Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет23/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Педагогикалық қолдау
Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушыларға қалай педагогикалық қолдау көрсетуге болады? Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту күрделі міндет болып табылады. Сыныпта оқушыларға қолдау көрсету бойынша бірқатар нұсқауларды қарастырайық.


Оқуда қиындықтары бар оқушыларды оқытудың негізгі элементтері
Қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру
Өзара әрекеттестікті қолдау
Оқуға ынталандыратын орта қалыптастыру
Оқушының жеке қажеттіліктерін бағалау
Оқушының өзінің оқуын жоспарлауға қатысуын қамтамасыз ету
Қызықты мәтіндерді қолдануға басымдық беру
Мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі стратегияларын үйрету


Оқыту әдістері және сыныптағы ахуал


Оқушыларды қалай ынталандыруға болады?
Оқушылардың дербес жұмыс істеуіне қолдау көрсету
Баланы басқа оқушылармен салыстырмау
Оқытудың нәтижесіне ғана емес, оқу процесіне назар аудару


Қандай әрекеттер оқушының оқуға ынтасын төмендетуі мүмкін?
Оқушылар арасындағы жарыс
Оқушылардың дағдыларын салыстыру
Оқушылардың оқу нәтижелерін көпшілік алдында жариялау
Ішкі мотивацияның орнына сыртқы мотивацияға баса назар аудару
(Deci, E.L. & Ryan, R.M)
Оқу материалдарын пайдалану
Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар оқу материалдарымен жұмыс істеу барысында мұғалімнің көмегі мен қолдауын қажет етеді.
Оқу тапсырмасын орындауға арналған жазбаша нұсқауларды нақтылаңыз немесе жеңілдетіңіз. Тапсырманы мүмкіндігінше қысқартыңыз, негізгі сөздердің астын сызуға немесе басқаша ерекшелеуге болады.
Тапсырмаларды ықшам көлемде ұсыныңыз. Тапсырмаларды карточкаға жазылған нұсқада ұсынған дұрыс, мысалы, дислексиясы бар оқушы үшін жұмыс дәптеріне енгізілген тапсырманы орындаумен салыстырғанда карточкамен берілген тапсырманы орындау психологиялық тұрғыдан қолайлы болады.
Оқушыға кері әсер ететін сыртқы факторларды шектеңіз. Егер оқушы берілген беттегі көрнекі нәрселерге жиі алаңдайтын болса, беттің оқушы жұмыс істемейтін бөлігін жабу үшін таза парақты пайдалануға болады.
Маңызды ақпаратты ерекшелеп көрсетіңіз. Егер оқушы әдеттегі оқулықты оқи алатын, ал қажетті ақпаратты іздеп табуда қиналатын болса, мұғалім мұндай ақпаратты маркермен ерекшелеп көрсете алады.
Қосымша жаттығу сабақтарын қамтамасыз етіңіз. Кейбір материалдар оқуда ауытқулары бар оқушылардың қажетті дағдыларды меңгеруі үшін жеткілікті практикалық сабақтар көлемін қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда оқытуға ойын түрінде оқу, оқушылардың өзара бірін-бірі оқыту сабақтарын, өзін-өзі түзету материалдарын, компьютерлік бағдарламаларды және басқа да қосымша ресурстарды қосқан жөн.
Сөздіктер ұсыныңыз. Оқушылар үшін пән мазмұнына қатысты әртүрлі терминдер сөздіктері пайдалы болады.
Қосалқы көмекші технологияларды қолданыңыз. Планшет, электронды кітаптар/сөздіктер/дұрыс жазуды тексеруге арналған бағдарламалар, мәтінді дыбыстық тілге айналдыру бағдарламалары, аудиокітаптар және т.б. сияқты көмекші технологиялық өнімдер оқытуда аса пайдалы құралдары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет