Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет24/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Интербелсенді оқыту
Нұсқауларды қайталап отырыңыз. Тапсырманы орындау бойынша нұсқауларды орындау қиынға соғатын оқушыларға нұсқауларды қайталау, тапсырманы қадамдарға бөлу және әрбір бөлімін тақтаға жазу арқылы көмектесуге болады.
Оқушыларға графикалық органайзерлер ұсыныңыз. Оқушылар таныстырылым барысында толтыруы үшін жоспар, диаграмма немесе бос веб-парақты ұсынуға болады. Бұл оқушылардың маңызды ақпаратты тыңдап, түсінуіне және ұғымдар мен қажетті ақпараттың арасындағы байланысты көре білуіне көмектеседі.
Қадамдық нұсқауларды қолданыңыз. Жаңа немесе күрделі ақпаратты жүйелі шағын қадамдар түрінде ұсынуға болады.
Ауызша және көрнекі ақпаратты біріктіріңіз. Ауызша материалды қосымша көрнекі бейнелеу арқылы сүйемелдеген жөн.
Негізгі сөздер мен маңызды нәрселерді тақтаға жазыңыз. Жаңа материал таныстырылымының алдында мұғалім жаңа терминдер мен түйінді мәселелерді тақтаға жазып қоюына болады.
Таныстырылымдар мен жаттығуларды үйлесімді қолданыңыз. Ауызша таныстырылымдарды көрнекі ақпаратпен және бірлескен оқу қызметімен үйлесімді теңдестіруге назар аудару керек. Сонымен қатар тұтас топтық жұмыс, шағын топтағы жұмыс пен дербес жұмысты ұйымдастыруда өзара тепе-теңдік сақталуы тиіс.
Мнемоникалық тәсілдерді қолданыңыз. Мнемоникалық тәсілдерді оқушылардың өзекті ақпаратты немесе оқу стратегиясының қадамдарын есте сақтауына көмектесу үшін тиімді қолдануға болады.
Күнделікті шолу жасауға назар аударыңыз. Бұрын оқылған материалға немесе алдыңғы сабақтарға күнделікті шолу жасау оқушылардың жаңа ақпаратты бұрын меңгерген білімімен байланыстыруына көмектеседі [37].

ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРДАРЛЫҚ

Баланың болашақта табысты оқуының ең күшті факторларының бірі – оның мектепке дейінгі кезеңде қалыптасқан фонологиялық хабардарлық дағдылары. Мектепте фонологиялық хабардарлық бірқатар балалар үшін оңай болуы мүмкін, ал енді бір балалар фонологиялық хабардарлықты игеру үшін көбірек күш жұмсайды.


Тәрбиешілер мен мұғалімдер балалардың ауызша және жазбаша дереккөздерді пайдалану арқылы дыбыстық өңдеу қабілеттерін кеңейтуі арқылы дамитын балалардың еркін сөйлеу дағдыларын меңгеруде маңызды рөл атқарады. Бұл нұсқаулық фонологиялық хабардарлықтың бірқатар бағыттары туралы ақпарат береді.


2-сурет. Фонологиялық хабардарлық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет