Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ОҚШАУЛАУ «Дыбысты сәйкестендіру»



бет28/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
ОҚШАУЛАУ
«Дыбысты сәйкестендіру»
Бұл жаттығу балалардан бірнеше таныс сөзді тыңдап, сөз құрамындағы қай дыбыстардың ұқсас екендігін анықтауға бағытталған. Бұл жаттығуды балалардың есімдерін айта отырып орындауға болады. Мысалы, топтағы/сыныптағы есімдері бірдей дыбыстан басталатын екі немесе үш оқушыны таңдаңыз (мысалы, Айгүл, Айбар және Алина). Балалар бұл есімдерде қандай бірдей дыбыс бар екендігін атайды. Міндетті түрде сәйкес дыбыстар мен сәйкес келмейтін әріптерді көрсетуді ұмытпаңыз! Күн сайын әртүрлі балалар тобын атап, олардан қай дыбыс сәйкес келетінін сұрап отырыңыз. Қосымша тапсырма ретінде балаларға сол дыбыстан басталатын басқа сөз ойлап табуды ұсыныңыз.


«Ортақ дыбысты тап»
Балаларға өздеріне ұсынылатын сөздердегі (мысалы, сәбіз, мысық, бес) қай дыбыстардың бірдей екендігін табуы керек екендігін айтыңыз. Балалар сөздерді қайталап дыбыстап, содан кейін ортақ дыбысты атайды.


«Сөздердің реті»
Сөздердің бастапқы және соңғы дыбыстары туралы түсінік көптеген балалар үшін қиынға соғуы мүмкін. Оларға сөздің басын, ортасын және соңын көрнекі түрде көрсету пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, мұны балықтың бейнесі арқылы жасауға болады, мұнда балықтың басы, денесі және құйрығы сәйкесінше сөздің бастапқы, ортаңғы және соңғы дыбыстарын білдіреді. Бұл жаттығуды бас, шөп, күн, ала сияқты үш фонемасы (дыбысы) бар сөздерден бастаған және жазу мен айтуда әртүрлі дауыссыз дыбыстары бар сөздерді қолданбаған жөн.


«Дыбыстарды іздеу»
Балаларға таныс сөздердің тізімдерін, сөйлемдерді, өлеңді немесе әңгімені оқыған кезде белгілі бір нақты дыбыстарды тыңдауды ескертіңіз. Оларға белгілі бір дыбысты естіген кезде қолын көтеру тапсырылады. Жаттығуды бастамас бұрын балалар үшін осы іс-әрекетті модельдеу немесе көрсету пайдалы болуы мүмкін. Балалар үшін сөздің соңындағы немесе ортасындағы дыбыстарға қарағанда сөз басындағы дыбыстарды айту, дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыстарды анықтау жеңілірек болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет