Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет30/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Оқу мақсаттарын зерделеу
Тілдік пәндердің мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы білім алушылардың бойында тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен оң қатынасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, фразалар мен сөз орамдарының мәнін түсіну және оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.


7- бет. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту міндеттері:

  1. тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;

  2. сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

  3. білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру;

  4. тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;

  5. түрлі мәтіндер негізінде білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру;

  6. түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикетін қолдану;

  7. ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту;

  8. қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету.



8-бет
Үлгілік бағдарламаға (3-бөлім) сәйкес оқыту мақсаттарының жүйесі сөйлеу қызметінің барлық түрлерін дамытуға бағытталған.
Тыңдалым және айтылым. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, мәтіннің мазмұнын болжау, түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау және берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру мен тыңдарманның назарын аудару және дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтуға назар аударылады.
Оқылым. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау, мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру, мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау және түрлі дереккөздерден ақпарат алу мен мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау секілді түйінді дағдыларға назар аударылады.
Жазылым. Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап, түрлі стильде мәтін жазу; оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу; жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну; қатені табу және түзету; каллиграфиялық нормаларды сақтау; пунктуациялық нормаларды сақтау секілді түйінді дағдыларды қалыптастырумен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет