру керек. Алдымен сөздің бастапқы дыбысын, содан кейін сөз ортасындағы немесе сөз соңындағы дыбысты түсіріп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет